﻿<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<bible translation="Kazakhstan 2023 (Zhana Osiet)" status="© Association Bible Society of Kazakhstan, 2022-2023" link="https://www.bible.com/bible/3647/MAT.7.ZO">
	<testament name="New">
		<book number="40">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Ыбырайымның ұрпағы Дәуіттің Ұлы Иса Мәсіхтің шежіресіне арналған жазба.</verse>
				<verse number="2">Ыбырайымнан Ысқақ туылды, Ысқақтан Жақып туылды, Жақыптан Яһуда мен оның бауырлары туылды.</verse>
				<verse number="3">Яһудадан Парес пен Зарах туылды, олардың анасы Тамар болатын. Парестен Хесрон туылды, Хесроннан Рам туылды.</verse>
				<verse number="4">Рамнан Әминадап туылды, Әминадаптан Нағосон туылды, Нағосоннан Салмон туылды.</verse>
				<verse number="5">Салмоннан Боғоз туылды, ал Боғоздың анасы Рахаб болатын, Боғоздан Ғабит туылды, Ғабиттің анасы Рут болатын, Ғабиттен Есей туылды.</verse>
				<verse number="6">Есейден Дәуіт патша туылды, Дәуіттен Сүлеймен туылды, Сүлейменнің шешесі Үрияның әйелі болған.</verse>
				<verse number="7">Сүлейменнен Рохабоғам туылды, Рохабоғамнан Абиях туылды, Абияхтан Аса туылды.</verse>
				<verse number="8">Асадан Жосапат туылды, Жосапаттан Жорам туылды, Жорамнан Озиях туылды.</verse>
				<verse number="9">Озияхтан Жотам, Жотамнан Ахаз туылды, Ахаздан Езекия туылды.</verse>
				<verse number="10">Езекиядан Манасса туылды, Манассадан Амон туылды, Амоннан Жосия туылды.</verse>
				<verse number="11">Жосиядан Ехониях туылды әрі сол кезден Бабылға жер аударылатын кезге дейін оның бауырлары туылды.</verse>
				<verse number="12">Бабылға жер аударылғаннан кейін Ехонияхтан Салатиел туылды, Салатиелден Зоробабел туылды.</verse>
				<verse number="13">Зоробабелден Әбиуд туылды, Әбиудтен Елиәкім туылды, Елиәкімнен Азор туылды.</verse>
				<verse number="14">Азордан Садық туылды, Садықтан Әкім туылды, Әкімнен Елиуд туылды.</verse>
				<verse number="15">Елиудтен Елезар туылды, Елезардан Маттан, Маттаннан Жақып туылды.</verse>
				<verse number="16">Жақыптан Жүсіп туылды, ал Жүсіп Мәсіх деп аталған Исаны дүниеге әкелген Мәриямның күйеуі болатын.</verse>
				<verse number="17">Сөйтіп, Ыбырайымнан Дәуітке дейін он төрт ұрпақ, Дәуіттен Бабылға жер аударылған кезге дейін де он төрт ұрпақ, Бабылға жер аударылған кезден Мәсіхке дейін де он төрт ұрпақ болды.</verse>
				<verse number="18">Иса Мәсіхтің дүниеге келген тарихы былай еді: Оның шешесі Мәриям Жүсіпке айттырылып қойылған болатын, алайда олар үйленбей тұрып, Мәриямның аяғы ауыр екені мәлім болды. Оның құрсағындағы Нәресте Киелі Рухтан болатын.</verse>
				<verse number="19">Оның күйеуі әділ адам болғандықтан, қалыңдығын ұятқа қалдырғысы келмей, жасырын түрде жібере салуға шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="20">Сөйтіп, ол осылай жоспарлай бастағанда, Жаратқан Иенің періштесі оның түсінде аян беріп: «Дәуіттің ұлы Жүсіп, Мәриямды өз әйелің етіп алуға қорықпа, себебі одан туылатын Нәресте Киелі Рухтан пайда болды.</verse>
				<verse number="21">Сол туылған Ұлға Иса деп ат қоясың, өйткені Ол өз халқын күнәларынан құтқаратын болады», - деді.</verse>
				<verse number="22">Осының бәрі Жаратқан Иемізден болғандықтан, орындалуы да пайғамбарлар арқылы айтылғанға сай болды. Өйткені онда:</verse>
				<verse number="23">«Міне, пәк қыз құрсақ көтеріп, Ұл туады, Оған «Имануил» деп ат қояды, мұның мағынасы «Құдай бізбен бірге» дегенді білдіреді», - делінген.</verse>
				<verse number="24">Жүсіп ұйқыдан оянған соң, бәрін Иеміздің періштесі бұйырғандай істеп, Мәриямды әйелі ретінде қабылдады.</verse>
				<verse number="25">Мәриям Ұлын туғанға дейін күйеуімен жақындасқан жоқ. Олар Нәрестенің атын Иса деп қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Иса Ирод патшаның билік құрған кезінде, Яһудея аймағындағы Бетлехемде, дүниеге келді. Сол кезде Иерусалимге шығыстан ғұламалар келіп:</verse>
				<verse number="2">-Яһудейлер үшін туылған Патша қайда екен? Біз шығыстан Оның жұлдызын көрдік, Оған бас иіп, тағзым ету үшін келдік, - десті.</verse>
				<verse number="3">Мұны естіген Ирод патша мазасыз күйге түсті және бүкіл Иерусалимде де тура сондай мазасыздық пайда болды.</verse>
				<verse number="4">Сонда ол барлық яһудейлердің бас қызметкерлері мен Таурат заңы зерттеушілерін жинап алып, олардан:-Мәсіх қай жерде туылуы тиіс еді? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="5">Олар Ирод патшаға: -Яһудея аймағындағы Бетлехемде, өйткені пайғамбарлар арқылы жазылған жазбада:</verse>
				<verse number="6">«Ал сен, Яһудея жеріндегі Бетлехем, Яһудей билерінің ешқайсысынан да кіші емессің, сондықтан сенен Менің халқым Исраилді жетелеп, бағатын Көсем шығады», -деп жазылғанды айтып берді.</verse>
				<verse number="7">Сонда Ирод жасырын түрде ғұламаларды шақыртып алды, олардан жұлдыздың пайда болған уақытын нақтылап біліп алған соң,</verse>
				<verse number="8">оларды Бетлехемге жіберіп тұрып: -Барыңдар да, сол Нәресте жайлы мұқият сұрастырып біліңдер. Оны тапқан соң, маған хабар беріңдер, мен де Оған барып тағзым етейін, - деді.</verse>
				<verse number="9">Олар пaтшаны тыңдап болған соң, жүріп кетті. Міне, шығыстан көрген жұлдыз оларға жол көрсетіп, жүріп отырып, Нәресте жатқан жердің үстіне келіп тоқтады.</verse>
				<verse number="10">Олар жұлдызды көргенде, қатты қуанып, шаттанды.</verse>
				<verse number="11">Үйге келген кезде, Нәресте анасы Мәрияммен бірге екенін көрді де, тізерлеп, бастарын иіп, Оған тағзым етті. Бағалы сыйға толы сандықшаларын ашып, алтын, ладан және смирнаны тарту етті.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін олар түсінде Иродқа қайтып баруға болмайтыны жайында аян алып, басқа жолмен өз елдеріне қайтып кетті.</verse>
				<verse number="13">Олар кетісімен, Жаратқан Иенің періштесі Жүсіпке түсінде келіп: «Нәресте мен Оның анасын алып, Мысырға бар. Мен айтатын кезге дейін сонда бол, себебі Ирод баланы құртпақ болып дайындалып, іздеп жатыр, тұр», - деді.</verse>
				<verse number="14">Жүсіп орнынан тұрды да, бала мен Оның анасын алып, түнделетіп Мысырға аттанды.</verse>
				<verse number="15">Жаратушы Иеміздің пайғамбар арқылы: «Мен Мысырдан Өз Ұлымды шақырып алдым», -деп айтқаны орындалуы үшін, Ирод өмірден қайтқанша, олар сол жақта болды.</verse>
				<verse number="16">Ирод ғұламалардың өзін алдап кеткенін білген соң, қатты ашуланып, олардан сұрап, біліп алған уақытты шамалап, Бетлехемдегі және сол маңайдағы екі жастан төмен балалардың бәріне нөкерлерін жіберіп, өлтіртті</verse>
				<verse number="17">Осылайша, Еремия пайғамбар арқылы айтылғанмына сөз орындалды:</verse>
				<verse number="18">«Рамахта зар еңіреп жылап, қатты күйзелген дауыс естіледі. Рахила өз балаларын жоқтап жылап отыр, тіпті, оның жұбанғысы де келмейді, себебі олар енді жоқ».</verse>
				<verse number="19">Ирод өлген соң, Мысырдағы Жүсіпке Жаратқан Иенің періштесі түсінде келіп, былай деді:</verse>
				<verse number="20">«Нәресте мен Оның анасын алып, Исраил жеріне бар, өйткені Нәрестенің жанын алмақ болып, Оны іздегендер өлді,тұр», - деді.</verse>
				<verse number="21">Жүсіп орнынан тұрып, Нәресте мен Оның анасын алып, Исраил жеріне қайта оралды.</verse>
				<verse number="22">Алайда Яһудея аймағын Иродтың баласы Архелай басқарып отырғанын естіген кезде, сол жаққа баруға қорықты. Жүсіп түсінде тағы да аян алып, Ғалилея өлкесіне аттанды.</verse>
				<verse number="23">Мұнда келген соң, Назарет деп аталатын қалаға қоныстанды. Бұл пайғамбарлар арқылы: «Ол Назарететтік болады», -деп айтылғанның орындалуы үшін де осылай болды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сол күндері Яһудеяның иен даласына суға батырып шомылдырушы Жақия келіп, жар салып:</verse>
				<verse number="2">-Тәубе етіңдер! Көктің Патшалығы таяп қалды! -деп уағыз айтып жүрді.</verse>
				<verse number="3">«Иеміздің жолын дайындаңдар! Оның жолы тузу болсын! -деп жар салған дауыс шығады айдалада», -деп Ишая пайғамбар арқылы айтқан адам осы Жақия еді.</verse>
				<verse number="4">Жақия түйе жүнінен тоқылған киім киіп, беліне теріден жасалған белбеу тағып жүретін. Жейтін тамағы шегіртке мен жабайы араның балы еді.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде Иерусалимнен, бүкіл Яһудея аймағынан және Иорданға жақын жерден адамдар ағылып келіп жатты.</verse>
				<verse number="6">Олар өз күнәларын мойындап, Жақия арқылы Иордан өзенінде батырып суға шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="7">Жақия батырып суға шомылдырудан өтуге келген көптеген фарисейлер мен садукейлерді көріп, оларға:-Улы жыланның тұқымдары, төгілуге дайын тұрған қаһардан құтылуды сендерге кім үйретті?</verse>
				<verse number="8">Сондықтан шынайы тәубе еткендеріңе сай, жеміс беріңдер.</verse>
				<verse number="9">Біздің «Ыбырайым атты әкеміз бар» дегенді айтпаңдар. Сондықтан да сендерге былай деймін: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да бала жасап бере алады. Міне, қазірдің өзінде ағаштың түбіне балтасын әкеліп қойды. Сонымен, жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады.</verse>
				<verse number="10">Мен сендердің тәубе еткендеріңнің белгісі ретінде тек батырып суға шомылдырудан ғана өткіземін, алайда менен кейін Келетін менен де күшті, мен Оның аяқ киімін кигізуге де лайықсызбын. Ол сендерді Киелі Рухқа және отқа шомылдырады.</verse>
				<verse number="11">Сонымен қатар, Ол қолындағы күрегімен, Өз қырманын тазартып, бидайын қамбаға жинап, қауызын өшпейтін отқа өртейді, - деді.</verse>
				<verse number="12">Сол уақытта Иса Ғалилеядан Иорданға келіп, батырып суға шомылдырудан Жақия арқылы өтпек болды.</verse>
				<verse number="13">Жақия Оған қарсылық білдіріп: -Батырып суға шомылдырудан менің өтуім қажет еді, Сенің маған келгенің қалай? - деді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Иса оған жауап қатып: -Оны әзірге қоя тұр, өйткені әрбір әділ істі лайықты етіп орындау бізге жүктелген, - деді. Ол бүған келісті.</verse>
				<verse number="15">Иса батырып суға шомылдырудан өтті, судан шыққан сәтте Жақия көктің ашылғанын және көгершін секілді төмендеп келіп, Оған қонған Құдайдың Рухын көрді.</verse>
				<verse number="16">Міне, сол сәтте Көктен:</verse>
				<verse number="17">-Бұл -Менің сүйікті Ұлым, Мен Оған ризамын! -деген дауыс естілді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сол уақытта Иса Рухтың жетегімен әзәзілдің сынағынан өту үшін, шөл далаға барды.</verse>
				<verse number="2">Қырық күн, қырық түн бойы оразада болып, ақырында ашыққанын сезінді.</verse>
				<verse number="3">Сонда Оған азғырушы келіп: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп айтшы, -деді.</verse>
				<verse number="4">Сонда Ол былай деп жауап берді: -Жазбада: «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді деп жазылған».</verse>
				<verse number="5">Содан кейін әзәзіл Оны киелі қаладағы ғибадатхана төбесінің шетіне тұрғызып:</verse>
				<verse number="6">-Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, төмен қарай секір. «Ол періштелеріне Сен туралы бұйрық беріп, аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін, Сені қолдарыменкөтеріп алып жүреді», - деп те жазылған деді.</verse>
				<verse number="7">Исаның оған былай деп жауап берді: Жазбада:«Құдай Иеңді сынама», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="8">Осыдан кейін әзәзіл Оны ең биік таудың басына апарып, Оған осы әлемнің барлық патшалықтарын және олардың бүкіл байлықтарын көрсетіп:</verse>
				<verse number="9">-Егер басыңды иіп, маған табынатын болсаң, осының бәрін Саған беремін, - деді.</verse>
				<verse number="10">Иса оған: -Сайтан, Менен аулақ кет! «Тек Құдай Иеңе ғана табынып, тек Оған ғана қызмет ет», -деп Жазбада жазылған.</verse>
				<verse number="11">Сонда әзәзіл Оны қалдырып, сол сәтте кетіп қалды, періштелер келіп, Оған қызмет көрсетті.</verse>
				<verse number="12">Жақияның ұсталғанын естігеннен кейін, Иса Ғалилеяға қайта оралады.</verse>
				<verse number="13">Назаретті тастап, Забулон мен Нафталим аймағына келіп, теңізге жақын Қапарнаум қаласына барып қоныстанды,</verse>
				<verse number="14">өйткені Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалуы тиіс болған:</verse>
				<verse number="15">«Забулон, Нафталим жеріндегі әрі Иорданның арғы жағы мен теңізге апаратын жолдағы өзге ұлттар мекендеген Ғалилея.</verse>
				<verse number="16">халқы түнекте болғанда, ғаламат жарықты көрді, сөйтіп, өлімнің қапасында отырған осы елге жарық сәулесін төкті».</verse>
				<verse number="17">Сол уақыттан бастап Иса: -Міне, Көктегі Патшалық жақындап қалды, өкініп, тәубе етіңдер! -деп уағыз айта бастады.</verse>
				<verse number="18">Бірде Иса Ғалилея көлінің маңынан өтіп баражатып, ау салып жатқан Петір мен Әндір атты ағайынды екі жігітті көрді, олар балық аулаушылар болатын.</verse>
				<verse number="19">Сонда Иса оларға: -Менің соңымнан еріңдер, Мен сендерді «адам аулаушы» етемін, - деді.</verse>
				<verse number="20">Олар сол сәтте ауларын тастап, Оның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="21">Сол жерден біраз жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдарын, ағайынды Жақып пен Жоханды, әкелерімен бірге қайықта ауларын жамап отырғандарын көріп, оларды да шақырды.</verse>
				<verse number="22">Олар әкелерін де, қайықтарын да сол сәтте тастап, Исаның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="23">Осылай Иса бүкіл Ғалилеяны аралап, Патшалықтың ізгі хабарын синагогаларда уағыздап, үйретіп, халықты әр түрлі аурулар мен барлық әлсіздіктен сауықтырды.</verse>
				<verse number="24">Сонымен, Ол туралы хабар бүкіл Сирия өлкесіне жайылып кетті. Оған әр түрлі ауруға шалдығып, қиналғандарды, жын соққандарды әрі талмасы барлар мен сал болғандарды алып келіп жатты. Иса олардың бәрін сауықтырды.</verse>
				<verse number="25">Осылай Оның соңынан Ғалилеядан, Он қаладан, Иерусалимнен және Яһудея мен Иорданның арғы жағынан да көптеген халық ілесіп жүрді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Көп халықты көрген Иса тауға көтерілді. Ол отырған кезде, қасына шәкірттері келді.</verse>
				<verse number="2">Ол мынадай сөздермен тәлім бере бастады:</verse>
				<verse number="3">-Рухы кедейлер бақытты, өйткені Көктегі Патшалық солардікі болады.</verse>
				<verse number="4">Қайғырып, жылағандар бақытты, олар жұбаныш табатын болады.</verse>
				<verse number="5">Кішіпейілділер бақытты, олар жерді иемденеді.</verse>
				<verse number="6">Әділдікті аңсап, ашығып, шөлдегендер бақытты, олар қанағат табады.</verse>
				<verse number="7">Мейірімділік танытқандар бақытты, олар да мейірімге ие болады.</verse>
				<verse number="8">Жүрегі тазалар бақытты, себебі олар Құдайды көре алатын болады.</verse>
				<verse number="9">Татуластырушылар бақытты, өйткені олар Құдайдың Ұлы деп аталатын болады.</verse>
				<verse number="10">Әділдік үшін қудаланғандар бақытты, Көктегі Патшалық солардікі болады.</verse>
				<verse number="11">Маған бола сендерді қорлап, қудалап, өтірік жала жапса, сендер - бақыттысыңдар.</verse>
				<verse number="12">Қуанып, шаттаныңдар, сонда көктегі сыйларың мол болады, сендерге дейінгі пайғамбарларды да осылай қудалаған.</verse>
				<verse number="13">Сендер осы жерге тұзсыңдар, егер тұздың дәмі жоғалса, оның тұздық дәмін қайтадан қалпына келтіруге бола ма? Ол еш нәрсеге жарамсыз болғандықтан, тек аяқ астына төгіп тастау ғана қалады.</verse>
				<verse number="14">Сендер -осы әлемге нұрсыңдар, тау басында тұрған қаланы еш жасыра алмайсың.</verse>
				<verse number="15">Жағылған шамды да ыдыспен бүркемей, шам қойғышқа қояды, сонда үйдегілердің бәріне жарық түседі.</verse>
				<verse number="16">Сол сияқты сендердегі жарық адамдардың алдында жарқырап, жақсы істеріңді оларға көрсетсін, сөйтіп, сендердің Көктегі Әкелеріңді олар мадақтайтын болсын.</verse>
				<verse number="17">Мені заңды немесе пайғамбарлардың айтқандарын жою үшін келді деп ойламаңдар, тек оларды орындау үшін келдім.</verse>
				<verse number="18">Сендерге шындықты айтып тұрмын: -Мына аспан мен осы жер жойылып кетпейінше, Заңның кішкентай бір әрпі немесе оның бір сызығы да жойылмайды, бәрі де орындалады.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан егер біреу осы кішкентай өсиеттің бірін бұзып әрі адамдарды соған үйретсе, Көктегі Патшалықтың ең кішкентайы сол болады. Кім оны орындап, іске асырып, соған үйрететін болса, Көктегі Патшалықтың ең үлкені сол болады.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, сендерге айтарым: -Егер де сендердің әділдіктерің, Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлерден асып түспесе, онда Көктегі Патшалыққа кіре алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="21">Сендер алдыңғы ұрпаққа: «Кісі өлтірме, кісі өлтірген сотталады», - деп айтылғанын естідіңдер.</verse>
				<verse number="22">Мен сендерге былай деймін: -Бауырына ашуланған әркім сотталады және кім бауырына «бейшара» деп айтса, жоғарғы кеңес алдында жауап береді, кім «ақымақ» деп айтса, тозақ отында өртенеді.</verse>
				<verse number="23">Сондықтан егер сен сый-тартуыңды құрбандық үстелінің алдына әкеліп тұрып, сол жерде бауырыңның өзіңе қарсы реніші бар екені есіңе түссе,</verse>
				<verse number="24">сый-тартуыңды құрбандық үстелінің алдына қалдырып, алдымен бауырыңмен татулас, содан кейін келіп, құрбандығыңды ұсын.</verse>
				<verse number="25">Қарсыласыңмен жолда бірге болсаң, тез арада онымен татуласқаның жөн, олай істемесең, ол сені сотқа береді, сот сені қызметшісіне тапсырады, ол сені абақтыға жабады.</verse>
				<verse number="26">Саған шындығын айтайын: төлеміңді соңғы тиынға дейін төлемесең, сол жерден шыға алмайсың.</verse>
				<verse number="27">Бұдан басқа сендер: «Неке адалдығын бұзба», -дегенді де естідіңдер.</verse>
				<verse number="28">Мен сендерге айтайын, әркім бір әйелге құмарта қарайтын болса, ол сол сәтте-ақ өз жүрегінде онымен неке адалдығын бұзады.</verse>
				<verse number="29">Егер оң көзің сені азғырса, оны ойып алып таста, бүкіл денеңнің тозақ отына тасталғанынан гөрі, бір мүшеңнен айырылсаң, соның саған әкелетін пайдасы өте зор.</verse>
				<verse number="30">Егер де оң қолың сені азғыратын болса, оны жұлып алып таста, бүкіл денеңнің тозақ отына кеткенінен гөрі, бір мүшеңнен айрылғаныңның өзі саған пайдалы.</verse>
				<verse number="31">Былай деп айтылған болатын: «Өз әйелінен ажырасқан әркім әйеліне ажырасу куәлігін беретін болсын».</verse>
				<verse number="32">Мен сендерге мынаны айтамын: -Әйелінен неке адалдығын бұзғаны үшін емес, басқа бір себеппен ажырасқан әркім оны жыныстық азғындық жолына түсуге итермелейді, кім де кім ажырасқан әйелге үйленетін болса, онда ол жыныстық азғындық жасайды.</verse>
				<verse number="33">Бұдан бұрынғы адамдарға да: «Берген анттарыңды бұзбаңдар, Құдайдың алдында берген антыңды орындайтын бол», - деп айтылғанын естідіңдер.</verse>
				<verse number="34">Соған байланысты Менің сендерге айтарым: -Мүлдем ант бермеңдер, көкпен де ант берме, себебі ол -Құдайдың тағы,</verse>
				<verse number="35">жермен де ант берме, себебі ол -Оның табан тірейтін тіреніші, Иерусалиммен де ант беруші болма, себебі ол -Ұлы Патшаның қаласы.</verse>
				<verse number="36">Өз басыңмен де ант берме, себебі шашыңның бір талын ағарта да алмайсың, қарайта да алмайсың.</verse>
				<verse number="37">Одан да сендердің «иә» дегендерің «иә», «жоқ» дегендерің «жоқ» болсын, егер бұған артық қосатын болсаң, ол - әзәзілден.</verse>
				<verse number="38">Сендер «көзге-көз», «тіске-тіс» дегенді де естідіңдер.</verse>
				<verse number="39">Менің сендерге айтарым: Өздеріңе зұлымдық істегенге қарсы тұрмаңдар, керісінше, кім сенің оң жақ бетіңнен ұратын болса, сол жақ бетіңді де тос.</verse>
				<verse number="40">Сенімен соттасқысы келіп, көйлегіңді алғысы келгенге сырт киіміңді де қалдыр.</verse>
				<verse number="41">Егер біреу сені мәжбүрлеп, бір шақырым жүргізсе, онымен екі шақырым жүр.</verse>
				<verse number="42">Сұрап тұрса, бер, сенен қарыз алғысы келгеннен де теріс айналушы болма.</verse>
				<verse number="43">Сендер «жақыныңды сүйіп, жауыңды жек көр» дегенді де естідіңдер.</verse>
				<verse number="44">Менің сендерге айтарым: -Жауларыңды жақсы көріңдер және өздеріңді қудалағандар үшін мінәжат етіңдер.</verse>
				<verse number="45">Сонда сендер Көктегі Әкелеріңнің ұлдары боласыңдар, себебі Ол күн шуағын жамандарға да, жақсыларға да бірдей түсіреді, жаңбырды әділдерге де, әділетсіздерге де бірдей жаудырады.</verse>
				<verse number="46">Егер де сендер тек өздеріңді сүйетіндерді ғана сүйетін болсаңдар, онда сендердің алатын сыйларың қандай болмақ? Осындай нәрсені салықшылар да істемей ме?</verse>
				<verse number="47">Сондай -ақ тек бауырластарыңмен ғана амандассаңдар, мұның қандай артықшылығы бар? Өзге ұлттың адамдары да осылай істемей ме?</verse>
				<verse number="48">Сондықтан сендердің Көктегі Әкелерің қандай кемелді болса, сендер де сондай кемелді болыңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Мынаған сақ болыңдар: өз әділдіктеріңді адамдардың көзіне түсу үшін істеуші болмаңдар, егер солай істесеңдер, көктегі Әкелеріңнен сендерге ешқандай сый берілмейді.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан жасаған қайырымдылық ісіңді жариялама, синагогалар мен көшелерде адамдардан тек құрмет алу үшін көрсетіп жүрген екіжүзділер сияқты болмаңдар. Сендерге шындықты айтайын: олар осы істерімен алатын сыйларын алып қойды.</verse>
				<verse number="3">Егер сен мейірімділік істейтін болсаң, оң қолыңмен істегеніңді сол қолың білмейтін болсын,</verse>
				<verse number="4">сонда жасаған мейірімділігің құпия болады. Сонда сенің осы құпия ісіңді көрген Әкең саған сыйын береді.</verse>
				<verse number="5">Сонымен қатар, мінәжат еткен кездеріңде, синагогалар мен көше бұрыштарында тұра қалып, адамдардың көзіне түсу үшін мінәжат ететін екіжүзділер сияқты болмаңдар. Сендерге шындықты айтайын: олар да осымен алатын сыйларын алып қойды.</verse>
				<verse number="6">Сен мінәжат еткен кезіңде, өзіңнің бөлмеңе кіріп, есігіңді жауып ал. Сөйтіп, көзге көрінбейтін Әкеңе мінәжат ет, сонда сенің құпия түрде не істегеніңді көріп тұрған Әкең саған сыйын береді.</verse>
				<verse number="7">Мінәжат еткен кездеріңде өзге ұлттың халқы секілді бос сөз айта бермеңдер, себебі олар көп сөйлесек, еститін болады деп ойлайды.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан оларға ұқсамаңдар, өйткені Әкелерің сендер сұрамай жатып-ақ неге мұқтаж екендеріңдібіледі.</verse>
				<verse number="9">Сонымен, сендер былай деп мінәжат етіңдер: -Біздің Көктегі Әкеміз! Сенің атың қастерлі болса берсін!</verse>
				<verse number="10">Сенің Патшалығың келсін! Сенің еркің көкте қалай орындалса, жерде де солай орындалсын!</verse>
				<verse number="11">Күнделікті нанымызды бүгін де бере гөр.</verse>
				<verse number="12">Бізге қарыз болғандарды кешіргеніміздей, Сен де біздің қарыздарымызды кешіре гөр.</verse>
				<verse number="13">Азғырылуымызға жол бермей, зұлымдықтан бізді азат ете гөр. (Патшалық, күш, құдірет және ұлылық Мәңгі Сенікі! Аумин!).</verse>
				<verse number="14">Егер де сендер адамдардың әділетсіздіктерін кешірсеңдер, онда Көктегі Әкелерің сендерді де кешіреді.</verse>
				<verse number="15">Егер сендер адамдардың әділетсіздіктерін кешіре алмасаңдар, онда Көктегі Әкелерің сендерді де кешірмейді.</verse>
				<verse number="16">Ораза кезінде ораза ұстап жүргендерін көрсетуді қалайтын екіжүзділер сияқты түнеріп жүрмеңдер. Сендерге шындығын айтайын: олар осылай өздерінің алар сыйларын толығымен алып қойды.</verse>
				<verse number="17">Сен ораза ұстаған кезіңде, жуынып, басыңа иісмай жақ, сол кезде.</verse>
				<verse number="18">ораза ұстағаныңды адамдар емес, керісінше, жасырын істерді көретін Әкең көрсін, сонда Ол саған жарылқауын береді.</verse>
				<verse number="19">Өздеріңе байлықты күйе жеп қоятын, тат басып кететін, не ұры қазып алып, ұрлап кететін жер бетінде жинамаңдар.</verse>
				<verse number="20">Одан да күйе де жемейтін, тат та баспайтын, жоғалмайтын Көкте жинаңдар.</verse>
				<verse number="21">Себебі байлығың қайда болса, жүрегің де сонда болады.</verse>
				<verse number="22">Дененің шамы -көз. Егер де көзің таза болса, бүкіл денең жап-жарық болады.</verse>
				<verse number="23">Егер көзің таза болмаса, бүкіл денеңді түнек басады. Сонымен, жарықтың орнын қара түнек басса, сендегі қара түнектің соншама үлкен болғаны.</verse>
				<verse number="24">Ешкім де екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды, өйткені біреуін жек көріп, екіншісін жақсы көретін болады немесе біреуін қолдап, екіншісіне немқұрайды қарайды. Сол сияқты Құдайға да, байлыққа да бірдей қызмет ете алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан сендерге айтарым: не жеймін, не ішемін деп өмірлеріңнің, не киемін деп тәндеріңнің қамын ойлаушы болмаңдар. Өмір тамақтан, тән киімнен артық емес пе?</verse>
				<verse number="26">Ештеңе екпейтін, не ормайтын, не қоймаға дән жинамайтын көктегі құстарға назар салыңдаршы. Көктегі Әкелерің оларды да қорексіз қалдырмайды. Алайда сендер олардан әлдеқайда артық емессіңдер ме?</verse>
				<verse number="27">Сендердің қайсыларың уайымдаған кездеріңде бойларыңды бір қарыс ұзарта аласыңдар?</verse>
				<verse number="28">Неге киімдеріңнің қамын соншама уайымдайсыңдар? Даладағы лала гүлінің қалай өсіп тұрғанына назар аударыңдаршы, олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан сендерге айтарым: тіпті, Сүлеймен де өзінің барлық сән-салтанатымен жүрген кездің өзінде дәл осылай киінген емес.</verse>
				<verse number="30">Егер де бүгін бар, ертең отқа тасталатын даладағы шөпті Құдай солай киіндірсе, сенімдері аз мына сендерді одан да бетер киіндірмей ме?</verse>
				<verse number="31">Сондықтан не жейміз, не ішеміз, не киеміз деп уайымдамаңдар!</verse>
				<verse number="32">Өйткені осылардың бәрін тек өзге ұлттық халықтар іздейді, сендердің неге мұқтаж екендеріңді Көктегі Әкелерің біледі.</verse>
				<verse number="33">Сондықтан, ең алдымен, Құдай Патшалығын және Оның әділдігін іздеңдер, сонда олардың бәрі сендерге қосымша беріледі.</verse>
				<verse number="34">Сонымен, ертеңгі күннің қамын жемеңдер, өйткені ертеңгі күннің қамы өзінде, себебі әр күннің уайымы өзіне жеткілікті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Өздерің айыпталмауларың үшін, өзгелерді де айыптамаңдар.</verse>
				<verse number="2">Себебі сендер басқаларды қалай айыптасаңдар, сендер де солай айыпталатын боласыңдар және қандай өлшемді қолдансаңдар, өздеріңе де сондай өлшем қолданылады.</verse>
				<verse number="3">Неге өз бауырыңның көзіндегі жаңқаны көріп, ал өз көзіңдегі бөренені байқамайсың?</verse>
				<verse number="4">Немесе өз көзіңдегі бөренені байқамай тұрып, бауырыңа: «Кәне, сенің көзіңдегі жаңқаны алып тастайын», -деп қалай ғана айта аласың?</verse>
				<verse number="5">Әй, екіжүзді, ең алдымен, өз көзіңдегі бөренені алып таста, содан кейін ғана бауырыңның көзіндегі жаңқаны қалай алып тастау керек екенін анық білетін боласың.</verse>
				<verse number="6">Киелі деп санағандарыңды иттерге бермеңдер әрі інжумаржандарыңды шошқаның алдына тастамаңдар, әйтпесе олар аяқтарымен таптап, айналып келіп, сендерді жарып тастайды.</verse>
				<verse number="7">Сұраңдар, сонда сендерге беріледі, іздеңдер, сонда табасыңдар, қағыңдар, сонда сендерге ашылады.</verse>
				<verse number="8">Себебі сұраған әркім алады, іздейтін болса, табады, қағатын болса, ашылады.</verse>
				<verse number="9">Сендердің араларыңда нан сұрап тұрған баласына тас беретін адам бар ма?</verse>
				<verse number="10">Немесе балық сұраса, оған жылан ұстата ма?</verse>
				<verse number="11">Өздерің зұлым бола тұра, балаларыңа жақсы сыйлар беру керектігін білесіңдер, алайда сендердің Көктегі Әкелерің Өзінен сұрағандарға одан да мол етіп бере алады.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан адамдар қалай да сендердің қалағандарыңды істесін десеңдер, сендер де олардың қалауына сай істеңдер. Себебі Таурат заңы мен пайғамбарлар жазбаларының негізі осыған бекітілген.</verse>
				<verse number="13">Тар қақпадан кіріңдер, өлімге апаратын қақпа да, жолда кең, көп адамдар тек сонымен ғана жүреді.</verse>
				<verse number="14">Өмірге апаратын қақпа да, жол да тар және оны табатындар аз.</verse>
				<verse number="15">Сендер жалған пайғамбарлардан сақ болыңдар, олар қойдың терісін жамылып келеді, алайда олардың ішкі жан дүниесі жыртқыш қасқырға ұқсас болады.</verse>
				<verse number="16">Сөйтіп, оларды жемістеріне қарап танып -білетін боласыңдар. Тікенді бұтадан жүзім, ошағаннан інжір жинай ма?</verse>
				<verse number="17">Сонымен, әрбір жақсы ағаш жақсы жеміс береді, шіріген, жаман ағаш жаман жеміс береді.</verse>
				<verse number="18">Жақсы ағаш жаман жеміс, ал шіріген ағаш жақсы жеміс бере алмайды.</verse>
				<verse number="19">Жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталынады.</verse>
				<verse number="20">Сондықтан да оларды жемістеріне қарап танып -білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="21">Маған «Ием! Ием!» деп айтқан әркім емес, керісінше, Менің Көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Көктегі Патшалыққа кіретін болады.</verse>
				<verse number="22">Сол күні көп адамдар Маған: «Ием, Ием! Сенің атыңмен пайғамбарлық сөздер айтып, Сенің атыңмен жындарды қуып шығарып, Сенің күшіңмен көп кереметтер жасадық емес пе?» - деп айтатын болады.</verse>
				<verse number="23">Сонда Мен оларға: «Мен сендерді ешқашан танып-білген емеспін, Менен аулақ кетіңдер, заңсыз іс-әрекет жасағандар!» - деп оларға ашық айтатын боламын.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан кім Менің осы сөздеріме ден қойып, оны тыңдап, оларды іске асыратын болса, ол үйін жартасқа салған ақылды адамға ұқсайды.</verse>
				<verse number="25">Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып, сол үйді соққылағанда, қирамай аман қалады, себебі оның негізі жартасқа қаланған болатын.</verse>
				<verse number="26">Алайда Менің осы сөздерімді тыңдап, оларды іске асырмаған әркім үйін құмға тұрғызған ақымақ адамға ұқсайды.</verse>
				<verse number="27">Жаңбыр жауып, өзендер тасып, дауыл тұрып, сол үйді соққылағанда, оның қирауы өте оңай болады.</verse>
				<verse number="28">Иса сөздерін осылай аяқтаған кезде, сонда тұрған халық Оның тәліміне қайран қалды,</verse>
				<verse number="29">себебі Ол Таурат заңын зерттеушілер сияқты емес,тәлімдерін ерекше бір билікпен үйретті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Иса таудан түскен кезде, Оның соңынан көп халық ілесті.</verse>
				<verse number="2">Міне, Оған алапеспен ауыратын бір адам жақындап келіп, тағзым етті де: -Ием, егер қаласаңыз, мені тазарта аласыз! - деді.</verse>
				<verse number="3">Сонда Ол қолын тигізді де: -Иә, тазарғаныңды қалаймын! - деді. Сол сәтте-ақ ол алапестен тазаланды.</verse>
				<verse number="4">Иса оған: -Байқа, ешкімге айтпа, бірақ ғибадатхана қызметкерлеріне барып, өзіңді көрсет және Мұса белгілеп берген сыйды тарту ет, сол оларға куәлік болсын, - деді.</verse>
				<verse number="5">Иса Қапарнаумға кірген кезде, Оған бір жүзбасы келіп, былай деп өтінді:</verse>
				<verse number="6">-Ием, менің балам талма ауруына шалдығып, үйде қатты қиналып жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="7">- Мен барып сауықтырайын, - деді сонда Иса.</verse>
				<verse number="8">Бірақ жүзбасы: -Ием, менің үйіме келуіңе лайық емеспін, бірақ бір сөз айтсаң болды, менің балам сауығып кетеді, - деді.</verse>
				<verse number="9">Менің өзім де билік астындағы адаммын, өзіме бағынышты сарбаздарым бар. Біреуіне бар десем, барады, басқасына кел десем, келеді. Қызметшіме мынаны істе десем, соны істейді, - деді.</verse>
				<verse number="10">Мұны естіген Иса таңғалып, соңынан еріп келе жатқандарға былай деді: -Сендерге шындығын айтамын: Мен осындай өте үлкен сенімді Исраилде көрген емеспін.</verse>
				<verse number="11">Сендерге айтарым: шығыс пен батыстан келген көпшілік Ыбырайым, Ысқақ және Жақыппен бірге Көктегі Патшалықтың төріне жайғасатын болады.</verse>
				<verse number="12">Ал патшалықтың ұлдары сырттағы қара түнекке қуылатын болады, сонда олар сол жерде жылап-еңіреп, өкінетін болады.</verse>
				<verse number="13">Сонда Иса жүзбасыға: -Сеніміңе сай тілегенің орындалсын,бара бер, -деді. Бала сол сәтте сауығып кетті.</verse>
				<verse number="14">Иса Петірдің үйіне келгенде, оның енесінің ыстығы көтеріліп, қиналып жатқанын көрді.</verse>
				<verse number="15">Иса оның қолына қолын тигізген кезде, ыстығы басылды. Әйел орнынан тұрып, Оған қызмет етті.</verse>
				<verse number="16">Кеш батқан кезде, Исаға көптеген жын соққан адамдарды алып келді. Ол сол рухтарды сөзбен қуып шығарып, барлық ауырған науқастарды сауықтырды.</verse>
				<verse number="17">Осылай Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалды: «Ол бізді әлсіздігімізден арылтып, ауруларымызды алып кетті».</verse>
				<verse number="18">Иса көп халықтың маңайына жиналып қалғанын көрген соң, шәкірттеріне арғы жағаға өтуді бұйырды.</verse>
				<verse number="19">Сол кезде Оған бір Заң оқытушысы келіп: -Ұстаз, Сен қайда барсаң, Мен Сенің соңыңнан еріп жүремін, - деді.</verse>
				<verse number="20">Иса оған мынаны айтты: -Түлкінің іні бар, құстың ұясы бар, алайда Адамның Ұлында бас тірейтін орын да жоқ.</verse>
				<verse number="21">Исаның тағы басқа бір шәкірті: -Ием, ең алдымен, әкемді жерлеп келуге рұқсат берші, - деді.</verse>
				<verse number="22">Иса оған: -Менің соңымнан ер, өлгендерді жерлеуді өлілердің өздеріне қалдыр, - деді.</verse>
				<verse number="23">Содан кейін Ол қайыққа барып отырды, шәкірттері де Онымен бірге болды.</verse>
				<verse number="24">Күтпеген жерден көл бетінде қатты дауыл тұрып, қатты толқындар қайықты ұрғылап, суға толтыра бастады. Иса сол кезде ұйықтап жатты.</verse>
				<verse number="25">Сонда шәкірттері Оның қасына келіп оятты: -Ием! Құтқара гөр, құритын болдық! - деді.</verse>
				<verse number="26">Сонда Иса: -Неден соншама қорқып тұрсыңдар, сенімі аздар-ай?! -деді. Ол орнынан тұрды да, жел мен дауылға бұйрық беріп, тыйым салды. Сол сәтте-ақ тыныштық орнады.</verse>
				<verse number="27">Шәкірттері бұған қайран қалып: -Бұл Кім Өзі?! Тіпті, жел мен дауыл да Оған бағынады ғой! - десті.</verse>
				<verse number="28">Иса көлдің арғы бетіндегі Ғадара жеріне келгенде, Оған қабірден шығып келе жатқан екі жын соққан адам кездесті. Олар өте қауіпті болғандықтан, сол жолмен ешкім жүрмейтін еді.</verse>
				<verse number="29">Олар: -Құдайдың Ұлы, бізде нең бар? Сен осында бізді уақытынан бұрын құртып, азапқа салып, қинау үшін келдің бе? - деп айғайлады.</verse>
				<verse number="30">Сол маңайда, олардан қашықтау жерде, бір топ шошқа жайылып жүрген болатын.</verse>
				<verse number="31">Сонда жындар Исадан: -Егер бізді қуатын болсаң, анау шошқаларға жіберші! - деп жалынды.</verse>
				<verse number="32">Иса оларға: -Барыңдар! -деді. Сонда жын әлгі адамнан шығып, шошқаларға енді. Шошқалар шыңғырып, көлге қарай бет алды, тік жардан құлап, суға құлап өлді.</verse>
				<verse number="33">Шошқалардың бағушылары қалаға қашып, болған жағдайды және жын буған адаммен не болғанын түгел жеткізді.</verse>
				<verse number="34">Міне, осы оқиғадан кейін бүкіл қала тұрғындары Исамен кездесуге шықты, Оны көрген соң, сол аймақтан кетуін өтінді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Иса қайыққа отырды да, көлден өтіп, Өзі тұрған қалаға қайта оралды.</verse>
				<verse number="2">Міне, Оған сал болып жатып қалған адамды төсенішімен көтеріп алып келеді. Сонда олардың сенімдерін көрген Иса әлгі ауру адамға: -Сенің күнәларың кешірілді, балам, жігерлен! - деді.</verse>
				<verse number="3">Сонда кейбір Таурат заңын зерттеушілер іштерінен:«Ол Құдайға тіл тигізіп тұр ғой», - десті.</verse>
				<verse number="4">Олардың ойларын біліп қойған Иса: -Неге сендер жүректеріңде жамандық ойлайсыңдар?</verse>
				<verse number="5">Қайсысын айту оңай? «Сенің күнәларың кешірілді», -деп айту ма әлде: «Орныңнан тұр да, жүріп кет!» -деп айту ма?</verse>
				<verse number="6">-Сендер Адамның Ұлында жер бетіндегі күнәларды кешіретін биліктің бар екенін білулерің үшін, -деді де сал адамға: -Орныңнан тұр да, төсенішіңді алып, үйіңе қайт! - деді.</verse>
				<verse number="7">Сонда ол орнынан тұрып, үйіне кетті.</verse>
				<verse number="8">Мұны көрген халықты қастерлі үрей биледі, алайда адамдарға осындай билік берген Құдайды мадақтады.</verse>
				<verse number="9">Иса сол жерден кетіп бара жатып, салық жинайтын жерде отырған Матай есімді адамды көріп, оған: -Соңымнан ер! - деді. Ол орнынан тұрып, Исаның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="10">Кейінірек Иса Матайдың үйінде, дастарқанбасында жантайып жатқан кезде, көптеген салық жинаушылар мен күнәкарлар да келіп, Исамен және Оның шәкірттерімен бірге болды.</verse>
				<verse number="11">Мұны көрген фарисейлер Исаның шәкірттерінен: -Неге сендердің ұстаздарың салықшылармен және күнәкарлармен бірге тамақ ішеді? - десті.</verse>
				<verse number="12">Мұны естіген Иса оларға: -Дәрігер дені сауларға емес, науқастарға қажет.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан құрбандық беруден гөрі мейірімділік танытудың қандай болатынын үйреніп алыңдар. Мен әділдерді емес, күнәкарларды шақыруға келдім, - деді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Оған Жақияның шәкірттері келіп: -Фарисейлер және біз жиі ораза ұстаймыз, ал сенің шәкірттерің неге ораза ұстамайды? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="15">Иса оларға: -Күйеу жігіт қастарында болған кезде, тойға жиналған қонақтар қайғыра ма? Бірақ күйеу жігітті олардан алып кететін күн туады, тек сол кезде олар ораза ұстайтын болады.</verse>
				<verse number="16">Тегінде, ешкім де жаңа матамен ескірген сыртқы киімді жамамайды, өйткені жамау отырып, жыртықтың көлемі одан бетер үлкен болып кетеді.</verse>
				<verse number="17">Сол сияқты ешкім де ескі торсыққа жаңа шарапты құймайды, онда торсық жарылып, шарап ағып кетеді, торсық та еш нәрсеге жарамай қалады. Керісінше, жаңа шарапты жаңа торсыққа құяды, сонда екеуі де сақталатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="18">Иса осыны айтып тұрған кезде, қасына бір басшы келіп, Оған бас иіп, тағзым етті де: -Менің қызым қазір ғана қайтыс болды, бірақ Сен барып, оған қолыңды қойсаң, ол тіріледі, - деді.</verse>
				<verse number="19">Иса орнынан тұрып, Оның артынан ерді, шәкірттеріде Оған ілесті.</verse>
				<verse number="20">Сол сәтте он екі жыл бойы қан кетіп ауырып жүрген бір әйел Исаның артынан жақындап келіп, Оның киімінің етегіне қолын тигізді.</verse>
				<verse number="21">Сол әйел іштей өзіне-өзі:«Егер Оның киіміне қолымның ұшын тигізсем болды, сауығып кетемін», -деген болатын.</verse>
				<verse number="22">Сонда Иса бұрылып, оны көрген кезде: -Қорықпа, қызым! Сенімің сені сауықтырды! -деді. Әлгі әйел сол сәтте-ақ сауығып кетті.</verse>
				<verse number="23">Иса әлгі басшының үйіне келген кезде, сол жердегі сыбызғышылар мен шулаған топты көріп:</verse>
				<verse number="24">-Қыз өлген жоқ, тек ұйықтап жатыр, шығыңдар, -деді. Адамдар мысқылдап күлді.</verse>
				<verse number="25">Топырлаған халықтың бәрін қуып шығарған соң, Иса ішке кіріп, қыздың қолынан ұстады, сонда қыз тіріліп, орнынан тұрды.</verse>
				<verse number="26">Осыдан кейін осы хабар сол аймаққа түгел тарап кетті.</verse>
				<verse number="27">Иса сол жерден кетіп бара жатқанда, Оның соңынан екі зағип ілесіп: -Дәуіттің Ұлы! Бізге рақым ете гөр! -деп айғайлады.</verse>
				<verse number="28">Иса үйге келген кезде, әлгі зағиптар оған жақындап келді. Иса оларға: -Менің сендерге соны істей алатыныма сенесіңдер ме? - деді. Олар: - Иә, Ием! - деді.</verse>
				<verse number="29">Иса олардың көздеріне қолын тигізіп: -Сенімдеріңе сай болсын! - деді.</verse>
				<verse number="30">Сол сәтте -ақ олардың көздері ашылып кетті. Иса оларға: -Мұны ешкім білмесін, абай болыңдар! -деп қатаң ескертті.</verse>
				<verse number="31">Бірақ олар сол жерден шыға салып, Иса туралы хабарды бәріне таратып жіберді.</verse>
				<verse number="32">Сол жерден шықпай жатып, Исаға жын соққан және мылқау адамды алып келді.</verse>
				<verse number="33">Бойынан жын қуылып шыққан соң, әлгі мылқау сөйлеп кетті. Халық бұған таңғалып: -Исраилде бұрынсоңды мұндай оқиға ешқашан болып көрген емес! - десті.</verse>
				<verse number="34">Фарисейлер болса: -Ол жындарды олардың әміршісінің күшімен қуып шығарып жүр, - десті.</verse>
				<verse number="35">Иса барлық қалалар мен ауылдарды аралап, ондағы синагогаларда Патшалықтың Ізгі хабарын жариялап, уағыздап, тәлім берді әрі адамдарды барлық аурудан сауықтырды.</verse>
				<verse number="36">Иса соншама көп халықты көргенде, оларға жаны ашыды. Себебі адамдар шаршап-шалдыққан, бағушысы жоқ қойлар секілді адасқан, әлсіз еді.</verse>
				<verse number="37">Сонда Иса шәкірттеріне: -Оратын егін өте көп, жұмысшылар аз.</verse>
				<verse number="38">Сондықтан егіннің Иесінен Өзінің егіндігіне жұмысшылар жіберуін өтініп, сұраңдар, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Иса Өзінің он екі шәкіртін шақырып алып, оларға таза емес рухтарды қуып шығарып, кез-келген ауру мен барлық әлсіздікті сауықтыра алатын билік берді.</verse>
				<verse number="2">Сол он екі елшінің есімдері мынадай еді: Петір деп аталып жүрген Шимон мен оның бауыры Әндір; Зебедейұлы Жақып пен бауыры Жохан;</verse>
				<verse number="3">Філіп пен Бартолмай; Тома мен салықшы Матай;Әлпейұлы Жақып пен Таддей;</verse>
				<verse number="4">Шимон Қананит пен Исаны сатып кететін Яһуда Исқариот.</verse>
				<verse number="5">Осы он екі шәкіртіне Иса мынандай бұйрық берді: -Өзге ұлттың өкілдері жүрген жолмен жүрмеңдер, самариялықтар тұратын қалаға да кірмеңдер,</verse>
				<verse number="6">керісінше, Исраил үйіндегі жоғалып кеткен қойларына барыңдар.</verse>
				<verse number="7">Барған соң: -Көктегі Патшалық жақындап қалды, -деп жариялаңдар.</verse>
				<verse number="8">Сөйтіп, ауырғандарды сауықтырып, өлгендерді тірілтіп, алапестерді тазартып, жындарды қуып шығыңдар. Тегін алдыңдар, тегін беріңдер.</verse>
				<verse number="9">Белбеулеріңе алтын, күміс, мыс ақша орап алмаңдар,</verse>
				<verse number="10">дорба, артық көйлек, аяқ киім де, таяқ та алмаңдар. Өйткені еңбек еткен ішер тамағына лайықты ғой.</verse>
				<verse number="11">Қандай да бір қалаға не бір ауылға кірген кездеріңде, сол жерден лайықты адамды тауып алыңдар да, келесі жолға шыққанша, сонда қалыңдар.</verse>
				<verse number="12">Ал оның үйіне кірген кезде: «Тыныштық болсын!», -деп сәлем беріңдер.</verse>
				<verse number="13">Егер сол үй соған лайықты болса, сендер тілеген тыныштық келеді, егер лайықсыз болса, сендер тілеген тыныштық өздеріңе қайта оралады.</verse>
				<verse number="14">Егер сендерді қабылдамаса әрі сөздеріңді тыңдамаса, сол үйден немесе сол қаладан шығып бара жатып, аяқтарыңның шаңын сол жерге қағып тастаңдар.</verse>
				<verse number="15">Сендерге шындығын айтайын: сот болатын күні сол қалаға қарағанда, Содом мен Ғомораға жеңілірек болады.</verse>
				<verse number="16">Міне, Мен сендерді қасқырлардың арасына жіберген қойлар секілді жіберіп тұрмын. Сондықтан жыландай ақылды, көгершіндей таза ниетті болыңдар.</verse>
				<verse number="17">Адамдардан сақтанып жүріңдер, өйткені олар сендерді жоғарғы кеңестегі алқалар сотына (синедерионға) ұстап беріп, өздерінің синагогаларында ұрып-соғатын болады.</verse>
				<verse number="18">Мен үшін сендерді әміршілер мен патшалардың алдына алып баратын болады. Сонда сендер оларға да, өзге ұлт өкілдеріне де куәлік ететін боласыңдар.</verse>
				<verse number="19">Сендерді оларға ұстап бергенде, не айтамыз деп уайымдамаңдар. Өйткені айтатын сөздерің сол сәтте-ақ сендерге беріледі.</verse>
				<verse number="20">Алайда сол кезде сөйлейтін сендер емес, сендер арқылы Әкелеріңнің Рухы сөйлейтін болады.</verse>
				<verse number="21">Сонда бауыры өз бауырын, әкесі өз баласын өлімге итермелеп, балалар әке-шешелеріне қарсы шығып, оларды, тіпті, өлімге душар етеді.</verse>
				<verse number="22">Сөйтіп, сендер Менің атыма бола жек көрінішті боласыңдар. Тек соңына дейін шыдағандар ғана құтқарылатын болады.</verse>
				<verse number="23">Сендерді бір қаладан қудаласа, басқасына қашып барыңдар. Шындығын айтамын: өйткені сендер Адам Ұлының келетін кезіне дейін, Исраилдегі қалалардың бәрін аралап бітіре алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="24">Шәкірті ұстазынан, құлы қожайынынан жоғары бола алмайды.</verse>
				<verse number="25">Тегінде, шәкірті ұстазындай, құлы қожайынындай болса, жеткілікті. Егер үйдің қожайынын Белзебүл деп атаса, онда оның үйіндегілерге одан да жаман ат тағатын болады.</verse>
				<verse number="26">Сондықтан олардан қорықпаңдар, себебі ашылмайтын ешбір сыр, білінбейтін ешбір құпия жоқ.</verse>
				<verse number="27">Өздеріңе қараңғыда айтқанымды жарықта айтыңдар, құлақтарыңа сыбырлап айтқанымды төбеге шығып жариялаңдар.</verse>
				<verse number="28">Тәнді өлтіріп, жанды өлтіре алмайтыннан қорықпаңдар. Одан да жанды да, тәнді де тозақ отында құрта алатын Ұлы күштен қорқыңдар.</verse>
				<verse number="29">Екі торғай бір ассарийге сатылмай ма? Бірақ олардың бірде-біреуі сендердің Әкелеріңнің еркінсіз жерге құлап түспейді.</verse>
				<verse number="30">Сендердің бастарыңдағы шаштарыңа дейін саналып қойылған.</verse>
				<verse number="31">Сондықтан қорықпаңдар, өйткені сендер сол торғайлардан әлдеқайда артықсыңдар.</verse>
				<verse number="32">Сонымен, Мені адамдар алдында мойындаған әркімді Көктегі Әкемнің алдында Мен де мойындайтын боламын.</verse>
				<verse number="33">Кімде-кім адамдар алдында Менен бас тартса, Көктегі Әкемнің алдында Мен де одан бас тартатын боламын.</verse>
				<verse number="34">Мені жер бетіне тыныштық әкелді деп ойламаңдар. Мен тыныштық емес, керісінше, семсер әкелдім.</verse>
				<verse number="35">Өйткені Мен ұлды әкесінен, қызын анасынан, келінін енесінен айыру үшін келдім,</verse>
				<verse number="36">үй ішіндегілердің арасында бір-біріне деген жек көрушілік пайда болады.</verse>
				<verse number="37">Кім өз әкесін немесе анасын Менен артық сүйсе, сол Маған лайықты емес және кім өз ұлын немесе қызын Менен артық сүйсе, ол Маған лайықты емес,</verse>
				<verse number="38">кім өз айқыш ағашын көтеріп, Менің соңымнан Зермесе, сол Маған лайықты емес.</verse>
				<verse number="39">Өз өмірін сақтағысы келген оны жоғалтады, кім Мен үшін өмірін қиса, ол соған ие болады.</verse>
				<verse number="40">Егер де сендерді қабылдаса, Мені де қабылдағаны, Мені қабылдаса, Мені жібергенді де қабылдағаны.</verse>
				<verse number="41">Пайғамбарды пайғамбар ретінде қабылдаған пайғамбардың сыйын алады. Әділді әділдігі үшін қабылдаған әділдің сыйына ие болады.</verse>
				<verse number="42">Кім осы кішкентайлардың біреуіне Маған шәкірт болғаны үшін бір кесе суық су берсе, сендерге шындығын айтайын, оның алатын сыйы жоғалмайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Иса он екі шәкіртіне тәлім беріп болған соң, сол маңайдағы қалаларға барып, уағыз айтып жүрді.</verse>
				<verse number="2">Абақтыда отырған Жақия Мәсіхтің істеп жүрген істері жайлы естіп, өзінің шәкірттерін жіберіп:</verse>
				<verse number="3">-Келуге тиісті Сенбісің? Әлде біз басқа біреуді күтуіміз керек пе? - деп сұратты.</verse>
				<verse number="4">Сонда Иса оларға былай деп жауап қатты: -Жақияға барып, не естіп, не көргендеріңді айтып беріңдер.</verse>
				<verse number="5">Зағиптар көріп, ақсақтар жүріп, алапестер тазарып, саңыраулар естіп, өлгендер тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар айтылуда.</verse>
				<verse number="6">Маған сенімсіздік танытпаған әркім бақытты, - деді.</verse>
				<verse number="7">Оларды жіберген соң, Иса халыққа Жақия туралы былай деді: -Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен қамысты ма?</verse>
				<verse number="8">Сендер сонда не көруге бардыңдар? Әдемі, сәндікиім киген адамды ма? Әдемі, сәнді киім киетіндер патшалардың үйінде тұрады.</verse>
				<verse number="9">Сонымен, сендер не көруге бардыңдар? Пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтарым: ол- пайғамбардан да жоғары.</verse>
				<verse number="10">Себебі жазбада: «Міне, Мен алдын ала Өзімнің хабаршымды жіберемін, ол Сенен бұрын барып, жолыңды дайындап қояды», - деп жазылған адам осы болатын.</verse>
				<verse number="11">Сендерге шындығын айтамын: -Әйел затынан туғандардың арасынан суға батырып шомылдырушы Жақиядан ұлы ешкім болған емес. Бірақ кім кішіпейіл болса, Көктегі Патшалықтағы жолы үлкен болады</verse>
				<verse number="12">Суға батырып шомылдырушы Жақияның күндерінен осы уақытқа дейін, Көктегі Патшалық күшпен алынуда, оған күш салғандар Оны иеленіп жатыр.</verse>
				<verse number="13">Жақияға дейінгі барлық пайғамбарлар да, Таурат заңы да осы жайлы алдын ала айтып кеткен.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан қабылдағыларың келсе, ол келуге тиісті Ілияс пайғамбар болатын.</verse>
				<verse number="15">Құлағы барлар осыны тыңдап алсын!</verse>
				<verse number="16">Осы ұрпақты кімге ұқсатуға болады? Олар сауда орталығында отырып алып, басқаларға былай деп айқайлайтын балаларға ұқсайды:</verse>
				<verse number="17">«Біз сендер үшін сыбызғы ойнадық, сендер билемедіңдер, біз сендерге жоқтау әнін айттық, сендер қайғырып, жыламадыңдар».</verse>
				<verse number="18">Кәдімгі тамақтарды ішіп-жемейтін Жақия келгенде: «Оның бойында жын бар», - деді.</verse>
				<verse number="19">Ал кәдімгі тамақтарды ішіп-жейтін Адам Ұлыкелгенде: «Ол тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салық жинаушылар мен күнәкарлардың досы», -десті. Алайда Жаратқан Иенің даналығы әділетті ісімен ақталады, -деді.</verse>
				<verse number="20">Содан кейін Иса Өзінің құдіретті күшімен көп кереметтер жасалған қалаларды айыптай бастады, себебі олар әлі де тәубе етпеген болатын.</verse>
				<verse number="21">-Қасірет, саған Хоразин! Қасірет, саған Бетсайда! Егер де сендерде жасалған кереметтер Тир мен Сидонда жасалған болса, олар әлдеқашан азалы киімге оранып, бастарына күл шашып, тәубе етер еді.</verse>
				<verse number="22">Бірақ сендерге айтарым: -Сот болатын күні сендерге қарағанда, Тир мен Сидонға едәуір жеңілірек болады.</verse>
				<verse number="23">Қапарнаум, сен де көкке көтерілмей, тозаққа кетесің. Өйткені сенде істелген кереметтер Содомда жасалған болса, ол осы күнге дейін аман қалар еді.</verse>
				<verse number="24">Бірақ сендерге айтарым: -Сот болатын күні сенен гөрі, сол Содомның жеріне жеңілірек болады.</verse>
				<verse number="25">Одан кейін Иса сөзін жалғастырып: -Жер мен Көктің Иесі Әке, Сенің сүйіспеншілігіңді білемін, Сен осыны ақылдылар мен данышпандардан жасырып, оны сәбилерге ашып бердің.</verse>
				<verse number="26">Иә, Әке, өйткені Сенің ізгі ниетің де осы болған.</verse>
				<verse number="27">Маған бәрі Әкемнен берілген. Ұлын тек Әкеден басқа ешкім де білмейді, егер де тек Ұлы қалап, ашып бермесе, Әкені де Ұлынан басқа ешкім білмейді.</verse>
				<verse number="28">Маған келіңдер, шаршап-шалдығып, еңселерін ауыр жүк басқандар, Мен сендерді тыныштыққа бөлеймін.</verse>
				<verse number="29">Менің қамытымды киіп, Менен үйреніңдер, өйткені Менің жүрегімде ізгілік пен кішіпейілділік бар,жандарыңа қажетті тыныштықты содан табасыңдар.</verse>
				<verse number="30">Менің қамытым ыңғайлы әрі артатын ауыртпалығым да жеңіл.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Иса сенбі күні астық алқабы арқылы өтіп бара жатты.Сонда Оның шәкірттері қарындары ашқанын сезіп, масақтарды үзіп алып, жей бастады.</verse>
				<verse number="2">Мұны көріп тұрған фарисейлер Оған: -Әне, сенің шәкірттерің сенбіде істеуге болмайтын істерді істеп жүр, -десті.</verse>
				<verse number="3">Иса оларға: -Сендер Дәуітті және онымен бірге болғандардың қарындары ашқан кезде не істегендері жайлы оқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="4">Олар Құдайдың үйіне кіріп, өздеріне арналмаған, тек қана Құдайдың қызметкерлеріне арналған арнайы тарту етілетін нанды жеді емес пе?</verse>
				<verse number="5">Ғибадатханада жүрген қызметкерлер сенбі күннің ережелерін бұзса да, олар сол үшін күнәлі болмайтыны жайлы Заңда жазылғанын сендер оқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="6">Бірақ сендерге айтарым: -Осында сол ғибадатханадан да жоғары Біреу бар.</verse>
				<verse number="7">Егер де сендер «Құрбандықтан гөрі мейірім көрсеткеніңді қалаймын» дегеннің мағынасын білетін болсаңдар, онда сол күнәсіз жандарға айып тақпас едіңдер,</verse>
				<verse number="8">өйткені Адамның Ұлы - сенбі күнінің де Иесі, - деді.</verse>
				<verse number="9">Иса сол жерден кетіп, олардың синагогаларына келді.</verse>
				<verse number="10">Сол жерде қолы семіп қалған бір адам болды.Сонда фарисейлер Исаны кінәлап, айыптау үшін: -Сенбі күні адамды сауықтыруға бол ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="11">Сонда Иса: -Егер де араларыңдағы біреуіңнің жалғыз қойың болып және сол сенбі күні шұңқырға түсіп кетсе, оны сол сәтте шығарып алмайсыңдар ма?</verse>
				<verse number="12">Адам сол қойдан да артық қой! Сондықтан сенбіде де жақсылық істеуге болады, - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса сол сәтте әлгі адамға: -Қолыңды созшы! -деді. Ол қолын созды, сонда оның қолы екінші сау қолы сияқты қалпына келді.</verse>
				<verse number="14">Сыртқа шыққан фарисейлер Исаға қарсы болып, Оны құртуға шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="15">Алайда мұны білген Иса сол жерден кетіп қалды. Көптеген халық Оның соңынан еріп отырды, Ол бәрін сауықтырды.</verse>
				<verse number="16">Иса Өзін әйгілі етпеу үшін, Өзі жайлы ашық айтпауға тыйым салды.</verse>
				<verse number="17">Өйткені Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалуы тиіс болатын:</verse>
				<verse number="18">«Міне, Менің таңдап алған Қызметшім, Ол-Менің Сүйіктім, Ол Менің жанымды рахатқа бөлейтін болады. Оған Өз Рухымды қондырамын, Ол басқа ұлттарға соттың әділдігін жариялайды.</verse>
				<verse number="19">Ол ешкіммен дауласпайды, айқай-шу көтермейді, көшеде Оның даусын да ешкім естімейтін болады.</verse>
				<verse number="20">Ол әділдікті жеңіске жеткізу үшін, майысқан таяқты да сындырмайды әрі бықсыған білтені де өшірмейді,</verse>
				<verse number="21">барлық ұлттар Оның атынан үмітке ие болады».</verse>
				<verse number="22">Сол кезде жын соққан, соқыр әрі мылқау бірадамды Исаға алып келді. Ол оны сауықтырып жіберді, ол сөйлеп, көретін болды.</verse>
				<verse number="23">Сонда халықтың бәрі бұған қайран қалып: -Дәуіттің Ұлы Осы шығар!? - десті.</verse>
				<verse number="24">Мұны естіген фарисейлер: -Ол жындарды солардың әміршісі Белзебүлдің күшімен ғана қуып шығарады, -деді.</verse>
				<verse number="25">Олардың ойларын біліп қойған Иса былай деді: -Өзара бөлініп, бір -бірімен жауласқан әрбір патшалық жойылып, бос қалады, екіге бөлінген үй де, қала да берік болмайды.</verse>
				<verse number="26">Егер шайтан шайтанды қуса, онда олардың өзара бөлінгені, сондықтан оның патшалығы қалай берік бола алады?</verse>
				<verse number="27">Егер Мен жындарды Белзебүлдің күшімен қуып шығаратын болсам, онда сендердің ұлдарың кімнің күшімен қуып шығарып жүр? Ал осы әрекеттерің үшін, үкімді сендерге солар шығаратын болады.</verse>
				<verse number="28">Егер де Мен жындарды Құдайдың Рухымен қуып шығарып жүрсем, онда Құдайдың Патшалығы сендерге келді.</verse>
				<verse number="29">Күштінің үйіндегі заттарды тонау үшін, ең алдымен, оны байлап тастау керек, олай істемесе, кім оны тонай алады?.</verse>
				<verse number="30">Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы және кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады.</verse>
				<verse number="31">Сол себепті сендерге айтарым: -Адамдардың барлық күнәлары мен қорлау сөздері кешіріледі, ал Рухты қорлауы кешірілмейді.</verse>
				<verse number="32">Егер де біреу Адамның Ұлына қарсы сөз айтса, оған кешірім болады, ал біреу Киелі Рухқа қарсы сөзайтса, осы заманда да, болашақта да оған кешірім болмайды.</verse>
				<verse number="33">Жақсы ағаштың жемісі де жақсы болады, жаман ағаштың жемісі де жаман болады, өйткені ағаш жемісімен танылады.</verse>
				<verse number="34">Улы жыланнан туған ұрпақ, өздерің зұлым болсаңдар қалай жақсылық жайлы айта аласыңдар? Өйткені жүрек неге толы болса, ауыз соны айтады.</verse>
				<verse number="35">Жақсы адам жақсылықтың қазынасынан жақсылық алып шығады, зұлым адам зұлымдықтың қазынасынан зұлымдық алып шығады.</verse>
				<verse number="36">Сендерге айтарым: -Адам айтқан әрбір мәнсіз бос сөздері үшін, сот болатын күні жауап береді.</verse>
				<verse number="37">Себебі өз сөздеріңмен ақталып, өз сөздеріңмен сотталатын боласыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сонда кейбір Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер Оған: -Ұстаз, Сенің бір кереметтер жасағаныңды қалап тұрмыз, - деді.</verse>
				<verse number="39">Иса оларға былай жауап берді: -Зұлым әрі азғын ұрпақ керемет іздейді, оларға Жүніс пайғамбардың кереметінен басқа керемет берілмейді.</verse>
				<verse number="40">Жүніс ең үлкен балықтың құрсағында үш күн, үш түн қалай болған болса, Адам Ұлы да жер қойнында үш күн, үш түн болады.</verse>
				<verse number="41">Ниневиялық ер адамдар сотта тұрып, осы ұрпақты айыптайтын болады, себебі олар Жүністің уағызы арқылы тәубе еткен болатын. Ал осында Жүністен де жоғары Біреу тұр.</verse>
				<verse number="42">Оңтүстіктің патшайымы да сотта тұрып, осы ұрпақты айыптайтын болады, себебі ол сонау жердің қиыр шетінен Сүлейменнің даналығын тыңдау үшінкелген болатын. Осында сол Сүлейменнен де ұлы Біреу тұр.</verse>
				<verse number="43">Зұлым рух адамнан шығып кеткеннен кейін, сусыз шөл жерді кезіп, тыныштық іздейді, бірақ оны таппайды.</verse>
				<verse number="44">Сонда ол өзіне: «Қой, өзім шыққан үйге қайта оралайын», -дейтін болады. Ол қайтып келгенде, үйдің бос және сыпырылып тап -таза жиналып тұрғанын көреді.</verse>
				<verse number="45">Сонда ол зұлымдығы өзінен өткен жеті рухты сол жерге алып келіп, орналасады. Содан кейін әлгі адамға алғашқыдан да жаман ауыртпашылық келеді. Осы жауыз ұрпақпен де дәл солай болады.</verse>
				<verse number="46">Иса әлі де халыққа сөйлеп тұрғанда, Онымен сөйлеспек болып, анасы бауырларымен бірге іздеп келіп, сыртта күтіп тұрады.</verse>
				<verse number="47">Сонда әлдекім Исаға: -Анаң мен бауырларың Сенімен сөйлесу үшін сыртта күтіп тұр, - дейді.</verse>
				<verse number="48">Иса сол адамға: -Менің анам кім? Бауырларым кім? -деді.</verse>
				<verse number="49">Содан кейін қолын созып, шәкірттерін нұсқап: -Міне, Менің анам мен бауырларым, - деді.</verse>
				<verse number="50">Кім Менің Көктегі Әкемнің еркін орындаса, сол Менің бауырым, қарындасым және анам болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Сол күні Иса үйден шығып, көл жағасына барып отырды.</verse>
				<verse number="2">Оның қасына көп халық жиналды, Иса қайыққа барып отырды. Жиналған халық жағада тұрды.</verse>
				<verse number="3">Иса оларға бірнеше астарлы әңгімелер айтты. -Міне, бір диқан тұқым себуге шықты.</verse>
				<verse number="4">Оның сепкен тұқымының біразы жол бойына түседі. Ұшып келген құстар оларды жеп қояды.</verse>
				<verse number="5">Басқалары топырағы аз тастақ жерге түседі, топырақ жұқа болғандықтан, дереу көктеп шығады.</verse>
				<verse number="6">Бірақ олардың тамыры болмағандықтан, күн шыққан кезде қурап қалады.</verse>
				<verse number="7">Өзге тұқымдар тікен арасына барып түсті, қаулап өскен тікендер оларды тұншықтырып, өсірмей тастады.</verse>
				<verse number="8">Тағы басқалары құнарлы жерге түсіп, бірі -жүз, бірі -алпыс, енді бірі отыз еседен өнім берді.</verse>
				<verse number="9">Құлағы барлар мұны тыңдап алсын! - деді.</verse>
				<verse number="10">Сонда шәкірттері Оған жақын келіп: -Сен осы астарлы әңгімелерді оларға не үшін айттың? - деді.</verse>
				<verse number="11">Иса оларға былай деп жауап берді: -Өйткені Көктегі Патшалықтың құпиялары оларға емес, тек сендерге ғана берілген.</verse>
				<verse number="12">Өйткені кімде бар болса, соған тағы да беріледі, сонда ол толығымен молшылыққа ие болады, кімде жоқ болса, оның өзімде бар дегені де алынып қойылады.</verse>
				<verse number="13">Сол үшін Мен оларға астарлы әңгімелер айтамын, өйткені олар көріп тұрса да көрмейді, естіп тұрса да естімейді, түсінбейді.</verse>
				<verse number="14">Осылайша Ишая пайғамбар арқылы оларға айтылған мына сөздер орындалады: «Құлақтарыңмен естисіңдер, алайда түсінбейсіңдер, қарайсыңдар, бірақ көрмейсіңдер,</verse>
				<verse number="15">өйткені бұл халықтың жүрегі қатайған, құлақтары әрең естиді, көздері жабық. Егер де көздерімен көріп,құлақтарымен естіп, жүрегімен түсініп, теріс жолдан қайтса, Мен оларды сауықтырар едім».</verse>
				<verse number="16">Ал сендердің көздерің жарылқанған, себебі олар көреді, құлақтарың да жарылқанған, олар естиді.</verse>
				<verse number="17">Сендерге шындығын айтайын: көптеген пайғамбарлар мен әділдер сендер көргенді көргілері келген-көре алмады, естігілері келген-ести алмады.</verse>
				<verse number="18">Енді сендер тұқым себуші туралы айтылған астарлы әңгіменің мағынасына құлақ түріңдер.</verse>
				<verse number="19">Кімде-кім Патшалық туралы сөзді естіп, оны түсінбесе, әзәзіл келіп, оның жүрегіне себілгенді ұрлап кетеді, бұл жол бойына себілген тұқымды білдіреді.</verse>
				<verse number="20">Тастақ жерге себілген дән сөзді естіп, сол сәтте қуанышпен қабылдаған адамды білдіреді.</verse>
				<verse number="21">Бірақ оның тамыры терең болмағандықтан, тұрақсыз болады, сол сөз үшін оның басына қиыншылық немесе қудалау келгенде, бірден сенімінен бас тартады.</verse>
				<verse number="22">Тікен арасына түскен дән сөзді естігенмен, осы әлемнің қамы мен байлығына елігіп, сөзге мән бермегендіктен, өнім бермейді.</verse>
				<verse number="23">Құнарлы топыраққа себілген дән сөзді естіп, оны түсінгенін білдіреді, сол себепті бірі-жүз немесе алпыс, кейбіреуі отыз еседен өнім береді, - деді.</verse>
				<verse number="24">Иса оларға тағы да бір астарлы әңгімені айтып берді. -Көктегі Патшалық өзінің егістік жеріне жақсы тұқым сепкен адамға ұқсайды.</verse>
				<verse number="25">Барлығы ұйықтап жатқан кезде, жауы келіп, бидайдың ортасына бидайық егіп кетеді.</verse>
				<verse number="26">Егіндік көктеп, өнім берген кезде, әлгі бидайық та онымен бірге өсіп шығады.</verse>
				<verse number="27">Сонда үйдің қызметшілері иесіне келіп: -Мырза, сенің егістік жеріңе еккенің жақсы тұқым емес пе еді? Мына бидайықтар қайдан пайда болды? - дейді.</verse>
				<verse number="28">Сонда иесі: -Бұл -дұшпан адамның істеген ісі,-дейді. Қызметшілері сонда: -Біздің оларды жұлып алып тастағанымызды қалайсың ба? - дейді</verse>
				<verse number="29">-Жоқ, сендер бидайықты жұлып жатқан кездеріңде, байқамай бидайды да жұлып алуларың мүмкін.</verse>
				<verse number="30">Сондықтан егінді жинайтын уақытқа дейін оларға тиіспеңдер, олар бірге өсе берсін. Егінді жинайтын уақыт келген кезде, орушыларға бидайықты алдымен бөлек буып жинап, өртеп жіберуді, ал бидайды менің қамбама тасуды бұйырамын, - деді иесі.</verse>
				<verse number="31">Иса оларға тағы бір мынандай астарлы әңгіме айта бастады. -Көктегі Патшалықты адамның егістік жеріне еккен қыша дәнімен де салыстыруға болады.</verse>
				<verse number="32">Қыша дәні басқа тұқымдардан кішкене болса да, өскенде басқа бақша өсімдіктерінен үлкен болады, тіпті, аспандағы құстар да ұшып келіп, оның бұтақтарына ұясын салады.</verse>
				<verse number="33">Иса оларға тағы да басқа бір астарлы әңгімені айта бастады. Көктегі Патшалықты бір әйелдің үш астау ұнның қамырына қосқан ашытқысына ұқсатуға болады.</verse>
				<verse number="34">Иса осының бәрін халыққа астарлы әңгімелер арқылы жеткізді, астарлы әңгімелерсіз ештеңе түсіндірмеді.</verse>
				<verse number="35">«Астарлы әңгімелер арқылы әлем жаратылғаннан бергі құпияны ашып беремін», -деп пайғамбар арқылы айтылған сөз осылай орындалуы тиіс еді.</verse>
				<verse number="36">Содан кейін Иса халықты таратып жіберіп, үйгекірді. Оған шәкірттері жақын келіп: -Егістікке егілген арам шөп туралы астарлы әңгімені бізге түсіндіріп берші, -деді.</verse>
				<verse number="37">Иса былай деді: -Жақсы тұқымды себуші диқан-Адамның Ұлы.</verse>
				<verse number="38">Егістік -осы әлем, жақсы тұқым -Патшалықтың балалары, арам шөптер - зұлымдықтың жетегіндегілер.</verse>
				<verse number="39">Оны сепкен жау -әзәзіл, егінді орып жинау -заманның ақыры, орушылар - періштелер.</verse>
				<verse number="40">Сонымен, арам шөп жинап алынып, қалай отқа өртелетін болса, осы заманның ақырында да тура солай болады.</verse>
				<verse number="41">Адамның Ұлы Өз періштелерін жіберіп, Патшалығындағы азғындық пен заңсыздық істегендердің бәрін жинап,</verse>
				<verse number="42">пештегі отқа тастаған кезде, олар зар еңіреп жылап, бармақтарын тістейтін болады.</verse>
				<verse number="43">Ал әділдер болса, Әкелерінің Патшалығында күндей жарқырайтын болады. Осыны құлағы барлар тыңдап алсын!</verse>
				<verse number="44">Көктегі Патшалықты жерге көмілген қазынаға да ұқсатуға болады. Тауып алған адам оны тығып қояды, сол жерді сатып алу үшін, қуанғанынан өзінде бардың бәрін сатып жібереді.</verse>
				<verse number="45">Сонымен қатар, Көктегі Патшалықты аса бағалы інжу -маржан іздеген саудагер адамға да ұқсатуға болады.</verse>
				<verse number="46">Ол аса бағалы інжу-маржанның біреуін тауып алғанда, сол біреудің өзін сатып алу үшін, өзінде бардың бәрін сатып жібереді.</verse>
				<verse number="47">Көктегі Патшалықты әр түрлі балықтар түсетінкөлге тасталған ауға да ұқсатуға болады.</verse>
				<verse number="48">Ау толған кезде, балықшылар оны жағаға шығарады. Олар отыра қалып, ең жақсыларын себетке салады, ал жарамсыздарын лақтырып тастайды.</verse>
				<verse number="49">Заманның ақырында да тура солай болады. Періштелер келіп, зұлымдарды әділдердің арасынан бөліп алып,</verse>
				<verse number="50">пештегі отқа тастайды, сонда олар зар еңіреп жылап, тістене өкінетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="51">Иса шәкірттерінен: -Осының бәрін түсіндіңдер ме? -деп сұрады. Олар: - Иә, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="52">Сонда Иса оларға: -Көктегі Патшалық туралы осылай зерттеп, үйренген әрбір Заң мұғалімі өз қазынасынан жаңасын да, ескісін де шығарып отыратын үй иесіне ұқсайды, - деді.</verse>
				<verse number="53">Иса астарлы әңгімелерін айтып болған соң, сол жерден кетіп қалды.</verse>
				<verse number="54">Өзінің өскен жеріне келгенде, сондағы синагогаларға барып, тәлім бере бастады. Олар: «Оған мұндай даналық пен күш қайдан біткен?» - деп таңғалды.</verse>
				<verse number="55">-Ол ұстаның Ұлы емес пе? Оның анасының аты-Мәриям, бауырлары Жақып, Жүсіп, Шимон және Яһуда емес пе?</verse>
				<verse number="56">Оның қарындастары да біздің арамызда тұрады. Осының бәрі Оған қайдан біткен? - десіп,</verse>
				<verse number="57">Оған сенімсіздік танытты. Иса оларға: -Пайғамбар өз елінен немесе өз үйінен басқа жерде қадірсіз қалмас, -деді.</verse>
				<verse number="58">Адамдардың сенімсіздіктеріне бола, Ол сол жерде көп кереметтер жасаған жоқ.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Сол уақытта аймақтың төртінші бөлігін билеп тұрған Ирод Иса жайында естіп,</verse>
				<verse number="2">өзінің қызметкерлеріне: -Бұл-суға батырып шомылдырушы Жақия, ол өлімнен қайта тірілгендіктен, оның бойында осындай құдіретті күштер әрекет етуде, -деді.</verse>
				<verse number="3">Ирод өзінің бауыры Філіптің әйелі Иродияға бола Жақияны тұтқындап, байлап, зынданға тастаған болатын.</verse>
				<verse number="4">Өйткені Жақия оған: -Саған оны әйелдікке алуға болмайды, - деген еді.</verse>
				<verse number="5">Сол үшін Ирод Жақияны өлтіргісі келді, алайда оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты.</verse>
				<verse number="6">Иродтың туған күнін тойлаған кезде, Иродияның қызы қонақтардың алдында би билеп, оның көңілінен шыққандықтан,</verse>
				<verse number="7">қыз нені қаласа, соны беруге Ирод уәде береді.</verse>
				<verse number="8">Ал қыз шешесінің үйреткені бойынша: -Суға батырып шомылдырушы Жақияның басын табаққа салып, осында, маған, әкеліп беріңіз, - деді.</verse>
				<verse number="9">Патша бұған қатты қапаланды, алайда дастарқан басында жантайып жатқан қонақтарының көзінше уәде бергендіктен, қыздың қалауын орындауға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="10">Сонда оның адамдары абақтыдағы Жақияның басын алып,</verse>
				<verse number="11">табаққа салып, қызға әкелді, қыз оны шешесіне апарып берді.</verse>
				<verse number="12">Жақияның шәкірттері оның өлі денесін алып,жерлеген соң, Исаға келіп, хабар берді.</verse>
				<verse number="13">Иса Жақия туралы естіген соң, өзімен-өзі жеке болу үшін, қайықпен елсіз жерге кетті. Қала төңірегіндегі халық Исаның қайда бет алғанын біліп, оның соңынан жаяу ілесті.</verse>
				<verse number="14">Иса жағаға жеткен кезде көп халықты көріп, оларға жаны ашыды, әлсіз, ауру адамдарды сауықтырды.</verse>
				<verse number="15">Кеш түскенде шәкірттері Исаға келіп: -Бұл жер елсіз дала және кеш те болды, халықты таратып жібер, олар ауылға барып, жейтін тамақтарын сатып алсын, - деді.</verse>
				<verse number="16">Сонда Иса: -Оларға барудың қажеті жоқ, жейтін тамақты сендер беріңдер, - деді.</verse>
				<verse number="17">-Бізде бес нан мен екі балықтан басқа ештеңе жоқ, -деді олар.</verse>
				<verse number="18">- Маған соларды алып келіңдер, - деді Иса.</verse>
				<verse number="19">Ол халыққа көк шөпке жайғасып отыра беруге бұйрық берген соң, бес нан мен екі балықты алып, көзін көкке қадап, тамаққа бата берді. Содан кейін нанды үзіп-үзіп шәкірттеріне берді, шәкірттері халыққа таратты.</verse>
				<verse number="20">Барлығы жеп тойып алды әрі артылып қалғанын жинағанда, он екі себет болды.</verse>
				<verse number="21">Сол жерде болған әйелдер мен балаларды қоспағанда, тамақ жегендердің саны бес мыңдай ер адам еді.</verse>
				<verse number="22">Иса осыдан кейін шәкірттерін дереу қайыққа отыруға бұйырып, оларды Өзінен бұрын келесі жағаға жіберді, Өзі халықты таратып жібергенше сонда қалды.</verse>
				<verse number="23">Халықты таратып жіберген соң, сиыну үшін тауға шықты. Кеш болды, Ол тауда жалғыз Өзі болды.</verse>
				<verse number="24">Қайық жағадан алыстап кеткен болатын. Жел өте қатты болғандықтан, толқындар қайықты ұрғылап, жылжуын қиындатып жіберген еді.</verse>
				<verse number="25">Түннің төртінші күзетінде Ол көлдің бетімен жүріп отырып, шәкірттеріне келді.</verse>
				<verse number="26">Оның көлдің бетімен келе жатқанын көрген шәкірттері қатты сасқалақтап: -Бұл -елес! -деп қорыққандарынан айқай салды.</verse>
				<verse number="27">Сол сәтте Иса: -Бұл -Мен, батыл болыңдар, қорықпаңдар, - деді оларға.</verse>
				<verse number="28">-Ием, егер Бұл Сен болсаң, -деді Петр, -су бетімен Маған кел! - деп бұйыршы.</verse>
				<verse number="29">-Кел! -деді Ол. Петір қайықтан түсіп, су бетімен Исаға қарай жүрді.</verse>
				<verse number="30">Алайда қатты соққан желді көріп, қорқыныштан суға бата бастаған ол айғай салып: -Ием, мені құтқара гөр! -деді.</verse>
				<verse number="31">Иса сол мезетте қолын созып, оны ұстап тұрып: -Неге күмәнданып, сеніміңді азайттың? - деді.</verse>
				<verse number="32">Олар қайыққа мінгенде, жел тына қалды.</verse>
				<verse number="33">Қайықта отырғандар Оған бастарын иіп, тағзым етіп: -Сен, шынында, Құдайдың Ұлысың! - деді.</verse>
				<verse number="34">Олар көлдің келесі бетіне өтіп, Генесәрет жеріне жетті.</verse>
				<verse number="35">Сол жердің тұрғындары Оны танып қойып, төңіректің бәріне хабар жіберіп, барлық ауру-сырқау адамдарын алып келді.</verse>
				<verse number="36">Олар Оның сырт киімінің шетіне қолдарын тигізуге өтініш білдірді. Қолын тигізгендердің барлығы сауығып кетіп жатты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Сол кезде Иерусалимнен фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер келіп Исаға:</verse>
				<verse number="2">-Сенің шәкірттерің неге ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді бұзып жүр? Олар қолдарын жумай нан жейді, -деді.</verse>
				<verse number="3">Иса оларға былай деп жауап берді: -Сендер неліктен өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың өсиетін бұзасыңдар?</verse>
				<verse number="4">Себебі Құдай: «Ата-анаңды құрметте, кім әкесіне немесе анасына тіл тигізгетін болса, сол өлім жазасына кесілсін», -дейді.</verse>
				<verse number="5">Ал сендер әкесі мен анасына біреу: «Саған беруге тиіс көмегімді, сый-құрметімді Құдайға бағыштадым», - десе,</verse>
				<verse number="6">онда сол адам өз ата -анасына көмектесіп, құрметтеуге міндетті емес деп айтасыңдар. Сендер өз дәстүрлеріңе бола Құдай сөзін жарамсыз етіп, жоққа шығарасыңдар.</verse>
				<verse number="7">Әй, екіжүзділер! Ишая пайғамбар сендер жайлы мынадай пайғамбарлық сөзді дұрыс айтқан:</verse>
				<verse number="8">«Бұл халық Мені аузымен ғана құрметтейді, ал жүректері Менен тым алыста.</verse>
				<verse number="9">Маған деген құрметтері бекер, себебі олардың тәлімі адам ойынан шыққан ілімдерді өсиет ретінде ұстануға үйретеді».</verse>
				<verse number="10">Содан кейін Иса адамдарды Өзіне шақырып: -Мынаны тыңдап алыңдар және түсінуге тырысыңдар:</verse>
				<verse number="11">Адамды ауыздан кірген нәрсе арамдамайды, керісінше, ауыздан шыққан нәрсе арамдайды.</verse>
				<verse number="12">Кейінірек шәкірттері Оған келіп: -Осы сөздіестігенде, фарисейлердің қатты ашуланғанын білдіңіз бе? - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса оларға: -Менің Көктегі Әкем екпеген әрбір өсімдік тамырымен жұлынып тасталынатын болады, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="14">Олар тек соқырларды жетелейтін соқыр жетекші болғандықтан, өз жөніне қалдырыңдар. Соқырды соқыр жетелесе, екеуі де орға құлайды, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонда Петір: -Бізге осы астарлы әңгіменің мәнін түсіндіріп беріңізші, - деді.</verse>
				<verse number="16">Иса олардан: -Сендер әлі де түсінбей тұрсыңдар ма? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="17">Ауыздан кірген нәрселердің бәрі асқазан арқылы өтіп, содан кейін сыртқа шығатынын әлі де түсінбейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="18">Ауыздан шығатын нәрселердің бәрі жүректен шығады, адамды арамдайтын солар.</verse>
				<verse number="19">Өйткені зұлым ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, жыныстық азғындыққа салыну, ұрлық жасау, жалған куәлік беру, жала жабу-бәрі жүректен шығады.</verse>
				<verse number="20">Міне, осылар адамды арамдайды. Қол жумай тамақтану адамды арамдамайды, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="21">Иса сол жерден шығып, Тир мен Сидон маңына қарай кетті.</verse>
				<verse number="22">Сонда бір қанахандық әйел айғайлап: -Ием, Дәуіттің Ұлы, маған рақым ете гөр! Менің қызымды жын қатты қысып жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="23">Иса оған бір де бір сөз айтпады. Сонда шәкірттері келіп Одан: -Оның тілегін орындап, жібере салшы, өйткені артымыздан қалмай, айғайлап келе жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="24">Сонда Иса әйелге: -Мен тек Исраилдің үйіндегі жоғалып кеткен қойларына ғана жіберілгенмін, - деді.</verse>
				<verse number="25">Әлгі әйел Оған жақын келіп, басын иіп, тағзым етті де: - Ием, маған көмектесе гөр, - деді.</verse>
				<verse number="26">-Балалардың нанын алып, оны иттерге тастаған дұрыс болмас, - деп жауап берді Иса.</verse>
				<verse number="27">-Иә, Тақсыр, күшіктер де қожайындарының үстелінен түскен қоқымдарды жейді ғой, - деді әлгі әйел.</verse>
				<verse number="28">-Иә, әйел, сенімің зор екен, сенің қалауың болсын, -деді Иса оған. Сол уақытта оның қызы сауығып кетті.</verse>
				<verse number="29">Иса сол жерден шығып, Ғалилея көлін жағалай жүріп, тау басына шығып отырды.</verse>
				<verse number="30">Адамдар өздерімен бірге ақсақтарды, соқырларды, мылқауларды, мүгедектерді және көптеген науқастарды сол жерге алып келіп, Оның аяқ жағына жайғастырды. Иса оларды сауықтырды.</verse>
				<verse number="31">Сонда халық мылқаулардың сөйлегенін, мүгедектердің сауыққанын, ақсақтардың жүргенін, зағиптардың көздері ашылғанын көріп таңғалып, Исраилдің Құдайын мадақтады.</verse>
				<verse number="32">Иса Өзінің шәкірттерін шақырып алып: -Мына халыққа жаным ашып тұр, өйткені олар үш күн бойы Менің қасымнан қалмай жүр және жейтін де ештеңелері жоқ, сондықтан жолда аштықтан әлсіреп қалмаулары үшін, оларды жібергім келмей тұр, - деді.</verse>
				<verse number="33">-Мына айдалада, осы халықтың бәрін тамақтандыратын соншама нан бізде қайдан болсын? -деді шәкірттері Оған.</verse>
				<verse number="34">-Сендерде неше нан бар? -деп сұрады Исаолардан. -Жеті нан мен бірнеше балық қана, -деп жауап берді олар.</verse>
				<verse number="35">Иса халыққа жайғасып отыра беруге бұйрық берген соң,</verse>
				<verse number="36">жеті нан мен балықты алып, алғыс айтты да, үзіп-үзіп шәкірттеріне берді, шәкірттері оларды халыққа таратып берді.</verse>
				<verse number="37">Сөйтіп, бәрі де жеп тойып алды, олардан артылып қалғанын жинап алғанда, жеті себет толды.</verse>
				<verse number="38">Сонымен, нан жегендердің саны сол жердегі әйелдер мен балаларды санамағанда, төрт мың ер адам болды.</verse>
				<verse number="39">Иса содан кейін халықты таратып жіберді де, қайыққа отырып, Мағдала өлкесіне қарай кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Фарисейлер мен саддукейлер Исаны сынау үшін келіп, Одан көктен келген бір белгіні көрсетуін өтінді.</verse>
				<verse number="2">Сонда Иса оларға былай деп жауап берді: -Кешке қарай аспандағы күннің қызарып батқанын көріп:«Ауа райы жақсы болады», - дейсіңдер.</verse>
				<verse number="3">Таң атқан кезде: «Бүгін жаңбыр болады, себебі аспан бұлыңғыр», -дейсіңдер. Сендер аспандағы белгілерді қалай ажырату керек екенін білсеңдер де, уақыттың белгілерін ажырата алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="4">Зұлым және азғын ұрпақ белгі іздейді, оған Жүністің кереметінен басқа белгі берілмейді, -деп оларды қалдырып кетіп қалды.</verse>
				<verse number="5">Көлдің келесі бетіне өткен шәкірттері өздерімен бірге нан алуды ұмытып кеткен болатын.</verse>
				<verse number="6">Сол кезде Иса оларға: -Фарисейлер мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="7">Алайда олар өздерімен бірге нан алмағандарын бір-біріне айтып отырды.</verse>
				<verse number="8">Соны біле қойған Иса оларға: -Әй, сенімі аздар, неге сендер нандарыңның жоқтығын өзара талқыға салып отырсыңдар?</verse>
				<verse number="9">Сендер әлі де мынаны ұқпадыңдар ма? Бес нан бес мың адамға жеткенде, қалғанын жинап алғанда қанша себет болып еді?</verse>
				<verse number="10">Ал жеті нан төрт мың адамға жеткенде, жинап алғандарың қанша себет болған еді?</verse>
				<verse number="11">Мен сендерге нан туралы айтып тұрған жоқпын, соны қалай түсінбейсіңдер? Фарисейлер мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="12">Шәкірттері нанның ашытқысынан емес, фарисейлер мен саддукейлердің тәлімінен сақ болуды айтқанын сонда ғана түсінді.</verse>
				<verse number="13">Иса Філіп-Кесариясы маңына келген соң шәкірттерінен: -Осы жұрт Адамның Ұлын Кім деп жүр? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="14">Олар сонда: -Кейбіреуі суға батырып шомылдырушы Жақия десе, басқалары -Ілияс, ал өзгелері Еремия немесе пайғамбарлардың біреуі деп жүр, - деді.</verse>
				<verse number="15">Иса олардан: -Ал сендер Мені Кім деп айтасыңдар? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="16">Сонда Шимон Петір: -Сен -тірі Құдайдың Ұлы Мәсіхсің! - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="17">Сонда Иса оған: -Жүнісұлы Шимон, сен -бақыттысың, саған мұны адам баласы емес, Менің Көктегі Әкем ашып берді, - деді.</verse>
				<verse number="18">Менің саған айтарым: -Сен Петірсің! (Жартас) Мен Осы жартастың үстіне Өз қауымымды саламын, Оны тозақтың қақпалары да ала алмайтын болады.</verse>
				<verse number="19">Көктегі Патшалықтың кілттерін саған беремін, жерде нені байлайтын болсаң, Көкте де сол байланатын болады, жерде нені шешсең, Көкте сол шешілетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="20">Ол шәкірттеріне Өзінің Мәсіх екендігін ешкімге айтпауға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="21">Сол уақыттан бастап, Иса шәкірттеріне Өзінің Иерусалимге баратыны жайында және сол жерде ақсақалдар мен бас қызметшілердің әрі Таурат заңын зерттеушілердің қолынан көп азап шегіп, өлтіріліп, үшінші күні қайта тірілетіні туралы ашық айта бастады.</verse>
				<verse number="22">Петір Оны жеке шығарып алып, қарсылық білдіріп: -Жаратқан Ие Саған мейірімді бола гөрсін! Сенімен бұлай болмасын, Ием! - деді.</verse>
				<verse number="23">Иса Петірге бұрылып: -Сайтан, Менен ары кет! Сен Мені азғырып тұрсың, Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, - деді.</verse>
				<verse number="24">Иса шәкірттеріне: -Кім менің артымнан ергісі келсе, өз-өзінен бас тартсын және айқышын көтеріп, Менің соңымнан ерсін.</verse>
				<verse number="25">Кім өз жанын сақтағысы келсе, оны жоғалтады, ал кім Маған бола жанын қиса, оны табатын болады.</verse>
				<verse number="26">Егер де адам бүкіл әлемге ие болып, өз жанына зиян келтірсе, оған келетін қандай пайда бар? Немесе адам өз жаны үшін қандай құн төлей алады?</verse>
				<verse number="27">Адамның Ұлы Әкесінің Ұлылығымен және Өзін қоршаған періштелерімен келген кезде, әркімге істегенісіне сай баға береді.</verse>
				<verse number="28">Сендерге шындықты айтамын: -Осы арада тұрғандардың кейбіреулері Өз Патшалығымен келген Адам Ұлын көрмейінше, өлімнің дәмін де татпайтын болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="17">
				<verse number="1">Алты күн өткен соң, Иса Петірді, Жақып пен оның бауыры Жоханды өзімен бірге бір биік таудың басына алып шықты.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде Оның бейнесі олардың көз алдында өзгеріп сала берді, жүзі күндей жарқырап, киімдері нұрланып, аппақ болып кетті.</verse>
				<verse number="3">Міне, оларға Мұса мен Ілияс көрінді де, Исамен сөйлесе бастады.</verse>
				<verse number="4">Петір Исаға: -Ием, біздің осында болғанымыз қандай жақсы болды! Егер қаласаң, осында үш шатыр құрайын, біреуін -Саған, біреуін -Мұсаға, ал біреуін Ілиясқа, -деді.</verse>
				<verse number="5">Ол әлі де солай сөйлеп тұрған кезде, бір ақ бұлт келіп, оларды жапты, сонда бұлт ішінен: -Бұл -Мені ризашылыққа бөлеген сүйікті Ұлым! Оны тыңдаңдар! -деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="6">Мұны естіген шәкірттері қатты қорыққандықтан, етпеттерінен жерге құлай кетті.</verse>
				<verse number="7">Сонда Иса оларға келіп, қолын тигізді де: -Тұрыңдар, қорықпаңдар, - деді.</verse>
				<verse number="8">Олар орындарынан тұрып, көздерін ашқанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.</verse>
				<verse number="9">Таудан түсіп бара жатқан кезде Иса оларға: -Осыкөргендеріңді Адамның Ұлы өлімнен қайта тірілетін уақыт келгенше, ешкімге айтпаңдар, - деп бұйырды.</verse>
				<verse number="10">Сонда шәкірттері Одан: -Таурат заңын зерттеушілер неге алдымен Ілияс келуге тиіс деп жүр? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="11">-Иә, Ілияс алдын ала келіп, барлығын қалпына келтіру керек болған, - деп жауап берді Иса.</verse>
				<verse number="12">Сендерге айтарым: -Ілияс әлдеқашан келіп қойған, бірақ олар Оны танымай, өздері не қаласа, Оған соны істеді. Адамның Ұлы да тура солай олардың қолынан азап шегуге дайын, - деді.</verse>
				<verse number="13">Шәкірттері Исаның суға батырып шомылдырушы Жақия туралы айтқанын сонда ғана түсінді.</verse>
				<verse number="14">Олар жиналып тұрған халыққа келген кезде, бір адам Оған келіп иіліп, тізесін бүгіп:</verse>
				<verse number="15">-Ием, менің ұлыма рақымыңды түсіре гөр! Ол ұстама ауруынан қатты азап шегіп, жиі отқа да, суға да құлайды.</verse>
				<verse number="16">Сенің шәкірттеріңе ұлымды алып келіп едім, олар оны сауықтыра алмады, - деді.</verse>
				<verse number="17">-О, сенбейтін, азғын ұрпақ! Қашанға дейін сендермен бірге болмақпын? Қашанға дейін сендерге шыдамақпын? Маған оны алып келіңдер, - деді Иса.</verse>
				<verse number="18">Иса жынға тыйым салғанда, жын одан шығып кетті, бала сол сәтте-ақ сауықты.</verse>
				<verse number="19">Сонда шәкірттері Исаға оңашада келіп: -Біз не үшін жынды қуып шығара алмадық? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="20">Иса оларға былай деп жауап берді: -Сенімдерің аз болғандықтан және сендерге шындықты айтайын: егер де қышаның дәніндей сенімдерің болса, мына тауға:«Осы жерден ана жерге көш!» -десең, ол көшеді әрі сендерге мүмкін емес еш нәрсе де болмайды.</verse>
				<verse number="21">Олар Ғалилеяда бірге жиналған кезде, Иса былай деді: -Адамның Ұлын ұстап, адамдардың қолына тапсырады.</verse>
				<verse number="22">Олар Оны өлтіреді, үшінші күні Ол қайта тіріледі, -деді. Осы сөзден кейін шәкірттері қатты уайымға салынды.</verse>
				<verse number="23">Олар Қапарнаумға келгенде, ғибадатхана үшін салық жинайтындар Петірге келіп: -Сендердің Ұстаздарың салық төлей ме? - деді.</verse>
				<verse number="24">-Иә, -деді ол. Петір үйге кірген кезде, Иса оның алдынан шығып: -Шимон, сен қалай ойлайсың? Жердегі патшалар алым-салықты кімнен жинайды? Өз ұлдарынан ба, әлде бөтендерден бе? - деді.</verse>
				<verse number="25">-Бөтендерден, -деп жауап берді Петір. Сонда Иса: -Демек, ұлдары салықтан босатылған.</verse>
				<verse number="26">Оларды ренжітіп алмау үшін, теңізге барып қармақ сал. Алғашқы түскен балықтың аузынан төрт драхмаға татитын (статир) тиын табасың. Соны алып, Мен үшін және өзің үшін салықшыларға бер, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="18">
				<verse number="1">Сол уақытта шәкірттері Исаға келіп: -Көктегі Патшалықта ең үлкені кім болады? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="2">Сонда Ол бір баланы шақырып алып, ортаға тұрғызып қойып,</verse>
				<verse number="3">былай деді: -Сендерге шындықты айтамын, егер теріс ойларыңнан қайтып, осы балалар сияқты болмасаңдар, онда Көктегі Патшалыққа кіре алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="4">Кім осы бала сияқты өзін төмен тұтса, сол Көктегі Патшалықта ең үлкені болады.</verse>
				<verse number="5">Егер де кімде -кім осындай бір баланы Менің атымнан қабылдаса, оның Мені де қабылдағаны.</verse>
				<verse number="6">Алайда, Маған сенім артқан осы кішкентайлардың біреуін осы жолдан кім тайдыратын болса, оның мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің түбіне батып кеткені жақсы болар еді.</verse>
				<verse number="7">Адамдарды күнәға әлем азғырса -қасірет. Өйткені осы әлемде азғырылу болмай тұрмайды, бірақ сол азғырылуды тудырған адам қасіретке қалады.</verse>
				<verse number="8">Егер де қолың немесе аяғың сені азғырса, оны шауып алып таста, екі қол немесе екі аяқпен тозақтың мәңгі отына тасталғаныңнан гөрі мүгедек болғаның өзіңе жақсы болады.</verse>
				<verse number="9">Егер сені көзің азғырса, ойып алып таста, сенің екі көзбен тозақ отына тасталғаныңнан гөрі өмірге бір көзбен кіргенің өзіңе жақсы болады.</verse>
				<verse number="10">Осы кішкентайлардың ешқайсысына немқұрайды қараушы болмаңдар, абайлаңдар. Сендерге айтарым: олардың көктегі періштелері әрқашан Көктегі Әкемнің жүзін көріп тұрады.</verse>
				<verse number="11">Себебі Адамның Ұлы адасып кеткендерді құтқару үшін келді.</verse>
				<verse number="12">Сендер қалай ойлайсыңдар? Егер бір адамның жүз қойы болып, солардың біреуі адасып қалып қойса, тоқсан тоғызын сол тауда қалдырып, жоғалған қойын іздеуге шықпай ма?</verse>
				<verse number="13">Сендерге шындықты айтайын: егер де оны тауып алса, қалған тоқсан тоғызынан гөрі табылған қойы үшін көбірек қуанатын болады.</verse>
				<verse number="14">Сол секілді осы кішкентайлардың біреуі құрып кетсе, Көктегі Әкенің еркіне сай болмайды.</verse>
				<verse number="15">Егер бауырың саған қарсы күнә жасаса, оған өзің барып, жеке жерде бетпе-бет сөйлес. Ол айтқаныңа құлақ асса, онда бауырыңды тапқаның.</verse>
				<verse number="16">Ал егер ол тыңдамаса, онда өзіңмен бірге бір немесе екі куәгерді ертіп ал, себебі айтылған әрбір сөз екі -үш куәгермен дәлелденуі тиіс.</verse>
				<verse number="17">Егер оларды да тыңдамаса, онда қауымға айт, ал қауымды да тыңдамаса, онда ол саған өзге ұлттық немесе салықшы сияқты болып қалсын.</verse>
				<verse number="18">Сендерге шындықты айтайын: сендер жерде нені байласаңдар, көкте де сол байланады. жерде нені шешсеңдер, көкте де сол шешіледі.</verse>
				<verse number="19">Сендерге тағы бір шындықты айтайын: егер де жер бетінде екеуің өзара келісіп, нені сұрасаңдар, соны Көктегі Әкем орындайды.</verse>
				<verse number="20">Себебі: «Екі немесе үш адам Менің атымнан жиналса, солардың орталарында Мен боламын», - делінген.</verse>
				<verse number="21">Сонда Петір Исаға жақындап келіп: -Ием, бауырым маған қарсы күнә жасаса, оны қанша рет кешіруім қажет? Жеті ретке дейін бе? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="22">Иса оған: -Тек жеті рет демеймін, жеті қайтара жетпіс ретке дейін, - деді.</verse>
				<verse number="23">Осыған қарап, Көктегі Патшалықтың өзінің қызметкерлерінен есеп алғысы келген патшаға ұқсайтынын білетін боламыз.</verse>
				<verse number="24">Есеп алына бастағанда, оған он мың талант қарызы бар біреуді алып келеді.</verse>
				<verse number="25">Ол қарызын қайтара алмағандықтан, қожайыны оның әйелін, балаларын және барлық мүлкін сатып, оған қарызын өтеуді бұйырады.</verse>
				<verse number="26">Сонда қызметшісі басын ие тізерлеп келіп, оның алдына жығылып: «Маған шыдамдылық таныта көріңіз, сізге бәрін толық қайтарамын», - дейді.</verse>
				<verse number="27">Сонда қызметшісіне жаны ашыған қожайыны оны босатып, қарызын да кешіреді.</verse>
				<verse number="28">Ал босап шыққан қызметші өзіне жүз динарий қарызы бар әріптесін іздеп тауып алып, бас салып қылғындырып: «Қарыздың бәрін қайтар!» - дейді.</verse>
				<verse number="29">Сонда әлгі әріптесі оның аяғына жығылып: «Маған шыдамдылық таныта көрші, мен саған қайтарып беремін», -дейді.</verse>
				<verse number="30">Ол күткісі келмей, қарызын толық қайтарғанша, оны абақтыға жапқызып тастайды.</verse>
				<verse number="31">Осы болған оқиғаны көрген оның әріптестері қатты қамығып, болғанның бәрін әлгі патшаға жеткізеді.</verse>
				<verse number="32">Сонда оны қожайыны шақырып алып: «Ей, жауыз қызметкер, сен жалынып сұраған соң, мен сенің қарыздарыңның бәрін кешірдім.</verse>
				<verse number="33">Менің саған рақымды болғанымдай, сен де өз әріптесіңе дәл солай рақымды болуың керек еді ғой», - деді.</verse>
				<verse number="34">Ашуланған қожайын одан барлық қарызын өндіріп алу үшін, оны жазалаушыларға тапсырады.</verse>
				<verse number="35">Сонымен, өз бауырын шын жүрекпен кешіре алмайтын әркімге Менің Көктегі Әкем де осыны сендерге істейтін болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="19">
				<verse number="1">Иса осы сөздерін аяқтаған соң, Ғалилеяны тастап, Иорданның арғы бетіндегі Яһудея аймағына келді.</verse>
				<verse number="2">Оның соңынан көптеген халық еріп жүрді, Ол сол жақта да оларды сауықтырды.</verse>
				<verse number="3">Исаны сынамақ болған фарисейлер: -Ер адамға әр түрлі себептермен әйелінен ажырасуына бола ма деп? - сұрады.</verse>
				<verse number="4">Иса олардан былай деп сұрады: -Жаратушы ең басында олардың бірін еркек, бірін әйел етіп жаратқанын оқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="5">«Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сонда екеуі бір дене болады.</verse>
				<verse number="6">Енді олар екеу емес, біртұтас бір дене, сондықтан Құдай қосқанды адам ажыратпасын», - деді.</verse>
				<verse number="7">Сонда олар Исаға: -Олай болса, Мұса неге ажырасу хатын беріп, әйелін жіберуге рұқсат берген? - деді.</verse>
				<verse number="8">-Өйткені сендердің жүректеріңнің қаттылығына бола, Мұса әйелдеріңмен ажырасуға рұқсат берген, бірақ әуел баста олай болмаған, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="9">Сендерге айтарым: -Кімде -кім әйелінен тек неке адалдығын бұзғаны үшін емес, басқа бір себеппен ажырасып, басқа бір әйелге үйленетін болса, онда ол жыныстық азғындық жасайды, - деді.</verse>
				<verse number="10">Сонда шәкірттері: -Егер ер адамның әйелге қатысты міндеті осындай болса, онда үйленгеннен еш пайда жоқ қой, - десті.</verse>
				<verse number="11">Иса оларға былай деп жауап берді: -Бұл сөзді әркім осы күйінде қабылдай бермейді, тек кімге арналған болса, солар ғана қабылдайды.</verse>
				<verse number="12">Біреулер анасының құрсағынан некеге жарамсыз болып туылса, біреулерді адамдар солай істейді, ал үшінші біреулері Көктегі Патшалыққа бола некеден бас тартады. Бұл кімге қалай берілген болса, солайәрекет етсін.</verse>
				<verse number="13">Сол кезде Исаға қол қойып, мінажат еткізу үшін балаларды алып келіп жатты. Оларға шәкірттері тыйым салды.</verse>
				<verse number="14">Сонда Иса оларға: -Балаларды Маған жіберіңдер, олардың Маған келуіне кедергі жасамаңдар, өйткені Көктегі Патшалық осындайларға арналған, - деді.</verse>
				<verse number="15">Иса оларға қолын қойған соң, сол жерден кетіп қалды.</verse>
				<verse number="16">Бір адам Оған жақындап келіп: -Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай жақсылық істеуім керек? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="17">Иса оған: -Менен жақсылық туралы неге сұрап тұрсың? Тек бір ғана жақсылық бар, егер де мәңгілік өмірге ие болғың келсе, берілген өсиеттерді орында, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="18">Сол адам: -Қандай өсиеттерді? -деп сұрады. Иса оған: «Кісі өлтірме, неке адалдығын бұзба, ұрлама, жалған куәлік айтпа,</verse>
				<verse number="19">ата-анаңды құрметте және өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй», - деді.</verse>
				<verse number="20">-Осылардың бәрін жастайымнан орындап келемін, -деді жас жігіт, -сонда маған тағы не жетіспейді? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="21">Иса оған: -Егер де кемелді болуды қаласаң, онда барып дүние -мүлкіңді сат та, кедейлерге үлестіріп бер, сонда қазынаң көкте болады. Өзің Менің соңымнан ер, -деді.</verse>
				<verse number="22">Осы сөзді естіген әлгі жас жігіттің еңсесі түсіп, кетіп қалды, себебі оның байлығы өте мол еді.</verse>
				<verse number="23">Сонда Иса шәкірттеріне: -Сендерге шындығынайтайын: бай адамның Көктегі Патшалыққа кіруі өте қиын.</verse>
				<verse number="24">Тағы да айтарым: -Бай адамның Құдай Патшалығына кіруінен гөрі, иненің көзінен түйенің өткені оңайырақ болады, - деді.</verse>
				<verse number="25">Мұны естіген шәкірттері қатты қамығып: -Сонда кім құтқарылатын болады? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="26">Иса оларға қарап, былай деді: -Адамға бұл мүмкін емес болғанмен, алайда Құдайға бәрі де мүмкін.</verse>
				<verse number="27">Петр Исаға: -Міне, біз бәрін қалдырып, тек Сенің артыңнан еріп жүрміз. Бізге бір нәрсе бола ма? - деді.</verse>
				<verse number="28">Бұған Иса былай деп жауап берді: -Сендерге шындықты айтамын: Менің соңымнан еріп жүрген сендер жаңа дәуір туып, Адамның Ұлы Өз даңқына сай тағына отырған кезде, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына сот жүргізетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="29">Ал Менің атыма бола өз үйін немесе бауырын, немесе әпкесін, немесе әкесін, немесе шешесін, немесе балаларын, немесе жерін тастап кеткен әркімге, солар жүз еседен беріледі және мәңгілік өмірге ие болады.</verse>
				<verse number="30">Сол кезде осы дүниеде жоғарыда болғандардың көбі соңғысы, ал соңғы болғандары алғашқылары болып қалады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="20">
				<verse number="1">Көктегі Патшалық өзінің жүзім бағына жұмысшылар жалдау үшін таңертең ерте үйден шыққан адамға ұқсайды.</verse>
				<verse number="2">Ол жұмысшылармен күніне бір динарий төлеуге келіседі де, оларды жүзім бағына жібереді.</verse>
				<verse number="3">Одан кейін ол сағат үштерде тағы да сыртқа шыққанда, сауда алаңында тұрған басқа жұмыссыз жүргендерді көріп:</verse>
				<verse number="4">«Сендер де Менің жүзім бағыма барыңдар, еңбектеріңді әділ төлеймін», - дейді оларға.</verse>
				<verse number="5">Олар да жүзім бағына кетеді. Жүзім бағының иесі сағат алты мен тоғыз шамаларында сыртқа шығып, тағы да солай істейді.</verse>
				<verse number="6">Сағат он бір шамаларында да сыртқа шығып, басқа да жұмыссыз тұрғандарды тауып алып, оларға: «Неге күні бойы жұмыссыз тұрсыңдар?» - дейді.</verse>
				<verse number="7">Олар: «Бізді ешкім жалдаған жоқ», -деп жауап береді. «Онда сендер де менің жүзім бағыма барыңдар», - дейді.</verse>
				<verse number="8">Кеш батқан кезде жүзім бағының иесі өзінің іс жүргізушісіне: «Жұмысшыларды шақырып, олардың соңғыларынан бастап, алғашқы келгендеріне дейін, еңбекақыларын бер», - дейді.</verse>
				<verse number="9">Сонда сағат он бірлер шамасында келгендер бір динариден алады.</verse>
				<verse number="10">Ал бірінші болып келгендер одан көбірек аламыз деген ойда болды, бірақ олар да бір динариден артық алмады.</verse>
				<verse number="11">Олар солай еңбекақыларын алып алған соң, үй иесіне күңкілдей бастады:</verse>
				<verse number="12">«Ең соңында келген мыналар бір сағат жұмыс істеді, күннің ауыртпалығы мен оның ыстығына төзген бізді олармен теңестіріп қойдың», - деді.</verse>
				<verse number="13">Ол жұмысшылардың біреуіне: «Достым, мен сені ренжіткен жоқпын! Менімен бір динарийге келіспеп пе едің?</verse>
				<verse number="14">Өз еңбекақыңды ал да, бара бер! Саған төлегенді соңғы келгендерге де бергім келіп тұр.</verse>
				<verse number="15">Менің өз мүлкімді қалауыма сай жұмасауыма болмай ма? Немесе Менің жасаған жақсылығым сенің қызғанышыңды оятты ма?»</verse>
				<verse number="16">Сонымен, соңғылары осылай алғашқы, ал алғашқы болғандар соңғылары болады, - деді.</verse>
				<verse number="17">Иерусалимге өрлеп бара жатқан жолда Иса он екі шәкіртін бөлек алып шығып, оларға мынаны айтты:</verse>
				<verse number="18">-Міне, Иерусалимге өрлеп барамыз, онда бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілеріне Адамның Ұлын ұстап береді. Олар Оны соттап, өлімге кесіп,</verse>
				<verse number="19">қорлап, ұрып-соғып, айқышқа керіп шегелеу үшін, өзге ұлттың өкілдеріне тапсырады. Үшінші күні Ол қайта тірілетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="20">Сол кезде Зебедейдің ұлдарының анасы Одан бір нәрсе сұрау үшін, ұлдарымен бірге келіп, құрметпен басын иіп, тағзым етті.</verse>
				<verse number="21">Сонда Иса одан: -Не қалайсың? -деп сұрады. -Сенің Патшалығыңда менің мына екі ұлымның бірі оң жағыңа, бірі сол жағыңа отырады деп айтшы, - деді ол.</verse>
				<verse number="22">-Не сұрап тұрғандарыңды білмейсіңдер, -деді Иса. Маған ішуге дайындалған тостағаннан іше аласыңдар ма? -деп сұрады. Олар: - Ішеміз, - деді.</verse>
				<verse number="23">-Әрине, Менің тостағанымнан ішесіңдер, ал Менің оң жағыма немесе сол жағыма Мен белгілегендер емес, керісінше, Менің Әкем дайындағандар отырады, - деді.</verse>
				<verse number="24">Мұны естіп тұрған қалған он шәкірті, әлгі ағайынды екеуіне ашуланды.</verse>
				<verse number="25">Иса оларды шақырып алып: -Жер бетіндегі өзге ұлттың басшылары халыққа үстемдік етеді, күштілері өз биліктерін жүргізеді.</verse>
				<verse number="26">Сендер солай істемеңдер. Керісінше, кім билік жүргізгісі келсе, сол сендерге қызметші сияқты,</verse>
				<verse number="27">ал кім бірінші боламын десе, сол сендерге құл іспетті қызмет етсін.</verse>
				<verse number="28">Адамның Ұлы да Өзіне қызмет еткізу үшін емес, Өзі басқаларға қызмет етіп, адамзатты құтқару үшін, құн төлеп, Өз өмірін беруге келді, - деді.</verse>
				<verse number="29">Олар Иерихоннан шыққанда, көптеген халық Оның соңынан ілесті.</verse>
				<verse number="30">Жол бойында екі зағип адам отырған еді, олар Исаның өтіп бата жатқанын естіп: -Ием, Дәуіттің Ұлы, бізге рақым ете гөр! - деп айқай салды.</verse>
				<verse number="31">Адамдар оларға: -Айғайламаңдар! -деп тыйым салды. Олар бәрібір: -Ием, Дәуіттің Ұлы, бізге рақым ете гөр! -деп одан бетер айғайлады.</verse>
				<verse number="32">Сол кезде Иса тоқтап, оларды шақырып алып:-Менің сендерге не істегенімді қалайсыңдар? - деді.</verse>
				<verse number="33">-Ием, көзіміздің ашылғанын қалаймыз! - деді олар.</verse>
				<verse number="34">Оларға жаны ашыған Иса көздеріне қолын тигізді, сол сәтте олардың көздері ашылып, көретін болды. Олар да Исаның соңынан ерді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="21">
				<verse number="1">Олар Иерусалимге жақындап, Зәйтүн тауында орналасқан Бетфаге жеріне келгенде, Иса екі шәкіртіне тапсырма берді:</verse>
				<verse number="2">-Қарсы алдарыңда тұрған ауылға барыңдар, солжерде байлаулы тұрған есекті және оның тайқарын көресіңдер, оларды шешіп, Маған алып келіңдер.</verse>
				<verse number="3">Егер де біреу сендерден бір нәрсе сұрап жатса: -Иемізге қажет, - деп айтыңдар, олар сол сәтте-ақ жібере салады.</verse>
				<verse number="4">Осылайша, пайғамбар айтқан мына сөз орындалады:</verse>
				<verse number="5">«Сионның қызына айтыңдар, міне, сенің кішіпейіл Патшаң тайқарын ерткен есекке мініп, саған келе жатыр».</verse>
				<verse number="6">Шәкірттері бәрін дәл Исаның тапсырғанындай істеді.</verse>
				<verse number="7">Олар есекті тайқарымен бірге алып келді де, үстіне сырт киімдерін жапты, Иса олардың киімдері жабылған есекке мінді.</verse>
				<verse number="8">Жиналған халықтың көпшілігі киімдерін жолға төседі, ал басқалары ағаштың көктеген бұтақтарын кесіп алып, жолға төседі.</verse>
				<verse number="9">Исаның алдынан, артынан еріп келе жатқан халық дауыстап: -Дәуіттің Ұлына Осанна! Иеміздің атымен Жарылқанған келе жатыр! Заңғар Көкке Осанна! -деп айқайлады.</verse>
				<verse number="10">Иса Иерусалимге келіп кіргенде, бүкіл қала толқып: -Бұл Кім Өзі? - десті.</verse>
				<verse number="11">Сонда барша халық: -Бұл -Ғалилеядағы Назареттен шыққан Иса пайғамбар! - деді.</verse>
				<verse number="12">Иса ғибадатханаға кірді, ол жердегі бүкіл сатушылар мен сатып алушыларды ғибадатханадан қуып шықты. Ақша айырбастаушылардың үстелдерін және кептерді сатушылардың орындықтарын аударып тастап, оларға:</verse>
				<verse number="13">-Киелі жазбада: «Менің үйім мінажат ететін үй болады», -деп жазылған. Ал сендер оны қарақшыларордасына айналдырғансыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="14">Иса ғибадатханада болған кезде, зағиптар мен ақсақтар Оның қасына келді, Ол бәрін сауықтырды.</verse>
				<verse number="15">Оның жасаған кереметтерін көрген және ғибадатханада балалардың: -Дәуіттің Ұлына Осанна! -деп айтқанын естіген яһудей дінінің бас қызметкерлері мен Таурат заңын зерттеушілер бұған ашуланды.</verse>
				<verse number="16">Сонда олар Исаға былай деді: -Мыналардың не деп айтқанын естіп тұрсың ба? -Иә, -деді Иса. «Сәбилер мен емшектегі нәрестелер ауыздарымен Сені мадақтайтын болады», - деп жазылғанын ешқашан оқымадыңдар ма?</verse>
				<verse number="17">Иса оларды қалдырды да, қаладан шығып, Бетанияға барды, сонда түнеді.</verse>
				<verse number="18">Таңертең ерте қалаға қайтып келе жатып, қарны ашқанын сезеді.</verse>
				<verse number="19">Жол бойында тұрған жалғыз інжір ағашын көріп, жақындап барды, тек жапырағынан басқа еш нәрсе таппаған соң: «Енді бұдан былай ешқашан сенің жемісің болмасын!» -деді. Әлгі інжір ағашы сол сәтте солып қалды.</verse>
				<verse number="20">Мұны көрген шәкірттері: -Мына інжір ағашы қалайша бірден солып қалды? - деп таңғалысты.</verse>
				<verse number="21">Иса оларға былай деп жауап береді: -Сендерге шындықты айтайын: егер де еш күмәнданбай сенетін болсаңдар, тек інжір ағашына ғана емес, мына тауға да: «Көтеріліп, теңізге тастал!» десеңдер, сол орындалады.</verse>
				<verse number="22">және сеніммен мінажат етіп, не сұрасаңдар, соны аласыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="23">Бірде Иса ғибадатханада тәлім беріп тұрғанда,бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар келіп Оған: -Осыны қандай билікпен істеп жүрсің? Осы билікті Саған кім берді? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="24">Иса оларға: -Мен де сендерден бір нәрсе сұрайын, егер де соған жауап берсеңдер, Мен де сендерге осыларды қандай билікпен істеп жүргенімді айтамын.</verse>
				<verse number="25">-Жақияның батырып суға шомылдыруы қайдан келді? Көктен бе, әлде адамдардан ба? -деді. Олар өзара талқылай бастады: -Егер: «Көктен», -деп айтсақ, онда: «Оған неге сенбедіңдер?» - деп айтады.</verse>
				<verse number="26">Ал егер де: «Адамдардан», -деп айтайық десек, мына халықтан қорқып тұрмыз, өйткені олар Жақияны пайғамбар деп санайды.</verse>
				<verse number="27">Сондықтан олар Исаға: -Білмейміз, -деп жауап берді. Сонда Иса да оларға: -Онда Мен де сендерге осыны қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, - деді.</verse>
				<verse number="28">-Сендер мынаған не айтар едіңдер? Бір адамның екі баласы болыпты. Біреуіне келіп: -Балам, бүгін жүзім бағына барып жұмыс істеп келші, - дейді.</verse>
				<verse number="29">Басында ол: «Бармаймын», -дейді де, кейінірек ойланып, жүзім бағына барады.</verse>
				<verse number="30">Әкесі екінші ұлына да келіп, осыны айтады. Ол: «Иә, мырза, барамын», - дегенмен, бармайды.</verse>
				<verse number="31">Осы екеуінің қайсысы әкесінің еркін орындады? -деп сұрады. Олар: -Біріншісі, -деп жауап берді. Сол кезде Иса оларға: -Сендерге шындықты айтамын: Құдай Патшалығына сендерден бұрын салық жинаушылар мен жезөкшелер кіретін болады.</verse>
				<verse number="32">Өйткені Жақия сендерге әділетті жолмен келді, сендер оған сенбедіңдер, ал салықшылар менжезөкшелер сенді. Сендер оны көріп тұрсаңдар да, тәубеге келмедіңдер, сенбедіңдер.</verse>
				<verse number="33">Тағы да бір астарлы әңгімені тыңдаңдар. Бір жер иесі жүзім отырғызып, оны айналдыра қоршайды, шырынды сүзетін шұңқыр қазып, мұнара тұрғызады. Бәрін жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі алыс бір елге кетіп қалады.</verse>
				<verse number="34">Жеміс беретін мезгіл таяғанда, өз үлесін алу үшін, жүзімшілерге өз қызметшілерін жібереді.</verse>
				<verse number="35">Алайда жүзімшілер оның қызметшілерін ұстап алып, бірін ұрып, бірін өлтіріп, басқаларын таспен атқылайды.</verse>
				<verse number="36">Жер иесі алдыңғыдан да көбірек басқа қызметшілерін жібереді, жүзімшілер оларға да соны істейді.</verse>
				<verse number="37">Ақырында: «Менің ұлымнан ұялатын шығар», -деп, оларға өз ұлын жібереді.</verse>
				<verse number="38">Жер иесінің ұлын көрген жүзімшілер: «Бұл мұрагер ғой! Жүріңдер, оны өлтіріп, мұрасына ие болайық!» -деп шешім қабылдайды.</verse>
				<verse number="39">Оны ұстап алып, жүзімдіктің сыртына алып шығады да, өлтіріп тастайды.</verse>
				<verse number="40">-Сонымен, жүзім бағының иесі келгенде, сол жүзімшілерге не істейді? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="41">- Зұлымдарды жауыз әрекеттеріне бола көздерін жояды да, жүзім бағын жемісін уақытымен беретін басқа жүзімшілерге жалға береді, - деп жауап берді олар.</verse>
				<verse number="42">Сонда Иса былай деді: -Сенде р жазбадан:«Құрылысшылар жарамсыз деп санаған Тас енді басты Іргетасқа айналды. Бұл -Құдайдың ісі! Осыны көрудің өзі ғажап!» -деп жазылғанын ешқашаноқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="43">Сондықтан да Құдай Патшалығы сендерден тартып алынады да, жеміс беретін басқа халықтарға берілетінін осы мысалдар арқылы айтып жатырмын.</verse>
				<verse number="44">Кім Сол Тасқа құласа, күл-талқаны шығады, ал Сол Тас кімге құласа, соны басып қалады, - деді.</verse>
				<verse number="45">Осы астарлы әңгімені тыңдап тұрған бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер Исаның өздері жайында айтып тұрғанын түсінді,</verse>
				<verse number="46">Сол себепті олар Оны ұстап алғысы келді, бірақ Оны пайғамбар деп есептейтін халықтан қорықты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="22">
				<verse number="1">Иса тағы да астарлы әңгімелерді қолданып, былай деді:</verse>
				<verse number="2">-Көктегі Патшалық өз ұлына салтанатты түрде үйлену тойын өткізуге дайындалған бір патшаның іс-әрекетіне ұқсас.</verse>
				<verse number="3">Ол қызметшілерін тойға шақырылғандарды шақыру үшін жібереді, бірақ олардың келгісі келмейді.</verse>
				<verse number="4">Сонда ол тағы да басқа қызметшілерін жұмсап: «Шақырылғандарға салтанатты тойдың асы дайын, өгіздер мен бордақыланған малдар сойылып, бәрі дайын тұр, тек салтанатты тойға келсін деп айтыңдар», - дейді.</verse>
				<verse number="5">Шақырылғандар болса, бұған еш мән бермей, бірі өзінің жеке меншік жеріне, бірі өзінің саудасына кетіп қалады.</verse>
				<verse number="6">Басқалары, тіпті, патшаның жіберген қызметшілерін ұстап алып, қорлап, өлтіріп тастайды.</verse>
				<verse number="7">Бұған қатты ашуланған патша өз әскерін жіберіп, әлгі кісі өлтірушілердің көзін жойып, олардың қалаларын өртеп жібереді.</verse>
				<verse number="8">Содан кейін өз қызметшілеріне: «Салтанатты үйлену тойы дайын болғанмен, оған шақырылғандар соған лайықты болмай шықты.</verse>
				<verse number="9">Енді жол торабына барып, кімді кездестірсеңдер солардың бәрін салтанатты үйлену тойына шақырыңдар», -дейді.</verse>
				<verse number="10">Қызметшілер жолға шығып, кездескен адамдардың зұлымын да, мейірімдісін де жинағанда, салтанатты той болатын орын дастарқан басына жайғасқан қонақтарға лық толды.</verse>
				<verse number="11">Жайғасқан қонақтарды көруге кірген патша салтанатты үйлену тойына лайықсыз киім киген бір адамды байқап қалып:</verse>
				<verse number="12">«Достым, -деді патша, -салтанатты үйлену тойына лайықты киім кимей, мұнда қалай кірдің?» -дейді. Ол ештеңе дей алмады.</verse>
				<verse number="13">Сонда патша қызметшілеріне: «Оның аяқ-қолын байлап, сырттағы қара түнекке лақтырыңдар, сол жерде зар еңіреп жылап, бармағын тістейтін болады».</verse>
				<verse number="14">Шақырылғандар көп, бірақ таңдалғандар аз, -деді Иса.</verse>
				<verse number="15">Осыдан кейін фарисейлер Исаны қалай да сөзінен ұстау жайында ақылдасты.</verse>
				<verse number="16">Олар өз шәкірттерін билеуші Иродтың жақтастарымен бірге Исаға жібереді. -Ұстаз, Сен -әділеттісің және Құдай жолын шындықпен үйретесің. Біреуге жағымпаздануды білмейсің әрі ешкімді алаламайсың.</verse>
				<verse number="17">Енді бізге мынаны айтшы: -Рим патшасына салық төлеуге бола ма, жоқ па? Сен қалай ойлайсың? - деді.</verse>
				<verse number="18">Олардың арам ойларын біле қойған Иса: -Әй, екіжүзділер! Сендер Мені сөзімнен ұстағыларың келіп тұр ма?</verse>
				<verse number="19">Маған салық төлейтін тиынды көрсетіңдерші, -деді. Олар Оған бір динарий алып келді.</verse>
				<verse number="20">Иса олардан: -Мұнда кім бейнеленген және кімнің аты жазылған? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="21">-Патшанікі, -деп жауап берді олар. -Онда патшаға тиесіліні патшаға, ал Құдайға тиесіліні Құдайға беріңдер, -деді Иса.</verse>
				<verse number="22">Бұл жауап оларды ойландырып тастады, дереу Исаны тастап, кетіп қалды.</verse>
				<verse number="23">Өлгендермен ешқашан қайта тірілу болмайтынын айтып жүрген саддукейлер сол күні Исаға келеді.</verse>
				<verse number="24">-Ұстаз, егер де біреу артына ұрпақ қалдырмай қайтыс болып кетсе, ұрпағын жалғастыру үшін оның әйеліне бауыры үйленуін Мұса айтып кеткен екен, - деді олар.</verse>
				<verse number="25">Бірде ағайынды жеті жігіт болыпты, біріншісі үйленіп, ұрпақ көрмей жатып қайтыс болып кетті, ол әйелін бауырына қалдырды.</verse>
				<verse number="26">Осылай екіншісімен де, үшіншісімен де, барлық жеті ағайындылармен де тура солай болды.</verse>
				<verse number="27">Бәрінің соңында әлгі әйел де қайтыс болады.</verse>
				<verse number="28">Сонымен, қайта тірілген кезде, сол әйел осы жетеуінің қайсысына әйел болады? Өйткені бәрі оның күйеуі болды ғой, - деді.</verse>
				<verse number="29">Иса оларға былай деп жауап берді: -Не Киеліжазбаны, не Құдайдың күшін білмегендіктен, адасып жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="30">Себебі адамдар қайта тірілген кезде не үйленбейді, не күйеуге де шықпайды, тек көктегі періштелер сияқты болады.</verse>
				<verse number="31">Сендер өлгендердің қайта тірілуіне байланысты Құдайдың былай деп айтқанын оқымадыңдар ма?</verse>
				<verse number="32">«Мен-Ыбырайымның Құдайымын, Ысқақтың Құдайымын, Жақыптың Құдайымын», -деген. Ол -өлілердің емес, тірілердің Құдайы.</verse>
				<verse number="33">Мұны тыңдап тұрған халық Оның тәліміне қайран қалды.</verse>
				<verse number="34">Саддукейлердің аузын ашырмағанын естіген фарисейлер енді бірігіп келіп, Оның қасына жиналды.</verse>
				<verse number="35">Бір Заң мұғалімі Оны тағы сынамақ болып:</verse>
				<verse number="36">-Ұстаз, Заңның қай өсиеті ең маңызды? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="37">Иса оған: -«Құдай Иеңді шын жүрегіңмен, бүкіл жан -дүниеңмен және бар ақыл -ойыңмен сүй!» -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="38">- Бұл-ең бірінші және ең маңызды өсиет.</verse>
				<verse number="39">Екіншісі де осыған ұқсас: «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй!»</verse>
				<verse number="40">Бүкіл Таурат заңы мен пайғамбарлар ілімі осы екі өсиетке негізделіп тұр, - деді.</verse>
				<verse number="41">Иса сол жиналған фарисейлерден:</verse>
				<verse number="42">-Мәсіх туралы не ойлайсыңдар? Ол кімнің Ұлы? -деп сұрады. Олар: - Дәуіттің Ұлы, - деді.</verse>
				<verse number="43">Сонда Иса оларға: Ендеше, Рухқа кенелген Дәуітнеге Оны «Ием» деп атаған?</verse>
				<verse number="44">«Жаратқан Ием Менің Иеме: -Сенің жауларыңды табаныңның астына салып бергенімше, оң жағымда отыр», -деп не себептен айтқан?</verse>
				<verse number="45">Егер де Дәуіт Оны «Ием» деп атаса, қалайша оған ұлы ғана болады? - деді.</verse>
				<verse number="46">Оған ешкім бір сөз айтып, жауап бере алмады, сол күннен бастап, сұрақ қоюға да батылдары бармады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="23">
				<verse number="1">Иса сол кезде халыққа және Өз шәкірттеріне былай деді:</verse>
				<verse number="2">Мұсаның орнын Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер басты.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан сендер олар не айтса, бәрін істеңдер және орындаңдар, алайда олардың істерін істемеңдер, өйткені олар айтқандарын өздері де істемейді.</verse>
				<verse number="4">Олар шамадан тыс ауыр жүкті адамдардың мойындарына байлап, артып қояды, ал өздері сол жүкті сәл-пәл орнынан жылжыту үшін, саусақтарының ұшын да тигізгісі келмейді.</verse>
				<verse number="5">Олар әрбір істерін тек адамдарға көрсету үшін істейді: маңдайындағы Таураттан үзінділер жазылған қобдишаны үлкейтіп, киімдерінің етегіндегі шашақтарын ұзартады.</verse>
				<verse number="6">Құрметті орындарда отырып ас ішіп, синагогаларға барып, ең алдыңғы қатардағы орынға жайғасып,</verse>
				<verse number="7">сауда орындарында адамдардың өздеріне сәлем беріп,«ұстаз» деп айтқандарын жақсы көреді.</verse>
				<verse number="8">Сендерді ешкім «ұстаз» деп атамасын, өйткенісендердің Ұстаздарың біреу, Ол-Мәсіх, сендер бір-біріңе бауыр боласыңдар.</verse>
				<verse number="9">Ешкімді жер бетінде «әке» деп атамаңдар, өйткені сендердің Әкелерің біреу-ақ, Ол-Көкте.</verse>
				<verse number="10">Бір-біріңді тәлімгер деп те атамаңдар, сендердің бір ғана Тәлімгерлерің бар, Ол-Мәсіх.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, ең үлкендерің сендерге қызмет ететін болсын,</verse>
				<verse number="12">өйткені кім өзін -өзі жоғарылатса, сол төмендетіледі, кім өзін төмен ұстаса, сол жоғарылатылады.</verse>
				<verse number="13">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, себебі сендер адамдардың алдынан Көктегі Патшалыққа кіретін жолды жауып тастайсыңдар, Оған не өздерің кірмейсіңдер, кіргісі келгендерді де жібермейсіңдер.</verse>
				<verse number="14">Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер, екіжүзділер, қасіретке қаласыңдар. Жесірлердің асын ішіп -жеп, екіжүзділікпен ұзақ мінажат етесіңдер, сол үшін де жазаларыңның көбі қатаң болады.</verse>
				<verse number="15">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, себебі сендер өзге ұлттық біреуді өз тәлімдеріңе (Мұсаның заңына) үйрету үшін, теңіз бен құрлықты кезіп, орындалған кезде сол адамды өздеріңнен бетер тозаққа лайықты етесіңдер.</verse>
				<verse number="16">Соқыр жетекшілер, қасіретке қаласыңдар, сендер:«Кім осы ғибадатхананың атымен ант етсе, ештеңе емес, ал ғибадатханадағы алтынмен ант етсе, сол-парыз», -дейсіңдер.</verse>
				<verse number="17">Ақылсыздар мен соқырлар, сонымен, қайсысы маңыздырақ, алтын ба әлде сол алтын бағышталғанғибадатхана ма?</verse>
				<verse number="18">Сондай-ақ: «Кім құрбандық үстелімен ант етсе, ештеңе емес, ал оның үстінде жатқан сый-тартумен ант берсе, сол -парыз», - дейсіңдер.</verse>
				<verse number="19">Соқырлар, сонымен, не маңызды? Сый-тарту ма әлде оны бағыштайтын құрбандық үстелі ме?</verse>
				<verse number="20">Сонымен, құрбандық үстелімен ант берген сол үстелмен де және оның үстінде жатқан барлық нәрсемен де ант береді,</verse>
				<verse number="21">ғибадатханамен ант еткен сонда тұратын Жаратушы Иемен де ант етеді,</verse>
				<verse number="22">Көкпен ант еткен, сондағы Құдайдың тағымен де және Оның үстінде отырған Құдайдың Өзімен де ант етеді.</verse>
				<verse number="23">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені жалбыз, аскөк, зире (сияқты дәмдеуіштерді) ондыққа беріп, ал Заңның негізі болып саналатын әділеттілік пен мейірімділікті, сенімді орындап, басқасын да қалдырмау керек еді.</verse>
				<verse number="24">Масаны сүзіп тастап, ал түйені түгімен жұтып қоятын соқыр жетекшілер,</verse>
				<verse number="25">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені тостаған мен ыдыстарыңның тек сыртын ғана тазартасыңдар, ал іші ашкөздік пен қанағатсыздыққа толып тұр.</verse>
				<verse number="26">Соқыр фарисей, алдымен, тостағанның ішін тазарт, содан кейін сырты да тазарады.</verse>
				<verse number="27">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені сендер сыртын әктеп қойған қабірге ұқсайсыңдар, олар сыртынан әдемі көрінгенімен, іші өліктің сүйектерімен әр түрлі арамдыққа толы.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан да сендер сырттарыңнан әділетті болып көрінгендеріңмен, іштерің екіжүзділік пен заңсыздыққа толып тұр.</verse>
				<verse number="29">Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені пайғамбарларға мазар салып әрі әділдердің ескерткіштерін әшекейлейсіңдер.</verse>
				<verse number="30">Сөйтіп: «Егер де біздің ата-бабаларымыз пайғамбарлардың қанын төккен кездерде олармен бірге болсақ, оған біздің қатысымыз болмас еді», - дейсіңдер.</verse>
				<verse number="31">Осылайша өздеріңнің пайғамбарларды өлтірушілердің ұрпақтары екендеріңе өздерің куәлік беріп,</verse>
				<verse number="32">ата-бабаларыңа берілген өлшемді толықтырып жатырсыңдар.</verse>
				<verse number="33">Улы жыланнан туған ұрпақтар, тозақ отының сотынан қайтіп қашып құтылмақсыңдар?</verse>
				<verse number="34">Міне, сол үшін Мен сендерге пайғамбарлар мен данышпандарды және Таурат заңын зерттеушілерді (оқытушыларды) жіберемін, олардың кейбіреуін өлтіріп, кейбіреуін айқыш ағашқа шегелеп, кейбіреуін синагогаларыңда ұрып -соғып, қаладан қалаға қудалайсыңдар.</verse>
				<verse number="35">Сондықтан ғибадатхана ауласындағы құрбандық үстелінің жанында Әбілден бастап Барақияхұлы Зәкәрияға дейінгі жер бетінде өлтірілген барлық әділдердің төгілген қанының құны сендерге жүктеледі.</verse>
				<verse number="36">Сендерге шындықты айтамын: осының бәрі бүгінгі ұрпақтан талап етіледі.</verse>
				<verse number="37">О, Иерусалим! Иерусалим! Пайғамбарларды өлтіріп, өзіңе жіберілгендерді таспен атқыладың. Балапандарынқанатының астына жинайтын құс секілді Мен де қаншама рет сенің балаларыңды жинағым келді, алайда сендер соны қаламадыңдар!</verse>
				<verse number="38">Енді міне, сендердің үйлерің қаңыраған бос күйінде өздеріңе қалдырылды.</verse>
				<verse number="39">Өйткені сендерге былай деймін: «Жаратушы Иеміздің атымен Келген -Жарылқанған!» -деп айтатын кезге дейін Мені көрмейсіңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="24">
				<verse number="1">Иса ғибадатханадан шығып келе жатқанда, шәкірттері ғибадатхананың ғимаратын Оған көрсету үшін, қасына келді.</verse>
				<verse number="2">-Сендер мынаның бәрін көріп тұрсыңдар ма? -деді Иса. Сендерге шындықты айтамын: мына тастың үстіндегі тастардың бірі де қалмай, бәрі қиратылатын болады.</verse>
				<verse number="3">Иса Зәйтүн тауында отырған кезінде, шәкірттері оңаша келіп: -Осы уақыттың және Сен келетін кезең мен заманның ақырында болатын белгінің қандай болатынын бізге айтып берші, - деп сұрады.</verse>
				<verse number="4">Иса оларға: -Сендерді біреу алдап кетпесін, байқаңдар, -деді.</verse>
				<verse number="5">Өйткені көптеген адам Менің атымнан келіп: «Мен Мәсіхпін», - деп көпшілікті алдайды.</verse>
				<verse number="6">Болып жатқан соғыстар мен алда болатын әскери қақтығыстар жайында еститін боласыңдар, бірақ үрейленбеңдер. Бұлардың бәрі болуға тиісті нәрселер, алайда бұл әлі де ақырғы кезең емес.</verse>
				<verse number="7">Өйткені халық халыққа, патшалық патшалыққа қарсы көтеріліп, кейбір жерлерде аштықтар мен жерсілкіністері де болады.</verse>
				<verse number="8">Осының бәрі тек азапты толғақтың бастамасы ғана.</verse>
				<verse number="9">Сол кездері сендерді қинап, қорлап, өлтіреді және Менің атыма бола сендерді барлық халықтар жеккөретін болады.</verse>
				<verse number="10">Сол кезде көбі сенімдерінен бас тартып, бір-бірін сатып, бірін-бірі жеккөреді.</verse>
				<verse number="11">Көптеген жалған пайғамбарлар пайда болып, көпшілікті алдап, адастырады.</verse>
				<verse number="12">Зұлымдық тым көбейіп кеткендіктен, көбінің сүйіспеншілігі суып кететін болады,</verse>
				<verse number="13">ал соңына дейін шыдаған құтқарылады.</verse>
				<verse number="14">Осы Патшалық туралы Ізгі хабар куәлік ретінде бүкіл әлем халықтарына жарияланады, сонда ғана бәрінің ақыры болады.</verse>
				<verse number="15">Егер сонда Даниял пайғамбарда айтылған «киелі орынды арамдайтын иесіз бос қалдырған жексұрын, жиренішті нәрсені көрсе»,</verse>
				<verse number="16">сол кезде Яһудеяда болғандар тауға қашсын.</verse>
				<verse number="17">Үйдің төбесінде болған адам үйден бір нәрсе алуға төмен түспесін,</verse>
				<verse number="18">кім далада болса, қайта келіп, шапанын да алмасын.</verse>
				<verse number="19">Сол күндері құрсағында сәбиі барлар мен бала емізетіндер қасіретке қалады.</verse>
				<verse number="20">Сендердің қашатын уақыттарың не қыста, не сенбі күндері болмасын деп мінәжат етіңдер,</verse>
				<verse number="21">себебі сол кезде әлем басталғаннан осы күнге дейін болып көрмеген әрі ешқашан болмайтын орасан зорзобалаң болады.</verse>
				<verse number="22">Егер де сол күндердің мерзімі қысқартылмағанда, бірде-бір пенде құтқарыла алмас еді, алайда таңдалып алынғандар үшін, сол күндер қысқартылады.</verse>
				<verse number="23">Сол кезде біреу сендерге: «Міне, Мәсіх мұнда» немесе «Әне, анда» десе, сенбеңдер,</verse>
				<verse number="24">өйткені жалған мәсіхтер мен жалған пайғамбарлар шығып, үлкен кереметтер мен ғажаптар жасап, мүмкіндігінше таңдалғандарды адастыратын болады.</verse>
				<verse number="25">Міне, сендерге мұны алдын ала айтып отырмын.</verse>
				<verse number="26">Егер сендерге: «Ол анда, айдалада», -деп айтса, шықпаңдар, немесе: «Ол ана бөлмеде», -десе де сенбеңдер,</verse>
				<verse number="27">себебі шығыстан шыққан найзағай оты жарқ етіп батысқа қалай жетсе, Адам Ұлының қайтып келуі де дәл солай болады.</verse>
				<verse number="28">Өлексе қайда болса, құзғындар сонда жиналады.</verse>
				<verse number="29">Сол зобалаң күндерден кейін «күн қарауытып, ай жарық болмай, көктен жұлдыздар құлап, көктегі күштер шайқалады».</verse>
				<verse number="30">Сонда Адам Ұлының бейнесі Көктен көрінеді, сол кезде жердегі барлық рудың тайпалары қорқыныштан зар илеп жылап, өкініштен кеуделерін ұратын болады, олар Адам Ұлының құдіретті күшпен және ұлы салтанатпен бұлтпен көкте келе жатқанын көреді.</verse>
				<verse number="31">Ол Өз періштелерін жібереді, олар кернейдің зор үнімен Оның таңдап алғандарын көктің ана шеті мен бұл шетінен жинап алады.</verse>
				<verse number="32">Өздеріңе үлгі болатын сабақты інжір ағашынан алыңдар, оның бұтақтары бүр жарып, жапырақтарын жая бастағанда, жаздың жақын екенін білесіңдер.</verse>
				<verse number="33">Осының бәрін көздеріңмен көргенде, Оның есіктің алдына келгендей таяп қалғанын білесіңдер.</verse>
				<verse number="34">Сендерге шындықты айтамын: осы ұрпақ жойылмай тұрып, осының бәрі орындалады.</verse>
				<verse number="35">Аспан мен жер жойылса да, Менің сөздерім жойылмайды.</verse>
				<verse number="36">Сол күн, сол сағат жайлы ешкім: не көктегі періштелер де, не Ұл да білмейді, бұл тек бір Әкеге ғана мәлім.</verse>
				<verse number="37">Нұхтың кезіндегі күндер қандай болса, Адамның Ұлының келуі де сондай болады.</verse>
				<verse number="38">Адамдар топан судың алдында, Нұх кемеге кіретін күнге дейін ішіп-жеп, үйленіп, тұрмыс құрып жатты,</verse>
				<verse number="39">олар топан су басып, бәрін құртқанға дейін не болатынын түсінбеді. Адам Ұлының келуі де дәл солай болады.</verse>
				<verse number="40">Сол кезде егістікте жұмыс істеген екеудің бірі алынып, екіншісі қалдырылатын болады,</verse>
				<verse number="41">диірмен тартып отырған екі әйелдің бірі алынып, екіншісі қалдырылатын болады.</verse>
				<verse number="42">Сондықтан сергек болыңдар, өйткені сендер Иелеріңнің қай күні келетінін білмейсіңдер.</verse>
				<verse number="43">Мынаны білесіңдер: егер де үй иесі ұрының қашан келетінін білсе, онда ол сергек болып, оған үйдің іргесін қазып кіруіне жол бермес еді.</verse>
				<verse number="44">Осылай сендер де дайын болыңдар, өйткені Адам Ұлы сендер күтпеген уақытта келеді.</verse>
				<verse number="45">Қожайыны өз қызметшілерінің тамақтарын уақытымен беруге тағайындап кеткен сенімді және ақылды қызметші кім?</verse>
				<verse number="46">Егер қожайыны келген сәтте қызметшісінің тура осылай істеп жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты.</verse>
				<verse number="47">Сендерге шындықты айтайын: сонда ол сол қызметшіні бүкіл меншігінің үстінен қарайтын адам етіп қояды.</verse>
				<verse number="48">Егер де ол жаман қызметші болып, өз жүрегінде: «Менің ием кешігіп жатыр», - деп.</verse>
				<verse number="49">өзімен қызметтес адамдарды ұрып-соғып, маскүнемдермен бірге ішетін болса,</verse>
				<verse number="50">онда қожайыны сол қызметші күтпеген күні және ол білмейтін уақытта келеді.</verse>
				<verse number="51">Сонда оны шауып, екіге бөліп, екіжүзділер қатарына қосады, ол сол жерде зар еңіреп жылап, тісін қайрайтын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="25">
				<verse number="1">Сол кезде Көктің Патшалығы қолдарына шамдарын алып, күйеу жігітті қарсы алуға шыққан он қызға ұқсас болады.</verse>
				<verse number="2">Олардың бесеуі ақылсыз, ал бесеуі ақылды болатын.</verse>
				<verse number="3">Ақылсыздары шамдарын ғана алып, өздерімен бірге май алмай шықты.</verse>
				<verse number="4">Ақылдылары шамдарымен қоса өздерімен бірге ыдыспен май алып шығады.</verse>
				<verse number="5">Бірақ күйеу жігіт кешіккендіктен, бәрі қалғып, ұйықтап қалды.</verse>
				<verse number="6">Түн ортасында: «Міне, күйеу жігіт! Оны қарсы алыңдар!» -деп айғайлаған дауыс естіледі.</verse>
				<verse number="7">Сонда қыздардың бәрі оянып, шамдарын реткекелтіреді.</verse>
				<verse number="8">Ақылсыз қыздар ақылдыларына: «Бізге майларыңнан беріңдерші, өйткені шамдарымыз өшіп барады», - дейді</verse>
				<verse number="9">Ақылды қыздар бұған: «Бізге де, сендерге де жетпей қалмауы үшін, сатушыларға барып, өздеріңе май сатып алғандарың дұрыс», - деп жауап береді.</verse>
				<verse number="10">Олар май сатып алуға кеткенде, күйеу жігіт те келді. Сонда дайын тұрғандары Онымен бірге салтанатты үйлену тойына кіріп кетті де, есік жабылып қалады.</verse>
				<verse number="11">Кейінірек әлгі сыртта қалған қыздар келіп: «Мырза! Мырза! Бізге есік ашшы!» - дейді.</verse>
				<verse number="12">Күйеу жігіт оларға: «Сендерге шындықты айтайын: Мен сендерді білмеймін», - деп жауап береді.</verse>
				<verse number="13">-Сондықтан да сергек болыңдар! Менің қай күні, қай сағатта келетінімді білмейсіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="14">-Бұл жағдай басқа елге кетерде қызметшілерін шақырып алып, өз меншігін оларға аманаттаған адамның ісі сияқты болады.</verse>
				<verse number="15">Олардың әрқайсысының қабілеттеріне сай, біреуіне-бес, басқасына-екі, ал үшіншісіне бір талантты беріп, кетіп қалады. Сол уақытта,</verse>
				<verse number="16">бес талант (бір талантта шамамаен 26 -36 кг салмақ болған) алғаны оны іске қосып, үстінен бес талант пайда табады.</verse>
				<verse number="17">Екі талант алғаны да дәл солай тағы екі талант пайда табады.</verse>
				<verse number="18">Ал бір талант алғаны жерді қазып, қожайыны берген күміс ақшаны тығып қояды.</verse>
				<verse number="19">Ұзақ уақыттан кейін, әлгі қызметкерлердіңқожайыны келіп, олардан есеп ала бастады.</verse>
				<verse number="20">Сонда бес талант алғаны үстінен түскен бес талантты алып келіп: «Мырза, маған бес талант берілген болатын, қараңыз, міне, мен тағы бес талант пайда көрдім», -дейді.</verse>
				<verse number="21">Қожайыны оған: «Жарайсың! Жақсы да адал қызметшім, кішкентай істе сенімді болдың, енді сені үлкен іске қоямын, қожайыныңмен бірге қуан», - дейді.</verse>
				<verse number="22">Екі талант алған адам да келіп: «Мырза, маған екі талант берілген болатын, қараңыз, міне, тағы екі талант пайда көрдім», - дейді.</verse>
				<verse number="23">Қожайын оған: «Жарайсың! Жақсы да адал қызметкерсің, кішкентай істе сенімді болдың, енді сені істің үлкеніне қоямын, қожайыныңмен бірге қуан», -дейді.</verse>
				<verse number="24">Бір талант алған адам да келіп: «Мырза, Сенің екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтын қатал адам екеніңді біліп,</verse>
				<verse number="25">қорыққанымнан сенің маған берген талантыңды жерге тығып қойдым, міне, мынау-сенікі», - дейді.</verse>
				<verse number="26">Сонда қожайыны оған: «Зұлым әрі қорқақ қызметші, екпеген жерден орып, шашпаған жерден жинайтынымды білдің бе?</verse>
				<verse number="27">Сондықтан менің күмістерімді айырбастаушыларға апарып тастауың керек еді, мен қайтып келгенде, өзімдікін өсімімен қайтарып алар едім», - дейді.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан оның талантын алып, оны он таланты барға беріңдер.</verse>
				<verse number="29">Себебі менде бар деген әркімге тағы да беріліп, ол молшылыққа ие болады. Ал жоқ дегеннен оның бардегені де алынып қойылады.</verse>
				<verse number="30">Мына жарамсыз қызметкерді сыртқа, қара түнекке, лақтырып тастаңдар, сол жерде ол зар еңіреп жылап, бармағын тістеп, өкінетін болады», - деді.</verse>
				<verse number="31">Адам Ұлы Өз ұлылығымен және барлық періштелерімен бірге келіп, ұлылықпен Өз тағына отырған кезінде,</verse>
				<verse number="32">Оның алдына барлық тілде сөйлейтін халықтар (тайпалар, рулар) жиналатын болады, сонда Ол қой мен ешкіні бір-бірінен ажырататын бақташы сияқты адамдарды да бір-бірінен бөлетін болады.</verse>
				<verse number="33">Қойларды Өзінің оң жағына, ешкілерді сол жағына тұрғызып қояды.</verse>
				<verse number="34">Сонда Патша Өзінің оң жағындағыларға: «Менің Әкем жарылқағандар, әлем жаратылғаннан бері сендерге дайындалып қойған Патшалықтың мұрагері болыңдар, бері келіңдер!</verse>
				<verse number="35">Мен ашыққан кезде, сендер Маған тамақ бердіңдер; шөлдеген кезімде Менің шөлімді қандырдыңдар; жат жерлік болып жүрген кезімде, Мені қабылдадыңдар;</verse>
				<verse number="36">жалаңаш болғанда Мені киіндірдіңдер; ауырған кезде Менің қасымда болдыңдар; Мен абақтыда отырған кезімде Маған келдіңдер», - дейді.</verse>
				<verse number="37">Сонда Оған әділдер: «Жаратқан Ие, қашан біз Сенің ашыққаныңды көріп, тамақ бердік немесе шөлдеген кезіңде шөліңді қандырдық?</verse>
				<verse number="38">Қашан Сенің жат жерлік екеніңді көріп қабылдадық немесе жалаңаш болғаныңда киіндірдік?</verse>
				<verse number="39">Қашан сенің ауырғаныңды көрдік немесе абақтыда отырғаныңда саған келдік?» - деп сұрады.</verse>
				<verse number="40">Сонда Патша: «Сендерге шындықты айтайын:Менің мына кішкентай бауырларымның біреуіне не істеген болсаңдар, оны Маған да істегендерің», -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="41">Одан кейін сол жақта тұрғандарға: «Менен аулақ кетіңдер, қарғыс атқандар, әзәзіл мен оның періштелеріне дайындалған тозақтың отына барыңдар!</verse>
				<verse number="42">Өйткені ашыққанымда Маған тамақ бермедіңдер; шөлдегенімде Менің шөлімді қандырмадыңдар;</verse>
				<verse number="43">жат жерлік болғанымда Мені қабылдамадыңдар; ауырып және абақтыда отырған кездерімде Маған келмедіңдер».</verse>
				<verse number="44">Сонда олар: «Ием, қашан Сенің ашыққаныңды немесе шөлдегеніңді, немесе жат жерлік болғаныңды, немесе жалаңаш болып, ауырып, абақтыда болғаныңды көріп, Саған қызмет етпедік?» - деп сұрайды.</verse>
				<verse number="45">Сонда Ол: «Сендерге шындықты айтайын: осы кішкентайлардың біреуіне қажеттіні істемегендерің оны Маған да істемегендерің», - деп жауап қайырды.</verse>
				<verse number="46">Сөйтіп, олар мәңгілік жазаға тартылатын болса, ал әділдер мәңгілік өмірге аттанады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="26">
				<verse number="1">Иса сөзін аяқтағаннан кейін, шәкірттеріне былай деді:</verse>
				<verse number="2">-Сендер екі күннен кейін Құтқарылу мейрамы болатынын білесіңдер, сонда Адамның Ұлын айқышқа шегелеу үшін ұстап береді.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Қайафа атты бірінші бас қызметкердің ауласына бас қызметкерлер мен елдің ақсақалдары жиналды.</verse>
				<verse number="4">Олар бірге кеңесіп, Исаны қулықпен ұстап алып, өлтірмек болып шешті.</verse>
				<verse number="5">Бірақ олар: -Халықтың арасында бүлік шығып кетпесін, мұны мейрам кезінде істемеу керек, - десті.</verse>
				<verse number="6">Иса Бетанияда алапеспен ауыратын Шимонның үйінде болған еді.</verse>
				<verse number="7">Қыш ыдысқа өте қымбат мира майын құйып алған бір әйел жақындап келіп, оны жантайып жатқан Исаның басына құя бастады.</verse>
				<verse number="8">Мұны көрген шәкірттері: -Мұндай ысырапшылдықтың не керегі бар?</verse>
				<verse number="9">Мұны қымбат бағаға сатып жіберіп, кедейлерге беруге болатын еді ғой, - деді.</verse>
				<verse number="10">Мұны байқаған Иса оларға: -Неге әйелді жазғырып тұрсыңдар? Ол Маған жақсылық жасап жатыр.</verse>
				<verse number="11">Өйткені кедейлер әрқашан да сендердің араларыңда, ал Мен әрқашан сендермен бірге болмаймын.</verse>
				<verse number="12">Ол Менің денеме осы мира майын құйып, Мені жерлеуге дайындады.</verse>
				<verse number="13">Сендерге шындықты айтайын: бүкіл әлемде, осы Ізгі хабар жарияланған жерде, мына әйелдің істеген ісін еске алып, айтатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде Яһуда Исқариот есімді он екі шәкіртінің бірі бірінші бас қызметкерлерге барып:</verse>
				<verse number="15">-Мен Оны сендерге ұстап берсем, маған не бересіңдер? -деді. Олар отыз күміс теңгені оған ұсынды.</verse>
				<verse number="16">Ол сол кезден бастап, Оны ұстап берудің ыңғайлы сәтін іздей бастады.</verse>
				<verse number="17">Ашымаған нан мейрамының бірінші күні Исаға шәкірттері келіп: -Құтқарылу мейрамында Саған жейтін тамақты қай жерге дайындағанымызды қалайсың? - деді.</verse>
				<verse number="18">Сонда Иса оларға былай деді: -Қалаға барып, сол бір адамға: «Ұстазымыз уақыттың жақындағанын айтты және Ол Өз шәкірттерімен бірге Құтқарылу мейрамын сенің үйіңде атап өткізгісі келеді», - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="19">Сөйтіп, шәкірттері Құтқарылу мейрамының тамағын Иса оларға тапсырғандай дайындады.</verse>
				<verse number="20">Кеш батқанда Иса он екі шәкіртімен бірге үстел жанында жантайып жатты.</verse>
				<verse number="21">Тамақ ішіп отырғанда Иса оларға: -Сендерге шындықты айтамын: сендердің араларыңдағы біреу Мені ұстап береді, -деді.</verse>
				<verse number="22">Бұған қатты күйзелген олар: -Сол мен емеспін бе, Ием? - деп әрқайсысы Исадан сұрай бастады.</verse>
				<verse number="23">Иса оларға: -Менімен бірге кім қолын табаққа салса, сол Мені ұстап береді.</verse>
				<verse number="24">Адам Ұлы Өзі туралы Жазбада қалай жазылса, солай жүріп келеді. Бірақ Адам Ұлын ұстап берген адам қасіретке қалады, сол адамның мүлдем туылмағаны жақсы болар еді, - деді.</verse>
				<verse number="25">Оны ұстап бермекші болған Яһуда да: -Ұстаз, сол мен емеспін бе? -деп сұрады. -Мұны Өзің айтып тұрсың, -деді Иса.</verse>
				<verse number="26">Олар тамақ ішіп отырған кезде, Иса нанды алып, бата берді де, шәкірттеріне бөліп беріп: -Мынадан алып жеңдер, бұл - Менің денем, - деді.</verse>
				<verse number="27">Содан кейін тостағанды алып, ризашылығын білдіріп, шәкірттеріне: - Мынадан да бәрің ішіңдер,</verse>
				<verse number="28">өйткені көптеген адамдардың күнәларын кешіру үшін, бұл - жаңа келісім ретінде төгілетін Менің қаным.</verse>
				<verse number="29">Сендерге айтарым: Менің Әкемнің Патшалығында сендермен бірге жаңасын ішетін уақытқа дейін, осы жүзім бұтасының жемісінен татпаймын, - деді.</verse>
				<verse number="30">Содан кейін олар мадақтау жырын айтып, Зәйтүн тауына көтерілді.</verse>
				<verse number="31">Сонда Иса оларға: -Сендер осы түні бәрің Менен бас тартып кетесіңдер, өйткені: «Бақташысын ұрып өлтіремін, сонда отардағы қойлары бытырап кетеді», -деп жазылған.</verse>
				<verse number="32">Алайда қайта тірілген соң, Мен сендерден бұрын Ғалилеяға барамын, - деді.</verse>
				<verse number="33">Петір: -Егер де Сенен бәрі бас тартып кететін болса да, Мен сенен ешқашан бас тартпаймын, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="34">Иса оған: -Саған шындықты айтайын: осы түні әтеш шақырмай тұрып, сен Менен үш рет танасың, - деді.</verse>
				<verse number="35">Петр Оған: -Егер маған Сенімен бірге өлу керек болса да, Сенен танбаймын, -деді. Басқа шәкірттері де осыны айтты.</verse>
				<verse number="36">Осыдан кейін Иса олармен бірге Гетсимани деген жерге келген соң, шәкірттеріне: -Мен барып сиынып келейін, осы жерде отыра тұрыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="37">Ол Өзімен бірге Петір мен Зебедейдің екі ұлын ертіп алды. Ол күйзеліп, қатты қинала бастады.</verse>
				<verse number="38">-Менің жаным күйзеліп, өлім алдында тұр, осында Менімен бірге қалыңдар әрі сергек болыңдар, -деді оларға.</verse>
				<verse number="39">Одан кейін сәл алға жүрді де, етпетінен жығылып, былай деп сиынды: -Әкетайым Менің, егер де мүмкін болса, осы тостаған Менен айналып өтсінші, алайда Менің қалауым емес, тек Сенің қалауың болсын.</verse>
				<verse number="40">Сөйтіп, шәкірттеріне келгенде, олардың ұйықтап жатқандарын көріп, Петірге: -Сендер, тым болмаса, бір сағат сергек болып, Менімен бірге отыра алмадыңдар ма?</verse>
				<verse number="41">Азғырылуға берілмеу үшін, сергек болып сиыныңдар, өйткені рух дайын болғанымен, тән әлсіз, - деді.</verse>
				<verse number="42">Осыдан кейін екінші рет тағы барып, былай деп сиынды: -Әкетайым Менің, егер де сол азап шегу тостағаны Мен ішпей айналып өтпейтін болса, онда Сенің еркің орындалсын, - деді.</verse>
				<verse number="43">Қайтып келгенде, шәкірттерінің әлі ұйықтап жатқандарын көрді, өйткені оларды ұйқы басқан еді.</verse>
				<verse number="44">Оларды қалдырды да, Иса үшінші рет тағы сол сөздермен сиынды.</verse>
				<verse number="45">Содан кейін шәкірттеріне қайтып келіп: -Демек, ұйықтап, демалып жатырсыңдар ма? Міне, Адам Ұлын күнәкарлардың қолына ұстап беретін уақыт таяп қалды, -деді.</verse>
				<verse number="46">-Міне, Мені ұстап беруші жақындап қалды. Тұрыңдар, жүрейік, - деді.</verse>
				<verse number="47">Ол әлі де сөйлеп тұрған кезде, он екі шәкіртінің бірі Яһудамен бірге бірінші бас қызметкерлер мен елдің ақсақалдары атынан жасақталған үлкен топ та келіп жетті.</verse>
				<verse number="48">Сонда ұстап беруші келіскен белгі бойынша: -Мен кімді сүйсем, Ол-Соның Өзі, Оны ұстап алыңдар, -деп алдын ала айтып қойған болатын.</verse>
				<verse number="49">Ол сол сәтте Исаға жақын келіп: -Ұстаз, амансың ба? -деп Оны сүйді.</verse>
				<verse number="50">Иса оған: -Достым, осыған бола келдің ғой, -деді. Сол сәтте олар Исаға жақындап, қолынан ұстап алды.</verse>
				<verse number="51">Сонда Исамен бірге болғандардың бірі семсерін суырып алды да, яһудей басшысының құлына сілтеп қалып, оның құлағын шауып түсірді.</verse>
				<verse number="52">Сонда Иса: -Семсеріңді орнына сал, семсер ұстағандардың бәрі семсерден өледі.</verse>
				<verse number="53">Әкемнен он екі легионнан артық періштелерін жіберуін сұрай алмайды деп ойлайсың ба?</verse>
				<verse number="54">Солай істейтін болсам, Жазбада осылай болуға тиіс деп айтылғандар қалай орындалады? - деді.</verse>
				<verse number="55">Содан кейін Иса әлгі топталып тұрғандарға: -Сендер Мені ұстау үшін семсермен және найзамен қаруланып, қарақшыға қарсы шыққандай келдіңдер ме? Күнде ғибадатханада тәлім беріп отырғанымда Мені ұстамадыңдар.</verse>
				<verse number="56">Демек, осының бәрі пайғамбарлардың Жазбалары орындалуы үшін дәл осылай болды, -деді. Сол сәтте шәкірттерінің бәрі Оны тастап, қашып кетті.</verse>
				<verse number="57">Исаны ұстап алғандар Оны бірінші бас қызметкер Қайафаға алып барды, сол жерде Таурат заңын зерттеушілер мен ақсақалдар да жиналған болатын.</verse>
				<verse number="58">Петір Оның артынан алыстау жүріп отырып, бірінші бас қызметкердің ауласына дейін ілесіп барды. Соңына дейін не болатынын көру үшін ішке кіріп, күзетшілермен бірге отырды.</verse>
				<verse number="59">Бірінші бас қызметкерлер мен бүкіл жоғарғы кеңестің өкілдері (синедерион) Исаны өлтіру үшін, Оған қарсы жалған куәгерлерді іздестірді.</verse>
				<verse number="60">Алайда келген көпшілік арасынан ешқандай да жалған куәлік берушілерді таба алмады. Ең соңында екеуі келіп:</verse>
				<verse number="61">-Бұл Адам: «Құдайдың ғибадатханасын бұзып, үш күнде тұрғыза аламын», - деді.</verse>
				<verse number="62">Сонда бірінші бас қызметкердің бірі орнынан тұрып: -Ешқандай жауабың жоқ па? Мына екеуі Саған қарсы не деп куәлік беріп тұр? - деді.</verse>
				<verse number="63">Иса үндеген жоқ. Сонда әлгі бірінші бас қызметкер Оған: -Тірі Құдайдың атымен ант етіп сұраймын, егер Сен Құдайдың Ұлы Мәсіх болсаң, соныңды бізге айт, -деді.</verse>
				<verse number="64">Иса: -Сен өзің айтып тұрсың! -деді оған, -бірақ сендерге айтамын: «Осы уақыттан бастап, Адам Ұлының Құдіреті Күштінің оң жағында отырғанын және Оның көкте бұлттарда келе жатқанын көресіңдер!» - деді.</verse>
				<verse number="65">Сонда бірінші бас қызметкер өз киімін айыра жыртып жіберіп: -Құдайға тіл тигізіп тұр! Енді куәгерлердің қажеті қанша? Қараңдар, қазір ғана тіл тигізгенін сендер естідіңдер!</verse>
				<verse number="66">Енді қалай ойлайсыңдар? -деді. Олар: -Өлуге тиіс, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="67">Сол кезде Исаның бетіне түкіріп, жұдырықпен ұрып, кейбіреулері Оны шапалақпен соғып:</verse>
				<verse number="68">-Мәсіх, пайғамбар болсаң, бізге айтшы! Кім Сені ұрды? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="69">Петір ауланың сыртында отырған болатын, сонда Оған бір қызметші әйел келіп: -Сен де ғалилеялық Исамен бірге болғансың, - деді.</verse>
				<verse number="70">Петір бәрінің көзінше: -Не айтып тұрғаныңды білмеймін, - деп мойындамады.</verse>
				<verse number="71">Оның қақпадан шығып бара жатқанын көрген сол жердегі басқа бір әйел де: -Бұл да Назареттік Исамен бірге болған, - деді.</verse>
				<verse number="72">Сонда Петір тағы да: -Ол адамды білмеймін, -деп қарсылық білдірді.</verse>
				<verse number="73">Біраз уақыт өткен соң, сол жерде тұрған басқа адамдар Петірге жақындап келіп: -Шынымен, сен де солардың бірісің, өйткені сенің сөйлегеніңнен-ақ анық көрініп тұр, -деді.</verse>
				<verse number="74">Петір тағы да: -Мен бұл адамды білмеймін, -деп антсу ішті. Сол сәтте әтеш шақырды.</verse>
				<verse number="75">Сол кезде Исаның: «Әтеш шақырғанша, сен Менен үш рет танасың», -деп айтқан сөзі Петірдің есіне түсті. Сонда ол сыртқа шығып, қатты өкініп жылады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="27">
				<verse number="1">Исаға қарсы болған барлық бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар таңертең ерте жиналып, Оны өлтіруге шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="2">Оны байлап, әмірші Пилатқа апарып тапсырды.</verse>
				<verse number="3">Сонда Исаны ұстап берген Яһуда Оның сотталғанын көріп өкінді, бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдарға отыз күміс теңгені қайтарып беріп:</verse>
				<verse number="4">-Кінәсіз жанның қанын сатып, күнә жасадым, -деді. Олар: - Бізге не істе дейсің? Өзіңнен көр! - деді.</verse>
				<verse number="5">Ол ғибадатханаға күміс теңгелерді шашып жіберіп, барды да, асылып өлді.</verse>
				<verse number="6">Бірінші бас қызметкерлер күміс теңгелерді жинап алып:</verse>
				<verse number="7">-Бұл ақша қан үшін төленген құн болатын, енді оны ғибадатхананың қазынасына салуға болмайды, - деді.</verse>
				<verse number="8">Сөйтіп, олар кеңесіп шешім қабылдады, сол ақшаға жат жерліктерді жерлейтін орын алу үшін, құмырашының жерін сатып алды. Сондықтан сол жер осы күнге дейін «қанды жер» деп аталады.</verse>
				<verse number="9">Солай Еремия пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалды: «Исраил ұлдарының бағалаған бағасымен, құны Отыз күміс теңгеге татитын,</verse>
				<verse number="10">құмырашының жерін Иемнің бұйрығымен Мен үшін сатып алды».</verse>
				<verse number="11">Исаны әміршінің алдына апарды, сонда әмірші: -Яһудейлердің Патшасы Сенбісің? -деп сұрады. -Сен өзің айтып тұрсың, - деп жауап берді Иса.</verse>
				<verse number="12">Бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдардың таққан айыптарына Ол ешқандай жауап бермеді.</verse>
				<verse number="13">Сонда Пилат Оған: -Саған қарсы қаншама адам куәлік беріп тұрғанын естіп тұрсың ба? - деді.</verse>
				<verse number="14">Бірақ Иса оның бір сөзіне де жауап бермеді, әмірші осыған қатты таңғалды.</verse>
				<verse number="15">Әмірші өзінің әдеті бойынша мейрам кезінде халықтың тілегіне сай бір тұтқынды босатып беретін еді.</verse>
				<verse number="16">Дәл сол кезде аты әйгіл Ешуа Бараба деген тұтқын да отырған болатын.</verse>
				<verse number="17">Сонда Пилат жиналғандарға: -Сендерге кімді босатып бергенімді қалайсыңдар? Ешуа Барабаны ма әлде Иса деп аталған Мәсіхті ме? - деді.</verse>
				<verse number="18">Себебі ол Исаны қызғаныштан өзіне ұстап бергендерін білетін.</verse>
				<verse number="19">Пилат сот жүргізушінің орнына көтерілген кезде, әйелі оған хабаршы жіберіп: «Сол әділ адамға еш нәрсе істеме! Мен бүгін түсімде Ол үшін қатты қиналдым»,-деп айтқызды.</verse>
				<verse number="20">Бірақ та бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар Барабаның босатылып, ал Исаның өлтірілуін талап етуді халықтан сұрап, алдын ала көндіріп қойған болатын.</verse>
				<verse number="21">Сонда әмірші: -Сонымен, осы екеуінің қайсысын сендерге босатып бергенімді қалайсыңдар? -деп сұрады. -Барабаны! - деді олар.</verse>
				<verse number="22">-Ал Иса деп аталған Мәсіхпен не істеуім керек? -деп сұрады. Бәрі бір дауыспен: -Айқышқа шегеленсін! -деді. Пилат халықтан:</verse>
				<verse number="23">-Ол қандай зұлымдық жасады? -деп сұрады. Олар бұрынғыдан бетер қатты айғайлап: -Айқышқа шегеленсін! -деді.</verse>
				<verse number="24">Ештеңе істей алмайтынын, тіпті, толқудың өршіп бара жатқанын көрген Пилат халықтың алдында қолын сумен жуып тұрып: -Мынаның төгілген қанына мен кінәлі емес екенімді сендер көрдіңдер, - деді</verse>
				<verse number="25">Сонда бүкіл халық: -Оның қаны біздің және біздің балаларымыздың мойнында болсын, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="26">Сөйтіп, оларға Барабаны бостатып беріп, ал Исаны сабатып, айқышқа шегелеуді тапсырды.</verse>
				<verse number="27">Сол уақытта әміршінің сарбаздары Исаны сарайға алып барды, сонда Исаның қасына бүкіл жасақшылар жиналды.</verse>
				<verse number="28">Оны шешіндіріп, Оған алқызыл шапан жапты,</verse>
				<verse number="29">тікеннен тәж өріп, басына кигізді, Оның оң қолына таяқ ұстатып қойды да, алдына келіп тізе бүгіп: -Яһудейлердің Патшасы жасасын! - деп мазақтады.</verse>
				<verse number="30">Оның бетіне түкіріп, таяқпен басынан ұрды.</verse>
				<verse number="31">Оны әбден келемеждеп болған соң, үстіндегі алқызыл шапанды шешіп алып, Исаға Өзінің киімдерін қайта кигізіп, Оны айқышқа шегелеуге алып кетті.</verse>
				<verse number="32">Олар шығып бара жатқанда, жолда киринеялық Симон есімді бір адамды жолықтырып, оны Исаның айқышын алып жүруге мәжбүрледі.</verse>
				<verse number="33">Содан олар Ғолғота деп аталатын (мағынасы«Маңдайтөбе» дегенді білдіретін) жерге келгенде,</verse>
				<verse number="34">Исаға өт қосылған ашты шарапты берді, Ол дәмін татып көрді, бірақ ішпеді.</verse>
				<verse number="35">Исаны айқышқа шегелеген соң, Оның киімдерін жеребе тастап бөлісіп алып,</verse>
				<verse number="36">сол жерде Оны күзетіп отырды.</verse>
				<verse number="37">Исаның бас жағына: «Бұл -Яһудейлердің Патшасы Иса» деп, Оған тағылған айыпты көрсететін тақтайшаны жазып қойды.</verse>
				<verse number="38">Содан кейін Онымен бірге екі қарақшының бірін Оның оң жағына, екіншісін сол жағына айқышқа шегелеп іліп қойды.</verse>
				<verse number="39">Оның қасынан өтіп бара жатқандар бастарын шайқап, Оны балағаттап:</verse>
				<verse number="40">-Ғибадатхананы бұзып, үш күнде тұрғызамын деуші едің, енді Өзіңді-Өзің құтқар! Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, айқыштан түс! - деді.</verse>
				<verse number="41">Сол сияқты бірінші бас қызметкерлер, Таурат заңын зерттеушілер мен ақсақалдар да Оны келекелеп былай деді:</verse>
				<verse number="42">-Басқаларды құтқарып, Өзін-Өзі құтқара алмады,Исраилдің патшасы болса, онда айқыштан түссін, сонда Оған сенеміз.</verse>
				<verse number="43">Ол сенімін Құдайға артты, егер Жаратқан Ие қаласа, Оны құтқарып алсын, өйткені Өзін Құдайдың Ұлымын деген еді ғой! - десті.</verse>
				<verse number="44">Осы сияқты сөздермен Исамен бірге айқышқа шегеленген қарақшылар да Оған тіл тигізді.</verse>
				<verse number="45">Сонда түскі сағат он екіден бастап, түстен кейінгі сағат үшке дейін бүкіл жерді қара түнек басты.</verse>
				<verse number="46">Сағат үш шамасында Иса қатты дауыстап: -Ели, Ели, Лема савахтани? -деп айғайлады. Бұл: «Құдайым Менің, Құдайым Менің, Сен Мені не үшін тастап кеттің?» -дегені еді.</verse>
				<verse number="47">Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естіп: -Ол Ілиясты шақырып жатыр, - десті.</verse>
				<verse number="48">Сол мезетте олардың біреуі жүгіріп барып, сірке суына сорғышты батырып алды да, оны таяқтың ұшына іліп, Оған ішкізді.</verse>
				<verse number="49">Сонда басқалары: -Оны құтқару үшін Ілияс келер ме екен, соны көрейік, тоқтай тұрайық, - десті.</verse>
				<verse number="50">Иса тағы да қатты айғайлап, жан тапсырды.</verse>
				<verse number="51">Міне, сонда ғибадатханадағы шымылдық жоғарыдан төмен қарай ортасынан қақ бөлінді. Жер сілкініп, тастар айырылды.</verse>
				<verse number="52">Қабірлер ашылып, көптеген әділдердің өлі денелері орындарынан тұрып, тірілді.</verse>
				<verse number="53">Иса қайта тірілгеннен кейін, қабірден шыққандармен бірге киелі қалаға (Иерусалимге) кіріп, көпшілікке көрінді.</verse>
				<verse number="54">Жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіптұрғандар жер сілкінісін, болған жағдайдың бәрін көріп, қатты қорқып: - Ол, шынымен де, Құдайдың Ұлы! - деді.</verse>
				<verse number="55">Сол жерде алыстан қарап тұрған әйелдер де болды, олар Оған қызмет ету үшін, сонау Ғалилеядан Исаға ілесіп келген болатын.</verse>
				<verse number="56">Солардың арасында мағдалалық Мәрия, Жақып пен Жүсіптің анасы Мәриям және Зебедей ұлдарының анасы да болды</verse>
				<verse number="57">Кеш түскенде, Исадан тәлім алған ариматиялық Жүсіп есімді бай адам келді.</verse>
				<verse number="58">Пилатқа барып, Исаның денесін сұрап алды. Сонда Пилат оған денені беруді бұйырды.</verse>
				<verse number="59">Сөйтіп, денені алған Жүсіп оны таза бәтеске орап,</verse>
				<verse number="60">Оны жартастан жаңадан ойып жасап қойған қабіріге апарып қойды да, бір үлкен тасты домалатып әкеліп, қабірдің аузын жауып, кетіп қалды.</verse>
				<verse number="61">Сол күні мағдалалық Мәрия мен өзге Мәриям да қабірге қарама-қарсы жерде отырған болатын.</verse>
				<verse number="62">Келесі күні, яғни дайындық күні өтіп кеткеннен кейін, бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер жиналып, Пилатқа:</verse>
				<verse number="63">-Мырза, ана өтірікшінің тірі кезінде: «Үш күннен кейін қайта тірілемін», - дегені есімізге түсті.</verse>
				<verse number="64">Сондықтан үшінші күнге дейін қабірді күзетуге бұйрық бер, әйтпесе Оның шәкірттері келіп, Оны ұрлап алып, халыққа: «Ол өлімнен қайта тірілді», -деп жүрер. Сонда соңғы өтірік алдыңғыдан да жаман болады, - десті.</verse>
				<verse number="65">Пилат оларға: -Күзетшілерің бар, өз білгендеріңше күзете беріңдер, - деді.</verse>
				<verse number="66">Олар тасқа мөр басып, қабірді бекітіп, қабірдің алдына күзет қойып қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="28">
				<verse number="1">Сенбі өтіп, аптаның бірінші күні болғанда, мағдалалық Мәрия мен өзге Мәриям таң ата қабірді көруге келді.</verse>
				<verse number="2">Міне, кенет қатты жер сілкінісі болып, Жаратқан Иенің періштесі көктен түсіп, қабір аузындағы тасты аударып тастады да, оның үстіне отырды.</verse>
				<verse number="3">Оның бейнесі найзағай сияқты, киімдері аппақ қардай болатын.</verse>
				<verse number="4">Сонда күзетшілердің қорыққандары соншама, қалтырап, өлген адамдай серейіп тұрып қалды.</verse>
				<verse number="5">Періште әлгі әйелдерге: -Қорықпаңдар, сендердің айқышқа шегеленген Исаны іздеп жүргендеріңді білемін, -деді.</verse>
				<verse number="6">Ол мұнда жоқ. Ол бұрын Өзі айтқандай қайта тіріліп кетті. Келіп, Оның жатқан жерін көріңдер,</verse>
				<verse number="7">Тезірек барып, Оның өлімнен қайта тірілгенін шәкірттеріне айтыңдар және Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Оны сол жерден көресіңдер. Сендерге айтқанымды естеріңе сақтаңдар.</verse>
				<verse number="8">Қабірден қорқынышпен шыққан олар енді ерекше үлкен қуанышпен шәкірттеріне айтуға асыға басып, жүгіре жөнелді.</verse>
				<verse number="9">Кенеттен оларға Иса кездесіп: -Қуаныңдар! -деді. Олар жақын келіп, Оның аяғын құшақтап, Оған тағзым етті.</verse>
				<verse number="10">Сонда Иса Оларға: -Қорықпаңдар. Меніңбауырларыма барып, Ғалилеяға барсын деп хабар беріңдер. Олар Мені сол жерде көретін болады, - деді.</verse>
				<verse number="11">Олар кетіп бара жатқанда, кейбір күзетшілер қалаға келіп, болған жағдайдың бәрін бірінші бас қызметкерлерге айтып берді.</verse>
				<verse number="12">Сонда олар ақсақалдармен бірге кеңесіп, сарбаздарға жеткілікті мөлшерде күміс ақша ұсынып, былай деді:</verse>
				<verse number="13">«Біз түнде ұйықтап қалғанда, шәкірттері келіп, Оны ұрлап кетті, - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="14">Егер бұл әміршінің құлағына жететін болса, оны біз көндіріп, сол келеңсіз жағдайдан сендерді өзіміз құтқарып аламыз», - деді.</verse>
				<verse number="15">Күміс ақшаны алған олар өздерін қалай үйреткен болса, солай істеді. Сөйтіп, осы сөз күні бүгінге дейін яһудейлердің арасына таралып кетті.</verse>
				<verse number="16">Он бір шәкірті Исаның нұсқағанындай Ғалилея тауына барды.</verse>
				<verse number="17">Сол жерде Оны көріп, тағзым етті, ал кейбіреулері күмәнданды.</verse>
				<verse number="18">Сонда Иса оларға жақын келіп былай деді: -Көк пен жердегі бүкіл билік Маған берілген.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан барлық халықтарға барып, Маған шәкірт етіңдер, оларды Әкенің атымен және Ұлдың, Киелі Рухтың атымен батырып суға шомылдырудан өткізіңдер,</verse>
				<verse number="20">сендерге бұйырғандарымның бәрін орындап жүруге оларды да үйретіңдер. Мен осы дүниенің ақырына дейін әр күні сендермен бірге боламын.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="41">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх туралы Ізгі хабардың басы былай басталады:</verse>
				<verse number="2">«Міне, Сенің алдыңда Саған жол дайындап қоятын хабаршымды жіберемін», -деп Ишая пайғамбардың жазбасында жазылғандай:</verse>
				<verse number="3">«Иемізге жол дайындаңдар! Оның жолдарын түзетіңдер!» -деген дауыс айдаладан шықты.</verse>
				<verse number="4">Міне, Жақия атты суға батырып шомылдырушы айдалаға келіп: «Күнәларыңның кешірілгенінің белгісі ретінде тәубе етіп, ой -ниеттеріңді өзгертіп, суға батырылып шомылудан өтіңдер!» - деп уағыздап жүрді.</verse>
				<verse number="5">Сонда бүкіл Яһудея елі мен Иерусалимнің адамдары оған келді. Сөйтіп, олар өз күнәларын мойындап, Иордан өзенінде Жақия арқылы с уға батырылып шомылудан өтті.</verse>
				<verse number="6">Жақия түйе жүнінен киім киетін, беліне қайыс белбеу тағып, шегірткемен және жабайы араның балымен тамақтанатын.</verse>
				<verse number="7">Ол өзінің уағызында: -Міне, менен кейін Құдіретті Біреу келе жатыр, мен, тіпті, еңкейіп, Оның аяқ киімінің бауын байлап беруге де лайықсызбын.</verse>
				<verse number="8">Мен сендерді суға батырып шомылдырдым, ал Ол сендерді Киелі Рухқа шомылдыратын болады.</verse>
				<verse number="9">Сол күні Ғалилеядағы Назарет қаласынан келген Иса Иордан өзенінде суға батырып шомылудан Жақия арқылы өтті.</verse>
				<verse number="10">Міне, сол сәтте аспан ашылып, көгершінге ұқсаған Рухтың Оған келіп қонғанын ол көрді.</verse>
				<verse number="11">Сонда көктен: -Сен -Менің сүйікті Ұлымсың! Мен Саған ризамын! - деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="12">Сол сәтте Рух Исаны айдалаға апарып тастады.</verse>
				<verse number="13">Сонда Ол қырық күн бойы айдалада шайтанның азғыруында болды әрі жабайы аңдардың ортасында жүрді, періштелер Оған қызмет етті.</verse>
				<verse number="14">Жақия ұсталғаннан кейін, Иса Ғалилеяға келіп, Құдайдың Ізгі хабарын жариялап:</verse>
				<verse number="15">-Құдайдың Патшалығы орнайтын мезгіл жақындады! Тәубе етіп, Ізгі хабарға сеніңдер! - деп уағыздап жүрді.</verse>
				<verse number="16">Иса бірде Ғалилея көлінің жағасымен өтіп бара жатып, ауларын көлге салып жатқан Шимонды және Оның бауыры Әндірді көрді. Олар балықшылар болатын.</verse>
				<verse number="17">Сонда Иса оларға: -Менің соңымнан еріңдер, Мен сендерді адамдарды аулаушы етемін, - деді.</verse>
				<verse number="18">Сол мезетте олар ауларын тастады да, Оның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="19">Ол тағы біраз жүргеннен кейін, қайықта ауларын жамап отырған Зеведейдің ұлдары Жақыпты және оның ағасы Жоханды көрді.</verse>
				<verse number="20">Иса оларды да бірден шақырып алды. Олар сонда әкелері Зеведейді жұмысшыларымен бірге қайықта қалдырып, Оның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="21">Сонымен, олар Қапарнаумға келді. Ол синагогаға барып тәлім берді, бұл күн сенбі болатын.</verse>
				<verse number="22">Сол жердегі адамдар Оның берген тәліміне таң-тамаша болды, себебі Ол Таурат заңын зерттеушілер сияқты емес, керісінше, ерекше бір билікпен тәлім берді.</verse>
				<verse number="23">Дәл осы уақытта олардың синагогасында бір рухы таза емес адам айғай салды:</verse>
				<verse number="24">-Назареттік Иса, сенің бізде нең бар? Бізді құртуға келдің бе? Сенің Кім екеніңді білемін! Сені киелі етіп, Құдай жіберді!</verse>
				<verse number="25">Иса оған: -Үніңді өшір де, одан шық! -деп тыйым салды.</verse>
				<verse number="26">Сонда әлгі таза емес рух оны қалшылдатып, қатты айғайлап, одан шығып кетті.</verse>
				<verse number="27">Бәрінің зәрелері ұшып, бір-біріне: -Бұл не? Билік ететін жаңа ілім бе? Ол, тіпті, таза емес рухтарға да бұйрық береді, ал олар Оған бағынады! - деп жатты.</verse>
				<verse number="28">Сөйтіп, Иса туралы бұл хабар сол сәтте-ақ бүкіл Ғалилея өлкесіне тарап кетті.</verse>
				<verse number="29">Жақып пен Жоханды ертіп алып, синагогадан шыға сала, олар Шимон мен Әндірдің үйіне келді.</verse>
				<verse number="30">Шимонның енесінің ыстығы көтеріліп, төсекте жатқан еді, мұны сол сәтте Исаға айтты.</verse>
				<verse number="31">Сонда Иса оған жақындап келіп, қолынан ұстап тұрғызғанда, оның қызуы қайтты, Шимонның енесі оларға қызмет ете бастады.</verse>
				<verse number="32">Кеш түсіп, күн батқан кезде, сол жердегі аурулар мен жын соққандардың бәрін Исаға алып келді.</verse>
				<verse number="33">Бүкіл қала адамдары Шимонның есігінің алдына жиналды.</verse>
				<verse number="34">Сол күні Иса көптеген адамдарды әр түрлі ауруларынан сауықтырды, олардан көптеген жындарды қуып шығарды. Ол жындарды сөйлетпей тастады, өйткені жындар Оның Кім екенін білді.</verse>
				<verse number="35">Таң атуға таяғанда, әлі де қараңғылық басып тұрған кезде, Иса ерте тұрып, сыртқа шықты. Оңаша жерге барып, мінәжат етті.</verse>
				<verse number="36">Сонда Шимон мен қасындағылар Исаның артынан іздеп шықты,</verse>
				<verse number="37">Оны тауып алған соң: -Сені бәрі іздеп жатыр, -деді Оған.</verse>
				<verse number="38">-Жүріңдер, басқа ауылдарға да барайық, Мен сол жерлерде уағыздауға тиіспін, өйткені Мен сол үшін келдім, - деді оларға.</verse>
				<verse number="39">Сөйтіп, Ол бүкіл Ғалилеядағы синагогаларға кіріп, сонда уағыз айтып, жындарды қуып шығарды.</verse>
				<verse number="40">Сонда алапеспен ауырған біреу Исаға келді, Оның алдына тізерлеп отыра қалып, Оған жалбарынып: -Егер қаласаң, Мені тазарта аласың, - деді.</verse>
				<verse number="41">Оған жаны ашыған Иса қолын созып, тигізді де: -Тазарғаныңды қалаймын! - деді.</verse>
				<verse number="42">Сол сәтте әлгі адамнан алапес кетіп, ол тап-таза болды.</verse>
				<verse number="43">Иса ауруды қуып шыққан соң, қатал түрде оған ескертіп:</verse>
				<verse number="44">-Байқа, ешкімге ештеңе айтпа, алайда ғибадатхана қызметкеріне барып, өзіңді көрсет. Сөйтіп, өзіңнің тазаланғаның үшін, Мұсаның бұйрығына сай құрбандық бер. Бұл оларға куәлік болсын, - деді.</verse>
				<verse number="45">Сол адам шыға салып, болған жағдайды көп адамға жариялап айта бастады. Сондықтан да Иса сол қалаға ашық кіре алмай, айдалада қалып қойды, сонда да Оған жан -жақтан адамдар ағылып келіп жатты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Иса Қапарнаумға қайтып келді, бірнеше күннен кейін адамдар Оның үйде екенін білді.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан бәрі сонда жинала бастады, әуелі, кейбіреулер есіктің жанынан да орын таба алмады. Иса оларға сөйлеп тұрған кезде,</verse>
				<verse number="3">сал болып жатып қалған біреуді төрт адам көтеріп, Оған алып келді.</verse>
				<verse number="4">Халықтың көптігінен Исаға жақындай алмағандықтан, олар Иса тұрған жердің төбесін қопарып ашты да, әлгі сал болған адамды төсенішімен төмен түсірді.</verse>
				<verse number="5">Олардың осы сенімін көрген Иса сал адамға: -Балам, сенің күнәларың кешірілді, - деді.</verse>
				<verse number="6">Таурат заңының кейбір зерттеушілері сол жерде отырған болатын, олар жүректерінде:</verse>
				<verse number="7">«Мынау неге олай айтып тұр? Бұл қорлау ғой! Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» - деп ойлады.</verse>
				<verse number="8">Олардың іштей осы ойда отырғанын Иса сол сәтте Өз Рухында біліп қойып, оларға: -Неге жүректеріңде осыны талқыға салып отырсыңдар? - деді.</verse>
				<verse number="9">-Сал болып жатқанға қайсысын айтқан оңайырақ? «Сенің күнәларың кешірілді», -деген бе? Немесе: «Тұр, төсенішіңді ал да, жүре бер!» - деп айтқан оңай ма?</verse>
				<verse number="10">Ал Адам Ұлында жер бетіндегі күнәні кешіретін биліктің бар екенін сендердің білулерің үшін, -деді де, сал болып жатқан адамға:</verse>
				<verse number="11">-Саған айтамын, тұр да, төсенішіңді алып, үйіңе бар! -деді.</verse>
				<verse number="12">Сол сәтте әлгі сал болған адам бәрінің көз алдында орнынан тұрып, төсенішін алып шығып кетті. Осыған бәрі таңғалып: -Біз ешқашан мұндайды көрген емеспіз! -деп Құдайды мадақтады.</verse>
				<verse number="13">Иса тағы да көлдің жағасына барды, бүкіл халық жиналып, Оның қасына келді, Иса оларға тәлім берді.</verse>
				<verse number="14">Иса өтіп бара жатып, салық жинаушының орнында отырған Әлпейұлы Леуіні көрді. -Менің соңымнан ер! -деді оған. Ол орнынан тұрып, Оның соңынан еріп кетті.</verse>
				<verse number="15">Бірде Иса Әлпейұлы Леуінің үйінде дастарқан басына жайғасып, ас ішіп отырды. Сонда Исамен бірге көптеген салық жинаушылар мен күнәкарлар да Оның шәкірттерімен бірге дастарқан басында тамақтанды. Олардың бірталайы Исаның соңынан еріп жүретін.</verse>
				<verse number="16">Исаның күнәкарлармен және салық жинаушылармен бірге ас ішіп отырғанын көрген сол жердегі Таурат заңын зерттеуші фарисейлер: -Ол неге салық жинаушылармен және күнәкарлармен бірге ас ішіп отыр? -деді Оның шәкірттеріне.</verse>
				<verse number="17">Мұны естіген Иса: -Дәрігерге дені саулар емес, тек аурулар ғана мұқтаж. Мен әділдерді емес, күнәкарларды шақыру үшін келдім, - деді оларға.</verse>
				<verse number="18">Жақияның және фарисейлердің шәкірттері ораза ұстайтын. Сонда олар Исаға келіп: -Неге Жақия мен фарисейлердің шәкірттері ғана ораза ұстайды? Сенің шәкірттерің неге ұстамайды? - деп Одан сұрады.</verse>
				<verse number="19">Иса оларға: -Күйеу жігітпен бірге болған уақытта достары ораза ұстаушы ма еді? Олар күйеу жігіт жанында болғанда ораза ұстамайды.</verse>
				<verse number="20">Олардан күйеу жігітті алып кететін күн туады, сол күндері олар ораза ұстайтын болады.</verse>
				<verse number="21">Ешкім де ескі сыртқы киімді жаңа матамен жамамайды, себебі жаңа мата отырған кезде, ескі киімді жыртады, сөйтіп, жыртық бұрынғысынан да үлкейіп кетеді.</verse>
				<verse number="22">Сондай-ақ ешкім де жас шарапты ескі торсыққа құймайды, өйткені шарап торсықты жарып кетеді, сөйтіп, шарап та, торсық та бүлінеді. Жас шарапты тек жаңа торсыққа ғана құяды, - деді.</verse>
				<verse number="23">Бір сенбіде Исаға егіндік арқылы өтуіне тура келді, сонда Оның шәкірттері жол-жөнекей масақтарды үзіп жей бастады.</verse>
				<verse number="24">Сонда фарисейлер Исаға: -Олар сенбіде істеуге болмайтын жұмысты неге істеп жүр, қарашы? - деді.</verse>
				<verse number="25">Иса оларға былай деді: -Дәуіт өзінің қасындағыларымен бірге мұқтаждық көріп, ашыққан уақытта оның не істегені жөнінде ешқашан оқымадыңдар ма?</verse>
				<verse number="26">Сол кезде бірінші бас қызметкер Абиятар болатын. Ол Құдайдың үйіне кіріп, тек бас қызметкерлерден басқа ешкімге жеуге болмайтын арнайы нанды өзі де алып жеді және басқаларына да сол нанды берді емес пе?</verse>
				<verse number="27">-Адам сенбі күн үшін жаратылған жоқ, керісінше, сенбі күні адам үшін жаратылған.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан Адамның Ұлы -сенбі күнінің де Иесі, -деді Иса оларға.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса қайтадан синагогаға келді. Сол жерде қолы семіп қалған бір адам бар еді.</verse>
				<verse number="2">Қаскөй адамдар осы адамды Иса сенбі күні де сауықтырар ма екен деп, Оның сыртынан мұқият бақылады және осы ісі арқылы Оны айыптау үшін сылтау іздеді.</verse>
				<verse number="3">Сонда Иса қолы семіп қалған әлгі адамға: -Ортаға кел, -деді де,</verse>
				<verse number="4">олардан былай деп сұрады: -Әрбір сенбіде қалай істеген дұрыс: жақсылықты ма әлде жамандықты ма? Адам жанын құтқару керек пе әлде құрту керек пе? Алайда олар еш жауап қатпады.</verse>
				<verse number="5">Иса сонда оларға ашулы көзбен қарап, жүректерінің қатыгездігіне қайғырып, әлгі адамға: -Қолыңды соз! -деді. Ол қолын созғанда, қолы бұрынғы қалпына келді.</verse>
				<verse number="6">Фарисейлер сол жерден шыққаннан кейін, Иродтың жақтастарымен бірігіп, Исаны тез арада құртпақ болып, шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="7">Иса Өз шәкірттерімен бірге көлге қарай бет алды. Оның соңынан ілескендердің көбі ғалилеялықтар болатын, бұған қоса Яһудеядан</verse>
				<verse number="8">және Иерусалимнен, Идумеядан, Иорданның арғы бетінен, сонымен қатар, Тир мен Сидонның маңайындағылар да Оның жасаған істері жайлы естіп, көптеп ағылып Исаға келіп жатты.</verse>
				<verse number="9">Сол жерде халық өте көп болғандықтан және Өзін қалың топ қысып тастамасын деген оймен Ол шәкірттеріне алдын ала айтып, қайық дайындатып қойды.</verse>
				<verse number="10">Сонымен, Иса олардың көбін сауықтырды, әр түрлі дерті барлар Оған қолдарын тигізіп қалу үшін, жанталаса Исаға қарай ұмтылды.</verse>
				<verse number="11">Ал таза емес рухтар Исаны көргенде, Оның алдына құлап, айғайлап: - Сен- Құдайдың Ұлысың! - деді Оған.</verse>
				<verse number="12">Бірақ Иса Өзінің Кім екені жайлы ашық айтуға олардың бірталайына тыйым салды.</verse>
				<verse number="13">Осыдан кейін Ол тауға көтерілді де, Өз қалауымен таңдап алғандарын қасына шақырды. Олар Оның жанына келді.</verse>
				<verse number="14">Сонда олардың он екісін елшілер деп атады және оларды уағыз айтуға жіберіп тұру үшін, әрқашан Өзінің қасында болғанын қалады.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, оларға жындарды қуып шығаратын билік берді.</verse>
				<verse number="16">Сөйтіп, он екісін елшілікке дайындап, Шимонға Петір деген ат қойды,</verse>
				<verse number="17">ал Зеведейдің ұлдары Жақып пен оның бауыры Жоханға Боанергеске (арамей тілінде «күркіреген күннің ұлдары») деген ат қойды.</verse>
				<verse number="18">Осылармен бірге Әндір, Філіп, Бартолмай, Матай, Тома, Алфейұлы Жақып, Тадей, Қананит Шимон</verse>
				<verse number="19">және Өзін сатып кеткен Иуда Исқариот та болды.</verse>
				<verse number="20">Содан кейін олар үйге келді, алайда халық тағы да сол жерге көп жиналып алды, сондықтан олардың тамақ ішуге де уақыттары болмады.</verse>
				<verse number="21">Мұны естіген Исаның туыстары келіп, Оны алып кетпек болды, себебі олар Оны «есінен адасқан» деп ойлап жүрген болатын.</verse>
				<verse number="22">Иерусалимнен келген Таурат заңын зерттеушілер: -Оның бойында белзебүл бар, өйткені Ол жындарды тек жындардың басшылығымен ғана қуып шығарып жүр, -деді.</verse>
				<verse number="23">Сонда Иса оларды Өзіне жақынырақ шақырып алып, астарлы әңгіме айтып берді. «Шайтан шайтанды қалай қуып шыға алады?</verse>
				<verse number="24">Егер де патшалық өзара жауласып, бөлінетін болса, сол патшалық нық тұра алмайды.</verse>
				<verse number="25">Әрбір үй іші де өзара жауласып, бөлінетін болса, сол үй де нық тұра алмайды.</verse>
				<verse number="26">Егер де шайтан өзіне-өзі қарсы шығатын болса, онда оның да жауласып, бөлінгені, ол да нық тұра алмағандықтан, оның ақыры жақын.</verse>
				<verse number="27">Сол сияқты күштінің үйіне кіріп, оның заттарын тонау үшін, ең алдымен, оны байлап тастау қажет, тек содан кейін ғана оның үйін тонайтын мүмкіндік туады».</verse>
				<verse number="28">Сендерге шындықты айтайын: Адам баласының Құдайға қарсы күнәлары және олардың айтқан қорлау сөздері қанша рет жасалса да кешіріледі,</verse>
				<verse number="29">ал Киелі Рухты біреу қорлап, Оған тіл тигізетін болса, өмір бойы оған кешірім болмайды, керісінше, сол күнәсі үшін ол мәңгілікте жауап беретін болады, - деді.</verse>
				<verse number="30">Иса мұны олардың: «Оның бойында таза емес рух бар», - деген сөздеріне байланысты айтқан еді.</verse>
				<verse number="31">Сол жерге Исаның анасы мен бауырлары келді, сыртта тұрып, біреуді жіберіп, Оны шақыртты.</verse>
				<verse number="32">Сол кезде көптеген адам Исаны айналдыра қоршап отырған болатын, сонда Оған: -Сенің анаң мен бауырларың және қарындастарың Сені іздеп келді, олар Сені сыртта күтіп тұр, - деді.</verse>
				<verse number="33">Иса оларға: -Кім Маған ана және кім Маған бауыр? -деді.</verse>
				<verse number="34">Жан-жағына қарап: -Міне, Менің анам мен бауырларым, -деп Өзі жауап берді.</verse>
				<verse number="35">Егер кімде-кім Құдайдың еркін орындаса, сол Маған бауыр, қарындас және ана болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Иса тағы да көлдің жағасында тұрып, тәлім бере бастады. Сол кезде Оның қасына халық өте көп жиналғандықтан, Оған қайыққа мініп, көлдің жағасынан әрірек барып тұруына тура келді, жиналған халық көлдің жағасында тұрды.</verse>
				<verse number="2">Сонда Иса көптеген астарлы әңгімелер арқылы оларға Өз тәлімін үйретті.</verse>
				<verse number="3">Міне, тұқым себуші тұқым себуге шықты, тыңдап алыңдар.</verse>
				<verse number="4">Ол тұқым сеуіп жүргенде, олардың кейбіреулері жол бойына түсті. Сонда құстар ұшып келіп, оны жеп қойды.</verse>
				<verse number="5">Басқалары топырағы аз тастақ жерге түсті, оның топырағы жұқа болғандықтан, олар сол сәтте тез көктеп шықты.</verse>
				<verse number="6">Алайда күн шыққан кезде ол күйіп кетті, себебі оның тамыры болмағандықтан, кеуіп, қурап қалды.</verse>
				<verse number="7">Өзгелері тікенді жерге түсті, тікен де бірге өсіп шығып, оны тұншықтырып тастады, сөйтіп, ол да жеміс бере алмады.</verse>
				<verse number="8">Басқалары құнарлы жерге түсіп, өсіп-өніп, бірі-отыз, бірі-алпыс, бірі, тіпті, жүз еседен өнім берді.</verse>
				<verse number="9">Содан кейін Ол: -Кімде еститін құлақ болса, тыңдап алсын, - деді.</verse>
				<verse number="10">Кейінірек Иса Өзі жалғыз қалған сәтте, қасында жүргендер мен он екі шәкірті Одан осы астарлы әңгіме жайында сұрады.</verse>
				<verse number="11">Иса оларға: -Құдай Патшалығының құпиясын түсіну сендерге ғана берілген, ал сырттағыларға бәрі тек астарлы әңгімелер арқылы беріледі.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан олар «Көріп тұрса да көре алмайды, естіп тұрса да түсінбейді, сонда да олар кері қайтқылары келмейді, әйтпесе олардың күнәлары кешірілер еді», - деді.</verse>
				<verse number="13">-Осы астарлы әңгімені түсінбесеңдер, қалған астарлы әңгімелерді қалай түсінесіңдер? - деді оларға Иса.</verse>
				<verse number="14">Себушінің себетіні - сөз.</verse>
				<verse number="15">Бұл сөз жол бойындағыларға да себіледі, олар оны естиді, алайда сол сәтте шайтан келіп, оларға себілген сөзді ұрлап кетеді.</verse>
				<verse number="16">Тастақ жерге себілгендер болса, олар сол сөзді естіген сәтте оны қуанышпен қабылдайды,</verse>
				<verse number="17">бірақ тамыры болмағандықтан, аз уақытқа ғана шыдайды, сөз үшін қиыншылық пен қудалау келсе, бірден сенімнен тайып кетеді.</verse>
				<verse number="18">Ал тікенді жерге себілген басқаларын алсақ, олар сөзді естиді,</verse>
				<verse number="19">алайда осы әлемнің қамымен жүргенде байлыққа алданады және сол сияқты басқа да қалауларға беріліп, сөзді өшіріп, өсірмей тастайды, сондықтан ол жеміс бермейді.</verse>
				<verse number="20">Жақсы жерге себілгендерге келсек, олар сөзді естіп, оны қабылдап, бірі-отыз, бірі-алпыс, бірі, тіпті, жүз есе өнім беретін болады, - деді.</verse>
				<verse number="21">Осыдан кейін Иса оларға тағы да мынаны айтты: -Жағылған шамды жабық ыдыстың немесе төсектің астына қоя ма? Керісінше, оны шам қойғышқа қоймай ма?</verse>
				<verse number="22">Өйткені жарыққа шықпайтын ешбір құпия не болмаса ашылмайтын ешқандай да сыр болмайды, бәрі де ашылатын болады.</verse>
				<verse number="23">Егер кімде еститін құлақ болса, сол осыны тыңдап алсын.</verse>
				<verse number="24">Иса оларға тағы да былай деді: -Естігендеріңе ден қойыңдар. Қандай мөлшерде өлшесеңдер, сендерге де сондай мөлшерде өлшеп беріледі немесе қосып беріледі.</verse>
				<verse number="25">Өйткені кімде бар болса, соған тағы да беріледі, ал кімде жоқ болса, оның бар дегенін де алып қояды.</verse>
				<verse number="26">Құдай патшалығы адамның жерге дән себуіне ұқсайды.</verse>
				<verse number="27">Ол түнде ұйқыда болса, күндіз ояу, сөйтіп, ол дәннің қалай өсіп - өнгенін де байқамай қалады.</verse>
				<verse number="28">Жердің өзі жемісті өсіріп шығарады, ең алдымен, көк шөп сияқты болса, кейін сабағы өсіп шығады, кейін сабағы бидайға толады.</verse>
				<verse number="29">Өнімнің жемісі піскен уақытта өнімді жинайтын кездің келгенін айтып, сол сәтте орушы жібереді, - деді Иса.</verse>
				<verse number="30">Иса тағы да жалғастырып: -Құдай Патшалығын тағы неге ұқсатуға болады? Оны қандай мысал арқылы түсіндіруге болады?</verse>
				<verse number="31">Ол қыша дәніне ұқсас, өйткені ол жерге себілетін барлық дәнді -дақылдардың ең кішкентайы болып саналады.</verse>
				<verse number="32">Себілгеннен кейін ол көктеп, оның сабағы басқа да өнім беретін жеміс-жидектерден де биік болып өседі әрі бұтақтарын кеңінен жаяды, сондықтан көктегі құстар ұшып келіп, оның көлеңкесін паналайды, - деді.</verse>
				<verse number="33">Сөйтіп, Иса оларға осындай астарлы әңгімелер арқылы олардың сөзді қаншалықты қабылдай алуына байланысты соншалықты оларға айтып жеткізді.</verse>
				<verse number="34">Осылайша Ол астарлы әңгімесіз оларға ештеңе де айтпады, оңашада Өзінің шәкірттеріне бәрін түсіндіріп отырды.</verse>
				<verse number="35">Иса сол күні кеш батқанда шәкірттеріне: -Енді келесі жағаға өтейік, - деді.</verse>
				<verse number="36">Олар жиналған халықты қалдырды да, қайыққа отырып, арғы жағаға кетті.</verse>
				<verse number="37">Сол кезде қатты жел тұрып, дауыл көтерілді, толқындар қайықты ұрғылап, қайықтың іші суға тола бастады.</verse>
				<verse number="38">Бұл кезде Иса қайықтың артқы жағында басын жастыққа қойып, ұйықтап жатқан болатын. Сонда шәкірттері Оны оятып: -Ұстаз! Біз құритын болдық! Бұл Сені мазаламай ма? - деді.</verse>
				<verse number="39">Сонда Иса оянып, орнынан тұрып, жел мен толқынға: -Тыныштал! Тоқта! -деп тыйым салды. Сонда жел тоқтап, бір ғаламат тыныштық орнады.</verse>
				<verse number="40">Содан кейін шәкірттеріне: -Неге соншама қорықтыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па? - деді.</verse>
				<verse number="41">Сол сәтте шәкірттері қатты үрейленіп тұрғандықтан, бір-біріне: -Оған, тіпті, жел мен толқын да бағынатын Бұл Кім Өзі!? - десті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Сосын олар көлдің арғы жағасында орналасқан Ғадара еліне келді.</verse>
				<verse number="2">Иса қайықтан түскен сәтте, Оған сол жердегі қабірлердің арасынан шыққан, таза емес рухтың жетегіндегі бір адам кездесе кетті.</verse>
				<verse number="3">Бұл адам сол жердегі қабірлерде түнейтін және ешкім оны шынжырмен де байлап-матап ұстай алмайтын.</verse>
				<verse number="4">Оның аяғын талай рет шынжырмен кісендеп байласа да, ол аяғындағы шынжырлы кісенді үзіп тастайтын, сондықтан оны бағындыруға ешкімнің де күші жетпейтін.</verse>
				<verse number="5">Ол түнде де, күндіз де сол қабірлер мен тауларды аралап, айғай салып, өзін-өзі таспен ұрғылай беретін.</verse>
				<verse number="6">Енді сол адам Исаны алыстан көре салып, Оған жүгіріп келді де, алдына келіп жығылып,</verse>
				<verse number="7">бар дауыспен айғайлап: -Құдіреті күшті Құдайдың Ұлы Иса, Сенің менде нең бар? Құдайдың атымен жалынып сұраймын, мені азапқа сала көрмеші! - деді.</verse>
				<verse number="8">Өйткені Иса оған: -Таза емес рух, бұл адамнан шық! -деген болатын.</verse>
				<verse number="9">Иса одан: -Сенің атың кім? -деп сұрады. -Менің атым -Легион, себебі біз өте көппіз, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="10">Олар Исадан өздерін сол елден қуып шықпауын сұрап, жалына өтінді.</verse>
				<verse number="11">Сол жердегі тау бөктерінде бір топ шошқа жайылып жүрген болатын.</verse>
				<verse number="12">Сонда олар: -Бізді сол шошқаларға жібер, соларға барып енейік, - деп сұрады.</verse>
				<verse number="13">Иса солай болғанын қалап, оларға рұқсат берді. Сөйтіп, таза емес рухтар әлгі адамнан шыққан бойда, шошқаларға барып енді, сонда екі мыңдай шошқаның үлкен тобы жардан төмен қарай құлап, көлге батып кетті.</verse>
				<verse number="14">Оларды бағып жүрген адамдар қашып, қала мен ауылдағыларға барып, болған жағдайды оларға хабарлады. Адамдар не болғанын көру үшін, сол жерге келді.</verse>
				<verse number="15">Содан олар Исаға жақындап келгенде, бойын жын буған сол адамның киініп, ақыл-есін жинап, сап-сау отырғанын көргенде, олар қорқып кетті.</verse>
				<verse number="16">Жын буған адаммен және шошқалармен не болғанын көргендер сол жерде болған оқиғаны оларға айтып берді.</verse>
				<verse number="17">Сонда адамдар Исаның сол аймақтан кетуін қалап, Одан өтініп сұрай бастады.</verse>
				<verse number="18">Иса қайыққа барып отырғанда, көп жындардың жетегінде болған әлгі адам Онымен бірге барғысы келетінін айтып, өтініш білдірді.</verse>
				<verse number="19">Бірақ Иса оған рұқсат етпеді, керісінше: -Үйіңдегі өз туыстарыңа барып, саған Иеңнің не істегені, қалай саған мейірімін төккені жайында оларға айтып бер, - деді.</verse>
				<verse number="20">Сол адам Он қалаға барып, Исаның өзіне не істегені туралы айта бастады, олардың бәрі оның айтқанына таңғалды.</verse>
				<verse number="21">Иса қайықпен қарсы жағаға қайта өткен кезде, Оның маңайына тағы да көп халық жиналып қалды, сол мезгілде Ол көл жағасында тұрған болатын.</verse>
				<verse number="22">Сол уақытта Жайыр есімді синагоганың бір басшысы келіп, Исаны көре салып, Оның аяғына жығылды:</verse>
				<verse number="23">-Менің қызым өте ауыр халде жатыр, Сен оның құтқарылып, тірі қалуы үшін, оған барып қолыңды қойшы, - деп Исаға қатты жалынды.</verse>
				<verse number="24">Сонда Иса онымен бірге сол жаққа кетті. Бірақ Оның артынан соншама көп халық еріп жүргендіктен, Оны жанжағынан қыспақтай бастады.</verse>
				<verse number="25">Сол жерде он екі жылдан бері қан кетіп ауырып жүрген бір әйел де болды.</verse>
				<verse number="26">Ол көп емшілерден көңілі қалған еді, өзінде бардың бәрін тек емделуге ғана жұмсағанмен, олардан еш пайда болмады, керісінше, халі одан да жаман болып, нашарлай түскен еді.</verse>
				<verse number="27">Сол әйел Иса туралы естіп, сығылысқан халықтың арасымен Оған жақындап келіп, Оның сырт киіміне қолын тигізді.</verse>
				<verse number="28">«Егер де Оның киіміне қолымды тигізсем болды, мен сауығып кетемін», - деп іштей ойлаған болатын.</verse>
				<verse number="29">Сонда оның бойынан аққан қан сол сәтте тоқтады, әйел дертінен сауыққанын білді.</verse>
				<verse number="30">Иса сол мезетте Өзінен бір күштің шыққанын сезіп, халыққа бұрылып: -Менің киіміме кім қолын тигізді? -деді.</verse>
				<verse number="31">-Халықтың Өзіңді жан-жағыңнан қыспақтап тұрғанын көре тұра, Маған кім қолын тигізді деп неге сұрап тұрсың? -деді шәкірттері Оған.</verse>
				<verse number="32">Дегенмен, Иса осыны істеген адамды көру үшін жан-жағына қарады.</verse>
				<verse number="33">Жаңағы әйел қорыққанынан дірілдеп және өзіне не болғанын түсініп, Оның аяғына келіп жығылды, Исаға бар шындықты айтып берді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Иса әлгі әйелге: -Қызым, сенімің сені сауықтырды! Тыныштықпен бара бер, ауруыңнан толық айықтың, - деді.</verse>
				<verse number="35">Иса әлі де сөйлеп тұрған кезде: -Сенің қызың қайтыс болды, енді Ұстазды мазалаудың қажеті қанша? -деген хабар синагога басшысына жетті.</verse>
				<verse number="36">Алайда Иса олардың сөздерін тыңдамай, синагога басшысына: - Тек сенімің болсын, қорықпа! - деді.</verse>
				<verse number="37">Иса Өзімен бірге еріп жүруге тек Петір мен Жақыпқа және оның бауыры Жоханға ғана рұқсат берді, басқаларын ертпеді.</verse>
				<verse number="38">Сөйтіп, Олар синагога басшысының үйіне келгенде, шулап жылағандар мен жоқтау айтқандардың көп екенін көріп:</verse>
				<verse number="39">-Неге шулап, жылап жатырсыңдар? Қыз өлген жоқ, тек ұйықтап жатыр, - деді оларға ішке кірген соң.</verse>
				<verse number="40">Олар мысқылдап, Оған күле бастады. Сонда Иса бәрін далаға қуып шығарды да, қыздың әке-шешесімен және Өзінің жанындағылармен бірге қыз жатқан бөлмеге кірді.</verse>
				<verse number="41">Қыздың қолын алып: -Талифа куми! -деді. Мұның мағынасы: «Қыз, саған айтып тұрмын, тұр!» - дегені еді.</verse>
				<verse number="42">Сол сәтте қыз орнынан тұрып, жүре бастады. (Ол он екі жаста еді) Барлығы қатты таңғалды.</verse>
				<verse number="43">Бірақ Иса оларға осы болған жағдайды ешкімнің білмеуін тапсырды және қызға тамақ беруді өтінді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Иса сол жерден шықты да, шәкірттерін ертіп, Өзі тұрып жатқан елге келді.</verse>
				<verse number="2">Ол сенбі күні таңертең ерте синагогада тәлім бере бастады. Оны тыңдаған көпшілік таңғалып: -Оған мұның бәрі қайдан келген? Осындай даналық Оған қайдан берілді? Осыншама құдіретті күш Оның қолымен қалай жасалып жатыр? - деп сұрастырып жатты.</verse>
				<verse number="3">Ол жай ғана ағаш ұстасы емес пе? Мәриямның ұлы ғой? Ол Жақып пен Жосияның және Яһуда мен Шимонның бауыры емес пе? Оның қарындастары да біздің арамызда жүр емес пе? Осылайша, олар Оған күмәнданып, сенімсіздік танытты.</verse>
				<verse number="4">-Пайғамбар өз елі мен туыстарының арасында және өз үйінен басқа жерде қадірсіз болмас, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан Иса сол жерде Өзінің құдіретті күшімен ешқандай кереметтер жасай алмады. Ол тек қолын қойып, біраз ауруларды сол жерде сауықтырды.</verse>
				<verse number="6">Иса олардың сенімсіздік танытқандарына таңғалды. Ол сол маңайдағы ауылдарды аралап, тәлім берді.</verse>
				<verse number="7">Содан кейін Иса он екі шәкіртін шақырып алып, оларды екі-екіден бөлді, оларға таза емес рухтарды қуып шығаратын билік берді. Иса оларды жіберіп тұрып:</verse>
				<verse number="8">-Өздеріңмен бірге жолға таяқтан басқа нан не дорба, не белбеулеріңе орап, мыс ақша да алмаңдар,</verse>
				<verse number="9">аяқтарыңдағы аяқ киімдерің де қарапайым болсын, сыртқы киімдерің екеу болмасын, - деп бұйырды.</verse>
				<verse number="10">Егер де бір үйге кірсеңдер, сол орыннан шығып кеткенше, сонда қала беріңдер.</verse>
				<verse number="11">Егер сендерді біреулер қабылдамаса не тыңдағысы келмесе, сол жерден шыға бере аяқтарыңның шаңын қағып тастаңдар. Бұл оларға ескерту болады. Сендерге шындықты айтайын: сот болатын күні сол қалаға қарағанда Содом мен Ғомораға әлдеқайда жеңілірек болады, -деді. * (Осы бөлігі кейбір қолжазбаларда көсетілмеген).</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін шәкірттері сол арадан шығып, адамдарға уағыз айтып, тәубе етуге шақырып жүрді.</verse>
				<verse number="13">Көптеген жындарды қуып шығарды әрі бірталай ауырған адамдарға май жағып, оларды сауықтырды.</verse>
				<verse number="14">Исаның есімі әйгілі бола бастаған кезде, Оның істеген істері жайында Ирод патша да естиді. Өйткені біреулер Ол туралы: «Ол батырып суға шомылдырушы Жақия екен, өлімнен қайта тіріліпті, сондықтан Оның бойында осындай құдіретті күштер әрекет етуде, - десе, енді біреулері:</verse>
				<verse number="15">«Ол-Ілияс пайғамбар», -деді, ал кейбіреулері Оны: «Сол көптеген пайғамбарлардың бірі», - десті.</verse>
				<verse number="16">Осындай пікірлерді естіген Ирод: Ол-мен басын шаптыртқан Жақия, сол қайта тіріліпті, - деді.</verse>
				<verse number="17">Бір кездері Ирод өзінің бауыры Філіптің әйелі Иродиаға бола, Жақияға нөкерлерін жіберіп ұстатып, зынданға қаматқан болатын, сосын ол Иродиаға үйленіп алған еді.</verse>
				<verse number="18">Сонда Жақия Иродқа: -Өз туған бауырыңның әйелін саған алуға болмайды, -деп оның ісіне қарсы шыққан болатын.</verse>
				<verse number="19">Иродиа іштей Жақияға кек сақтап жүрді, сөйтіп, мүмкіндік бола қалса, оны өлтіріп тастағысы да келді, алайда сол ісін іске асыра алмаған.</verse>
				<verse number="20">Өйткені Иродтың өзі Жақиядан қорқатын, оның әрі әділетті, әрі киелі адам екенін біліп, оны қорғап жүретін. Ал оның уағыздарын тыңдаған кезде, ыңғайсыз күйге түсетін, бірақ соның өзінде оны рахаттана, сүйсіне тыңдайтын.</verse>
				<verse number="21">Сондай бір ыңғайлы сәт Иродтың туған күнінде бола қалды. Иродтың өзі ақсүйектер мен мыңбасыларын және Ғалилея өлкесінің бірінші басшыларын жинап, той жасады.</verse>
				<verse number="22">Сол кезде Иродианың қызы ортаға шығып би билеп, Иродқа да, тойда отырғандарға да ұнап қалады. Сонда патша қызға: -Не қаласаң, соны сұра, мен саған беремін! -деді.</verse>
				<verse number="23">-Егер менен бір нәрсе сұрасаң болды, орындаймын, тіпті, патшалығымның жартысын сұрасаң да беремін, -деп ант берген болатын.</verse>
				<verse number="24">Сонда қыз шешесінен: -Не сұрасам болады? -деді. -Суға батырып шомылдырушы Жақияның басын сұра, -деді шешесі оған.</verse>
				<verse number="25">Сол сәтте қыз патшаға жылдам жүгіріп келіп: -Дәл қазір маған суға батырып шомылдырушы Жақияның басын табақпен алып келгеніңді қалаймын, - деді.</verse>
				<verse number="26">Алайда патша бұған қатты қайғырды, берген антын және тойда отырғандарға бола қызға берген уәдесін бұза алмады.</verse>
				<verse number="27">Сол сәтте нөкерлеріне Жақияның басын алып келуді бұйырды. Нөкерлері абақтыға барып, оның басын шауып,</verse>
				<verse number="28">табаққа салып алып келіп, қызға берді, қыз оны өзінің шешесіне апарып берді.</verse>
				<verse number="29">Болған жағдайды естіген соң, Жақияның шәкірттері келіп, оның өлі денесін алып, қабірге қойды.</verse>
				<verse number="30">Исаның қасына жиналған елшілер тапсырған істерді қалай орындағанын, халыққа қалай тәлім бергендерін түгел Оған айтып берді.</verse>
				<verse number="31">Иса оларға: -Сендер енді ешкім жоқ жерге барып, біраз демалып алыңдар, -деді. Өйткені сол жерге келіп -кетушілер өте көп болғандықтан, олардың тамақтануға уақыттары болмаған еді.</verse>
				<verse number="32">Сөйтіп, олар елсіз жерге қайықпен жүзіп кетті.</verse>
				<verse number="33">Бірақ олардың кетіп бара жатқандарын көрген көптеген халық олардың кімдер екенін білді, қаладан шыққандардың бәрі жаяу-жалпы жүгірген бойы, сол жерге олардан бұрын жетіп алды.</verse>
				<verse number="34">Иса жағаға шыққан бойда, жиналған көп халықты көріп, оларға жаны ашыды, себебі олар бағушысы жоқ қойлар сияқты болатын, Ол ұзақ уақыт оларды үйретумен болды.</verse>
				<verse number="35">Біраз уақыт өткен соң, Оған шәкірттері келіп: -Бұл жер бір айдала екен және уақыт та тым кеш болып кетті.</verse>
				<verse number="36">Оларды таратып жібер, осы жақын арадағы ауылдар мен елді мекендерге барсын да, өздеріне қажетті ңәрселерін сатып алып жесін, - деді.</verse>
				<verse number="37">-Оларға жейтін тамақты сендер беріңдер, -деді Иса. -Біз барып, екі жүз динарийге тамақ сатып алып, оларға берейік пе? - деді олар Исаға.</verse>
				<verse number="38">Иса олардан: -Қанша нандарың бар? Барып, соны біліңдер, -деді. Олар білген соң: -Бес нан мен екі балық бар, - деді Исаға.</verse>
				<verse number="39">Иса оларға халықты топ-топқа бөліп, көк шөпке жайғастырып отырғыза беруді бұйырды.</verse>
				<verse number="40">Сонымен, халық елуден, жүзден қатар-қатар жайғасып отырды.</verse>
				<verse number="41">Сонда Иса әлгі бес нан мен екі балықты алып, көзін көкке қадап, бата берген соң, адамдарға нанды тарату үшін үзіп-үзіп, Өзінің шәкірттеріне берді, оған қоса екі балықты да бөліп, таратып берді.</verse>
				<verse number="42">Адамдардың бәрі жеп, тойып алды,</verse>
				<verse number="43">сонда олар нан мен балықтан қалған қалдықтарды жинағанда, он екі себетке толды,</verse>
				<verse number="44">сол жерде нан жегендердің бес мыңы ер адам болатын.</verse>
				<verse number="45">Содан кейін Иса Өзінің шәкірттеріне қайыққа отырып, арғы жағадағы Бетсайға алдын ала өтіп алуды бұйырды да, Өзі халықты таратып жібермек болып, сонда қалды.</verse>
				<verse number="46">Иса халықты таратып жіберген соң, мінәжат ету үшін тауға қарай кетті.</verse>
				<verse number="47">Кеш батқан кезде қайық көлдің ортасына дейін барған болатын, Иса сол кезде жалғыз Өзі жағада болды.</verse>
				<verse number="48">Сонда Иса олардың соққан желге қарсы ескектерін есе алмай, қиналып жатқандарын көрді. Сөйтіп, түннің төртінші күзетінде Ол көлдің бетімен жүріп, оларға келіп, қастарынан өтіп кетпек болды.</verse>
				<verse number="49">Олар Исаның көлдің бетімен келе жатқанын көріп қалып, елес екен деп ойлап, айғайлап жіберді.</verse>
				<verse number="50">Олардың бәрі Исаны көрген сәтте қатты қорқып кеткен еді. Бірақ Иса оларға бірден тіл қатып: -Сабыр сақтаңдар! Бұл-Мен! Қорықпаңдар! - деді.</verse>
				<verse number="51">Иса олардың қасына барып, қайыққа отырған кезде, жел де тына қалды. Шәкірттері бұған қатты таңғалды.</verse>
				<verse number="52">Өйткені олар нанмен болған оқиғаны әлі де толық түсіне қоймаған болатын, себебі олардың жүректері әлі де тастай қатты еді.</verse>
				<verse number="53">Олар Гинесәрет жеріне жеткен соң, жағаға келіп тоқтады.</verse>
				<verse number="54">Олар қайықтан түскен кезде, жағада болған адамдар Исаны бірден танып қойды.</verse>
				<verse number="55">Олар Исаның қай жерде жүргенін бүкіл аймаққа жариялап, Ол қай жерде болса, сол жерге ауру-сырқау адамдарды төсеніштерімен әкеле бастады.</verse>
				<verse number="56">Сонымен, Ол қайда бармасын: ауылда немесе қалада, не сауда алаңдарында болсын, Оған науқас адамдарды әкеліп отырды. Сонымен қатар, Оның киімінің етегіне қолдарын тигізуіне рұқсат сұрайтын, сонда қол тигізгендердің бәрі сауығып кетіп жатты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Бірде фарисейлермен бірге Иерусалимнен келген бірнеше Таурат заңын зерттеушілер жиналып, Исаның қасына барды.</verse>
				<verse number="2">Сонда олар Оның шәкірттерінің біразы әдеттегідей қолдарын жумай тамақ жеп отырғанын көріп қалады.</verse>
				<verse number="3">Фарисейлер мен яһудейлердің бәрі қолдарын жумай ас ішпейтін, олар өздерінің ата-бабаларының салт-дәстүрін осылай ұстанатын.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан олар сауда-саттық орындарынан келген кезде алдымен жуынбай, ас ішпейтін. Сонымен қатар, олар құмыраларды, кеселерді және мыс ыдыстарды және төсек-орындарын да сумен жуып, тазартып тұратын. Олар осындай ережелерді өте қатты ұстанатын болған соң, Исадан:</verse>
				<verse number="5">-Сенің шәкірттерің неге ата бабалардың салт-дәстүрімен жүрмейді? Неге қолдарын жумай тамақ жейді? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иса оларға: -Ей, екіжүзділер, сендер туралы Ишая пайғамбар дұрыс айтқан, -деді. «Бұл халық Мені тек аузымен ғана құрметтейді, ал олардың жүректері Менен тым алыста,</verse>
				<verse number="7">өйткені олар өз тәлімдерінде тек адамдардың өсиетіне сүйенеді, ал Мені құр бекер құрметтейді», -деп жазылған Жазбада.</verse>
				<verse number="8">Сендер Құдайдың өсиетін қалдырып, адамдардың салт-дәстүрін ұстанасыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="9">Иса оларға тағы да былай деді: -Өз салт-дәстүрлеріңді орнату үшін, Құдайдың өсиетінен бас тартуды жақсы білесіңдер.</verse>
				<verse number="10">Мұса: «Өз әке-шешеңді құрметте» және «Кім әке-шешесіне жаман сөз айтатын болса, сол өлім жазасына кесілетін болсын», - деген.</verse>
				<verse number="11">Ал сендер: -Егер де адам өз әке-шешесіне: «Сендердің менен көретін игіліктерің менің Құдайға берген құрбандық сыйым болсын», - деп айтса болды,</verse>
				<verse number="12">оның әке-шешесіне жасағысы келетін игі ісін жасатпайсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Сол сияқты осыған ұқсас көп нәрселерді орындап, өз салт-дәстүрлеріңе бола Құдайдың сөзін жоққа шығарып жүрсіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="14">Осыдан кейін Иса халықты қайтадан Өзіне шақырып алып: - Бәрің де Мені тыңдап, ұғып алыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сырттан кірген еш нәрсе адамды арамдай алмайды, керісінше, адамды оның ішінен шығатын нәрселер арамдайды, - деді.</verse>
				<verse number="16">Кімнің құлағы бар болса, сол тыңдап алсын. (Көне жазбаларды осы сөздер жоқ).</verse>
				<verse number="17">Иса халықты қалдырып, үйге кірген кезде, шәкірттері Одан осы нақыл сөздің астарының мағынасы жайында сұрады.</verse>
				<verse number="18">Сонда Иса оларға: -Сендер де осыны түсінбедіңдер ме? Сырттан кірген ешбір нәрсе адамды арамдай алмайтынын сендер неге түсінбей тұрсыңдар?</verse>
				<verse number="19">Себебі сол нәрсе адамның жүрегіне бармайды, тек асқазанына барып түседі де, одан кейін сыртқа шығады, сондықтан да барлық ас таза болып саналады.</verse>
				<verse number="20">Адамды арамдайтын -оның ішінен шыққан нәрсе, -деді Ол.</verse>
				<verse number="21">Жаман ойлардың бәрі адамның ішкі дүниесінен, оның жүрегінен шығады, олар: жыныстық азғындық, ұрлық, кісі өлтіру,</verse>
				<verse number="22">неке адалдығын бұзу, бақталастық, зұлымдық, қулық, тәртіпсіздік (бейбастақтық), көрсеқызарлық, Құдайға тіл тигізу, тәкаппарлық, санасыздық.</verse>
				<verse number="23">Осындай жаман нәрселердің бәрі адамның ішкі жан дүниесінен шығады, сондықтан адамды тек осылар арамдайды, - деді.</verse>
				<verse number="24">Осыдан кейін Иса сол жерден Тир өңіріне аттанды. Сол жаққа келгенде, Ол ешкімнің де Өзі жөнінде білгенін қаламады, бірақ та Ол сол жерде де жасырын болып қала алмады.</verse>
				<verse number="25">Бір әйел Ол туралы сол сәтте біліп қойды, оның қызының бойында табиғаты таза емес рух болған, сонда әлгі әйел келіп, Оның аяғына жығылды.</verse>
				<verse number="26">Әйел грек ұлтынан әрі сирофиникиялық болатын. Әйел Исадан оның қызының бойындағы жынды қуып шығаруын өтінді.</verse>
				<verse number="27">-Ең алдымен, балалар тойып алсын, қоя тұр. Тегінде, балалардың нанын алып, күшіктерге тастаған жақсылық емес, - деді Ол әйелге.</verse>
				<verse number="28">-Ием, үстел астындағы күшіктер де сол балалардан түскен қоқымдарды жейді ғой, -деп жауап берді әлгі әйел.</verse>
				<verse number="29">Сонда Иса әлгі әйелге: -Осылай жауап бергенің үшін, сен енді бара берсең болады, өйткені сенің қызыңның бойындағы жын шығып кетті, - деді.</verse>
				<verse number="30">Жаңағы әйел үйіне қайта оралғанда, қызының төсекте тыныш жатқанын және жынның одан шығып кеткенін байқады.</verse>
				<verse number="31">Иса Тир өңірінен шығып, қайтадан Сидон аймағы арқылы жүрді, Он қала өлкесінің ортасымен өтіп, Ғалилея көліне келді.</verse>
				<verse number="32">Сол жерде Оған саңырау, тілі мүкіс біреуді алып келді де, Исадан оған қол қоюын өтінді.</verse>
				<verse number="33">Иса оны халықтан бөлек алып шығып, саусағын оның құлағына тықты, саусағына түкіріп, тіліне тигізді,</verse>
				<verse number="34">көкке қарап күрсінді де: -Эффафа! -деді. (Мағынасы «Ашыл!» дегенді білдіреді)</verse>
				<verse number="35">Сонда оның құлағы сол сәтте ашылып, тілі шешіліп, анық сөйлей бастады.</verse>
				<verse number="36">Иса оларға осы жөнінде ешкімге айтпауын бұйырды. Алайда Ол қанша тыйым салса да, олар соғұрлым Ол туралы көбірек жариялай берді.</verse>
				<verse number="37">Адамдар бұған қатты таңғалып: -Оның істеген істерінің бәрі жақсы: саңыраулар естіп, мылқаулар сөйлеп жатыр, -деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Сол күндері тағы да халық көп жиналып қалды, алайда олардың жейтін тамақтары болмағандықтан, Иса шәкірттерін шақырып алып, былай деді:</verse>
				<verse number="2">-Мына халыққа жаным ашып тұр, олардың Менімен бірге жүргеніне, міне, үш күн болды, олардың жейтін тамақтары да қалмады.</verse>
				<verse number="3">Егер де оларды үйлеріне аш жіберетін болсам, онда олар орта жолда әлсіреп қалады және олардың біразы алыс жерлерден келді, - деді.</verse>
				<verse number="4">Сонда Исаның шәкірттері: -Осы иен далада оларды тойдыру үшін кім нан тауып бере алады?! - деді Оған.</verse>
				<verse number="5">Иса олардан: -Қанша нандарың бар? -деп сұрады. Олар: - Жетеу, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иса халыққа жерге жайғасып отыра беруін бұйырды да, жеті нанды алып, ризашылығын білдірген соң, нанды үзіп-үзіп, Өзінің шәкірттеріне берді, олар халыққа таратып берді.</verse>
				<verse number="7">Сонымен қатар, оларда тағы да біраз балық бар болатын, Иса оған да ризашылығын білдіріп, оны да халыққа таратып беруін бұйырды.</verse>
				<verse number="8">Бәрі жеп, тойып алды, артылып қалғанын жинап алғанда жеті себет толды.</verse>
				<verse number="9">Сол жерде, шамамен, төрт мыңға тарта адам болған еді. Сосын Иса халықты таратып жіберді де,</verse>
				<verse number="10">Өз шәкірттерімен бірден қайыққа отырып, Далманута жеріне келді.</verse>
				<verse number="11">Исаның алдынан фарисейлер шығып, Онымен дауласа бастады. Оны сынау үшін, Одан көктің көмегімен кереметтер жасауын талап етті.</verse>
				<verse number="12">Иса терең күрсініп, оларға: -Осы ұрпақ неге керемет іздейді? Сендерге шындықты айтайын: бұл ұрпаққа ешқандай да керемет берілмейді, - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса оларды қалдырып, қайтадан қайыққа отырды да, келесі жағаға кетті.</verse>
				<verse number="14">Сол уақытта шәкірттері өздерімен бірге нан алуды ұмытып кеткен болатын, қайықта өздерімен алып шыққан бір ғана нандары болған еді.</verse>
				<verse number="15">Иса оларды сақтандырып: -Фарисейлер мен Иродтың жақтастарының ашытқыларынан сақтанып жүріңдер, абай болыңдар! - деді.</verse>
				<verse number="16">Сонда шәкірттері нан алмаған соң айтқан шығар деп, бір-бірімен айтыса бастады.</verse>
				<verse number="17">Мұны біле қойған Иса: -Нанымыз жоқ деп, немене талқыға салып отырсыңдар? Әлі де түсінбедіңдер ме? Әлде жүректерің тас болып қалған ба? - деді оларға.</verse>
				<verse number="18">Көздерің болса да көрмей, құлақтарың болса да естімей жатырсыңдар ма?</verse>
				<verse number="19">Мен бес нанды бес мың адамға бөліп бергенімде, қалған қалдығынан қанша себет толтырып жинап алғандарың естеріңде жоқ па? -деді. Шәкірттері Оған: -Он екі себет, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="20">-Ал жеті нанды төрт мың адамға бөліп бергенімде, оның қалдығынан қанша себет толтырып жинап алып едіңдер? Шәкірттері Оған: - Жетеу, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="21">-Осыны әлі де түсінбей отырсыңдар ма? -деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="22">Содан кейін олар Бетсайдаға келгенде, Исаға бір зағип адамды әкеліп, Одан қолын сол адамға тигізуін өтінді.</verse>
				<verse number="23">Иса жаңағы зағип адамның қолынан ұстап, ауылдың шетіне алып шықты да, оның көзіне түкіріп, қолын қойып: - Бірдеңе көріп тұрсың ба? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="24">Ол жан-жағына қарап: -Ағашқа ұқсаған, қозғалып жүрген адамдарды көріп тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="25">Иса оның көзіне қолын қайтадан қойды, сонда ол көре бастады, оның көзі қайтадан қалпына келіп, бәрін анық көретін болды.</verse>
				<verse number="26">Иса оны үйіне шығарып салып тұрып: -Ауылға кірмей -ақ қой! - деді оған.</verse>
				<verse number="27">Иса сол жерден шығып, Өзінің шәкірттерімен бірге Філіп-Кесариясы деген елді мекенге аттанды. Ол жолда келе жатып, шәкірттерінен: -Адамдар Мені Кім деп жүр? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="28">Олар Исаға: -Біреулері суға батырып шомылдырушы Жақия десе, кейбіреулері -Ілияс, ал басқалары -пайғамбарлардың біреуі, - деп жүргенін айтты.</verse>
				<verse number="29">Иса олардан: -Ал сендер Мені Кім деп жүрсіңдер? -деп сұрады. Сонда Петір: -Сен-Мәсіхсің! -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="30">Алайда Иса оларға Өзі туралы ешкімге айтпауға тыйым салды.</verse>
				<verse number="31">Осыдан бастап Иса оларға былай деп үйрете бастады: -Енді Адамның Ұлы көп қасірет шегеді. Ақсақалдар мен бірінші бас қызметкерлер, Таурат заңын зерттеушілер Оны қабылдамай, өлімге кеседі, алайда Ол үш күннен кейін қайта тірілетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="32">Ол бұл туралы ашық айтты. Алайда Петір Оны бөлек алып шығып, Оған қарсылық білдіре бастады.</verse>
				<verse number="33">Иса шәкірттеріне бұрылды, Оларға қарап тұрып, Петірге: -Менен аулақ кет, сайтан! Өйткені сен Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, -деп оған тыйым салды.</verse>
				<verse number="34">Осыдан кейін Иса Өз шәкірттерімен бірге халықты да шақырып алып: -Егер де кімде-кім Менің артымнан ергісі келсе, онда ол өзінен бас тартсын және өз айқышын алып, Менің соңымнан еретін болсын, - деді оларға.</verse>
				<verse number="35">Себебі кім өз өмірін сақтап қалғысы келсе, ол оны жоғалтады, егер де кім өз өмірін Мен үшін және Ізгі хабар үшін қиятын болса, онда ол оны сақтап қалады.</verse>
				<verse number="36">Егер адам бүкіл әлемге ие болып, ал өз өміріне зиян келтірсе, ол одан қандай пайда көреді?</verse>
				<verse number="37">Немесе адам өз жанын сатып алу үшін не бере алады?</verse>
				<verse number="38">Осы азғын әрі күнәкар ұрпақ Менен және Менің айтқан сөзімнен ұялып, бас тартатын болса, Адам Ұлы Өз Әкесінің атақ -даңқына бөленіп, Өзінің киелі періштелерімен келген сәтте, Ол да одан бас тартатын болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">-Сендерге шындықты айтайын: осы жерде тұрғандардың кейбіреуі Құдай Патшалығының өз күшінде келгенін көрмей өлмейді, - деді Иса.</verse>
				<verse number="2">Алты күн өткеннен кейін Иса Петірді, Жақып пен Жоханды өзімен бірге ертіп алып, биік тауға көтерілді. Сол уақытта Оның бейнесі олардың көз алдында өзгеріске түсті.</verse>
				<verse number="3">Оның киімдері жарқырап, жер бетіндегі бірде-бір ағартушы ағарта алмайтындай, аппақ болды.</verse>
				<verse number="4">Сол кезде олар Ілияс пен Мұсаның Исамен сөйлесіп тұрғанын көрді.</verse>
				<verse number="5">Сонда Петір Исаға тіл қатып: -Ұстаз, (Равви) біздің осында болғанымыз қандай жақсы болды! Сондықтан осы жерге үш күрке құрайық, біреуін Саған және Мұсаға, біреуін Ілиясқа, - деді.</verse>
				<verse number="6">Сол кезде оны қатты үрей билегендіктен, не айтып тұрғанын өзі де білмеді.</verse>
				<verse number="7">Сонда бұлт пайда болып, оларды өзінің көлеңкесімен жапты, сол бұлттан: -Бұл-Менің сүйікті Ұлым, сендер Оны тыңдаңдар! - деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="8">Олар жан-жағына қарады, бірақ сол жерден тек Исадан басқа ешкімді де көре алмады.</verse>
				<verse number="9">Таудан түсіп келе жатқанда, Иса оларға Адам Ұлы өлімнен қайта тірілетін уақыт келгенше, осы көрген көріністері туралы ешкімге айтпауын ескертті.</verse>
				<verse number="10">Олар осы сөзді естеріне сақтап қалды, дегенмен, «өлімнен қайта тірілу дегеннің» нені білдіретінін өзара талқыға салды.</verse>
				<verse number="11">Содан кейін олар Исадан: -Таурат Заңын зерттеушілер неге алдымен Ілияс келуі тиіс деп айтып жүр? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="12">Иса оларға: -Негізі Ілияс алдымен келіп, бәрін қалпына келтіруі керек болған. Ал Адам Ұлына байланысты былай деп жазылған: «Ол көп қорлық көріп, азапталуы тиіс».</verse>
				<verse number="13">Сендерге айтар болсам, Ілияс әлдеқашан келіп қойған, алайда олар оған қатыгездік жасап, өз қалағандарын іске асырды, - деді.</verse>
				<verse number="14">Олар төменде қалған шәкірттеріне қайта оралғанда, оларды көптеген адамдардың қоршап алғанын және олармен Таурат заңын зерттеушілердің дауласып тұрғанын көрді.</verse>
				<verse number="15">Барлық адамдар Исаны сол сәтте көре салып, таңдана жүгіріп келіп, Онымен амандасты.</verse>
				<verse number="16">-Олармен не жайында дауластыңдар? -деп сұрады Иса олардан.</verse>
				<verse number="17">Қалың топтың арасынан Оған біреу: -Ұстаз, менің ұлымда мылқаудың рухы бар, оны Өзіңе алып келдім.</verse>
				<verse number="18">Рух қай жерде ұстаса, оны сол жерге құлатады, сонда оның аузынан ақ көбік ағып, тісін қайрап, ес-түсін білмей серейіп қалады. Сенің шәкірттеріңе онықуып шығаруын сұрап едім, алайда олардың қолдарынан келмеді, - деді.</verse>
				<verse number="19">-О, сенбейтін ұрпақ! Қашанға дейін сендермен бірге боламын? Қашанға дейін сендерге төзуге тиіспін? Оны Маған алып келіңдер, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="20">Жаңағы баланы Исаға алып келді. Мылқау рух Исаны көре салып, сол сәтте оның ұстамасын ұстатып, құрыстырып тастады, сонда бала жерге құлап түсті, аузынан ақ көбік ағып, жерде ары-бері аунай бастады.</verse>
				<verse number="21">Иса оның әкесінен: -Осы жағдайдың болғанына қанша уақыт болды? -деп сұрады. -Бала кезінен, -деп жауап берді әкесі.</verse>
				<verse number="22">-Рух оны құрту үшін, жиі -жиі осылай отқа да түсіреді, суға да салады. Егер шамаң келсе, бізге жаның ашыса, көмектесші, - деді.</verse>
				<verse number="23">Иса оған: -«Егер шамаң келсе», -деп сен ғана айтып тұрсың. Сенетін адамға бәрі де мүмкін, - деді.</verse>
				<verse number="24">Сол сәтте баланың әкесі: -Мен сенемін! Сенімсіз болсам, маған көмектесші, - деп айғай салды.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде халықтың жүгіріп келіп жатқанын көрген Иса таза емес рухқа тыйым салып: -Мылқау және керең рух, Мен саған бұйырамын, одан шық! Бұдан кейін енді қайтып оған кірме! - деп бұйырды.</verse>
				<verse number="26">Сонда рух қатты шыңғырып, баланы қатты сілкілеп, шығып кетті, бала өліп қалғандай серейіп қалды. Сонда көптеген адам: - Ол өліп қалды, - деді.</verse>
				<verse number="27">Иса оны қолынан алып көтергенде, ол орнынан тұрды.</verse>
				<verse number="28">Кейінірек Иса үйге кірген кезде, Оның шәкірттері жеке жерде: -Біз неге оны қуып шығара алмадық? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="29">Иса оларға: -Рухтың осы түрі тек мінәжат пен ораза арқылы ғана қуып шығарылады, - деді.</verse>
				<verse number="30">Сол жерден шыққаннан кейін олар Ғалилея арқылы өтті, алайда бұл туралы басқалардың білгенін қаламады,</verse>
				<verse number="31">өйткені Ол өзінің шәкірттерімен үйретумен болды. -Адамның Ұлын өлім жазасына кесіп, Оны адамдардың қолына тапсырады. Алайда Оны өлтірген соң, Ол үшінші күні қайта тірілетін болады, - деді оларға.</verse>
				<verse number="32">Бірақ олар бұл сөздің мәнін түсінбеді және осы жөнінде Одан сұрауға қорықты.</verse>
				<verse number="33">Олар Капарнаумға келді. Үйге кірген соң, Иса олардан: -Жолда нені талқыладыңдар? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="34">Олар үндемеді. Өйткені олар жолда араларында ең үлкені кім болатыны туралы бір-бірімен айтысқан болатын.</verse>
				<verse number="35">Жайғасып отырғаннан кейін, Иса он екісін шақырып алып, оларға: -Егер де кім бірінші болғысы келсе, сол барлығының соңы болсын және ол бәріне қызмет етсін, -деді.</verse>
				<verse number="36">Бір баланы олардың ортасына тұрғызып қойды да, оны құшақтап тұрып, былай деді:</verse>
				<verse number="37">-Кім осындай балалардың біреуін Менің атымнан қабылдайтын болса, ол Мені де қабылдайды, ал кім Мені қабылдаса, тек Мені ғана емес, Мені Жібергенді де қабылдағаны, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сонда Жохан Оған: -Ұстаз! Біз біреулердің Сенің атыңмен жындарды қуып жүргенін көріп, оған тыйым салдық, өйткені ол бізбен еріп жүрген жоқ қой, - деді.</verse>
				<verse number="39">-Оған тыйым салмаңдар, өйткені кім Менің атымдағы күшті пайдаланып, кереметтер жасаған болса, ол дәл қазір Мен туралы жаман айтпайды,</verse>
				<verse number="40">өйткені кім бізге қарсы болмаса, сол бізбен бірге болады.</verse>
				<verse number="41">Сондықтан кімде-кім сендерді Мәсіхтің ізбасарлары (шәкірттері) болғандарың үшін сендерге бір тостаған су беретін болса, сендерге шындықты айтайын, ол алатын сыйын еш жоғалтпайды.</verse>
				<verse number="42">Егер кімде-кім Маған сеніп жүрген осы бір кішкентайлардың біреуін күнәға азғыратын болса, онда оның мойнына диірменнің тасы байланып, теңіздің түбіне тасталғаны ол үшін жақсы болар еді.</verse>
				<verse number="43">Егер де сенің қолың сені күнәға азғыратын болса, онда оны шауып таста. Екі қолыңмен мәңгі азап шегетін тозаққа түскеннен гөрі, сенің өмірге жарымжан болып кіргенің саған жақсы болар еді.</verse>
				<verse number="44">Ол жердің оты өшпейді.</verse>
				<verse number="45">Егер сенің аяғың сені азғыратын болса, оны шауып алып таста. Екі аяғыңмен мәңгі азап шегетін тозаққа түскеніңнен гөрі, сенің ақсақ болып өмірге кіргенің жақсы болар еді.</verse>
				<verse number="46">Ол жердің оты өшпейді.</verse>
				<verse number="47">Егер сенің көзің сені азғыратын болса, онда оны ойып алып таста. Екі көзіңмен тозақтың мәңгілік азабына тасталғаныңнан гөрі, сенің бір көзіңмен Құдайдың Патшалығына кіргенің саған жақсы болар еді,</verse>
				<verse number="48">өйткені ол жердің тәнді кеміретін құрттары да өлмейді және жалындаған оты да сөнбейді.</verse>
				<verse number="49">Өйткені әркім отпен тұздалады.</verse>
				<verse number="50">Тұздың болғаны жақсы. Егер тұздан дәм кетсе, оның дәмін немен келтіруге болады? Сондықтан өздерің сол тұз сияқты болыңдар, өзара тату -тәтті өмір сүріңдер, -деді Иса.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Иса сол жерден шығып, Иорданның арғы жағындағы Яһудея аймағына келді. Оның қасына тағы да халық топталып жиналып қалды, Ол күнделікті әдеті бойынша оларға тәлім бере бастады.</verse>
				<verse number="2">Исаны сынамақ болған фарисейлер Оған келіп: -Күйеуіне өз әйелінен ажырасуына рұқсат берілген бе? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="3">-Мұса сендерге не бұйырып еді? -деп сұрады Иса олардан.</verse>
				<verse number="4">-Мұса ажырасу хатын жазып берген соң, оны жіберуге болатынын айтқан, - деді олар.</verse>
				<verse number="5">Иса оларға: -Мұса бұл өсиетті сендердің жүректеріңнің қаттылығына бола жазып қалдырған болатын.</verse>
				<verse number="6">Жаратылыстың басында Құдай олардың «бірін-еркек, бірін әйел етіп жаратқан».</verse>
				<verse number="7">«Сондықтан адам әке-шешесін тастап, өз әйеліне қосылады.</verse>
				<verse number="8">Сөйтіп, екеуі енді біртұтас болды, себебі енді олар екеу емес, бүтін бір дене болады».</verse>
				<verse number="9">Құдай қосқанды адам ажыратпасын, - деді.</verse>
				<verse number="10">Кейінірек үйде отырғанда шәкірттері Исадан осы туралы қайта сұрады.</verse>
				<verse number="11">Иса оларға: -Егер біреу өз әйелінен ажырасып, басқа біреудің әйелін алса, ол өз әйелімен екеуінің арасында болған неке адалдығын бұзады.</verse>
				<verse number="12">Егер әйел өз күйеуінен ажырасып, басқа біреуге күйеуге шығатын болса, ол да өзі мен күйеуінің арасында болған неке адалдығын бұзады, - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса қолын қойып, батасын берсін деген ниетпен Оған балаларды алып келіп жатты, ал Оның шәкірттері оларға қарсылық білдірді.</verse>
				<verse number="14">Осыны көрген Иса оларға ашуланып: -Балалардың Маған келуіне кедергі жасамаңдар, өйткені Құдайдың Патшалығы осындай бала секілді болып жүргендерге арналған!</verse>
				<verse number="15">Сендерге шындықты айтайын: кім Құдай Патшалығын бала секілді қабылдамаса, ол оған кіре алмайды, - деді.</verse>
				<verse number="16">Иса балаларды құшағына алып, оларға қолын қойып, батасын берді.</verse>
				<verse number="17">Иса жолға шығар кезде, біреу жүгіріп келіп, тізесін бүгіп Одан: -Мейірімді Ұстаз! Мәңгілік өмірге мұрагер болу үшін, менің не істеуім керек? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="18">Иса оған: -Мені неге мейірімді деп айттың? Құдайдан басқа ешкім де мейірімді емес.</verse>
				<verse number="19">«Кісі өлтірме, неке адалдығын бұзба, ұрлық жасама, жалған куәлік берме, тартып алма, ата -анаңды құрметте» деген өсиеттерді сен білесің ғой, - деді.</verse>
				<verse number="20">-Ұстаз, осылардың бәрін жас кезімнен бері орындап жүрмін, - деді ол.</verse>
				<verse number="21">Иса оған мейірлене қарап: -Енді саған бір-ақ нәрсе жетіспей тұр. Бар да, өзіңде бардың бәрін сатып, оларды кедейлерге таратып бер, сонда сенің байлығың көкте болады, содан кейін келіп, Менің соңымнан ер, - деді.</verse>
				<verse number="22">Әлгі адам осы сөзден кейін ұнжырғасы түсіп, кетіп қалды, өйткені оның байлығы өте мол еді.</verse>
				<verse number="23">Сонда Иса шәкірттеріне қарап: -Мал-мүлікке бай адамдардың Құдай Патшалығына кіруі қандай қиын! -деді.</verse>
				<verse number="24">Шәкірттері Исаның осы сөзіне таңғалды. Иса оларға тағы да былай деді: -Балаларым Менің, Құдайдың Патшалығына кіру қандай қиын!</verse>
				<verse number="25">Байлардың Құдай Патшалығына кіргенінен гөрі, түйенің иненің көзінен өткені оңай болар еді, - деді.</verse>
				<verse number="26">Шәкірттері бұған ерекше таңырқап, бір-біріне: -Сонда кім құтқарылады? - десті.</verse>
				<verse number="27">Иса оларға қарап тұрып: -Адамдарға мүмкін емес нәрсе, керісінше, Құдайға мүмкін, тек Оған ғана бәрі де мүмкін, - деді.</verse>
				<verse number="28">Сол кезде Петр Оған: -Міне, біз бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз, - деді.</verse>
				<verse number="29">Иса оларға: -Сендерге шындықты айтайын: Мен үшін және Ізгі хабар үшін, үйін, бауырын, әпке-сіңлісін және қарындасын, шешесін, әкесін, балаларын, жерін тастап шыққан әркім</verse>
				<verse number="30">қазіргі уақытта қуғын-сүргін көріп жүрсе де, үй мен бауырларға, әпкелер мен сіңлілерге, қарындастарға, ата -аналар мен балаларға және жерге де жүзе есе артығымен ие болады, ал болашақта мәңгілік өмірге ие болады, -деді.</verse>
				<verse number="31">Қазір бірінші болғандардың көпшілігі соңы, ал соңы болғандар бірінші болады, - деді.</verse>
				<verse number="32">Олар Иерусалимге өрлеп баратын жолға шықты. Исаның Өзі олардың алдында жүріп отырды, артынан ілесіп келе жатқан Оның шәкірттерін үрей биледі. Сонда Ол он екі шәкіртін тағы да жинап алып, Өзін сол жерде не күтіп тұрғаны туралы айта бастады:</verse>
				<verse number="33">-Міне, біз Иерусалимге қарай өрлеп келе жатырмыз, енді Адам Ұлын бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілерге ұстап береді. Олар Оны өлім жазасына кесіп, өзге ұлттың өкілдеріне тапсырады.</verse>
				<verse number="34">Олар Оны мазақтап, бетіне түкіріп, сабап, Оны өлтіреді. Алайда үш күн өткен соң, Ол қайта тіріледі, - деді.</verse>
				<verse number="35">Сонда Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жохан Оған келіп: -Ұстаз, біз Сенен не сұрасақ та, соны біз үшін Сенің орындағаныңды қалап тұрмыз, - деді.</verse>
				<verse number="36">Иса олардан: -Менің сендерге не істегенімді қалайсыңдар? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="37">Олар Исаға: -Сен Өз даңқыңа бөленген кезде, біздің бірімізді Өзіңнің оң жағыңа, бірімізді сол жағыңа отырғызшы, - деді.</verse>
				<verse number="38">Иса оларға: - Сендер не сұрап тұрғандарыңды білмейсіңдер. Мен ішетін тостағаннан ішіп, Мен өтетін шомылудан өтіп, сол шомылудың ісін Мен сияқты істей аласыңдар ма? - деді.</verse>
				<verse number="39">-Иә, істейміз, -деді олар Исаға. -Мен ішетін тостағаннан да ішетін боласыңдар, Мен шомылған «шомылумен» сендер де шомыласыңдар,</verse>
				<verse number="40">алайда Менің оң жағымдағы немесе Менің сол жағымдағы орынға біреуді отырғызу Менің құзырымда емес, керісінше, ол орын кімге дайындалған болса, оған сол отырады, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="41">Осыны естіген он шәкірті Жақып пен Жоханға ашулана бастады.</verse>
				<verse number="42">Иса оларды да қасына шақырып алып: -Халық билеушілері деп саналатындар халықтың үстінен өктемдік жүргізеді, ал одан да жоғарыда отырғандар олардың үстінен билік жүргізетінін сендер білесіңдер.</verse>
				<verse number="43">Сендердің орталарыңда олай болмасын. Егер де араларыңдағы біреу ұлы болғысы келсе, сол сендерге қызметші болсын.</verse>
				<verse number="44">Араларыңдағы біреу бірінші боламын десе, сол бәріне құл болсын.</verse>
				<verse number="45">Себебі Адам Ұлы да Өзіне қызмет еткізу үшін емес, қайта, қызмет етіп, Өз өмірін беріп, көпшіліктің құнын сонымен төлеу үшін келді, - деді.</verse>
				<verse number="46">Олар Ерехонға келді. Иса Өз шәкірттерін ертіп, Ерехоннан шыққан кезде, халықтың көпшілігі оларға келіп қосылды. Олар кетіп бара жатқан жолда Тімей ұлы Бартемей деген зағип адам отырған еді.</verse>
				<verse number="47">Сонда ол өзінің қасынан өтіп бара жатқан Назареттік Иса екенін естіп, айғайлап: -Дәуіттің Ұлы Иса, Маған мейіріміңді төкші! - деді.</verse>
				<verse number="48">Алайда көбі оған үндемеуге, айғайламауға тыйым салды, ол сонда да: -Дәуіттің Ұлы Иса, Маған мейіріміңді төкші! - деп одан бетер қатты айғайлады.</verse>
				<verse number="49">Иса тоқтап: -Оны бері шақырыңдар, -деді. Зағип адамға: -Орныңнан тұр! Ол сені шақырып жатыр, жігерлен! - деді.</verse>
				<verse number="50">Сонда әлгі зағип жан сырт киімін тастай салып, орнынан ұшып тұрып, Исаға келді.</verse>
				<verse number="51">-Қалауың не? Не істегенімді қалайсың? -деді Иса оған. -Ұстаз, менің көргім келеді! -деді Оған әлгі зағип адам.</verse>
				<verse number="52">Иса оған: -Сенімің сені құтқарды, бара бер! -деді. Сол сәттен бастап, оның көзі көретін болды, ол жолға шығып, Исаның соңынан ілесті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Олар Иерусалимге жақындап, Зәйтүн тауының етегінде орналасқан Бетфаге мен Бетания аулына таяу келген кезде, Иса екі шәкіртіне тапсырма беріп:</verse>
				<verse number="2">-Сендер қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар, оған бірден кірген кездеріңде ешбір адам мінбеген жас есектің байлаулы тұрғанын байқайсыңдар, соны шешіп, осында алып келіңдер.</verse>
				<verse number="3">Егер біреу сендерге: «Мұнымен не істейсіңдер? -деп сұраса, -бұл Иемізге керек», -десеңдер, оны сол сәтте осында жібереді.</verse>
				<verse number="4">Олар барып, қақпаның сырт жағындағы көшеде байлаулы тұрған жас есекті тауып, оны шешіп алды.</verse>
				<verse number="5">Сол жерде тұрғандардың кейбіреуі оларға: -Жас есекті неге шешіп алдыңдар? - деді.</verse>
				<verse number="6">Шәкірттері Иса оларға қалай айтқан болса, солай жауап берді, сонда олар оларды жібере салды.</verse>
				<verse number="7">Олар Исаға жас есекті алып келіп, үстіне өздерінің киімдерін жапты, Иса сол есектің үстіне отырды.</verse>
				<verse number="8">Сол кезде олардың көпшілігі өздерінің киімдерін, ал басқалары ағаштың жапырақ жайған бұтақтарын даладан кесіп әкеліп, жолға төсеп тастады.</verse>
				<verse number="9">Сонда ең алдында кетіп бара жатқандары да, соңында еріп келе жатқандары да: -Осанна! Иеміздің атымен Келген жарылқансын! - деп айқайлады.</verse>
				<verse number="10">Бабамыз Дәуіттің Патшалығы жарылқанып келді! Көктегі Патшаға Осанна! - деді.</verse>
				<verse number="11">Осылай Иса Иерусалимдегі ғибадатханаға келіп кірді. Бәрін қарап шыққанша, кеш те түсіп кетті. Сонда Иса он екі шәкіртімен бірге сол жерден шығып, Бетанияға қарай кетті.</verse>
				<verse number="12">Келесі күні олар Бетаниядан шығып келе жатқанда, Иса қарнының ашқанын сезді.</verse>
				<verse number="13">Ол алыстан жапырақтары жайқалған бір інжір ағашын көріп, одан бір жеміс табылып қалар деген оймен сол ағашқа келгенде, тек жапырақтарынан басқа еш нәрсе таппады. Інжір ағашының жеміс беретін уақыты әлі келмеген еді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Иса ағашқа: -Енді ғасырлар бойы сенің жемісіңнен ешкім ешқашан жемесін! -деді. Оның шәкірттері мұны естіп тұрды.</verse>
				<verse number="15">Содан кейін Иса Иерусалимге келді. Ол ғибадатханаға кіріп, сол жердегі сатып алушылар мен сатушыларды қуып шықты, ақша айырбастаушылардың үстелдерін және көгершін сатып отырғандардың орындықтарын төңкеріп тастады,</verse>
				<verse number="16">осылайша олардың ешқайсысына заттарын ғибадатхана арқылы әрі-бері алып жүрулеріне рұқсат бермеді.</verse>
				<verse number="17">«Менің үйім барлық халықтардың мінәжат ететін үйі болуы тиіс», -деп жазылған жоқ па? Ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырып жібердіңдер, -деп оларды үйрете бастады.</verse>
				<verse number="18">Мұны естіген бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер Исаны қалай өлтірудің амалын іздестіре бастады. Олар Исадан қорқатын, себебі бүкіл халық Исаның іліміне таңғалып жүрген болатын.</verse>
				<verse number="19">Кеш болған кезде, Олар қаланың сыртына шықты.</verse>
				<verse number="20">Олар таңертең қайтадан інжір ағашының қасынан өткенде, оның тамырынан бастап қурап қалғанын көрді.</verse>
				<verse number="21">Петір мұны есіне түсіріп: -Ұстаз! Қараңыз! Сіз қарғаған інжір ағашы қурап қалыпты! - деді.</verse>
				<verse number="22">- Құдайға деген сенімдерің болсын! - деді оларға Иса.</verse>
				<verse number="23">Сендерге шындықты айтайын, егер де біреу мына тауға: «Көтеріліп, теңізге лақтырыл!» -деп айтып, жүрегінде соған күмәнданбай, айтқаны сеніммен орындалатынына сенсе, сол болады.</verse>
				<verse number="24">Осы арқылы сендерге айтарым: -Мінәжат етіп, бір нәрсе сұрайтын болсаңдар, соны алдық деп сенсеңдер, сол сендердің өмірлеріңде орындалады.</verse>
				<verse number="25">Мінәжат етіп тұрған сәттеріңде, біреуге деген реніштерің болса, оны кешіріңдер, сонда сендердің Көктегі Әкелерің сендердің де күнәларыңды кешіретін болады, - деді.</verse>
				<verse number="26">Егер кешірмесеңдер, сендердің Көктегі Әкелерің де сендердің күнәларыңды кешірмейді.</verse>
				<verse number="27">Олар қайтадан Иерусалимге келді. Иса ғибадатхананы аралап жүрген кезде, Оған бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер мен ақсақалдар келіп:</verse>
				<verse number="28">-Бұлардың бәрін қандай билікпен істеп жүрсің? -деді олар. -Сен істеп жүрген билікті Саған кім берді? -деді Оған.</verse>
				<verse number="29">Сендерден бір нәрсе сұрайын. Егер де Маған жауап берсеңдер, осыларды қандай билікпен істеп жүргенімді сендерге айтамын, - деді Иса.</verse>
				<verse number="30">Жақияның шомылдыруы көктен келді ме әлде адамнан болды ма? Маған осыған жауап беріңдерші! - деді.</verse>
				<verse number="31">Сонда олар мұны өзара талқылай бастады: -Егер де: «Көктен», -деп айтсақ, онда Ол: «Сендер не үщін оған сенбедіңдер?» - дейді.</verse>
				<verse number="32">«Адамнан», -деп айтуға олар халықтан қорықты, өйткені олардың бәрі Жақияны шынымен пайғамбар деп қабылдайтын.</verse>
				<verse number="33">-Біз мұны білмейміз, -деп жауап берді сонда олар Исаға. -Ендеше, осы нәрселерді қандай билікпен істеп жүргенімді Мен де сендерге айтпаймын, -деді Иса оларға.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Бұдан кейін Иса оларды мынадай нақыл сөздермен үйрете бастады: «Бір адам жүзім бағын отырғызып, оны қоршап, шырын сығатын ор қазып, мұнара тұрғызып болған соң, оны жүзімшілерге жалға беріп, өзі алыс елге кетіп қалады.</verse>
				<verse number="2">Уақыты келген кезде, Ол өзінің жүзім бағының жемісін алмақ болып, жүзімшілерге өзінің құлын жібереді.</verse>
				<verse number="3">Бірақ жүзімшілер оны ұстап алып, ұрып-соғып, құр қол қайтарады.</verse>
				<verse number="4">Сонда қожайыны оларға басқа бір құлын тағы жібереді, олар оның басын жарып, абыройын төгеді.</verse>
				<verse number="5">Жүзім бағының иесі оларға басқа құлын тағы жібереді, олар оны өлтіріп тастайды. Сонымен, жүзімшілер олардың көбін ұрып-соғып, енді біреулерін өлтіре береді.</verse>
				<verse number="6">Жүзім иесінің бір баласы бар еді, ол баласын жақсы көретін, ең соңында ол өзінің ұлын оларға жіберіп тұрып: «Менің ұлымнан ұялатын шығар», - деп ойлайды.</verse>
				<verse number="7">Алайда әлгі жүзімшілер бір-біріне: «Бұл мұрагер ғой, оны өлтірейік, жүріңдер. Сонда оның мұрасы біздікі болады», - дейді.</verse>
				<verse number="8">Олар оны ұстап алып, өлтіріп, жүзім бағының сыртына лақтырып тастайды.</verse>
				<verse number="9">Енді жүзім бағының иесі оларға не істейді? Жаңағы жүзімшілердің көзін құртып, жүзім бағын басқаларға береді.</verse>
				<verse number="10">Сендер Жазбада: «Үй салып жатқа н құрылысшылардың керек емес деп бас тартқан тасы енді басты іргетасқа айналды.</verse>
				<verse number="11">Бұл Иемізден болды, бізге осыны көру ғажайып бір керемет емес пе!» - деп жазылғанын оқымадыңдар ма?</verse>
				<verse number="12">Осы айтылған нақыл сөздің өздеріне арналып айтылғанын олар түсінді, сондықтан Исаны ұстап алудың жолын іздей бастады, бірақ халықтан қорыққандықтан, Оны сол жерде қалдырып, кетіп қалды.</verse>
				<verse number="13">Содан кейін олар Исаны Өз сөзінен ұстауға тырысып, Оған бірнеше фарисейлер мен Иродтың жақтастарын жіберді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Исаға келгендер: -Ұстаз! Біз Сенің шыншыл екеніңді білеміз, біреуге жағымпаздану деген Сенің ойыңа да келмейді. Сондықтан да адамның бет-жүзіне қарамайсың, осылай Құдайдың жолындағы шындықты үйретіп жүрсің. Рим патшасына салық төлеу керек пе, жоқ па? Оны төлейік пе әлде төлемейік пе? - деді.</verse>
				<verse number="15">Иса олардың екіжүзділігін білгендіктен: -Неменеге Мені сынап тұрсыңдар? Маған бір динарий әкеліп беріңдерші, Мен көрейін, - деді оларға.</verse>
				<verse number="16">Олар бір динарийді Исаға әкеліп берді. Иса оларға: -Мынаған кімнің бейнесі салынған және кімнің есімі жазылған? -деді. -Рим патшасының, -деп жауап берді олар.</verse>
				<verse number="17">-Ендеше Рим патшасынікін Рим патшасына, ал Құдайдікін Құдайға беріңдер, -деді Иса. Олар Оның берген бұл жауабына таңғалды.</verse>
				<verse number="18">Бұдан кейін қайтадан тірілу болмайды деп санайтын саддукейлер де Исаға келді. Оған тағы да былай деп сұрақ қойды:</verse>
				<verse number="19">-Ұстаз! Егер де біреудің бауырының баласы болмай жатып, қайтыс болып кетсе әрі оның әйелі жесір қалатын болса, онда әлгі әйелге ағасының інісі үйленіп, оның ұрпағын ары қарай жалғастыруды Мұса бізге жазып кеткен.</verse>
				<verse number="20">Жеті ағайынды жігіттер болыпты, біріншісі бір әйелге үйленді, алайда ұрпақ қалдырмай өліп кетті.</verse>
				<verse number="21">Екіншісі де сол әйелге үйленді, ол да ұрпақ қалдырмай қайтыс болды, үшіншісімен де дәл солай болды.</verse>
				<verse number="22">Осылай, жетеуі де арттарынан ұрпақ қалдыра алмады. Осы болған жағдайлардан кейін әлгі әйел де дүниеден өтеді.</verse>
				<verse number="23">Сол қайта тірілу болған кезде әлгі әйел олардың қайсысына әйел болады? Өйткені олардың жетеуі де бір әйелге үйленген еді ғой, - деп сұрады.</verse>
				<verse number="24">-Сендер не Жазбаны, не Құдайдың күшін білмегендіктен, адасып жүрсіңдер, солай емес пе? -деді де бұл сұраққа былай деп жауап берді:</verse>
				<verse number="25">-Өлгендер қайта тірілгеннен кейін не үйленбейді, не күйеуге де шықпайды. Олар тек көктегі періштелер секілді болады.</verse>
				<verse number="26">Өлгендердің қайта тірілетіні туралы Мұсаның кітабындағы лаулап жанған тікенді бұта оқиғасынан: «Мен - Ыбырайымның Құдайымын, Мен - Ысқақтың Құдайымын, Мен - Жақыптың Құдайымын», -деп Құдайдың айтқанын оқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="27">Сондықтан Ол -өлгендердің емес, тек тірілердің Құдайы. Сендер қатты адасып жүрсіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="28">Сонда олардың дауларын естіп тұрған бір Таурат заңын зерттеуші жақын келіп, Исаның оларға жақсы жауап бергенін көріп: -Өсиеттердің қайсысы бірінші болып саналады? - деп сұрады Одан.</verse>
				<verse number="29">Иса оған: -Басты өсиет мынау: «Исраил, тыңдап ал! Біздің Иеміз - Құдай, жалғыз Иеміз де тек Сол болады.</verse>
				<verse number="30">Өзіңнің Құдай Иеңді шын жүрегіңмен, бүкіл жан дүниеңмен және бар ақыл -ойыңмен, барлық күш -қуатыңмен сүй».</verse>
				<verse number="31">Екінші өсиет мынау: «Өзіңнің жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй». Осылардан басқа үлкен өсиет жоқ, -деді.</verse>
				<verse number="32">Таурат Заңын зерттеуші: -Ұстаз, керемет екен! Сен шындықты айттың, тек бір ғана Құдай бар, Одан басқа ешқандай да Құдай жоқ.</verse>
				<verse number="33">Сондықтан да Оны бар жүрекпен, барлық ақыл-ойыңмен, барлық күшіңмен сүйіп және өзіңді сүйгендей жақыныңды сүйе білу-толықтай өртелетін құрбандық пен сый-тартудан да бағалы, - деді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Иса оның өте орынды жауап бергенін көріп: -Құдай Патшалығынан алыс емес екенсің, -деді оған. Осыдан кейін Одан бір нәрсе сұрауға ешкімнің батылы бармады.</verse>
				<verse number="35">Иса ғибадатханада тәлім беріп тұрып: -Таурат заңын зерттеушілер Мәсіхті Дәуіттің Ұлы деп неге айтқан? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="36">Дәуіттің өзі Киелі Рухтың жетегімен: «Ием Менің Иеме: -Сенің жауларыңның тізесін бүккізіп, оларды Сенің аяқтарыңның астына салып бергенімше, Менің оң жағымда отыр», - деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="37">Егер Дәуіттің өзі Оған «Ием» деп айтса, сонда Ол қалайша Дәуіттің Ұлы болады? -деді. Сонымен, көптеген халық Оны бар ынталарымен тыңдады.</verse>
				<verse number="38">Иса Өз тәлімінде: -Таурат заңын зерттеушілерден аса сақ болыңдар. Олар ұзын етекті киімдерін киіп алып, сауда алаңдарында жүріп, сендердің сәлем бергендеріңді жақсы көреді.</verse>
				<verse number="39">Синагогаларда құрметті орынға отырса, кешкі аста төрге шығып алады.</verse>
				<verse number="40">Сөйтіп, олар жесірлердің үйіндегісін ішіп-жеп, көзге түсу үшін көп мінәжат ететін болады. Алайда оларды үлкен жаза күтіп тұр, - деді.</verse>
				<verse number="41">Содан кейін Иса қазына салатын сандыққа қарама-қарсы отырып, халықтың сандыққа мыс ақшаларын қалай салып жатқандарын бақылаумен болды. Байлардың көбісі молырақ салды.</verse>
				<verse number="42">Бір өте кедей жесір әйел, бір кодрант құрайтын екі ұсақ тиынын әкеліп салды.</verse>
				<verse number="43">Сол кезде Иса Өз шәкірттерін шақырып алып: -Сендерге шындықты айтайын: мына кедей, өзі жесір әйел қазына сандығына бәрінен де көп салды.</verse>
				<verse number="44">Себебі көбі өздерінен артылғандарын салса, ол өзінің мұқтаждығына қарамай, күнкөрісіне қажетті нәрсенің бәрін салды, - деді оларға.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Ғибадатханадан шығып келе жатқан Исаға Оның бір шәкірті: -Ұстаз! Мына тастардың қалай қаланып, мына ғибадатхананың қалай салынғанына қарашы! -деді.</verse>
				<verse number="2">-Сенің көріп тұрғаның осы үлкен ғимарат па? Осы жерге қаланған тастардың бірде-бірі қалмай, бәрі де қиратылады, - деді Иса оған.</verse>
				<verse number="3">Иса ғибадатханаға қарама-қарсы Зәйтүн тауында отырған кезде, Петір, Жақып, Жохан және Әндір жеке келіп:</verse>
				<verse number="4">-Бұл қашан және қандай белгілерден осы нәрсенің орындалғанын білуге болатынын бізге айтшы, -деп сұрады Одан.</verse>
				<verse number="5">-Сендерді біреу алдап кетпесін, байқаңдар, -деп оларға Иса сөзін бастады.</verse>
				<verse number="6">Көптеген адам: «Бұл -Менмін», -деп Менің атымнан келіп, көп адамдарды алдайды.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде болып жатқан соғыстар мен қақтығыстар туралы естисіңдер, алайда одан қорықпаңдар, бұл болуға тиіс, өйткені бұл әлі де соңы емес.</verse>
				<verse number="8">Сонда халық-халыққа, патшалық -патшалыққа қарсы көтеріліп, әр жерде жер сілкіністері мен ашаршылық болады, алайда бұл тек толғақ азабының бастамасы ғана.</verse>
				<verse number="9">Сендер өздеріңе мықты болыңдар! Сендерді синедериондағыларға* (жоғарғы кеңесшілер алқасына) ұстап береді, синагогалар мен басшылар алдына апарып, ұрып-соғады. Сонда сендер Мен үшін патшалардың алдында тұрасыңдар, оларға Мен туралы куәлік бересіңдер.</verse>
				<verse number="10">Сөйтіп, осы Ізгі хабар, ең алдымен, барлық халықтарға жариялануы тиіс.</verse>
				<verse number="11">Сендерді қай кезде ұстаса да, қай жаққа апарса да, алдын ала не айту керектігін уайымдамаңдар. Сол сәтте өздеріңе не берілсе, соны оларға айтыңдар. Өйткені сол кезде сендер емес, Киелі Рух сөйлейтін болады.</verse>
				<verse number="12">Сонда бауыры бауырын өлімге қиып, әкесі баласына, балалары ата-аналарына қарсы шығып, оларды өлімге душар етеді.</verse>
				<verse number="13">Осылайша, Менің атыма бола, барлығына жеккөрінішті боласыңдар. Ал осының соңына дейін кім шыдаса, тек сол ғана құтқарылатын болады.</verse>
				<verse number="14">Сонда «жексұрын жиренішті нәрсенің» қаңырап бос қалған немесе тұрмайтын жерде тұрғанын көргенде, оқып отырғандар түсініп алсын, яһудеядағылар тауға қашсын.</verse>
				<verse number="15">Егер біреу үйдің төбесінде болса, ол төмен түспесін немесе бір нәрсе алу үшін өзінің үйіне де кірмесін.</verse>
				<verse number="16">Кім далада болса, өзінің сыртқы киімін алуға қайтып келмесін.</verse>
				<verse number="17">Сол күндері жүкті әйелдер мен бала емізіп жүргендер үшін қайғылы күн болады.</verse>
				<verse number="18">Осы нәрселер қыста болмай-ақ қойсын деп мінажат етіңдер,</verse>
				<verse number="19">өйткені сол күндері Құдай әлемді жаратқан кезден бастап, осы күнге дейін ешқашан болып көрмеген және болмайтын қайғы-қасіретке толы кезең болады.</verse>
				<verse number="20">Егер де Иеміз сол күндерді қысқартпағанда, ешбір пенде құтқарыла алмайтын еді. Алайда алдын-ала таңдалғандары үшін, Ол сол күнді қысқартты.</verse>
				<verse number="21">Сол кезде сендерге біреу: «Мәсіх, міне, мұнда! Қараңдар!» немесе «Әне, Ол анау жерде! Қараңдар!» -деп айтса, оған сенбеңдер.</verse>
				<verse number="22">Өйткені сол кезде жалған мәсіхтер мен жалған пайғамбарлар келіп, көрініске өтірік нышан беріп, жалған кереметтер жасап, бар мүмкіндіктерін қолданып, керек болса таңдалғандарды да алдайды.</verse>
				<verse number="23">Сендер осыны көрген кезде абай болыңдар! Сендерге бәрін алдын ала айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="24">Сол қайғылы, қасіретті күндерден кейін «күн қарауытып, айдың өзі жарық бермей,</verse>
				<verse number="25">көктегі жұлдыздар құлап, көктегі күштер шайқалатын болады».</verse>
				<verse number="26">Cол уақытта Адам Ұлының Өзінің құдіретті күшімен және Өзінің ұлы даңқымен бұлттарда келе жатқанын адамдар көретін болады.</verse>
				<verse number="27">Сонда Ол әлемнің төрт бұрышына періштелерін жіберіп, жердің ана шеті мен көктің мына шетінен Өзінің таңдап алғандарын жинап алады.</verse>
				<verse number="28">Інжір ағашына қарап, содан үлгі алыңдар, оның сабақтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда, жаздың таяғанын білесіңдер.</verse>
				<verse number="29">Сол сияқты сендер тура осылай болып жатқан оқиғаларды көрген кездеріңде, болатын нәрсенің есікке таяп қалғанын білесіңдер.</verse>
				<verse number="30">Сендерге шындықты айтайын: осы ұрпақ жоғалмай тұрып, осының бәрі орындалатын болады.</verse>
				<verse number="31">Осы аспан мен жер де жойылатын болады, ал Менің сөздерім ешқашан жойылмайды.</verse>
				<verse number="32">Алайда сол күн немесе сол сағат ешкімге: не көктегі періштелерге, не Ұлға да белгісіз, ол тек Әкенің Өзіне ғана аян.</verse>
				<verse number="33">Сондықтан өте сергек болыңдар, өйткені осы кездің қай уақытқа келіп қалатынын сендер білмейсіңдер.</verse>
				<verse number="34">Өзі басқа жаққа кетіп бара жатқан адам үйін құлдарына қалдырып, оларға басқаратын билік беріп және әркімге өз жұмысын бөліп береді, есікте тұратын күзетшіге де да сергек болуды бұйырады.</verse>
				<verse number="35">Сол секілді сендер де сергек болыңдар, өйткені үй иесінің қай уақытта келетінін: кешке ме, не түн ортасында ма немесе әтеш шақырғанда ма, не таңға жуық па, сендер оны білмейсіңдер.</verse>
				<verse number="36">Ол аяқастынан келіп, сендердің ұйықтап жатқан кездеріңнің үстінен түспесін.</verse>
				<verse number="37">Сендерге тағы да айтамын, бәріңе де айтарым: сергек болыңдар! - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Екі күннен кейін Құтқарылу және Ашымаған нан мейрамы болу керек еді. Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер Исаны қулықпен ұстап алып, қалай да Оны өлтірудің жолдарын іздестіре бастады.</verse>
				<verse number="2">«Халықтың арасында дүрбелең тудырып алмас үшін, бұл мейрам кезінде болмасын», - деп келісті олар.</verse>
				<verse number="3">Иса Бетаниядағы алапеспен ауырған Шимонның үйінде ас ішіп отырған кезде, қолында қыш ыдысқа құйылған аса қымбат мира (нард) майы бар бір әйел Оған жақындап келді, ыдыстың аузын сындырып ашып, Оның басына май құя бастады.</verse>
				<verse number="4">Олардың арасындағы кейбіреулері бұған наразы болып: -Бұл мына мира (нард) майын неге осыншама шығындап жатыр?</verse>
				<verse number="5">Одан да бұл майды үш жүзден аса күміс ақшаға (динарийге) сатып жіберіп, одан түскен ақшаны кедейлерге таратып беру керек еді ғой, -деп әлгі әйелді жазғыра бастады.</verse>
				<verse number="6">-Оған тиіспеңдер! Оны неге бекерге айыптап тұрсыңдар? Ол бұл жақсы істі Мен үшін жасады, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="7">-Кедейлерге келсек, олар үнемі өздеріңмен бірге ғой, оларға жасағыларың келген жақсылықты кез-келген уақытта жасай аласыңдар, ал Мен үнемі сендермен бірге бола бермеймін.</verse>
				<verse number="8">Бұл әйел қолынан келетін істі ғана орындады. Ол Менің денеме алдына ала май жағып, Оны қабірге дайындады.</verse>
				<verse number="9">Сендерге шындықты айтайын: мына Ізгі хабар әлемнің қай жерінде жарияланатын болса, сол жерде осы әйелді естеріне алып, оның істеген бұл ісі жөнінде айтатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="10">Исаның он екі шәкіртінің бірі Яһуда Исқариот Оны ұстап беру үшін, бірінші бас қызметкерлерге барды.</verse>
				<verse number="11">Бұл туралы естіген олар қуанғандарынан оған күміс ақша беретінін айтып, уәде берді. Осы кезден бастап Яуда Исқариот оларға Исаны ұстап беретін қолайлы сәтті іздестіре бастады.</verse>
				<verse number="12">Ашымаған нан мейрамының алғашқы күні арнайы дайындалған тоқтыны құрбандыққа шалып жатты, сонда Исаның шәкірттері: -Біз Сен жейтін құрбандық асын қай жерге дайындағанымызды қалайсың? - деп Одан сұрады.</verse>
				<verse number="13">Сонда Иса Өзінің екі шәкіртіне былай деп, оларды жұмсады: -Қалаға барыңдар, сендер сол жерден құмырамен су алып бара жатқан адамды кездестіресіңдер, оның соңынан еріп отырыңдар.</verse>
				<verse number="14">Ол қай үйге барып кірсе, сол үйдің иесіне: -Ұстаз Өзінің шәкірттерімен бірге отырып, құрбандық асын ішетін бөлменің қайда екенін сұрап жатыр, - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="15">Сонда ол сендерге жоғарыда дайын әрі жинаулы тұрған кең бөлмені көрсетеді. Міне, бізге асты сол бөлмеге дайындаңдар, - деді.</verse>
				<verse number="16">Сонымен, Оның шәкірттері сол жерден шығып, қалаға барды, Иса өздеріне қалай айтқан болса, дәл сол жерді тауып алып, құрбандық асын дайындап қойды.</verse>
				<verse number="17">Кеш батқанда Иса он екі шәкіртімен бірге сол жерге келді.</verse>
				<verse number="18">Олар дастарқан басында отырып, ас іше бастағанда Иса шәкірттеріне: -Сендерге шындықты айтайын: Менімен бірге осында ас ішіп отырғандардың біреуі Мені ұстап береді, - деді.</verse>
				<verse number="19">Осы сөзден кейін олар уайымға беріліп, бірінен соң бірі Исадан: - Мен емеспін бе? - деп сұрай бастады.</verse>
				<verse number="20">-Менімен бірге табаққа нан батырып жатқан осы он екіңнің біреуі, - деп жауап берді Иса.</verse>
				<verse number="21">Жазбада Адамның Ұлы жөнінде қалай жазылған болса, Ол солай жүріп келе жатыр, алайда Адам Ұлын ұстап берген сол адам қасіретке қалады! Сол адамның осы дүниеге келмегені жақсы болар еді, - деді.</verse>
				<verse number="22">Олар ас ішіп отырғанда, Иса нанды алып, бата беріп жарылқаған соң, Ол шәкірттеріне нанды үзіп беріп тұрып: -Мынаны алыңдар, бұл - Менің денем, - деді.</verse>
				<verse number="23">Сосын Ол тостағанды да алып, Құдайға алғыс айтып, оны да оларға ұсынды, бәрі әлгі тостағаннан ішті.</verse>
				<verse number="24">-Бұл -көптеген адамдар үшін төгіліп, Менің қаныммен бекітілетін келісім, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="25">Сендерге шындықты айтайын: -Мен енді осы жүзім бұтасының шырынын Құдай патшалығындағы жаңа күн келгенге дейін ішпейтін боламын, - деді.</verse>
				<verse number="26">Осыдан кейін олар мадақтау жырын айтты да, сол жерден шығып, Зәйтүн тауына қарай кетті.</verse>
				<verse number="27">-Бүгін түнде бәрің де сенімнен бас тартып кетесіңдер, -деді Иса сол жерге барған кезде, өйткені Жазбада: «Бағушыны ұрып-соғып, көзін құртамын, сонда Оның қойлары бытырап кетеді», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="28">Алайда Мен өлімнен қайта тірілгеннен кейін, сендерден бұрын Ғалилеяға барамын, - деді.</verse>
				<verse number="29">-Бәрі бас тартып кетсе де, Мен бас тартпаймын, -деді Петір Оған.</verse>
				<verse number="30">-Саған шындықты айтайын: осы түні әтеш екі рет шақырғанша, Сен Менен үш рет танасың, -деді Иса оған.</verse>
				<verse number="31">-Егер де маған, тіпті, Сенімен бірге өлуге тура келсе де, мен Сенен бас тартпаймын, -деп Петір тұрып алды. Қалғандары да осыны айтты.</verse>
				<verse number="32">Олар Гетсиман деп аталатын жерге келді, сонда Иса шәкірттеріне: -Мен барып, мінажат етемін, сендер осында болыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="33">Ол Өзімен бірге Петірді, Жақыпты және Жоханды ертіп алды. Оны үрей мен қайғы басты.</verse>
				<verse number="34">-Менің жаным өлердей қатты күйзеліп тұр, сендер осында қалыңдар, бірақ сергек болыңдар! -деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="35">Иса біраз алға жүріп барып, етпетінен жерге жатып, мүмкін болса, осы бір сәттің Өзінен айналып өтіп кетуін сұрап мінәжат етті.</verse>
				<verse number="36">-Авва! Әке! Саған бәрі де мүмкін, Менен осы бір тостағанды алып кетші, бірақ Менің емес, тек Сенің қалауың болсын, - деп өтінді.</verse>
				<verse number="37">Қайтып келгенде олардың ұйықтап жатқанын көріп: -Шимон, ұйықтап қалдың ба? Тым болмаса, бір сағат та сергек болуға шамаң жетпеді ме? - деді Петірге.</verse>
				<verse number="38">Азғырылу келмесін десеңдер, сергек болып, мінәжат етіңдер, өйткені рух дайын болғанмен, тән әлі де әлсіз, -деді.</verse>
				<verse number="39">Ол тағы да сол жерге барып, алдында айтқан сөздерін қайталап, мінәжат етті.</verse>
				<verse number="40">Қайта келгенде олардың тағы да ұйықтап жатқандарын көрді, өйткені оларды ұйқы басқандықтан, Оған не деп жауап беретіндерін білмеді.</verse>
				<verse number="41">Иса сол жерге үшінші рет келіп: -Сендер әлі де ұйықтап, демалып жатырсыңдар ма? Жетер енді! Уақыт келді, міне, қазір Адамның Ұлын күнәкарлардың қолына ұстап береді-деді оларға.</verse>
				<verse number="42">-Тұрыңдар, барайық! Міне, Мені ұстап беруші де жақындап қалды! - деді.</verse>
				<verse number="43">Ол осыны айтып тұрған сәтте Өзінің он екі шәкіртінің бірі болған Иуда Исқариот бірінші бас қызметкерлер мен ру басыларының атынан семсер мен шоқпар асынған топты ертіп, сол жерге келді.</verse>
				<verse number="44">Исаны сатып кеткен сатқын өзімен еріп келгендерге: «Кімді барып сүйсем, Ол-Соның Өзі, Оны ұстап алған соң, дереу алып кетіңдер», -деп алдын ала белгі беріп қойған болатын.</verse>
				<verse number="45">Ол келген бойда бірден Оған жақындап келіп: -Равви! (Ұстаз!) - деп, Оны бетінен сүйді.</verse>
				<verse number="46">Осыны күтіп, дайын тұрған олар Оны ұстап алды.</verse>
				<verse number="47">Исаның қасында тұрғандардың біреуі семсерін суырып алып, бірінші бас қызметкердің құлына қарай сілтеп қалып, құлдың құлағын шауып түсірді.</verse>
				<verse number="48">-Мені ұстау үшін қарақшыға қарсы шыққандай семсер, найзамен қаруланып келдіңдер ме? - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="49">Мен күн сайын сендермен бірге болып, ғибадатханада сендерге тәлім берген сәтте Мені ұстаған жоқсыңдар. Алайда Жазбада жазылғандар дәл осылай орындалуы тиіс болған, - деді.</verse>
				<verse number="50">Сол кезде барлық шәкірттері Оны жалғыз қалдырып, қашып кетті.</verse>
				<verse number="51">Тек киімсіз жалаңаш денесіне жамылғы жамылған белгісіз бір жас жігіт олардың артынан еріп отырды, бірақ оны да ұстап алды.</verse>
				<verse number="52">Сонда ол үстіндегі жамылғысын тастай салып, жалаңаш күйінде қашып кетті.</verse>
				<verse number="53">Исаны бірінші бас қызметкердің алдына алып келді, бірінші бас қызметкерлер мен ру басшылары және Таурат заңын зерттеушілердің бәрі де сол жерге жиналды.</verse>
				<verse number="54">Олар бірінші бас қызметкердің ауласына кіріп кеткенге дейін, Петір Оның соңынан алыстан еріп отырды, одан кейін сол жерде отқа жылынып отырған қызметкерлердің қасына барып отырды.</verse>
				<verse number="55">Бірінші бас қызметкерлер мен бүкіл жоғарғы кеңесшілер алқасы Исаны өлтіру үшін, Оған қарсы айғақ болатын куәлік іздеді, алайда таба алмады.</verse>
				<verse number="56">Сонда да көпшілігі Оған қарсы жалған куәліктер берумен болды, алайда олардың куәліктері де дәлелсіз болды.</verse>
				<verse number="57">Олардың кейбіреулері орындарынан тұрып, Оған қарсы мынадай жалған куәлікті айтты.</verse>
				<verse number="58">«Мынау адам қолымен салынған ғибадатхананы құлатып, оны үш күннің ішінде ешқандай қолдың көмегінсіз қайта тұрғызамын», -деп Оның айтқанын біздер естідік.</verse>
				<verse number="59">Алайда олардың бұл куәліктері де жеткіліксіз болды.</verse>
				<verse number="60">Сонда бірінші бас қызметкер орнынан тұрды да, ортаға шығып Исадан: -Жауап бермейсің бе? Онда неге бұлар Саған қарсы куәлік беріп тұр? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="61">Алайда Иса үндемеді және ешқандай жауап та бермеді. Бірінші бас қызметкер Исаға тағы да сұрақ қойып: -Сен Жарылқаушының Ұлы Мәсіхсің бе? - деп сұрады Одан.</verse>
				<verse number="62">-Мен Соның Өзі боламын! Сондықтан сендер сол Адам Ұлының Құдіреті Күштінің оң жағына барып отырғанын және Оны бұлттардың үстімен көктен келе жатқанын көретін боласыңдар, - деді сонда Иса.</verse>
				<verse number="63">Әлгі бірінші бас қызметкер өзінің үстіндегі киімін айыра жыртып жіберіп: -Енді куәгерлердің қажеті қанша? -деді.</verse>
				<verse number="64">-Құдайды қалай қорлағанын өздерің естідіңдер ғой. Сонымен, сендер қандай шешім шығарасыңдар? -деді. Сол жерде тұрғандардың бәрі Оны өлім жазасына кесті.</verse>
				<verse number="65">Сол кезде олардың кейбіреуі келіп, Оның бетіне түкіре бастады, содан кейін Оның бетін бүркеп жауып, Оны жұдырықтап: -Пайғамбарлығыңды көрсет! -десті. Осыдан кейін күзетшілер келіп, Оны ұрып - соға бастады.</verse>
				<verse number="66">Ауланың төменгі жағында тұрған Петірге бірінші бас қызметкердің қызметшісі болған бір жас әйел жақындап келді,</verse>
				<verse number="67">отқа жылынып тұрған Петрді көре салып, оған: - Сен де Осы Назареттік Исамен бірге болып едің ғой, - деді.</verse>
				<verse number="68">-Сенің не айтып тұрғаныңды мен білмеймін және білгім де келмейді, -деп мүлдем мойындамады. Осылай деген ол алдыңғы аулаға қарай шығып кетті, сол кезде әтештің шақырған даусы естілді.</verse>
				<verse number="69">Алайда Петірді көріп қойған әлгі жас қызметші әйел қасында тұрғандарға: -Солардың біреуі осы болатын, -деп тағы қайталады.</verse>
				<verse number="70">Бірақ Петір осы жолы тағы да үзілді-кесілді бас тартты. Содан біраз уақыт өткен соң, қасында тұрғандар Петірге: -Шынында да, солардың бірі сен едің ғой, өйткені сен-Ғалилеялықсың, - деді.</verse>
				<verse number="71">Сонда Петір қарғанып, ант-су ішіп: -Сендер айтып тұрған Сол адамды мен танымаймын, - деді.</verse>
				<verse number="72">Сол сәтте екінші рет әтештің шақырған даусы естілді, сонда Петірдің есіне Исаның: «Әтеш екі рет шақырмай жатып, сен Менен үш рет бас тартасың», -деп айтқан сөзі түсті, сонда ол қатты өкініп жылады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Таңертең ерте бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар және Таурат заңын зерттеушілер, жоғарғы кеңесшілер алқасы бәрі бірігіп, шешім шығарған соң, Исаны байлап, Пилаттың қолына апарып тапсырды.</verse>
				<verse number="2">Сонда Пилат Исадан: -Сен яһудейлердің Патшасысың ба? -деп сұрады. -Сен өзің осылай айтып тұрсың, -деп жауап берді Иса.</verse>
				<verse number="3">Бірінші бас қызметкерлер Исаға көптеген айыптаулар тақты.</verse>
				<verse number="4">Сонда Пилат Одан тағы да сұрады: -Сонымен, Сен ешқандай да жауап бермейсің бе? Сені қаншама адам айыптап тұр, қара!</verse>
				<verse number="5">Иса оған ешқандай да жауап қайтармады, бұл Пилатты таңғалдырды.</verse>
				<verse number="6">Мейрам кезіңде халықтың сұрауы бойынша Пилат бір тұтқынды босатып жіберетін.</verse>
				<verse number="7">Сол уақытта бүлік шығарған көтерілісшілермен байланысы болған және көтеріліс кезінде адам өлтірген Бараба есімді біреу тұтқында отырған болатын.</verse>
				<verse number="8">Сол жерге жиналған халық Пилатқа келіп, одан олардың өтінішін орындауын талап етті.</verse>
				<verse number="9">-Сендер Менің яһудейлердің Патшасын босатып бергенімді қалайсыңдар ма? - деп сұрады Пилат олардан.</verse>
				<verse number="10">Ол бірінші бас қызметкерлердің Исаны қызғаныштан ұстап бергенін білетін.</verse>
				<verse number="11">Бірақ бірінші бас қызметкерлер тек Барабаны ғана босатуды сұрауын алдын ала айтып, халықты дайындап қойған болатын.</verse>
				<verse number="12">-Сонда сендер яһудейлердің Патшасы деп өздерің атаған Адамға менің не істегенімді қалайсыңдар? -деп олардан тағы сұрады.</verse>
				<verse number="13">-Оны айқышқа шегеле! -деп олар тағы да айқай салды.</verse>
				<verse number="14">-Ол қандай жамандық істеді? -деп сұрады Пилат олардан. Сонда олар одан бетер қатты дауыстап: -Оны айқышқа шегеле! - деп айқайлады.</verse>
				<verse number="15">Осыдан кейін Пилат халыққа жағу үшін Барабаны босатып берді де, Исаны қамшымен дүрелетіп, айқышқа шегелеуге тапсырды.</verse>
				<verse number="16">Жасақшылар Исаны ауланың ішкі жағындағы претория деп аталатын жерге алып барған соң, сол жердегі Римнің бүкіл әскери бөлімшесін сонда жинады. (600 адамдай).</verse>
				<verse number="17">Бұдан кейін олар Исаға патшалар киетін қызылкүрең түсті шапан кигізіп, шомырттың тікенді бұтасынан өрілген тәжді Оның басына кигізіп қойды да:</verse>
				<verse number="18">-Яһудейлердің Патшасы жасасын! -деп Оған сәлем бере бастады.</verse>
				<verse number="19">Содан кейін қамысты таяқпен Оның басынан ұрды, Оның бетіне түкіріп, Оның алдына тізерлеп иіліп, тағзым еткен түр көрсетті.</verse>
				<verse number="20">Сөйтіп, Оны әбден келемеждеп, жәбірлеп болған соң, олар Оның үстіндегі патшалар киетін қызылкүрең шапанды шешіп алып, Оған Өзінің киімдерін қайта кигізді де, Оны айқышқа шегелеу үшін ауладан алып шықты.</verse>
				<verse number="21">Жол-жөнекей ауылдан келген, өзі киренейлік, Ескендір мен Руттың әкесі Шимон есімді біреуді ұстап алып, оны Исаның айқыш ағашын алып жүруге мәжбүрледі.</verse>
				<verse number="22">Олар Исаны Ғолғота деген жерге алып келді. (Бұл сөз аударғанда «Маңдайтөбе» дегенді білдіреді.)</verse>
				<verse number="23">Сол жерде Оған мираның ащы дәмі бар шарап ұсынды, бірақ Иса одан ішпеді.</verse>
				<verse number="24">Сосын олар Исаны айқышқа шегелеп қойып, Оның киімдерін өзара бөліп алмақ болды да, кім не алатынын анықтау үшін, жеребе тастады.</verse>
				<verse number="25">Исаны айқышқа уақыттың үшінші бөлігі (яғни таңғы сағат тоғыз) кезінде шегелеген болатын.</verse>
				<verse number="26">Оған таққан айыпты, яғни, «Яһудейлердің Патшасы» деген жазуды, Оның бас жағына жазып, іліп қойды.</verse>
				<verse number="27">Онымен бірге екі қарақшыны: біреуін Оның оң жағына, екіншісін Оның сол жағына айқышқа шегеледі.</verse>
				<verse number="28">Осылайша, Жазбадағы: «Оны қылмыскерлердің қатарына жатқызатын болады», - деген сөз орындалды.</verse>
				<verse number="29">Оның қасынан өткендер Оған тіл тигізіп, бастарын шайқап: -Сен ғибадатхананы қиратып, оны үш күнде қайта тұрғызамын деп едің,</verse>
				<verse number="30">енді айқыштан түсіп, Өзіңді құтқарып ал! - десті.</verse>
				<verse number="31">Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер де бір-біріне: -Басқаларды құтқарды, ал Өзін-Өзі құтқара алмады, - деп Исаны мазақ қылды.</verse>
				<verse number="32">-Егер де Бұл Өзі -Мәсіх, Өзі Исраилдің Патшасы болса, онда айқыштан түссін, біз соны көріп, сенетін боламыз, -десті. Исаның Өзімен бірге айқышқа шегеленгендер де Оған тіл тигізді.</verse>
				<verse number="33">Сағат алтының кезінде (яғни түскі он екі) барлық жерді қара түнек басты. Сол қара түнек тоғызыншы сағатқа (яғни түстен кейінгі үшке) дейін созылды.</verse>
				<verse number="34">Сағат тоғыздың (түстен кейінгі үш) кезінде, Иса қатты дауыстап: -Элой, Элой, лэма савахтани? -деді. (Мұның аудармасы: «Құдайым Менің, Құдайым Менің, Сен Мені не үшін қалдырып кеттің?» - деген мағына береді).</verse>
				<verse number="35">Осыны естіген сол жерде тұрған кейбіреулер: -Ол Ілиясты шақырып жатыр! Тыңдашы! - деді.</verse>
				<verse number="36">Біреу жүгіріп барып, қышқыл сірке суына сорғышты батырып алды да, оны ұзын таяқтың басына іліп, Оған ішкізіп тұрып: -Күте тұрайық, Ілияс Оны түсіріп алуға келер ме екен, соны көрейік, - деді.</verse>
				<verse number="37">Иса қатты дауыстап, содан кейін жан тапсырды.</verse>
				<verse number="38">Сол кезде ғибадатханадағы шымылдық жоғарыдан төмен қарай ортасынан қақ айырылып, екіге бөлінді.</verse>
				<verse number="39">Исаға жақын және қарама-қарсы тұрған римдік жүзбасы Оның қалай жан тапсырғанын көргенде: -Бұл Адам, шынымен де, Құдайдың Ұлы болған екен! - деді.</verse>
				<verse number="40">Алыстан бәрін бақылап, қарап тұрған мына әйелдер: мағдалалық Мәриям мен кіші Жақып пен Жүсіптің анасы Мәрия және Саломия да сол жерде болды.</verse>
				<verse number="41">Иса Ғалилеяда болған кезде, олар Оның соңынан еріп, Оған қызмет еткен болатын. Сол жерде Исамен бірге Иерусалимнен еріп келгендер де болды.</verse>
				<verse number="42">Осы күн сенбінің алдындағы дайындық күні болғандықтан, кеш батып, қараңғы түсе бастағанда,</verse>
				<verse number="43">кеңестің белсенді мүшесі болған және өзі де Құдайдың Патшалығының келуін күтіп жүрген арамеялық Жүсіп батылдықпен Пилатқа барып, Исаның өлі денесін сұрап алды.</verse>
				<verse number="44">Пилат Исаның тез өліп қалғанына таңғалып, Римдік әскердің жүзбасын өзіне шақырып алып: -Оның өлгеніне көп болды ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="45">Оның өлгенін Рим әскерінің жүзбасынан біліп алған соң, ол Исаның өлі денесін Жүсіптің алуына рұқсат берді.</verse>
				<verse number="46">Жүсіп денені жерге түсіріп, зығырдан тоқылған жұқа матаға орап, Оны жартастан ойып жасалған қабірге апарып қойды да, қабірдің есігін жалпақ таспен бекітті.</verse>
				<verse number="47">Мағдалалық Мәриям мен Жүсіптің анасы Мәрия Исаның денесін қайда апарып қойғанын көрді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Сенбі күн өткен соң, мағдалалық Мәриям мен Жақыптың шешесі Мәрия және Саломия Исаның денесін майлау үшін хош иісті май сатып әкелді.</verse>
				<verse number="2">Сенбіден кейін аптаның бірінші күні таңсәріде, күн енді шыға бастағанда, олар қабірге барды.</verse>
				<verse number="3">Олар: «Қабірдің аузындағы жалпақ тасты бізге кім ашып берер екен?» -деп бір-біріне айтып келе жатқан болатын.</verse>
				<verse number="4">Бірақ олар келгенде, тастың орнынан алынып тасталғанын көреді, ал тас өте үлкен болатын.</verse>
				<verse number="5">Олар қабірге кірген кезде, оң жақта аппақ киіммен отырған жас жігітті көріп, зәрелері ұшады.</verse>
				<verse number="6">-Айқышқа шегеленген назареттік Исаны іздеп жүрсіңдер ғой! Қорықпаңдар! Ол қайта тірілді! Ол мұнда жоқ. Міне, Оның жатқан жерін қараңдар.</verse>
				<verse number="7">Енді Оның шәкірттері мен Петірге барып айтыңдар. Оның Өзі сендерге айтқанындай, Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Оны сол жерде көресіңдер, - деді ол.</verse>
				<verse number="8">Олар қорыққандарынан қалтырап, аң-таң болған күйде қабірден шығып, алыстау жерге қашып барады. Олардың үрейленгені соншалық, ешкімге еш нәрсе деп айтпады.</verse>
				<verse number="9">Иса қайта тірілген соң, сенбіден кейінгі бірінші күні таңертең ерте, ең алдымен, Өзі жеті жынын қуып шыққан мағдалалық Мәриямға көрінді.</verse>
				<verse number="10">Мәриям кезінде Исамен бірге жүрген болатын, енді қазір қайғырып, Оны жоқтап, жылап жүргендерге барып, хабар берді.</verse>
				<verse number="11">Бірақ шәкірттері Исаның тірілгеніне де, Оны Мәриямның көргеніне де сенбеді.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін Иса өз мекендеріне жолда кетіп бара жатқан екеуіне басқа бейнеде көрінді.</verse>
				<verse number="13">Сонда олар да қалғандарына барып, хабар берді, бірақ оларға да сенбеді.</verse>
				<verse number="14">Ең соңында Иса дастарқан басында ас ішіп отырған Өзінің он бір шәкіртіне келіп көрінді. Алайда Иса Өзінің өлімнен қайта тірілгеніне сенбей, олардың сенімсіздік көрсеткеніне және қасарысқан жүректеріне бола қапаланды.</verse>
				<verse number="15">Сонда Иса оларға: -Осы әлемдегі барлық адамдарға барып, Ізгі хабарды жариялаңдар.</verse>
				<verse number="16">Кім соған сеніп, шомылдырудан өтсе, сол құтқарылады, ал кім оған сенбесе, сол сотталады.</verse>
				<verse number="17">Сенушілердің сенімдерін дәлелдейтін белгі мынау: Менің атыммен жындарды қуып шығатын болады; жаңа тілде сөйлеп;</verse>
				<verse number="18">қолдарымен жылан да ұстайды; егер өлімге әкелетін бір нәрсе ішіп қойса, одан ешқандай да зиян шекпейтін болады; ауырған адамдарға қолдарын қойса, олар сауығатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="19">Сонымен, Иса осының бәрін айтып болған соң, көкке көтеріліп кетті де, Құдайдың Оң жағына барып отырды.</verse>
				<verse number="20">Ал шәкірттері барлық жерлерге барып уағыз айтты. Иеміз оларды жетелеп, айтқан сөздерін ғажайыптар арқылы қолдап отырды.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="42">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Бір кездері біздің арамызда болып кеткен оқиғаларды көптеген адам қолға алып, әңгіме құрап, оны баяндауға кірісіп кетті.</verse>
				<verse number="2">Сондай-ақ мен де сол оқиғалардың куәсі болдым және сөзді (Ізгі хабарды) таратып жүрген қызметшілер бізге ең басында қалай жеткізген болса,</verse>
				<verse number="3">құрметті Теофил, мен де бәрін нақты зерттеп шыққаннан кейін, рет-ретімен өзіңе жазып жіберуді жөн көрдім,</verse>
				<verse number="4">сонда сен өзіңе үйретілген ілім сөздерінің қаншалықты еш шайқалмайтын берік негіз екеніне көзің жететін болады.</verse>
				<verse number="5">Иродтың айы туып, Яһудея аймағына патша болып тұрған кезде, киелі үйге қызмет ету кезегі Абия тобына жүктелді. Сол топтың Зәкәрия есімді бір қызметшісі болды, оның әйелінің аты Елізабет еді, ол Аронның қыздарынан таралған ұрпаққа жататын.</verse>
				<verse number="6">Олардың екеуі де Құдайдың алдында әділетті өмір сүріп, Иеміз берген өсиеттердің барлық талаптарын мінсіз орындайтын.</verse>
				<verse number="7">Алайда олардың балалары болмады, себебі Елізабет құрсақ көтере алмайтын еді. Сол кезде екеуі де егде жастағы адамдар болатын.</verse>
				<verse number="8">Бірде кезек бойынша Құдай алдындағы қызметті атқару мүмкіндігі Зәкәрияға келеді.</verse>
				<verse number="9">Сол уақыттағы салт бойынша жеребе тасталғанда, Киелі үйдің ішіндегі «киелі орынға» кіріп, Иеміздің атына жұпар иісті зат түтету кезегі Зәкәрияға түседі.</verse>
				<verse number="10">Сонда жиналған халықтың саны да өте көп болды, олардың бәрі жұпар иісті зат түтету кезінде сыртта мінәжат етіп тұрды.</verse>
				<verse number="11">Зәкәрия жұпар иісті затты түтетіп жатқанда, оған құрбандық үстелінің оң жағынан Иеміздің періштесі көрінді.</verse>
				<verse number="12">Періштені көрген кезде Зәкәрия таңғалып, қорқып кетті.</verse>
				<verse number="13">Сонда періште оған: -Зәкәрия, қорықпа, сенің мінәжатыңды Құдай естіді, енді сенің әйелің Елізабет саған ұл туып береді, ал сен оның атын Жақия деп қоясың.</verse>
				<verse number="14">Сөйтіп, сен бақыт пен шаттыққа бөленесің, сондай-ақ ол туылғанда көпшілік те қуанышқа кенелетін болады.</verse>
				<verse number="15">Өйткені ол Құдайдың алдында ұлылыққа бөленіп, шарап пен (күшті) ішімдік ішпейтін болады. Ол өз анасының құрсағында жатқан кезден бастап, Киелі Рухқа кенеліп,</verse>
				<verse number="16">Исраил ұлдарының көпшілігін олардың Иесі болған Құдайға бет бұрғызады.</verse>
				<verse number="17">Сонда ол Ілиясқа берілген рух пен күшке ие болып, әкелердің жүрегін балаларына бұрып, ал ой-санасымен бағынбайтындарды әділдікке шақырып, халықты Құдайдың келетін кезіне дайындайды.</verse>
				<verse number="18">Зәкәрия періштеден: -Мен оны қалай білемін? Өзім болсам қартайдым, әйелімнің де күндері өтіп, жасы келіп қалды, - деді.</verse>
				<verse number="19">Алайда періште оған: -Мен-Құдайдың алдында тұратын әрі Оның қасына жақын бара алатын Жәбірейіл періштемін. Мені осы бір қуанышты хабарды жеткізу үшін саған жіберді.</verse>
				<verse number="20">Ал сен Менің айтқан сөздеріме сенбедің, алайда сол нәрсе (оқиға) өз уақытымен орындалатын болады, енді осы айтылғанның орындалатын күні келіп жеткенше, сен сөйлей алмайтын мылқау болып қаласың, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="21">Зәкәрияның Киелі үйден шығуын күтіп тұрған халық оның кешігіп жатқанына таңғалып тұрды.</verse>
				<verse number="22">Зәкәрия шыққан соң, халыққа ешқандай сөз айта алмады, бәрі оның киелі үйде аян алғанын түсінді. Сонда ол халыққа тек ымдап қана белгі берді, сонымен, Зәкәрия сөйлей алмайтын мылқау күйінде қалды.</verse>
				<verse number="23">Оның сол күнгі қызметі осылай аяқталып, үйіне қайтты.</verse>
				<verse number="24">Осы күндерден кейін оның әйелі Елізабет жүкті болды. Алайда әйел мұны бес ай бойы жасырып келді. Сонда оның айтқаны:</verse>
				<verse number="25">«Осы күндері менің Ием маған мынаны істеді: Ол менің адамдардың арасында масқара болып жүргенімді көрді, енді соны Ол менен алып тастамақшы».</verse>
				<verse number="26">Алты ай болған кезде, Құдай Ғалилеяның Назарет деп аталатын қаласына</verse>
				<verse number="27">Дәуіттің әулетінен шыққан Жүсіп есімді адамға айттырылған пәк қызға Жәбірейіл періштені жіберді, ол қыздың аты Мәриям болатын.</verse>
				<verse number="28">Періште үйге кіріп, қызға: -Сен-Құдайдың рақымына бөленген жансың, қуана бер! Жаратушы Иең сенімен бірге! - деді.</verse>
				<verse number="29">Осы сөзді естіген кезде қыз сасқалақтап, бұл сәлемдесудің нені білдіретіні жайында ойланып, тұрып қалды.</verse>
				<verse number="30">Сол кезде періште: -Мәриям, сен Құдайдың рақымына ие болдың, қорықпа!</verse>
				<verse number="31">Енді сен жүкті болып, Ұл табасың, сол Ұлдың есімін Иса деп қоясың.</verse>
				<verse number="32">Ол өте ұлы әрі Оның мәртебесі бәрінен де жоғары болады, Ол Иеміздің Ұлы деп аталады. Жаратушы Құдай Ие Оған Оның арғы атасы Дәуіттің тағын береді,</verse>
				<verse number="33">сөйтіп, ғасырлар бойы Ол Жақыптың әулетіне билік жүргізеді және Оның Патшалығының билігі шексіз болады, - деді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Мәриям періштеге: -Бұл сонда қалай болады? Мен әлі ер адаммен жақындасқан жоқпын ғой?! - деді.</verse>
				<verse number="35">Періште: -Саған Киелі Рух келеді, бәрінен де жоғары Иеміздің күші саған көлеңкесін түсіреді, сонда Ол Киелі болып туылған Құдайдың Ұлы деп аталатын болады, -деп қызға жауап берді.</verse>
				<verse number="36">Міне, сенің туысың Елізабет те қартайған шағында жүкті болып, ұл табады, бір кезде оны бедеу әйел деп атайтын, енді оның жүкті болғанына алтыншы ай болады.</verse>
				<verse number="37">Өйткені Құдайдың айтқан әрбір сөзінің күшін жою мүмкін емес, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сонда Мәриям: -Мен-Жаратушы Иемнің құлымын, енді сенің маған айтқан осы сөздерің орындалатын болсын, -деп періштеге жауап берді. Осыдан кейін періште кетіп қалды.</verse>
				<verse number="39">Сол күндердің бірінде Мәриям жиналып, таулы жерде орналасқан яhудейлердің бір қаласына баруға асықты.</verse>
				<verse number="40">Зәкәрияның үйіне кіріп, Елізабетпен амандасты.</verse>
				<verse number="41">Мәриямның Елізабетпен амандасқанын естіген сәтте оның құрсағындағы сәби тыпырлап кетті, сонда Киелі Рухқа кенелген Елізабет</verse>
				<verse number="42">бар дауыспен: -Сен әйелдер арасындағы жарылқанған жансың және сенің құрсағыңдағы ұрпақ та жарылқанған!</verse>
				<verse number="43">Бұл қалай болғаны?! Менің Иемнің анасы маған келетіндей мен кім едім?</verse>
				<verse number="44">Өйткені сен менімен амандасқан кезде, менің құрсағымдағы нәресте қуаныштан тыпырлап кетті.</verse>
				<verse number="45">Иеміздің айтқанының орындалатынына сенім артқан сен - бақытты әйелсің! - деді.</verse>
				<verse number="46">Сонда Мәриям: -Менің жан дүнием Иемді мадақтайды!</verse>
				<verse number="47">Мен Құтқарушым Құдай туралы ойлаған сәтте менің рухым да шаттанып кетті!</verse>
				<verse number="48">Себебі Ол Өзінің назарын қарапайым күңіне аударды. Енді, міне, осы уақыттан бастап, ұрпақтардың барлығы да Мені бақытқа ие болған жан деп құрметтейтін болады!</verse>
				<verse number="49">Өйткені осындай ұлы істі маған Құдіреті күшті Иемнің Өзі істеді! Сондықтан Оның аты киелі!</verse>
				<verse number="50">Оның мейрімділігі Оны құрметтейтін ұрпақтан ұрпаққа тарайтын болады.</verse>
				<verse number="51">Сондықтан да мынадай істер Оның құдіретті қолымен жасалды: өзінің ой-санасымен жүріп, жүректерінде паң, тәкаппарларды Ол жан-жаққа шашыратып жіберді.</verse>
				<verse number="52">Ал билікке ие болып жүргендерді тақтан түсіріп, момындарды жоғары көтерді!</verse>
				<verse number="53">Ашыққандарды жақсылықпен тойғызды, байларды құр алақан қалдырды.</verse>
				<verse number="54">Ол Өзінің қызметшісі Исраилді мейіріммен есіне түсіріп, оны Өз құшағына алды.</verse>
				<verse number="55">Сөйтіп, Ол біздің бабамыз Ыбырайымға айтқан Өзінің сөзі бойынша, оның ұрпағын ғасырдан ғасырға жеткізді, -деді.</verse>
				<verse number="56">Сонымен, Мәриям үш айдай Елізабетпен бірге болып, өз үйіне қайта оралды.</verse>
				<verse number="57">Елізабеттің босанатын уақыты жетіп, ол ұл туды.</verse>
				<verse number="58">Осы жайында оның көршілері мен туыстары естіп, Жаратқан Иенің оған жасаған мейіріміне риза болып, Құдайды мадақтап, онымен бірге қуанды.</verse>
				<verse number="59">Олар сегізінші күні жас нәрестені сүндеттеп, оған әкесінің атын қойып, Зәкәрия деп атамақшы болды.</verse>
				<verse number="60">Бірақ оның шешесі қарсылық білдіріп: -Жоқ, оның аты Жақия болады, - деді.</verse>
				<verse number="61">Олар Елізабетке: -Сенің туыстарыңның арасында ондай есім ешкімде жоқ қой! - деді.</verse>
				<verse number="62">Содан олар әкесінен ұлына қандай ат қойғысы келетінін білу үшін, одан ымдап сұрады.</verse>
				<verse number="63">Сонда ол бір тақтайшаны сұрап алып: «Оның аты Жақия болады», -деп жазды. Олардың бәрі осылай болғанына таң-тамаша болды.</verse>
				<verse number="64">Сол сәтте оның мылқау тілі шешіліп, сөйлеп кетті де, Құдайды мадақтай бастады.</verse>
				<verse number="65">Осыдан кейін сол өңірде тұратындардың бәрін қорқыныш биледі, осы болған оқиға Яһудеяның барлық таулы аймақтарына түгелдей жетіп, айтылып жүрді.</verse>
				<verse number="66">Дегенмен, мұны естігендердің бәрінің жүректерінде: «Бұл бала енді кім болып шығар екен?» -деген ой болды. Өйткені Жаратқан Иеміздің қолы оның үстінде болды.</verse>
				<verse number="67">Жақияның әкесі Зәкәрия Киелі Рухқа кенеліп, пайғамбарлық сөз айта бастады:</verse>
				<verse number="68">-Өзінің халқын сақтап қалу үшін келіп, оларға бостандық алып берген Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мадақталсын!</verse>
				<verse number="69">Оның қызметшісі Дәуіттің әулетінен, құдіретті әрі күшті, беделді Құтқарушыны бізге дайындап қойды.</verse>
				<verse number="70">Сөйтіп, Ол осылай Өзінің өткен замандағы пайғамбарлары арқылы айтқан сөзіне сай,</verse>
				<verse number="71">бізді жауларымыздың және жеккөретіндердің қолынан құтқарып алатын болады.</verse>
				<verse number="72">Ол біздің ата-бабаларымызға деген мейірімін осылай көрсетті әрі оларға берген Өзінің киелі өсиетін есіне түсірді.</verse>
				<verse number="73">Сонымен, кезінде біздің арғы атамыз Ыбырайымға ант беріп бекіткен уәдесін енді бізге де береді.</verse>
				<verse number="74">Сонда біздің Оған қорқынышсыз қызмет етуіміз үшін, жауларымыздың қолынан құтқарып алатын болады,</verse>
				<verse number="75">сонда біз өміріміздің барлық күндерін Оған бағыштап, Оның алдында киелі әрі әділ жүріп, қызмет ететін боламыз.</verse>
				<verse number="76">Ал, сен балам, Жаратқан Иенің пайғамбары деген атқа ие боласың, себебі Иеміздің алдында жүріп, Оның жолын дайындап,</verse>
				<verse number="77">Оның халқына құтқарылу тек күнәнің кешірілуі арқылы болатынын оларға ашық білдіріп,</verse>
				<verse number="78">біздің Құдайымыздың жан дүниесінен біз үшін шыққан жоғарыдағы Таң Шапағы секілді,</verse>
				<verse number="79">түнекте отырғандар мен өлімнің көлеңкесінен қорқып жүргендерге және мына бізге де аяқтарымызды тыныштықтың жолына бағыттайтын жарық боласың, -деп, аяқтады.</verse>
				<verse number="80">Бала өсіп, рухпен күшейіп, өзін Исраилге анық көрсететін уақытқа дейін, ол елсіз жерде өмір сүрді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сол күндері Рим императоры Августың сол өңірдің барлық жерінде санақ жүргізу туралы жарлығы шықты.</verse>
				<verse number="2">Бұл Сирия өлкесін Киринидің басқарып тұрған кезінде жасалған алғашқы санақ болатын.</verse>
				<verse number="3">Сонымен, осы санақтан өту үшін, әркім өз қаласына кетіп жатты.</verse>
				<verse number="4">Жүсіп те Дәуіттің ұрпағы болғандықтан, Ғалилеядағы Назарет қаласынан шығып, Яһудеядағы Дәуіттің қаласы деп аталатын Бетлехемге</verse>
				<verse number="5">өзіне атастырылып қосылған әйелі Мәриямды ертіп алып, санақтан өту үшін, сол жаққа жүріп кетті. Сол кезде Мариям екіқабат болатын.</verse>
				<verse number="6">Олар сол жерге барған кезде, Мариямның ай-күні жетіп босанып,</verse>
				<verse number="7">дүниеге тұңғыш Ұлын әкелді. Содан кейін баласын жөргекке орап, ақырға жатқызды, себебі қонақ үйде оларға орын болмады.</verse>
				<verse number="8">Сол өңірдің малшылары отарларын түнде күзету үшін, далада қонатын.</verse>
				<verse number="9">Кенет Жаратқан Иенің періштесі олардың алдына келіп тұра қалды, сол кезде Жаратқан Иенің даңқы оларға Нұр болып төгілді. Малшылар қатты қорқып кетті.</verse>
				<verse number="10">Сонда періште оларға: -Мен мына Ізгі хабарды сендерге хабарлау үшін осында келіп тұрмын, ол барлық халықтарға да жарияланатын болады, қорықпаңдар!</verse>
				<verse number="11">Міне, бүгін Дәуіттің қаласында Құтқарушы Иеміз Мәсіх сендер үшін дүниеге келді!</verse>
				<verse number="12">Ал сендер Оны мына белгі бойынша тауып аласыңдар: олар нәрестені жөргекке орап, ақырға жатқызды, - деді.</verse>
				<verse number="13">Сол сәтте кенеттен көктің сансыз көп әскері аспанда пайда болып, әлгі періштемен бірігіп, Құдайға былай деп мадақ айта бастады:</verse>
				<verse number="14">-Бәрінен де жоғары тұрған Құдай даңқталсын! Жер бетіндегі адамдарда жақсы ізгі ниет болсын! - деді.</verse>
				<verse number="15">Періштелер көкке көтеріліп кеткен соң, малшылар бір-біріне: -Бетлехемге дейін барып, Жаратушы Иеміздің бізге білдірген осы сөзінің қалай орындалғанын көрейік, жүріңдер! - десті.</verse>
				<verse number="16">Сонымен, олар асыға басып сол жерге келді де, Мәриямды, Жүсіпті және ақырда жатқан нәрестені тапты.</verse>
				<verse number="17">Малшылар оларды көрген соң, осы Нәресте туралы өздеріне айтылған сөзді олар да білсін деп, болған жағдайды айтып берді.</verse>
				<verse number="18">Малшылардың айтып берген осы әңгімелерін тыңдаған олар бұл сөзге қатты таңғалды.</verse>
				<verse number="19">Ал Мәриям осы сөздердің бәрін есіне сақтап, жүрегіне түйіп алды.</verse>
				<verse number="20">Малшылар естігендерінің бәрі өздеріне қалай айтылған болса, дәл солай орындалғанын көрген соң, Құдайдың атын даңқтап әрі мадақтап қайтып кетті.</verse>
				<verse number="21">Осыдан сегіз күн өткен соң, өздерінің салты бойынша олар Нәрестені сүндетке отырғызбақ болды. Ол әлі де құрсақта пайда болмай тұрған кезде, періштенің Оны осы есіммен атауын білдіргені бойынша, Оны Иса деп атады.</verse>
				<verse number="22">Содан Мұсаның заңы бойынша тазару күндерінің белгіленген мезгілі біткенде, Оны Жаратқан Иенің алдына апару үшін, өрлеп Иерусалимге келді.</verse>
				<verse number="23">Себебі Жаратқан Иенің заңында: «Анасының құрсағынан шыққан әрбір ер бала Иемізге бағышталады», -деп талап етілгендіктен,</verse>
				<verse number="24">екі көгершінді немесе көгершіннің екі балапанын алып, оларды Жаратқан Иенің заңына сай құрбандыққа беру қажет болатын.</verse>
				<verse number="25">Сол уақытта Иерусалимде Шимон атты бір адам болды, ол әділетті әрі Құдайды қастерлеп, Киелі Рухтың жетегімен жүретін және ол Исраилге келетін Жұбатушыны күтіп жүрді.</verse>
				<verse number="26">Мәсіх Иесін өз көзімен көрмейінше, оның өлмейтіні жайында Киелі Рух арқылы ашылған болатын.</verse>
				<verse number="27">Дәл осы мезгілде ол Киелі Рухтың жетегімен ғибадатханаға барды, Исаның ата-анасы да Заң бойынша берілген рәсімді орындау үшін сонда келді.</verse>
				<verse number="28">Сонда ол Исаны қолына алып тұрып, былай деп Құдайға мадақтау айтты:</verse>
				<verse number="29">-Жаратқан Ие, енді Сенің сөзіңе сай Өзіңнің құлыңды бейбіт тыныштықпен босата гөр,</verse>
				<verse number="30">өйткені менің көздерім Сенің Құтқарушыңды көрді,</verse>
				<verse number="31">ал Сен Оны барлық халықтардың көз алдында дайындадың,</verse>
				<verse number="32">сондықтан Ол өзге ұлттарға да жарық болып ашылады және Сенің халқың болған Исраилдің де даңқын шығарады, -деді.</verse>
				<verse number="33">Сонда Оның әкесі мен анасы Иса туралы айтылған бұл сөздерге таңғалды.</verse>
				<verse number="34">Шимон оларды жарылқап, Исаның анасы Мәриямға: -Міне, енді Исраилдегі көпшіліктің құлауы мен өсуіне әрі айтыс пен тартыстың болуына Осы бала себепкер болмақ.</verse>
				<verse number="35">Сонда көбінің жүрегіндегі ой-ниеттері ашылып, сенің ішкі жан дүниеңді семсермен тіліп өткендей болады, -деді.</verse>
				<verse number="36">Сонымен қатар, сол кезде Ашир руынан шыққан Фануелдің қызы пайғамбар Анна да сол жерде болды. Ол да жасы келген қарт әже еді. Ал жас кезінде күйеуімен жеті-ақ жыл бірге тұрды.</verse>
				<verse number="37">Қазір жесір атанып, жасы сексен төртке жетсе де, ол ғибадатханадан шықпай, ораза ұстап, күні-түні мінәжат етумен қызмет ететін.</verse>
				<verse number="38">Сонда ол да сол жерде Құдайға алғыс айтып, Иерусалимнің құтқарылуын күтіп жүргендердің бәріне Нәресте туралы айтып берді.</verse>
				<verse number="39">Сөйтіп, олар Иеміздің бекітіп берген заңына сай рәсімдерді толық орындап болған соң, Ғалилея өлкесінде өздері тұратын Назарет қаласына қайтып оралды.</verse>
				<verse number="40">Ал Бала өсіп, Құдайдың даналығына толып, күшейе берді, Құдайдың рақымы Оның үстінде болды.</verse>
				<verse number="41">Оның ата-анасы жыл сайын Иерусалимде болатын Құтқарылу мейрамынан қалмай барып жүрді.</verse>
				<verse number="42">Ол он екіге толған кезде, жыл сайынғы мейрамға бару салты бойынша олар Иерусалимге келді.</verse>
				<verse number="43">Міне, сол күндердегі мейрам аяқталған соң, олар кері қайтып кетті, ал Иса Иерусалимде қалып қойды, алайда Оның ата-анасы бұл туралы білген жоқ.</verse>
				<verse number="44">Олар Исаны жолаушылармен бірге келе жатқан шығар деген оймен жүре берді. Тек бір күн өткен соң ғана олар Оны туыстары мен таныстарынан сұрастырып, іздестіре бастады.</verse>
				<verse number="45">Сөйтіп, Ол табылмаған соң, олар Оны іздеп, Иерусалимге қайта оралды.</verse>
				<verse number="46">Алайда олар Оны тек үш күннен кейін барып тапты, Ол сол кезде ғибадатханадағы тәлімгерлерді тыңдап, оларға сұрақ қойып отырған еді.</verse>
				<verse number="47">Ал Оның түсінігі мен берген жауабына сол жерде Оны тыңдағандардың барлығы қайран қалысты.</verse>
				<verse number="48">Исаның сонда отырғанын көрген ата-анасы да Оның мына ісіне таңғалды. Сонда анасы Оған: -Балам, Сен неге бізге бұлай істедің? Міне, Сенің әкең де, мына мен де Сені іздеп қиналып кеттік, - деді.</verse>
				<verse number="49">Сонда оларға Иса: -Сіздер не үшін Мені іздедіңіздер? Сіздер сонда Менің де Әкемнің тұратын жерінде болуым керек екенін білген жоқсыздар ма? - деді.</verse>
				<verse number="50">Алайда ата-анасы Оның өздеріне айтқан осы сөзін түсінген жоқ.</verse>
				<verse number="51">Содан кейін Ол да олармен бірге төмен түсіп, Назаретке қайтып оралып, олардың айтқанын орындап, мойынсұнып жүрді. Ал анасы Оның айтқан сол сөздерінің бәрін жүрегіне сақтап алды.</verse>
				<verse number="52">Исаның даналығы артып, Құдай мен адамдардың алдында мейірімге бөленіп, өсе берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Әмірші ретінде Тіберидің билік жүргізгеніне он бес жыл болған кезде Яһудея аймағын Понти Пилат, Ғалилея аймағын Ирод, Итурея мен Трахонит аймағын оның бауыры Філіп, ал Абілине аймағын Лүсіни басқарып тұрды.</verse>
				<verse number="2">Ал Ханна мен Қаяфа осы кезде бірінші бас қызметкердің міндетін атқарып жүрді. Сонда Құдай елсіз далада Зәкәрияұлы Жақияға жариялау үшін, Өзінің сөзін берді.</verse>
				<verse number="3">Осыдан кейін Жақия Иордан өзенінің бойын мекендеген бүкіл елді аралап, күнәларының кешірілуі үшін тәубеге келіп, суға батырылып шомылудан өту туралы уағыздап жүрді.</verse>
				<verse number="4">Ал осы жайында Ишаяның кітабында былай деп жазылған: «Елсіз далада жар салған дауыс шығады: -Жаратқан Иеге жол дайындаңдар, Оның жолдары түзу болсын!</verse>
				<verse number="5">Кез-келген аңғарлар толып, тау мен төбелер аласарып, қисық жерлер түзеліп, тегіс емес жолдар жазыққа айналатын болсын!</verse>
				<verse number="6">Сонда Құдайдың құтқаруын әрбір пенде көреді».</verse>
				<verse number="7">Суға шомылдырудан өтіп жатқан халыққа Жақия: -Улы жыланның тұқымдары, болатын жазаның қаһарынан құтылып кететін жолды сендерге кім көрсетті?</verse>
				<verse number="8">Сондықтан осы тәубе еткендеріңе сай жеміс беріңдер. Біздің Ыбырайым атты бабамыз бар дегенді өзара айта бермеңдер. Сендерге айтарым мынау: Құдай Ыбырайымға мына тастардан да балалар жасап бере алады.</verse>
				<verse number="9">Міне, ағаштардың тамырының түбінде балта жатыр, жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="10">Сонда халық Жақиядан: -Енді біздің не істеуіміз керек? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="11">Жақия оларға: -Кімнің екі көйлегі бар болса, оны көйлегі жоқ адамға берсін, ал кімнің ішер асы болса, ол да солай істесін, - деді.</verse>
				<verse number="12">Сол жерге суға батырылып шомылдырудан өту үшін салықшылар да келген болатын. Сонда олар да Жақиядан: -Ұстаз, біз не істейміз? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="13">Сонда Жақия оларға: -Сендердің қойған талаптарың өздеріңе белгілеп берілген мөлшерден жоғары болмасын, -деді.</verse>
				<verse number="14">Сарбаздар да Жақиядан: -Ал біздің не істеуіміз қажет? -деп сұрады. Жақия оларға: -Ешкімге зорлық жасап, жала жабушы болмаңдар, өз еңбекақыларыңды ғана қанағат тұтыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="15">Негізінде, халықтың көпшілігі елеңдеп, Мәсіхтің келуін күтіп жүргендіктен, Жақия туралы олардың барлығының жүректерінде: «Бұл Мәсіх емес пе екен?» -деген ой болды.</verse>
				<verse number="16">Сонда Жақия олардың бәріне былай деп жауап берді: -Мен сендерді тек суға батырып шомылдырамын, себебі менен де құдіреті жоғары ұлы күштің Иесі келіп тұр, ал мен болсам, Оның аяқ киімінің бауын шешіп беруге де лайықсызбын. Міне, Сол сендерді Киелі Рухпен және отпен шомылдыратын болады.</verse>
				<verse number="17">Ол Өзінің қолындағы күрегімен Өз қырманын Өзі тазалап, астықты Өзінің қоймасына жинап алады да, сыртқы қауызын сөнбейтін отқа өртеп жібереді, - деді.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, Жақия бұдан да басқа нәрселерді айтып, оларға жігер беріп, халыққа Ізгі хабарды таратты.</verse>
				<verse number="19">Сол аймақтың төрттен бірін басқаратын Ирод інісі Філіптің әйелі Иродияны өзіне әйел етіп алғандықтан және бұдан басқа да жасаған барлық жамандықтарына бола Жақия Иродты әшкерелеген еді.</verse>
				<verse number="20">Ирод өзінің осы жасаған жаман іс-әрекеттері аз болғандай, енді Жақияны да зынданға жаптырып тастайды.</verse>
				<verse number="21">Бүкіл халық батырылып су шомылдыруынан өтіп жатқан кезде, Иса да осыдан өтеді. Осыдан кейін Ол мінәжат етіп тұрғанда, көк ашылып,</verse>
				<verse number="22">көгершіннің денесіндей бейнемен Киелі Рух келіп, Оның үстіне қонды. Сонда көктен: -Сен-Менің сүйікті Ұлымсың! Мен Саған ризамын! - деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="23">Сонымен, Иса өзінің қызметін шамамен отыз жасында бастады. Ол Елидің тегінен шыққан Жүсіптің баласы болатын,</verse>
				<verse number="24">ал Ели Маттаттан, Маттат Леуіден, Леуі Мәлкіден, Мәлкі Жанайданнан, Жанайдан Жүсіптен,</verse>
				<verse number="25">Жүсіп Мататиядан, Мататия Амостан, Амос Нахумнан, Нахум Есліденнен, Есліден Нағайданнан,</verse>
				<verse number="26">Нағайдан Мақаттан, Мақат Мататидан, Матати Семейден, Семей Жүсіптен, Жүсіп Яһудадан,</verse>
				<verse number="27">Яһуда Жохананнан, Жоханан Ресадан, Ресадан Зоробабелден, Зоробабел Салатиелден, Салатиел Неріден,</verse>
				<verse number="28">Нері Мәлкіден, Мәлкі Аддидан, Аддидан Қосамнан, Қосам Елмодамнан, Елмодам Ерденнен,</verse>
				<verse number="29">Ерден Ешуадан, Ешуа Елизерден, Елизер Жорамнан, Жорам Мататтан, Матат Леуіден,</verse>
				<verse number="30">Леуі Шимеоннан, Шимеон Яһудадан, Яһуда Жүсіптен, Жүсіп Жонамнан, Жонам Елиәкімнен,</verse>
				<verse number="31">Елиәкім Мелеаттан, Мелеат Менаннан, Менанн Мататтан, Матат Натаннан, Натан Дәуіттен,</verse>
				<verse number="32">Дәуіт Есейден, Есей Ғабиттен, Ғабит Боғоздан, Боғоз Салмоннан, Салмон Нағасоннан,</verse>
				<verse number="33">Нағасон Әминадаптан, Әминадап Админнен, Админ Арнидан, Арни Хесроннан, Хесрон Парестен, Парес Яһудадан,</verse>
				<verse number="34">Яһуда Жақыптан, Жақып Ысқақтан, Ысқан Ыбырайымнан, Ыбырайым Тарахтан, Тарах Нахордан,</verse>
				<verse number="35">Нахор Серуктен, Серук Рәгуден, Рәгу Пелектен, Пелек Еберден, Ебер Шелахтан,</verse>
				<verse number="36">Шелах Қайнаннан, Қайнан Арпақсаттан, Арпақсат Шамнан, Шам Нұқтан, Нұқ Ләмехтен,</verse>
				<verse number="37">Ләмех Мәтсуалдан, Мәтсуал Енохтан, Енох Иәреттен, Иәрет Мақалалелден, Мақалалел Қайнаннан,</verse>
				<verse number="38">Қайнан Еностан, Енос Сеттен, Сет Адам атадан, ал Адам атаны Құдай жаратты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Киелі Рухқа толған Иса Иорданнан келгеннен кейін, Оны Рух жетелеп, елсіз жерге алып барды.</verse>
				<verse number="2">Ол сол жерде қырық күн бойы сайтанның азғыруында болды. Сол күндер аяқталғанша Ол ештеңе жемеді, тек сол күндер аяқталғанда Ол ашыққанын сезді.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде шайтан Оған: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйрық берші, -деді.</verse>
				<verse number="4">Сонда Иса оған былай деп жауап берді: -«Адам тек нанмен ғана өмір сүрмейді», - деп Жазбада жазылған.</verse>
				<verse number="5">Осыдан кейін сайтан Оны биік жерге апарып, осы әлемдегі барлық патшалықты Оған бір сәтте көрсетті.</verse>
				<verse number="6">Сайтан Оған: -Осылардың бүкіл билігін және атақ-даңқын да Саған беремін, өйткені осының бәрі маған берілген, сондықтан мен оны кімге бергім келсе, соған беремін.</verse>
				<verse number="7">Егер Сен маған басыңды иіп, тағзым ететін болсаң, осылардың бәрі Сенікі болады, - деді.</verse>
				<verse number="8">Сонда Иса оған былай деп жауап қайырды: -«Тек жаратушы Құдай Иеңе ғана тағзым етіп, тек жалғыз Оған ғана қызмет ет», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="9">Одан кейін сайтан Оны Иерусалимдегі ғибадатхананың биік қабырғасының қырына тұрғызып қойды да, Оған мынаны айтты: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, осы арадан Өзіңді төмен қарай тастап жібер.</verse>
				<verse number="10">Өйткені: «Сені аман сақтап қалу үшін, Ол Өзінің періштелеріне бұйрық беріп қояды,</verse>
				<verse number="11">сонда Сен аяғыңды тасқа ұрып алмауың үшін, олар Сені қолдарына көтеріп алып жүреді», -деп жазылған ғой.</verse>
				<verse number="12">Сол кезде Иса оған былай деді: -«Өзіңнің Жаратушы Құдай Иеңді еркінсіп сынаушы болма», -деп те жазылған.</verse>
				<verse number="13">Осылай сайтан өзінің барлық сынақтарын аяқтаған соң, Исаны уақытша тастап кетіп қалды.</verse>
				<verse number="14">Иса Рухтың күшіне кенеліп, Ғалилеяға қайтып келді. Сонда Ол туралы хабар сол аймақтың бәріне жайылып кетті.</verse>
				<verse number="15">Иса синагогаларға барып, оларға тәлім берді, олардың бәрі Оны сыртынан мақтайтын.</verse>
				<verse number="16">Бірде Иса Өзі өсіп, тәрбие алған Назарет қаласына келді, сол кез әдеттегі сенбі күні болғандықтан, Ол синагогаға кірді. Содан кейін жазбадағы үзіндіні оқу үшін орнынан тұрды.</verse>
				<verse number="17">Сол кезде Оған Ишая пайғамбардың шиыршық кітабын оқуға берді. Ол кітапты ашып, Жазбаның мына жерін тауып оқыды:</verse>
				<verse number="18">«Иеміздің Рухы Менің бойымда, Ол Мені майлап, Ізгі хабарды жарлыларға жеткізгенімді, тұтқындағылардың бостандыққа шығатынын, соқырлардың көздерінің ашылатынын, қайғы-қасіретпен жүргендерді босататын</verse>
				<verse number="19">Жаратқан Иеміздің мейірімі жария болатын жылының мезгілі келіп жеткенін жарияласын деп жіберді», -деп оқып шықты.</verse>
				<verse number="20">Содан кейін Ол шиыршық кітапты орап, оны қызметкерге берді де, келіп отырды. Сол синагогада болғандарың бәрі Оны ала көздерімен атып, Оған тесіле қарап қалды.</verse>
				<verse number="21">Алайда Иса оларға: -Бүгін Жазбадан не естісеңдер, сол орындалды, - деді.</verse>
				<verse number="22">Бәрі Оның айтқанын қолдап, Оның аузынан шыққан осы мейірімді сөздеріне таңданып: -Бұл Жүсіптің ұлы емес пе еді? - десті.</verse>
				<verse number="23">Ал Иса оларға: -Осындағы әрбіреуің Маған: «Дәрігер болсаң, ең алдымен, Өзіңді емдеп ал», -деген мақалды есіме салып және тағы да Маған:«Қапарнаумда жасаған көп істерің туралы естідік, енді оны осы жерде, Өз отаныңда, істеп көр деп отырған боларсыңдар», - деді.</verse>
				<verse number="24">-Мен сендерге шындықты айтайын: ешбір пайғамбарды өз елінде қабылдаған емес, -деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="25">Шындығын айтар болсам, Ілияс өмір сүрген күндері аспан үш жыл алты айға жабылып қалды, сонда бүкіл жер бетінде алапат ашаршылық болды, сол кезде Исраилде көптеген жесірлер бар еді.</verse>
				<verse number="26">Сонда Құдай Ілиясты солардың бірде-біреуіне жіберген жоқ, оны тек Сидондағы Сарептада тұратын бір жесір әйелге ғана жіберді.</verse>
				<verse number="27">Ал пайғамбар Елішенің кезінде де Исраилде алапеспен ауырғандар өте көп болды, сонда тек сириялық Нағыманнан басқасының ешқайсысы аурудан тазаланған жоқ, - деді.</verse>
				<verse number="28">Осыны естігеннен кейін синагогада болғандардың бәрі қатты ашуланды.</verse>
				<verse number="29">Орындарынан атып тұрып, Исаны қаланың сыртына қуып шығарды да, Оны өздерінің қаласы салынған биік төбеге алып шығып, Оны сол төбеден төмен қарай лақтырып жібермекші болды.</verse>
				<verse number="30">Алайда Иса олардың ортасын жарып өтіп, сол жерден кетіп қалды.</verse>
				<verse number="31">Ол төмен түсіп, Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына барды, әр сенбі сайын оларға тәлім беріп жүрді.</verse>
				<verse number="32">Оның берген тәліміне олар қатты таңғалатын, өйткені Оның айтқан сөздерінде ерекше бір билік бар болатын.</verse>
				<verse number="33">Сол синагогада сайтанның таза емес рухы бойын билеп алған бір адам бар болатын, сол қатты дауыстап:</verse>
				<verse number="34">-Оу, Назареттік Иса, бізде Сенің нең бар еді? Сен бізді құрту үшін келдің бе? Сенің кім екеніңді мен білемін! Сен Киелі Құдайдан келдің! - деді.</verse>
				<verse number="35">Алайда Иса оған: -Үніңді өшіріп, одан шық! -деп сайтанға тыйым салды. Сонда сайтан оны ортаға алып шығып, құлатып жықты да, ешбір зиян келтірместен одан шығып кетті.</verse>
				<verse number="36">Осы жағдайдан кейін сондағылардың бәрін қорқыныш билеп, олар бір-біріне: -Таза емес рухтарға бұйырғанда шығып кететіндей мына сөзде қандай билік пен күш бар? -десті.</verse>
				<verse number="37">Осылайша, Иса туралы хабар сол аймақтың бәріне тарап кетті.</verse>
				<verse number="38">Иса синагогадан шыққан соң, Шимонның үйіне келді. Шимонның енесі безгекпен ауырып, ыстығы қатты көтеріліп жатқан болатын. Үйдегілер Оған оның жағдайын айтып, Одан көмек беруді өтінді.</verse>
				<verse number="39">Сонда Иса оның қасына барып, ыстыққа тыйым салғанда, ыстығы түсіп, сол сәтте орнынан тұрды да, оларға қызмет ете бастады.</verse>
				<verse number="40">Күн батар кезде әр түрлі дертпен ауыратындардың барлығын Исаның алдына алып келді, Иса олардың әрқайсысына қолын қойып, оларды сауықтырды.</verse>
				<verse number="41">Олардың көбінен жындар шыққан кезде: -Сен -Құдайдың Ұлысың! -деп айғайлады. Олар Оның Мәсіх екенін білетіндіктен, Иса оларға тыйым салып, айтуға рұқсат бермеді.</verse>
				<verse number="42">Келесі күні Иса сол жерден шығып, елсіз жерге кетіп қалды. Адамдардың бәрі Оны іздей бастады, Оны тауып алған соң жібергілері келмей, сол жерде қалуын өтінді.</verse>
				<verse number="43">Бірақ Иса оларға: -Мен басқа қалаларға да барып, Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізуім керек, себебі Мен сол үшін де жіберілгенмін, - деді.</verse>
				<verse number="44">Ол Яһудеяның синагогаларына барып, уағыздап жүрді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Бірде мынадай жағдай болды. Иса Гинесәрет көлінің жағасында тұрды, Құдай сөзін тыңдағысы келген халық Оны жағадан ығыстыра бастады.</verse>
				<verse number="2">Осы кезде Иса көлдің жағасында тұрған екі қайықты көрді, балықшылар қайықтан түсіп, балық аулайтын ауларын жуып жатқан еді.</verse>
				<verse number="3">Сонда Ол Шимон отырған қайыққа мініп, жағадан алысырақ барып тұруын одан өтінді де, қайықта отырып халыққа тәлім берді.</verse>
				<verse number="4">Содан кейін Иса сөзін аяқтады да, Шимонға қарап: -Енді тереңдеу жерге барып, балық аулайтын ауларыңды сол жерге салыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="5">Сонда Шимон: -Тәлімгер, біз түні бойы еңбек етсек те, ештеңе аулай алмадық, егер Сен солай десең, ауларды салайын, - деді.</verse>
				<verse number="6">Олар осылай істегенде, ұсталған балықтың көптігі соншама, тіпті, балыққа салған аулары жыртыла бастады.</verse>
				<verse number="7">Олар келесі қайықтағы жолдастарына белгі беріп, оларды көмекке шақырды. Сөйтіп, олар аулаған балықтарын екі қайыққа толтырғанда, қайықтары ауыр салмақтан суға бата бастады.</verse>
				<verse number="8">Осыны көрген Шимон Исаның аяғына жығылып: -Ием, менен аулақ кеткеніңді қалаймын, өйткені мен күнәкар адаммын! - деді.</verse>
				<verse number="9">Себебі балық аулап жатқан кезде оның өзін де және қасындағылардың бәрін де қорқыныш биледі.</verse>
				<verse number="10">Осындай жағдай Шимонға жолдас болып жүрген Зебедейдің ұлдары Жақып пен Жоханда да болды. Сонда Иса Шимонға: -Енді сен дәл осы кезден бастап, адамдарды аулайтын боласың, қорықпа! - деді.</verse>
				<verse number="11">Олар қайықтарын жағаға шығарды да, бәрін сол жерге тастап, Исаның артынан еріп кетті.</verse>
				<verse number="12">Иса сол жердегі қалалардың біріне келгенде, бүкіл денесін алапес басып кеткен бір адам кездесті. Ол Исаны көре салып, Оның аяғына жығылып: -Ием, егер қалауың болса, мені тазарта аласың, - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса оған қолын тигізді де: -Тазаланғаныңды қалаймын! -деді. Сол сәтте ол алапестен арылып, сауығып кетті.</verse>
				<verse number="14">Иса оған осыны ешкімге айтпауын бұйырды да: -Енді бар да, өзіңді Құдайдың қызметкеріне көрсет және оларға өзіңнің таза болғаныңның дәлелі ретінде куәлік болу үшін, Мұсаның берген бұйрығына сай ұсынатын тартуыңды апарып бер, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, Иса туралы хабар бұрынғыдан бетер көп айтылып, жан-жаққа тарап кетті. Көптеген халық Оны тыңдау үшін және ауруларынан сауығып кету үшін Оған ағылып келіп жатты.</verse>
				<verse number="16">Иса елсіз жерге Өзі бөлек барып, мінәжат етіп жүрді.</verse>
				<verse number="17">Осындай күндердің бірінде Ғалилея мен Яһудея аймақтарының ауылдарынан және Иерусалимнен келген фарисейлер мен заңды үйретушілер Иса тәлім берген жерде отырды. Жаратқан Иеміздің сауықтыратын күші Исада болды.</verse>
				<verse number="18">Міне, сол кезде бірнеше ер адам төсекте сал болып жатқан бір адамды көтеріп, Исаның алдына жақынырақ апарып қоятын бос жерді іздестіре бастады.</verse>
				<verse number="19">Бірақ адамдар өте көп болғандықтан, Оған жақындатып апаратын жолды таба алмай, олар оны үйдің төбесіне алып шығып, сол жерден төсенішімен төмен қарай Исаның алдына түсірді.</verse>
				<verse number="20">Иса олардың осы сенімдерін көргенде: -Ей, адам, сенің күнәларың кешірілді! - деді.</verse>
				<verse number="21">Сол сәтте әлгі фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер: «Құдайдың атына осылай тіл тигізіп тұрған Бұл Кім? Бір Құдайдан басқа күнәларды Кім кешіре алады?» - деп іштерінен ойлады.</verse>
				<verse number="22">Олардың осы ойларын біле қойған Иса: -Неге сендердің жүректеріңде осындай ой бар?</verse>
				<verse number="23">Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» -деген бе? Немесе: «Орныңнан тұр да, жүріп кет!» -деген бе?</verse>
				<verse number="24">Алайда жер бетіндегі күнәларды кешіре алатын биліктің тек Адам Ұлында ғана бар екенін сендердің білулерің қажет, -деді де, сал болып жатқанға: -Саған айтып тұрмын, орныңнан тұрып, төсенішіңді ал да, үйіңе бар, - деді.</verse>
				<verse number="25">Сол сәтте әлгі адам олардың көзінше орнынан тұрды да, өзі жатқан төсенішін алып, Құдайды мадақтап, үйіне кетті.</verse>
				<verse number="26">Болған жағдайға бәрі қайран қалды, бір жағынан Құдайды мадақтаса, бір жағынан оларды қорқыныш та биледі. -Біз бүгін адам сенгісіз нәрселер көрдік, -деді олар.</verse>
				<verse number="27">Иса сол жерден шығып бара жатып, арнайы салық жинайтын жерде отырған Леуі есімді салық жинаушыны көріп: - Соңымнан ер, - деді оған.</verse>
				<verse number="28">Ол орнынан тұрды да, бәрін тастап, Исаның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="29">Леуі Исаны сыйлап, өз үйіне қонаққа шақырып, үлкен той жасады. Салықшылардың көбі сол жерге келді және басқалары да олармен бірге сонда жайғасып, ас ішіп отырды.</verse>
				<verse number="30">Сол кезде фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер Исаның шәкірттеріне келіп: -Сендер неге салық жинаушылармен және күнәкарлармен бірге ас ішіп отырсыңдар? - деп күңкілдей бастады.</verse>
				<verse number="31">Иса оларға: -Дәрігерге дені саулар емес, керісінше, аурулар мұқтаж.</verse>
				<verse number="32">Мен әділдерді емес, күнәкарларды тәубеге шақыру үшін келдім, - деді.</verse>
				<verse number="33">Сонда олар Исаға: -Жақияның шәкірттері жиі ораза ұстап, мінәжат етеді, фарисейлердікі де солай істейді, тек Сенікі ғана ішіп-жеумен жүр, - деді.</verse>
				<verse number="34">Сол кезде Иса: -Күйеу жігітпен бірге тойда жүрген ұлдарға (қонақтарға) ораза ұстаңдар деп мәжбүрлеуге бола ма? - деді.</verse>
				<verse number="35">Күйеу жігітті олардан тартып алып кететін күн туады, тек сол күндері олар ораза ұстайтын болады, - деді.</verse>
				<verse number="36">Иса осыдан кейін оларға астарлап айта бастады: -Ешкім де жаңа сырт киімнен қиып алынған жамаумен ескі киімді жамамайды, егер солай істесе, жаңа киімді құртады және жаңа киімнен алынған жамау ескі киімге сәйкес келмейді.</verse>
				<verse number="37">Ешкім де жаңа шарапты ескі торсыққа құймайды, егер солай істесе, жаңа шарап ескі торсықты жарып жібереді, сөйтіп, шарап та төгіледі, торсықтар да бүлінеді,</verse>
				<verse number="38">сондықтан жаңа шарапты тек жаңа торсыққа құйып сақтау керек.</verse>
				<verse number="39">Ескі шарапты ішкен әркім: «Тек ескі шарап жақсы», -деп айтады, себебі жаңа шарапты қаламайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сенбі күні Иса егіс алқабы арқылы өтіп бара жатты, сол кезде Оның шәкірттері масақтарды қолдарымен үгітіп алып, жей бастады. (Алғашқы өнім мейрамынан кейінгі бірінші сенбіде)</verse>
				<verse number="2">Сонда фарисейлердің кейбіреулері оларға: -Сендер сенбіде істеуге болмайтын нәрсені істеп жүрсіңдер, -деді.</verse>
				<verse number="3">Иса оларға: -Сендер Дәуіт патша ашыққан кезде өзінің қасындағыларымен бірге не істегені жайында оқымап па едіңдер?</verse>
				<verse number="4">Ол Құдайдың үйіне кіріп, тек қана қызметкерлерден басқа ешкімге ұсынылмайтын нанды алып өзі де жеді, қасындағыларға да берген жоқ па? - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="5">Содан кейін Иса: -Адам Ұлы-сенбі күнінің де иесі, - деді оларға.</verse>
				<verse number="6">Тағы бір сенбі күні Иса синагогаға кіріп, сонда тәлім берді, сол жерде оң қолы семіп қалған бір адам бар болатын.</verse>
				<verse number="7">Сонда отырған Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер сенбі күні екеніне қарамастан ауруды сауықтырар ма екен деп, Исаны кінәлау үшін, Оның ісін мұқият аңдумен болды.</verse>
				<verse number="8">Иса олардың не ойлап отырғанын білді, сондықтан әлгі қолы семіп қалған аламға: -Орныңнан тұрып, мына ортаға келші, -деп оны шақырды. Әлгі адам ортаға келіп тұрды.</verse>
				<verse number="9">Сонда Иса олардан: -Сендерден мынаны сұрайын: осы сенбі күні қайсысын істеуге болады? Жақсылықты ма немесе жамандықты ма? Адам жанын құтқару керек пе әлде құрту керек пе?</verse>
				<verse number="10">Сол жерде отырғандардың бәріне көз жүгіртіп бір қарап шыққан соң, Иса әлгі адамға: -Қолыңды созшы, -деді. Ол қолын созған кезде сауығып, қайтадан қалпына келді.</verse>
				<verse number="11">Олар ашуланып, Исаға не істеу керектігі туралы бірбіріне айтып, өзара талқылай бастады.</verse>
				<verse number="12">Сол күндерінің бірінде Ол мінәжат ету үшін тауға көтерілді, сол түнді Ол Құдайға мінәжат етумен өткізді.</verse>
				<verse number="13">Таң атқан соң, Иса шәкірттерін шақырып алып, солардың арасынан он екісін таңдап алды да, оларды елшілер деп атады. Олар мыналар:</verse>
				<verse number="14">Петір деп аталатын Шимон, оның інісі Әндір, Жақып пен Жохан және Філіп пен Бартолмай,</verse>
				<verse number="15">Матай мен Тома және Әлфей ұлы Жақып, Зилот деп аталып жүрген Шимон,</verse>
				<verse number="16">Жақыптың ұлы Яһуда және кейін Оған опасыздық жасайтын Яһуда Исқариот.</verse>
				<verse number="17">Бұдан кейін Иса олармен бірге төмен түсіп, бір жазықтау жерге аялдады. Енді сол жерге Оның шәкірттерімен бірге көптеген халық жинала бастады. Олардың көпшілігі Яһудеяның барлық аймағынан, Иерусалимнен және Тир мен Сидон жағалауларынан келгендер болатын.</verse>
				<verse number="18">Олар сол жерге Исаны тыңдау үшін және ауруларынан сауығу үшін келген болатын. Осы кезде таза емес рухтың жетегінде жүргендер де сауығып жатты.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан да адамдардың бәрі Оған қолдарын тигізіп қалуға тырысты, ал Исадан шыққан күш олардың бәрін де сауықтырып жіберді.</verse>
				<verse number="20">Осыдан кейін Иса Өзінің шәкірттеріне көзін қадап: -Кедейлер, сендер бақыттысыңдар, өйткені Құдай патшалығының иесі сендерсіңдер.</verse>
				<verse number="21">Қазір ашығып жүргендер, бақыттысыңдар, өйткені сендер енді тойынатын боласыңдар. Ал қазір жылап жүргендер, бақыттысыңдар, өйткені сендер енді күліп жүретін боласыңдар.</verse>
				<verse number="22">Адам Ұлына бола жұрттар сендерді жеккөріп, бөлектеп, қорлап, сендерге жаман ат тағып, сендерден бас тартатын болса, сендер бақыттысыңдар.</verse>
				<verse number="23">Сол күні қуана секіріңдер, өйткені сол кезде өздеріңе берілетін көктегі сый өте мол болады. Олардың атабабаларына да, пайғамбарларға да осылай істеген болатын.</verse>
				<verse number="24">Байлар, сендер қасіретке қаласыңдар, өйткені сендер өздеріңе тиісті жұбанышты алдыңдар.</verse>
				<verse number="25">Қазір тоқ жүргендер, сендер де қасіретке қаласыңдар, аштықтың азабын тартатын боласыңдар. Қазір күліп жүргендер, сендер де қасіретке қаласыңдар, өйткені сендердің көретіндерің тек қайғы болады.</verse>
				<verse number="26">Егер де барлық адамдар сендер жайында тек қана жақсыны айтатын болса, бұл да қасірет, өйткені олардың ата-бабалары да жалған пайғамбарларға осыны істеген болатын.</verse>
				<verse number="27">Ал құлақ салып, осыны тыңдап тұрғандар, сендерге айтарым: « Өз жауларыңды жақсы көріңдер, біреулер сендерді жеккөретін болса, оларға жақсылық жасаңдар.</verse>
				<verse number="28">Егер біреулер сендерді қарғайтын болса, оларға бата беріңдер, өздеріңді жәбірлегендер үшін мінәжат етіңдер.</verse>
				<verse number="29">Біреу бетіңнің бір жағынан ұрса, екінші жағыңды тос. Сырт киіміңді алып жатып, көйлегіңді де қоса алғысы келгенге қарсылық жасама.</verse>
				<verse number="30">Біреулер сенен бір нәрсе сұрайтын болса, оған сұрағанын бер. Ал сенен өзіңе тиесілі нәрсені алып қойғанды қайтаруды талап етпе.</verse>
				<verse number="31">Адамдар өздеріңе не істегенін қаласаңдар, оларға да соны істеңдер.</verse>
				<verse number="32">Егер де сендер тек өздеріңді сүйетіндерді ғана сүйсеңдер, онда сендерге берілетін сый қандай болмақ? Өйткені күнәкарлар да өздерін сүйгендерді сүйеді емес пе?</verse>
				<verse number="33">Егер де жақсылықты тек өздеріңе жасағандарға ғана жасайтын болсаңдар, онда сендерге берілетін сый қандай болмақ? Күнәкарлар да солай істемей ме?</verse>
				<verse number="34">Егер қайтарып аламыз деген үмітпен қарыз беретін болсаңдар, онда сендерге берілетін сый қандай болмақ? Тіпті, күнәкарлардың өздері бір-біріне қарызды қайтарып алу үшін бермей ме?</verse>
				<verse number="35">Сондықтан сендер жауларыңды сүйіп, оларға жақсылық жасаңдар және қарыз бергенде оны қайтарып аламыз деп үміттенбеңдер, тек солай істесеңдер ғана мол сыйға ие болып, Жаратқан Иенің ұлдары деген атқа ие боласыңдар, өйткені Ол ризашылығы жоқтар мен зұлымдарға да мейірімін бірдей төгіп тұрады.</verse>
				<verse number="36">Сондықтан Әкелерің қандай мейірімді болса, сендер де сондай мейірімді болыңдар.</verse>
				<verse number="37">Соттамаңдар, сонда сендер де сотталмайсыңдар және біреуді айыптамаңдар, сонда басқалар да сендерді айыптамайтын болады. Кешіріңдер, сонда сендерді де кешіретін болады.</verse>
				<verse number="38">Беріңдер, сонда сендерге де беріледі, жоғары мөлшерде басып, нығыздап, ернеуінен асырып, құшағыңа сыйғанша береді. Өйткені сендердің өлшемдерің қандай мөлшерде болса, өздеріңе де сондай мөлшермен өлшеніп берілетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="39">Иса оларға астарлап тағы былай деді: -Соқырды соқыр жетелеп жүре ала ма? Солай істесе, екеуі де шұңқырға түсіп кетпей ме?</verse>
				<verse number="40">Шәкірті ұстазынан биік болмайды, алайда арнайы дайындықтан өткен әркім ұстазына ұқсас болады.</verse>
				<verse number="41">Сен бауырыңның көзіндегі тікенді көрген кезде, қалайша өз көзіңдегі бөренені байқамайсың?</verse>
				<verse number="42">Өйткені өз көзіңдегі бөренені байқамай тұрып, бауырыңа: «Көзіңдегі тікенді алып тастайыншы», -деп қалай айтып тұрсың? Ей, екіжүзді, ең алдымен, өзіңнің көзіңдегі бөренені алып таста, содан кейін бауырыңның көзіндегі тікенді анық көріп, оны алып тастайсың.</verse>
				<verse number="43">Жақсы ағаш ешқашан жаман жеміс бермейді, ал жаман ағаш ешқашан жақсы жеміс бере алмайды.</verse>
				<verse number="44">Сондықтан әрбір ағаш өз жемісімен танылады, өйткені тікеннен інжір, ал бұтадан жүзім жинамайды.</verse>
				<verse number="45">Жақсы адам жүрегіндегі қазынасынан тек жақсылығын алып шығады, ал жаман адам жүрегіндегі қазынасынан тек жамандық алып шығады. Өйткені сенің жүрегің неге толы болса, аузың соны айтады.</verse>
				<verse number="46">Сендер Менің айтқанымды орындамасаңдар, онда неге Мені: «Ием, Ием!» - деп шақыра бересіңдер?</verse>
				<verse number="47">Маған келіп, Менің сөзімді тыңдап, оны іске асыратын әркімнің кімге ұқсас болатынын сендерге айтып берейін.</verse>
				<verse number="48">Ол үй сала бастағанда жерді терең қазып, іргетасын таспен қалап шыққан адамға ұқсас болады. Өзен тасып, ернеуінен шығып, жағалар опырылып құласа да, сол үйді орнынан да қозғалта алмайды, өйткені ол мықты салынған болатын.</verse>
				<verse number="49">Ал айтқанымды тыңдап, бірақ орындамайтын адам үйінің іргетасын тек топыраққа салған адамға ұқсас болады. Өзен тасыған кезде, үй сол сәтте құлайды, сөйтіп, әлгі үйдің құлауы аса қорқынышты болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Иса Өзіне ден қойып, тыңдап тұрған халыққа сөзін айтып болған соң, Қапарнаумға келді.</verse>
				<verse number="2">Бір жүзбасының өте жақсы көретін құлы қатты ауырып, өлім аузында жатқан болатын.</verse>
				<verse number="3">Ол Иса туралы естіп: «Менің құлымды сауықтырып берсінші», -деген өтінішін білдіріп, яһудейлердің ақсақалдарын Оған жіберді.</verse>
				<verse number="4">Сонда олар Исаға келіп: -Осы адам Сенің көмек беруіңе лайық,</verse>
				<verse number="5">себебі ол біздің халқымызды жақсы көреді және ол бізге синагога салып берді, - деп өтініп сұрады.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иса олармен бірге жүріп кетті. Иса оның үйіне таяп қалғанда, жүзбасы Оған өзінің достарын жіберіп: -Мырзам, әуре болмай-ақ қой, өйткені менің шаңырағымның астына Сенің келуіңе мен лайықты емеспін.</verse>
				<verse number="7">Сол үшін де менің Саған баруға батылым жетпеді, өйткені мен өзімді соған лайықтымын деп санамаймын, тек менің құлымның сауығып кетуіне сөзіңді айтшы.</verse>
				<verse number="8">Себебі мен де билікке бағынатын адаммын әрі өзіме бағынышты сарбаздарым да бар. Олардың біреуіне бар десем барады, басқаларына кел деп десем келеді, құлыма да мынаны істе десем, ол соны істейді, - деді.</verse>
				<verse number="9">Оның осылай дегенін естіп, таңғалған Иса Өзінің артынан еріп келе жатқан халыққа бұрылып: -Сендерге айтарым: Мен дәл осындай үлкен сенімді Исраилден кездестірген емеспін, - деді.</verse>
				<verse number="10">Исаға жібергендер үйге қайтып келгенде, әлгі құлдың сауығып кеткенін көрді.</verse>
				<verse number="11">Осыдан кейін Иса Найын атты қалаға барды. Сонда Исаның соңынан Оның шәкірттерімен бірге көптеген халық ілесіп жүрді.</verse>
				<verse number="12">Иса сол қаланың қақпасына жақындап қалған кезде, бір ананың өлген баласының денесін шығарып келе жатты. Әйел жесір болатын, сол қаланың көптеген адамдары сол әйелдің қасында жүрді.</verse>
				<verse number="13">Иса бұл жағдайды көргенде, Иеміздің жесір әйелге жаны ашыды: - Жылама, - деп оны жұбатты.</verse>
				<verse number="14">Сосын Ол табытқа жақындап келіп, оған қолын тигізді. Табытты көтеріп келе жатқан адамдар тоқтай қалды. Сонда Иса: - Бозбала, саған айтамын, орныңнан тұр! - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонда өліп қалған әлгі бала орнынан тұрып отырды да, сөйлей бастады, Иса оны анасының қолына тапсырды.</verse>
				<verse number="16">Сол жерде болғандардың бәрін үрей биледі, сонда да олар Құдайды мадақтап: -Біздің арамыздан ұлы пайғамбар шықты! Себебі Құдай Өзінің халқына келді! - деді.</verse>
				<verse number="17">Яһудея жеріндегі барлық аймаққа Иса туралы айтылған сөз тарап кетті.</verse>
				<verse number="18">Жақияның шәкірттері осы болған оқиға жайында оған жеткізді. Сонда Жақия өзінің бір-екі шәкіртін шақырып алып,</verse>
				<verse number="19">оларды Иемізге жіберіп: -Келуге тиісті Сенбісің әлде біз басқа біреуді күтейік пе? - деп сұратты.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, әлгі ер адамдар Исаға келіп, былай деді: -Бізді суға батырып шомылдырушы Жақия жіберді, ол: «Келуге тиісті Сенбісің? Немесе басқаны күтейік пе?» -деп сұрап жатыр.</verse>
				<verse number="21">Иса сол сәтте көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан және таза емес рухтардан сауықтырып, зағип адамдардың көбіне көре алатынмүмкіндік сыйлаған болатын.</verse>
				<verse number="22">Сонда Иса оларға: -Зағиптар көріп, жүре алмағандар жүріп, алапестер тазаланып, құлағы мүкістер естіп, өлгендер қайта тіріліп жатыр, ал кедейлер Iзгі хабарды естуде, осы көргендеріңді де, естігендеріңді де Жақияға айтып барыңдар.</verse>
				<verse number="23">Маған сенімсіздік танытпағандар бақытты, - деді.</verse>
				<verse number="24">Жақияның хабаршылары кетіп қалған соң, Иса халыққа Жақия туралы былай деп айта бастады: -Сендер елсіз жерге нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен қамысты ма?</verse>
				<verse number="25">Сонымен, нені көруге бардыңдар? Жібек киім киінген адамды ма? Алайда сәнді киім киіп, ағыл-тегіл молшылықта тұрып жатқандар тек патшалардың сарайында ғана болады.</verse>
				<verse number="26">Сонымен, не көруге бардыңдар? Пайғамбарды ма? Иә, Менің сендерге айтарым: - Ол-пайғамбардан да үлкен.</verse>
				<verse number="27">Ол туралы Жазбада: «Міне, Мен Сенен бұрын Сенің алдыңда жүріп, Сенің жолыңды дайындап қоятын елшімді жіберемін», -деп алдын ала жазылып қойылғанның нағыз өзі.</verse>
				<verse number="28">Сендерге айтатын болсам: әйел затынан туғандардың ішінде Жақиядан жолы үлкен басқа ешкім болған емес. Алайда Құдай патшалығында кім кішік болса, сол үлкені болады, - деді.</verse>
				<verse number="29">Осыны естігеннен кейін бүкіл халық та, салық жинаушылар да, Құдайдың әділдігін әрі Жақияның суға батырып шомылдырушы екенін мойындады.</verse>
				<verse number="30">Фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер оның суға батырылып шомылдыруынан өтпегендіктен, Құдайдың өздеріне берілген еркінен бас тартты.</verse>
				<verse number="31">-Сонымен, осы ұрпақтың адамдарын кіммен салыстыруға болады? Олар кімге ұқсайды?</verse>
				<verse number="32">Олар сауда алаңында отырып алып: «Біз сендерге сыбызғы тартып берсек те сендер билемейсіңдер, біз сендерге жоқтау әнін айтып берсек те сендер жыламайсыңдар», -деп бір-біріне дауыстап айғайлап жүрген балаларға ұқсайды.</verse>
				<verse number="33">Өйткені нан да жемейтін, шарап та ішпейтін Жақия келгенде: «Оның бойында жын бар», - дедіңдер.</verse>
				<verse number="34">Ал (тамақ) жейтін, ішетін Адам Ұлы келгенде: «Міне, мынау адам тамақ жеп, шарап ішеді әрі салық жинаушылармен де, күнәкарлармен де дос болып жүр», -дедіңдер.</verse>
				<verse number="35">Алайда Даналықтың ісінің әділ екенін оның бүкіл балалары дәлелдеп береді, - деді.</verse>
				<verse number="36">Бірде фарисейлердің біреуі Исаны ас ішуге үйіне шақырды. Иса үйге кіріп, дастарқан басына барып жайғасып отырды.</verse>
				<verse number="37">Міне, сол кезде осы қалада күнәкар деп саналатын бір әйел әлгі фарисейдің үйінде Исаның ас ішіп отырғанын біліп, қыш ыдысқа құйылған мира майын сонда алып келді.</verse>
				<verse number="38">Исаның аяқ жағына отырып алып, Оның аяғына көз жасын төкті, сосын оны шашымен құрғатып сүртті, Оның аяғын сүйіп, мира майын жаға бастады.</verse>
				<verse number="39">Исаны қонаққа шақырған фарисей осыны көріп: «Егер де Ол пайғамбар болса, онда Өзіне қолын тигізіп отырған әйелдің кім және қандай әйел екенін білер еді, өйткені ол-күнәкар әйел», - деп іштей ойлады.</verse>
				<verse number="40">Сол кезде Иса оған: -Шимон, Мен саған бір нәрсе айтайын деп едім, - деді. - Ұстаз, айта беріңіз, - деді ол.</verse>
				<verse number="41">-Бір қарыз берушінің екі борышкері болыпты, біреуі оған бес жүз, ал екіншісі елу күміс ақша қарыз екен.</verse>
				<verse number="42">Олардың қарызын өтеуге ақшалары болмағандықтан, қарыз беруші олардың екеуінің де қарызын кешіріпті. Қалай ойлайсың, осы екеуінің қайсысы оны көбірек жақсы көретін болады? - деді.</verse>
				<verse number="43">Шимон: -Менің ойымша, кімнің қарызы көп кешірілгені, -деп жауап берді. Сонда Иса оған: -Сенің ойың дұрыс, - деді.</verse>
				<verse number="44">Содан кейін әлгі әйелге бұрылып тұрып, Шимонға: -Мына әйелді көріп тұрсың ба? Мен сенің үйіңе кірген кезде, сен Маған аяқ жуатын су да бермедің, ол Менің аяғымды көз жасымен жуып, оны шашымен сүртіп шықты.</verse>
				<verse number="45">Сен Мені сүймедің, ол кіргеннен бері Менің аяқтарымды сүюін тоқтатпады.</verse>
				<verse number="46">Сен менің басыма май жақпадың, ол мира майын Менің аяқтарыма жағып шықты.</verse>
				<verse number="47">Сондықтан, саған айтарым: -Оның күнәларының көбі кешіріледі, өйткені ол өте қатты жақсы көрді, ал кім аз жақсы көрсе, соған кешірім де аз болады, - деді.</verse>
				<verse number="48">Осыдан кейін Иса әлгі әйелге: -Сенің күнәларың кешірілді, -деп оның күнәларының кешірілгені туралы айтты.</verse>
				<verse number="49">Сонда олармен қатар ас ішіп отырғандар іштерінен: «Күнәларды кешіретіндей соншама Бұл Кім Өзі?» -деп ойлады.</verse>
				<verse number="50">Иса жаңағы әйелге: -Сенімің сені құтқарды, енді тыныштықпен бара бер, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса қалалар мен ауылдарды аралап, Құдай патшалығы туралы хабарды уағыздап, оны жариялап жүрді. Өзінің он екі шәкірті де Онымен бірге болды.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде кейбір әйелдер зұлым рухтардан арылып, ауруларынан сауығып кетті, солардың бірі өзінен жеті рух шыққан әрі магдалалық деп аталып жүрген Мәриям болатын.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, Иродтың іс меңгерушісі Қузаның әйелі Жоханна, Сузанна мен оларға өздерінің бар меншіктерімен қызмет етіп жүрген басқа да адамдар болды.</verse>
				<verse number="4">Келушілердің бәрі әр қаладан болғандықтан, олар Исаның қасына топталып жиналып қалды, сонда Иса оларға астарлы әңгіме айта бастады:</verse>
				<verse number="5">«Бір диқан тұқым себуге шығады. Сонда оның сепкен тұқымдарының кейбіреуі жолдың бойына түседі, ол аяқ астына тапталып қалған соң, оны аспандағы құстар шоқып жеп қояды.</verse>
				<verse number="6">Ал кейбіреуі тастақ жерге түсіп, өніп шығады, алайда оған ылғал жетіспегендіктен, қурап қалады.</verse>
				<verse number="7">Кейбіреуі тікенді шөптердің арасына түседі, өніп шыға бастаған кезде, тікенді шөптер оны одан әрі өсірмей, тұншықтырып тастайды.</verse>
				<verse number="8">Ал енді біреуі жақсы жерге түсіп, өсіп-өніп жүз есе өнім береді». Осыны айтқан соң дауыстап: -Құлағы барлар тыңдап алсын! - деді.</verse>
				<verse number="9">Сонда шәкірттері: -Бұл астарлы әңгімеде қандай мағына бар? - деп Исаға сұрақ қойды.</verse>
				<verse number="10">Сонда Иса оларға: -Құдай патшалығы құпиясының қандай екенін танып-білу тек сендерге ғана берілген, ал қалғандарына ол астарлап айтылады, сондықтан олар «көріп тұрса да көрмейді, естіп тұрса да түсінбейді».</verse>
				<verse number="11">Бұл астарлы әңгімедегі тұқым Құдайдың сөзін білдіреді.</verse>
				<verse number="12">Жол бойына түскен дәндер-сөзді естігендер, кейін олар сөзге сеніп, құтқарылмаулары үшін, шайтан олардың жүректерінен сол сөзді алып тастайды.</verse>
				<verse number="13">Ал тастақ жерген түскен дәндер-олар сол сөзді естігенде, оны қуанышпен қабылдағандар, алайда тамыры болмағандықтан, олар сөзге аз уақыт қана сеніп, ал сынақтан өтетін кез келгенде, кейін шегінеді.</verse>
				<verse number="14">Тікенді өсімдіктердің арасына түскен дәндер болса, олар сөзді естісе де, тіршіліктің қамын жеп, байлық пен өмірдің ләззатына беріліп, сөздің ақырына дейін өсіп шығуына мүмкіндік бермей, тұншықтырып тастайды.</verse>
				<verse number="15">Ал құнарлы жерге түскен дәндер естіген жақсы сөзді мейірімді, адал жүрегіне сақтап қойғандықтан, мол жеміс әкеледі.</verse>
				<verse number="16">Ешкім шамды жаққан соң оны ыдыспен жаппайды және оны төсектің астына да қоймайды, керісінше, кіргендерге оның жарығын көрсету үшін, оны шам қойғышқа қояды.</verse>
				<verse number="17">Өйткені жасырын қалатын еш құпия болмайды әрі ашылмайтын ешбір сыр да жоқ, бәрі ашылып, анықталатын болады.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан қалай тыңдау керектігіне де көңіл бөліңдер, өйткені кімде бар болса, оған тағы беріледі, ал кімде жоқ болса, оның бар дегені де алынып қойылады, - деді.</verse>
				<verse number="19">Сол кезде Исаға Оның анасы мен бауырлары келген болатын, алайда халықтың көптігінен олар Онымен кездесе алмады.</verse>
				<verse number="20">Сонда Оған: -Сыртта Сенің анаң мен бауырларың келіп, Сені күтіп тұр және Сенімен кездескілері келеді, -деген хабарды Исаға жеткізеді.</verse>
				<verse number="21">Иса оларға: -Құдайдың сөзін естіп, оны орындайтындар Маған ана, Маған бауыр болады, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="22">Сол күндердің бірінде Иса Өзінің шәкірттерімен бірге қайыққа отырды да: -Көлдің арғы бетіне өтейік, -деді. Олар солай қарай жүріп кетті.</verse>
				<verse number="23">Олар қайықпен кетіп бара жатқанда, Иса ұйықтап қалды. Сол кезде көлдің бетінде дауыл тұрып, қатты жел соғып, толқындар қайықты суға толтыра бастады, оларға үлкен қауіп төнді.</verse>
				<verse number="24">Сол кезде шәкірттері Исаның қасына барып: -Ұстаз, Ұстаз, құритын болдық! -деп Оны оята бастады. Иса оянған соң жел мен дауылға тыйым салды, сол сәтте айналада жым-жырт тыныштық орнады.</verse>
				<verse number="25">Содан кейін Иса шәкірттеріне: -Сендердің сенімдерің қайда кеткен? -деді. Сол кезде олар қорқып әрі таңғалып тұрып, бір-біріне: -Сонымен, Бұл Кім болды?! Ол, тіпті, жел мен суға бұйрық берсе, олардың өзі Оған бағынады! -десті.</verse>
				<verse number="26">Содан кейін олар қайықпен Ғалилеяға қарама-қарсы жатқан Ғадара еліне келді.</verse>
				<verse number="27">Иса жағаға шыққан кезде, сол қалалардың бірінен келген және бойын жындар билеп алған бір адамға жолығып қалды. Әлгі адамның киім кимегеніне де біраз уақыт болған, ол үйде емес, сол жердегі қабірлерде өмір сүретін.</verse>
				<verse number="28">Ол Исаны көре сала Оның аяғына жығылып, бар дауыспен айғайлап: -Құдіреті күшті Құдайдың Ұлы Иса, менде нең бар? Сенен жалынып сұраймын, мені азапқа сала көрмеші! - деді.</verse>
				<verse number="29">Өйткені Иса әлгі адамның бойындағы таза емес рухқа одан шығып кетуін бұйырған болатын. Сол жын оның бойын көп уақыттан бері билеп алғандықтан, оны шынжырлап байласа да, кісендеп күзетсе де, жын бұғаудың бәрін үзіп, оны елсіз жерге қуып кететін.</verse>
				<verse number="30">Сонда Иса одан: -Сенің атың кім? -деп сұрады. Ол: -Легион, -деп жауап берді, себебі оған көптеген жындар кіріп алған болатын.</verse>
				<verse number="31">Жындар өздерін түпсіз терең тұңғиыққа жіберуге бұйрық бермеуі үшін, Исаға жалынды.</verse>
				<verse number="32">Сол маңдағы тауда бір топ шошқалар жайылып жүрген болатын, сонда олар Исадан сол шошқаларға кіруге рұқсат сұрады. Иса оларға рұқсат берді.</verse>
				<verse number="33">Сонымен, әлгі адамнан шыққан жындар шошқаларға барып енді, сонда шошқалар бүкіл тобымен тік жардан секіріп, көлге батып кетті.</verse>
				<verse number="34">Осыны көрген бақташылар қашып кетті де, қалалар мен ауылдарға барып, болған жағдайды оларға хабарлады.</verse>
				<verse number="35">Адамдар мұны көру үшін қаладан шығып Исаға келді, сонда олар жындарынан арылып, киімін киіп, Исаның аяқ жағында отырған әлгі адамды көргенде, оларды қорқыныш биледі.</verse>
				<verse number="36">Жаңағы адамның жындарынан қалай арылғанын көргендер оларға жағдайдың қалай болғанын айтып берді.</verse>
				<verse number="37">Осы оқиғадан кейін сол Ғадара аймағының тұрғындарының бәрі үрейленді, сондықтан олар Исаға жалынып, Оның сол жерден кетуін сұрады. Осыдан кейін олар қайықтарына отырып, кері қайтып кетті.</verse>
				<verse number="38">Ал бойынан көп жындар шығып кеткен әлгі адам Исамен бірге болғысы келетінін білдірді.</verse>
				<verse number="39">Бірақ Иса оған: -Үйіңе барып, Құдайдың саған қаншама ізгі іс істегені жайында айтып бер, -деп қайтарып жіберді. Сонда ол барлық қалаларға барып, Исаның оған істеген істерінің бәрін жариялап айтып берді.</verse>
				<verse number="40">Иса қайта оралғанда, сол жерге жиналған халық оны жылы жүзбен қабылдады, өйткені олардың бәрі де Оның қайтып келуін күтіп жүрген болатын.</verse>
				<verse number="41">Міне, сол кезде Жайыр есімді синагоганың басшысы болған бір ер адам Исаның аяғына келіп жығылып, Одан өзінің үйіне кіруін өтініп сұрады,</verse>
				<verse number="42">өйткені оның он екі жастағы жалғыз қызы өлім аузында жатқан болатын. Иса сол жаққа баруға бет бұрғанда, Оны халық жан-жағынан қыса бастады.</verse>
				<verse number="43">Сол жерде он екі жыл бойы қан кетіп ауырып жүрген бір әйел болды. Сол әйел ауруынан сауығу үшін, барлық тапқан-таянғанын дәрігерлерге жұмсайтын, алайда ауруына ешқандай ем болмаған еді.</verse>
				<verse number="44">Міне, жаңағы әйел Исаның артынан келіп, Оның киімінің етегіне қолын тигізді, сол сәтте оның бойынан аққан қан тоқтап қалды.</verse>
				<verse number="45">Сол кезде Иса: -Кім Маған қолын тигізді? -деп сұрады. Бірақ ешкім мойындамаған соң Петір: -Ұстаз, Сені халық жан-жағыңнан қоршап, қысып тұр ғой, -деді.</verse>
				<verse number="46">Иса: -Маған біреу қолын тигізді, өйткені Мен Өзімнен күштің шыққанын сездім, - деді.</verse>
				<verse number="47">Сонда өзінің белгісіз болып қала алмайтынын білген әйел Исаның аяғына келіп жығылып, қандай себеппен Оның киіміне қолын тигізгенін және сол сағатта өзінің қалай сауыққанын сол жерде тұрған бүкіл халықтың алдында толықтай айтып берді.</verse>
				<verse number="48">Сонда Иса оған: -Қызым -сені құтқарған сенімің, енді тыныштықпен бара бер, - деді.</verse>
				<verse number="49">Иса әлі де сөйлеп тұрған кезде, біреу синагога басшысының үй жағынан келіп: -Қызың қайтыс болды, енді Ұстазды әуреге салмай - ақ қой, - деді оған.</verse>
				<verse number="50">Мұны естіген Иса: -Тек сенімің болсын, қорықпа, сонда қызың құтқарылады, - деп жауап қатты.</verse>
				<verse number="51">Үйге келгеннен кейін Иса Өзімен бірге Петр мен Жохан, Жақып және қыздың әкесі мен анасынан басқа ешкімнің ішке кіруіне рұқсат бермеді.</verse>
				<verse number="52">Сол жердегілердің бәрі қыз үшін қайғырып, еңіреп жылап тұрды, сонда Иса оларға: -Жыламаңдар, ол өлген жоқ, тек ұйықтап жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="53">Қыздың өліп қалғанын білетіндер Оған күле бастады.</verse>
				<verse number="54">Сол кезде Иса қыздың қолынан ұстап тұрып: -Қызым, тұр! - деді.</verse>
				<verse number="55">Сонда қыздың рухы өзіне қайта оралды, сол сәтте орнынан тұрды. Иса оларға: -Енді қызға тамақ беріңдер, -деп бұйырды.</verse>
				<verse number="56">Қыздың ата-анасы қатты таңданумен болды. Сонда Иса оларға осы болған жайтты ешкімге айтпауын тапсырды</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Иса он екі шәкіртін Өзіне шақырып алып, оларға барлық жындарды қуып шығаратын және аурулардан сауықтыратын билік пен күш берді.</verse>
				<verse number="2">Оларды Құдайдың патшалығы туралы уағыздап, әлсіздерді сауықтыруға жіберіп тұрып:</verse>
				<verse number="3">-Жолға еш нәрсе: не таяқ, не қоржын, не нан, не ақша алмаңдар және көйлектерің де екеу болмасын, -деді оларға.</verse>
				<verse number="4">Қай үйге кірсеңдер, сол үйде қалып, жолға сол жерден шығып кетіңдер.</verse>
				<verse number="5">Сендерді кейбір жерде қабылдамайтын болса, қаладан шыққан соң, оларға куәлік болу үшін, сол жерге аяқтарыңның шаңын қағып тастаңдар, - деді.</verse>
				<verse number="6">Осыдан кейін Оның шәкірттері жолға шығып, ауылдарға барып Ізгі хабар таратып, барған жерлерінде адамдардың бәрін сауықтырып жүрді.</verse>
				<verse number="7">Төрт аймақтың бір бөлігінің басқарушысы болып жүрген Ирод осы болып жатқан оқиғалар жайында естіген кезде аң-таң күйде болды. Өйткені біреулер оған Жақия өлімнен қайта тіріліпті десе,</verse>
				<verse number="8">кейбіреулері бұл көрініп жүрген Ілияс екен десті, ал басқалары бұл ертеректе болған бір пайғамбар екендігін, соның қайта тірілгендігін айтып жүрді.</verse>
				<verse number="9">Ал Иродтың өзі: «Мен Жақияның басын шаптырып тастадым, ал енді мен естіп жүрген мына Адам Кім болды екен?» -деген ойда жүрді. Сөйтіп, Иродтың өзі Оны көргісі келіп іздеді.</verse>
				<verse number="10">Қайтып оралған елшілер өздерінің соншама істеген істері жайында Исаға айтып берді. Осыдан кейін Иса оларды ертіп алып, Бетсайда деген қалаға өздері оңаша кетіп қалды.</verse>
				<verse number="11">Алайда халық бұл туралы біліп қойып, олардың соңынан ілесті. Сонда Иса оларды жылы қабылдап, Құдайдың патшалығы жайында айтып берді. Ал сауығуға мұқтаж болып жүргендерді сауықтырды.</verse>
				<verse number="12">Күн батып, кеш түсе бастағанда, Исаға он екі шәкірті келіп: -Біз тұрған жер айдала, сондықтан халықты таратып жібер, олар жақын арадағы ауылдарға барып түнеп, өздері жейтін тамақтарын тауып алсын, - деді.</verse>
				<verse number="13">Сонда Иса шәкірттеріне: -Оларға жейтін тамақты мына сендер беріңдер, -деді. Ал олар: -Бізде бес нан мен екі балықтан басқа еш нәрсе жоқ. Осы халықтың бәріне тамақ сатып алу үшін бізге баруға тура келеді, - деді.</verse>
				<verse number="14">Сол жерде шамамен бес мыңға жуық ер адам бар еді. Сонда Иса Өзінің шәкірттеріне: -Шамамен елу -елуден топ-топқа бөліп, олардың барлығын отырғыза беріңдер, -деді.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, оларға қалай айтылған болса, бәрін солай орналастырып, отырғызып қойды.</verse>
				<verse number="16">Содан кейін Иса бес нан мен екі балықты алды да, көкке қарап, батасын берді. Нан мен балықты халыққа таратып беруі үшін үзіп-үзіп шәкірттеріне берді.</verse>
				<verse number="17">Бәрі жеп тойып алған соң, олардан қалған қалдықтарды жинағанда, он екі себетке толды.</verse>
				<verse number="18">Бірде Иса Өзі оңашада жалғыз мінәжат етіп отырды, ал шәкірттері қасында болатын. Сонда Иса шәкірттерінен: -Халықтың арасында Мен туралы не айтылып жүр? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="19">Сонда шәкірттері Исаға былай жауап берді: -Біреулер суға батырып шомылдырушы Жақия десе, енді біреулері Ілияс пайғамбар дейді, ал басқалары ежелгі бір пайғамбар тіріліп келіпті деп жүр.</verse>
				<verse number="20">Осыдан кейін Иса олардың өздерінен: -Ал сендер Мені Кім деп жүрсіңдер? -деп сұрады. Сол кезде Петр: - Сен Құдай жіберген Мәсіхсің, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="21">Сонда Иса оларға мұны ешкімге айтпауын бұйырып:</verse>
				<verse number="22">-Адам Ұлы көптеген қиыншылықты басынан өткізіп, ақсақалдар мен бас қызметкерлер жағынан және Таурат заңын зерттеушілер тарапынан қабылданбай өлтіріледі, алайда Ол үшінші күні өлімнен қайта тіріледі, - деді.</verse>
				<verse number="23">Сонымен қатар олардың бәріне: -Егер кімде-кім Менің артымнан еріп жүрем десе, сол өз-өзінен бас тартсын әрі өз айқышын өзі күнде арқалап, Менің соңымнан еретін болсын, - деді.</verse>
				<verse number="24">Өйткені кім өзінің жанын құтқарып қалғысы келсе, ол соны құртады, ал кім өз жанын Мен үшін құртатын болса, онда ол оны сақтап қалады.</verse>
				<verse number="25">Егер де адам осы әлемнің бәріне иелік етіп, ал өзін-өзі құртып немесе залал келтірсе, одан ол қандай пайда табады?</verse>
				<verse number="26">Сондықтан кімде-кім Менен және Менің сөзімнен ұялатын болса, онда Адам Ұлы да Өзінің және Әкесінің даңқына бөленіп, киелі періштелерімен келген кезде Ол да одан ұялатын болады.</verse>
				<verse number="27">Сендерге шындықты айтайын: осында тұрғандардың кейбіреулері Құдай патшалығын көрмей, өлімнің дәмін де татпайды, - деді.</verse>
				<verse number="28">Осы сөздер айтылғаннан кейін шамамен сегіз күндей уақыт өтті, сонда Иса Петрді, Жоханды және Жақыпты ертіп алып, мінәжат ету үшін тауға шықты.</verse>
				<verse number="29">Ол мінәжат ете бастағанда Оның бет-жүзі өзгеріп, ал Оның киімдері жарқырап аппақ болып кетті.</verse>
				<verse number="30">Міне, сол кезде екі ер адам Онымен сөйлесіп тұрды, олардың бірі - Мұса, ал екіншісі Ілияс болатын.</verse>
				<verse number="31">Олар өздерінің даңққа бөленгендерін ашық көрсетті, сонда олар Исаның көздеген мақсатының Иерусалимде орындалатыны туралы және Оның кері қайтар жолы жайында сөйлесіп тұрды.</verse>
				<verse number="32">Міне, сол кезде Петрдің және онымен бірге болғандардың көздерін ұйқы басты, ал оянған кездерінде Исаның даңққа бөленген сәтін және Исаның қасында тұрған әлгі екі ер адамды көрді.</verse>
				<verse number="33">Ал олар Исадан алыстап кеткен кезде, Петр Исаға: -Ұстаз, біздің осында болғанымыз жақсы болды, енді осында үш шатыр тұрғызайық, біреуін-Саған, бірін -Мұсаға, ал біреуін Ілиясқа, -деді. Алайда оның өзі сол кезде не айтып тұрғанын түсінген де жоқ.</verse>
				<verse number="34">Петр осыны айтып тұрған кезде, бір бұлт пайда болып, өзінің көлеңкесімен оларды жаба бастады, олар бұлттың астына кірген кезде оларды қорқыныш биледі.</verse>
				<verse number="35">Сол кезде бұлттың ішінен: -Бұл-Менің таңдап алған Ұлым, Оны тыңдаңдар! - деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="36">Осы дауыстан кейін Иса жалғыз қалды. Сол күні Оның шәкірттері өздерінің осы көргендері жайлы үн қатпады әрі ешкімге еш нәрсе айтқан жоқ.</verse>
				<verse number="37">Келесі күні олар таудан түскен сәтте, бір топ халыққа кездесті.</verse>
				<verse number="38">Сол халықтың арасынан бір ер адам айғайлап тұрып: -Ұстаз, Сенен жалынып сұраймын, менің баламды қарап берші! Ол-менің жалғыз ұлым.</verse>
				<verse number="39">Оны бір рух келіп басып алады да, аяқ астынан шыңғыртады және оның аузынан ақ көбік ағып, құрыстырып, содан кейін оны әрең босатады.</verse>
				<verse number="40">Мен сенің шәкірттеріңнен оны қуып шығаруын сұрап жалынған едім, бірақ олар соны істей алмады, - деді.</verse>
				<verse number="41">Сонда Иса: -Ой, сенімсіз, бұзылған ұрпақ, қашанға дейін сендермен бірге болмақпын? Қашанға дейін төзуге тиіспін? Ұлыңды алып кел, - деді.</verse>
				<verse number="42">Бала Исаға жақындай бергенде, сайтан оны жерге алып ұрды да, құрыстырып тастады. Сонда Иса таза емес рухқа тыйым салып, баланы сауықтырып, оны әкесіне табыс етті.</verse>
				<verse number="43">Сонда болғандардың бәрі Құдайдың Ұлы құдіретіне таңғалды. Осылай бәрі Исаның істеген істеріне таңырқап жатқанда, Иса Өзінің шәкірттеріне:</verse>
				<verse number="44">-Сендер мына сөзге құлақ түріңдер: -Міне, Адамның Ұлын адамдардың қолына ұстап беру үшін, дайындық жүріп жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="45">Бірақ олар бұл сөзді түсінген жоқ, өйткені бұл сөздің мәні олар үшін жабық болғандықтан түсінбеді, ал сөздің мәнін Исадан сұрауға олар қорықты.</verse>
				<verse number="46">Олардың арасында: «Қайсымыз үлкенбіз?» -деген ой туындады.</verse>
				<verse number="47">Олардың жүректерінде осы ойдың тұрғанын білген Иса бір баланы жетектеп әкеліп, Өзінің қасына тұрғызып қойды да:</verse>
				<verse number="48">-Егер де кімде-кім Менің атымнан мына баланы қабылдайтын болса, -деді Иса, -онда ол Мені де қабылдайды. Кім Мені қабылдаса, онда ол Мені жібергенді де қабылдайды. Өйткені сендердің бәріңнен қайсың кіші болатын болса, сол үлкен болады, - деді.</verse>
				<verse number="49">Сол кезде Жохан Исаға: -Ұстаз, біз Сенің атыңды пайдаланып, жындарды қуып жүрген біреуді көрдік, ол бізге еріп жүрмегендіктен, біз оған тыйым салдық, -деді.</verse>
				<verse number="50">-Тыйым салушы болмаңдар, -деді Иса оларға, -өйткені кім сендерге қарсы болмаса, сол сендердің жақтастарың болады.</verse>
				<verse number="51">Исаның көкке көтерілетін күні жақындап қалған кезде, Ол Иерусалимге бару туралы шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="52">Сол жаққа Өзінен бұрын хабаршыларды жіберді. Олар кетіп бара жатып, Исаға орын дайындау үшін самариялықтардың аулына кіреді.</verse>
				<verse number="53">Алайда самариялықтар Оны қабылдаған жоқ, өйткені олар Оны өз бетімен Иерусалимге кетіп бара жатқан жолаушы деп ойлады.</verse>
				<verse number="54">Осыны көрген Исаның шәкірттері Жохан мен Жақып: -Ием, біз көктен от түсіп, оларды құртып жіберсін деп айтсақ, қалай қарайсың? - деді</verse>
				<verse number="55">Иса оларға бұрылып, тыйым салды.</verse>
				<verse number="56">Осыдан кейін олар басқа ауылға кетті.</verse>
				<verse number="57">Олар жолда келе жатқанда, бір адам Исаға: -Сен қайда барсаң да, Мен Сенің соңыңнан еремін, - деді.</verse>
				<verse number="58">Сонда Иса оған: -Түлкінің іні бар, аспандағы құстардың ұясы бар, ал Адам Баласының бас тірейтін жері де жоқ, - деді.</verse>
				<verse number="59">Содан кейін Иса басқа біреуге: -Менің соңымнан ер, - деді. Бірақ ол: -Ием, мен, ең алдымен, әкемді барып жерлеп келейін, соған рұқсат берші, - деді.</verse>
				<verse number="60">Иса оған: -Оны өлілерге қалдыр, өлгендерді өлілердің өздері жерлесін, сен бар да, Құдай Патшалығын уағызда, - деді.</verse>
				<verse number="61">Сонда тағы басқа біреуі: -Ием, мен Сенің артыңнан еремін, алдымен, үйімдегілермен қоштасып келейін, соған рұқсат берші, - деді.</verse>
				<verse number="62">Сол кезде Иса оған: -Кім соқаны ұстап тұрып, артына қарай беретін болса, сол адам Құдай патшалығына жарамайды, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иеміз Өзінің көз алдында жүрген басқа да шәкірттерінің арасынан жетпіс екісін таңдап алып, оларды Өзі алдын ала барамын деп дайындалып жүрген қалалар мен елді мекендерге екі-екіден жіберіп тұрып:</verse>
				<verse number="2">-Орып алатын егін өте көп, ал соны оратын жұмыскерлер аз, сондықтан егіннің Иесінен сол егінді орып алатын Өзінің жұмыскерлерін жіберуін жалынып сұраңдар, -деді оларға.</verse>
				<verse number="3">-Мен сендерді қасқырлардың ортасына жіберілген тоқтылар сияқты жіберіп тұрмын, енді барыңдар!</verse>
				<verse number="4">Жолға шыққанда ақша салатын әмиян, не дорба, не артық аяқ киім де алмаңдар және жол-жөнекей ешкіммен амандасушы болмаңдар.</verse>
				<verse number="5">Егер бір үйге кіретін болсаңдар, ең алдымен: «Осы үйге тыныштық келсін!» - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="6">Егер де сонда тұратын адам сол тыныштықты қабылдап жатса, сендердегі тыныштық оған келіп қонады, егер ол қабылдамайтын болса, онда ол өздеріңе қайтып келеді.</verse>
				<verse number="7">Тек сондай үйде қалыңдар, себебі жұмыскер өз ақысын алуға лайықты, сондықтан олар не ұсынса, соны ішіпжеңдер. Бір үйден екінші үйге көшіп-қонып жүруші болмаңдар.</verse>
				<verse number="8">Егер сендер қалаға кірген кезде, сендерді қабылдап, өздеріңе не ұсынатын болса, соны ішіп-жеп,</verse>
				<verse number="9">сол жердегі ауруларды сауықтырып, оларға: «Сендерге Құдай патшалығы жақындап келді!» - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="10">Егер сендер қандай да бір қалаға кіріп келе жатқанда, сендерді қабылдамаса, онда олардың көшелеріне шығып:</verse>
				<verse number="11">«Міне, мынау сендердің қалаларыңның біздің аяғымызға жабысқан шаңы болатын, енді біз оны қағып тастап, оны өздеріңе қалдырып кетеміз, дегенмен, сендер мынаны білуге тиіссіңдер: Құдай Патшалығы жақындап қалды!» - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="12">Сендерге айтарым, Содом мен Ғамора қаласының басына түскен күн осы қалаға қарағанда әлдеқайда жеңілірек болады.</verse>
				<verse number="13">-Қасірет саған, Хоразин! Қасірет саған, Бетсайда! Өйткені сендерде көрсетілген құдіретті күш Тир мен Сидонда көрсетілген болса, онда олар баяғыда үстеріне азалы киімдерін киіп алып, күлге отырып, ендігі тәубеге келер еді.</verse>
				<verse number="14">Алайда сендерге қарағанда сол Содом мен Ғомораға сот кезінде жеңілірек болады.</verse>
				<verse number="15">Ал сен Қапарнаум, көкке дейін көтерілем дейсің бе? Сен төмендегі тозаққа түсесің.</verse>
				<verse number="16">Кім сендерді тыңдаса, Мені тыңдағаны, кім сендерден бас тартса, Менен бас тартқаны, ал Менен бас тартқаны Мені жібергеннен бас тартып тұр, -деп оларды елшілік сапарға жіберді.</verse>
				<verse number="17">Жетпіс екі шәкірті қайтып оралған соң, олар өз қуаныштарымен бөлісіп: -Ием, Сенің есімің айтылған кезде, бізге жындар да бағынатын болып жүр! - деді.</verse>
				<verse number="18">Сонда Иса оларға: -Мен найзағай секілді сайтанның көктен құлап түскенін көрдім!</verse>
				<verse number="19">Міне, Мен сендерге жыландар мен шаяндардың және жаудың барлық күштерінің үстінен таптап басатын билікті беріп тұрмын, сондықтан сендерге еш нәрсе де зиян тигізе алмайды.</verse>
				<verse number="20">Алайда сол рухтардың өздеріңе бағынғанына емес, одан да есімдеріңнің Көкте жазылғанына қуаныңдар, - деді.</verse>
				<verse number="21">Дәл сол сәтте Иса Киелі Рухпен шаттана: -Көк пен жердің жаратушысы Әке, Сенің сүйіспеншілігіңе ризамын, өйткені Сен өзін ақылды және дана санайтындардан осы нәрсені жасырып, оны тек сәбилер секілді білімсіз адамдарға ашып бердің! Иә, Әке, өйткені Сенің ізгі ниетіңнің қалауы осы болатын!</verse>
				<verse number="22">Маған бәрі де Менің Әкемнен берілген, себебі Ұлының Кім екенін тек Әкеден басқа ешкім білмейді. Әкесінің Кім екенін Ұлы білетін болғандықтан, Ұлының қалауынсыз ешкімге еш нәрсе ашылмайды, - деді.</verse>
				<verse number="23">Иса шәкірттеріне бұрылып, тек оларға арнап: -Осыны көздерімен көріп тұрғандар бақытты! - деді.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан сендерге айтарым: сендердің осы көріп тұрғандарыңды пайғамбарлар мен патшалардың көпшілігі көргісі келген, алайда олар осыны қанша көргілері келсе де, көре алмады және естігілері келсе де, ести алмады.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде Исаны сынамақ болған бір заңшыл адам: -Ұстаз, мәңгілік өмірді мұра ету үшін маған не істеу қажет? - деп сұрады Одан. Сонда Иса оған:</verse>
				<verse number="26">- Заңда не жазылған? Оны қалай түсінесің? - деді.</verse>
				<verse number="27">Ол былай деп жауап берді: -«Өзіңнің Құдай Иеңді шын жүрегіңмен, бүкіл жан дүниеңмен және барлық күшқуатыңмен, бар ақыл-ойыңмен сүй» және «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй».</verse>
				<verse number="28">-Сен дұрыс жауап бердің, солай істе, сонда өмір сүресің, - деді оған Иса.</verse>
				<verse number="29">Бірақ ол өзін-өзі ақтағысы келіп: -Сонда менің жақыным кім? - деп сұрады Исадан.</verse>
				<verse number="30">Осы қойылған сұраққа сай Иса мына бір оқиғаны айтып берді: -Бір адам Иерусалимнен Иерихонға жол жүріп бара жатып, жолда қарақшылардың қолына түсіп қалады, олар оны шешіндіріп, өлімші етіп ұрып-соғып, тастап кетеді.</verse>
				<verse number="31">Сол жолмен бір қызметкер кездейсоқ өтіп бара жатты, ол әлгі адамды көреді де, жолдың келесі жағына өтіп, өз жөнімен кете береді.</verse>
				<verse number="32">Дәл солай сол жолмен өтіп бара жатқан леуілік те оны көреді, ол да жолдың басқа жағына өтіп, өз жөнімен кете береді.</verse>
				<verse number="33">Бір самариялық адам ел аралап жүріп, сол жерге келген кезде, әлгі жатқан адамды көріп, оған жаны ашып, қасына барады.</verse>
				<verse number="34">Майы мен шарабын алып, оның жараларына жағып, таңып байлайды. Оны есегіне отырғызып, қонақ үйге алып келеді де, оған тағы қамқорлығын көрсетеді.</verse>
				<verse number="35">Ал келесі күні ол екі күміс ақшасын шығарып, қонақ үйдің қожайынына береді де: «Мына адамды қамқорлығыңа ала тұр, егер де шығарған шығындарың бұдан артық болып жатса, мен қайтар жолда сол шыққан шығыныңды саған қайтарып беремін», - дейді.</verse>
				<verse number="36">Қарақшылардың қолына түскен адамға осы үшеуінің қайсысы жақын болады? Қалай ойлайсың? - деді.</verse>
				<verse number="37">Сонда әлгі заңшыл адам -Оған мейірімді болғаны, -деді. - Сен де солай істе, бар, - деді оған Иса.</verse>
				<verse number="38">Содан кейін Иса шәкірттерімен бірге жүріп келе жатып, бір ауылға кірді. Сол жерде Марта есімді бір әйел Оны үйіне шақырып, оларға қонақжайлылық танытады.</verse>
				<verse number="39">Сол әйелдің Мәриям атты сіңлісі бар еді. Ол Иеміздің аяқ жағына отырып алып, Оның сөздерін тыңдады.</verse>
				<verse number="40">Ал Марта болса, көпшіліктің қамын ойлап, оларға қызмет етіп жүрді. Бір кезде олардың қастарына келіп: -Ием, сіңлімнің мені жалғыз қалдырып, жұмысқа салып қойғаны Сені мазаламай ма? Ол маған көмектессін, оған соны айтшы! - деді.</verse>
				<verse number="41">Сонда Иеміз оған: -Марта, Марта, әр нәрсенің қамын жеп, көп мазасызданып кеттің,</verse>
				<verse number="42">маңыздысы -бір-ақ нәрсе. Мәриям болса, ешкім одан тартып ала алмайтын игіліктің маңызды бөлігін таңдап алды, - деп жауап берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Бірде Иса мінәжат етіп отырды, Ол мінәжатын аяқтаған кезде, шәкірттерінің бірі Оған: -Ием, Жақия өзінің шәкірттеріне мінәжат етуді үйреткені секілді Сен де бізге мінәжат етуді үйретші, - деді.</verse>
				<verse number="2">Сонда Иса оларға: -Сендер мінәжат еткен кезде, былай деңдер: -Әке, Сенің есімің киелі бола берсін! Сенің Патшалығың келсін!</verse>
				<verse number="3">Бізге әр күнге қажетті нанымызды бере гөр,</verse>
				<verse number="4">біздің күнәларымызды кешіре гөр, сонда біз де басқалардың қарызын кешіре алатын боламыз, бізді азғырылуға түсіре көрмеші.</verse>
				<verse number="5">Содан кейін Иса оларға: -Сендердің біреулеріңнің досың бар дейік, соған түн ортасында барып: «Достым, маған қарызға үш нан бере тұршы.</verse>
				<verse number="6">Аяқ астынан жолаушылап бір досым келіп қалыпты, ал оған менің ұсынатын еш нәрсем болмай тұр», -деп сұрайды.</verse>
				<verse number="7">Сонда әлгі досы іште тұрып: «Менің мазамды алма, есікті де жауып тастадым және менің балаларым да жатып қалды, сондықтан тұра алмаймын және саған еш нәрсе бере алмаймын», - дейді.</verse>
				<verse number="8">Сендерге айтарым, ол оған дос болғаны үшін бермесе де, оның солай қадалып тұрып алғанына бола әлгі досы орнынан тұрып, қанша қажет болса, сонша береді.</verse>
				<verse number="9">Сондықтан Менің сендерге айтарым: сұраңдар, сонда сендерге беріледі, іздеңдер, сонда табасыңдар, қағыңдар, сонда сендерге ашылатын болады.</verse>
				<verse number="10">Өйткені сұраған әркім алады, іздеген табады, қағып тұрғанға ашылады.</verse>
				<verse number="11">Сендердің өздерің де әкесіңдер, сондықтан қандай әке балық сұраған баласына жылан береді?</verse>
				<verse number="12">Немесе жұмыртқа сұраса, оған шаян ұсына ма?</verse>
				<verse number="13">Егер де өздерің зұлым бола тұра, өз балаларыңа сыйдың ең жақсысын ұсынуды білетін мына сендерге көктегі Әкеден Оның Киелі Рухын қанша сұрасаңдар, Ол соны да молынан сендерге беретін болады, -деп Иса Құдай Әкенің Киелі Рухты сұрағандарға молынан бере алатыны туралы айтты.</verse>
				<verse number="14">Бірде Иса біреудің бойынан мылқаудың жынын қуып шығарды. Мылқау жын шығып кеткен соң, жаңағы мылқау адам сөйлей бастады. Бұған халық таң-тамаша болды.</verse>
				<verse number="15">Алайда олардың кейбіреулері: -Ол жындарды сол жындардың басшысы Белзебүлдің күшімен қуып шығаруда, -деді.</verse>
				<verse number="16">Басқалары Исаны сынау үшін, Одан көктен келетін кереметті көрсетуді сұрады.</verse>
				<verse number="17">Олардың ойын білген Иса: -Өз ішінен бөлінген әрбір патшалық құлазып, бос қалады, сол секілді өзара араздасқан үй де құлайды.</verse>
				<verse number="18">Егер де сайтан өзіне-өзі қарсы жауласып жатса, оның патшалығы қалай берік болмақ? Сендер Мені: «Жындарды Белзебүлдің күшімен қуып шығарып жүр», - дейсіңдер.</verse>
				<verse number="19">Егер де Мен жындарды Белзебүлдің күшімен қуып шығарып жүрген болсам, онда сендердің ұлдарың оларды кімнің күшімен қуып шығарып жүр? Сондықтан сендерге үкімді шығаратын солар болады.</verse>
				<verse number="20">Егер де Мен жындарды Құдайдың билігімен қуып шығарып жатсам, онда Құдайдың Патшалығы сендерге келіп жеткені.</verse>
				<verse number="21">Өз үйін күшті қарумен қаруланып, күзетіп тұрған адамның дүние-мүлкі аман сақталып тұрады.</verse>
				<verse number="22">Егер одан да күшті біреу келіп, шабуыл жасап, жеңіске жетсе, оның үміттеніп, сенім артқан қару-жарақтарының бәрін тартып алады да, оны олжа ретінде таратып жібереді.</verse>
				<verse number="23">Кім Менімен бірге болмаса, сол Маған қарсы, ал кім Менімен бірге жинамаса, сол шашады.</verse>
				<verse number="24">Таза емес рух адамнан шығып кеткен соң, тыныштық іздеп, сусыз жерлерді кезіп кетеді. Алайда оны таппаған соң: «Өзім шыққан сол үйге қайта оралайын», - дейді.</verse>
				<verse number="25">Қайтып келген кезде, үйдің сыпырылып, жиналып тұрғанын көреді.</verse>
				<verse number="26">Ол сол сәтте-ақ өзінен жеті есе зұлым рухты ертіп келіп, сонда тұрақтайтын болады. Сонда әлгі адамның соңғы халі алғашқысынан да мүшкіл болады, - деді.</verse>
				<verse number="27">Иса осыны айтып тұрған кезде, халықтың арасынан бір әйел даусын көтеріп: -Сені көтерген құрсақ, Сені емізген ана бақытты! - деді Исаға.</verse>
				<verse number="28">Сонда Иса: -Құдайдың сөзін естіп, оны орындайтындар бақытты! - деп жауап қайырды.</verse>
				<verse number="29">Содан кейін Иса жиналып тұрған халыққа: -Бұл ұрпақ зұлым болғандықтан, тек керемет іздеумен жүреді, алайда оған Жүніске берілген кереметтен басқа еш керемет берілмейді.</verse>
				<verse number="30">Өйткені Жүністің өзі сол ниневиліктерге кереметтің белгісі болса, Адамның Ұлы да осы ұрпаққа дәл солай кереметтің белгісі болады.</verse>
				<verse number="31">Оңтүстіктің патшайымы ер адамдармен сотта қатар тұрып, оларды, яғни, осы ұрпақты, айыптайтын болады, өйткені ол сонау жердің шетінен Сүлейменнің даналығын тыңдау үшін келген болатын. Ал мұнда сол Сүлейменнен де үлкен Біреу бар.</verse>
				<verse number="32">Сонымен қатар, ниневиліктердің де ер адамдары сол сотта тұрып, осы ұрпақты айыптайтын болады, өйткені олар Жүністің уағызынан кейін тәубе етті, ал осында Жүністен де үлкен Біреу бар.</verse>
				<verse number="33">Ешкім де шамды жаққан соң, оны жасырын жерге қоймайды немесе оны ыдыспен жауып тастамайды, керісінше, оның жарығын кіретіндерге де көрсету үшін оны шам қойғышқа қояды.</verse>
				<verse number="34">Сенің денеңнің шамы -сенің көзің. Көзің таза болса, сенің денеңнің барлық жері жарқырап тұрады, ал көзің жаман болса, (таза болмаса) сенің денеңді түнек басады.</verse>
				<verse number="35">Сенің жарық деп жүргенің түнек болып жүрмесін, абайла.</verse>
				<verse number="36">Сонымен, егер сенің денеңнің барлық жері жарқырап, ешбір жерінде түнек болмаса, онда сен шамның жарығы секілді жарқырап жанып тұрасың, - деді.</verse>
				<verse number="37">Иса осыны айтып тұрған кезде, бір фарисей Оны қонаққа шақырып, Одан бірге ас ішуді өтінді. Иса сол үйге келіп, дастарқан басына барып жантаяды.</verse>
				<verse number="38">Ас ішер алдында Оның қол жумағанын көрген фарисей таңғалады.</verse>
				<verse number="39">Сол кезде Иса оған: -Фарисейлер, қазір сендер тостағанның немесе тек ыдыстың сыртын ғана таза ұстағыларың келеді, алайда іштерің қарақшылық пен зұлымдыққа толып тұр.</verse>
				<verse number="40">Әй, ақылсыздар! Сыртын жаратқан оның ішін де жаратты емес пе?</verse>
				<verse number="41">Сондықтан, қайырымдылыққа сол ішінде жатқан нәрседен беріңдер, сонда өздеріңде бардың бәрі таза болады.</verse>
				<verse number="42">Бірақ фарисейлер, сендер қасіретке қалдыңдар, өйткені сендер жалбыз бен тасшөп және басқа да жемістердің бір бөлігін ондыққа беріп, ал Құдайдың соты мен Оның сүйіспеншілігін елемейсіңдер. Негізінде, оны да істеу керек және басқасына да немқұрайлы қарамау керек.</verse>
				<verse number="43">Фарисейлер, сендер қасіретке қалдыңдар, өйткені сендер синагогадағы ең құрметті орында отырғанда және сауда алаңдарында жүрген кездеріңде халықтың өздеріңмен сәлемдескенін жақсы көресіңдер.</verse>
				<verse number="44">Сендер қасіретке қалдыңдар! Өйткені сендер білінбей кеткен қабірге ұқсайсыңдар, соның үстінен жүрген адамдар оның қабір екенін білмейді.</verse>
				<verse number="45">Сол кезде Таурат заңын ұстанып жүргендердің біреуі Исаға: -Ұстаз, осыны айтуыңмен бізге тіл тигіздің, -деді.</verse>
				<verse number="46">Сонда Иса оған былай деді: -Заңшылдар, сендер де қасіретке қалдыңдар, өйткені сендер адамдар алып жүруге ыңғайсыз жүкті олардың мойнына артып қоясыңдар, сол жүкке өздерің саусақтарыңның ұшын да тигізбейсіңдер.</verse>
				<verse number="47">Сендер де қасіретке қалдыңдар, өйткені өмірден өткен пайғамбарлардың қабіріне ескерткіш тұрғызасыңдар, ал сендердің әкелерің оларды өлтірген болатын.</verse>
				<verse number="48">Сонымен, сендер ата-бабаларыңның жасаған істеріне куәгер болып, олардың сол істерімен келіскендеріңді білдіріп, олардың қабіріне ескерткіш тұрғызып жүрсіңдер, олар пайғамбарларды өлтірді.</verse>
				<verse number="49">Осыған байланысты Құдайдың даналығы былай дейді: «Мен оларға пайғамбарлар мен елшілерді жіберемін, сонда олар олардың біреуін өлтірсе, екіншісін қудалайтын болады».</verse>
				<verse number="50">Сондықтан осы әлем жаратылғаннан бергі барлық пайғамбарлардың төгілген қанының құны осы ұрпақтан талап етілетін болады.</verse>
				<verse number="51">Әбілдің төгілген қанынан бастап, құрбандық орны мен Киелі үйдің арасында қайтыс болған Зәкәрияның қанына дейін осы ұрпақтан талап етілетін болады. Иә, Мен осы ұрпақтан талап етілетінін айтамын.</verse>
				<verse number="52">-Заңды ұстанып, соны оқытып жүргендер, сендер қасіретке қалдыңдар, өйткені сендер білімнің кілтін алсаңдар да, оған не өздерің кірмедіңдер, кіргісі келетіндерге кедергі қойдыңдар, -деп заңшылдардың істеген істерінің жағымсыз жақтарын айтты.</verse>
				<verse number="53">Иса сол жерден шыққан кезде, Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер Оны қатты жеккөргендіктен, Одан көп нәрселер сұрап, Оған қияңқы сұрақтар қойды.</verse>
				<verse number="54">Сондағы ойлары Оны тұзаққа түсіру болатын және Исаға алдағы уақытта айып тағу үшін, Оның аузынан шыққан әрбір сөзін аңдып отырды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Бір уақытта жиналған халықтың саны он мыңдай болды, сонда олар иін тіресе сығылысып, бірін-бірі аяққа таптай бастады. Сол кезде Иса, ең алдымен, Өзінің шәкірттеріне мынаны айтты: -Фарисейлердің үйреншікті ашытқысындай болып кеткен екіжүзділіктен өздеріңді сақтаңдар.</verse>
				<verse number="2">Ешқандай сыр жасырын болып қала алмайды, ешқандай ашылмайтын құпия болмайды.</verse>
				<verse number="3">Өйткені сендер қараңғыда қаншалықты көбірек айтсаңдар, ол соншалықты жарықта естілетін болады, ал бөлмеде тұрып, құлаққа сыбырлап айтқандарың ол төбеде жүргендерге жария болады.</verse>
				<verse number="4">Достарым Менің, сендерге айтарым: денені өлтіргенмен, одан артық еш нәрсе де істей алмайтындардан қорықпаңдар.</verse>
				<verse number="5">Сендерге кімнен қорқу керек екенін айтайын: өлтіргеннен кейін, тозаққа тастайтын билігі Бардан қорқыңдар. Иә, сендерге айтамын, Одан қорқыңдар.</verse>
				<verse number="6">Шынында, бес торғайды екі ассарийге (тиынға) сатып жібермей ме? Бірақ олардың ешқайсысын да Құдай ұмытпайды.</verse>
				<verse number="7">Сендердің бастарыңдағы шаштарыңа дейін саналып қойылған. Сол торғайлармен салыстырғанда, сендер әлдеқайда қымбатсыңдар, сондықтан қорықпаңдар!</verse>
				<verse number="8">Сендерге айтарым: кімде-кім адамдар алдында Мені мойындайтын болса, Адам Ұлы да Құдайдың періштелерінің алдында тұрып, оны мойындайтын болады.</verse>
				<verse number="9">Егер де біреу адамдардың алдында Менен бас тартатын болса, Құдайдың періштелерінің алдында одан да бас тартылатын болады.</verse>
				<verse number="10">Кімде-кім Адамның Ұлына қарсы сөз айтатын болса, оған кешірім болады, ал кімде-кім Киелі Рухқа тіл тигізетін болса, оған кешірім болмайды.</verse>
				<verse number="11">Сендерді синагогаларға, басшыларға және билік иелеріне апарған кезде, қалай ақталамыз деп немесе не айтамыз деп қам жемеңдер,</verse>
				<verse number="12">өйткені сендерге не айту керектігін Киелі Рухтың өзі сол сәтте үйрететін болады, - деді.</verse>
				<verse number="13">Сонда халықтың арасынан әлдекім Исаға: -Ұстаз, мұралық еншімді маған да бөліп беруін менің бауырыма айтшы, - деді.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде Иса оған: -Ей, адам, кім сендерге Мені төреші немесе енші бөліп беруші етіп қойды? - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонда Иса соларға: -Әр түрлі дүниеқоңыздықтан сақ болыңдар, себебі адамның өмірінің мәні оның дүниемүлкінің мол болып, асып -тасқандығында емес, сондықтан байқаңдар! - деді де,</verse>
				<verse number="16">мына астарлы әңгімені айтып берді: -Бір бай адамның егіндік жері мол өнім береді.</verse>
				<verse number="17">Сонда ол өзіне-өзі: «Мен жинап алған өнімдерімді қайда апарып қоярымды білмеймін? Не істесем болады?» -дейді.</verse>
				<verse number="18">Сонда ол былай деп шешеді: «Өзімнің қоймаларымды бұзып, оны қайтадан үлкейтіп салайын, соған бүкіл астық пен байлықтарымды жинап қоямын.</verse>
				<verse number="19">Содан кейін өзіме-өзім: «Ей, менің жан дүнием, мына жатқан бар байлығың енді көп жылдарға дейін артығымен жетеді, сондықтан сен демалып, ішіп -жеп, көңіліңді көтер», - дейтін боламын.</verse>
				<verse number="20">Алайда Құдай оған: «Ей, ақылсыз, осы түні сенің жаныңды Өзіме қайтарып аламын. Сенің мына дайындап қойғандарың кімге қалады?» - дейді.</verse>
				<verse number="21">Сонымен, тек өзіне ғана байлық жинап, ал Құдаймен байығысы келмейтін адаммен тура осылай болады, -деді.</verse>
				<verse number="22">Осыдан кейін Иса Өзінің шәкірттеріне: -Сондықтан Менің сендерге айтарым: өмірде не ішеміз, денемізге не киеміз деп уайымдамаңдар.</verse>
				<verse number="23">Өйткені өмір тамақтан, ал дене киімнен артық қой.</verse>
				<verse number="24">Анау қарғаларға қараңдаршы, олар не екпейді, не ормайды, олардың не қоятын, не сақтайтын орындары да жоқ. Алайда Құдай оларға қажетті қорегін береді, ал сендер сол құстардан әлдеқайда артықсыңдар.</verse>
				<verse number="25">Кім өз бойының қамын ойлап, оны бір шынтаққа дейін ұзарта алады?</verse>
				<verse number="26">Егер де сендер осы бір кішкентай нәрсені жасай алмайтын болсаңдар, онда қалған мұқтаждықтардың қамын неге ойлап жүрсіңдер?</verse>
				<verse number="27">Анау лала гүлдерінің қалай өсетініне назар салыңдаршы. Олар не еңбек етпейді, не жіп те иірмейді. Сендерге айтарым: тіпті, бүкіл атақ -даңққа бөленіп жүрген Сүлейменнің Өзі солар сияқты киініп көрген емес.</verse>
				<verse number="28">Егер де бүгін далада өсіп тұрған, ал ертең пешке тасталатын шөпті Құдай солай киіндіріп қойса, онда мына сенімдері аз сендерді одан да бетер киіндіре алады.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан сендер не жейміз, не ішеміз деп уайымға салынбаңдар.</verse>
				<verse number="30">Бұл әлемнің халықтары осы туралы ойлайды, ал сендердің Әкелерің неге мұқтаж екендеріңді біледі.</verse>
				<verse number="31">Одан гөрі Оның Патшалығын іздеңдер, сонда бұлардың бәрін сендерге қосып береді.</verse>
				<verse number="32">Қорықпа, шағын отар, өйткені сендердің Әкелерің Өз Патшалығын сендердің игіліктерің үшін беріп отыр.</verse>
				<verse number="33">Өз дүние-мүліктеріңді сатып, одан қайыр-садақа беріңдер, осылай өздеріңе шірімейтін қалта жасаңдар, сонда қазыналарың ешқашан таусылмайды және күйе де жемейтін, не ұры да жақындай алмайтын көкте болады.</verse>
				<verse number="34">Себебі сендердің қазыналарың қай жерде болса, жүректерің де сонда болады.</verse>
				<verse number="35">Сонымен қатар, белдерің буулы, шамдарың жағулы болсын.</verse>
				<verse number="36">Сонда сендер салтанатты үйлену тойынан келетін өз қожайынын күткен және ол келіп, есікті қаға бастағанда, сол сәтте есік ашып беретін адамға ұқсайтын боласыңдар.</verse>
				<verse number="37">Егер де қожайыны келген сәтте, өзінің сергек жүрген құлдарын көретін болса, онда олардың бақытты болғаны. Сендерге шындықты айтайын: сонда ол белін буып алып, жантайып жатқан олардың қасына барып, оларға Өзі қызмет ететін болады.</verse>
				<verse number="38">Егер де ол екінші немесе үшінші күзет уақытында келіп қалып, олардың солай сергек жүргенін көретін болса, нағыз бақытты құлдар солар болады.</verse>
				<verse number="39">Мынаны білсеңдер екен: егер де үйдің қожайыны ұрының қай сағатта келетінін білсе, онда ол үйінің іргесін қазып кіретін ұрыға сол мүмкіндікті бермес еді.</verse>
				<verse number="40">Сол секілді сендер де соған дайын болыңдар, өйткені Адам Ұлының қай сағатта келетінін сендер білмейсіңдер, -деп Иса Өзінің қайтып келетін мезгілінің құпия екенін айтты.</verse>
				<verse number="41">Сонда Петр: -Ием, осы астарлы әңгімені тек бізге ғана айтып тұрсың ба әлде бәріне ме? - деді.</verse>
				<verse number="42">Сонда Иеміз: -Сонымен, кім қожайынына сенімді болып, оның үйінде жүргендерге өз уақытымен нанын өлшеп беріп тұратын адамды олардың үстінен қарайтын басқарушы етіп қоймай ма?</verse>
				<verse number="43">Қожайыны келген кезде, оның солай істеп жүргенін көретін болса, сол құл бақытты.</verse>
				<verse number="44">Сендерге шындықты айтайын: сонда Ол өзінің барлық дүние-мүлкін де оған сеніп тапсыратын болады.</verse>
				<verse number="45">Ал егер де сол құлдың жүрегінде: «Менің қожайыным кешігіп жатыр, ол әзірге келе қоймайды», -деген ой болып, оның құлдары мен күңдерін ұрып-соғып және ішіп-жеп, маскүнемдікке салынса,</verse>
				<verse number="46">онда қожайыны ол күтпеген күні, күтпеген сағатта келеді. Оны екіге бөліп шауып, оны сенбеушілердің қатарына апарып қосады.</verse>
				<verse number="47">Қожайынының еркін біле тұра, оның келетін кезіне дайын болмаса немесе Оның еркін іске асырмаған құл көп соққы жейтін болады.</verse>
				<verse number="48">Ал оның еркін білмей, істеген істері арқылы жазаға лайықты болғанның өзінде ол соққыны аз алатын болады. Кімге көп берілсе, оған қойылған талап та көп болады, ал кімнен сенімділік талап етілсе, оған қойылатын талап та өте көп болады.</verse>
				<verse number="49">-Мен жер бетіне келіп, от тастадым, енді соның тезірек жалындап жанғанын қалаймын!</verse>
				<verse number="50">Мен қасіретке толықтай батырылып шомылудан өтуге тиіспін, соны іске асыратын уақыт келгенше, іштей қиналып жүрмін.</verse>
				<verse number="51">Мен осы әлемге бейбітшілік әкелді деп жүрсіңдер ме? Жоқ, керісінше, Мен бөлінуді әкелдім, сендерге айтарым осы.</verse>
				<verse number="52">Сондықтан енді бұдан былай бір үйдегі бес адам бөлектеніп, үшеуі екеуіне, екеуі үшеуіне қарсы тұрады.</verse>
				<verse number="53">Әкесі мен ұлы бөлініп, әкесі ұлына, ұлы әкесіне, шешесі қызына, қызы шешесіне, енесі келініне, келіні енесіне қарсы болады, - деді.</verse>
				<verse number="54">Содан кейін Иса халыққа: -Сендер батыстан көтерілген бұлтты көргенде: «Міне, енді жаңбыр жауады», -дейсіңдер және солай болады да.</verse>
				<verse number="55">Оңтүстіктен жел соқса: «Аптап ыстық болады», -дейсіңдер, ол да солай болады.</verse>
				<verse number="56">Ей, екіжүзділер, жердің құбылысы мен көктің белгілерін біліп тұрып, мына қазіргі осы уақытты қалайша білмей қалдыңдар?</verse>
				<verse number="57">Сонда сендер қалай өзара әділ шешім шығара алмадыңдар?</verse>
				<verse number="58">Негізінде, өзіңнің қарсыласыңмен билік иесіне бара жатқан жолда онымен келісіп, сұрағанын беріп, одан құтылуға тырысқаның жөн, әйтпесе ол сені соттың төрешісіне алып барады, ал соттың төрешісі сені сот орындаушыға ұстап береді, ал сот орындаушы сені абақтыға жабады.</verse>
				<verse number="59">Саған айтарым: соңғы тиыныңды толықтай беріп болмайынша, сен сол жерден шықпайсың, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Сол уақытта біреулер Исаға Пилаттың кейбір ғалилеялықтардың қанын олардың өздері құрбандыққа берген малдың қанымен араластырып жібергені туралы айтып берді.</verse>
				<verse number="2">Сонда Иса оларға былай деп жауап берді: -Сол ғалилеялықтардың жасаған күнәлары басқа ғалилеялықтарға қарағанда тым көп болғандықтан, сондай жағдайға ұшырады деп ойлайсыңдар ма?</verse>
				<verse number="3">Жоқ, олай емес! Сендерге айтамын: егер де сендер тәубеге келмейтін болсаңдар, бәрің де солай құритын боласыңдар.</verse>
				<verse number="4">Немесе он сегіз адамның үстіне Силоғам мұнарасы құлап, қайтыс болғанда, олардың қарыздары Иерусалимде тұратын адамдардан асып түскен соң, сол жағдайға ұшырады деп ойлайсыңдар ма?</verse>
				<verse number="5">Жоқ, олай емес! Сендерге айтамын: егер де тәубеге келмейтін болсаңдар, бәрің де солай құритын боласыңдар, -деді.</verse>
				<verse number="6">Содан кейін Иса оларға мына бір астарлы әңгімені айтып берді: -Бір адамның жүзім бағына отырғызған інжір ағашы болыпты. Ол оның жеміс беретін кезін күтеді, бірақ келген сайын ол одан бірде-бір жеміс таппайды.</verse>
				<verse number="7">Сонда ол өзінің жүзім өсірушісіне:«Міне, мен осы бір інжір ағашына үш жыл қатарынан келіп, одан жеміс іздеймін. Бірақ одан бірде-бір жеміс таппадым, енді оны шауып таста, бостан-босқа жерді алып тұра бере ме?» -дейді.</verse>
				<verse number="8">«Мырза, оны осы жылға тағы да қалдыр, -дейді жұмысшысы, -мен оның айналасын қазып, қопсытып, оған тыңайтқыш тастайын.</verse>
				<verse number="9">Мүмкін, ол болашақта жеміс беріп қалар, егер ол осыдан кейін жеміс бермейтін болса, оны сол кезде шауып тастарсың», - дейді.</verse>
				<verse number="10">Сенбі күні болатын, Иса синагогалардың бірінде тәлім беріп жатты.</verse>
				<verse number="11">Сол жерде он сегіз жыл бойы аурудың рухы басып алғандықтан, белі бүкірейіп, денесін толық жаза алмайтын бір әйел болды.</verse>
				<verse number="12">Иса сол әйелді көріп, оны өзіне шақырып алды да: -Әйел, сен аурудан азат болдың! - деді.</verse>
				<verse number="13">Иса әйелге қолын қойды, сол сәтте әйелдің денесі түзеліп, толығымен сау қалпына келді, сонда әлгі әйел Құдайды мадақтады.</verse>
				<verse number="14">Синагоганың басшысы сенбі күні Исаның сауықтырғанына наразылығын білдіріп, сол жердегі халыққа: -Жұмыс істеуге арналған алты күн бар, сондықтан сауығу үшін сенбі күні емес, жұмыс күндері келіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонда Иса оған: -Ей, екіжүзділер! Сол сенбі күні мына сендердің әрқайсыларың өгіздеріңді немесе есектеріңді ақырдан шешіп алып, оларды суғарып жүрген жоқсыңдар ма?</verse>
				<verse number="16">Мына Ыбырайымның қызын он сегіз жыл бойы сайтанның байлап қойған құрсауынан осы сенбі күні босатып алуға болмай ма? - деді.</verse>
				<verse number="17">Иса осылай деген кезде, Оған қарсы болғандардың бәрі ұялып қалды. Сол жердегі адамдардың бәрі Оның жасаған игі істерін қуанышпен қабылдады.</verse>
				<verse number="18">Содан кейін Иса оларға: -Құдайдың Патшалығын неге ұқсатуға болады? Мен оны немен салыстырар едім?</verse>
				<verse number="19">Ол бір адамның өз бақшасына тастай салған қыша дәніне ұқсас. Ол кейін өскенде бір үлкен ағашқа айналады, сонда аспандығы құстар келіп, оған ұя салады, - деді.</verse>
				<verse number="20">Сосын тағы да: -Құдайдың патшалығын Мен неге ұқсатар едім? - деді Иса.</verse>
				<verse number="21">Оны әйелдер үш өлшем ұн алып, бәрін түгел ашыту үшін, сол ұнға қосқан ашытқыға да ұқсатуға болады, -деді.</verse>
				<verse number="22">Ол осылай қалалар мен ауылдарды аралап, тәлім беріп жүрді, содан кейін сапарын Иерусалимге қарай бағыттады.</verse>
				<verse number="23">Сол кезде Оған біреу: -Ием, құтқарылатындар аз бола ма? деп сұрады. Иса оларға:</verse>
				<verse number="24">-Тар есіктен кіруге бар күш-жігерлеріңді салыңдар, көбі соған кіруге тырысып, оны іздейтін болады, алайда оны таба алмайды.</verse>
				<verse number="25">Ал уақыты келген кезде үйдің иесі тұрып, жаңағы есікті жауып тастайды, сонда есіктің сыртынан қағып: «Ием, бізге ашщы», -дейтін боласыңдар. Сонда Ол сендерге:«Мен сендерді де, қайдан келгендеріңді де білмеймін?» -дейтін болады.</verse>
				<verse number="26">Сол кезде сендер: «Біз Сенің көз алдыңда жүріп тамақ жеп, сусын ішіп едік, ал Сен біздің көшелерімізбен жүрген кезіңде бізге тәлім бердің», - деп айтасыңдар,</verse>
				<verse number="27">Ол сендерге: «Сендердің қайдан келгендеріңді білмеймін. Ей, әділетсіздік жасап жүргендер, Менен бәрің де аулақ кетіңдер!» - дейтін болады.</verse>
				<verse number="28">Сонда Құдай Патшалығында Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың және барлық пайғамбарлардың жүргенін, ал өздеріңнің сыртқа лақтырылып тасталғандарыңды көргенде, сол жерде зар еңіреп жылап, бармақтарыңды тістейтін боласыңдар.</verse>
				<verse number="29">Ал шығыс пен батыстан, солтүстік пен оңтүстіктен келгендер Құдай патшалығының төрінде жайғасып, жантайып жататын болады.</verse>
				<verse number="30">Міне, сол кезде соңында болғандар алғашқы болып, ал алғашқы болғандар соңы болады, - деді.</verse>
				<verse number="31">Сол кезде фарисейлердің кейбіреуі Исаға келіп -Бұл жерден кет, өйткені Ирод сені өлтірмекші болып жүр, шық! - деді.</verse>
				<verse number="32">Иса оларға: -Ол түлкіге барып мынаны айтыңдар: «Міне, бүгін де, ертең де жындарды қуып шығып, сауықтырумен айналысып, тек үшінші күні аяқтайтын боламын».</verse>
				<verse number="33">Сондықтан Мен бүгін де, ертең де, одан кейінгі күні де осы жерде жүретін боламын, өйткені Иерусалимнен тыс жерде пайғамбарды өлтіруге рұқсат берілмеген!</verse>
				<verse number="34">-О, Иерусалим, Иерусалим, пайғамбарларды өлтіртіп, өзіне жіберілген елшілерді таспен атқылаттың. Қаншама рет балапандарын өзінің қанатының астына жинаған құс секілді Мен де сенің балаларыңды солай жинағым келді, алайда сендер соны қаламадыңдар.</verse>
				<verse number="35">Міне, енді үйлерің өздеріңе қалдырылды. Сендерге айтарым: «Иеміздің атымен жарылқанған келеді!» -деп айтылатын уақыт келгенше, сендер Мені көрмейтін боласыңдар деп, Иса Өзінің ішіндегі күйінішін жеткізді</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Бірде Исаның бір фарисейлердің басшысының үйіне баруына тура келді. Сол күн сенбі болатын, Ол олармен бірге тамақ жеді, ал олар Исаны бақылаумен болды.</verse>
				<verse number="2">Міне, сол кезде шемен ауруымен ауыратын бір адам Исаның алдына келіп, Оған қарама-қарсы отырды.</verse>
				<verse number="3">Сонда Иса сол жердегі фарисейлер мен заңшылдарға: -Сенбі күні сауықтыруға рұқсат берілген бе әлде жоқ па? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="4">Олар үндемеді. Сонда Иса әлгі ауырған адамды сауықтырды да, оны жөніне жіберді.</verse>
				<verse number="5">Содан кейін Иса оларға: -Егер де сенбі күні біреуіңнің балаң немесе өгізің құдыққа түсіп кетсе, оны сол сәтте шығарып алмас па едіңдер? - деді.</verse>
				<verse number="6">Алайда бұған да олардың ешқайсысы жауап бере алмады.</verse>
				<verse number="7">Қонаққа шақырылғандардың ең құрметті орындарды таңдап алып отырып жатқандарын байқаған Иса оларға астарлы әңгіме айтып берді.</verse>
				<verse number="8">-Егер де сені біреу салтанатты үйлену тойына шақыра қалса, құрметті орынға жайғасушы болма, өйткені сол шақырылғандардың арасында сенен де құрметті біреу болса,</verse>
				<verse number="9">үй иесі сені шақырып алып: «Орныңды мына адамға бер», -десе, сен масқара боласың, ұялғаныңнан соңғы орынға барып жайғасатын боласың.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан сені біреу шақырғанда, сол жердегі соңғы орынға барып жайғасып отыр, сонда сені шақырған адам келіп: «Достым, жоғары қарай төрге шығып отыр», -дейтін болса, сонда сол жерде отырғандардан сенің мәртебең жоғары болмақ.</verse>
				<verse number="11">Өйткені өзін-өзі жоғарылатқан әркім төмендетіледі, ал өзін-өзі төмендеткен әркімді жоғарылататын болады, -деді.</verse>
				<verse number="12">Содан кейін Өзін шақырған адамға: -Егер де түскі немесе кешкі ас ұйымдастырып бергің келсе, өзіңнің достарыңды, бауырларыңды, туыстарыңды немесе бай көршілеріңді шақырушы болма, өйткені олар да соған жауап ретінде сені асқа шақырып, сый-тартуыңды еселеп өзіңе қайтаратын болады.</verse>
				<verse number="13">Егер сый-тартулар ұйымдастырып бергің келсе, керісінше, оған кедейлерді, мүгедектерді, ақсақтар мен соқырларды шақыр,</verse>
				<verse number="14">сонда сен бақытқа кенелесің, өйткені олардың соны саған қайтарып беретін еш мүмкіндіктері жоқ, ал істеген ісіңнің қарымтасын Құдай әділ адамдарды өлімнен қайта тірілткен кезде саған қайтарады.</verse>
				<verse number="15">Сол жерде осыны естіп отырғандардың бірі Исаға: -Құдайдың Патшалығындағы наннан кім жесе, сол бақытты, - деді.</verse>
				<verse number="16">Иса оған былай деп жауап берді: -Бір адам өте үлкен кешкі ас ұйымдастырып, соған көп адамдарды шақырып қояды.</verse>
				<verse number="17">Ас ішетін уақыт таяғанда, өзінің құлын шақырылған қонақтарға жіберіп:«Енді келе беріңдер, бәрі дайын тұр», -деп айтуды тапсырады.</verse>
				<verse number="18">Сонда олардың барлығы бірінен кейін бірі кешірім сұрай бастайды. Біреуі: «Мен бір жер сатып алып едім, соны барып көруім керек. Маған кешірімді бола гөр, сенен өтінемін», - дейді.</verse>
				<verse number="19">Басқа біреуі: «Бес жұп өгіз сатып алып едім, енді соларды сынап көрейін деп бара жатырмын, сенен өтінемін, маған кешірімді бола гөр», - дейді.</verse>
				<verse number="20">Тағы біреуі: «Әйел алып, үйленіп жатырмын, сондықтан бара алмаймын», - дейді.</verse>
				<verse number="21">Сонымен, оның құлы қайтып келіп, осы болған жағдайды қожайынына айтып береді. Сонда үйдің иесі ашуға мініп, өзінің құлына: «Тез сыртқа шық та, қаланың көшелері мен қиылыстарында тұрған кедейлер мен кемтарларды, соқырлар мен ақсақтарды осында алып кел», - деп жібереді.</verse>
				<verse number="22">Содан кейін құлы қайтып келіп: «Қожайын, сенің айтқан бұйрығың орындалды, әлі де бос орын бар», -дейді.</verse>
				<verse number="23">Сонда қожайын құлына: «Енді жолдарға шығып, қоршалған дуалдарды бойлап, сонда жүргендердің бәрін осында келуге көндір, сөйтіп, менің үйім толатын болсын», -дейді.</verse>
				<verse number="24">Сендерге айтарым: «Алдыңғы шақырылған сол (ер) адамдардың ешқайсысы да кешкі асқа беретін менің дәмімнен татпайтын болады».</verse>
				<verse number="25">Сол кезде көп халық Исаның артынан келе жатқан болатын, сонда Ол халыққа бұрылып мынаны айтты:</verse>
				<verse number="26">-Егер де кімде-кім Маған келіп тұрып, әкесін, анасын, әйелі мен бала-шағасын бауырлары мен қарындастарын, әпке-сіңлілерін және өз өмірін Менен артық көретін болса, сол Менің шәкіртім бола алмайды.</verse>
				<verse number="27">Кім өз айқышын көтеріп, Менің соңымнан еріп жүрмейтін болса, сол Менің шәкіртім бола алмайды.</verse>
				<verse number="28">Сендердің біреулерің мұнара тұрғызғысы келді дейік. Сонда ол, алдымен, отыра қалып, оның сол құрылысқа шығаратын шығыны оны аяқтауға жете ме, жетпей ме, соны есептеп алмай ма?</verse>
				<verse number="29">Ал егер де ол оның тек іргетасын ғана қалап, қалғанын аяқтай алмағанын көргендер оған күліп, мазақтап:</verse>
				<verse number="30">«Міне, бұл адам құрылысты бастағанымен, оны аяқтай алмады», - деп айтатын болады.</verse>
				<verse number="31">Сол сияқты бір патша басқа бір патшамен соғысуға дайындалды дейік. Соғысар алдында өзіне қарсы келе жатқан жиырма мың әскерге өзінің қол астындағы он мың әскерімен төтеп бере ала ма, жоқ па, соны алдын ала жоспарлап, ақылдасып алмаушы ма еді?</verse>
				<verse number="32">Егер де оның шамасы жетпейтін болса, онда ол алыста тұрып, оған елшісін жіберіп, бейбіт келісімге келуін сұрайтын болады.</verse>
				<verse number="33">Сондықтан сендердің әрқайсың өзінің дүние -мүлкінен бас тартпайынша, ол Менің шәкіртім бола алмайды.</verse>
				<verse number="34">-Тұз -жақсы нәрсе, егер де сол тұз өз күшінен айырылып қалса, оның сол тұздық қасиетін қалай қалпына келтіруге болады?</verse>
				<verse number="35">Тіпті, көң де жерге тыңайтқыш болады, бірақ тұз дәмін жоғалтса, оны лақтырып тастауға тура келеді. Кімде еститін құлақ болса, естіп алсын!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Барлық салық жинаушылар мен күнәкарлар Исаны тыңдау үшін, Оған жақындап келе бастады.</verse>
				<verse number="2">Фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер: «Бұл күнәкарларды қабылдайды және олармен бірге тамақ ішеді», - деп күңкілдесіп кетті.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Иса оларға мына бір астарлы әңгімені айтып берді.</verse>
				<verse number="4">-Сендердің біреулеріңнің жүз қойың бар дейік, егер солардың біреуі жоғалып кететін болса, тоқсан тоғыз қойды сол елсіз жерге қалдырып, жоғалып кеткен қойын тауып алу үшін, оны іздемей ме?</verse>
				<verse number="5">Тауып алған соң, қуанғанынан оны иығына салып алып,</verse>
				<verse number="6">үйіне келеді де, достары мен көршілерін шақырып алып, оларға: «Менің қуанышыма ортақ болыңдар, мен жоғалып кеткен қойымда тауып алдым», - дейтін еді.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан сендерге айтарым: тәубе еткісі келмейтін тоқсан тоғыз әділдерден гөрі, тәубеге келетін бір күнәкардың өзіне көкте де дәл сондай қуаныш болады.</verse>
				<verse number="8">-Немесе бір әйелдің он күміс ақшасы (драхма) болды дейік, егер ол сол күміс ақшаның біреуін жоғалтып алса, ол үйінің шамын жағып қойып, соны тауып алғанша үйін сыпырып, жанын салып іздемей ме?</verse>
				<verse number="9">Оны тауып алған соң, құрбылары мен көршілерін шақырып: «Мен жоғалтып алған күміс ақшамды (драхманы) тауып алдым, сондықтан келіңдер, менің қуанышыма ортақ болыңдар», - дейтін болады.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан сендерге айтарым: Құдайдың періштелерінің алдында тәубе еткен бір күнәкар үшін де дәл осындай қуаныш болады, - деді.</verse>
				<verse number="11">-Бір адамның екі ұлы болыпты, -деп Иса одан әрі жалғастырды.</verse>
				<verse number="12">Кіші ұлы әкесіне келіп: «Әке, маған мұраңнан өзіме тиісті бөлігін бер», -дейді. Сонда Әкесі ұлдарына бәрін бөліп береді.</verse>
				<verse number="13">Біраз күн өткен соң, оның кіші ұлы керек-жарағының бәрін жинап алады да, алыс бір елге кетеді. Сол жерде ол бар мұрасын қалай болса солай шашып, азғындықпен өмір сүре бастайды.</verse>
				<verse number="14">Ол барлығын әбден жұмсап бітіргенде, сол елде қатты ашаршылық басталады да, ол мұқтаждық көре бастайды.</verse>
				<verse number="15">Сонда ол сол елдің бір азаматына барып жабыса жалбарынады, сонда ол өз жеріндегі шошқаларын баққызып қояды.</verse>
				<verse number="16">Сол кезде ол: «Тым болмаса, сол шошқалар жейтін қабықтарды жеп, қарнымды тойғызсам», -деп армандаумен жүреді, алайда соның өзін оған ешкім де бермейді.</verse>
				<verse number="17">Сонда ол: «Менің әкемнің құлдары көп, алайда олар нандарын молынан тауып жейді, ал мен болсам аштықтан өлейін деп жүрмін», - деп ойланып, өз-өзіне келіп:</verse>
				<verse number="18">«Қой, одан да өзімнің әкеме барып, оған: «Әке, мен Көктегіге де, саған да қарсы күнә жасадым,</verse>
				<verse number="19">сондықтан мен өзімді сенің ұлыңмын деп атауға да лайықты емеспін, сол үшін мені өзіңнің жалшыларыңның бірі ретінде қабылдай гөр», - деп айтайын.</verse>
				<verse number="20">Осыдан кейін ол тұрып, өзінің әкесіне баруға бет алады. Әкесі болса, оның сонау алыста келе жатқанын көріп, жаны ашиды, оған қарсы жүгіріп, мойнынан құшақтап, сүйеді.</verse>
				<verse number="21">Сол кезде ұлы Оған: «Әке, мен Көктегіге де және өзіңе де қарсы күнә жасадым, сондықтан мен сенің ұлың болуға лайықты емеспін», - дейді.</verse>
				<verse number="22">Сонда әкесі өзінің құлдарына: «Ең жақсы шапанның бірін алып келіп, оған кигізіңдер, тезірек барыңдар! Қолына жүзік, аяғына аяқ киім беріңдер.</verse>
				<verse number="23">Содан кейін бордақыланған өгізді әкеліп сойыңдар, сөйтіп, той жасап, көңіл көтерейік.</verse>
				<verse number="24">Өйткені менің мына ұлым өлген еді, міне, енді тірілді, жоғалған еді, міне, табылды!». Сөйтіп, олар көңіл көтере бастайды.</verse>
				<verse number="25">Оның үлкен ұлы осы кезде далада жүрген болатын, ол үйіне жақындап келгенде, сыртқа шыққан әуенді ән мен көңілді отырыстың даусын естиді.</verse>
				<verse number="26">Қызметшілерінің біреуін шақырып алып, не болып жатқанын сұрайды.</verse>
				<verse number="27">«Сенің інің қайтып келді, -дейді оған қызметшісі, -сенің әкең оның солай аман-сау қайтып келгені үшін, бордақыланған өгізшесін сойды», - дейді.</verse>
				<verse number="28">Бұған ашуланған үлкен ұлы үйге кіргісі келмейді. Сонда әкесі сыртқа шығады, үйге кіруін өтінеді.</verse>
				<verse number="29">Ол әкесіне былай дейді: «Міне, мен саған қаншама жыл қызмет еттім, ешқашан сенің өсиетіңді бұзған емеспін. Маған достарыммен көңіл көтеруге бір лақ та берген жоқсың.</verse>
				<verse number="30">Ал мына сенің ұлың байлығыңды азғын әйелдерге шашып, оны ішіп-жеп бітірген соң, қайтып келген кезде, бордақыланған өгізшеңді соған бола сойып тастадың!»</verse>
				<verse number="31">«Балам, сен әрқашан да менімен біргесің, -деді сол кезде әкесі, - сондықтан мендегінің бәрі де сенікі.</verse>
				<verse number="32">Бірақ біз қазір көңілімізді көтеріп, қуануымыз керек, өйткені сенің бауырың өлі болған еді-енді ол тірілді, ол жоғалған еді - енді ол табылды!»</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Иса өзінің шәкірттеріне былай деді: -Бір бай адамның үй басқарушысы болыпты, сонда оған байдың дүние-мүлкін шашып, ысырап қылды деген айып тағылады.</verse>
				<verse number="2">Осыдан кейін әлгі бай адам үй басқарушысын шақырып алып: «Мен сен жайында не естіп жүрмін? Үйді қалай басқарып келгенің жөнінде есеп бер, бұдан былай енді сен үй басқарушысы бола алмайсың», - дейді.</verse>
				<verse number="3">Сонда әлгі үй басқарушысы өзіне-өзі: «Енді не істесем екен? Қожайыным менен үй басқару міндетін алып қойды. Жер қаза алмаймын, қайыр тілеу-ұят нәрсе.</verse>
				<verse number="4">Мен осы үй басқару міндетінен босатылғаннан кейін, не істейтінімді білемін, -дейді өзіне-өзі, -олар мені өз үйлеріне қабылдайтын болады».</verse>
				<verse number="5">Өзінің қожайынына қарыз болып жүрген адамдарды бір-бірден өзіне шақырып алып, біріншісіне: «Менің қожайыныма сен қанша қарызсың?» - деп сұрайды.</verse>
				<verse number="6">«Жүз күбі май», -дейді ол. Сонда ол: «Тез отыр да, мына қолхатыңды ал, оған елу күбі деп жазып бер», -дейді.</verse>
				<verse number="7">Осыдан кейін ол басқасына да: «Ал сенің қанша қарызың бар?» -дейді. Сонда ол: «Жүз қанар бидай», -дейді ол. Оған да: «Мына қолхатыңды ал да, оған сексен қанар деп жазып бер», - дейді.</verse>
				<verse number="8">Сөйтіп, қожайыны әлгі әділетсіз үй басқарушысының осы тапқырлығы үшін оны мақтайды, өйткені осы заманның ұлдары нұрдың ұлдарына қарағанда, өз ісінде өте тапқыр болады.</verse>
				<verse number="9">Ал Мен сендерге былай деймін: осы әлемдегі байлық әділетсіздік туғызады, ал сендер сол байлықты тиімді пайдаланып, өздеріңе адал болатын достарды тауып алыңдар, өйткені сендердің байлықтарың сарқылса да, олар сендерді өздерінің мәңгілік тұрағына қабылдайтын болады.</verse>
				<verse number="10">Кім кішкентай нәрседе (істе) сенімді болса, сол үлкен нәрседе де сенімді болады, ал кім кішкентай нәрседе сенімсіз болса, ол үлкен нәрседе де сенімсіз болады.</verse>
				<verse number="11">Егер де сол әділетсіз байлықтың өзіне адал болмасаңдар, сендердің адал екендіктеріңе кім сенеді?</verse>
				<verse number="12">Егер де басқа біреудің өздеріңе сеніп тапсырған затына адал болмасаңдар, сендерге қажет нәрсені кім береді?</verse>
				<verse number="13">Ешқандай қызметші екі қожайынға бірдей қызмет ете алмайды, өйткені біреуін жек көріп, ал екіншісін жақсы көретін болады немесе бірін қолдаса, екіншісіне немқұрайлы қарайтын болады. Сондықтан Құдайға да, байлыққа да бірдей қызмет ете алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="14">Ал осының бәрін естіп тұрған ақшақұмар фарисейлер Исаны мазақтап, Оған күліп тұрды.</verse>
				<verse number="15">Сонда Иса оларға: -Сендер өздеріңді адамдардың алдында әділетті етіп көрсетіп жүрсіңдер, алайда Құдай сендердің жүректеріңде не бар екенін біледі. Өйткені адамдар нені жоғары бағаласа, сол Құдайдың алдында жексұрын нәрсе болып табылады.</verse>
				<verse number="16">-Жақияға дейін Заң да болды, пайғамбарлар да болды. Одан кейін Құдайдың патшалығы жайында Ізгі хабар да жарияланды, енді оған кіру үшін әркім өзінше күш салып жатыр.</verse>
				<verse number="17">Алайда заңның бір сызығы жойылып кеткеннен гөрі, аспан мен жердің жойылып кетуі оп-оңай болады.</verse>
				<verse number="18">-Кімде-кім өзінің әйелінен ажырасып, басқа біреуге үйленетін болса, сол неке адалдығын бұзады, кімде-кім күйеуінен ажырасқан әйелге үйленетін болса, ол да неке адалдығын бұзады.</verse>
				<verse number="19">-Бір кездері үстіне қызыл матадан қымбат шапан мен қымбат көйлек киіп, өмірінің әр күнін керемет той-думанмен өткізетін бір бай адам өмір сүріпті.</verse>
				<verse number="20">Оның қақпасының алдына үсті-басының бәрін жара басқан Елазар атты бір кедейді әкеліп тастайды екен.</verse>
				<verse number="21">Ол, тым болмаса, әлгі байдың дастарқанынан түскен қоқымдарын жеп тойынуды армандайды. Сол жердің иттері келіп, оның жараларын жалап кетеді екен.</verse>
				<verse number="22">Уақыты келіп, әлгі кедей қайтыс болады, сонда періштелер оны алып, төрдегі Ыбырайым пайғамбардың қасына жайғастырады. Біраздан кейін әлгі бай да қайтыс болады, оны да апарып қабірге қояды.</verse>
				<verse number="23">Сонымен, әлгі бай тозақта жатқандықтан, қинала бастайды да жан -жағына көз салады, сонау алыстан төрде Ыбырайымның қасында отырған Елазарды көреді.</verse>
				<verse number="24">Сонда бай дауыстап: «Ыбырайым әке, мені аяшы, анау Елазарды бері жіберші. Ол саусағын суға малып, менің тілімді салқындатсыншы, өйткені мен мына оттың табына шыдай алмай қиналып жатырмын», - дейді.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде Ыбырайым оған: «Балам, сен өмірдегі бар жақсылықты тек өзің ғана алдың, ал Елазар тек жаманшылықты алғанын есіңе түсірші. Қазір ол осында жұбаныш алып жатса, сен қиналып жатырсың.</verse>
				<verse number="26">Оның үстіне сендер мен мына біздің екі ортамызда үлкен шыңырау жатыр, сол шыңыраудан бізден сендерге барғысы келгендер өте алмайды және ол жақтан бізге өткісі келгендер де өте алмайды», - дейді.</verse>
				<verse number="27">Сонда бай: «Әке, сенен өтінемін, онда Елазарды менің әкемнің үйіне жіберші.</verse>
				<verse number="28">Себебі менің бес бауырым бар, олар да осындай азапталатын жерге келмеуі үшін, ол соларға барып, өз куәлігімен бөліссін», - дейді.</verse>
				<verse number="29">Ыбырайым оған: «Мұса мен пайғамбарлардың Жазбалары бар емес пе? Олар солардың айтқандарын тыңдасын», - дейді.</verse>
				<verse number="30">«Жоқ, Ыбырайым әке, -дейді бай, -егер оларға осы өлгендердің біреуі барса, сонда ғана олар тәубе ететін болады», - дейді.</verse>
				<verse number="31">Сол кезде Ыбырайым оған: «Егер де олар Мұса мен пайғамбарлардың айтқанын тыңдамаса, олар өлімнен тіріліп барғандардың біреуіне де сенбейді», - дейді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="17">
				<verse number="1">Иса Өзінің шәкірттеріне былай деді: -Азғырылуға еріп, күнәнің жетегінде жүретін кездің болмауы мүмкін емес, алайда сол азғырылу кімнен келсе, сол қасіретке қалады.</verse>
				<verse number="2">Егер де мына бір кішкентайлардың біреуін азғырып, оларды жолдан тайдыратын болса, онда оның мойнына диірменнің тасын байлап, теңізге лақтырып тастаса, оған сол пайдалы болар еді.</verse>
				<verse number="3">Өздеріңе өздерің сақ болыңдар! Егер де бауырың күнә жасап жатса, оған ескерту жаса, ал тәубеге келсе, оның күнәсін кешір.</verse>
				<verse number="4">Егер ол күніне жеті рет саған қарсы күнә жасап, жеті рет саған келіп, өкініп: «Тәубе етемін», -десе, оны кешір.</verse>
				<verse number="5">Бірде Оның елшілері Иемізге: -Біздің сенімімізді өсіре гөрші! - дейді.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иеміз оларға: -Егер сендерде қышаның дәніндей сенім болса, онда мына тұрған тұт ағашына: «Тамырыңмен жұлынып, теңізге барып отырғызылатын бол!» -десеңдер, ол сендерге бағынушы еді.</verse>
				<verse number="7">-Сендердің кейбіреулерің жер жыртып немесе мал бағып даладан келген құлыңа: «Тез бар да, дем ал», -деп айтудың орнына:</verse>
				<verse number="8">«Кешкі асты дайындап, мен ішіп-жеп болғанша, беліңді буып, маған қызмет көрсет. Содан кейін өзің ішіп-жерсің», -демейсің бе?</verse>
				<verse number="9">Сонда ол құлына өзінің осы бұйрықтарын орындағаны үшін алғыс айта ма?</verse>
				<verse number="10">Сол себепті сендер де өздеріңе бұйырғандардың бәрін солай орындайтын болсаңдар: «Біз-алғыс алуға тұрмайтын құлмыз, себебі біздің міндетіміз-тек бізге бұйырғанды ғана орындау, біз соны істеуге тырысып жүрміз», -деп айтатын болыңдар.</verse>
				<verse number="11">Осыдан кейін Иса әрі қарай Иерусалимге бармақ болды, сондықтан Оған Самария мен Ғалилея өлкесінің ортасынан кесіп өтуге тура келді.</verse>
				<verse number="12">Сөйтіп, Иса бір ауылға кірген кезде, алапеспен ауыратын он ер адам Оған кездесті, сонда олар алыста тұрып,</verse>
				<verse number="13">қатты дауыстап: -Тәлімгер Иса, бізге аяушылық ете гөрші! - дейді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Иса оларға: -Құдайдың үйіндегі қызметкерлерге барып, өздеріңді көрсетіңдер, -дейді. Олар жолда кетіп бара жатқан кезде, алапес ауруынан тазарып, сауығып кетеді.</verse>
				<verse number="15">Алайда олардың арасынан біреуі өзінің сауыққанын көріп, бар дауыспен Құдайды мадақтаған күйі қайтадан кері оралады.</verse>
				<verse number="16">Исаның аяғына етпеттеп жығылып, Оған алғыс айтты. Ол адам самариялық болатын.</verse>
				<verse number="17">-Тазаланғандар он адам емес пе еді? -деп сұрады Иса, -қалған тоғызы қайда?</verse>
				<verse number="18">Басқалары да мына жат жерлік секілді қайтып келіп, Құдайды мадақтай алмағаны ма? - деді.</verse>
				<verse number="19">-Енді орныңнан тұрып бара бер, сені сенімің құтқарды, -дейді Иса самариялыққа.</verse>
				<verse number="20">Фарисейлер жақтан келгендер Исадан Құдай патшалығының қашан келетіні туралы сұрады. Иса оларға былай деп жауап берді: -Құдай патшалығы көзге көрінетіндей болып келмейді.</verse>
				<verse number="21">Ешкім де оны: «Әне, Ол ана жерде» немесе «Ол, міне, мына жерде» деп те айта алмайды, өйткені Ол мына сендердің іштеріңде (араларыңда) болады, - деді.</verse>
				<verse number="22">Одан кейін Иса тағы да Өзінің шәкірттеріне: -Адамның Ұлын тым болмаса, күндердің бір күні көрсек деп армандайтын боласыңдар, алайда оны көре алмайсыңдар,</verse>
				<verse number="23">Сол кезде сендерге: «Әне, Ол ана жерде!» немесе «Міне, Ол мына жерде!» деп айтатын болады, сол кезде оларға бармаңдар және не артынан ілеспеңдер.</verse>
				<verse number="24">Өйткені Адам Ұлының келетін күні аспанның ана шеті мен мына шетіне дейін жарқ еткен найзағайдың жарқылына ұқсас болады.</verse>
				<verse number="25">Алайда Ол, ең алдымен, көп азап шегуі және осы ұрпақ Одан бас тартуы тиіс.</verse>
				<verse number="26">Нұхтың кезіндегі күндер қандай болса, Адам Ұлының келетін кезінде күндер дәл солай болады.</verse>
				<verse number="27">Нұх кемеге кіретін күнге дейін де адамдар ішіп-жеп, үйленіп, тұрмыс құрды. Содан кейін топан су басып, олардың бәрін құртып жіберді.</verse>
				<verse number="28">Луттың кезінде де сондай болды. Адамдар ішіп-жеп, сауда жасап, алып-сатып, егін егіп, үй тұрғызды.</verse>
				<verse number="29">Алайда Лут Содомнан шыққан күні аспаннан жаңбырша жауған от пен күкірт олардың бәрін құртып жіберді.</verse>
				<verse number="30">Сол сияқты Адам Ұлы қайта келіп, Оның осы әлемге көрінетін күні де осыған ұқсас болады.</verse>
				<verse number="31">Егер де сол күні біреу үйдің төбесінде болып, заттары үйде қалып қойса, ол соларды аламын деп төмен түспесін. Сол секілді кім далада жүрген болса, өз үйіне қайта оралмасын.</verse>
				<verse number="32">Луттың әйелімен болған оқиға естеріңде болсын.</verse>
				<verse number="33">Егер де біреу өз жанын сақтап қаламын деп тырысатын болса, ол одан айырылады, ал кім Мен үшін жоғалтатын болса, ол оны сақтап қалады.</verse>
				<verse number="34">Сендерге айтарым: сол түні төсекте жатқан екеудің бірі алынып, екіншісі қалдырылатын болады.</verse>
				<verse number="35">Диірменнің басында бірге отырған екі әйелдің біреуі алынып, екіншісі қалдырылатын болады.</verse>
				<verse number="36">Екеуі далада болса, оның бірі алынып, ал екіншісі қалдырылатын болады.</verse>
				<verse number="37">Сонда олар Исадан: -Ием, бұл қашан болады? -деп сұрайды. Иса оларға: - Өлексе қайда болса, құзғындар да сол жерге жиналатын болады, - деп жауап берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="18">
				<verse number="1">Содан кейін Иса қандай жағдай болса да, әрдайым мінәжат етіп, жабығудан аулақ болуды білдіретін мына бір астарлы әңгімені шәкірттеріне айтып берді.</verse>
				<verse number="2">-Белгісіз бір қалада не Құдайдан қорықпайтын, не адамнан ұялмайтын бір би болыпты.</verse>
				<verse number="3">Сол қалада: «Мені дұшпандарымнан қорғашы!» -деп үнемі жалынып, биге келетін бір жесір әйел тұрады екен.</verse>
				<verse number="4">Алайда әлгі би сол әйелді көп уақытқа дейін қорғағысы келмей жүреді, сосын бір күндері ол өзіне-өзі: «Мен не Құдайдан қорықпаймын, не адамнан ұялмаймын.</verse>
				<verse number="5">Мына бір жесір әйел әбден менің мазамды алып болды. Енді бұдан былай тағы да келіп мені мазаламас үшін, сол жесір әйелді қорғап, маған қайта келмейтіндей етіп одан құтылайын», - дейді.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иеміз оларға: -Әділетсіз бидің не айтқанын естідіңдер ғой?</verse>
				<verse number="7">Ал Құдайдың Өзі таңдап алғандары Оның алдына келіп, күні -түні жалбарынған кезде, Ол оларға шыдамдық көрсете алмай ма?</verse>
				<verse number="8">Мен сендерге мынаны айтамын: Ол тез арада жауап беруге де және қорғауға да асығатын болады. Дегенмен, Адам Ұлы келген кезде, сондай сенімді жер бетінен таба алар ма екен? - деді.</verse>
				<verse number="9">Тек өздерін ғана әділміз деп санап, ал басқаларға менсінбей қарайтындарға Иса тағы да мына бір астарлы әңгімені айтып берді.</verse>
				<verse number="10">-Құдайдың үйіне екі адам сиынуға келіпті, оның біріфарисей, екіншісі салық жинаушы екен.</verse>
				<verse number="11">Фарисей өзі туралы іштей: «О, Құдай, басқа адамдар сияқты болмағаным үшін Саған алғыс айтамын, өйткені мен не тонаушыларға, не әділетсіздерге немесе неке адалдығын бұзатындарға, не мына салық жинаушыға ұқсамаймын.</verse>
				<verse number="12">Өйткені мен аптасына екі рет ораза ұстаймын және қанша табыс тапсам, содан ондық беремін», -деп сиыныпты.</verse>
				<verse number="13">Ал салық жинаушы болса, алыста тұрып, көзін көкке де көтермей: «О, Құдайым, мына мендей күнәкарға мейіріміңді түсіре көрші», -деп кеудесіне қолын қоя сиыныпты.</verse>
				<verse number="14">Тек осы адам ғана үйіне ақталып қайтқанын сендерге айтамын. Өйткені кімде-кім өзін-өзі жоғары көтеретін болса, сол төмендетіледі, ал кімде-кім өзін төмен тұтса, сол жоғарылатылады.</verse>
				<verse number="15">Иса қолын қойсын деп, адамдар Оған балаларын да алып келіп жатты. Бірақ Исаның шәкірттері олардың осы әрекетін көріп, оларға тыйым сала бастады.</verse>
				<verse number="16">Сонда Иса оларды шақырып алып: -Балаларды Маған жіберіңдер, олардың Маған келуіне кедергі болмаңдар, өйткені Құдайдың Патшалығы осындай бала секілді болғандарға арналған.</verse>
				<verse number="17">Сендерге шындықты айтайын: егер де кімде-кім Құдай Патшалығын осы балалар секілді қабылдамайтын болса, ол Оған кіре алмайды, - деді.</verse>
				<verse number="18">Сол кезде бір басшы Исадан: -Мейірімді Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін менің не істеуім қажет? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="19">-Мені мейірімді деп не үшін айттың? -деді Иса оған. -Жалғыз Құдайдан басқа ешкім де мейірімді емес.</verse>
				<verse number="20">«Неке адалдығын бұзба», «кісі өлтірме», «ұрлық жасама», «жалған куәлік берме», «өз әкең мен анаңды құрметте» деген өсиеттерді білесің ғой, - деді.</verse>
				<verse number="21">Осы айтқандардың бәрін мен жас кезімнен бері сақтап келемін, - деді ол.</verse>
				<verse number="22">Осыны естіген Иса: -Онда сен іске асыратын бірақ нәрсе қалды. Қанша дүние-мүлкің болса, соның бәрін сатып, кедейлерге үлестіріп бер, сонда сенің қазынаң көкте болады. Ал өзің қайтып келіп, Менің соңымнан ер, -деді оған.</verse>
				<verse number="23">Мұны естіген ол қатты қапаланады, өйткені ол өте бай адам болатын.</verse>
				<verse number="24">Оның қатты қайғырғанын көрген Иса: -Байлығы мол адамдардың Құдай патшалығына кіруі қандай қиын!</verse>
				<verse number="25">Бай адамның Құдай патшалығына кіргенінен гөрі, иненің көзінен түйенің өткені жеңілірек болатын шығар.</verse>
				<verse number="26">Сонда осыны естіп тұрғандар: -Сонда кім құтқарылады? -деді.</verse>
				<verse number="27">-Адамдарға мүмкін емес нәрсе тек Құдайға ғана мүмкін, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="28">Сол кезде Петір: -Міне, біз өзімізге қажетті нәрселердің бәрін тастап, Сенің соңыңнан еріп жүрміз, - деді.</verse>
				<verse number="29">-Сендерге шындықты айтайын: Құдай патшалығы үшін өзінің үйін немесе әйелін, не ағалары мен інілерін, не ата -анасын, не балаларын қалдырып кеткендер болса,</verse>
				<verse number="30">қазіргі уақытта соларды молынан ала алмаса да, келешекте мәңгілік өмірге ие болып қалады, -деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="31">Осыдан кейін Иса Өзінің он екі шәкіртін жеке шығарып алып: -Міне, енді біз Иерусалимге қарай өрлеп келеміз, себебі Адамның Ұлына қатысты пайғамбарлар не жазған болса, соның бәрі орындалуы тиіс.</verse>
				<verse number="32">Сондықтан Оны өзге ұлттардың өкілдеріне ұстап береді, ал олар Оны қорлап әрі мазақ қылып, Оның бетіне түкіріп,</verse>
				<verse number="33">Оны қамшымен сабап, содан кейін Оны өлтіреді. Алайда үшінші күні Ол қайта тірілетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="34">Алайда олар осы айтылған нәрсенің ешқайсысын түсінген жоқ, себебі осы сөздің мағынасы оларға ашылмады. Осы нәрсе оларға жасырын болғандықтан, олар не айтылғанын түсінген жоқ.</verse>
				<verse number="35">Иса Иерихонға таяп қалғанда, жол бойында қайыр тілеп, бір зағип адам отырды.</verse>
				<verse number="36">Өзінің қасынан көп халықтың өтіп бара жатқан шуылын естіген ол: -Бұл не болды екен? -деп сұрағанда, оған:</verse>
				<verse number="37">Келе жатқан - Назареттік Иса, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сол кезде ол: -Дәуіттің Ұлы Иса, маған мейіріміңді түсірші! - деп айғайлап жіберді.</verse>
				<verse number="39">Алайда топтың алдында кетіп бара жатқандар оған: -Дыбысыңды шығарушы болма! -деп тыйым салды. Сонда ол тағы да: -Дәуіттің Ұлы, маған мейіріміңді түсірші! -деп одан бетер айғайлады.</verse>
				<verse number="40">Сонда Иса тоқтай қалып: -Оны Маған алып келіңдер, -деп бұйырды. Ол жақындап келгенде, Иса одан сұрады:</verse>
				<verse number="41">-Менің саған не істегенімді қалайсың? -Ием, көзімнің ашылғанын қалаймын, - деді сонда әлгі зағип адам.</verse>
				<verse number="42">Иса оған: -Көзің ашылсын! Сені сенімің құтқарды, -деді.</verse>
				<verse number="43">Сол сәтте -ақ оның көзі ашылып, көретін болды, сонда ол Құдайды мадақтаған күйі, олардың артынан еріп, олармен бірге кетті. Ал осыны көріп тұрған бүкіл халық бар мадақты Құдайға арнады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="19">
				<verse number="1">Иса Иерихонға кіріп, сол қаланың ішімен өтіп бара жатты.</verse>
				<verse number="2">Міне, сол қалада салық жинаушылардың басшысы, өзі бай Зақай есімді бір адам болды.</verse>
				<verse number="3">Ол да Исаның Кім және қандай екенін көру үшін, Оған жетудің жолдарын іздеді. Алайда халық көп болғандықтан, ол Исаны көре алмады, өйткені оның бойы тым аласа болатын.</verse>
				<verse number="4">Сонда ол Исаны көремін деп, алға қарай жүгіріп барып, жол бойында өсіп тұрған тұт ағашына шығып алды, Иса сол жолмен өтіп келе жатқан болатын.</verse>
				<verse number="5">Иса сол жерге келген кезде, жоғарыға оған қарап тұрып: -Зақай, тезірек төмен түс, бүгін Мен сенің үйіңде қалуым керек, бұл Маған қажет болып тұр, - деді.</verse>
				<verse number="6">Сонда ол тездетіп төмен түсіп, аса бір қуанышпен Исаны қарсы алды.</verse>
				<verse number="7">Ал осыны көргендер: -Ол күнәкар адамның үйіне барамын, сонда қаламын дейді, - деп күңкілдей бастады.</verse>
				<verse number="8">Зақай орнынан тұрып, Иемізге: -Ием, енді осы дүние -мүлкімнің тең жартысын кедейлерге беремін, ал егер де мен біреуді алдап, оның ақысын жеген болсам, соны оған төрт есе етіп қайтарамын, - дейді.</verse>
				<verse number="9">Сол кезде Иса оған: -Бүгін осы үйге құтқарылу келді, өйткені ол да - Ыбырайымның ұлы.</verse>
				<verse number="10">Адам Ұлының келген мақсаты-өлгендерді іздеп тауып, оларды құтқару.</verse>
				<verse number="11">Осыны естіп тұрғандарға Иса мына бір астарлы әңгімені қоса айтып берді. (Себебі Оның Иерусалимге жетуіне өте аз қалған еді, сондағы адамдар енді осы уақыттан бастап, Құдай Патшалығының кезеңі орнайтын болады деп болжайтын).</verse>
				<verse number="12">Сондықтан Иса оларға былай деді: -Бір атақты адам өзіне тиесілі патшалықтың билігін алып қайту үшін, алыс бір елге баруға жиналады.</verse>
				<verse number="13">Өзінің қол астында жүрген он құлын шақырып алады да, оларға (бір минде күмістің салмағымен есептегенде 436 гр күміс болған) он миндік күміс ақша беріп: «Мен қайтып келгенше, осыны іске салыңдар, ол пайда әкелетін болсын», - деп тапсырып кетеді.</verse>
				<verse number="14">Бірақ сол елдің азаматтары Оны жеккөретін, сондықтан: «Біздің үстімізден Оның патшалық құрғанын қаламаймыз», -деп айтқызып, оның соңынан елші жібереді.</verse>
				<verse number="15">Алайда ол тиісті патшалықтың билігін алып қайта оралады да, өзі күміс ақша беріп кеткен құлдарының одан қандай пайда түсіргенін білгісі келіп, оларды өзіне шақыртып алады.</verse>
				<verse number="16">Сонда біріншісі келіп: «Ием, он миндік күміс ақшаң, тағы да он миндік табыс әкелді», - дейді.</verse>
				<verse number="17">Оған патша: «Жарайсың, жақсы қызметкер екеніңді көрсеттің, өйткені кішкентай нәрсеге адал болдың, енді он қаланың үстінен қарайтын билеуші боласың», - дейді.</verse>
				<verse number="18">Одан кейін екіншісі келіп: «Ием Сенің күміс ақшаң (минің) бес миндік табыс әкелді», - дейді.</verse>
				<verse number="19">Ол оған да: «Сен де бес қаланың үстінен қарайтын боласың», - дейді.</verse>
				<verse number="20">Одан кейін үшіншісі келіп: «Ием, міне, сенің күміс ақшаң (минің), мен оны бөлек орамалға түйіп сақтап қойдым.</verse>
				<verse number="21">Мен бір жағынан сенен қорықтым, өйткені сен-өте қатал адамсың. Сен өзің қоймаған жерден алып, өзің екпеген жерден орасың», - дейді.</verse>
				<verse number="22">Сонда патша оған: «Ей, жарамсыз құл! Сені аузыңнан шыққан өз сөздерің арқылы соттайтын боламын. Себебі сен Менің өзім қоймаған жерден алып, өзім екпеген жерден орып алатынымды білдің емес пе?</verse>
				<verse number="23">Онда сен неге менің күмісімді ақша ауыстыратындарға апарып бермедің? Мен қайтып келген кезде оның үстінен түсетін түсімге ие болатын едім ғой», - дейді.</verse>
				<verse number="24">Содан кейін қасында тұрғандарға: «Мынадағы күміс ақшаны алып, оны он күміс ақшасы барға беріңдер!» -дейді</verse>
				<verse number="25">Сонда қасындағылар оған: «Қожайын, оның он күміс ақшасы бар емес пе?» - деген кезде қожайын:</verse>
				<verse number="26">«Сендерге айтарым мынау: кімде бар болса, соған тағы да беріледі, ал кімде жоқ болса, одан оның бар дегені алынып қойылады.</verse>
				<verse number="27">Ал енді маған жау болып, өздерінің үстінен менің патшалық құрғанымды қаламағандарды осында, менің алдыма әкеліп, оларды қырып тастаңдар!» - дейді.</verse>
				<verse number="28">Осыны айтып болған соң, Иса алға шығып, Иерусалимге қарай өрлеп бара жатты.</verse>
				<verse number="29">Сөйтіп, Ол Бетфаге мен Бетанияға жақын Зәйтүн тауы деп аталатын жерге жеткен кезде, Ол екі шәкіртін алға жіберіп, оларға былай деді:</verse>
				<verse number="30">-Қарсы алдымызда жатқан ауылға барыңдар, сол ауылға кірген соң, ещбір адам әлі мінбеген және байлаулы тұрған тайқар есекті тауып алып, оны шешіп, осында алып келіңдер.</verse>
				<verse number="31">Егер біреу сендерден: «Оны не үшін шешіп алып жатырсыңдар?» -деп сұрайтын болса: «Иемізге қажет болып тұр», - деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="32">Сонда әлгі жіберген шәкірттері барып, Исаның оларға айтқанындай бәрін тауып алады.</verse>
				<verse number="33">Содан олар есекті шешіп жатқан кезде, оның қожайыны оларға: -Есекті не үшін шешіп алып жатырсыңдар? -дейді.</verse>
				<verse number="34">-Ол біздің Иемізге қажет болып тұр, -деп олар жауап берді.</verse>
				<verse number="35">Олар тайқар есекті Исаға алып келген соң, оның үстіне өз киімдерін салып, үстіне Исаны мінгізді.</verse>
				<verse number="36">Содан кейін Оның жүретін жолына өздерінің киімдерін төсей бастады.</verse>
				<verse number="37">Олар Зәйтүн тауының етегіне қарай түсе берген кезде, Оның шәкірттерінің көпшілігі өздері осы уақытқа дейін көріп келген Құдайдың барлық құдіретті күшіне қуанып, қатты дауыспен Құдайды дәріптей бастады:</verse>
				<verse number="38">-Иеміздің атынан келген Патша жарылқансын! Көкте бейбіт тыныштық, ал одан жоғары тұрғандарға аса құрмет!</verse>
				<verse number="39">Сол кезде халықтың арасында жүрген кейбір фарисейлер Исаға: - Ұстаз! Өзіңнің шәкірттеріңе тыйым сал! - деді.</verse>
				<verse number="40">Сонда Иса оларға: -Сендерге мынаны айтамын: егер де олар үндемейтін болса, онда тастар айғай салатын болады, -деді.</verse>
				<verse number="41">Содан кейін Ол қалаға жақындап, оны көрген кезде жылап, былай деді:</verse>
				<verse number="42">-Шіркін, егер де сен өзіңе осы күннің тыныштық әкелетінін білсең ғой! Алайда сол күн енді сенің көзіңнен таса болып, саған көрінбей қалатын болады.</verse>
				<verse number="43">Сенің жауларың саған қарсы бекініс құрып, сені жанжағыңнан қоршап, қыспаққа алатын күн туады.</verse>
				<verse number="44">Өйткені сен өзіңді құтқарып алатын уақыттың келгенін білгің келмеді, сондықтан олар сенің еш нәрсеңді қалдырмай қиратып, балаларыңды құртып, сенің тастарыңнан бірдебір тас қалдырмайды, -деп жүрегіндегі күйінішін білдірді.</verse>
				<verse number="45">Иса ғибадатханаға кірген соң, ондағы сатушыларды қуа бастады. Оларға:</verse>
				<verse number="46">-«Менің үйім мінәжат ететін үй болады», -деп Жазбада жазылған, -ал сендер оны қарақшылардың ордасына айналдырып алғансыңдар.</verse>
				<verse number="47">Осыдан кейін Иса күн сайын ғибадатханада тәлім беріп жүрді. Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер, халықтың зиялылары бірігіп, Оны өлтірудің жолдарын іздей бастады.</verse>
				<verse number="48">Алайда халық Исаны мұқият тыңдап, Оның қасынан айналып шықпай қойғандықтан, олар Исаға еш нәрсе істей алмады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="20">
				<verse number="1">Сол күндердің бірінде Иса ғибадатханада халыққа тәлім беріп, Ізгі хабарды жариялап жатқан кезде, бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер және ақсақалдар сол жерге келді.</verse>
				<verse number="2">Олар Исадан: -Осы нәрселерді Сен қандай билікпен істеп жүрсің және Саған осы билікті кім берді? Осыны бізге айтып берші, - деп сұрайды.</verse>
				<verse number="3">Сонда Иса оларға былай деп жауап қатты: -Мен де сендерден бір нәрсе сұрайын. Сендер Маған мынаны айтып беріңдерші.</verse>
				<verse number="4">-Жақияның суға батырып шомылдыруы Көктен болды ма әлде адамдардан болды ма?</verse>
				<verse number="5">Осы кезде олар өзара ақылдасып: «Егер де ол Көктен болды деп айтсақ, онда Ол: -Сендер неліктен оған сенбедіңдер? - деп айтып жүрер.</verse>
				<verse number="6">Ал егер де: «Адамдардан болды», -деп айтсақ, онда бүкіл халық бізді таспен атқылайтын болады, өйткені олар Жақияның пайғамбар болғанына толық сенеді емес пе?» - деді. Сонда олар:</verse>
				<verse number="7">- Оның қайдан екенін білмейміз, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="8">-Онда Мен де сендерге бұл істі қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="9">Осыдан кейін Ол халыққа мына бір астарлы әңгімені айтып берді. -Бір адам жүзім бағын отырғызады. Оны жүзімшілерге жалға береді де, өзі басқа жаққа ұзақ уақытқа кетіп қалады.</verse>
				<verse number="10">Сол жүзімдіктен өзіне тиесілі өнімін алатын уақыт келген кезде, әлгі жүзімшілерге өзінің құлын жібереді, ал жүзімшілер оны ұрып-соғып, бос қайтарады.</verse>
				<verse number="11">Одан кейін оларға өзінің екінші құлын жібергенде, олар оны да ұрып-соғып, қорлап, оны да құр қол қайтарады.</verse>
				<verse number="12">Енді ол өзінің үшінші құлын жібереді, олар оны да жаралап, айдалаға лақтырып тастайды.</verse>
				<verse number="13">Бұдан кейін жүзімдіктің иесі: «Мен енді не істеуім керек? -деп ойланады да, -мен енді оларға Өзімнің сүйікті ұлымды жіберейін, олар, мүмкін, одан ұялатын шығар», - дейді.</verse>
				<verse number="14">Алайда әлгі жүзімшілер оның ұлын көргенде бір біріне: «Бұл-нағыз мұрагер, оның мұрасын өзімізге қалдыру үшін, оны өлтіріп тастайық», - деседі.</verse>
				<verse number="15">Сөйтіп, олар оны жүзімдіктің сыртына алып шығып, өлтіріп тастайды. Енді жүзімдіктің иесі оларға не істейді?</verse>
				<verse number="16">Ол келеді де, жүзімшілердің көзін құртып, жүзімдігін басқаларға береді, -деді. Осыны естіп тұрғандар: -Бұлай болмай-ақ қойсын! - деп айғай салды.</verse>
				<verse number="17">Сонда Иса оларға қарап тұрып: -«Үй салып жатқан құрылысшылар жарамсыз деп қабылдамай қойған тас енді басты іргетасқа айналды», -деп Жазбада жазылған сөздің мағынасы нені білдіреді?</verse>
				<verse number="18">Сол тасқа құлаған әркімнің күл-талқаны шығады, егер сол тас біреуге құлайтын болса, ол оны басып қалып, жоқ қылады, - деді.</verse>
				<verse number="19">Таурат заңын зерттеушілер мен бірінші бас қызметкерлер сонда ғана бұл астарлы әңгіменің бір ұшы өздеріне тигізіп айтылғанын түсініп, сол сәтте Исаға қол жұмсамақ болады, алайда сол жердегі халықтан қорқады.</verse>
				<verse number="20">Олар Исаны мұқият бақылай жүріп, Оны сөзінен ұстап, басшылар мен билік өкілдеріне тапсырмақ ниетпен өздерін әділ етіп көрсете алатын арнайы тыңшыларын жіберді.</verse>
				<verse number="21">Сонда олар Исадан: -Ұстаз, Сен дұрыс айтып, дұрыс үйрететініңді біз білеміз. Ешкімнің бет-жүзіне де қарамайсың, себебі Құдай жолындағы шындыққа үйретіп жүрсің.</verse>
				<verse number="22">Рим патшасына төленетін алым-салықты бізге төлеу қажет пе әлде қажет емес пе? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="23">Олардың бұл ойларында бір арамдықтың жатқанын түсіне қойған Иса оларға:</verse>
				<verse number="24">-Маған бір күміс ақшаны көрсетіңдерші, ондағы сурет пен жазу кімдікі? -дейді. -Рим патшасынікі, -дейді олар.</verse>
				<verse number="25">-Ендеше Құдайдікін Құдайға, Рим патшасынікін Рим патшасына беріңдер, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="26">Олар халық алдында Оны сөзінен ұстай алмады және Оның берген жауабына таңданып, үнсіз қалды.</verse>
				<verse number="27">Қайта тірілу жоқ деп санайтын саддукейлердің арасынан келген кейбіреулері Исадан:</verse>
				<verse number="28">-Ұстаз, егер де біреудің бауыры қайтыс болып, оның әйелі одан бала көтермесе, онда сол бауырының ұрпағын жалғастыру үшін, сол әйелге оның келесі бір бауырының үйленуін Мұса жазып кеткен.</verse>
				<verse number="29">Бірге туған жеті ағайынды жігіт болған екен, солардың біріншісі әйел алып, одан бала көрмей қайтыс болыпты.</verse>
				<verse number="30">Сөйтіп, екінші бауыры да,</verse>
				<verse number="31">одан кейін үшінші бауыры да сол бір әйелге үйленіпті, сөйтіп, сол жетеуі де осы жағдайға ұшырап, жаңағы әйелден бала сүймей өтіп кетіпті.</verse>
				<verse number="32">Уақыты келіп, сол әйел де қайтыс болады.</verse>
				<verse number="33">Кейін қайта тірілу болған кезде, осы әйел әлгі жетеуінің қайсысына әйел болады? Өйткені олардың жетеуі де әлгі әйелмен тұрды ғой, - дейді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Иса оларға: -Осы заманның адамдары да үйленіп, тұрмыс құратын болады.</verse>
				<verse number="35">Ал болашақта қайта тірілу заманы келген кезде, олар не үйленбейді де, не тұрмыс та құрмайтын болады,</verse>
				<verse number="36">өйткені, олар енді өлмейтін болғандықтан, енді олар тек періштелер сияқты болып қалады әрі олар қайта тірілгеннен кейін Құдайдың балалары болып саналмақ.</verse>
				<verse number="37">Өлгендердің қайта тірілетіні жайында Мұса тікенді бұта оқиғасымен көрсетіп, Құдайды: «Ыбырайымның Құдайы, Ысқақтың Құдайы, Жақыптың Құдайы», -деп атады.</verse>
				<verse number="38">Сондықтан Құдай өлгендердің емес, керісінше, Ол-тек тірілердің Құдайы, өйткені бәрі тек Сол арқылы өмір сүретін болады.</verse>
				<verse number="39">Таурат заңын зерттеушілердің кейбіреулері: -Ұстаз, Сіз өте жақсы айттыңыз! - деді Исаға.</verse>
				<verse number="40">Осыдан кейін олардың ешқайсысының Одан бір нәрсе сұрауға батылдары бармады.</verse>
				<verse number="41">Осыдан кейін Иса олардан: -Мәсіх Дәуіттің Ұлы деп неге айтылып жүр? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="42">Өйткені Дәуіттің өзі жазған Зәбүр жырларында: «Ием менің Иеме: - Сенің жауларыңды Сенің</verse>
				<verse number="43">аяғыңның астына салып беретін кезге дейін, Менің оң жағымда отыр», - деп айтып кеткен болатын.</verse>
				<verse number="44">Сонымен, Дәуіттің өзі Оны «Ием» деп айтып тұрса, Ол қалайша Дәуіттің Ұлы болады? - дейді.</verse>
				<verse number="45">Өзін тыңдап отырған бүкіл халықтың алдында Иса Өзінің шәкірттеріне:</verse>
				<verse number="46">-Ұзын шапандарын киіп алып, қыдыруды ұнататын және сауда орындарында жүріп, адамдардың сәлемдескен қалайтын, синагогаларда алғашқы қатарда отырғанды, кешкі аста төрге жайғасқанды жақсы көретін Таурат заңы зерттеушілерінен сақ болыңдар.</verse>
				<verse number="47">Олар жесірлердің үйін ішіп-жеп, жұрттың көзіне түсу үшін ұзақ мінәжат етеді, алайда олар ең ауыр жазаға тартылатын болады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="21">
				<verse number="1">Иса байлардың сый-тартуларын әкеліп, оны құрбандық сандығына салып жатқан сәттеріне назар аударды.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде өзі кедей, жесір бір әйелдің екі күміс тиынын (екі лепта) әкеліп, сандыққа салып жатқанын көрді.</verse>
				<verse number="3">-Сендерге шындықты айтайын, мына жесір әйел бәрінен де көп салды.</verse>
				<verse number="4">Себебі көбі өздерінен артылғандарын салды, ал мына әйел өзіне жетпей тұрса да, өзіндегі бардың бәрін салды, -деді.</verse>
				<verse number="5">Содан кейін әдемі тастармен қаланған және құрбандыққа келген қымбат заттармен әрленген ғибадатхана туралы айтып тұрған кейбіреулерге Иса былай деді:</verse>
				<verse number="6">-Мына өздерің көріп тұрған тастардан бірде-бір тас қалмай, қирайтын күн туады.</verse>
				<verse number="7">Сонда олар: -Ұстаз, осы нәрсе қай кезде болады және оның болатынын алдын ала қандай белгілер арқылы білуге болады? - деп сұрады Исадан.</verse>
				<verse number="8">Сол кезде Иса оларға: -Алданып қалып жүрмеңдер, байқаңдар, өйткені Менің атымды көбі жамылып келіп: «Бұл-Мен, уақыт жақындап қалды», -дейтін болады. Ондайлардың соңынан еруші болмаңдар!</verse>
				<verse number="9">Сырттай болып жатқан соғыстар мен жөнсіз тәртіпсіздіктер жайында еститін боласыңдар, қорықпаңдар, өйткені алдымен осылар болуы тиіс, бірақ бұл әлі де соңы емес, - деді.</verse>
				<verse number="10">Содан кейін Иса оларға: -Халық халыққа, патшалық патшалыққа қарсы көтеріліп,</verse>
				<verse number="11">қатты жер сілкіністері болады, кейбір жерлерге аштық пен жұқпалы індеттер тарап, аспанда үлкен кереметтерді білдіретін белгілер пайда болады.</verse>
				<verse number="12">Осы нәрселер болардың алдында қысым көрсетіп, сендерді қудалайтын болады. Сендерді синагогаларға апарып, абақтыға жаптырып, Менің атыма бола патшалар мен жергілікті билік иелерінің алдына апаратын болады.</verse>
				<verse number="13">Міне, сол кезде Мен туралы куәлік айтатын мүмкіндік туады.</verse>
				<verse number="14">Сонда жүректерің мазасыз күйге түспесін, өздеріңді алдын ала ақтаудың қамын ойламаңдар,</verse>
				<verse number="15">өйткені Мен сендер сөйлеген сәтте, қарсыластарыңның ешқайсысы сендерге қарсы сөйлей алмайтындай және қарсы тұрмайтындай даналық дарытамын.</verse>
				<verse number="16">Сол кезде сендерді өздеріңнің ата-аналарың, бауырларың, туыстарың мен достарың да сатып кетеді, ал кейбіреуіңді, тіпті, өлімге дейін душар етеді.</verse>
				<verse number="17">Сөйтіп, Менің атыма бола бәрі сендерді жеккөретін болады,</verse>
				<verse number="18">бірақ бір тал шаштарың да бастарыңнан түспейді.</verse>
				<verse number="19">Тек табанды болсаңдар ғана өз өмірлеріңе өздерің ие боласыңдар.</verse>
				<verse number="20">Иерусалимді әскерлер қоршап алғанын көрген кезде, оның қаңырап бос қалатын мезгілінің жақындағанын білесіңдер.</verse>
				<verse number="21">Сол кезде Яһудеяда тұрып жатқандар тауға қашсын, ал екі ортада қалғандар одан шығып алысқа кетсін, қаланың сыртында жүргендер болса, қалаға кірмесін,</verse>
				<verse number="22">өйткені бұл күндер жазалайтын кез болғандықтан, Жазбада жазылғанның бәрі орындалуы тиіс.</verse>
				<verse number="23">Сол күндері аяғы ауыр және бала емізетін әйелдер қасіретке қалады, өйткені жер бетінде болатын үлкен зорлық-зомбылықта ауыртпалық осы халықтың басына түседі.</verse>
				<verse number="24">Сонда семсердің жүзінен аман қалғандардың бәрі өзге ұлттардың қолына тұтқынға түседі, сол өзге ұлттарға берілген уақыт аяқталғанша, Иерусалим солардың аяқтарында тапталып, олардың қол астында болады.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде күн мен айдың және жұлдыздардың бетінде ерекше бір белгілер пайда болып, теңізден шыққан шудың дыбысынан жерде өмір сүретін өзге ұлттардың естері шығып, түсініксіз жағдайға тап болады.</verse>
				<verse number="26">Ал аспан күштері шайқалған кезде, адамдарды қорқыныш билеп, олар жер бетіне келетін апатты күтіп, естерінен танатын болады.</verse>
				<verse number="27">Міне, сол кезде Өзінің құдіретті күшімен және Өзінің ұлы даңқына бөленіп, бұлттың үстімен келе жатқан Адам Ұлын көреді.</verse>
				<verse number="28">Осы нәрселер орындала бастаған кезде бойларыңды жазып, бастарыңды көтеріңдер, өйткені сендер азаттыққа ие болатын мезгіл таяп қалды, - деді.</verse>
				<verse number="29">Осыдан кейін Иса оларға астарлы әңгіме айтып берді. -Інжір ағашына және бүкіл ағаштарға қараңдаршы.</verse>
				<verse number="30">Олардың бүр жара бастаған кездерін көргенде, жаздың жақындап қалғаны белгілі болады.</verse>
				<verse number="31">Сол сияқты болып жатқан осы құбылыстарға қарап, Құдай Патшалығының да жақындап қалғанын білуге болатынын ұғып алыңдар.</verse>
				<verse number="32">Сендерге шындықты айтайын: осының бәрі орындалуы тиіс, соған дейін осы ұрпақ жойылмайды, жоғалмайды.</verse>
				<verse number="33">Аспан мен жер де жойылатын болады, алайда Менің сөздерім еш жойылмайды.</verse>
				<verse number="34">-Сендердің жүректерің жүгенсіздік пен маскүнемдікке, күйбің тірліктің қамына беріліп кетпесін, содан сақ болыңдар, қапылыста келетін сол күн сендерге</verse>
				<verse number="35">тұзақ сияқты болып жүрмесін, өйткені сол күн бүкіл жер жүзіндегі адамдардың бәрінің басына түседі.</verse>
				<verse number="36">Осы нәрсе өздеріңнен аулақ болсын десеңдер және Адам Ұлының алдында нық тұрғыларың келсе, әр уақытта мінәжат етіп, сергек жүріңдер.</verse>
				<verse number="37">Иса күн сайын осылай ғибадатханада тәлім берді, ал кешке Зәйтүн тауына барып, түнді сонда өткізіп жүрді.</verse>
				<verse number="38">Барлық адамдар Оны тыңдау үшін, таң атпай ерте тұрып, ғибадатханаға келетін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="22">
				<verse number="1">Құтқарылу мейрамы деп аталатын Ашымаған нан (пасха) мейрамы жақындап келе жатты.</verse>
				<verse number="2">Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер халықтан қорыққандықтан, олардың наразылығын туғызбай, Исаны қалай өлтірудің амалын іздестіре бастады.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Исаның он екі шәкіртінің бірі болып саналатын Яһуда Исқариоттың бойына сайтан кіріп алды.</verse>
				<verse number="4">Сонда ол бірінші бас қызметкерлер мен күзетшілердің басшыларына барып, оларға Исаны қалай ұстап бере алатыны жайында келісіп қойды.</verse>
				<verse number="5">О лар қуанғандарынан оған күміс ақша беретіндіктерін айтып, келіскендерін білдірді.</verse>
				<verse number="6">Сөйтіп, ол Исаны халық жоқ кезде ұстап беруге оларға уәде беріп, соның қолайлы сәтін іздей бастады.</verse>
				<verse number="7">Құтқарылу мейрамына (пасхаға) арналған тоқты сойылып, міне, ашымаған нан мейрамы күні де келіп жетті.</verse>
				<verse number="8">Иса: -Құтқарылу мейрамына арналған асты дайындаңдар, -деп Петір мен Жоханды жіберді.</verse>
				<verse number="9">-Асты қай жерге дайындағанымызды қалайсың? -деп сұрады олар Исадан.</verse>
				<verse number="10">Иса оларға: -Сендер қалаға кірген кезде, құмырамен су алып бара жатқан бір адамды кездестіресіңдер, сендер оның артынан еріп отырсаңдар, сол кіретін үйге барасыңдар.</verse>
				<verse number="11">Сол үйдің иесіне: «Өзімнің шәкірттеріммен бірге отырып, құтқарылуға (пасхаға) арналған асты жейтін бөлме қай жақта екенін Ұстаз сенен сұрап жатыр», -деңдер.</verse>
				<verse number="12">Сол кезде ол сендерге жоғарыда орналасқан және төсеніштер төселіп, дайын тұрған бір үлкен бөлмені көрсетеді. Асты сендер сол жерге дайындаңдар, - дейді.</verse>
				<verse number="13">Сонымен, олар барады, Иса қалай айтқан болса, дәл солай тауып алып, құтқарылуға (пасхаға) арналған асты сол жерге дайындап қояды.</verse>
				<verse number="14">Уақыты келген кезде, Иса елшілерімен бірге барып, ас ішетін жерге жантайып жайғасты.</verse>
				<verse number="15">Сол кезде Иса оларға: -Мен құтқарылуға арналған осы асты азап шегер кездің алдында, сендермен бірге отырып жеуді қаладым, бұл-Менің Өз қалауым.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан сендерге мынаны айтамын: Мен бұл асты енді Құдай Патшалығының мезгілі келіп, сол сәт орындалғанша жемейтін боламын, - деді.</verse>
				<verse number="17">Содан кейін Ол тостағанды қолына алып, оларға: -Мынаны алыңдар да, өзара бөлісіңдер.</verse>
				<verse number="18">Себебі енді Құдай Патшалығының кезеңі келетін кезге дейін, осы жүзім бұтасы жемісінің шырынынан ішпейтінімді сендерге айтып тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="19">Одан кейін Ол нанды алып, алғыс айтқан соң, оларға үзіп беріп тұрып: -Бұл -сендер үшін берілетін Менің денем, сондықтан Мені естеріңе түсіру үшін осылай істеңдер, - деді.</verse>
				<verse number="20">Кешкі астан кейін Иса тостағанды алып, оларға: -Мына тостаған -Менің сендер үшін төгілетін қаныммен бекітілетін жаңа келісім.</verse>
				<verse number="21">Алайда сатқындық жасап, Мені ұстап берушінің қолы, міне, үстел үстінде Маған жақын тұр.</verse>
				<verse number="22">Негізінде, Адам Ұлы Өзіне берілген белгілі бір бағытпен жүріп келеді, алайда Оны сатып кеткен адам қасіретке қалады, - деді.</verse>
				<verse number="23">Сонда шәкірттері осыны істейтін кім екенін бір-бірінен сұрай бастады.</verse>
				<verse number="24">Сол кезде шәкірттері араларында кімнің үлкен болатыны (ұлы екендігі) жайында өзара таласып қалады.</verse>
				<verse number="25">Сонда Иса оларға: -Осы әлемнің патшалары өз халқының үстінен үстемдік етеді, ал халықты билеушілер өздерін игілікті іс жасаушылармыз деп атайды. Сендер олар сияқты болмаңдар.</verse>
				<verse number="26">Керісінше, кім араларыңда үлкен болса, сол кіші болсын, кім басқарғысы келсе, сол қызметшідей болсын. Сендердің араларыңдағы үлкенің ең кіші сияқты болсын, ал кім басшы боламын десе, құл сияқты болсын.</verse>
				<verse number="27">Сонымен, үлкені қайсы: дастарқан басында жантайып жатқаны ма әлде қызмет етіп жүргені ме? Жантайып жатқанды үлкен дегілерің келе ме? Мен сендердің араларыңда қызметші сияқты болып жүрдім.</verse>
				<verse number="28">Мен сынақтан өткен кездерімде сендер Менімен бірге қасымда болдыңдар,</verse>
				<verse number="29">сондықтан Менің Әкем Маған қалай сеніп тапсырса, Мен де Патшалығымды сендерге солай сеніп тапсырамын,</verse>
				<verse number="30">себебі сендер Менің Патшалығымның дастарқанынан ішіп-жеп әрі тақта отырып, Исраилдің он екі руын соттайтын боласыңдар.</verse>
				<verse number="31">-Шимон, Шимон, міне, сендерді бидай сияқты елегіштен өткізу үшін, сайтан рұқсат сұрап алды,</verse>
				<verse number="32">бірақ Мен сенің сеніміңнің жоғалмауын сұрап, жалбарына мінәжат еттім. Сен Маған кері қайтқанша, қай кез болмасын, өзіңнің бауырларыңды нығайтатын бол, - деді.</verse>
				<verse number="33">Сонда Петір Исаға: -Ием, Сенімен бірге абақтыға түсуге де және өлімге баруға да дайынмын! - деді.</verse>
				<verse number="34">Бірақ Иса оған: -Саған айтамын, Петір, бүгін әтеш шақыратын уақытқа дейін, сен Мені танымайтыныңды айтып, үш рет Менен бас тартатын боласың, - деді.</verse>
				<verse number="35">Содан кейін Иса олардан: -Мен сендерді қапшықсыз, жол дорбасыз әрі аяқ киімсіз жібергенде, сендер бір нәрседен мұқтаждық көрдіңдер ме? -деп сұрады. -Еш нәрседен мұқтаждық көрген жоқпыз, -деп жауап қайтарды олар.</verse>
				<verse number="36">Иса оларға: -Енді керісінше болсын, кімде *ақша салатын қапшық (әмиян) бар болса, соны алсын, кімде жол дорба болса, дорбасын алсын, ал осы нәрселер кімде жоқ болса, олар сыртқы жамылғысын сатып, соған семсер сатып алсын.</verse>
				<verse number="37">Өйткені Мен жайында: «Оны қылмыскерлердің қатарына жатқызды», -деп Жазбада жазылған сөз жуықта орындалып, Менімен аяқталуы тиіс екенін сендерге айтамын, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сонда шәкірттері: -Ием, міне, мұнда екі семсер бар екен, - деді. - Жетер енді, - деді Иса оларға.</verse>
				<verse number="39">Иса сол жерден шыққан соң, Өзінің әдеті бойынша Зәйтүн тауына қарай беттеді, шәкірттері Оның соңынан ерді.</verse>
				<verse number="40">Олар сол орынға жеткенде Иса: -Азғырылуға түсіп қалмауларың үшін, мінәжат етіңдер, - деді оларға.</verse>
				<verse number="41">Содан кейін Иса Өзі олардан әрірек тас лақтырымдай жерге барып, тізесін бүгіп, мінәжат етті:</verse>
				<verse number="42">-Әке, егер Сенің қалауың болса, осы тостағанды Менен алып тасташы, алайда Менің еркім емес, тек Сенің еркің орындалатын болсын, - деді.</verse>
				<verse number="43">Сонда көктен бір періште көрініп, Исаға күш берді.</verse>
				<verse number="44">Сол кезде Ол одан бетер арпалысқа түсіп, қатты мінәжат ете бастады, сонда Одан аққан тер қан секілді жерге тамшылады.</verse>
				<verse number="45">Иса мінәжат етіп болғанан кейін орнынан тұрып, шәкірттеріне келген кезде, олардың қайғыдан қалжырап, ұйықтап жатқанын көреді.</verse>
				<verse number="46">Сонда Иса: -Неге ұйықтап жатырсыңдар? -деді оларға. -Азғырылуға берілмес үшін тұрып, мінәжат етіңдер.</verse>
				<verse number="47">Иса әлі де осыны оларға айтып тұрған сәтте, бір топ адам сол жерге келіп қалды, ал олардың алдында Өзінің он екі шәкіртінің бірі болған Яһуда келе жатты. Міне, ол Исаға жақындап келіп, Оны сүймек болды.</verse>
				<verse number="48">Сол кезде Иса оған: -Яһуда, Адам Ұлын сүйіп тұрып, сатқындық істеп тұрсың ба? - деді.</verse>
				<verse number="49">Исаның қасындағылары мұны көрген кезде: -Ием, егер семсермен шауып тастасақ ше? -деп сұрап жатқанда,</verse>
				<verse number="50">араларындағы біреуі семсерін сілтеп қалып, бірінші бас қызметкердің құлының оң құлағын шауып түсірді.</verse>
				<verse number="51">Сонда Иса: -Оған жақындауға рұқсат беріңдерші, -деді де, оның құлағына Өзінің қолын тигізіп, әлгі құлды сауықтырып жіберді.</verse>
				<verse number="52">Содан кейін Иса Өзіне келіп тұрған бірінші бас қызметкерлер мен ғибадатхананың күзет басшылары мен ақсақалдарына: -Семсер мен найзаларыңды қолдарыңа алып, қарақшыға қарсы аттанғандай шықтыңдар ма?</verse>
				<verse number="53">Мен сендермен күн сайын ғибадатханада бірге болдым, сол кезде сендер Мені ұстаған жоқсыңдар. Ал қазіргі уақыт түнектің билігінде болғандықтан, осы сәт сендердікі болып тұр, - деді.</verse>
				<verse number="54">Олар Исаны ұстап, Оны бірінші бас қызметкердің үйіне алып келді. Ал Петір олардан алысырақ жүріп, соңдарынан ілесіп отырды.</verse>
				<verse number="55">Сосын Петір аулаға кірді, ауланың ортасында от жағып отырғандардың қасына барып, солардың арасына келіп отырды.</verse>
				<verse number="56">Сол жердегі бір қызметші әйел оған қарап, оттың жарығымен анықтап көріп алған соң: -Мынау да солармен бірге болған, - деді.</verse>
				<verse number="57">-Замандас, мен Оны танымаймын, -деп Петір мойындамады.</verse>
				<verse number="58">Біраз уақыттан кейін, сол жердегі тағы басқа біреуі оны көріп қойып: -Сен де солардың біреуі едің ғой, -деді. - Жоқ, олай, емес, - деп жауап берді Петір.</verse>
				<verse number="59">Шамамен бір сағаттай уақыт өткенде, біреу оған қадалып тұрып қарап: -Шынында да, мынау солармен бірге болған, өйткені бұл - ғалилеялық, - деді.</verse>
				<verse number="60">Сонда Петір: -Кім туралы айтып тұрғаныңды білмеймін, -деді. Ол осылай деген сәтте әтеш шақырады.</verse>
				<verse number="61">Сол кезде Иеміз бұрылып, Петірге қарады. Сонда Петір Иеміздің: «Бүгін әтеш шақыратын уақытқа дейін, сен Менен үш рет бас тартатын боласың», -деп өзіне айтқан сөзі есіне түсті.</verse>
				<verse number="62">Петір далаға шығып, қатты өкініп жылады.</verse>
				<verse number="63">Исаны күзетіп тұрған ер адамдар Оны мазақтап, Оны ұрып-соға бастады.</verse>
				<verse number="64">Оның бетін бүркеп қойып: -Сені ұрған кім? Пайғамбар болсаң, айтшы! - деп Оны сұрақтың астына алды.</verse>
				<verse number="65">Олар Оған басқа да қорлау сөздер айтты.</verse>
				<verse number="66">Таң атып, күн шыққан соң, халықтың ақсақалдары мен бірінші бас қызметкерлері және Таурат заңын зерттеушілер кеңесуге жиналды. Исаны өздерінің жоғарғы кеңесшілер алқасына (синедерионға) алып барды.</verse>
				<verse number="67">Сол жерде олар Исаға: -Егер де Сен Мәсіх болсаң, бізге турасын айт, -деді. Сонда Иса: -Сендерге айтсам да сенбейсіңдер, - деді оларға,</verse>
				<verse number="68">ал Мен сұрасам, сендер жауап бермейсіңдер.</verse>
				<verse number="69">Алайда осы сәттен бастап, Адамның Ұлы құдіреті күшті Құдайдың оң жағында отыратын болады, - деді.</verse>
				<verse number="70">Олардың бәрі: -Сонда Сен Құдайдың Ұлы боласың ба? -деп сұрай бастады. Иса оларға: -Менің Сол екенімді өздерің айтып тұрсыңдар ғой, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="71">-Бізге енді бұдан артық қандай куәлік қажет? Оның не айтқанын Өз аузынан естідік қой! - деді олар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="23">
				<verse number="1">Содан кейін олардың барлығы орындарынан тұрып, Исаны Пилатқа алып барды.</verse>
				<verse number="2">Сол жерде олар: -Біз Мынаның халқымызды азғырып, Рим патшасына алым-салық төлеуге кедергі жасағанын, Өзін Мәсіх Патшамын деп айтып жүргенін анықтадық, -деп Исаны айыптай бастады.</verse>
				<verse number="3">Пилат Исадан: -Сен яһудейлердің Патшасысың ба? -деп сұрады. -Сен өзің осылай айтып тұрсың, -деп Иса оған жауап қайырды.</verse>
				<verse number="4">Сонда Пилат бірінші бас қызметкерлер мен сол жердегі халыққа: -Мен Мына Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="5">Бірақ олар: -Ол бүкіл Яһудея мен сонау Ғалилеядан бастап осы жерге дейінгі халықтардың арасында Өзінің тәлімімен дүрбелең тудырып, оларды соған үйретіп жүр, - деп тұрып алды.</verse>
				<verse number="6">Мұны естіген Пилат: -Сонда бұл адам Ғалилеялық па? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="7">Сөйтіп, Исаның Иродтың билігіне жататын аймақтан шыққанын білгеннен кейін, Пилат Оны сол күндері Иерусалимде жүрген Иродқа жіберді.</verse>
				<verse number="8">Ирод Исаны көргеніне қатты қуанды, өйткені ол Иса жайында естіп, Оны талайдан бері көргісі келіп, Оның жасаған кереметтерін де көруге құмартып жүрген болатын.</verse>
				<verse number="9">Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, алайда Иса оның ешқайсысына да жауап берген жоқ.</verse>
				<verse number="10">Бірінші бас қызметкерлер мен Таурат заңын зерттеушілер сол жерде тұрып, Оны барынша айыптады.</verse>
				<verse number="11">Иродтың өзі де әскерімен бірге Исаны қорлап, Оның мазақтап, Оның үстіне алқызыл ашық түсті киім кигізіп, Оны қайтадан Пилаттың өзіне жіберді.</verse>
				<verse number="12">Бір қызығы, Осы уақытқа дейін бір-бірімен жауласып келген Пилат пен Ирод сол күні дос бола қалады.</verse>
				<verse number="13">Пилат бірінші бас қызметкерлер мен басшыларды және халықты өзіне шақырып алып, оларға былай дейді:</verse>
				<verse number="14">-Сендер Мына Адам халықты азғырып жүр деп, Оны менің алдыма алып келдіңдер. Міне, мен Оның ісін сендердің көз алдарыңда қарап, зерттеп, Оған қарсы тағылған кінәнің ешқайсысын бұл адамнан таба алмадым.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, Иродтың өзі де Одан еш нәрсе таппаған соң, Оны бізге қайтадан жіберіп отыр. Өйткені Оның істеген ісінен Оны өлім жазасына кесетіндей еш нәрсе табылмады.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан Оны тек жазалап, содан кейін босатып жіберемін, - деді.</verse>
				<verse number="17">* Ал оның мейрамға қарсы абақтыда отырған бір тұтқынды босатып жіберетін әдеті болатын. (кейбір жерлерде осы аят жоқ)</verse>
				<verse number="18">Алайда сол жерде тұрғандардың барлығы: -Мынаны алып кет! Бізге анау Бараббаны босатып бер! -деп айғайлап тұрып алды.</verse>
				<verse number="19">Ал Барабба деген адам қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін, абақтыға түскен болатын.</verse>
				<verse number="20">Пилат Исаны босатып жібергісі келіп, оларға тағы да даусын көтеріп, сөйлей бастағанда:</verse>
				<verse number="21">-Оны айқышқа шегеле! Оны айқышқа шегеле! -деп олар қатты айғайлап қоймады.</verse>
				<verse number="22">Сол кезде Пилат олардан үшінші рет сұрады: -Мынау сонда қандай зұлымдық істеді? Мен Оны өлім жазасына кесетіндей ешбір кінә таппай тұрмын, сондықтан Оны тек жазалап, босатып жіберемін, - деді.</verse>
				<verse number="23">Ал Олар одан бетер қатты айғайлап, Оның айқышқа шегеленуін талап етіп тұрып алды. Ақырында олар өздерінің айғайымен дегендеріне жетті.</verse>
				<verse number="24">Олардың бұл талаптарын жүзеге асыру үшін, Пилат шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="25">Оларға бүлік шығарып әрі адам өлтіргені үшін абақтыға жабылған адамды босатып береді де, Исаны олардың талабына сай жазаға тартады.</verse>
				<verse number="26">Олар Исаны алып бара жатып, өзінің егістік жерінен келе жатқан киринеялық Шимон деген біреуді ұстап алып, Исаның айқышын арқалатады да, оны Исаның соңынан жүргізіп қояды.</verse>
				<verse number="27">Олардың соңынан көптеген халық және әйелдер еріп отырды, олар Оған жоқтау айтып, еңіреп жылап келе жатты.</verse>
				<verse number="28">Сонда Иса оларға бұрылып: -Иерусалимнің қыздары, Мен үшін қайғырып, жыламаңдар, тек өздерің мен балаларың үшін жылаңдар.</verse>
				<verse number="29">Бедеу, бала көтермеген және бала емізбеген әйелдер бақытты!» - деп айтылатын күндер туады.</verse>
				<verse number="30">Сол кезде адамдар тауларға: «Біздің үстімізге құлаңдар!» -деп, ал төбелерге: «Бізді жаба тұрыңдаршы!» -деп айтатын болады,</verse>
				<verse number="31">өйткені жасыл желектей болған ағашқа осылай істеп жатса, онда қураған ағашпен не болмақ? - деді.</verse>
				<verse number="32">Исамен бірге өлім жазасына кесілген екі қарақшыны да қоса алып жүрді.</verse>
				<verse number="33">Сонымен, олар Маңдайтөбе (Бас сүйек) деп аталатын жерге келген соң, Исаны айқышқа шегеледі, әлгі екі қарақшының біреуін Оның оң жағына, екіншісін Оның сол жағына айқышқа шегелеп, іліп қойды.</verse>
				<verse number="34">Сол кезде Иса: -Әке, олардың осы істеп жатқан істерін кешіре гөр, өйткені олар не істеп жатқандарын білмейді, -деді. Сарбаздар өзара жеребе тастап, оның киімдерін бөлісумен болды.</verse>
				<verse number="35">Халық осының бәрін көріп тұрды. Басшылар Оны мазақтап: -Басқаларды құтқарып алды! Егер де Ол Құдай таңдап алған Мәсіх болса, енді Ол Өзін-Өзі құтқарып алсын! - деп кекетті.</verse>
				<verse number="36">Сарбаздар да Оны мазақтап, Исаның қасына барып, Оған сірке суы ұсынып тұрып:</verse>
				<verse number="37">-Егер де Сен яһудейлердің Патшасы болсаң, онда Өзіңді-Өзің құтқарып алшы! - деп келекеледі.</verse>
				<verse number="38">Өйткені Оның бас жағына: «Бұл-яһудилердің Патшасы», -деген жазу жазып қойған еді.</verse>
				<verse number="39">Онымен бірге айқышқа шегеленген қарақшының біреуі де Оған тіл тигізіп: -Сен Мәсіх емессің бе? Өзіңді де, бізді де құтқарсаңшы! - деді.</verse>
				<verse number="40">Сонда екіншісі оған жауап қатып, әлгіні сөгіп: -Сен Құдайдан қорықпайсың ба? Сен де осы үкімге кесілдің емес пе?</verse>
				<verse number="41">Біз өзіміздің істеген істерімізге лайықты болғандықтан, жазаланып тұрмыз, ал Ол ешбір жамандық істеген жоқ, -деді.</verse>
				<verse number="42">Осыдан кейін ол: -Иса, Өз Патшалығыңа барғанда, мені есіңе алшы, - деді.</verse>
				<verse number="43">Иса оған: -Саған шындықты айтып тұрмын, сен бүгін Менімен бірге жұмақта боласың, - деді.</verse>
				<verse number="44">Сол уақыт шамамен күндізгі сағат алтының кезі болатын, содан сағат тоғызға дейін, бүкіл жерді қара түнек басып,</verse>
				<verse number="45">күн де жоғалып кетті, киелі бөлменің шымылдығы ортасынан төмен қарай қақ айырылды.</verse>
				<verse number="46">Сол кезде Иса қатты айғайлап: -Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын! -деді. Осылай деген соң, Ол жан тапсырды.</verse>
				<verse number="47">Осыны көріп тұрған жүзбасы Құдайды мадақтап: -Мына Адам, шынымен, әділетті болған екен! - деді.</verse>
				<verse number="48">Осы өлім жазасын көруге жиналған бүкіл халық болған жағдайдан соң, өкініштен кеуделерін ұрғылап, үйлеріне қайтып жатты.</verse>
				<verse number="49">Исаның таныстарының бәрі және Ғалилея жақтан Оның артынан еріп келген әйелдер де осы болып жатқан жағдайды алыстан қарап тұрды.</verse>
				<verse number="50">Міне, сол жерде Жүсіп есімді бір ер адам болды. Ол сол кездегі кеңесшілер алқасының мүшесі еді, өзі адал әрі әділетті адам болатын.</verse>
				<verse number="51">Негізі, ол кеңесшілер алқасының кеңесімен де, олардың істерімен де келіспеген. Ол Құдай патшалығын күтіп жүрді және яһудейлердің Араметия деп аталатын қаласында тұратын.</verse>
				<verse number="52">Осы адам Пилатқа барып, Исаның денесін одан сұрап алды.</verse>
				<verse number="53">Оны айқыштан түсіріп алып, Оны жұқа матамен орап, әлі ешкімнің денесі жерленбеген, жартастан ойып жасалған бір қабірге апарып қойды.</verse>
				<verse number="54">Бұл сол дайындық күні, яғни сенбінің таңы атып келе жатқан кез болатын.</verse>
				<verse number="55">Исаның соңынан сонау Ғалилея жақтан еріп келген әйелдер де Жүсіптің артынан еріп, Исаның денесінің қайда қойылғанын көрді.</verse>
				<verse number="56">Олар сол жақтан қайтып келген соң, жұпар иісті заттар мен Исаның денесіне жағатын мүр майын дайындап қойды, себебі сенбі күні Таурат заңының өсиетіне сай, оларда демалыс болатын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="24">
				<verse number="1">Олар сол сенбі өткеннен кейінгі бірінші күні таң ата өздерінің дайындап қойған жұпар иісті заттары мен майларын алып, қабірге келеді.</verse>
				<verse number="2">Келген кезде қабірдің аузындағы тастың алынып тасталғанын көреді.</verse>
				<verse number="3">Ішіне кіргенде, олар сол жерден Иеміз Исаның денесін таппайды.</verse>
				<verse number="4">Олар бұл жағдайды түсіне алмай абдырап тұрғанда, киімдері жалт-жұлт етіп жарқыраған екі ер адам пайда болып, олардың алдына келіп тұра қалады.</verse>
				<verse number="5">Қорқып кеткен әйелдер жүздерін төмен түсірген сәтте олар: -Тіріні өлгендердің арасынан неге іздеп жүрсіңдер? -деді.</verse>
				<verse number="6">Ол мұнда жоқ, Ол өлімнен қайта тіріліп кетті. Ол Ғалилеяда жүрген кезінде өздеріңе не айтқанын естеріңе түсіріңдер:</verse>
				<verse number="7">-«Адам Ұлын осы әлемдегі күнәкар адамдардың қолына ұстап береді, сонда Оны айқышқа апарып шегелейді, ал үшінші күні Ол өлімнен қайта тіріледі». Ол сендерге осылай айтып еді ғой, - деді.</verse>
				<verse number="8">Тек осы кезде ғана Оның айтқан сөздері олардың естеріне түседі және</verse>
				<verse number="9">қабірден қайтып келген соң, осы болған жағдайдың бәрін олар Исаның он бір шәкіртіне, кейін басқаларына да жеткізеді.</verse>
				<verse number="10">Олар: мағдалалық Мәриям мен Жоханна және Жақыптың шешесі Мәриям болатын. Сонымен қатар, олармен бірге басқа әйелдер де болды, олар да осы жағдайды өзге де елшілерге айтып береді.</verse>
				<verse number="11">Алайда олар үшін бұл бос сөз сияқты болып көрінді, сондықтан олар бұған аса сене алмады.</verse>
				<verse number="12">Петір орнынан тұра салып, қабірге жүгіріп барады. Еңкейіп, төменге қараған кезде, Оның орнында тек денесін ораған матаның жатқанын көрді. Ол осы жағдайға таңғалып, кері қайтады.</verse>
				<verse number="13">Міне, сол күні олардың арасында болған екі шәкірті Иерусалимнен шығып, он бір шақырым қашықтықта орналасқан (алпыс стадий, бір стадий 185 метрге тең) Эммаус деген қалаға кетіп бара жатты.</verse>
				<verse number="14">Сонда олардың жол бойы бір-біріне айтқан әңгімесі де осы болған оқиға жайында болатын.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, олар осылай өзара пікір таластырып, әңгімелесіп келе жатқан кезде, Исаның Өзі жақын барып, олармен қатар жүрді.</verse>
				<verse number="16">Алайда олардың көздерін біреу жауып тастағандай, Оны таныған жоқ.</verse>
				<verse number="17">Иса: -Сендер не жайында сөйлесіп келе жатырсыңдар? -деп олардан сұрады. Сол кезде олардың қабақтары түсіп, бір орында тұрып қалды.</verse>
				<verse number="18">Содан кейін Клеопа* есімді біреуі Исаға жауап беріп: -Басқа елден келсең де, осы Иерусалимде тұрып жатырсың, соңғы күндері осында қандай жағдайдың болғаны туралы білмейсің бе? - деді.</verse>
				<verse number="19">-Не болды? -деді Иса. -Назареттік Иса деп аталып кеткен бір ер адам болды, -деді олар Исаға. -Ол Өзінің сөзімен де, ісімен де Құдайдың және халықтың алдында Өзінің күшті пайғамбар екенін дәлелдеді.</verse>
				<verse number="20">Алайда біздің бірінші бас қызметкерлер мен басшылар Оны өлтіру үшін, сатқындықпен ұстап берді, сөйтіп, Оны айқышқа шегелетті.</verse>
				<verse number="21">Ал біз болсақ, Исраилге бостандық алып беретін Сол деп үміттенген едік. Осы жағдайдың болғанына, міне, үшінші күн болды.</verse>
				<verse number="22">Алайда бізбен бірге болған әйелдер таң ата қабірге барып,</verse>
				<verse number="23">ол жерден Оның денесін таппай, Оның өлімнен қайта тіріліп кеткені туралы айтқан періштелерді көріп келгені бізді таңғалдырып тұр.</verse>
				<verse number="24">Осыдан кейін біздің арамыздағы кейбіреулері де сол қабірге барып, әлгі әйелдер айтқандай, Оның денесінің сол қабірде болмағанын көріп қайтып келді, - деді.</verse>
				<verse number="25">Сонда Иса оларға: -Ой, түйсіксіздер-ай! Барлық пайғамбарлардың айтып кеткеніне сенудің орнына, сендер түсінуге қандай баяу едіңдер!?</verse>
				<verse number="26">Ал Мәсіх осының бәрін басынан өткізуге тиіс болған. Тек содан кейін ғана Ол Өзінің даңқына бөленуге тиіс емес пе еді? - деді.</verse>
				<verse number="27">Содан кейін Иса оларға сонау Мұсадан бастап, одан кейінгі пайғамбарлардың барлығы сол Жазбаларда Өзі туралы не жазғанын қамтып айтып беріп, оның мәнін оларға түсіндірді.</verse>
				<verse number="28">Сонымен, олар өздері бара жатқан ауылға жақындап қалғанда, Иса ары қарай жүретін сыңай танытты.</verse>
				<verse number="29">Бірақ екеуі Оны одан әрі жібергілері келмегендіктен, Исаға: -Бізбен бірге қалғаның жақсы болады, өйткені кеш те түсіп, күн де батып кетті, -деді. Сонда Иса олармен бірге қалмақ болып, үйге кірді.</verse>
				<verse number="30">Иса дастарқан басына жантайып, олармен бірге ас ішуіне тура келді. Ол нанды алып, батамен жарылқап, оларға нанды үзіп берді. Міне, сол сәтте</verse>
				<verse number="31">олардың көздері ашылып, сонда ғана олар Оны таныды! Алайда Ол оларға көрінбей қалды.</verse>
				<verse number="32">Олар бір-біріне: -Ол жол бойы бізге Жазбаның мәні мен мағынасын ашып айтып берген кезде, біздің жүректерімізде жалындап жанған от пайда болды емес пе?! - десті.</verse>
				<verse number="33">Олар сол сәтте орындарынан тұрып, Иерусалимге қайта оралды. Сол жерде олар бірге жиналып жүрген он бір шәкіртті және олармен бірге болған басқаларды да іздеп тауып алды.</verse>
				<verse number="34">Сөйтіп, олар Иеміздің шынымен қайта тірілгенін және Оның Шимонға да көрінгені туралы айтып берді.</verse>
				<verse number="35">Бұған қоса олар жолда болған оқиға жөнінде және оларға Исаның нанды үзіп берген кезде, олардың Исаны қалай танып-білгендерін де айтып берді.</verse>
				<verse number="36">Олар осыны айтып жатқан кезде, Иса келіп, олардың ортасына тұра қалып: -Сендерге тыныштық тілеймін! -деді.</verse>
				<verse number="37">Сол кезде олардың қорыққандары соншалық, олар бір рухты (елесті) көріп тұрған болармыз деп ойлады.</verse>
				<verse number="38">Иса оларға: -Сендердің неге соншама естерің шығып кетті? Неліктен жүректеріңе күдік кірді?</verse>
				<verse number="39">Міне, Менің қолдарым мен аяқтарыма қараңдаршы. Мен -Соның Өзімін! Кәне, қолдарыңмен ұстап көріңдер, өйткені рухта Менікі сияқты дене мен сүйек болмайды, -деді.</verse>
				<verse number="40">Иса осылай деп, оларға Өзінің қолдары мен аяқтарын көрсетті.</verse>
				<verse number="41">Алайда олар қуаныштан бұған не сенерін, не сенбесін білмей тұрған кезде, Иса: -Мұнда жейтін бірдеңелерің бар ма? - деп сұрады олардан.</verse>
				<verse number="42">Сонда олар Исаға піскен балықтың бір бөлігін берді.</verse>
				<verse number="43">Исан оны алып, олардың көз алдында тұрып жеді.</verse>
				<verse number="44">-Мен өздеріңмен бірге болған кезде, Мұсаның Таурат кітабы мен пайғамбарлар Жазбаларында, Зәбүр жырларында Мен жайында айтылған сөздердің бәрі осылай орындалуы тиіс деп сендерге айтып едім ғой, -деді оларға Иса.</verse>
				<verse number="45">Осылай Иса Жазбаның мәнін олардың ой-санасына түсінікті етіп ашып берді.</verse>
				<verse number="46">-Сонымен, Жазбада Мәсіх осылай азап шегіп, үшінші күні Ол өлімнен қайта тіріледі деп жазылған, - деді Ол.</verse>
				<verse number="47">Бұл (оқиға) Оның атын атап, тәубе еткенде, барлығының күнәлары кешірілуі үшін және Оның есімі Иерусалимнен бастап барлық халықтарға жария болу үшін болды.</verse>
				<verse number="48">Сендер осының бәріне куә болдыңдар.</verse>
				<verse number="49">Енді Әкемнің өздеріңе берген уәдесі көктен келеді, Мен соны сендерге жіберемін. Сол жоғарыдан келіп, өздеріңе қонатын күшті қабылдағанға дейін, сендер ешқайда кетпей, осы қалада қалыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="50">Иса оларды қаланың сыртына ертіп шығып, Бетанияға дейін шығарып салды. Иса қолын жайып, оларға батасын берді.</verse>
				<verse number="51">Ол бата беріп тұрған күйі аспанға көтеріле бастады, сөйтіп, олардан алыстап, одан да жоғары көкке көтеріліп кетті.</verse>
				<verse number="52">Шәкірттері Оның алдында тізе бүгіп, тағзым еткен соң, зор қуанышпен Иерусалимге қайта оралды,</verse>
				<verse number="53">содан кейін ғибадатханаға барып, барлық уақыттарын сонда өткізіп, Құдайды мадақтайтын болды.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="43">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Ең басында, жаратылыстан бұрын, Сөз болған, Сөз Құдайда болды, Құдай Сөз болды.</verse>
				<verse number="2">Ол әуел бастан Құдайда болды.</verse>
				<verse number="3">Барлығы тек Сөз арқылы жаратылды, Онсыз еш нәрсе де жаратылған емес.</verse>
				<verse number="4">Себебі Сөздің Өзі өмір болатын, сол өмір адамзат үшін жарқыраған Жарық болды.</verse>
				<verse number="5">Міне, сол Жарық түнекте жарқырап тұрды, ал түнек Оны жаба да, жасыра да алмады.</verse>
				<verse number="6">Құдай Жақия есімді адамды жіберген болатын,</verse>
				<verse number="7">ол куәлік беру үшін келді, оның берген куәлігі тек сол жарқыраған Жарық туралы болатын, өйткені бәрі тек Жарыққа сену арқылы келу керек болды.</verse>
				<verse number="8">Жақияның өзі ешқашан жарық болған емес, керісінше, ол тек сол Жарық туралы куәлік берді.</verse>
				<verse number="9">Себебі осы әлемге келген әрбір адамды Өзінің жарығына бөлейтін шынайы Жарық қажет болды.</verse>
				<verse number="10">Ол осы әлемде болды, бұл әлем де Сол арқылы жаратылған еді, алайда осы әлем Оны таныған жоқ.</verse>
				<verse number="11">Ол Өзінің елі мен жеріне келді, бірақ Оны Өз елі де, жері де қабылдамады.</verse>
				<verse number="12">Алайда, Оны қабылдап, Оның атына сенім артқандарға, билік беріп, Құдайдың балалары етіп қойды.</verse>
				<verse number="13">Себебі олар енді не қан мен тән арқылы емес, не адамның қалауынан емес, тек Құдайдан туғандар болып саналады.</verse>
				<verse number="14">Міне, сол Сөз тәнге (адамға) айналып, біздің арамызда өмір сүре бастады. Біз сол кезде Оның даңқын көрдік, Оның даңқы Өз Әкесіне ұқсас, дара болғандықтан, Ол рақымдылық пен шындыққа толып тұрды.</verse>
				<verse number="15">Жақия Ол туралы жар салып, былай деп куәлік берді: -Міне, алдын ала Кім туралы айтылған болса, Мынау Соның Өзі. «Ол менен кейін келсе де, Ол менің алдыма шықты (менен Ұлы), өйткені Ол мен тумастан бұрын бар болатын».</verse>
				<verse number="16">Себебі біз Оның шексіз рақымының арқасында бәріне ие болдық және бізге бір рақымдылықтың үстіне тағы бір рақымдылық берілді.</verse>
				<verse number="17">Өйткені Заң Мұса арқылы берілсе, ал рақым мен шындық Иса Мәсіх арқылы келді.</verse>
				<verse number="18">Құдайды ешкім ешқашан көрген емес, алайда Оны Өз Әкесінің қасында болған, Құдаймен теңдес және Құдайдан дара туған Ұлы бізге танытты.</verse>
				<verse number="19">Иерусалимдегі яhудейлердің Жақияның кім екендігін сұратып жіберген қызметшілері мен леуіліктерге берген куәлігі мынадай болды:</verse>
				<verse number="20">-Мен Мәсіх емеспін, -деп өзінің Ол емес екенін мойындап, ашығын айтты.</verse>
				<verse number="21">-Сонда сен кімсің? Ілияс пайғамбарсың ба? -деп сұрады. -Жоқ, мен ол да емеспін, -деп жауап берді оларға. -Мүмкін, сен пайғамбар шығарсың? -деп сұрады олар. Жақия: - Жоқ, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="22">Сонда олар Жақиядан: -Саған бізді жібергендерге сені кім деп айтып барайық? Өзің туралы не айтасың? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="23">Жақия оларға: -Мен шөл даладағы: «Иеміздің жолын түзетіңдер!» -деп Ишая пайғамбардың айтуы бойынша жар салып жүрген дауыспын, - деді.</verse>
				<verse number="24">Өйткені Жақияның кім екенін сұрап келуге жіберілгендер фарисейлер болатын.</verse>
				<verse number="25">Сонда олар Жақияға былай деп сұрақ қойды: -Егер де сен Мәсіх болмасаң, не Ілияс, не пайғамбар болмасаң, онда сен не үшін суға батырып шомылдырудан өткізіп жүрсің? - деді.</verse>
				<verse number="26">Жақия оларға былай жауап берді: -Мен тек суға батырып қана шомылдырамын, алайда сендердің орталарыңда сендер білмейтін Біреу бар.</verse>
				<verse number="27">Ол менен кейін келсе де, мен Оның аяқ киімінің бауын шешіп беруге де лайықсызбын, - деді.</verse>
				<verse number="28">Бұл оқиға Иорданның арғы бетіндегі Бетанияда, яғни, Жақияның өзі суға батырып шомылдырудан өткізіп жүрген жерде болды.</verse>
				<verse number="29">Келесі күні Жақия өзіне қарай келе жатқан Исаны көріп: -Міне, Мынау осы әлемдегі күнәні Өз мойнына алатын, Құдайдың құрбандық Тоқтысы!</verse>
				<verse number="30">Мен осы бір ер адам туралы: «Менен кейін Келген енді менің алдымда болады, өйткені Ол менен бұрын бар болған», - деп айтқан болатынмын.</verse>
				<verse number="31">Мен Оны таныған да, білген де емеспін, алайда мен Оны осы Исраилге таныстыру үшін келдім. Міне, сол үшін де мен Оны суға батырып шомылдырдым, - деді.</verse>
				<verse number="32">Жақия куәлігін жалғастырып тағы былай деді: -Мен Рухтың көгершін сияқты көктен түсіп келгенін және Оның Исаның бойына (үстіне) барып қонғанын және Рухтың сонда қалғанын көрдім.</verse>
				<verse number="33">Бірақ мен де Оны таныған жоқпын, алайда мені тек суға батырып шомылдырушы боласың деп Жібергеннің Өзі маған: «Егер көктен түскен Рухтың кімге келіп қонғанын және Рухтың Соның бойында қалғанын көрсең, Киелі Рухқа шомылдырушы Соның Өзі болады», -деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="34">Мен солай болғанын көрдім, сондықтан Мен: «Құдайдың Ұлы-Осы!» -деп куәлік беруімнің себебі де, міне, осында, -деді.</verse>
				<verse number="35">Келесі күні Жақия өзінің екі шәкіртімен бірге тағы да сол жерде тұрды.</verse>
				<verse number="36">Сол кезде ол келе жатқан Исаны көріп: -Міне, мынау -Құдайдың Тоқтысы! - деді.</verse>
				<verse number="37">Оның осылай дегенін естіген әлгі екі шәкірті Исаға еріп, Оның артынан кетті.</verse>
				<verse number="38">Иса артына бұрылғанда, әлгі екеуінің еріп келе жатқанын көріп: -Не іздеп жүрсіңдер? -деді. Сонда олар Оған: -Равви, (аударылғанда «Ұстаз» деген ұғымды білдіреді) тұратын мекенің қайда? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="39">Иса оларға: -Келсеңдер, көресіңдер, -деді. Сонымен олар барып, Оның қайда тұрып жатқанын көрген соң, сол күні олар Оның қасында қалатын болды, бұл кез сағат онның кезі болатын.</verse>
				<verse number="40">Жақиядан Иса туралы естіп, сосын Оның артынан еріп барған сол екеудің бірі Шимон Петрдің бауыры Әндір болатын.</verse>
				<verse number="41">Ол алдымен өзінің бауыры Шимонды тауып алып, оған: -Біз Мәсіхті таптық, -деді. («Мәсіх» сөзі «майланған» немесе «патшалыққа майланған» деген мағына береді).</verse>
				<verse number="42">Одан кейін оны Исаға ертіп әкелді. Иса оған қарап тұрып: -Сен-Жоханның ұлы Шимонсың, енді сені Кифа (Петр) деп атайтын болады, -деді. (Петр «тас» деген ұғымды білдіреді)</verse>
				<verse number="43">Келесі күні Иса Ғалилеяға барғысы келді. Ол Філіпті тауып алды да, оған: - Соңымнан ер! - деді.</verse>
				<verse number="44">Філіп негізі Бефсайда деп аталатын қаланың тұрғыны болатын, Әндір мен Петір де сонда тұратын.</verse>
				<verse number="45">Філіп Натанайылды тауып алды да оған: -Біз Мұсаның Заңы мен Пайғамбарлар жазбасындағы назареттік Жақыптың Ұлы Исаны таптық, - деді.</verse>
				<verse number="46">Сонда Натанайыл оған: -Сол Назареттен қандай жақсылық шығар дейсің? -деді. Алайда Філіп оған: -Кел, сонда көресің, - деді.</verse>
				<verse number="47">Иса Өзіне қарай келе жатқан Натанайылды көрді де, оған қарап тұрып: -Міне, мынау-қулық-сұмдығы жоқ нағыз Исраилдік, - деді.</verse>
				<verse number="48">Натанайыл Оған: -Мені қайдан білесің? -деді. Иса оған: -Мен сені Філіп әлі шақырмай тұрған кезден бұрын, інжір ағашының астында тұрғаныңда көрдім, - деді.</verse>
				<verse number="49">Сол кезде Натанайыл Оған былай деді: -Равви, (Ұстаз) Құдайдың Ұлы да - Сен, Исраилдің Патшасы да - Сен!</verse>
				<verse number="50">Сонда Иса оған: -Мен саған: «Сені інжір ағашының астында тұрғаныңда көрдім», -дегеніме бола сеніп қалдың ба? Енді бұдан да зорын көретін боласың.</verse>
				<verse number="51">Сендерге шындықты, тағы да шындықты айтамын: көктің ашылып, Құдайдың періштелерінің төмен түсіп, олардың Адам Ұлына келіп, қайтадан көкке көтеріліп жатқан сәтін көретін боласыңдар, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Үшінші күні Ғалилея аймағындағы Кана атты қалада үйлену тойы болды, сол жерге Исаның анасы да барды.</verse>
				<verse number="2">Үйлену тойына Исаның Өзі де, сонымен қатар, Оның шәкірттері де шақырылды.</verse>
				<verse number="3">Бір мезгілде олардың шараптары таусылып қалды, сонда Исаның анасы Оған: -Шараптары таусылып қалды, -деді.</verse>
				<verse number="4">Сонда Иса анасына: -Анашым, мұның Маған және саған қатысы бар ма? Менің уақытым әлі келген жоқ, -деді.</verse>
				<verse number="5">Алайда Исаның анасы сондағы қызметшілерге: -Ол сендерге не айтса, соны орындаңдар! - деді.</verse>
				<verse number="6">Сол жерде яһудейлер өздерінің салт-дәстүрлеріне байланысты тазару рәсіміне арнайы қолданатын, әрқайсысына кем дегенде екі-үш мөлшердей су сиятын алты тас күбі тұрған болатын.</verse>
				<verse number="7">Сонда Иса оларға: -Мына күбілерді суға толтырыңдар! -деді. Олар сол күбілерді жоғарғы ернеулеріне дейін толтырды.</verse>
				<verse number="8">Одан кейін Иса оларға: -Енді ыдысты күбіге батырып алып, той басқарушыға апарып беріңдер, -деді. Олар солай істеді де, апарып берді.</verse>
				<verse number="9">Той басқарушы шарапқа айналған судың дәмін татып көреді, бірақ бұл шараптың қалай, неден жасалғанын білмейтін, оны тек ыдысты батырып алып, толтырған қызметшілер ғана білетін. Сонда той басқарушысы күйеу жігітті өзіне шақыртып алады.</verse>
				<verse number="10">Содан кейін оған: -Кез-келген адам ең алдымен жақсы шарабын қояды, ал қонақтар масайған кезде шараптың нашарын береді. Сен болсаң, жақсы шарапты осы кезге дейін сақтап қойыпсың, - деді.</verse>
				<verse number="11">Бұл Исаның Ғалилеяның Кана қаласында жасаған алғашқы кереметтерінің бірі болатын, осы арқылы Ол Өзінің даңқын көрсетті, ал шәкірттері Оған сенді.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін Иса өзінің анасымен, бауырларымен және шәкірттерімен бірге Қапарнаумға келді, сол жерде олар бірнеше күнге қалатын болды.</verse>
				<verse number="13">Яһудейлердің құтқарылу мейрамы жақындап қалғандықтан, Иса төменнен жоғары көтеріліп, Иерусалимге келді.</verse>
				<verse number="14">Содан кейін Ол ғибадатханаға кірді, Ол сол жерде өгіздері мен қойларын, көгершіндерін сатып, ақша айырбастап отырғандарды көрді.</verse>
				<verse number="15">Сонда Ол жіптен (арқаннан) қамшы жасап алды да, қой, өгіздерімен бірге олардың бәрін ғибадатханадан қуып шықты. Ақша айырбастаушылардың ұсақ ақшаларын шашып, олардың үстелдерін төңкеріп тастады.</verse>
				<verse number="16">Сол жерде көгершін сатып отырғандарға: -Мыналарыңды бұл жерден алып кетіңдер! Менің Әкемнің үйін сауда орнына айналдырмаңдар! - деді.</verse>
				<verse number="17">«Сенің үйіңе қатысты қызғаныштан Мен жапа шегемін», -деген Жазбадағы сөз сол сәтте шәкірттерінің есіне түседі.</verse>
				<verse number="18">Яһудейлер Одан: -Мұны не үшін істедің? Осы ісіңмен бізге қандай белгі көрсетіп тұрсың? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="19">Иса оларға: -Мына киелі үйді бұзыңдар! Ал Мен оны үш күннің ішінде қайта тұрғызамын, - деді.</verse>
				<verse number="20">-Осы киелі үйді қырық алты жыл бойы салды, Сен оны үш күнде қайта тұрғызбақсың ба? -деді яhудейлер Оған.</verse>
				<verse number="21">Алайда Иса «киелі үй» деп, Өзінің денесі туралы айтқан болатын.</verse>
				<verse number="22">Ол өлімнен қайта тірілген кезде, Оның осы айтқандарының бәрін шәкірттері естеріне түсіріп, Жазбада жазылғанға да, Исаның айтқан сөздеріне де сенді.</verse>
				<verse number="23">Иса Иерусалимде болған Құтқарылу мейрамы кезінде, көптеген кереметтер жасады, соны көргендердің көбі Оған сенді.</verse>
				<verse number="24">Бірақ Исаның Өзі оларға сенім артпады, өйткені Ол адамдарды өте жақсы білетін.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан адам жайында ешкімнің Өзіне куәлік беруіне Ол мұқтаж емес еді, себебі адамның ішкі жан дүниесінде не барын Ол өте жақсы білетін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Фарисейлердің арасында Нікөдем есімді бір адам болды, ол яһудейлердің басшысы болатын.</verse>
				<verse number="2">Бірде ол түн ішінде Исаға келіп: -Ұстаз, біз Сенің Құдайдан келген Ұстаз екеніңді білеміз, өйткені Сен жасап жүрген осы кереметтерді ешкім де істей алмайды. Оны жасау үшін, Құдай Онымен бірге болуы керек, -деді Оған.</verse>
				<verse number="3">Сонда Иса оған: -Мен саған шындықты, тек қана шындықты айтамын: кімде-кім жоғарыдан туылмаса, сол Құдайдың Патшалығын көре алмайды, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="4">-Қарт адам қалай қайтадан туылады? -деп Нікөдем таңғалды. -Сонда қалай болмақ? Анасының құрсағына қайтадан еніп, сосын екінші рет қайта туылуы мүмкін бе? - деді.</verse>
				<verse number="5">Иса оған: -Саған шындықты, тағы да шындықты айтамын: судан және Рухтан туылмаған әркім Құдайдың Патшалығына кіре алмайды,</verse>
				<verse number="6">өйткені тәннен тән туады, ал Рухтан рух туады.</verse>
				<verse number="7">Менің саған: «Сендер жоғарыдан туылуға тиіссіңдер», -дегеніме таңданба!</verse>
				<verse number="8">Жел қалаған жағына соға береді. Оның гуілін ғана естисің, алайда оның қайдан келіп, қайда кететінін білмейсің. Рухтан туылған әркіммен де дәл солай болады, -деді.</verse>
				<verse number="9">- Сонда бұл қалай болады? - деп сұрады Нікөдем.</verse>
				<verse number="10">Иса оған: -Сен өзің Исраилдің ұстазы бола тұра, осыны да білмейсің бе? - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="11">Саған шындықты, тағы да шындықты айтайын: біз нені білсек, сол туралы айтып бере аламыз және нені көрсек, тек сол жайында куәлік береміз, алайда сендер біздің берген куәлігімізді қабылдамайсыңдар.</verse>
				<verse number="12">Міне, Мен сендерге осы жерде болып жатқан нәрселер жайында айттым, бірақ сендер оған сенбедіңдер, ал егер Мен сендерге көктегі болып жатқан жағдай туралы айтатын болсам, оған қалай сенесіңдер?</verse>
				<verse number="13">Көкке ешкім де көтерілген жоқ, көктен төменге түскентек Адамның Ұлы, Одан басқа ешкім де төмен түскен жоқ.</verse>
				<verse number="14">Мұса шөл далада жыланды жоғары тік көтеріп, оны ағашқа қалай қадап қойған болса, Адамның Ұлын да дәл солай биікке тік көтеріп, қадап қою қажет болып тұр, міне,</verse>
				<verse number="15">Соған сенген әркім мәңгілік өмірге ие болады.</verse>
				<verse number="16">Өйткені Құдай осы әлемді ерекше сүйіспеншілікпен сүйгендіктен, Ол Өзінің жалғыз Ұлын берді, енді Соған сенген әркім өлмейді, керісінше, мәңгілік өмірге ие болады.</verse>
				<verse number="17">Құдай Өзінің Ұлын осы әлемге жібергенде, Оны осы әлемді соттауға емес, қайта, осы әлем Сол арқылы құтқарылсын деп жіберген болатын.</verse>
				<verse number="18">Оған сенген әркім енді сотталмайды, Оған сенбегендер әлдеқашан сотталған, өйткені олар Құдайдын жалғыз Ұлының атына сенген жоқ.</verse>
				<verse number="19">Соттың мағынасы осы әлемге жарқыраған Жарықтың келгенін, бірақ адамдар сол Жарықтан гөрі түнекті көбірек жақсы көргенін, олардың жасаған іс-әрекеттері зұлымдыққа толы болғанын білдіреді.</verse>
				<verse number="20">Сондықтан кімде-кім жаманшылық істейтін болса, сол Жарықты жек көргені, себебі жасаған істері әшкереленіп қалмасын деп, ол жарыққа жақындамайды.</verse>
				<verse number="21">Жарыққа тек шындықты орындап, соны іске асырып жүргендер ғана келеді, өйткені олар өздерінің жасаған істерін Құдайға ұнайтындай етіп, жасырмай, ашық істейді. Шындыққа сай өмір сүретіндер өздерінің істерінің Құдайға мойынсұнудан болғанын анық көрсету үшін, Жарыққа жақындайды.</verse>
				<verse number="22">Осыдан кейін Иса шәкірттерімен бірге Яhудея жеріне келді. Сол жерде Ол шәкірттерімен бірге болып, адамдарды батырып су шомылдыруынан өткізді.</verse>
				<verse number="23">Салимге жақын орналасқан Енонда Жақия да басқаларды батырып су шомылдыруынан өткізіп жүрген болатын, өйткені сол жердің суы өте мол еді, адамдар сонда батырып су шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="24">Бұл кезде Жақия әлі де абақтыға қамалмаған еді.</verse>
				<verse number="25">Сол арада Жақияның шәкірттері мен яһудейлер бірбірімен тазалану жайында қызу айтысып қалды.</verse>
				<verse number="26">Содан кейін олар Жақияға келіп: -Ұстаз, Иорданның арғы бетінде Өзіңмен бірге болған әрі өзің Ол туралы кулік берген сол Адам да батырып су шомылдыруынан өткізіп жүр екен. Көріп тұрған шығарсың, бәрі Соған барып жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="27">Сонда Жақия оларға: -Егер адамға Көктен берілмесе, ол еш нәрсе де ала алмайды, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="28">Мен Мәсіх емеспін, алайда мен Оның алдынан жіберілген елші екенімді айтқан кезде, мына тұрған өздерің де соған куә болдыңдар.</verse>
				<verse number="29">Қалыңдығың бар болса, күйеу жігітсің. Сол күйеу жігіттің досы оның қасында тұрып, даусын естіген сәтте зор қуанышқа бөленеді. Сол сияқты, міне, менің де мол қуанышқа кенелетін әрі соның орындалатын сәті келді.</verse>
				<verse number="30">Енді Оған жоғарылап өсу керек, ал менің кішірейіп, төмен түсуім қажет.</verse>
				<verse number="31">Ол Жоғарыдан келгендіктен, Ол бәрінен де жоғары, ал жердің тұрғыны жердікі, сондықтан ол тек жерге байланысты болған жағдайларды сөйлейді. Көктен Келген Ол бәрінен де жоғары!</verse>
				<verse number="32">Ол Көкте не көріп, не естісе, соны куәлік ретінде айтып тұр.Ол Көкте көргені мен естігенін куәлік ретінде айтады, бірақ Оның куәлігін ешкім қабылдамайды.</verse>
				<verse number="33">Ал Оның куәлігін қабылдағандар Құдайдың шындық екеніне көздері жетіп, куәлік етеді.</verse>
				<verse number="34">Себебі Құдай Кімді жіберсе, тек Сол ғана Құдайдың сөзін айта алады, сондықтан Құдай Оған Өзінің Рухын шексіз беріп қойған.</verse>
				<verse number="35">Әкесі Ұлын сүйеді, сондықтан Ол Оның қолына барлығын беріп қойды.</verse>
				<verse number="36">Сол Ұлға сенген (әркім) мәңгілік өмірге ие болады, ал кім Ұлға мойынсынбаса, сол мәңгілік өмірді көрмейді, өйткені Құдайдың қаһары оның үстінен әлі түскен жоқ.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Жақияға қарағанда Исаның дайындаған шәкірттері адамдарды көбірек суға батырып шомылдырудан өткізіпті деген сыбыстың фарисейлерге жеткенін Иса білді.</verse>
				<verse number="2">Негізінде, суға батырып шомылдыруды Исаның Өзі өткізген жоқ, Оның шәкірттері істеген болатын.</verse>
				<verse number="3">Иса Яһудеяны тастап, қайтадан Ғалилея жеріне бармақшы болды.</verse>
				<verse number="4">Бірақ Оның Самария аймағы арқылы өтуіне тура келді.</verse>
				<verse number="5">Сөйтіп, Ол Самария еліндегі Сихар деген қалаға келді, Жақыптың бір кездері өз ұлы Жүсіпке берген жері де осы қалаға жақын болатын және</verse>
				<verse number="6">сол жерде Жақыптың құдығы бар еді. Иса жолдан шаршап, сол құдықтың басына келіп отырды. Уақыт мөлшері алтының кезі болатын.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде бір самариялық әйел құдыққа су алуға келді. Сонда Иса әлгі әйелге: - Маған ішетін су берші, - деді.</verse>
				<verse number="8">Бұл кезде Оның шәкірттері тамақ сатып алу үшін, қалаға кеткен болатын.</verse>
				<verse number="9">Сонда әлгі самариялық әйел Исаға: -Сен Өзің яһудей бола тұра, мына мен секілді самариялық әйелден қалайша су сұрап тұрсың? -деді. (Себебі яһудейлер мен самариялықтар бір-бірімен араласпайтын).</verse>
				<verse number="10">Иса әлгі әйелге жауап қатып: -Егер де сен Құдайдың сыйын әрі: «Маған су берші», -деп тұрғанның Кім екенін білген болсаң, өзің Одан су сұрар едің, сонда Ол саған «тірі суды» беруші еді, - деді.</verse>
				<verse number="11">Әлгі әйел Исаға: - Мырза, су алатын ыдысың да жоқ, ал құдық болса терең, сол тірі суды қайдан аласың?</verse>
				<verse number="12">Әлде Сенің мәртебең осы құдықты бізге беріп кеткен, одан өзі де, оның ұлдары мен малдары да су ішкен әкеміз Жақыптан да өте жоғары ма? - деді.</verse>
				<verse number="13">Сонда Иса әлгі әйелге: -Мына судан ішкен әркімнің шөлі қанбай, шөлдей беретін болады,</verse>
				<verse number="14">ал Мен беретін судан ішкен әркімнің шөлі қанып, ол мәңгілік шөлдемейтін болады. Себебі Мен берген су оның бойында ағып жататын мәңгілік өмірдің қайнар көзі әрі бастауы болмақ, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сол кезде әлгі әйел Оған: -Мырза, онда маған да сол судан берші, мен де шөлімді қандырып, енді су алу үшін осында келмейтін болайын, - деді.</verse>
				<verse number="16">Иса әйелге: -Онда бар да, күйеуіңді шақыр, содан кейін өзің осында қайтып кел, - деді.</verse>
				<verse number="17">Сонда әлгі әйел: -Менің күйеуім жоқ, -деп жауап берді. Иса оған: - Күйеуім жоқ, - дегенің дұрыс.</verse>
				<verse number="18">Негізінде, бес рет күйеуге шықтың, қазір қасыңда жүрген ол да күйеуің емес, бұл айтқаның шындық, -деді.</verse>
				<verse number="19">Содан кейін әйел Исаға: -Мырза, Сенің пайғамбар екеніңді көріп тұрмын,</verse>
				<verse number="20">біздің ата-бабаларымыз мына таудың басына келіп табынатын, алайда сіздер табынуға арналған орын тек Иерусалимде орналасқан дейсіздер, - деді.</verse>
				<verse number="21">Иса әйелге: -Әйел, сендердің Әкеге мына тауда немесе Иерусалимде табынбайтын уақыттарың келеді, Маған сен, -деді.</verse>
				<verse number="22">Сендер кімге табынып жүргендеріңді білмейсіңдер, ал біз Кімге табынып жүргенімізді білеміз, өйткені құтқарылудың тек яһудейлер жағынан келетіні айдан анық болып тұр.</verse>
				<verse number="23">Себебі шынайы табынушылардың уақыты, міне, енді келді және сол сәт басталып та кетті, табынатындар енді Әкеге тек Рухпен және шындықпен ғана табынатын болады, Әке Өзіне тек осылай табынатындарды ғана іздейді.</verse>
				<verse number="24">Құдай-Ол Рух, ондықтан Оған табынатындардың Рух пен шындықта табынғандары аса қажет болып тұр, -деді.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде әйел Исаға: -«Мәсіх» деп аталатын «Құтқарушының» келуге тиіс екенін білемін. Ол келген кезде, бізге бәрін ашып айтып береді, - деді.</verse>
				<verse number="26">Сонда Иса: -Сенімен сөйлесіп тұрған мына Мен -нақ Соның Өзімін, - деді әйелге.</verse>
				<verse number="27">Осы кезде Оның шәкірттері де келді, олар Оның әйелмен сөйлесіп тұрғанын көріп, аң-таң болды. Алайда олардың ешқайсысы: «Не іздеп жүрсің?» немесе «Неге Ол әйелмен сөйлесіп тұрсың?» - деп сұраған жоқ.</verse>
				<verse number="28">Әйел өзінің су алып жүрген ыдысын сол жерде қалдырды да, қаладағы адамдарға барып:</verse>
				<verse number="29">-Менің барлық істеген істерім жайында айтып берген Адамды барып көріңдер! Сол Мәсіх емес пе екен? - деді.</verse>
				<verse number="30">Олар қаладан шығып, Оны көруге сонда келді.</verse>
				<verse number="31">Сол арада шәкірттері Оған: -Ұстаз, (Равви) тамақтанып ал, - деп Оған өтініш білдірді.</verse>
				<verse number="32">Иса оларға: -Менің жейтін «азығымды» сендер білмейсіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="33">Ал шәкірттері бір-біріне: -Біреу Оған тамақ әкеліп берген бе? - десті.</verse>
				<verse number="34">Сонда Иса оларға: -Мені Жібергеннің еркін орындап, Оның Маған тапсырған ісін ақырына дейін жеткізіп, оны аяқтау сол маған «азық» болады.</verse>
				<verse number="35">Сендер: «Астық жинау науқанына әлі төрт ай бар», -деп айтасыңдар. Мен сендерге былай деймін: -Көздеріңді ашып, жердегі егіндікке қараңдар, олар пісіп тұр және оруға дайын тұр!</verse>
				<verse number="36">Міне, орақшы ақысын алып, мәңгілік өмірдің жемістерін жинап жатыр, сондықтан егуші мен орып алушы екеуі бірге қуануы тиіс.</verse>
				<verse number="37">«Біреу сепсе, біреу орады» деген сөздің шындығы осында жатыр.</verse>
				<verse number="38">Мен сендерді өздеріңнің еңбектерің сіңбеген нәрсені орып алуға жібердім, ал басқалардың еңбегі бұған сіңген еді, алайда сендер олардың атқарған еңбектеріне қатыстыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="39">Сол қаладағы көптеген самариялықтар әлгі әйелдің: «Менің жасаған істерім туралы айтып берді», -деген куәлігі арқылы Оған сенді.</verse>
				<verse number="40">Самариялықтар Исаға келген кезде, олар Оның өздерімен бірге қалуын өтініп сұрады, сондықтан Иса сол жерде тағы да екі күнге қалды.</verse>
				<verse number="41">Сөйтіп, Исаның айтқан сөздері арқылы сол жердегі көптеген халық сенімді қабылдады.</verse>
				<verse number="42">Олар әлгі әйелге: -Біздер тек сенің айтқан сөзіңе бола сеніп тұрған жоқпыз, өзіміз де Оны естідік, енді біз Бұл Адамның осы әлемге келген Құтқарушы екенін білеміз, -десті.</verse>
				<verse number="43">Екі күн өткен соң, Иса сол жерден шығып, Ғалилея жаққа кетті.</verse>
				<verse number="44">Исаның Өзі алдында:«Пайғамбар өз ата-мекенінде қадірлі болмайды», - деп куәлік айтқан болатын.</verse>
				<verse number="45">Дегенмен, Ол Ғалилеяға келген кезде, ғалилеялықтар Оны жылы қабылдады, өйткені олар да мейрам кезінде Иерусалимге барып, Исаның сол мейрамда жасаған істерінің бәрін көрген болатын.</verse>
				<verse number="46">Сосын Ол Өзі суды шарапқа айналдырған Ғалилея жеріндегі Кана қаласына тағы да қайтып келді. Қапарнаумда патшаның бір қызметкері болды, оның баласы ауырып жатқан болатын.</verse>
				<verse number="47">Сол адам Исаның Яһудеядан Ғалилеяға қайтып келгенін естіген соң, Оған келіп, өзінің ұлы өлім аузында жатқанын, Одан сауықтырып беруін өтінді.</verse>
				<verse number="48">Сонда Иса оған: -Сендер арнайы бір белгілер мен кереметтерді көрмесеңдер, сенгілерің келмейді, - деді.</verse>
				<verse number="49">Патшаның қызметкері: -Мырза, менің балам өліп қалмай тұрған кезде келіңізші, - деп өтінді.</verse>
				<verse number="50">Иса оған: -Сенің ұлың тірі, бара бер, -деді. Ол Исаның айтқан сөзіне сеніп, кетіп қалды.</verse>
				<verse number="51">Патшаның сол қызметкері қайтып келе жатқанда, жолда оның құлдары кездесіп, оның баласының тірі екенін айтады.</verse>
				<verse number="52">Ол әлгі құлдарынан баласының жағдайы қай уақыттан бастап жақсара бастағанын сұрағанда, олар: -Кеше кешкі сағат жетінің кезінде ыстығы басылды, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="53">Сонда әлгі ұлдың әкесі сол уақыт Исаның: «Сенің ұлың тірі», -деп оған айтқан кез екенін білді. Осыдан кейін оның өзі және бүкіл үй іші сенімге ие болды.</verse>
				<verse number="54">Бұл Исаның Яһудеядан Ғалилея өлкесіне келген кезде жасаған екінші кереметі еді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Осыдан кейін яһудейлердің мейрамы басталды. Сонда Иса Ерусәлімге келді.</verse>
				<verse number="2">Ерусәлімдегі Қой қақпасына жақын орналасқан, төбесі жабық бес хауыз бар болатын, оны еврейше Бетезда деп атайтын,</verse>
				<verse number="3">сол жерге әр түрлі аурумен ауыратындар, соқырлар мен ақсақтар, сал болып қалғандар келіп жататын.</verse>
				<verse number="4">(Осылай олар судың қозғалғанын аңдитын, *өйткені Құдайдың періштесі анда-санда келіп, суды қозғайтын, су қозғалған кезде оған бірінші болып түскен адам қандай ауруы болсын жазылып кететін)</verse>
				<verse number="5">Міне, солардың арасында отыз сегіз жыл бойы ауырып жүрген бір адам бар болатын.</verse>
				<verse number="6">Иса оның сол жерде жатқанын көргенде, оның көптен бері ауырып жүргенін білді де, оған: -Сауыққың келе ме? - деді.</verse>
				<verse number="7">Ауру адам: -Мырза, су қозғалып толқи бастағанда, мені апарып сол хауызға түсіретін адам болмай тұр. Ал мен (тырысып) сонда келіп жетемін дегенше, менен бұрын басқа біреу барып түсіп қояды, - деді Оған.</verse>
				<verse number="8">Иса оған: -Тұр! Төсек -орныңды өзіңмен бірге ал да, жүре бер! - деді.</verse>
				<verse number="9">Әлгі ауру адам сол сәтте ауруынан сауығып, өзімен бірге төсенішін алды да, жүріп кетті. Бұл сенбі күні болған жағдай еді.</verse>
				<verse number="10">Яһудейлер ауруынан сауығып кеткен сол адамға: -Бүгін сенбі, сондықтан өзіңмен бірге төсек-орныңды алып жүруге саған рұқсат етілмеген, - деді.</verse>
				<verse number="11">Сонда ол былай деп жауап берді: -Мені сауықтырған Адамның Өзі: «Төсек-орныңды өзіңмен бірге ал да, жүре бер», - деді. Олар:</verse>
				<verse number="12">-Саған: «Төсек-орныңды ал да, жүре бер», -деп айтқан Сол Адам Кім? - деп одан сұрады.</verse>
				<verse number="13">Бірақ әлгі ауруынан сауыққан адам Оның Кім екенін білмейтін, өйткені Иса сол жерде тұрған халықтың арасына көрінбей кіріп кеткен болатын.</verse>
				<verse number="14">Осыдан кейін Иса оны ғибадатханадан тауып алды да: -Сауыққаныңды өзің де көріп тұрсың, енді бұдан да қиын жағдайға душар болғың келмесе, енді күнә жасама! -деді оған.</verse>
				<verse number="15">Осыдан кейін әлгі адам яһудейлерге барып, оны сауықтырған Адамның Иса екенін айтып берді.</verse>
				<verse number="16">Яһудейлер осы үшін Исаның ізіне түсіп, қудалай бастады, себебі Ол мұны сенбі күні істеген болатын.</verse>
				<verse number="17">Сонда Иса оларға: -Менің Әкем Өз ісін осы уақытқа дейін атқаруда, сол секілді Мен де Өз ісімді солай атқарып жүрмін, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="18">Осыдан кейін яһудейлер Оны өлтірудің жолдарын жанталаса іздеп, жанжақты қарастыра бастады. Өйткені олардың ойынша Иса тек сенбі күнінің тәртібін ғана бұзып қойған жоқ, сонымен қатар, Ол Құдайды Әкем деп, Өзін Құдаймен теңестірді.</verse>
				<verse number="19">Сонда олардың бұл істеріне Иса: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтайын: егер де Ұлы Әкесінің жасаған істерін көрмесе, Ұл да өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Өйткені Әке қалай істесе, Ұлы да істерін Соған ұқсатып жасауы тиіс. Әке қалай істеген болса, Ұлы да іс-әрекетін Оған ұқсатып жасауы тиіс.</verse>
				<verse number="20">Себебі Әкесі Ұлын жақсы көреді, сондықтан Оған Өзі жасаған істерінің бәрін көрсетіп отырды, ал сендерді таңғалдыру үшін, Ол Ұлына бұдан да ұлы істерді көрсетеді.</verse>
				<verse number="21">Әкесі өлгендерді өлімнен қалай тірілткен болса, Ұлының қалауы да сол, яғни, өлгендерді қайта тірілтетін болады. Әкесі өлгендерді өлімнен қалай тірілткен болса, Ұлдың да қалауы - өлгендерді қайта тірілту.</verse>
				<verse number="22">Сонымен қатар, Әке енді ешкімді соттамайды, өйткені Ол соттың бәрін Ұлына беріп қойды.</verse>
				<verse number="23">Мұндағы мақсат: Әке қалай құрметтелсе, Ұлы да солай құрметтелуі тиіс. Сонымен, егер Ұл құрметке бөленбесе, онда Оны жіберген Әкенің де құметтелмегені.</verse>
				<verse number="24">Мен сендерге шындықты, тек шындықты айтып тұрмын: егер Менің сөзімді естіп, Мені Жіберген Әкеге сенетін болса, сол мәңгілік өмірге ие болады әрі ол сотқа тартылмайды, өйткені ол өлімнен шынайы өмірге өтіп кетті.</verse>
				<verse number="25">Сендерге шындықты, тағы да шындықты айтайын: өлгендер де Құдайдың Ұлының даусын еститін уақыт келеді және келіп те қойды, Оның даусын еститіндер өлімнен тірілетін болады.</verse>
				<verse number="26">Өйткені өмір Әкенің Өзінен бастау алады, дәл солай өмірдің бастауы болуды Ол Өзінің Ұлына берді.</verse>
				<verse number="27">Сонымен қатар, Оған сот жүргізетін билік те берілді, себебі Ол-Адамның Ұлы.</verse>
				<verse number="28">Қабірде жатқандардың бәрі де Оның даусын еститін уақыт келеді, сондықтан сендер бұған таңғалмаңдар.</verse>
				<verse number="29">Сол кезде жақсылық жасағандар өмірге қайта тірілу үшін, ал зұлымдық жасағандар сотталу үшін қайта тірілетін болады.</verse>
				<verse number="30">Мен Өздігімнен еш нәрсе де жасай алмаймын. Маған қалай айтылған болса, солай соттайтын боламын, Менің сотым әділетті себебі Мен Өз еркімді емес, Мені Жібергеннің еркін орындаймын.</verse>
				<verse number="31">Егер де Мен Өзім туралы куәлік беретін болсам, Менің куәлігім шындыққа сай болмай қалады.</verse>
				<verse number="32">Алайда Мен туралы куәлік беретін басқа Біреу бар, Мен туралы Оның берген куәлігінің шындық екенін Мен білемін.</verse>
				<verse number="33">Сендер Жақияға (адамдарды) жібергенде, ол шындық туралы куәлік берген болатын.</verse>
				<verse number="34">Мен адамның куәлігіне сүйенбеймін, бірақ мұны Мен сендер құтқарылсын деп айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="35">Жақия жарқырап жанып тұрған шам болатын, ал сендер аз уақыт болса да, Оның сол жанған жарығында шаттанып алғыларың келді.</verse>
				<verse number="36">Ал Менде сол Жақиянікінен де үлкен куәлік бар. Әкемнің Маған ақырына дейін жеткізіп, аяқтауға тапсырған істерінің өзі Әкенің Мені жібергенін дәлелдеп, Мен үшін куәлік болып тұр.</verse>
				<verse number="37">Сонымен, Мені жіберген Әке Мен туралы дәлелді куәлік беріп тұр. Оның даусын сендер ешқашан естімедіңдер және Оның бейнесін көрмедіңдер.</verse>
				<verse number="38">Сендер Оның Сөзінің өздеріңмен бірге болғанын қаламадыңдар, өйткені сендерге жіберілген Соның Өзі болатын, сендер Оған да сенбей тұрсыңдар.</verse>
				<verse number="39">Жазбаларды зерттеп, сол арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар, алайда сол Жазбалар тек Мен туралы куәлік береді.</verse>
				<verse number="40">Сендер сол өмірге ие болу үшін, Маған келгілерің де келмейді.</verse>
				<verse number="41">Адамдардың атынан берілетін даңқты қабылдамаймын,</verse>
				<verse number="42">бірақ сендердің жүректеріңде Құдайға деген сүйіспеншілі ктің жоқ е кенін білдім.</verse>
				<verse number="43">Мен Өз Әкемнің атынан келіп тұрсам да, Мені қабылдаған жоқсыңдар. Ал басқа біреу өзінің атынан келетін болса, сендер оны қабылдайсыңдар.</verse>
				<verse number="44">Егер де сендер атақ-даңқты тек бір-бірлеріңнен ғана қабылдап, жалғыз Құдайдан келетін даңқты іздемейтін болсаңдар, онда сендер қалайша сенімге ие болмақсыңдар?</verse>
				<verse number="45">Мен сендерді Әкенің алдында айыптайды деп ойламаңдар, сендерді өздерің үміт артқан Мұса айыптайтын болады.</verse>
				<verse number="46">Егер де сендер сол Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенім артар едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен болатын.</verse>
				<verse number="47">Оның жазғанына сенбесеңдер, онда Менің сөзіме қалай сенесіңдер? - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса Ғалилея көлінің арғы бетіндегі Тиберияға барды.</verse>
				<verse number="2">Исаның ауруларды сауықтырып, жасаған кереметтерін көргендер Оның соңынан қалмай, ілесіп отырды.</verse>
				<verse number="3">Иса тауға көтеріліп, Өз шәкірттерінің қасына барып отырды.</verse>
				<verse number="4">Бұл кездері яһудилердің Құтқарылу мейрамы (яғни пасха) жақындап қалған болатын.</verse>
				<verse number="5">Иса жан-жағына көз салғанда, көптеген халықтың Өзіне қарай келе жатқанын көріп, Філіпке: -Мыналарға жейтін нанды қайдан сатып алсақ болады? - деді.</verse>
				<verse number="6">Иса мұны оны сынау үшін ғана айтқан болатын, алайда Ол не істеу керек екенін Өзі білді.</verse>
				<verse number="7">-Екі жүз *динарийге нан сатып алып, олардың әрқайсысына соны кішкенеден үзіп бергеннің өзінде де жетпейді! - деп жауап берді Філіп.</verse>
				<verse number="8">Сонда Исаның шәкірттерінің бірі Шимон Петірдің бауыры Әндір:</verse>
				<verse number="9">-Осында жүрген бір баланың бес арпа наны мен екі балығы бар, бірақ осыншама көп халыққа ол не болады? - деді.</verse>
				<verse number="10">Иса оларға: -Адамдарды ыңғайластырып отырғызыңдар, - деді. Сол жердің шөбі өте қалың болатын, бес мыңдай ер адам соған жайғасып отырды.</verse>
				<verse number="11">Иса нанды алып, алғыс айтып, ризашылығын білдірген соң, отырғандарға таратып берді, дәл солай балықтарды да қалауынша таратты.</verse>
				<verse number="12">Халық әбден тойып болған соң, Иса шәкірттеріне: -Енді бекерге ысырап болмас үшін, артылып қалғандарын жинап алыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="13">Олар жеп болған соң, артылғандарын жинап алғанда, бес арпа наннан қалғаны он екі себет болды.</verse>
				<verse number="14">Исаның осы жасаған кереметтерін көрген адамдар: -Бұл әлемге келуге тиіс шынайы пайғамбар Осының Өзі болар! - десті.</verse>
				<verse number="15">Олардың Өзін ұстап алып, патша етіп қойғысы келетінін және олардың соған дайындалып жүргенін біліп қойған Иса жалғыз Өзі тау жаққа кетіп қалды.</verse>
				<verse number="16">Кеш батқан кезде Оның шәкірттері көлге қарай төмен түсті де,</verse>
				<verse number="17">қайыққа мініп, көлдің арғы бетіндегі Қапарнаум қаласына бет алды. Сол кезде қараңғылық та түсе бастаған еді, бірақ Иса оларға әлі келмеген болатын.</verse>
				<verse number="18">Қатты соққан желден теңіз алай-түлей күйге түсті.</verse>
				<verse number="19">Ескекті есіп, жиырма бес-отыз стадий жүргеннен кейін, олар көлдің бетімен қайыққа қарай жақындап келе жатқан Исаны көрген кезде, шошып кетті.</verse>
				<verse number="20">Иса оларға: - Бұл-Мен, қорықпаңдар, - деді.</verse>
				<verse number="21">Олар Исаны қайыққа отырғызып алғылары келді, қайық та сол сәтте өздері бағыт алып келе жатқан жағаға келіп тоқтады.</verse>
				<verse number="22">Келесі күні көлдің арғы бетінде жиналған халық сол жерде тек бір қайықтан басқа ешбір қайықтың болмағанын әрі Исаның Өзі шәкірттері мінген қайыққа отырмағанын, сол қайықпен тек қана Оның шәкірттерінің өздері ғана кеткенін көрген болатын.</verse>
				<verse number="23">Сол жерде Тіберия жақтан келген басқа қайықтар да болды. Олар да Иеміз алғыс айтып, ризашылықпен нан жегізген жерге жақын келіп тоқтап жатты.</verse>
				<verse number="24">Осы сәтте әлгі жиналған халық Исаның және Оның шәкіттерінің сол жерде жоқ екенінін көріп, қайықтарына қайта отырып, Исаны іздеп Қапарнаумға келді.</verse>
				<verse number="25">Олар Оны көлдің арғы бетінен тауып алып, Оған: -Ұстаз! (Равви) Сен мұнда қашан келіп алдың? - деді.</verse>
				<verse number="26">Иса оларға: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтайын: сендер Мені тек кереметтерді көргендіктен емес, керісінше, жеген нандарыңа бола, яғни, нан жеп, тойып алған соң ғана іздеп жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="27">Бұзылып, жоқ болатын сол бір тамақ үшін емес, қайта, өздеріңе мәңгілік өмірдің азығы болатын, сендерге Адам Ұлы беретін тамақ үшін еңбектеніңдер, өйткені Құдай Әке Оған мөрін басты, - деді.</verse>
				<verse number="28">Олар Исадан: -Құдайдың ісін атқару үшін, біздің не істеуіміз қажет? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="29">Иса оларға: -Құдайдың ісін атқару деген мынау: Ол Кімді Жіберген болса, Соған сеніңдер, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="30">Бірақ олар: -Сонымен, бізді Өзіңе сендіретін қандай кереметтер көрсетпексің? Оны қалай жасайсың? -деді Оған.</verse>
				<verse number="31">Біздің ата-бабаларымыз шөл далада жүріп нан (манна) жеген, бұл Жазбада қалай жазылған болса, солай орындалды. «Құдай оларға жейтін нанды (маннаны) көктен түсіріп берді», - делінген Жазбада.</verse>
				<verse number="32">Иса оларға: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: сендерге көктен нан берген Мұса емес, шынайы нанды көктен беріп тұрған Менің Әкем болатын.</verse>
				<verse number="33">Себебі көктен түскен Ол-Құдайдың «наны» және осы әлемге өмір беретеін де-Сол, - деді.</verse>
				<verse number="34">Олар Исадан: -Ием, әрдайым сол нанды бізге беріп тұршы! - деп сұрады Одан.</verse>
				<verse number="35">Иса оларға: -Сол өмір наны мына Мен боламын! Маған келген аштық көрмейді және Маған сенген (әркім) ешқашан шөлдемейтін болады, - деді.</verse>
				<verse number="36">Алайда Мен сендерге: «Сендер Мені көріп тұрсыңдар, сонда да сендер Маған сенбейсіңдер», -деген болатынмын.</verse>
				<verse number="37">Әкем Маған кімді берсе, олардың бәрі Маған келетін болады, Маған келгенді Мен сыртқа қумаймын.</verse>
				<verse number="38">Өйткені Мен Өз еркімді орындау үшін емес, тек Мені Жібергеннің еркін орындау үшін көктен түстім.</verse>
				<verse number="39">Бұл Мені Жібергеннің еркіне сай болып тұр, сондықтан Ол Маған бергендердің бәрін Мен жоғалтып алмауым үшін, Мен соңғы күні солардың бәрін қайта тірілтіп аламын.</verse>
				<verse number="40">Өйткені бұл Менің Әкемнің еркіне сай, себебі Оның Ұлын көріп, Оған сенген әркім мәңгілік өмірге ие болуы үшін, соңғы күні Мен оны қайта тірілтетін боламын, -деді.</verse>
				<verse number="41">Яһудейлер Оның: «Мен Көктен түскен «нан» боламын», -деген сөзіне күңкілдей бастады.</verse>
				<verse number="42">Сонда олар былай десті: -Біз мұның әкесін де, шешесін де білеміз, бұл әлгі Жүсіптің ұлы Иса емес пе? Ендеше Ол: «Көктен түскен нам Мен боламын», -деп қалай айтып жүр?</verse>
				<verse number="43">Иса оларға: - Бір - біріңмен дауласпай-ақ қойыңдар!</verse>
				<verse number="44">Мені Жіберген Әкем Өзіне біреуді жақындатып тартпаса, ешкім де Маған келе алмайды, тек сонда Мен оны соңғы күні тірілтіп аламын.</verse>
				<verse number="45">Ал пайғамбарлар Жазбасында: «Бәрі Құдайдан тәлім алып, Одан үйренетін болады», -деп жазылған. Сондықтан Әкеден естігенді үйренгісі келетіндер енді Маған келетін болады.</verse>
				<verse number="46">Өйткені Құдайдың нақты бар екенін Әкемен бірге Болғаннан басқа ешкім де көрген емес, Әкені тек Сол ғана көрген.</verse>
				<verse number="47">Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: кім Оған сенсе, сол мәңгілік өмірге ие болады.</verse>
				<verse number="48">Себебі өмір беретін «нан» мына Мен боламын.</verse>
				<verse number="49">Сендердің ата-бабаларың шөл далада нан (манна) жесе де, олар өлімге душар болды.</verse>
				<verse number="50">Ал осы көктен түскен нанның қасиеті мынау: кім одан жесе, сол өлмейді.</verse>
				<verse number="51">Сондықтан өмір беру үшін көктен түскен нан -мына Мен, егер кімде-кім сол наннан жейтін болса, ол мәңгі өмір сүретін болады. Өйткені Мен Өз тәнімді қиып, оны осы әлемге өмір наны ретінде беремін.</verse>
				<verse number="52">Яһудейлер болса, осы сөзге бола бір-бірімен айтысып: - Ол Өзінің денесін бізге қалай беріп, қалай жегізгелі тұр? -десті.</verse>
				<verse number="53">Сонда Иса оларға: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: егер сендер Адам Ұлының «денесін жемесеңдер», Оның «қанынан ішпесеңдер» онда сендер өз өмірлеріңе өздерің ие бола алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="54">Кім Менің «тәнімді жеп» және Менің «қанымды ішсе», сол мәңгілік өмірге ие болады, Мен оны ақырғы күні қайта тірілтіп аламын.</verse>
				<verse number="55">Сондықтан шынайы тамақ -ол «Менің денем», ал шынайы сусын - ол «Менің қаным».</verse>
				<verse number="56">Менің «тәнімді жеп» және Менің «қанымды ішкен» әркім *Менде өмір сүретін болады, Мен онымен бірге боламын.</verse>
				<verse number="57">Мені жіберген Әке тірі, сондықтан Мен де сол Әкем арқылы өмір сүремін, сол секілді Мені *жеген әркім Мен арқылы өмір сүретін болады.</verse>
				<verse number="58">Бұл Көктен түскен нан сендердің ата-бабаларыңның жеген нанына ұқсамайды, олардың бәрі де қайтыс болды. Бірақ мына нанды кім жесе, сол мәңгі өмір сүреді.</verse>
				<verse number="59">Иса мұны Қапарнаумдағы синагогада тәлім беріп тұрған кезінде айтқан болатын.</verse>
				<verse number="60">Осыны естігеннен кейін, Оның шәкіртерінің көбі: -Мұндай қатал айтылған сөзді кім тыңдайды? - десті.</verse>
				<verse number="61">Иса шәкірттерінің осы туралы өзара күңкілдесіп тұрғанын біліп, оларға: -Осы (айтылған сөз) сендердің жандарыңа батып тұр ма? - деді.</verse>
				<verse number="62">Егер де Адам Ұлының бұрынғы Өзі тұрған жеріне көтеріліп бара жатқанын көрсендер, не болады?</verse>
				<verse number="63">Тек Рух қана тірілте алады, тәннің оған ешқандай да қатысы жоқ. Менің сендерге айтып тұрған сөзімде Рух та, өмір де бар.</verse>
				<verse number="64">Алайда сендердің араларыңдағы кейбіреулерің әлі де сенбейсіңдер, -деді. Өйткені Иса бас кезінен-ақ олардың кейбіреулерінің сенбей жүргенін және кімнің Өзін сатып кетуге дайын екенін білетін.</verse>
				<verse number="65">Ол тағы да былай деді: -Сол үшін де Мен сендерге: «Егер де Менің Әкемнен оған берілмесе, Маған ешкім де келе алмайды», - деп айтқан болатынмын.</verse>
				<verse number="66">Осы кезден бастап, Оның шәкірттерінің көбі кері қайтып кетті, содан кейін Оған жақындаған жоқ.</verse>
				<verse number="67">Исаның қасында Оның тек он екі шәкірті ғана қалды, сонда Иса оларға: -Сендердің де кеткілерің келе ме? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="68">Сонда Петр Оған: -Ием, біз кімге барамыз? Сенің айтқан сөздеріңде мәңгілік өмір бар.</verse>
				<verse number="69">Біз соған сенеміз және Құдайдан келген Киелі тек Сенің Өзің екеніңді білдік, - деді.</verse>
				<verse number="70">Иса оларға: -Осы он екіңді Мен таңдап алған едім, алайда араларыңдағы біреуің сайтанның жетегінде жүрген жоқ па? - деді.</verse>
				<verse number="71">Ол Шимон ұлы Яһуда Исқариот туралы айтқан еді, ол Оның он екі шәкіртінің бірі болса да, Исаны ұстап беруге дайындалып жүрді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса Ғалилея аймағын аралап кетті, өйткені яһудейлер Оны өлтірмек болып іздей бастаған еді, сол үшін Ол Яһудея аймағында жүргісі келмеді.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде яһудейлердің Күрке тұрғызу атты мейрамын тойлайтын мерзімі таяп қалған болатын.</verse>
				<verse number="3">Оның бірге туған бауырлары Исаға: -Өзіңнің жасаған істеріңді шәкірттерің көрсін десең, Сен бұл жерді тастап, Яһудея аймағына бар.</verse>
				<verse number="4">Өйткені (белгілі болу үшін) өзінің істейтін ісін ешкім жасырын істемейді, керісінше, өзін ашық көрсетуге тырысады. Егер солай істейтін болсаң, Сен Өз-Өзіңді осы әлемге көрсететін боласың - деді.</verse>
				<verse number="5">Оның Өз бауырлары да Оған сенбейтін.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иса оларға: -Маған берілген уақыт әлі келген жоқ, ал сендерге кез-келген уақыт тиімді.</verse>
				<verse number="7">Сендерді осы әлем жеккөрмейді, Мені жеккөреді, себебі Мен оның істеген істерінің зұлымдыққа толы екенін дәлелдеп, сол жайында куәлік айтып жүрмін.</verse>
				<verse number="8">Мейрамға өздерің бара беріңдер, Мен бұл мейрамға бармаймын, өйткені Менің уақытым әлі келген жоқ, -деді.</verse>
				<verse number="9">Осылай деп, Ол Ғалилеяда қалып қойды.</verse>
				<verse number="10">Алайда Оның бауырлары * мейрам болып жатқан жерге жетті-ау деген кезде, Исаның Өзі де өрлеп, мейрам болып жатқан жерге ешкімнің көзіне түспей, жасырын келді.</verse>
				<verse number="11">Алайда яһудейлер сол мейрамда Исаның да болуы тиіс деген оймен: - Ол қайда жүр? - деп Оны іздей бастады.</verse>
				<verse number="12">Сол кезде Ол туралы халықтың арасында әр түрлі қаңқу сөздер пайда бола бастады, біреулері Оны: «Жақсы адам екен», -десе, басқалары: «Жоқ, олай емес», -дейтін. Ал басқалары: «Ол халықты бекерге алдап жүр», -дегенді айтатын.</verse>
				<verse number="13">Бірақ та көбі яһудейлерден қорыққандықтан, ешкім Ол туралы ашық айта алмады.</verse>
				<verse number="14">Мейрамның бірінші жартысы өтіп, ортасына жеткенде, Иса ғибадатханаға барып, тәлім бере бастады.</verse>
				<verse number="15">Сонда яһудейлер: -Бұл Жазбаны оқуды үйренбей жатып, оны қалай жақсы біледі? - деп таңғалды.</verse>
				<verse number="16">Сол кезде Иса оларға: -Менің үйретіп жүрген тәлімім Менікі емес, ол - тек Мені Жібергеннің тәлімі.</verse>
				<verse number="17">Егер біреудің Оның еркін орындағысы келетін қалауы болса, онда осы тәлімнің Құдайдан келгенін немесе Мен оны Өз атымнан айтып тұрғанымды ол білетін болады.</verse>
				<verse number="18">Қара басының атақ-даңқын іздеуші тек өз атынан ғана сөйлейді, ал нағыз шындық Оны Жібергеннің атақ-даңқын іздеушіде және Оның әрбір ісінде әділетсіздік болған емес.</verse>
				<verse number="19">Сендерге Заңды Мұса берді емес пе? Алайда сол Заңды ешкім де орындап жүрген жоқ. Сендер Мені не үшін өлтірмек болып іздеп жүрсіңдер? - деді.</verse>
				<verse number="20">-Сені жын соққан ба? Кім Сені өлтірмек болып іздеп жүр? - деді Оған халық.</verse>
				<verse number="21">Иса оларға: -Мен бір іс жасадым, соған бәрің таңданып жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="22">Басында Мұса сендерге сүндеттеуді берген кезде, Мұса оны өз атынан емес, ата-бабалардан қалған аманат ретінде берді, сондықтан сендер адамды сенбі күні де сүндеттей бересіңдер.</verse>
				<verse number="23">Егер де сол Мұсаның Заңы бұзылмасын деген оймен адам сенбі күні сүндеттеуден өтетін болса, онда сендер неге Менің сол сенбі күні бір адамды сауықтырғаныма қарсы болып, не үшін Маған ашуланып жүрсіңдер?</verse>
				<verse number="24">Егер соттайтын болсаңдар, онда сыртқы бет-әлпетке қарап емес, әділетті жолмен соттаңдар, - деді.</verse>
				<verse number="25">Сол арада Ерусәлімнен келгендердің кейбіреулері: -Әлгі өлімге кесіліп, өлтіруге іздеп жүргендері Осы емес пе? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="26">-Байқайсың ба, Ол ашық сөйлеп тұр және олар Оған ештеңе де айта алмайды. Сонда басшылардың, шынымен де, Оның Мәсіх екенін білгені ме?</verse>
				<verse number="27">Алайда біз Мұның қай жақтан екенін білеміз ғой. Ал Мәсіх келетін кезде Оның қай жақтан келгенін ешкім де білмейді, - десті.</verse>
				<verse number="28">Міне, сол кезде ғибабатханада тәлім беріп тұрған Иса қатты дауыстап: -Иә, Менің кім екенімді біледі екенсіңдер?! Менің қай жақтан келгенімді де білесіңдер! Ал Мен Өз бетіммен келген жоқпын. Мені Ақиқаттың Өзі жіберді, Ол-Шындық, ал сендер Оны білмейсіңдер.</verse>
				<verse number="29">Мен Оны білемін, себебі Мен Оның атынан келіп тұрмын, Мені жіберген Соның Өзі! - деді.</verse>
				<verse number="30">Осы сөздер айтылған соң, олар Исаны ұстап алудың жолын іздестіре бастады, бірақ Оған ешкім қол көтермеді, өйткені Оның уақыты әлі келген жоқ болатын.</verse>
				<verse number="31">Халықтың көпшілігі Оған сене бастады, сонда олар: -Мәсіх келген кезде, Мынаның жасағанынан да үлкен кереметтерді жасайды деп ойлайсың ба? - десті.</verse>
				<verse number="32">Фарисейлер халықтың Иса туралы осылай деп жүргендерін естіген соң, бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер бірігіп, өздерінің қызметкерлеріне Исаны ұстап алып келуге жіберді.</verse>
				<verse number="33">Сол кезде Иса: -Енді Мен аз уақыт қана сендермен бірге боламын, содан кейін Өзімді Жібергенге қайтадан барамын.</verse>
				<verse number="34">Мені іздейтін боласыңдар, бірақ Мені таба алмайсыңдар және Мен барған жерге сендер келе алмайсыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="35">Сонда яһудейлер бір-бірінен: -Біз Оны таба алмайтындай, Ол қай жаққа кетпек болып дайындалып жүр? Анау бытырап кеткен гректерге барып, соларға тәлім берейін деп жүр ме?</verse>
				<verse number="36">«Мені іздейтісіңдер, бірақ Мені таба алмайсыңдар, ал Мен барған жерге сендер келе алмайсыңдар» деген сөзінде қандай мағына жатыр? - десті.</verse>
				<verse number="37">Бұл үлкен мейрамның соңғы күні болатын, сонда Иса қатты дауыстап тұрып: -Егер де кімде-кім шөлдейтін болса, Маған келсін, Менен ішіп, шөлін бассын.</verse>
				<verse number="38">Себебі: «Кім Маған сенсе, оның ішкі жан дүниесінен тірі су өзен болып ағады», -деп Жазбада айтылған сөз орындалады, - деді.</verse>
				<verse number="39">Иса осы кезде Өзіне сенетіндердің Рухты қабылдауға дайын болуы қажет екені жайында айтты, өйткені Иса Өзінің даңқына әлі бөленбегендіктен, Рух әлі берілмеген болатын.</verse>
				<verse number="40">Халықтың арасында тұрып, осы сөзді естіген кейбіреулер: - Бұл - нағыз пайғамбар! - десті.</verse>
				<verse number="41">Басқалары болса: -Бұл -Мәсіх! -десті. Ал өзге біреулері: - Мәсіх осы Ғалилеядан келуші ме еді?</verse>
				<verse number="42">Өйткені Жазбада Мәсіх Дәуіттің ұрпағы болғандықтан, Дәуіттің аулынан, яғни, Бетлехемнен келуіге тиіс деп айтылған жоқ па? - десті.</verse>
				<verse number="43">Осылайша халықтың арасында Ол туралы өзара айтыс -тартыс туындап, арты ұрыс-керіске айналып кетті.</verse>
				<verse number="44">Тіпті, олардың арасында жүрген кейбіреулері Оны ұстап та алмақшы болды, алайда Оған ешкім қол көтере алмады.</verse>
				<verse number="45">Осыдан кейін әлгі көмекші қызметшілер өздерін жіберген бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлерге қайтып келді. -Сендер неге Оны алып келмедіңдер? -деді олар.</verse>
				<verse number="46">Көмекші қызметшілер: -Бірде-бір адам ешқашан дәл солай сөйлеген емес? - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="47">Фарисейлер оларға: -Сендер де алданып қалғансыңдар ма? - деді.</verse>
				<verse number="48">-Мына басшылардың арасында, не болмаса фарисейлердің арасында Оған сенген біреу бар ма?</verse>
				<verse number="49">-Мына халық Заңды білмейді, сондықтан оларды қарғыс атқан! - деді.</verse>
				<verse number="50">Сол кезде олардың қатарында болған және осыдан біраз бұрын Исаға келіп кеткен Нікөдем:</verse>
				<verse number="51">-Біздің Заңымыз бойынша, алдымен, адамның не істеп, не қойғаны туралы естіп, біліп алмай, оны соттауға бола ма? - деді.</verse>
				<verse number="52">Сол жерде тұрғандар оған: -Сен де сол Ғалилея аумағынан емессің бе? Дұрыстап зерттеп қара! Ғалилеядан пайғамбардың шығуы мүмкін емес! - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="53">Сөйтіп, әркім үйлеріне тарап кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Иса зәйтүн тауына қарай кетті.</verse>
				<verse number="2">Ол таңертең ерте ғибадатханаға қайтып келді, сол жерде отырып, Өзіне келген халықтың бәріне тәлім берді.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Таурат Заңын зерттеушілер мен фарисейлер неке адалдығын бұзып жатқан жерінен ұсталған бір әйелді алып келді, оны ортаға тұрғызып қойып,</verse>
				<verse number="4">Оған: -Ұстаз, мына әйел неке адалдығын бұзып жатқан сәтте ұсталды!</verse>
				<verse number="5">Мұсаға берілген Заңда осындайларды таспен атқылап ұруды бұйырған, ал Сен бұған не айтасың? - деді.</verse>
				<verse number="6">Олар Оны әдейі айыптап, сынау үшін осылай деді. Иса төмен қарап, еңкейген күйі жерге саусағымен жазып отыра берді.</verse>
				<verse number="7">Олар бұл туралы Исадан сұрап қоймаған соң, Ол бір кезде басын көтеріп: -Араларыңдағы біреуің ешқандай күнәсіз болса, сол бірінші болып осы әйелге тас лақтырсын, -деді.</verse>
				<verse number="8">Сосын Ол қайтадан төмен қарап, жерге жаза бастады.</verse>
				<verse number="9">Осы сөзді естігеннен кейін олар үлкендерінен бастап, бірінен соң бірі сыртқа шығып кетті. Ақырында тек Исаның Өзі қалды, ал ортада болған әйел сол қалпында тұра берді.</verse>
				<verse number="10">Сонда Иса басын көтеріп, әлгі әйелге: -Оу, әйел! Әлгілер қайда кетті? Олардың ешқайсысы саған айып таққан жоқ па? - деді.</verse>
				<verse number="11">-Ешқайсысы да, Ием! -деді әйел. Иса оған: -Онда Мен де саған айып тақпаймын, енді бұдан былай күнә жасаушы болма! - деді.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін Иса оларға (халыққа) тағы да мынаны айтты: -Мен Осы әлемге жарықпын, Менің артымнан кім ерсе, сол қараңғыда жүрмейді, керісінше, оның өмірі жарық болады, - деді.</verse>
				<verse number="13">Оған фарисейлер: -Сенің берген куәлігің тек Өзің туралы ғана айтады, сондықтан Сенің куәлігің шындыққа сай келмейді, - деді.</verse>
				<verse number="14">Сонда Иса оларға: -Егер де Мен куәлікті тек Өзіме байланысты айтып тұрсам, онда Менің куәлігім -шындық, өйткені Мен қайдан келгенімді де, қайда баратынымды да білемін, ал сендер Менің қайдан келгенімді де, қайда баратынымды да білмейсіңдер.</verse>
				<verse number="15">Сендер тек тәндік көзқараспен соттап тұрсыңдар, ал Мен ешкімді соттамаймын.</verse>
				<verse number="16">Егер де Мен соттайтын болсам, онда менің сотым шынайы болады, себебі Мен жалғыз емеспін, Мен Өзімді жіберген Әкеммен* біргемін.</verse>
				<verse number="17">Негізінде, сендердің Заңдарыңда екі адам бірігіп куәлік берсе, сол нағыз шындыққа жатады деп жазылған.</verse>
				<verse number="18">Менің Өзіме берген куәлігіммен қатар, Мені жіберген Әкенің де Мен туралы беретін куәлігі бар, - деді.</verse>
				<verse number="19">Сонда олар Исаға: -Сенің сол Әкең қайда жүр? -десті. Иса оларға: -Сендер Мені де, Менің Әкемді де білмейсіңдер, егер де сендер Мені білген болсаңдар, онда Менің Әкемді де білер едіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="20">Иса осы сөздерді оларға ғибадатхананың қазына қоймасының жанында тұрып, тәлім берген кезінде айтқан болатын. Алайда Оны ешкім ұстап алуға тырыспады, өйткені Оның уақыты әлі келген жоқ болатын.</verse>
				<verse number="21">Сол кезде Иса оларға тағы да: -Мен кетемін, сендер Мені іздейсіңдер және сендер өз күнәларыңды өздерің арқалап өлесіңдер. Сендер Мен баратын жаққа келе алмайсыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="22">Сонда яһудейлер: «Мен баратын жаққа сендер келе алмайсыңдар», -дегені қалай? -Сонда Ол Өзін-Өзі өлтірме ме? - десті.</verse>
				<verse number="23">Иса оларға: -Сендер -төмендегі жерденсіңдер, Мен -жоғарыдағы Көктенмін. Сендер осы әлемнен боласыңдар, Мен осы әлемнен емеспін.</verse>
				<verse number="24">Міне, сондықтан Мен: «Сендер өз күнәларыңды өздерің арқалап жүріп өлесіңдер», -деп айтқан болатынмын. Егер де сендер Менің нағыз Сол екеніме сенбесеңдер, онда сендер күнәларыңды арқалап өлесіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="25">Олар Исаға: -Сен Өзің кімсің? -деді. Сонда Иса оларға былай деді: -Сендерге ең басында сол туралы айтпадым ба?</verse>
				<verse number="26">Мен сендер жайында көп нәрсе айта аламын және соттасам да болады. Алайда Мені Жіберген-нағыз шындықтың Өзі, сондықтан Мен Одан не естісем, Мен соны осы әлемге айтып жүрмін.</verse>
				<verse number="27">Алайда олар Исаның Өзінің Әкесі туралы айтып тұрғанын білген жоқ.</verse>
				<verse number="28">Иса сонда да оларға: -Адамның Ұлын жоғары тік көтеріп қойған кезде, Менің нағыз Соның Өзі екенімді және Менің Өздігімнен еш нәрсе істемейтінімді, Әке Мені қалай үйретсе, соны ғана айтып жүргенімді білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="29">Мені Жіберген Менімен бірге, Ол Мені жалғыз қалдырған жоқ, өйткені Мен әрқашан да Оның ұнатқан нәрсесін істеп жүрмін, - деді.</verse>
				<verse number="30">Иса осыны айтқан кезде, Оған көпшілігі сенді.</verse>
				<verse number="31">Өзіне сенген яһудейлерге Иса: -Егер Менің сөзімді ұстанып, сонымен жүретін болсаңдар, онда сендер Менің шынайы шәкірттерім болғандарың.</verse>
				<verse number="32">Енді шындықты танып -білетін болсаңдар, сол шындық сендерді азат ететін болады, - деді.</verse>
				<verse number="33">Олар Исаға: -Біз-Ыбырайымның ұрпағымыз және ешкімге еш уақытта құл болған емеспіз! Сен бізге неден «азат боласыңдар» деп айтып тұрсың? - деді.</verse>
				<verse number="34">Иса оларға: -Сендерге шындықты айтайын: кім күнә жасаса, сол - күнәнің құлы.</verse>
				<verse number="35">Ал құл үйде мәңгі қалмайды, үйде тек ұл ғана мәңгі қалады.</verse>
				<verse number="36">Сондықтан сендерді тек Ұл азат етсе ғана азаттыққа шығасыңдар.</verse>
				<verse number="37">Сендердің Ыбырайымның ұрпағы екендеріңді білемін. Алайда сендер Мені өлтірмек болып, сол үшін іздеп жүрсіңдер. Оның себебі сендер Менің айтқан сөздеріме жүректеріңнен орын бермедіңдер.</verse>
				<verse number="38">Мен тек Әкеден көргенімді айтып жүрмін, сендер де Әкеден не естісеңдер, дәл солай істеңдер, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="39">Олар Исаға: -Бізге тек Ыбырайым ғана Әке болған, -деді. Иса оларға: -Егер сендер Ыбырайымның балалары болсаңдар, онда Ыбырайымның жасағандарын істер едіңдер.</verse>
				<verse number="40">Бірақ сендер Құдайдан естіген шындықты өздеріңе айтып жеткізген мына Мені өлтірмек болып іздеп жүрсіңдер. Мұндай нәрсені Ыбырайым істеген жоқ.</verse>
				<verse number="41">Сендер тек өз әкелеріңнің жасаған істерін ғана орындап жүрсіңдер, -деді. -Біз некесіз туғандар емеспіз! -деді олар Оған. - Біздің бір ғана Әкеміз бар, Ол-Құдай!</verse>
				<verse number="42">Сонда Иса оларға: -Егер Құдай сендердің Әкелерің болса, онда сендер мына Мені сүйер едіңдер, себебі Құдайдан шыққан да, келген де-Мен, Мен Өз бетіммен келген жоқпын, Мені жіберген - Соның Өзі.</verse>
				<verse number="43">Сендер Менің сөздерімді не үшін түсіне алмай тұрсыңдар? Өйткені сендер Менің сөздерімді ден қойып, тыңдамадыңдар.</verse>
				<verse number="44">Сендердің әкелерің -сайтан. Міне, сондықтан сендер сол әкелеріңнің қалауын орындағыларың келеді. Ал ол болса, әуел бастан адам өлтіруші болған әрі шындыққа да тұрақты емес, өйткені онда шындық деген жоқ. Ол айтатын өтіріктерін әрқашан өзіне лайықты етіп жеткізеді, сондықтан ол-нағыз өтірікші және өтіріктің әкесі.</verse>
				<verse number="45">Мен тек шындықты айтамын, сонда да Маған сенбейсіңдер.</verse>
				<verse number="46">Араларыңдағы кім Мені күнә жасадың деп әшкерелей алады? Егер де Менің айтқанымды шындық деп қабылдасаңдар, онда не үшін Маған сенбейсіңдер?</verse>
				<verse number="47">Кім Құдайдан болса, сол Құдайдың айтқанын тыңдайды. Ал сендер Құдайдан емессіңдер, сондықтан сендер тыңдай алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="48">Сонда яһудейлер Оған: -Сен -самариялықсың және бойыңда сайтаның бар деп айтқанымыз дұрыс емес пе? -деді.</verse>
				<verse number="49">Иса былай деп жауап қатты: -Менде сайтан жоқ. Бірақ Мен Өз Әкемді құрметтеймін, сендер Мені қорлап, абыройымды төктіңдер.</verse>
				<verse number="50">Мен Өз даңқымды Өзім іздемеймін, алайда Іздеушім де Соттаушым да - Сол.</verse>
				<verse number="51">Сендерге шындықты айтып тұрмын: кімде-кім Менің сөзімді сақтайтын болса, сол өлімнің дәмін татпай, мәңгілік өмірге өтеді, - деді.</verse>
				<verse number="52">Сонда яһудейлер Оған: -Сенде сайтанның бар екенін енді білдік. Ыбырайым да өлді, пайғамбарлар да өлді. Сен: «Егер де кімде-кім Менің сөзімді сақтайтын болса, сол өлімнің дәмін татпай, мәңгілікке өтеді», - дейсің.</verse>
				<verse number="53">Сен сонда өліп болған біздің әкеміз Ыбырайымнан да үлкенсің бе? Пайғамбарлар да өліп қалған. Сонда Сен Өзіңді кіммін деп санап тұрсың? - деді.</verse>
				<verse number="54">Иса оларға былай деп жауап берді: -Егер де Мен Өз даңқыма Өзімді бөлейтін болсам, онда Менің даңқым түкке тұрғысыз болар еді. Менің Әкем бар, Мені даңққа бөлейтін -Сол. Ал сендер Оны: «Біздің Құдайымыз», -деп айтасыңдар.</verse>
				<verse number="55">Алайда сендер Оны не танымайсыңдар, не білмейсіңдер. Мен Оны білемін. Егер де Мен Оны білмеймін десем, онда Мен сендер сияқты өтірікші болар едім. Бірақ Мен Оны білемін, сондықтан да Мен Оның сөзін орындап, сақтап жүрмін.</verse>
				<verse number="56">Сендердің әкелерің -Ыбырайым Менің осы күнімді көргісі келген, сол үшін ол шаттанған еді, міне, ол сол күнді көрді, қуанды.</verse>
				<verse number="57">Сонда яһудейлер Оған: -Жасың әлі елуге де келген жоқ, сонда Сен Ыбырайымды өз көзіңмен көрдің бе? -деді.</verse>
				<verse number="58">Иса оларға: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: Ыбырайым әлі тумай тұрып, Мен бар болатынмын! -деді.</verse>
				<verse number="59">Сонда олар тас алып, Исаға лақтырмақ болғанда, Ол көзге көрінбей, ғибадатханадан шығып кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Бірде Иса кетіп бара жатып, дүниеге зағип болып туылған бір адамды көреді.</verse>
				<verse number="2">Сонда Исаның шәкіттері: -Равви, (Ұстаз) оның осылай соқыр болып туғанына кім кінәлі? Оның өзі ме әлде ата -анасы ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="3">Иса: -Оның өзі де, оның ата -анасы да еш күнә жасаған жоқ, алайда осы арқылы мына әлемге Құдайдың ісі паш етілетін болады.</verse>
				<verse number="4">Мені Жібергеннің істерін күндіз, яғни, жарықта жасап алу-біздің мақсатымыз. Түн болған кезде ешкім ештеңе де істей алмайды.</verse>
				<verse number="5">Мен осы әлемде болсам, сонда ғана Мен осы әлемге жарық бола аламын, - деді.</verse>
				<verse number="6">Осылай деген соң, Ол жерге түкірді де, түкірігінен балшық жасап, балшықты оның көзіне жақты. Оған:</verse>
				<verse number="7">-Енді Силоғам хауызына барып, жуып кел! -деді. (Силоғам «Жіберілген» деп аударылады). Әлгі соқыр адам барды да, көзіндегі балшықты жуып, содан көзі көретін болып қайтып келді.</verse>
				<verse number="8">Оның көршілері және көзі көрмегендіктен қайыр сұрап жүретінін бұрыннан білетіндер: -Мынау қайыр тілеп отыратын еді ғой, соның өзі емес пе? - десті.</verse>
				<verse number="9">Енді біреулері: -Бұл-соның өзі, -десе, ал кейбіреулері: -Бұл ол емес, тек соған ұқсас біреу, -десті. Сонда сауыққан адамның өзі: - Мен - соның өзімін, - деді.</verse>
				<verse number="10">-Сенің көзің қалайша ашылып, көріп кетті? -деді олар.</verse>
				<verse number="11">-Иса есімді Адам балшық жасап, менің көзіме жақты да: «Силоғам хауызына бар да, жу!» -деді. Мен сонда барып жудым, содан кейін көзім көретін болды, -деп жауап берді ол. Олар:</verse>
				<verse number="12">-Оның Өзі қайда? -деді оған. -Білмеймін, -деп жауап берді ол.</verse>
				<verse number="13">Содан кейін олар бұған дейін зағип болған әлгі адамды фарисейлерге алып барды.</verse>
				<verse number="14">Себебі Иса балшық жасап, сенбі күні оның көзін ашқан болатын.</verse>
				<verse number="15">Сонда фарисейлер оның көзінің қалай көріп кеткені жайында тағы да сұрай бастады. Әлгі адам оларға: -Ол балшық жасап, менің көзіме жақты, сосын мен барып жудым, содан кейін көріп кеттім, - деді.</verse>
				<verse number="16">Алайда фарисейлердің арасынан кейбіреулері: -Бұл адам Құдайдан емес, өйткені ол сенбі күнінің тәртібін орындаған жоқ, -десе, басқалары: -Күнәкар адам осындай кереметтерді қалай жасай алады? -десті. Бұдан соң олар бір-бірімен айтысып кетті.</verse>
				<verse number="17">Олар тағы да әлгі зағип болған адамға: -Ол сенің көзіңді ашып берді, сен енді көресің, Ол туралы өзің не айтасың? -деді. Сонда ол: -Ол -Пайғамбар! -деп жауап берді оларға.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, яһудейлер оның бұрын зағип болғанына да, оның көзінің енді көретініне де сенбеді. Сондықтан олар біраз уақыт өткен соң, басында зағип болып туған, кейін көзі ашылған әлгі адамның ата-анасын шақырып алып, олардан:</verse>
				<verse number="19">-Сендердің туғанда соқыр болып туылған деген ұлдарың осы емес пе? Енді бұл қалай көретін болып кетті? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="20">-Бұл -біздің ұлымыз, -деді оның ата-анасы, -ол туғанда зағип болып туылған, біз соны ғана білеміз.</verse>
				<verse number="21">Қазір енді оның қалай көріп кеткені жайында біз еш нәрсе білмейміз. Біз оның көзін кімнің ашып бергенін де білмейміз. Оны өзінен сұраңдар, өйткені ол кәмелеттік жасқа толған, сондықтан өзі айтып берсін, - деді.</verse>
				<verse number="22">Оның ата-анасының осылай айтуының себебі бар, өйткені олар яһудейлерден қорқатын. Себебі яһудейлер алдын ала: «Егер де кімде-кім Оны Мәсіх деп мойындайтын болса, біз сол адамды сиангогадан шығарып жібереміз», -деп өзара келісіп алған болатын.</verse>
				<verse number="23">Сол себептен де оның әке шешесі: «Ол кәмелеттік жасқа келді, оның өзінен сұраңдар», - деді.</verse>
				<verse number="24">Осыдан кейін олар әлгі бұрын зағип болған адамды екінші рет шақыртып алып, оған: -Мадақты Құдайға беретін бол! Біз Ол адамның күнәкар екенін білеміз, -деді.</verse>
				<verse number="25">Әлгі адам: -Ол күнәкар ма, жоқ па, мен ол жағын білмеймін. Менің білетінім: мен бір кезде соқыр едім, енді, міне, қазір көретін болдым! - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="26">Сонда олар тағы да сұрап қоймады: -Ол саған не істеді? Ол сенің көзіңді қалай ашты?</verse>
				<verse number="27">-Мен сендерге бәрін айтып бердім, ал сендер мені тыңдап тұрған жоқсыңдар. Сол жайында тағы да тыңдағыларың келіп тұр ма? Әлде сендер де Соның шәкірті болайын деп жүрсіңдер ме? - деп сұрақ қойды ол.</verse>
				<verse number="28">Олар оны жәбірлеп: -Мына сен -Оның шәкіртісің! Біз -Мұсаның шәкірттеріміз!</verse>
				<verse number="29">Құдайдың тек Мұсамен ғана сөйлескенін біз білеміз, ал Мына Адамның қай жақтан келгенін біз білмейміз, -деді.</verse>
				<verse number="30">-Оның қайдан келгенін мына сендердің білмейтіндерің таңқаларлық жағдай екен! -деді әлгі адам оларға. -Ол менің соқыр көзімді ашты.</verse>
				<verse number="31">Күнәкар адамдарға Құдайдың құлақ түрмейтінін білеміз, ал кімде-кім Құдайды қастерлеп, Оның еркін орындайтын болса ғана Құдай оған құлақ түреді.</verse>
				<verse number="32">Осы уақытқа дейін тарихта туғаннан соқыр болған адамның көзін біреу ашты дегенді ешкім естіген жоқ.</verse>
				<verse number="33">Егер де Ол Құдайдан болмаса, Ол ешнәрсе де істей алмайтын еді! - деді.</verse>
				<verse number="34">-Сен туған кезден бастап, бүкіл тұла бойың тұнған күнәкар болып туылған адамсың, -деді оған яhудейлер, -сонда да бізді үйретейін дедің бе? -деп оны сыртқа қуып шықты.</verse>
				<verse number="35">Алайда Иса яһудейлердің сол зағип болған адамды қуып шыққанын естіп, оны тауып алды да: -Сен Адам Ұлына сенесің бе? - деді.</verse>
				<verse number="36">-Ием, мен Оған сенетіндей сонда Ол Кім? -деп ол сұрады.</verse>
				<verse number="37">-Сен Оны көрдің ғой, -деді Иса оған, -мына сенімен сөйлесіп тұрған - Соның Өзі, - деді.</verse>
				<verse number="38">Сонда ол: -Сенемін, Ием! -деді де, Оған иіліп, тағзым етті.</verse>
				<verse number="39">Сол кезде Иса: -Мен осы әлемді соттауға келдім, сондағы мақсатым: көре алмағандар көрсін, ал көретіндер соқыр болсын деп келдім, - деді.</verse>
				<verse number="40">Оның қасында тұрған фарисейлердің кейбіреулері осы сөзді естіп қалды да, Оған: -Не? Біз де соқырмыз ба? -деді.</verse>
				<verse number="41">Иса оларға: -Егер соқыр болсаңдар, күнәнің бар екенін көрмейтін едіңдер. «Көріп тұрмыз», -деп айтқандарыңа бола, күнә алынбайды, сендерде қалады, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: егер де кім қой қораға есіктен емес, басқа жақтан кірсе, онда ол-ұры әрі қарақшы.</verse>
				<verse number="2">Ал кім қой қораға есіктен кірсе, тек сол ғана нағыз бағушы бола алады.</verse>
				<verse number="3">Күзетші де есікті тек оған ғана ашып береді, қойлары Оның даусын естиді. Себебі отардың Иесі өз қойларының атын атап шақырып, оларды сыртқа ертіп шығады.</verse>
				<verse number="4">Ол қойларын шығарған соң, олардың алдында жүріп отырады. Қойлар тек оның ғана соңынан ереді, өйткені қойлар оның даусын таниды.</verse>
				<verse number="5">Олар бөтен біреудің соңынан ермейді, керісінше, одан қашып кетеді, өйткені бөтен дауысты олар танымайды, -деді.</verse>
				<verse number="6">Иса оларға осы бір астарлы әңгімені айтып берді. Алайда олар Оның не жайында айтқанын түсінбеді.</verse>
				<verse number="7">Осыдан кейін Иса оларға тағы да: -Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: Мына Мен-қойлар кіретін «есікпін».</verse>
				<verse number="8">Ал Маған дейінгі келгендердің бәрі ұрылар мен қарақшылар болатын, сондықтан қойлар оларды естіген жоқ.</verse>
				<verse number="9">Мен -«есікпін». Кімде-кім Мен арқылы кірсе, сол құтқарылады және кіріп - шығып, жайылым табады.</verse>
				<verse number="10">Ұры қойларды тек ұрлап, оларды сойып, құрту үшін келеді. Ал Мен олар өмірге ие болсын және олардың өмірі ағыл-тегіл мол болсын, - деп келдім.</verse>
				<verse number="11">Мен -ізгі бағушымын, себебі тек ізгі бағушы ғана өзінің қойлары үшін жанын (өлімге) қияды.</verse>
				<verse number="12">Жалданушы бағушы бола алмайды, ол қойлардың иесі емес. Ол қойға қасқырдың жақындап келгенін көрген сәтте-ақ, оларды тастап, қашып кетеді. Сонда қасқыр қойларға шауып, оларды бытыратып жібереді.</verse>
				<verse number="13">Өйткені ол жалданушы болғандықтан, қойлардың қамын ойламайды.</verse>
				<verse number="14">Мен-ізгі бағушымын, Мен өз қойларымды білемін, олар Мені біледі.</verse>
				<verse number="15">Әке Мені қалай білетін болса, Мен де дәл солай Әкені білемін. Мен сол қойлар үшін жанымды қиямын.</verse>
				<verse number="16">Бұл қораға қатысы жоқ басқа да қойларым бар. Мен оларды алып келуге тиіспін, олар да Менің даусымды еститін болады, сонда бәрі бір бағушыға тиісті отарға айналады.</verse>
				<verse number="17">Мен Өзіме қайтадан қайтарып алу үшін, жанымды қиямын, сол үшін де Әкем Мені сүйеді.</verse>
				<verse number="18">Оны Менен ешкім де тартып ала алмайды, алайда Мен оны Өз еркіммен қиямын. Менде оны қиятын да, оны қайтадан қайтарып алатын да билік бар. Бұл өсиетті Мен Өзімнің Әкемнен алдым, - деді.</verse>
				<verse number="19">Осы сөздерден кейін яһудейлердің арасында тағы да дау туды. Көп адамдар былай деді:</verse>
				<verse number="20">-Оны сайтан билеп тұр, Оны неге тыңдайсыңдар? -десе, басқалары:</verse>
				<verse number="21">-Мұндай сөздерді сайтанның билігінде жүргендер айта алмайды. Соқырдың көзін сайтан аша ала ма? - десті.</verse>
				<verse number="22">Осы кезде Иерусалимде Жаңару мейрамы өтіп жатқан болатын, бұл қыс мезгілі еді.</verse>
				<verse number="23">Бұл кезде Иса Сүлейменнің ғибадатханасына кіретін жерде орналасқан төбесі жабық алаңда жүрген болатын.</verse>
				<verse number="24">Міне, сол жерде яһудейлер Исаны қоршап алды да, Оған: -Сен қашанға дейін біздің жанымызды қинайсың? Егер Сен Мәсіх болсаң, бізге оның ашығын айт! - деді.</verse>
				<verse number="25">Иса оларға: -Мен сендерге айттым, сендер сенбедіңдер. Мен жасап жүрген істерімді Әкемнің атынан орындап жүрмін, осы істер Менің Кім екенімді растап, дәлеледейді.</verse>
				<verse number="26">Бірақ сендер Маған сенбейсіңдер. Себебі сендер Менің отарымнан емессіңдер.</verse>
				<verse number="27">Менің даусымды тек Менің қойларым ғана естиді, себебі Мен оларды білемін, олар Менің артымнан еріп отырады.</verse>
				<verse number="28">Мен мәңгілік өмірді тек соларға ғана беремін, сонда олар өлмей, мәңгі өмір сүретін болады және ешкім де оларды Менің қолымнан тартып ала алмайды.</verse>
				<verse number="29">Себебі бәрі Маған берілген, алайда Менің Әкемнің мәртебесі бәрінен де жоғары. Сондықтан ешкім де Әкемнің қолындағы нәрсені тартып ала алмайды.</verse>
				<verse number="30">Мен және Әкем - біртұтаспыз, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="31">Осыдан кейін яһудейлер тас алып келіп, Оны таспен атқыламақ болады.</verse>
				<verse number="32">Иса оларға: -Мен Әкемнің істеген істерінің жақсы екенін сендердің көбіңе көрсеттім, енді сол істердің қайсысына бола, сендер Мені таспен атқыламақсыңдар? -деді.</verse>
				<verse number="33">Яһудейлер: -Сенің істеген жақсы істеріңе бола емес, Сен Құдайды қорлап тұрсың, міне, сол үшін біз Сені таспен ұрмақ болып тұрмыз. Өйткені Сен-адамсың, бірақ Сен Өзіңді Құдаймен теңестіріп тұрсың! -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Иса оларға: -Сендердің Заңдарыңда: «Сендер Менің айтқаныма сай құдай боласыңдар!» -деп жазылған жері бар емес пе?</verse>
				<verse number="35">Сонымен, егер Құдайдың сөзі арқылы пайда болғандарға, яғни, соларға «сендер құдайсыңдар» деп айтылған болса, онда сол жазылған Жазбаның күші жойылмайды.</verse>
				<verse number="36">Әкенің Өзі киелі етіп (осы әлемге) жіберді. «Құдайдың осы әлемге жіберген Ұлы мына Мен боламын», -деп айтқаным үшін, Маған Құдайды қорладың деп айтып тұрсыңдар ма?</verse>
				<verse number="37">Егер де Мен Әкемнің істерін орындамай жүрсем, онда Маған сенбеңдер.</verse>
				<verse number="38">Егер де Менің жасаған істеріме сенбесеңдер, онда істеліп жатқан істерге сеніңдер! Міне, сол арқылы Әкенің Менде, Менің Әкеде екенімді сендер білетін боласыңдар, -деді.</verse>
				<verse number="39">Олар Исаны тағы да ұстап алмақшы болған кезде, Ол олардың қолдарынан сытылып шығып кетті.</verse>
				<verse number="40">Осыдан кейін Иса алғаш рет Жақия (адамдарды) суға батырып шомылдырған Иорданның арғы жағына қарай кетті. Ол сол жақта қалып қойды.</verse>
				<verse number="41">Сонда Оған келгендердің көпшілігі бір-біріне: «Жақия ешқандай да бір керемет жасамады, алайда Иса туралы Жақияның айтқандарының бәрі шындық екен», - десті.</verse>
				<verse number="42">Ақырында сол жердегілердің көбі Оған сене бастады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Бір кезде Елазар есімді адам науқастанып қалды. Ол Мәриям мен Марта тұратын Бетания ауылында еді.</verse>
				<verse number="2">Елазар кезінде Иемізді мира (иіс) майымен майлап, Оның аяғын өзінің шашымен сүртіп құрғатқан Мәриямның туған ағасы болатын.</verse>
				<verse number="3">Оның әпкесі мен сіңлісі: -Ием, Сен жақсы көретін адам ауырып қалды, оның хал -жағдайын келіп көрші, -деп Оған хабар жіберді.</verse>
				<verse number="4">Мұны естіген Иса: -Бұл ауру өлімге апаратын ауру емес, алайда бұл Құдайды даңққа бөлеп, осы арқылы Құдайдың Ұлы мадақталатын болады, - деді.</verse>
				<verse number="5">Иса Мартаны да, оның сіңлісін де, Елезарды да жақсы көретін.</verse>
				<verse number="6">Иса оның ауырып қалғанын естісе де, Өзі болған сол жерде тағы да екі күнге қалып қойды.</verse>
				<verse number="7">Тек содан кейін шәкірттеріне: -Қайтадан Яһудея жеріне барайық, жүріңдер! - деді.</verse>
				<verse number="8">Сонда шәкірттері Оған: -Ұстаз, (Равви) сол яһудейлер жақында ғана Сені таспан атқыламақ болып, Сені іздеп еді ғой, енді сол жаққа тағы да барайын деп тұрсың ба? -деді.</verse>
				<verse number="9">Иса оларға: -Күндізгі уақытта он екі сағат бар емес пе? Егер де кімде-кім күндіз жүретін болса, сол сүрінбейді, өйткені осы әлемдегі жарықты ол көре алады, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="10">Кімде-кім түнде жүретін болса, сол сүрінеді, өйткені түнде жарық болмайды, - деді.</verse>
				<verse number="11">Осылай деген соң Иса: -Біздің досымыз Елазар ұйықтап жатыр, Мен оны ояту үшін сол жаққа барамын, -деді оларға.</verse>
				<verse number="12">-Ием, егер де ол ұйықтап жатса, ол сауығып кетеді, -деді шәкірттері Оған.</verse>
				<verse number="13">Алайда Иса оларға оның өлгені жайында айтқан болатын. Шәкірттері Ол әдеттегі ұйқы жайында айтып тұр деп ойлады.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде Иса оларға: -Елезар өліп қалды, -деп ашығын айтты.</verse>
				<verse number="15">Мен сендерде сенімнің пайда болғанына қуанып тұрмын, Мен әлі ол жерде болмадым, енді сол жаққа барайық, жүріңдер - деді.</verse>
				<verse number="16">Сонда егіздің сыңары аталып кеткен Тома: -Біз де Онымен бірге барып, бірге өлейік, жүріңдер -деді ол сол арадағы өзі сияқты шәкірттерге.</verse>
				<verse number="17">Иса сол жерге келген кезде, Елазардың қабірде жатқанына төрт күн болғанын білді.</verse>
				<verse number="18">Бетания Иерусалимге шамамен он бес стадий (екі жарым-үш шақырым) жақын орналасқан болатын.</verse>
				<verse number="19">Сол себепті көптеген яһудейлер келіп, бауырынан айырылған Марта мен Мәриямға жұбату сөздерін айтып жатты.</verse>
				<verse number="20">Марта Исаның келе жатқанын ести сала, Оны қарсы алу үшін, алдынан шықты, Мәриям үйде отырып қалды.</verse>
				<verse number="21">Марта Исаға: -Ием, егер де Сен осы жерде болсаң, менің бауырым өлмес еді!</verse>
				<verse number="22">Алайда Сен қазір Құдайдан не сұрасаң, соны Құдай Саған беретінін білемін, - деді.</verse>
				<verse number="23">-Сенің бауырың өлімнен қайта тіріледі, -деп Иса оған жауап берді.</verse>
				<verse number="24">-Қайта тірілу ақырғы күні болады, оның өлімнен қайта тірілетіні де сол кезде болатынын білемін, -деді Марта.</verse>
				<verse number="25">Иса оған: -Өлімнен қайта тірілтетін де, өмір де -Мен. Ал Маған сенген адам өліп қалса да, өмір сүре береді.</verse>
				<verse number="26">Кімде-кім Маған сеніп өмір сүретін болса, сол мәңгі өлмейтін болады. Осыған сенесің бе? - деді.</verse>
				<verse number="27">Сол кезде: -Иә, Ием! -деді Марта, -осы әлемге келген Құдайдың Ұлы Мәсіх -Сенсің! Мен соған сенемін! -деді Оған.</verse>
				<verse number="28">Осылай деген соң, Марта сіңлісі Мәриямды жеке шақырып алып: -Ұстаз осында, Ол сені шақырып жатыр, -деді.</verse>
				<verse number="29">Сонда Мәриям орнынан тез тұрып, Исаға барды (Исаның алдынан шықты).</verse>
				<verse number="30">Бірақ Иса әлі ауылға келмеген еді, Ол әлі де Өзін Марта қарсы алған сол жерде болатын.</verse>
				<verse number="31">Мәриямның қасында үйде қалып, оған жұбату айтқан яһудейлер Мәриямның орнынан жылдам тұрып, шығып бара жатқанын көргенде, ол енді қабірдің басына барып жылап, жоқтайтын шығар деп ойлады.</verse>
				<verse number="32">Мәриям Иса тұрған жерге келді де, Оны көріп, Оның аяғына жығылып: -Ием, егер де Сен осы жерде болсаң, менің бауырым өлмес еді, - деді.</verse>
				<verse number="33">Иса оның жылағанын және онымен бірге еріп келген яһудейлердің де жылап тұрғанын көргенде, Оның Өзі де толқып, рухында қайғырып тұрып:</verse>
				<verse number="34">-Оны қай жерге қойдыңдар? -деді. -Ием, барсаң, Өзің көресің, - деді Оған.</verse>
				<verse number="35">Сонда Исаның көзіне жас толды.</verse>
				<verse number="36">Яһудейлер: -Ол оны қалай жақсы көрген, қараңдаршы, -десті.</verse>
				<verse number="37">Сол кезде кейбіреулері: -Егер соқырдың көзін ашқан Осы болса, онда Ол неге мынаның өліп қалуына жол берді? - десті.</verse>
				<verse number="38">Иса қайғырған күйі қабір басына келді. Қабір бір үңгірде болғандықтан, беті таспен жабылған еді.</verse>
				<verse number="39">-Тасты алып тастаңдар! -деді Иса. Сонда қайтыс болған адамның әпкесі Марта: -Ием, ол иістеніп барады, оның жатқанына, міне, төрт күн болды, - деді.</verse>
				<verse number="40">Иса оған былай деді: -Егер де маған сенсең, Құдайдың даңқын көретін боласың, - деп саған айтпап па едім?</verse>
				<verse number="41">Олар тасты алып тастады. Иса көзін көкке қадап тұрып: -Әке, Сен Мені естіп тұрсың, сол үшін Мен Саған алғысымды білдіремін.</verse>
				<verse number="42">Сенің Мені әрқашан естіп тұратыныңды Мен білемін. Дегенмен, Мені жан-жағымнан қоршап тұрған мына халықты Сенің Мені жібергеніңе сендіру үшін осылай айтып тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="43">Иса осылай деген соң: -Елазар, шық бері! -деп бар дауыспен айқайлап жіберді.</verse>
				<verse number="44">Сол кезде аяқ-қолы кебінмен матап байланған, бетаузы оралған өлген адам сыртқа шықты. Иса оларға: -Оның үстіндегілерін шешіп, оған жүре алатын мүмкіндік беріңдер, - деді.</verse>
				<verse number="45">Мәриямға көңіл айтуға келген яһудейлердің көбі Оның осы істерін көрген кезде, Оған сенгендерін білдірді.</verse>
				<verse number="46">Бірақ олардың кейбіреулері фарисейлерге барып, Исаның істеген осы істері туралы айтып берді.</verse>
				<verse number="47">Осыдан кейін бірінші бас қызметкер мен фарисейлер синедерионды (кеңесшілер алқасын) жинап алып: -Мына Адам көптеген кереметтер жасап жүр, соған не істесек болады?</verse>
				<verse number="48">Егер де біз Оны осылай қалдыратын болсақ, бәрі тек Соған ғана сенетін болады. Сонда римдіктер келіп, осы тұрған жерімізді де, халқымызды да бізден алып қояды, -деді.</verse>
				<verse number="49">Олардың арасында сол жылы бірінші аға бас қызметкер болған Қаяфа атты бір адам болды. Сол оларға былай деді: -Сендер еш нәрсе де білмейді екенсіңдер.</verse>
				<verse number="50">Өздеріңе ненің пайда әкелетінін де ұғып тұрған жоқсыңдар. Негізінде, бүкіл халықты құртып жібергеннен гөрі, олардың орнына бір Адамның өлгені дұрыс болады, -деді.</verse>
				<verse number="51">Ол мұны өз атынан айтқан жоқ, себебі ол сол жылы бірінші аға бас қызметкер болып тұрса да, бұл Исаның халық үшін өлуге дайындалып жүргені жайында айтылған пайғамбарлық сөз болатын.</verse>
				<verse number="52">Алайда бұл жердегі басты мақсат тек бір халықты ғана емес, керісінше, жан-жаққа шашырап кеткен Құдайдың балаларының басын қосып, біріктіріп жинау болатын.</verse>
				<verse number="53">Сол күннен бастап, олар Оны өлтірмек болып шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="54">Сол себепті Иса енді яһудейлердің арасында ашық жүрмейтін болды. Осыдан кейін Ол сол аймаққа және шөл далаға жақынырақ орналасқан Ефрайм атты қалаға барып, шәкірттерімен бірге сол жерде қалып қойды.</verse>
				<verse number="55">Осы кезде яһудейлердің Құтқарылу (пасха) мейрамының болатын мерзімі жақындап қалған болатын. Сол Құтқарылу майрамы қарсаңында тазалану рәсімінен алдын ала өту үшін, көптеген халық Иерусалимге қарай өрлеп бара жатты.</verse>
				<verse number="56">Ғибадатханадағы яһудейлер Исаны іздеп, бір -біріне: -Сендер қалай ойлайсыңдар? Ол мейрамға келер ме екен? -десті.</verse>
				<verse number="57">Оны ұстап алғысы келген бас қызметкерлер мен фарисейлер: «Егер де кімде-кім Оның қайда жүргенін білсе, хабар берсін!» - деп бұйрық беріп қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Сонымен, Иса Құтқарылу мейрамына алты күн қалған кезде Бетанияға келді. Сол ауылда Иса Өзі өлімнен қайта тірілткен Елазар да бар еді.</verse>
				<verse number="2">Оларға қызмет көрсеткен Марта Оған кешкі асты сол жерде жасап берді, Исамен бірге дастарқан басында жайғасып, ас ішкендердің қатарында Елазар да болды.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Мәриям таза нардтан жасалып, құтыда сақталған аса қымбат мүр майын Исаның аяғына жақты. Сосын Оның аяғын өзінің шашымен сүртіп шықты. Үйдің іші мүр майының аңқыған иісіне толып кетті.</verse>
				<verse number="4">Исаға сатқындық жасауға дайындалып жүрген Оның шәкірттерінің бірі Иуда Исқариот:</verse>
				<verse number="5">-Мына мүр майын үш жүз динарийге сатып, оны неге кедейлерге таратып бермеске? - деді.</verse>
				<verse number="6">Ол мұны кедейлердің қамын ойлағандықтан емес, ұры болғандықтан айтты. Себебі ол ақша салатын қобдишаны өзімен алып жүргенде, оған қол сұғып жүретін еді.</verse>
				<verse number="7">-Оны мазалама, -деді Иса оған, -ол Менің денемді жерлейтін күнге дайындау үшін, оны арнайы сақтап келді.</verse>
				<verse number="8">Кедейлер әрқашан өздеріңмен бірге ғой, ал Мен сендермен үнемі бірге бола бермеймін, - деді.</verse>
				<verse number="9">Осы кезде көптеген яһудейлер Оның осында екенін біліп, сол жерге келді. Олар тек Исаның Өзін ғана емес, сонымен қатар, Ол өлімнен қайта тірілткен Елазарды да көрмек болды.</verse>
				<verse number="10">Алайда бірінші бас қызметкерлер Елазарды да өлтірмек болып шешті,</verse>
				<verse number="11">себебі оның өлімнен тірілгенін көрген көптеген яһудейлер Исаға сенген болатын.</verse>
				<verse number="12">Келесі күні мейрамға келген көптеген халық Исаның да Иерусалимге келе жатқанын естіді.</verse>
				<verse number="13">Олар Исаны қарсы алу үшін, қолдарына құрма (пальма) ағашының бұтақтарын ұстап, Оның алдынан шықты. Олар дауыстап: -Құтқара гөр! (Осанна!) Иеміздің атынан келген Исраилдің Патшасы жарылқансын! -деп жар сала айғайлады.</verse>
				<verse number="14">Иса сол кезде бір тайқар есекті тауып алып, оған мініп алды. Осы уақыт Жазбада жазылғанмен сәйкес болды. Жазбада:</verse>
				<verse number="15">-Қорықпа, Сионның қызы! Міне, тайқар есекке мінген Сенің Патшаң келе жатыр! - деп жазылған.</verse>
				<verse number="16">Бірақ басында шәкірттері мұның мәнін толық түсінбеді. Тек кейін, Иса Өзінің даңқына бөленген сәттен соң, Жазбада жазылғанның дәл соған сәйкес орындалғанын естеріне түсірді.</verse>
				<verse number="17">Сонымен қатар, Исаның Елазарды өлімнен қайта тірілтіп алғаны және Исаның оны қабірден шақырып, шығарып алған сәті, олармен сол жерде қалай бірге болғаны туралы оқиғаны бүге-шігесіне дейін жеткізген халықтың куәліктері де осыған дәлел болды.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан да халық Исаның жасаған осы ісі үшін, Оның алдынан шығып, қарсы алды, себебі Оның жасаған осы кереметтерін адамдар естіген еді.</verse>
				<verse number="19">Фарисейлер (ызаланып) бір-біріне: -Ештеңенің де пайдасы тимеді, көріп тұрсыңдар ғой! Бүкіл әлем Оның соңынан еріп кетті! - деді.</verse>
				<verse number="20">Мейрам кезінде табыну үшін сол жерге келгендердің арасында гректер де бар болатын.</verse>
				<verse number="21">Олар Ғалилея өлкесіндегі Бетсайдадан келген Філіпке келіп: - Мырза, біз де Исаны көргіміз келеді, - деді.</verse>
				<verse number="22">Філіп келіп, мұны Әндірге айтты. Әндір мен Філіп мұны Исаға айтты.</verse>
				<verse number="23">Міне, осы кезде Иса оларға: -Адам Ұлының даңққа бөленетін уақыты келді, - деді.</verse>
				<verse number="24">Сендерге шындықты тек шындықты айтамын: егер де жерге түскен бидайдың дәні өлмесе, оның тек бір өзі ғана қалады. Егер де ол өлсе, онда оның беретін жемісі көп болады.</verse>
				<verse number="25">Кім осы әлемде жүріп, өз жанын жақсы көретін болса, оны жоғалтады, кім осы әлемде жүріп, өз жанын жеккөрсе, оны ол мәңгілік өмір үшін сақтап қалады.</verse>
				<verse number="26">Егер де біреу Маған қызмет етемін десе, сол Менің соңымнан ерсін. Мен қайда болсам, Менің қызметшім де сонда болады. Егер де біреу Маған қызмет ететін болса, оны Әкем де құрметтейтін болады.</verse>
				<verse number="27">Қазір Менің ішкі жан дүнием қатты толқып тұр. Сонымен, Мен не айтпақпын? «Әке, Мені осы бір сағаттан құтқара гөр!» -дейін бе? Алайда Менің осы әлемге келгендегі мақсатым осы уақытпен байланысты болып тұр ғой.</verse>
				<verse number="28">-Әке, Өз атыңды даңққа бөлей берші! -деді. Сонда көктен: -Мен даңққа бөледім, тағы да бөлеймін! -деген дауыс естілді.</verse>
				<verse number="29">Сонда жиналып тұрған халық: -Күн күркіреді, -десе, басқалары: - Оған періште сөйледі, - десіп жатты.</verse>
				<verse number="30">Иса оларға: -Бұл дауыс Маған емес, сендерге арналған дауыс.</verse>
				<verse number="31">Енді осы әлем сотталады! Осы сәттен бастап, осы әлемнің әміршісі сыртқа қуылады.</verse>
				<verse number="32">Мен жерден жоғарыға тік көтеріліп қойылған кезде, барлығын Өз жағыма тартатын боламын, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="33">Иса мұны Өзінің қандай өліммен өлуге дайындалып жүргенін меңзеп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="34">Сонда жиналған халық: -Біз естіген Заңда: «Мәсіх ғасырдан ғасырға өтіп, мәңгі бақи қалады», -делінген. Ал Сен не үшін Адамның Ұлы жоғары көтеріліп тұруы тиіс, -деп айтып тұрсың? Сол Адам Ұлы деп айтып тұрғаның кім Ол? - деді Исаға.</verse>
				<verse number="35">Иса оларға: -Мына Жарық әлі де біраз уақыт сендермен бірге болады. Сендерді түнектің баспауы үшін, Жарық барда жүре тұрыңдар. Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді.</verse>
				<verse number="36">Жарық бар кезде сол Жарыққа сеніңдер, сонда Жарықтың балалары боласыңдар, -деді. Иса осыны айтып, олардың арасынан көрінбей кетіп қалды.</verse>
				<verse number="37">Сонымен, Иса олардың көз алдында қаншама кереметтерді көрсетсе де, олар Оған еш сенбеді.</verse>
				<verse number="38">Алайда бұл жағдай Ишая пайғамбардың алдына ала айтып кеткен мына сөздерінің орындалуы үшін болды. Онда: «Ием, бізден естігенге кім сенеді? Иеміз құшағын кімге айқара ашып тұр?» - делінген.</verse>
				<verse number="39">Міне, осы үшін де олар сене алмады, өйткені Ишая былай дейді:</verse>
				<verse number="40">«Олардың көздерін соқыр етті және жүректерін тастай қатайтты, сондықтан олардың көздері көрмейді, жүректері түсінбейді. Егер де олар Маған бет бұрса, Мен оларды сауықтырар едім».</verse>
				<verse number="41">Ишая сол кезде Оның даңқын көрген болатын, сондықтан да ол осылай айтқан еді.</verse>
				<verse number="42">Дегенмен, көптеген басшылар Оған сеніп те үлгерді, бірақ өздерін фарисейлер синагогадан шығарып жібермесін деген оймен, олар фарисейлердің алдында оны мойындаған жоқ.</verse>
				<verse number="43">Себебі олар Құдайдан келетін даңқтан гөрі, адамдардан келетін даңқты жақсы көрді.</verse>
				<verse number="44">Сондықтан Иса дауыстап: -Кім Маған сенсе, сол Маған ғана емес, Мені Жібергенге де сенеді.</verse>
				<verse number="45">Кім Мені көрсе, ол Мені Жібергенді де көреді.</verse>
				<verse number="46">Мен-осы әлемге келген Жарықпын, Маған сенген әркім түнекте қалмайды.</verse>
				<verse number="47">Егер біреу Менің сөзімді естіп, алайда оны сақтай алмаса, Мен оны соттамаймын. Мен осы әлемді соттау үшін емес, керісінше, Мен құтқару үшін келдім.</verse>
				<verse number="48">Менен бас тартқанға және Менің сөздерімді қабылдамағанға соттың шығарған үкімі бар. Менің осы айтқан сөздерім оны ақырғы күні соттайтын болады.</verse>
				<verse number="49">Мен Өз атымнан еш нәрсе айтқан жоқпын, Менің айтқандарымда, жариялап жеткізгендерімде Мені жіберген Әкемнің Маған берген өсиеті болған.</verse>
				<verse number="50">Оның сол өсиеттерінде мәңгілік өмір бар екенін Мен білемін. Сондықтан Әкем Маған қалай айт десе, Мен солай айтып жеткіздім, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Құтқарылу мейрамы жақындап қалған еді. Иса бұл әлемнен Әкесіне қарай өтетін уақытының таяп қалғанын біліп, осы дүниедегі адамдарды Өзінің де сүйіетінін оларға білдіру үшін, оларға деген Өзінің сүйіспеншілігін ақырына дейін көрсетті.</verse>
				<verse number="2">Кешкі ас кезі еді, Шимон Исқариоттың ұлы Яһуданың жүрегіне Исаны ұстап беру туралы ойды сайтан әлдеқашан салып қойған болатын.</verse>
				<verse number="3">Иса Әкесінің Оған бәрін беріп қойғанын және Ол Өзінің Құдайдан келгенін, енді қайтадан Құдайға баратынын білді.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан Иса кешкі ас кезінде орнынан тұрып, (сыртқы) киімін шешіп, жерге қойды да, сүлгіні алып, беліне байлады.</verse>
				<verse number="5">Содан кейін жуынуға пайдаланатын ыдысты алып, су құйып, шәкірттерінің алдына қойып, олардың аяқтарын жуды. Олардың аяқтарын беліне байлаған сүлгімен сүрте бастады.</verse>
				<verse number="6">Иса Шимон Петірге жақындағанда ол: -Ием, Сен менің аяғымды жумақсың ба? - деді Оған.</verse>
				<verse number="7">Иса оған: -Дәл қазір сен Менің не істеп жатқанымды білмейсің, мұның мәнін сен кейін түсінетін боласың, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="8">Петр Оған: -Жоқ! (Мәңгілікте) Сен менің аяғымды ешқашан жумайсың! -деді. Сонда Иса оған: -Егер де Мен сені жумайтын болсам, онда сен Менің бір бөлігім бола алмайсың, - деді.</verse>
				<verse number="9">-Ием, онда тек аяғымды ғана емес, қолымды да, басымды да жуып берші, - деді Шимон Петір Оған.</verse>
				<verse number="10">-Жуынған адамның аяғынан басқа жерін енді жуудың қажеті жоқ, себебі ол толығымен тазаланды, міне, сендер де таза болдыңдар, бірақ та бәрің емес, - деді.</verse>
				<verse number="11">Ол Өзін кімнің ұстап беретінін білгендіктен: «Бәрің таза емессіңдер», - деген болатын.</verse>
				<verse number="12">Иса олардың аяқтарын жуып болған соң, киімдерін киіп, қайтадан Өз орнына келіп жайғасты да, олардан: -Менің сендерге не істегенімді білесіңдер ме? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="13">Сендер Мені «Ұстаз» әрі «Ием» дейсіңдер, бұлай айтқандарың дұрыс, Мен - нақты Соның Өзімін.</verse>
				<verse number="14">Егер де Мен сендердің аяқтарыңды Иелерің әрі Ұстаздарың болғаным үшін жусам, сендер де бір-біріңнің аяқтарыңды дәл солай жуып тұрыңдар.</verse>
				<verse number="15">Менің осы істегенімді сендер де бір-біріңе істесін әрі Менің осы ісім сендерге үлгі болсын деп көрсеттім.</verse>
				<verse number="16">Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: құл өзінің қожайынынан жоғары болған емес, елші де өзін жібергеннен жоғары бола алмайды.</verse>
				<verse number="17">Егер осыны біліп жүрсеңдер және дәл осылай істейтін болсаңдар, сендер бақыттысыңдар.</verse>
				<verse number="18">Мен дәл осы сәтте сендердің барлығың туралы айтып тұрған жоқпын. Мен Өзімнің таңдап алғандарымның кімдер екенін білемін. Алайда Жазбадағы: «Менің нанымды жеген (адам) Маған қарай өзінің өкшесін көтерді», -деп айтылған сөз орындалуы тиіс.</verse>
				<verse number="19">Бірақ бұл әлі орындалған жоқ, сонда да осы туралы сендерге алдын ала айтып тұрмын, бұл орындалып, іске асқан кезде сендер Менің нағыз Сол екеніме сенсеңдер екен деймін.</verse>
				<verse number="20">Сендерге шындықты, тек қана шындықты айтып тұрмын: егер де кімде-кім Мені Жібергенді қабылдаса, онда ол Мені қабылдайды, ал кім Мені қабылдаса, онда Мені Жібергенді де қабылдайды, - деді.</verse>
				<verse number="21">Иса осылай деген соң, Оның рухы мазасыз күйге түсті. Сол кезде Ол: -Сендерге шындықты, тек қана шындықты айтамын: сендердің араларыңдағы біреу Мені ұстап береді, -деп куәлік етті.</verse>
				<verse number="22">Алайда шәкірттері Оның кім туралы айтып тұрғанын түсінбей, бір-біріне қарады.</verse>
				<verse number="23">Исаның Өзі жақсы көретін шәкіртінің бірі Оның кеудесіне басын қойып, жантайып жатқан болатын.</verse>
				<verse number="24">Соған Шимон Петр: «Ол Кім туралы айтып тұр?» деп біліп беруін ымдап, оған белгі берді.</verse>
				<verse number="25">Сонда әлгі Исаның кеудесіне (басын) сүйеп жатқан шәкірті Исаға: - Ием, ол кім? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="26">-Мен нанды үзіп алып, кімге батырып берсем, олсоның өзі, -деп жауап берді Иса. Содан кейін Иса үзілген нанды алып, оны Шимон Исқариоттың ұлы Яһудаға берді.</verse>
				<verse number="27">Сол бір үзім нанмен бірге оның бойына сайтан кіріп алды. -Не істегің келіп еді, соны тезірек істе! -деді Иса Оған.</verse>
				<verse number="28">Бірақ сол жерде жантайып жатқандардың ешқайсысы да Исаның осыны не үшін айтқанын түсінбеді.</verse>
				<verse number="29">Тек кейбіреулері ғана қаржы салатын қобдиша Яһудада болғандықтан, Иса оған мейрамға қажетті нәрселерді сатып алуды немесе кедейлерге ақша беруді айтқан болар деп ойлады.</verse>
				<verse number="30">Ал Яһуда үзілген нанды ала салып, сол мезетте сыртқа шығып кетті. Бұл түн ортасы болатын.</verse>
				<verse number="31">Ол шығып кеткен соң Иса: -Дәл қазір Адамның Ұлы даңққа бөленді, енді Ол арқылы Құдай да даңққа бөленді.</verse>
				<verse number="32">Егер де Ол Құдайды даңққа бөлесе, енді Құдай да Оны даңққа бөлейді, Оны сол сәтте-ақ даңққа бөлейтін болады.</verse>
				<verse number="33">Балаларым, Мен сендермен енді аз ғана уақыт бірге боламын. Мені іздейтін боласыңдар, Мен яһудейлерге: «Мен баратын жерге сендер бара алмайсыңдар», -деп айтқан едім, енді соны сендерге де айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="34">Сендер бір-біріңді сүйіп, сүйіспеншілікте жүрсін деп, осы бір жаңа өсиетті сендерге беріп тұрмын. Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді дәл солай сүйіңдер.</verse>
				<verse number="35">Міне, сонда сендердің бір-біріңе көрсеткен сүйіспеншіліктерің арқылы Менің шәкірттерім екендерің білінетін болады, - деді.</verse>
				<verse number="36">Сонда Шимон Петр Оған: -Ием, сонда Сен қайда барасың? -деді. Иса оған: -Мен баратын жаққа, сен қазір еріп бара алмайсың, тек кейінірек келесің, - деді.</verse>
				<verse number="37">-Ием, не үшін мен қазір Сенімен еріп бара алмаймын? Өмірімді Сен үшін қиюға дайынмын! - деді Петр Оған.</verse>
				<verse number="38">Иса оған: -Өмірімді Мен үшін қиюға дайынмын дейсің бе? Саған шындықты, тек қана шындықты айтамын: әтеш шақыратын уақытқа дейін, сен Менен үш рет танып, бас тартасың, - деп жауап берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Жүректерің толқымасын! Құдайға сеніңдер және Маған да сеніңдер!</verse>
				<verse number="2">Менің Әкемнің үйінде тұратын орын өте көп, егер солай болмаса, Мен сендерге орын дайындауға бара жатырмын деп айтар ма едім?</verse>
				<verse number="3">Мен сонда барып, сендерге орын дайындаған соң, Мен тағы да қайтып келемін, сонда Өзіммен бірге сендерді алып кетемін, өйткені Мен қайда болсам, сендер де сонда болуға тиіссіңдер.</verse>
				<verse number="4">Менің қайда баратынымды да және сонда апратын жолды да білесіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="5">Сонда Тома Оған: -Ием, біз Сенің қайда бара жатқаныңды білмейміз, онда баратын жолды қалай білеміз? - деді.</verse>
				<verse number="6">Иса оған: -Жол да, шындық та, өмір де -Мен. Мен арқылы болмаса, ешкім де Әкеге бара алмайды.</verse>
				<verse number="7">Егерде сендер Мені білсеңдер, онда сендер Менің Әкемді де білгендерің. Міне, енді осы сәттен бастап Оны білесіңдер, өйткені сендер Оны көрдіңдер.</verse>
				<verse number="8">-Ием, бізге тек Әкені көрсетсең болды, сол да бізге жеткілікті, - деді Філіп Оған.</verse>
				<verse number="9">Иса оған: -Мен сендермен қанша уақыт бірге болдым, сонда да Мені танымадың ба, Філіп? Мені көрген Әкені де көреді. Ал сен қалайша бізге Әкені көрсет деп айтып тұрсың?</verse>
				<verse number="10">Әлде сен Менің Әкеде екенімді, ал Әкенің Менде екеніне сенбейсің бе? Сендерге айтқан сөздерді Мен Өз атымнан айтқан жоқпын, Менің бойымда Әке өмір сүріп жатыр, сондықтан атқарылған істің бәрі Соның ісі.</verse>
				<verse number="11">Менің Әкемен бірге екеніме, ал Әкенің Менімен бірге екеніне сендер де сеніңдер, тым болмаса, мынау жасалып жатқан істер арқылы Маған сеніңдер.</verse>
				<verse number="12">Сендерге шындықты, тағы да шындықты айтамын: Мен жасап жүрген осы істерді Маған сенген де істей алады және ол бұдан да зор нәрселерді істейтін болады, себебі Мен қайтадан Әкеге бара жатырмын.</verse>
				<verse number="13">Әкенің даңқы Оның Ұлы арқылы мадақталуы үшін, сендер Менен не сұрасаңдар, Мен соны істеймін.</verse>
				<verse number="14">Сендер Менің атымнан не сұрасаңдар, Мен соны орындаймын.</verse>
				<verse number="15">Егер де сендер Мені сүйсеңдер, онда Менің өсиетімді орындаңдар.</verse>
				<verse number="16">Мен Әкеден сендермен мәңгі бірге болатын басқа бір Қамқоршыны жіберуін өтініп сұрадым.</verse>
				<verse number="17">Ол -шындықтың Рухы, мына әлем сол үшін Оны қабылдай алмайды, себебі олар Оны не көрмейді, не білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Ол осы жерде қалады және сендермен бірге болады.</verse>
				<verse number="18">Мен сендерді жетімсіретіп тастап кетпеймін, сендерге қайтып келемін.</verse>
				<verse number="19">Енді біраз уақыттан кейін бұл әлем Мені көрмейтін болады. Ал сендер Мені көресіңдер, өйткені Мен сендермен бірге өмір сүретін боламын және сендер де Менімен бірге өмір сүретін боласыңдар.</verse>
				<verse number="20">Сол күн келген сәтте сендер Менің Өзімнің Әкеммен бірге екенімді, ал сендер Менімен, Менің сендермен бірге екенімді білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="21">Кім Менің өсиеттерімді қабылдап, соларды орындайтын болса, онда ол Мені сүйеді. Кім Мені сүйсе, сол Менің Әкемнің сүйіспеншілігіне бөленеді. Мен де оны сүйіспеншілікке бөлеп, Мен оған Өзімді көрсететін боламын, - деді.</verse>
				<verse number="22">Сонда Яһуда (Исқариот емес): -Ием, Өзіңді осы әлемге емес, бізге көрсетуге дайындалғаның не? - деді.</verse>
				<verse number="23">-Кімде-кім Мені сүйсе әрі Менің сөзімді орындайтын болса, онда ол Менің Әкемнің сүйіспеншілігіне бөленеді, сонда Біз оған келіп, оны Өзіміз тұратын мекен жасаймыз, -деп Иса оған жауап берді.</verse>
				<verse number="24">Кім Мені сүймейтін болса, сол Менің сөзімді орындамайды. Сендер естіген бұл сөз Менікі емес, ол Мені Жіберген Әкенің сөзі болатын.</verse>
				<verse number="25">Мен өздеріңмен бірге болған кезімде, сендерге сол сөзді айтып жеткіздім.</verse>
				<verse number="26">Келетін Киелі Рух -Ол Қамқоршы, Менің Әкем Оны Менің атымнан жібереді. Енді тек Сол ғана сендерді барлығына үйретіп, тек Сол ғана Менің айтқандарымды сендердің естеріңе түгел салып отыратын болады.</verse>
				<verse number="27">Мен сендерге Өзімнің бейбіт тыныштығымды қалдырамын, өйткені сол бейбіт тыныштық Өзімдікі, сондықтан оны сендерге бердім. Менің беріп тұрғаным осы әлемнің беретін нәрсесіне ұқсамайды. Сондықтан, сендердің жүректерің енді не қайғырмасын, не қорықпасын!</verse>
				<verse number="28">Менің өздеріңе: «Сендерден кетемін және өздеріңе қайтып келемін», -деп айтқанымды сендер естідіңдер. Егер де сендер Мені сүйсеңдер, онда сендер Менің Әкеме бара жатқаным үшін қуанар едіңдер, себебі Менің Әкемнің мәртебесі Менен де жоғары.</verse>
				<verse number="29">Осы нәрселер іске асып, орындалған кезде, сендердің сенімге ие болуларың үшін, сендерге қазір және алдын ала айтуымның себебі осында.</verse>
				<verse number="30">Енді сендермен көп сөйлесе алмаймын, өйткені, міне, осы әлемнің әміршісі келе жатыр, алайда оның Маған ешқандай да үстемдігі жүрмейді.</verse>
				<verse number="31">Бірақ осы әлемге Әкемді қалай сүйетінімді білдіру үшін, Әке Маған қалай бұйырған болса, Мен бәрін солай істедім. Тұрыңдар, бұл жерден кетейік! - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Мен -шынайы жүзім бұтасымын, Менің Әкем -жүзім өсіруші.</verse>
				<verse number="2">Ол Менде өсіп, бірақ өзі жеміс бермейтін әрбір сабақты кесіп тастайды. Ал жеміс әкелетін әрбір сабақты Ол тазартып отырады, сонда ол мол жеміс беретін болады.</verse>
				<verse number="3">Енді сендер Мен өздеріңе айтқан сөз арқылы таза болдыңдар.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан Менде болыңдар, Мен сендерде боламын. Жүзім бұтасының сабағы өздігінен жеміс бере алмайтыны секілді сендер Менде болмасаңдар, жеміс әкеле алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="5">Мен -жүзім бұтасымын, сендер сабақтарым боласыңдар. Кім Менімен қалса, Мен де сонымен қаламын, сонда ол көп жеміс әкеледі. Сендер Менсіз еш нәрсе жасай алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="6">Менде қалмайтын әркім жарамсыз сабақ сияқты сыртқа лақтырылып тасталады, ол қураған соң, жинап алып, өртеп жібереді.</verse>
				<verse number="7">Егер де сендер Менде қалсаңдар, онда Менің сөздерім де сендерде қалады. Сонда өздеріңе не қаласаңдар, сол орындалатын болады.</verse>
				<verse number="8">Сонымен, егер сендер Менің шәкіртім болсаңдар ғана мол өнім әкеле аласыңдар, осы арқылы Менің Әкем даңққа бөленіп, *Оның аты мадақталатын болады.</verse>
				<verse number="9">Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Менің сүйіспеншілігімде қалыңдар.</verse>
				<verse number="10">Егер сендер Менің өсиеттерімді сақтайтын болсаңдар, онда Менің сүйіспеншілігімде қаласыңдар. Сондайақ Мен де Әкемнің өсиеттерін сақтап, Мен де Оның сүйіспеншілігенде қалдым.</verse>
				<verse number="11">Мен мұны Менің қуанышымның сендерде болғанын және сол қуанышқа сендердің де толығымен кенелгендеріңді қалағандықтан айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="12">Менің сендерге беретін өсиетім бар, ол мынау: Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер!</verse>
				<verse number="13">Дәл осындай үлкен сүйіспеншілік өзі жақсы көретіндері үшін өз өмірін қиятыннан басқада әлі ешқашан ешкімде болған емес.</verse>
				<verse number="14">Егер де сендер Менің өздеріңе берген өсиеттерімді орындайтын болсаңдар, сендер Менің достарым боласыңдар.</verse>
				<verse number="15">Енді Мен сендерді құлсыңдар деп айтпаймын, өйткені құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Мен сендерді достарым деп атадым, өйткені Мен Әкемнен не естісем, соның бәрін сендерге жеткіздім.</verse>
				<verse number="16">Мені таңдаған сендер емес, қайта, Мен сендерді таңдадым, сендер жеміс берсін әрі сол жемістерің тұрақты болсын деген мақсатпен таңдап алдым. Енді сендер Менің атымнан Әкеден не сұрасаңдар Ол сендерге соны беретін болады.</verse>
				<verse number="17">Менің сендерге беретін өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!</verse>
				<verse number="18">Егер де осы әлем сендерді жеккөрсе, оның сендерден бұрын мына Мені жеккөретінін біліңдер.</verse>
				<verse number="19">Егер де сендер осы әлемнен болсаңдар, онда осы әлем сендерді жақсы көруші еді, алайда сендер осы әлемнен емессіңдер. Ал Мен сендерді осы әлемнен таңдап алдым, сондықтан да осы әлем сендерді жеккөреді.</verse>
				<verse number="20">«Құл өз қожайынынан жоғары болмайды», -деп Менің бір кезде айтқан сөзім естеріңде болсын. Егер де Мені қудаласа, олар сендерді де қудалайтын болады. Егер де олар Менің сөзімді ұстанса, онда олар сендердікін де ұстанатын болады.</verse>
				<verse number="21">Алайда осының бәрін олар сендерге тек Менің атыма бола істейді, себебі олар Мені жібергенді білмейді. Алайда сендерге (қарсыластарың) осының бәрін тек Менің атыма бола істейді, себебі олар Мені Жібергенді білмейді.</verse>
				<verse number="22">Егер де Мен осы әлемге келмесем әрі оларға осы туралы жариялап айтпасам, оларда күнә болмас еді, бұдан былай олар біз күнәсізбіз деп еш сылтау айта алмайды.</verse>
				<verse number="23">Кім Мені жеккөрсе, сол Менің Әкемді де жеккөреді.</verse>
				<verse number="24">Егер де Мен бұған дейін ешкім жасамағанды істемесем, онда олардың күнәсі болмас еді. Бірақ олар сол істерді көрді, соның өзінде олар Мені де, Әкемді де жеккөруде.</verse>
				<verse number="25">«Олар Мені ешқандай себепсіз жеккөрді», -деп олардың Заңдарында жазылған сөз осылай орындалуы тиіс.</verse>
				<verse number="26">Мен сендерге Әкеден сұрап, жіберетін Қамқоршы келген кезде, Ол Мен туралы куәлік береді және Әкеден шыққан Ол сендерге келеді.</verse>
				<verse number="27">Мына сендер басынан бері Менімен бірге болғандықтан, енді сендер де Менің істеріме куәлік бересіңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Мен мұны сендер сенімнен таймасын деп айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="2">Себебі олар сендерді синагогаларынан қуып шығып, өлімге қияды, тіпті, олардың әрқайсысы Құдайға осылайша қызмет етіп жатырмыз деген ойда болады.</verse>
				<verse number="3">Олар бұл іс-әрекетті не Әкені, не Мені білмегендіктен істейді.</verse>
				<verse number="4">Мен мұны сендерге осы уақыт келген кезде, Менің айтқандарымды естеріңе түсіру үшін айтып тұрмын. Ең басында Мен өздеріңмен бірге болғандықтан, сендерге бұл жайында айтпадым.</verse>
				<verse number="5">Мен енді Өзімді Жібергенге бармақпын. Сендердің ешқайсыларың Менен: «Сен қайда бара жатырсың?» -деп сұраған жоқсыңдар.</verse>
				<verse number="6">Себебі Мен осы жайтты сендерге айтқан кезде, сендердің жүректерің қайғыға толып кетті.</verse>
				<verse number="7">Алайда Мен сендерге шындықты айтып тұрмын: Менің кеткенім сендерге пайдалы болады. Егер де Мен кетпейтін болсам, онда сендерге Қамқоршы келмейді. Мен Оны тек сол жаққа барғанда ғана сендерге жіберемін.</verse>
				<verse number="8">Ол келген соң, осы әлемді әшкерелеу үшін, күнә туралы, әділдік туралы және сот туралы Ол айтып жеткізетін болады.</verse>
				<verse number="9">Енді күнә туралы айтсақ, олардың күнәсі -Маған сенбегені.</verse>
				<verse number="10">Ал әділдікке келсек, Мен Әкеге барамын, енді бұдан былай сендер Мені көрмейсіңдер.</verse>
				<verse number="11">Енді сот туралы айтсақ, осы әлемнің билеушісі сотталды.</verse>
				<verse number="12">Сендерге айтарым әлі де көп, алайда сендер қазір оны көтере алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Ал келетін Рух -Ол шындықтың Рухы, міне, сол Рух келгеннен кейін, сендердің әрбіреуіңді шындыққа жетелейді. Өйткені Ол Өз атынан сөйлемейді, керісінше, Ол нені естісе, тек соны айтады және Ол алдағы болатын жайттарды ашып, жариялап тұрады.</verse>
				<verse number="14">Мені даңққа бөлейтін -Сол, себебі Ол Менен алғанды сендерге жариялап отырады.</verse>
				<verse number="15">Әкемде бардың бәрі -Менікі, сондықтан Мен сендерге, ал Ол Менен алып, сендерге жариялайды деп айттым.</verse>
				<verse number="16">Енді біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, алайда біраз уақыт өткен соң, Мені қайтадан көретін боласыңдар, -деді.</verse>
				<verse number="17">Сонда Оның шәкірттері бір-біріне былай деді: «Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, алайда біраз уақыттан кейін Мені қайтадан көресіңдер», «Мен Әкеме барамын», -деп бізге неге айтып тұр?</verse>
				<verse number="18">Олар: -«Біраз уақыттан кейін» дегені нені білдіреді? Оның не жайында айтқанын түсінбедік, - деп жатты.</verse>
				<verse number="19">Иса олардың Өзінен не жайында сұрағысы келіп тұрғандарын біліп, оларға: -Менің сендерге: «Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, алайда біраз уақыттан кейін Мені қайтадан көретін боласыңдар», -деп айтқаным туралы бір-біріңнен сұрастырып, соған жауап іздеп жатырсыңдар ма?</verse>
				<verse number="20">Сендерге шындықты, тек шындықты айтамын: сендер жылап және жоқтау айтатын боласыңдар. Бұған осы әлем қуанатын болады, ал сендер қайғыда боласыңдар, бірақ сендердің қайғыларың қуанышқа айналады.</verse>
				<verse number="21">Әйел босанатын кезде қайғыра бастайды, өйткені оның сондай күйге түсетін уақыты келді. Ал нәрестесін туып, босанғаннан кейін, осы әлемге адам келді деген қуаныштың арқасында, ол әлгі қиналған кезін есіне де алмайды.</verse>
				<verse number="22">Міне, сендер де дәл сондай қайғылы күйде тұрсыңдар, ал Мен өздеріңмен қайтадан көрісіп, қауышқан сәтте сендердің жүректерің қуанышты күйде болады. Сендердің сол қуанышты сәттеріңді ешкім сендерден тартып ала алмайды.</verse>
				<verse number="23">Сол күн келгенге дейін сендер Менен еш нәрсе де сұрамайсыңдар. Сендерге шындықты, тек шындықты айтайын: Әкеден не сұрасаңдар, оны тек Менің атымнан сұраңдар, сонда сол сендерге берілетін болады.</verse>
				<verse number="24">Осы уақытқа дейін сендер Менің атыммен еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар, ал енді сендердің қуанышты сәттерің толық болу үшін, сұраңдар, сонда аласыңдар.</verse>
				<verse number="25">Мен сендерге мұны астарлап айттым, алайда енді сендерге астарлап емес, Әкем туралы сендерге ашық айтатын уақыт келді.</verse>
				<verse number="26">Сол күннен бастап, Менің атымнан сұрайтын боласыңдар. Әкеден Мен сендер жайында өтініп сұрамаймын деп айтпаймын.</verse>
				<verse number="27">Әкенің Өзі сендерді өте қатты жақсы көреді, өйткені сендер де Мені жақсы көрдіңдер және Менің Құдайдан осында келгеніме сендер сендіңдер.</verse>
				<verse number="28">Мен Әкеден осы әлемге келдім. Енді, міне, Мен осы әлемді қалдырып, Әкеме бара жатырмын, - деді.</verse>
				<verse number="29">Сонда Оның шәкірттері: -Міне, енді еш нәрсені бүкпей, ашық айтып тұрсың.</verse>
				<verse number="30">Сенің бәрін де білетініңді енді біз түсінеміз. Саған біреуден бір нәрсе туралы сұраудың да қажеті жоқ. Сондықтан Сенің Құдайдан осында келгеніңе біз сеніп тұрмыз, - деді.</verse>
				<verse number="31">Иса оларға: - Енді сенесіңдер ме? - деді.</verse>
				<verse number="32">Міне, енді сендердің әрқайсысың жан -жаққа бытырап кетіп, Мені жападан-жалғыз қалдыратын уақыттарың да келді. Бірақ Мен жалғыз болмаймын, өйткені Менің Әкем бар, Ол Менімен бірге болады.</verse>
				<verse number="33">Мен мұны сендер Мендегі тыныштыққа ие болсын деп айтып тұрмын. Осы әлемнен зорлық -зомбылық көресіңдер, алайда батыл болыңдар! Мен осы әлемді жеңдім! - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="17">
				<verse number="1">Осыларды айтып болған соң, Иса көзін көкке қадап тұрып: -Әке, уақыт келді! Сенің Ұлың Сені даңққа бөлейді, сол үшін де Өз Ұлыңды даңққа бөлей гөр!</verse>
				<verse number="2">Сен Оған әрбір пенденің үстінен жүргізетін билік бердің, енді Өзің Оған берген мәңгілік өмірді Ол да бәріне береді.</verse>
				<verse number="3">Ал мәңгілік өмір дегеніміз-шындықты, яғни, жалғыз Құдай болған Сені және Сен жіберген Иса Мәсіхті оларға жақыннан таныту.</verse>
				<verse number="4">Сен Маған тапсырған істі толық аяқтаған соң, Мен осы жер бетінде Сені даңққа бөледім.</verse>
				<verse number="5">Әке, осы әлем жаратылмастан бұрын Мен Өзіңмен бірге болған кездегі даңқыңа енді Мені де бөлей гөр!</verse>
				<verse number="6">Мен Сенің атыңды Өзің Маған осы әлемнен дайындап берген адамдарыңа ашып бердім. Олар Сенікі болған, Сен оларды Маған бердің, олар енді Сенің сөзіңді сақтап, орындап жүр.</verse>
				<verse number="7">Сен Маған қанша берсең, соның бәрінің Сенен келгенін олар енді білді.</verse>
				<verse number="8">Сен Маған берген сөздердің бәрін Мен оларға бердім. Олар соны қабылдады және Менің Сенен келгенім шындық екенін білді, міне, сонда олар Сенің Мені жібергеніңе сенді.</verse>
				<verse number="9">Мен Сенен осы әлем жайында емес, өзіңнің Маған берген адамдарың үшін өтінемін, өйткені олар - Сенікі,</verse>
				<verse number="10">Маған тиісті болғандардың бәрі-Сенікі, Саған тиісті болғандардың бәрі Менікі болатын, Мен солар арқылы даңққа бөлендім.</verse>
				<verse number="11">Мен енді осы әлемде болмаймын, олар осы әлемде болады, Мен Саған барамын. Киелі Әке, Сен Өз атыңды Маған бердің, сол арқылы біз біртұтаспыз, енді олар да Біз сияқты біртұтас болсын, Сен оларды да сақтай гөр!</verse>
				<verse number="12">Мен олармен болған сәтте оларды Сенің атыңмен сақтап және қорғап жүрдім. Олардың арасынан тек Жазбадағы (құрып кетуге тиіс) адамнан басқа ешкім де жоғалған жоқ, тек сол ғана құрып кетті.</verse>
				<verse number="13">Енді, міне, қазірден бастап, Мен Саған барамын, Мен мұны осы әлемде тұрғанымда айтып тұрмын, өйткені олар да Менің қуанышыма өзара кенелсе екен деймін.</verse>
				<verse number="14">Мен оларға Сенің сөзіңді жеткіздім, бұл әлем оларды жеккөреді. Мен осы әлемнен емеспін, сол секілді олар да осы әлемдікі емес.</verse>
				<verse number="15">Мен Сенен оларды осы әлемнен алып кет демеймін, керісінше, Сен оларды тек зұлымдықтан сақтай гөр деп өтініп тұрмын.</verse>
				<verse number="16">Себебі Менің осы әлемдікі болмағаным секілді, олар да осы әлемнен емес.</verse>
				<verse number="17">Сенің сөзің-шындық, оларды сол шындықпен тазала.</verse>
				<verse number="18">Сен Мені осы әлемге қалай жіберсең, Мен де дәл солай оларды осы әлемге жібердім.</verse>
				<verse number="19">Оларды шындықпен тазалау үшін, Мен де Өзімді соған бағыштаймын.</verse>
				<verse number="20">Тек солар үшін ғана емес, енді олардың айтатын сөздері арқылы Маған сенетіндер үшін де өтініп сұрап тұрмын.</verse>
				<verse number="21">Осылайша олар өзара біртұтас болсын, себебі Әке, Сен Мендесің, ал Мен Сендемін, сол сияқты олар да Біз секілді біртұтас болсын, сонда осы әлем Сенің Мені жібергеніңе сенетін болады.</verse>
				<verse number="22">Олар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Сен Маған берген даңқты оларға да бердім.</verse>
				<verse number="23">Мен олардамын, Сен -Мендесің, енді олар да дәл осылай біртұтас болып, бірігуі үшін және осы әлем Сенің Мені жібергеніңді білсін деп, Сен Мені қалай жақсы көрсең, Мен де оларды да солай жақсы көрдім.</verse>
				<verse number="24">Әке, Мен қай жерде болсам, Сенің Маған бергендеріңнің де сонда болғанын қалаймын, себебі осы әлемнің негізі әлі де қаланбай тұрған кезде Сен Мені сүйдің. Сол үшін Сенің Маған берген даңқыңды олар да көрсін.</verse>
				<verse number="25">Әділетті Әке, осы әлем Сені таныған жоқ, Мен Сені танимын. Мені Сенің жібергеніңді олар білді.</verse>
				<verse number="26">Міне, осылай Сенің атыңды олардың білуіне мүмкіндік жасадым және Мені сүйген Сенің сүйіспеншілігің оларда да болсын, ал Мен оларда болуым үшін, оларға әлі де (Сенің атыңды) білдіре беремін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="18">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса сол жерден шығып кетіп, шәкірттерімен бірге Қидрон жырасындағы баққа кірді.</verse>
				<verse number="2">Оны ұстап бермекші болған Яһуда бұл жерді білетін, өйткені мұнда Иса Өзінің шәкірттерімен бірге жиі жиналатын.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан Яһуда бір топ әскери жасақты және шырақ пен шам ұстап, қарумен қаруланған бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлердің қызметшілерін өзімен бірге сол жерге ертіп келді.</verse>
				<verse number="4">Иса осының бәрін (алдын ала) білетін, сондықтан Ол Өзін іздеп келгендердің алдынан шығып: -Кімді іздеп жүрсіңдер? - деді.</verse>
				<verse number="5">Олар: -Назареттік Исаны! -деп жауап берді Оған. Иса оларға: -Мен -Соның Өзімін! -деді. Оны ұстап берген Яһуда сонда келген адамдармен бірге тұрды.</verse>
				<verse number="6">Иса оларға: «Мен-Соның Өзімін», -деп айтқан кезде, олардың көбі артқа шегініп барып, жерге құлап түсті.</verse>
				<verse number="7">Иса тағы да олардан: -Кімді іздеп жүрсіңдер? -деп сұрады. Олар: - Назареттік Исаны! - деді.</verse>
				<verse number="8">Иса жауап қатып: -Мен сендерге айттым ғой, Мен -Соның Өзімін деп, -деді Иса. -Егер де іздеп жүргендерің тек Мен болсам, онда мыналарды жіберіңдер, олар кете берсін! - деді.</verse>
				<verse number="9">Оның: «Сен Маған берген адамдардың ешқайсысы құрып кеткен жоқ, Мен оған жол бермедім», -деп айтқан сөзі осылай орындалды.</verse>
				<verse number="10">Сол сәтте Петір өзімен бірге ұстап жүрген семсерін суырып алды да, оны бірінші бас қызметкердің құлына қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді. Сол құлдың есімі Мәлік еді.</verse>
				<verse number="11">Сонда Иса Петірге: -Семсерді қынабына сал! Әкем Маған берген сол тостағанды Мен қалай ішпеймін? -деді.</verse>
				<verse number="12">Сол кезде бір топ жасақшылар мен мыңбасы сол жердегі яһудей қызметшілерімен бірге Исаны ұстап алып, Оны байлап тастады.</verse>
				<verse number="13">Олар ең алдымен Исаны Аннасқа апарды. Аннас сол жылдары бірінші бас қызметкердің міндетін атқарып жүрген Қаяфаның қайын атасы болатын.</verse>
				<verse number="14">Яһудейлерге халық үшін бір адамның өлуі жеткілікті екендігі жайында кеңес берген де осы Қаяфа болатын.</verse>
				<verse number="15">Петір Шимон мен тағы бір бейтаныс шәкірті Исаның артынан қалмай, еріп отырды. Исаның сол шәкірті бірінші бас қызметкердің танысы болғандықтан, ол бірінші бас қызметкердің ауласына Онымен бірге кіріп кетті.</verse>
				<verse number="16">Петір есіктің сыртында тұрып қалды. Сонда әлгі бірінші бас қызметкердің танысы болған сол бейтаныс шәкірт сыртқа шығып, қақпашы қызбен сөйлесіп, Петірді де ішке кіргізіп алды.</verse>
				<verse number="17">Сонда әлгі қақпашының қызметін атқарып тұрған қыз Петірге: -Сен де Осы Адамның шәкірттерінің бірі емесің бе? -деді. -Жоқ, мен Оның шәкірті емеспін, -деді Петір.</verse>
				<verse number="18">Дала суық болғандықтан, құлдар мен қызметшілер сол жерде от жағып, жылынып тұрды, олардың арасында Петір де болды.</verse>
				<verse number="19">Бірінші бас қызметкер Исадан Оның үйретіп жүрген тәлімі мен Оның шәкірттері туралы сұрай бастады.</verse>
				<verse number="20">Иса оған: -Мен осы әлемге жасырын түрде емес, ашық сөйледім. Мен, мейлі, синагогада болсын, мейлі, ғибадатханада болсын немесе барлық яһудейлердің жиналып жүрген жерінде болсын, жасырын түрде еш нәрсе де айтқан жоқпын.</verse>
				<verse number="21">-Менен неге ол жайында сұрап тұрсың? Менің не айтқанымды соны естігендерден сұра. Менің не айтқанымды тек солар ғана біледі, - деді.</verse>
				<verse number="22">Осыны айтып тұрған кезде Исаның қасында тұрған бір қызметкер Оның бетінен шапалақпен тартып жіберіп: -Бірінші бас қызметкерге қалай жауап беріп тұрсың? -деді.</verse>
				<verse number="23">Иса оған: -Егер де Мен игіліксіз жаман нәрсе айтқан болсам, соны дәлеледе. -Егер де айтып тұрғаным игілікті жақсы нәрсе болса, онда неге Мені ұрасың? - деді.</verse>
				<verse number="24">Осыдан кейін Аннас Исаны сол байланған күйі бірінші бас қызметкер Қаяфаның өзіне жіберді.</verse>
				<verse number="25">Шимон Петір сол жерде отқа жылынып тұра берді. Сол жерде тұрғандардың біреуі оған: -Мына сен де Соның шәкірттерінің бірі емессің бе? -деді. -Жоқ, мен Оның шәкірті емеспін, - деп Петір Одан бас тартты.</verse>
				<verse number="26">Бірінші бас қызметкерге қызмет етіп жүрген құлдардың бірі Петір құлағын шауып түсірген аламның туысы болатын, міне, ол да: -Мен де сенің де сол бақта Онымен бірге жүргеніңді көрдім емес пе? - деді.</verse>
				<verse number="27">Сонда Петір тағы да бас тартты. Міне, сол сәтте әтеш шақырды.</verse>
				<verse number="28">Исаны Қаяфадан алып шыққан соң, Оны әміршінің сарайына қарай алып жүрді. Сол кезде таң енді ғана атқан болатын. Олар құрбандық асынан ауыз тиетін болғандықтан, алдын ала арамданып қалмайық деген оймен әміршінің сарайына кірмей, сыртта тұрды.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан Пилат сыртқа шығып, оларға: -Мына адамға қандай айып тағып тұрсыңдар? - деді.</verse>
				<verse number="30">Олар Пилатқа: -Егер де Бұл жамандық жасамаса, Оны саған әкелмес едік қой, - деп жауап берді.</verse>
				<verse number="31">Пилат оларға: -Сендер Оны қайтадан алып кетіңдер де, өз Заңдарың бойынша соттай беріңдер! -деді. Сонда яһудейлер: - Бізге ешкімді де өлтіруге болмайды, - деді.</verse>
				<verse number="32">Бұл Исаның қандай өліммен өлуге дайын екенін және Оның айтқан сөзінің орындалатынын көрсету үшін осылай болды.</verse>
				<verse number="33">Содан кейін Пилат әміршінің сарайына қайта кірді де, Исаны Өзіне шақырып алып, Оған: -Сонымен, Сен яһудейлерге Патша болдың ба? - деді.</verse>
				<verse number="34">-Сен мұны өз атыңнан айтып тұрсың ба әлде басқа біреулер саған Мен туралы айтып берді ме? - деді Иса</verse>
				<verse number="35">Пилат Оған: -Мен яһудей емеспін ғой. Маған Сені ұстап берген Сенің өз халқың мен бірінші бас қызметкерлер. Сен не істеп қойдың? - деді.</verse>
				<verse number="36">-Менің Патшалығым осы әлемнен емес, егер де Менің Патшалығым осы әлемнен болса, онда Менің қызметшілерім яһудейлердің Мені ұстауына жол бермей, Мен үшін күресер еді, алайда Менің Патшалығым осы жердікі емес, - деді.</verse>
				<verse number="37">Пилат Оған: -Сонда Сен Патшасың ғой? -деді. -Мені Патша деп айтып тұрған өзің. Менің осы әлемге келгендегі мақсатым -шындықтың бар екенін дәлелдеу, Мен сол үшін туылдым және сол үшін осы әлемге келдім. Кімде-кім шындықпен өмір сүрсе, сол Менің даусымды естиді, - деді Иса.</verse>
				<verse number="38">Пилат Одан: -Сонда шындық деген не? -деп сұрады. Пилат сосын қайтадан яһудейлер тұрған жерге шығып: -Мен бұл адамды кінәлайтындай ешқандай себеп тапқан жоқпын,-деді.</verse>
				<verse number="39">Сендердің Құтқарылу мейрамдарыңа байланысты бір адамды босатып беретін менің әдетім бар, сондықтан қаласаңдар Мына «яһудейлердің Патшасын» сендерге босатып берейін бе? - деді.</verse>
				<verse number="40">Олар қайтадан айғайға басып: -Тек Оны емес, Барабаны! -деді. Ал Бараба қарақшы болған еді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="19">
				<verse number="1">Бұдан кейін Пилат Исаға дүре соғуға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="2">Сарбаздар Оның басына тікенді бұтадан тәж өріп кигізіп, киімінің сыртынан киетін қызылкүрең шапан жапты.</verse>
				<verse number="3">Оның қасына келіп: -Яһудейлердің Патшасы жасасын! -деп Оны бетінен ұра бастады.</verse>
				<verse number="4">Осы кезде Пилат қайтадан сыртқа шығып, оларға: -Одан ешқандай кінә таппағанымды сендерге білдіру үшін, Оны қазір алдарыңа алып шығамын, - деді.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде басына тікенді бұтадан өріп тәж кигізген, үстіне қызылкүрең шапан жапқан Исаны сыртқа алып шықты. Сонда Пилат: - Міне, сол Адам! - деді оларға.</verse>
				<verse number="6">Бірінші бас қызметкерлер мен басқа да қызметкелер Исаны көре салып: -Оны айқышқа шегеле! Оны айқышқа шегеле! -деп айғайлай бастады. Пилат оларға: -Оны алып барып, өздерің айқышқа шегелеңдер, мен Одан ешқандай да кінә таппадым, - деді.</verse>
				<verse number="7">Яһудейлер Пилатқа: -Бізде Заң бар, сол Заң бойынша Ол өлуге тиісті, өйткені Ол Өзін Құдайдың Ұлына теңеп жүр, - деді.</verse>
				<verse number="8">Осы сөзді есігеннен кейін Пилат қатты қорқып кетті.</verse>
				<verse number="9">Әміршілер сарайына қайтадан кіріп, Исадан: -Сен осы қайдан келдің? - деді. Иса оған жауап бермеді.</verse>
				<verse number="10">-Сен немене, маған айтқың келмей тұр ма? Сені босатып жіберетін де, айқышқа шегелететін де билік тек маған ғана берілген. Сен соны білесің бе? -деді Пилат Оған.</verse>
				<verse number="11">Иса оған: -Егер де саған сол билік жоғарыдан берілмесе, сенің ешқандай билігің Маған жүрмес еді. Сондықтан Мені саған ұстап бергеннің күнәсі өте үлкен, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="12">Осы кезден бастап, Пилат Оны босатып жіберудің жолын іздей бастады, алайда яһудейлер айғайлап: -Егер де Мұны босатып жіберетін болсаң, онда сен Рим императорының досы емессің. Кімде-кім Рим императорына қарсы сөйлейтін болса, сол тек өзім ғана патшамын деп есептейді, - деді.</verse>
				<verse number="13">Пилат бұл сөзді естіген соң, Исаны сыртқа шығартып жіберді де, арнайы тастан жасатып, биіктеу жерге орнатқан еврейше «Ғаббата» деп аталатын төрелік тағына барып отырды.</verse>
				<verse number="14">Бұл Құтқарылу мейрамына дайындалып жатқан мезгіл еді, сағат мөлшері кешкі алтының кезі болатын. Содан кейін Пилат яһудейлерге: -Міне, сендердің Патшаларың! -деді.</verse>
				<verse number="15">Сол кезде яһудейлер: -Оны алып кет! Оны айқышқа шегеле! -деп айғайлап тұрып алды. Пилат оларға: -Сендердің Пташаларыңды айқышқа мен шегелейін бе? -деді. -Бізде Рим императорынан басқа патша жоқ! -деп жауап берді сол жерде тұрған бірінші бас қызметкерлер.</verse>
				<verse number="16">Осыдан кейін Пилат Исаны (айқышқа) шегелету үшін, Оны сақшылардың қолына тапсырды. Олар Исаны алып кетті.</verse>
				<verse number="17">Исаның айқышын Өзіне арқалатып қойды, осылай Ол еврейше «Ғолғота», яғни, аударғанда «Бас сүйек» деп аталатын жерге келді.</verse>
				<verse number="18">Сол жерде Оны айқышқа шегеледі. Онымен бірге тағы екі адамды: біреуін Исаның оң жағына, екіншісін Исаның сол жағына, ал Исаның Өзін әлгі екеуінің ортасына айқышқа шегелеп тастады.</verse>
				<verse number="19">Пилат «Назареттік Иса-яһудейлердің Патшасы» деп жазылған тақтайшаны Иса шегеленген айқышқа орнатқызды.</verse>
				<verse number="20">Сол тақтайшадағы жазуды яһудейлердің көбі оқыды, себебі Исаны айқышқа шегелеген жер қалаға жақын орналасқын болатын. Тақтайшадағы жазу еврей, латын және грек тілдерінде жазылған болатын.</verse>
				<verse number="21">Сонда яһудейлердің бірінші бас қызметкерлері Пилатқа: «Яһудейлердің Патшасы» деп жазбай, Ол Өзін яһудейлердің патшасымын деп айтқанын жаз, - деді.</verse>
				<verse number="22">-Мен жазарымды жазып қойдым, -деп жауап қайырды Пилат.</verse>
				<verse number="23">Исаны айқышқа шегелеп жатқан сәтте сарбаздар Оның киімдерін төрт бөлікке бөлді. Әрбір сарбазға киімнің бірбір бөлгі мен бір хитон тиді. Хитон тігілмеген, етегінен мойнына дейін тоқылған болып шықты.</verse>
				<verse number="24">Сонда олар бір -біріне: -Мұны жыртпай-ақ қояйық, одан да жеребе тастап, оның кімге бұйыратынын білейік, -деді. Сөйтіп, Жазбадағы: «Менің киімімді өзара бөлісіп алды, ал сырт киіміме келгенде, жеребе тастады», -деп жазылған сөз, міне, осылай орындалды. Мұны сарбаздар жасаған еді.</verse>
				<verse number="25">Исаны шегелеген айқыштың қасында Оның анасы, анасының әпкесі, Клеопаның әйелі Мәрия мен мағдалалық Мәрия тұрған еді.</verse>
				<verse number="26">Иса Өзінің анасын және анасының қасында Өзі жақсы көретін шәкіртінің тұрғанын көріп, анасына: -Анашым, енді сенің ұлың, міне, мынау! - деді.</verse>
				<verse number="27">Сосын Ол әлгі шәкіртіне: -Бұл-енді сенің-анаң, оған қамқор бол! -деді. Сол сәттен бастап, әлгі шәкірт Оның анасын өз қамқорлығына алды.</verse>
				<verse number="28">Иса бәрінің осымен аяқталғанын және Жазбада жазылған сөздің орындалуы тиіс екенін біліп: -Шөлдеп тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="29">Сол жерде сірке суына толы бір ыдыс тұрды, сонда біреу әлгі сірке суына батырылған сорғышты сайсағыз ағашының бұтасына бекітіп, Оның аузына тосты.</verse>
				<verse number="30">Сонда Иса әлгі сірке суынан татқан соң: -Аяқталды! -деді де, басын төмен түсіріп, рухын тапсырды.</verse>
				<verse number="31">Яһудейлер мейрамға дайындалып жүргендіктен, олар сенбі күнге өлі денелерді айқышта қалдырмау үшін, Пилаттан олардың аяқтарын сындырып, айқыштан алып тастауын сұрады, өйткені сенбі күні олар үшін аса қадірлі, ұлы күн болып саналатын.</verse>
				<verse number="32">Сондықтан сарбаздар келіп, айқышта бірінші шегеленіп тұрғанның аяқтарын сындырып, сосын Исаның қасында тұрған екіншісінің де аяқтарын сындыра бастады.</verse>
				<verse number="33">Ал Исаға келгенде, олар Оның (тез арада) өліп қалғанын көріп, Оның аяқтарын сындырған жоқ.</verse>
				<verse number="34">Бірақ олардың арасынан бір сарбаз Исаның бүйіріне найзасын сұғып алғанда, сол сәтте қан мен су ақты.</verse>
				<verse number="35">Міне, осыларды көрген адамның куәлігі-шындық, ол тек шындықты айтып тұрғанын біледі және ол сендердің де осыған сенгендеріңді қалайды.</verse>
				<verse number="36">Сондықтан Жазбадағы: «Оның сүйектері де сынбайды», -деп жазылған сөз осылай орындалды.</verse>
				<verse number="37">Жазбаның басқа бір жерінде: «Олар өздері Түйрегенге қарап тұратын болады», - деп те айтылған.</verse>
				<verse number="38">Осы оқиғадан кейін, өзін Исаның шәкірті екенін яһудейлерден қорқып, ашық айтпай, жасырып жүрген ариматеялық Жүсіп Исаның денесін алып кетпек болып, Пилаттан рұқсат сұрады. Пилат рұқсатын берген соң, ол Исаның денесін сол жерден алып кетті.</verse>
				<verse number="39">Түн ішінде Исаға келген Нікөдем де мөлшері отыз литрден асатын смирна мен алоэ қоспасын өзімен бірге ең бірінші болып сол жерге ала келіпті.</verse>
				<verse number="40">Сонымен, олар Исаның денесін алып келген соң, яһудейлердің жерлеу рәсіміне сай, Оны хош иісті қоспаға малынып алынған матаға орады.</verse>
				<verse number="41">Исаны айқышқа шегелеген сол жердің маңында бір бақ бар болатын, сол бақта әлі де ешкім жерленбеген жаңа бір қабір болды.</verse>
				<verse number="42">Бұл кезде яһудейлер мейрамға қызу дайындалып жатты, ал олар үшін ең жақын қабір сол болғандықтан, олар Исаның денесін сол қабірге апарып қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="20">
				<verse number="1">Аптаның бірінші күні болатын. Таң әлі ата қоймаған кез, дала қараңғы. Міне, сол кезде мағдалалық Мариям қабірге келді. Ол қабірдің бетіндегі тастың орнынан алынып тасталғанын көрді.</verse>
				<verse number="2">Содан соң ол Шимон Петр мен Исаның Өзі жақсы көретін (басқа бір) шәкіртіне жүгіріп келіп, оларға: -Қабірден Иемізді алып кетіпті. Оны қайда апарып қойғанын да білмейміз, - деді.</verse>
				<verse number="3">Сонда Петр мен сол (басқа бір) шәкірт қабірге бармақ болды, сыртқа шығып,</verse>
				<verse number="4">екеуі жүгіре жөнелді. Сол (басқа) шәкірт жылдам жүгіріп, қабірге Петірден бұрын жетті.</verse>
				<verse number="5">Ол төмен еңкейіп қарап, тек жатқан маталарды көрді, алайда ішіне кірмеді.</verse>
				<verse number="6">Оның соңынан еріп келген Петр келе сала қабірге кірді, ол да тек сол жерде жатқан маталарды ғана көрді.</verse>
				<verse number="7">Исаның басын ораған орамалдың маталардан бөлек басқа жерге бүктеп қойылғанын көзі шалды.</verse>
				<verse number="8">Сол кезде Петірден бұрын келген әлгі басқа шәкірт те қабірге кірді. Ол да соны көріп, сенді.</verse>
				<verse number="9">Дегенмен, Оның өлімнен қайта тіріліп кетуінің Жазбаға сай болғанын олар әлі де білмейтін еді.</verse>
				<verse number="10">Шәкірттер қайтып келіп, қалған шәкірттерге қосылды.</verse>
				<verse number="11">Мәриям қабірдің сыртында жылап тұрды. Ол жылаған күйі төмен еңкейіп, қабірге қараған кезде,</verse>
				<verse number="12">бірі Иса жатқан жердің бас жағында, екіншісі аяқ жағында отырған, үстеріңде аппақ киімдері бар екі періштені көреді.</verse>
				<verse number="13">Сонда олар Мәриямға: -Әйел, неге жылап тұрсың? -деді. Мәриям Оларға: -Менің Иемді алып кетіпті, мен Оны қайда апарып қойғанын білмеймін, - деді.</verse>
				<verse number="14">Мәриям осылай деп, арт жағына бұрылғанда, өзінің артында тұрған Исаны көрді, алайда Оның Исаның Өзі екенін білген жоқ.</verse>
				<verse number="15">Сонда Иса оған: -Әйел, неге жылап тұрсың? Кімді іздеп жүрсің? -деді. Ал Мәриям Оны бағбан екен деп ойлап, Одан: -Мырза, егер де Сен Оны басқа бір жерге апарып қойған болсаң, Оны қайда қойғаныңды маған айтшы. Мен Оны өзіммен бірге алып кетейін, - деді.</verse>
				<verse number="16">Иса оған: -Мәриям! -деді. Сонда Мәриям Оған бұрылып: -Ұстаз! -деді. (Бұл еврейше «Раввуни», яғни, «Ұстаз» дегенді білдіретін еді).</verse>
				<verse number="17">Иса Мәриямға: -Қолыңды Маған тигізбе, өйткені Мен әлі Әкеме көтерілген жоқпын. Сен одан да Менің бауырларыма барып, енді Менің Әкеме және Сендердің де Әкелеріңе, Менің Құдайыма және Сендердің де Құдайларыңа көтеріліп кететінімді айт! - деді.</verse>
				<verse number="18">Осыдан кейін мағдалалық Мәриям (шәкірттерге) келіп: -Мен Иемді көрдім! -деп, Мәриямға Иса не айтқан болса, соның бәрін Исаның шәкірттеріне айтып берді.</verse>
				<verse number="19">Сол аптаның сенбі күні және кешкі мезгіл болатын. Яһудейлерден қорыққан шәкірттері есіктерді жауып алып отырған кезде, Иса келді, олардың орталарына тұра қалып, оларға: * -Сендерде амандық пен бейбіт тыныштық болсын! - деді.</verse>
				<verse number="20">Иса осылай деген соң, оларға Өзінің қолдары мен бүйірін көрсетті. Сонда шәкірттері Иесін көріп, қуанып кетті.</verse>
				<verse number="21">Иса оларға тағы да: -Сендерде амандық пен бейбіт тыныштық болсын! Мені Әкем қалай жіберсе, Мен де сендерді солай жіберіп тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="22">Иса осыны айтты да, Өзінің демін оларға үрлеп: -Киелі Рухты қабылдаңдар! - деді.</verse>
				<verse number="23">Кімдерді кешірсеңдер, сендердің де күнәларың кешіріледі, ал кімдерді кешірмейтін болсаңдар, (күнәні) қалдырсаңдар, онда сендердің де күнәларың кешірілмейді, өздеріңде қалады, - деді.</verse>
				<verse number="24">Иса келген кезде, Оның он екі шәкіртінің бірі және егіздің сыңары аталып кеткен Тома оларман бірге болмаған еді.</verse>
				<verse number="25">Басқа шәкірттері оған келіп: -Біз Иемізді көрдік! -деді. Тома оларға: -Егер де Оның қолындағы шегелердің іздерін өз саусағыммен, ал Оның бүйірін өз қолыммен ұстап көрмесем, мен сенбеймін, - деген болатын.</verse>
				<verse number="26">Осы оқиғадан кейін сегіз күн өткенде, Исаның шәкірттері үйде тағы да өздері жиналды. Тома да олармен бірге болатын. Есіктер іштен жабық болатын, сол кезде Иса ішке кіріп келіп, олардың орталарына тұра қалды да: -Сендерге амандық пен бейбіт тыныштық болсын! - деді.</verse>
				<verse number="27">Содан кейін Томаға: -Саусағыңды бері әкел де, Менің қолдарыма қара. Қолыңды Менің бүйіріме қой, сенімсіз болма, керісінше, сенетін бол! - деді.</verse>
				<verse number="28">Сонда Тома Оған: -Бұл -Менің Ием, Менің Құдайым! -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="29">Иса оған: -Сонымен, сен тек Мені көргеннен кейін ғана сеніп тұрсың ба? Ал Мені көрмесе де, Маған сенетіндер бақытты! - деді.</verse>
				<verse number="30">Иса Өзінің шәкірттерінің алдында бұл кітапқа жазылмаған бұдан басқа да көп кереметтерді жасады.</verse>
				<verse number="31">Мәсіх Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сендердің күмән келтірмей сеніп жүрулерің үшін және сендер Оның атымен аталған мәңгілік өмірге сенім арқылы қол жеткізсін деген мақсатпен осы кітап жазылды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="21">
				<verse number="1">Осыдан кейін Иса шәкірттеріне тағы бір рет Тиберия көлінде көрінді. Ол былай болған еді:</verse>
				<verse number="2">Егіздің сыңары аталған Тома және Ғалилеяның Қана қаласынан Натанайыл мен Зебедейдің ұлдары және басқа да екі шәкірті Шимон Петірмен бірге болды.</verse>
				<verse number="3">Шимон Петр оларға: -Мен барып балық аулаймын, -деді. -Онда біз де сенімен бірге барамыз, -деді олар Петірге. Олар сол жерден шықты да, қайыққа отырды, бірақ сол түні олар ештеңе ұстай алмады.</verse>
				<verse number="4">Таң атқан кезде Иса жағада тұрды, алайда шәкірттері Оның Иса екенін білген жоқ.</verse>
				<verse number="5">Иса оларға: -Балалар, жейтін бір нәрселерің бар ма? -деді. - Жоқ, - деп Оған жауап берді олар.</verse>
				<verse number="6">Сонда Иса: -Ауларыңды қайықтың оң жағына тастаңдар, сонда ұстайсыңдар, -деді оларға. Олар ауларын солай қарай тастағанда, ауға түскен балықтың көптігінен ауларын тартып шығара алмай қалды.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде Исаның жақсы көретін әлгі шәкірті Петірге: -Бұл Иеміз ғой! -деді.«Бұл Иеміз ғой!» дегенді естіген Петр, жалаңаш беліне сырт киімін байлай салды да, теңізге қарай секірді.</verse>
				<verse number="8">Басқа шәкірттері жағалаудан алыс емес, шамамен, екі жүз шынтақтай жерде болғандықтан, ауды қайықпен сүйретіп жағаға келді.</verse>
				<verse number="9">Олар жағаға шыққан кезде жанып жатқан отты, оттың үстіндегі балықты және жанында жатқан нанды көрді.</verse>
				<verse number="10">Иса оларға: -Қазір ғана ұстап алған балықтарыңнан осында алып келіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="11">Шимон Петр балыққа толы ауды жағаға алып шықты, оның ішінде жүз елу үш балық бар екен, бірақ балық соншама көп болса да, ау жыртылмапты!</verse>
				<verse number="12">Иса оларға: -Мында келіп, таңғы ас ішіп алыңдар, жүріңдер, -деді. Сонда шәкірттері Оның Иеміз екенін білсе де Одан: «Сен кімсің?» -деп сұрауға ешқайсысының батылы бармады.</verse>
				<verse number="13">Иса жақын келді де, әлгі нан мен балықтан алып, оларға берді.</verse>
				<verse number="14">Бұл Исаның өлімнен қайта тірілгеннен кейінгі Өзінің шәкірттеріне үшінші рет көрінген кезі болатын.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, олар астарын ішіп болған соң, Иса Шимон Петрге: -Жоханның ұлы Шимон, сен Мені мыналардан да көбірек сүйесің бе? -деді. Петр Оған: -Иә, Ием! Сені жақсы көретінімді Сен білесің ғой, -деді. Сонда Иса оған: -Менің қозыларымды бақ, - деді.</verse>
				<verse number="16">Осыдан кейін Иса оған тағы да екінші рет: -Жоханның ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? -деді. Петр Оған: -Иә, Ием! Сені жақсы көретінімді Сен білесің ғой, -деді. Сонда Иса оған: - Менің қойларымның бағушысы бол, - деді.</verse>
				<verse number="17">Иса оған тағы да үшінші рет: -Жоханның ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? -деді. Осы кезде Петр мұңайды, себебі одан үшінші рет: «Сен Мені жақсы көресің бе?» -деп сұрап жатыр. Сонда Петр Оған: -Ием, Сен бәрін білесің. Менің Сені жақсы көретінімді де білесің, -деді. Оған Иса: -Менің қойларымды бағатын бол! -деді.</verse>
				<verse number="18">Мен саған шындықты, тек қана шындықты айтып тұрмын: сен бұдан да жас кезіңде беліңді өзің байлап алып, қалаған жағыңа барып жүрдің. Ал қартайған шағыңда, сен қолыңды созып тұрасың, басқа біреу беліңді байлап, сен қаламайтын жаққа алып барады, - деді.</verse>
				<verse number="19">Иса мұны Құдайға мадақ әкелуде Петрдің қандай өліммен өлетінін алдын ала меңзеп айтты.</verse>
				<verse number="20">Петр артына бұрылғанда, Исаның сүйіспеншілігіне бөленіп жүрген және кешкі ас кезінде Исаның кеудесіне басын сүйеп: «Ием, сені ұстап беретін ол кім?» -деп сұраған шәкірттің еріп келе жатқанын көрді.</verse>
				<verse number="21">Петр оны көріп, Исадан: - Ием, ал анау ше? - деді.</verse>
				<verse number="22">Сонда Иса оған: -Мүмкін, Мен қайтып оралғанға дейін, Мен оның күткенін қалайтын шығармын, онда сенің нең бар еді? Ал сен Менің соңымнан ер! - деді.</verse>
				<verse number="23">Міне, осы сөзден кейін шәкірттерінің арасында: «Сол шәкірт өлмейді», - деген сөз тарап кетті. Бірақ Иса оған: «Ол өлмейді», -деп айтқан жоқ. «Мүмкін, Мен қайта оралғанға дейін, оның күткенін қалайтын шығармын, онда сенің нең бар еді?» - деген болатын.</verse>
				<verse number="24">Осы бір болған жайттар мен куәліктер туралы жазып отырған -сол шәкірттің өзі. Біздер оның куәлігінде шындықтың бар екенін білеміз.</verse>
				<verse number="25">Исаның бұдан басқа да жасап кеткен көптеген істері бар. Егер де солардың бәрін бір-бірлеп тізіп жазатын болса, менің ойымша, мына әлем сол жазылған кітаптарды сыйдыра алмас еді.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="44">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құрметті Теофил, мен ең алғашқы сөзімді Исаның Киелі Рух арқылы Өзі таңдап алған елшілеріне бұйрық берген күнінен</verse>
				<verse number="2">Оның көкке көтеріліп кеткен кезіне дейінгі аралықта Оның жасаған істері мен берген тәлімі жайында баяндап жазған едім.</verse>
				<verse number="3">Ол басынан өткізген азаптардан кейін, Өзінің тірі екенін дәлелдейтін істері арқылы елшілерге нақты көрсетті. Иса оларға қырық күн бойы көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтты.</verse>
				<verse number="4">Бірде Иса оларды жинап алып: -Сендер Иерусалимнен ешқайда кетпеңдер. Мен сендерге Әкенің берген уәдесін күтуді айтқанымды естідіңдер, соны күтіңдер, -деп оларға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="5">-Кезінде Жақия сендерді суға батырып шомылдырса, енді сендер біраз күннен кейін *Киелі Рухқа батырылып шомылдырылатын боласыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="6">Сол кезде жиналған елшілер: -Ием, Исраилдің патшалығын сол кезде қайтадан қалпына келтіресің бе? -деп Исадан сұрағанда:</verse>
				<verse number="7">-Берілген уақыттар мен мезгілдерді Әке Өз билігінің астына *бағынышты етіп енгізіп қойған, сол себептен оны сендерге білу мүмкіндігі берілмеген.</verse>
				<verse number="8">Алайда өздеріңе қонған Киелі Рухтан күш аласыңдар, сонда сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самарияда және жердің шетіне дейін Менің куәгерлерім боласыңдар, -деген еді.</verse>
				<verse number="9">Осылай деген соң, Иса олардың көз алдында *көкке көтеріле бастады, сол кезде бұлт Оны жасырып, Исаны олардың көзінен таса қылды.</verse>
				<verse number="10">Оның көкке көтеріліп бара жатқан сәтіне қадала қарап тұрғанда, олардың қасына аппақ киім киген екі ер адам келіп тұра қалып:</verse>
				<verse number="11">-Ғалилеялық *ер-азаматтар, -деді олар, -неменеге көкке қадала қарап қалдыңдар? Исаның сендердің орталарыңнан, жоғарыға, көкке, көтеріліп бара жатқан сәтін көріп тұрсыңдар, сендердің көз алдарыңда көкке қалай көтерілген болса, Оның қайтып келуі де тура осылай болады, - деді.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін олар тек сенбі күні ғана жүруге болатын, * яғни, бір шақырым қашықтықтан артық жүруге болмайтын Иерусалимге жақын орналасқан Зәйтүн бағы деп аталатын таудан түсіп, Иерусалимге оралды.</verse>
				<verse number="13">Олар ішке кіріп, жоғарғы бөлмеге көтерілді. Сол жерде Петір мен Жақып, Жохан мен Әндір, Філіп пен Фома, Бартолмай мен Матай, Әлфейұлы Жақып пен *зилотшыл* Шимон мен Жақыптың бауыры Яһуда болған еді.</verse>
				<verse number="14">Олардың барлығы басқа да әйелдермен, Исаның шешесі Мәрияммен, Оның бауырларымен бірге бірлікте, үздіксіз мінәжат ететін.</verse>
				<verse number="15">Сол күндері Петір орнынан тұрып, ортаға шықты да бауырластарына(сол жерге жиналған халықтың саны, шамамен, жүз жиырмадай болатын) былай деді:</verse>
				<verse number="16">-Бауырлар, ер-азаматтар, Жазбада Дәуіттің аузынан шыққан сөз арқылы Исаны тұтқындауға келгендерге жол көрсеткен Яһуда туралы Киелі Рухтың айтқаны осылай орындалып, жүзеге асуы тиіс еді.</verse>
				<verse number="17">Яһуда да біздің қатарымызда болды, ол да бізбен бірге бұл қызметке жеребе тастау арқылы ие болды.</verse>
				<verse number="18">Бірақ оның тапқан табысы әділетсіз жолмен болды, ол соған сатып алған жерінде етпетінен құлап, ішек-қарны ақтарылып қалды.</verse>
				<verse number="19">Міне, осы жағдай бүкіл Иерусалим тұрғындарына мәлім болды, қысқасы, олардың тілімен айтар болсақ, бұл жер «Акелдамах», яғни, «Қанды жер» деп аталып кетті.</verse>
				<verse number="20">Өйткені Забур жырында: «Оның шаңырағы қаңырап бос қалсын, ешкім онда тұрмайтын болсын». «Ол *қарауына алып, қадағалап жүрген қызметті басқа біреу алсын», -деп жазылған.</verse>
				<verse number="21">-Сондықтан Иеміз Исаның бізге келіп, Ол ортамызда болған кезде бізбен бірге жүрген,</verse>
				<verse number="22">Жақияның суға батырып шомылдыруынан бастап, Исаның өліп, қайта тірілген кезінен Оның көкке көтеріліп кеткен күніне дейін, біздің арамызда болған әрі соған куә болған ер адам арамызда бар болса, сол енді елші атанып, бізбен бірге болуы тиіс.</verse>
				<verse number="23">Сонымен, олар Иуст деп аталған Жүсіп Барсабаны және Матияны ортаға шығарды.</verse>
				<verse number="24">Содан кейін: -Ием, барлығының жүрегін тек Сен ғана білесің, осы екі адамның қайсысын таңдап алғаныңды бізге көрсетші.</verse>
				<verse number="25">Тура жолдан тайып, баратын жеріне кеткен Яһуданың орнына біз оны елшілік қызметке қабылдайық, -деп мінәжат етті.</verse>
				<verse number="26">Осыдан кейін оларға жеребе алу мүмкіндігі берілді, жеребе Матияға түсіп, ол он бір елшінің қатарына қосылды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Елуінші күн аталған мейрам мезгілі келгенде, елшілердің бәрі жиналып, бірге болды.</verse>
				<verse number="2">Кенет көктен күшті дауылды желдің гуілі естіліп, олар жиналған үйдің ішін толтырып жіберді.</verse>
				<verse number="3">Бұдан кейін одан от сияқты көзге көрінетін тілдер бөлініп шықты да, сонда отырғандардың әрқайсысының үстіне бір-бірден барып қонды.</verse>
				<verse number="4">Сөйтіп, олардың бәрі Киелі Рухқа толды және Рухтың берген қабілетіне сай, олар әр түрлі тілде сөйлей бастады.</verse>
				<verse number="5">Осы кезде бұл жерге Иерусалимде тұратын яһудейлермен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген Құдайдан қорқатын әр елдің ер азаматтары да сонда жиналған болатын.</verse>
				<verse number="6">Алайда сол дыбыстың шуылы сонда жиналғандардың көпшілігін абыржытты, өйткені олардың әрқайсысы сол жерде айтылған сөздерді өз тілдерінде естіген еді.</verse>
				<verse number="7">Олар бұған қатты таңданып: -Мына сөйлеп тұрғандардың бәрі де ғалилеялықтар емес пе?</verse>
				<verse number="8">Біздің әрқайсымыз өзіміздің туған тілімізді қалайша олардан естіп тұрмыз?!</verse>
				<verse number="9">Мұнда парсылар, мидияндықтар, еламдықтар, месопатамиялықтар, яһудейлер, каподокиялықтар және Понт пен Асия,</verse>
				<verse number="10">Фрагия, Памфилия, Мысыр және Ливия өңірі мен Киринея өлкесінен және Римде тұратын</verse>
				<verse number="11">яһудейлер мен Таурат заңын қабылдаған өзге ұлттың өкілдері, криттіктер мен арабтар да бар. Міне, солардың бәрінің Құдайдың Ұлылығы жайлы жариялап жатқан хабарын өз тілдерімізде естіп тұрмыз! - десті.</verse>
				<verse number="12">Олар бұған таңданып, ештеңе түсіне алмай, бір-бірінен: -Бұл нені білдіреді? - деп сұраса,</verse>
				<verse number="13">басқалар оларды келемеждеп: -Тәтті жас шарапқа тойып алған ғой, - деп жатты.</verse>
				<verse number="14">Сонда он бір елшінің арасынан Петір орнынан тұрып, оларға даусын көтеріп, былай деді: -Яһудеяның еразаматары мен Иерусалимнің барлық тұрғындары! Сіздерге түсінікті болу үшін, менің сөздерімді мұқият тыңдап алыңыздар.</verse>
				<verse number="15">Бұлар сіздер ойлағандай мас емес, өйткені қазіргі уақытқа қарасақ, сағат таңғы тоғыз.</verse>
				<verse number="16">Алайда Жоел пайғамбар арқылы мынадай сөз айтылған болатын:</verse>
				<verse number="17">«Соңғы күндері, -дейді Жаратқан Ие, -Мен Өз рухымнан алып, Оны әрбір пендеге төгемін, сонда сендердің ұлдарың мен қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жеткіншектерің аян, қарттарың түс көретін болады.</verse>
				<verse number="18">Міне, сол күндері Мен Өзімнің құлдарым мен күңдерімнің үстіне Өз Рухымды оларға төгетін боламын, сонда олар пайғамбарлық сөз айтады.</verse>
				<verse number="19">Көктен, яғни, жоғарыдан ғажаптар көрсетемін, жерде, яғни, төменде қан мен отты әрі түтінді түтетемін.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, ұлы даңққа бөленіп, Иеміздің келетін күні анық болғанда, күн алдын ала қара түнекке айналып, ай қанға боялатын болады.</verse>
				<verse number="21">Міне, сол кезде Иеміздің есімін кім атап шақыратын болса, сол ғана құтқарылатын болады».</verse>
				<verse number="22">Исраилдің ер-азаматтары, назареттік Иса туралы айтатын сөзімді тыңдап алыңдар: сендердің орталарыңда болған Ол Өзінің кереметтері мен ғажайыптарын Құдайдың күшімен сендер үшін жасағанын және сол арқылы Оның Құдайдан келгенін көрсеткенін білесіңдер.</verse>
				<verse number="23">Алайда Құдайдың еркімен тағайындалған Сол Адамды сендер өздерің арнайы кеңеске салып, Оны заңға бағынбайтын өзге ұлт адамдарының қолымен шегелетіп өлтірдіңдер.</verse>
				<verse number="24">Бірақ Құдай Оны азапты өлімнің құрсауынан босатып, Оны қайта тірілтіп алды, өйткені Оны ұстап тұруға өлімнің күші жоқ.</verse>
				<verse number="25">Ол туралы Дәуіт былай деген: «Мен Иемнің әрдайым көз алдымда жүргенін көретінмін. Ол әрқашан менің оң жағымда жүретіндіктен, мен әлсіремеймін (шайқалмаймын).</verse>
				<verse number="26">Міне, сондықтан менің жүрегім қуанады, тілім де шаттық сөзге толы, әуелі, менің тәнім де үмітпен өмір сүреді.</verse>
				<verse number="27">Менің жанымды тозақта қалдырмайсың және Өзіңе бағышталғандардың құрып кетуіне жол бермейсің.</verse>
				<verse number="28">Өзіңді танып-білу үшін, Сен өмір жолын маған бердің, Өзіңнің бет-жүзіңді көргенде, мені қуанышқа бөлейсің».</verse>
				<verse number="29">Ер-азаматтар мен бауырластар, арғы бабамыз Дәуіттің өліп, жерленгені жөнінде мен сендерге нақты айта аламын. Оның қабірі бүгінгі күнге дейін сақталған.</verse>
				<verse number="30">Ол пайғамбар болғандықтан, өзі отырған таққа оның ұрпағынан біреуді Құдайдың көтеретінін алдын ала білді.</verse>
				<verse number="31">Дәуіт Мәсіхтің тірілетінін де алдын ала көрді, сондықтан: «Ол тозақта қалған жоқ, Оның денесі құрып кеткен жоқ», - деп айтып кеткен болатын.</verse>
				<verse number="32">Құдай Исаны қайта тірілтіп алды, осы жерде тұрған бәріміз бұған куә болдық!</verse>
				<verse number="33">Ол көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына барып жайғасты. Сөйтіп, Әкенің Оған уәде еткен Киелі Рухын қабылдаған соң, Оны осында төкті, енді сендер Соны көріп, Оның даусын естідіңдер.</verse>
				<verse number="34">Дәуіт көкке көтерілген жоқ, бірақ ол: «Ием менің Иеме: «Мен Сенің жауларыңды Сенің табаныңның астына салып бергенше,</verse>
				<verse number="35">Сен Менің оң жағымда отыр», - деп айтқан.</verse>
				<verse number="36">-Сондықтан бүкіл Исраил үйінің әулеті, мынаны нақты біліп алыңдар: Сендер айқышқа шегелеген Сол Исаны Ие әрі Мәсіх етіп Құдай тағайындады!</verse>
				<verse number="37">Бұл сөз тыңдап тұрғандардың жүректеріне шаншудай қадалды, сонда олар Петр мен басқа елшілерге: -Бауырластар, ер-азаматтар, енді біз не істесек болады? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="38">-Ой-саналарыңды өзгертіп, тәубе етіңдер, -деді Петр, -күнәларыңның кешірілуі үшін Исаның атымен әрқайсыларың суға батырылып шомылдырудан өтіңдер, осылай Киелі Рухтың сыйын алыңдар.</verse>
				<verse number="39">Құдай Иелерің бұл уәдені сендерге, балаларыңа және сонау алыстан шақырылғандардың бәріне берген болатын, -деді.</verse>
				<verse number="40">Сөйтіп, ол бұдан да басқа бірнеше куәліктер келтіріп: -Осы бір қыңыр, азғын ұрпақтан сақтанып, аулақ жүріңдер, -деп кеңес берді.</verse>
				<verse number="41">Оның осы сөзін қабылдағандар суға батырылып шомылдырудан өтті. Сол күні оларға үш мыңға жуық адам қосылды.</verse>
				<verse number="42">Осыдан кейін олар елшілердің тәлімін ұстанып, нан үзу рәсімінде және мінәжат еткенде бірге болды.</verse>
				<verse number="43">Елшілер арқылы көптеген ғажайыптар мен кереметтер жасалып жатқандықтан, адамдардың барлығын қорқыныш биледі.</verse>
				<verse number="44">Сенушілердің бәрі бірге жиналып, қажет заттарын да ортақ ұстады.</verse>
				<verse number="45">Мұқтаждық көрген кейбіреулерге басқалары жеке заттары мен мүліктерін сатып, оларға қолдау көрсетті.</verse>
				<verse number="46">Олар күнде ғибадатханада бір кісідей бас қосып, бірге болды, үйде өтетін нан үзу рәсімін қуанышпен, қарапайым жүрекпен қабылдайтын.</verse>
				<verse number="47">Осылайша олар Құдайды мадақтады, бүкіл халық рақымдылыққа ие болды. Иеміз күн сайын оларға құтқарылған адамдарды қосып, біріктіріп отырды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сағат тоғыздың кезінде Петір мен Жохан мінәжат ету үшін, ғибадатханаға қарай көтеріліп келе жатты.</verse>
				<verse number="2">Сол ғибадатхананың «Әдемі» деп аталатын қақпасының алдына ана құрсағынан аяғы кем болып туылған бір ер адамды ғибадатханаға келетіндерден қайыр сұрау үшін, әкеліп отырғызып қоятын.</verse>
				<verse number="3">Ғибадатханаға кіріп келе жатқан Петр мен Жоханды көрген сол адам олардан қайыр сұрайды.</verse>
				<verse number="4">Сонда Петір мен Жохан одан көз алмай қадала қарап: -Бізге қарашы! - деді.</verse>
				<verse number="5">Ол бір нәрсе берер деп дәметкендіктен, оларға назарын аударды.</verse>
				<verse number="6">Сонда оған Петр: -Менде күміс те, алтын да жоқ, бірақ не бар, соны саған беремін, -деді де: -Назареттік Исаның атымен орныңнан тұрып, жүріп кет! - деді.</verse>
				<verse number="7">Сөйтті де оны оң қолынан ұстап, көтерді, сол сәтте мүгедектің табаны мен буындарына күш пайда болды!</verse>
				<verse number="8">Ол орнынан атып тұрып, жүріп кетті! Олармен бірге ғибадатханаға кіріп, секіріп жүріп, Құдайды мадақтады.</verse>
				<verse number="9">Сол жердегі бүкіл халық оның жүріп жүргенін, Құдайды мадақтағанын көреді.</verse>
				<verse number="10">Оның ғибадатхананың «Әдемі» деп аталатын қақпасының алдында қайыр тілеп отыратын адам екенін таниды, оларды қорқыныш билеп, болған оқиғаға бола естері шығып, аң-таң күйге түседі.</verse>
				<verse number="11">Әлгі адам Петір мен Жоханға жабысып, олардан бір елі қалмай қояды. Осы болған оқиғаға халықтың бәрі таң-тамаша болып, сол жердегі Сүлейменнің бағаналы сарайының жанына жинала бастады.</verse>
				<verse number="12">Мұны көріп тұрған Петір халыққа былай деп үн қатты: -Исраилдің ер азаматтары, бұған неге соншама таңырқап тұрсыңдар? Біз оны өз күшімізбен не болмаса ізгі қасиетіміздің арқасында жасаған жоқпыз. Бізге неге соншама тесірейіп қарап қалдыңдар?</verse>
				<verse number="13">Ыбырайымның, Ысқақтың, Жақыптың Құдайы және біздің ата-бабаларымыздың Құдайы, Өзінің Ұлы Исаны даңққа бөледі, ал сендер Оны басқаларға ұстап бердіңдер. Пилат Оны босатып жібермек болғанда, сендер Одан бас тарттыңдар.</verse>
				<verse number="14">Сендер әрі киелі, әрі әділетті Исадан бас тартып, Оның орнына өздерің кісі өлтірушіні қалап, сұрап алдыңдар.</verse>
				<verse number="15">Өмірдің бастауы болған Исаны өлтірдіңдер! Алайда Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды, мына біз соған куәміз!</verse>
				<verse number="16">Сендер өздерің күнде көріп -біліп жүрген мына адамды сол Исаның атына сенген сенімі нығайтты, сөйтіп, ол Исаға деген сенімі арқылы толығымен сауықты, қайтадан қалпына келіп, сендердің орталарыңа оралды.</verse>
				<verse number="17">Бауырластар, сендер де, сендердің басшыларың да соны білместікпен істегендеріңді мен түсінемін.</verse>
				<verse number="18">Ал Құдай Өзінің пайғамбарларының аузымен Мәсіхтің азап шегетіні жайында алдын ала айтып кеткен еді, міне, бұл осылай орындалды.</verse>
				<verse number="19">Сонымен, күнәларың кешірілсін десеңдер, тәубеге келіп, теріс жолдарыңнан кері қайтыңдар,</verse>
				<verse number="20">өйткені Иеміздің жүзінен рухани жаңартатын жаңа уақыттың келе жатқаны байқалады, сондықтан Ол сендерге алдын ала тағайындап қойған Мәсіх Исаны жіберді.</verse>
				<verse number="21">Құдай өткен ғасырларда Өзіне бағышталған пайғамбарларының аузымен: «Бәрін қайта қалпына келтіретін уақыт келгенше, Ол, яғни, Мәсіхкөкте болады», -деп айтқан еді.</verse>
				<verse number="22">Кезінде Мұса былай деп айтып кеткен: «Сендердің Құдай Иелерің мен сияқты бір Пайғамбарды өз бауырластарыңның арасынан қайтадан қоятын болады. Оның сендерге айтқандарының бәрін тыңдауға тиіссіңдер.</verse>
				<verse number="23">Сол Пайғамбарды тыңдағысы келмейтін әрбір жан халықтың арасынан аластатылып, құртылуы тиіс».</verse>
				<verse number="24">Бір кездері Самуилден бастап, басқа пайғамбарлар да бірінен соң бірі алдын ала болжап, осы күндер туралы айтып кеткен.</verse>
				<verse number="25">Сол пайғамбарлардың ұрпақтары -сендерсіңдер. Құдай сендердің ата-бабаларың Ыбырайыммен келісім шартқа отырған кезде оған: «Сенің ұрпағың арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға әкелік батаң тарайтын болады», -деген болатын.</verse>
				<verse number="26">Құдай Өз Ұлын өлімнен тірілтіп алғаннан кейін, сендерге батасын (жарылқауын) беріп, әрқайсысыңды зұлым әрекеттеріңнен бас тартып, жиренту үшін, ең алдымен, Оны сендерге жіберді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Олар әлі де халыққа сөйлеп тұрған сәтте, бас қызметкерлер мен ғибадатхана күзетінің басшысы мен саддукейлер келіп қалды,</verse>
				<verse number="2">олардың халыққа тәлім беріп және Исаның өліп, өлімнен қайта тірілгені туралы жариялап жатқандарына ашуланды.</verse>
				<verse number="3">Сол жерде оларды бас салып ұстап алып, кеш батып қалған мезгіл болғандықтан, оларды келесі күнге дейін абақтыға жаптырып қояды.</verse>
				<verse number="4">Ал сол арада болғандардың көпшілігі естіген сөзге сенді, бауырластар саны бес мың ер адамға артты.</verse>
				<verse number="5">Келесі күні яһудейлердің басшылары мен ақсақалдары және Таурат заңын зерттеушілер бірігіп, Иерусалимге жиналатын болды.</verse>
				<verse number="6">Ол жерде бірінші бас қызметкер Анна мен Қаяфа, Жохан мен Ескендір, сонымен қатар, бірінші бас қызметкерлердің әулетіне жататын жақын адамдардың бәрі болды.</verse>
				<verse number="7">Олар тұтқынға алынғандарды ортаға шығарып: -Сендер мұны қандай күшпен және кімнің атымен істедіңдер? -деп олардан сұрады.</verse>
				<verse number="8">Сонда Киелі Рухқа кенелген Петір оларға былай деді: -Халықтың басшылары мен ақсақалдары!</verse>
				<verse number="9">Егер де бүгін біз мына сал болып ауырған адамға байланысты жасалған ізгі іске әрі оның қалай сауығып кеткеніне бола жауапқа тартылып жатқан болсақ,</verse>
				<verse number="10">онда сіздердің бәріңізге, бүкіл Исраил халқына мына нәрсе мәлім болсын: бұл адам сендер айқышқа шегелеген Назареттік Исаның, яғни, Құдай өлімнен қайта тірілтіп алған Иса Мәсіхтің атымен сауықты! Енді, міне, ол сіздердің алдарыңызда сап-сау қалпында тұр!</verse>
				<verse number="11">Сіздер «Қорлап, құрылысқа жарамсыз етіп тастаған Сол Тас енді ең басты іргетасқа айналды».</verse>
				<verse number="12">Исадан басқа ешкім де құтқара алмайды, себебі біз секілді аспан астында өмір сүріп жатқан адамдарды құтқарып алатын есім Одан басқа ешкімге берілмеген, -деді.</verse>
				<verse number="13">Сонда олар Петір мен Жоханның батылдығына таңғалды, олардың оқымаған әрі қарапайым адамдар екені көрініп тұрды. Олардың Исаның қасында жүретінін білетін.</verse>
				<verse number="14">Олардың қасындағы адамның сауығып кеткенін көргенде, ешқандай да қарсылық білдіре алмады.</verse>
				<verse number="15">Бұдан кейін оларға синедерионнан сыртқа шығуын бұйырды да, өздері бір-бірімен ақылдасып:</verse>
				<verse number="16">-Мына адамдарға не істесек болады? -деді олар, -олар арқылы жасалған мына керемет іс бүкіл Иерусалим тұрғындарына мәлім болды, біз мұны жоққа шығара алмаймыз.</verse>
				<verse number="17">Енді осы нәрсе халықтың арасына бұдан да кең тарап кетпеу үшін, оларға осы Адамның атына байланысты бұдан былай еш нәрсе айтпаңдар деп қорқытып қояйық, -десті.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, оларды қайтадан шақырып алып: -Енді Исаның атына байланысты мүлдем еш нәрсе жариялап айтушы болмаңдар және ешқандай тәлім де бермеңдер, -деді.</verse>
				<verse number="19">Сонда Петір мен Жохан оларға былай деп жауап қайырып: -Құдай алдында Оның айтқанын емес, сендердің айтқандарыңды тыңдау дұрыс па, өздеріңіз ойлап қараңыздаршы?</verse>
				<verse number="20">Адайда біз нені көргеніміз бен нені естігеніміз жайында айтуды тоқтата алмаймыз, - деді.</verse>
				<verse number="21">Жоғары кеңестің мүшелері оларды жазалайтындай еш нәрсе таппаған соң және халықтың қолдауын көріп, оларды тағы да қорқытып, босатып жіберді. Осы болған оқиғадан кейін барлығы Құдайды мадақтады,</verse>
				<verse number="22">сауығып кеткен адамның жасы қырықтан асып кеткен еді.</verse>
				<verse number="23">Петір мен Жоханды босатып жіберген соң, олар өздерінің ортасына келіп, бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдардың өздеріне не айтқанын жеткізді.</verse>
				<verse number="24">Осы болған оқиғаны естігеннен кейін, олардың барлығы бір кісідей Құдайға дауыстап: -Көк пен жерді, теңізді де және ондағылардың бәрін де жаратқан Жаратушы Иеміз!</verse>
				<verse number="25">Сен Киелі Рухың арқылы біздің арғы бабамыз әрі Өзіңнің қызметшің Дәуіттің аузымен: «Неге ұлттар қарсыласып, халықтар түкке тұрмайтын нәрсемен айналысып кетті?</verse>
				<verse number="26">Жер бетіндегі патшалар бас көтеріп, басшылар бірге жиналып, Иемізге, Оның Майланғанына (Мәсіхке) қарсы шығып жатыр», - деп айтқан болатынсың.</verse>
				<verse number="27">Шынымен де, Ирод пен Понти Пилат осы қалада өзге ұлт өкілдерімен және Исраил халқымен бірігіп, Сенің киелі Ұлың әрі Өзің майлаған Исаға қарсы тұрды.</verse>
				<verse number="28">Олар Сенің қолың (күшің) арқылы және Сенің еркіңе сай алдына ала белгіленгенді іске асырды.</verse>
				<verse number="29">Ием, енді қазір олардың көрсетіп жатқан қоқан-лоқысына назарыңды аударшы, Сенің құлдарыңа Өзіңнің әрбір сөзіңді ашық айта алатын батылдық бере гөрші!</verse>
				<verse number="30">Сенің киелі Ұлың Иса арқылы сауықтырулар мен кереметтер жасап, бізге Өзіңнің қолыңды соза гөрші! -деп мінәжат етті.</verse>
				<verse number="31">Олар осылай мінәжат еткен кезде, олар жиналып отырған жер қозғалып кетті, сол кезде олардың бәрі Киелі Рухқа кенелді, сонда олар Құдайдың сөзін аса бір батылдықпен айта бастады.</verse>
				<verse number="32">*Сол жердегі көптеген сенушілердің жүрегі мен жаны бір (бірлікте) болды. Олардың бірде-біреуі де өзінде бар нәрсені өз меншігім деп қараған жоқ, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын ортақ пайдаланды.</verse>
				<verse number="33">Иеміз Исаның өліп, қайта тірілуі жөнінде елшілердің берген куәлігі Құдіретті Ұлы Күштің көмегімен болды, сондықтан Құдайдың рақымы олардың бәріне молынан берілді.</verse>
				<verse number="34">Сол себепті де олардың ешқайсысы ешқандай мұқтаждық көрген емес, жері немесе үйі бар адамдардың көпшілігі сатқан мүліктерінен түскен қаражатты өз еріктерімен әкеліп,</verse>
				<verse number="35">оларды елшілердің алдына апарып қоятын. Ал олар мұны әркімнің мұқтаждығына қарай таратып беріп отырды.</verse>
				<verse number="36">Мысалы, елшілер Барнаба деп атап кеткен Кипрдің тумасы, Жүсіп есімді леуілік (аударғанда «жұбатушы ұл» дегенді білдіреді)</verse>
				<verse number="37">өзінің сатқан жерінің ақшасын алып келіп, оны елшілердің алдына апарып қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Анани есімді бір ер адам әйелі Зәпирамен бірге жеке мүліктерін сатып,</verse>
				<verse number="2">әйелі екеуі келісіп, сатылған бағадан өздеріне бөліп алып қалады да, қалғанын елшілердің алдына қояды.</verse>
				<verse number="3">Сонда Петір оған: -Анани, сайтан не үшін сенің жүрегіңді өзінің өтірігімен толтырып қойды, ол сенің Киелі Рухты алдауыңа жол берді, сөйтіп, сен сатылған жеріңнің жарты бағасын өзіңе жасырып алып қалдың?</verse>
				<verse number="4">Жер сенің өз меншігің болғандықтан, сатылғаннан кейін де түскен ақша да сенікі болып қалмай ма? Не себепті сен жүрегіңе осы бір ойды кіргіздің? Сен адамдарға емес, Құдайға өтірік айтып тұрсың, - деді.</verse>
				<verse number="5">Осы сөзді естігеннен кейін, Анания жерге құлап түсті, оның рухы (жаны) одан шығып кетті. Осы оқиғаны көргендердің бәрінің зәре-құты қалмады.</verse>
				<verse number="6">Жастар орындарынан тұрып, оны дәстүрге сай орап, сыртқа алып шықты да, апарып жерледі.</verse>
				<verse number="7">Осыдан кейін, шамамен үш сағаттай уақыт өткен соң, оның әйелі кіріп келді, әйтсе де ол болған жағдайды білмейтін.</verse>
				<verse number="8">Сонда Петір оған: -Сендер өздеріңе тиісті жеке меншік жерлеріңді осы бағаға саттыңдар ма, маған соны айтшы? -деді. Әйел оған: - Иә, сол бағаға, - деді.</verse>
				<verse number="9">Сонда Петір: -Сендер сонда Иеміздің Рухын сынамақ болып өзара келісіп алғансыңдар ма? Есік алдына келіп қалған аяқтардың дыбысын естисің бе? Міне, сенің күйеуіңді жерлегендер қайтып келді. Енді олар сені де алып шығады, - деді.</verse>
				<verse number="10">Сол сәтте әлгі әйел оның аяқ жағына құлап түсті, оның рухы да (жаны) одан шығып кетті. Жастар кіргенде оның өліп қалғанын көріп, оны да сыртқа алып шығып, күйеуінің қасына апарып жерледі.</verse>
				<verse number="11">Бұл оқиғаны қауымдағылар да түгел естіді, оларды және осы жайында естігендердің барлығын қатты үрей биледі.</verse>
				<verse number="12">Осылайша елшілер арқылы халықтың арасында көптеген кереметтер жасалып жатты. Елшілердің бәрі Сүлейменнің төбесі жабық бағаналы сарайында бір кісідей бірге жиналып жүрді.</verse>
				<verse number="13">Халық оларды аса құрметтеді, ал кездейсоқ қосылмай қалғандардың ешқайсысының оларға барып қосылуларына батылдары жетпеді.</verse>
				<verse number="14">Сөйтіп, Иемізге сенім артқан ерлер мен әйелдер саны көбейіп, күннен-күнге арта түсті.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, адамдар ауруларды жатқан төсегімен көшеге шығарып қоятын. Петір олардың қасынан жүріп өткен кезде, оларға оның көлеңкесі түсіп, олар сауығып кететін.</verse>
				<verse number="16">Бұған қоса Иерусалимнің айналасында орналасқан қалалардан да науқас адамдар мен таза емес рухтың жетегіндегі балаларды алып келетін, олардың бәрі дерттерінен сауығып жатты.</verse>
				<verse number="17">Осы кезде бірінші бас қызметкерлерді және олармен бірге жүргендерді, сондай-ақ саддукейлер бағытын ұстанатындарды қызғаныш билегендіктен,</verse>
				<verse number="18">олар Мәсіхтің елшілерін қолға түсіріп, оларды өкіметтің абақтысына жаптырды.</verse>
				<verse number="19">Бірақ түн ішінде Иеміздің періштесі түрменің есіктерін ашып, оларды шығарып алып:</verse>
				<verse number="20">-Ғибадатханаға барыңдар, -деді, -сол жерде осы өмір туралы айтылған сөзді түгел халыққа жариялап айтып беріңдер, - деді.</verse>
				<verse number="21">Бұған құлақ асқан елшілер таң ата ғибадатханаға келіп, тәлім бере бастады. Осы кезде бірінші бас қызметкерлер өздерімен бірге болғандарды және синедерион мүшелерін, барлық Исраил ұлдарынан ақсақалдарды жинап алып, қызметкерлерін абақтыдан елшілерді алып келуге жіберді.</verse>
				<verse number="22">Дегенмен, қызметкерлер елшілерді абақтыдан таппады. Сосын олар қайтып келіп, оларға:</verse>
				<verse number="23">-Біз барғанда абақтының барлық жағынан мықтап бекітілгенін және қақпа алдында күзетшілер тұрғанын көрдік, бірақ қақпаны ашқан кезде, ішінен ешкімді таппадық, - деп болған жағдайды айтып берді.</verse>
				<verse number="24">Оларды тыңдаған ғибадатхана күзетінің басшысы мен бірінші бас қызметкерлер бір-біріне: «Сонда олармен не болды?» - деп, не болғанын түсінбей, абдырап қалды.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде біреу келіп: -Сендер абақтыға жауып тастаған әлгі ер адамдар ғибадатханада жүр, сол жерде олар халыққа тәлім беріп тұр, - деп хабарлады.</verse>
				<verse number="26">Сонда күзет басшысы қызметшілерімен бірге барып, оларды ертіп келді. Елшілерге ешқандай күш көрсетпеді, өйткені сол жердегі адамдар өздеріне тас лақтырып, ұрып жіберер деп, халықтан қорықты.</verse>
				<verse number="27">Олар елшілерді ертіп келгеннен кейін, оларды синедерионның алдына тұрғызып қойды. Сонда бірінші бас қызметкер оларға:</verse>
				<verse number="28">-Біз сендерге енді қайтып осы Есімді атап, тәлім бермеңдер деп ескертіп, бұйрық бердік емес пе? -деп сұрады. -Сендер бүкіл Иерусалимді өз тәлімдеріңмен толтырып тастадыңдар және осы Адамның қанын біздің мойнымызға артып қойғыларың келеді, - деді.</verse>
				<verse number="29">Сонда Петір мен басқа елшілер: -Негізінде, адамға емес, Құдайға көбірек мойынсынған дұрыс!</verse>
				<verse number="30">Ата-бабаларымыздың Құдайы сендер айқыш ағашқа іліп өлтірген Исаны қайта тірілтті.</verse>
				<verse number="31">Сөйтіп, Құдай Оны жол Бастаушы әрі Құтқарушы ретінде оң қолымен қолдап, көтеріп, жоғарылатты, ондағы мақсаты Исраил халқының тәубеге келіп, күнәларына кешірім алуы еді.</verse>
				<verse number="32">Бұл айтылған сөзге мына біз және Өзіне мойынсынғандарға берген Құдайдың Киелі Рухы куә, -деді.</verse>
				<verse number="33">Осыны естіген кезде олар ашудан жарылып кете жаздағаны соншама, елшілерді өлтіріп тастағылары келді.</verse>
				<verse number="34">Сол арада Таурат заңының оқытушысы ретінде халықтың құрметіне ие болып жүрген Гамалиил атты бір фарисей орнынан тұрып, синедериондағыларға: -Мына адамдарды сыртқа шығара тұрыңдаршы, - деп бұйырды.</verse>
				<verse number="35">Содан кейін ол: -Исраил елінің ер-азаматтары, бұл адамдарға қолданатын іс-әрекеттеріңе аса абай болыңдар, -деді.</verse>
				<verse number="36">Естеріңде болса, осыған дейін Теуда есімді адам өзінөзі ұлымын деп жариялағанда, оның артынан төрт жүзге жуық адам ерген болатын. Алайда оның өлімінен кейін оған ерген адамдардың бәрі бытырап кеткен.</verse>
				<verse number="37">Одан кейін халық санағы жүріп жатқан күндердің бірінде ғалилеялық Яһуда деген пайда болып, оның артынан да біраз халық ерді. Ол өлген соң, оны тыңдап, соңынан еріп жүргендердің бәрі тарап кетті.</verse>
				<verse number="38">Сондықтан сендерге айтарым: бұл адамдарға тиіспеңдер, оларды босатып жіберіңдер. Егер де бұл ісәрекет адамдардың қалауымен болса, онда бұл құрып, жоқ болады.</verse>
				<verse number="39">Ал егер де бұл Құдайдан болса, сендер оны құрта алмайсыңдар, керісінше, осы істерің арқылы Құдайға қарсы күресуші болып қаласыңдар, -деді. Сонда олар бұл сөзге құлақ асады.</verse>
				<verse number="40">Елшілерді қайта шақырып алып, оларды ұрып-соғып, бұдан былай Исаның атын атамауды бұйырды. Осыдан кейін оларды босатып жіберді.</verse>
				<verse number="41">Елшілер Исаның атына бола синедерионның алдында тұрып, жәбір көргендері үшін қуанып, өз жолдарымен кетті.</verse>
				<verse number="42">Осылай олар ғибадатханада немесе үйде болсын, әрдайым Мәсіх Иса жөніндегі тәлімдерінде Ізгі хабар таратуды тоқтатқан жоқ.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сонымен, сол күндері шәкірттердің саны да көбейе берді, грекше сөйлейтін еврейлер жергілікті еврейлерге өздерінің наразылықтарын білдіре бастады. Өйткені күнделікті қажет нәрселерін тарату кезінде, олардың арасындағы жесір әйелдерге аса көңіл бөлінбей қалып жүрді.</verse>
				<verse number="2">Сонда он екі елші сол жердегі шәкірттердің көбін шақырып алып: -Біздің Құдай сөзін елеусіз қалдырып, ас ішетін үстел басында қызмет етіп жүргеніміз жарамас.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан бауырлар, сендер өз араларыңнан Рух пен даналыққа толған жеті ер азаматты өз куәліктеріңе сай таңдап алыңдар, сосын біздер осы бір аса қажетті істің басына соларды қоямыз.</verse>
				<verse number="4">Ал біз өзіміздің қызметімізді мінәжат етуге және Құдайдың Сөзіне арнайтын боламыз, - деді.</verse>
				<verse number="5">Сонда көпшіліктің алдында айтылған бұл сөз бәріне ұнайды. Осыдан кейін олар өздерінің араларынан сенімі мықты әрі Киелі Рухқа толған Степанды, Філіпті, Прохорды, Нықанорды, Тимонды, Пәрменді және өзге ұлт арасынан осы жолға түскен антиоқиялық Нықоланы таңдап алады.</verse>
				<verse number="6">Оларды Мәсіхтің елшілерінің алдына алып келді, олар қолдарын қойып, мінәжат етті.</verse>
				<verse number="7">Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарады. Сонымен қатар, Иерусалимдегі шәкірттердің де саны өсіп жатты, *кейбір қызметшілердің үлкен бір тобы сенімге келіп, сөзге құлақ асты.</verse>
				<verse number="8">Степан да рақымдылықтың күшіне толық ие болып, халық арасында ғажайыптар мен ұлы кереметтер жасап жүрді.</verse>
				<verse number="9">Сонда *Либертон (бостандықты қалаушы) синагогасы мен Күрне синагогасынан, Ескендір синагогасы мен Кілікия, Азия өлкелерінен келгендердің кейбіреулері Степанмен айтысып қалды.</verse>
				<verse number="10">Бірақ олар Степанның даналықпен сөйлеген сөзі мен оның Рухына қарсы тұра алмады.</verse>
				<verse number="11">Сонда олар кейбір адамдарды жасырын түрде дайындап, оларға: «Біз оның Мұсаға және Құдайға қарсы сөйлеп, Оған тіл тигізгенін естідік», - деп айтқызып қойды.</verse>
				<verse number="12">Олар осылайша халықты және ақсақалдар мен Таурат заңы зерттеушілерін желіктіріп қойды. Сөйтіп, олар аңдып жүріп Степанды ұстап алып, синедерионға алып келді.</verse>
				<verse number="13">Одан кейін әлгі жалған куәлік берушілерге былай деп айтқызды: -Бұл адам үнемі мына киелі орын мен Заңға қарсы сөйлейді.</verse>
				<verse number="14">Біз оның: -Назареттік Иса бұл жерді қиратып, бізге Мұсадан мұра болып қалған әдет -ғұрыптарды өзгертетін болады, - дегенін естідік.</verse>
				<verse number="15">Синедериондағылардың бәрі Степанды ала көздерімен атты, оған мұқият қарағандар оның бет-жүзінің періштенікіндей жарқырап тұрғанын көреді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Сонда бас қызметкерлер Степаннан: -Бұл дәл солай болды ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="2">Степан былай жауап берді: -Ер-азаматтар, бауырлар мен әкелер! Мені тыңдаңыздаршы! Құдай өзінің ұлылығымен біздің арғы атамыз Ыбырайым Харан аймағына қоныстанардан бұрын Месопотамияда жүрген кезінде оған көрінді.</verse>
				<verse number="3">«Өзіңнің мына жеріңді және туыстарыңды таста да, шық, -деп, -Мен саған көрсететін жерге бар», -деген болатын.</verse>
				<verse number="4">Сонда ол халдейлердің жерінен шығып, Харанға барып қоныстанды. Сол жерде оның әкесі қайтыс болды, одан кейін Құдай оны қазір сіздер тұрып жатқан осы жерге әкеліп қоныстандырды.</verse>
				<verse number="5">Алайда Құдай оған сол кезде бұл жерден мұралық еншілікке, тіпті, табан тірейтін жер де берген емес, сол кезде Ыбырайымның баласы болмаса да, оның болашақ ұрпақтарына осы жерді иелікке беретінін айтып, уәде берді.</verse>
				<verse number="6">Сонда Құдай оған оның ұрпақтарының бөтен жерде жат жерлік болып тұратынын және төрт жүз жылдай құлдықта болып, ауыр азап шегетіні туралы айтып:</verse>
				<verse number="7">«Бірақ Мен оларды құлдықта ұстаған халыққа сот жүргізіп, оларды жазалаймын, содан кейін олар бостандық алып, осы жерге келіп, Маған қызмет ететін болады», -деген еді.</verse>
				<verse number="8">Міне, сол кезде Құдай Ыбырайымға сүндетті өсиет ретінде берді. Осыдан кейін ол Ысқақты дүниеге әкелді, сегізінші күні оны сүндеттеді, Ысқақтан Жақып, Жақыптан он екі ру басшылары туылды.</verse>
				<verse number="9">Рубасылар Жүсіпті қызғаныштан мысырлықтарға беріп жіберді, алайда Құдай онымен бірге болып,</verse>
				<verse number="10">оны барлық қайғы-қасіретінен құтқарып алып отырды. Сөйтіп, Мысырдың патшасы перғауынның көз алдында оған рақымдылық пен даналық берді. Жүсіпті бүкіл Мысырдың және оның үйінің үстінен қарайтын басшы етіп қойды.</verse>
				<verse number="11">Содан кейін Мысыр елі мен Ханақанның барлық жеріне үлкен ашаршылық келген кезде, біздің ата-бабаларымыз нан таба алмай қиналды.</verse>
				<verse number="12">Сонда Жақып Мысыр жерінде астық бар екенін естіп, біздің арғы аталарымызды алғаш рет сонда жіберді.</verse>
				<verse number="13">Олар екінші рет сонда қайта барғанда, Жүсіп өз бауырларына өзінің кім екенін айтып, ашып берді, сол кезде перғауынға да Жүсіптің тегі белгілі болды.</verse>
				<verse number="14">Жүсіп ағаларына тапсырма беріп, әкесі Жақыпты және барлығы жетпіс бес адамнан тұратын туыстарын өзіне шақырып алдыртты.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, Жақып Мысырға көшіп келді, сол жерде өзі де, біздің ата-бабаларымыз да қайтыс болды.</verse>
				<verse number="16">Олардың денелерін жерлеу үшін Сихемге алып келді, осылайша бір кездері Ыбырайым сихемдік Хамордың ұлдарынан күміске бағалап сатып алған қабірге оларды апарып қойды.</verse>
				<verse number="17">Құдайдың Ыбырайымға берген уәдесінің орындалатын уақыты жақындаған сайын, Мысыр жеріндегі халық өсіп -өніп көбейе берді.</verse>
				<verse number="18">Бұл Жүсіп туралы білмейтін басқа бір патшаның Мысырда таққа отыратын уақыты келгенге дейін жалғаса берді.</verse>
				<verse number="19">Ол патша біздің ұлтымызға қарсы жауыз әрекеттерін қолданып, ата-бабаларымызға қысым көрсетті: жаңа туған нәрестелерді өлтіру үшін, оларды мәжбүрлеп тастатты.</verse>
				<verse number="20">Дәл осы уақытта Құдайдың көз алдында Мұса дүниеге келді, ол өте әдемі бала болды. Әкесінің үйінде оны үш-ақ ай тамақтандырды.</verse>
				<verse number="21">Мұсаны амалсыз тасталған жерінен перғауынның қызы тауып алып, оны өзімен бірге алып кетіп, өз баласындай бағып-қағып өсірді.</verse>
				<verse number="22">Міне, Мұса осылайша мысырлықтардың бүкіл даналығына тәрбиеленді, сөйтіп, ол өзінің сөзіне де, ісіне де өте мықты болып өсті.</verse>
				<verse number="23">Ол қырық жасқа толған кезде, оның жүрегінде өзінің Исраилдік бауырларын көрсем деген ниет пайда болды.</verse>
				<verse number="24">Сол уақытта олардың біреуін мысырлықтың азаптап жатқанын көріп, оны қорғайды, жәбірлеуші мысырлықты жазалайды.</verse>
				<verse number="25">Сонда Мұса өзі арқылы бауырлары исраилдіктерге Құдай құтқарылу әкелетінін олар түсінеді деп ойлады, бірақ олар мұны түсінбеді.</verse>
				<verse number="26">Келесі күні Мұса олардың бір-бірімен төбелесіп жатқанынын көріп: «Ер-азаматтар, сендер бауырлассыңдар ғой, -деді ол, -неге бір-біріңді ренжітіп жатырсыңдар?» -деп оларды татулыққа шақырғанда,</verse>
				<verse number="27">жақынын ренжіткен адам Мұсаны итеріп жіберіп: «Кім сені біздің үстімізден қарайтын басшы немесе соттаушы етіп қойды?</verse>
				<verse number="28">Кеше ана мысырлықты қалай өлтірген болсаң, мені де солай өлтірмексің бе?» - дейді.</verse>
				<verse number="29">Бұл сөзді естіген Мұса мадиандықтардың жеріне қашып барып, сонда жат жерлік болып тұрады. Сол жерде оның екі ұлы дүниеге келеді.</verse>
				<verse number="30">Осыдан қырық жыл өткенде, оған Синай тауының маңындағы шөл далада тікенді бұтадан жалындап жанған оттан Періште көрінді.</verse>
				<verse number="31">Бұған қатты таңғалған Мұса оны көру үшін, оған жақындай бергенде, ол Жаратушы Иенің:</verse>
				<verse number="32">«Мен-сенің әкелерің Ыбырайымның Құдайы, Ысқақтың және Жақыптың Құдайымын», -деген даусын естиді. Сол кезде Мұса қорқыныштан қалшылдап, отқа қарауға дәті бармады.</verse>
				<verse number="33">Сонда Жаратушы Ие оған: «Аяқ киіміңді шеш, өйткені сен тұрған жер-киелі жер.</verse>
				<verse number="34">Мен Мысырда Өзімнің халқымның қиналып жатқанын көріп, олардың ыңқылын естідім. Енді оларды сол жерден алып шығу үшін, Мен төменге түстім. Ал сен бері кел, Мен сені Мысырға жіберемін», - деді.</verse>
				<verse number="35">Осының алдында олар бұл Мұсадан бас тартып: «Сені кім бізге басшы әрі соттаушы етіп қойған еді?» -деген болатын. Міне, енді тікенді бұтадан оған көрінген Періште арқылы Құдай басшы әрі азат етуші ретінде қолданып, Мұсаны оларға қайтадан жіберді.</verse>
				<verse number="36">Сөйтіп, оларды сол жерден алып шыққан кезде, Мысыр жерінде де, Қызыл теңізде де, шөл далада да ол қырық жыл бойы ғажайыптар мен кереметтерді жасап жүрді.</verse>
				<verse number="37">Сол кезде Мұса Исраил ұлдарына: «Құдай өз бауырларыңның арасынан мен сияқты бір Пайғамбарды шығаратын болады, Соны тыңдайтын болыңдар», -деп айтып кеткен еді.</verse>
				<verse number="38">Қысқасы, сол шөл далада жиналған Исраил халқымен бірге болып, Синай тауында сөйлеген Періште мен біздің бабаларымыздың арасын байланыстырып, бізге өмір сөзін жеткізген сол Мұса болды.</verse>
				<verse number="39">Біздің әкелеріміз оған мойынсынбай, кеудесінен итеріп тастады. Олар жүректерімен Мысырға қарай бұрылып Харонға:</verse>
				<verse number="40">«Бізге алдымызда жүріп отыратын құдайымызды жасап бер, себебі Мысырдан бізді алып шыққан Мұсаға не болғанын білмейміз», - деп тұрып алған болатын.</verse>
				<verse number="41">Содан олар (алтыннан) торпақтың мүсінін жасатып алып, пұтқа табынды, оған құрбандық беріп, өз қолдарымен жасаған істеріне сол күні масаттана қуанды.</verse>
				<verse number="42">Құдай олардан бет бұрып кетті де, оларды аспан астындағы күштерге құлшылық етуге қалдырды. Бұл оқиға пайғамбарлар жазбасында былай деп жазылған: «Исраил әулеті, қырық жыл бойы шөл далада болған кездеріңде, құрбандыққа арналған малдарыңды әкеліп, Маған құрбандыққа беріп тұрдыңдар ма?</verse>
				<verse number="43">Сендер өз құдайларың Рефанның жұлдызын өздеріңмен бірге Молохтың шатырына апарып, олардан табынатын бейне жасап алдыңдар, сондықтан Мен сендерді Бабылдан да ары асырып, жер аударып жіберемін».</verse>
				<verse number="44">Біздің бабаларымыз шөл далада жүргенде, оларда киелі келісім куәліктері бар шатыр болды. Алайда Құдай оны Мұсаның өзіне көрсетілген үлгі бойынша жасауға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="45">Ешуаның көшбасшылығымен мұралыққа берілген жердегі елдерді біздің ата-бабаларымыздың алдынан Құдай қуып шығарған кезде, олар шатырды сонда алып кірді. Дәуіттің патшалық құратын күндері келгенде,</verse>
				<verse number="46">ол Құдайдың алдында рақымға ие болып, Жақыптың әулетінің Құдайы мекендейтін үй салу үшін рұқсат сұрады.</verse>
				<verse number="47">Дегенмен, Құдайға арналған үйді тұрғызған тек Сүлеймен болды.</verse>
				<verse number="48">Бірақ Ұлы Құдай адам қолымен салынған үйде тұрмайды. Пайғамбар бұл туралы былай дейді:</verse>
				<verse number="49">«Аспан-Менің отыратын тағым, жер-Менің аяғымды тірейтін тіренішім! Сонда Маған қандай үй салып бермексіңдер? -дейді Иеміз. -Мен демалатын жер қандай болмақ?</verse>
				<verse number="50">Осының бәрі Менің қолыммен жаратылды емес пе?»</verse>
				<verse number="51">Сендер-жүректері мен құлақтары әлі де сүндеттелмеген, ата-бабалаларың сияқты Киелі Рухқа үнемі қарсы тұратын қыңыр халықсыңдар.</verse>
				<verse number="52">Сендердің ата-бабаларың қай пайғамбарды қудаламады? Олар Әділетті адамның келетіні жөнінде алдын ала айтып кеткендерді өлтірді, сендер Оны сатып жіберіп, кісі өлтіруші атандыңдар!</verse>
				<verse number="53">Періштелер арқылы бекітіліп берілген Заңды қабылдадыңдар, алайда оны сақтамадыңдар.</verse>
				<verse number="54">Бұл сөзді естіген кезде, олардың жүректері ашуға толып, Степанға тістерін қайрады.</verse>
				<verse number="55">Степан толық Киелі Рухтың жетегінде болды, ол көкке көзін қадап қараған кезде, даңққа бөленген Құдайды және Құдайдың оң жағында тұрған Исаны көрді.</verse>
				<verse number="56">-Қараңдар! -деді ол, -міне, мен көктің ашылғанын және Адам Ұлының Құдайдың оң жағында тұрғанын көріп тұрмын!</verse>
				<verse number="57">Сонда олар құлақтарын қолдарымен жауып алып, бар дауыстарымен айғайлап, бәрі бірдей оған тап берді.</verse>
				<verse number="58">Степанды қаланың сыртына сүйреп шығарып, сол жерде оны таспен атқылай бастады. Бұл айыптаудың куәгерлері киімдерін Саул есімді бір жас жігіттің аяқ жағына жинап қойды.</verse>
				<verse number="59">-Ием Иса, менің рухымды қабыл ала гөрші! -деп, Исаны шақырып, мінәжат етіп тұрған Степанды олар таспен атқылады.</verse>
				<verse number="60">Сонда ол тізесін бүгіп, қатты дауыспен: -Ием, олардың бұл күнәларын мойындарына арта көрмеші! -деді де, көз жұмды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Степанның өлтірілуін Сауыл да мақұлдаған еді. Сол күнен бастап Иерусалимдегі қауымда үлкен қудалау басталды. Сонда елшілерден басқаларының бәрі Яһудея мен Самария аймағындағы елді мекендерге шашырап, тарап кетті.</verse>
				<verse number="2">Құдайды құрметтеп, қастерлейтін ер-азаматтар Степанды жерлеп, соңынан қатты қайғырып жылады.</verse>
				<verse number="3">Саул қауымды құрту үшін, әрбір үйге кіріп, ер адамдарды да, әйелдерді де сүйреп алып шығып, оларды абақтыға апарып жауып отырды.</verse>
				<verse number="4">Сол кездері жан-жаққа бытырап кеткен елшілер Ізгі хабарды одан әрі тарата берді.</verse>
				<verse number="5">Філіп те Самарияның бір қаласына келіп, оларға Мәсіх туралы уағыздады.</verse>
				<verse number="6">Сол жердегі халық Філіптің айтқандарына бір кісідей көңіл қойып, бар ынталарымен тыңдап, оның жасаған кереметтерін өз көздерімен көрді,</verse>
				<verse number="7">олардың көбі таза емес рухтардың жетегінде еді, солар қатты айғайлап шығып, сал болып, жүре алмағандар мен аяғы кем адамдардың бірталайы сауығып кетті.</verse>
				<verse number="8">Сол қалада осындай үлкен қуаныштар болып жатты.</verse>
				<verse number="9">Сол жерде бұрыннан бері осы қалада тұратын және сиқыршылықпен айналысатын, Самария халқын таңғалдырып, оларға өзін бір ұлы адам ретінде көрсетіп жүрген Шимон есімді бір ер адам болды.</verse>
				<verse number="10">Халықтың жасы да, үлкені де соған назарын аударып: -Құдайдың құдіретті ұлы күші тек осы адамда ғана бар, -деп, тек соны ғана тыңдайтын.</verse>
				<verse number="11">Өйткені көптен бері сол адам олардың бәрін осы бір сиқырлығымен таңғалдырып жүрген болатын.</verse>
				<verse number="12">Сол уақытта Філіптің Құдай Патшалығы туралы айтқан уағызына көптеген ер адамдар мен әйелдер сеніп, олар Иса Мәсіхтің атымен суға батырылып шомылу рәсімінен өтті.</verse>
				<verse number="13">Әлгі Шимонның өзі де соған сеніп, суға батырылып шомылдырудан өтіп, Філіптен бір елі қалмай еріп жүрді. Ол Філіптің жасаған кереметтерді көріп жүрді әрі соған таңғалатын.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде Иерусалимдегі елшілер Құдайдың сөзін самариялықтардың да қабылдағанын естіп, оларға Петір мен Жоханды жіберді.</verse>
				<verse number="15">Олар сонда келіп, енді олардың да Киелі Рухты қабылдауы үшін мінәжат етті.</verse>
				<verse number="16">Өйткені олардың ешқайсысына да әлі Киелі Рух қонбаған еді. Олар тек Исаның атымен суға батырылып шомылдырудан өткен болатын.</verse>
				<verse number="17">Елшілер оларға қолдарын қойды, сол кезде олар Киелі Рухты қабылдады.</verse>
				<verse number="18">Киелі Рухтың елшілердің қолдарын қою арқылы берілетінін көрген Шимон оларға ақша алып келіп:</verse>
				<verse number="19">-Осы билікті маған да беріңдерші, мен кімге қолымды қойсам, сол Киелі Рухты қабылдайтын болсын, - деді.</verse>
				<verse number="20">Сонда Петр оған: -Сенің күмісің өзіңмен бірге құрып кетсін, өйткені сен Құдайдың сыйын ақшаға сатып аламын деп ойладың!</verse>
				<verse number="21">Сондықтан бұл қызметтен сенің алатын үлесің де, орның да жоқ, өйткені сенің жүрегің Құдайдың алдында әділетсіз.</verse>
				<verse number="22">Сондықтан осы зұлым ой-ниетіңді өзгерту үшін, сен тәубеге келіп, Жаратушы Иемізге мінәжат ет, тек сонда ғана сенің осындай ойларың кешіріледі.</verse>
				<verse number="23">Өйткені сенің қызғаныштың ащы уымен уланып, әділетсіздіктің шырмауында жүргеніңді көріп тұрмын -деді.</verse>
				<verse number="24">Сонда Шимон: -Сендердің осы айтқандарыңның ешқайсысы да менің басыма түспесін деп, сендер Иеме мен үшін мінәжат етіңдерші, - деді.</verse>
				<verse number="25">Осыдан кейін елшілер өздерінің куәліктерімен бөлісіп, Құдайдың сөзін жариялап, бұдан кейін Иерусалимге қайтар жолда көптеген Самариялық ауылдарға да Ізгі хабарды жариялады.</verse>
				<verse number="26">Жаратқан Иенің бір періштесі Філіпке: -Орныңнан тұр, түскі уақыт болған кезде, Иерусалимнен Газа жаққа баратын жолға бар, -деді. Бұл жер жатқан бір шөл дала болатын.</verse>
				<verse number="27">Філіп орнынан тұрып, сол жаққа қарай жүрді. Міне, сол жолмен эфиопиялық бір адам, яғни, эфиопиялықтардың ханшайымы Қандақидың барлық байлықтарының үстінен қарайтын уәзірі келе жатты. Ол Иерусалимге келіп, тағзым еткен соң,</verse>
				<verse number="28">енді кері қайтып бара жатқан еді. Ол күймесінде отырып, Ишая пайғамбардың кітабын оқып отырды.</verse>
				<verse number="29">Сонда Рух Філіпке: - Күймеге қарай жақында, - деді.</verse>
				<verse number="30">Філіп жақындап келгенде, оның Ишая пайғамбардың жазбасын күбірлеп оқып отырғанын естиді де, оған: -Не туралы оқып отырғаныңды түсіндің бе? - деді.</verse>
				<verse number="31">-Егер біреу түсіндіріп бермесе, не жайында екенін қалай түсінейін? -деді. Ол Філіпке күймеге шығып, өзінің қасына отыруын өтінді.</verse>
				<verse number="32">Оның Жазбадан оқып отырған жері мынау болатын: «Оны құрбандыққа шалатын қой сияқты алып келді, Ол қырқылудың алдында тұрған қозы сияқты дыбысын да шығармады, Ол Өзінің аузын да ашқан жоқ.</verse>
				<verse number="33">Оны кемсітіп, қорлады, соттың әділдігі де Одан аластатылды. Кім Оның тегін айтып бере алады? Оның жер бетіндегі өмірі алынып тасталмақ», - делінген.</verse>
				<verse number="34">Осыдан кейін ол Філіптен: -Маған түсіндірші, осы жерде пайғамбар кім туралы айтып тұр? Өзі туралы ма әлде басқа біреу туралы ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="35">Сонда Філіп Жазбаның осы жерінен бастап, оған Иса жайында айтылған Ізгі хабарды айтып берді.</verse>
				<verse number="36">Осылай олар жүріп келе жатып, суы бар жерге жақындайды. Сонда әлгі эфиопиялық: -Міне, су, -дейді ол, -менің суға батырылып шомылдырудан өтуіме не кедергі бола алады? - деді.</verse>
				<verse number="37">*Сонда Філіп оған: -Егер де сен шын жүрегіңмен Оған сеніп тұрсаң, онда болады, -деді. -Иса Мәсіх Құдайдың Ұлы екеніне сенемін, - деп ол жауап берді.</verse>
				<verse number="38">Сосын ол бұйрық беріп, күймені тоқтатты. Філіп әлгі эфиопиялық уәзірді суға батырып шомылдырудан өткізді.</verse>
				<verse number="39">Олар судан шыққан сәтте Иеміздің рухы Філіпті сол жерден алып кетті. Ал эфиопиялық солай болғанын, тіпті, байқаған да жоқ, себебі қуанышқа бөленген ол өз жолымен кете барды.</verse>
				<verse number="40">Філіп Азот қаласына келді. Содан ол Кесарияға жеткенше Ізгі хабар айтып, өзі жүріп өткен қалалардың бәріне жариялады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Саул Жаратқан Иенің шәкірттеріне өлім тілеп, бұрынғыдай оларға қауіп-қатер төндірді. Бірінші бас қызметкерге барып,</verse>
				<verse number="2">одан Дамаск қаласына баратын рұқсат қағаз сұрап алды. Ондағы мақсаты сол жердегі синагогаларға барып, осы жолда жүрген еркек болсын немесе әйел болсын, тауып алып, оларды байлап-матап, Иерусалимге алып келу болатын.</verse>
				<verse number="3">Сонымен, ол Дамаскіге жақындап қалғанда, кенеттен аспаннан бір жарық сәулесін түсіріп, оның айналасын жап-жарық етіп, жарқыратып жіберді.</verse>
				<verse number="4">Сол кезде ол жерге құлап түсті, сонда ол: -Саул, Саул, сен не үшін Мені қудалап жүрсің? -деген дауысты естіді.</verse>
				<verse number="5">Сонда Саул: -Ием, Сен Кімсің? -деді. Сонда: -Мен -сен қудалап жүрген Исамын, - деп жауап берді Ол.</verse>
				<verse number="6">-Енді орныңнан тұр да, алдыңда тұрған қалаға бар, не істеу керек екенін саған сол жерде айтылады, - деді.</verse>
				<verse number="7">Оған еріп келе жатқан адамдар осы сәтте жансыз адамдай сілейіп тұрып қалды, олар дауысты естігенмен, бірақ ешкімді көрмеді.</verse>
				<verse number="8">Сонда олар Саулды жерден көтеріп тұрғызды, ол көзін ашқанда, ештеңе көре алмайтын болып қалады. Қасындағылар оны қолынан жетектеп, Дамаск қаласына алып барды.</verse>
				<verse number="9">Осыдан кейін ол үш күн бойы ештеңе көрмей қалады, тамақ та, су да ішпейді.</verse>
				<verse number="10">Сол Дамаскіде Анани есімді бір шәкірт тұратын, Жаратқан Ие оған көрініп: -Анани! -деді. -Иә, Ием, мен мұндамын, - деп жауап қайырды ол.</verse>
				<verse number="11">Сонда Жаратқан Ие оған: -Орныңнан тұр да, Түзу деп аталатын көшеге бар. Сол жердегі Яһуданың үйінен тарстық Саул деген адамды іздеп тап. Ол қазір мінәжат етіп жатыр,</verse>
				<verse number="12">оның көзі ашылсын деп, үстіне қол қойып сиынған Анани есімді адамды көрді, - деді.</verse>
				<verse number="13">Сонда Анани: -Жаратқан Ием, мен көп адамдардан оның Иерусалимдегі Сенің киелі адамдарыңа қаншалықты зұлымдық жасағаны жайлы естідім және ол бұл</verse>
				<verse number="14">жерге бірінші бас қызметкерлерден берілген билік бойынша келді, оның мақсаты -Сенің атыңды атап, шақыратындарды байлап-матап алып кету, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сонда Жаратқан Ие оған: -Сенің сонда баруың керек, себебі ол менің таңдап алған құралым болады, ол Менің атымды халықтар мен патшалардың алдында әрі Исраилдің ұлдарына ашық жариялайтын болады.</verse>
				<verse number="16">Мен оған Менің атыма бола қаншама азапқа төзу қажет болатынын түсіндіремін, - деді.</verse>
				<verse number="17">Осыдан кейін Анани барды, сол үйге кіріп, Саулға қолын қойып: -Бауырым Саул, сен жолда келе жатқан кезде өзіңе көрінген Жаратқан Ием Иса сенің көзің ашылып, Киелі Рухқа толуың үшін, мені саған жіберді, -деді.</verse>
				<verse number="18">Сол сәтте оның көзіндегі қабыршақ сияқты нәрсе түсіп, оның көзі көретін болды. Бұдан соң ол орнынан тұрып, суға батырылып шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="19">Сосын тамақ жеп, әлденіп алды. Сауыл бірнеше күндей сол Дамаскіде болып, Исаның шәкірттерінің қасында жүрді.</verse>
				<verse number="20">Міне, ол сол сәттен бастап, ол Исаның Құдайдың Ұлы екенін сол жердегі синагогаларда жариялай бастады.</verse>
				<verse number="21">Оны естігендердің бәрі оған таңдана: -Иерусалимде осы Есімді атап шақырғандардың бәрінің көзін жойып, оларды құртқан адам осы емес пе? Оларды тұтқындап, бірінші бас қызметкердің алдына апару мақсатымен осында келді емес пе? - десті.</verse>
				<verse number="22">Саул одан бетер күшейіп, Дамаскіде тұрып жатқан яһудейлерге Исаның Мәсіх екенін дәлелдеді, олар дүрлігіп, естері шықты.</verse>
				<verse number="23">Арада біраз күндер өтіп кетті, алайда яһудейлер өзара бірігіп, Саулды өлтірмек болып шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="24">Алайда олардың бұл мақсаттары Саулға белгілі болады. Қастандық жасаушылар оны өлтіру үшін күнітүні қақпаларды күзетіп, аңдумен болды.</verse>
				<verse number="25">Сонда шәкірттері оны себетке отырғызып, қала қабырғасы арқылы төмен түсіріп жібереді.</verse>
				<verse number="26">Ол Иерусалимге қайтып келген соң, сол арадағы Исаның шәкірттерінің арасына сіңіп кеткісі келді, алайда бәрі одан қорқып, оның шәкірт болғанына әлі де сенбеді.</verse>
				<verse number="27">Оны өзіне жақын тартқан тек Барнаба болды. Ол Саулды елшілерге ертіп келіп, жолда кетіп бара жатқанда Жаратқан Иені оның қалай көргенін және Исаның оған не айтқанын, одан әрі Дамаскіде болғанда Исаның атынан қалай қорықпай уағыз айтқаны туралы оларға баяндап берді.</verse>
				<verse number="28">Сонымен, елшілер Иерусалимнен шыққанда да, қайта кіргенде де Саул барлық жерде олармен бірге болды және Жаратқан Иенің атынан қорықпай, батыл сөйлеп жүрді.</verse>
				<verse number="29">Ол кейбір грекше сөйлейтін еврейлермен жиі сөйлесіп, сөз таластырып қалатын, олар Саулды өлтіруге тырысты.</verse>
				<verse number="30">Бұл жайында біліп қойған оның бауырластары оны тездетіп Кесарияға жеткізіп, сосын одан әрі орналасқан Тарсқа жіберді.</verse>
				<verse number="31">Сол арада Яһудеядағы және Ғалилея мен Самариядағы қауымдардың барлығында бір тыныштық орнайды. Қауымның мақсаты мен тәліміне бет бұрып, Құдайдың алдында қорқынышпен өмір сүріп, Киелі Рухтан жұбаныш пен жігер алып, көбейе бастайды.</verse>
				<verse number="32">Барлық қалаларды бірінен соң бірін аралап шыққан Петір Лүдада тұратын сенушілерге келеді.</verse>
				<verse number="33">Сол жерде сегіз жылдан бері жүре алмай төсек тартып жатқан Әней есімді адам болған еді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Петір оған: -Әней! Иса Мәсіх сені сауықтырды! Орныңнан тұр! -деді. Міне, сол сәтте ол орнынан тұрып, жүріп кетті.</verse>
				<verse number="35">Сонда оны Луддада және Шаронда тұратындар және Иемізге бет бұрғандардың бәрі де көрді.</verse>
				<verse number="36">Иоппеде Табита есімді бір шәкірт болды, оның есімінің мағынасы «таудың киігі» дегенді білдіреді. Табитаның жақсылық пен қайырымдылыққа толы істері өте көп еді.</verse>
				<verse number="37">Бір күні ол ауырып, қайтыс болды. Оның денесін жуындырып, жоғарғы бөлмеге апарып қояды.</verse>
				<verse number="38">Лүдда Иоппеге жақын орналасқандықтан, шәкірттер Петірдің сол жерде екенін ести сала: -Бізге тезірек келіңізші! -деп өтініп, шақырып келуге екі ер адамды жіберді.</verse>
				<verse number="39">Сонда Петір орнынан тұрып, олармен бірге еріп барды. Келген соң, оны ертіп, олар жоғарғы бөлмеге көтерілді, сонда Табитаның қасында жылап тұрған жесірлер Табитаның («тау киігінің») олармен бірге болған кезінде тіккен хитондарын және көйлектерін оған көрсете бастады.</verse>
				<verse number="40">Бірақ Петір олардың бәрін сыртқа шығарып жіберіп, тізесін бүгіп, мінәжат етті. Сосын ол өлі денеге қарай бұрылып: -Табита, орныңнан тұр! -деді. Ол көзін ашты, Петірді көріп, басын көтеріп отырды.</verse>
				<verse number="41">Петір оған қолын беріп, демеп, аяғынан тұруға көмектесті. Сол жердегі сенушілер мен жесірлерді шақырып алып, оларға тірілген Табитаны көрсетті.</verse>
				<verse number="42">Бұл оқиға бүкіл Иоппеге белгілі болып, сол жердегі адамдардың көбі Жаратқан Иеге осы (куәлік) арқылы сенді.</verse>
				<verse number="43">Петір Иоппедегі Шимон есімді тері илеушінің қасында бірнеше күнге дейін болды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Кесарияда Корнел есімді бір адам болды, ол «италиялық» деп аталатын әскери жасақтың жүзбасы еді.</verse>
				<verse number="2">Корнел және оның бүкіл үй іші Құдайдан қорқып, Оны қастерлейтін, көптеген адамдарға қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық жасайтын, үнемі Құдайға мінәжат ететін.</verse>
				<verse number="3">Бірде Корнел күндізгі сағат тоғыз шамасында (Құдайдан аян) көрініс алады. Ол Құдайдың періштесінің бейнесін анық көреді, ол келіп: - Корнел! - дейді.</verse>
				<verse number="4">Корнел одан көз алмай қарап тұрып, қорыққанынан: -Ием, бұл не? -дейді. Сонда періште оған: -Сенің мінәжаттарың мен жасаған қайырымды істерің Құдайдың алдына жетіп, Құдай соларды ескерді.</verse>
				<verse number="5">Қазір Иоппеге бір ер адамды жібер, сол жерде Петір деп аталып жүрген Шимонды осында шақырт.</verse>
				<verse number="6">Ол қазір теңіз жағалауына жақын орналасқан Шимон деген тері илеушінің үйінде, оның қасында, қонақта отыр, -деді.</verse>
				<verse number="7">Корнел өзіне сөйлеген періште кете салысымен, қасында жүретін екі қызметшісін және өзіне адал қызмет ететін бір жауынгерін шақырып алып,</verse>
				<verse number="8">оларға барлығын түсіндіріп айтып берді де, Иоппеге жіберді.</verse>
				<verse number="9">Келесі күні әлгі жіберілгендер қалаға жақындап қалған сәтте, шамамен, сағат алтының кезі болатын, сонда Петір мінәжат ету үшін, үйдің жалпақ төбесіне шықты.</verse>
				<verse number="10">Сол кезде оның қарны ашып, тамақ жегісі келген еді, төменде тамақ дайындалып жатқан болатын. Сонда ол бір ерекше күйге еніп,</verse>
				<verse number="11">көктің ашылып, одан төрт бұрышынан байланған жалпақ бір матаның жерге қарай төмен түсіріліп келе жатқанын көрді.</verse>
				<verse number="12">Міне, сол матаның ішінде жер бетіндегі бүкіл төрт аяқты жануарлармен бірге бауырмен жорғалаушы жәндіктер және аспандағы құстардың барлық түрлері болды.</verse>
				<verse number="13">Сол кезде көктен бір дауыс шықты да: -Петір, тұр, мыналарды сойып же! - деді.</verse>
				<verse number="14">Бірақ Петір: -Ием! Ешқашан олай болмайды! -деді Петір, - өйткені мен ешқашан арам, тазаланбаған нәрсені жеген емеспін.</verse>
				<verse number="15">Сонда әлгі дауыс оған екінші рет: -Сен Құдай тазалағанды арам деп санама, - деді.</verse>
				<verse number="16">Осы көрініс осылай үш рет қайталанды да, содан кейін әлгі нәрсе лезде көкке көтеріліп кетті.</verse>
				<verse number="17">Петір өзіне көрінген осы көріністің нені білдіретінін әрі оның не себепті көрінгенін әлі де түсіне алмай тұрған кезде, Корнелдің жіберген адамдары Шимонның үйін сұрастырып тауып алған соң, қақпасының алдына келіп, дауыстап:</verse>
				<verse number="18">-Шимон деп аталатын Петір осы үйде қонақта екен, сол осында бар ма? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="19">Петір әлі де өзіне көрінген көрініс туралы ойланып отырған болатын, сонда оған Рух: -Міне, мына үш ер адам сені іздеп келді.</verse>
				<verse number="20">Енді орныңнан тұр да, төменге түс, ештеңеге күмәнданбай, солармен бірге еріп бар, өйткені оларды Мен жібердім, - деді.</verse>
				<verse number="21">Петір төмен түсіп, сол адамдарға: -Сендер іздеген адам -менмін. Қандай шаруамен келдіңдер? - деді.</verse>
				<verse number="22">Сонда олар: -Корнел деген жүзбасы бар, ол-әділетті әрі Құдайдан қорқады, бұған бүкіл яһудея елі куә, сол адам періштеден сені шақырту керек деген аян алады. Ол сенің айтып жүрген сөздеріңді естігісі келіп, шақырып келуге бізді жіберді, - деді.</verse>
				<verse number="23">Петір оларды ішке шақырып, қонақ қылды. Келесі күні орнынан тұрып, оларға ілесіп жолға шықты. Иоппедегі кейбір бауырлар да олармен бірге жүріп кетті.</verse>
				<verse number="24">Келесі күні олар Кесарияға келді. Корнел өзінің туыстары мен жақын достарын жинап алып, келетіндерді күтіп отырған болатын.</verse>
				<verse number="25">Петір кіріп келе жатқанда, Корнел оның алдына шығып, қарсы алды, оның аяғына жығылып, тағзым етті.</verse>
				<verse number="26">Сонда Петір оған: -Тұр, мен де өзің сияқты адаммын, -деп оны орнынан тұрғызды.</verse>
				<verse number="27">Корнелмен сөйлесе ішке кіргенде, көп адам жиналғанын байқап, Петір былай деді:</verse>
				<verse number="28">-Сендер өзге ұлт өкілдерімен яһудей ер -азаматтарының араласпайтынын және олардың үйіне кірмейтінін сендер жақсы білесіңдер. Алайда Құдай маған ешбір адамды арам не болмаса таза емес деп айтуға болмайтынын көрсетті.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан, сіздер шақырған кезде, мен бір ауыз сөз айтпастан осында келдім. Қандай себеппен мені шақырғандарыңызды білгім келеді? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="30">Сонда Корнел: -Осыдан төрт күн бұрын, сағат тоғызда мен үйімде мінәжат етіп отырған едім, міне, сол кезде аппақ киім киген бір ер адам менің алдыма келіп тұра қалып:</verse>
				<verse number="31">«Корнел, -деді ол, -сенің мінәжатың қабылданып, қайырымды істерің ескеріліп, Құдайдың алдында жетті.</verse>
				<verse number="32">Енді Иоппеге адам жіберіп, теңіз жағалауында тұратын тері илеуші Шимонның үйінде қонақ болып жатқан Шимон деп аталатын Петірді осында шақырт», - деді.</verse>
				<verse number="33">Сол сәтте-ақ мен саған шақыртушы жібердім, сенің келгенің жақсы болды. Енді міне, Иеміздің саған бұйырғанының бәрін толық тыңдау үшін, бәріміз Құдайдың алдына келіп, осында жиналып отырмыз, - деді.</verse>
				<verse number="34">Сонда Петр былай деді: -Құдайдың адамның бет-жүзіне қарамайтыны шындық, мен соны қабылдаймын,</verse>
				<verse number="35">әрбір халық Оның алдында қорқып және жасаған ісәрекетімен әділ болып жүретін болса, сол Оған ұнайды.</verse>
				<verse number="36">Құдайдың Ирсаил ұлдарына (халқына) жіберген Ізгі хабарында Құдай Өзінің тыныштығын тек Иса Мәсіх арқылы беретіні айтылған, бәрінің Иесі-Сол.</verse>
				<verse number="37">Жақияның суға батырып шомылдыруынан кейін, осы әңгіменің Ғалилея аймағынан бастап, бүкіл Яһудеяға дейін тарап кеткенін сіздер білесіздер.</verse>
				<verse number="38">Құдай Назареттен шыққан Сол Исаны Киелі Рухымен және күшімен қалай майлады, міне, содан бастап Ол осы Ізгі хабарды жариялап, сайтанның езгісінде жүргендердің бәрін босатып, ауруларынан сауықтырды, өйткені Құдай Онымен бірге болды.</verse>
				<verse number="39">Оның Яһудея елінде, Иерусалимде жүргенде жасаған істерінің бәріне және Оны айқыш ағашқа шегелеп өлтіргеніне дейін біздер куә болдық,</verse>
				<verse number="40">алайда Құдай Оны үшінші күні өлімнен қайта тірілтіп алып, Оның адамдарға көрінуіне мүмкіндік берді.</verse>
				<verse number="41">Бұл мүмкіндік халықтың бәріне берілген жоқ, оны тек Құдайдың өзі алдын ала таңдап алған куәгерлеріне және Ол өлімнен қайта тірілгенде Онымен бірге дастарқандас болған мына бізге анық көрсетті.</verse>
				<verse number="42">Осыдан кейін Құдай бізге Оны өлілер мен тірілерге сот жүргізу үшін тағайындағаны туралы уағыздауға, куәлік айтуға бұйырды.</verse>
				<verse number="43">Бұған қоса, пайғамбарлардың айтып кеткен мынадай куәлігі бар: «Оған сенген әркімнің күнәлары кешіріледі, олар Оның есімі арқылы кешірімге ие болады».</verse>
				<verse number="44">Петір әлі де сөйлеп тұрған сәтте, оның сөзін тыңдап отырғандардың бәріне Киелі Рух қонды.</verse>
				<verse number="45">Сол жерде еврейлердің арасынан шыққан сенушілер де болды, олар Петірмен бірге келген еді. Міне, олардың бәрі Киелі Рухтың өзге ұлт өкілдеріне де төгіліп жатқанын көріп, аң-таң болады.</verse>
				<verse number="46">Өйткені Құдайға айтылатын мадақтың олардың да тілдерінде айтылып жатқанын олар естіді. Сонда Петір:</verse>
				<verse number="47">-Енді міне, олар да біз сияқты Киелі Рухты қабылдады, енді олардың суға батырылып шомылудан өтуіне кім кедергі жасай алады? - деді.</verse>
				<verse number="48">Бұдан кейін Петір оларға: -Иса Мәсіхтің атымен суға батырылып шомылдырудан өтіңдер, -деп бұйырды. Олар Петірден тағы да бірнеше күн өздерімен болуын өтінді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Яһудеяда жүрген елшілер мен бауырластар Құдайдың сөзін өзге ұлт өкілдері де қабылдап жатқанын естіді.</verse>
				<verse number="2">Петір Иерусалимге келген кезде еврейлердің арасынан шыққан сенушілер оны жазғырып:</verse>
				<verse number="3">-Сен ер адамдары сүндеттелмеген үйге кіріп, олармен бірге тамақ ішіпсің, - деді.</verse>
				<verse number="4">Сонда Петір оларға болған жағдайдың бәрін басынан бастап айтып, рет-ретімен түсіндіріп берді:</verse>
				<verse number="5">-Мен Иоппеде мінәжат етіп отырған кезімде, -деді ол, -белгісіз бір күйге еніп, көктен төмен қарай төрт бұрышынан байланған бір жалпақ заттың түсіп келе жатқанын көрдім, сол маған жетпей тоқтады.</verse>
				<verse number="6">Мен содан көзімді алмай қарап тұрдым, сонда оның үстіненжерде жүретін төрт аяқты аңдар мен бауырымен жорғалаушыларды және аспан құстарын көрдім.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде мен: «Петір, орныңнан тұр, мыналарды ал да, сойып же», - деген дауысты естідім.</verse>
				<verse number="8">Сонда мен: «Ием, олай болмайды! Мен арам әрі таза емес нәрселерді ешқашан аузыма алған емеспін», - дедім.</verse>
				<verse number="9">Сонда көктегі әлгі дауыс екінші рет: «Сен Құдай тазартқанды арам деп айтушы болма», - деді.</verse>
				<verse number="10">Осы нәрсе үш рет қайталанды да, одан кейін бәрін қайтадан көкке көтеріп алып кетті.</verse>
				<verse number="11">Міне, сол сәтте біз тұрып жатқан үйге мені іздеп, Кесарияға шақыруға келген үш ер адам келіп тоқтады.</verse>
				<verse number="12">Сол кезде маған Рух: «Сен төмен түс, ештеңеге күмәнданбай, солармен бірге бар», -деді. Сол жердегі бауырластардың алтауы маған еріп шыққан еді, сөйтіп, біз сол адамның үйіне келдік.</verse>
				<verse number="13">Біз сол адамның үйінде болғанда, ол періштені қалай көргенін және оның: «Иоппеге адамдарды жіберіп, Петір деп аталатын Шимонды шақырт,</verse>
				<verse number="14">сол адам сені және үй ішіңді құтқаратын хабарды түгел айтып береді», - дегенін айтып берді.</verse>
				<verse number="15">Мен сөйлей бастағанда, Киелі Рух басында бізге қалай қонған болса, оларға да дәл солай Киелі Рух келіп қонды.</verse>
				<verse number="16">Сонда менің есіме Иеміздің: «Жақия сендерді суға батырып шомылдырды. Енді сендер Киелі Рухқа батырылатын боласыңдар», - деп айтқан сөзі түсті.</verse>
				<verse number="17">Сонымен, егер де Құдай Иса Мәсіхке сенген біздерге уәде етіп берген сыйын бізбен бірдей етіп оларға да беріп тұрса, онда Құдайға қарсы тұратын мен кіммін? -деді Петір.</verse>
				<verse number="18">Олар мұны естігеннен кейін, тынышталды, сосын: -Құдай өзге ұлт өкілдерінің де өмірге деген ойларын өзгертіп, тәубе етуге мүмкіндік берген екен! -деп олар Құдайды мадақтады.</verse>
				<verse number="19">Алайда Степанмен болған жағдайдан кейін қуғынға ұшырап, жан-жаққа шашырап кеткен елшілер тек яһудейлерден басқа ешкімге сөз (уағыз) айтпады, олар Финикия мен Кипрге дейін жетіп, одан әрі Антиохияға өтіп кетті.</verse>
				<verse number="20">Алайда олардың кейбіреуі кипрліктер мен күрендіктердің арасынан шыққан ер-азаматтар болатын, олар Антиохияға келіп, грекше сөйлейтін еврейлерге Иеміз Исаның Ізгі хабарын жариялады.</verse>
				<verse number="21">Жаратушы Иенің қолы олармен бірге болды, Иемізге бет бұрып, Оған сенім артқандардың саны көбейді.</verse>
				<verse number="22">Бұл хабар Иерусалимдегі қауымға да жетті, сонда олар Барнабаға арнайы тапсырма беріп, оны Антиохияға жіберді.</verse>
				<verse number="23">Барнаба сонда келгенде Құдайдың оларға берген рақымын көріп, қатты қуанды, олардың жүректерінде Иемізге адал болып қалуға көздерін жеткізді.</verse>
				<verse number="24">Барнаба ақ пейілді және Киелі Рухқа, сенімге кенелген азамат болатын, көптеген халық Иемізге келіп, оларға қосылып жатты.</verse>
				<verse number="25">Осыдан кейін Барнаба Тарсқа барып, сол жерден Пауылды іздеп тауып алды.</verse>
				<verse number="26">Оны тауып алып, Антиохияға ертіп келеді. Олар сонда бір жыл бойы антиохиялықтарды қауымға жинап, халыққа тәлім берді, осылайша Антиохиядағы шәкірттер алғаш рет Мәсіхшілер деген атқа ие болды.</verse>
				<verse number="27">Сол күндері Иерусалимде жүрген пайғамбарлардың біразы Антиохияға келген болатын.</verse>
				<verse number="28">Солардың арасынан Ағаб деген біреуі орнынан тұрып, Рух арқылы берілген аянға сүйеніп, бүкіл жер бетінде ашаршылық болатынын, соған дайын болу керектігін айтты. Бұл Рим императоры Клаудияның кезінде орындалды.</verse>
				<verse number="29">Осыдан кейін шәкірттердің әрқайсысы өзінде бар қаражатына сай қор жинап, соны Яһудея аймағында қызмет етіп жүрген бауырластарға жіберуге шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="30">Жинап болған соң, оны Барнаба мен Саулдың қолына тапсырып, сондағы ақсақалдарға тапсыруға жіберді</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Міне, сол күндері Ирод патша жауыздық әрекетпен қауымдағыларды қудалай бастады.</verse>
				<verse number="2">Ол Жоханның бауыры Жақыпты қылышпен шауып өлтіртті.</verse>
				<verse number="3">Ол осы ісінің яһудейлерге ұнағанын көріп, Петірді де тұтқындайды. Бұл Ашымаған нан мейрамын тойлап жатқан кез болатын.</verse>
				<verse number="4">Ирод Петірді ұстап, оны абақтыға жапқызып, жауынгерлерді төрт-төрттен төрт топқа бөліп, күзетке қояды. Ирод Петірді тек «Құтқарылу» мейрамы өткен соң, халықтың алдына шығарып соттамақ болады.</verse>
				<verse number="5">Сонымен, Петірді абақтыға жауып, күзет қояды, ал қауым ол үшін үздіксіз Құдайға мінәжат етеді.</verse>
				<verse number="6">Иродтың Петірді халықтың алдына алып шығатын кезі келді, сол түні Петір екі жағынан байланған (шынжырланған) күйі екі жауынгердің ортасында ұйықтап жатқан еді, сақшылар абақтының есігінің алдын күзетіп тұрды.</verse>
				<verse number="7">Міне, кенет Жаратушының бір періштесі пайда болып, абақтының ішін жарыққа бөлеп жіберді, Петірді бүйірінен түртіп: -Тез, орныңнан тұр! -деді. Сол кезде Петірдің қолдарындағы шынжырлар өзінен-өзі түсіп қалды.</verse>
				<verse number="8">Содан кейін періште оған: -Беліңді буып, аяқ киіміңді ки! -деді. Ол періштенің айтқанын істеді. Періште тағы оған: -Енді сырт киіміңді де киіп, менің соңымнан ер, -деді.</verse>
				<verse number="9">Петір оның соңынан ілесіп сыртқа шықты, алайда періште арқылы жасалып жатқан істің шынайы екенін білмегендіктен, ол бір көрініс (аян) көріп тұрмын деп ойлады.</verse>
				<verse number="10">Олар бірінші күзетшінің, сосын екінші күзетшінің жанынан өтіп, қалаға қарай шығатын темір қақпаға келді, қақпа өз-өзінен ашық тұрды. Қақпадан шыққан соң, олар бір көшеден өтті, сол сәтте періште одан алыстап, кетіп қалды.</verse>
				<verse number="11">Сонда Петір өз-өзіне келіп, есін жиған соң: -Жаратушының Өз періштесін жіберіп, мені Иродтың қолынан және бүкіл яһудей халқының маған тілеген зұлымдығынан, шынымен, мені құтқарып алғанын енді анық білдім, - деді.</verse>
				<verse number="12">Ол не болғанын түсінгеннен кейін, өздері көптен бері жиналып, мінәжат етіп жүрген Марқа аталып кеткен Жоханның шешесі Мәриямның үйіне келді.</verse>
				<verse number="13">Ол қақпаның есігін тақылдатқан кезде, Рода есімді қызметші қыз шығып, құлағын тосады,</verse>
				<verse number="14">Петірдің даусын танып, қуанғанынан қақпаны ашпастан қайтадан жүгіріп барып, қақпаның алдында Петірдің тұрғанын оларға хабарлады.</verse>
				<verse number="15">Олар қызға: -Сен ақылыңнан адасып тұрсың! -деді. Қыз дегенінен қайтпай, тұрып алды. -Бұл оның періштесі шығар, - десті олар.</verse>
				<verse number="16">Петір қақпаны тарсылдата берді, ақыры олар есікті ашқан кезде, Петірді көріп, қайран қалды.</verse>
				<verse number="17">Сонда ол үндемеңдер дегендей, қолымен белгі беріп, Жаратқан Иенің оны түрмеден қалай алып шыққанын айтып берді. Содан кейін оларға: -Бұл туралы Жақыпқа және басқа да бауырластарға жеткізіңдер, -деді де, үйден шығып, басқа жаққа кетті.</verse>
				<verse number="18">Келесі күні күзетші жауынгерлер Петірмен не болғанын білмей, қатты уайымдап, абыржумен болды.</verse>
				<verse number="19">Ирод Петірді іздеп, оны таппаған соң, абақтының күзетшілерін тергеп, оларды жазалауға бұйырды, өзі Яһудеядан шығып, төменде орналасқан Кесарияға барып тұрақтады.</verse>
				<verse number="20">Сол кезде Ирод Тир мен Сидон халқына қатты ашулы еді, себебі олардың бәрі жиналып келіп, патша ауласын басқарушы Бласты өздерінің айтқандарына көндіріп, одан екі елдің арасында тыныштық сақтауын өтінген, өйткені бұларға бөлінетін азық-түлік патша тұратын аймаққа тәуелді болатын.</verse>
				<verse number="21">Алдын ала белгіленген күн келгенде, Ирод өзінің патшалық киімін киіп, тағына барып отырып, сөз алды.</verse>
				<verse number="22">Сонда халық дауыстап: -Бұл адамның емес, Құдайдың даусы! - деп айғайлай бастады.</verse>
				<verse number="23">Алайда сол сәтте Құдайдың періштесі оны жазалап, өлім жіберді, себебі ол Құдайға даңқ бермегені үшін, сол жерде құртқа жем болып, жан тапсырды.</verse>
				<verse number="24">Ал Құдай сөзі тоқтамай, кеңінен тарап, өсе берді.</verse>
				<verse number="25">Барнаба мен Саул қызметтерін аяқтаған соң, Марқа аталып кеткен Жоханды өздерімен бірге ертіп, Иерусалимге қайтып кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Антиохиядағы қауымда пайғамбарлар мен тәлім берушілер болды, олар: Барнаба мен Қара Шимон аталып кеткен Шимон, киринеялық Луси және төртінші аймақты басқаратын Иродпен бірге тәрбиеленген Манайн және Саул.</verse>
				<verse number="2">Бірде олар Жаратқан Иеге қызмет етіп, ораза ұстаған кезде Киелі Рух оларға: -Маған Барнаба мен Саулды бөлек шығарып беріңдер, Мен оларға басқа іс тапсырамын, сол үшін Мен оларды шақырып алдым, - деді.</verse>
				<verse number="3">Олар ораза ұстап, мінәжат еткен соң, қолдарын қойды да, оларды босатты.</verse>
				<verse number="4">Киелі Рухтың Өзі жіберген олар Селеукияға келді, сол жерден кемемен Кипрге қарай кетті.</verse>
				<verse number="5">Саламинге келіп тоқтағанда, олар сол жердегі яһудейлердің синагогаларына барып, оларға Құдай сөзін жеткізді, Жохан оларға көмекші болды.</verse>
				<verse number="6">Сонымен, олар бүкіл аралды аралап, Пафқа дейін келді. Сол жерден сиқыршылықпен айналысып, жалған пайғамбар болып жүрген Бар-Ешуа атты яһудейді кездестірді.</verse>
				<verse number="7">Ол сол аймақтың басшысы әрі өз ісіне ұқыпты Серги Пауыл деген адаммен бірге болатын. Сол Серги Құдайдың сөзін естуге құштар болып, Барнаба мен Сауылды іздеп, өзіне шақыртты.</verse>
				<verse number="8">Сонда әлгі сиқыршы, оның аты Еүлүма да бірге болды, (еврейше: -күшті дегенді білдіреді) сонда ол қарсыласып, аймақ басшысын сенімінен тайдырып жіберетін жолды іздей бастайды.</verse>
				<verse number="9">Сол кезде Киелі Рухқа кенелген Саул, яғни, Пауыл, оның көзінен көзін алмай қадалып қарап тұрып:</verse>
				<verse number="10">-Ей, барлық қулық-сұмдықтың иесі, алаяқ, бүкіл әділдіктің жауы атанған сайтанның баласы! Сен Құдайдың тура жолынан адастыруды неге қоймайсың?</verse>
				<verse number="11">Құдайдың қолы сенің үстіңде тұр, сондықтан сен енді соқыр болып, белгіленген уақытқа дейін күннің көзін көрмейсің, -деді. Міне, сол сәтте -ақ оны қараңғылық пен түнек басты да, шыр айнала сипаланып, қолынан жетектейтін біреулерді іздей бастады.</verse>
				<verse number="12">Осы болған оқиғаны көрген аймақ басшысы Иемізге сеніп, Оның тәліміне таң қалды.</verse>
				<verse number="13">Бұдан кейін Пауыл қасындағы серіктерімен бірге Пафтан кемемен шығып, Пампүлиядағы Пергеге келді. Жохан олардан бөлініп, Иерусалимге қайтып кетті.</verse>
				<verse number="14">Олар Пергеден өтіп, Пісидиядағы Антақияға келді. Сенбі күні олар сол жердегі синагогаға келіп отырды.</verse>
				<verse number="15">Синагогадағы қызмет бойынша (Таурат) Заң кітабы мен Пайғамбарлар кітабы оқылып болғаннан кейін, синагога басшылары оларға: -Бауырластар және ер-азаматтар, егер де халыққа айтатын насихат сөздерің болса, айтуға болады, - деп сөз берді.</verse>
				<verse number="16">Сонда Паул орнынан тұрып, қолымен ишара білдіріп, былай деді: -Құдайдан қорқатын Исраилдің ер-азаматтары, мынаны тыңдаңыздар!</verse>
				<verse number="17">-Исраил халқының Құдайы біздің ата-бабаларымызды таңдап алды. Мысыр жерінде жат жерлік болып жүрген кезінде осы халықты көбейтіп өсірді. Одан кейін сол жерден оларды Өз қолымен демеп, қолдап алып шықты.</verse>
				<verse number="18">Қырық жыл бойы айдалада оларды тамақпен қамтамасыз етіп, жетеледі.</verse>
				<verse number="19">Онан кейін Ол Ханан жерінен жеті ұлтты қуып шықты, сол жерді осы халықтың еншісіне алып беріп, мөлшері төрт жүз елу жылдың ішінде мұралыққа бөліп берді.</verse>
				<verse number="20">Самуил пайғамбардың уақытына дейін, Ол халықтың арасынан билерді көтеріп отырды.</verse>
				<verse number="21">Алайда олар сол кезде өздерін басқаратын патша сұрады, сонда Құдай оларға патша етіп Бунямин руының азаматы Қишұлы Саулды берді, ол елді қырық жыл басқарды.</verse>
				<verse number="22">Оны орнынан алып тастаған соң, Құдай Дәітті патша етіп қойды. Сонда Құдай ол туралы куәлік етіп: «Менің жүрегімнің қалауына лайықты болатын бір ер адамды тауып алдым, ол -Есейдің ұлы Дәуіт, енді Менің жүрегімдегі қалауымды сол іске асыратын болады», - деген еді.</verse>
				<verse number="23">Енді міне Құдай Дәуіттің ұрпағынан Исраилге Құтқарушы етіп Исаны жіберді, бұл Оның берген уәдесіне сай болды.</verse>
				<verse number="24">Иса келердің алдында Жақия бүкіл Исраил халқына суға батырылып шомылдырудан өтіп, тәубеге келуді уағыздап жүрді.</verse>
				<verse number="25">Сол кезде өз міндетін атқарып жүрген Жақия: «Сендер мені кім деп жүрсіңдер? Мен Ол емеспін. Бірақ Ол менен кейін келсе де, мен Оның аяқ киімінің бауын байлап беруге де лайықсызбын», - деген болатын.</verse>
				<verse number="26">Ер-азаматтар, бауырластар, Ыбырайым ұрпағының ұлдары, Құдайдан қорқатын сендер мен бізге, Құдай құтқарып алатын сөзін жіберді.</verse>
				<verse number="27">Алайда Иерусалимнің тұрғындары мен басшылары Оны танымады, олар Оны соттады, осы іс-әрекеттерімен әр сенбіде оқылып, айтылатын пайғамбарлар сөзі осылай орындалды.</verse>
				<verse number="28">Оны өлтіретін ешбір себеп таппаса да, Пилаттан Оны өлтіруді талап етті.</verse>
				<verse number="29">Осылай Ол туралы жазылғанның бәрі орындалып болған соң, Оны айқыш ағаштан түсіріп, қабірге апарып қойды.</verse>
				<verse number="30">Алайда Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды.</verse>
				<verse number="31">Осыдан кейін Ғалилеядан бастап Иерусалимге дейінгі аралықта Өзімен бірге жүргендердің бәріне Ол бірнеше күнге дейін көрінді, олар қазір халықтың алдында Оның куәгерлері болып жүр.</verse>
				<verse number="32">Сондықтан біз сіздерге ата-бабаларымызға берілген уәденің орындалғаны туралы қуанышты хабарды жариялап тұрмыз,</verse>
				<verse number="33">Құдай мұны Исаны қайта тірілту арқылы ата-бабаларымыздың ұрпақтары бізге жеткізді, бұл екінші Забур жырында: «Сен-Менің Ұлымсың, Мен бұдан былай Сенің Әкең деп аталатын боламын», -деп айтқанына сай орындалып отыр.</verse>
				<verse number="34">Құдай Исаны өлімнен қайта тірілтті, Оның денесі ешқашан шіріп, құрып кетпейді, сондықтан Құдай: «Мен сендерге Дәуітке уәде етілген киелі және өзгермейтін жарылқауларымды беремін», - деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="35">Жазбаның тағы бір жерінде: «Сенің ізгі қасиетіңе ие Ол шіріп, құрып кетпейді, Сен мұны оған көрсетпейсің», -деп те айтылған.</verse>
				<verse number="36">Дәуіт өз заманында Құдайдың еркіне сай қызмет етіп болған соң, ол өмірден озып, ата-бабаларына қосылды, оның денесі шіріп, жоқ болды.</verse>
				<verse number="37">Ал Құдай өлімнен қайта тірілткен Исаның денесі шірімейді!</verse>
				<verse number="38">-Сондықтан ер-азаматтар мен бауырластар, енді сендердің күнәларың Осы адам арқылы кешірілетінін білсеңдер екен. Мұсаның Заңын орындау арқылы Құдай алдында ешкім ақтала алмады, бірақ</verse>
				<verse number="39">Оған сенген әркім, яғни, кім Исаға сенсе, сол ақталады.</verse>
				<verse number="40">Сондықтан байқаңдар, пайғамбарлардың айтқаны орындалып жүрмесін:</verse>
				<verse number="41">«Басқаларды мазақтаушылар! Таңданып жүріп, құрып кетесіңдер! Өйткені Мен Өзімнің осы іс- әрекетімді сендерге сол күндері істейтін боламын. Алайда сол орындалған іс жайында сендерге біреу айтса, оған сенбейтін боласыңдар», -делінген.</verse>
				<verse number="42">Пауыл мен Барнаба сол жерден шығып бара жатқанда, осы сөздерді келесі сенбіде тағы да айтып беруін олардан өтінді.</verse>
				<verse number="43">Синагогадағы жиын тарағаннан кейін, яһудейлердің көбі және Мұсаның заңына бағынып, Құдайды қастерлейтін өзге ұлт өкілдері Пауыл мен Барнабаның соңынан ілесті. Екеуі олармен сөйлесіп, оларды Құдайдың рақымына сенім артып өмір сүруге шақырды.</verse>
				<verse number="44">Келесі сенбіде бүкіл қаланың тұрғындары Жаратушы Иенің сөзін тыңдау үшін жиналды.</verse>
				<verse number="45">Сонда яһудейлер халықтың соншама көп жиналғанын көріп, қызғаныштан жарыла жаздады, Пауылдың айтқандарына қарсы шығып, тіл тигізе бастады.</verse>
				<verse number="46">Сонда Пауыл мен Барнаба оларға батыл сөйлеп, былай деді: -Құдайдың сөзі, ең алдымен, сендерге айтылуы тиіс еді. Бірақ сендер оны қабылдамай, бас тарттыңдар, сөйтіп, сендер өз таңдауларың арқылы өздеріңнің мәңгілік өмірге лайықты емес екендеріңді білдірдіңдер, сондықтан енді біз назарымызды өзге ұлт өкілдеріне бұрамыз.</verse>
				<verse number="47">Өйткені Құдай бізге: «Сен енді өзге ұлттарға жарық боласың, Мен сені соларға жіберемін, осылай сен Менің құтқаруымды жердің шетіне дейін жеткізесің», -деп бұйырды.</verse>
				<verse number="48">Өзге ұлт өкілдері мұны естігенде қуанып, Жаратқан Иені сөзі үшін даңқтады, мәңгілік өмірге таңдалғандардың көбі сенушілердің қатарына қосылды.</verse>
				<verse number="49">Иеміз Иса туралы сөз сол аймақтың барлық жеріне жан-жақты тарап жатты.</verse>
				<verse number="50">Яһудейлер Құдайды қастерлеп, құрметтейтін әйелдер мен қаланың бетке ұстар азаматтарын еліктірді, Пауыл мен Барнабаға қысым көрсетіп, қуғындап, оларды орталарынан қуып шықты.</verse>
				<verse number="51">Сонда олар аяқтарының шаңын сол жерде қағып тастап, содан кейін Қонияға келді.</verse>
				<verse number="52">Шәкірттер қуанышқа, Киелі Рухқа тола берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Олар Қонияға келген кезде де солай істеді. Сол жердегі яһудейлердің синагогасына барып, сондағы яһудейлерге де, гректерге де сенім туралы айтып берді. Олардың көпшілігі сенімді қабылдады.</verse>
				<verse number="2">Сенімді қабылдағысы келмеген яһудейлер өзге ұлт өкілдерінің арасына іріткі салып, олардың жан дүниесіне қызғаныштың шоғын үрлеп, бауырластарға қарсы қойды.</verse>
				<verse number="3">Солай болса да олар біраз уақытқа дейін сол жерде қалуға мүмкіндік алды. Олар батыл әрекет етіп, Иеміз жайында куәлік айтып, Оның сөзі мен рақымы туралы жариялаған кезде, Иеміз олардың қолдарына кереметтер мен ғажайыптар жасайтын мүмкіндік берді.</verse>
				<verse number="4">Алайда қала халқы көп болғандықтан, олар екіге бөлінді, бір бөлігі яһудейлермен бірігіп соларды жақтап, олармен біріксе, басқалары елшілер жағына шығып, оларды жақтады.</verse>
				<verse number="5">Өзге ұлт өкілдері мен яһудейлер және олардың басшылары бірігіп, оларға тас лақтырып, оларды қорлауға тырысып жүргендерін елшілер</verse>
				<verse number="6">біліп қойды, сондықтан олар Лиқания аймағында орналасқан Лүстра мен Дербі қаларына қашып, сол жерде</verse>
				<verse number="7">Ізгі хабар тарата бастады.</verse>
				<verse number="8">Сол Лүстра қаласында аяқтары әлсіз бір ер адам болған еді, ол ана құрсағынан аяғы кем болып туылғандықтан, жүре алмайтын.</verse>
				<verse number="9">Ол Пауылдың айтқан сөздерін тыңдап отырды, сонда Пауыл оған қадала қарап тұрып, оның сауығамын деген сенімін көрді де:</verse>
				<verse number="10">-Орныңнан тұр! Аяғыңнан тік тұр! -деп қатты дауыстады. Сол кезде ол орнынан атып тұрып, жүріп кетті!</verse>
				<verse number="11">Жиналған халық Пауылдың жасаған бұл ісін көргеннен кейін, өздерінің ликаон тілдерінде дауыстап: -Құдайлар адам кейпінде төмен түсіп, бізге келді! - десті.</verse>
				<verse number="12">Олар Барнабаны Зевс деп атап, сөз бастаған Пауылға Гермес деген ат қойды.</verse>
				<verse number="13">Бұдан кейін Зевстің бас қызметкері қаланың қақпасының алдына өгіздер мен гүлдестелерді әкелді, құрбандық шалмақ болып, оларды жиналған халықтың алдында алып шықты.</verse>
				<verse number="14">Мұны естіген Барнаба мен Пауыл елші үстеріндегі киімдерін айыра жыртып, жиналған халықтың ортасына еніп, оларға дауыстап</verse>
				<verse number="15">былай деді: -Ау, ер-азаматтар, сендер не істеп жатырсыңдар? Мына біз де сендер сияқты адамдармыз, біз сендерге Ізгі хабар туралы уағыздағанда сендер осы ешбір пайдасы жоқ нәрседен бас тартсын, көк пен жерді, теңізді және ондағының бәрін жаратқан тірі Құдайға бет бұрсын деген ниетте болдық.</verse>
				<verse number="16">Біз өткен күндерге қарайтын болсақ, Құдай сол кездегі ұрпақтарға, олардан тараған халықтарға, тіпті, бәріне, олардың өздері қалаған жолмен жүрулеріне мүмкіндік берді.</verse>
				<verse number="17">Соған қарамастан Ол Өзінің бар екенін білдіретін куәлікті тоқтатпай, жақсылық жасай берді, Ол сендерге аспаннан жаңбыру жаудырып, жемісті уақытымен беріп, мол азыққа кенелтіп, сендердің жүректеріңді қуанышқа бөлейтін.</verse>
				<verse number="18">Осындай сөздерді айтқанның өзінде құрбандық шаламыз деген олардың ойларын әрең дегенде тоқтатты.</verse>
				<verse number="19">Алайда сол жерге Антиохия мен Қониядан келген яһудейлер жиналған халықты үгіттеп, Пауылды өлтірмек болып, оны таспен атқылатты, оны өліп қалды деп ойлап, қаланың сыртына сүйреп шығарып тастады.</verse>
				<verse number="20">Бірақ шәкірттері жиналып, оны айнала қоршап алды, ол орнынан тұрып, қалаға келді. Келесі күні ол сол жерден шығып, Барнабамен бірге Дербе қаласына барды.</verse>
				<verse number="21">Олар осы қалада жүріп, Ізгі хабарды уағыздады, сол жерде көп шәкірттер дайындады. Сосын олар Лүстра мен Қония және Антиохия арқылы өтіп,</verse>
				<verse number="22">сондағы шәкірттерге жолығып: -Сенімдеріне адал болыңдар, өйткені Құдай патшалығына кіру үшін, біздер көптеген қиындықтардан өтуіміз қажет, -деп оларды жігерлендірді.</verse>
				<verse number="23">Сонымен, олар әр қауымдағы ақсақалдарға қолдарын қойып, олар үшін ораза ұстап, мінәжат етті, оларды өздері сенім артқан Жаратушы Иенің қамқорлығына тапсырды.</verse>
				<verse number="24">Содан кейін олар Пісидиядан өтіп, Памфүлияға келді.</verse>
				<verse number="25">Одан кейін Петге деген қалада Құдай сөзін тараттты, сосын Анталияға қарай кетті.</verse>
				<verse number="26">Олар сол жерден өздеріне Құдайдың рақымы арқылы тапсырылған істі атқаруға шақырылған Антиохияға кемемен жүзіп шықты.</verse>
				<verse number="27">Сонда келген соң, қауымды жинап алып, Құдайдың олар арқылы қалай жұмыс істегенін және Құдайдың өзге ұлт өкілдеріне сенімнің есігін қалай ашқанын айтып берді.</verse>
				<verse number="28">Олар уақыттарының көбін шәкірттермен бірге өткізді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Сонда (Антиохияда) тәлім беріп жүргендердің көбі Яһудеядан келген болатын. Солардың арасынан шыққан кейбіреулері сол арадағы бауырластарға: -Егер де сендердің сүндеттелулерің Мұсаның дәстүріне сай болмаса, онда құтқарылмайсыңдар, - деп үйрете бастады.</verse>
				<verse number="2">Осыған байланысты Пауыл мен Барнаба олармен біраз сөз таластырып, айтысып қалды. Сонда Пауыл мен Барнаба және олардың кейбіреулері осы даулы мәселені елшілер мен ақсақалдардың алдында шешу керектігін түсініп, Иерусалимге бармақшы болды.</verse>
				<verse number="3">Сонымен, қауым оларды жолға шығарып салды. Олар Финикия мен Самария арқылы өтіп, ондағы бауырластарға өзге ұлттардың да сенімге бет бұрып жатқаны жөнінде айтып, оларды да үлкен қуанышқа бөледі.</verse>
				<verse number="4">Олар Иерусалимге келгенде, қауымның атынан келгенін елшілер де, ақсақалдар да біліп, оларды қабылдады. Елшілер оларға Құдайдың өздері арқылы істеген барлық істері туралы жеткізді.</verse>
				<verse number="5">Сонда кейбір фарисей бағытынан шыққан сенушілер қарсылық білдіріп, оларды сүндетке отырғызып, Мұсаның Заңын орындауын талап етуді бұйырды.</verse>
				<verse number="6">Осыдан кейін елшілер мен ақсақалдардың бәрі жиналып, осыны ортаға салып, жан-жақты талқылады.</verse>
				<verse number="7">Ұзақ талқылаулардан кейін, Петір орнынан тұрып оларға: -Бауырластар, ер-азаматтар, алғашқы күннен бастап, Құдай мені сендердің араларыңнан таңдап алып, мен арқылы өзге ұлттарға да Ізгі хабар айтқызғанын, олардың сеніммен қабылдағанын өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="8">Құдай адам жүрегін біледі, сондықтан Ол бізге бергені сияқты оларға да Киелі Рухын берді, бұл бәріне куәлік болды.</verse>
				<verse number="9">Міне, осы арқылы Құдай олар мен біздің арамызда ешқандай айырмашылықтың жоқ екенін білдірді, өйткені Ол сенім арқылы олардың жүректерін тазартты!</verse>
				<verse number="10">Қазір не үшін Құдайды сынап тұрсыңдар? Сонда біздің ата-бабамыз да, мына біз де көтеріп жүре алмайтын қамытты енді сол шәкірттердің мойнына кигізейін дедіңдер ме?</verse>
				<verse number="11">Алайда біз Иеміз Исаның рақымы арқылы құтқарылатынымызға сенеміз, сол сияқты олар да Исаға сенеді, - деді.</verse>
				<verse number="12">Сонда көбі үндемей қалды, одан кейін Құдайдың өзге ұлттар арасында олар арқылы жасаған кереметтері жөнінде Барнаба мен Пауылдың әңгімелерін тыңдады.</verse>
				<verse number="13">Біраз үнсіздіктен кейін, Жақып былай деді: -Бауырлас ер-азаматтар, енді мені тыңдаңдар.</verse>
				<verse number="14">Шимон (Петір) сөзінің басында Құдайдың өзге ұлттарға да көз салып, Оның атына ие болуға тырысқан халықтарға Ол мейірім көрсетіп жатқаны туралы айтып берді.</verse>
				<verse number="15">Бұл кезінде пайғамбарлардың айтып кеткен мына сөздеріне сәйкес келіп тұр:</verse>
				<verse number="16">«Мен бұдан кейін қайтып келемін. Мен сол кезде Дәуіттің құлап қалған шатырын қайта құрып, оның қираған жерін қайта қалпына келтіріп, оны түзетіп, тұрғызамын,</verse>
				<verse number="17">сонда басқа адамдар Иемізді іздесе, ал өзге ұлт өкілдеріне Менің атым жария етіледі», - деп айтқан</verse>
				<verse number="18">Жаратқан Иенің сөзі баяғыдан белгілі.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан менің айтарым: өзге ұлттардың арасынан Құдайға бет бұрғандар болса, оларға ауыртпалық салудың қажеті жоқ деп санаймын.</verse>
				<verse number="20">Керісінше, оларға хат жазып, өздерін арам нәрселерден, пұтқа табынудан, неке адалдығын бұзудан, арам өлген малдың қанынан аулақ болуды айтайық.</verse>
				<verse number="21">Өйткені өткен ұрпақ арқылы берілген Мұсаның Заңы әр сенбіде, қалалардағы синагогалардың бәрінде уағыздалып та, оқылып та жүр ғой.</verse>
				<verse number="22">Елшілер мен қауым ақсақалдары және барлық ру басылары өзара ақылдаса келіп, бауырластардың алды болып жүрген Яһуда деп аталған Барсаба мен Сыйлас деген бауырластарды таңдап алды да, оларды Пауыл және Барнабамен бірге Антиохияға жібермек болып шешті де,</verse>
				<verse number="23">олардың қолына өздері жазған хатты ұстатты, онда: «Осындағы елшілер мен ақсақалдар алқасы Антақия мен Сирия және Кілікия аймақтарындағы өзге ұлт өкілдерінің арасынан шыққан бауырластарға сәлем жолдайды!</verse>
				<verse number="24">Біз мына жағдайды естідік: Біздің арамыздан шыққан кейбір бауырластар сендерге барып, көңілдеріңді қобалжытатын сөздер айтып, сендерді біраз дүрліктірген екен, бірақ біз оларға ондай нұсқау берген жоқпыз.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан біз бәріміз келісіп, өз арамыздан біраз бауырластарды таңдап алып, оларды өздерің жақсы көретін Пауыл мен Барнабаға қосып сендерге жібердік,</verse>
				<verse number="26">өйткені олар -Иеміз Иса Мәсіхтің атын шын жүрегімен қастерлейтін және Оған берілген адамдар.</verse>
				<verse number="27">Міне, сонымен қатар, біз Яһуда мен Сыйласты да сендерге жіберіп, олар біздің жазғанымыздың бәрін сендерге сөзбен жеткізсін дедік.</verse>
				<verse number="28">Өйткені бұл Киелі Рухтың жетелеуімен болды, сондықтан мына бір маңызды нәрселерден басқасын сендерге жүк етіп артқымыз келмейді:</verse>
				<verse number="29">жалған тәңірлерге арналған құрбандықтар мен арам өлген малдың қанынан және неке адалдығын бұзудан өздеріңді аулақ ұстаңдар. Егер де осы нұсқауларды сақтайтын болсаңдар, бұл өздеріңе жасаған жақсылық болып қалмақ. Аман болыңыздар».</verse>
				<verse number="30">Жолдау хатты алып, елшілікке жіберілгендер Антиохияға келді. Көпшілік жиналған кезде оларға арнап жазылған хатты берді.</verse>
				<verse number="31">Хатты оқыған соң, сонда көрсетілген жұбаныш сөздерге олар қатты риза болды.</verse>
				<verse number="32">Яһуда мен Сыйластың пайғамбарлық дарыны болғандықтан, олар сол арадағы бауырластардың біразына жұбататын сөздер айтып, оларды нығайтты.</verse>
				<verse number="33">Олардың сол жердегі уақыттары біткен соң, бауырластар оларға амандық пен тыныштық тілеп, оларды қайтарды.</verse>
				<verse number="34">Сыйлас болса, сол жерде қалуға шешім қабылдады. (Яһуда Ерусәлімге қайтып кетті).</verse>
				<verse number="35">Антиохияға келген соң, Пауыл мен Барнаба тәлім беріп, басқаларымен бірге Ізгі хабар таратып, Иеміздің сөзімен бөлісті.</verse>
				<verse number="36">Біраз күн өткен соң, Пауыл Барнабаға: -Енді кері қайтайық, бір кездері өзіміз Иеміздің сөзін жеткізген қалаларға барайық, сондағы бауырластардың жағдайларын көріп-білейік, - деп ұсыныс жасады.</verse>
				<verse number="37">Барнаба өзімен бірге Марқа деп аталған Жоханды ертіп алғысы келді,</verse>
				<verse number="38">бірақ алғашында осы іске барғысы келмей, Памфүлияда өздерінен бөлініп кеткен сол адамды Пауыл ерткісі келмеді.</verse>
				<verse number="39">Осы жағдайға байланысты олардың арасында келіспеушілік туындағандықтан, бір-бірінен бөлініп, екеуі екі жаққа кетті. Барнаба Марқаны алып, кемемен Кипрге жүзіп кетті.</verse>
				<verse number="40">Пауыл Сыйласты таңдап алып, бауырластардың Құдайдың рақымына өздерін тапсырғанын қабыл алып, жолға шықты.</verse>
				<verse number="41">Пауыл Сирия мен Киликия арқылы өтіп, сондағы қауымдарды нығайтты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Осыдан кейін Пауыл Дербі мен Лүстраға келді. Сол жерде Тімоте деген бір шәкірт бар еді. Ол яһудей сенуші әйелдің ұлы болатын, ал әкесі грек ұлтынан.</verse>
				<verse number="2">Лүстра мен Қониядағы бауырластар ол туралы жақсы куәлік берді.</verse>
				<verse number="3">Пауыл оны өзімен бірге алып кетпек болды да, сол аймақтағы яһудейлерге бола, оны сүндеттеді, өйткені сол жердегі тұрғындардың бәрі оның әкесінің грек *(эллин) екенін білетін.</verse>
				<verse number="4">Олар қай қалаға барса да, сондағы бауырластардың бәріне Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдар арқылы берілген тәлімді сақтауға нұсқау беріп жүрді.</verse>
				<verse number="5">Өйткені қауымдардың сенімі нығайып, олардың саны күн сайын артып отырды.</verse>
				<verse number="6">Олар Азия аймағына барып сөз айтпақ болған кезде, Киелі Рух оларды сол жаққа жібермеді. Сонда олар Фрүгиядан өтіп, Ғалатия өлкесі арқылы</verse>
				<verse number="7">Мүзияға барды, сол жерден Бітүнияға баруға тырысты, алайда Исаның Рухы оларды одан әрі жібермеді.</verse>
				<verse number="8">Сосын олар Мүзиядан өтіп, Троада қаласына келді.</verse>
				<verse number="9">Түн ортасында Пауыл бір көрініс (аян) көреді, македониялық бір ер адам түрегеп тұрып: -Македонияға келіп, бізге көмектесші, - деп одан өтінді.</verse>
				<verse number="10">Осы көріністен кейін, Құдайдың бізді сол жаққа шақырып жатқанын және сонда барып Ізгі хабар айту қажет екенін түсініп, дереу Македония жаққа қарай шығатын жол іздей бастадық.</verse>
				<verse number="11">Троададан шығып, одан жоғарылау жатқан Самотраққа қарай жүрдік, ал келесі күні Жаңа қалаға (Неапольге),</verse>
				<verse number="12">одан кейін Філіпке келдік, ал бұл қала Македония өңіріне кіретін жерде орналасқан ең бірінші қала болғандықтан, бұл қалада көбінесе римдіктер тұратын. Біз біраз күнімізді осы қалада өткіздік.</verse>
				<verse number="13">Сенбі күні біз қақпаның сыртына шықтық, жүріп отырып, өзенге жақындау орналасқан жерден мінәжат ететін орынды тауып алып, отырдық. Сол жерге жинала бастаған әйелдермен әңгімелесе бастадық.</verse>
				<verse number="14">Сол жерде Тиатир қаласында тұратын, алқызыл мата сататын Лидия есімді бір әйел болды. Ол Құдайды терең қастерлейтін, Жаратқан Ие оның жүрегін ашып қойған еді, сондықтан ол Пауылдың айтқан сөзін тыңдап, қабылдады.</verse>
				<verse number="15">Осыдан кейін оның өзі және үй іші бірге суға батырылып шомылдырудан өтті. Сол кезде: -Егер сендер мені Иемізге адал деп есептесеңдер, онда менің үйіме жүріңдер. Келіп, қонақ болыңдар, -деп өтінді, ақырында ол бізді айтқанына көндірді.</verse>
				<verse number="16">Бірде біз мінәжат ететін жерге кетіп бара жаттық. Жол бойында (пифон) сәуегейліктің рухы бар бір қызметші қызға кездесіп қалдық. Сол қыз өзінің қожайындарына, сол сәуегейлігімен өте көп пайда келтіріп тұрады екен.</verse>
				<verse number="17">Міне, сол сәуегей қыз Пауылдың, біздің соңымыздан қалмай еріп: -Бұл адамдар -Құдіретті Құдайдың құлдары, олар сендерге құтқарылудың жолын көрсетіп, соны жариялап жүр! - деп дауыстап айғайлай бастады.</verse>
				<verse number="18">Ол бірнеше күн бойы осылай істеп жүрді, бірде оның осы қылығына ашуланған Пауыл оған бұрылып, сол рухқа: -Мен саған Иса Мәсіхтің атымен бұйырамын, одан шық! - дегенде әлгі рух сол сәтте одан шығып кетті.</verse>
				<verse number="19">Оның қожайындары өздері үміт артқан күнделікті табыс көзінен айрылып қалғанын білген соң, олар Пауыл мен Сыйласты ұстап алып, оларды базар алаңында тұрған басшылардың алдына желкелеп алып келді.</verse>
				<verse number="20">Оларды сол жердегі күзет басшысына жақын апарып: -Мына адамдар -яһудейлер, олар біздің қаламызға келіп, шулатып жүр.</verse>
				<verse number="21">Бұлар осында келіп, біз қабылдай алмайтын және бізге орындауға болмайтын жат салт-дәстүрлерді жариялап жүр, ал біз-Рим азаматтарымыз, - деді оларға.</verse>
				<verse number="22">Пауыл мен Сыйласқа сол арадағы халық та қарсы көтеріліп кетті, күзет басшылары олардың үстіндегі киімдерін жыртып, таяқпен ұруға бұйырды.</verse>
				<verse number="23">Оларды қатты ұрып-соғып, абақтыға жауып тастап, күзетшілерге тапжылмай күзетуді бұйырды.</verse>
				<verse number="24">Осындай бұйрық алған олар елшілерді ең ішкі абақтыға апарып қамап, олардың аяқтарын ағаш құрсаумен бекітіп тастады.</verse>
				<verse number="25">Түн ортасында Пауыл мен Сыйлас мінәжат етіп, ән айтып, Құдайды мадақтаумен болды, басқа тұтқындар оларды тыңдап отырды.</verse>
				<verse number="26">Кенеттен қатты жер сілкінісі болып, абақтының негізгі іргесі шайқала бастады, сол уақытта барлық есіктер ашылып, тұтқындардың кісендері бір мезетте өзінен-өзі шешіліп қалды.</verse>
				<verse number="27">Ұйқыдан оянған абақтының күзетшісі абақты есіктерінің ашық тұрғанын көре сала, тұтқындар босап, қашып кеткен екен деген оймен қылышын ала салып, өзін-өзі өлтірмекші болды.</verse>
				<verse number="28">Сонда Пауыл оған дауыстап үлгеріп: -Өзіңе еш жамандық жасаушы болма! Біз ешқайда кеткен жоқпыз, бәріміз осындамыз! - деді.</verse>
				<verse number="29">Ол шам сұрап алып, жүгіріп ішке кірді де, дірі-дір еткен күйі Пауыл мен Сыйластың аяғына келіп жығылды.</verse>
				<verse number="30">Содан соң оларды сыртқа алып шықты да: -Мырзалар, құтқарылуым үшін менің не істеуім керек? -деді оларға.</verse>
				<verse number="31">-Егер Иеміз Исаға сенсең, -деді олар, -онда мына өзің де, үй ішің де құтқарылады.</verse>
				<verse number="32">Осылай оған және оның үй ішіндегілердің бәріне Иеміздің сөзін жеткізді.</verse>
				<verse number="33">Күзетші түн ішінде оларды ертіп барып, соққыдан алған жараларын жуып, тазалады, өзі де, үй іші де сол сәтте суға батырылып шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="34">Осыдан кейін ол елшілерді үйіне шақырып, дастарқан жайып, ас ұсынды. Оның үй іші түгел Құдайға сеніп, үлкен қуанышқа ие болды.</verse>
				<verse number="35">Күндізгі уақытта күзет басшылары абақтыға тәртіп сақшыларын жіберіп: -Сол адамдарды босатып жіберіңдер, -деп бұйырды.</verse>
				<verse number="36">Абақтының күзетшісі бұны Пауылға жеткізді: -Күзет басшылары сендер босатылсын деп нұсқау берді! Енді боссыңдар! Тыныштықпен жүре берсеңдер болады, - деді.</verse>
				<verse number="37">Сонда Пауыл оларға: -Бүкіл халықтың алдында бізді ұрып-соқты, біздің римнің азаматы екенімізге қарамастан, абақтыға жауып тастады. Енді бізді жасырын түрде қуып жібермекші болып тұрма ма? Жоқ, олай болмайды! Олардың өздері осында келіп, бізді осы жерден өздері алып шықсын! - деді.</verse>
				<verse number="38">Бұл сөзді тәртіп сақшылары күзет басшыларына жеткізді. Олардың Рим азаматтары екенін естігеннен кейін, олар қорқып кетті. Өздері сонда</verse>
				<verse number="39">келіп, оларға жалынып -жалбарынып, осы қаладан кетуін өтініп, оларды шығарып салды.</verse>
				<verse number="40">Олар абақтыдан шыққан соң, Лидияның үйіне барды. Бауырластармен кездесіп, оларды жігерлендірді. Бұдан кейін сол жерден шығып, одан әрі кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="17">
				<verse number="1">Олар Амфипол мен Аполлония арқылы өтіп, Салониқа қаласына келді, ол жерде яһудейлердің синагогасы бар болатын.</verse>
				<verse number="2">Пауыл, әдеттегідей, үш сенбі қатарынан сол жерге барып, олармен Жазбаны талқылады,</verse>
				<verse number="3">онда Мәсіхтің азапталып, Оның өлімнен қайта тірілетіні туралы нақты айтылғанын түсіндірді. -Исаның (уәде етілген) Мәсіх екенін дәлелдеп, сол Мәсіхті уағыздап жүрмін, - деді Пауыл.</verse>
				<verse number="4">Сонда олардың арасынан кейбіреулері осы айтылғанға сенді. Сөйтіп, олар Пауыл мен Сыйластың қатарына қосылды, олардың арасында Құдайды қастерлеуші гректер мен біраз беделді әйелдер де болды.</verse>
				<verse number="5">Бұған қызғаныш білдірген яһудейлер сауда алаңдарына барып, сол жерден кейбір жексұрын (бұзық) адамдарды жинап алып, қалада тәртіпсіздік орнатты. Содан кейін Пауыл мен Сыйласты іздеп, баса-көктеп Ясонның үйіне барды, оларды ұстап алып, халықтың алдына алып шықпақ болды.</verse>
				<verse number="6">Бірақ оларды сол жерден таппаған соң, Ясон мен басқа бауырластарды сүйреп, шу шығарып, қала басшысының алдына алып келді. -Бүкіл әлемді аралап, көтеріліске шақырып жүргендер енді осында келіпті, -деп айғайлады олар,</verse>
				<verse number="7">-мына Ясон оларды үйіне қабылдапты. Олар Рим императорының шығарған жарлығына қарсы әрекет жасап, Иса деген басқа Патша бар деп айтып жүр, - деді.</verse>
				<verse number="8">Олардың бұл айтқандары халықтың да, қала басшыларының да тыныштығын бұзды.</verse>
				<verse number="9">Олар Ясоннан және басқаларынан жеткілікті мәлімет жинап алып, оларды босатып жіберді.</verse>
				<verse number="10">Бауырластар Пауыл мен Сыйласты сол түні-ақ Береяға қарай шығарып жіберді. Олар сол жерге келген соң, яһудейлердің синагогасына барды.</verse>
				<verse number="11">Алайда бұл жердің адамдары салоникалықтарға қарағанда ізгі ниетті болып шықты. Олар бар ынталарымен сөзді беріліп тыңдап, қабылдап, естігендері шындықпен сәйкес келе ме деп, Жазбаны күнде зерттеумен уақыттарын өткізді.</verse>
				<verse number="12">Олардың көпшілігі сенімді осылай қабылдады, олардың арасында гректердің беделді әйелдері мен біраз ер-азаматтар да болды.</verse>
				<verse number="13">Салониқадағы яһудейлер Пауылдың Береяда Құдай сөзін жариялап жүргенін біліп қойып, сонда келіп халықты азғырып, дүрліктірд.</verse>
				<verse number="14">Ал бауырластар Пауылды сол сәтте теңізге шығарып жіберді, Сыйлас пен Тимоте сонда қалды.</verse>
				<verse number="15">Пауылды шығарып салушылар оны Афинаға дейін жеткізіп салған соң, Пауылдың Сыйлас пен Тимотенің оған тезірек жетсін деген нұсқауын алып, қайтадан кері қайтты.</verse>
				<verse number="16">Пауыл оларды Афинада күтетін болғандықтан, сол жерде қалатын болды. Ол қаланы аралап жүріп, қаптаған пұтқа табыну орындарын көргенде, рухы қапаланып, ашуланды.</verse>
				<verse number="17">Ол бұл туралы синагогадағы яһудейлермен де, Құдайды қастерлейтін адамдармен де, сауда алаңындағылармен де бөлісіп, күнде кездесіп, осы нәрсені ортаға салып, олармен бірге талқылады.</verse>
				<verse number="18">Сонда кейбір эпукирлықтар мен стойкшілердің философтары Пауылмен дауласып қалды. Олардың кейбіреулері: -Мына бір бос сөздің иесі не айтып жүр? -десе, ал басқалары: -Бұл басқа бір құдайлар туралы уағыздап жүрген сияқты, -десті, өйткені Пауыл оларға Исаның өліп, Оның өлімнен қайта тірілгені туралы уағыздаған болатын.</verse>
				<verse number="19">Олар Пауылды Ареопагқа алып барып: -Сенің осы жаңадан жариялап жүрген тәлімің жөнінде білгіміз келеді. Ол қандай тәлім? Сол туралы айтып берші,</verse>
				<verse number="20">өйткені сен бізді таңғалдырып, құлағымызға бір нәрселерді құйып жатырсың, біздің осы жайында білгіміз келеді, - деді.</verse>
				<verse number="21">Афиндықтар мен сол жерде тұратын шетелдіктер жаңадан болып жатқан нәрселер туралы айтып, соны тыңдаумен өздерінің уақыттарын өткізетін.</verse>
				<verse number="22">Пауыл Ареопагтың ортасында шығып: -Афиндық еразаматтар! Сендердің әрқайсысыңда Құдайдан қорқыныш бар екеніні мен көріп тұрмын.</verse>
				<verse number="23">Мен сендердің табынатын орындарыңды аралап, мұқият қарап жүріп, құрбандық шалуға арналған бір орынды тауып алдым. Ол жерде: «Белгісіз Құдайға», -деген жазу бер екен. Соған қарап, сендер Оның Кім екенін білмесеңдер де, Оны қастерлеп жүргендеріңді байқадым, ал мен Оны сендерге жариялаймын.</verse>
				<verse number="24">Осы әлемді және ондағылардың бәрін жаратқан Құдаймына аспан мен жердің Иесі де Сол. Сондықтан Ол қолдан жасалған орындарда тұрмайды</verse>
				<verse number="25">және Ол адамдардың бәріне өмір берді, дем және тыныс берді, Ол адам қолымен жасалатын қызметке де мұқтаж емес.</verse>
				<verse number="26">Ол жер бетінде өмір сүріп жатқан барлық халықты бір адам арқылы жаратып, олардың уақыттарын белгілеп, тұратын жерінің шекарасын да белгілеп қойды.</verse>
				<verse number="27">Егер адам Құдайды іздейтін болса, онда Оны сезіп, түйсініп тауып алуға болады. Ол сол мүмкіндікті бәрімізге де беріп қойған, сондықтан Ол әрқайсысымыздан алыс емес, Ол бізбен бірге.</verse>
				<verse number="28">Өйткені «Біз тек Онымен ғана өмір сүріп, тек Ол арқылы ғана әрекет етіп, тіршілік жасай аламыз», сол сияқты өз орталарыңнан шыққан кейбір ақындар: «Біз Оның ұрпағымыз», - деп айтып кеткен.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан біз Оның ұрпағы болғандықтан, алтын мен күмістен, не болмаса тастан, немесе адамның кәсібі мен оның ойынан туындаған нәрселерден Оның бейнесін жасау қажет емес.</verse>
				<verse number="30">Құдай біздің білместікпен өткізген уақытымызға көңіл аударып тұрған жоқ, керісінше, Ол қазір, осы уақыттан бастап, барлық жердегі адамдарға ойды өзгертіп, тәубеге келуге бұйырады.</verse>
				<verse number="31">Сол себепті Құдай осы әлемді әділдікпен соттайтын күнді де белгілеп қойды. Ол Өзі алдын ала дайындап қойған Сол Адам арқылы іске асырады. Ал осыны дәлелдеу үшін, Ол Исаны өлімнен қайта тірілтіп алды! - деді.</verse>
				<verse number="32">Олар өлгендердің қайта тірілетіні туралы естігенде, біреулері оны мазақ етіп күлсе, басқалары: -Бұл жайында кейінірек тағы естігіміз келеді, - деді.</verse>
				<verse number="33">Осыдан кейін Пауыл олардың орталарынан кетіп қалды.</verse>
				<verse number="34">Бірнеше адамдар бұл айтылған сөзге сеніп, оған қосылды, олар: Аеропаг мүшесі Дионис пен Дамар есімді әйел және олардың қасында бірге жүргендер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="18">
				<verse number="1">Осыдан кейін ол Афинадан шығып, Қорынт қаласына келді. Сол жерден</verse>
				<verse number="2">Понтидің тумасы, жақында ғана Италиядан келген Ақила деген яһудей мен Прискила есімді әйелді тауып алды. Клавдийдің барлық яһудейлер Рим қаласынан шықсын деген бұйрығынан кейін, олар өз мекендерін тастап, осында келген болатын, Пауыл соларға барды.</verse>
				<verse number="3">Олардың жасап жүрген кәсіптері бірдей болатын, сондықтан Пауыл олардың қасында жұмыс істеуге қалды, олардың кәсіптері шатыр жасау еді.</verse>
				<verse number="4">Сонымен қатар, ол әр сенбі сайын синагогаға барып, яһудейлер мен гректерді сөзге тартып, сөйлесіп, оларды сендіруге тырысатын.</verse>
				<verse number="5">Македониядан Сыйлас пен Тімоте келгеннен кейін, Пауыл уақытын Құдай сөзін айтуға арнап, яһудейлерге Исаның Мәсіх екеніне дәлелді куәліктер келтірді.</verse>
				<verse number="6">Олар Пауылға қарсы шығып, тіл тигізе бастағанда, ол киімін оларға қарай сілкіп: -Өз қандарың мойындарыңа артылатын болады! Менің арым таза. Енді мен қазірден бастап, өзге ұлт өкілдеріне барамын, - деді.</verse>
				<verse number="7">Ол сол жерден шығып, үйі синагогаға тиіп тұрған Тит Иуст деген адамның үйіне барды. Ол да Құдайды қастерлейтін еді.</verse>
				<verse number="8">Синагога басшысы Крисіптің үй іші де түгелімен Жаратушы Иеге сенді. Пауылды тыңдаған қорынттықтардың көбі Иеміз жайында естіп, Оған сеніп, суға батырылып шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="9">Түн ортасында Жаратушы Ие Пауылға көрініс арқылы (аян беріп) былай деді: - Қорықпа! Тоқтамай айта бер!</verse>
				<verse number="10">Мен Сенімен біргемін, ешкім де саған қиянат жасай алмайды, себебі бұл қаладағылардың көбі-Менің халқым, -деді.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, Пауыл сол жерде қалып, оларды бір жыл алты ай бойы Құдайдың сөзіне үйретті.</verse>
				<verse number="12">Ахая аймағын Галлион басқарып тұрған кезде, яһудейлердің барлығы Пауылға қарсы шығып, оны соттың алдына апарды да,</verse>
				<verse number="13">былай деді: -Бұл адам Заңды ұстанбай-ақ Құдайды қастерлеуге болады деп, Заңға қарсы шығып, адамдардың арасына іріткі салып жүр, - деді.</verse>
				<verse number="14">Пауыл енді аузын ашып, енді сөйлемек болғанда, Галлион яһудейлерге былай деді: -Ей, яһудейлер, егер де ол бір әділетсіздік істесе немесе бір алаяқтық, немесе бір зұлым іс-әрекет жасаған болса, онда мен сендердің айтқандарыңды тыңдар едім.</verse>
				<verse number="15">Бірақ сендердің мына дау-дамайларың тек өздеріңнің Заңдарыңа байланысты болғандықтан, мен бұған төреші бола алмаймын, оны өз араларыңда шешіңдер.</verse>
				<verse number="16">Осылай деп, оларды үкім шығарып, сот жүргізетін орыннан қуып шықты.</verse>
				<verse number="17">Сонда олар синагога басшысы Состенді ұстап алып, бәрі оны сот үкім шығаратын орынның алдында жабылып ұрып тастады, Галлион бұған ешқандай мән бермеді.</verse>
				<verse number="18">Пауыл біраз күн сонда қалды, сосын бауырластармен қоштасып, кемемен Сирияға жүзіп кетті. Прискила мен Ақила да онымен бірге кетті. Пауыл Кеніхреяға келгенде, Құдайға берген уәдесі бойынша, шашын алдыртып тастады.</verse>
				<verse number="19">Эфеске келгенде, ол Прискила мен Акиланы сол жерде қалдырып, өзі синагогаға барып, сол арадағы яһудейлермен сөйлесті.</verse>
				<verse number="20">Олар Пауылдың өздерімен бірге біраз болуын қалап, өтініш білдірді, бірақ ол келіспеді.</verse>
				<verse number="21">-Құдай қаласа, сендерге тағы да келемін, -деді олармен қоштасып, сосын Эфестен кемемен шығып,</verse>
				<verse number="22">Кесариядан бірақ түсті, Иерусалимге келіп, қауымдағылармен амандасып, одан Антақияға кетті.</verse>
				<verse number="23">Сол жерде біраз уақыт үзіліс жасап, одан шығып Ғалатия мен Фүргия елді мекендерін бірінен кейін бірін аралап, сонда қалған шәкірттердің бәрін нығайтты.</verse>
				<verse number="24">Осы кезде Александрия қаласының тумасы әрі сөзге шешен, Жазбаны өте жақсы білетін Аполлос деген яһудей Эфеске келді.</verse>
				<verse number="25">Ол Иеміздің жолы туралы аз білетін, бірақ сөйлеген кезде Рухтың жетегімен жалындап сөйлейтін. Оның білетіні тек Жақияның суға батырып шомылдыруы туралы болатын, соның өзінде ол Иса туралы тәлім бергенде нақты айтатын.</verse>
				<verse number="26">Міне, Аполлос синагогадағы адамдарға батыл уағыздай бастады, Прискила мен Ақила оны тыңдағаннан кейін, өздеріне шақырып алып, Құдайдың жолы туралы тереңірек үйретіп, нақтылап түсіндіріп берді.</verse>
				<verse number="27">Бір кездері Апаллос Ахая аймағына да бармақшы болды, сонда оны бауырластар да қолдап, сол жақтағы шәкірттерге хат жазып, олардан Аполлосты қабылдауларын сұрады. Апаллос барған соң, сол жердегі Құдайдың рақымымен сенімге келген сенушілерге көп көмек көрсетті.</verse>
				<verse number="28">Ол халықтың алдында яһудейлерді әшкерелеп, қайтпас қайсарлықпен Жазба арқылы Исаның Мәсіх екенін оларға дәлелдеп берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="19">
				<verse number="1">Апаллос Қорынт қаласында болған кезде, Пауыл таулы аймақтағы елді мекендер арқылы Эфеске келді. Сол жерден шәкірттердің бірнешеуін кездестірді.</verse>
				<verse number="2">- Сендер сенімге келген кезде, Киелі Рухты қабылдадыңдар ма? -деп сұрады олардан. - Біз Киелі Рухтың бар екенін, әуелі, естіген де жоқпыз, - деп оған жауап берді.</verse>
				<verse number="3">- Қандай шомылдырудан өттіңдер? -деп сұрады Пауыл олардан. - Жақияның суға батырып шомылдыруынан өттік, - деп жауап берді олар.</verse>
				<verse number="4">- Жақия халықты суға батырып шомылдырған кезде, ол өзінен кейін келген Исаға сенуді, сондықтан ой-өрісті өзгертіп, тәубеге келуді айтқан болатын, - деді Пауыл.</verse>
				<verse number="5">Олар осыны естігеннен кейін Иеміз Исаның атымен суға батырылып шомылдырудан өтті.</verse>
				<verse number="6">Пауыл оларға қолын қойған кезде, Киелі Рух келіп қонды, сол кезде олар бөтен тілдерде сөйлеп, пайғамбарлық сөз айта бастады.</verse>
				<verse number="7">Сол жерде, шамамен, он екі ер адам болды.</verse>
				<verse number="8">Осыдан кейін ол синагогада уағыздады. Ол сол жерде үш ай бойы Құдай Патшалығы туралы батылдықпен айтып, оларды сенімге баулыды.</verse>
				<verse number="9">Дегенмен, олардың арасынан кейбіреулері сенімді қабылдамай, жүректері қатайып, қасарысты, олар көптің алдына шығып, осы жолды жамандай бастады. Сонда Пауыл оларды өз жайларына қалдырып, шәкірттерді олардан бөліп алды да, олармен Тиранның мектебінде күнде кездесіп, әңгімелесіп жүрді.</verse>
				<verse number="10">Осылайша бұл іс-әрекет екі жылға созылды, сонда бүкіл Азия аймағында тұратындардың бәрі, яһудейлер мен гректер Жаратушы Иеміздің сөзін естіді.</verse>
				<verse number="11">Құдай Пауыл арқылы Өзінің күшін көрсетіп, оның қолымен бұрын-соңды болмаған кереметтер жасады.</verse>
				<verse number="12">Ауырып жатқандар Пауылдың денесіне байланған орамалына немесе оның белбеуіне қолдарын тигізетін болса, ауруларынан жазылып, зұлым рухтар шығып жатты.</verse>
				<verse number="13">Тіпті, кейбір яһудейлік кезбе сиқыршылардың өзі Иеміздің атымен зұлым рухтың жетегіндегілерге қолдарын қойып, Пауыл жариялап жүрген Иеміз Исаның атымен бұйырып, қуып шығаратын болды.</verse>
				<verse number="14">Скеуа деген яһудейлік бас қызметкер болды, соның жеті ұлы да осылай істемекші болды.</verse>
				<verse number="15">Сонда зұлым рух оларға: -Исаны білемін, Пауылмен де таныспын, ал сендер кімсіңдер? - деді.</verse>
				<verse number="16">Сол зұлым рухтың жетегіндегі адам оларға қарсы шығып, күш көрсетіп, тап беріп, жеңіп кетеді, ал олар жараланып, тыр жалаңаш күйі сол үйден қашып шығады.</verse>
				<verse number="17">Бұл оқиға туралы Эфесте тұрып жатқан барлық яһудейлер мен гректер білгенде, оларды қорқыныш биледі, Иеміз Исаның есіміне аса құрметпен қарап, дәріптейтін болды.</verse>
				<verse number="18">Сеніммен жүргендердің көпшілігі өз еріктерімен келіп, жасаған іс-әрекеттерін ашық айтып, қателіктерін мойындады.</verse>
				<verse number="19">Сонымен қатар, сиқыршылықпен көптен бері айналысып жүргендер жинаған кітаптарын бір жерге жинап, бәрінің көзінше оларды өртеп жіберді. Сол өртелген кітаптардың бағасын күміс ақшамен есептегенде, елу мың күміс ақша болады екен.</verse>
				<verse number="20">Иеміздің сөзі осылай өсіп, күшейіп, кеңінен тарала берді.</verse>
				<verse number="21">Өзіне жүктелген міндет аяқталуға жақындағанда, Пауыл рухында Македония мен Ахая аймағын аралап, одан кейін Иерусалимге барып, сосын Римді көргісі келетінін айтты.</verse>
				<verse number="22">Содан кейін өзімен бірге қызмет етіп жүрген Тимоте мен Ерасты Македонияға жіберді де, өзі Азияға баратын ыңғайлы уақытты күтіп, сонда қалды.</verse>
				<verse number="23">Міне, осы уақыттың арасында Иеміздің сапарына байланысты пайда болған дүрбелең аз болған жоқ.</verse>
				<verse number="24">Деметір деген бір күміс шебері күмістен Артемида ғибадатханасының үлгісін жасап, сол арқылы жергілікті қолөнер шеберлерінің мол табыс табуларына мүмкіндік жасайтын.</verse>
				<verse number="25">Деметір сондай іспен айналысып жүрген жұмысшыларды қасына жинап алып, оларға: -Ер-азаматтар, біздің әлауқатымыздың жағдайы осы табыс көзімен байланысты екенін өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="26">Бірақ мына Пауыл деген адам тек Эфесте емес, бүкіл Азия өңірінде халықтың көбін шатастырып, адамның қолы арқылы жасалынған мүсіндер сендердің құдайларың емес деп жүргенін өздерің естіп те, көріп те жүрген шығарсыңдар.</verse>
				<verse number="27">Біз енді соған бола өз үлесімізден айрылып, жеккөрінішті болып қаламыз ба деген қауіп төніп тұр. Ұлы құдайымыз Артемида ғибадатханасы да түкке тұрғысыз болып, бүкіл Азия аймағы қастерлейтін оның ұлылығы осылай аяққа тапталып жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="28">Бұл сөзді естігендердің барлығын ашу кернеп: -Эфестіктердің ұлы Артемидасы жасасын! -деп айғайлаумен болды.</verse>
				<verse number="29">Осылай бүкіл қалада дүрбелең басталды, жиналғандардың бәрі театрға лап қойып, Пауылға жолсерік болып жүрген Гай мен македондық Арыстарқты ұстап алды.</verse>
				<verse number="30">Пауыл топырлаған халықтың арасына кірмек болғанда, оны шәкірттері жібермей, ұстап қалды.</verse>
				<verse number="31">Сонда онымен дос болып жүрген Азияның кейбір басшылары оның театрға жиналғандарға көрінбеуіне кеңес берді.</verse>
				<verse number="32">Өйткені сонда жиналғандардың біреуі бір нәрсе айтып жатса, басқалары айғайлап, мүлдем басқа нәрсені айтып, жиналған халықты одан сайын дүрліктіріп жіберді, тіпті, сонда келгендердің көбі не үшін жиналғандарын білмей шатасты.</verse>
				<verse number="33">Сол кезде кейбір яһудейлер ұсыныс жасап, халықтың ортасына Ескендірді шығарды. Ескендір қолымен белгі беріп, халықтың алдында оларды қорғап сөйлей бастады.</verse>
				<verse number="34">Алайда олар оның яһудей екенін біліп қойып, бәрі бір дауыспен: -Эфестіктердің ұлы Артемидасы жасасын! -деп айғайлап тұрып алды. Осы жағдай екі сағатқа созылды.</verse>
				<verse number="35">Тек бәрі тынышталып, тыныштық орнағаннан кейін, қала басшыларының біреуі ортаға шығып халыққа: -Эфестің ер-азаматтары, осы Эфес қаласы ұлы Артемида мен көктен түскен Зевстің мүсіндеріне ғибадатхана болып, соларға қызмет етіп жатқанын білмейтін адам бар ма?</verse>
				<verse number="36">Егер де осыған ешқандай таласымыз жоқ десеңіздер, онда сіздер тыныштық сақтап, ағаттық әрекетке бармаңыздар.</verse>
				<verse number="37">Өйткені бұл адамдарды сіздер ғибадатхананы тонаушылар немесе біздің құдайымызға тіл тигізді деп, оларды айыптап әкелген жоқсыздар.</verse>
				<verse number="38">Егер Деметір мен басқа шеберлердің біреуге қарсы айтатын сөзі болса, оны сотта қарап, оның шешімін шығаратын аймақ басшылары бар, олар сонда барып, бірбіріне қоятын кінәсін сонда барып айтсын.</verse>
				<verse number="39">Егер де қоятын талаптарыңыз бұдан басқа нәрсе туралы болса, онда оны жиынға салу қажет, сонда ол заң арқылы шешіледі.</verse>
				<verse number="40">Өйткені бүгін бүлік тудырғанымыз үшін, бізге кінәлі болып, жауапқа тартылатын қауіп төніп тұр. Бұл жиының өтуіне ешқандай себеп жоқ, сондықтан біз бұған ешбір баға бере алмаймыз, -деді. Осылай деп, жиынды таратып жіберді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="20">
				<verse number="1">Бұл айқай-шу басылғаннан кейін, Пауыл шәкірттерді шақырып алып, оларға жігер берді, олармен қоштасып, Македонияға жүріп кетті.</verse>
				<verse number="2">Сол аймақтарға барған соң, көптеген бауырластарды сөзбен жігерлендірді. Кейін ол Грекияға (Элладаға) келіп,</verse>
				<verse number="3">үш айдай сонда болды. Енді сол жерден Сирияға бармақ болып жинала бастағанда, яһудейлердің оған арам ниетпен арандатушылық әрекет ұйымдастырып жатқанын біліп, ойын өзгертіп, Македония арқылы қайтпақ болып шешті.</verse>
				<verse number="4">Сол кезде оның қасында болып, онымен бірге жүргендер: Береялық Пирдің ұлы Сопатер мен салоникалық Аристрақ пен Секунд, дербиялық Гай мен Тімоте және Азия аймағынан Түхік пен Трофим болатын.</verse>
				<verse number="5">Олар бізден бұрын алға кетіп қалып, Троададан күтіп алды.</verse>
				<verse number="6">Біз Ашымаған нан мейрамын өткізгеннен кейін, Філіп қаласынан кемемен жүзіп шығып, бес күннен соң, Троадаға келіп, оларға қосылдық. Сол жерде жеті күн болдық.</verse>
				<verse number="7">Сенбі күні болатын, біз жиналып, нан үзу рәсімін өткізбек болдық. Пауыл келесі күні жол жүретін болғандықтан, оның айтар сөзі түннің бір уағына дейін созылып кетті.</verse>
				<verse number="8">Біз жиналған бөлме жоғарыда болатын және сол жерде жарық беретін шамдар жеткілікті еді.</verse>
				<verse number="9">Еутіх есімді бір жас жігіт терезенің алдында отырған болатын. Пауылдың әңгімесі ұзаққа созылып кеткендіктен, ол отырған жерінде қалғып кетіп, үшінші қабаттан төмен қарай құлап түсті. Оны жерден көтеріп алғанда, оның өліп қалғаны белгілі болды.</verse>
				<verse number="10">Сол кезде Пауыл төмен түсті де, оның үстіне жата қалып, құшақтап: -Уайымдамаңдар, -деді, -ол өлген жоқ! - деді.</verse>
				<verse number="11">Одан кейін ол жоғары көтеріліп, нан үзу рәсімін өткізді, таң атқанда әңгімесін аяқтап, сол жерден жолға шығып кетті.</verse>
				<verse number="12">Әлгі өлімнен тірілген жігітті үйіне алып барды, бұл бәріне шексіз қуаныш әкелді.</verse>
				<verse number="13">Біз кемеге отырып, Асс аймағына қарай жүзіп кеттік, себебі сол жақтан Пауылды алып кетпек болдық. Оның өзі бізге солай нұсқау берді, өйткені ол құрлық арқылы барғысы келетінін білдірді.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, ол бізді Аста қарсы алды, біз оны кемеге отырғызып алып, Мітілинге келдік.</verse>
				<verse number="15">Ол жерден кемемен жүзіп шыққан соң, келесі күні Хиосқа жеттік. Бір күннен соң, Самосқа өтіп кеттік те, тағы бір күннен кейін, біз Мілітке жеттік.</verse>
				<verse number="16">Пауыл уақытын Азияда бекерге жоғалтып алмайын деген ойда болды, сондықтан Эфеске соқпай өтіп кеттік, өйткені ол Иерусалимде өтетін Елуінші күн мейрамына қатты асықты.</verse>
				<verse number="17">Сондықтан ол Міліттен Эфеске хабаршы жіберіп, ондағы қауымның ақсақалдарын сол жерге шақыртты.</verse>
				<verse number="18">Олардың бәрі жиналып, Пауылдың алдына келді, сонда ол: -Мен осы Азияға қадам басқан уақыттың алғашқы күнінен бастап өздеріңмен бірге болғанымды білесіңдер.</verse>
				<verse number="19">Иемнің құлы ретінде барлық жағынан кішіпейілдік көрсетіп, көз жасымды төге жүріп, яһудейлердің мені сынау үшін жасаған арам пиғылды іс-әрекеттеріне төзе отырып, маған жүктелген қызметті атқара бердім.</verse>
				<verse number="20">Сендерге пайдасы тисін деген оймен тура жолдан таймай, халықтың алдында болсын, үйлеріңде болсын, сендерге қажет дегеннің бәрін өздеріңе тәптіштеп жеткіздім.</verse>
				<verse number="21">Бұған қоса, яһудейлер мен гректерге де куәлік айтып, олардың тәубе етіп, Құдайға келуін және біздің Иеміз Исаға сенуін жарияладым.</verse>
				<verse number="22">Қазір мен Рухтың жетегіне көніп, Иерусалимге бара жатырмын, ол жерде мені не күтіп тұрғанын білмеймін.</verse>
				<verse number="23">Алайда Киелі Рухтың жеткізген куәлігіне көңіл бөлсем, ол қалада мені абақты мен азаптар күтіп тұрғанын білдіреді.</verse>
				<verse number="24">Бірақ мен өз өмірімді бағалы деп санамаймын, Ием Исадан қабылдап алған қызметімді аяғына дейін жеткізуге тырысып, барымды салып жүгірдім, осылай Құдайдың рақымының арқасында Ізгі хабарды уағыздап, жариялап, куәлікпен бөлістім.</verse>
				<verse number="25">Өздеріңмен бірге болған кезімде Құдай патшалығы туралы жариялағанымды сендер білесіңдер. Енді менің білетінім: бұдан былай сендер мені көрмейсіңдер.</verse>
				<verse number="26">Міне, сол себепті де мен осы уақытты пайдаланып, сендерге мына куәлікті айтпақпын: бәріңнің алдыңда менің арым таза, егер біреу құрып кеткен болса, мен оған жауапты емеспін,</verse>
				<verse number="27">өйткені мен тура жолдан таймай, Құдайдың еркін өздеріңе жария етіп, Ол туралы толық жеткіздім.</verse>
				<verse number="28">Енді өздеріңе сақ болыңдар, Құдайдың бүкіл отарын қорғап, оған ие болыңдар, себебі Құдай оны Өзінің қанымен сатып алды, ал Киелі Рух сендерді сол Құдайдың қауымының қамын ойлап, оны бағатын бағушы етіп тағайындады.</verse>
				<verse number="29">Мен кеткен соң, сендерді де, Құдайдың отарын да аямайтын жауыз қасқырлар орталарыңа келіп кіретінін мен білемін.</verse>
				<verse number="30">Әуелі, орталарыңнан өздерімен бірге шәкірттерді бөліп алып кету үшін, шындықты бұрмалап сөйлейтін ер адамдар шығады.</verse>
				<verse number="31">Сондықтан өте қырағы әрі сақ болыңдар! Мен үш жыл бойы еш тоқтаусыз, түн демей, күн демей, көз жасымды төгіп, әрқайсысыңды жетелеп, өздеріңе үйреткен тәлімді естеріңнен шығармаңдар.</verse>
				<verse number="32">Қазір осы сәттен бастап, Өзінің құдіретімен қалыптастырып тұрғызатын әрі Оған бағышталғандардың бәріне мұралық енші беретін және Өзінің сөзі бойынша әрекет ететін рақымды Құдайға мен сендерді тапсырамын.</verse>
				<verse number="33">Мен ешқашан күміс пен алтынға немесе киім-кешекке ие болуға ұмтылған емеспін.</verse>
				<verse number="34">Мен өз мұқтаждықтарымды өзім көтеріп, өз қолыммен еңбек еткенімді білесіңдер.</verse>
				<verse number="35">Мен сендерге қалай еңбек етіп, сол арқылы әлсіздерге қалай қолдау көрсету керек екенін үйреттім. Иеміз Исаның сөзін еске алатын болсақ, Ол: «Алғаннан гөрі берген бақытты», - деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="36">Пауыл осыны айтып болған соң, тізесін бүгіп, олардың бәрімен қатар тұрып, мінәжат етті.</verse>
				<verse number="37">Пауылмен қоштасарда бәрі жылап, оны құшақтап, бетінен сүйді.</verse>
				<verse number="38">Олардың жүректерін ауыртқаны Пауылдың енді мені қайтып көрмейсіңдер деген сөзі болатын, олар бұған қатты қайғырды. Содан кейін олар оны кемеге шығарып салды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="21">
				<verse number="1">Біз олармен қоштасып, кемемен Қосқа келдік. Келесі күні Родосқа, одан кейін Патарға жеттік.</verse>
				<verse number="2">Ол жерден Финикияға баратын кемені тауып алып, одан әрі бағыт алдық.</verse>
				<verse number="3">Кипр көзге көрінетіндей жерге келгенде, одан өтіп, Кипрды сол жағымызда қалдырып, Сирияға бет алдық. Тирға келіп түстік, өйткені кемедегі жүктерді осында түсірмек болды.</verse>
				<verse number="4">Біз сол жерден шәкірттерді тауып алып, жеті күнге олармен қалатын болдық. Олар Рухтан аян алып, Пауылдың Иерусалимге бармауын өтінді.</verse>
				<verse number="5">Алайда біздің сол жердегі уақытымыз біткен соң, олар бізді шығарып салмақ болды. Олардың әйелдерімен, балашағасымен бірге қаланың сыртына шықтық, жағада тізе бүгіп, мінәжат еттік.</verse>
				<verse number="6">Бір -бірімізбен қоштасып, кемеге көтерілдік, олар үйлеріне қайтты.</verse>
				<verse number="7">Біз кемемен жүретін сапарымызды жалғастырып, Тирдан шығып, Потелемайсқа келдік. Сондағы бауырластармен хал-жағдай сұрасып, бір күнге олардың қасында қалатын болдық.</verse>
				<verse number="8">Ертеңінде біз сол жерден шығып, Кесарияға келдік, сол жердегі жеті Ізгі хабар таратушының бірі болып жүрген Філіптің үйіне келіп, қасында болдық.</verse>
				<verse number="9">Оның төрт қызы бар болатын, төртеуі де пайғамбарлық сөз айтатын.</verse>
				<verse number="10">Біз біраз күнге сонда қалатын болдық, сол күндері Яһудеядан Ағаб деген бір пайғамбар келді.</verse>
				<verse number="11">Ол біздің қасымызға келді де, Пауылдың белбеуін қолына алып, өзінің аяқ-қолын байлап: -Иерусалимдегі яһудейлер осы белбеудің иесінің аяқ-қолын тура осылай байлап, оны өзге ұлттың өкілдеріне тапсыратынын маған Киелі Рух айтты, - деді.</verse>
				<verse number="12">Осы сөзді естігеннен кейін, біз де, сол жердегілердің бәрі де жалынып, Пауылдың Иерусалимге бармауын қатты өтіндік.</verse>
				<verse number="13">Сондағы Пауыл бізге: -Сендер неге жылап, менің жүрегімді ауыртасыңдар? Мені байламақ тұрмақ, Ием Исаның аты үшін Иерусалимде өлуге де дайынмын, -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, біз оны көндіре алмаған соң: -Иеміздің еркі болсын, - деп тынышталдық.</verse>
				<verse number="15">Содан кейін біз жолға дайындалып, Иерусалимге қарай өрлеп кеттік.</verse>
				<verse number="16">Бізбен бірге Кесариядан шәкірттер ілесіп шыққан болатын. Олар бізді бұрыннан бері шәкірт болған бір кипрлық Мнасонның үйіне ертіп келді, сонда қондық.</verse>
				<verse number="17">Иерусалимге келгенде, бізді бауырластар қуанышпен қарсы алды.</verse>
				<verse number="18">Келесі күні Пауыл бізбен бірге шығып, Жақыпқа кетті, себебі ақсақалдардың бәрі сонда жиналған болатын.</verse>
				<verse number="19">Пауыл олармен амандасып, өзінің қызметі арқылы Құдайдың басқа ұлттар арасында жасаған әрбір ісін басынан тізіп айтып берді.</verse>
				<verse number="20">Олар бәрін тыңдап болған соң, Құдайды мадақтады, сосын Пауылға: -Бауырым, яһудейлер арасындағы сенушілердің өзі он мыңға жуық, солардың бәрі де Заңды қызғыштай қорғайды.</verse>
				<verse number="21">Олардың бәрі сен туралы өзге ұлттың арасында жүрген яһудейлердің бәрін Мұсаның Заңынан бас тартып, балаларын сүндетке отырғызбауға, біздің салт-дәстүрімізбен жүрмеуге үйретіп, теріс жолға тәрбиелеп жүр деп жеткізген.</verse>
				<verse number="22">Енді не болмақ? Олар, әрине, сенің осында келгеніңді естиді.</verse>
				<verse number="23">Сол үшін сен біздің өзіңе айтқанымызды істе. Біздің арамызда өз еріктерімен ант берген төрт азамат бар.</verse>
				<verse number="24">Соларды өзіңмен бірге ертіп алып, олармен бірге сен де тазарудан өт, олардың шашын алуға жұмсалатын қаражатты сен төле, сонда олар сен туралы естіген нәрселердің бәрінің бекер екенін түсінеді және сенің Заңды қалай ұстанып жүргеніңді көреді.</verse>
				<verse number="25">Ал өзге ұлт өкілдерінің арасындағы сенушілерге келетін болсақ, осында бәріміз ақылдасып, оларға пұтқа табынушылықтан, оған құрбандық беруден, арам өлген малдың қаны мен неке адалдығын бұзудан сақ болуын айтып, хат жазып жібердік, - деді.</verse>
				<verse number="26">Сонымен, Пауыл өзімен бірге әлгі ер-азаматтарды ертіп алып, олармен бірге тазару рәсімін жасады. Келесі күні олармен бірге ғибадатханаға барып, сол жерде тазару күндерінің қашан аяқталатынын және әркімнің жеке басы үшін ұсынатын құрбандық туралы жариялады.</verse>
				<verse number="27">Жеті күндік мерзім аяқталуға жақындағанда, Азиядан келген яһудейлер Пауылдың ғибадатханада жүргенін көріп қойып, сол жердегі бүкіл халықты дүрліктіріп, Пауылды сол жерде бас салып ұстап алып, бар дауыспен:</verse>
				<verse number="28">-Исраилдік ер-азаматтар! Бізге көмектесіңдер! Мынаухалыққа да, Заңға да қарсы шығып жүрген адам, ол басқа жақта жүрген адамдарды да солай үйретіп жүр және ол ғибадатханаға өзге ұлттық гректерді кіргізіп, киелі орынды арамдады, - деді.</verse>
				<verse number="29">Өйткені Олар ефестік Трофимның сол ғибадатханада жүргенін көрген болатын, олар оны ертіп әкелген Пауыл деп ойлады.</verse>
				<verse number="30">Бүкіл қала дүрлігіп, халық ағылып келіп, жинала бастады. Пауылды ұстап алғандар оны ғибадатхананың сыртына сүйреп шығарып, тездетіп есіктерді жауып алды.</verse>
				<verse number="31">Олар Пауылды сол арада өлтірмек болып жатқанда, Рим әскерінің мыңбасына бүкіл Иерусалим көтеріліп жатыр деген хабар жетті.</verse>
				<verse number="32">Сонда ол жауынгерлері мен жүзбасын ертіп, сол сәтте жетеді. Яһудейлер мыңбасы мен оның жауынгерлерінің жетіп келгенін көргенде, Пауылды ұрып-соғуды тоқтата қойды.</verse>
				<verse number="33">Мыңбасы Пауылдың қасына барып, оны тұтқынға алған соң, оны екі шынжыр бұғаумен байлауды бұйырды. Сосын халықтан оның кім екенін, оның не істеп қойғанын сұрады.</verse>
				<verse number="34">Сол жерге жиналған халықтың біреуі былай десе, басқалары тағы бір нәрсені айтып жатты, у-шудан толық не болғанын түсіне алмаған мыңбасы Пауылды бекініске апаруға бұйырды.</verse>
				<verse number="35">Ол баспалдақтан көтеріле бастағанда, анталаған халық оны жан-жақтан қыспақтады, сол кезде жауынгерлерге Пауылды көтеріп алып жүруге тура келді.</verse>
				<verse number="36">Олардың артынан ілесіп келе жатқан халық: -Оны алып кетіңдер! - деп айқайлап тұрып алды.</verse>
				<verse number="37">Пауылды бекініске кіргізбек болып жатқанда, ол мыңбасына: -Мен саған бір нәрсе айтсам бола ма? -деді. Ол Пауылдан: -Сен грекше білетін бе едің? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="38">-Сен осыдан бірнеше күн бұрын өзімен бірге төрт мыңдай ер адамды елсіз далаға ертіп шығып, көтеріліс ұйымдастырмақ болған мысырлық емессің бе? - деді.</verse>
				<verse number="39">Сонда Пауыл: -Мен-яһудеймін, Киликия өлкесіндегі Тарс қаласының азаматымын. Сенен сұрайтын өтінішім бар, халыққа арнап сөз айтайын деп едім, соған рұқсат берші, - деді.</verse>
				<verse number="40">Пауыл рұқсат алғаннан кейін, баспалдаққа шығып, қолымен белгі берді, көпшілікті тыныштыққа шақырды. Тыныштық орнаған соң, еврей тілінде сөз бастады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="22">
				<verse number="1">Ер-азаматтар мен бауырластар, әкелер, өзімді қорғау үшін айтатын сөзім бар, соны тыңдаңыздар.</verse>
				<verse number="2">Олар оның еврей тілінде сөйлегенін естігенде, лезде тыныштала қалды. Сонда ол:</verse>
				<verse number="3">-Мен-яһудеймін, туған жерім-Киликия өлкесіндегі Тарс қаласы. Сол қалада өстім. Өздерің білетін Гамалийлдің ізін басып, ата-бабамның Заңын мұқият оқып, сонымен тәрбиелендім. Мен де мына өздерің сияқты Құдай Заңын қызғыштай қорғайтын қорғаушы болдым.</verse>
				<verse number="4">Исаның жолымен жүргендерді өлгенше қудалап, ер адамдарды да, әйелдерді де байлап-матап, абақтыға жапқыздым.</verse>
				<verse number="5">Менің жасаған осы істерім туралы бірінші бас қызметкер мен ақсақалдардың бәрі нақты куәлік бере алады. Мен Дамаскіге барып, сондағы бауырластарды тұтқындап, оларды Иерусалимге әкеліп жазалау үшін, бірінші бас қызметкерден арнайы рұқсат хат сұрап алып, жолға шықтым.</verse>
				<verse number="6">Түскі мезгіл кезінде, Дамаскіге жақындап қалғанда, кенет аспаннан көзді қарықтыратын бір жарық менің айналамды түгел жарқыратып жіберді.</verse>
				<verse number="7">Сонда мен жерге құлап түстім, сол сәтте маған: «Сауыл, Сауыл! Сен неге Мені қудалап жүрсің?» -деген бір дауыс естілді.</verse>
				<verse number="8">«Сен кімсің, Ием?» -деп сұрадым мен. Сонда әлгі дауыс маған: «Мен-сен қудалап жүрген Назареттік Исамын», -деді.</verse>
				<verse number="9">Менімен бірге келе жатқандар жарықты көргенмен, маған Сөйлегеннің даусын естімеді.</verse>
				<verse number="10">Сонда мен: «Ием, мен енді не істейін?» -дедім. Сонда Ием маған: «Орныңнан тұр да, Дамаскіге бар. Саған не істеу керек екені сол жерде айтылады», - деді.</verse>
				<verse number="11">Осы жарықтың сәулесінен кейін мен көрмей қалдым, сондықтан қасымдағылар мені жетелеп, Дамаскіге келдім.</verse>
				<verse number="12">Сол жерде Анания атты біреу тұратын, яһудейлердің берген куәлігі бойынша ол Заңды қастерлейтін, ізгі ниетті адам болған.</verse>
				<verse number="13">Ол менің қасыма жақын келіп де маған: «Бауырым Сауыл, көзіңді аш!» -деді. Сол сәтте мен оны өз көзіммен көрдім.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде ол маған: «Біздің ата-бабаларымыздың Құдайы сені алдын ала таңдап алғандықтан, Ол Өзінің еркін саған таныту үшін және Оның әділ екенін сенің білгеніңді қалап, Ол Өзінің даусын саған естіртті.</verse>
				<verse number="15">Себебі осы естігенің мен көргеніңді барлық адамдарға куәлік етіп айту саған жүктелді.</verse>
				<verse number="16">Енді соған дайындал! Орныңнан тұр! Оның атын шақырып, суға батырылып шомылдыр удан өтіп, күнәларыңды жуып, тазала», - деді.</verse>
				<verse number="17">Осыдан кейін мен Иерусалимге қайтып келдім, ғибадатханаға барып, мінәжат еттім, сонда менің ойсанамда мынадай бір көрініс пайда болды.</verse>
				<verse number="18">Сол кезде мен Иемнің маған былай дегенін естідім: «Тезірек Иерусалимнен шығып кет, өйткені сенің Мен туралы айтқан куәлігіңді ол жердегілер қабылдамайды», -деді.</verse>
				<verse number="19">Сонда мен былай дедім: «Ием, Саған сеніп жүргендерді менің абақтыға жапқанымды, синагогаларда ұрыпсоққанымды олар біледі.</verse>
				<verse number="20">Өзің туралы куәлік айтқан Степанның қаны төгілген кезде, мен өлтіріп жатқандарды қостап, олардың киімдерін күзетіп, қасында тұрдым», - дедім.</verse>
				<verse number="21">Сонда Ол маған былай деді: «Мен сені алыстағы басқа ұлт өкілдеріне елші етіп жіберемін», - деді.</verse>
				<verse number="22">Олар Пауылдың бұған дейінгі сөзін тыңдап тұрған еді, бірақ осы кезде: -Мұны жер бетінен құрту керек! Ол өмір сүруге лайық емес! - деп олар қатты айғайлады.</verse>
				<verse number="23">Олар осылай айғайға басып, киімдерін лақтырып, ауаға топырақ шаша бастады.</verse>
				<verse number="24">Мыңбасы Пауылды бекініске алып кіруге бұйрық берді. Содан кейін күзетшілерге сырттағылардың оған не себепті қарсылық білдіргенін, не үшін айғайлап жатқанын біліп, оны сабап, жауап алуға нұсқау берді.</verse>
				<verse number="25">Сонда күзетшілер оны ұру үшін, белдікпен байлай бастады, сонда Пауыл жүзбасыға: -Римнің азаматын соттың үкімінсіз осылай ұрып-соғуға рұқсат бар ма? -деп сұрады.</verse>
				<verse number="26">Мұны естіген жүзбасы мыңбасының қасына жақын барып: -Не істемек ойың бар? Бұл адам Римнің азаматы болып шықты, - деді.</verse>
				<verse number="27">Сонда мыңбасы Пауылға келіп: -Сенің Римнің азаматы екенің рас па, маған осыны айтшы? -деді. -Иә, рас, -деді Пауыл оған.</verse>
				<verse number="28">Мыңбасы оған: -Мен осы азаматтықты көп ақшаға сатып алдым, -деді. -Ал мен Рим азаматы болып туылдым, -деді Пауыл.</verse>
				<verse number="29">Пауылды азаптамақ болғандар оның қасынан шегініп кетті. Пауылды байлауға бұйрық берген мыңбасы оның Римнің азаматы екенін білгенде, сасқалақтап, қатты қорқып кетті.</verse>
				<verse number="30">Келесі күні яһудейлердің оған не үшін кінә таққанын толық білу үшін, оны байлаудан босатты. Одан кейін бірінші бас қызметкерлер мен бүкіл синедерион мүшелеріне жиналуға бұйрық берді. Пауылды төменге түсіріп, солардың алдына тұрғызып қойды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="23">
				<verse number="1">Пауыл синедерион мүшелерін көзімен мұқият сүзіп шыққан соң, сонда отырғандарға: -Бауырлас ер-азаматтар, мен осы күнге дейін Құдайдың алдында ар-ұжданымды таза ұстап өмір сүріп келдім, - деді.</verse>
				<verse number="2">Бірінші бас қызметкер Анания оның қасында тұрғандарға Пауылдың аузынан ұрып жіберуге бұйырды.</verse>
				<verse number="3">Сол кезде Пауыл оған: -Әктелген қабырға, мына сені Құдай ұратын болады, дайын бол! Сен мені Заң бойынша соттауға тырысып жатырсың, мені ұруға бұйрық беріп, бірақ Заңның талаптарын өзің бұзып тұрсың! - деді.</verse>
				<verse number="4">Оның қасында тұрғандар Пауылға: -Сен Құдайдың бірінші бас қызметкеріне неге тіл тигізесің? - деді.</verse>
				<verse number="5">Сонда Пауыл: -Бауырластар, мен оның бірінші бас қызметкер екенін білген жоқпын, Заңда: «Өз халқыңды басқарып отырған адамға жаман сөз айтпа», -деп жазылған.</verse>
				<verse number="6">Сонда Пауыл синедерионның жиынында отырғандардың бір бөлігі-садукейлер, ал екінші жартысы фарисейлер екенін біліп, синедерионда отырғандарға дауыстап: -Ер-азаматтар, бауырластар, мен-фарисеймін әрі фарисейлердің ұлымын, мені өлгендердің қайта тірілетініне үміт артқаным үшін соттап жатыр, - деді.</verse>
				<verse number="7">Бұл сөзден кейін фарисейлер мен саддукейлер бір-бірімен дауласып қалып, сонда отырған көпшілік екіге бөлінді.</verse>
				<verse number="8">Өйткені саддукейлер қайта тірілу деген жоқ, періште де, рух та болмайды дейтін еді. Ал фарисейлер олардың бәрі бар деп сеніп, мойындайтын.</verse>
				<verse number="9">Осылай үлкен айқай-шу басталып кетті, кейбір Кітап зерттеушілері фарисейлерді жақтап: -Біз бұл адамнан ешқандай бір жаманшылық көріп тұрған жоқпыз, егер де оған рух немесе періште сөйлесе, онда тұрған не бар? -деді олар.</verse>
				<verse number="10">Қақтығыс бара -бара күшейіп бара жатқан соң, Пауылды ұрып тастар деп қауіптенген мыңбасы жауынгерлерге оны сол ортадан алып шығып, бекініске апаруға бұйрық берді.</verse>
				<verse number="11">Келесі түні Жаратқан Ие Пауылға келіп: -Батыл бол! Иерусалимде Мен туралы қалай куәлік берсең, Римде де дәл солай куәлік беретін боласың, - деді.</verse>
				<verse number="12">Таң атып, күн шыққан кезде кейбір яһудейлер жиналып, Пауылды өлтірмейінше, ештеңе жемеуге, ішпеуге ант берді.</verse>
				<verse number="13">Бұл қастандық ойды іске асырмақ болған адамдардың саны қырықтан асты.</verse>
				<verse number="14">Олар бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдарға келіп: -Біз Пауылды өлтіріп тынбайынша, ешқандай тамақ ішпейміз деп, өзара серт байласып, бір -бірімізге ант бердік.</verse>
				<verse number="15">Енді сіздер синедериондағылармен бірігіп, мыңбасына оның ісі туралы әлі де анықтап білу қажет, сондықтан оны осында алып келуді мыңбасыдан сұраңыздар, оны осында алып келе жатқанда, біз дайын тұрамыз да, оны осында жеткізбей өлтіреміз, - деді.</verse>
				<verse number="16">Пауылға қарсы қастандық ұйымдастырылып жатқаны туралы Пауылдың қарындасының ұлы естіп қойды. Ол Пауыл жатқан бекініске барып, бұл туралы оған жеткізді.</verse>
				<verse number="17">Сонда Пауыл бір жүзбасын шақыртып алып: -Мына жасөспірімді мыңбасына ертіп бар, оның айтатын бір хабары бер екен, - деді.</verse>
				<verse number="18">Жүзбасы жасөспірімді мыңбасына алып келді де: -Қамауда отырған Пауыл мені шақырып алып, мына жас жігітті саған ертіп баруды өтінді, оның айтатын бір хабары бар екен, - деді.</verse>
				<verse number="19">Мыңбасы оның қолынан ұстап, оңаша жерге апарып, одан: - Маған не айтайын деп едің? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="20">-Ертең Пауылдың ісін әлі де тереңірек, анықтап қарамақшы болып, оны синедерионға алып келуге алдын ала келісіп алған яһудейлер саған өтініш жасайтын болады.</verse>
				<verse number="21">Алайда сен олардың бұл істеріне сенбе, өйткені солардың арасынан қырыққа жуық ер адам оған тосқауыл құрмақшы. Олар өзара келісіп, Пауылды өлтірмек, сол уақытқа дейін тамақтан бас тартамыз деп, бір-біріне ант берді. Олар соны орындауға дайын, тек сенің келісіміңді күтіп отыр, - деді ол.</verse>
				<verse number="22">Сонда мыңбасы әлгі жасөспірімге: -Маған осы жеткізгеніңді ешкімге айтушы болма, -деп ескертіп, оны жөніне жіберді.</verse>
				<verse number="23">Содан кейін ол жүзбасыларының арасынан екеуін таңдап шақырып алып: -Екі жүз жауынгер мен жетпіс атты әскерді және екі жүз найзашыларды түнгі сағат үшке Кесарияға баруға дайындаңдар.</verse>
				<verse number="24">Пауылға ат дайындап, оның билеушінің өкілі Феликске аман-есен жеткізілуін қадағалауды бұйырды. Аймақ басшысы Феликске</verse>
				<verse number="25">мынандай мазмұнда жолдау хат жазды:</verse>
				<verse number="26">«Құрметті аймақ басшысы Феликске Клавдий Лисийден сәлем!</verse>
				<verse number="27">Яһудейлер мына ер адамды өлтіруге дайындалып жүргенде, жауынгерлеріммен барып, оның римдік азамат екенін білген соң, қорғап алдым.</verse>
				<verse number="28">Олардың бұл адамды не себепті айыптап жатқанын білу үшін, оны солардың синедериондарына алып бардым.</verse>
				<verse number="29">Олардың таққан айыбы тек өздерінің Заңдарына байланысты екенін, оны өлтіруге немесе абақтыға жабуға ешбір себеп жоқ екенін анықтадым.</verse>
				<verse number="30">Енді бұл адамға қарсы қастандық ұйымдастырылып жатқаны туралы хабар маған жетті, сондықтан оны сол сәтте саған жібердім, оның айыптаушыларына, ендігі айтатындарын сенің алдыңа шығып айтуға бұйрық бердім».</verse>
				<verse number="31">Сонымен, жауынгерлер өздеріне тапсырылған тапсырма бойынша Пауылды алып шығып, бір түннен кейін оны Антипатрға жеткізді.</verse>
				<verse number="32">Келесі күні Пауылды алып жүруге тек атты әскерлерге ғана рұқсат берілді, сондықтан қалғандары кері қайтып, бекініске оралды.</verse>
				<verse number="33">Олар Кесарияға кіргеннен кейін, олар аймақ басшысына жолданған хатты беріп, Пауылды тапсырды.</verse>
				<verse number="34">Ол хатты оқып шыққаннан кейін, Пауылдан оның қай аймақтан екенін сұрады. Оның Киликия аймағынан екенін білген соң Пауылға:</verse>
				<verse number="35">-Сенің айыптаушыларың келсін, олар келген соң, сені тыңдамаймын, -деді де, оны Иродтың сарайына апарып, сонда күзетуге бұйырды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="24">
				<verse number="1">Бес күн өткеннен кейін, қасына бірнеше ақсақалдар мен сөзге шешен Тертул атты біреуді ертіп, Анания келді. Пауылға қарсы шағым айтып, аймақ басшысына барған осылар болатын.</verse>
				<verse number="2">Пауылды шақыртып алған соң, Тертул өзінің айыптауын былай бастады: -Ұлы мәртебелі, Феликс! Мына халық сенің көрегенділігіңнің арқасында тыныштыққа молынан кенеліп, көптеген игілік пен жетістікке жетті.</verse>
				<verse number="3">Біз сол үшін барлығына ризашылығымызды білдіріп, осыны қабылдаймыз әрі мойындаймыз.</verse>
				<verse number="4">Сонымен, мен уақытыңды алмас үшін, сенің мейірімділігіңе сүйене отырып, біздің қысқа өтінішімізді тыңдауыңды қалаймын.</verse>
				<verse number="5">Біз мына бір адамды бүкіл әлемге жалған ілімін таратып жүрген назарейліктердің басшысы санаймыз. Себебі ол осындағы яһудейлердің арасына кіріп алып, іріткі салып, оларды бүлікке шақырып жүр.</verse>
				<verse number="6">Сонымен қатар, ол ғибадатхананы арамдауға әрекет жасады, сол кезде біз оны ұстап алдық.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде мыңбасы Лүси келіп, бізге күш көрсетті, оны бізден тартып алып, осында саған жіберіп отыр.</verse>
				<verse number="8">Енді сен оны тергеген кезде, біздің оған қандай айып тағып отырғанымызды түсінетін боласың.</verse>
				<verse number="9">Онымен бірге еріп келген яһудейлердің барлығы бұл айтылғанды шындық деп қолдады.</verse>
				<verse number="10">Бір кезде аймақ басшысы Пауылға сөйлеуге белгі берді. Сонда Пауыл былай деді: -Осы халыққа сен көптен бері билік жүргізіп, төрелік жасап жүргеніңді мен білемін, сондықтан сенің алдыңда мен өзімді-өзім қорғауға қуаныштымын.</verse>
				<verse number="11">Менің Иерусалимге Құдайға табыну үшін келгеніме он екі күннен асып бара жатқанына көз жеткізу саған қиын емес.</verse>
				<verse number="12">Менің айыптаушыларым өздері айтып тұрғандай, менің біреумен ғибадатханада дауласқанымды немесе бүлік шыққан жерде, синагогада, немесе қалада халықты жамандық жасауға шақырғанымды көрген жоқ.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан олар дәл қазір маған тағып тұрған айыптарының ешқайсысын да дәлелдей алмайды.</verse>
				<verse number="14">Олардың жалған тәлімнің жолымен жүр деп айтқанына келетін болсақ, мен Заңда жазылғанның бәріне, Пайғамбарлар кітабында жазылғанға да сенемін және соған сенім артып, ата-бабаларымыздың Құдайына қызмет етіп келемін.</verse>
				<verse number="15">Өйткені Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де өлімнен қайта тірілтіп алатын кезі болады, соған үміт артамын, ал соның болатынын олардың өздері де мойындайды.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан мен Құдайдың алдында болсын, адамдардың алдында болсын, барлық уақытта да ар-ұжданымды таза ұстауға жаттығып, тырысып жүрмін.</verse>
				<verse number="17">Көп жылдардан кейін мен халқыма қайырымдылық жасап, арнайы тарту әкелмек болып, Иерусалимге келдім.</verse>
				<verse number="18">Тазару рәсімін жасауға ғибадатханаға келген кезде, олар менімен кездесіп қалды. Сол жерде ешқандай бүлік, шу шығаратын топ та болған емес.</verse>
				<verse number="19">Азия өңірінен келген кейбір яһудейлердің маған тағатын айыбы болса, олар оны осында, сенің алдыңда, айтқандары дұрыс болады.</verse>
				<verse number="20">Мен синедерионның алдында тұрған кезде, олар менен қандай әлділетсіздік тапты, соны айтып берсін.</verse>
				<verse number="21">Мен сол жерде тұрып: «Бүгін мені өлгендер қайта тіріледі деп айтқаным үшін соттап жатқан шығар?» -дегеннен басқа ештеңе айтқан жоқпын.</verse>
				<verse number="22">Сонымен, Феликс болған жағдай туралы толық ақпарат алып, бәрін біліп алғаннан кейін: - Оларға бұдан әрі не істеу керек екенін мыңбасы Лүси келгеннен кейін айтамын, алдымен одан сол туралы сұрап білейін, -деп, істі кейінге қалдырды.</verse>
				<verse number="23">Осыдан кейін жүзбасына оны күзетуді және оның еркін жүріп-тұруына мүмкіндік беріп, оған келіп қызмет етем дегендердің ешқайсысына кедергі жасамауға бұйырды.</verse>
				<verse number="24">Бірнеше күн өткен соң, Феликс өзімен бірге Друзила есімді әйелін ертіп келді, оның әйелі яһудей болатын. Олар Пауылдың Иса Мәсіхке деген сенімі туралы есту үшін адам жіберіп, оны алдыртты.</verse>
				<verse number="25">Әңгіме әділдік пен ұстамдылық және болашақта болатын сот туралы болды, соны естіген кезде Феликсті қорқыныш биледі, сонда ол: -Енді бара бер! Уақыт келгенде, сені тағы да шақыртамын, - деді.</verse>
				<verse number="26">Ол Пауыл ақша беретін шығар деп үмітпен оны жиіжиі алдыртып, оның әңгімесін тыңдайтын.</verse>
				<verse number="27">Осыдан екі жыл өткенде, Феликстің орнына Порси Фест келіп отырды. Феликс яһудейлерге жағымсып, оларға жақсы көріну үшін, Пауылды сол байланған күйі абақтыда қалдырды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="25">
				<verse number="1">Сонымен, Фест сол аймаққа басшы болып сайланған соң, ол үш күннен кейін Кесария жақтан Иерусалимге келді.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде яһудейлердің бірінші бас қызметкерлері мен бірінші ру басшылары оған келіп, өздерінің Пауылға қарсы арыз-шағымдарын айтты.</verse>
				<verse number="3">Олар Фестен Пауылды осы Иерусалимге алдыруға өтініш жасады, сондағы мақсаттары жолда тосқауыл құрып, Пауылды өлтіру болатын.</verse>
				<verse number="4">Сонда Фест оларға: -Пауыл Кесарияда күзет қарамағында, жуықта өзім де сонда барамын, - деді.</verse>
				<verse number="5">-Егер сіздердің араларыңызда өзін күштімін деп санайтындар болса, ол менімен бірге барсын, Пауылдың жағымсыз әрекеттерін сол жерде айтып, айыбын да сол жерде бетіне бассын, - деді оларға.</verse>
				<verse number="6">Фест сол жерде тек сегіз-он күндей уақытын олармен бірге өткізіп, Кесарияға қайтып келді, келесі күні ол жоғарыдағы сот жүргізетін төрелік орнына барып отырды да, Пауылды алып келуге бұйрық берді.</verse>
				<verse number="7">Пауылды алып келген соң, Иерусалимнен келген яһудейлер оны жан-жақтан қоршап, оған көптеген ауыр айыптар таға бастады, алайда өздері солардың ешқайсысын дәледей алмады.</verse>
				<verse number="8">Пауыл өзін-өзі ақтап: -Мен яһудейлердің Заңдары мен ғибадатханасына және Рим императорына қатысты ешқандай да күнә жасаған жоқпын, - деді.</verse>
				<verse number="9">Осы кезде Фест яһудейлерге жағымпазданып, мейірімді бола қалып, Пауылға: -Осы соттың ісін бұдан әрі Иерусалимде жалғастырайық, соған қалай қарайсың? -деді.</verse>
				<verse number="10">Сонда Пауыл оған: -Мен қазір Рим императоры сотының алдында тұрмын, сондықтан тек сонымен ғана сотталуға тиіспін. Мен заң бұзып, яһудейлерді ренжіткен жоқпын, ол жағын өзің де жақсы білесің.</verse>
				<verse number="11">Егер мен өлім жазасына лайықты болатындай бір нәрсе жасап қойсам, онда мен өлімнен бас тартпаймын. Егер де бұлар маған ешқандай да бір айып таға алмаса, онда ешкім мені оларға ұстап бере алмайды. Сондықтан Рим императорының сотын талап етемін! - деді.</verse>
				<verse number="12">Сонда Фест сол жерде отырғандармен кеңесіп болған соң: -Сен Рим императорының сотын талап етіп тұрсаң, онда сол Рим императорының алдында болатын сотқа барасың, - деді Пауылға.</verse>
				<verse number="13">Бірнеше күн өткен соң, Фестке өздерінің құттықтауларын жеткізу үшін, Агрипа патша мен Бернике Кесерияға келді.</verse>
				<verse number="14">Олар біраз күндерін сонда өткізді, сол кезде Фест Пауылға қатысты істі қозғап, патшаға былай деді: -Осында Феликс қалдырып кеткен бір ер адам қамауда отыр.</verse>
				<verse number="15">Мен Иерусалимге барған кезде, яһудейлердің бірінші бас қызметкерлері мен ру басшылары оған қарсы шағымдарын айтып, менен оны сотқа тартуды өтінген болатын.</verse>
				<verse number="16">Сонда мен оларға римдіктердің салты бойынша, егер адамға айып тағылса, онда айыпталушы мен айыптаушыларды бір жерде бетпе -бет кездестіріп, айыпталушыға өзін -өзі қорғай алатындай мүмкіндік туғызылатынын, осындай іс-әрекетсіз ешқандай да сот болмайтынын айтқан едім.</verse>
				<verse number="17">Содан кейін олар осында келді, бұл іс ескерусіз қалмасын деп, мен келесі күні сот жүргізетін төрелік орынға отырып, сол ер адамды алып келуге бұйрық бердім.</verse>
				<verse number="18">Сонда оны қоршап алғандар оған нақты айып таға алмады, тек бір түкке тұрғысыз нәрселермен айыптады.</verse>
				<verse number="19">Олар оған қайдағы бір өліп қалған Иса туралы сұрақ қойды, ал Пауыл Оның өлімнен қайта тіріліп кеткенін дәлелдеумен болды.</verse>
				<verse number="20">Мен бұл істі қалай тексеруді толық түсінбедім, сондықтан мен ол қаласа, осы іске байланысты сотты Иерусалимде жалғастыруға келісімін сұрадым.</verse>
				<verse number="21">Алайда Пауыл ол талапқа көнбей, император Августың шешімі шыққанша, осында қамауда болатын айтты, мен оны Рим императорының алдына апаратын уақыт келгенше, осында күзетуге бұйрық бердім.</verse>
				<verse number="22">Сонда Агрипа Фестке: -Менің өзімде сол адамды тыңдап көрсем деген қалау пайда болды, -деді. Сонда Фест оған: - Онда ертең оны тыңдап көр, - деді.</verse>
				<verse number="23">Келесі күні Агрипа мен Берникеге құрмет көрсетіліп, олар мыңбасылар мен қаланың бетке ұстар азаматтарының қолпаштауымен үлкен салтанатқа бөленіп, сот шешімін тыңдайтын орынға келіп отырды. Фест бұйрық беріп, Пауылды алдыртты.</verse>
				<verse number="24">Содан кейін Фест: -Агрипа патша және бізбен бірге осы жерде отырған ер-азаматтар, сіздер көріп отырған мына адам бұдан былай тірі қалуға тиіс емес екенін Иерусалимдегі және осындағы яһудейлер айғайлап, шағымданған болатын.</verse>
				<verse number="25">Алайда мен оны өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппадым және ол өзі император Августың алдына апаруды талап еткен соң, соған жіберуге шешім қабылдадым.</verse>
				<verse number="26">Бірақ мен ұлы мәртебелі мырзаға осы адам туралы не жазарымды білмей тұрмын, сондықтан оны сіздердің орталарыңызға, әсіресе, Агрипа патша оны сенің алдыңа алып шықтым, енді сіздер оның ісін қарап болғаннан кейін, менің не жазатыным белгілі болады.</verse>
				<verse number="27">Өйткені тұтқынның не үшін айыпталғанын көрсетпей жібергенім, менің ойымша, ақымақтық болар еді, - деді</verse>
			</chapter>
			<chapter number="26">
				<verse number="1">Бұдан кейін Агриппа Пауылға: -Өзің туралы айта беруіңе болады, -деді. Сонда Пауыл қолын көтерді де, өзін-өзі қорғап былай деді:</verse>
				<verse number="2">Агриппа патша! Менің халқым яһудейлердің маған таққан барлық айыптауларына қарсы өзімді қорғап, сенің алдыңда сөйлеуге мүмкіндік алғаныма өзімді бақытты санаймын.</verse>
				<verse number="3">Яһудейлердің салт-дәстүрі мен олардың өмір салтына байланысты сұрақтардың бәрін өзің жақсы білесің, сондықтан мені сабырлылықпен тыңдаса екен деп өтінемін.</verse>
				<verse number="4">Менің жас кезімдегі өмірім өз халқымның арасында өткенін Иерусалимдегі яһудейлердің бәрі де біледі.</verse>
				<verse number="5">Олар мені бұрыннан біледі, егер қажет болса, олар менің фарисей болып, өте қатал тәртіпке бағынып өмір сүргеніме де куәлік бере алады.</verse>
				<verse number="6">Құдай бұрынғы кезде біздің ата-бабаларымызға үміт берді, қазір соны Құдай іске асырды, сол үміт үшін мен соттың алдында тұрмын.</verse>
				<verse number="7">Біздің он екі рудан тараған ұрпақ сол үмітке жетсек деген оймен күні-түні қызмет етіп келеді. Құрметті патша, яһудейлер мені сол үмітке бола айыптап, соттайын деп тұр.</verse>
				<verse number="8">Сонда Құдай өлгендерді қайта тірілте алмайды деп ойлайсыздар ма?</verse>
				<verse number="9">Мына мен де сондай ойда болдым, сөйтіп Назареттік Исаның атына қарсы тұрып, көптеген жағымсыз істер жасадым.</verse>
				<verse number="10">Мен осы нәрселерді Иерусалимде істедім, сол кезде мен бірінші бас қызметкерлерге барып, олардан рұқсат сұрап алдым, Құдайға бағышталған адамдардың көбін абақтыға жаптым, оларды өлтіріп жатқандарды қолдап, қолдарына тас та бердім.</verse>
				<verse number="11">Осылай барлық синагогаларды жиі-жиі аралап, оларды қинап, қуғындап, Құдайға тіл тигізіп, сенімінен бас тартуға мәжбүрледім. Бар ашуымды оларға төгіп, қаладан қалаға, тіпті, қаланың сыртына дейін қуып шығарып, одан сайын қудаладым.</verse>
				<verse number="12">Осындай мақсатпен мен бірінші бас қызметкерлердің берген рұқсатымен Дамаскіге бара жаттым.</verse>
				<verse number="13">Құрметті патша, уақыт түс кезі болатын, міне, сол сәтте мен және менімен бірге еріп келе жатқандар күннен де күшті бір жарықтың біздің жан-жағымызды жарқыратып жібергенін көрдік, сол сәтте</verse>
				<verse number="14">бәріміз жерге құлап түстік, сол кезде мен еврей тілінде: «Сауыл, Сауыл, сен Мені неге қудалап жүрсің? Иесінің таяғына қарсыласатын өгіз секілді болма, ол саған өте қиын болады», - деген дауысты естідім.</verse>
				<verse number="15">Сонда мен: «Ием, Сен кімсің?» -деп сұрадым. Сол кезде Ол:«Мен-сен қудалап жүрген Исамын», -деп жауап берді.</verse>
				<verse number="16">Содан кейін Ол маған: «Аяғыңнан тік тұр, орныңнан көтеріл! Мені сені алдын ала таңдап алдым, сондықтан сен Менің қызметшім және Мені көрген куәгер боласың, сол үшін де Мен саған көріндім.</verse>
				<verse number="17">Мен сені осы халықтың арасынан алып шығамын, Мен сені өзге ұлттардың арасына жіберемін,</verse>
				<verse number="18">сен олардың көздерін ашып, қара түнектен жарыққа шығуына, сайтанның билігінен босатылып, Құдайға бет бұруына көмек бересің, сонда олардың күнәлары кешіріліп, олар Маған деген сенімдері арқылы өз үлестерін алатын болады», - деді.</verse>
				<verse number="19">Агриппа патша, маған көктен көрінген осы көрініске мойынсынбай тұра алмадым.</verse>
				<verse number="20">Сөйтіп, мен ең алғашқы қызметімді Дамаскі мен Иерусалимнен бастадым, одан кейін бүкіл Яһудей еліне және өзге ұлт өкілдеріне барып, өкініп тәубе етуге, Құдайға бет бұруға, тек сонда ғана лайықты іс істеуге болатынын уағыздадым.</verse>
				<verse number="21">Осы ісіме бола, яһудейлер мені ғибадатханада ұстап алып, өлтіріп тастамақ болды.</verse>
				<verse number="22">Алайда аяқ астынан Құдайдың көмегімен аман қалдым, сондықтан мен үлкен-кішінің алдына шыққанда, осы куәлікті бәріне айтамын. Осы күнге дейін бұл куәліктен басқа еш нәрсе де айтқан емеспін, өйткені пайғамбарлар да, Мұса да сол туралы алдын ала айтып кеткен.</verse>
				<verse number="23">Жазбада: «Мәсіх азап шегеді, Ол өлімнен қайта тірілгендердің ең алғашқысы болады, осылай біздің халыққа және өзге ұлт өкілдеріне жарық болады! Ол туралы ашық жария етілетін болады», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="24">Осылайша өзін-өзі қорғаған Пауылға Фест даусын көтеріп: -Пауыл, сен есіңнен адасқан сияқтысың, сенің көп оқығаның өзіңді есіңнен айырған! - деді.</verse>
				<verse number="25">Сонда Пауыл оған былай деп жауап берді: -Құрметті Фест, мен есімнен адасқан жоқпын, алайда осы айтқан сөзім-шындық әрі ақиқат.</verse>
				<verse number="26">Патша оқиғаның қалай болғанын біліп тұр, сондықтан мен батыл сөйледім. Осы айтылғандардан еш нәрсе оған жасырын болып қалды дегенге мен сенбеймін, себебі осы нәрселер көзден таса жерде, жасырын болған жоқ.</verse>
				<verse number="27">Агриппа патша, пайғамбарлардың айтып кеткеніне сенесің бе? Сенің оларға сенетініңді мен білемін, - деді.</verse>
				<verse number="28">-Сен қысқа уақыттың ішінде менен Мәсіхші жасағың келіп тұр ма? - деді Агриппа патша Пауылға.</verse>
				<verse number="29">-Бұл мезгіл не қысқа, не ұзақ болсын, дегенмен, мен Құдайға мінәжат етіп, сен ғана емес, бүгін осында мені тыңдап отырған бәрінің мен сияқты болғанын қалар едім, мына қолымдағы кісеннен басқаның бәріне тілейтінім осы, -деді Пауыл оған.</verse>
				<verse number="30">Осыдан кейін патша мен қолбасшы, Бернике және басқалар да орындарынан тұрып,</verse>
				<verse number="31">сыртқа шығып кетті де, оңаша жерге барып, бір-бірімен сөйлесе бастады: -Бұл адамның жасаған істеріне қарасаң, оны не өлімге кесуге, не абақтыға жабуға лайықсыз екені көрініп тұр, - десті.</verse>
				<verse number="32">-Егер де ол Рим патшасының сотын талап етпегенде, оны босатып жіберуге болатын еді, -деді Агриппа Фестке.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="27">
				<verse number="1">Сонымен, осы шешім қабылданғанда, біздің Италияға шығуымыз керек болды, Пауыл мен басқа да тұтқындарды Августың әскери полкінің жүзбасы Юлидің қолына тапсырды.</verse>
				<verse number="2">Біз Азия аймағынан Адрамитке жүргелі тұрған кемеге отырып, жолға шықтық. Бізбен бірге Македониядағы Салоника қаласынан келген Аристарх та болды.</verse>
				<verse number="3">Келесі күні біз Сидонға келдік. Юли Пауылдың адамдарды жақсы көретін ниетін көріп, оған достарының арасында болуға мүмкіндік жасады, достарының оған қамқорлық көрсетуіне рұқсат берді.</verse>
				<verse number="4">Біз сол жерден шыққанда, қарсы соққан желге тап болдық, соған қарамастан Кипрге келдік.</verse>
				<verse number="5">Одан шығып, теңіз жағалауы арқылы кемемен жүзіп отырып, Киликия мен Пампулия арқылы өттік те, Лика аймағындағы Мира қаласына келдік.</verse>
				<verse number="6">Сол арада Италияға кетуге дайын тұрған Александриялық бір кемені жүзбасы тауып, бізді соған отырғызды.</verse>
				<verse number="7">Кеме баяу жүргендіктен, біз көп күндерді жолда өткіздік, сөйтіп, әрең дегенде Книтқа жеттік. Одан әрі алған бағытқа жүзуге қарсы соққан жел кедергі болғандықтан, Крит бұғазының оңтүстігіндегі Салмон арқылы жүруге тура келді.</verse>
				<verse number="8">Оның қасынан жүзіп өтіп, Ласея қаласына жақын орналасқан «Әдемі *айлақ (кемежай)» аталатын жерге жеттік.</verse>
				<verse number="9">Осыған дейін көп уақытымызды жоғалтқандықтан, енді кемемен әрі қарай жүзу өте қауіпті екенін әрі ораза кезі де аяқталып қалғанын айтып, Пауыл оларға ескертіп:</verse>
				<verse number="10">-Ер-азаматтар, біздің мына бет алып шыққан бағытымыз тек жүк пен кемеге ғана емес, біздің өмірімізге де үлкен қауіп пен ауыр шығын әкелуі мүмкін екенін мен көріп тұрмын, - деді.</verse>
				<verse number="11">Бірақ жүзбасы Пауылдың айтқанына емес, одан гөрі кеме жүргізушісі мен оның иесіне көбірек сенім артты.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, сол айлақ қыстап шығуға жарамсыз болып шықты, сондықтан көпшілігінде сол жерден кетсек деген ой болғандықтан, олар Криттің оңтүстігінен солтүстік батысына қарай жатқан Финикия айлағына жетіп, сол жерде қыстап шығуға шешім қабылдады.</verse>
				<verse number="13">Осы кезде жел оңтүстіктен соға бастады, сонда олар бұл ұсыныс өз қолдауын тапты деп ойлады, олар кеменің зәкірін көтеріп, Критке жақындау қашықтықта жүзіп отырды.</verse>
				<verse number="14">Алайда біраз уақыттан кейін, оларға қарсы Эвракилон атты дауыл көтерілді, оның желінен үлкен-үлкен толқындар пайда болды.</verse>
				<verse number="15">Сонда оған қарсы жүзуге кеменің шамасы келмеді, сондықтан кеме сол дауылдың ығына көніп, оның жетегімен жүзіп кете барды.</verse>
				<verse number="16">Клауда деген аралдың қасына жеткен кезде, жеңіл қайықты жоғалтып алмайық деген оймен біз бар күшімізді салып, оны аман сақтап қалдық.</verse>
				<verse number="17">Біз қайықты арнайы көмекші құралдың көмегімен жоғары көтеріп шығарып алдық, сосын кемедегі бар арқанды пайдаланып, байлап тастадық. Кеме құмды жаға Сиритта қайраңға отырып қалмауы үшін, желкендерді түсіріп, жинап тастадық, сөйтіп, дауылдың ықпалымен жүзіп кете бардық.</verse>
				<verse number="18">Келесі күні біздің кемені дауыл әрі-бері лақтырып, ұрғылай бастаған соң, олар кемедегі жүктерді теңізге лақтыра бастады.</verse>
				<verse number="19">Олар үшінші күні кеменің құрал-жабдықтарын теңізге өз қолдарымен лақтырып тастады.</verse>
				<verse number="20">Бірнеше күнге дейін, не күн, не жұлдыз көрінбеді, ал дауыл одан сайын күшейіп алды, осы кезде біз аман қалып, құтқарыламыз деген соңғы үмітімізден де айырылдық.</verse>
				<verse number="21">Сонымен қатар, адамдар неше күннен бері нәр татқан жоқ, сонда Пауыл ортаға шығып: -Ер-азаматтар, менің айтқанымды тыңдап, сол Криттен шықпауымыз керек еді, сонда біз осындай шығынға ұшырамас едік.</verse>
				<verse number="22">Алайда мен сендерге енді жігерленіңдер деп кеңес беремін, мына кемеден басқа ешкімнің де өмірі жоғалмайды.</verse>
				<verse number="23">Өйткені осы түні мен сенетін және қызмет ететін Құдайымның періштесі қасыма келіп:</verse>
				<verse number="24">Пауыл, қорықпа! Сен Рим императорының алдына баруға тиіссің, сондықтан, сенімен бірге осы кемеде жүзіп келе жатқандардың бәріне Құдай кешірім берді, бұл Құдайдың саған берген сыйы», - деді.</verse>
				<verse number="25">Міне, осы үшін қуаныңдар, ер-азаматтар! Құдай маған қалай айтса, дәл солай болатынына мен сенемін.</verse>
				<verse number="26">Бізді белгісіз бір аралға шығарып тастайтын болады, -деді Пауыл.</verse>
				<verse number="27">Біздің Адриат теңізінде жүргенімізге, сонымен, он төртінші түн болатын, түн ортасында теңізшілер біздің бір белгісіз жерге жақындап келе жатқанымызды байқады.</verse>
				<verse number="28">Сол кезде олар тереңдікті өлшеп көрді, сонда тереңдік * қырық метрге жуық болды, біраздан соң өлшегенде, тереңдік *жиырма сегіз метрдей болды.</verse>
				<verse number="29">Теңізшілер кеме тасқа соғылып қалмауы үшін, кеменің арт жағындағы төрт зәкірді суға түсірді, мінәжат етіп, күннің шығуын күтті.</verse>
				<verse number="30">Кемеден қашудың жолын іздеген теңізшілер кеменің тұмсығындағы зәкірді тартып түсіреміз деген сылтаумен, кемедегі жеңіл қайықтарды теңізге түсіре бастады.</verse>
				<verse number="31">Осыны байқап қалған Пауыл жүзбасы мен жауынгерлерге: -Егер де мыналар кемеде қалмайтын болса, онда сендер құтқарылмайсыңдар, - деді.</verse>
				<verse number="32">Сонда жауынгерлер жеңіл қайықтың жіптерін қиып тастады, жеңіл қайықтар теңізге құлап түсті.</verse>
				<verse number="33">Таң атуға таяп қалғанда Пауыл бәріне: -Бәріңнің нәр татпағандарыңа, міне, бүгін он төртінші күн болды, бұл әлі жалғасуда,</verse>
				<verse number="34">сондықтан сендер бар тамақты бөлісіп, жеп алыңдар, өтінемін, -деді ол, -өйткені бұл сендердің аман қалуларың үшін қажет болады, алайда сендердің бастарыңдағы шаштың бір талы да түспейтін болады, - деді.</verse>
				<verse number="35">Осылай деп, ол нанды алды да, бәрінің көз алдында Құдайға алғыс айтып, үзіп алып, жей бастады.</verse>
				<verse number="36">Бұл бәрінің еңселерін көтеріп, қуаныш әкелді, осыдан кейін олар тамақ жеуге кірісті.</verse>
				<verse number="37">Кемеде барлығы екі жүз жетпіс алты адам болды.</verse>
				<verse number="38">Тамаққа тойып алған соң, олар кемедегі астықты теңізге лақтыра бастады, осылай кеменің жүгін жеңілдетті.</verse>
				<verse number="39">Ал таң атқан кезде олар жердің өздеріне таныс емес, тек жағалауы бар бір шығанақ екенін байқады. Сонымен, олар ақылдаса келе, кемені осы жағаға итеріп шығармақ болды.</verse>
				<verse number="40">Сондықтан олар зәкірді шешіп, теңізде қалдырып, кемені басқаратын тұтқаның жіптерін босатты, алдыңғы желкенді көтеріп, желдің ықпалына қарай бұрып, кемені жағаға бағыттады.</verse>
				<verse number="41">Бірақ кеме екі жағын теңіздің суы жуып тастаған құмды өрімге отырып қалды, кеменің тұмсығы қайраңға тереңдеп кіріп, ешбір қозғалыссыз тұрып қалды да, сол кезде арт жағынан ұрған толқынның күші кемені қирата бастады.</verse>
				<verse number="42">Сонда жауынгерлер кеңесіп, тұтқындардың ешқайсысы жағаға шыққан соң, қашып кетпесін деген оймен олардың бәрін өлтіріп тастамақшы болды.</verse>
				<verse number="43">Жүзбасы болса, Пауылды қорғап, оны аман алып қалғысы келді, сондықтан оларды тоқтатты. Тұтқындардың қайсысы жүзе алса, теңізге бірінші болып секіріп, жағаға жүзіп шығуға,</verse>
				<verse number="44">ал қалғандарына тақтайлар мен кеменің сынықтарын пайдаланып жетуге бұйрық берді. Осылайша бәрі құтқарылып, жағаға шықты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="28">
				<verse number="1">Біз жағаға шығып, құтқарылғаннан кейін, аралдың Мелит деп аталатынын білдік.</verse>
				<verse number="2">Сол жердің тұрғылықты халқы адамдарды жақсы көретін мінез (қонақжайлық) танытты. Жаңбыр жауып, қатты суық болған соң, олар от жағып, бізді қастарына шақырып, қамқорлық көрсетті.</verse>
				<verse number="3">Пауыл кепкен шырпыларды теріп әкеліп, оларды отқа тастап жатқан сәтте, оттың қызуына шыдай алмаған бір улы жылан оның қолын тістеп, жабысып қалды.</verse>
				<verse number="4">Сол жердің тұрғындары оның қолына жабысып, салбырап тұрған жыланды көріп, бір-біріне: -Бұл адамкісі өлтіруші, себебі ол теңізден құтылғанымен, әділдік орнап, оның өмірі осы жерде тоқтады, (кек алушы құдай оның тірі қалуына мүмкіндік бермеді), - десті.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде Пауыл жыланды сілкіп тастады, бірақ оған ешқандай да зиян келген жоқ.</verse>
				<verse number="6">Бірақ сол жердің тұрғындары сол сәтте ол ісініп немесе құлап, аяқ астынан өледі деп күтті, алайда олардың күткен нәрселері орындалмай, онымен ешқандай жамандық болмағанын көрген соң, ойларын өзгертіп, ол қандай да бір құдайдан, - десті.</verse>
				<verse number="7">Сол маңайда аралдың бірінші басшысы Публи деген кісінің жеке меншік жері бар екен, ол бізді сонда алып барды, бізді үш күн бойы қонақ етіп, ас-суын берді.</verse>
				<verse number="8">Публидің әкесі де сол жерде екен, оның ыстығы көтеріліп, іші өтіп, ауырып жатты. Сонда Пауыл оның жатқан жеріне кіріп, қолын қойды, мінәжат етіп, оны сауықтырды.</verse>
				<verse number="9">Осы оқиғадан кейін, сол аралда тұрып жатқандарың қайсысында әлсіздік (ауру) бар болса, олар келіп сауығып жатты.</verse>
				<verse number="10">Сонымен, біз сол жерден кететін уақытқа дейін, олар бізді құрметтеп, көп қамқорлық жасады, қажетті мұқтаждықтарымызды беріп, қамтамасыз етті.</verse>
				<verse number="11">Сол аралда біз үш ай бойы қыстап шықтық, одан кейін Диоскураның бейнесі таңбаланған Александрияның кемесіне отырып, сол жерді артқа қалдырып, жолға шықтық.</verse>
				<verse number="12">Одан кейін біз Сиракузаға келдік, сол жерде үш күн болдық.</verse>
				<verse number="13">Ол жерде біз зәкірді көтердік те, Ригийға келдік. Бір күннен кейін оңтүстіктен жел соға бастады, екінші күні біз Путеолға келдік.</verse>
				<verse number="14">Сол жерден өзіміздің бауырластарымызды тауып алдық, олардың өтініші бойынша, біз жеті күн солармен бірге өткіздік те, жолға шығып, Римге кеттік.</verse>
				<verse number="15">Сол жердегі бауырластар біз туралы хабар алған соң, Римнің жолындағы Аппия базары жанындағы Үш қонақ үйге қарсы алу үшін келіп, бізді күтіп алды. Пауыл оларды көргенде жігер алып, Құдайға ризашылығын білдірді.</verse>
				<verse number="16">Біз Римге кірген кезден бастап, Пауылдың жеке тұруына рұқсат берілді, оның қасына тек оны күзететін жауынгерді ғана қалдырды.</verse>
				<verse number="17">Осыдан үш күн өткенде, Пауыл яһудейлердің бірінші басшыларын өзіне шақыртып алып, оларға: -Ер-заматтар, бауырластар, мен халқыма немесе ата-бабаларымыздың салт-дәстүріне қарсылық білдіріп, оған қарсы ешқандай жағымсыз іс-әрекет жасаған емеспін, алайда Иерусалимде мені тұтқындап, римдіктердің қол астына тапсырды.</verse>
				<verse number="18">Олар менің ісімді зерттеп, тексеріп, мені өлім жазасына кесетіндей ешбір себептің жоқ екенін анықтап, мені босатып жібермекші болды.</verse>
				<verse number="19">Алайда яһудейлер маған қарсы болған соң, оларға менің ісімді Рим патшасының алдына қараңдар деуден басқа амалым қалмады, мен өз халқыма ешқандай айып тақпаймын.</verse>
				<verse number="20">Менің сендерді көріп, өздеріңмен сөйлесуіме осы нәрсе себеп болды. Мен Исраилдің үмітіне бола, мына шынжырға шырмалып байландым, - деді.</verse>
				<verse number="21">Сонда олар оған: -Біз яһудейлерден сен туралы ешқандай хат алған жоқпыз және сол жақтан келген бауырластар да сен туралы қандай да бір хабар, не жаман нәрсе айтып, жеткізбеді.</verse>
				<verse number="22">Біз сенің қандай оймен жүргеніңді тек өз аузыңнан естігеніміз жөн болар еді, өйткені осы жолды таңдап, осы жолды насихаттап жүргендердің тәліміне қарсы пікірлер барлық жерде айтылып жатқанын біз білеміз, -деді олар.</verse>
				<verse number="23">Сөйтіп, олар Пауылмен келісіп, кездесетін күнді бекітті, белгілен күні одан да көп адам жиналып, оған қонаққа келді. Сонда ол таңертеңнен кешке дейін, оларға Құдайдың Патшалығы туралы айтып, Мұсаның Заңынан бастап, Пайғамбарлардың кезіне дейінгі аралықта Иса туралы куәлік етіп, түсіндіріп берді.</verse>
				<verse number="24">Дегенмен, келгендердің кейбіреулері Пауылдың айтқандарына сенсе, кейбіреулері сенбеді.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан олардың арасында бір-бірімен келіспеушілік пайда болды, кетерінде оларға Пауыл мына бір сөзді айтты: -Сендердің ата-бабаларыңа Ишая пайғамбар арқылы Киелі Рух:</verse>
				<verse number="26">«Сол халыққа барып, мынаны айт: сендер естисіңдер, алайда түсінбейсіңдер, қарайсыңдар, алайда көрмейсіңдер.</verse>
				<verse number="27">Бұл халықтың жүрегі қатайып кеткен, міне, сондықтан олардың құлақтары әрең естиді, көздерін жұмулы, егер де олар айтқанымды құлақтарымен тыңдап, жүректерімен түсініп, теріс жолдарынан қайтса, мен оларды сауықтырар едім», - деп айтқан.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан сендер мынаны біліңдер: Құдайдан келген бұл құтқарылу енді өзге ұлт өкілдеріне жіберіледі, олар осы хабарды еститін болады! - деді.</verse>
				<verse number="29">Пауыл осылай деген соң, яһудейлердің көбі бір-бірімен айтысып, соңында тарқап кетті.</verse>
				<verse number="30">Осыдан кейін Пауыл Римде өзі жалға алған үйде екі жыл тұрып, сол жерде өзіне келгендердің бәрін қабылдады.</verse>
				<verse number="31">Оларға Құдай Патшалығы туралы уағыздап, үнемі бар ынтасымен Иеміз Иса Мәсіх жайында батыл, ашық тәлім берумен болды.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="45">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың Ізгі хабарын тарату үшін, Иса Мәсіхтің құлы ретінде арнайы таңдап алынған Пауыл елшіден сәлем.</verse>
				<verse number="2">Құдай бұл Ізгі хабарды Өзінің пайғамбарлары арқылы Киелі Жазбада уәде еткен кезде,</verse>
				<verse number="3">Ол Өзінің Ұлы туралы айтқан болатын. Ол тәндік денемен Дәуіттің ұрпағы ретінде дүниеге келген.</verse>
				<verse number="4">Ол Құдайдың Ұлы болу үшін алдын ала белгіленіп, Киелі Рухтың құдіретімен өлімнен қайта тірілген біздің Иеміз Иса Мәсіх болатын.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан барлық халықтар Оның атына сеніммен мойынсынуы үшін, біз Ол арқылы рақымдылыққа ие болып, елші атандық,</verse>
				<verse number="6">солардың арасында Иса Мәсіхтің шақырып алған ізбасарлары ретінде сендер де барсыңдар.</verse>
				<verse number="7">Римде тұрып жатқан Құдайдың барлық сүйіктілеріне және киелі халқы болуға шақырылғандарға біздің Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтен келген рақымдылық пен тыныштықты тілейміз.</verse>
				<verse number="8">Мен, ең алдымен, тек Иса Мәсіх арқылы Құдайыма сендер үшін алғысымды айтамын, өйткені бүкіл әлемге сендердің сенімдерің жария болып жатыр.</verse>
				<verse number="9">Оның Ұлы жайында Ізгі хабарды жариялап, Оған рухыммен қызмет етіп жүргеніме Құдай куә. Сол секілді сендерді де үздіксіз есіме алып,</verse>
				<verse number="10">әрдайым өз мінәжатымнан сендерді тастамай, әйтеуір, қай кезде болса да, Құдайдың еркімен өздеріңе барып қайтуды өтініп, сұрап жүрмін.</verse>
				<verse number="11">Дегенмен, өздеріңді көруге аса құштармын, себебі сендердің берік болуларың үшін, қандай да бір рухани дарыныммен бөлісіп,</verse>
				<verse number="12">осылайша өздеріңмен бірге болып, сеніміміз арқылы бір-бірімізді, өзімді де, сендерді де жұбатпақ болдым.</verse>
				<verse number="13">Бауырластарым, мен қаншама рет сендерге барғым келіп тырыссам да, әлі күнге дейін кедергілер болып жатқанын сендердің білгендеріңді қалаймын. Сондағы мақсатым-басқа халықтардан көргенім секілді сендерден де қандай да бір жеміс көру.</verse>
				<verse number="14">Мен гректерге және басқа тілде сөйлейтін даналар мен ақылсыздарға да қарыздармын.</verse>
				<verse number="15">Егер өзіме келер болсам, Римде тұрып жатқан сендерге де Ізгі хабарды уағыздауға дайынмын.</verse>
				<verse number="16">Алайда мен Ізгі хабардан еш ұялмаймын, өйткені онда әрбір сенушіні, ең алдымен, яһудейді, содан кейін гректі де құтқарып алатын Құдайдың құдіретті күші жатыр.</verse>
				<verse number="17">Өйткені Құдайдың әділеттілігі Оған деген сенім арқылы ашылады, ал Киелі жазбада: «Әділетті адам сеніммен өмір сүреді», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="18">Шындықты өздерінің зұлымдығы мен әділетсіз ісәрекеттерінің құрсауында ұстап тұрған адамдарға Құдай Өзінің қаһарын көктен білдіреді.</verse>
				<verse number="19">Осылайша оларға Құдайдың бар екені нақты белгілі болды, себебі оларға мұны Құдай анық көрсетті.</verse>
				<verse number="20">Өйткені Құдайдың әлемді жаратқаннан бергі көзге көрінбейтін істері жаратылыстан-ақ нақты көрініп, түсінікті болып тұр. Осы нәрсе Оның мәңгі күші мен Құдайлық қасиеті болып табылады, сол үшін оларға (сенбеушілерге) кешірім берілмейді.</verse>
				<verse number="21">Себебі олар Оның Құдай екенін білсе де, Оны не мадақтамады, не Құдай деп Оған алғыс та айтпады. Керісінше, олар түкке тұрмайтын ойға беріліп, жүректері қарайып, түсініксіз күйге түсті.</verse>
				<verse number="22">Осылай олар өздерін ақылдымыз деп жүріп, ақымақ болып шықты,</verse>
				<verse number="23">сөйтіп Құдайдың мәңгілік өшпейтін даңқының бейнесін шіріп кететін адам мен құстардың және төрт аяқтылар мен бауырымен жорғалаушылардың бейнесіне ауыстырып алды.</verse>
				<verse number="24">Сол себепті Құдай оларды өздерінің жүректеріндегі таза емес қалауларының жетегінде қалдырды, олардың өз денелерін өздері қорлап, арамдауларына жол берді.</verse>
				<verse number="25">Олар Құдайдың шындығын өтірікке ауыстырып, жаратылғанды Жаратушыдан жоғары қойып, соған табынып, қызмет етті, ал Сол Жаратушымыз мәңгілік мадаққа лайық. Әумин!</verse>
				<verse number="26">Сонымен, Құдай оларды өздерін масқара ететін құмарлықтың жетегінде қалдырды, өйткені әйелдер өздеріне берілген табиғи жыныстық қатынасты табиғи емес қатынаспен ауыстырды,</verse>
				<verse number="27">сол сияқты еркектер де әйелдермен болатын табиғи жыныстық қатынасты қойып, бір-біріне ынтығып, құмарлықтың отына беріліп, еркек еркекпен ұятсыз әрекеттер жасап, осылай адасқандары үшін, өздеріне арналған жазаны алатын болады.</verse>
				<verse number="28">Осылай олар Құдайды танып-білудің қажет екенін елемегендіктен, Құдай оларды келеңсіз істер жасататын жарамсыз ойдың жетегіне тапсырды.</verse>
				<verse number="29">Сөйтіп, олар неше түрлі әділетсіздік пен жауыздыққа, дүниеқорлық пен зұлымдыққа беріліп, қызғаныш, кісі өлтіру, даукестік, қулық-сұмдық, жаман мінез-құлыққа ие болып, өсекші,</verse>
				<verse number="30">жалақор, Құдайды жек көретін, дөрекі және өркөкірек, мақтаншақ, зұлымдықты ойлап табатын, ата -анаға бағынбайтын,</verse>
				<verse number="31">ақылсыз, жылмақай, құрметтеуді білмейтін, мейірімсіз адамдарға айналады.</verse>
				<verse number="32">Осындай істермен айналысып жүргендер Құдайдың өлім жазасына лайық деген талабын білсе де, олар мұны істеп қана қоймай, осындай істермен айналысып жүргендерді қолдайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сонымен, ей, адам, саған ешқандай да кешірім болмайды! Өйткені сен әркімді соттаумен жүрсің, басқа біреуді соттаған кезіңде сен де өзіңе үкім шығарасың, себебі сен соттаушы бола тұра, олар не істесе, сен де соны істеп келесің.</verse>
				<verse number="2">Ал шындығына келсек, кім осылай істейтін болса, Құдай Сотына тартылатынын біз білеміз.</verse>
				<verse number="3">Ей, адам, сен де осылай істегендерді соттайсың, бірақ өзің де солардың істегенін жасайсың, сен сонда Құдайдың сотынан құтыламын деп ойлайсың ба?</verse>
				<verse number="4">Сен, мүмкін, Оның соншама адал, кешірімді және шыдамдылығының шексіз болғаны үшін, Оны жек көріп жүрген шығарсың, алайда сол адалдығымен Оның сені тәубеге келуге әкеле жатқанын әлі де ұққан жоқсың ба?</verse>
				<verse number="5">Алайда сен осы қатыгездігіңе бола жүрегіңде тәубе етпегендіктен, өзіңе арналған Құдайдың қаһарын, Құдайдың әділдігін ашып беретін қаһарлы күніне сақтап жүрген секілдісің.</verse>
				<verse number="6">Сол кезде Ол әркімнің ісіне сай өз жазасын береді.</verse>
				<verse number="7">Сонымен, егер де кімде-кім игі іс істеп, төзімділік көрсетіп, Оның мәңгілік даңқы мен абыройын іздейтін болса, Ол соған мәңгілік өмір береді,</verse>
				<verse number="8">ал дау-дамайға беріліп, шындыққа мойынсынбай, тек әділетсіздіктің жетегінде жүретіндерге Ол ашуға толы қаһарын төгетін болады.</verse>
				<verse number="9">Зұлымдық істеп жүрген әрбір адамның жанын қысымшылық пен азап күтіп тұр, бірінші яһудейді, одан кейін эллинді.</verse>
				<verse number="10">Ал ізгілік істеп жүрген әркімді даңқ пен абырой, тыныштық күтіп тұр, бірінші яһудейді, одан кейін эллинді,</verse>
				<verse number="11">себебі Құдай (адамның) бет-жүзіне қарамайды.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан заңды білмей күнә жасап жүргендердің бәрі заң қолданылмай-ақ құртылып, жоқ болады, ал заңмен жүріп, күнә жасағандардың бәрі заң арқылы сотталады,</verse>
				<verse number="13">өйткені заңды тыңдаушылар Құдайдың алдында ақтала алмайды, керісінше, заңды орындап, оны іске асырып жүргендер ғана ақталатын болады.</verse>
				<verse number="14">Өзге ұлт өкілдеріне келер болсақ, оларда заң болған емес, алайда олар табиғаттың заңымен жүр, бұл заң болмаған кездің өзінде берілген заң ретінде қала береді.</verse>
				<verse number="15">Себебі осы нәрсе олардың жүректеріне заң талабының жазылып қойғанын көрсетеді, бұған куәлік беруші-олардың ар-ұяты, сөйтіп, осы арқылы олар бір-біріне деген ойпікірі бойынша не ақталады, не айыпталады.</verse>
				<verse number="16">Сөйтіп, Құдай сот болатын күні адамдардың бүкіл құпия істерін мен жариялап жүрген Ізгі хабарға сай Иса Мәсіх арқылы соттайтын болады.</verse>
				<verse number="17">Егер де сен яһудей болып және заңға сүйеніп Құдайды мақтан тұтып жүрсең,</verse>
				<verse number="18">онда сен Оның еркін білесің, сөйтіп заңнан алған тәліміңе сай, ненің жақсы екенін ажырата аласың.</verse>
				<verse number="19">Өіңді соқырлардың жетекшісі әрі түнектегілерге жарық болып жүргеніңе сенімдісің,</verse>
				<verse number="20">ақылсыздарға тәрбиеші, сәбилерге ұстазсың, өйткені білімнің үлгісін, шындықты заңнан таптың.</verse>
				<verse number="21">Басқаларға тәлім бересің, бірақ неге өзіңе-өзің тәлім бермейсің? Ұрлама деп жар саласың да, ал өзің неге ұрлайсың?</verse>
				<verse number="22">Неке адалдығын бұзбаңдар дейсің, ал өзің неге неке адалдығын бұзып жүрсің? Пұтқа табынуды жек көресің, сен не үшін ғибадатхананы тонап жүрсің?</verse>
				<verse number="23">Заңды мақтан тұтасың, алайда сол заңның талаптарын бұзып, неге Құдайдың атын қорлайсың?</verse>
				<verse number="24">«Өйткені сендерге бола Құдайдың есімі өзге ұлттардың арасында қорлануда», - деп Жазбада бекер жазылмаған.</verse>
				<verse number="25">Ал сүндеттелуге келсек, заңды ұстанып жүрсең ғана сүндеттелудің пайдасы бар, егер заңды бұзатын болсаң, онда сенің сүндеттелгенің маңызы болмайды.</verse>
				<verse number="26">Сүндеттелмеген басқалар заңның талабын орындап жүрсе, оның сүндеттелмегені сүндеттелуге жатпай ма?</verse>
				<verse number="27">Сондықтан табиғатынан сүндеттелмеген басқалар сол жазылған заң арқылы сені заң бұзушы ретінде соттайтын болады.</verse>
				<verse number="28">Өйткені яһудей болудың сыры сыртқы бейнемен анықталмайды, сонымен қатар, сүндеттелу денеге түскен белгімен де анықталмайды,</verse>
				<verse number="29">яһудей болудың құпиясы жүректі заңның әріптерімен емес, рухпен сүндеттеуде болып тұр. Тек сонда ғана мақтау адамдар жағынан емес, Құдайдан болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Яһудей болудың артықшылығы неде? Сүндеттелудің пайдасы қандай?</verse>
				<verse number="2">Қай жағынан алсақ та, ерекшелігі өте көп. Ең алдымен, Құдайдың сөзі оларға сеніп тапсырылды.</verse>
				<verse number="3">Егер кейбіреулері сенбей жатса, онда не болмақ? Олардың сол сенімсіздігі Құдайға деген сенімді жоғалта ала ма?</verse>
				<verse number="4">Жоқ, мүлдем олай емес! Оның орнына тек Құдайдың шындығы бола берсін. Тегінде, адамның бәрі өтірікші, ал Жазбада былай деп жазылған: «Сенің сөздерің әділетті болғандықтан, Өзіңмен соттасқандарды жеңіп шығасың».</verse>
				<verse number="5">Егер де біздің әділетсіздігіміз Құдайдың әділдігінің айқын екенін көрсетіп жатса, біз бұған не айта аламыз? Сонда Құдайдың қаһарының әділетсіз болғаны ма? Мен мұны адамдық оймен айттым.</verse>
				<verse number="6">Әрине, мүлдем олай емес. Солай болса, Құдай осы әлемді қалай соттамақ?</verse>
				<verse number="7">Егер де Құдайдың шындығы менің өтірігімнен асып түсіп, Оның даңқын арттырып жатса, онда не үшін мен осы күнге дейін күнәкар ретінде сотталудамын?</verse>
				<verse number="8">Сондықтан кейбіреу айтып жүргендей жаман атқа қалмас үшін, жақсылық келсін деп, жамандық жасай берейік пе? Осылай айтқандарға соттың үкімі әділетті болады.</verse>
				<verse number="9">Сонымен, не болды? Артықшылығымыз бар ма? Ешқандай да, біз ең алдымен яһудейлердің және өзге ұлт өкілдерінің бәріне де айып тағып, олардың күнәнің астында жүргенін көрсеттік.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан Жазбада: «Бірде-бір әділетті адам жоқ,</verse>
				<verse number="11">ешкім түсінбейді, Құдайды іздейтін де ешкім жоқ», -деп жазылған.</verse>
				<verse number="12">«Бәрі бағыттарын бұзып, (Құдайдан беттерін бұрып, адасып) бірден жарамсыз болып қалды, сондықтан жақсылық жасаушы болған да емес, әлі оны ешкім де жасаған емес».</verse>
				<verse number="13">«Олардың көмейі ашық көр сияқты, тілдерімен арбап -алдайды, еріндері жыланның уына толы»,</verse>
				<verse number="14">«Ауыздары қарғыс пен ащы шерге толып тұр»,</verse>
				<verse number="15">«Қан төгу керек болса, олардың аяқтары жылдам-жылдам басады,</verse>
				<verse number="16">сөйтіп, олардың жүрген жолы-қирату мен бақытсыздық,</verse>
				<verse number="17">бейбітшіліктің жолын тану дегенді олар білмейді».</verse>
				<verse number="18">«Сондықтан оларда Құдайдан қорқу деген болған емес».</verse>
				<verse number="19">Ал айтылған заңға келетін болсақ, сол заң Құдай алдында бүкіл әлемнің күнәкар екені жайында айтады.</verse>
				<verse number="20">Себебі заңның істері бойынша ешқандай пенде Оның алдында ақталмайды, керісінше, заң арқылы тек күнәні сезіне алады.</verse>
				<verse number="21">Дегенмен, қазіргі кезде Құдайдың ақтау жолы заңнан бөлек ашылды, себебі бұл туралы сол Таурат заңы мен пайғамбарлардың берген куәлігінде де айтылған.</verse>
				<verse number="22">Енді Құдай барлық сенушілерді тек Иса Мәсіхке сену арқылы ғана ақтап алады, бөліп-жару деген болмайды,</verse>
				<verse number="23">себебі бәрі күнә жасағандықтан, Құдайдың даңқынан айырылып қалды,</verse>
				<verse number="24">сол себептен ендігі ақталатындар Иса Мәсіхтің рақымы арқылы тегін алатын болады.</verse>
				<verse number="25">Сөйтіп, Құдай Өзінің мейірімді екенін көрсету үшін, Исаның төгілген қанына сену арқылы бұрынғы істеген күнәлардың кешірілетінін және осы арқылы Өзінің әділетті екенін дәлелдеп берді.</verse>
				<verse number="26">Сондықтан Құдай қазіргі уақытта да Өзінің әділетті екенін көрсету үшін, шыдамдылығының дәлелі ретінде Исаға сенген адамды ақтап алмақ.</verse>
				<verse number="27">Ал енді біздің мақтанған нәрсеміз қайда кетті? Ол жойылды. Қандай заң арқылы? Іспен бе? Жоқ, сенімнің заңы арқылы.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан біз заңдағы іспен емес, адамдар тек сеніммен ақталады деп айтамыз.</verse>
				<verse number="29">Сонда Құдай тек яһудейлердің ғана Құдайы болғаны ма? Сонда Ол басқа ұлттардың Құдайы емес пе? Әрине, Ол-басқа ұлттардың да Құдайы,</verse>
				<verse number="30">Құдай біреу болғандықтан, Ол сүндеттелгендерді де, сүндеттелмегендерді де сенім арқылы ақтап алады.</verse>
				<verse number="31">Сонымен, сенім арқылы заңды жойып жібердік пе? Жоқ, олай емес, керісінше, біз заңды нығайтамыз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен, Ыбырайым туралы не айтуға болады?</verse>
				<verse number="2">Егер де Ыбырайым істеген істері бойынша ақталған болса, онда оның мақтануына болар еді, бірақ Құдайдың алдында емес.</verse>
				<verse number="3">Осы жөнінде Жазбада не айтылған? «Ыбырайым Құдайға сенді, сондықтан ол ақталған болып есептеледі».</verse>
				<verse number="4">Еңбек етіп жүргеннің еңбекақысы ризашылық білдіру үшін емес, керісінше, тиісті төлем ретінде берілуі керек.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан да адам жасаған іс-әрекетіне емес, тек сеніммен ғана ақталатынына сенетін болса, сонда ол сол сеніммен ақталған болып саналады.</verse>
				<verse number="6">Осы туралы Дәуіттің өзі Құдай алдында іс-әрекетіне сүйенбей ақталған адамның бақытты екені туралы:</verse>
				<verse number="7">«Заңсыз іс-әрекеттері кешіріліп, күнәлары өтелген жандар бақытты,</verse>
				<verse number="8">Иеміз күнәсіз деп есептейтін жан бақытты», -деген болатын.</verse>
				<verse number="9">Сонымен, бұл бақыт сүндеттелген немесе сүндеттелмеген адамның қайсысына арналған? Ал біз Ыбырайымға келер болсақ, оның сенім арқылы ақталғанын айта аламыз.</verse>
				<verse number="10">Қысқасы, ол қай кезде ақталды? Сүндеттелуге дейін бе әлде кейін бе? Сүндеттелген кезде емес, сүндеттелмей тұрып ақталды!</verse>
				<verse number="11">Осы сүндеттелудің белгісін сеніммен ақталудың мөрі ретінде қабылдап, осы арқылы барлық сүндеттелмегендердің әкесі атанды, бұл оларды ақтап алу үшін істеген оның игі әрекеті болды.</verse>
				<verse number="12">Ол тек қана сүндеттелгендердің ғана емес, сонымен қатар, біздің Ыбырайым атамыздың жолымен сүндеттелмейақ жүргісі келетіндердің де әкесі атанды.</verse>
				<verse number="13">Ыбырайымға және оның ұрпағына осы әлемнің мұрагері атану үшін берілетін уәде заң арқылы емес, сеніммен ақталу арқылы берілуі қажет болған.</verse>
				<verse number="14">Егер де олар сол заң бойынша мұрагерлікке ие болатын болса, онда сенім түкке тұрғысыз болып, уәденің күші жойылар еді.</verse>
				<verse number="15">Заң Құдайдың қаһарын білдіреді, ал заң жоқ жерде қылмыс та болмайды.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан бүкіл ұрпақтарға сеніммен берілетін уәденің заң бойынша емес, керісінше, оның рақымдылыққа сай берік болғанын қалағандықтан, Ыбырайым бәріміздің әкеміз атанды.</verse>
				<verse number="17">Сөйтіп бұл: «Мен өлгендерді тірілтіп, жоқтан бар жасай алатын Құдайға сеніп жүрген көптеген халықтардың әкесі етіп, сені тағайындап қойдым», -деп Жазбада жазылғанның дәлелі болды.</verse>
				<verse number="18">«Олар сенің ұрпағын болады, сен көптеген халықтың әкесі боласың», -деп айтылғанға ол сеніп, үмітіне үміт қосты.</verse>
				<verse number="19">Ыбырайым өзінің денесінің қуаты кеміп, жасы жүзге таяп қалғанын, Сараның да құрсағының бала көтеруге қабілетсіз екеніне мән бермей,</verse>
				<verse number="20">Құдайдың уәдесіне күмән келтірмеді, ол сенімінде нық тұрып, Құдайдың атын мадақтады,</verse>
				<verse number="21">Құдайдың берген уәдесін орындауға бар күшін салды.</verse>
				<verse number="22">Сондықтан «оны ақталды деп есептеді».</verse>
				<verse number="23">Осы ақталу оның бір өзіне ғана тиесілі деп жазылмаған,</verse>
				<verse number="24">бұл ақталу біздерге де, яғни, Иеміз Исаны өлімнен қайта тірілтіп алған Құдайға сенетіндерге де тиесілі.</verse>
				<verse number="25">Өйткені біздің күнәларымыз үшін Оны өлімге қиды, бізді ақтап алу үшін, Оны қайта тірілтті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Сонымен, біз сеніммен ақталғандықтан, Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайдың тыныштығына ие болдық.</verse>
				<verse number="2">Ол арқылы сеніммен осы өзімізде бар рақымдылыққа қол жеткізе алатын мүмкіндікке ие болдық, сөйтіп, Құдайдың даңқына үміт артамыз, соны мақтан тұтамыз.</verse>
				<verse number="3">Тек бұған ғана емес, сонымен қатар, азапқа толы сәттерге де қуанамыз, себебі азаптан төзімділік туатынын білеміз,</verse>
				<verse number="4">ал төзімділіктен сенімділік туады, сенімділіктен үміт пайда болады.</verse>
				<verse number="5">Үміт ұятқа қалдырмайды, өйткені Құдай бізге деген Өзінің сүйіспеншілігін Киелі Рух арқылы жүрегімізге дарытты.</verse>
				<verse number="6">Біздер әлі де дәрменсіз болған кезімізде, белгіленген уақыт жетіп, Мәсіх біздер үшін, яғни, әділетсіздер үшін өлді.</verse>
				<verse number="7">Қалай десек те, бірлі-жарым адамның өз өмірін әділ жан үшін қиюы екіталай, дегенмен, мүмкін, бірен-саран адам мейірімді адам үшін өлуге шешім қабылдайтын шығар.</verse>
				<verse number="8">Біз әлі де күнәкар кезімізде Мәсіх біздер үшін өлді, Құдай сонда Өзінің сүйіспеншілігін бізге осылай көрсетті.</verse>
				<verse number="9">Сондықтан көпшілігіміз Оның баға жетпес қанымен ақталдық, бұдан былай Ол арқылы Құдайдың қаһарынан құтқарыламыз!</verse>
				<verse number="10">Егер бұрын біздер Құдайға жау болған болсақ, енді Оның Ұлының өлімі арқылы Онымен татуластық, енді бұдан былай Оның өмірі арқылы құтқарылатын боламыз!</verse>
				<verse number="11">Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, Құдайға деген қуанышымызды Иса Мәсіх арқылы жеткізе аламыз, себебі қазіргі осы құтқарылуды біз Ол арқылы алдық!</verse>
				<verse number="12">Бір адам арқылы осы әлемге күнә кірді, күнә арқылы өлім келді, осылайша өлім бүкіл адамзатқа тарады, себебі барлығы күнә жасады.</verse>
				<verse number="13">Заң берілмей тұрған кезге дейін, күнә осы әлемде болды, заң болмаған жерде күнә бар деп есептелмейді.</verse>
				<verse number="14">Алайда Адам атаның кезінен бастап Мұсаға дейін, Құдайдың тыйым салғанын бұзбаған, Ада ата сияқты күнә жасамағандарға да өлім үстемдігін жүргізді.</verse>
				<verse number="15">Бірақ рақымдылық (Адам атаның) қылмыстық ісі секілді емес, сый ретінде берілді. Егер де біреудің істеген қылмысына бола, көптеген адам өлім құшқан болса, ал Құдайдың рақымы және бір Адамның, Иса Мәсіхтің, рақымдылық сыйы бұдан былай көпшілікке молынан берілетін болады.</verse>
				<verse number="16">Бұл сыйдың беретінін бір адамның жасаған күнәсінің нәтижесімен салыстыруға келмейді. Сот бір қылмыс үшін соттайды, ал рақымдылық сыйы көптеген қылмыстардан ақталу әкелді.</verse>
				<verse number="17">Егер де біреудің жасаған қылмысы арқылы өлім билігін жүргізетін болса, бір Адам, яғни, Иса Мәсіх арқылы кім рақымдылық байлығы мен әділдік сыйын қабылдаса, сол өмірде билік ететін болады.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, бір адам арқылы бүкіл адамзатқа күнә келген болса, бір Адамның дұрыс әрекеті бәріне өмір беретін ақталу әкелді.</verse>
				<verse number="19">Сонымен қатар, бір адамның мойынсынбауы көпшілікті күнәкар еткен болса, бір Адамның мойынсынуынан көптеген адам әділ болып саналады.</verse>
				<verse number="20">Ал кейіннен кірген Заң әділетсіздікті көбейту үшін берілді, сөйтіп, қай жерде күнә көбейсе, сол жерде рақымдылық молынан төгіліп отырды,</verse>
				<verse number="21">сондай-ақ күнә билігін жүргізіп, өлімге әкелген болса, дәл солай рақымдылық та әділдікпен билік жүргізіп, біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы мәңгілік өмірге әкеледі.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сонымен не айтамыз? Рақымдылық көбейе түссін деп, күнә жасай берейік пе?</verse>
				<verse number="2">Ешқашан олай болмасын! Себебі біз күнә үшін өлдік, енді қалай онымен өмір сүрмекпіз?</verse>
				<verse number="3">Әлде біздің әрқайсысымыздың *Иса Мәсіхпен бірігіп, суға батырылып қалай шомылған болсақ, Оның өліміне де солай батырылып шомылғанымызды сендер білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="4">Өйткені Көктегі Әкенің даңқымен Мәсіх секілді қайта тірілу үшін, Онымен бірге суға батырылып шомылу арқылы өліп, жерлендік, біз солай жаңарып, жаңаша өмір сүреміз.</verse>
				<verse number="5">Егер де біз Оған ұқсап, бірге өлген болсақ, онда Оған ұқсап өлімнен де қайта тірілеміз.</verse>
				<verse number="6">Біздегі адамдық ескі болмыс Иса Мәсіхпен бірге айқышқа шегеленгенін, сөйтіп, тәніміздегі күнә жойылғанын, сол себепті енді біз күнәға қызмет ете алмайтынымызды сендер білесіңдер,</verse>
				<verse number="7">адам өлгеннен кейін күнәдан босатылады.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан егер біз Мәсіхпен бірге өлген болсақ, онда Онымен бірге өмір сүретінімізге де сенеміз.</verse>
				<verse number="9">Себебі өлімнен қайта тірілген Мәсіхтің енді қайтып өлмейтінін және бұдан былай Оның үстінен өлім өз билігін жүргізе алмайтынын білеміз.</verse>
				<verse number="10">Сол кезде Мәсіх бір рет және мәңгілікке күнә үшін өлді, бірақ енді өмір сүретін Мәсіх Құдай үшін өмір сүреді.</verse>
				<verse number="11">Сол сияқты сендер де өздеріңе күнә үшін өлген адам ретінде қараңдар, ал Иса Мәсіхпен бірлікте Құдай үшін тірімін деген оймен өмір сүріңдер.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, сендердің ажалды тәндеріңде күнә өз билігін жүргізбеу үшін, оның құмарлықтарына берілмеңдер.</verse>
				<verse number="13">Дене мүшелеріңді әділетсіздіктің құралы етіп, күнәға беріп қоймаңдар. Одан да өздеріңді Құдайға арнап, өлімнен қайта тірілгендер ретінде дене мүшелеріңді әділдіктің қаруы етіп, Құдайға бағыштаңдар.</verse>
				<verse number="14">Күнә сендердің үстеріңнен билік құра алмайды, себебі сендер заңның емес, рақымдылықтың астында жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="15">Сонымен не болды? Сонда біз заңның емес, рақымдылықтың астында болғандықтан, күнә жасай берейік пе? Ешқашан олай болмасын!</verse>
				<verse number="16">Әлде сендер кімге мойынсынсаң, соның құлы болатындарыңды білмейсіңдер ме? Сендер кімге мойынсынып, кімге құл болып жүрсіңдер? Күнә мен өлімге ме немесе әділдікке ме?</verse>
				<verse number="17">Алғыс тек Құдайға болсын, өйткені кезінде сендер күнәнің құлы болдыңдар, ал енді өздеріңе үлгі болатын тәлімге жүректеріңмен беріліп,</verse>
				<verse number="18">күнәдан босағандықтан, әділдіктің құлы болып жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="19">Сендердің денелеріңнің әлсіздігіне қарап, қарапайым тілмен осыны айтуыма тура келді. Себебі сендер бір кездері өз дене мүшелеріңді кір, таза емес нәрселердің құлы етіп, заңды бұзып, заңсыз әрекеттерге берілдіңдер, енді қазір оны әділдіктің құлдығына беріп, соған бағыштаңдар.</verse>
				<verse number="20">Өйткені сендер күнәнің құлы болған кездеріңде әділдіктегі бостандыққа ие бола алмадыңдар.</verse>
				<verse number="21">Сол кездегі «жемістеріңнің» қайсысы қазір сендерді ұялтады? Олардың соңы өлім еді.</verse>
				<verse number="22">Қазір енді күнәдан босап, Құдайдың құлы болғандықтан, «жемістерің» тазарды, мұның соңы-мәңгілік өмір.</verse>
				<verse number="23">Өйткені күнәнің құны-өлім, ал Құдайдың бізге берген сыйы-Иеміз Иса Мәсіхтегі мәңгілік өмір.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Бауырларым, заңды білетіндер ретінде сендерге айтарым: адам қанша өмір сүретін болса, заң соншалықты оның үстінен билік жүргізетінін өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="2">Мысалы, тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің тірі кезінде (неке туралы) заңмен күйеуіне байлаулы болады. Егер күйеуі қайтыс болса, онда әйел заң бойынша бостандық алады.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, егер әйел күйеуі тірі кезінде басқа бір еркекке күйеуге шықса, онда ол неке адалдығын бұзушы болып есептеледі, егер күйеуі қайтыс болса, заң бойынша оның басы бос болады, басқа біреуге әйел болса, онда ол неке адалдығын бұзған болып саналмайды.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан бауырларым, сендер де Иса Мәсіхтің тәндік өлімі арқылы заң үшін өлгендер қатарына жатасыңдар, сөйтіп, Құдайға игілікті жеміс әкелу үшін, өлімнен қайта тірілген басқа Біреудің меншігіне айналдыңдар.</verse>
				<verse number="5">Өйткені сендер ескі болмыспен жүрген кездеріңде өлім әкелетін күнәнің құмарлықтары өз жемістерін әкелу үшін, біздің дене мүшелерімізде тек заң арқылы жұмыс істеп келді.</verse>
				<verse number="6">Ал қазір ескі заң әріптерінің нұсқауы бойынша емес, Киелі Рухтың жаңартуымен қызмет ету үшін, бізді ұстап тұрған сол заңның құрсауынан босап шықтық.</verse>
				<verse number="7">Сонымен, бұл нені білдіреді? Заңды ұстану күнә ма? Әрине, жоқ. Егер де мен заңды білмесем, онда күнәнің не екенін де білмес едім. Егер де сол заң: «Құмарлыққа берілме», -деп айтпаса, онда мен сол құмарлықтың не екенін білмес едім.</verse>
				<verse number="8">Күнә осы мүмкіндікті пайдаланып, өсиет арқылы мендегі құмарлықтың неше түрін оятты, алайда заң жоқ жерде күнә өлі болады.</verse>
				<verse number="9">Мен бір кездері заңды білмей өмір сүрдім, ал өсиет келген кезде мендегі күнә тірілді де,</verse>
				<verse number="10">мен өлдім, сөйтіп, өмір сүру үшін берілген өсиеттен мен өлім таптым.</verse>
				<verse number="11">Себебі күнә сол өсиетті пайдаланып, алдап, мені рухани өлімге әкелді.</verse>
				<verse number="12">Дегенмен, заң да киелі, өсиет те киелі, әділ және ізгі.</verse>
				<verse number="13">Сонымен, өлім маған жақсылық әкелді ме? Жоқ, мүлдем олай емес! Керісінше, мұны күнә істеді, яғни, күнә жақсылық арқылы маған өлім әкелді. Осылай күнәнің қаншалықты қорқынышты екенін білдім. Сөйтіп, күнә өсиетті пайдаланып, күнә арқылы мені күнәкар етті.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан біз заң рухани нәрсе екенін білеміз, ал мен тәнімді күнәнің құлдығына беріп қойдым.</verse>
				<verse number="15">Мен не істеп жүргенімді білмеймін, өйткені өзім қалайтын істі емес, керісінше, нені жеккөрсем, соны істеп жүрмін.</verse>
				<verse number="16">Мен өзім қаламайтын істің жетегінде жүргендіктен, заңның жақсы екенін білемін.</verse>
				<verse number="17">Қазірдің өзінде мұны істеп жүрген мен емес, менің бойымнан орын алған күнә істеп жатыр.</verse>
				<verse number="18">Өйткені менің бойымда, менің күнәкар болмысымда, жақсылықтың орын алмағанын білемін, себебі жақсылық жасауға деген ниетім болса да, сол жақсылықты жасай алмаймын,</verse>
				<verse number="19">сондықтан қалаған жақсылықты істегім келсе де, оны істей алмаймын, керісінше, қаламайтын жамандықты жасап жүрмін.</verse>
				<verse number="20">Егер де мен қаламаған нәрсені істеп жүрсем, оны істеген мен емеспін, оны істеп жүрген менің бойымнан орын алған сол күнә болатын.</verse>
				<verse number="21">Сонымен, менің байқағаным мынау: заңмен жүріп, жақсылық жасағым келсе де, жамандық қасымнан табылады (жамандық мені менші ктеп алды, мен оның меншігіне айналдым).</verse>
				<verse number="22">Рухымда адамның жан дүниесіне бекітіп берген Құдайдың заңынан рахат табамын,</verse>
				<verse number="23">алайда менің дене мүшелеріме, ой-санама қарсы күресетін басқа бір заңның бар екенін білдім, сол мені тұтқындап, өзімді де, дене мүшелерімді де күнәнің заңына бағындырды.</verse>
				<verse number="24">Қандай бақытсыз адам едім! Осы бір өлім әкелетін тәнімнен кім мені құтқара алады?</verse>
				<verse number="25">Барлық мадақ Иеміз Иса Мәсіх арқылы Құдайға арналсын! Сонымен, мен тек өз ақыл-ойыммен ғана Құдайға қызмет етсем, ал тәніммен күнәнің заңына қызмет етеді екенмін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Енді Иса Мәсіхпен байланыстағыларға қазірден бастап ешқандай айып тағылмайды,</verse>
				<verse number="2">өйткені Иса Мәсіхтің Рухымен берілетін өмір заңы сені күнәнің заңы мен өлімнің құрсауынан босатып алды.</verse>
				<verse number="3">Заңның күші біздің күнәкар болмысымызды жеңуге қабілетсіз болғандықтан, Құдай Өзінің Ұлын адамның күнәкар тәніне ұқсас етіп жіберіп,Оның тәнін біздің күнәларымыздың құрбандығы етті де, күнәні соттады.</verse>
				<verse number="4">Сөйтіп, біздің заң талаптарын орындайтын іс-әрекетіміз тәніміз арқылы емес, Рухтың жетегімен болғанын қалады.</verse>
				<verse number="5">Тәннің қалауымен өмір сүретіндер тәннің қамын ойлайды, Рухпен өмір сүретіндер Рухтың қамын ойлайды.</verse>
				<verse number="6">Алайда күнәкар болмыстан келетін ой-өріс өлімге әкеледі, ал Рухтан келетін ой-өріс өмір мен тыныштыққа әкеледі.</verse>
				<verse number="7">себебі, күнәкар болмыстан келетін ой-өріс Құдайды жау ретінде көреді, сондықтан ол Құдайдың заңына бағынбайды, бағына да алмайды,</verse>
				<verse number="8">сондықтан күнәкар болмыспен өмір сүретіндер Құдайға жақпайды.</verse>
				<verse number="9">Егер де тек Құдайдың Рухы өздеріңмен бірге өмір сүріп жатса, онда сендер Рухтың жетегіндесіңдер. Егер кімдекім Мәсіхтің Рухымен болмаса, сол Мәсіхтікі емес.</verse>
				<verse number="10">Егер де Мәсіх өздеріңмен бірге болса, онда сол дене күнә үшін өлді, ал Оның Рухы әділетті болу үшін тірілді.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, егер де Исаны өлімнен қайта тірілткен Құдайдың Рухы сендермен бірге өмір сүріп жатқан болса, онда Мәсіхті өлімнен қайта тірілткен Құдайдың сол Рухы сендердің де ажалды денелеріңді Өзінің Рухымен қайта тірілтіп алады.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан да бауырластар, біз күнәкар болмысымызға да, күнәкар өмірімізге де қарыздар емеспіз,</verse>
				<verse number="13">ал егер күнәкар болмыспен өмір сүріп жатқан болсаңдар, онда (рухани) өлуге дайындала беріңдер, ал егер Рухтың жетегінде жүріп, тәннің күнәкар іс-әрекетін Рухтың көмегімен өлтіретін (тоқтататын) болсаңдар, онда өмір сүресіңдер.</verse>
				<verse number="14">Кімдер Құдайдың Рухының жетелеуімен жүретін болса, солар-Құдайдың шынайы балалары.</verse>
				<verse number="15">Себебі біз қорқыныштың рухын қайтадан қабылдаған жоқпыз, керісінше: «Авва! Әке!» -деп дауыстай алатын, балалары етіп асырап алған Рухты қабылдадық.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан осы Рух Құдайдың балалары екенімізді біздің рухымызға растайды.</verse>
				<verse number="17">Егер Құдайдың балалары деп атансақ, (Иса Мәсіх сияқты) біз де Оның мұрагерлеріміз, Құдайдың мұрагері болғандар Онымен бірге азап шегіп, Мәсіхтің де мұрагері атанады, осылайша біз де Онымен бірге даңққа бөленетін боламыз.</verse>
				<verse number="18">Қазіргі уақытта көріп жатқан азаптарымыз бізді болашақта күтетін даңқпен салыстырғанда түкке де тұрмайды деп ойлаймын.</verse>
				<verse number="19">Өйткені тіршіліктің өзі де Құдайдың балалары арқылы келетін ашықтыққа (аян болатын) үміт артып, оны тағатсыздана күтеді.</verse>
				<verse number="20">Себебі тіршілік бос қарбалас күйге өз еркімен емес, керісінше, Бағындырушының еркімен бағынған болатын.</verse>
				<verse number="21">Құдайдың балалары ретінде іріп-шірудің құлдығынан босап, сол бір даңқты бостандыққа ие болу үміті бар.</verse>
				<verse number="22">Сонымен қатар, осыған дейінгі тіршіліктің бәрі де бізбен бірге қиналып, қазірдің өзінде азап шегіп жатқанын біз білеміз.</verse>
				<verse number="23">Тек ол ғана емес, Құдайдың алғашқы сыйы ретінде Рухына ие болған біз де Құдайдың толық асырап алып (қабылдап), тәніміздің бостандық алатын кезін үмітпен күтудеміз және іштей қиналудамыз.</verse>
				<verse number="24">Осы үмітпен біз құтқарылдық. Егер үміт көзге көрінетін болса, онда ол үміт болмас еді. Көзге көрініп тұрған нәрсе қалай үміт болады?</verse>
				<verse number="25">Біз көрінбейтін нәрсеге үміт артамыз, сондықтан оны шыдамдылықпен күтеміз.</verse>
				<verse number="26">Сонымен қатар, Рух-біздің барлық әлсіздігіміздің көмекшісі. Біз қалай мінәжат ету керек екенін де білмейміз, алайда біздің айта алмаған күйзелісіміздің өтінішін сол Рух жеткізеді.</verse>
				<verse number="27">Жүректің қалауын зерттеуші Рух болғандықтан, сенің ойыңның қандай екенін біледі, өйткені Рух Құдайдың еркіне сай, Оның қасиеттілері үшін өтінеді.</verse>
				<verse number="28">Сонымен қатар, біз Құдайды сүйетіндер мен Өзінің шақырып алғандарының ниетіне сай, барлық нәрсе жақсылыққа айналатынын білеміз.</verse>
				<verse number="29">Өйткені Ол алдын ала оларды білді, сөйтіп, Өзінің Ұлы Иса Мәсіхтің бейнесіне олардың ұқсас болғанын және Оның барлық бауырларының Тұңғышы болғанын қалады.</verse>
				<verse number="30">Сөйтіп, кімді алдын ала белгілесе, Ол соларды Өзіне шақырып алды, шақырып алғандарды ақтап алды, сол ақтап алғандарын даңққа бөледі.</verse>
				<verse number="31">Бұл туралы біз не айта аламыз? Егер Құдайдың Өзі бізді жақтап тұрса, кім бізге қарсы тұра алады?</verse>
				<verse number="32">Құдай біз үшін Өзінің Ұлын аямай, Оны бәріміз үшін құрбандыққа берді, Ол сонда Ұлымен бірге бізге қажеттінің бәрін сыйлай алмай ма?</verse>
				<verse number="33">Құдай Ақтаушы болса, онда Құдайдың Өзі таңдап алғандарына кім қарсы айып таға алады?</verse>
				<verse number="34">Сонда соттаушы кім? Мәсіх Иса өлген соң, Ол таңғажайып жолмен өлімнен қайта тірілді. Ол Құдайдың оң жағына барып отырды, Ол сол жерде отырып, біз үшін Құдайдан өтінеді.</verse>
				<verse number="35">Кім бізді Құдайдың осы сүйіспеншілігінен ажырата алады? Қайғы мен қасірет пе? Қудалау ма? Аштық пен жалаңаштық па? Қауіп-қатер мен семсер ме?</verse>
				<verse number="36">«Сен үшін бізді күн сайын құрбандыққа арналған қой секілді өлімге қиюда», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="37">Әйтсе де біз осының барлығын бізді Сүйетіннің сүйіспеншілігі арқылы жеңетін боламыз.</verse>
				<verse number="38">Сондықтан мен мынаған сенемін: өлім де, мына өмір де, періштелер де, жаратылыстың басы да, қазіргі кез де, болашақ та, зұлым күштер де,</verse>
				<verse number="39">қандай да бір биіктік те, тереңдік те, басқа бір жаратылыс болсын, бізге Иса Мәсіх арқылы берілген Құдайдың сүйіспеншілігінен ешқашан ажырата алмайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Мәсіхтің құлы ретінде айтқандарым өтірік емес, шындық, бұған менің ар-ұжданым мен Киелі Рух куә.</verse>
				<verse number="2">Менің бір үлкен қасіретім бар, содан жүрегім үздіксіз ауырып, сыздайды.</verse>
				<verse number="3">Өйткені мен өзімнің тәни бауырлас туыстарым үшін мінәжат етіп жүрсем де, олар үшін Мәсіхтен бас тартуға да дайынмын.</verse>
				<verse number="4">Олар-исраилдіктер, өйткені Құдайдың оларды балалары ретінде қабылдауы да, Оның даңқы мен өсиеті де, берілген Заң да, қызмет те, Құдайдың уәдесі де,</verse>
				<verse number="5">олардың өздері де, әкелері де және Мәсіх те соларға тән. Сондықтан бәрін жаратқан Құдай ғасырдан ғасырға жарылқана берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="6">Құдайдың сөзі өз күшін ешқашан жоғалтқан жоқ. Исраилден шыққандардың бәрі бірдей исраилдік болып қалмайды ғой.</verse>
				<verse number="7">Ыбырайымнан тараған ұрпақтардың бәрі де оның балалары емес қой, керісінше, оған: «Сенің ұрпағың Ысқақтан тарайды», - деп нақты жазылған болатын.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан бұлар тәннен туған балалар емес, енді Құдайдың балалары болып саналады, себебі тек уәде бойынша дүниеге келген балалар ғана ұрпақ болып саналады.</verse>
				<verse number="9">Уәде мынадай сөзбен берілген: «Мен белгілі уақытта келемін, сол кезде Сара ұлды болады».</verse>
				<verse number="10">Тек бұл ғана емес, сонымен қатар, біздің бабамыз Жақыппен некеде болған Рабиғамен де солай болды.</verse>
				<verse number="11">Ол әлі де босанбай тұрып және олар әлі де жақсылық пен жамандықты жасамай тұрып, Құдай алдын ала таңдау жасады,</verse>
				<verse number="12">Оның таңдауы олардың іс-әрекетіне байланысты емес, сондықтан Рабиғаға: «Үлкені кішісіне қызмет ететін болады», - деп Шақырушының Өзі айтқан болатын.</verse>
				<verse number="13">Бұл жайында Жазбада былай жазылған: «Мен Жақыпты жақсы көрдім, Есауды жеккөрдім».</verse>
				<verse number="14">Сонымен, бұған не дейміз? Сонда Құдайдың әділетсіз болғаны ма? Жоқ!</verse>
				<verse number="15">Құдай Мұсаға былай деген: «Менің кімге мейірімім түссе, соған мейірімді боламын, кімді есіркегім келсе, соны есіркейтін боламын».</verse>
				<verse number="16">Демек, Құдайдың мейіріміне ие болу аламның қалауына немесе талпынысына байланысты емес, тек Құдайдың мейіріміне байланысты.</verse>
				<verse number="17">Киелі Жазбада Ол перғауынға: «Мен сені Өзім қолдап, көтермелеп отырдым және Менің атымның барлық жерге жайылғанын қалап, Мен Өз күшімді тек саған ғана көрсеттім», - деген болатын.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан Ол кімді қаласа, соған мейірімін көрсетеді, кімді қаламаса, соны қасарыстырып қояды.</verse>
				<verse number="19">Алайда біреу маған: «Құдай онда не үшін бізді айыптайды? Кім Оның еркіне қарсы шыға алады?» -дейтін шығар.</verse>
				<verse number="20">Ей, адам баласы, Құдайға қарсы шығатындай сен кімсің соншама? Балшық өз илеушісіне: «Неге мені осылай істедің?» - деп айта ала ма?</verse>
				<verse number="21">Әлде құмырашының сол балшықтан құрметке лайықты бағалы, ал басқасынан құрметке лайықсыз ыдыс жасап шығаруына қақысы жоқ па?</verse>
				<verse number="22">Егер де Құдайдың қалауы Өзінің қаһарын көрсету болса, Оның сол қаһарынан құрып кетуге тиіс адамға үлкен шыдамдылық танытып,</verse>
				<verse number="23">Оның алдын ала дайындап қойған даңқына сол адамдардың да ие болатынын көріп-білсін деп, Өзінің даңқының байлығынан оларға мейірімін төкпек,</verse>
				<verse number="24">сондықтан да ол яһудейлерің арасынан тек бізді ғана шақырып қоймай, өзге ұлттың өкілдерін де Өзіне шақырып алды емес пе?</verse>
				<verse number="25">Осы туралы Ошия пайғамбар арқылы: «Халқым еместі халқым, ал сүймегенімді сүйіктім деп атайтын боламын»</verse>
				<verse number="26">және «Сендер Менің халқым емессіңдер деп айтылған жерде енді тірі Құдайдың балалары деп аталатын боласыңдар», - деп айтылған.</verse>
				<verse number="27">Ишая пайғамбар Исраил туралы дауыстап былай деген: «Егер де Исраил ұлдарының саны теңіз жағасындағы құмнан көп болса да, оның біразы ғана құтқарылады.</verse>
				<verse number="28">Себебі Жаратқан Ие жер бетіндегі ісін Өз сөзімен аяқтайды әрі кесіп-пішеді».</verse>
				<verse number="29">Ишая пайғамбар алдын ала былай деп те айтып кеткен: «Егер де Иеміз Саваоф бізге ұрпақ қалдырмағанда, онда біз Содом секілді құрып, Ғомора секілді жоғалып кетер едік».</verse>
				<verse number="30">Сонымен, не айтамыз? Сөйтіп, әділдіктің жолына ұмтылмаған халық сенім арқылы келетін әділдікке ие болды.</verse>
				<verse number="31">Ал заңды орындау арқылы әділдікке ұмтылған Исраил сол күйі әділдікке қол жеткізе алмады.</verse>
				<verse number="32">Не үшін? Өйткені сенімге емес, істеген істеріне сүйенді. Сөйтіп, олар «сүріндіретін тасқа» сүрініп құлады.</verse>
				<verse number="33">Бұл жайында Жазбадағы: «Міне, Мен Сионға сүріндіріп құлататын Тасты қойдым, кім Оған сенсе, сол ұятқа қалмайды», - деп жазылғанмен сәйкес келді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Бауырластар, исраилдіктердің құтқарылуын Құдайдан жалынып сұраймын, бұл-менің жүрегімнің қалауы.</verse>
				<verse number="2">Өйткені оларда Құдайға деген құлшыныс бар екеніне куәлік етемін, алайда бұл құлшыныстары сеніммен байланысты болып тұрған жоқ.</verse>
				<verse number="3">Себебі олар Құдайдың әділдігін танып-білудің орнына өздерінің әділдіктерін іздеп, соны жоғары қойды, олар Құдайдың әділдігіне бағынбады.</verse>
				<verse number="4">Бұдан былай әрбір сенушіні әділ деп санау үшін, Мәсіх заңға нүкте қойды.</verse>
				<verse number="5">Мұса сол заңнан туындайтын әділдікке байланысты былай деген: «Тек сол жарлықтарды бұлжытпай орындайтын адам ғана сол заңмен өмір сүретін болады».</verse>
				<verse number="6">Ал енді сенім арқылы берілетін әділдік жөнінде былай делінген: «Өз жүрегіңде көкке кім көтеріледі? -деп айтпа. Бұл-Мәсіхті төмен түсіру!».</verse>
				<verse number="7">Немесе: «Түпсіз терең тұңғиыққа кім түседі? -деп те айтпа. Бұл-Мәсіхті өлілердің арасынан жоғары көтеру!» -делінген.</verse>
				<verse number="8">Сонымен, Жазбада не дейді? «Сөз саған жақын тұр, ол сенің аузыңда және сенің жүрегіңде, сол сөз сенім туралы», - делінген, біз осыны уағыздап жүрміз.</verse>
				<verse number="9">Өйткені егер де сен аузыңмен Исаны Ием деп мойындап, жүрегіңмен Құдайдың Оны өлімнен қайта тірілткеніне сенетін болсаң, онда құтқарыласың.</verse>
				<verse number="10">Себебі жүрекпен әділдікке сенеді, ал ауызбен құтқарылуды мақұлдайды.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан Жазбада: «Оған сенетін әркім ұятқа қалмайды», - деп айтылған.</verse>
				<verse number="12">Өйткені яһудей мен өзге ұлт өкілдерінің арасында ешқандай да айырмашылық жоқ, себебі барлығының Иесі-Сол және Оны шақыратындардың барлығын Ол жарылқайды.</verse>
				<verse number="13">Сонымен, «Оның атын атап шақырғандардың бәрі де құтқарылатын болады».</verse>
				<verse number="14">Бірақ олар Оған сенбесе, Оны қалай шақырады? Ол жайында естімесе, қалай Оған сенім артпақ? Уағыздаушылар болмаса, Ол туралы қалай естиді?</verse>
				<verse number="15">Егер олар уағыздауға жіберілмесе, олар қалай уағыздайды? Ал Жазбада: «Ізгі хабардың пайдасын жариялап жүргендердің аяқтары қандай керемет еді!» -деп жазылған.</verse>
				<verse number="16">Дегенмен, сол Ізгі хабарға бәрі бірдей мойынсынған жоқ. Сол себепті де Ишая пайғамбар: «О, Ием біздің айтқандарымызға кім сенуші еді?» - деген болатын.</verse>
				<verse number="17">Сонымен, егер адамдар Иса жөнінде уағыздалған Ізгі хабарды естісе, адамдарда сенім пайда болады.</verse>
				<verse number="18">Әйтсе де мен: «Олар Ізгі хабар естіген жоқ па?» -деп сұрағым келеді. Әрине, естіді! Жазбада: «Олардың даусы да, сөзі де жердің түкпір-түкпіріне, тіпті, арғы шетіне дейін жеткен болатын», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="19">«Исраил соны білмей қалды ма?» -деп тағы сұрағым келеді.Әрине, білді! Ең алдымен Мұса Құдайдың сөзімен: «Мен сендер халық емес деп санаған халықтар арқылы қызғаныштарыңды оятып, түйсіксіз (надан) сол халықтың ашуын сендерге төккіземін», - деп айтқан.</verse>
				<verse number="20">Ишая пайғамбар да батылдықпен Құдай сөзін айтады: «Мені іздемегендер Мені тапты, Мен жайында сұрамағандарға Мен ашылдым. (Өзімді көрсеттім)».</verse>
				<verse number="21">Ал Исраил жөнінде Құдай: «Мен Өзіме бағынғысы келмейтін әрі қарсы тұратын халыққа күні бойы қолымды создым», - деген болатын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Сол себепті сұрайын дегенім: «Құдай сонда Өзінің халқынан бас тартты ма?» Әрине, олай емес! Мен өзім де-исраилдікпін және Ыбырайымның ұрпағы Бениямин руынанмын.</verse>
				<verse number="2">Құдай Өзінің халқымен не болатынын алдын ала білсе де, Ол олардан бас тартқан жоқ. Әлде сендер Илияс пайғамбар арқылы Жазбада не жазылғанын білмейсіңдер ме? Ол Құдайдың алдында исраилдіктерге қарсы шағымданып былай деген болатын:</verse>
				<verse number="3">«Олар Сенің пайғамбарларыңды өлтірді, Сенің құрбандық орындарыңды талқандады, тек мен ғана жалғыз өзім қалдым, енді Олар менің де жанымды алмақшы болып жүр», - деді.</verse>
				<verse number="4">Бірақ Құдай оған не деп жауап қайтарды? «Мен жеке Өзіме Бағалдың алдында тізелерін бүкпеген жеті мың ер азаматты қалдырып қойдым», - деді.</verse>
				<verse number="5">Қазіргі кезде де дәл сондай Құдайдың рақымы арқылы таңдалып қойылғандардың біразы табылады,</verse>
				<verse number="6">бірақ олар іспен емес, тек рақымдылықпен таңдалғандар, олай болмаса онда рақымдылық болудан қалар еді.</verse>
				<verse number="7">Сонымен, не болды? Исраил өзі іздеген нәрсесіне соншама тырысқанмен, жете алмады, тек таңдалғандар ғана соған жетті, қалғандары тастай қатып, қасарысып қалды.</verse>
				<verse number="8">«Құдай оларға мелшиген рухты беріп қойды, сондықтан осы күнге дейін олардың көздері не көрмейді, құлақтары естімейді», -деп Жазбада қалай жазылған болса, солай болды.</verse>
				<verse number="9">Дәуіт: «Олардың мерекелік дастарқаны өздеріне тұзақ әрі бөгет болсын, сүрініп жазасын тартсын.</verse>
				<verse number="10">Олардың көздерін қараңғылық басып, көрмейтін болсын, белдері әрқашан бүгулі болсын», -деген болатын.</verse>
				<verse number="11">Сонда: «Олар сүрінбей жатып құлады ма?» -деп сұрағым келеді. Әрине, жоқ! Бірақ олардың сүрініп құлауы исраилдіктердің өздерінің қызғанышын ояту үшін, басқа ұлт өкілдеріне құтқарылу әкелді.</verse>
				<verse number="12">Егер де олардың құлауы әлемнің байлығына, ал олардың құлдырауы өзге ұлт өкілдерінің байлығына айналса, олардың (Құдайға) толық бет бұруы қаншама байлық әкелер еді!?</verse>
				<verse number="13">Өзге ұлттың өкілдері, мұны сендерге айтып тұрмын. Мен өзім өзге ұлт өкілдеріне жіберілген елші ретінде осы қызметімді соншама мақтан тұтамын,</verse>
				<verse number="14">себебі өз тәнімдегі қызғанышты осылай оятып, менің халқымның біразын құтқарып қалсам деймін.</verse>
				<verse number="15">Егер де Құдай олардан бас тарту арқылы осы әлемге татулық әкелсе, оларды қайтарып алуы өлім емес, өмір болмай ма?</verse>
				<verse number="16">Егер де алғашқы нан киелі болса, онда оның қамыры да киелі болмай ма? Егер де оның тамыры киелі болса, онда оның бұтақтары да киелі болады.</verse>
				<verse number="17">Егер де олардың кейбір бұтақтарын сындырып алып тастап, оның орнына мына жабайы зәйтүн ағашы атанған сені оларға әкеліп телитін болса, онда сен сол нәрлі тамырдың біріне айналасың,</verse>
				<verse number="18">сондықтан асқақтап, сол бұтақтарды менсінбей жүрме. Егер асқақтап кетсең, есіңде болсын, тамырды ұстап тұрған сен емессің, керісінше, сол тамыр сені көтеріп, ұстап тұр.</verse>
				<verse number="19">Мүмкін: «Мені телу үшін, бұтақтарын сындырып алып тастаған», - деп айтарсың.</verse>
				<verse number="20">Жақсы, солай-ақ болсын. Олардың сенімсіздігіне бола, оларды сындырып, алып тастаған болатын, ал сен сол жерде сеніміңе бола тұрсың. Сондықтан мақтана берме, одан да қорыққаның дұрыс.</verse>
				<verse number="21">Өйткені табиғи бұтақтарды аямаған Құдай сені қалай аяйды?</verse>
				<verse number="22">Сондықтан Құдайдың мейірімділігін де, қаталдығын да көріп-біліп ал, өйткені Оның қаталдығы үзіліп, құлап түскендерге бағытталған. Егер сен мейірімділіктің аясында қалатын болсаң, онда Құдай да саған мейірімін төгеді, олай істемесең, Ол сені де кесіп алып тастайды.</verse>
				<verse number="23">Ал егер де олар (исраилдіктер) сол сенімсіздіктерінен бас тартатын болса, онда олар қайтадан телінеді, өйткені оларды қайтадан телуге Құдайдың күші молынан жетеді.</verse>
				<verse number="24">Егер сен өз табиғатыңа сай жабайы зәйтүн ағашынан кесіп алынған болсаң, енді соған қарамастан, керісінше, сен (мәдени), табиғаты өте жақсы зәйтүн ағашына теліндің, олардың да өзінің табиғи зәйтүн ағашына қайтадан телінуі соншама жақсы болар еді!</verse>
				<verse number="25">Бауырластар, бір-біріңнен өздеріңді ақылдырақ санамас үшін, мына бір құпияны сендерден жасырып қалғым келмейді: басқа ұлт өкілдері Құдайға толық келетін кезге дейін Исраилдің бір бөлігі қара тастай қатып, қасарысатын болады.</verse>
				<verse number="26">Сонымен, осылайша бүкіл Исраил құтқарылатын болады. Бұл жайында Жазбада: «Сионнан Құтқарушы келеді! Жақыптың ұрпақтарын зұлымдықтың жолынан қайтарып алатын болады!</verse>
				<verse number="27">Олардан күнәларын алып тастаған кезде, Мен олармен келісім жасайтын боламын», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="28">Өйткені Ізгі хабар тұрғысынан қарағанда, сендердің құтқарылуларың үшін, олар Құдайдың жауы болды, ал олардың әкелері таңдалғандықтан, Құдайдың сүйіктісі болды.</verse>
				<verse number="29">Себебі Құдайдың сыйы мен шақыруы ешқашан өзгермейді.</verse>
				<verse number="30">Сол сияқты бір кездері Құдайға мойынсынбаушылық сендерде де болды, ал қазір сол мойынсынбағандарыңа кешірім алдыңдар,</verse>
				<verse number="31">енді олар да кешірімге ие болу үшін, дәл сендер сияқты қазір олар да мойынсынбай жүр,</verse>
				<verse number="32">өйткені Құдай бәріне бірдей кешірім беру үшін, сол бағынбаушылықтың жетегінде қалдырды.</verse>
				<verse number="33">О, Құдайдың даналығы мен көрегендігі неткен терең еді! Оның шешімдері мен Оның жолын зерттеп білу мүмкін емес!</verse>
				<verse number="34">Кім Иеміздің ақыл-ойымен танып-білген? Кім Оның кеңесшісі болып еді?</verse>
				<verse number="35">Кім Ол қайтарып берсін деп, Оған алдын ала бір нәрсесін өткізіп қойып еді?</verse>
				<verse number="36">Бәрі Онымен басталады және Ол арқылы пайда болған және бәрі Онымен байланыста. Оның даңқы ғасырдан ғасырға жасай берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Сондықтан бауырластар, Құдайдың мейрімділігі арқылы өз денелеріңді тірі әрі киелі Құдайға ұнамды құрбандық етіп ұсыныңдар, сендердің саналы түрдегі қызметтерің осы болмақ.</verse>
				<verse number="2">Бұл әлемнің қалауына сай өмір сүрмеңдер, керісінше, Құдайдың еркінің ізгі және игілікті, кемелді екенін таныпбілу үшін, ой-өрістеріңді өзгертіп, жаңартып отырыңдар.</verse>
				<verse number="3">Сонымен, өзіме берілген рақымдылықтың көмегімен сендердің әрқайсысыларыңа айтарым: өздеріңді басқалардан жоғары қоятын ойға берілмей, керісінше, саналы болып, Құдайдың Өзі әрқайсысыңа өлшеп бөліп берген сеніміне сай жүріңдер.</verse>
				<verse number="4">Өйткені денеміз біреу болғанымен, оның көптеген мүшелері бар, ал әрбір мүшенің өзіне тән әрекеті бар,</verse>
				<verse number="5">сол секілді біз көп болсақ та, Мәіхте бәріміз көп мүшеден құралған бір дене боламыз, әрқайсысымыз бірбірімізге қажетті мүшеміз.</verse>
				<verse number="6">Құдайдың рақымдылығымен бізге алуан түрлі сыйлар (дарындар) берілді, біреуге сеніміне сай пайғамбарлық дарын берілсе, соны атқарсын,</verse>
				<verse number="7">енді біреуге басқаларға қызмет ету дарыны берілсе, сол қызметін атқарсын, егер біреуге тәлімгерлік дарын берілсе, тәлім берсін,</verse>
				<verse number="8">ал егер де біреуге жұбатушылық дарын берілген болса, ол сонысын атқарсын, ал кімде үлестірушілік дарыны болса, ол соны қарапайымдылықпен жүргізсін, ал кімде басшылық ету дарыны болса, ол соған бар ынтасын салсын, ал біреу қайырымдылық көрсетіп жүрсе, ол соны қуанышпен атқаратын болсын.</verse>
				<verse number="9">Сүйіспеншілікте екіжүзділік болмайды. Сондықтан зұлымдықтан жиіркеніп, жақсылыққа жақын болыңдар,</verse>
				<verse number="10">сөйтіп, бауырластар ретінде бір-біріңді жақсы көріңдер, бір-біріңді құрметтеп сыйлауға ұмтылыңдар.</verse>
				<verse number="11">Ынталарыңды әлсіретпеңдер, Иемізге қызмет етуде рухтарың жалындап жана берсін.</verse>
				<verse number="12">Үміттене қуаныңдар, азаптарға төзімді, мінәжаттарың тұрақты болсын.</verse>
				<verse number="13">Киелі бауырластарыңның мұқтаждықтарына қамқорлық көрсетіп, қонақжайлылық танытыңдар.</verse>
				<verse number="14">Сендерді қудалайтындарға бата беріңдер, оларды қарғамаңдар, жарылқаңдар.</verse>
				<verse number="15">Қуанышқа ие болғандармен бірге қуаныңдар, жылағандармен бірге жылаңдар.</verse>
				<verse number="16">Бір-біріңмен келісімде өмір сүріңдер. Өзін басқалардан жоғары қоятын ойдан аулақ жүріп, керісінше, кішіпейіл болыңдар. Өздеріңді ақылды санамаңдар.</verse>
				<verse number="17">Біреудің өздеріңе қарсы жасаған зұлымдығына зұлымдықпен жауап қайтармаңдар, барлық адамдардың алдында жақсылық жасауға тырысыңдар.</verse>
				<verse number="18">Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, адамдардың бәрімен тату болыңдар.</verse>
				<verse number="19">Сүйікті бауырластарым, біреуден өздерің үшін кек алмаңдар. Егер сондай жағдай бола қалса, Құдайдың қаһарына тапсырыңдар, өйткені Жазбада: «Кек алуды Маған беріңдер, кекті Мен қайтарамын», -деп айтқан Иеміз.</verse>
				<verse number="20">Сонымен: «Егер де сенің жауың аш болса, оған тамақ бер, егер шөлдеген болса, шөлін қандыр. Осылай істейтін болсаң, онда оттың шоғын оның басына жинайтын боласың». (Осылай істеуің арқылы оны ұялтасың, ол ұяттан өлетін болады.)</verse>
				<verse number="21">Байқа, зұлымдықтан жеңіліп қалып жүрме, қайта, зұлымдықты жақсылық жасау арқылы жеңетін бол.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Әрбір жан жоғарғы билік иелеріне бағынатын болсын, өйткені барлық билік тек Құдайдан берілген, сондықтан бар билік Құдайдың бекітуімен қойылған.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан кім билікке қарсы тұрса, сол Құдайдың нұсқауына қарсы тұрады, ал қарсы келгендер өзіне-өзі үкім шығарады.</verse>
				<verse number="3">Себебі игі іспен айналысып жүргендерге басшылар қорқыныш әкелмейді, керісінше, олар зұлымдық жасап жүргендерге қорқыныш әкеледі. Биліктің алдында қорықпай жүргенді қалайсың ба? Ендеше жақсылық жаса, сонда оның мақтауына ие болсың.</verse>
				<verse number="4">Олар Құдайдың құлы болғандықтан, сенің жақсылық жасағаныңды қадағалайды. (Билік өкілдері сенің игілігің үшін Құдайдың қызметін атқарады). Егер зұлымдық жасасаң, қорқатын бол, олар бекерге қылышын алып жүрген жоқ, өйткені олар-Құдайдың құлы, сондықтан ол зұлымдық жасағанға қаһарын төгеді.</verse>
				<verse number="5">Сонымен, оның қаһарына бола емес, ар-ұжданыңның таза болуы үшін де оған бағынуың қажет.</verse>
				<verse number="6">Билікте тұрғандар Құдайдың қызметкерлері болғандықтан, үнемі қадағалап жүреді, сол үшін де сендер салық төлейсіңдер.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан барлық қарыздарыңды қайтарып беріңдер: салықтың қарызын салықшыға, кеденнің қарызын кеденшіге, қорқыныштың қарызын қорқынышқа (түсініксіз) құрметке құрмет көрсет, абыройға қарыз болсаң (түсініксіз) оны да бер.</verse>
				<verse number="8">Сөйтіп, бір-біріңе деген сүйіспеншіліктен басқа ешкімге және еш нәрсеге қарыз болмаңдар, себебі кім басқа біреуге сүйіспеншілік көрсетсе, сол Заңның талабын орындайды.</verse>
				<verse number="9">«Неке адалдығын бұзба», «ұрлама», «біреудің затына сұқтанба» деген басқа да өсиеттердің барлығының мәні біреу-ақ: «Өзіңді қалай сүйсең, басқаны да солай сүй».</verse>
				<verse number="10">Жақыныңа деген сүйіспеншіліктен зұлымдық туындамайды, өйткені басқаға сүйіспеншілік көрсету заңның талабын толық орындау болып есептеледі.</verse>
				<verse number="11">Сонымен қатар, қазіргі кез қандай уақыт екенін сендер білесіңдер, енді ұйқыдан оянатын кез келді, себебі алғаш сенген мезгілден гөрі қазір біздің құтқарылуымыз әлдеқайда жақын қалды.</verse>
				<verse number="12">Түн өтіп кетті, ал күн жақындап қалды. Сол себепті келіңдер, мына түннің істерін кейін шегеріп тастайық та, одан да нұрдың қаруын асынайық.</verse>
				<verse number="13">Сөйтіп, күннің жарығына лайықты болу үшін, жүгенсіздік пен ұрыс-керіске, қызғаныщқа берілмей,</verse>
				<verse number="14">Иеміз Иса Мәсіхке ұқсап, тәндік құмарлықтың қалауын алдын ала тыйып тастаңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Сенімі әлсіздің пікірімен таласпай, оны қабылдаңдар.</verse>
				<verse number="2">Өйткені кейбіреу бәрін жеуге болады деп сенеді, ал сенімі әлсіз адам тек жеміс жейді.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан барлық тамақты жейтін адам барлығын жемейтінді кемсітпесін, ал барлығын жей бермейтін адам жейтін адамды соттамасын.</verse>
				<verse number="4">Басқа біреудің қызметшісін соттайтын сен кімсің? Қызметші қожайынының алдында (істі) меңгеріп кете алды ма, жоқ па, бұны қожайыны шешеді. Бірақ Иеміздің күшімен қызметші міндетті түрде меңгереді.</verse>
				<verse number="5">Себебі біреу бір күнді бір күннен артық десе, басқа біреу барлық күн бірдей дейді, сондықтан әркім сенімді өзінің ақыл-ойымен игерсін.</verse>
				<verse number="6">Біреу бір күнді ерекше деп санаса, ол Құдайды құрметтегеннен солай істейді және кім қандай да бір тамақ жейтін болса, ол да сол жеген асы үшін Құдайға алғысын айтады. Ал кім ішетін тамағын Иемізге арнамай жейтін болса, ол да сол ас үшін Құдайға алғысын білдіреді.</verse>
				<verse number="7">Өйткені ешкім тек өзі үшін ғана өмір сүрмейді әрі ешкім де өзі үшін өлмейді,</verse>
				<verse number="8">егер де біз өмір сүрсек, Иеміз үшін өмір сүреміз, егер өлсек, сол Иеміз үшін өлеміз. Себебі біз өмір сүрсек те, өлсек те сол Иеміздікі болып қала береміз.</verse>
				<verse number="9">Өлілер мен тірілердің Иесі болу үшін, Мәсіх өліп, қайта тірілді.</verse>
				<verse number="10">Сен не үшін өз бауырыңды соттайсың? Немесе сен өз бауырыңды неге кемсітесің? Бәріміз Құдайдың сотының алдына баратын боламыз.</verse>
				<verse number="11">«Мен тірімін, сондықтан Менің алдымда кез-келген ру тізесін бүгіп, кез-келген тіл Құдай деп мойындайтын болады», - деп жазылған Жазбада.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, әрқайсымыз Құдайға есеп беретін боламыз.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан енді бұдан былай бір-бірімізді соттамайық, керісінше, бауырымызды сүріндірмейтін және азғырылуға түсірмейтін жағын көбірек ойлайық.</verse>
				<verse number="14">Еш нәрсенің өздігінен арам болмайтынына және бір нәрсені арам деп санасаң, соның арам болатынына Иеміз Иса Мәсіхке сенгендіктен білемін әрі сенімдімін.</verse>
				<verse number="15">Егер де бауырың сенің ішкен тамағыңа бола сенімін жоғалтса, онда сен сүйіспеншілікпен әрекет еткен жоқсың. Мәсіх сол бауырың үшін де өлді ғой, ал сен сол ішкен тамағыңа бола, оның сенімін құртпа.</verse>
				<verse number="16">Осылайша сендердің жақсы істерің бекерден-бекер қор болып қалмасын.</verse>
				<verse number="17">Себебі Құдай Патшалығы ішіп-жеуде емес, керісінше, Киелі Рухтан келетін қуаныш пен әділдікте, тыныштықта.</verse>
				<verse number="18">Мәсіхтің қызметкері тек осылай ғана Құдайға және адамдарға жағымды бола алады. Кім Иса Мәсіхке осылай өмір сүріп, қызмет ететін болса, сол Құдайға ұнамды, адамдарға құрметті болады.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан Құдайдың берген тыныштығына және бірбіріміздің рухани өсуімізге көмек беруге бар күшімізбен ұмтылайық.</verse>
				<verse number="20">Тамаққа бола Құдайдың ісін жоққа шығармаңдар. Өйткені тамақтың бәрі де таза, бірақ тамаққа бола сүрінген адамды зұлымдық өзі тауып алады.</verse>
				<verse number="21">Ендеше сенің ет жемегенің, шарап ішпегенің бауырыңды сүріндіретін болса, етті жемей, шарапты ішпей-ақ қойғаның дұрыс.</verse>
				<verse number="22">Сен өзіңе қажетті сенімге ие болғың келсе, Құдайдың алдында өзің сол сенімге ие бол. Өзі қабылдаған шешімге өзін-өзі соттамайтын адам бақытты.</verse>
				<verse number="23">Ал ішіп-жеп алып, сосын күмәнданатын болса, ол өзінөзі соттайды, өйткені сенімі болмады, ал сенімсіз жасаған нәрсенің бәрі-күнә.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан мен өздеріңе Иса Мәсіхті жариялап жеткізген Ізгі хабардың құдіреті сендерді жетілдіреді, бұл ашылған құпия қаншама уақыт аралығында үнсіз (жасырын) жатты.</verse>
				<verse number="25">Ал қазір мәңгі тірі Құдайдың еркімен берілген бұйрық ретінде барлық халықтардың мойынсынып, сеніммен Оны танып-білуіне болатындықтан, енді бұл пайғамбарлар Жазбалары арқылы ашылып отыр.</verse>
				<verse number="26">Жалғыз Құдайымыздың даналығы Иеміз Иса Мәсіх арқылы мәңгілікке жасай берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Сенімде мықты біздер өзіміздің бас пайдамызды ойламай, әлсіздердің қателігіне шыдамды болайық.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан біздің әрқайсысымыз жақынымыздың жақсы іске икемді болып, қалыптасуы (рухани өсуі) үшін, қамқорлық танытуымыз қажет.</verse>
				<verse number="3">Себебі Мәсіх Өз-Өзіне жағуды көздеген жоқ, Жазбада: «Сені қорлап сөйлегендердің сөзі Маған тиіп жатыр», -деп қалай жазылса, Онымен дәл солай болды.</verse>
				<verse number="4">Өйткені ертеде Жазбада жазылғандардың барлығы бізді тәрбиелеу үшін жазылған, сол себепті біз Жазбадан алған табандылық пен жұбаныш арқылы үмітке ие боламыз.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан сендер бір-бірің туралы ойлағанда, табандылық пен жұбаныштың Құдайы сендерді Иса Мәсіхтің ойымен жетелесін,</verse>
				<verse number="6">сөйтіп, бәрің бірдей, бірауыздан Құдайды және Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесін мадақтаңдар.</verse>
				<verse number="7">Мәсіх сендерді қалай қабылдаса, сендер де бір-біріңді Құдайдың аты мадақталуы үшін, солай қабылдаңдар.</verse>
				<verse number="8">Менің сіздерге айтарым: Мәсіх Өз қызметін сүндеттелгендер үшін атқарған кезде, оны Құдайдың адалдығын көрсету үшін істеді, сөйтіп, ата-бабаларымызға берілген уәдені нығайтып бекітті,</verse>
				<verse number="9">рақымдылық өзге ұлт өкілдеріне Құдайды мадақтау үшін берілді. «Осы ісің үшін, өзге ұлттардың арасында да Сенің сүйіспеншілігіңді мойындап, Сенің атыңды жырмен мадақтаймын», -деп Жазбада қалай жазылса, солай болды.</verse>
				<verse number="10">Сонымен қатар, тағы да былай деп жазылған: «Өзге ұлттың өкілдері, Оның халқымен бірге шаттанып қуаныңдар!»</verse>
				<verse number="11">Тағы да: «Барлық ұлттар, Иемізді мадақтаңдар! Барлық халықтар, Оны мадақтаңдар!» - деп жазылған.</verse>
				<verse number="12">Сол сияқты Ишая пайғамбар былай деді: «Тамыр Есей әулетінен болады, Сол халықты көтеріп, басқаратын болады, сонда өзге ұлттың өкілдері де үміттерін Оған артатын болады».</verse>
				<verse number="13">Сондықтан барлық үміттің Құдайы сендерді әр түрлі қуаныштарға кенелте берсін, осылай үміттерің Киелі Рухтың күшімен молая берсін.</verse>
				<verse number="14">Бауырластар, сендер жайында ойлаған кезде, өздерің де жақсылық жасауға толықтай дайынсыңдар, солай істеуге білімдерің де, бір-біріңе ақыл айтуға қабілеттерің де жететініне мен нық сенімдімін.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, Құдайдың маған берген рақымдылығын сендердің естеріңе салу үшін, хаттың кейбір бөліктерін сендерге батылдықпен жаздым.</verse>
				<verse number="16">Өйткені мен Құдайдың Ізгі хабарын басқа ұлттарға да жеткізіп, сол ұлттардың сый-тартуларын ұнамды және Киелі Рух арқылы таза болуын қадағалап жүретін Иса Мәсіхтің қызметкері болдым.</verse>
				<verse number="17">Сондықтан мен Иса Мәсіхтегі бар мақтанышымды Құдайға осылай жеткіземін.</verse>
				<verse number="18">Өйткені Мәсіх өзге ұлттардың да Құдайға мойынсыну үшін, Ол мен арқылы сөзбен де, іспен де жасаған істерін айтуға батылым жетеді, өйткені бұл</verse>
				<verse number="19">белгілі күшпен әрі кереметпен, Құдай Руқының күшімен болды. Сондықтан мен Ерусәлімнен бастап, Иллирикке дейін Мәсіхтің Ізгі хабарын таратумен болдым.</verse>
				<verse number="20">Мен өз құрылысымды басқа біреудің салып қойған іргетасының үстіне салмау үшін, Мәсіхті білмейтін жерде, яғни,</verse>
				<verse number="21">Жазбаға сай: «Ол туралы әлі естімегендер Оны көрсін деп, Оны естімегендер ұғынсын», - деп баруға тырыстым.</verse>
				<verse number="22">Менің сендер жаққа баруыма көп нәрселер кедергі келтірді.</verse>
				<verse number="23">Қазір осы аймақтарда менің орным болмаса да, өздеріңе барып қайтуды көп жылдардан бері аңсап жүрмін,</verse>
				<verse number="24">Испанияға сапармен өтіп бара жатып, өздеріңді бір көруге үміттеніп жүрмін. Аз да болса өздеріңмен бірге болып, рахаттанып қалармын. Сонда сендер де мені сол жаққа шығарып саларсыңдар.</verse>
				<verse number="25">Ал қазір киелі болып жүргендерге қызмет ету үшін, Ерусәлімге кетіп барамын.</verse>
				<verse number="26">Өйткені Македония мен Ахаялықтар ортақтасып, Ерусәлімдегі кедейшіліктен көз ашпай жүрген кейбір киелі бауырларымызға көмектесіп, игі іс жасасақ деп шешті.</verse>
				<verse number="27">Олар осы игілікті істі өздері оларға қарыздар болғандықтан істеп жатыр. Өйткені олар өзге ұлттың өкілдері болса да, олармен рухани жағынан бірігіп кетті, сондықтан олар тән жағынан да оларды қолдап, қызмет етуге міндетті.</verse>
				<verse number="28">Сонымен, осы істі аяқтап болған соң, олардың бұл жемісіне мөр басып бекітіп, сендер арқылы Испанияға бармақпын,</verse>
				<verse number="29">өздеріңе барғанда, Мәсіхтің батасын сендерге толық алып келмекпін.</verse>
				<verse number="30">Бауырластар, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің актымен және Рухтың бізге деген сүйіспеншілігімен менімен бірге күресіп, мен үшін Құдайға мінәжат етулеріңді өтініп сұраймын.</verse>
				<verse number="31">Сонда мен Яһудеяда мойынсынбай жүргендерден азат боламын, сөйтіп, менің Ерусәдімдегі жасайтын қызметім оларға жағымды да әрі киелі болады,</verse>
				<verse number="32">Құдайдың еркі бойынша өздеріңе қуанышпен барып, сендермен бірге тыныштыққа ие боламын.</verse>
				<verse number="33">Сол тыныштықтың Құдайы сендермен де, барлығымен де бірге болсын! Аумин!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Сендерді Кенхреядағы қауымның қызметкері болып жүрген біздің Фива атты қарындасымызбен таныстырмақпын.</verse>
				<verse number="2">Оны сендер Иеміздегі киелі жүргендердің бірі ретінде санап, оны қабылдағандарыңды және ол не нәрсеге мұқтаж болса, оны қолдап жүргендеріңді қалаймын, себебі ол көп адамдарды солай қолдап жүрді, менің өзіме де қолдау көрсетті.</verse>
				<verse number="3">Иса Мәсіхтегі менің қызметтестерім Акила мен Прискилаға да сәлем айтыңдар,</verse>
				<verse number="4">өйткені олар менің өмірім үшін өз бастарын қатерге тікті, сондықтан оларға тек мен ғана емес, бүкіл өзге ұлттық қауымдар да риза болып жүр.</verse>
				<verse number="5">Олардың үйіндегі қауымға да, Азия аймағында Мәсіхтің тұңғышы болып жүрген менің сүйікті бауырым Епентке де сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="6">Сонымен қатар, өздерің үшін көп еңбек еткен Мәрияға да сәлем айтыңдар!</verse>
				<verse number="7">Менің туыстарым әрі менімен бірге тұтқында болған Андроника мен Инуияға да сәлем айтыңдар. Бұл елшілердің ерекшелігі-олар менен бұрын Мәсіхе келгендер.</verse>
				<verse number="8">Біздің Иеміздегі менің сүйікті бауырым Амплиатаға да сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="9">Біздің Мәсіхтегі қызметтесіміз Урбанға және менің сүйікті бауырым Стахияға сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="10">Мәсіхкке адал болып жүрген Аппелаға сәлем айтыңдар. Аристобулдағыларға да сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="11">Менің туысым Иродионаға сәлем айтыңдар. Сонымен қатар, Иеміздің жетелеуімен Нарситте тұрып жатқандарға сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="12">Иемізге талмай еңбек етіп жатқан Трифен мен Трифосқа сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="13">Иеміз таңдап алған Руфтың анасы мен менің анама да сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="14">Асинкритке, Флегонтқа, Гремеске, Патровкаға, Эрмаға және солармен бірге жүрген бауырластарға сәлем атйыңдар.</verse>
				<verse number="15">Филолог пен Иулияға, Нирей мен оның қарындасына және Олимпке, олармен бірге жүрген киелі бауырластырдың бәріне сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="16">Бір-біріңе сәлем жолдағанда оны киелі сүйіспеншілікпен жеткізіңдер. Сендерге Мәсіхтің барлық қауымдары сәлем жолдауда.</verse>
				<verse number="17">Бауырластар, өздерің танып-білген тәлімге қарсы әрекет етіп, оны екіге бөлуге тырысып жүргендерден сақтанып, олардан аулақ болуларыңды сендерден өтінемін.</verse>
				<verse number="18">Мұндай адамдардың қызметі біздің Иеміз Мәсіхкке емес, өздерінің құлқындарына арналған. Олар өздерінің әдемі сөздері мен берген баталары арқылы қарапайым адамдардың жүректерін алдайды.</verse>
				<verse number="19">Ал сендердің мойынсынуларың туралы хабар бәріне мәлім болды, сондықтан сендер үшін қуанамын, сендердің жақсылық істе дана, ал зұлымдықтан таза болғандарыңды қалаймын.</verse>
				<verse number="20">Сонда тыныштықтың Құдайы жақын арада сайтанды сендердің аяқтарыңның астына салып, жоқ қылады! Себебі Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығы өздеріңмен бірге.</verse>
				<verse number="21">Сендерге менің қызметші бауырым Тимотей мен Лука, Иасон мен Сосипатр, және де менің туыстарым сәлем айтып жатыр.</verse>
				<verse number="22">Осы хатты жазып отырған Иемізге сенуші мен, Тертий, сендерге сәлем жолдаймын.</verse>
				<verse number="23">Маған қонақжайлылық танытып жүрген Гай да, бүкіл қауым да сендерге сәлем жолдайды. Сонымен қатар, сендерге қаланың үй басқарушысы болып жүрген Эраст пен бауыры Куарт та сәлем жолдайды.</verse>
				<verse number="24">Иеміз Иса Мәсіхтің рақымдылығы өздеріңмен бірге.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="46">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса Мәсіхтің шақыруымен Құдайдың еркіне сай елші болған Пауыл мен бауырымыз Состеннен</verse>
				<verse number="2">Қорынт қаласындағы Құдайдың қауымына, яки, өздерін Иса Мәсіхке бағыштап, киелі болуға шақырылғандарға және қай жерде болмасын барлығымен бірге тұрып, Иеміздің атын атап шақыратындарға</verse>
				<verse number="3">біздің Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымын, бейбіт тыныштығын тілейміз.</verse>
				<verse number="4">Құдай рақымының сендерге Иса Мәсіх арқылы берілгені үшін, әрқашан Оған алғысымды білдіремін,</verse>
				<verse number="5">өйткені Ол туралы айтылған әрбір сөз, әрбір берілген білім сендерді барлық жағынан байытып,</verse>
				<verse number="6">Мәсіх туралы куәліктің растығын дәлелдеп нығайтты.</verse>
				<verse number="7">Алайда Мәсіхтің әлі де ашылуын күтіп отырған сендер сыйға берілетін дарынның ешқайсысына мұқтаж емесіңдер.</verse>
				<verse number="8">Біздің Иеміз Иса Мәсіхтің келетін күніне дейін мүлтіксіз болуларың үшін, Ол ақырына дейін сендерді шындықпен бекітіп, нығайтады.</verse>
				<verse number="9">Құдай қашан да адал, сондықтан Ол Өзінің Ұлы әрі біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы сендерді қарым -қатынасқа шақырады.</verse>
				<verse number="10">Бауырластарым, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің атынан сендерден өтініп сұрайтыным бір-ақ нәрсе: араларыңда бөліну болмасын! Бәрің бір ой, бір пікірді ұстаныңдар және соны қалыптастырыңдар.</verse>
				<verse number="11">Бауырластарым менің, Хлойдың үйіне келіп жүргендерден сендердің араларыңда араздықтың бар екені маған белгілі болды.</verse>
				<verse number="12">Бұлай дейтін себебім әркім бөлініп, біреуі «мен Пауылдікімін» десе, біреуі «мен Аполлостікімін», ал тағы біреуі «мен Кифанікімін», енді біреуі «мен Мәсіхтікімін» деп айтып жүр екен.</verse>
				<verse number="13">Ал Мәсіх бөлінді ме? Әлде сендер үшін айқышқа шегеленген Пауыл ма еді? Немесе сендер суға батырылып шомылдырудан Пауылдың атымен өттіңдер ме?</verse>
				<verse number="14">Криспа мен Гайдан басқа ешкімді де суға батырып шомылдырудан өткізбегенім үшін Құдайға мен алғысымды айтамын.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан ешкім де менің атымнан суға батырылып шомылдырудан өттім деп айта алмайды.</verse>
				<verse number="16">Сонымен қатар, мен тек Стефан мен оның үйіндегілерді ғана суға батырып шомылдырудан өткіздім, ал бұдан басқа кімді шомылдырудан өткізгенім есімде жоқ.</verse>
				<verse number="17">Мәсіх мені суға батырып шомылдырудан өткізу үшін емес, керісінше, Ізгі хабар жариялап, Мәсіхтің айқышының мән-мағынасын жойғысы келетін даналық сөздерді тоқтату үшін жіберді.</verse>
				<verse number="18">Құрып кететіндер үшін айқыш туралы айтылатын сөздер ақымақтық болып саналса, ал құтқарылатын мына біздер үшін сол айқышта Құдайдың құдіретті күші жатыр.</verse>
				<verse number="19">Жазбада: «Даналардың даналығын жойып, өзін данышпан санайтындардың ой-пікірі мен түсінігін жоққа шығарамын», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="20">Сол даналар қайда? Заңды зерттеуші оқымысты ғұламалар қайда кетті? Осы ғасырдың зерттеушілері қайда жүр? Құдай бұл әлемнің осы даналығын ақымақтық деп есептей ме?</verse>
				<verse number="21">Ал Құдайдың Құдай екенін және Оның даналығын, осы әлемнің даналығы арқылы танып-білу мүмкін емес, сондықтан Құдай Өзінің сол «ақымақтық» деп санайтын уағыздары арқылы Өзіне сенгендерді құтқарып алуды қалады.</verse>
				<verse number="22">Яһудейлер болса, кереметтер жасауды талап етеді, гректер даналық іздейді,</verse>
				<verse number="23">ал біз айқышқа шегеленген Мәсіхті уағыздап, жариялаймыз, бұл яһудейлер үщін шалынып құлайтын кедергі (тас) сияқты болса, басқа ұлт өкілдері үшін бұл ақымақтық болып көрінеді.</verse>
				<verse number="24">Өздерін шақырып алғандар үшін, мейлі, яһудейлер, мейлі, гректер болсын, Мәсіхте Құдайдың құдіретті күші мен Оның даналығы жатыр.</verse>
				<verse number="25">Өйткені Құдайдың ақымақтығы болып көрінетін нәрселер адамдардың даналығынан анағұрлым жоғары, Құдайдың әлсіздігі болып көрінетіндер адамдікінен әлдеқайда күштірек.</verse>
				<verse number="26">Сонымен, бауырластар, өздеріңнің не үшін шақырылғандарыңа көңіл аударыңдаршы. Адамның көзімен қарағанда, көбіңде даналық та, күш те жоқ, көпшілігіңнің мәртебең де жоғары болған емес.</verse>
				<verse number="27">Алайда Құдай өзін данышпан санайтындарды ұятқа қалдыру үшін, осы әлемнің ақымақ деп санайтындарын таңдап алды. Күштіміз деп жүргендерді ұятқа қалдыру үшін, Құдай осы әлемнің әлсіздерін таңдап алды.</verse>
				<verse number="28">Құдай осы әлемдегі атағы мен шені жоқ төмен және ешкім менсінбейтіндерді таңдап алды, ал маңыздымыз деп жүргендерді төмен түсірді,</verse>
				<verse number="29">міне, сондықтан да Құдайдың алдында ешбір пенде мақтана алмайды.</verse>
				<verse number="30">Ал сендер Құдайдан келген Мәсіхпен бірліктесіңдер, Иса Мәсіх-Құдайдың бізге берген даналығы мен әділдігі, киелісі, біздің құнымызды өтеуші.</verse>
				<verse number="31">Сондықтан Жазбада: «Кім мақтанғысы келсе, тек Иеміздің атымен мақтансын», - деп жазылған.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Бауырластарым, мен өздеріңе келіп, Құдайдың құпиясын жариялағанымда шешен сөзді немесе даналықтың ерекше бір артықшылықтарын пайдаланбадым.</verse>
				<verse number="2">Сендермен бірге болған сәттерімде тек Иса Мәсіх пен Оның айқышы туралы білуді және сол туралы ғана айтуды қажет деп таптым.</verse>
				<verse number="3">Сендердің орталарыңда болған сәтте мені әлсіздік пен қорқыныш билегендіктен, көп мазасыздандым.</verse>
				<verse number="4">Бірақ та сөйлеген сөзім мен айтқан уағызымда адамның даналығын айқындайтын сөздерге емес, керісінше, Рухтың жетегі мен күшіне сүйендім.</verse>
				<verse number="5">Менің көздеген мақсатым сендердің сенімдеріңді адамның даналығына емес, қайта, Құдайдың күшіне негіздеп бекіту болатын.</verse>
				<verse number="6">Біз кемелді болғысы келетіндерге даналық жайлы айтып бере аламыз, алайда біздің айтып жүргеніміз осы әлемнің немесе осы әлем билеушілерінің даналығы емес, өйткені олар құрдымға кетіп, еш пайдаға аспай, жоқ болады.</verse>
				<verse number="7">Біз жариялап жүрген даналық-бұл осы уақытқа дейін жасырын болып келген Құдайдың құпия даналығы. Міне, біз осыны жариялап жүрміз, Құдай оны біздің даңқымыз үшін осы әлем жаратылмастан бұрын оны белгілеп, бекітіп қойған.</verse>
				<verse number="8">Осы әлем билеушілерінің ешқайсысы да бұл туралы білген емес, егер де олар мұны білген болса, онда Құдайдың даңқына бөленген біздің Иемізді айқышқа шегелемес еді.</verse>
				<verse number="9">Бұл туралы Жазбада: «Құдайдың Өзін сүйетіндерге не дайындап қойғанын ешбір көз көрмеді, ешбір құлақ естімеді және бұл ешбір адамның жүрегіне де келген емес», -деп қалай жазылған болса, дәл солай болып тұр.</verse>
				<verse number="10">Құдай сол құпия болған нәрсені тек Өзінің Рухы арқылы бізге ашып берді, өйткені Рух бәрін зерттеп, тексереді, Ол Құдайдың еркін терең ұғынып, түсінеді.</verse>
				<verse number="11">Себебі адамдардың қандай рухпен жүргенін тек адамның өз рухынан басқа кім біле алады? Құдайдың Рухымен де сол сияқты, яғни, Өзінің Рухынан басқа ешкім де Құдайдың Рухын (ой-ниетін) біле алмайды.</verse>
				<verse number="12">Біз осы әлемнің рухын емес, Құдайдың рухын қабылдағанымызды білеміз, сол арқылы Құдайдың бізге не сыйлағысы келетінін де білетін боламыз.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан біз оқымысты адамдардың сөздеріне сүйеніп айтылатын даналық туралы айтпаймыз, керісінше, рухани нәрсені рухани тұрғыда салыстыра отырып оқытып, бізге үйрететін Рухтың сөзімен айтамыз.</verse>
				<verse number="14">Өзінің ішкі жан дүниесінен шығатын сезімге беріліп, соның жетегімен жүретін адам Құдайдың Рухынан келгенді қабылдай алмайды, өйткені ол мұны ақымақтық деп санайды, сондықтан ол Құдайды жақыннан танып -біле алмайды, мұны тек рухани тұрғыда ойлап, талқылау қажет.</verse>
				<verse number="15">Тек сонда ғана ол рухани тұрғыда талданып, өз шешімін табады, оны ешкім өз бетінше шеше алмайды.</verse>
				<verse number="16">«Кім Иеміздің ақыл-ойын жақыннан танып біліп, кім Оған кеңес бере алады?» Бізде Мәсіхтің ақыл-ойы бар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Мен өздеріңмен рухани бауырластар ретінде сөйлесе алмадым, керісінше, әлі де тәндік болмыспен жүрген Мәсіхтегі сәбилер ретінде сөйлесуіме тура келді.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан мен сендерге тамақ берудің орнына сүт бердім, өйткені сендер әлі де тамақ жей алмайтын күйде болдыңдар. Сендер қазір де оны жей алмайсыңдар,</verse>
				<verse number="3">себебі тәннің жетегінде жүрсіңдер, сол себепті араларыңда қызғаныш пен дау -дамай бар, бұл тәндік болмыс емей немене? Бұл адами тұрғыда жасалған іс-әрекет емес пе?</verse>
				<verse number="4">Өйткені біреуің: «Мен-Пауылдікімін», -десең, тағы біреуің: «Мен-Апполостікімін», -дейді екенсің. Бұл осы әлемнің адамдарының жасайтын іс-әрекеті емес пе?</verse>
				<verse number="5">Апполос деген кім? Пауыл деген кім? Олар тек Құдайдың қызметін атқарып жүрген қызметшілер болып саналады, өйткені сендер солар арқылы сенімге ие болдыңдар, олардың әрқайсысына сол қызметті Иеміз берді.</verse>
				<verse number="6">Қысқасы, мен отырғыздым, Аппалос суғарды, бірақ өсірген-Құдай.</verse>
				<verse number="7">Өсіретін Құдай болғандықтан, отырғызушының да, суғарушының да атқарған ісі түкке тұрғысыз деуге болады.</verse>
				<verse number="8">Алайда отырғызушы мен суғарушының атқарған ісі бір болғандықтан, олардың әрқайсысы өз еңбектеріне тиісті ақыларын жеке-жеке өз уақытында алатын болады.</verse>
				<verse number="9">Біз Құдайдың қызметін Құдайдың қатысуымен және Онымен бірге атқаратын қызметшілері деп саналамыз, ал сендер Құдайдың егістігі әрі Құдайдың құрастырып тұрғызатын құрылысы болып есептелесіңдер.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан Құдайдың өзіме берген рақымына сай, мен ақылды сәулетші секілді құрылыстың негізгі іргетасын тұрғыздым, ал басқалары құрылысты соның үстіне қалауда. Сол себепті әркім өзінің құрылысын қалай қалап, жүргізіп жатқанына мұқият көз жүгіртіп қарасын.</verse>
				<verse number="11">Құрылыстың негізгі іргетасы-Иса Мәсіх, Одан бөлек басқа бір іргетасты ешкім де негіз етіп сала алмайды.</verse>
				<verse number="12">Егер де кімде-кім сол негізгі іргетастың үсіне алтыннан, күмістен немесе аса қымбат тастардан, не болмаса тақтайдан, шөптен немесе қамыстан құрастырып салатын болса,</verse>
				<verse number="13">онда әркімнің атқарған ісінің сапасы соңғы күні жарыққа шығатын болады, себебі әрбір істің сапасы отпен сыналады.</verse>
				<verse number="14">Егер де кімнің құрастырып тұрғызғаны оттан жойылмай, аман қалса, онда ол өзіне тиісті ақысын алады.</verse>
				<verse number="15">Ал егер де жанып кетсе, ол шығынға батады деген сөз, алайда оның өзі оттан құтылады, бірақ оттан өткендей әзер құтқарылады.</verse>
				<verse number="16">Әлде Құдай Рухының өздеріңде өмір сүріп жатқанын және өздеріңнің Құдайдың ғибадатханасына айналғандарыңды білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="17">Егерде кімде-кім Құдайдың ғибадатханасын қиратып, құлататын болса, онда Құдай оның өзін қиратып, құлатады, өйткені Құдайдың ғибадатханасы киелі болып саналады, ал сендер сол ғибадатханаға айналдыңдар.</verse>
				<verse number="18">Ешкім өзін-өзі алдамасын. Егер араларыңдағы кейбіреу осы әлемге ақылды, дана болып көрінгісі келсе, нағыз даналыққа ие болу үшін, керісінше, ақылсыз, ақымақ болсын.</verse>
				<verse number="19">Өйткені осы әлемнің даналығы-Құдайдың көзімен қарағанда ақымақтық. Жазбада: «Құдай өздерін ақылды, данышпан санайтындардың зұлым қулықтарынан-ақ ұстап алады», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="20">Және тағы да: «Иеміз данышпанбыз дегендердің ой -өрістерінің бос әрі бекер әурешілік екенін біледі», -делінген.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан ешкім адамдар алдында мақтанбасын. Сендерге бәрі де тиесілі:</verse>
				<verse number="22">мейлі Пауыл, Аполлос, мейлі Кифа (Петір) болсын, мейлі осы әлем, өмір немесе өлім болсын, осы кез немесе болашақ болсын, бәрі тек сендердікі болып қала береді,</verse>
				<verse number="23">сендер өздерің Мәсіхтікі болып қаласыңдар, ал Мәсіх Құдайдікі.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен, бізді Құдай үйінің құпиясын басқаруға сеніп тапсырылған Мәсіхтің қызметшілері ретінде қабылдаңдар.</verse>
				<verse number="2">Қазіргі уақытта әрбір үй басқарушының бойында сенімділік пен адалдық қасиет болуы қажет.</verse>
				<verse number="3">Сендер немесе басқа біреу мені соттай ма, соттамай ма, тіпті, күнде солай істесе де, мені бұл нәрсе еш мазаламайды. Мен де өз-өзімді соттамаймын.</verse>
				<verse number="4">Менің арым таза, алайда мен мұнымен ақтала алмаймын. Бізді соттайтын Иеміз бар, мені соттайтын- Сол.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан Иеміз келіп, түнектің құпия істерін жарыққа шығарып, жүректердің қалауын ашып көрсететін уақыты келмей жатып, ешкімді де соттамаңдар, өйткені сол кезде әркім Құдайдан өзіне тиісті мақтау сыйын алатын болады.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан бауырластар, мен өзіме де, Аполлосқа да: «Жазбада жазылғаннан артық нәрсеге бармайық», -деген талап қойдым. Осылай мен өзімді өзгерттім, бұл сендерге де үлгі болсын, сонда сендер бір-біріңе қарсылық білдіріп, өздеріңді басқалардан жоғары қоймайтын боласыңдар.</verse>
				<verse number="7">Кім сені басқалардан ерекше етіп жаратты? Сен неменеге ие болмай, нені ала алмай қалдың? Егер де алған болсаң, онда неменеге ештеңе алмағандай болып, көкірегіңді керіп жүрсің?</verse>
				<verse number="8">Сендер әлдеқашан тойынып, байып алдыңдар. Сендер бізсіз-ақ патшалық құрып алдыңдар. Шіркін, егер де сендер шынымен солай патшалық құрып алған болсаңдар ғой, онда біз де сендермен бірігіп, сол патшалықты бірге құрар едік!</verse>
				<verse number="9">Құдай біз секілді Мәсіхтің елшілерін өлімге кесілген ең соңғы адамдар сияқты көрсетіп тұрған секілді, сондықтан біз осы әлем мен періштелерге, жалпы жұртқа қойылатын көрініске айналдық.</verse>
				<verse number="10">Біз Мәсіх үшін «ақымақ» болсақ, сендер Мәсіхте «ақылды» екенсіңдер. Біз «әлсіз» болсақ, сендер «күшті» болып кетіпсіңдер. Сендер құрметке лайық болсаңдар, біз жеккөрінішті әрі жексұрын екенбіз.</verse>
				<verse number="11">Біз осы уақытқа дейін аштықты басымыздан өткеріп, шөлдеп, жалаңаш жүрміз, бізді ұрып-соғады, басымызда баспанамыз да жоқ,</verse>
				<verse number="12">нанымызды еңбекпен тауып жейміз. Қарғайтындарды батамен жарылқаймыз, қудалайды, ал біз соған төземіз.</verse>
				<verse number="13">Тіл тигізіп, балағаттайтындарға мейіріммен жауап береміз. Сөйтіп, осы әлемнің қоқысына айналдық, қазірге дейін бізге сыпырынды қоқыс ретінде қарайды.</verse>
				<verse number="14">Мұны мен сендерді ұялту үшін емес, керісінше, өзімнің сүйікті балаларыма берген ақылым деп айтып, жаздым.</verse>
				<verse number="15">Сендерді Мәсіхке тәрбиелеп жүрген ұстаздарың он мың болса да, әкелерің көп емес. Ізгі хабар тарату арқылы Иса Мәсіхке деген сенімде мен сендердің әкелерің болдым ғой.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан мен сендерден маған еліктеп, менен үлгі алуларыңды өтінемін.</verse>
				<verse number="17">Сол үшін өзімнің сүйікті балам әрі Мәсіхтегі сенімді серігім болып жүрген Тимотені сендерге жіберіп отырмын. Ол сендерге менің Мәсіх Исадағы жолымның қандай болғанын және барлық жерде әр қауымға Мәсіх туралы қалай тәлім беріп, үйреткенімді айтып беретін болады.</verse>
				<verse number="18">Мен сендерге біраз уақыттан бері бармай қалғандықтан, араларыңдағы кейбіреуіңде тәкаппарлық пайда болыпты.</verse>
				<verse number="19">Егер де Иеміздің қалауы болса, жақын арада сендерге барып қайтамын, сонда тәкаппарлардың сөйлеген сөзін емес, күшін сынап көремін.</verse>
				<verse number="20">Құдай Патшалығы тек сөзде емес, керсінше, Оның құдіретті күшінде.</verse>
				<verse number="21">Ал енді нені қалайсыңдар? Өздеріңе таяқпен келейін бе әлде сүйіспеншілік танытып, кішіпейіл рухпен келейін бе?</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Сендердің араларыңда азғындықтың бар екені туралы естідік, тіпті, біреу әкесінің әйелімен (өгей шешесімен) тұрады екен, ал мұндай азғындық өзге ұлттарда болған емес.</verse>
				<verse number="2">Ал сендер кеуделеріңді көтеріп, тәкаппарлық көрсетесіңдер! Керісінше қайғырып, осыны істеген адамды орталарыңнан шығарып тастағандарың жөн емес пе?</verse>
				<verse number="3">Мен тәніммен сендердің араларыңда болмасам да, рухыммен жандарыңдамын, сондықтан мен осыны істеген адам туралы мынадай шешім қабылдадым:</verse>
				<verse number="4">біздің Иеміз Иса Мәсіхтің атымен жиналғанда, менің рухым сендермен бірге, сонда біздің Иеміз Исаның күші де бізбен бірге,</verse>
				<verse number="5">сол адамның тәнін өлтіру үшін, сайтанның қолына тапсыру керек, сонда оның жаны тек Иеміздің қайтып келетін күні құтқарылатын болады.</verse>
				<verse number="6">Сендер соншама мақтанып кеттіңдер, бұл жақсылық емес. Әлде сендер азғана ашытқының бүкіл қамырды ашытатынын білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="7">Бойларыңнан сол бір ескі ашытқыны тазалап, алып тастаңдар, сонда жаңа қамырға, яғни, ашымаған нанға айналасыңдар. Мәсіх бізді құтқару үшін, Өзі құрбандыққа шалынды, құрбандық тоқтысы болды.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан, кәнеки, енді ескі әрі зұлымдықты ашытатын кесірлі ашытқымен емес, керісінше, тазалықтың, шындықтың ашымаған нанымен тойлайық.</verse>
				<verse number="9">Мен өзімнің хатымда сендердің неке адалдығын бұзып, азғындықпен айналысатындармен араласпауларыңды жазған едім,</verse>
				<verse number="10">осы әлемдегі неке адалдығын бұзатын азғындардың бәрімен немесе дүниеқор және тонаушылармен, пұтқа табынушылармен араласпаңдар деген нұсқау бермедім, егер олай болса, осы әлемді мүлдем тастап кету сендердің міндеттерің болар еді.</verse>
				<verse number="11">Егер де кімде-кім бауырлас атанғанмен, неке адалдығын бұзып, азғындыққа салынса немесе дүниеқор болып, пұтқа табынатын болса, жалақор немесе ішімдікке салынып, мас болса немесе алаяқтықпен айналысса, сондайлармен араласпауды сендерге қазір айтамын. Олармен бірге отырып тамақ та ішпеу керек екенін жазған болатынмын.</verse>
				<verse number="12">Өйткені менің қауымнан тыс сыртта жүрген оларды соттағаным дұрыс па? Өз орталарыңда болып жатқанды соттап, шешім шығаратын мына сендер емессіңдер ме?</verse>
				<verse number="13">Ал қауымнан тыс жүргендерді Құдайдың Өзі соттайды, орталарыңда жүрген зұлымды өз араларыңнан аластатыңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сендердің орталарыңда жүріп, біреумен болған даулы істің шешімін табу үшін, әділдер мен киелілердің сотына жүгінудің орнына, керісінше, әділетсіздердің сотына жүгінуге қалай дәттерің барады?</verse>
				<verse number="2">Әлде сендер Құдайға бағышталып, киелі болған адамдардың бүкіл әлемді соттайтынын білмейсіңдер ме? Егер де осы әлемді соттайтын сендер болсаңдар, онда сендер кішкентай даулы ұсақ-түйек нәрсені шешуге лайықсыз болғандарың ба?</verse>
				<verse number="3">Әлде сендер өздеріңнің күнделікті тұрмыстағы істерді ғана емес, сонымен қатар, періштелерді де сотқа тартатындарыңды білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="4">Ал енді сендер күнделікті тұрмысқа байланысты істі соттайтын болсаңдар, сол жерге де қауымдағыларды апарып отырғызып қоймақсыңдар ма? Сенушілер қауымына ешқандай қатысы жоқ осы әлемнің төрешілерін неге өздеріңнен жоғары қоясыңдар?</verse>
				<verse number="5">Сендерді ұялту үшін осылай айтуға тура келді. Сонымен, сендердің өз орталарыңнан өз бауырының даулы мәселесін шешіп беретін бірде-бір дана, ақылды адамның болмағаны ма?</verse>
				<verse number="6">Немесе бәрі керісінше бола берсін бе? Бауырластар өз араларындағы дау-дамайды шешу үшін, сенбеушілердің алдына барып, бір-бірімен соттаса берсін бе?</verse>
				<verse number="7">Сендердің осылай бір-біріңмен соттасып жүргендерің өздеріңнің төмен құлдырап кеткендеріңді білдіреді. Осындай іс-әрекет жасағанша, жәбірленуші болып қалғандарың жақсы емес пе? Одан да құр алақан қалғандарың жақсы еді ғой!?</verse>
				<verse number="8">Сендер өз бауырларыңды өздерің ренжітіп, оларды өздерің тонайсыңдар.</verse>
				<verse number="9">Сендер сондай әділетсіздік жасағандардың Құдай патшалығында мұрагерлік құқығы болмайтынын білмейсіңдер ме? Адаспаңдар! Ешқандай азғындар, пұтқа табынушылар, неке адалдығын бұзушылар, ләззат іздейтін еркектер, еркекқұмар еркектер,</verse>
				<verse number="10">ұрылар, дүниеқұмарлар, маскүнемдер, жалақорлар, алаяқтар Құдай патшалығынан ешқандай мұра алмайды.</verse>
				<verse number="11">Бұрын сендердің кейбіреуің сондай болдыңдар, қазір сендер біздің Иеміз Иса Мәсіхтің атымен жуылып тазарып, Құдайға бағышталдыңдар және Құдайдың Рухымен ақталдыңдар.</verse>
				<verse number="12">«Маған бәріне де рұқсат берілген», -дейтін болсақ, маған бәрі пайда әкелмейді. «Маған бәріне рұқсат берілген», -десек, алайда маған еш нәрсе өз билігін жүргізбеуі тиіс!</verse>
				<verse number="13">«Тамақ асқазан үшін, асқазан тамақ үшін жаратылған», -дейміз, бірақ уақыты келгенде, Құдай олардың екеуін де жояды. Дене азғындық үшін емес, Иеміздің даңқы үшін қажет, ал Иеміз дене үшін қажет.</verse>
				<verse number="14">Құдай біздің Иемізді өлімнен қайта тірілтіп алды, енді Оның күші арқылы бізді де қайта тірілтіп алады.</verse>
				<verse number="15">Сендер өз денелеріңнің Мәсіхтің мүшесі екенін білмейсіңдер ме? Сол Мәсіхке тиесілі мүшені алып, азғындықтың мүшесі етіп бергенім дұрыс па? Олай істеуге болмайды!</verse>
				<verse number="16">Сол азғын жезөкшеге қосылған дене онымен бірге бір дене болып кететінін сендер білмейсіңдер ме? «Екеуі бірігіп бір дене болады», - деп Жазбада жазылған.</verse>
				<verse number="17">Ал Иемізбен қосылған Иеміздің Рухымен бірігіп, бір рухта болады.</verse>
				<verse number="18">Неке адалдығын бұзатын азғындықтан аулақ болыңдар. Егер де адам барлық басқа күнәларын денеден тыс жасайтын болса, күнә болып саналады, жыныстық азғындық-өз денеңе қарсы жасалған күнә.</verse>
				<verse number="19">Сендер өздеріңе берілген денелеріңнің Құдайдың Киелі Рухы мекендейтін ғибадатхана екенін және сендер енді өздеріңдікі емес, басқа Біреуге тән екендеріңді білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="20">Себебі сендер өте қымбат бағамен сатып алындыңдар, сондықтан өз денелеріңде Құдайды мадақтаңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Сендер маған ер адам әйелге жақын келіп, оған қолын да тигізбегені дұрыс деп жазыпсыңдар.</verse>
				<verse number="2">Әркім азғындық жолға түспес үшін, әрбір еркектің өз әйелі, ал әрбір әйелдің өз күйеуі болсын.</verse>
				<verse number="3">Күйеуі әйеліне, ал әйелі күйеуіне тиісті міндетін атқарсын.</verse>
				<verse number="4">Тұрмысқа шыққан әйел өз денесіне өзі билік ете алмайды, себебі билік күйеуінде, үйленген еркек те өз денесіне өзі билік ете алмайды, себебі билік әйелінде.</verse>
				<verse number="5">Сол үшін бір-біріңе деген жақын ықыластан өздеріңді айырмаңдар, тек келісіп мінәжат ететін уақытта болмаса, одан кейін тағы да бірге болыңдар, сайтанның азғыруына түспеулерің үшін, осылай істегендерің дұрыс.</verse>
				<verse number="6">Мен мұны сендерге бұйрық ретінде емес, тек өздеріңмен ниеттес болғандықтан айтып отырмын.</verse>
				<verse number="7">Негізі барлық адамдарың өзім секілді болғанын қалаймын, алайда әркімге Құдайдан берілген жеке өзіне тән сыйы бар, бұл біреуге былай болса, екінші біреуге басқаша берілген.</verse>
				<verse number="8">Осыған сүйене отырып, некесіз жүргендер мен жесірлерге айтарым: егер де олар мен сияқты жалғызбасты болса, бұл оларға жақсы болар еді.</verse>
				<verse number="9">Егер де өзін-өзі ұстай алмай бара жатса, онда үйленсін, құмарлық отына күйіп-жанып жүргенше, одан да үйленіп алғаны жақсы болады.</verse>
				<verse number="10">Ал үйленгендерге әйелі күйеуінен ажыраспасын деп бұйырамын, бұл бұйрық менікі емес, Иеміздікі.</verse>
				<verse number="11">Ажырасатын болса, әйел қайтып күйеуге шықпасын немесе қайтадан күйеуімен татулассын. Сонымен қатар, күйеу де әйелін тастап кетпеуі тиіс.</verse>
				<verse number="12">Қалғандарына Иеміз емес, менің айтарым мынау: егер де бір бауырымыздың әйелі сенбеуші болса және әйел онымен бірге тұруға келісімін берсе, онда ол сол әйелді тастап кетпесін.</verse>
				<verse number="13">Егер де бір әйелдің күйеуі сенбеуші болса және сол әйелмен бірге тұруға келісімін берсе, әйел де күйеуін тастап кетпесін.</verse>
				<verse number="14">Өйткені Құдайға сенбейтін күйеу Құдайға сенетін әйелге бағышталған, ал Құдайға сенбейтін әйел, Құдайға сенетін бауырымызға бағышталған. Әйтпесе сендердің балаларың таза болып туылмас еді, ал қазір олар киелі деп саналады.</verse>
				<verse number="15">Егер Құдайға сенбейтін ер адам мен әйел ажырасамыз, бөлек кетеміз десе, бөлініп кете берсін, мұндай жағдайда ер адам да, әйел де өздерін құлдықта жүргендей сезінбесін. Құдай сендерді бір-біріңмен тату болуға шақырады.</verse>
				<verse number="16">Қайдан білесің, мүмкін, әйел, сен күйеуіңді құтқарып алатын шығарсың? Сен, күйеу, мүмкін, әйеліңді құтқарып алатын шығарсың, кім біледі?</verse>
				<verse number="17">Сонымен, Иеміз әркімге қалай белгілеп қойса немесе Құдай кімді қалай шақырған болса, солай өмір сүретін болсын, бұл нұсқауды барлық қауымдарға жіберуді ұйғардым.</verse>
				<verse number="18">Егер де сүндеттелген біреу шақырылған болса, ол мұнысын жасырмасын. Сүндеттелмеген біреу шақырылса, онда ол сүндеттелмей-ақ қойсын.</verse>
				<verse number="19">Себебі сүндеттелу де, сүндеттелмеу де түкке тұрмайтын нәрсе, бәрінен маңыздысы -Құдайдың өсиетін сақтау, міне, бұл аса маңызды болып саналады.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, кім қандай дәрежеде шақырылса, ол сол дәрежеде қала берсін.</verse>
				<verse number="21">Егер де құл болып, құлдық дәрежеде шақырылған болсаң, сол нәрсе сені түртпектеп мазаламасын, алайда басыңа бостандық алатындай мүмкіндігің болып жатса, сол мүмкіндікті көбірек пайдалануға тырыс.</verse>
				<verse number="22">Өйткені Иеміз шақырған кезде құл болған адам Иемізге келгенде еркіндікке ие болады, сол сияқты еркіндікте жүріп шақырылған болсаң, онда сен енді Мәсіхтің құлы болдың.</verse>
				<verse number="23">Сендерді сатып алу үшін аса бағалы құн төленді, сондықтан адамның құлы болмаңдар.</verse>
				<verse number="24">Сонымен бауырластар, кімде-кім қандай дәрежеде шақырылған болса, Құдай алдында сол дәрежеде қала берсін.</verse>
				<verse number="25">Тұрмыс құрмаған қыздарға байланысты Иемізден нақты нұсқау алмадым, алайда Иеміздің мейіріміне ие болғандықтан, сенімге өте адал болуға кеңес беремін.</verse>
				<verse number="26">Бұл қазіргі кезеңдегі мұқтаждықтардың арасындағы ең маңыздысы, мұны орындау өте жақсы нәрсе деп санаймын, солай болғаны адамға да жақсы.</verse>
				<verse number="27">Сен некелесу арқылы әйеліңе байландың, енді одан ажырасатын жолды іздеме. Егер сен (некеде болмасаң) әйелге байланбаған болсаң, онда әйел іздеме.</verse>
				<verse number="28">Егер сен үйленетін болсаң, онда күнә жасамайсың. Егер де пәк қыз тұрмысқа шықса, ол да күнә жасамайды. Бірақ ерлі-зайыптылар көптеген қиындықтарды бастан кешетін болады, сол себепті менің сендерге жаным ашиды.</verse>
				<verse number="29">Бауырластар, уақыт тым қысқа, сол себепті басқаша айтар болсам, әйелі барлар әйелі жоқтай,</verse>
				<verse number="30">жылап жүргендер жыламағандай, қуанып жүргендер қуанбағандай, сатып алып жүргендер ие болмағандай,</verse>
				<verse number="31">ал осы әлемнің мүмкіндігін пайдаланып жатқандар оны пайдаланбағандай болып өмір сүрсін демекпін. Өйткені бұл әлемнің сыртқы бейнесі өткінші, ол жаныңнан лып етіп өте шығады.</verse>
				<verse number="32">Міне, сондықтан сендердің уайымсыз болғандарыңды қалаймын. Үйленбеген ер адам Иеміз жайлы ойлап, Иемізге қалай ұнаудың қамын жейді.</verse>
				<verse number="33">Ал үйленген адам осы әлемнің қамын жеп, әйеліне қалай ұнауды ойлап, оның қызығушылығы екіге бөлінеді.</verse>
				<verse number="34">Ал тұрмыс құрмаған пәк қыз да, әйел де Иеміздің ісін ойлап, жан-тәнімен киелі болудың жолын іздейді. Тұрмыс құрған әйел осы әлемнің қамын ойлап, қалай күйеуіне ұнауға тырысады.</verse>
				<verse number="35">Осы айтылғанның бәрі сендерге пайдалы болғандықтан айтып отырмын және сендерді тұзаққа түсіргім (шектеп қойғым) келмейді, керісінше, өздеріңе ізгі ниет танытып, сендердің Иемізде тұрақты болғандарыңды қалаймын.</verse>
				<verse number="36">Егер де біреу қызымның жасы жетті, оны тұрмысқа бермесем, қиянат жасармын деп ойласа, онда сол қажет деген міндетін атқарсын, жүрегі нені қаласа, соны істесін. Сонда ол күнә жасамайды, ал қыз тұрмысқа шыққысы келсе, шыға берсін.</verse>
				<verse number="37">Егер адам өз шешімінде берік болып, мәжбүрлеуге көнбей, өз еркіне билік жүргізе алса және қызын пәк күйінде қалдыруға жүрегінде шешім қабылдаса, онда бұл әрекеті де дұрыс.</verse>
				<verse number="38">Сонымен, өзінің қызын тұрмысқа берген де дұрыс істейді, қызын тұрмысқа бергісі келмеген де жақсы ісәрекет жасайды.</verse>
				<verse number="39">Тұрмысқа шыққан әйел күйеуінің өмір сүретін уақыты біткенге дейін, оған байланған болып саналады, егер күйеуі өмірден өтсе, әйелдің басы бос, кімге күйеуге шыққысы келсе, өзінің еркі, тек ол адам Иемізде болсын.</verse>
				<verse number="40">Егер де әйел тұрмыс құрмаймын десе, менің пікірім бойынша, онда бұл әйел одан да бақытты болмақ. Осылай айтуыма себеп: мені де Құдайдың Рухы жетелейді деп ойлаймын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Пұтқа арналып шалынатын құрбандықтар туралы айтар болсақ, бұған байланысты бәрімізде білімнің бар екені белгілі. Алайда білімділіктен менмендік пайда болады, ал сүйіспеншілік ізгі қасиеттерді қалыптастырады.</verse>
				<verse number="2">Егер де кімде-кім білімге қол жеткіздім деп ойлайтын болса, онда ол қалай білу керек екенін әлі де білмейді деген сөз.</verse>
				<verse number="3">Егер де біреу Құдайды сүйетін болса, сол Құдайдың өзінен оған білім беріледі.</verse>
				<verse number="4">Пұттарға арналған құрбандық асын жеу мәселесіне келсек, әлемдегі жалған пұттардың түкке тұрғысыз екенін, тек жалғыз Құдайдан басқа ешқандай да басқа Құдайдың жоқ екенін білеміз.</verse>
				<verse number="5">Көкте немесе осы жер бетінде құдайлар көп дейтін болсақ, онда құдайлардың соншама көп болғанындай олардың иелері де соншама көп болар еді,</verse>
				<verse number="6">алайда біздің жалғыз Құдай Әкеміз бар, себебі барлығы да, мына біз де Одан тарадық, сол үшін жаратылдық және Иеміз Иса Мәсіх те біреу, бәрі Сол арқылы жаратылды, бәрі де Одан таралды.</verse>
				<verse number="7">Алайда бәрі бұл туралы біле бермейді, себебі кейбіреулер осы күнге дейін әдет бойынша пұтқа арналған құрбандық асын бұрынғыдай жеп келеді, осы арқылы әлсіз ар-ұяттары олардың таза емес екенін сездіреді.</verse>
				<verse number="8">Біздің жеген тамағымыз бізді Құдайға жақындата алмайды. Егер де біз тамақ жемесек, оған мұқтаж болып тұрамыз, тамақ жесек, қарнымыз тоқ.</verse>
				<verse number="9">Міне, сондықтан да абай болыңдар, сендердің осы бір өздеріңе тән еркіндіктерің әлсіздерді сүріндіріп жүрмесін.</verse>
				<verse number="10">Егер де білімің бола тұра, біреу сені пұтқа табынушылардың ғибадатханасынан тамақ ішіп отырғаныңды көрсе, онда оның әлсіз ар-ұяты сол жалған пұтқа арналған құрбандықтың етін жеуге итермелемей ме?</verse>
				<verse number="11">Сөйтіп, сенің білімділігіңнің кесірінен сол әлсіз адам құрып, жоғалып кетеді, ал Иса Мәсіх сенің сол бауырың үшін Өз өмірін қиып, айқышта өлген болатын.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, осылай бауырларыңа қарсы күнә жасап, оның әлсіз ар-ұятын жаралайтын болсаңдар, Мәсіхке де қарсы күнә жасайсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан менің жеген тағамдарым бауырымның күнә жасауына және оны азғырылуға итермелейтін болса, онда мен сол бауырымды күнәға батырып, азғырмауым үшін, мүлдем ет жемегенім жақсы болар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Мен де еркіндікте жүр емеспін пе? Мен Мәсіхтің елшісі емеспін бе? Мен біздің Иеміз Исаны көрдім емес пе? Менің Иеміздегі игі ісімнің жемісі сендер емессіңдер ме?</verse>
				<verse number="2">Егер мен басқалар үшін Мәсіхтің елшісі болмасам да, сендер үшін елшімін! Себебі сендердің Иемізде болғандарың менің елшілігімнің мөрі болып табылады.</verse>
				<verse number="3">Міне, мені сыртымнан соттайтындардан өзімді осылай қорғаймын.</verse>
				<verse number="4">Сонымен, біздің де ішіп-жеуге қақымыз жоқ па?</verse>
				<verse number="5">Немесе басқа елшілер сияқты немесе Иеміздің бауырлары Кифа сияқты біздің де сенуші әйелдерімізді (сенуші әйелдерге үйленіп) өзімізбен бірге ертіп жүруге билігіміз жоқ па?</verse>
				<verse number="6">Әлде жалғызбасты менің не болмаса Барнабаның жұмыс істемеуге билігі жоқ па?</verse>
				<verse number="7">Қашаннан бері және қандай сарбаз әскери қызметтің шығынын өзі төлейді? Өзі отырғызып, өзі өсірген жүзімдіктің жемісінен кім жемейді? Немесе табын-табын мал бағып, малының сүтінен кім ішпейді?</verse>
				<verse number="8">Мен мұны адамның іс-әрекетіне байланысты айтып тұрмын ба? Әлде Заңда осы туралы айтылған ба?</verse>
				<verse number="9">Мұсаның Заңында: «Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума», -деп жазылған. Құдай осы жерде тек өгіздің қамын ойлап тұр ма?</verse>
				<verse number="10">Әлде осының бәрін біз үшін айтып тұр ма? Әрине, біз үшін жазылған: «Жер жыртушының да жерден өнім аламын деген үміті болу керек және астық бастырушының да өнімнен өзіне тиесілі бөлігін аламын деген үміт болуы керек».</verse>
				<verse number="11">Егер де біз сендерге рухани нәрді егіп, тек тәнге қажетті нәрселерді ғана орып алсақ, көптік етпей ме?</verse>
				<verse number="12">Ал егер де басқа біреулер сендердің үстеріңнен билік етіп жатса, онда біздің жасап жүрген билігіміз одан да биік болмай ма? Бірақ біз сол билікті қолданбаймыз, керісінше, сол нәрсе Мәсіхтің Ізгі хабарын таратуға қандай да бір кедергі әкелмесін деп, бәріне көніп, барлық жағынан ұстамды болдық.</verse>
				<verse number="13">Өздерін Құдайға бағыштап, қызмет етіп жүргендер тамақты ғибадатханадан ішетінін, ал құрбандық шалатын жерде қызмет атқарып жүргендер өз үлестерін сол құрбандық үстеліндегі құрбандықтан алатынын сендер білмейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="14">Сондықтан Иеміз Ізгі хабарды таратып жүргендер де дәл солай Ізгі хабардан түсетін өнімнен өмір сүруіне нұсқау берген болатын.</verse>
				<verse number="15">Ал мен осы аталған нәрселердің ешқайсысын да өз пайдама қолданған емеспін. Осы туралы жазғанда да өзіме пайда келтірейін деген ой болған емес. Өйткені өзім мақтан тұтып, ұстанып жүрген қасиеттерімді біреудің аяғына таптатқанша, өлгенім артық.</verse>
				<verse number="16">Мен Ізгі хабарды таратып жүргеніме мақтанбаймын, себебі бұл-маған Иемізден жүктелген міндет, егер де мен Ізгі хабарды жарияламайтын болсам, онда ол маған қасірет болмақ!</verse>
				<verse number="17">Егер де мен мұны өз еркіммен атқаратын болсам, онда мен өзіме лайықты ақымды аламын, ал егер де еріксіз істеген болсам, онда мен сенімді адал басқарушыға айналдым.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, мен қандай сыйақы аламын? Менің ұсынысым: Ізгі хабардың тегін жариялануы үшін, мен өзіме берілген билікті Ізгі хабарды таратқанда пайдаланбағаным дұрыс.</verse>
				<verse number="19">Мен барлық жағынан өзімді еріктімін деп санасам да, Құдайға көбірек адамдар әкелу үшін, өзімді барлық жағынан бәрінің құлы еттім.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, мен көптеген яһудейлерді Құдайға әкелу үшін, олар сияқты яһудей болдым. Өзім Заңның астында жүрмесем де, Заңға сүйенетіндерді Құдайға көбірек жақындату үшін, Заңға сүйенетін адамдай болып жүрдім.</verse>
				<verse number="21">Ал заңсыздармен Заңды білмейтін адам сияқты, ал Құдайдың заңымен өмір сүрмейтіндермен, керісінше, Мәсіхтің заңы бойынша жүріп, оларды да Құдайға жақындатуға тырыстым.</verse>
				<verse number="22">Сонымен қатар, әлсіздерді Құдайға жақындату үшін, оларға әлсіз болып көріндім. Осылай өзімді барлық жағынан бәріне құл етіп, әр түрлі жолмен біразын құтқарып қалуға тырыстым.</verse>
				<verse number="23">Осының бәрін мен Ізгі хабардың абыройы үшін істедім, өйткені тек осылай істегенде ғана Оның қызметшісі бола аламын.</verse>
				<verse number="24">Жүгіруден жарысқа шыққандардың арасынан тек біреуі ғана жүлдеге ие болатынын сендер білмейсіңдер ме? Жүлде алу үшін, сендер де жүгіруге тиіссіңдер.</verse>
				<verse number="25">Әрбір қатысушы барлық жағынан ұстамды болуға тырысады, өйткені олардың алатын тәжі шіріп жоқ болатын (тез бұзылатын) гүл шоқтары, ал біздің алатын тәжіміз -ешқашан шіріп кетпейтін (бұзылмайтын) мәңгілік тәж.</verse>
				<verse number="26">Міне, сондықтан мен мақсатсыз бекер жүгіріп, тек ауаны жұдырықтап жүрген біреу емеспін.</verse>
				<verse number="27">Керісінше, Ізгі хабарды басқаларға жариялауда өзім де жүлдеге лайықсыз болмауым үшін, өз тәнімді жаттықтырып, өзіме бағындырып жатырмын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Бауырластар, бір кездері біздің ата-бабаларымыздың бәрі бұлт астында жүріп, теңіз арқылы өткенін сендердің білгендеріңді қалаймын.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде олардың бәрі Мұса арқылы бұлтта және теңізде суға батырылып шомылдырудан өткендей болды.</verse>
				<verse number="3">Бәрі бірге бірдей рухани тамақ жеді,</verse>
				<verse number="4">бәрі бірге бірдей рухани сусыннан ішті. Сол кезде олар өздерін рухани жетелеп жүрген жартастан ішті, Сол жартас Мәсіх болатын.</verse>
				<verse number="5">Алайда Құдай олардың көпшілігіне риза болмады, сол үшін Құдай оларды түгел елсіз айдалада жойып жіберді.</verse>
				<verse number="6">Осының бәрі бізге ескерту ретінде үлгі болады, біз олар сияқты зұлымдықтың артынан жүгірмеуге тиіспіз.</verse>
				<verse number="7">Сендер олардың кейбіреуіндей пұттарға табынушы болмаңдар, олардың сол істері туралы Жазбада: «Халық ішіп-жеу үшін жайғасты, сосын орындарынан тұрып, көңіл көтерді», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="8">Олардың кейбіреулері азғындыққа берілді, біздің арамызда ондай азғындық болмасын, сол себепті бір күнде, яки, бір сәтте олардың жиырма үш мыңы құрып кетті.</verse>
				<verse number="9">Сол сияқты олардың кейбіреуіндей азғындыққа беріліп, Мәсіхті сынаудан аулақ болайық, олардың сол кездегі ісәрекеті үшін, бір мезетте оларды жылан шағып өлтірді.</verse>
				<verse number="10">Сонымен қатар, олардың кейбіреулері күңкілдей бастады, сонда құртушы періште келіп, оларды құртып жіберді, сондықтан сендер олар секілді күңкілдей бермеңдер.</verse>
				<verse number="11">Олардың басынан өткен осы жағдайлар бізге пайдалы болуы тиіс, өйткені заманның ақыры таяп қалған кезде, осының бәрі тәлім беру үшін жазылған.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан кімде-кім өз аяғымда нық тұрмын деп ойлайтын болса, құлап қалудан сақ болсын!</verse>
				<verse number="13">Сендердің бастарыңа түскен сынақтар-күнделікті өмірде адам басына түсетін сынақтар. Құдай Өз сөзіне адал болғандықтан, Ол сендерге шамадан тыс сынаққа түсулеріңе жол бермейді, керісінше, Ол сол сынақтан шығатын жолды сендерге көрсетіп, соны жеңіп шығуға мүмкіндік беріп отырады.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан менің сүйікті бауырларым, пұтқа табынбаңдар, сондай нәрседен қашыңдар.</verse>
				<verse number="15">Мен мұны ақыл-есі дұрыс (парасатты) адамдар ретінде сендерге айтып отырмын, сондықтан менің айтқандырыма ден қойып, ойланыңдар.</verse>
				<verse number="16">Біз тостағанды алып, жарлықап, бата береміз, ал бұл біздің Мәсіхтің қанымен байланыста тұрғанымызды көрсетпей ме? Ал шетінен үзіп алған нан біздің Мәсіхтің денесімен байланыста тұрғанымызды көрсетпей ме?</verse>
				<verse number="17">Нан-біреу, біз көппіз, алайда сол нан арқылы бәріміз бірігіп, бір дене болдық, себебі бәріміз Сол нанның бір-бір бөлігіміз.</verse>
				<verse number="18">Тәннің қалауымен өмір сүріп жатқан исраил халқына қараңдаршы: құрбандыққа шалынған құрбандықтың етін жегендер құрбандық үстелімен байланыста болмай ма?</verse>
				<verse number="19">Мұнымен сонда не айтпақпын? Пұтқа арналып берілетін құрбандықтың қандай мағынасы бар? Немесе пұттың қандай мәні бар?</verse>
				<verse number="20">Алайда олар сол құрбандықтарын Құдайға бағышталған құрбандық ретінде емес, жындарға арналған құрбандық ретінде шалады, ал мен сендердің жындармен сыбайлас болғандарыңды қаламаймын.</verse>
				<verse number="21">Өйткені Иеміздің де тостағанынан, жындардың да тостағынан бірдей іше алмайсыңдар. Сонымен бірге Иеміздің де асынан, жындардың да асынан бірдей жей алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="22">Сонымен, сендер Иеміздің қызғанышын тудырайын деп отырсыңдар ма? Сонда біз Одан да күшті болып кеттік пе?</verse>
				<verse number="23">Бәрін істеуге болады, алайда бәрі бірдей пайдалы болмайды. Бәрін де істеуге болады, алайда бәрі бірдей кемелді етіп жетілдірмейді.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан ешкім өзінің ғана қалауы емес, басқаның да қалауын іздейтін болсын.</verse>
				<verse number="25">Ар-ұяттарыңның тыныштығы мен тазалығы үшін, базарда сатылып жатқан еттің бәрін зерттеп, сұрастырмайақ алып, жей беріңдер,</verse>
				<verse number="26">өйткені «осы жер және жердің бетін толтырып тұрғанның барлығы Иеміздің меншігінде».</verse>
				<verse number="27">Егер де сендерді бір сенбеуші қонаққа шақыратын болса, барғыларың келсе, барыңдар және ар-ұяттарың тыныш әрі таза болуы үшін, ол не ұсынса, соны мұқият зерттеп, сұрамай-ақ берген асын жей беріңдер.</verse>
				<verse number="28">Ал егер де біреу сендерге: «Бұл -пұтқа арналып шалынған құрбандық», -деп айтатын болса, онда осыны айтқан адам үшін де, ар-ұяттарың үшін де оны жемеңдер.</verse>
				<verse number="29">Ар-ұят дегенімде сендердің ар-ұяттарыңды айтып тұрған жоқпын, керісінше, басқа (бөтен) адамдардың арұяты жайында айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="30">Егер де мен Құдайдың рақымымен өзіме берілген тиесілі үлесім үшін, Құдайға алғыс айтып жейтін болсам, онда мені неменеге соншама айыптайды?</verse>
				<verse number="31">Сонымен, не жеп, не ішсеңдер де, не істесеңдер де бәрін Құдайдың даңқын арттыру үшін істеңдер.</verse>
				<verse number="32">Осылай яһудейлер мен гректердің алдында да, Құдайдың қауымының алдында да мінсіз болыңдар.</verse>
				<verse number="33">Сонымен, барлық жерде бәріне ұнайтындай мен сияқты өмір сүріп, қара бастың қамын ғана ойламай, басқалардың құтқарылуы үшін, көпшілікке пайдалы іс-әрекет істеңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Мен Мәсіхке қалай еліктесем, сендер де солай еліктеңдер.</verse>
				<verse number="2">Менің өздеріңе тапсырған тәлімімді естеріңде сақтап, қолданып жүргендерің үшін, сендерді мақтап жүремін.</verse>
				<verse number="3">Мына нәрсені біліп алғандарыңды қалаймын: әрбір еркектің басы-Мәсіх, әйелдің басы-күйеуі, Мәсіхтің басы Құдай.</verse>
				<verse number="4">Кез-келген еркек басын жауып мінәжат етсе немесе басын жауып пайғамбарлық сөз айтатын болса, онда ол өз қадірін өзі кетіреді.</verse>
				<verse number="5">Кез-келген әйел басын жаппай мінәжат етсе не болмаса пайғамбарлық сөз айтатын болса, онда ол өз қадірін өзі түсіреді. Бұл оның басындағы шашын тақырлатып алып тастағанмен бірдей.</verse>
				<verse number="6">Егер әйел адам басын жаппайтын болса, онда шашын тақырлап алып тастасын, егер де әйел адам шашын тақырлап алып тастағанды (тақырбас болып жүргенді) ұят деп санаса, онда басын орамалмен жауып жүрсін.</verse>
				<verse number="7">Ер адам басын жауып жүруге міндетті емес, өйткені ер адамның бойынан Құдайдың бейнесі мен даңқы көрінеді. Әйел адам күйеуінің даңқы болып табылады.</verse>
				<verse number="8">Өйткені ер адам әйелден емес, керісінше, әйел ер адам арқылы пайда болды,</verse>
				<verse number="9">ер адам әйел үшін емес, әйел ер адам үшін жаратылған.</verse>
				<verse number="10">Міне, сондықтан да әйел адамның міндеті өзінің биліктің астында жүргенін періштелерге білдіру үшін, басын жауып жүруі тиіс.</verse>
				<verse number="11">Алайда Иемізбен бірлікте әйел адам ер адамсыз немесе ер адам әйел адамсыз (бір-бірінен тәуелсіз) бола алмайды.</verse>
				<verse number="12">Себебі әйел ер адамнан жаратылса, ер адам әйел арқылы жаратылған, бірақ бәрін Құдай жаратқан.</verse>
				<verse number="13">Өздерің ойланып қараңдаршы, егер әйел адам Құдайға мінажат еткен кезде, басын орамалмен жаппаса, бұл оған жараса ма?</verse>
				<verse number="14">Егер ер адам шашын жалбыратып, ұзын етіп өсіріп жіберсе, онда айналаның өзі-ақ оны қадірсіз, масқара етіп көрсетпей ме?</verse>
				<verse number="15">Егер де әйел өзінің шашын өсіретін болса, онда бұл оның әдемі көркі емес пе? Әйелге берілген сол шаш, оның басын жабатын жамылғы болып табылады.</verse>
				<verse number="16">Кімде-кім осы жайлы талас-тартыс тудыратын болса, оларға айтарымыз мынау: мұндай әдет-ғұрып біздің де, Құдайдың да қауымдарында болған емес.</verse>
				<verse number="17">Алайда бұл берілген нұсқау ғана, бірақ сендердің іс-әрекеттеріңді жақсы деп мақтай алмаймын, керісінше, сендер жаман нәрселерді істеу үшін жиналатын сияқтысыңдар.</verse>
				<verse number="18">Өйткені сендер қауым болып алғаш жиналып жүрген кезде, сендердің араларыңда жікке бөлінудің бар екенін естідім. Осы жағдайдың ішінара болғанына мен сенемін.</verse>
				<verse number="19">Сендердің сенімдеріңнің берік екенін анықтау үшін, осындай әр түрлі ой-пікірлер араларыңда айтылуы қажет.</verse>
				<verse number="20">Сонымен қатар, сендер бірге жиналған кезде, Иемізге арналған кешкі асты да бірге отырып ішіп-жемейді екенсіңдер.</verse>
				<verse number="21">Әркім өзі әкелген тамағын жеке бөлініп, басқалардан бұрын жеп алады екен, кейбіреуі аш қалып, басқа біреулері мас болып жүреді екен.</verse>
				<verse number="22">Сонда қалай болғаны? Өз үйлеріңде ішіп-жейтін тамақтарың жоқ па? Әлде Құдайдың қауымын соншама жеккөргендіктен, ішуге тамағы жоқтарды ұялтайын дедіңдер ме? Енді сендерге не десем екен? Мақтайын ба? Жоқ! Бұл әрекеттерің үшін сендерді мақтай алмаймын.</verse>
				<verse number="23">Мен Иемізден нені қабылдасам, соны сендерге табыстадым. Иеміз ұсталатын түні нанды алып,</verse>
				<verse number="24">алғысын айтып болған соң, одан шәкірттеріне үзіп беріп: «Бұл -сендер үшін берілген Менің денем, Мені еске алу үшін енді осылай істеңдер», - деген болатын.</verse>
				<verse number="25">Дәл солай кешкі астан кейін тостағанды алып: «Мына тостаған-Менің қаныммен бекітілген Жаңа Келісім. Мені естеріңе алу үшін, үнемі осылай істеңдер», -деген болатын.</verse>
				<verse number="26">Сонымен, егер де сендер үнемі осы нанды жеп, осы тостағаннан ішкен сайын, Иеміздің өз уақытында қайтып келетін кезге дейін, Оның өлімін жариялайтын боласыңдар.</verse>
				<verse number="27">Егер де кімде-кім сол нанды лайықсыз түрде жеп, сол тостағаннан лайықсыз түрде ішетін болса, онда ол Иеміздің денесі мен қанына қарсы күнә жасайды.</verse>
				<verse number="28">Сол үшін әрбір адам ең алдымен өзін-өзі тексерсін, содан кейін ол сол нанды жесін әрі сол тостағаннан ішетін болсын.</verse>
				<verse number="29">Өйткені нан жеп, тостағаннан ішкен адам Исаның денесіне аса мән бермей, нан жеп, тостағаннан ішетін болса, ол өз-өзіне үкім шығарады.</verse>
				<verse number="30">Сол себепті де сендердің көпшілігің ауру әрі әлсізсіңдер, көбісі қайтыс болып кетті.</verse>
				<verse number="31">Егер біз өзімізді-өзіміз сынап, тексеріп отырсақ, онда біз сотталмас едік.</verse>
				<verse number="32">Біз Иеміздің тәрбиесінде болу үшін сотталдық, сондықтан біз осы әлемнің сотына ілікпейміз.</verse>
				<verse number="33">Бауырластар, ас ішуге жиналғанда, бір-біріңді күтіңдер.</verse>
				<verse number="34">Егер кім аш болса, жиналғандардың үкіміне ілікпес үшін, тамағын үйінен ішіп келсін. Ал қалған нұсқауды өздеріңе барған кезде берермін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Бауырластар, рухани дарындар туралы сендердің білгендеріңді қалаймын.</verse>
				<verse number="2">Бір кездері сендер басқа ұлт ретінде өз беттеріңмен бөлек жүргенде, тілсіз пұтқа табынып, соның жетегіне ергендеріңді өздерің де білесіңдер.</verse>
				<verse number="3">Сол үшін де сендер мынаны біліп алсаңдар екен: Құдайдың Рухымен сөйлейтін адам Исаға қарсы ешқандай қарғыс сөз (анафема) айтпайды, Киелі Рухтың көмегінсіз ешкім де Исаны Ием деп айта алмайды.</verse>
				<verse number="4">Әр түрлі дарындар бар, ал Рух-Біреу.</verse>
				<verse number="5">Алуан түрлі қызметтер бар, Иеміз-Біреу.</verse>
				<verse number="6">Әр түрлі іс-әрекеттер бар, алайда Құдай-Біреу, Құдай әрбір жағдайда әр түрлі әрекет етеді.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан әркімге Рух ортақ істе игілікті болу үшін беріледі.</verse>
				<verse number="8">Міне, сондықтан біреуге Рухтан даналық сөз берілсе, басқасына сол Рух арқылы білімді сөз беріледі.</verse>
				<verse number="9">Сол Рухтан біреуге сенім берілсе, Сол Рухтан басқа біреуге сауықтыру дарыны беріледі.</verse>
				<verse number="10">Кейбіреуге іс-әрекет жасайтын күш-қуат берілсе, тағы біреуіне пайғамбарлық, енді біреуге рухтарды ажырату, басқасына неше түрлі тілдерде сөйлеу дарыны, әлдекімге сол тілдерде айтылғандарды түсіндіру дарыны беріледі.</verse>
				<verse number="11">Осының бәрін іске асыратын-Сол бір Рух және әрқайсысына сол дарындарды өз қалауынша бөліп беретін де - Сол бір Рух.</verse>
				<verse number="12">Егер де біз денені алып қарайтын болсақ, оның көптеген мүшелері бар, оның мүшелері қаншама көп болғанымен, барлығы бірігіп, бір денені құрайды, Мәсіхтің денесімен де дәл солай.</verse>
				<verse number="13">Мейлі яһудей немесе грек болсын, мейлі құлдар немесе бостандықта жүргендер болсын, бәріміз Сол бір Рух арқылы бір денеге батырылып, бір Рухтан сусындадық.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, денеде бір ғана мүше емес, көптеген мүшелері бар дедік.</verse>
				<verse number="15">Егер де аяқ: «Мен қол емеспін, сондықтан мен дене мүшесіне жатпаймын!» -дейтін болса, ол бәрібір сол дененің мүшесі емес пе?</verse>
				<verse number="16">Егер де құлақ: «Мен көз емеспін, сондықтан мен денеге жатпаймын!» -дейтін болса, ол да бәрібір сол денеге жатпай ма?</verse>
				<verse number="17">Егер де бүкіл дене тек көзден ғана тұратын болса, онда есту қабілеті қайда болады? Егер де бүкіл дене тек есту қабілетінен тұратын болса, онда иіс сезу қабілеті қайда болады?</verse>
				<verse number="18">Құдай Өзінің қалауымен әрбір мүшені денеге орын -орнымен орналастырып қойды.</verse>
				<verse number="19">Егер де олардың бәрі тек бір ғана мүше болса, онда дене қайда болар еді?</verse>
				<verse number="20">Енді қазіргі жағдайға келер болсақ, көптеген мүше бір денені құрап тұр.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан көз қолға: «Мен саған мұқтаж емеспін!» -деп айта алмайды, сол секілді бас та аяққа: «Мен сендерге мұқтаж емеспін!» - деп айта алмайды.</verse>
				<verse number="22">Сол себепті де денеге керек деген көп мүшелерден гөрі әлсіз мүшелер өте қажет болуы мүмкін.</verse>
				<verse number="23">Денедегі кейбір құрметке лайықсыз деген мүшені біз көбірек бағалаймыз, ал мән бермей, құнсыз деп есептеген дене мүшелеріміз үлкен құрметке ие болады,</verse>
				<verse number="24">алайда біздің сол аса құнды деп санап жүрген мүшеміз құрметке сондай мұқтаж да емес. Құдай денені жаратқан кезде, сол құрметке мұқтаж болған мүшені көбірек қамқорлыққа алу үшін жаратты,</verse>
				<verse number="25">сол кезде денеде өзара бөліну болмайды, керісінше, олар бір-біріне қомқорлық көрсететін болады.</verse>
				<verse number="26">Егер де бір мүше қиналатын болса, онымен бірге барлық мүше азап шегеді, ал бір мүше даңқталатын болса, онымен бірге барлық мүше қуанатын болады.</verse>
				<verse number="27">Сонымен, сендер Мәсіхтің денесі болдыңдар әрі Оның денесінің бір-бір мүшесісіңдер.</verse>
				<verse number="28">Сондықтан Құдай қауымға біріншіден елшілерді, екіншіден пайғамбарларды, үшіншіден тәлімгерлерді берді. Одан кейін кереметтер жасайтын күш, сосын сауықтыру дарындарын, (мұқтаждарға) жәрдем берушілерді, басқарушыларды, біреулерге түрлі тілдерді берді.</verse>
				<verse number="29">Алайда бәрі бірдей елші ме? Бәрі бірдей пайғамбар ма? Бәрі бірдей тәлімгер ме? Бәрі бірдей күшті ме?</verse>
				<verse number="30">Дарындардың бәрі бірдей сауықтыра ала ма? Бәрі бірдей тілдерде сөйлей ала ма? Бәрі бірдей осы тілдерді түсіндіріп бере ала ма?</verse>
				<verse number="31">Ең бастысы ең үлкен (маңызды) дарындарға ие болуға ұмтылыңдар. Соған ие болатын ең жақсы жолды мен сендерге көрсетіп берейін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Егер де мен адамдардың немесе періштелердің тілдерінде сөйлей алатын болсам, алайда менде сүйіспеншілік болмаса, онда мен қоңыраулы мыс немесе сыңғырлаған асатаяқ (кимвал) секілді боламын.</verse>
				<verse number="2">Егер менде пайғамбарлық дарын болып, барлық құпиялар мен бүкіл білімді меңгерсем де, орнынан тауды қозғалтатындай сенімім болса да, бірақ менде сүйіспеншілік болмаса, онда мен түкке де тұрмаймын.</verse>
				<verse number="3">Егер де мен бүкіл дүние-мүлкімді елге (мұқтаждарға) таратып берсем және өзім мақтауға лайық болу үшін, өз денемді қиып бергеннің өзінде, менде сүйіспеншілік болмаса, онда бұл да маған ешқандай пайда әкелмейді.</verse>
				<verse number="4">Сүйіспеншілік бәріне де шыдайды, сүйіспеншілік тек жақсылық жасайды, ол не қызғанбайды, не мақтанбайды және паңданбайды,</verse>
				<verse number="5">ол не жүгенсіз (дөрекі) емес, өз пайдасын іздемейді, ашуға берілмейді, жамандық ойламайды.</verse>
				<verse number="6">Әділетсіздікке емес, тек шындыққа қуанады.</verse>
				<verse number="7">Барлығын бүркемелеп, жауып тұрады, бәріне сенеді, бәріне үміттенеді, бәріне шыдайды.</verse>
				<verse number="8">Мүмкін, пайғамбарлық тоқтайтын шығар, тілдер де жойылар, білім де қысқарар, ал сүйіспеншілік ешқашан жойылмайды.</verse>
				<verse number="9">Біздің білетініміз де толық емес, әрі біздің пайғамбарлығымыз да жарым жартылай ғана</verse>
				<verse number="10">ал кемелділік келген кезде, сол жарым жартылай болғанның бәрі жойылатын болады.</verse>
				<verse number="11">Мен балалық шағымда бала тілімен сөйлеп, бала сияқты ойлап, бала сияқты пайымдайтынмын, енді есейіп, азамат болған кезде, балалығымның бәрі артта қалды.</verse>
				<verse number="12">Қазір біздің көріп жүргеніміз күңгірт айнадан көргендей бұлдыр бейне ғана, ал сол уақытта бір-бірімізді бетпебет көретін боламыз. Қазіргі менің білетінім де жартылай ғана, сол кезде Құдай мені қалай білетін болса, мен де солай Оны танып-білетін боламын.</verse>
				<verse number="13">Сонымен, мына үшеуі нақты мәңгіге қалады: сенім, үміт, сүйіспеншілік. Осылардың арасындағы ең үлкені (маңыздысы) - сүйіспеншілік.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Сондықтан сүйіспеншіліктің жолын қуыңдар, рухани дарындарға ие болуға құштар болып, соған жан сала ұмтылыңдар, әсіресе, пайғамбарлық дарынға көбірек көңіл бөліңдер.</verse>
				<verse number="2">Бөтен тілде сөйлейтін адам адамдарға емес, Құдайға айтады, өйткені құпия нәрселерді рухпен айтатындықтан, оны ешкім түсіне алмайды.</verse>
				<verse number="3">Пайғамбарлық сөз адамдарды нығайту (жігерлендіру) үшін әрі ақыл-кеңес беріп, жұбату үшін айтылады.</verse>
				<verse number="4">Сонымен, бөтен тілде сөйлейтін адам өзін-өзі нығайтады, пайғамбарлық дарыны бар адам қауымды нығайтады.</verse>
				<verse number="5">Барлықтарыңның бөтен тілде сөйлегендеріңнен гөрі, көбірек пайғамбарлық сөз айтқандарыңды қалаймын, өйткені тек бөтен тілде сөйлейтін адамның айтқан сөзінің мәнін ашып, түсіндіріп беретін мүмкіндік болмаса, онда қауымды нығайту үшін айтылатын пайғамбарлық сөздің әкелетін пайдасы әлдеқайда зор.</verse>
				<verse number="6">Бауырластар, егер де мен сендердің орталарыңа барып, (бөтен тілде сөйлесем), бірақ сендерге ештеңе ашылмаса не білім бермесем, пайғамбарлық сөз айтпасам не тәлім бермесем, онда мен сендерге қандай пайда әкелмекпін?</verse>
				<verse number="7">Егер де дыбыс шығаратын жансыз заттардың өзі, атап айтқанда, сыбызғы немесе ішекті аспап болсын, олардың шығаратын әуендерінің арасында ешқандай айырмашылық болмаса, онда сол сыбызғы мен ішекті аспаптың қандай әуен шығарып жатқанын қалай білуге болады?</verse>
				<verse number="8">Егер де керней өз үніне лайықсыз немесе түсініксіз дыбыс шығаратын болса, онда соғысқа дайындалуға кім дайындық жасай алады?</verse>
				<verse number="9">Сол секілді сендер де тіл арқылы шығатын сөздеріңді түсінікті етіп айтпасаңдар, не айтып жатқандарыңды қалай түсінуге болады? Онда сендердің айтқандарыңның бәрі желге ұшқанмен бірдей болады.</verse>
				<verse number="10">Осы әлемде неше түрлі дыбыстар бар, алайда олардың бәрі дыбысы жоқ (үн мен салдырдан тұратын) дауыссыз дыбыстар емес.</verse>
				<verse number="11">Егерде мен сол дыбысты нақты айтпасам, онда мен жатжерлік адаммен сөйлесіп тұрғандай боламын, сөйтіп, менің сол жат тілде не сөйлегенімді ешкім ажырата алмайтын болады.</verse>
				<verse number="12">Міне, сондықтан сендер рухани дарындарға құштар болып, жан сала ұмтылыңдар, қауымды нығайтатын дарындарды молынан игеріп, соған ие болатын жолды іздеңдер.</verse>
				<verse number="13">Басқа тілде сөйлейтін адам өзінің не туралы айтқанын басқаларға нақты ашып, түсіндіріп беруі үшін мінәжат етсін.</verse>
				<verse number="14">Мен басқа тілде мінәжат ететін болсам, менің рухым ғана мінәжат етеді, ал менің ой-санам жеміссіз қалып қояды.</verse>
				<verse number="15">Сонда менің не істеуім қажет? Рухпен де, ой-санаммен де мінәжат етіп, Забур жырларын рухпен, ой-санаммен айту-менің негізгі мақсатым.</verse>
				<verse number="16">Егер де сен Рухпен бата беріп, жарылқағанда, сенің қасыңда тұрған қарапайым адам сенің айтып жатқаныңды түсінбесе, ол сені қалай «Аумин!» деп қолдайды?</verse>
				<verse number="17">Әрине, сенің жарылқап, бата беріп, алғыс айтқаның жақсы, бірақ бұл басқа біреуді нығайтып, жетілдірмейді.</verse>
				<verse number="18">Мен өзім сендерден гөрі басқа тілде көбірек сөйлей алатыным үшін, Құдайға алғысымды білдіремін.</verse>
				<verse number="19">Бірақ мен басқа тілде он мың сөз айтқанша, ой-санаммен бес сөз айтып, қауымды да, басқаларды да нығайтқаным дұрыс болар еді.</verse>
				<verse number="20">Бауырластар, ой-саналарың ақылы толмаған баланікіндей болмасын. Сендер зұлымдықпен бетпе-бет келгенде жас нәрестедей болыңдар, ал ақылға келгенде естияр адамдай кемелді болуға тырысыңдар.</verse>
				<verse number="21">«Бұл халыққа Мен бейтаныс тілдермен де, басқалардың аузымен де сөйлейтін боламын, соның өзінде олар Маған мойынсынбайтын болады», -деп Жаратқан Иеміз Жазбада айтқан.</verse>
				<verse number="22">Сондықтан бөтен тілдер сенушілерге емес, сенбеушілерге арналған керемет бір белгі, ал пайғамбарлыққа келсек, бұл сенбеушілерге емес, сенушілерге арналған керемет белгі.</verse>
				<verse number="23">Егер де бүкіл қауым бірге жиналған кезде, бәрі басқа тілдерде сөйлейтін болса, онда сол жерге келген қарапайым адамдар да, сенбеушілер де: «Мыналардың естері ауысқанау», - демей ме?</verse>
				<verse number="24">Егер де бәрі жиналып, пайғамбарлық сөз айтып жатқанда, сол жерге сенбеуші немесе қарапайым адам кіретін болса, олар әрқайсысының айтқаны арқылы әшкереленеді және Құдайдың алдында өздерінің айыпты (күнәкар) екендерін түсінеді.</verse>
				<verse number="25">Сонда олардың жүректеріндегі құпия сырлары ашылып: «Сендердің араларыңда, шынымен, Құдай бар екен!» -дейтін болады, сөйтіп, олар тізелерін бүгіп, Құдайға құрмет көрсететін болады.</verse>
				<verse number="26">Бауырластар, сонымен не болды? Сонымен, сендер жиналған кезде, біреуіңе (мадақтау) Забур жыры берілсе, біреуіңе тәлімгерлік, біреуіңе ашылу, аян, біреуіңе бөтен тілде сөз, біреуіңе соны нақты түсіндіріп беретін дарын берілген болса, осының бәрі тек адамдарды нығайтып, жігерлендіру үшін болсын.</verse>
				<verse number="27">Егер де кімде-кім, мейлі, екеуі немесе үшеуі бөтен тілде кезектесіп сөйлеп, біреуі соны жартылай болса да, түсіндіріп беретін болсын.</verse>
				<verse number="28">Егер де анықтап түсіндіріп беретін біреу болмаса, онда қауымдағылар үндемесін, айтқысы келгенін ішінен Құдайға айтсын.</verse>
				<verse number="29">Араларыңда пайғамбарлар болса, олардың тек екеуі немесе үшеуі ғана сөйлейтін болсын, қалғандары оның айтқандарын тексеріп, өзара талқыласын.</verse>
				<verse number="30">Егер сол жерде отырғандардың біреуіне бір нәрсе ашылып, аян алса, онда алғашқы сөйлеген адам үндемесін.</verse>
				<verse number="31">Себебі бәрі бірдей тәлім алып, жігер алсын десеңдер, пайғамбарлық сөзді біріңнен кейін бірің кезек-кезек айта берулеріңе болады.</verse>
				<verse number="32">Сонда Құдайдың пайғамбарларының рухы тек олардың өздеріне бағынатын болады.</verse>
				<verse number="33">Біздің Құдай тәртіпсіздіктің Құдайы емес, Ол-бейбіт тыныштықтың Құдайы. Енді Құдайға бағышталған қауымдардың бәріне берілген нұсқауға сай айтарым:</verse>
				<verse number="34">әйелдер үндемесін, өйткені оларға сөйлеуге рұқсат берілмейді, Заңда бұл туралы қалай айтылған болса, олар соған бағынатын болсын.</verse>
				<verse number="35">Бір нәрсе үйренгілері келсе, үйге барғанда өз күйеулерінен сұрап алсын, өйткені әйелдің қауымда сөйлегені ұят болады.</verse>
				<verse number="36">Құдайдың сөзі (алғаш рет) мына сендерден шығып па еді? Әлде тек сендер үшін ғана келіп пе еді?</verse>
				<verse number="37">Егер де араларыңдағы біреу өзін пайғамбар немесе рухани жетілген адам ретінде көретін болса, онда ол менің осы жазғанымды Жаратушы Иеміздің өсиеті деп қабылдайтын болсын.</verse>
				<verse number="38">Егер кімде-кім бұл жайлы білгісі келмесе, білмей-ақ қойсын. (Кім мұны мойындағысы келмесе, сендер де оны мойындамаңдар).</verse>
				<verse number="39">Сонымен, менің бауырластарым, пайғамбарлық сөз айтуға ұмтылыңдар, алайда басқа тілде сөйлеуге де кедергі жасамаңдар.</verse>
				<verse number="40">Дегенмен, барлығы ізгілікпен әрі тәртіпке сай кезеккезегімен орындалуы тиіс.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Бауырластар, мен өздеріңе уағыздаған Ізгі хабарды қалай қабылдаған болсаңдар, сонымен нық тұруларыңды естеріңе салғым келеді.</verse>
				<verse number="2">Сендерге жариялаған Ізгі хабардың сөзін берік ұстансаңдар, сол арқылы құтқарыласыңдар, егер олай болмаса, сенімдеріңнің бекер болғаны.</verse>
				<verse number="3">Сол Ізгі хабарды алдымен мен өзім қабылдадым, содан кейін сендерге жеткіздім, Жазбада жазылғандай, Мәсіх біздің күнәларымыз үшін өлді.</verse>
				<verse number="4">Ол қабірге қойылды, үшінші күні Жазбаға сәйкес өлімнен қайта тірілді.</verse>
				<verse number="5">Сосын Ол Петрге, кейін Өзінің он екі шәкіртіне көрінді.</verse>
				<verse number="6">Одан кейін бір мезетте бірден бес жүзден аса бауырластарымызға көрінді. Олардың көбі әлі тірі, кейбіреулері қайтыс болды.</verse>
				<verse number="7">Мәсіх одан соң Жақыпқа, кейін елшілердің бәріне көрінді,</verse>
				<verse number="8">бұдан кейін Ол құрсақтан түскен түсік сияқты болған маған да бәрінің соңында келіп көрінді.</verse>
				<verse number="9">Елшілердің арасындағы ең елеусізі мен болдым, елші деп аталуға лайық емес едім, өйткені мен Құдайдың қауымын қудаладым.</verse>
				<verse number="10">Алайда Құдайдың рақымдылығының арқасында кім болсам да, қазір мен бармын. Оның мендегі сол рақымдылығы бекерден-бекер болған жоқ, мен барлығынан көп еңбектендім, бірақ өзім емес, мені Өзімен бірге жетелеп жүрген Құдайдың рақымы еңбек етті.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, мейлі, мен болайын немесе олар болсын, айырмашылық жоқ. Ең маңыздысы-біздің уағыздап жүргенімізге сендер сендіңдер.</verse>
				<verse number="12">Егер де Мәсіхтің өлімнен қайта тірілгені туралы уағыздалып жатса, кейбіреулерің өлгендер қайта тірілмейді деп қалай айта аласыңдар?</verse>
				<verse number="13">Егер де өлгендер қайта тірілмейтін болса, онда Мәсіх те қайта тірілген жоқ.</verse>
				<verse number="14">Ал Мәсіх қайта тірілмеген болса, онда біздің айтып жүрген уағызымыз да, сендердің сенімдерің де бекер болғаны.</verse>
				<verse number="15">Онда біз де Құдайдың алдында жалған куәгер болып саналар едік, өйткені біз Мәсіхті Құдай өлімнен қайта тірілтіп алды деп жариялап, Оған қарсы куәлік айтқан болып жүрміз, Құдай Оны өлімнен қайта тірілтпеген болса, онда өлгендер де қайтадан тірілмейтін болады.</verse>
				<verse number="16">Өлгендер қайта тірілмейтін болса, онда Мәсіхтің де өлімнен қайта тірілмегені.</verse>
				<verse number="17">Мәсіх өлімнен қайта тірілмеген болса, онда сендердің Оған деген сенімдеріңнің бекер, пайдасыз болғаны және сендердің күнәларың да алынған жоқ, яғни, күнәларың өздеріңде қалды.</verse>
				<verse number="18">Сонымен қатар, Мәсіхке сеніп қайтыс болғандарда да құрып кетті.</verse>
				<verse number="19">Егер де біз Мәсіхке тек осы өмірде ғана үміт артатын болсақ, онда біз бүкіл адамдардың арасындағы ең бейшарасы болар едік.</verse>
				<verse number="20">Мәсіх, шынымен де, өлімнен қайта тірілді! Сондықтан Ол өлімнен қайта тірілгендердің ең тұңғышы атанды!</verse>
				<verse number="21">Себебі бір адам арқылы өлім кірді, бір Адам арқылы өлгендер қайта тірілетін болады.</verse>
				<verse number="22">Адаммен байланыстағылардың бәрі де өледі, ал Мәсіхпен байланыстағылардың бәрі өлімнен қайта тіріледі.</verse>
				<verse number="23">Сонда әр нәрсе өз ретімен болады: өлімнен қайта тірілгендердің тұңғышы Мәсіх қайтып келгенде, Мәсіхте болғандар тіріледі.</verse>
				<verse number="24">Сонда ежелден басталған әрбір басшылық, әрбір билік, әрбір күш жойылып, Ол патшалығын Құдай Әкеге тапсырады, сөйтіп, ақырғы кез болады.</verse>
				<verse number="25">Өйткені Мәсіх өзінің жауларыңың бәрін тізе бүктіріп, оларды Құдайдың аяғының астына салып беретін уақытқа дейін, Ол патшалық құратын болады.</verse>
				<verse number="26">Ең соңында жойылатын жау бұл-өлім.</verse>
				<verse number="27">«Ол мұның бәрін бағындырып, оларды Оның аяғының астына салып береді». Ал «бәрі бағындырылып болды» дегенде, Оған бағынатындардың «бәрі» Оның Өзі емес екені түсінікті болып тұр.</verse>
				<verse number="28">Сонымен, бәрі Оған бағындырылып болғаннан кейін, тек сонда ғана Құдайдың Ұлы, Оның Өзіне, яғни, бәрін бағындырып Бергеннің Өзіне бағынатын болады, осылай Құдай барлық жерде бәрімен бірге болады.</verse>
				<verse number="29">Ал енді (күнәға) өлу үшін, суға батырылып шомылғандармен не болмақ? Егер де өлгендер қайта тірілмейтін болса, онда олардың суға батырылып шомылуының қажеті қанша?</verse>
				<verse number="30">Онда біз не үшін сағат сайын басымызды қатерге тігіп жүрміз?</verse>
				<verse number="31">Мен басымды өлімге күнде тігемін, бауырластар, бұлнағыз шындық, сондықтан Иеміз Иса Мәсіхте жүрген сендерге мен осылай мақтана аламын.</verse>
				<verse number="32">Егер де мен Ефестегі «аңдармен» адами тұрғыда шайқасатын болсам, одан маған келер не пайда? Егер де өлгендер қайта тірілмейтін болса, онда «Келіңдер, ішейік, жейік, (тойлайық), өйткені ертең бәрібір өлеміз».</verse>
				<verse number="33">Адаспаңдар, «жақсы әдетпен жүргендерді жаман әдетпен жүретін орта бұзады».</verse>
				<verse number="34">Естеріңді жиып, сақ жүріңдер, күнә жасамаңдар, өйткені кейбіреулер Құдай туралы әлі де еш нәрсе білмейді, мен мұны сендерді ұялту үшін айтып отырмын.</verse>
				<verse number="35">Кейбіреулер: «Өлгендердің қайта тірілуі қалай болады? Олар қандай денемен келеді?» - деп жүрген болар.</verse>
				<verse number="36">Ей, ақылсыз, сенің еккен дәнің алдымен өлмесе, ол қайта тірілмейді!</verse>
				<verse number="37">Сен дәнді отырғызған кезде, өсіп, дайын тұрған өсімдікті екпейсің ғой, дәннің өзін, яғни, бидайдың немесе бір басқа дәнді-дақылдың тұқымын егесің.</verse>
				<verse number="38">Құдай Өзінің қалауы бойынша, сол әрбір тұқымға өзіне лайықты дене береді.</verse>
				<verse number="39">Құдай бір денені кез-келген басқа денеге бере салмайды ғой, адамдарға басқа дене берілген, малдарға берілген дене мүлдем басқа, сол сияқты құстарға да басқа дене берілсе, балықтарға берілген дене де басқа.</verse>
				<verse number="40">Сонымен қатар, аспан мен жердің де өздеріне лайықты денелері бар, алайда аспан денелерінің әдемілігі басқаша, жердің денелерінің әдемілігі де мүлдем басқа болады.</verse>
				<verse number="41">Күннің сәулесі өзіне тән жарық беретін болса, ай мен жұлдыздардың жарық беруі мүлдем басқа, өйткені бір жұлдыздың жарқырауы әлсіз болса, енді бір жұлдыздар ерекше жарық болады.</verse>
				<verse number="42">Сонымен, өлгендердің қайта тірілуі де осыған ұқсас болады. Шіріп, жоқ болу үшін себілген (қойылған) денеден, шірімейтін тірі дене өніп шығады. (Жер қойнына шіріп, жойылатын дене берілсе, шірімейтін, жойылмайтын дене болып тіріледі).</verse>
				<verse number="43">Атақ-абыройсыз (көріксіз) болып себіліп, (керемет болып), қайта тіріліп, даңққа бөленеді. Әлсіз болып себіледі де, күшті болып қайта тіріледі!</verse>
				<verse number="44">Себілетіні (жер қойнына берілетіні) -адамның тәндік денесі, қайта тірілетіні-рухани дене. Нақты айтар болсақ, адамның тәндік денесі бар болғандықтан, рухани дене де бар.</verse>
				<verse number="45">«Ең алғашқы Адам жаны бар, тірі пенде болып өмір сүрді, ал соңғы Адам өмір беретін Рух болады», -деп Жазбада жазылған.</verse>
				<verse number="46">Ең алдымен рухани емес, адам жаны бар тірі пенде болды, содан кейін рухани адам пайда болды.</verse>
				<verse number="47">Өйткені бірінші Адам жердегі топырақтан пайда болса, екінші Адам көктен пайда болды.</verse>
				<verse number="48">Алғашқы топырақтан жаратылған адам қандай болса, сол топырақтан жаратылғандарың бәрі тура сондай болады, көктен келген Адам қандай болса, көктегілер де дәл сондай болады.</verse>
				<verse number="49">Қорыта айтқанда, біз топырақтан жаратылғанның бейнесін өзімізбен қалай алып жүрген болсақ, Көктен Жаратылғанның бейнесін де солай өзімізбен алып жүретін боламыз.</verse>
				<verse number="50">Бауырластар, осылай айтуымның себебі мынада: дене мен қан Құдай Патшалығының мұрагері бола алмайды, яки, шіріп, құрып кететін нәрсе шірімейтін нәрсеге мұрагер бола алмайды.</verse>
				<verse number="51">Міне, сендерге мынадай құпияны айтамын: бәріміз өлмейміз, бірақ бәріміз өзгереміз,</verse>
				<verse number="52">ал сол уақыт көзді ашып-жұмғандай сәтте, соңғы керней тартылған кезде болады. Соңғы керней тартылған кезде, өлгендер мәңгілік өмірге қайта тіріледі, ал біз өзгеріп, басқаша боламыз.</verse>
				<verse number="53">Өйткені сол уақытта шіріп кететін мына денемізге мәңгі шірімейтін денені киюімізге, ал өлетін денемізге мәңгілікке өлмейтін денені киюге тура келеді.</verse>
				<verse number="54">Сонда шіріп кететін денеге мәңгі шірімейтін дене қалай киіліп болады әрі өлетін денеге мәңгілікке өлмейтін дене қалай киіліп болады, міне, сол кезде «Өлім жеңіліп, жеңіліс табады!» деп Жазбада жазылған сөз орындалады.</verse>
				<verse number="55">«Ей, өлім, қайда сенің жеңісің? Ей, өлім, қайда сенің өткір тісің?»</verse>
				<verse number="56">Өлімнің өткір тісі күнә болатын, күнә күшін Заңнан алатын.</verse>
				<verse number="57">Сондықтан бізге Иеміз Иса Мәсіх арқылы жеңіс алып берген Құдайға алғысымызды айтамыз!</verse>
				<verse number="58">Сол себепті менің сүйікті бауырластарым, қажырлы еңбек етіп, мызғымастай берік болыңдар. Иеміздің ісіне өздеріңді әрқашан молынан арнаңдар, сонымен қатар, мынаны біліңдер: сендердің Иеміз үшін атқарған еңбектерің ешқашан бекер болмайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Құдайдың киелі адамдарына арнап құрбандық жинау мәселесіне тоқталсақ, мен бұл туралы нұсқауды Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға да берген болатынмын, енді сендердің де соны орындағандарыңды қалаймын.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан әр аптаның бірінші күні әркім өзінің мүмкіндігіне (жағдайына) қарай, бергісі келген құрбандығын үйінде жинап, сақтап қойсын, осылай істегендерің бәріне ыңғайлы болады, өйткені мен келген кезде, құрбандық жинап жүрмейтін боласыңдар.</verse>
				<verse number="3">Мен өздеріңе келгеннен кейін, сендер лайықты деген адамдар арқылы ұсыныс (кепілдеме) хатпен сендердің жинаған құрбандықтарыңды Иерусалимге жіберемін.</verse>
				<verse number="4">Егер менің де олармен баруым керек болса, онда олар менімен бірге барады.</verse>
				<verse number="5">Мен Македония арқылы баратын болғандықтан, өздеріңе Македонияға өтіп бара жатқанда соғамын.</verse>
				<verse number="6">Мүмкін, сол кезде ыңғайы келіп жатса, өздеріңмен біраз уақыт бірге боламын, тіпті, қыстап қалуым да мүмкін, егер жолға шығатын болып жатсам, баратын жағыма өздерің шығарып саларсыңдар.</verse>
				<verse number="7">Өйткені мен жол-жөнекей кетіп бара жатып, сендердің жүздеріңді қысқа ғана мерзімге көргенімше, Құдай қаласа, сол жақта өздеріңмен бірге біраз уақыт боламын деген үмітім бар.</verse>
				<verse number="8">Мен Ефесте тек Елулік күнге дейін ғана боламын,</verse>
				<verse number="9">себебі қарсыластардың көптігіне қарамастан, қызмет етуге сол жақта маған есік кеңінен ашылып, қолдау көрсетіліп тұр.</verse>
				<verse number="10">Егер де Тимотей келсе, қамқорлық жасап, оның орталарыңда қорықпай жүруіне мүмкіндік жасаңдар, өйткені ол да мен сияқты Иеміздің қызметін атқарып жүр,</verse>
				<verse number="11">Оның іс-әрекеті үшін ешкім оны менсінбей (елемей) жүрмесін. Егер ол маған келуге ынта білдірсе, оның жолына тыныштық тілеп, маған қарай шығарып салыңдар. Мен оны осындағы бауырластармен бірге күтемін.</verse>
				<verse number="12">Аполлос бауырымызға келсек, мен оның басқа бауырластармен бірге сендерге барып қайтқанын қалап, бұл туралы одан бірнеше рет жалынып сұрадым. Бірақ оның дәл қазір сендерге баратын ешқандай ықыласы болмай тұр, өзіне бір ыңғайлы уақыт тапқанда, ол сендерге барады.</verse>
				<verse number="13">Сонымен сергек болыңдар! Сенімде нық тұрыңдар! Батыл әрі мықты болыңдар!</verse>
				<verse number="14">Атқаратын істеріңнің бәрін сүйіспеншілікпен орындаңдар.</verse>
				<verse number="15">Бауырластар, сендерден мынаны өтініп сұраймын: Стефанның үй ішін білесіңдер, олар Ахая өлкесіндегі ең алғашқы сенушілердің бірі болды. Олар Құдайдың адамдарына қызмет етуге өздерін арнап, соған бағыштады.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан өздеріңмен бірге осылай қол ұстасып, қажырлы еңбек етіп жүрген сондай адамдарға мойынсұныңдар.</verse>
				<verse number="17">Стефан мен Фортунаттың және Ахаиктің келгеніне қатты қуанып отырмын. Олар мен үшін сендердің орындарыңды толтырды.</verse>
				<verse number="18">Сөйтіп, олар сендердің де, менің де рухымды тыныштыққа бөледі. Мұндай адамдарды бағалау керек.</verse>
				<verse number="19">Азиядағы қауымдар сендерге сәлем айтып жатыр. Көптен бері Иемізде жүрген Акила мен Прискила да сендерге өздерінің үйінде жиналатын қауымдағыларымен бірге сәлем жолдауда.</verse>
				<verse number="20">Осында жүрген бауырластардың бәрі де сендерге сәлем айтып жатыр, бір-біріңді сүйіңдер және осы сәлемімді бәріне жеткізіңдер.</verse>
				<verse number="21">Бұл сәлемімді мен, Пауыл, өз қолыммен жазып отырмын.</verse>
				<verse number="22">Егер кімде-кім Иемізді сүймейтін болса, онда оны қарғыс атсын. Маранафа! (Иеміз тездетіп келе гөр!)</verse>
				<verse number="23">Иеміз Исаның рақымы сендермен бірге болсын!</verse>
				<verse number="24">Менің сүйіспеншілігім Иса Мәсіхтегі сендердің барлықтарыңмен бірге. Аумин!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="47">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың еркімен Иса Мәсіхтің елшісі атанған Пауылдан және Тімоте бауырымнан Қорынт қаласындағы Құдайдың қауымына және Құдайға ұнамды өмір сүріп жатқан Ахай өңіріндегі бауырластарға</verse>
				<verse number="2">Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы мен тыныштығын тілейміз.</verse>
				<verse number="3">Бата беріп, жарылқаушы Құдай мадақтала берсін, себебі Ол -біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі, Ол-жанашыр Әке, Ол- барлық жағдайда бізді жұбататын Құдай.</verse>
				<verse number="4">Ол басымызға түскен қайғы-қасірет кезінде бізді жұбатады, Құдайдың бізге берген сол жұбанышымен өзіміз сияқты ауыртпалықты басынан өткізіп жатқан басқа бауырластарымызды да жұбата аламыз.</verse>
				<verse number="5">Алайда Мәсіх үшін шегетін азабымыз көбейген сайын, Мәсіхпен бірге жұбанышымыз да көбейе бермек.</verse>
				<verse number="6">Егер де біз өмірде қиыншылық көріп жатсақ, бұл-сендерді жұбату үшін және құтқарылуларың үшін болған жағдай деп білеміз. Егер біз жұбаныш алып жатсақ, ол да бізге сендерді жұбату үшін беріледі. Ал бұл жағдай басымызға түскен қиын-қыстау күндерде біздің табанды болуымызға көмектеседі.</verse>
				<verse number="7">Біздің сендерге деген үмітіміз берік, сендер басымызға түскен қайғы-қасіретімізді бөліскендей, біздің жұбанышымызды да бірге бөлісіп, қолдап жүргендеріңді білеміз.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан бауырластар, Азия өңірінде басымызға түскен қиыншылықтар туралы сендерді хабарсыз қалдырғымыз келмеді, өйткені біз сол өңірде өз күшімізбен көтере алмайтындай ауыртпалыққа тап болып, қиналғанымыз соншама өмірден түңіліп, үмітімізді үзіп, тіпті,</verse>
				<verse number="9">өлімге бел байладық, мұндай шешім біздің өз күшімізге емес, өлгенді қайта тірілтетін Құдайға сенім артуға үйретті.</verse>
				<verse number="10">Міне, сол кезде Құдай төніп тұрған өлімнен бізді құтқарып алды, әлі де құтқаратын болады. Біз үмітімізді Оған артамыз, сондықтан Ол бізді құтқарады.</verse>
				<verse number="11">Ал бұл сендердің біз үшін жасаған мінәжаттарыңның арқасында іске асып отыр, өйткені көпшіліктің жасаған мінәжаты бізге берілген жарылқау сый сияқты, себебі бұл мінәжат бізге арналғандықтан, ризашылықпен қабылданды.</verse>
				<verse number="12">Біздің ар-ұжданымыз Құдайдың алдында қарапайым (шынайы) әрі таза екеніне кепіл болады, бірақ бұл тәндік даналық емес, бұл бізге берілген Құдайдың рақымдылығы, біз мұны мақтан етеміз.Осы әлемдегі біздің жүрістұрысымыз да соған сай болуы қажет.</verse>
				<verse number="13">Сол үшін біз сендерге басқалар емес, өздерің оқып, түсіне алатындай етіп жазып отырмыз, мұны сендер ақырына дейін түсінеді деп үміттенеміз.</verse>
				<verse number="14">Сендер бізді аз да болса түсіне бастадыңдар, ал біз сендердің мақтаныштарыңа айналдық, Иеміз келетін күні біз де сендермен осылай мақтанатын боламыз.</verse>
				<verse number="15">Сендер екінші рет рақымдылыққа ие болсын деп, мен осы пікірімді жеткізу үшін, ең алдымен, сендерге бармақ болдым.</verse>
				<verse number="16">Содан кейін сендер арқылы Македонияға өтіп кетіп, Македониядан қайтар жолда өздеріңе тағы соғып, сол жерден сендердің мені Яһудеяға шығарып салғандарыңды қалаған едім.</verse>
				<verse number="17">Мүмкін, мен осы шешімді ойланбастан жасадым ба? Әлде қабылдаған шешімім тек тәндік тұрғыдан «иә» немесе «жоқ» болып шықты ма?</verse>
				<verse number="18">Алайда біздің сендерге біресе «иә», біресе «жоқ» деп айтпайтынымызға Құдай да сенімді.</verse>
				<verse number="19">Біз арқылы, яғни, мына мен, Силас пен Тімоте арқылы Құдайдың Ұлы Иса Мәсіх туралы өздеріңе айтылған уағызымыз біресе «иә», біресе «жоқ» болған емес, себебі Онда әрдайым тек қана «иә» деген бар.</verse>
				<verse number="20">Құдайдың қаншама уәделері Ол арқылы орындалып, «иә» болды! Сондықтан біз Ол арқылы «Аумин!» деп айтамыз, бұл Құдайдың даңқын арттырады.</verse>
				<verse number="21">Ал Мәсіхтегі бізді де, сендерді де нығайтып, майлайтын -Құдай,</verse>
				<verse number="22">сондықтан Ол бізге мөрін басты, соның кепілі ретінде біздің жүрегімізге Құдай Өзінің Киелі Рухын салып қойды, бұл-Құдайдың ісі.</verse>
				<verse number="23">Менің сендерге жаным ашығандықтан, бұдан былай Қорынт қаласына бармауға шешім қабылдадым, бұған Құдай куә.</verse>
				<verse number="24">Алайда біздің мақсатымыз сендердің сенімдеріңнің үстінен билік жүргізу емес, керісінше, қуанышымызды өздеріңмен бөліскіміз келеді, өйткені сендер сенімде берік тұрсыңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сендерді тағы да ренжітіп алмайын деген оймен мен өзім шешім қабылдадым.</verse>
				<verse number="2">Егер де мен сендерге ренжітсем, менің көңілімді кім көтереді?</verse>
				<verse number="3">Мен мұны сендер келмей жатып қуаныштың орнына реніш әкелмейін деген оймен жазып отырмын, ал менің қуанышыма бәріңнің ортақтасып, бөлісетіндеріңе мен сенімдімін.</verse>
				<verse number="4">Бұл хатты өзім көп ауырлықты арқалап жүріп, жүрегім қатты сыздап, көз жасымды төгіп отырып жаздым, бірақ менің мақсатым сендерді ренжіту емес, қайта, сендерді соншама сүйетінімді білдіргім келді.</verse>
				<verse number="5">Егер де біреу мені мұңайтса, ол тек мені ғана ренжіткен жоқ, тым асырып айтпасам да, оның сол іс-әрекеті бәріне ауыртпалық әкеледі.</verse>
				<verse number="6">Әрине, мұндай адамға көпшіліктің беретін жазасы жеткілікті,</verse>
				<verse number="7">алайда сендер оны жылдам кешіріп, жұбатуларың керек, әйтпесе ол уайым мен қайғыға терең беріліп, содан құрып кетеді.</verse>
				<verse number="8">Өздеріңнің оны жақсы көретіндеріңді дәлелдеп, сүйіспеншілік көрсетулеріңді сендерден өтініп сұраймын.</verse>
				<verse number="9">Осы айтқаныма мойынұсындыңдар ма, жоқ па, соны білу үшін сендерді сынап жазып отырмын.</verse>
				<verse number="10">Сонымен, сендер кімді кешірсеңдер, мен де оны кешіремін. Өйткені мен оны кешірдім, ал мен кімді кешірсем, егер оған шын мәнінде кешірім беру керек болса, онда мен сендер үшін Мәсіхтің алдында кешіремін,</verse>
				<verse number="11">өйткені біз осындай жағдаймен бетпе-бет келгенде, сайтанға алданып қалмауымыз қажет, себебі оның ойының қандай екенін біз білеміз.</verse>
				<verse number="12">Мен Мәсіхті уағыздау үшін Троадаға келген кезде, Иеміздің маған есіктерді айқара ашып қойғанын байқадым.</verse>
				<verse number="13">Алайда Тит бауырымды тауып алғанша, менің жан дүниемде тыныштық болмады. Сондықтан мен олармен жылдам қоштастым да, ол жерден шығып, Македонияға қарай жүріп кеттім.</verse>
				<verse number="14">Бізді Мәсіхте жеңімпаз етіп жетелеп жүрген Құдайға әрдайым алғыс айтамын, өйткені Ол біз арқылы Мәсіх туралы білімнің хош иісін барлық жерге ашық таратуда.</verse>
				<verse number="15">Өйткені Мәсіхтегі біздер құтқарылғандар үшін де, тозаққа кететіндер үшін де Құдайдың Мәсіхтегі хош иісі болып тұрмыз.</verse>
				<verse number="16">Біз біреулерге өліктен шығатын өлімнің сасық иісіндей болсақ, енді біреулерге өмірден шығатын өмірдің хош иісіндейміз. Ал бұған кім лайықты?</verse>
				<verse number="17">Біз көптеген басқа адамдар сияқты Құдайдың сөзін саудаға салмаймыз, керісінше, сол сөз таза күйінде Құдайдан қалай келген болса, оны Мәсіхтің және Құдайдың алдында дәл сол таза күйінде жариялап жүрміз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Біз өзімізді-өзіміз мақтаған сияқты болып көрінуіміз мүмкін. Басқалардың бұған мұқтаж болғаны сияқты сендер үшін немесе сендерден берілетін ұсыныс хатына мұқтаж болдық па?</verse>
				<verse number="2">Негізінде, біздің жолдау хатымыз -сендерсіңдер, өйткені біздің жүрегімізге жазылып қойдыңдар, сондықтан барлық адам сендерді таниды және оқи алады.</verse>
				<verse number="3">Сендер өздеріңнің Мәсіхтің жолдаған хаты екендеріңді бізбен бірге қызмет еткенде анық көрсеттіңдер, себебі сендер сиямен емес, тірі Құдайдың Рухымен жазылған, тас тақтайшаға емес, жүрекке жазылған жолдау хат екендеріңді барлығы көре алды.</verse>
				<verse number="4">Ал біз бұған тек Мәсіх арқылы көз жеткізіп отырмыз және дәл солай екеніне де сенімдіміз.</verse>
				<verse number="5">Біздің бойымыздағы қабілет жеткілікті деп ойламаймыз, біздегі бар қабілет - Құдайдан,</verse>
				<verse number="6">сондықтан Ол бізге жазылған әріптер (Заң) бойынша емес, Рухпен жүретін қабілет беріп, Жаңа келісімнің қызметшісі етіп қойды, өйткені жазылған әріп өлімге әкелетін болса, ал Рух өлімнен тірілтеді.</verse>
				<verse number="7">Өлім әкелетін келісім тасқа жазылған (заң) сол сәтте даңққа бөленгені соншама, исраилдің ұлдары Мұсаның бет-жүзіне тура қарай алмады, алайда сол даңқ өткінші еді.</verse>
				<verse number="8">Ал Рухтың өмір беретін келісімінің даңқы одан да жоғары болмай ма?</verse>
				<verse number="9">Егер де адамды айыптайтын (келісім) қызмет соншама даңққа бөленген болса, онда әділдіктен туындап, ақталуға жетелейтін (келісім) қызмет одан бетер даңққа бөленуі тиіс.</verse>
				<verse number="10">Бір кездегі өткінші даңқтың салтанатына қарағанда, қазіргі даңқтың салтанаты одан да асып түсіп, ескі даңқтың салтанаты өшті.</verse>
				<verse number="11">Сол даңқ уақытша болғандықтан жойылды, ал кейін келген қазіргі даңқ бұрынғыдан бетер ұлылыққа бөленбек, себебі бұл ұлылық мәңгілікке қалады.</verse>
				<verse number="12">Ал осындай үміті бар біздер көп нәрсені ашық айта аламыз,</verse>
				<verse number="13">исраилдің ұлдарына өшіп бара жатқан өткінші нәрсені көрсетпеу үшін, бет-жүзін бетпердемен жапқан Мұса секілді болмаймыз.</verse>
				<verse number="14">Міне, сондықтан олардың ой-саналары тастай қатып қалған. Осы уақытқа дейін Көне келісім қаншама рет оқылып жатса да, олардың жүзін жапқан сол бетперде бүгінге дейін әлі шешілмеген, бұл бетперде тек Мәсіх арқылы ғана шешіледі.</verse>
				<verse number="15">Осы күнге дейін Мұсаның кітабын қанша рет оқыса да, олардың жүрегі әлі де сол пердемен жабылған күйі тұр.</verse>
				<verse number="16">Олар Жаратқан Иеге қалай бет бұрады, міне, сол кезде перде алынып тасталынады.</verse>
				<verse number="17">Себебі Құдай-Рух, Құдайдың Рухы қай жерде болса, сол жерге бостандық келеді.</verse>
				<verse number="18">Біз бет-жүзімізді бүркемей, ашық ұстағандықтан, Иеміздің даңқын бейнелейміз, Оның бейнесін айнадан анық көргендей, Сол бейнеге ұқсап, ұлылықтан ұлылыққа бөленудеміз, бұл ұқсастық Иеміздің Рухынан келеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Міне, сол үшін де бұл қызмет бізге берілді және бұл Оның мейіріміне сай болды, сондықтан біз жабырқап, жасымаймыз.</verse>
				<verse number="2">Керісінше, біз ұятқа қалдыратын құпия істерден бас тартып, арамдық пен қулыққа беріліп, Құдай сөзін бұрмаламаймыз, Құдаймен жүрген әрбір адамның ой-санасына шындықты ашып беруге тырысамыз.</verse>
				<verse number="3">Егер де біз жариялаған Ізгі хабар жабық болса, ол тек тозаққа кететіндер үшін ғана жабық болмақ</verse>
				<verse number="4">Себебі осы әлемнің құдайы (сайтан) Мәсіхтің даңқы туралы Ізгі хабардың жарығы кірмесін деп, сенбеушілердің ой-саналарын соқыр етіп қойды, ал Мәсіхте Құдайдың бейнесі бар.</verse>
				<verse number="5">Біз өзімізді емес, біздің Иеміз Иса Мәсіхті жариялап жүрміз, біз сендерге бола өзімізге Исаның құлдары ретінде қараймыз.</verse>
				<verse number="6">Өйткені Құдай: «Түнектен нұр жарқырайтын болады», -деген болатын, ал сол жарық біздің жүрегімізде жарқырап жанып тұр, бұл жарық Құдайдың даңқының Иса Мәсіхтің бет-әлпетінен нұр болып көрініп тұрғанын білдіреді.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан бұл қазынаны біз қыш ыдыста (денемізде) алып жүреміз, бұл керемет күш біздің өзімізден емес, керісінше, Құдайдың құдіретті күші екенін көрсетеміз.</verse>
				<verse number="8">Бізге жан-жақтан қысым көрсетілуде: алайда шектелген жоқпыз; кейде шарасыз күйге тап боламыз, алайда шарасыз болып қалмадық;</verse>
				<verse number="9">қуғын-сүргінге түстік, бірақ тасталған жоқпыз; кейде аяққа тапталдық, дегенмен, өлген жоқпыз.</verse>
				<verse number="10">Біз барлық жағдайда Исаның өлімін осылай өз денемізде көтеріп жүрміз, сондағы мақсатымыз -Исаның өмірін өзіміздің өмірімізден нақты көрсету.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан біз тірі жүрміз, Иса үшін біз басымызды өлімге де тігеміз, себебі тек осылай Исаның өмірі біздің денемізде екенін көрсете аламыз.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, біздің өмірімізде өлім әрекет етсе, сендерде өмір әрекет етіп жатыр.</verse>
				<verse number="13">Себебі Жазбада: «Мен сендім, сондықтан айттым», -деп жазылған. Біз де бұған сенеміз, солай айтамыз, өйткені біз де сол Рухқа ие болдық.</verse>
				<verse number="14">Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілткен Құдай, бізді де Иса Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алып, Өзінің алдына сендермен қатар тұрғызып қоятынын біз білеміз.</verse>
				<verse number="15">Бәрі сендердің игіліктерің үшін, көптеген адамдардың білдірген алғысы арқылы рақымдылық шексіз көбейіп, Құдайдың даңқын анық көрсететін болады.</verse>
				<verse number="16">Сол үшін біз жабырқамаймыз, өйткені біздің физикалық денеміз тозғанмен, ішкі жан дүниеміз күннен-күнге жаңара түсуде,</verse>
				<verse number="17">біздің қысқа уақыт қана тартқан азаптарымыз мәңгілікке берілген ұлылықтың артықшылығымен салыстырғанда, түкке де тұрмайды.</verse>
				<verse number="18">Біз жанарымызды көрініп тұрған нәрселерге емес, көрінбейтінге тігеміз, өйткені көрінетіннің бәрі уақытша, ал көрінбейтін нәрсе - мәңгілік.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Сонымен, егер де біздің жердегі үйіміз (денеміз) жойылатын болса, онда көкте біз үшін Құдайдың Өзі тұрғызған үйіміз бар, ол үй адам қолымен тұрғызылған жоқ, сол үй біздің мәңгілік мекеніміз болады.</verse>
				<verse number="2">Қазір біз осы жер бетіндегі үйімізде шаршап-шалдығып тұрып жатырмыз, әйтсе де біз сол «көктегі үйімізді» үстімізге жамылатын кезді аңсаймыз.</verse>
				<verse number="3">Әрине, біз оны «кигенде», жалаңаш қалмаймыз.</verse>
				<verse number="4">Біздің осы жер бетінде тұрып жатқан үйіміз денемен байланысты, сол үшін ауыртпалық көріп, ыңқылдай күрсінеміз, сонда да біз оны шешкіміз келмейді, алайда өмір өлімді жеңіп, өліммен байланыстының бәрін өмір өзіне сіңіріп алсын деп, біз көктегі мәңгіліктің киімін киіп алғымыз келеді.</verse>
				<verse number="5">Құдай бізді сол үшін жаратты, сондықтан Ол Өзінің Рухын бізге кепілдікке берді.</verse>
				<verse number="6">Міне, сондықтан да біз әрқашан батылмыз, әрине, біз осы денеде өмір сүріп жатқандықтан, өзіміздің Иемізден алшақ екенімізді де білеміз,</verse>
				<verse number="7">себебі біз күнделікті өмірде көзбен көргенімізбен емес, сенім арқылы өмір сүріп жатырмыз.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан біз батылмыз, өйткені біз тезірек мына денеден шығып, Иемізге барып, сонда тұрақтауды игілік деп санаймыз.</verse>
				<verse number="9">Біз, мейлі, денеде немесе одан тыс болайық, біздің мақсатымыз-қалай да Оған ұнамды болуға тырысып, Иеміз бізден нені қаласа, соны орындау.</verse>
				<verse number="10">Өйткені болашақта біздің барлығымыз Мәсіхтің төрелік тағының алдында тұрып, өзіміздің тәндік денеде жүріп жасаған жақсы мен жаман істерімізге ашық жауап береміз және Оның алдында тұрып, әрқайсысымыздың өзімізге лайықты бағаны алуымызға тура келеді.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, біз Иеміздің алдында қорқыныштың не екенін білеміз және адамдарды Оған сенуге шақырып, Құдайға өзімізді ашық көрсете аламыз. Сендердің ар-ұждандарыңа да дәл солай ашықпыз деген үміттемін.</verse>
				<verse number="12">Біз осы арқылы сендердің алдарыңда өзімізді мақтаудан аулақпыз, керісінше, сендердің біз үшін мақтануларыңа мүмкіндік беріп қойдық, бірақ өздеріңнің бет-әлпеттеріңмен емес, жүректеріңде бар нәрселеріңмен мақтаныңдар.</verse>
				<verse number="13">Егер де біз есімізден ауысқан болсақ, Құдай үшін осылай болдық, егер де ақыл-есіміз дұрыс болса, онда бұл тек сендер үшін пайдалы болмақ.</verse>
				<verse number="14">Өйткені бізді Мәсіхтің сүйіспеншілігі баурап алды, егер осы туралы ойланатын болсақ, барлығы үшін Мәсіх өлді, яғни, барлығы күнәкар өмір үшін өлді деген тұжырымға келеміз.</verse>
				<verse number="15">Оған сеніп өмір сүретіндер тек өздері үшін ғана өмір сүрмей, олар үшін өліп, өлімнен қайта тірілген Мәсіх үшін өмір сүруі қажет.</verse>
				<verse number="16">Демек, қазір біз ешкімге тәндік көзқараспен қарамаймыз. Бір кезде біз де Мәсіхке солай қарағанбыз, бірақ қазір олай істемейміз.</verse>
				<verse number="17">Кімде-кім Мәсіхте болса, онда ол-жаңа жаратылыс. Ескінің уақыты өтіп, енді, міне, жаңасы пайда болды!</verse>
				<verse number="18">Ал осының бәрі Құдайдан, Ол Мәсіх арқылы Өзін бізбен татуластырды және осы татуластыру қызметін жалғастыруды бізге тапсырды.</verse>
				<verse number="19">Осы әлемді Өзімен татуластырған Құдай Мәсіхте болды, сондықтан Ол адамдардың күнәларын олардың мойнына артпай, татуластыру туралы Ізгі хабарды бізге тапсырды.</verse>
				<verse number="20">Міне, сондықтан біз Мәсіхтің елшілері болдық, себебі Құдай Өзінің келісімін біз арқылы жасайды. Ал біз Мәсіхтің атынан оларға: «Құдаймен татуласыңдар!» -деп айтамыз.</verse>
				<verse number="21">Құдай ешбір күнәсіз Мәсіхті біздер үшін күнәкар жасады, Құдайдың әділдігі, міне, осында, сондықтан біз тек Мәсіх арқылы ақталамыз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сонымен, сендер бізбен бірге қызметтес болғандықтан, Құдайдан қабылдаған рақымдылыққа немқұрайды қарамауларыңды сендерден өтініп сұраймыз.</verse>
				<verse number="2">Өйткені Ол былай дейді: «Белгіленген уақыт келген кезде, Мен саған құлақ түрдім, құтқарылатын күні Мен саған көмекке келдім». Міне, сол уақыт, яғни, құтқарылатын күн келді.</verse>
				<verse number="3">Сол үшін біздің осы атқарып жүрген қызметімізді күлкіге айналдырмасын деген ниетпен ешқашан ешкімге сүріндіретін кедергі тас сияқты болмауды ойлаймыз.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан біз барлығына кез-келген жағдайда өзімізді Құдайдың қызметкері ретінде көрсетуге тырыстық, көп жағдайда төзімділік таныттық, езгіге де түстік, зорлыққа да көндік, қысымшылыққа тап болып,</verse>
				<verse number="5">соққыға да жығылдық, түрмеге де қамалдық, аласұрған топқа да тап болдық, ауыр еңбек еттік, ұйқы көрмеген сәттер, көз ілместен ораза ұстаған кездер де болды,</verse>
				<verse number="6">сонда да таза жүріп-тұрдық, білім де алдық, шыдамды болып, жақсылық жасауға тырыстық, Киелі Рухтың жетегінде жүріп, сүйіспеншілік көрсеткенде, екіжүзділіктен аулақ болдық,</verse>
				<verse number="7">сөзімізде тек шындық болды, бір Құдайдың күшімен жүрдік. Оң қолымызға да, сол қолымызға да ұстаған қаруымыз тек әділдік болды,</verse>
				<verse number="8">даңққа да бөлендік, абыройдан жұрдай болған кезіміз де болды, бірде сөгіс естіп, бірде мақтау да алдық. Бізге жалған сөйлеуші айлакер адам ретінде де қарады, сонда да шындықты айта бердік,</verse>
				<verse number="9">бірде белгісіз болсақ, бірде танымал болдық, бірде өлген адамдар қатарында болсақ, қазір тіріміз, бізді жазалайды, бірақ өлген жоқпыз,</verse>
				<verse number="10">қайғыға душар болғандарға ұқсаймыз, бірақ әрқашан қуанышпен жүреміз, кедей адамдарға ұқсас болғанымызбен, көбін байытамыз, ештеңеміз жоқ сияқты болғанмен, бірақ бізде бәрі бар!</verse>
				<verse number="11">Қорынттықтар, біз сендерге жүрегімізді де айқара ашып қойдық.</verse>
				<verse number="12">Енді сендер де кеңпейілділік танытып, жан дүниелеріңнен бізге де орын беріңдер.</verse>
				<verse number="13">Мен мұны балаларыма айтқандай айтып отырмын, сондықтан сендер де өздеріңді еркін ұстап, кеңпейілділік көрсетіп, ашық болыңдар.</verse>
				<verse number="14">Сенбеушілердің киген қамытын қоса киюші болмаңдар, өйткені әділдік пен заңсыздықтың арасында ортақ не бар? Немесе жарық пен түнектің арасында ортақ не бар?</verse>
				<verse number="15">Мәсіх пен белиардың арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Сенуші мен сенбеушінің арасында қандай үйлесім бар?</verse>
				<verse number="16">Құдайдың киелі үйі мен пұтқа табынушылықтың арасында қандай бірлестік бар? Ал шындығына келсек, сол Құдайдың киелі үйі-мына біз, сондықтан Құдай: «Мен олармен бірге тұрып, бірге жүретін боламын. Менолардың Құдайы, олар Менің халқым болады», -деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="17">«Сондықтан сендер олардың ортасынан шығып, бөлек тұрыңдар, -дейді Жаратушы Иеміз, -тазартылмаған нәрселерге қолдарыңды тигізбеңдер, тек сонда ғана Мен сендерді қабылдаймын».</verse>
				<verse number="18">«Мен сендерге Әке боламын, сендер Менің ұлдарым мен қыздарым боласыңдар», -дейді бүкіл әлемді Жаратқан Иеміз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Сонымен, осындай уәдеге ие болған сүйікті бауырластарым, Құдайдан қорқып, киелі болуымыз үшін, тәнді де, рухты да арамдайтын алуан түрлі жамандық атаулыдан өзімізді таза ұстайық.</verse>
				<verse number="2">Бізге жан дүниелеріңнен орын беріңдер, біз ешкімге реніш әкелмедік, ешқайсысыңды азғырып, тура жолдан адастырған жоқпыз, сендердің ешбіреуіңді өз мақсатымызға пайдаланбадық.</verse>
				<verse number="3">Мен мұны айыптау үшін айтып отырған жоқпын, өйткені мен бұдан бұрын да сендермен бірге өліп, сендермен бірге өмір сүруге дайын екенімді өздеріңе айтқанмын.</verse>
				<verse number="4">Мен сендерге үлкен үміт артамын және сендер үшін мақтанамын, дәл қазір көрген азабымыз басымыздан асып кетсе де, менің жүрегім қуанышқа толып тұр.</verse>
				<verse number="5">Біз Македонияға келген кезден бастап, сол жерде тыныштық таппадық. Біз жан-жақтан қысым көрдік: сырттан шабуылдар болып жатса, ішкі жан дүниемізде қорқыныш болды.</verse>
				<verse number="6">Алайда біздің жұбатушы Құдайымыз біздерді Титтің келуімен жұбатты.</verse>
				<verse number="7">Құдай бізді тек оның келуімен ғана жұбатып қойған жоқ, сонымен қатар, сендердің Титке берген жұбаныштарың мен аңсаған армандарың туралы және қайғыларың жайында, сендердің маған деген ыстық ықыластарың жөнінде ол бізбен бөлісті, сөйтіп, бізді шексіз жұбанышқа бөледі, сол себепті мен шексіз қуанышқа ие болдым.</verse>
				<verse number="8">Егер де мен өздеріңе жіберген сол бір жолдау хатым арқылы сендерді ренжіткен болсам, оған еш өкінбеймін. Басында сол хаттың сендерге аз уақыт қана реніш әкелгеніне, әрине, өкіндім.</verse>
				<verse number="9">Алайда қазір мен сендерің сол кезде қайғырып, ренжігендеріңе емес, керісінше, сол қайғының сендерді тәубеге алып келгеніне қуанып отырмын. Өйткені сендердің сол қайғыларың Құдайдың еркімен болды, міне, сондықтан біз жақтан сендерге ешқандай зиян келген жоқ.</verse>
				<verse number="10">Егер де тәубе ету Құдайдың еркіне сай болса, онда оған өкінудің еш қажеті жоқ, себебі мұның артында құтқарылу бар. Ал қайғы-қасірет осы әлеммен байланысты болса, ол тек өлімге әкеледі.</verse>
				<verse number="11">Құдайдың еркімен болған қайғының сендерді жетелеп, қандай пайдалы нәрсеге әкелгенін қараңдаршы: ол ақталуға тырысу, наразылық білдіру, қорқыныш пен армандау, қызуқандылық пен жазаға тартылудың не екені туралы терең ойлануға мүмкіндік берді. Осының бәрінде сендер өздеріңнің таза екендеріңді дәлелдедіңдер және осыны анық көрсете білдіңдер.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, мен осы хатты сендерді ренжіту үшін немесе ренжіп жүргендерді жұбату үшін жазды деп ойламаңдар. Мен бұл хатты сендердің бізге деген ниеттеріңнің Құдай алдында қаншалықты ашық екенін өздеріңе ашып көрсету үшін жазып отырмын.</verse>
				<verse number="13">Мұның нәтижесі бізді қуантады. Сонымен қатар, Титтің сендер үшін қуанғанын көріп, онымен бірге біз де шексіз қуаныш пен жұбанышқа бөлендік, сендерден алған жұбаныштан оның рухына тыныштық келді.</verse>
				<verse number="14">Егер де мен Титке алдын ала мақтанып сендер туралы бір нәрсе айтқан болсам, сол үшін ұятқа қалған жоқпын. Біз бар шындықты өздеріңе қалай жеткізсек, сол айтқандарымыз Титтің алдында да шындық екені дәлелденді.</verse>
				<verse number="15">Ол өзінің бар жан-тәнімен сендерге қатты бауыр басып қалғанын білдірді, сендердің оған қалай мойынұсынуға тырысқандарың жайында, оны қандай қорқынышпен қабылдағандарыңды бізге айтып беріп, әрдайым есіне алып отырады.</verse>
				<verse number="16">Мен сендерге барлық жағынан сенім арта алатыныма қатты қуанып отырмын!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Бауырластар, Македониядағы қауымдарға да Құдайдың рақымының түскені туралы біз сендердің білгендеріңді қалаймыз.</verse>
				<verse number="2">Олар сынаққа түсіп, қаншама қысымшылық көрсе де, әрдайым қуанып жүретін, қу тақыр кедей болса да, олардың байлығы қарапайымдылық қасиеттерінде еді.</verse>
				<verse number="3">Олар қолдарынан келгенше, өз еріктерімен барымен бөлісуге бар ынталарын салатынын, тіпті, қажет болса, шамаларынан тыс қайырымдылық жасайтындарына Мен куәлік бере аламын.</verse>
				<verse number="4">Өйткені олар бізге өтініш жасап, Құдайдың адамдарына арналған осы бір қайырымдылық қызметіне қатысуды сұрады.</verse>
				<verse number="5">Сөйтіп, олар біз күткен үміттен де асыра орындап, өздерінде барды, ең алдымен, Иемізге берді, сосын бізбен бөлісті.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан Тит бұл істі қалай бастаған болса, дәл солай қайырымдылық шарасын соңына дейін жеткізуді одан өтіндік.</verse>
				<verse number="7">Сол секілді сендер де сенім мен шешен сөйлеуге және білімге ие болу үшін, барлық жағынан күш салдыңдар, өздеріңе біз берген сүйіспеншілікке бөленіп, молшылыққа ие болдыңдар, енді сендер де қайырымдылық ісіне араласып, игі істеріңді молынан атқара беріңдер.</verse>
				<verse number="8">Мен мұны бұйрық ретінде айтып отырған жоқпын, керісінше, басқалардың осы іске күш салып жатқан ынталарына қарап, сендердің сүйіспеншіліктеріңнің қаншалықты шынайы екенін тексердім.</verse>
				<verse number="9">Біздің Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы туралы сендер білесіңдер. Ол бай болды, бірақ содан бас тартып, Ол кедейлікке түсті. Ол Өзінің кедейленуімен сендерді байытуды мақсат етті.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан менің беретін пайдалы кеңесім мынау: сендер тек осыны ғана жасап қоймай, сонымен қатар, өткен жылы бастаған істеріңді де қолға алыңдар.</verse>
				<verse number="11">Неге ұмтылсаңдар да, мүмкіндік бар кезде толық соңына дейін жеткізіңдер.</verse>
				<verse number="12">Ең басты ұмтылыстың (ниеттің) болғаны жақсы, сонда сендердің дарындарыңды бағалайтын Жаратқан Ие өздеріңде жоқпен емес, бар нәрселеріңмен бөліскендеріңді қалайды.</verse>
				<verse number="13">Басқалардың ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргендерін, ал сендердің қиналып қалғандарыңды қаламаймын, сондықтан әрбір істе тепе-теңдік болуы қажет.</verse>
				<verse number="14">Қазіргі кезде сендердегі молшылық олардың қажеттерін өтейтін болса, болашақта олардағы молшылық уақыты келгенде сендердің де мұқтаждықтарыңды қамтамасыз ететін болады, сонда тепе-теңдік орнайды.</verse>
				<verse number="15">Жазбада: «Көп жинап алғаннан артылып қалған жоқ, ал аз жинап алғанға жетпей қалған жоқ», -деп қалай жазылса, соған сай болады.</verse>
				<verse number="16">Осы бір қызметке деген қалауды Титтің жүрегіне салып қойған Құдайға алғыс айтамын.</verse>
				<verse number="17">Ол менің айтқан өтінішімді қабылдап, бар ынта-жігерін соған аударды, сендермен бірге болғысы келетінін білдіріп, өз еркімен сендер жаққа кетті.</verse>
				<verse number="18">Сонымен қатар, Ізгі хабарды таратуда барлық қауымдардан мақтау алған бір бауырымызды Титке қосып, сендерге жібердік.</verse>
				<verse number="19">Оған тек біз ғана емес, көптеген қауым адамдары қол қойып, мінәжат етті, осы атқарылып жатқан қайырымдылық қызметі арқылы Иеміздің даңқы артып, біздің де жігерімізге жігер қоссын әрі жолсерік болсын деген оймен оны бірге қосып жібердік.</verse>
				<verse number="20">Көпшілікке арналған бұл қызметті ұйымдастырғанда, біз басқа біреулердің алдында күлкіге қалмауымыз қажет,</verse>
				<verse number="21">сол үшін біз жақсылықты тек Құдайдың алдында ғана емес, адамдардың алдында да жасауға тиіспіз.</verse>
				<verse number="22">Олармен бірге көз алдымызда көптеген сынақтардан өткен, бірнеше рет бізге жігер берген және қазір де сол ниетін молынан көрсетіп жүрген әрі сендерді де жігерлендіреді деген үмітпен тағы бір бауырымызды өздеріңе табыстап отырмыз.</verse>
				<verse number="23">Енді Титке келер болсам, ол мен атқарған қызметте бірге жүрген серіктесім әрі әріптесім болды, ал қалған екі бауырым туралы айтсам, олар-қауымдар бірігіп жіберіп отырған Мәсіхтің даңқын арттырушы елшілер.</verse>
				<verse number="24">Сонымен, сендердің ендігі мақсаттарың-оларға деген сүйіспеншіліктеріңді көрсету және біздің мақтанышымыз болғандарыңды басқа қауымдардың алдында дәлелдеу.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Сонымен, Құдайдың адамдарына арналған қайырымдылық қызметі туралы сендерге менің жазғаным артық болар.</verse>
				<verse number="2">Өйткені сендердің қол ұшын беруге деген ыстық ықыластарың (ізгі ниеттерің) жайында білемін, сол үшін де мен македондықтардың алдында ахайлықтар былтырдан бері бұл қызметке дайын екенін айтып, мақтанған едім, сендердің бұл істерің көпшіліктің қызығушылығын оятты.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан біздің сендер туралы мақтанышымыз бекер болмасын деп және менің айтқанымдай сендер де сақадай сай отырсын деген оймен осы бауырластарды сендерге жібердім.</verse>
				<verse number="4">Себебі қай кезде болмасын, македондықтар менімен бірге сендер жаққа баратын болса, бірақ сендер бұл іске дайын болмасаңдар, онда ұятқа қалатын сендер емес, мына біз боламыз, ал біз өздеріңе өте үлкен сенім артып келеміз.</verse>
				<verse number="5">Сол үшін мен бұл бауырластарды сендер жаққа ертерек жіберіп отырмын, себебі басында өздерің берген уәдеге сай, олар алдын ала барып, сендердің жинаған жарылқауларыңды реттеп қойғаны дұрыс шығар деп шештім. Сонда бұл нәрсе мәжбүрлеу арқылы емес, керісінше, басқалардың қамын ойлап, оларды жарылқау үшін жасалған ерікті іс-әрекет екені көрінетін болады.</verse>
				<verse number="6">Кім аз сепсе, сол аз оратын болады, ал кім біреуді жарылқау үшін сепсе, сол жарылқаудың өнімін молынан орып алатынын есте сақтаңдар.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан кім бергісі келсе, мәжбүрлеумен емес, өзінің жүрегінің қалауымен, еш ренішсіз беретін болсын, өйткені Құдай қуанышпен беретіндерді сүйеді.</verse>
				<verse number="8">Себебі Құдайдың күші сендерге әрқашан рақымын молынан төгіп, барлық жағдайда сендерге бәрін жеткілікті етіп молынан бере алады және қолда барға қанағат етіп, жақсылық жасауға жетелеп отырады.</verse>
				<verse number="9">Ал бұл туралы Жазбада: «Ол кедейлерге ағыл-тегіл молынан берді, сондықтан Оның әділдігі мәңгілікке қалады!» - деп жазылған.</verse>
				<verse number="10">Демек, Құдай себушіге тұқым беріп, нан мен тамақ сұрағандарды қамтамасыз етеді, себетін тұқымдарыңды молынан көбейтіп, бойларыңдағы әділдіктің жемісін өсіріп отырады.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, Құдай сендерді кез-келген жағдайда барлық жағынан қарапайым, жомарт болуға жетелеп, жомарттықпен байытады, ал сендердің біз арқылы берілген жомарт сыйларың үшін, олар Құдайға ризашылықтарын білдіреді.</verse>
				<verse number="12">Құдайдың адамдарына арналған бұл қызмет тек олардың мұқтаждықтарын ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, көптеген адамдар арқылы Құдайға молынан алғыс айтылатын болады.</verse>
				<verse number="13">Себебі бұл қызмет арқылы сендер Құдайдың даңқын арттырасыңдар және өздеріңнің Мәсіхтің Ізгі хабарына мойынұсынып, Оны толық қабылдағандарыңды осы жасаған қарапайым құрбандықтарың арқылы оларға да, басқаларға да дәлелдеп бердіңдер.</verse>
				<verse number="14">Ал олар Құдайдың төккен мол рақымына деген ризашылықтарын сендер үшін жасаған мінәжаттары арқылы білдіруде.</verse>
				<verse number="15">Құдайдың бізге берген осы бір сыйына шексіз ризамыз!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Мен, Пауыл, сендерді Мәсіх арқылы келетін кішіпейілдік пен мейірімділікке шақырамын, бір кездері сендермен бірге болып, өздеріңмен етене жақын жүргенде кішіпейіл болдым, енді мен өздеріңнен жырақта жүргенде, бір батылдық пайда болды.</verse>
				<verse number="2">Сол үшін мен сендерден мынаны өтініп сұраймын: өздеріңе келген кезде, бізді тек тәннің жетегінде жүреді деп, сынға алатын кейбір адамдарға осы батылдығымды қатаң түрде қолдануға мәжбүр болып жүрмейін.</verse>
				<verse number="3">Біз осы дүниеде денемізде өмір сүрсек те, осы әлеммен күресте денемізді пайдаланбаймыз.</verse>
				<verse number="4">Өйткені біздің қаруымыз денеміз емес, біздің қаруымыз Құдайдың күшінде, сол арқылы бекіністер мен мәнсіз ойпікірлерді талқандап бұзамыз,</verse>
				<verse number="5">сонымен қатар, өзін басқалардан жоғары санап, ал Құдайды танып-білуге қарсы тұратын әрбір ой-пікірге «құрық салып, оны жүгендеп, басын тұқыртып», оларды Мәсіхке бағындырамыз.</verse>
				<verse number="6">Осылай сендер толық мойынұсынатын мезгіл жеткенше, біз кез-келген бағынбаушылықты жазалауға дайынбыз.</verse>
				<verse number="7">Сендер тек сыртқы бейнесіне ғана қарап, баға бересіңдер. Егер кімде-кім өзінің Мәсіхтікі екеніне аса сенімді болса, өзіне-өзі тағы да баға берсін, себебі ол сияқты біз де өзімізді Мәсіхтікіміз деп санаймыз.</verse>
				<verse number="8">Егер де менің мақтануым сендерге ерекше болып көрінсе, бұл тек Иеміздің билігімен байланысты мақтаныш, өйткені Ол маған билікті сендерді құрту үшін емес, сендерді жетелеп, жетілдіріп, нығайтып, аяқтарыңнан тік тұрғызу үшін берді, мен бұл үшін еш ұялмаймын.</verse>
				<verse number="9">Осы жолдау хат арқылы сендерді қорқытайын деген ойдан аулақпын.</verse>
				<verse number="10">Себебі кейбіреулер мен туралы: «Жолдау хаттарында өзін салмақты әрі күшті етіп көрсеткенімен, ортамызда болғанда өзі де әлсіз, сөзі де мәнсіз», - дейді екен.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан бізді сыртымыздан сынап жүргендерге айтарым: жандарыңда жүрмей, алыста болсақ та, өздеріңе жіберген жолдау хатта жазған сөзіміз қандай болса, бірге болғанда жасайтын іс-әрекетіміз де дәл сондай болатынын естеріңе салғым келеді.</verse>
				<verse number="12">Өйткені біз өздерін басқалардан аса маңызды етіп көрсеткісі келетін адамдармен өзімізді салыстыра да алмаймыз, не олармен теңесе де алмаймыз, оған батылымыз да бармайды. Алайда олар өздерін немен өлшеп, немен пішіп, немен салыстырып жүргендерін өздері де түсінбейді.</verse>
				<verse number="13">Ал біз өзімізді тым асыра мақтағымыз да келмейді, біз Құдайдың Өзі өлшеп әрі белгілеп берген өлшемімен жүреміз, алайда Құдайдың бұл өлшемі сендерге де арналған.</verse>
				<verse number="14">Біз сол белгіленген мөлшердің шегінен тыс шығып кетпейміз, егер сөйтсек, біз сендерге жақындай алмас едік, Мәсіхтің Ізгі хабарын да сендерге бірінші болып біз жеткіздік.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, біз басқалардың өз өлшемдерімен жасап жатқан істерін де мақтай алмаймыз. Сендердің өсіп келе жатқан сенімдеріңе қарап, Құдайдың осы берген өлшемінің ауқымы бұдан да кеңейіп, біздікінен де асып түседі деп үміттенеміз.</verse>
				<verse number="16">Егер осылай болсын десек, бұл Ізгі хабарды өздеріңнен алыс орналасқан елдерге сендердің таратуларың қажет, сонда басқалардың атқарып қойған дайын істерін иемденіп алып, мақтануды доғарамыз.</verse>
				<verse number="17">«Кім мақтанатын болса, тек Иемізбен ғана мақтансын».</verse>
				<verse number="18">Өйткені өзін-өзі мақтаған емес, Иеміз кімді лайық деп санаса, сол мақтауға лайықты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Шіркін-ай, менің осы бір ақылсыздығыма кішкене шыдасаңдар екен, өтінемін! Бірақ бұған шыдап та келесіңдер!</verse>
				<verse number="2">Құдай сендерді қалай қызғанатын болса, мен де сендерді дәл солай қызғанамын. Себебі пәк, таза қызды жігітке айттырғандай, мен де сендерді Мәсіхке айттырып қойдым.</verse>
				<verse number="3">Алайда мен Хауа ананы алдап, қулығын асырған жыланның сендердің Мәсіхке арналған шынайы әрі таза ой-саналарыңды да арбай ма деп қорқамын.</verse>
				<verse number="4">Егер де басқа біреу біз жариялап жүрген Иса Мәсіхтен басқа Исаны немесе қандайда бір басқа Рухты немесе басқа бір Ізгі хабарды жариялаған кезде, сендер соны қабылдамасаңдар, онда сендердің дұрыс бағытта болғандарың.</verse>
				<verse number="5">Себебі өздерін жоғары санайтын елшілерден мен өзімді кеммін деп санамаймын.</verse>
				<verse number="6">Мүмкін, мен сөзге шорқақ шығармын, бірақ білім жағынан арттамын деп ойламаймын, біз сендерге кезкелген жағдайда барлық жағынан ашық болып, өздеріңе кеңпейілділік көрсетуге тырыстық.</verse>
				<verse number="7">Сендерді жоғарылатып, ал өзімді төмендетіп, Құдайдың тегін берген сыйын, Оның Ізгі хабарын, сендерге тегін уағыздағаным, мүмкін, менің күнәм шығар?</verse>
				<verse number="8">Мен сендердің қызметтеріңді қолдау үшін, басқа қауымдарды тонағандай болдым, өйткені қажетті қаражатты көбінесе мен солардан алып отырдым.</verse>
				<verse number="9">Сендермен бірге жүрген кезімде қаншама мұқтаждық көрсем де, мен ешқайсысыңның мойныңа ауыртпалығымды артқан емеспін, себебі мен не нәрсеге мұқтаж болсам, сол мұқтаждықтарымды Македониядан келген бауырластар қамтамасыз етіп отырды. Мен қандай жағдайда болсам да, сендерге ешқандай ауыртпалық салмадым, өз мұқтаждығымды өзім көтеріп келемін, шамам келгенше әлі де көтеремін.</verse>
				<verse number="10">Мендегі бар шындық Ол-Мәсіхтің шындығы, мен осыны мақтан етемін, Ахая аймағындағы кейбіреулерге бұл кедергі бола алмайды.</verse>
				<verse number="11">Не үшін? Өйткені мен сендерді өте жақсы көремін! Құдай мұны біледі.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан мен қазіргі атқарып жүрген ісімді одан әрі жалғастыра бермекпін, өйткені біздің атқарған ісімізді пайдаланып, басқалардан мақтау естіп, өздеріне бедел жинап жүргендердің әрекетін түп тамырымен құртпақпын.</verse>
				<verse number="13">Себебі мұндай атақ-даңқ үшін әрекет етіп жүргендержалған елшілер, олар өздерін елші ретінде көрсету үшін осындай қулыққа барып, сырт көзге Мәсіхтің елшісі сияқты көрінуге тырысып жүр.</verse>
				<verse number="14">Бұған таңғалатын ештеңе жоқ, өйткені сайтан өзін жарықтың періштесі етіп те көрсете алатындықтан,</verse>
				<verse number="15">олардың қызметшілеріне де өздерін әділдіктің қызметшісі ретінде көрсету аса қиын емес, бірақ ақырында олардың алатын жазасы өздерінің сол жасаған іс-әрекеттеріне сай болады.</verse>
				<verse number="16">Тағы да қайталап айтамын: мені ешкім де ақымақ деп ойламасын, ал егер солай ойласаңдар, мейлі, онда мені ақымақ деп қабылдаңдар, осы бір кішкентай нәрсемен мақтанып қалуға маған рұқсат етіңдер.</verse>
				<verse number="17">Ал мұны мен Иеміздің атынан айтып тұрған жоқпын, керісінше, мен оны өзімнің сол ақылсыздығыма сүйеніп, мақтанып айтып отырмын.</verse>
				<verse number="18">Өйткені осы әлемде көптеген адамдар тәндік нәрселерімен мақтанады, сондықтан мен де дәл солай мақтанып қалайын.</verse>
				<verse number="19">Өйткені сендер ақылды болғандықтан, ақымақтардың ісіне түсінікпен қарап, төзімділік танытып, шыдауға тиіссіңдер!</verse>
				<verse number="20">Егер де біреулер сендерді құл етіп, енді біреулер қанап, тонап жатса да, өздеріңе қысым көрсетіп, беттеріңнен ұрып жатса да төзесіңдер.</verse>
				<verse number="21">Ұят болса да айтайын, біз сендермен осылай істеуге «әлсіздік» таныттық. Ал енді кейбіреулердің мақтануға батылы жетіп жатса, ақымақша айтайын, менің де батылым жетеді.</verse>
				<verse number="22">Олар еврей ме? Мен де евреймін. Олар исраилдіктер ме? Мен де исраилдікпін. Олар Ыбырайымның ұрпағынан ба? Мен де Ыбырайымның ұрпағына жатамын.</verse>
				<verse number="23">Олар Мәсіхтің қызметкерлері болса, ақымақ сияқты айтсам, сол қызметті мен де атқарып келемін және олардан да артық еңбек еттім! Сол үшін бірнеше рет абақтыға түстім, жиі таяқ жедім, өліммен бетпе-бет келген кездерім болды.</verse>
				<verse number="24">Яһудейлерден отыз тоғыздан бес рет соққы алдым,</verse>
				<verse number="25">римдіктер мені үш рет таяқпен сабады, бір рет таспен атқылады, мен үш рет кеме апатына ұшырап, күні бойы және түнімен тұңғиық терең, ашық теңізде болдым.</verse>
				<verse number="26">Сапарға шығып, өзендерден өткенде, қарақшылардан төнген қатерді, руластарым мен өзге ұлт өкілдерінен келген қиыншылықты, қала мен шөл далада, теңізде әрі жалған бауырластардан келген қауіп-қатерді басымнан жиі өткіздім.</verse>
				<verse number="27">Қанша қажысам да, бар күшімді салып еңбек еттім, ұйқысыз түндерді өткіздім, қаншама рет аш құрсақ жүрдім, жиі ораза ұстап, талай рет шөлдедім, суықта жалаңаш жүріп, тоңдым.</verse>
				<verse number="28">Бұлардан басқа барлық сенушілер қауымдарына қамқорлық көрсету, оларға күнделікті беретін ақыл -кеңесім де болды.</verse>
				<verse number="29">Біреу ауырып қалса, мен өзімнің әлсіз екенімді сезінбейді дейсіңдер ме? Біреу азғырылуға тап болса, мен күйінбейді деп ойлайсыңдар ма?</verse>
				<verse number="30">Егер де менің мақтануым қажет болса, онда мен өзімнің тек әлсіздігіммен ғана мақтана аламын.</verse>
				<verse number="31">Ал менің өтірік айтпайтынымды Иеміз Исаның Әкесі, жарылқап, баталаушы Құдай біледі, себебі менің айтқандарымда ешқандай жалғандық жоқ.</verse>
				<verse number="32">Дамаскіде болғанда, Аретас патшаның уәзірі мені ұстап алмақ болып, Дамаск қаласын айналдыра қоршап алған. Алайда бауырластар мені себетке салып, қабырғадағы терезе арқылы төмен түсіріп жіберген, осылайша мен оның қолына түспей, қашып құтылғанмын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Маған ешқандай пайда әкелмесе де, мақтануды жалғастыруға мәжбүрмін. Енді мен Иеміздің маған көрсеткен көрінісі мен берген аянына келейін.</verse>
				<verse number="2">Мен Мәсіхтегі бір адамды білемін, бұл оқиға осыдан он төрт жыл бұрын болды, сонда ол денеде болды ма, әлде денеден тыс болды ма, нақты білмеймін, оны тек Құдайдың Өзі ғана біледі, ал Құдай сол адамды үшінші аспанға көтеріп алып барды.</verse>
				<verse number="3">Мен сол адамды білемін, бірақ ол денеде болды ма, әлде ол денеден тыс болды ма, тағы да нақты білмеймін, оны тек Құдай ғана біледі.</verse>
				<verse number="4">Міне, Құдай сол адамды көкке көтеріп, оны жұмаққа апарды, ол сол жерде адам айтып жеткізе алмайтын сөзді естіді.</verse>
				<verse number="5">Міне мен осыған мақтанамын, ал жеке өз басыма келсем, мен тек өзімнің әлсіздігіммен ғана мақтана аламын.</verse>
				<verse number="6">Егер мақтанғым келіп бара жатса, ақымақ болмауға тырысамын, өйткені менің тек шындықты айтуым керек. Сондықтан мені өз көздерімен көріп немесе мен туралы естігеннен артық еш нәрсе ойламасын деп, мен өзімді-өзім ұстауға тырысудамын.</verse>
				<verse number="7">Мен сол Құдай ашып берген аянның шегінен шықпауға тиіспін, себебі мен дандайсып кетпейтіндей, сайтанның періштесі қинау үшін, денеме бір шаншу берілді.</verse>
				<verse number="8">Ал мен Иемізден соны алып тастауын үш рет жалынып, Одан сұрадым.</verse>
				<verse number="9">Сонда Ол маған: «Менің рақымым саған жеткілікті, себебі Менің күшім тек сен әлсіз болғанда ғана көрінеді», -деді. Сондықтан мен өзімнің әлсіздігіммен бұрынғыдан бетер мақтанамын, сонда Мәсіхтің күші менде әрекет ететін болады.</verse>
				<verse number="10">Дегенмен, Мәсіх үшін зорлық көріп, қудалауға түсіп, қысымшылық көрген кездерімде өзімнің әлсіз екендігімді мойындағанда, содан күш аламын. Өйткені мен әлсіз болған кезде ғана күшті боламын.</verse>
				<verse number="11">Мен мақтанып, ақылсыз болып шықтым, ал бұған мені мәжбүрлеген өздеріңсіңдер. Себебі сендердің негізгі міндеттерің мені басқаларға таныстыру болған. Мен түкке тұрғысыз болсам да, менің дәрежем сол өздерін жоғары санайтын елшілердің ешқайсысынан кем емес.</verse>
				<verse number="12">Мен өздеріңмен бірге болған сәттерде қандай жағдай болса да, табанды тұруға шақырып, көптеген белгілер мен кереметтер, күштер арқылы Мәсіхтің шынайы елшісі екендігімді дәлелдедім.</verse>
				<verse number="13">Сонымен не болды? Басқа қауымдарға қарағанда сендердің жағдайларың өте төмен болды ма? Әлде мен өз ауыртпалығымды сендерге артып қойдым ба? Егер солай болса, онда мен сол әділетсіздігім үшін сендерден кешірім сұраймын.</verse>
				<verse number="14">Міне, мен сендерге үшінші рет барсам деп ойлап жүрмін, баруға да дайынмын. Бірақ сол кезде де мен өз ауыртпалығымды сендерге жүк қылып артқым келмейді. Мен сендерді өз жағдайымды жасату үшін іздемеймін, керісінше, маған тек өздерің ғана керексіңдер. Өйткені ата-аналарының қажетін балалары емес, балаларының қажетін ата-аналары жасауы тиіс.</verse>
				<verse number="15">Ал мен шын көңіліммен өзімде барды сендердің жан дүниелеріңе беруге дайынмын. Бірақ мен сендерге сүйіспеншілігімді молынан беріп жатсам да, маған деген сендердің сүйіспеншіліктерің неге азайып барады?</verse>
				<verse number="16">Жарайды, мен өздеріңе ауыртпалық түсірмеген шығармын, дегенмен, сендермен бірге болған кезде, қулықсұмдықпен бізді қармағына түсіріп алды деп айтуларың мүмкін.</verse>
				<verse number="17">Мүмкін, мен өздеріңе жіберген бауырластарымыз арқылы сендерді пайдаланып, айламды асырып, ақша алдым ба?</verse>
				<verse number="18">Мен Титтен сендерге барып келуін өтініп сұраған кезде, оған бір бауырымызды қосып жібердім, сонда Тит сендерді алдады ма? Бәріміз бір рухтың жетегінде емеспіз бе? Жүрген жолымыз да, істеріміз де бір емес пе?</verse>
				<verse number="19">Сендер: «Бұлар өздерін біздің алдымызда ақтап алуға тырысып жатыр», -деп ойлайтын шығарсыңдар? Сүйікті бауырластарым, Құдай алдында Иса Мәсіхте жүргендіктен, біздің айтатынымыз: кез-келген жағдайда және барлығын тек сендерді нығайтып, сендерден «мықты құрылыс» жасау үшін істедік.</verse>
				<verse number="20">Егер де мен сендерге барған кезде, сендер мен қалағандай күйде болмасаңдар, ал мен сендер ойламаған жағдайда әрекет етем бе деп қорқамын. Сендердің орталарыңдағы ұрыс-керіс, қызғаныш, ашу-ыза, бақталастық, жамандау, өсек-аяң, менмендік, тұрақсыздық сияқты нәрселерге тап болам ба деп қорқамын.</verse>
				<verse number="21">Мен сендерге тағы да баратын болсам, Құдайым мәртебемді сендердің алдарыңда тағы да төмен түсіре ме деп үрейленемін және бұрыннан күнә жасап жүргендер үшін де, тәубеге келмей, азғындыққа беріліп, некесіз жыныстық қатынаста жүргендер үшін де көз жасымды тағы да төгемін бе деп қорқамын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Мен сендерге үшінші рет келе жатырмын. «Кезкелген айыптау екі немесе үш куәгердің түсініктемелерімен дәлелденуі тиіс», - деп жазылған естеріңде шығар.</verse>
				<verse number="2">Мен осының алдында да, екінші рет сендермен бірге болғанда да айтқан едім, қазір өздеріңнен алыста болсам да, осы уақытқа дейін күнә жасап келгендерге де, басқаларына да тағы да қайталап айтамын: осы жолы олар менен аяушылық күтпесін.</verse>
				<verse number="3">*Сендер мен арқылы Мәсіх сөйледі дегенге дәлел іздеп, соны дәлелдейтін айғақ іздейсіңдер. Алайда Оның күші әлсіреген жоқ, Оның күші мына сендерде!</verse>
				<verse number="4">Ол айқышқа шегеленген сәтте әлсіз болды, бірақ Ол Құдайдан келген күшпен қайта тірілді! Сол сияқты Онымен жүрген біз де әлсізбіз, алайда біз Мәсіхтегі Құдайдың күші арқылы өмір сүреміз.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан сенімде жүрсіңдер ме, жоқ па соны тексеріп, өздеріңді-өздерің сынаңдар. Мүмкін, Иса Мәсіхтің өздеріңмен бірге өмір сүріп жатқанын әлі де білмейтін шығарсыңдар? Ең бастысы Мәсіхке лайықсыз болмасаңдар екен.</verse>
				<verse number="6">Біздің де Оған лайықты болуға тырысып жүргенімізді сендер білетін шығар деп үміттенемін.</verse>
				<verse number="7">Сендер қандай да бір жамандық жасамаса екен деп, біз Құдайға мінәжатпен өтінудеміз. Біз бұл әрекетті өзіміздің сынаққа қалай шыдағанымызды көрсету үшін істемейміз, сендер де біз сияқты сынақтарға шыдап, жақсылық жасай берсе екен дейміз.</verse>
				<verse number="8">Себебі біз шындыққа қарсы шыға алмаймыз, сол шындықты қолдаймыз.</verse>
				<verse number="9">Біз өзіміздің әлсіздігімізге, ал сендердің күшті болғандарыңа қуанамыз, сондықтан сендердің кемелділікке жеткендеріңді тілеп, мінәжат етіп жүрміз.</verse>
				<verse number="10">Мен қазір өздеріңмен бірге емеспін, сонда да осы хатты жазып отырмын, себебі өздеріңмен бірге болғанда, Иеміздің нығайту үшін берген билігін сендерге қаталдықпен қолданып, еңселеріңді түсіргім келмейді.</verse>
				<verse number="11">Қорыта келе айтарым, бауырластар, қуаныңдар, өсіпөніп жетіле беріңдер, бір-біріңді жұбатыңдар, ойларың ортақ болсын, татулықта өмір сүріңдер, сонда сүйіспеншілік пен тыныштықтың Құдайы сендермен бірге болады.</verse>
				<verse number="12">Бір-біріңмен амандасқан кезде, өзара сүйіспеншілік көрсетіңдер. Құдайдың барлық киелі халқы сендерге сәлем айтуда.</verse>
				<verse number="13">Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, Құдайдың сүйіспеншілігі және Киелі Рухтың қарым-қатынасы сендерде болсын! Аумин!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="48">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Адамдардың атынан да емес, адам арқылы да емес, керісінше Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп алған Құдай Әкеміз арқылы елші болған Пауыл,</verse>
				<verse number="2">өзіммен бірге жүрген барлық бауырластарыма және Ғалатия өлкесіндегі қауымдарға сәлем жолдай отырып,</verse>
				<verse number="3">Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхтің рақымын, тыныштығын сендерге тілейді.</verse>
				<verse number="4">Ол бізді осы әлемнің зұлымдыққа толы құрсауынан босатып алу үшін, әрі біздің Құдайымыз, әрі біздің Әкеміз Құдайдың еркіне сай Ол Өзін біздің күнәларымыз үшін өлімге қиды,</verse>
				<verse number="5">міне, сондықтан Оның даңқы ғасырдан-ғасырға жалғаса берсін. Аумин!</verse>
				<verse number="6">Мен, Сендердің Құдайдың Мәсіх арқылы берген рақымы бойынша өздеріңді шақырып алған ізгі хабардан тез арада бас тартып, одан басқа бір ізгі хабарға бет бұрып кеткендеріңе таңқалып тұрмын.</verse>
				<verse number="7">Бірақ одан басқа ізгі хабар жоқ, себебі кейбіреулер Мәсіхтің ізгі хабарын бұрмалап оны теріске айналдырып, ал сендердің араларыңа іріткі салғысы келіп жүргендер де бар.</verse>
				<verse number="8">Алайда мейлі біз болайық, немесе көктен келген бір періште болсын, егер де біз уағыздаған ізгі хабарға қарсы келетін басқа бір ізгі хабарды уағыздайтын болса, онда оны қарғыс атсын.</verse>
				<verse number="9">Осы туралы алдында да айтқанмын, енді тағы да айтамын, егер де кімде-кім біз қабылдап алған ізгі хабарға қарсы келетін басқа бір ізгі хабарды уағыздайтын болса, оны қарғыс атсын.</verse>
				<verse number="10">Мен қазір осы сәтте адамдардың айтқанына мойынұсынуым керек пе, әлде Құдайдың айтқанына ма? Әлде маған адамдарға жағымды болатын жолды іздеу керек пе? Егер де мен адамдарға жағатын жолды іздейтін болсам, онда мен Мәсіхтің құлы болмас едім.</verse>
				<verse number="11">Бауырластар, мен сендердің мынаны біліп алғандарыңды қалаймын: -Мен сендерге уағыздап жүрген Ізгі хабар ол адам арқылы келген жоқ,</verse>
				<verse number="12">сонымен қатар мен оны адамнан қабылдап, адамнан үйренген де емеспін, керісінше мен оны өзіме Иса Мәсіх ашып берген аян арқылы қабылдадым.</verse>
				<verse number="13">Өйткені мен өз өмірімде тек яһудейлердің өмір сүру салтымен ғана өмір сүргенім туралы сендер естідіңдер, сол кездері мен қауымды қатты қудалауға салып, оны жойып, құртып жіберуге тырыстым.</verse>
				<verse number="14">Сонда мен сол өзіміздің ата-бабадан келе жатқан яһудейлік салт-дәстүрді аса бағалап тек соны ұстану жолында өзім секілді өз замандастарымның алдында жүрдім, осылай ата-бабаларымнан қалған сол дәстүрді қызғыштай қорғайтынмын.</verse>
				<verse number="15">Алайда Құдай анамның құрсағында жатқан кезде-ақ, яғни Ол мені алдын ала таңдап алғандықтан, Ол мені Өзінің рақымы арқылы шақырып алып, маған мейрімін төгіп,</verse>
				<verse number="16">өзінің Ұлында жатқан бар сырды маған ашып берді де, енді Оның Ұлы туралы ізгі хабарды өзге ұлттардың арасына барып соларға уағызда деп тапсырды, мен сол кезде қанға да, тәнге де тәуелді ешкімнен ақыл-кеңес сұрамадым.</verse>
				<verse number="17">Әрі Ерусәлімде менен бұрын елшілік міндетін атқарып жүргендерге барған емеспін, мен керісінше сол сәтте Арабияға аттандым, содан кейін кері қайтып қайтадан Дамаскіге келдім.</verse>
				<verse number="18">Содан кейін мен тек үш жыл өткен соң ғана жоғары биікте тұрған Иерусалимге көтеріліп барып, сонда жүрген Петірмен (Кифамен) таныстым да, оның қасында он бес күн болдым.</verse>
				<verse number="19">Сол кезде мен сол жерден Иеміздің інісі, яғни тек Жақыптан басқа елшілердің еш қайсысын көрмедім.</verse>
				<verse number="20">Міне, осы жазғандарымның бәрін Құдайдың алдында тұрып жазып тұрмын, сондықтан менің сендерге айтқандарым өтірік емес.</verse>
				<verse number="21">Осыдан кейін мен Сирия мен Кілікия аймақтарына қарай жол тарттым.</verse>
				<verse number="22">Міне, сол кезде Мәсіхтің Яхудея аймағындағы қауымдарына менің бет-жүзім әлі де таныс емес болатын,</verse>
				<verse number="23">олар тек: кезінде бізді қудалап, бізді құртып жібермек болған адам, енді сол өзі жойып, жоқ қылып жібергісі келген сенімді, өзі уағыздап жүр деген хабарды естіп,</verse>
				<verse number="24">мені жетектеп жүрген Құдайға мадақ берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Одан кейін мен Иерусалимге тек он төрт жыл өтіп кеткен соң ғана бардым, сол кезде менің қасымда Барнаба болды, сонда мен қасыма Титті де ертіп алдым.</verse>
				<verse number="2">Ал мен ол жаққа менің өзіме ашылған аян бойынша бардым, міне сол кезде мен сондағы қауымның беделді жетекшілерінің бәріне өзімнің өзге ұлттың өкілдеріне уағыздап жүрген ізгі хабардың мәні мен мағанасы жайлы айтып бердім. Себебі мен осы істі атқарып жүрген сәтте, мен өзімнің жүгірісім бос жүгіріс пе, әлде пайдалы жүгіріс пе соны біліп алғым келді.</verse>
				<verse number="3">Алайда сол кезде олар менің қасымда жүрген Титтің грек екенін білсе де, енді оны сүндеттеу керек болады деп бізді соған мәжбүрлеген жоқ,</verse>
				<verse number="4">керісінше осы нәрсе бізді құл ету үшін арамызға өтірік бауырлас болып кіріп алып, біздің Мәсіх арқылы ие болған еркіндігімізге теріс көзқарспен қарап жүргендердің іс-әрекеті болатын.</verse>
				<verse number="5">Алайда біз олардың бұл іс-әрекетіне бір сәтке де бағынған жоқпыз, өйткені сол кездегі біздің бар мақсатымыз ізгі хабардағы бар шындықты сол күйінде сақтап, оны сол күйінде бұзбай, оны сол қалпында өздеріңе жеткізу болатын.</verse>
				<verse number="6">Ал енді өз беделдерін өздері көтеріп, өздерін жоғары санатқа жатқызып жүргендерге келетін болсақ, өткен уақытта олардың беделдерінің қандай деңгейде болғаны маған маңызды емес. Құдай адамның бет-жүзіне қарамайды, әрі сол беделді болып жүргендер маған еш нәрсе жүктеп, тапсырған жоқ.</verse>
				<verse number="7">Керісінше олар Иеміз Петірге ізгі хабарды сүндеттелгендерге уағызда деп қалай сеніп тапсырса, Иеміздің маған сол ізгі хабарды сүндеттелмегендерге дәл солай уағыздауды сеніп тапсырғанына олардың көздері жетті.</verse>
				<verse number="8">Өйткені сүндеттелгендер үшін Петірді елшілікке қалай тағайындаса, мені де өзге ұлттар үшін дәл солай елші етіп тағайындағаны,</verse>
				<verse number="9">маған берілген рақым екенін олар білді, сондықтан қауымды тіреп тұратын діңгегі болып жүрген Жақып мен Петір және Жоқан бізді қолдағандарын білдіріп маған және Барнабаға оң қолдарын ұсынды, сөйтіп бәріміз өзара осылай қарым-қатынаста тұрып, олар сүндеттелгендерге, ал біз өзге ұлттарға қызмет етейік деп келістік.</verse>
				<verse number="10">Сондағы олардың бізе айтқаны «тек кедей-кепшіктерді ұмытпаңдар» деп бізді ескертті, ал сол жағын өзім де толықтай жүзеге асыруға бар күшімді салып жүрген болатынмын.</verse>
				<verse number="11">Алайда Петір Антиохияға келген кезде, менің оған бетпе-бет келіп қарсы тұруыма тура келді, өйткені сол сәтте, сол жерде оның жіберген бір кемшілігі болды.</verse>
				<verse number="12">Антиохияға Жақыптың жіберген адамдары әлі де келмей тұрған кезде, ол өзге ұлттың адамдарымен бірге жүріп, олармен бірге тамақтанып жүрді, ал сол адамдар келгеннен кейін ол артқа шегініп, әлгі сүндеттелген адамдардан қорқып, өзінен-өзі бөлектене бастады.</verse>
				<verse number="13">Оның сол іс әрекетіне сол жерде жүрген кейбір яһудейлер де қосылып алды да, бәрі екі жүзділікке салынып кетті, тіпті Барнабаның өзі соларға еріп, ол да сол екі жүзділікке барды.</verse>
				<verse number="14">Сонда мен олардың тура жолды нақты көрсетіп тұрған ізгі хабардың шындығынан тайып кеткенін көргенде, мен Петірге бәрінің көзінше: -Сен өзің яһудей болсаң да, яһудейлер сияқты емес керісінше өзге ұлттардың өкілдері секілді өмір сүріп келдің, ал енді сол өзге ұлттың өкілдерін сен неге яһудейлерше өмір сүруге мәжбүрлеп тұрсың? -дедім.</verse>
				<verse number="15">Себебі біз табиғатымыз бойынша яһудейміз, сондықтан біз өзге ұлттар секілді күнәһарлардың қатарына жатпаймыз,</verse>
				<verse number="16">алайда біз адамның заңға сүйеніп жасайтын іс-әректтері арқылы емес, керісінше тек Мәсіхке сену арқылы ақталатынымызды білеміз, сондықтан біз заңға сүйеніп істейтін іс-әрекеттеріміз бойынша емес, тек Мәсіхке сену арқылы ақталамыз. Міне, сондықтан біз сенімімізді тек Мәсіхке арттық, өйткені заңда көрсетілген іс-әрекеті арқылы ешбір пенде ақтала алмайды.</verse>
				<verse number="17">Себебі, біз сол ақталудың жолын іздеп жүріп, оны біз Мәсіхтен таптық, сонда ғана біз өзіміздің қаншалықты күнәһар екенімізді ұқтық, ал сонда Мәсіх күнәнің қызметкері болып тұр ма? Жоқ, олай болуы мүмкін емес.</verse>
				<verse number="18">Егер де мен өзім бұзып, құлатып тастаған нәрсені қалпына келтіру үшін, оны қайтадан тұрғызатын болсам, онда мен өзімді қылмыскер ретінде көрсеткен болар едім.</verse>
				<verse number="19">Негізінде мен заңның талабына сай, яғни сол заң арқылы өлдім. Ендігі содан кейінгі мақсатым-енді тек Құдай үшін өмір сүру, өйткені Мен Мәсіхпен бірге шегелендім, сондықтан</verse>
				<verse number="20">енді менің бойымда менің өзім емес, керісінше енді менің бойымда Мәсіхтің Өзі өмір сүруде. Ал енді қазіргі тәни өміріме келетін болсам, мені шексіз сүйіп, Өзін мен үшін өлімге қиған Құдайдың Ұлына сеніп, Оған сенім артып өмір сүрудемін.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан Мен құдайдың рақымын жоққа шығара алмаймын. Егер де бізді ақтау жолы заң арқылы келген болса, онда Мәсіхтің өлімі бекер болды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Әй, ақылсыз ғалаттықтар-ай! Кім сендердің бастарыңды айналдырып қойды, Иса Мәсіхтің айқышқа шегеленуі туралы алдын ала жазбада қалай жазылса, соны көздеріңнен кетпестей етіп суреттеп бердік емес пе?</verse>
				<verse number="2">Мен сендерден тек мына бір нәрсені біліп алғым келіп тұр: -Айтыңдаршы осы сендер Рухты қалай қабылдадыңдар? Заң бойынша істеген іс-әрекеттерің арқылы ма, әлде сенім туралы естіген кезде ме?</verse>
				<verse number="3">Әлде сендер ақымақ болып кеттіңдер ме? Басында Рухпен басталған нәрсені енді тәнмен аяқтамақсыңдар ма?</verse>
				<verse number="4">Қаншама уақыт шыдамдылық көрсетіп келдіңдер, енді соның бекер болғаны ма? Егер де дәл осылай болып жатса, әрине оның бекер болғаны.</verse>
				<verse number="5">Сонда Оның сендерге Рухын бергені де, сендердің араларыңда жасаған Оның іс-әрекеті де заң арқылы істелетін іс-әрекетпен болды ма, әлде сендердің сенім туралы естігендеріңнен болды ма?</verse>
				<verse number="6">Ыбарйым өзінің сенімін Құдайға артты, міне оның осы іс-әрекеті үшін Құдай оны «әділетті» деп санады.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан сендер мынаны біліп алыңдар, егер де кімдекім сеніммен жүрсе, сол Ыбырайымның ұрпағы, яғни Ыбырайымның ұлдары болып саналады.</verse>
				<verse number="8">Жазбада бұл туралы алдын ала айтылған, онда: -Құдайға сенім артқан халықтардың бәрі ақталады, -делінген, сондықтан Құдай осы ізгі хабарды Ыбырайымға жеткізген кезде, Құдай оған: -Барлық халық тек сен арқылы бата алып, жарылқанатын болады, -деп оған алдын ала ашық айтты.</verse>
				<verse number="9">Сонымен тек сеніммен жүретіндер, яғни Ыбырайым секілді олар сенімде адал болса, онда олар да Құдайдың Ыбырайымға берген батасына ие болады.</verse>
				<verse number="10">Ал енді тек заңға сүйеніп әрекет ететіндердің барлығы қарғыстың астында қалады, өйткені жазбада: -Заң кітабында жазылған талаптардың бәрін орындамаған адам қарғысқа қалады, - деп жазылған.</verse>
				<verse number="11">Себебі Құдайдың алдында ешкім де заң арқылы ақтала алмайтыны айдан анық болып тұр, өйткені әділ адам тек сенім арқылы өмір сүреді.</verse>
				<verse number="12">Ал заңның талаптарын орындау үшін сенім қажет емес, керісінше ол жерде кім заңның талаптарын бұлжытпай орындаса, тек сол өмір сүреді.</verse>
				<verse number="13">Ал заңда айтылған қарғыстан бізді Мәсіх сатып алды, себебі бізге арналған қарғысты Ол өзіне алды, сондықтан жазбада: -Кім ағашқа ілінсе, соны қарғыс атады, -деп жазылған,</verse>
				<verse number="14">өйткені нәрсе Ыбырайымның батасын өзге ұлттарға Иса Мәсіх арқылы үлестіріп беру үшін, әрі жеткізу үшін болған жағдай, себебі бізге уәде етілген Рухты біз сенім арқылы алуға тиіс болдық.</verse>
				<verse number="15">Бауырластар адами тұрғыдан айтқанның өзінде, мөрі басылып бір адамның атына рәсімделеген өсиетхаттың күшін ешкім де жоя алмайды, әрі ол оған еш нәрсе де қоса алмайды.</verse>
				<verse number="16">Ал Ыбырайымға берілген уәдеде ұрпақтарына емес, тек «ұрпағыңа» делінген, яғни ол жерде «ұрпақтарыңа» деп көпше түрде емес, керісінше ол жерде «сенің ұрпағыңа» деп біреуді ғана айтып тұр, ал оның ұрпағы - тек Мәсіх.</verse>
				<verse number="17">Сондағы айтайын дегенім мынау: -Құдай алдын ала Өз уәдесі арқылы бекітіп берген өсиеттің күшін, төрт жүз отыз жылдан кейін берілген заң ешқашан жоя алмайды.</verse>
				<verse number="18">Ал егер де мұрагерлік құқық заң арқылы берілетін болса, онда ол уәдеге жатпайды, ал Құдай Ыбырайымға уәдені Өзі берді.</verse>
				<verse number="19">Алайда сонда заң не үшін қажет болды? Заң сол уәде етілген Ұрпақтың келетін уақыты келгенге дейін, қылмыстардың көбейіп кетпеуі үшін, әрі ол екі жақты татулыққа шақыратын татуластырушының қолына періштелер арқылы берілді.</verse>
				<verse number="20">Ал енді татуластырушы жалғыз болмайды, алайда Құдайжалғыз.</verse>
				<verse number="21">Сонда заң Құдайдың уәдесіне қарсы болып тұр ма? Жоқ, мүлдем олай емес. Егер де сол кезде берілген заң өлімнен қайта тірілте алатын болса, онда ақталу жолы заңның өзі болып қала берер еді.</verse>
				<verse number="22">Алайда жазба: -Бүкіл адамзаттың күнәнің астында жатқанын дәлелдеп көрсетті, міне осы нәрсе уәденің сенушілерге тек Иса Мәсіхке сену арқылы берілетініне себеп болды.</verse>
				<verse number="23">Ал осы Сенімнің келетін уақыты бізге жеткенше, заң біздің үстімізден қарап, бізді қорғап жүрді, міне сондықтан біз сенімнің ашылатын мезгілін күттік.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан Заң Мәсіх келгенше бізді тәрбиелеп, тәрбиешінің міндетін атқарып келді,</verse>
				<verse number="25">ал енді сенімнің мезгілі жеткен кезден бастап, біз сол тәрбиешінің қол астынан шықтық.</verse>
				<verse number="26">Себебі, енді біз яғни барлығымыз тек Мәсіхке сену арқылы, «Құдайдың ұлдары» деген атаққа ие болдық.</verse>
				<verse number="27">Өйткені сендер қалай Мәсіхке батырылдыңдар, міне сол сәттен бастап сендер Мәсіхті киіп алдыңдар.</verse>
				<verse number="28">Міне, сондықтан енді сендер не яһудей, не грек, не құл, не ерікті, не ер адам, не әйел болып өзара бөліне алмайсыңдар, себебі сендердің барлықтарың Мәсіхте біріктіріліп бір денеге айналдыңдар.</verse>
				<verse number="29">Яғни, енді сендер Мәсіхтікі болдыңдар, ал осы арқылы Ыбырайымның ұрпағына айналдыңдар, -ал енді уәде бойынша қарайтын болсақ - мұрагерісіңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Айтайын дегенім: -Мұрагер бәрінің иесі болғанымен, ол балалық шағындағы уақытта қанша болса да, оның құлдан еш айырмашылығы жоқ,</verse>
				<verse number="2">өйткені әкесі оған белгілеп қойған уақыт келгенше, ол сол үй басқарушыларының қамқорында болады.</verse>
				<verse number="3">Мына бізбен де дәл солай болып тұр, біз өзіміздің балалық шағымызды осы әлемге құлдыққа бердік те оның құлы болып жүрдік,</verse>
				<verse number="4">ал енді белгіленген уақыттың мерізімі толған кезде, Құдай Өзінің Ұлын жіберді. Ол әйелден туылды, яғни заңның билігінің астында жүрген әйелден туылды.</verse>
				<verse number="5">Себебі Оған сол заңның астындағы жүргендерді сатып алу қажет болды, сонымен қатар Ол оларды Құдайдың балалары етуді мақсат тұтты.</verse>
				<verse number="6">Міне, сондықтан енді сендер Оның балалары болдыңдар, өйткені Құдай Өзінің Ұлының *Абба-яғни Әке деп айқайлап тұратын Рухын біздің жүрегімізге дарытып қойды.</verse>
				<verse number="7">Сонымен енді сен құл емессің, керісінше сен енді Оның ұлысың, ал енді сен Оның ұлы болғандықтан, яғни Құдайдың арқасында енді сен Оның мұрагері болдың.</verse>
				<verse number="8">Ал енді сендердің өткен өмірлеріңе, яғни сендердің Құдайды білмей тұрған кездегі өмірлеріңе үңілсек сендер табиғатында ешқандай да құдайлық қасиеті мен белгісі жоқ, түкке тұрмайтын құбылыстардың құлы болып өмір сүрдіңдер.</verse>
				<verse number="9">Ал енді қазіргі уақытта сендер Құдайды танисыңдар, Оны білесіңдер, яғни Құдай да сендерді көптен бері танып, білді. Енді сендер қалай ғана сол әлсіз де, түкке тұрмайтын дүлей күштерге мойындарыңды қайта бұрып кеттіңдер, әлде соларға қайтадан құл болғыларың келе ме?</verse>
				<verse number="10">Кейбір күндер мен айлардың, жылдардың мерзімі мен уақыт мезгілдерін қастерлеп ұстанып жүр екенсіңдер,</verse>
				<verse number="11">мен сендердің осы іс-әрекеттеріңе қарап, өзімнің сендер үшін еңбек еткен еңбегім бекерден бекер, яғни зая болды ма деп қорқып жүрмін.</verse>
				<verse number="12">Бауырластар, мен сендерден мынаны өтінемін-мен сияқты болыңдаршы, өйткені мен де өздерің секілді болдым. Сендер мені еш нәрсемен ренжіткен жоқсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Білесіңдер ме, мен басында осы ізгі хабарды өздеріңе уағыздап жүрген кезде менің тәнім әлсіреп, бір әлсіз күйде жүрді.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде менің тәнім сендердің алдында сынақтан өткендей болды, алайда сендер сонда менің тәнімнен не жиіркеніп, не болмаса менен теріс айналып кетпедіңдер, керісінше сендер мені Құдайдың періштесіндей қабылдап, мені Иса Мәсіхті қабылдағандай қабылдадыңдар.</verse>
				<verse number="15">Ал енді сендердің сол кездегеі маған көрсеткен ізгі ниеттерің қазір қайда кетті? Сендер сол кезде өз көздеріңді ойып алып оны маған беруге де дайын болдыңдар, ал мен сол нәрсеге куәгер болдым.</verse>
				<verse number="16">Әлде, мен сендерге шындықты айтқаным үшін, сендердің жауларыңа айналдым ба?</verse>
				<verse number="17">Ал олардың соншама күш салып, қызғаныштан сендерді өздеріне қаратып алуға тырысып жатқаны жақсылық емес, керісінше олар сендерді бізден бөліп тасатап сендерді өз ықпалдарына бағындырып алғысы келіп жүр.</verse>
				<verse number="18">Жақсылық істеуге тырысу керек, әрине ол жақсы нәрсе, бірақ оны тек мен сендердің араларыңда болғанда емес, керісінше оны кез келген уақытта да жасайтын болса сол дұрыс болады.</verse>
				<verse number="19">Балаларым менің, мен Мәсіхтің келбеті сендердің бойларыңа толықтай сіңіп қалыптасып болғанша, маған тағы да толғақтың азабына түсіп, қайтадан азап шегуге тура келіп тұр.</verse>
				<verse number="20">Мен сендерді түсіне алмай-ақ қойдым, сондықтан мен дәл қазір сендердің қастарыңа барып сендерге даусымды көтермей сөйлесем бе деген қалау пайда болды.</verse>
				<verse number="21">Сендер маған мынаны айтыңдаршы, сендердің Заңға бағынып өмір сүргілерің келіп жүрсе, онда сендер сол заңда айтылған нәрселерді не себептен тыңдағыларың келмейді?</verse>
				<verse number="22">Өйткені жазбада Ыбырайымда екі ұлы болды деп жазылған, ал сол ұлдың біреуі күң әйелден туылса, екінші ұл ерікті әйелден туылған болатын.</verse>
				<verse number="23">Ал енді күң әйелден туылған бала тәннің қалауы бойынша дүниеге келсе, ал еркіті әйелден туылған бала, Құдайдың уәдесі бойынша дүниеге келді.</verse>
				<verse number="24">Бұл жерде терең сыр жатыр: -Осы екеуі екі келісімді білдіреді. Яғни, оның біреуі Синай тауында берілген келісімді білдіреді, бұл баласын құлдықта жүріп туған Ажарды бейнелейді.</verse>
				<verse number="25">Себебі, Ажар арабия еліндегі Синай тауының бейнесін көрсетіп тұр, сонымен қатар ол қазіргі Иерусалимнің бейнесіне де дәлме-дәл келеді, өйткені ол да дәл қазір өзінің балаларымен бірге құлдықта жүр.</verse>
				<verse number="26">Ал енді жоғарыда тұрған Иерусалим ол бостандықта, яғни еркіндікте жүр, міне біздің анамыз сол.</verse>
				<verse number="27">Өйткені жазбада: -Бедеулік көріп, бала тумаған әйел қуанып жан сала айқайласын, өйткені күйеуі бар әйелге қарағанда, жалғыз басты әйелдің балалары өте көп болады деп жазылған.</verse>
				<verse number="28">Міне, сондықтан, бауырластар, сендер Ысқақ секілді уәде арқылы туылған балалардың қатарындасыңдар.</verse>
				<verse number="29">Алайда сол кезде тәннің қалауымен туылған бала, Рухтан туылған баланы қудалаған болатын, міне қазір де дәл солай болып тұр.</verse>
				<verse number="30">Ал енді жазба осы жайлы не дейді? Күңді баласымен бірге қуып шық, себебі күңнің ұлы, бостандықта жүрген әйелден туылған ұлдың мұрасына мұрагер бола алмайды, делінген.</verse>
				<verse number="31">Сондықтан, бауырластар, біз күңнің ұлдары емеспіз, керісінше біз еркіндікте, яғни бостандықта жүрген әйелдің балалары болып қала береміз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Ал бізді бостандыққа шығарған Мәсіх, осы ойда тұрыңдар, енді қайтадан құлдықтың қамытын кимеңдер.</verse>
				<verse number="2">Мен, Пауыл, сендерге мынаны айтамын: -Егер де сендер сүндеттелетін жолды ұстанатын болсаңдар, онда Мәсіх сендерге ешқандай да пайда әкелмейді.</verse>
				<verse number="3">Сендердің естеріңе мына куәлікті салайын: -Сүндеттелген әр бір адамның міндеті сол -заңда көрсетілген талаптарды толығымен орындауы тиіс.</verse>
				<verse number="4">Ал енді сол заңның талаптарын толығымен орындап, сол арқылы ақталамыз деп жүргендерді Құдай Мәсіхтен бөліп тастады сондықтан сендер рақымдылыққа ілінбей түсіп қалдыңдар.</verse>
				<verse number="5">Ал біз болсақ рухта сенім арқылы ақталатынымызға сенеміз, әрі соған үміт артып соны күтеміз.</verse>
				<verse number="6">Өйткені Иса Мәсіхтегілерге сүндеттелуден не болмаса сүндеттелмеуден келетін күште пайда да жоқ, себебі оларда сүйіспеншілік арқылы сенім әрекет етеді.</verse>
				<verse number="7">Сендер жақсы жүгіріп келе жатыр едіңдер, кім сендерге кедергі келтіріп, өздеріңе шындықты мойындауға кім бөгет болды екен?</verse>
				<verse number="8">Дәл осы ой-пікір сендерге Шақырып алушыдан келген жоқ.</verse>
				<verse number="9">Бүкіл қамырды кішкентай ғана ашытқы ашытады.</verse>
				<verse number="10">Сендерде Иемізге байланысты бұдан басқа ойдың болмағанына мен нық сенемін, ал сендерді тура жолдан тайдырып сендерді дүрліктіріп жүргендер кім болса ол болсын, ол өз сазайын тартады.</verse>
				<verse number="11">Бауырластар, егер де мен әлі де болса сүндеттелуді уағыздап жүрген болсам, онда мен неге осы күнге дейін мені қудаланудың астында жүрмін? Егер де сол нәрсе дұрыс болса онда біздің айқыш туралы уағызымыз ешқандай да кедергіге жолықпас еді.</verse>
				<verse number="12">Негізі сендерді дүрліктіріп жолдан тайдырып жібергендердің сол мүшесін, кесіп алып тастаса ғой шіркін.</verse>
				<verse number="13">Бауырластар, сендер еркін жүріп тұру үшін шақырылдыңдар, енді сендер сол еркіндіктеріңді тек тәндік құмарлықтарыңды қанағаттандыру үшін пайдаланбаңдар, керісінше сүйіспеншілік арқылы бір-біріңе қызмет етіңдер.</verse>
				<verse number="14">Себебі, бүкіл заңның талабын «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй» деген бір сөздің ішіне кіргізіп оны солай бекітіп қойды.</verse>
				<verse number="15">Ал егер де бір-біріңді тістелеп, шайнап жейтін болсаңдар, онда байқаңдар, бір-біріңді сол арқылы құртып жіберулерің де мүмкін.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан сендерге былай деймін: -Егер де сендер рухтың қалауымен жүретін болсаңдар, онда сендерде тәннің қалауы болмайды, әрі әрекет етпейді.</verse>
				<verse number="17">Өйткені тәннің қалауы рухқа қарсы, ал рухтың қалауы тәнге қарсы тұрады, себебі олардың екеуі де бір-біріне қарсы, сондықтан сендер өз қалған қалауларыңды қанша істегілерің келсе де, оны істей алмайсыңдар.</verse>
				<verse number="18">Ал егер де сендер тек Рухтың жетегінде болсаңдар, онда сендер заңның билігінің астында емессіңдер.</verse>
				<verse number="19">Себебі, тәни іс-әрекеттердің бары анық, олар мыналар: -Нәпсіқұмарлық, жыныстық азғындық, бейбастық,</verse>
				<verse number="20">пұтқа табынушылық, сиқыршылық, қаскөйлік, ұрыскеріс, қызғаныш, ашу-ыза, бақталастық, екі жүзділік, жалған ілімге берілу,</verse>
				<verse number="21">күндестік, маскүнемдік, шексіз сауық сайран құру, тағы осы сияқты нәрселер. Мен осылар туралы өздеріңе алдында да айттым, енді соны тағы да айтамын, осы нәрселерді істеп жүргендер, Құдай патшалығындағы мұралыққа мұрагер бола алмайды, одан құр алақан қалады.</verse>
				<verse number="22">Ал енді Рухтың беретін жемісі міне мыналар: -Сүйіспеншілік, қуаныш, бейбітшілдік, тыныштық, төзімділік, адалдық, ізгілік, сенім,</verse>
				<verse number="23">кішіпейілділік, ұстамдылық, міне осындай іс-әрекеттерге заң қарсы тұра алмайды.</verse>
				<verse number="24">Өйткені Мәсіх Исаның меншігі болып жүргендер, өздерінің тәни құштарлықтары мен күнәкар құмарлықтарын айқышқа шегелеп қойды.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан егер өмір сүретін болсақ рухпен өмір сүріп, рухпен әрекет етейік.</verse>
				<verse number="26">Арамызда атақ құмарлықпен бір-бірімізді шағыстыру, көре алмаушылық атауымен болмасын!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Бауырластар, егер де бір адам күнәнің құрсауына түсіп қалып жатса, онда сендер оны рухани қайта қалпына келтіру үшін рухтың жетегіне бағынып, мейірімділік танытыңдар, әрі өздерің де сол секілді азғырылуға түсіп қалмас үшін өздеріңе-өздерің сақ болыңдар.</verse>
				<verse number="2">Өзара бір-біріңе қамқор болып, біріңнің ауыртпашылығыңды бірің көтеріңдер, сонда Мәсіхтің өсиетін орындайтын боласыңдар.</verse>
				<verse number="3">Өйткені егер де біреу өзінің түкке де тұрмайтынын біле тұра, өзін басқалардан маңыздымын деп санайтын болса, онда ол өзін-өзі алдайды,</verse>
				<verse number="4">сондықтан әркім өз іс-әрекетін өзі сынап өзін-өзі тексеріп отырса, ол басқаның іс-әрекетіне емес, ол тек өз іс-әрекеті үшін ғана мақтана алады,</verse>
				<verse number="5">өйткені әркім өз ауыртпалығын өзі алып жүруі тиіс.</verse>
				<verse number="6">Кім тәлімгерден сөз естіп, тәлім алып жүрген болса, сол өзіндегі бүкіл бар жақсылығымен өзіне тәлім беріп жүрген адаммен бөліссін.</verse>
				<verse number="7">Адасып кетіп жүрмеңдер, Құдайды алдап мазақ ету мүмкін емес, сондықтан адам не ексе, соны орады.</verse>
				<verse number="8">Өйткені кім де кім өзінің тәндік қалауының жетегімен жүретін болса, ол сол тәнді шірітіп жоқ қылатын нәрсені орады, ал кім рухтың қалауымен, яғни рухтың жетегінде жүретін болса, ол сол рухтан пайда болатын мәңгілік өмірді орады.</verse>
				<verse number="9">Сондықтан өзімізді-өзіміз жасытып, қайғыға берілмейік, тек жақсылық жасай берейік, өйткені өзімізге қажет нәрсені уақыт келген кезде орып аламыз, тек әлсіздікке берілмесек болды.</verse>
				<verse number="10">Сонымен біздің әлі де уақытымыз бар, сондықтан келіңдер жасайтын жақсылығымызды бәріне бірдей жасай берейік, әсіресе біз соны өзімізге жақын бауырластарға жасайық.</verse>
				<verse number="11">Байқаған шығарсыңдар мен осы жолы өздеріңе жазғандарымның көбін өз қолыммен әрі үлкен әріптермен жаздым.</verse>
				<verse number="12">Тәннің жетегінде жүруді мақтан тұтып, соны жақсы көретіндердің көпшілігі, сендерді сүндетке отырғызуға мәжбүрлемек болып жүр, ал олардың бұл әрекеттерінде тек Мәсіхтің айқышы үшін қудалауға түспесек болды деген ой жатыр.</verse>
				<verse number="13">Өйткені олар сүндеттелуді қанша ұстанса да, олар сол заңның талаптарын орындамайды, олар керісінше сол сендерді сүндеттету арқылы өздерінің атақ абыройын көтермекші болып жүр.</verse>
				<verse number="14">Ал мен Иеміз Иса Мәсіхтің айқышынан басқа еш нәрсеге мақтана алмаймын, өйткені сол айқышқа осы әлем мен үшін шегеленді, ал мен сол айқышқа осы әлем үшін шегелендім.</verse>
				<verse number="15">Өйткені сүндетке отыру, не болмаса сүндетке отырмау түкке тұрмайтын бос әрекет, керісінше аса маңызды нәрсе жаңадан жаратылған жаратылыс болмақ.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан көпшілік осы қағида бойынша жүретін болса, онда олар Исраилдің Құдайының бейбіт тыныштығы мен мейіріміне ие болады.</verse>
				<verse number="17">Енді осыдан кейін ешкім маған қиындық әкелмесе екен деп тілеймін, өйткені Исаның денесіне түскен жараның ауыртпалығын мен өз денемде тартып жүрмін.</verse>
				<verse number="18">Баурырластар, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы, сендердің рухтарыңды жандандыра берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="49">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың еркімен Иса Мәсіхтің елшісі болған Пауыл Ефес жеріндегі Иса Мәсіхке адал болып жүрген киелі бауырластарға біздің.</verse>
				<verse number="2">Құдай Әкеміздің, Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы мен тыныштығын тілейді.</verse>
				<verse number="3">Жарылқаушы Құдайымыз әрі Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі мадақтала берсін! Ол бізді көктен, яғни, Мәсіхтен келетін барлық рухани жарылқаулармен жарылқап қойды.</verse>
				<verse number="4">Ол осы әлем жаратылмастан бұрын біздің Мәсіхте болғанымызды қалап, алдын-ала таңдап алды, сондағы мақсаты-бізді киелі әрі мінсіз ету. Сонымен қатар, бізді Оның алдында Өзінің сүйіспеншілігіне бөлеп,</verse>
				<verse number="5">Иса Мәсіх арқылы балалары етіп, қабылдап алуды алдын ала Өз мақсатына сай белгілеп қойған.</verse>
				<verse number="6">Сол үшін Оның рақымы даңққа бөленіп, мадақтала берсін! Ол бізді Өзінің рақымына сүйікті Ұлы арқылы бөлеп қойды.</verse>
				<verse number="7">Өйткені Оның Ұлы Иса Мәсіхтің қаны арқылы біздің құнымыз өтелді, сөйтіп, Оның игілікке толы, ізгілігі мол рақымының арқасында күнәларымыз кешірілді.</verse>
				<verse number="8">Сонымен қатар, Ол бізге барлық жағынан молынан даналық беріп, ой-өрісімізді кеңейтіп,</verse>
				<verse number="9">Өзінің еркіне сай Мәсіхтегі бар құпияны бізге ашып, соны танып-білуге мүмкіндік берді, Оның мақсаты мен ізгі ниеті де сол болатын.</verse>
				<verse number="10">Міне, сондықтан уақыттың ағымын толық басқара отырып, бәрін біртұтас етіп біріктіру үшін, Ол бар билікті Мәсіхтің қолына тапсырды, сондықтан көктегіні де, жердегіні де тек Мәсіх басқаратын болады.</verse>
				<verse number="11">Сол үшін біз алдын ала таңдап алындық, бұл Құдайдың бекіткен шешімі мен Оның еркіне сай болды,</verse>
				<verse number="12">ал біздің мақсатымыз-Оның даңқын арттырып, атын мадақтау, өйткені біз үмітімізді ең алдымен Мәсіхке арттық.</verse>
				<verse number="13">Сонымен қатар, бізді құтқаратын Ізгі хабардың шынайы сөзін естідіңдер, Мәсіхке сенген кезде сендерге уәде етілген Киелі Рухтың мөрі басылды,</verse>
				<verse number="14">міне, бұл-біздің мұрагер екендігіміздің кепілі және бізге тиісті еншімізді алып беріп, Оның даңқын арттыру үшін жасалынған әрекет.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан мен сендердің Иеміз Исаға деген сенімдерің мен барлық киелілерге деген сүйіспеншіліктерің туралы естіп,</verse>
				<verse number="16">өздеріңе деген бар ризашылығымды Құдайға білдіру үшін, сендерді есіме алған сайын үздіксіз мінәжат етудемін.</verse>
				<verse number="17">Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы, даңқы биік Әкеміз даналықтың Рухымен Өзін жақыннан танып-білу үшін, сендерге ашылса екен деп тілеймін.</verse>
				<verse number="18">Сөйтіп, Ол сендердің жүректеріңнің көзін ашып, Құдайдың өздеріңді қандай үмітке шақырғанын және Оған бағышталғандардың Оның даңқы мен ағыл-тегіл мұрасына қалай ие болатындарын сендер білсеңдер екен деп сиынамын.</verse>
				<verse number="19">Оның құдіретті күшінің Оған сенетін біз секілді сенушілерде қалай әрекет етіп, бізге қалай күш-қуат беретінін сендер терең түсінсе екен деймін.</verse>
				<verse number="20">Ол Өзінің құдіретті күшімен Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп алды және Оны көкте Өзінің Оң жағына отырғызды.</verse>
				<verse number="21">Өйткені бұл атақ-даңқ бастапқы биліктен де, күштен де, иелік етіп келген кез-келген есімдерден де жоғары, сондықтан Оған тек осы ғасырға ғана емес, болашақ ғасырларға да билік ету берілді.</verse>
				<verse number="22">Міне, сондықтан Құдай бәрін Мәсіхке бағындырып, Оның табанының астына салып берді, Оны бүкіл қауымның Басы етіп қойды.</verse>
				<verse number="23">Ал қауым-Оның денесі, Ол қауымды барлық жағынан толтыра береді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Бір кездері сендер өздерің жасаған қылмыстар мен күнәлардың кесірінен өлілердің қатарында болдыңдар,</verse>
				<verse number="2">Сол кезде сендер де әуе кеңістігінде мекендеуші рухтардың, осы әлемді билеп-төстеуші (зұлым күштер) билеушілерінің, яки, күні бүгінге дейін Құдайға мойынсұнбай, Оған қарсы тұратындардың бойында әрекет ететін сайтанның бұйрығымен әрекет еттіңдер.</verse>
				<verse number="3">Бұрын бәріміз де солардың қатарында болдық, біз де тәндік құмарлықтарға беріліп, табиғатымызға сай тәніміз бен санамызға жат ойлардың қалауын орындадық. Басқалар сияқты біз де Құдайдың қаһарына ұшырағандардың қатарында болдық.</verse>
				<verse number="4">Алайда Құдай өте мейірімді болғандықтан, Ол Өзінің шексіз сүйіспеншілігімен бізді жақсы көріп,</verse>
				<verse number="5">өзіміздің сол жасаған қылмыстарымыздың кесірінен өлі болған біздерді Құдай Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алды. Сонымен, сендер Оның рақымының арқасында құтқарылдыңдар.</verse>
				<verse number="6">Құдай бізді Иса Мәсіхпен бірге қайта тірілтіп алған соң, Иса Мәсіхпен бірге көкте өмір сүретіндердің қатарына апарып отырғызды.</verse>
				<verse number="7">Ол осы арқылы келер ұрпаққа Өзінің рақымының қаншалықты ағыл-тегіл мол екенін және Иса Мәсіхтегі бізге де сол игі істің қандай қатысы бар екенін көрсетті.</verse>
				<verse number="8">Сендер Оның рақымымен сенім арқылы құтқарылдыңдар, бұл өздеріңнен келген әрекет емес, Құдайдың берген сыйы.</verse>
				<verse number="9">Сондықтан бұған ешқандай да бір іс-әрекеттің қатысы жоқ, сондықтан ешкім еш нәрсемен мақтана алмайды.</verse>
				<verse number="10">Ол-Жаратушы Ие, біз-Оның жаратқан жаратылысымыз, біз Мәсіх Исамен бірігу арқылы жаратылдық, ендігі міндетіміз-Құдайдың алдын ала белгілеп қойған игі істерін орындау.</verse>
				<verse number="11">Өздеріңе тәндік тұрғыдан қарайтын болсаңдар, кезінде сендер де өзге ұлттың өкілдері болғандарыңды естеріңде түсіріңдерші. Сонда тәнін қолмен сүндеттеп жүргендер сендерді «сүндеттелмегендер» деп атайтын.</verse>
				<verse number="12">Себебі сендер сол уақытта Мәсіхсіз болдыңдар әрі Құдайдың Өз уәделеріне сай Исраил халқына берген келісімдерінен тыс қалдыңдар, үмітсіз әрі Құдайсыз болып, осы әлемнің салтына сай өмір сүрдіңдер.</verse>
				<verse number="13">Ал қазір енді сендер Мәсіх Исамен бірліктесіңдер, бір кездері Одан алыс болсаңдар, енді Мәсіхтің төгілген қаны арқылы Оған жақындадыңдар.</verse>
				<verse number="14">Біздің татуластырушымыз-Мәсіх, өйткені Ол екі ортаны бөліп тұрған қабырғаны Өзінің денесімен бұзды, екі жақтағы өшпенділікті талқандап, екеуін біріктірді.</verse>
				<verse number="15">Заңда берілген ережелер мен нұсқаулардың күшін жойды, екі жақты Өзімен байланыстырып бекітіп, екеуінен бір жаңа адам жасап шығарып, екі жаққа бірдей тыныштық орнату үшін,</verse>
				<verse number="16">екі жақтағы екі денеден айқыш арқылы бір дене жасап шығарды да, оларды өзара Құдаймен татуластырып, екі ортадағы өшпенділікті жойып, алып тастады.</verse>
				<verse number="17">Ол келіп, татулықтың Ізгі хабарын алыстағы сендерге де, жақында жүрген біздерге де жариялады.</verse>
				<verse number="18">Енді біз Әкеге тек Ол арқылы бір Рухта жүріп жақындай аламыз.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан енді сендер не жат жерлік немесе келімсек емессіңдер, керісінше, киелілердің қатарына кіріп, олармен отандас әрі Құдайдың отбасының мүшесі болдыңдар.</verse>
				<verse number="20">Құдайдың отбасының іргетасын пайғамбарлар мен елшілер қалаған болатын, ал сол құрылыстың негізгі іргетасы -Иса Мәсіхтің Өзі, сендер де енді Соған қаланып жатырсыңдар.</verse>
				<verse number="21">Міне, сол негізгі іргетастың үстіне салынған құрылыс бірте-бірте өсіп, Иеміздің Киелі үйіне айналмақ.</verse>
				<verse number="22">Сол үйге сендер де Иемізбен бірге қаланып жатқандықтан, сол жерде Құдайдың Рухы мекендейтін болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Мен, Пауыл, Иса Мәсіхтің құлы болғандықтан және өзге ұлттық бауырластар, сендер үшін де тұтқында отырмын.</verse>
				<verse number="2">Әрине, сендерге бола маған берілген Құдайдың рақымы туралы және соны жеткізудің өзі маған тапсырылғанын сендер естідіңдер.</verse>
				<verse number="3">Өйткені Құдай маған берген аяны арқылы Өзінің құпиясын ашты, сол туралы қысқаша баяндап жазып қойдым.</verse>
				<verse number="4">Соны оқысаңдар, Мәсіх туралы құпиядан менің не түсінгенімді байқайсыңдар,</verse>
				<verse number="5">бұл басқа ұрпақтарға, яғни, адам баласының ешқайсысына осы уақытқа дейін ашылмаған болатын, ал қазір бұл Оның киелі елшілеріне, Оның Рухымен жүрген пайғамбарларға ашылып отыр.</verse>
				<verse number="6">Енді өзге ұлт өкілдері де осы Ізгі хабар арқылы мұрагер атанып, бір дененің мүшелері ретінде Мәсіх Иса арқылы берілген уәдеге олар да ортақтасатыны аян болды.</verse>
				<verse number="7">Ал мен Құдайдың сыйлаған рақымымен Оған қызмет етіп, Оның маған берген күшіне сай әрекет етіп жүрмін.</verse>
				<verse number="8">Мен киелілердің арасындағы ең елеусізі болсам да, Оның сол рақымдылық жайындағы хабарын жариялау маған жүктелген екен. Мұнда адамның ақылымен зерттеп, білуге болмайтын Мәсіхтегі шексіз байлықты, яғни, Ізгі хабарды, өзге ұлттарға жариялап,</verse>
				<verse number="9">бүкіл әлемді жаратқан Құдайдың басшылығымен ғасырлар бойы жасырын болып келген Оның осы бір құпия жоспарын барлығына бірдей ашып беру маған сеніп тапсырылды.</verse>
				<verse number="10">Сол арқылы Құдайдың жан-жақты әрі көпқырлы даналығы енді қазіргі кездің басшылары мен көкті билеп тұрған билік иелеріне (Мәсіхтің соңынан еретін) қауым арқылы ашылуы тиіс.</verse>
				<verse number="11">Міне, сондықтан да Ол Өзінің алдын ала бекітіп, ғасырлар бойы сақтап келген бұл жоспарын Ол біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы іске асырды.</verse>
				<verse number="12">Осының арқасында Құдайға жақындай алатын құқық пен мүмкіндікке қол жеткіздік, біз бұған Оған деген сенім арқылы қол жеткіздік.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан сендерге бола менің басыма түскен ауыртпалық туралы ойлап, уайымға салынбауларыңды өтінемін, себебі бұл сендерге даңқ әкеліп, абыройларыңды асырмақ.</verse>
				<verse number="14">Мен сол үшін де Әкенің алдында келіп,</verse>
				<verse number="15">көктегі және жердегі барлық ұрпақ Оны Әке деп атап, өмірге ие болуы үшін, тізерлеп мінәжат етемін.</verse>
				<verse number="16">Сол себептен Оның даңқының байлығына сәйкес, құдіретті күшімен Өзінің Рухы арқылы сендердің жан дүниелеріңді байытып, нығайта берсін.</verse>
				<verse number="17">Сөйтіп, сендердің сенімдерің арқылы Мәсіх жүректеріңнен орын алып, Өзінің сүйіспеншілігімен тамыр жайып, басты және тұрақты негізге айналсын.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, сендер Құдайдың барлық киелі адамдарымен қатар тұрып, Мәсіх арқылы келетін сүйіспеншіліктің қаншалықты кең және ұзақ, биік әрі терең екенін</verse>
				<verse number="19">түсініп, Мәсіхтің сүйіспеншілігінің соншалықты *шексіз екенін білсеңдер екен деп, Құдайға мінәжат етемін, сонда ғана Құдайды толық танып-біле алатын боласыңдар.</verse>
				<verse number="20">Біздің өмірімізде әрекет ететін Мәсіхтің күші арқылы Құдай сұрағанымыздан да, білгенімізден де артық етіп, асып-төгіп бере алады.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан Оның қауымдағы және Мәсіх Исадағы даңқы ғасырдан ғасырға артып, ұрпақтан-ұрпаққа жете берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен, Иеміз үшін тұтқында отырған мен сендерден мынаны өтінемін: Құдайдың өздеріңді не үшін шақырғанын білесіңдер, өмірлерің сол шақыруға лайық болсын.</verse>
				<verse number="2">Әрдайым өзара ізгі ниетті, кішіпейіл болыңдар, бірбіріңе шыдамдылық танытып, сүйіспеншілікпен қолдау көрсетіңдер.</verse>
				<verse number="3">Өздеріңді біріктіретін Рухтың бірлігі мен тыныштығын сақтауға тырысыңдар.</verse>
				<verse number="4">Сендерді шақырған Мәсіхтің денесі-Біреу, Рух-Біреу, сол сияқты өздеріңнің артатын үміттерің де-біреу.</verse>
				<verse number="5">Иеміз де бір, сеніміміз де бір, суға батырылып шомылуымыз да бір.</verse>
				<verse number="6">Бір Құдай бар, Сол-бәріміздің Әкеміз және барлығының үстінен қарайтын да, біз арқылы әрекет ететін де, бәрімізбен бірге болатын да-Сол.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан әрқайсысымызға Мәсіхтің біз үшін анықтап қойған өлшеміне сай рақым (ерекше қабілеттер) сыйға берілді.</verse>
				<verse number="8">Бұл туралы Жазбада: «Тұтқындағыларды соңынан ертіп, Ол көктен де жоғары көтеріліп, сыйларын адамдарға таратып берді», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="9">«Көтеріліп» дегеннің мағынасы Оның алдымен жердің астыңғы бөлігіне түскенін білдірмей ме?</verse>
				<verse number="10">Төменге түскен Оның Өзі болғандықтан, көктен де жоғарыға көтеріліп кеткен Соның Өзі болып тұр ғой, сондағы мақсаты - бүкіл ғаламды Өзімен толтыру.</verse>
				<verse number="11">Сол үшін Ол біреулерге-елшілік, басқаларға-пайғамбарлық, кейбіреулерге - Ізгі хабар тарататын, тағы біреулеріне бағушы мен тәлімгер болатын дарындарды берді.</verse>
				<verse number="12">Міне, олар Құдайдың киелі адамдарын нығайтып, оларды қызмет етуге баулып, Мәсіхтің денесі ретінде өсіп -өнуге жетелейді.</verse>
				<verse number="13">Бәріміз бірлікте бір сенімге қол жеткізіп, жетілген (ер) адам болуымыз үшін, біз әлі де Құдайдың Ұлын терең танып-білуіміз қажет, тек сонда ғана Мәсіхтің табиғатына сай, толық ер жетіп, естияр адамдай боламыз.</verse>
				<verse number="14">Сонда біз толқындай тербеліп, кез-келген ілім соңынан ерген жас сәби сияқты болмаймыз және адамдарды алдайтын қулардың алдап-арбап, адастыратын жолына да түспейміз, олардың ықпалына да берілмейтін боламыз.</verse>
				<verse number="15">Керісінше, бізге шындықты сүйіспеншілікпен жеткізген Мәсіхтің Өзіне ұқсас болып өсеміз, себебі біздің Басымыз да, Басшымыз да, Басқарушымыз да - Мәсіх.</verse>
				<verse number="16">Өйткені денедегі барлық мүшелер бір -бірімен тек өзара байланыстыратын әр түрлі буындар арқылы байланысқа түссе ғана бірін-бірі қолдап, бір дене ретінде өсіп, өзара сүйіспеншілікпен әрекет ететін болады.</verse>
				<verse number="17">Сондықтан сендерге Иеміздің атынан айтарым және өтінішім: бұдан былай сендерге өзге ұлт өкілдері секілді жүрудің қажеті жоқ, олар әлі де түкке тұрғысыз ақыл-ойдың жетегінде жүр,</verse>
				<verse number="18">олардың ой-саналары қара түнектің құрсауында қалып қойған. Соның кесірінен олар Құдайдан алшақ өмір сүруде, олар Жаратқан Иені жақыннан танып-біле алмайды, өйткені олардың жүректері тастай қатып қалған.</verse>
				<verse number="19">Олар өзара азғындыққа салынып, тойымсыз ашкөздікке беріліп, тіпті, тазалық атаулыны естерінен шығарғандарын да еш сезбейді.</verse>
				<verse number="20">Алайда Мәсіх сендерді сондай нәрсеге үйреткен жоқ.</verse>
				<verse number="21">Әрине, сендер Оның айтқанын естідіңдер, Оның сендерге үйреткені: шындықтың бар екені ақиқат, алайда ол - тек Мәсіхте.</verse>
				<verse number="22">Өтіріктің шырмауы мен құмарлықтың жетегінде жүріп, құрып кететін ескі адамның болмысын сендер енді шешіп тастаңдар.</verse>
				<verse number="23">Рухтарың мен ой-саналарыңды жаңарту үшін,</verse>
				<verse number="24">Құдайдың әділ әрі киелі, шынайы етіп жаңадан жаратқан адамының болмысын «киіп» алыңдар.</verse>
				<verse number="25">Әрқайсысың өтіріктен бас тартып, жақындарыңа тек шындықты айтатын болыңдар, өйткені біз -өзара біріккен бір дененің мүшелеріміз.</verse>
				<verse number="26">Сендер «Ашуға берілгенде, күнә жасамаңдар, күн батпай тұрып, ашуларыңды басыңдар»,</verse>
				<verse number="27">сайтанға өмірлеріңнен орын бермеңдер.</verse>
				<verse number="28">Біреу ұрлықпен айналысып жүрген болса, енді ол ұрлығын тоқтатсын, бұлай істегенше, оның орнына өз қолымен көп еңбек етіп, мұқтаж жандарға қолында барынан бөліп беріп, жақсылық жасасын.</verse>
				<verse number="29">Ауыздарыңнан ешқандай да шіріген сөз шықпасын, керісінше, жақсы сөзді жиі айтып, ауыртпалықта жүрген жандарға жігер беріңдер, сонда сендерді естіп тұрғандар Иеміздің рақымына ие болып, өз мұқтаждықтарына жауап алатын болсын.</verse>
				<verse number="30">Киелі Рухты ренжітпеңдер, өйткені сендер үшін құн төленген күні Ол сендерге Өзінің мөрін басты.</verse>
				<verse number="31">Жан дүниелеріңдегі қандай да бір күйініш, ашу-ыза, айғай-шу, өсектеу сияқты барлық жаманшылықтан арылыңдар.</verse>
				<verse number="32">Бір-біріңе пайдалы жақсылықтар жасап, мейірімді болыңдар, Құдай Мәсіх арқылы сендерге кешірімін сыйлады, сол сияқты сендер де кешірімді болып, бір-біріңе кешірім сыйлаңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Сонымен, Құдайдың сүйікті балары ретінде Құдайға еліктеп,</verse>
				<verse number="2">сүйіспеншілікпен өмір сүріңдер. Мәсіх бізді қалай сүйсе, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер, себебі Ол бізді сүйгендіктен, біз үшін Құдайға Өзін тарту етіп, құрбандықтың хош иісіне айналды.</verse>
				<verse number="3">Сендердің араларыңда неке адалдығын бұзу, ашкөздікке әкелетін таза емес, лас нәрселердің, тіпті, аты да аталмасын, өйткені мұндай іс-әрекет Құдайдың киелі адамдарына лайықты емес.</verse>
				<verse number="4">Сонымен қатар, сендерге ұятсыз қылықтар жасап, орынсыз қалжың айту да жараспайды, одан да Құдайға көбірек алғыс айтыңдар.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан сендер мынаны білуге тиіссіңдер: азғындықтың неше түрімен айналысып, тазалық дегенді білмейтін, тойымсыздыққа беріліп, пұтқа табынатын әркім Мәсіх пен Құдайдың Патшалығына мұрагер бола алмайды.</verse>
				<verse number="6">Ешкім де сендерді өздерінің бос сөздерімен алдап кетпесін, өйткені осындай іс-әрекет жасап, Құдайға мойынұсынбай жүргендерге Құдайдың қаһары төгілмек.</verse>
				<verse number="7">Сондықан Сендер олардың істеген істеріне араласып, олармен *сыбайлас болмаңдар.</verse>
				<verse number="8">Сендер бір кездері түнек болдыңдар, қазір Иемізде жарқыраған жарық болдыңдар, сондықтан енді сендер Сол жарықтың балаларына лайықты өмір сүріңдер.</verse>
				<verse number="9">Ал жарықтың беретін жемісі мынадай: ол кез-келген жағдайда жақсылық жасайды, әрбір кезде әділдік пен шындықты қолдайды.</verse>
				<verse number="10">Демек, Иемізге не ұнамды екенін біліп алыңдар.</verse>
				<verse number="11">Жеміс бермейтін түнектің істеріне араласпаңдар, қайта олардың істерін көбірек әшкерелеңдер,</verse>
				<verse number="12">себебі олардың құпия түрде жасап жүрген істерін, тіпті, айтудың өзі ұят.</verse>
				<verse number="13">Бірақ барлық құпия тек жарық арқылы ашылып, әшкере болады.</verse>
				<verse number="14">Жарық бәрін ашып береді. Сондықтан: «Тұр, ұйқыңнан оян! Өлімнен тіріл! Мәсіх саған нұрын төгіп тұр!», -деп бекер айтылмаған.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан абайлаңдар, жүріс-тұрыстарыңа мұқият болыңдар, жүріс-тұрыстарың ақымақтікіндей емес, ақылды адамдікіндей болсын.</verse>
				<verse number="16">Кез-келген уақыттарыңды тиімді пайдаланыңдар, өйткені күндеріміз өте алдамшы (зұлымдыққа толы).</verse>
				<verse number="17">Ақылсыз болмаңдар, Иеміздің еркін түсініп алуға тырысыңдар.</verse>
				<verse number="18">Шарап ішіп, мас болмаңдар, ол жүгенсіздікке апарады, оның орнына Рухқа кенеліп,</verse>
				<verse number="19">бір-біріңе Забур жырларын, рухани мадақтау әндерін айтып, жүректеріңнен шыққан жырлармен Иемізді мадақтаңдар.</verse>
				<verse number="20">Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға әрқашан алғыс айтыңдар.</verse>
				<verse number="21">Мәсіхті дәріптеп, Оны құрметтей отырып, бір-біріңе мойынұсыныңдар.</verse>
				<verse number="22">Әйелдер, Иемізді қалай құрметтесеңдер, күйеулеріңді де солай құрметтеңдер.</verse>
				<verse number="23">Мәсіх-қауымның Басы әрі Құтқарушысы, сол секілді әйелдің басы-оның күйеуі.</verse>
				<verse number="24">Сонымен, қауым Мәсіхке қалай бағынса, әйелдер де дәл солай барлық жағдайда күйеулеріне бағынуы тиіс.</verse>
				<verse number="25">Күйеулер, әйелдеріңді жақсы көріңдер, себебі Мәсіх қауымды жақсы көрді, сондықтан Ол Өзін құрбандыққа беріп,</verse>
				<verse number="26">оны киелі ету үшін, сөз арқылы судан өткізіп, тазалады.</verse>
				<verse number="27">Ол мұны тек Өзіне тиесілі және тек Өзін құрметтейтін қауым жасап шығару үшін істеді, енді онда ешбір дақ, не болмаса ешбір кемшілік болмайды, керісінше, ол киелі әрі кіршіксіз таза болады.</verse>
				<verse number="28">Күйеудің міндеті де дәл солай, ол өз денесін қалай сүйсе, әйелін де солай сүюі тиіс. Өз әйелін сүйе білген өзін де сүйеді.</verse>
				<verse number="29">Ешкім өз денесін жек көрмейді, қайта, оған нәр беріп, оны жылы ұстауға тырысады, сол секілді Мәсіх те Өзінің қауымына дәл солай қарайды,</verse>
				<verse number="30">өйткені біз Оның денесінің бір-бір мүшесіміз.</verse>
				<verse number="31">«Адам өз әке-шешесін тастап, әйеліне барып қосылады, сөйтіп, екеуі бірігіп, бүтін бір дене болады».</verse>
				<verse number="32">Осының астарында терең бір сыр бар, мен мұны тек Мәсіхпен және қауыммен байланыстырып айттым.</verse>
				<verse number="33">Алайда сендердің әрқайсысың өздеріңді қалай сүйсеңдер, әйелдеріңді де дәл солай сүюге тиіссіңдер, ал әйелдер күйеуін қадірлеп, қастерлейтін болсын.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Балалар, Иемізбен байланыста болғыларың келсе, атааналарыңды тыңдаңдар, әділдік содан басталады,</verse>
				<verse number="2">өйткені ата-ананы құрметтеу-бізге берілген ең алғашқы өсиет әрі уәде,</verse>
				<verse number="3">егер осыны орындайтын болсаң, бұл өзіңе жақсы, сонда сен жер бетінде ұзақ өмір сүретін боласың.</verse>
				<verse number="4">Әкелер, балаларыңның ашуына тиіп, олардың еңсесін түсірмеңдер, керісінше, оларды ақылмен жетелеп, жігер беріп, Иеміздің жолына тәрбиелеңдер.</verse>
				<verse number="5">Құлдар, сендер өз қожайындарыңды тыңдап, оларға сый-құрмет көрсетіңдер, жұмыстарыңды ұқыптылықпен атқарып, Мәсіхке таза жүрекпен мойынсұнғандай, оларға да солай қараңдар.</verse>
				<verse number="6">Мұны адамдарға ұнау үшін емес, керісінше, Мәсіхтің құлы секілді болып, әрбір жасаған істеріңді Құдайдың еркіне сай, бар ықыластарыңмен,</verse>
				<verse number="7">ізгі ниетпен орындаңдар, атқаратын қызметтеріңді адамдарға арнап емес, Иемізге қызмет етіп жүргендей істеңдер.</verse>
				<verse number="8">Жақсылық жасаған әркімді, мейлі, ол құл болсын, мейлі, еркіндіктегі адам болсын, Иеміздің сыйын өзінің орындаған ісіне сай алатынын әрқайсысың білесің.</verse>
				<verse number="9">Қожайындар, осы нәрсе сендерге де қатысты, сондықтан құлдарыңа зорлық-зомбылық көрсетіп, мәжбүрлеуді доғарыңдар. Олардың да, сендердің де Иелерің-Біреу, Ол -Көкте және ешкімнің де бет-жүзіне қарамайды, мұны сендердің білгендерің дұрыс.</verse>
				<verse number="10">Соңында айтарым: Иемізбен бірлікте Оның құдіретті күшімен нығая беріңдер.</verse>
				<verse number="11">Сайтанның өздеріңе қарсы бағытталған айла-әрекеттеріне қарсы тұра алуларың үшін, Құдайдың берген барлық қару-жарағын асыныңдар.</verse>
				<verse number="12">Алайда біз қан мен тәннен тұратын адаммен күреспейміз, біз осы әлемді басқарып отырған қара түнектің басшылары мен билік иелеріне әрі аспан астындағы зұлым *рухтарға қарсы тұрып, солармен күресеміз.</verse>
				<verse number="13">Сол себепті Құдайдың өздеріңе берген барлық қаружарағын асыныңдар, сонда сендер сол зұлымдық шабуыл жасаған кезде, оларға табандылықпен қарсы тұрып, бәрін жеңіп шығып, жеңімпаз боласыңдар.</verse>
				<verse number="14">Енді соған қарсы нық тұру үшін, белдеріңді шындықпен бекем буып, әділдікті сауыт қылып киіп алыңдар</verse>
				<verse number="15">және осы әлемге Ізгі хабар таратуға дайын болу үшін, аяқ киімдеріңді де киіп алыңдар,</verse>
				<verse number="16">барлық жағдайда сенімдеріңді қолға алып, оны қалқан ретінде пайдаланыңдар, сонда зұлымдықтың барлық отты жебелерін өшіріп тастай аласыңдар.</verse>
				<verse number="17">Құтқарылғандарыңды дулыға етіп киіп, Құдайдың Сөзін Рухтың семсері етіп пайдаланыңдар.</verse>
				<verse number="18">Кез-келген уақытта Құдайға барлық өтініштеріңді жеткізу үшін, Рухта мінәжат етіңдер, сол үшін әрқашан сергек болыңдар әрі Құдайдың барлық киелі адамдары үшін мінәжатта тұрақты болыңдар.</verse>
				<verse number="19">Сонымен қатар, мен сөйлеген кезде, Ізгі хабардың құпиясын тыңдаушыларға түсінікті етіп жеткізе алатын қажетті сөз аузымнан шықсын, сол үшін де мінәжат етіңдер,</verse>
				<verse number="20">мен-бұғауда отырған елшімін, сондықтан Мәсіхке деген сенімімді басқаларға қорықпай айта алатын болайын.</verse>
				<verse number="21">Сонымен, мен жайында немесе менің не істегенім туралы білгілерің келсе, оны менің сүйікті бауырым және Иеміздің адал қызметкері Түхіктен сұрап білерсіңдер.</verse>
				<verse number="22">себебі біз Сол үшін, біз туралы сендерге айтып берсін және сендердің жүректеріңе жұбаныш ұялатсын деген оймен оны сендерге жібердік.</verse>
				<verse number="23">Бауырластар, біз сендерге Құдайдың бейбіт тыныштығын және Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіхке деген сенім, сүйіспеншілік тілейміз!</verse>
				<verse number="24">Құдайдың рақымы Иеміз Иса Мәсіхті сүйетіндердің бәріне кіршіксіз күйінде жетсін!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="50">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса Мәсіхтің құлы Пауыл мен Тимотей, Фліп қаласындағы, киелі бауырластарға, қауым басқарушыларына, қызметкерлеріне</verse>
				<verse number="2">Құдай Әкемізбен, Иеміз Иса Мәсіхтен келген рахымдылықты, бейбіт тыныштықты тілейді.</verse>
				<verse number="3">Менің Құдайым сендерді әрқашан да менің есіме салып тұрады, мен соған ризамын,</verse>
				<verse number="4">сондықтан менің барлық мінәжатым, барлығың үшін болғандықтан, соны қуанышпен атқарып жүрмін,</verse>
				<verse number="5">өйткені сендер алғашқы күннен бастап, міне осы күнге дейін ізгі хабарды таратуда белсенділік көрсетіп келесіңдер,</verse>
				<verse number="6">ал осы игілікті іс өздеріңнен басталды, енді сол Иса Мәсіхтің күні келгенше жалғаса беретініне мен нық сенемін.</verse>
				<verse number="7">Осындай ойда болғаным барлығы үшін дұрыс болатын секілді, себебі сендер менімен бірге Құдайдың рахымын бөлісу үшін мен абақтыда отырсам да, сол ізгі хабарды қорғап, оны негіз етіп бекіткен кезде де менімен бірге сол үшін күйініп, мені қолдадыңдар, сол іс-әрекеттерің үшін сендер менің жүрегімнен орын алдыңдар.</verse>
				<verse number="8">Құдай куә, менің бар қалауым сендердің ішкі жан дүниелерің толығымен Иса Мәсіхтің сүйіспеншілігіне бөленсе екен деймін,</verse>
				<verse number="9">сондықтан мен былай мінәжат етудемін «Сендердің сүйіспеншіліктерің одан сайын көбейіп, Оны танып-білу қабілеттерің одан сайын өсіп, әрбір нәрсені терең түсіне алатын дәрежеге жете берсін»,</verse>
				<verse number="10">сонда сендер өздеріңе ненің пайдасы бар екенін ажырата алатын қалде боласыңдар, әрі Мәсіхтің келетін күні әрі таза, әрі мінсіз болу үшін,</verse>
				<verse number="11">Иса Мәсіх арқылы әділдіктің жемісін толықтай паш етіп, Құдайдың даңқы мен мақтауына ие болса екен деп тілеймін.</verse>
				<verse number="12">Баруырластар, менің сендерге білдіргім келгені, менің басыма түскен осы жағдай ізгі хабардың таратылуына, оның алға қарай жылжуына көп ықпал етуде.</verse>
				<verse number="13">Өйткені осы патша сарайының күзетшілеріне де, басқаларына да менің тек Мәсіхке көрсеткен қызметім үшін ғана абақтыда отырғаным ашылып мәлім болды.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан болар біздің Иемізге сенім артып жүрген бауырластарымыздың көбі менің осы абақтыда отырғанымды жеңілдету үшін, аса бір батылдықпен, ізгі хабардың сөзін қорықпай уағыздап жүр.</verse>
				<verse number="15">Ал кейбіреулері, бұл істі қызғаныштан, айтыс-тартыспен істесе, енді біреулері Мәсіхті таза ізгі ниетпен уағыздап жүр.</verse>
				<verse number="16">Кейбіреулері менің ізгі хабарды қорғап жүргенімді біліп, оны сүйіспеншілікпен уағыздауда,</verse>
				<verse number="17">ал басқалары Мәсіхті таза ізгі ниетке сүйеніп уағыздаудың орнына, айтыс-тартыспен бәсекелестікке салынып абақтыда отырған мені одан әрі күйзеліске душар етуде.</verse>
				<verse number="18">Алайда бұл маңызды ма? Ең маңыздысы қандай әдіспен болса да немесе қандай қалаумен болса да тек шынайы Мәсіх уағыздалса болды, мен соған қуанамын, керісінше айтсам қуаныпта жүрмін,</verse>
				<verse number="19">өйткені бұл жағдай сендердің мінәжаттарың арқылы менің бостандыққа шығуыма да септігін тигізеді, әрі Мәсіхтің Рухының іс-әрекетін де қолдайтын болады деген ойдамын.</verse>
				<verse number="20">Ал мен үміттенген осы үмітімнің ешқайсысы да мені ұятқа қалдырмайды, керісінше енді бұдан былай, мейлі менің өмірім арқылы болсын, мейлі менің өлімім арқылы болсын, менің денемде әрқашанда Мәсіх мадақталуы тиіс.</verse>
				<verse number="21">Өйткені Мәсіх менің өмірім, ал өлім мен үшін ұтып алған ұтыспен тең.</verse>
				<verse number="22">Ал енді менің өмірім мына денеде одан әрі жалғасатын болса, онда маған жемісті еңбек ету керек болады, сондықтан мен осы екеуінің қайсысын таңдап аларымды білмеймін.</verse>
				<verse number="23">Екі жақты да ұстап қалғым келеді, бір жағынан кері қайта қайтып, Исамен бірге болсам деген қалау тұр, бұл көпшілікке аса пайдалы болмақ,</verse>
				<verse number="24">ал бір жағынан сендерге пайдалы болу үшін, осы денеде қалсам деймін.</verse>
				<verse number="25">Алайда аз уақытқа болса да осында қалатынымды да білемін әрі солай болатынына сенімдімін, сөйтіп өздеріңмен бірге болған барлықтарыңның қуанышпен алға жылжып сенімде жүрулеріңе түрткі болмақпын.</verse>
				<verse number="26">Сонымен менің сендермен тағы да бірге болуым арқылы сендердің Иса Мәсіхке беретін мадақ -мақтауларың одан да молайып арта түспек.</verse>
				<verse number="27">Сол үшін тек Иса Мәсіхтің ізгі хабарына сай өмір сүріңдер. Мейлі мен сендерге барсам да, көрсем де, не алыста жүрсем де мен сендер жайлы «олар бір рухта жүріп, осы ізгі хабар үшін бір жандай күресіп, соны уағыздап жүр» дегенді естігім келеді,</verse>
				<verse number="28">сондықтан осы ізгі хабарға қарсы тұрушылардың ешқайсынан да қорықпаңдар. Өйткені олар құрып -жоғалып кететіндер, ал сендерде құтқарылу бар, оны сендерге Құдай берді.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан сендерге Мәсіх арқылы тек Оған сенуді ғана емес, сонымен қатар сендерге Ол үшін азап шегуді де беріп қойды,</verse>
				<verse number="30">ал сол күрестің менің өмірімде орын алғанын өздерің де көрдіңдер және менің әлі де соны басымнан өткізіп жатқаным туралы естідіңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сонымен егер де Мәсіхтен қандай да бір жұбанышты, немесе қандай да бір сүйіспеншілікті, немесе рухпен қарым-қатынасқа түсіп ішкі жан дүниелеріңе қандай да бір қажетті мейірімділік пен жанашрылықты Одан тапқан болсаңдар,</verse>
				<verse number="2">енді менің де қуаншым шексіз мол болуы үшін, сол бір ойға, сол бір сүйіспеншілікке ие болып, бір-біріңді бөліпжармай, тек бірлікті ойлаңдар,</verse>
				<verse number="3">ешқандай да бір бәсеке-бақталастық пен өз басының қамын ойлайтын атаққұмарлықтың жетегіне түспеңдер, керісінше бір-біріңе кішіпейлдік көрсетіп, басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар,</verse>
				<verse number="4">сөйтіп әркім тек өздерінің мүдесін ғана емес, керісінше әркім басқалардын да мүдесін ойлайтын болсын.</verse>
				<verse number="5">Мәсіх Исада қандай ой болса, сол ой сендерде болуы қажет:</verse>
				<verse number="6">Ал Мәсіхте Құдайдың болмысы болды, алайда Ол сол Құдайлық болмысқа жабысып, жармасқан жоқ,</verse>
				<verse number="7">Ол керісінше содан Өзі бас тартып, құлдың кейпін қабылдап, адамдарға ұқсап, адамдай табиғатты қабылдап,</verse>
				<verse number="8">өзін-өзі төмендетіп, өлімге дейін мойынсұнып, айқыштағы өлімді Өзі қабылдады.</verse>
				<verse number="9">Сол үшін Құдай Оны ең жоғарғы дәрежеге көтеріп, Оған барлық атақ пен даңқтардан да биік, ең жоғарғы есімді берді.</verse>
				<verse number="10">Енді аспан астындағылар да, жердегілер де, әрі жердің астындағылардың бәрі, Исаның сол есіміне бола, Оның алдында тізелерін бүгіп, Оған тағзым етіп,</verse>
				<verse number="11">сөйтіп, әрбір тіл атауы Иса Мәсіхті Иеміз деп мойындап, Құдай Әкенің даңқын арттыруы тиіс.</verse>
				<verse number="12">Сонымен менің, сүйікті бауырластарым, мен өздеріңмен болған кезде, сендер әрқашан да мойынсұнушылық көрсетіп жүрдіңдер, енді мен араларыңда жоқ кезде де соған көбірек көңіл бөліп, өздерің ие болған құтқарылуға аса мән беріп, соны қастерлеп, сол үшін қалтырап, дірілдеп, оны аяғына дейін сақтап қала аламыз ба деген қорқынышпен өмір сүріңдер.</verse>
				<verse number="13">Өйткені Құдай өзінің әрбір іс-әрекетін сендер арқылы жасайды, әрі Ол сендердің де сондай ізгі ниетте болғандарыңды қалайды, сол үшін Ол сендерге жақсы іс-әрекет жасауға ынта беріп, сендерді соған жетелеп отырады.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан атқаратын істердің бәрін де күңкілдемей, әрі күмән келтірмей істеңдер,</verse>
				<verse number="15">өйткені сендер Құдайдың мұнтаздай тап-таза етіп тазалап қойған баласы болдыңдар, сондықтан мына қисық та азғын ұрпақтың арасында тап-таза болып, осы әлемге жарқыраған жарық бола жүріп,</verse>
				<verse number="16">оларға өмір сөзін ұсыныңдар. Қандай кез болса да осылай істеңдер, сонда мен Мәсіх келген күні Одан мақтау алатын боламын, өйткені бұл менің тектен-текке жүгірмегенімді, әрі еңбегімнің бостан-босқа кетпегенінің дәлелі болмақ.</verse>
				<verse number="17">Ал егер де сендердің сенімдеріңді нығайту үшін, менің қаным төгіліп, Құдайға берілген құрбандықтай сендерге қызмет ететін болса оған да қуанамын, бәріңмен бірге қуанамын.</verse>
				<verse number="18">Міне, сол үшін сендер де менімен бірге қуанып, қуанышыма ортақтасыңдар!</verse>
				<verse number="19">Мен бар үмітімді Иеміз Исаға артамын, ал жақын арада Тімотені өздеріңе жіберіп, ол арқылы сендердің жағдайларыңды білсем болды, тек сонда ғана менің жаным тынышталмақ.</verse>
				<verse number="20">Өйткені ол секілді шын жүректен сендердің жағдайларыңды ойлап, қамқор болуға тырысып жүрген ешкімім де жоқ.</verse>
				<verse number="21">Себебі одан басқаларының бәрі Иса Мәсіхті емес, тек өз қара бастарының қамын жеп, соны іздеуде.</verse>
				<verse number="22">Ал оның сынақтан қалай өткенін өздерің білесіңдер, себебі мен ізгі хабар таратқан кезде, ол әкесіне қызмет еткен баладай менімен бірге жүріп қызмет етті.</verse>
				<verse number="23">Сондықтан, өзімнің жағдаймның қалай болатынын біліп алған соң, оны сендерге тез арада жіберемін деген үмітім бар.</verse>
				<verse number="24">Өзім де Иемізге үміт артумен жүрмін, сондықтан өзім де сол жаққа барып қалатыныма сенімдімін.</verse>
				<verse number="25">Сонымен қатар мен сендерге менің баурым, әрі әріптесім, әрі сенімді серігім, әрі сендердің маған қамқорлық көрсетіп маған қызмет етсін деп жіберген Епафродитті де сендерге жібергелі отырмын.</verse>
				<verse number="26">Өйткені ол сендердің барлықтарыңды көруге қатты құмар болып жүр, әрі өзінің ауырып қалғанын сендерде естіді деген кезден соң, ол зарығып қалды.</verse>
				<verse number="27">Шыны керек, ол қатты ауырып, өлім аузында жатты, алайда Құдай оны кешіріп оған да, маған да мейірімін көрсетіп, менің уайымыма уайым қоспайын деді ме, оны сауықтырып жіберді.</verse>
				<verse number="28">Сонымен сендерді тағы да бір қуанту үшін тездедіп, оны сендерге жіберіп отырмын, мүмкін осы арқылы менің де уайымым азаятын шығар.</verse>
				<verse number="29">Оны бар қуанышпен, Иеміздің атынан қабылдаңдар, әрі осындай адамды бағалай біліңдер,</verse>
				<verse number="30">өйткені ол Мәсіхтің ісі үшін, өлімге өте жақын барып, өз өміріне қауіп төндірді, сөйтіп, сендердің маған көрсете алмаған қызметтеріңді ол өзінің қызметімен толтырып, толықтырып тастады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Менің, бауырластарым, соңында айтарым, қуаныңдар, себебі сендер Иемізбен тығыз қарым-қатынаста тұрсыңдар. Өздеріңе осы жайлы ерінбей қайта-қайта жаза беремекпін, өйткені бұл сендер үшін берік қорған секілді болмақ.</verse>
				<verse number="2">Ит секілді жан-жағын тіміскілеп жүргендерден сақ болыңдар, әрі жұмыстарын жаман атқаратын жұмыскерлерден сақ болыңдар, әрі сүндеттелуді алға тартып соған мәжбүрлеп жүргендерден де сақ болыңдар.</verse>
				<verse number="3">Ал шынына келсек, нақты сүндеттелгендер-мына біздер, себебі біз қызметімізді Құдайдың рухымен атқарамыз, әрі Мәсіх Исаны Мақтан тұтамыз, сондықтан біз тәни жетістіктерге сүйенбейміз.</verse>
				<verse number="4">Алайда менің өзімнің тәндік жетістіктеріме сенім артатын мүмкіндік менде жеткілікті. Ал егер де біреу өзінің тәндік жетістіктерін одан да жоғары деңгейге қоятын болса, онда менікі оныкінен асып түседі.</verse>
				<verse number="5">Мен туылғаннан кейін сегіз күн өткен соң мені сүндеттеді, әрі мен Исраил халқының Бунямин руына шыққан еврейлерден туылған нағыз евреймін, әрі мен заңды өте қатты ұстанатын фарисей болдым.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан бойымды қызғаныш билеп, бар ынтамды салып -қауымның қудалаушысына айналдым, әрі заң талаптарын бұлжытпай орындап, сол арқылы әділетті болуға тырысып жүрдім.</verse>
				<verse number="7">Алайда мен Мәсіхке бола осы бір жетістіктерімді пайдасыз әрі түкке тұрғысыз деп санаймын.</verse>
				<verse number="8">Иә, мен үшін олардың бәрі-пайдасыз, түкке тұрмайтын нәрсе болып қалды, себебі мен Ием Иса Мәсіхті танып білу арқылы осы нәрседен де артық әрі пайдалы нәрсеге тап болдым. Міне, мен сол үшін оларды тастанды қоқыстар қатарына қосып, олардан бас тартып, ендігі өзіме аса пайдалы нәрселерді тек Мәсіхтен алу үшін олардың орнына Мәсіхті қойдым,</verse>
				<verse number="9">сөйтіп, мен Оның қасынан табылуға тырысудамын, себебі мен өзімнің әділдігімді заңнан емес, керісінше мен Мәсіхке деген сенім арқылы таптым, бұл әділдік Құдайдға деген сенім бойынша болғандықтан,</verse>
				<verse number="10">енді Оны жақыннан тануып-білу үшін, Оны өлімнен қайта тірілткен күшке де, Оның көрген азаптарына да ортақтасып, Оның өліміне ұқсас өлімді қабылдап,</verse>
				<verse number="11">егер де мүмкіндік туып жатса, бар мақсатым өлімнен қайта тірілетіндердің арасында болу.</verse>
				<verse number="12">Бірақ мен соған қол жеткіздім, немесе сол деңгейге жетіп, жетілдім деп айта алмаймын, алайда соның мәнін терең ұғып, соны білу үшін соның ізіне түсіп, соның артынан қуып келемін, сондағы мақсатым-қалайда мені баурап алған Мәсіх Исаны терең ұғып, білу.</verse>
				<verse number="13">Бауырластар, мен өзімді әлі де сол деңгейге жетіп, жетілдім деп айта алмаймын, алайда істеп жүргенім бір-ақ нәрсе, ол артта қалғандарды ұмытып, енді тек қолымды алға қарай созып, тек алға ұмтылып келемін.</verse>
				<verse number="14">Ал сондағы қуып жүрген мақсатым: көктегі Құдайдың Өзі Мәсіх Иса арқылы шақырып алғандарына беретін сыйға ие болу.</verse>
				<verse number="15">Кімнің жетіліп, кемелді болғысы келсе, осы оймен жүрсін, ал енді бұл туралы басқа ойда болсаңдар Құдай оны да сендерге ашып береді.</verse>
				<verse number="16">Алайда біз ең бірінші қандай жетістікке жетсек, өмірдегі іс-әрекетіміз де соған лайықты болуы қажет.</verse>
				<verse number="17">Бауырластар, маған еліктеңдер, бізді үлгі тұтып, біз сендерге көрсеткен үлгіге сай өмір сүріңдер.</verse>
				<verse number="18">Өйткені сендерге көпшіліктің қалай өмір сүріп жатқаны жайлы жиі айтылды, ал қазіргі кезде көзіме жас ала отырып, солардың көбі Мәсіхтің айқышын жек көретін жау секілді өмір сүріп жатқанын айтқым келеді.</verse>
				<verse number="19">Олар осылай істегені үшін ақырында құрып жоқ болады, өйткені олар асқазандарын құдайға теңеп атаққұмарлыққа беріліп масқара болуда, өйткені олардың ойы тек жердегі нәрсеге ауып кетті.</verse>
				<verse number="20">Ал біз болсақ көктің азаматымыз, сондықтан біз күтіп жүрген Құтқарушымыз, әрі Иеміз Иса Мәсіх сол көктен келеді,</verse>
				<verse number="21">сол кезде Ол Өзін даңқа бөлеген құдіретті күшімен біздің әлсіз денемізді, Өзінің денесіне ұқсас етіп өзгертіп, сол күштің құдіретімен Ол бәрін де Өзіне бағындыратын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен менің сүйікті әрі жақсы көретін бауырластарым, маған қуаныш пен жеңістің тәжін алып берген сүйікті, бауырластарым, Иемізде нық тұрыңдар.</verse>
				<verse number="2">Осыны Еуодия мен Сүнтүхеден де өтініп сұраймын, Иеміздің бірлігінде болыңдар.</verse>
				<verse number="3">Менің адал да сенімді көмекшім, «сол екеуіне көмектесе гөр» деп сенен өтінемін, өйткені олар менімен де Кілеметпен де және басқа да, сол өңірде қалып қойған менің әріптестеріммен бірге ізгі хабар үшін күресуін әлі де тоқтатқан жоқ, ал олардың аттары өмір кітабында жазулы тұр.</verse>
				<verse number="4">Ал сендер Иемізбен тығыз қарым-қатынасқа түстіңдер, сол үшін қуаныштарың ешқашан үзілмейтін болсын, тағы да айтамын, қуаныңдар.</verse>
				<verse number="5">Адамдардың бәрі-сендердің ізгі де, мейірімді екендеріңді білетін болсын, өйткені Иеміздің келуі жақындап қалды.</verse>
				<verse number="6">Кез келген нәрсенің қамын жеп, уайымға салынбаңдар, керісінше кез келген жағдай үшін мінәжат етіңдер, ал мінәжат пен өтінштерің Иеміздің құлағына жетсін десеңдер, оны алғыспен бастаңдар.</verse>
				<verse number="7">Сонда ешқандай да бір ой санамен түсініп болмайтын Құдайдың амандығы мен тыншытығы, сендердің жүректеріңді қорғайды, әрі ойларыңды Мәсіхке бағыттап сонда сақтайтын болады.</verse>
				<verse number="8">Бауырластар, соңында айтайын дегенім: -шындықтың қаншалықты биік, оның қаншалықты құрметке лайықты, әрі оның қаншалықты әділетті, әрі оның қаншалықты таза, әрі оның қаншалықты тартымды, әрі оның қаншама жағымды жағы бар екені туралы, әрі нені әдепті деп санауға, әрі нені дәріптеуге болады тек солар туралы ойлаңдар.</verse>
				<verse number="9">Әрі сендер менен үйреніп, менен қабылдап алғандарыңды, менен естігендеріңді, немесе менен не көрдіңдер соның бәрін іске асырыңдар, сонда Құдайдың амандығы мен бейбіт берекесіне толы Оның тыныштығы сендермен бірге болады.</verse>
				<verse number="10">Қайтадан менің жағдайымды ойлап, мені қайта өз қамқорлықтарыңа алғандарың үшін қатты қуанып, Иемізге алғысымды білдірудемін, өйткені кезінде менің жағдайымды көтеретін мүмкіншіліктерің болмаса да, менің жағдайымды ойлап, қамқор болдыңдар.</verse>
				<verse number="11">Мен мұны жетпей жатқандықтан айтып тұрған жоқпын, себебі мен қолдағы барды қанағат тұтудың жолын үйреніп алдым.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан мен жоқшылықты да, баршылықты да білемін. Барлық жағдайда да, кез келген жағдайда да тоқ болып та, аш болып та, баршылықта да, жоқшылықта да жүрудің сыры неде екенін біліп алдым.</verse>
				<verse number="13">Мен осының бәрін тек маған күш беретін Мәсіхте болсам ғана істей аламын.</verse>
				<verse number="14">Алайда менің ауыр жағдайымды ескеріп соған ортақтасқандарың өте жақсы болды.</verse>
				<verse number="15">Філіптіктер өздерің білесіңдер, мен алғаш рет осы ізгі хабарды таратып, мен енді Македониядан шығайын деп жатқан кезде, сендерден басқа ешқандай да бір қауым менімен хабарласып, өздерінің не бере алатыны туралы, не қабылдай алатыны туралы ешқандай хабар берген де жоқ, ал соны істеген тек жалғыз сендер болдыңдар.</verse>
				<verse number="16">Өйткені мен Салоника қаласында жүрген кезде, тек сендер ғана мен мұқтаж болған нәрсені бірнен соң бірін, екі рет қатарынан жібердіңдер.</verse>
				<verse number="17">Мен мұны сендерден бір сый-сияпат іздегеннен емес, керісінше сендердің істеп жүрген істеріңнің жемісін көбейтетін жолды іздегендіктен айтып тұрмын.</verse>
				<verse number="18">Менде бәрі бар, асып та, төгіліп те жатыр. Сендердің жұпар иісті, әрі жағымды, әрі Құдайға ұнамды құрбандықтарыңды Епафродиттен қабылдап алдым, сол бәрін толтырып тастады.</verse>
				<verse number="19">Ал менің Құдайым, сендердің әрбір мұқтаждықтарыңның орнын, Өзінің Мәсіх Исадағы даңқы мен байлығына сай толтырады.</verse>
				<verse number="20">Сонымен әрі Құдайымыз, әрі біздің Әкеміздің даңқы ғасырдан-ғасырға жасай берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="21">Киелі болып Мәсіх Исада жүрген әрбір бауырларға бізден сәлем айтыңдар! Менің қасымда жүрген бауырластардың бәрі сендерге сәлем айтуда!</verse>
				<verse number="22">Киелі бауырластардың бәрі сендерге сәлем айтып жатыр, әсіресе императордың үйінде қызмет етіп жүргендер, сендерге сәлем айтуда!</verse>
				<verse number="23">Иеміз Иса Мәсіхтің рахымы, сендердің рухтарыңмен бірге болсын!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="51">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың еркі бойынша Мәсіх Исаның елшісі болып жүрген Пауыл және бауырым Тимотей екеуміз,</verse>
				<verse number="2">Қолостағы Құдайдың киелі адамдарына, яғни Мәсіхке деген сенімге адал болып жүрген бауырластар, біз сендерге Әкеміз Құдайдың рахымы мен бейбіт те берекелі тыныштығын тілейміз!</verse>
				<verse number="3">Біз сендер үшін мінәжат еткен сайын біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі Құдайға алғыс айтамыз.</verse>
				<verse number="4">Өйткені біз сендердің Иса Мәсіхке деген сенімдерің мен Құдайдың киелі адамдарына сендердің көрсетіп жүрген сүйіспеншіліктерің туралы естідік.</verse>
				<verse number="5">Ал бұл өздеріңе арнап көкте жинап сақтаулы тұрған үміт үшін болған іс-әрекет. Сендер сол туралы өздеріңе айтылған шынайы сөзден, яғни ізгі хабардан естідіңдер.</verse>
				<verse number="6">Міне, сол ізгі хабар бүкіл әлемге таралып, көбейіп, өсіп-өніп, өзінің игілікті жемісін беру үшін сендерге де жетіп, өмірлеріңнен өз орнын тапты. Міне, сол күннен бастап сендер Құдайдың рахымын жақыннан танып, Ол туралы біліп, оның шындық екеніне көздерің жетті.</verse>
				<verse number="7">Ал соның негізіне өздеріңді үйрткен біздің сүйікті әріптесіміз-Епафрас болатын, ол сендер үшін Мәсіхтің құлы болып, Оған адал қызмет етіп жүр.</verse>
				<verse number="8">Міне, сол Эпафрас бізге сендер өз сүйіспеншіліктеріңді рухтың жетегімен көрсетіп жүр деп айтып берді.</verse>
				<verse number="9">Ал біз сол туралы естіген күннен бастап сендер үшін мінәжат етуді тоқтатқан жоқпыз, сондағы біздің өтінішіміз: «Сендер Оның еркін танып-біліп, соны орындау үшін, барлық даналықпен рухани түсінікке ие болса екен», -деп тілейміз.</verse>
				<verse number="10">«Әрі сендердің әрбір іс-әркеттерің Иемізге лайықты, әрі Оған ұнамды болса екен, әрі әрбір істеп жүрген жақсылықтары жемісті болса екен, әрі Құдайды таныпбілуде өсіп-өніп,</verse>
				<verse number="11">сөйтіп, Оның даңқына сай құдіретті күшінен қуат алып, күшейіп, осылай әр кезде де табанды әрі төзімді болса екен,</verse>
				<verse number="12">әрі өздеріне киелілердің қабілетін беріп, жарықтың мұрагері ретінде өз үлесін алуға мүмкіндік берген Әкемізге қуанышпен алғыс айтса екен», - деп мінәжат етудеміз.</verse>
				<verse number="13">Ал Құдай бізді түнектің билігінің астынан босатып алды да, бізді Өзінің сүйікті Ұлының Патшалығының астына кіргізіп қойды.</verse>
				<verse number="14">Өйткені біздің құнымызды төлеген де, күнәмізді кешірген де Мәсіх.</verse>
				<verse number="15">Ал Құдайдың көзге көрінбейтін бейнесі сол Мәсіхте тұр, сондықтан Ол бүкіл жаратылыстың Тұңғышы болып саналады.</verse>
				<verse number="16">Себебі, көктегі әрі жердегі көзге көрінетін де көрінбейтін мейлі тақтар болсын, мейлі билік пен иелік етушулер болсын, мейлі басшылар болсын, яғни барлық биліктердің бәрі Сол арқылы жаратылды, әрі Сол үшін жаратылды.</verse>
				<verse number="17">Себебі, Ол-бәрінен бұрын бар болатын, әрі бәрін бірбірімен байланыстырып, бәрін бірге біріктіріп ұстап тұрған да Сол.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан қауымның басы да-Сол. Бәрі Содан басталады, өйткені өлімнен қайта яғни бірінші болып тірілген де Сол, міне сондықтан Ол барлық жерде ең алғашқы, яғни бірінші болады.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан Құдай Өзінің болмысының толығымен Мәсіхте өмір сүргенін қалады.</verse>
				<verse number="20">Өйткені Құдай Ол арқылы қайтадан бәрін Өзімен татуластыру үшін, Құдай Оның айқышта төгілген қаны арқылы, мейлі ол жердікі болсын, мейлі ол көкте болсын солардың бәріне Өзінің тыныштығын сыйлады.</verse>
				<verse number="21">Бір кездері сендер жат болып өмір сүрген кездеріңде зұлым ойдың жетегіне беріліп, дұшпандар істейтін іс-әрекет істедіңдер,</verse>
				<verse number="22">ал қазір Ол сендерді де Өзінің сол тәни өлімі арқылы өздеріңді Құдаймен татуластырып, сендерді Құдайдың алдында әрі киелі, әрі мінсіз, әрі кіршіксіз таза етіп көрсетті.</verse>
				<verse number="23">Әрине, егер де сендер өздеріңе берілген сенімнің негізі болған үміттен ешқайда бұрылмай тура тек сонымен жүретін болсаңдар ол солай болады да, ол туралы өздерің естіген әрі аспан астындағы жаратылыстың бәріне жария етілген, әрі мен, Пауыл, оның қызметшісі болған ізгі хабарда анық айтылған.</verse>
				<verse number="24">Ал енді қазіргі кезеңде өзім сендер үшін азап шегіп жатқаныма қуанамын, өйткені Мәсіхтің тартқан азабының жетпеген жерін, мен өз денемде Оның денесі, яғни Оның қауымы үшін тартып отырмын.</verse>
				<verse number="25">Міне, сондықтан мен Құдайың басқаруының астында болатын Құдайдың үйінің қызметкері болдым, сол үшін маған Құдайдың сөзін сендерге толықтай нақты жеткізуді қажет ететін жауапкершілік жүктелді.</verse>
				<verse number="26">Ал Құдай осы нәрсенің сырын ешбір ұрпаққа ашпай, оны ғасырлар бойы құпия ұстап, жасырып келді, ал қазіргі кезде Құдай оның сырын тек Өзінің киелі адамдарына ашып отыр.</verse>
				<verse number="27">Себебі, Құдай осы құпияның сырын басқа ұлттарға да ашып беріп, сол құпияда жатқан байлық пен даңқ туралы оларға да соны білдіргісі келді. Ал бұл құпия сендерде өмір сүріп жатқан Мәсіхпен байланысты, сондықтан біз үмітімізді сол Мәсіхтің Өзіне артамыз.</verse>
				<verse number="28">Міне, сол үшін біз Мәсіхтегі әрбір адамның кемелді болғанын қалаймыз, сондықтан әрбір адамды бар даналыққа үйретіп, әрбір адамға Мәсіх туралы ашық айтып, олардың әрқайсын жетектеп, тәлім беріп келеміз.</verse>
				<verse number="29">Сондықтан мен қажырлы еңбек етіп, Мәсіхтің күшінен қуат алып, талмай қиындықпен күресіп келемін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сондықтан Ладокиялықтар сендер менің сендер үшін бір үлкен күрестің ортасында жүргенімді білсе екен деймін, өйткені сендердің көпшілігің менің бет жүзімді әлі де көрген жоқсыңдар.</verse>
				<verse number="2">Сондағы мақсатым: сендердің жүректеріңе жұбаныш беріп, оған сүйіспеншілік ұялата отырып, Құдайдың Мәсіхтегі құпиясы жайлы сендерге толықтай ашып, соны өздеріңе молынан түсіндіріп беру болатын.</verse>
				<verse number="3">Себебі бүкіл даналық пен білімнің қазынасы Мәсіхте жатыр.</verse>
				<verse number="4">Мұны мен өздеріңе ешкім де сендерді өздерінің үгіт насихат сөздерімен алдап, адастырып кетпесін деп айтып отырмын.</verse>
				<verse number="5">Әрине, қазір мен тәни тұрғыда сендермен бірге емеспін, алайда рухыммен сендермен біргемін, өйткені сендердің үлгілі тәртіптерің мен сендердің Мәсіхтегі берік сенімдеріңді көріп қуанып жүрмін.</verse>
				<verse number="6">Сонымен сендер Мәсіх Исаны Иеміз деп қабылдадыңдар, сондықтан ендігі өмірлеріңді Мәсіхте өткізіңдер,</verse>
				<verse number="7">тамырларыңды Мәсіхте терең жайып, Мәсіхте құрлып, Мәсіхте негізделіңдер, сенімге қалай үйретілген болсаңдар, алғыс айтуға да дәл солай ұмтылыңдар.</verse>
				<verse number="8">Байқаңдар, ешкім сендерді Мәсіхпен еш байланысы жоқ, осы әлемдегі құбылыстар мен философияға байланысты адамдардың айтып жүретін аңыз әңгімелері арқылы алдап, сендерді өздерінің тұзағына түсіріп кетіп жүрмесін.</verse>
				<verse number="9">Өйткені Құдайдың толық болмысымен Оның толық Құдайылық қасиеті тек Мәсіхтің денесінде өмір сүруде,</verse>
				<verse number="10">ал сендерді толықтыратын да, толтыратын да Мәсіх, өйткені барлық бастаманың басы әрі барлық биліктің де басы Мәсіх болып саналады.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан сендер тәннен қолмен ет кесіп алу арқылы жасалатын сүндеттелуден емес, адамды ескі табиғатынан күнәні алып тастайтын сүндеттелуден, яғни Мәсіхтің сүндттеуінен өттіңдер.</verse>
				<verse number="12">Сонда Онымен бірге жерленіп, Онымен бірге батырылып, су шомылудан өтіп, одан кейін Оны өлімнен қайта тірілтіп алды деген Құдайдың құдіретті ісіне сену арқылы Онымен бірге қайта тірілдіңдер.</verse>
				<verse number="13">Өйткені сендер кезінде жасаған күнәларыңның арқасында өлі болған сендерді, яғни тәни сүндеттелмеген сендерді Құдай Онымен бірге қайта тірілтіп алып, біздің жасаған күнәларымыздың бәрін Ол кешірді, сөйтіп</verse>
				<verse number="14">қолжазбада бізге қарсы жазылған ережелердің күшін жойып, оны біздің ортамыздан алып тасату үшін, оны айқышқа апарып шегеледі.</verse>
				<verse number="15">Осы арқылы Ол басшылар мен билік иелерін қарусыздандырып, Ол Өзінің жеңісін осылай ашық жариялап, оларды әшкерелеп, салтанатты шеруде олардың тұтқында екенін көрсетті.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан ешкім сендерді ішкен астарың мен сендердің ішкен сусындарыңа бола, немесе сендердің олардан бөлек өткізген мейрамдарыңа бола, немесе жаңа туылған айға бола, немесе сенбіде істеген істеріңе бола, сендерді сотап, сендерді айыптамасын,</verse>
				<verse number="17">өйткені мұның бәрі тек келуге тиісті болған нәрсенің, яғни Мәсіхтің денесінің көлеңкесі ғана болатын.</verse>
				<verse number="18">Сендердге өзінің кішіпейілдігін көрсетіп, құдайшыл болып періштелерге табынып, өз еркімен жүргендер сендерге қарсы шығып үкім айтпасын, өйткені олар тек өз көрініс, өз көзқарастарымен жүргендіктен, олар тек өздерінің ескі табиғатына сай ойларын дәріптейді.</verse>
				<verse number="19">Себебі, олар бүкіл дене мүшелерін өзара бірін-бірімен байланыстырып, бір-біріне қолдау көрсетіп, оларды өзара бір-бірімен қосып біріктіріп, басқарып тұратын бас екенін, ал дененің өсіп-өнуі Құдаймен байланысты екенін елемейді.</verse>
				<verse number="20">Сонымен егер де сендер Мәсіхпен бірге өліп, өздеріңді осы әлемге жоқпыз деп санасаңдар, онда сендер неге осы әлемнің тұрғындары секілді, қайдағы бір ережелерге бағынып,</verse>
				<verse number="21">мынаны ұстама, ананы жеме, анаған тиіспе деген нұсқауларын орындап жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="22">Ал бұлардың бәрі адамдардың өсиеті мен тәлімдерінен туындаған ереже ғана сондықтан, олар жойлып, жарамсыз болып жойылып кетеді емес пе?</verse>
				<verse number="23">Бұл сөздің қайсын алсаң да, сырт көзге дана болып көрінеді, негізі бұл өз еркіне табынушылық болып саналады, өйткені мұнда өзін-өзі өте төмен ұстаумен, өзін лайықсыз күйге түсіретін сезімдер мен ойлар жатыр, осы арқылы олар денені аяусыз қатал ұстайды, яғни бұл нәрсе тәндік нәрсені ғана дәріптейді, сондықтан оның ешқандай да пайдасы жоқ.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сонымен егер де сендер Мәсіхпен бірге тірілдік деген ойға келсеңдер, енді Оны жоғарыдан іздеңдер, өйткені Мәсіх Құдайдың оң жағында отыр.</verse>
				<verse number="2">Сондықтан сендердің ендігі ойларың жерде емес, жоғарда, яғни көкте болсын.</verse>
				<verse number="3">Өйткені сендердің ескі табиғаттарың өлді, ал ендігі өмірлерің Мәсіхпен байланытсы болғандықтан, Құдай оны тыс көзден таса етіп, жасырып қойды.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан сендердің өмірлеріңнің сыры тек Мәсіх қайтып келген кезде ғана аян болып ашылады, міне сол кезде Онымен бірге сендер де даңқа бөленесіңдер.</verse>
				<verse number="5">Сол үшін жерде жүрген кездеріңде, дене мүшелеріңдегі азғындық пен лас арамзалықты, құмарлықты, жаман ниетті, аш көзділікті сендерге өлімші етіп тастау керек, себебі бұлар пұтқа табынушылықпен тең,</verse>
				<verse number="6">ал солардың жетегінде кетіп, соларды істегендерге, яғни Құдайға бағынбайтын ұлдарға, яғни олардың үстіне Құдайдың қаһары төгілмек,</verse>
				<verse number="7">өйткені сендер де бір кездері дәл солай әркет етіп, солар секілді өмір сүрдіңдер.</verse>
				<verse number="8">Ал енді қазіргі кезде соның бәрін сендер шетке ысырып тастап, енді бұдан былай ашу-ызаға, зұлымдыққа берілмеңдер, әрі ауыздарыңнан намысты қорлап, тіл тигізетін ерсі сөздер шықпасын.</verse>
				<verse number="9">Бір-біріңе өтірік айтпаңдар, өйткені сендер өздеріңдегі ескі адамның іс-әрекетін шешіп тастадыңдар,</verse>
				<verse number="10">ал оның орнына өзінің Жаратушысын жақыннан таныған сайын, Жаратушысына ұқсас болып, жаңара беретін жаңа бейнені кидіңдер,</verse>
				<verse number="11">мұнда не грек, не яһудей, не сүндеттелген, немесе сүндеттелмеген, не жат ұлттық, не скиф, не құл, немесе ерікті деген болмайды, керісінше бәрінде Мәсіх болады, әрі түгелдей барлығы да Мәсіхте болады.</verse>
				<verse number="12">Сонымен Құдайдың таңдап алғандары ретінде сендер үстілеріңе киелілік пен сүйіспеншілікті, жанашырлықты, жақсылықты, қарапайымдылықты, төзімділікті киіп алыңдар.</verse>
				<verse number="13">Әрқашан да бір-біріңе қолдау көрсетіңдер, ал егер біріңді-бірің ренжітіп, бір-біріңе тағатын айыптарың бар болса, бір-біріңді кешіріп, бір-біріңе кешірім сыйлап, Иеміз сендерге қалай кешірім сыйласа, сендер де дәл солай кешірім сыйлауға дайын болыңдар.</verse>
				<verse number="14">Ал осылардың бәрінің үстінен қарайтын сүйіспеншілік, міне соған оранып алыңдар, ал ол бәрін біріктіріп, жетілдіреді.</verse>
				<verse number="15">Әрі сендердің жүректеріңнің билеушісі Мәсіхтің амандығы мен берекелі де бейбіт тыныштығы болсын, өйткені сендер бір денеде яғни Мәсіхтің бейбіт тыныштығында болу үшін шақырылдыңдар, міне сол үшін алғыс айтыңдар.</verse>
				<verse number="16">Мәсіхтің сөзі сендердің жүректеріңнен орын алып, молынан өмір сүрсін. Әрқашан да даналықтың жетегімен жүріңдер, өзара бір-біріңе тәлім-тәрбие беру үшін, забур жырларын, мадақтау жырларын айтып, жүректеріңдегі қуаныштарыңды Құдайға білдіру үшін, рухани әндермен Оны мадақтаңдар.</verse>
				<verse number="17">Не істесеңдер де, мейлі сөзбен болсын, мейлі іспен болсын бәрін Иеміз Исаның атымен істеңдер, әрі Құдай Әкемізге айтатын алғыстарыңды да Иса арқылы жеткізіңдер.</verse>
				<verse number="18">Ал, әйелдер, сендер күйеулеріңе бағыныңдар, бұл Иемізге жағымды іс-әрекет.</verse>
				<verse number="19">Ер азаматтар, сендер әйелдеріңді жақсы көріңдер, оларға қатігез болмаңдар.</verse>
				<verse number="20">Балалар, қандай жағдай болса да ата-аналарыңды тыңдаңдар, өйткені Иеміз солай болғанды ұнатады.</verse>
				<verse number="21">Әке болғандар, балаларың ынжық та ынтасыз болмасын десеңдер, оларды ашуландырып ашуға булықтырмаңдар.</verse>
				<verse number="22">Ал құлдар, сендер, өздеріңе тек тәндік тұрғыда ғана ие болып жүрген қожайындарыңа бағыныңдар, оны тек адамдарға жағу үшін емес, керісінше оны қарапайым жүрекпен, әрі Иемізден қорқатындарыңды білдіру үшін істеңдер.</verse>
				<verse number="23">Не істесеңдер де, бәрін адамдар үшін емес, Иемізге істегендей істеп, ішкі жан дүниелеріңді соған салып, шын пейіл, ақ көңілмен істеңдер.</verse>
				<verse number="24">Сондықтан мынаны біліп алыңдар: сендер өздеріңе берілетін еншіні Иемізден аласыңдар, себебі сендер Иемізге қызмет етіп жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="25">Ал кім әділетсіздік жасайтын болса, оның алатын сыйы соған сай болады, өйткені Ол ешкімнің бет-жүзіне қарамайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Қожайындар, сендер құлдарыңа әділдік танытып, оларға шынайы қамқорлық көрсетіңдер, өздерің білесіңдер сендердің Иелерің көкте, соны ұмытпаңдар.</verse>
				<verse number="2">Сергек жүріп, үзбей мінәжат етіңдер, алғыстарыңды да мінәжатпен жеткізіңдер.</verse>
				<verse number="3">Құдай бізге де Оның сөзін, яғни Мәсіхтің құпиясын ашып беретін сөзді жариялай берейік, міне мен сол үшін бұғауда отырмын, сондықтан бірігіп біз үшін де мінәжат етіңдер,</verse>
				<verse number="4">өйткені Ол туралы ашық жариялайтын мүмкіндік маған аса қажет.</verse>
				<verse number="5">Сыртта жүргенд ерге әсер ету үшін даналықпен өмір сүріңдер, әрі уақыттың әрбір мүмкіндігін сәтті пайдаланыңдар.</verse>
				<verse number="6">Сендер сөйлеген кезде, сөздерің мейірімге толы, әрі тұздалғандай дәмді болсын, сонда кімге қалай жауап беру керек, соны білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="7">Менің жағдайымның бәрін, сүйікті бауырым, әрі сенімді қызметші, әрі Иеміздегі қызметте маған серік болған Түкхік арқылы білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="8">Мен оны сендерге «Біз туралы айтып берсін әрі жүректеріңе жұбаныш ұялатсын» деп өздеріңе жіберіп отырмын.</verse>
				<verse number="9">Сонымен қатар, оған өз орталарыңнан шыққан, әрі бізге сенімді де әрі сүйікті бауырымыз болып кеткен Онисымді де қосып жібердік, сондықтан осында болып жатқан жағдайдың бәрін солардан білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="10">Сендерге сәлем айтып жатқандардың арасында менімен бірге абақтыда отырған Арыстарқ пен Марқа және кезінде мен өздеріңе нұсқау беріп, егер де сендер жаққа барып қалса, оны қабылдаңдар деген Барнабаның немере ағасы да бар.</verse>
				<verse number="11">Әрі Иуст деп те аталатын Иса да бар, бұл екеуі сүндеттелгендердің арасынан шығып Құдай патшалығына қызмет етіп жүр, әрі олар маған да қолдау көрсетіп жүр.</verse>
				<verse number="12">Өз араларыңнан шыққан Эфапрас та сендерге сәлем айтуда, ол нағыз Исаның құлы, өйткені ол сендер үшін әлі де күресіп жүр, сондықтан ол мінәжатын еш тоқтатқан жоқ, себебі ол сендердің аяқтарыңа тұрып, жетілгендеріңді, әрі Құдайдың еркін орындау кезінде сендердің батыл болғандарыңды қалайды.</verse>
				<verse number="13">Оның сендер үшін де, Ладокиялықтар үшін де, әрі Иеарополдағылар үшін де қажымай істеген істеріне мен куә болдым.</verse>
				<verse number="14">Сендерге сүйікті дәрігеріміз Лұқа мен Димас сәлем айтуда.</verse>
				<verse number="15">Ладокиялық бауырластарға және Нүмфан мен оның үйіндегі қауымға да сәлем айтыңдар.</verse>
				<verse number="16">Бұл жолдау хатты өздерің алып, оны оқып болғаннан кейін, оны Ладокиядағы қауымдарға да, әрі Ладоикялықтардың өздеріне де оқып беріңдер.</verse>
				<verse number="17">Архыпқа мынаны айтыңдар; көрдіңбе сен қабылдап алған қызмет Иемізден, енді соны дұрыс орындап соны жалғастыра берсін!</verse>
				<verse number="18">Мен осы сәлемдемені өз қолыммен жаздым, менің бұғауда отырғанымды естеріңнен шығармаңдар. Құдайдың Рахымы сендермен бірге болсын!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="52">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Пауыл мен Силас және Тімоте Салоникадағы Құдай Әке мен Иса Мәсіхтің қауымына рақым мен тыныштық тілейді.</verse>
				<verse number="2">Сендердің барлықтарың үшін Құдайға әрқашан да алғыс айтамыз, әрі мінәжат еткен сайын сендерді есімізге аламыз. Өздеріңнің еш тоқтаусыз</verse>
				<verse number="3">сеніммен істеп жүрген істеріңмен, әрі сүйіспеншіліке толы еңбектеріңді және біздің Иеміз Иса Мәсіхке артқан төзімділікке толы үміттеріңді, Құдай Әкеміздің алдында еске түсіріп отырамыз.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан біздің білетініміз бауырластар мынау: Құдай сендерді сүйеді, сондықтан Ол сендерді таңдап алды.</verse>
				<verse number="5">Өйткені біз өздеріңе ізгі хабарды жеткізген кезде, яғни сендердің орталарыңда жүрген кезде, біз тек сөзге ғана емес, сонымен қатар көп жағдайда Құдайдың күші мен Киелі Рухқа әрі толықтай сенімге сүйеніп жүргенімізді өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="6">Сонда сендер бізге және Иемізге еліктеп, сөзді өздерің көріп жатқан көптеген қиыншылықтарға қарамай, Құдайдың сөзін қуанышпен қабылдап, Киелі Рухқа бөлендіңдер.</verse>
				<verse number="7">Сендер осы әрекетерің арқылы бүкіл Македония мен Ахая аймақтарында жүрген сенушілерге үлгі болдыңдар.</verse>
				<verse number="8">Өйткені сендерден шыққан Иеміздің сөзі тек Македония мен Ахая ғана емес, сендердің Құдайға деген сенімдеріңнің арқасында басқа да жерлерге таралып кетті, сондықтан енді бізге бұдан басқа еш нәрсе қосып айтудың да қажеті жоқ.</verse>
				<verse number="9">Өйткені олардың өздері, біздің сендерге келген кезіміз жайлы, әрі сендердің тірі және шынайы Құдайға қызмет ету үшін, пұтқа табынушылықтан бас тартып, тірі Құдайға қалай бет бұрғандарың туралы да,</verse>
				<verse number="10">әрі Құдайдың Өзі өлімнен қайта тірілтіп алған Өзінің Ұлы Исаның көктен түсіп келген кезде, бізді күтіп тұрған Құдайдың қаһарынан бізді қалай құтқарып алатыны туралы жария етіп, хабарлап тұр.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Бауырластар, біздің өздеріңе барғанымыздың өзі бос, бекер болмағанын өздерің білесіңдер,</verse>
				<verse number="2">соның алдында біздің Філіпі қаласында азап шегіп, зәбір көргенімізді де өздерің білесіңдер, алайда біз Құдайдың ізгі хабарын өздеріңе ашық айтып, жеткізу үшін де көп күрестік.</verse>
				<verse number="3">Өйткені біз сендерді соған шақырған кезде, біздің ісәрекетімізде сендерді адастыратын, не болмаса бір қулық деген болған жоқ.</verse>
				<verse number="4">Себебі, Құдай біздің де сол ізгі хабарға деген сенімізді сынау үшін, соны бізге қалай сеніп тапсырса, оны дәл солай айтып жүрміз, сондықтан адамдарға ұнау үшін емес, тек жүрегімізді тексеріп тұратын Құдайға ұнауға тырысып жүрміз.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан біздің әр сөзімізде де ешқашан жағымпаздық пен пайдақорлықтың лебі болған да емес, оны өздерің де білесіңдер, оған Құдай да куә,</verse>
				<verse number="6">сондықтан біз не өздеріңнен, не басқалардан да атақ іздемейміз.</verse>
				<verse number="7">Біздің дәрежеміз Мәсіхтің елшілері ретінде қанша салмақты болса да, біз сендердің араларыңда жас нәрестедей болып жүрдік. Тәрбиеші өзінің балаларына қалай жылы жүзді болғысы келсе,</verse>
				<verse number="8">біз де дәл солай ізгілікті болып, сендерге тек қана Құдайдың ізгі хабарын жеткізіп қана қоймай, біз сендерге өз жанымызды да беруге тырыстық, өйткені сендер бізге аса қымбат болдыңдар.</verse>
				<verse number="9">Бауырластар, біздің қажырлы еңбек еткеніміз естеріңде шығар, біз сендердің әр қайсыларыңа ауыртпалық түсірмеу үшін күн демей, түн демей жұмыс істеп жүріп, сендерге Құдайдың ізгі хабарын уағыздаумен болдық.</verse>
				<verse number="10">Мынаған сендер де, Құдайдың Өзі де куә, біз сендерге бір сенімдегі сенушілер ретінде қарап, біз сендердің көз алдыларыңда жүрген кезде ізгілікті, әрі әділетті, әрі мінсіз болдық.</verse>
				<verse number="11">Өздерің білесіңдер біз сендердің әрқайсыңа Өз әкеміздің баласындай қарап,</verse>
				<verse number="12">сендер өздеріңді шақырып алған Құдайдың Патшалығы мен Оның даңқына лайықты болып жүрсін деп, біз сендерді тәлімге үйретіп, жігер беріп, куәлік айтып қолдап отырдық.</verse>
				<verse number="13">Құдай бізге сондай мүмкіндік бергені үшін Оған үздіксіз алғыс айтамыз, өйткені сол кезде сендер бізден естіген сөзді адамның сөзі деп емес, керісінше Құдайдың шынайы сөзі деп қабылдадыңдар, міне сондықтан сол сөз оған сенушілерге яғни сендерге әсер етіп, сендерде әрекет етеді.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан, бауырластар, яһудеядағы Мәсіх Исаға сенетін қауымдардың бәрі сендерді үлгі тұтуда, өйткені сендерде өз қандастарыңнан қысымшылық көрдіңдер, ал олар сол қысымшылықты яһудейлерден көрді,</verse>
				<verse number="15">сонымен қатар яһудейлер біздің Иеміз Исаны және пайғамбарларды өлтірді, бізді де қуғынға ұшыратты, сөйтіп олар Құдайға жағудың орнына, керісінше адамдардың бәріне қарсы шығып,</verse>
				<verse number="16">бізге өзге ұлттың өкілдеріне құтқарылу туралы айтқызбай кедергі жасап, сөйтіп өз күнәларын өздері көбейтіп, әрқашан оны толтырып отырды, сондықтан оларға деген Құдайдың қаһары өз шегіне жетті.</verse>
				<verse number="17">Бауырластар, біз сендермен біраз уақытқа ажырап кетіп, жетімдер сияқты болып қалсақ та, біз жүрегімізде сендердің көптен бері көрмей кеткен бет жүздеріңді көруді ерекше қаладық.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан бізде сендерге барсақ деген қалау болды, мына мен, Пауыл, өзім бір-екі рет сендерге бармақ болып талпынған кезде де, бізге сайтан кедергі болды.</verse>
				<verse number="19">Ал енді біздің Иеміз Иса Мәсіх келген кезде, біздің артқан үмітіміз де, қуанышымыз да, біздің мақтанышымыз да, Оған көрсеткен тәжіміз де сендерден басқа кім болмақ?</verse>
				<verse number="20">Сондықтан біздің даңқымыз да, қуанышымыз да мына сендерсіңдер!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сондықтан бұдан әрі шыдамымыз жетпегендіктен, Афинада біз жеке өзіміз қалдық та,</verse>
				<verse number="2">сендердің сенімдеріңді нығайып сендерге жігер берсін деп, бізбен бірге Құдайдың қызметін атқарып, Мәсіхтің ізгі хабарын уағыздап жүрген Тімоте атты бауырымзды, сендерге жібердік,</verse>
				<verse number="3">сондағы мақсатымыз осы бір қысымшылық кезеңде, ешкімнің сенімі шайқалмаса екен деген ойда болдық. Өздерің білесіңдер, біз сол үшін де осында жүрміз.</verse>
				<verse number="4">Біз өздеріңмен бірге болған кезде, біз сендерге «қиыншылық болады, біз соған алдын ала дайын болуымыз қажет» деп айтқан болатынбыз, ал енді өздерің білесіңдер, дәл солай болды да.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан сол жағдай туындаған сәттен бастап менің шыдамым таусылып, сендердің сенімдерің жайлы, әрі оларды азғырушы азғырып қойып, біздің еңбегіміз зая кетті ме деп соларды нақты білу үшін сендерге Тімотені жібердім.</verse>
				<verse number="6">Ал енді қазір Тімоте сендерден бізге қайтып келген кезде, сендердің сенімдерің мен сүйіспеншіліктерің жайлы бізге жақсы хабар әкелді, себебі ол сендердің бізді жақсы ниетпен еске алып, біздің сендерді көргіміз келетіндей, сендердің де бізді көруді қатты аңсап жүргендерің туралы жеткізді.</verse>
				<verse number="7">Міне, бауырластар, біздің басымызда көптеген мұқтаждықтар мен қысымшылықтар төніп тұрған шақта, біз сендердің сенімдерің арқылы жұбаныш алдық.</verse>
				<verse number="8">Себебі, егер де сендер дәл осылай Иемізде нық тұратын болсаңдар, енді біз де нақты өмір сүретін боламыз.</verse>
				<verse number="9">Құдайдың алдындағы біздің барлық қуанышымыз сендермен байланысты, әрі сендер арқылы болып жатқандықтан, біз алғысымызды Құдайға қалай жеткізе аламыз?</verse>
				<verse number="10">Біз сендердің бет жүздеріңді көру үшін күні-түні үздіксіз мінәжат етіп, сендердің сенімдеріңдегі кемшіліктердің орнын толтырып соны түзете аламыз ба?</verse>
				<verse number="11">Сондықтан Құдайдың Өзі, яғни Әкеміз бен біздің Иеміз Иса, біздің жолымызды сендерге қарай бұра көрсін.</verse>
				<verse number="12">Сөйтіп біздің Иеміз сендердің өзара бір-біріңе деген сүйіспеншіліктеріңді көбейтіп, бізге оны қалай берсе, сендердің барлықтарыңа да соны солай молынан беріп,</verse>
				<verse number="13">біздің Иеміз Иса Өзі ізгі қасиеттілермен келген кезде, сендердің жүректеріңді нығайтып, сендерді Құдай Әкеміздің алдында мінсіз де, киелі ете көрсін. Аумин!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Ал енді, бауырластар, ең соңында өздеріңе айтар өтінішіміз, Иеміз Исамен болуды Құдайға да ұнамды болып жүрудің сырын бізден қалай қабылдасаңдар, солай жүріңдер деп соған шақырамыз, ал бұдан да көбірек жетіліп, жетістікте болғыларың келсе, солай жүруге тиіссіңдер.</verse>
				<verse number="2">Өйткені біз сендере қандай тәлім берсек те біз оны тек Иеміз Иса арқылы бергенімізді өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="3">Өйткені Құдайдың еркі деген мынау-сендер тазаланып таза болдыңдар, енді неке адалдығын бұзбай, таза жүріңдер,</verse>
				<verse number="4">әрқайсыларың өз бойларыңдағы тәндік қаситеттеріңе ие болып, оны таза ұстаңдар.</verse>
				<verse number="5">Ешкім Құдайды білмейтін өзге ұлттың өкілдері сияқты сезімнің құмарлығына берілмей,</verse>
				<verse number="6">шектен шықпай әрі өз іс-әрекетіне адал болып бауырын алдамасын, өйткені ең басында біз сендерге Құдай бәрін де жауапқа тартады деп айттық әрі сол туралы куәлікте айтып бердік.</verse>
				<verse number="7">Өйткені бізді Құдай шақырғанда азғындыққа емес, керісінше тазалық, яғни таза жүруге шақырды.</verse>
				<verse number="8">Демек, осы нәрсені жоққа шығарған адамның айтқанын жоққа шығарып тұрған жоқ, керісінше ол сендерге Өзінің Киелі Рухын берген Құдайды жоққа шығарып тұр.</verse>
				<verse number="9">Ал енді өздеріңе бауырластарды қалай сүю керек, сол туралы жазып жатудың қажеті жоқ, өйткені сендер бірбіріңді сүюді Құдайдан үйрендіңдер</verse>
				<verse number="10">ал соны Македониядағы барлық бауырластарға көрсетіп соны істедіңдер. Бауырластар, ендігі біздің өтінішіміз, осы істеріңді бұдан да мол етіп істеуге</verse>
				<verse number="11">тырысып, тыныш жүріп біздің өздеріңе бұйырғанымыздай қолдарыңнан келетін істерді атқарып өз қолдарыңмен жұмыс істеп,</verse>
				<verse number="12">сыртта жүргендере ізгі мінез көрсететін болсаңдар, онда сендер еш нәрсеге де мұқтаж болмайсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Бауырластар, біз сендерді өлгендермен не болатыны туралы хабарсыз қалдырғымыз келіп тұрған жоқ, әйтпесе үмітсіз жүрген басқа біреулер секілді болып кетерсіңдер.</verse>
				<verse number="14">Өйткені егер де біз Исаның өліп, Оның Өлімнен қайта тірілгеніне сенетін болсақ, онда Құдай өлгендерді де сол Иса арқылы Өзіне алып келе алады.</verse>
				<verse number="15">Өйткені біз сендерге осыны Иеміздің сөзіне сүйене отырып айтып тұрмыз, себебі біз тірі жүріп, өмір сүріп жүргендер Иеміз келген кезде де өлгендерден озып кетіп қалмаймыз,</verse>
				<verse number="16">өйткені бас періште ұрандатып Құдайдың кернейінің даусын шығарып тартқан кезде, көктен Құдайдың Өзі төмен түседі, міне, сол кезде ең алдымен Мәсіхке сенгендер өлімнен қайта тірілетін болады,</verse>
				<verse number="17">ал содан кейін біз тірі жүргендер солармен бірге ауа кеңестігіне бұлтпен көтерілеміз де, Оны сол жерде қарсы аламыз, осылай Иемізбен әрқашан да бірге боламыз.</verse>
				<verse number="18">Сол үшін бір-біріңді әрқашан да осы сөздермен жұбатыңдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Бауырластар, сендерге уақыттар мен мерізімдер жайлы жазып жатудың қажеті жоқ,</verse>
				<verse number="2">себебі өздерің білесіңдер Иеміздің қайтып келетін күні, түнде келетін ұрының сәтіне ұқсас болады.</verse>
				<verse number="3">Өйткені сол кездері әлем тыныштық пен қауіпсіздік жайлы айтатын болады, міне сонда азапқа толы толғақтың уақыты босанатын әйелге қалай кесе, оларға да апат аяқ асты келеді, себебі олар одан қашып құтыла алмайды.</verse>
				<verse number="4">Бауырластар, сендерді сол күн ұры секілді келіп, басып алатындай сендер түнекте жүрген жоқсыңдар,</verse>
				<verse number="5">өйткені сендер жарықтың ұлдары, яғни жарқыраған жарық күннің ұлдарысыңдар. Біз түннің немесе түнектің ұлдары емеспіз.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан, біз басқалары секілді ұйқтап қалып жүрмейік, керісінше ояу әрі өте сергек болайық.</verse>
				<verse number="7">Өйткені ұйқтайтындар тек түнде ұйықтайды, ал мас болатындар тек түнде мас болады.</verse>
				<verse number="8">Ал біздер күндіз жүреміз, сондықтан сергек болайық, сеніммен сүйіспеншілікті сауыт ретінде, ал құтқарыламыз деген үмітті дулыға ретінде киіп алайық</verse>
				<verse number="9">өйткені Құдай бізге Оның қаһарына ұшырасын деп отырған жоқ, керісінше Ол құтқарылуды бізге-біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы алғанымызды қалады.</verse>
				<verse number="10">Міне, сондықтан Мәсіх біз үшін өлді, сонымен егер де біз сергек болсақ та, не ұйықтап қалсақ та біз Онымен бірге өмір сүруді бастадық.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан сендер бір-біріңе жігер беріп, біріңді-бірің сүйемелдеп тұрғызатын іс-әрекетті қалай атқарып жүрсеңдер, соны солай істей беріңдер.</verse>
				<verse number="12">Бауырластар, біз сендерден мынаны өтініп сұраймыз: өздеріңмен бірге еңбектеніп, сендерді Иеміздің жолымен жүруге жетелеп, өздеріңді соған үйретіп жүргендерді жақыннан танып білуге тырысып,</verse>
				<verse number="13">олардың істеген істерін бағалап, оларды құрметтеңдер. Өз ара бір-біріңмен тату болыңдар.</verse>
				<verse number="14">Бауырластар, өздеріңнен тағы өтініп сұрайтынымыз: -тәртіпсіздерді тәртіпке шақырып, қайраты жоқтарға қайрат-жігер беріп, ал әлсіздерді жетелеп, барлық жағдайда төзімді болыңдар.</verse>
				<verse number="15">Байқаңдар, біреудің зұлымдығына, біреу зұлымдықпен жауап қайтарып жүрмесін, керісінше бір-біріңе жақсылық жасаңдар, әрқашан да барлығың сол жақсылықтың жолын қуыңдар.</verse>
				<verse number="16">Ұдайы қуанышта жүріп,</verse>
				<verse number="17">үздіксіз мінәжат етіп,</verse>
				<verse number="18">қандай жағдай болмасын барлығына ризшылық білдіріңдер, себебі мұны Иса Мәсіхтегі сендерге Құдайдың берген еркі деп қабылдау қажет.</verse>
				<verse number="19">Рухтың отын өшірмеңдер,</verse>
				<verse number="20">Пайғамбарлықты елемей жүрмеңдер.</verse>
				<verse number="21">Бәрін тексеріп, тек жақсысын ғана ұстаныңдар.</verse>
				<verse number="22">Зұлымдықтың барлық түрінен өздеріңді аулақ ұстаңдар.</verse>
				<verse number="23">Ал енді тыныштықтың Құдайы, сендерді Өзі тазалап сендерді толықтай кемелділікке жеткізсін, сөйтіп сендердің рухтарың мен жандарың, әрі тәндерің Иеміз Иса Мәсіх келгенше мінсіз күйінде сақталсын.</verse>
				<verse number="24">Сендерді шақырып алған Құдай-сенімді Құдай, сондықтан Ол осыларды іске асырады.</verse>
				<verse number="25">Бауырластар, біз үшін де мінәжат етіңдер.</verse>
				<verse number="26">Барлық бауырластарға деген сәлемдемемізді, шынайы сүйіспеншілікпен жеткізіңдер.</verse>
				<verse number="27">Иеміздің атымен, бауырластарымыздың бәріне осы хатты оқып берсе екен деп жалынып сұраймын.</verse>
				<verse number="28">Иеміз Иса Мәсіхтің рахымдылығы сендермен бірге бола берсін!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="53">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Пауыл мен Силастан және Тімотеден, біздің Құдай Әкемізбен Иеміз Иса Мәсіхтегі, Салоника қауымына:</verse>
				<verse number="2">біздің Құдай Әкеміздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы берілген рахымын және бейбіт тыныштығын тілейді.</verse>
				<verse number="3">Бауырластар, біз сендер үшін Құдайға әрқашан да алғыс айтамыз, әрі оны біз өз міндетіміз деп санаймыз, соған сендер өте лайықтысыңдар, өйткені сендердің сенімдерің өте биіктеп өсіп барады, әрі әрқайсыңның өзара бір-біріңе деген сүйіспеншіліктерің мол болып көбеюде.</verse>
				<verse number="4">Сондықтан біз де сендер өз сенімдеріңе берік болып қуғын-сүргін кезінде табандылық көрсетіп, барлығына шыдап жүргендерің туралы Құдайдың қауымдарына паш етіп мақтана айтып жүрміз.</verse>
				<verse number="5">Ал сендердің осы тартып жатқан азаптарың, Құдай Патшалығына сендердің лайықты екендеріңді, ал Құдайдың сотының әділ екенінің дәлелі болып тұр.</verse>
				<verse number="6">Өйткені Құдайдың әділдігі сендерге қысымшылық жасағандардың қысымшылығын олардың өздеріне қайтарып береді де,</verse>
				<verse number="7">ал қысымшылық көрген сендерді әлсіретпеу үшін Ол өзінің тыныштығын бізбен бірге сендрге де анықтап ашып береді. Ал Иеміз Иса Өзінің көктегі періштелерімен келген кездегі Оның күші,</verse>
				<verse number="8">жалындаған от болып келеді де Құдайды білмейтіндер мен біздің Иеміз Иса Мәсіхтің ізгі хабарын тыңдамағандардан кегін алады,</verse>
				<verse number="9">сөйтіп, Құдай оларды мәңгілікке жазалап, оларды Өзінің бет жүзінен және Өзінің құдіретті күшті даңқынан аластатады.</verse>
				<verse number="10">Осы нәрсе Ол Өзіне бағышталғандарды даңққа бөлеу үшін келген кезде болады, міне, сол күні Ол Өзіне сеген сенушілердің әрқайсысын таңқалдырады, өйткені сендер біздің өздеріңе жеткізген куәлігімізге сеніп Оған сенім арттыңдар.</verse>
				<verse number="11">Сол себептен біз сендер үшін мәнәжат еткенде әрқашанда былай мінәжат етеміз: -Құдай сендерді Өзінің шақыруына лайықты етіп жетелей берсін, сөйтіп сендердің әрбір ізгілікке толы ниеттерің оырындалып сендердің сенімдегі іс-әрекеттерің күшейе берсін</verse>
				<verse number="12">сендердегі Иеміз Исаның аты мадақтала берсін, ал сендер Онымен бірге бола беріп, біздің Құдайымыз, әрі Иеміз Мәсіхтің рақымдылығына бөлене беріңдер!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Бауырластар, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің қайтып келуіне байланысты, әрі біздің жиынның атынан біз сіздерден мынаны өтінеміз:</verse>
				<verse number="2">сендердің ой-саналарың тез арада толқуға түсіп, рух арқылы, не сөз арқылы, не болмаса біздің өздеріңе жазған хаттарымыз арқылы үрейге беріле бермесін, өйткені біздің Иеміздің келетін күні жақындап қалды.</verse>
				<verse number="3">Ешкім сендерді өздерінің қандай да бір айла-әрекеттері арқылы алдап кетпесін, өйткені ең алдымен сенімнен бас таратын уақыт пайда болады, одан кейін заңсыз әрекет етуші адам, яғни құрып кететін ұл анықталып аян болады,</verse>
				<verse number="4">ол Құдай деп дәріптелетіндер мен киелі деп саналатындардың бәріне қарсы болып, оларға қарсы шығады да, ол өзін «Құдай менмін» деп жария етеді, соны дәлелдеу үшін ол Құдайдың киелі үйінің төріне барып отырып алады.</verse>
				<verse number="5">Мен осы туралы өздеріңе сендермен бірге болған кезде айтқан едім, сол естеріңде ме?</verse>
				<verse number="6">Ал енді қазіргі кезде сол нәрсенің ашылып, өз уақытында айқын болмай жатқанына ненің кедергі болып жатқанын өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="7">Өйткені заңсыздық өз әрекетін жасырын түрде істеуде, алдымен оның келуіне кедергі болып тұрған күш ортадан алынып тасталынуы тиіс.</verse>
				<verse number="8">Тек сол кезде ғана заңсыз әрекет етушінің беті ашылады, міне, сонда Иеміз Иса, Өзінің аузындағы рухпен оны құртып жібереді де Өзінің қайтып келуі арқылы оның өзін жарамсыз етіп тастайды.</verse>
				<verse number="9">Ал сол заңсыз әрекет етушінің келуіне Сайтан себепкер болады сондықтан оған әр түрлі кереметтер мен өтірік ғажаптарды жасайтын күштер беріледі,</verse>
				<verse number="10">сондықтан ол барлық жағынан әділетсіздікке барып, құрып кетуге дайын тұрғандарды алдап, адастырады, өйткені олар өздеріне берілген құтқарылу жолында ондағы шынайы сүйіспеншілікті қабылдамады.</verse>
				<verse number="11">Міне, сондықтан Құдай олардың сол өтірікке сеніп, оларды адасытарып жіберетін осы бір іс-әрекетті соларға әдейі жібереді.</verse>
				<verse number="12">Сонымен шындаққа сенбей, әділетсіздікпен рахаттанып жүретіндердің бәрі осылай сотталатын болады.</verse>
				<verse number="13">Иеміздің сүйіспеншілігіне бөленген бауырларым, біздің міндетіміз-сендер үшін әрқашанда Құдайға рахмет айту, өйткені Құдай сендерді таңдап алған кезде, сендерді шынайы сенім арқылы құтқарылып, Рухқа бөленгендердің ең алғашқысы болсын деп таңдап алды.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан Ол сендерді, біздің өздеріңе жеткізген ізгі хабар арқылы шақырып алды да, сендерді Иеміз Иса Мәсіхтің даңқына бөледі.</verse>
				<verse number="15">Сол үшін енді бауырластар, нық тұрыңдар біздің өздеріңе сөз арқылы болсын, жолдау хат арқылы болсын, өздеріңе үйреткен ілімді, берік ұстаныңдар.</verse>
				<verse number="16">Біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Өзі де және Құдай Әкеміз де бізді жақсы көргендіктен, бізге мәңгі өшпейтін үмітін әрі жұбанышын, оған қоса бізге ізгілікке толы рақымын да беріп қойды,</verse>
				<verse number="17">енді сол жұбанышты сендердің жүректеріңе берсін, әрі сендерді әрбір істеген істе жақсы сөзімен нығайта берсін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сонымен, бауырластарым, соңында айтарым-Иеміздің сөзі бізде тез таралып, сендердегі құрметтке қалай ие болса, бізде солай ие бола берсін, сол үшін де мінәжат етіңдер,</verse>
				<verse number="2">әрі бізді де іс-әрекеттері орынсыз жаман адамдардан сақтасын, өйткені бәрінде бірдей сенім бола бермейді.</verse>
				<verse number="3">Алайда біздің Иеміз адал, сондықтан Ол сендерді нығайтады, әрі зұлым адамнан сақтайды.</verse>
				<verse number="4">Сендер Иемізбен байланысты болғандықтан, біз мынаған сенімдіміз: біз сендерге не бұйырсақ, соны сендер іске асырасыңдар, әрі іске асырып та жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="5">Ал Иеміз сендердің жүректеріңді Құдайдың сүйіспеншілігі мен Мәсіхтің бойында болған табандылыққа жетелесін.</verse>
				<verse number="6">Бауырластарым, біз Иеміз Иса Мәсіхтің атымен сендерге мынаны бұйырамыз: өз бетімен кетіп жүгенсіз жүрген, әрі біз ұстанып жүрген ілімді қабылдамайтын бауырлардан алыс та алшақ жүріңдер.</verse>
				<verse number="7">Себебі бізге қалай еліктеу керектігін өздерің де білесіңдер, өйткені біз өздеріңмен бірге болған сәттерде, біз ешқандай да жүгенсіздікке барған жоқпыз,</verse>
				<verse number="8">әрі біреудің нанын тегін жеген жоқпыз, керісінше біз сендердің ешқайсыңа ауыртпалық түсірмеу үшін күнітүні қажырлы еңбек еттік.</verse>
				<verse number="9">Алайда біз соған бізде билік болмағандықтан барған жоқпыз, керісінше біз сол әрекетке сендерді өзімізге еліктету үшін, әрі біз өзімізді-өзіміз сендрге үлгі ретінде көрсету үшін бардық.</verse>
				<verse number="10">Өйткені біз өздеріңмен бірге болған кезде, егер де кім де кім жұмыс істемейтін болса, сол тамақ ішпей-ақ қойсын деп бұйырған едік.</verse>
				<verse number="11">Ал енді біз сендердің араларыңда кейбіреулердің жұмыс істемей бос жүретіні туралы, сөйтіп басқалардың істеген жұмысына араласа беретіні жайлы естіп отырмыз,</verse>
				<verse number="12">сондайларға Иеміз Иса Мәсіхтің атынан беретін бұйрығымыз бен өтінішіміз мынау: олар ешкімге кедергі жасамай тыныш жүрсін, өздері еңбек етіп өз нандарын өздері тауып жейтін болсын.</verse>
				<verse number="13">Ал енді, бауырластар, өздеріңе келсек, сендер жақсылық жасаған сәтте жабырқап, еңселеріңді түсірмеңдер.</verse>
				<verse number="14">Ал егер де біреу біздің сендерге жазған хаттағы сөздерді тыңдамайтын болса, оған ескерту болсын, оны ұялту үшін онымен жақын араласпаңдар,</verse>
				<verse number="15">бірақ оған жау ретінде емес, керісінше оған бауырларың ретінде қарап, оны ақылмен жолға салыңдар.</verse>
				<verse number="16">Ал енді біздің Иеміздің Өзі тыныштықтың Иесі болғандықтан, Ол сендрге әр кезде, әртүрлі жолмен сендерге Өзінің тыныштығын сыйлай берсін. Иеміз сендердің әрқайсыларыңмен бірге бола берсін!</verse>
				<verse number="17">Мен, Пауыл, өз қолыммен сәлемдеме ретінде жазған хаттарымда мынандай белгі бар, мен оны былай деп жаздым:</verse>
				<verse number="18">біздің Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы әрқайсыларыңмен бірге!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="54">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Біздің үмітіміз Иса Мәсіхте, сондықтан Құтқарушы Құдайдың бұйрығы бойынша Мәсіх Исаның елшісі болған Пауыл</verse>
				<verse number="2">сенімдегі шынайы балам Тимотейге, Әкеміз Құдай мен Иеміз Мәсіх Исаның рахымын, мейірімін әрі берекелі бейбіт тыныштығын тілейді.</verse>
				<verse number="3">Мен Македонияға кетіп бара жатып, сенің Эфес қаласында қалуыңды өтінген кезде, сондағы басқа бір жалған ілімге беріліп, басқаларды соған үйретіп жүрген кейбір адамдарға тосқауыл қой деп өзіңе нұсқау берген болатынмын.</verse>
				<verse number="4">Өйткені олар Құдайға деген сенімді нығайтып, оны тұрақты етудің орнына, керісінше аңыздер мен ешқашан бітпейтін шегі жоқ шежірелермен айналысып, көбінесе дау-дамай туғызуда.</verse>
				<verse number="5">Ал ілімнің негізгі мақсаты таза жүректен шығатын сүйіспеншілік пен таза ар-ұятты оятып, әрі жасанды емес, шынайы сенімді паш ету болып табылады.</verse>
				<verse number="6">Алайда кейбіреулері осы бағыттан адасып, басқа жаққа бұрылып, бос сөздің жетегімен кетті.</verse>
				<verse number="7">Олар заңды үйретуші болғылары келгенімен, өздерінің не туралы айтып жүргенін, әрі өздерінің нені дәлелдеп жүргендерін де түсінбейді.</verse>
				<verse number="8">Біз мынаны білеміз: егер кімде-кім заңды дұрыс, яғни оны заңның талабына сәйкес пайдаланса, оның пайдасы бар;</verse>
				<verse number="9">сонымен білетініміз мынау: әділ жолмен жүру үшін заңның еш қатысы жоқ, ол тек заңсыз жүретіндермен оған бағынбайтындарға, яғни зұлымдар мен күнәһарларға, арамзалармен жексұрындарға, әкелері мен шешелерін өлтірушілерге, яғни кісі өлтірушілерге,</verse>
				<verse number="10">нәпсісін тия алмағандарға, еркекжанды еркектерге, адам сатқыштарға, өтірікшілерге, ант бұзушыларға, сонымен қатар ізгі ілімге қарсы тұрғандар үшін берілсе,</verse>
				<verse number="11">ал мен сенген ізгі хабар ол Құдайдың даңқын паш ету үшін, әрі бақытқа бөлеу үшін берілді.</verse>
				<verse number="12">Мен маған күш беріп, мені нығайтқан Мәсіх Исаға алғысымды білдіремін, өйткені Ол маған сенім білдіріп, мені сенімді деп санап мені қызметке қойды.</verse>
				<verse number="13">Ал мен болсам осыған дейін Құдайға тіл тигізіп, басқаларды қудалап, басқаларға жәбір көсететіп жүрдім, бірақ мен сол істерді Құдайды білмегендіктен істедім, сондықтан Құдай маған мейрімін төгіп, кешірімін берді,</verse>
				<verse number="14">сөйтіп біздің Иеміз рахымын маған молынан төігіп, Мәсіх Исаға деген сеніммен сүйіспеншілікті берді.</verse>
				<verse number="15">Себебі, Мәсіх Иса осы әлемге күнәһарларды құтқарып алу үшін келді деген сөз, ол дұрыс, нақты әрі барлық жағынан лайықты айтылған сөз, ал сондағы бірінші күнәһар мен болдым.</verse>
				<verse number="16">Міне, сол үшін Ол маған мейірімін төгіп, мені кешірді, сондықтан Иса Мәсіх Өзінің шыдамының ұзаққа бара алатынын, ең бірінші маған көрсетті, сондағы мақсаты болашақта Оған сену арқылы мәңгі өмірге ие болып, соны көруге дайындалып жүргендерге мені үлгі етіп көрсету болатын.</verse>
				<verse number="17">Міне, сол үшін, Ғасырлардың Патшасы, Мәңгі тірі, көзге көрінбейтін жалғыз Құдай құрметтеліп, Оның даңқы да ғарсырдан-ғасырға арта берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="18">Тимотей балам, бұл менің саған берген бұйрығым, өзіңе алдын-ала берілген пайғамбарлық бойынша, сен олармен өзінің жауынгерлік міндетін жақсы атқаратын жауынгер ретінде күресіп келесің,</verse>
				<verse number="19">бұған себеп, сенде сенім де, ар-ұят та бар, ал кейбіреулері сенімді өздерінен итеріп тастап, одан бас тартақан кезде, олар кеме секілді апатақа ұшырады.</verse>
				<verse number="20">Солардың арасында Үменей мен Ескендір де бар, мен оларды тәрбиелеу үшін, әрі енді олар бұдан былай Құдайға тіл тигізбесін деп, мен оларды сайтанның қолына тапсырдым.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сонымен мен, барлықтарыңнан ең алдымен сұрайтыным, мінәжат етіңдер, мінәжаттарың да барлық адамдар үшін өтініш білдіретін, қолдау көрсететін, араша болатын, алғыс айтатын өтініш болсын.</verse>
				<verse number="2">Сонымен қатар патшалар үшін де, әрбір билік иелері үшін де мінәжат етіңдер, бұл бізге, барлық жағынан ізгі қасиетке бөленіп, бәріне құрмет көрсетіп, тыныш өмір сүруімізге мүмкіндік береді.</verse>
				<verse number="3">Бұл жақсы нәрсе, әрі осындай іс-әркет бізді Құтқарып алатын Құдайға да ұнамды.</verse>
				<verse number="4">Өйткені Ол барлық адамдардың құтқарылғанын, әрі олардың Оған келгенін, осылай олардың да шындықты танып, білгенін қалайды.</verse>
				<verse number="5">Себебі, Құдай біреу, әрі адамдар мен Құдайдың арасындағы дәнекер де біреу, ал Ол адам Мәсіх Иса,</verse>
				<verse number="6">міне, Сол біздің құнымызды төлеп, бәрімізді сатып алу үшін, Ол Өз өмірін Өзі құрбандыққа берді, ал осы туралы өз уақытында куәлік те берілді.</verse>
				<verse number="7">Менің жаряилап жүргенім де-Сол, сондықтан мен Оның елішісі болдым, сондықтан айтқаным өтірік емес шындық, әрі өзге ұлттың өкілдерін сенім мен шындыққа үйретіп жүрген тәлімгермін.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан, мен, біздің ер азаматарымыз, қай жерде жүрсе де, ашу-ызасыз, әрі тай-талассыз өздерінің тап-таза қолдарын көкке көтеріп, мінәжат еткенін қалаймын.</verse>
				<verse number="9">Сонымен қатар, әйелдер де өздерін, өрілген шашпен немесе алтын, әрі маржан тастармен немесе қымбат киімдермен емес, керісінше өздерін қарапайым киіммен, ар-ұятпен, әрі саналы ізгілікпен әрлеп-әшекейлеп,</verse>
				<verse number="10">Құдайды өздері қалай қастерлейтіндерін, өздерінің әйелдерге тән жақсы іс-әрекетері арқылы көрсетсін.</verse>
				<verse number="11">Әйелдер тәлім алған кезде, тыншытықты сақтап, барлық жағынан бағынатын болсын.</verse>
				<verse number="12">Әйелге еркектің үстіне билік жүргізіп, еркекті үйретуге рұқсат бермеймін, керісінше тыныштықты сақтайтын болсын.</verse>
				<verse number="13">Себебі, ең бірінші Құдай Адам атаны жаратты, одан кейін барып Хауа ана жаратылды.</verse>
				<verse number="14">Әрі алданып қалған Адам ата емес, керісінше әйел алданып қалды да, содан кейін ол қылмыс жасады.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан егер де әйел сенімде, сүйіспеншілікте, киелікте, ұстамдылықта жүретін болса, онда ол тек бала туу арқылы құтқарылатын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Егер де біреу *бақылап жүріп, бағатын бағушылыққа ұмтылатын болса, онда оның қалауы жақсы, әрі игі.</verse>
				<verse number="2">Ал бақылап жүріп бағатын бағушы болу үшін, мінсіз болу қажет, ол бір әйелге күйеу болған, ойы зерек, әдепті, қонақжай, басқаларды үйретіп тәлім бере алатын қабілеті бар,</verse>
				<verse number="3">ішімдікке құмар емес, төбелеске жақын емес, керісінше ізгі ниетті, кең пейілді, не қазымыр, не ақша құмар емес,</verse>
				<verse number="4">өз үйін жақсы басқарып жүрген, бойында балаларын барлық жағынан бағынушылыққа, тәртіптілікке жетелей алатын қасиеттері болуы қажет.</verse>
				<verse number="5">Егер ол өз үйін қалай басқаруды білмесе, онда ол Құдайдың қауымына қалай қамқорлық көрсетеді?</verse>
				<verse number="6">Әрі өр көкіректеніп, сайтанның ықпалына түсіп қалмас үшін, бұл қызметке сенімге жақында келген адамдар тағайындалмайды.</verse>
				<verse number="7">Өйткені ол туралы сыртында жақсы куәлік айтылуы тиіс, ал осы нәрсе оның сыртынан жаман сөз айтылмау үшін, әрі оның сайтанның тұзағына түспеуі үшін пайдалы.</verse>
				<verse number="8">Сонымен қатар, қатардағы қызметкерлер де құрметке лайықты, екі сөзді емес, шарапқа әуестігі жоқ, тек қара басының қамын ойлайтын пайдакүнем емес, керісінше</verse>
				<verse number="9">ар-ұятын таза ұстайтын, әрі сенімнің құпиясын басқаларға ашып бера алатын жан болуы қажет.</verse>
				<verse number="10">Әрі олар ең алдымен сыналып сынақтан өтіп, мінсіз болды-ау деген кезде барып, қызметтеріне кірісуі тиіс.</verse>
				<verse number="11">Олардың әйелдері де дәл осындай қасиетке ие болған, өсек айтпайтын, ойы зерек, барлық жағынан адал болу қажет.</verse>
				<verse number="12">Қызметші ер азаматтар тек бір әйелдің күйеу болып, өз балалары мен өзінің үйіндегілерді басқара алатын жағдайда болуы қажет.</verse>
				<verse number="13">Себебі тек қызметтерін жақсы атқарып жүргендер ғана жақсы абыройға ие болады, әрі Мәсіх Исадағы сенімі нығайып батыл болады.</verse>
				<verse number="14">Мен мұны саған жақын арада өзіңе барып қалам ба деген үміттен жазып отырмын,</verse>
				<verse number="15">ал егер бара алмай кешігетін болсам, сен осылар арқылы Құдайдың үйінде өзіңді қалай ұстау керек екенін біліп ал, өйткені Ол қауым, яғни Ол тірі Құдайдың мекені, сондықтан тек шындық қана ол жерде діңгек пен тіреу болып тұруы қажет.</verse>
				<verse number="16">Мына бір ізгі қаситетте бір ұлы құпияның бар екенін бәрі мойындайды: -Ол анық денеде көрінді, Оның әділдігі Рухпен дәлелденді, Ол Өзін періштелерге көрсетті, Ол туралы халықтардың арасында уағыздалды, осы әлем Оған сенді, одан кейін Ол даңққа бөленіп көкке көтерілді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Ал Рух мынаны нақты ашық айтып тұр: соңғы уақыттарда кейбіреулер сенімнен тайып, өтірікші рухтың жетегіне еріп, сайтанның ілімін ұстанып,</verse>
				<verse number="2">екі жүзділікке беріліп, өтірік айтып, осылай өздерінің ар-ұяттарын күйдіріп,</verse>
				<verse number="3">үйленуге тыйым салып, шындықты танып-біліп, сенімнің жолына түсікендер алғыс айтып, қабылдасын деген мақсатпен Құдай жартқан тамақтан бас тартатын болады.</verse>
				<verse number="4">Негізінде Құдай әрбір нәрсені өте жақсы, әрі әдемі, пайдалы етіп жаратты, сондықтан ешнәрсені «жарамсыз» деп лақтырып тастаудың қажеті жоқ, керісінше оны алғыспен қабылдайтын болса,</verse>
				<verse number="5">онда ол Құдайдың сөзі мен мінәжат арқылы тазаланады.</verse>
				<verse number="6">Бауырластарға мұны ұсыныс ретінде жеткіз, сонда олардың сенімдерін сөзбен жетілдіретін, әрі өзің ұстанып жүрген жақсы ілімге басқаларды да баули алатын Мәсіх Исаның жақсы қызметкері боласың.</verse>
				<verse number="7">Пайдасы жоқ, әрі жасы жеткен әйелдердің ойдан құрап айтатын әңгімелерінен өзіңді аулақ ұстайтын бол. Өзіңдіөзің ізгіліке, ізгі қасиетке баулып жаттықтыра бер.</verse>
				<verse number="8">Негізі денені жаттықтыратын болсаң, одан аз ғана пайда табасың, ал өзіңді ізгілікке, ізгі қасиетке жаттықтыратын болсаң, оның пайдасы өте зор, өйткені ол жерде сенің қазіргі өміріңмен болашақтағы өміріңе де арналған уәде жатыр.</verse>
				<verse number="9">Бұл сөз-шындық, бұл сөзді қабылдаған әркім соған лайықты болмақ,</verse>
				<verse number="10">міне, біз осы үшін еңбектеніп, осы үшін күресіп жүрміз, себебі біз үмітімізді тірі Құдайға артып отырмыз, сондықтан Оған сеніп, Оның өзіне адал болған адамдардың бәрін Ол құтқарып алады.</verse>
				<verse number="11">Міне, осыны уағызда, әрі осыған үйрет.</verse>
				<verse number="12">Ешкім сенің жас екеніңді менсінбей жүрмеу үшін, сен керісінше айтқан сөздеріңе адал бол, әрі жүріс тұрысыңмен басқаларға көрсеткен сүйіспеншілігіңмен, сеніміңмен таза оймен оларға үлгі бол.</verse>
				<verse number="13">Мен келгенше оқумен, уағыз айтумен, тәлім берумен айналыса бер.</verse>
				<verse number="14">Өзіңе берілген сыйға нем құрайды қараушы болма, ол саған пайғамбарлық арқылы берілді, қызметкерлер де сол үшін саған қолдарын қойды.</verse>
				<verse number="15">Сол сыйды өшірме, соны пайдалан, бұл барлығының алдында сені табысты етеді, әрі соның кепілі болмақ.</verse>
				<verse number="16">Өзіңе де және беріп жүрген тәлімге де аса қатты назар аудар, осыларды үзбей жалғастыр, тек осылай әрекет етсең ғана, өзіңді де, өзіңді тыңдап жүргендерді де құтқарасың.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Қарт адамды қатты сөкпе, керісінше оған жігер беріп, оған әке ретінде қара, жас жеткіншектерге бауыр ретінде,</verse>
				<verse number="2">ал егде жастағы әйелдерге ана ретінде, ал барлық жағынан тазалықты сақтау үшін жас қыздарға қарындастарыңдай қара.</verse>
				<verse number="3">Жесірлерге қамқорлық жаса, әсіресе шынайы жесірлерді құрметте.</verse>
				<verse number="4">Егер де қандай да бір жесірдің балалары немесе немерелері бар болса, олар ең алдымен өзінің үйіндегілерді құрметтеуді, әрі ата-бабаларын сыйлап оларға қамқор болуды үйренсін, өйткені бұл-Құдайға ұнамды іс-әрекет.</verse>
				<verse number="5">Нақты жесір деп, тек бір өзі ғана қалған, сөйтіп бар үмітін тек Құдайға артып, күні-түні мінәжат ететін, осылай бар уақытын тек өтінішпен, мінәжатпен өткізетін адамды айтуға болады.</verse>
				<verse number="6">Ал өмірінде тек рахат алуды іздеп, сайран салумен өткізетін адам ол-тірі өлік.</verse>
				<verse number="7">Олар мінсіз болсын десең, оларға осыны уағызда.</verse>
				<verse number="8">Егер де кім де кім өзінің жақындарымен, әсіресе өзінің үйіндегілеріне қамқор көрсете алмайтын болса, онда ол сенімнен бас тартты деген сөз, оның бұл іс-әрекеті Құдайға сенбейтін адамнан да жаман.</verse>
				<verse number="9">Жесір деп саналатын адамның жасы алпыстан төмен болмау керек, әрі ол тек бір ғана ер адамның әйелі болған,</verse>
				<verse number="10">әрі жасаған жақсы істері жайлы басқалар куәлік келтіре алатын, сонымен қатар бала-шағасын бағып-қағып өсірген, қонақжай болған, киелі адамдардың аяқтарын жуып, езілгендерге қолдау көрсетіп, осылай өзін кез келген іске бағыштаған адам болуы қажет.</verse>
				<verse number="11">Ал бұған жастайынан жесір болып қалғандарды қоспайақ қой, өйткені олар бойларындағы табиғи құмарлыққа берілетін болса, Мәсіхке қарсы шығып, қалауы тек күйеуге тию болып тұрады.</verse>
				<verse number="12">Міне, олар өздеріне үкімді осылай шығартады, өйткені олар өздерінің алғашқы сенімдерінен осылай бас тартады.</verse>
				<verse number="13">Бұған қоса олар еш нәрсе істемей үй-үйді аралап бос жүруді әдетке айналырып алады, сонымен қатар олар тек қана бос жүрмей, ойына не түссе соны айтып, кірмейтін жерге кіріп, сөз тасып, айтпайтын сөзді айтып, соған әуестеніп алады,</verse>
				<verse number="14">сондықтан жастайынан жесір қалғандар болса, олардың күйеуге шықанын қалаймын сонда олар бала тауып, үйдің қызметін атқарып, өздеріне қарсылық білдіріп жүргендерден ұрыс-сөгіс естімейтін болады.</verse>
				<verse number="15">Өйткені олардың кейбіреулері әлдеқашан шынайы жолдан бұрылып, одан адасып сайтанның жетегінде кетті.</verse>
				<verse number="16">Егер де кейбір сенуші бауырластардың үйінде жесірлердің бар екені анықталатын болса, онда олар қауымға салмақ түсірмеуге тырыссын, осылай олардың өздері оларды өз қамқорлығына алатын болса, онда қауым жесірліктің тауқыметін тартып жүрген нақты жесірлерге қамқор бола алады.</verse>
				<verse number="17">Жетешілікті жақсы атқарып жүрген қызметкерлерге құрмет екі есе көрсетілетін болсын, әсіресе сөз айтумен айналысып, еңбектеніп, әрі тәлім беріп жүргендер соған лайықты.</verse>
				<verse number="18">Өйткені жазбада: -Астық бастырып жүрген өгіздің аузын бума және жұмыскер еңбегіне сай өз ақысын алуға лайықты, - деп те жазылған.</verse>
				<verse number="19">Егер де қызметкерге тағылған айыпты растайтын екі немесе үш куәгер болмаса, онда ол айыпты қабылдама.</verse>
				<verse number="20">Ал күнә жасап жүргендерді әшкерелеу үшін, оларды барлық адамдардың алдына шығар, сонда басқаларында қорқыныш пайда болады.</verse>
				<verse number="21">Құдайдың алдында да, Мәсіхтің алдында да, әрі таңдалған періштелердің алдында да мен сенен мынаны өтінемін, осы айтылғандардың бәрін сақта, істеген ісәрекетіңде теріс ұғым (пиғыл) немесе оларға деген ешқандай әуестік болмасын.</verse>
				<verse number="22">Біреудің үстіне асығытықпен қолыңды қойушы болма, бөтен біреу күнә жасап жатса, онымен араласпа, әрқашан да өзіңді таза ұста.</verse>
				<verse number="23">Тек қана су іше бермей, асқазаныңмен өзіңде жиі болатын әлсіздікке бола, енді аздап шарап та ішіп тұр.</verse>
				<verse number="24">Кейбір адамдардың күнәлары сотқа жетпей-ақ алдынала белгілі болады, ал кейбіреулерінің күнәлары кейінірек ашылады.</verse>
				<verse number="25">Сол секілді істелетін жақсы істер де алдын-ала белгілі болады, мұны басқадай айтқанда еш нәрсе жасырын болып қала алмайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Құлдықтың қамытын киіп жүрген қаншама құлдар бар, солардың әрқайсысы өз қожайындарын барлық жағынан құрметтеп, оларды соған лайықты деп санасын, сонда Құдайдың аты мен Оның ілімі жаман, жағымсыз сөзге ілікпейді.</verse>
				<verse number="2">Ал енді кейбір қожайындар сеніуші болса, онда олар сол қол астындағыларға немқұрайды қарамасын, өйткені олар бір-біріне бауыр болады. Керісінше сенуші болған қожайын оларға көбірек қызмет етсін, өйткені олар да сенуші сондықтан, ол оларға ізгі қасиетпен ізгілік жасап әрі сүйіспеншілік көрсетуілері тиіс. Оларға осыны үйрет, әрі осыны уағыздай бер.</verse>
				<verse number="3">Егер де біреу жалған тәлім беріп жүрсе, яғни оның үйреткені біздің Иеміз Иса Мәсіхтің таза да, дәріпті сөздеріне сай келмейтін болса, яғни Құдайды дәріптеуге үйретпейтін болса,</verse>
				<verse number="4">онда ол ештеңе білмейтін өте өркөкірек адам. Керісінше ол тек сөз таластыратын мүмкіндік іздеп сонымен ауыратын адам, ал мұндай іс-әрекет қызғаныш дау-дамай, ерсі сөздер, жалған күдіктер тудырады.</verse>
				<verse number="5">Олардың ойлары бұзық болғандықтан, олар осындай сөз таластыруға барады, сөйтіп, шындықтың күшін жойып, өз пайдасын тек Құдайды құрметтеп, дәріптеуден іздейді.</verse>
				<verse number="6">Ал адамға ең үлкен пайда ол-Құдайды дәріптеп, барға қанағат ету.</verse>
				<verse number="7">Себебі біз бұл әлемге еш нәрсе әкелген жоқпыз, әрі бұл әлемнен еш нәрсе алып кете алмаймыз.</verse>
				<verse number="8">Жейтін тамақ пен басымызда баспана болса болды, сол жеткілікті.</verse>
				<verse number="9">Ал енді бай болғысы келетіндер азғырылуға беріліп, қақпанға (торға) түсіп, көптеген ақылсыз әрі зиянды тілектердің жетегіне еріп, адамдарды құртатын, құрдымға батырып жіберетін жолмен кетеді.</verse>
				<verse number="10">Өйткені барлық зұлымдықтың түп тамыры күмісті жақсы көрушілік, яғни ақша құмарлықта жатыр.</verse>
				<verse number="11">Ал сен Құдайдың адамы болсаң, осы нәрседен қаш. Оның орнына әділдіктің, Құдайды қастерлеудің, сенімнің, сүйіспеншіліктің, табандылықтың, кішіпейілдіктің жолымен жүр.</verse>
				<verse number="12">Сенім үшін күрес, жақсы болсын десең сол күреске барыңды салып, өзіңді шақырған әрі көптеген куәгерлердің алдында өзің туәбе етіп мойындап, қабылдаған мәңгілік өмірден шап беріп ұстап алуға тырыс.</verse>
				<verse number="13">Өлімнен бәрін қайта тірілте алатын, әрі Понти Пилаттың кезінде, жақсы куәлік беріп Өзін мойындатқан Иса Місіхтің атымен, саған мынаны бұйырамын:</verse>
				<verse number="14">-Біздің Иеміз Иса Мәсіх келетін кезге дейін Өзіңе берілген осы бір еш кіршіксіз де, таза өситетті сақтайтын бол.</verse>
				<verse number="15">Ол өзінің уақытының мерізімі жеткен кезде, Ол өзін бақытқа бөлейтін, Құдіреті күшті Ие екенінін, әрі Патшалардың патшасы, Иелердің Иесі екенін ашып көрсетеді.</verse>
				<verse number="16">Оның бойында Өлім деген атауымен жоқ, Оның жарығына ешкім де жақындай алмайды. Адамдардың еш қайсысы да Оны көрген де емес, әрі Оны көретін мүмкіндігі де жоқ. Сондықтан құрмет те, құдірет те, күш те мәңгі Оныкі. Аумин!</verse>
				<verse number="17">Сондықтан Осы ғасырдың байларына мына нұсқауды жеткіз: -Олар өздерін аса ақылдымыз деп санамасын, әрі байлығына сеніп, қолындағы барына үміт артпасын, керісінше үмітін бізге бәрін молынан төгіп беретін Құдайға артып,</verse>
				<verse number="18">жақсылық істеп, жақсы істерге бай бола білсін, сөйтіп жомарттық жасап, барымен де отбасқалырмен де бөліссін.</verse>
				<verse number="19">Осылай олар өздерінің болашағы үшін жақсы да, негізі берік қазына жинап алсын, сонда оларға нағыз шынайы өмірден шап беріп ұстап алуына мүмкіндік туады.</verse>
				<verse number="20">Оу, Тимотей, осы аманатты сақтап, пайдасыз бос сөзден, әрі білім деген атағы бар, алай да шындыққа қарсы тұрып жалған пікір тудартын бос әңгімден өзіңді аулақ ұста.</verse>
				<verse number="21">Кейбіреулері берген уәдесінде тұра алмай, сенімнен адасып мүлт кетті.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="55">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Мәсіх Исада уәде етілген өмірді уағыздау үшін, Құдайдың еркі бойынша, Иса Мәсіхтің елшісі атанған Пауыл,</verse>
				<verse number="2">сүйікті балам Тимотейге, Құдай Әкеден әрі біздің Иеміз Мәсіх Исадан келетін амандық пен бейбіт берекеге толы тыныштықты тілейді.</verse>
				<verse number="3">Мен ата-бабаларымның атынан таза ар-ұятпен Құдайға қызмет етіп жүрмін, сол үшін Құдайға алғыс айтамын. Осыған орай мен сені үздіксіз есіме алып, күндіз де, түнде де сен үшін мінәжатта жүрмін.</verse>
				<verse number="4">Сенің көз жасыңды есіме алып, бір жағынан өзімді қуанту үшін, сені тағы да бір көрсем деген мақсатым бар.</verse>
				<verse number="5">Менің есіме еш жасандылығы жоқ, сенің шынайы пәк, таза сенімің түсті, сол сенім ең басында әжең Лойда мен шешең Әуникенің өмірінде де болды, енді сол сенім сенің де өміріңде бар екеніне мен сенімдімін.</verse>
				<verse number="6">Сол себепті пайдалана отырып, менің саған қол қоюым арқылы өзіңе Құдайдан берілген сыйдың отын өшіріп алмай, жалындатып ұста.</verse>
				<verse number="7">Өйткені Құдай бізге қорқыныштың рухы емес, керісінше күш пен сүйіспеншіліктің әрі ұстамдылқтың рухын берді.</verse>
				<verse number="8">Міне сол үшін, біздің Иеміз жайлы берілген куәлікке де, әрі Ол үшін абақтыда отырған мына мен үшін де ұялма, керісінше ізгі хабар үшін көретін азапты менімен бірге көр (шек), сонда Құдай өзінің күшіне сай әрекет ететін болады.</verse>
				<verse number="9">Құдай бізді құтқарғанда да, әрі киелі болуға шақырғанда да, біздің істеген ісімізге қараған жоқ, керісінше Ол мәңгілік уақыттың мерзімі басталмай тұрып, оны бізге Мәсіх Иса арқылы беріп қойды, ал Оның бұл әрекеті Оның Өзінің алдын ала бекітіп, белгілеп қойған мақсаты мен рахымына сай болатын.</verse>
				<verse number="10">Ал енді, қазіргі кезде осы нәрсе біздің құтқарушымыз, әрі Иеміз Мәсіх Иса арқылы ашылып, осының бәрі бәріне аян болды, өйткені Ол Өзі алып келіп жария еткен ізгі хабары арқылы бір жағынан өлімді жойды, ал екінші жағынан шіріп, ешқашан құрымайтын мәңгілік өмірді жарыққа әкелді.</verse>
				<verse number="11">Ал мен сол ізгі хабардың уағыздаушысы, әрі елшісі, әрі тәлімгері болдым.</verse>
				<verse number="12">Міне, сол себептен мен басыма түскен азаптардың бәріне көніп келемін, бірақ мен сол үшін еш ұялмаймын, өйткені мен Кімге сенгенімді білемін, әрі Ол ұлы күштің иесі, сондықтан менің қосқан бар үлесімді Ол сол күнге дейін сақтап қоятына мен сенімдімін.</verse>
				<verse number="13">Ал сен менен Мәсіхке деген сеніміммен, менің Оған деген сүйіспеншілігім жайлы өзің естіген ізгілікті сөздерді сен үлгі ретінде ұстап,</verse>
				<verse number="14">біздің бойымызда Киелі Рух арқылы өмір сүретін жақсы қасиеттерді сақта.</verse>
				<verse number="15">Мынаны білесің, Азияда жүргендердің барлығы бірдей менен теріс айналып кетті, солардың арасында Фігел мен Ермоген де бар.</verse>
				<verse number="16">Онисыфордың үйіне де Иеміз Өз мейірімін төге көрсін, өйткені ол маған келіп тұрған кезде мен жаңарып сергіп қалатынмын, себебі ол маған келуді ұят деп санаған жоқ.</verse>
				<verse number="17">Керіснше, ол Римге келе салып тездетіп мені тауып алды,</verse>
				<verse number="18">сондықтан ол Иеміздің мейірімін сол күні тауып алсын, ал Иеміз сол мүмкіндікті оған берсін! Ол Эфесте жүріп қаншама қызмет атқарды, ол жағын өзің жақсы білесің.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сонымен, балам сен Мәсіх Исаның рахымынан күш алып, күшейе бер,</verse>
				<verse number="2">әрі көптеген куәгерлер арқылы менен не естісең соны, адал әрі соны басқаларғада үйрете алатын, соған қабілеті жететін адамдарға тапсыр.</verse>
				<verse number="3">Мәсіхтің жақсы сарбазы ретінде, шет қалмай азапты бірге көр.</verse>
				<verse number="4">Өйткені ешбір сарбаз өз басшысына жағу үшін, өзін күнделікті өмірдің шырмауына салып қоймайды.</verse>
				<verse number="5">Ал егер де біреу сайыс кезінде заңсыз әрекет істеп, сайыстың ережесін бұзатын болса, ол тәж алмайды. (берілмейді).</verse>
				<verse number="6">Жер өңдеуші де алғашқы жемісін алу үшін қалжырағанша еңбек етеді.</verse>
				<verse number="7">Осы айтқандарым жайлы терең ойлан, сонда Иеміз солардың бәрін саған түсіндіріп береді.</verse>
				<verse number="8">Өлімнен қайта тірілген Мәсіхті есіңнен шығарма, ал Ол мен уағыздаған ізгі хабар бойынша Дуәіттің ұрпағына жатады,</verse>
				<verse number="9">Мен сол үшін азап шегіп, зұлым адам секілді бұғауда отырмын, алайда Құдайдың сөзін бұғауда ұстау мүмкін емес.</verse>
				<verse number="10">Осының бәріне мен тек таңдап алынғандар үшін шыдап отырмын, олар осы арқылы Мәсіхтегі құтқарылуға да, мәңгілік даңққа да ие болса екен деймін.</verse>
				<verse number="11">Мына сөзде шындық бар: егер де біз Онымен бірге өлсек, онда біз де Онымен бірге өмір сүреміз,</verse>
				<verse number="12">ал егер төзімді болсақ, Онымен бірге патшалық құрамыз, ал егер де Одан біз бас тартсақ, онда Ол да бізден бас тартады.</verse>
				<verse number="13">Ал егер де біз сенімді бола алмасақ, Ол бізге адал болып қала бермек, себебі Ол Өзінен Өзі бас тартпайды.</verse>
				<verse number="14">Мынаны естеріне сал, Құдайдың алдында жалынып сұра, өйткені сөз таластырудың еш пайдасы жоқ, ол тек тыңдаушыларының сағын бұзады.</verse>
				<verse number="15">Құдайға пайдалы болғың келсе, онда өзіңді ешқашан ұятқа қалмайтын әрі шынайы сөзді бұрмаламай тура, әрі нақты айта алатын жұмыскер ретінде көрсетуге тырыс.</verse>
				<verse number="16">Қажетсіз, жек көрушілікті тудыратын бос сөзден аулақ жүр, өйткені олардың жеткен жетістігі тек әділетсіздік тудыру,</verse>
				<verse number="17">сол себеппен олардың айтқан сөзі іріңдеген жара секілді жан-жаққа таралып жатыр. Солардың ішінде Үменей мен Філетте бар,</verse>
				<verse number="18">Олар шындықтан тайып кеткендіктен, қайта тірілу әлдеқашан болып кетті деп айтып, кейбіреулерінің сенімдеріне нұқсан келтіріп, бұзып жүр.</verse>
				<verse number="19">Алайда Құдай салған негіз шайқалмай берік тұр, оған мынандай мөр басылып: -Жаратқан Ие Өз адамдарын біледі, әрі Иеміздің атын атап, Оны шақыратын әркім зұлымдыққа жақындамай одан аулақ жүрсін, -деп бекітілген.</verse>
				<verse number="20">Мысалы, үлкен үйде тек қана алтын мен күмістен жасалған заттар ғана емес, керісінше ағаштан, балшықтан жасалған заттар да бар, міне солардың кейбіреуін құрметті қонақтар келгенде пайдаланса, ал кейбіреуі құрметке лайықсыз қонқтарға пайдаланылады.</verse>
				<verse number="21">Ал егер де әркім өзін осы бір жаман нәрседен тазалайтын болса, онда ол құрметке лайықты, тазарудан өткен, қожайынына аса пайдалы, әрі кез-келген ізгі іске әрқашан да дайын ыдыс болады.</verse>
				<verse number="22">Сонымен жастыққа тән құмарлықтан қаш, оның орнына әділдіктің, сенмнің, сүйіспеншіліктің жолын қуалап, шақырылғандармен бірге Иеміздің тыныштығына шын жүрекпен ұмтыл.</verse>
				<verse number="23">Ақымақтық пен білімсіздіктен талас пікірлер туындайды, осылардан аулақ жүр, осы нәрселер ұрыс-керіске әкелетінін де білесің.</verse>
				<verse number="24">Ал құдайдың құлына ұрсып-керісіп жүру жараспайды, керісінше ол бәріне бірдей жұмсақ мінез көрсете алатын, үйретуге қабілетті, шыдамды,</verse>
				<verse number="25">өзінің кішіпейілдігімен қарсыластарына тәрбие көрсете алатын болса, бір кездері Құдай оларға да шындықты жақыннан танып білуге мүмкіндік береді,</verse>
				<verse number="26">сонда сайтанның қақпанына түсіп, оның еркіне бағынып жүргендер ес жиып, ақылға келеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Мынаны біліп ал: аса ауыр уақыттар соңғы күндері туындайды,</verse>
				<verse number="2">өйткені адамдар тек өздерін ғана жақсы көретін болғандықтан, ақшақұмар, мақтаншақ, тәкаппар, тілдері ащы, ата-аналарына мойынұсынбайтын, алғыс айтуды білмейтін, зұлымдыққа жақын,</verse>
				<verse number="3">мейірімсіз, ымыраға келмейтін, өтірікші, ұстамсыз, дөрекі, жақсылықты сүймейтін,</verse>
				<verse number="4">сатқын, ұят дегенді білмейтін, өркөкірек, Құдайдан гөрі көбірек ләззат алуды жақсы көретін,</verse>
				<verse number="5">сырт бейнесінде өзін Құдайды қастерлеуші ретінде көрсете алатын, ал шындығында Оның күшін жоққа шығаратын болады, сондай адамдарға жақындамай олардан аулақ жүр.</verse>
				<verse number="6">Үй-үйді аралап, неше түрлі құмарлыққа беріліп күнәға батып жүрген кейбір әйелдерді алдап, арбап, адастырып жіберетіндер осындайлардан шығады,</verse>
				<verse number="7">өйткені олар әрқашан да оқып, үйреніп, тәлім алып жүрсе де, олар ешқашан шындыққа жеткен де емес, оны танып білген де емес.</verse>
				<verse number="8">Кезінде Янный пен Ямбри өздерінің жағымсыз қылықтарымен Мұсаға қалай қарсы тұрса, бұлар да дәл солай шындыққа қарсы тұрады, өйткені бұл адамдардың ақыл-ойлары шіріп кеткен, сол үшін олардың сенмідері әлсіз де жарамсыз.</verse>
				<verse number="9">Міне, сондықтан олар көп алға жылжый алмайды, өйткені олардың ақымақтықтары бәріне ашылып, аян болады, алдыңғыларымен де дәл солай болған.</verse>
				<verse number="10">Ал енді сен болсаң ылғи менің қасымда жүріп, менен тәлім алдың. Сен менің жүріс-тұрысымды, алға қойған мақсатымды, төзімділігімді, сүйіспеншілігімді, қайраттылығымды үлгі тұтып соңымнан еріп келесің.</verse>
				<verse number="11">Антақия мен Қонияда әрі Лүстрада болған кезде, мен қудалаудың неше түрін көрдім, соның бәрінен мені құтқарып алған, менің Ием болатын.</verse>
				<verse number="12">Өйткені Мәсіх Исаны құрметтеп, солай өмір сүргісі келетіндердің бәрі қудаланады,</verse>
				<verse number="13">ал енді зұлымдармен, алаяқ-айлакер адамдар жаманшылық жасаудан алға озып шыққанымен өзгені адастырамыз деп жүріп, өзідері адасып кетті.</verse>
				<verse number="14">Ал сен не үйреніп, нені қабылдасаң сонымен өмір сүр, саған ненің сеніп тапсырылғанын әрі кімнен тәлім алғаныңды да,</verse>
				<verse number="15">әрі жас кезіңнен бастап киелі жазбаны да жетік білесің, міне сол жазба сенің құтқарылуың тек Мәсіх Исаға сену арқылы болатынын саған даналықпен үйретеді.</verse>
				<verse number="16">Өйткені киелі жазбаның бәрі Құдайдың рухымен жазылған, сондықтан оның тәлім беріп, әшкерелеп, түзететіп, сөйтіп әділдікке тәрбиелеуші ретінде әкелетін пайдасы өте зор.</verse>
				<verse number="17">Сонда Құдайдың адамы барлық жағынан жетіліп, кез келген ізгі істі атқаруға дайын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен Оның патшалығының келгені анық, сондықтан тірілер мен өлілерді соттай алатын Құдай мен Мәсіх Исаның алдында мынаны жалынып сұраймын,</verse>
				<verse number="2">тек Құдайдың сөзін уағызда, оған уақытыңның ыңғайы келсе де уағызда, келмесе де уағызда, ыңғайы келіп жаста әшкереле, сөгіс бер, жігерлендір, сөйтіп барлық тәліміңді төзімділікпен атқаратын бол.</verse>
				<verse number="3">Өйткені дұрыс тәлімді қабылдамайтын уақып келеді, сөйтіп адамдар тек өздері қалайтын жеке құмарлықтарына беріліп, тек өздерінің құлақ құрышын қандырып жағымды сөздер айтып беретін тәлімгердерді қастарына жинап алып,</verse>
				<verse number="4">құлақтарымен шындықты тыңдауан бас таратып, керісінше құлақтарын ертегілерге бұрады.</verse>
				<verse number="5">Ал сен барлық жағынан *қағылез әрі сергек бол, қиындықтарға төзе біл, ізгі хабарды жариялауды тоқтатпа, осылай өзіңе тапсырылған қызметті толығымен атқаратын бол.</verse>
				<verse number="6">Өйткені енді міне менің де байлауым шешіліп, қаным төгілетін уақыт та келіп қалды.</verse>
				<verse number="7">Мен жақсы күрестім, бар күшімді соған жұмсап, жарыстың аяғына дейін жүгіріп, мәреге жетіп сенімді сақтап қалдым.</verse>
				<verse number="8">Енді маған тек әділдерге берілетін сәтке дейін сақтап қойған тәжді алу ғана қалды, ал Ием оны маған сол күні береді. Ол әділ төреші, сондықтан Ол оны тек маған ғана емес, Оның келуін қалап, соны аңсап жүргендердің бәріне береді.</verse>
				<verse number="9">Маған тезірек келуге тырыс.</verse>
				<verse number="10">Себебі Иемізді емес осы әлемді жақсы көретін Димас, мені қалдырып, өзі Салоника қаласына кетті. Кріскент Ғалатияға, ал Тит Далматияға кетті.</verse>
				<verse number="11">Қазір менің қасымда Лұқа ғана бар. Өзіңмен бірге Марқаны да ерте кел, өйткені оның қызметі маған аса қажет болып тұр.</verse>
				<verse number="12">Мен Тихикті Ефеске жібердім.</verse>
				<verse number="13">Тродағы Карптың үйінде қалып қойған плащ пен кітаптар бар, олардың көбі терімен қапталған маған соларды ала кел.</verse>
				<verse number="14">Мыс шебері Ескендір маған көп жаманшылық жасады, оның сол істеген істеріне Ием сазайын берсін.</verse>
				<verse number="15">Ал сен одан байқап, сақтанып жүр, өйткені ол біздің айтқан сөздерімізге өте қатты қарсы болды.</verse>
				<verse number="16">Алғашқы сот болып, менің ісім қаралған кезде мені жақтайтын ешкім болған жоқ, әрі ешкім келген жоқ, керісінше бәрі мені тастап кетті. Бұл күнә болып оларға тағылмасын.</verse>
				<verse number="17">Өйткені сол кезде менің қасымда Ием менімен бірге болды, осылай Ол маған күш беріп мені нығайтты, сондықтан мен ізгі хабарды сол жерде толықтай уағыздадым, осылай сол жерде болған халықтардың бәрі оны естіді, мен арыстанның азуынан осылай құтылып кеттім.</verse>
				<verse number="18">Ием, өзінің Патшалығы үшін мені зұлымдықтың барлығынан осылай құтқарып алмақ. Сондықтан Оның даңқы ғасырдан-ғасырға жасай берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="19">Прискила мен Акилаға және Онисыфордың үйіне де сәлем айт.</verse>
				<verse number="20">Эраст Қорынтта қалды, ал Трофим ауырып қалған соң, оны мен Мілитте қалдырып кеттім.</verse>
				<verse number="21">Тездетіп, қыс түспей тұрғанда келуге тырыс. Еубұл мен Пуд және Лин мен Клаудия және осындағы бауырластардың бәрі саған сәлем айтып жатыр.</verse>
				<verse number="22">Иеміздің Рухы сенімен бірге, Оның Рахымы сендермен бірге болсын!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="56">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың құлы болған Пауыл, сенім бойынша Құдайдың таңдап алғандары мен шындықты танып біліп, Құдайды қастерлеп құрметтейтіндер үшін Иса Мәсіхтің елшісі болдым.</verse>
				<verse number="2">Құдай өткен уақыттарда алдын ала уәде беріп, мәңгілік өмірге үміт берген кезде, Ол өтірік айтқан жоқ, Оның сол уәдесі мәңгі, әрі тұрақты.</verse>
				<verse number="3">Енді міне, Оның сол уәдесі туралы сөзін уағыздап, оны жария етіп, оның мәнін ашатын уақыт та келіп жетті. Ал бізді құтқарып алатын Құдай соны уағызда деп оны маған сеніммен тапсырды, сондықтан</verse>
				<verse number="4">көпшілікке ортақ шынайы сенімдегі ұлым, Титке, Құдай Әкемен біздің Құтқарушы Иеміз Мәсіх Исаның рахымын, амандықпен бейбіт берекеге толы тыныштығын тілеймін!</verse>
				<verse number="5">Мен сені Критте қалдырып, сенің сонда қалып, бітпей қалған істі аяғына дейін реттеп жеткіз, әрі әрбір қалаға жауапты қызметкерлерді тағайында деп нұсқау берген болатынмын, негізі сол қызметке</verse>
				<verse number="6">егер де біреу мінсіз болып, тек бір әйелге күйеу болған, балалары сенімді, әрі балалары «жүгенсіз» немесе «мойынұсынбайды» деп айып тағылмаған адамды тағайындау қажет.</verse>
				<verse number="7">Өйткені бақылап жүріп, бағатын бағушылықты атқаратын адамға, Құдайдың үйін басқаратын басқарушысы ретінде қарау керек, сондықтан ол мінсіз, өзімшілдікке немесе ашуға берілмейтін, маскүнем емес, төбелес шығармайтын, пайдакүнем немесе ақша құмар емес,</verse>
				<verse number="8">керісінше қонақжай, жақсылық жасауды жақсы көретін, ақыл есі дұрыс, әділетті, ізгі қасиетті, өз өзіне ұстамды,</verse>
				<verse number="9">шынайы сөздің тәлімін берік ұстанып, тәлімнің саулығы мен дұрыстығына қарсыластрының көзін жеткізіп, оларды әшкерелей білетін болуы керек.</verse>
				<verse number="10">Өйткені мойынұсынушылық дегеннің не екенін білмейтіндер де, бос сөзге берілетіндер де, өтірік айтып алдайтындар да көп болып кетті, әсіресе осы әрекетті істейтіндер сүндетелгендердің арасында көптеп кездеседі.</verse>
				<verse number="11">Ал олардың ауыздарын жабу керек, өйткені олардың істеп жүрген іс әрекетерінің өзі ұят нәрсе, себебі олар өз қарабастарының қамы үшін басқаларға үйретпейтін нәрсені үйретіп, бүкіл отбасын толығымен құртып жіберуге дайын.</verse>
				<verse number="12">Олардың өз арасынан шыққан бір пайғамбары олар туралы: -Криттіктер әрдайым өтірік айтады, олар зұлым хайуан секілді, олар еңбек етуді жек көретін тойымсыз мешкейлер, - деп айтқан.</verse>
				<verse number="13">Бұл шынайы айтылған куәлік. Міне, сол себепті де оларды қатаң әшкереле, бұл олардың сенімдерінің жетіліп, сенімдерінің дені сауығуы үшін қажет,</verse>
				<verse number="14">сонда олар яһудейлердің адамдарды шындықтан басқа жаққа бет бұрғызып жіберетін ертегі аңыздарымен немесе адамдардың ойынан туындаған өнеге өсиеттеріне ден қоймайтын болады.</verse>
				<verse number="15">Бәрі таза деп ойлайтын адамдар үшін бәрі таза болады, ал ойлары кірлеп, арамданғандармен, еш нәрсеге сенбейтіндер үшін бәрі лас, кір әрі еш нәрсе де таза болып көрінбейді, өйткені олардың ой-ниеттерімен ар-ұяттары кірлеп, ластанып, арамданып кеткен.</verse>
				<verse number="16">Олар Құдайды білеміз деп айтқанымен, өз істерімен сол айтқандарын жоққа шығарады, ал олар бұл ісәрекетті өздері жексұрын, әрі айтқаныңды тыңдамайтын болғандықтан істейді, өйткені олар игі іс жасауға жарамсыз адамдар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Ал сен таза, әрі сау ілімге сай келетін нәрселерді айт:</verse>
				<verse number="2">Жасы үлкен қарттар парасатты, құрметке лайықты, ақылды, сенімі мен сүйіспеншілігі шынайы таза, әрі тұрақты болуы тиіс.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, егде жастағы әйелдердің мінез құлықтары киелілерге лайықты, сыпайы, өсек айтпайтын, шарап ішудің құлдығында жүрмейтін, әрі жақсылыққа үйрете алатындай болуы тиіс.</verse>
				<verse number="4">Сонда олар өздерінен жас әйелдерді күйеуі мен балаларын жақсы көруге,</verse>
				<verse number="5">ақылды болуға, тазалақты жақсы көруге, үй шаруасын жақсы атқаратын, әрі өзінің күйеуіне бағынатын қасиеттерге үйрете алатын болады, міне олар осылай істесе, Құдайдың сөзі қорланып, аяққа тапталмайды.</verse>
				<verse number="6">Сонымен қатар, жас жеткіншектерді де ақылды болуға шақыр,</verse>
				<verse number="7">ал барлық істе, яғни тәлім беруде, тазалықты сақтауда, беделді болуда өзіңді тек жақсы жағынан көрсет, әрі</verse>
				<verse number="8">айтқан сөзің мүлтіксіз таза болсын, сонда қарсыласың ұялып, ол бізге қарсы ешқандай да жаман сөз айта алмайтын болады.</verse>
				<verse number="9">Ал құлдар барлық жағынан өзінің қожайындарына бағынатын, әрі оларға ұнамды болуға тырысып, олармен сөз таластырмасын,</verse>
				<verse number="10">басқаның затына қол сұқпасын, керісінше әрқашан да шынайы таза сенімде жүрсін, сонда олар біздің Құтқарушы Құдайдың ілімінің әдемі де сұлулығын барлық жағынан паш ететін болады.</verse>
				<verse number="11">Өйткені құтқарушы Құдайдың рақымы барлық адамдарға ашылып аян болуы тиіс,</verse>
				<verse number="12">ал осы нәрсе бізді қасиетсіз нәрседен бас таруға, әрі осы әлемде басталған өмірімізде бізге өз ниетіміздің таза ұстауға әрі бізді ізгі қасиетте тәрбиелейді.</verse>
				<verse number="13">Себебі, біз біздің Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Құдайдың ұлы даңққа бөленіп, бәрімізді бақытқа бөлеу үшін келетін сәтіне үміт артып, сол сәтті күтудеміз.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан Ол Өзін біз үшін құрбандыққа беріп, бізді барлық заңсыздықтарымыздан сатып алу үшін соның құнын төледі, сөйтіп Ол бізді Өзіне лайықты ерекше таза халық жасап алу үшін, бізді тазалап, жақсы істерге құштар етіп қойды.</verse>
				<verse number="15">Оларға осыны айт, оларды осыған тәрбиеле, әрі өзіңе берілген бар билікті пайдалана отырып, оларды әшкерле. Өзіңді ешкімнің менсінбеуіне жол берме!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Оларға бастықтарға билікке бағынуды, мойынсұнуды, кез келген игі іске дайын болуды естеріне түсір,</verse>
				<verse number="2">ешкімді балағаттамасын, ұрысқақ емес, ақ пейілді, барлық адамдарға кішіпейілдік көрсетсін.</verse>
				<verse number="3">Бір кезде біз де ақылсыз, бағынбайтын, адасқан, әр түрлі тілектер мен ләззаттарға қызмет етіп, зұлымдық пен қызғанышта болдық, жиіркенішті, бір-бірімізді жек көруші болдық қой.</verse>
				<verse number="4">Біздің Құтқарушы Құдайымыздың қайырымдылығы мен адам сүйгіштігі көрсетілген кезде,</verse>
				<verse number="5">істеген әділдік істерімізге бола емес, Өзінің мейірімі бойынша бізді тазарту, қайта тудыру және Киелі Рухтың жаңаруы арқылы құтқарды,</verse>
				<verse number="6">Оны Ол бізге біздің Құтқарушымыз Иса Мәсіх арқылы жаудырды,</verse>
				<verse number="7">Оның рақымымен ақталған біз мәңгілік өмірге деген үмітпен мұрагер болуымыз үшін.</verse>
				<verse number="8">Мына сөз рас және осы туралы саған бекітіп айтам, Құдайға сеніп жақсы істерді басқарудың қамын ойласын. Бұл адамдарға жақсы және пайдалы;</verse>
				<verse number="9">ақымақ тартыстардан, шежіреден, айтыстардан, заң жүзіндегі шайқастардан аулақ бол, олар пайдасыз әрі бос әуре.</verse>
				<verse number="10">Жалған ілімнің адамынан бірінші және екінші ақылға салудан кейін теріс айнал,</verse>
				<verse number="11">мұндай адам бұзылып кеткен және өзін айыпты еткен, ол күнә жасайтынын біл.</verse>
				<verse number="12">Саған Артемді немесе Тихикті жіберген кезде, маған Никопольға жетуге асық, мен сол жерде қыстауды ұйғардым.</verse>
				<verse number="13">Зенас заңшыл мен Аполлосты тездетіп жолға шығарып сал, олар ештеңеден таршылық көрмесін.</verse>
				<verse number="14">Жеміссіз болып қалмас үшін біздікілер де қажет кезінде жақсы істерді басқаруға үйренсін.</verse>
				<verse number="15">Саған менімен бірге болғандардың бәрі сәлем айтуда. Бізді сенімде жақсы көретіндерге сәлем айт. Рақымдылық сендердің бәріңмен бірге.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="57">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса үшін өз еркімен бұғауда отырған Пуыл және бауырым Тімотей, біз секілді қызмет етіп жүрген сүйікті бауырым Филимонға;</verse>
				<verse number="2">апайым Аппиға және бізге де және сенің үйіңдегі қауымғада көмек көрсетіп жүрген Архипке,</verse>
				<verse number="3">біздің Әкеміз Құдайдан және Иеміз Иса Мәсіхтен рахым мен тыныштық тілейміз.</verse>
				<verse number="4">Мен мінәжат еткен сайын, Құдай менің есіме сені әрқашан да салып тұрады, мен сол үшін Оған рақметімді айтамын.</verse>
				<verse number="5">Сенің Иеміз Иса мен Құдайдың барлық киелі адамдарына деген сүйіспеншілігің мен сенімің жайлы естідім,</verse>
				<verse number="6">сондықтан сенің сенімің барлық жақтан игілікті болуы үшін, сен Мәсіхте жатқан бар жақсылықты терең танып білсе екен деп тілеймін.</verse>
				<verse number="7">Өйткені сенің бойыңдағы сүйіспеншілік маған көптеген қуаныш пен жұбаныш әкелді, ардақты бауырым. Оның себебі, Құдай киелі адамдардың ішкі жан дүйесіне қажет тыныштықты сен арқылы беріп отырды.</verse>
				<verse number="8">Ал Мәсіхте болғандықтан, саған: «Өз міндетіңді дұрыс атқар», -деп бұйрық беретін құқығым бар болса да, оны қолданбай,</verse>
				<verse number="9">оның орнына өзіңе айтатын өтінішімді сүйіспеншілікпен жеткізуді жөн көрдім, себебі, мен, Пауыл қазіргі кезде «ақсақал» атандым, әрі Мәсіх Иса үшін тұтқында отырмын.</verse>
				<verse number="10">Ал енді менің саған айтатын өтінішім: «Менің балам Онисим үшін болады. Мен онымен тұтқында отырған кезде табысып, ол маған бала, ал мен оған Әке болдым».</verse>
				<verse number="11">Ол бір кездері саған пайдасыз болса, енді ол саған өз пайдасын тигзіеді деген ойдамын, ал оның маған тигізген пайдасы өте көп.</verse>
				<verse number="12">Міне, енді мен оны өзіңе қайта жіберіп отырмын, алайда менің ішкі жан дүнием онымен бірге кетіп қалған секілді.</verse>
				<verse number="13">Егер менде мүмкіндік болса, мен оны өзіммен бірге қалдыруға тырысар едім, сонда ол сен үшін қызмет етіп, ізгі хабар үшін тұтқында отырған мына маған көмегін беретін еді.</verse>
				<verse number="14">Ал сенің ол туралы көзқарасыңның қалай болатынын білмегендіктен, ешбір шешім қабылдаған жоқпын, ондағы мақсатым саған жақсылықты мәжбүрлетіп істету емес, керісінше сен жасайтын жақсылығыңды тек өз еркіңмен жасасын деген қалау болды.</verse>
				<verse number="15">Мүмкін, Құдай оны осы уақытқа дейін саған сақтап беру үшін оны сенен бөліп тастап, енді оны сен мәңгі қайта қабылап алсын деген шығар.</verse>
				<verse number="16">Ал сен оны енді құл ретінде емес, керісінше құлдан да жоғары сүйікті баурың ретінде қабылдарсың, өйткені ол маған қалай қымбат болса, саған да ол тәни де, әрі Иемізде де солай қымбат болуы тиіс.</verse>
				<verse number="17">Сонымен егер де сен мені өзіңдей көріп, қалай мені қабылдасаң, оны да солай қабылда.</verse>
				<verse number="18">Ал егер де, ол әділетсіздік істеп немесе саған қарыздар болса, оны менің мойныма сал;</verse>
				<verse number="19">міне, мен, Пауыл, өз қолыммен жазып отырмын, мен қарызыңды төлеймін. Сонымен қатар, сенің өзіңнің маған қаншалықты қарыздар екеніңді айтпай-ақ қояйын.</verse>
				<verse number="20">Иә, бауырым, Иеміздің алдында сенің де пайдаң маған да тисін, сен осылай менің Мәсіхке берілген ішкі жан дүниеме тыныштық сыйла.</verse>
				<verse number="21">Мен осыларды сенің мойын ұсынып тыңдай алатыныңа көзім жеткендіктен жазып отырмын, өйткені сен менің айтқанымнан да асырып, одан да артық істейтініңе мен сенімдімін.</verse>
				<verse number="22">Сонымен қатар, сендердің мінәжатарыңның арқасында мен өздеріңе барып, сыйлы қонақ болып қайтамын деген үміттемін, сондықтан маған да бір орын дайындап қой.</verse>
				<verse number="23">Иса Мәсіх үшін менімен бірге тұтқында отырған Епафрас,</verse>
				<verse number="24">әрі ізгі хабар тарту кезінде маған серік болған, менің әріптестерім: Марқа мен Арыстрақ, Димас пен Лұқа да саған сәлем айтуда!</verse>
				<verse number="25">Ием Иса Мәсіхтің рахымы сендердің рухтарыңмен бірге бола берсін!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="58">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Өткен дәуірлерде Құдай ата-бабаларымызға пайғамбарлар арқылы әрбір кезде алуан түрлі жолдармен сөйлеген болатын.</verse>
				<verse number="2">Өйткені осы әлемді Ол арқылы жаратқандықтан және Оны бар ғаламның мәңгілік мұрагері етіп тағайындағандықтан, соңғы уақытта Құдай бізге Өзінің Ұлы арқылы сөйледі.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан Ол Құдайдың даңқы мен Құдайдың дәлмедәл болмысын бейнелеп, бәрін Өзінің құдіретті сөзінің күшімен ұстап тұр. Ол барлығын күнәларынан тазартып, одан кейін ұлылыққа бөленіп, Құдайдың Оң жағына барып отырды.</verse>
				<verse number="4">Періштелер Одан қаншама жоғары болса да, Ол олардан да жоғары ерекше Мұрагер деген есімге ие болды.</verse>
				<verse number="5">Алайда Құдай періштелердің қайсысына: «Сен-менің Ұлымсың, Мен бүгін Сені дүниеге әкелдім», -деп айтқан еді? Немесе оларға: «Мен Оның Әкесі боламын, ал ол Менің Ұлым болады», - деп айтты ма?</verse>
				<verse number="6">Құдай Өзінің Тұңғышын осы әлемге жіберер кезде: «Құдайдың барлық періштелері басын иіп, Оның алдында тағзым етсін», - деген болатын.</verse>
				<verse number="7">Ал періштелер туралы былай делінген: «Ол Өзінің періштелерін майда ескен желдей, Өзінің қызметшілерін жалындаған оттай етіп жаратты».</verse>
				<verse number="8">Бірақ Ұлы туралы былай дейді: «О, Құдай, Сенің тағың мәңгі жасай берсін, әділдік Сенің Патшалығыңның асатаяғы болмақ.</verse>
				<verse number="9">Себебі Сен әділдікті сүйіп, заңсыздықты жеккөрдің. Сол үшін де Құдай Сені Өзіңмен бірге жүргендерден де ағыл-тегіл мол етіп, шаттықтың майымен майлады.</verse>
				<verse number="10">О, Жаратушы Ием, Сен, ең алдымен, жерді жараттың, көк те Сенің қолдарың арқылы жаратылды.</verse>
				<verse number="11">Алайда олардың бәрі құрып, жоқ болады, Сен мәңгі қаласың, олар киілген киім секілді тозады,</verse>
				<verse number="12">Сен оларды ескі киімдей бүктеп, оларды жаңа жамылғыдай жаңартасың. Сен өзгермей, сол қалпыңда қаласың, Сенің жылдарың да жойылып кетпейді (шексіз)».</verse>
				<verse number="13">Ол періштелердің біреуіне: «Мен Сенің жауларыңды табаныңның астына салып бергенше, Сен Менің оң жағымда отыр», - деп қай кезде айтып еді?</verse>
				<verse number="14">Періштелердің барлығы құтқарылуды мұра ретінде қабылдағандарға қызмет ету үшін жіберілген қызметші рухтар емес пе?</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сондықтан біз осы естігендерімізді есте сақтап қалуымыз үшін, оған мұқият көңіл бөлуге тиіспіз, тек сонда ғана алған бағытымыздан таймай, тура жүретін боламыз.</verse>
				<verse number="2">Өйткені періштелер арқылы айтылған сөз берік негіз болып бекітілді, сол арқылы кез-келген қылмыс пен мойынұсынбаушылық өзіне сай жазасын әділетті түрде тартады.</verse>
				<verse number="3">Егер де біз осы ұлы да керемет құтқарылуға немқұрайды қарайтын болсақ, онда біз жазадан қалай қашып құтыламыз? Ең алғашында бұл туралы Иеміздің айтқан уағызы арқылы жарияланған болса, енді біз Оның Өзінен естігендердің айтқанына сеніп отырмыз.</verse>
				<verse number="4">Құдайдың көрсеткен белгілері мен кереметтері және Оның күшінің алуан түрлі құдіреті, Құдайдың еркі бойынша Киелі Рухтың әркімге бөліп берген сыйы соның дәлелі болып тұр.</verse>
				<verse number="5">Құдай бізге уәде еткен болашақтағы жерді періштелердің билігіне беріп қойған жоқ.</verse>
				<verse number="6">Бұл туралы әлдекім бір кезде мынандай куәлік айтқан екен: «Адамды есіңнен шығармайтындай, ол кім еді? Адам баласына соншама қамқор болатындай, ол кім еді?</verse>
				<verse number="7">Сен оны періштелерден сәл ғана төмен қойсаң да, Сен оны даңқ пен құрметке бөлеп,</verse>
				<verse number="8">бәрін бағындырып, Сен оның аяғының астына салып бердің». Сол себепті адамға барлығы бағынады, адамға бағынбайтын еш нәрсе жоқ. Бірақ қазір біз бәрінің адамға бағынғанын көре алмай тұрмыз.</verse>
				<verse number="9">Дегенмен, біз періштелердің алдында біраз уақытқа сәл төмен тұрған Исаны көреміз, ал қазір Ол даңқ пен құрметке ие болып, тәж киді, өйткені Ол Құдайдың рақымын әр адамға жеткізу үшін, өлімнің азабын басынан кешіп, оның дәмін татты.</verse>
				<verse number="10">Барлығы Ол үшін, барлығы Сол арқылы болуға тиіс болғандықтан, Ол көптеген ұлдарды Құдайдың даңқының астына кіргізіп әрі оларды кемелділікке бастайтын Басшы болу үшін, Оған азап шегіп, қайғы мен қасіреттен өту қажет болды.</verse>
				<verse number="11">Өйткені Киелі Етуші мен киелі болатындардың бәрі бір Құдайдан тарайды, сондықтан Ол оларды бауырларым деп атаудан ұялмайды.</verse>
				<verse number="12">Ол былай дейді: «Мен Сенің атыңды Өзімнің бауырларыма жариялаймын, қауым ортасында тұрып, Сенің атыңды мадақтап, ән айтамын».</verse>
				<verse number="13">Тағы бірде: «Мен оған сенім артамын», -дейді. «Мына Мен де, мыналар да-Маған берген Құдайдың балалары», -деген болатын.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, балалар ет пен қаннан тұратындықтан, Оның өзі де соларға ұқсады, олардың кейпін қабылдап, өлімге барды, сөйтіп, Ол өлімі арқылы сайтанға тиесілі өлімнің күшін жойды және</verse>
				<verse number="15">өмір бойы өлімнен қорқып, бүкіл өмірі оның құлдығында жүргендерді өлімнің құрсауынан азат етті.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан Ол Өзіне періштелерді емес, Ыбырайымның ұрпақтарын бала етіп (асырап) алды.</verse>
				<verse number="17">Міне, сол себептен Ол өзінің бауырластарына ұқсас болуға тиісті болды және Ол адамзаттың күнәларының сондықтан Ол сынақтан өтіп жатқандарға көмек бере алады. құнын өтегені үшін, Ол Құдайдың мейірімді де адал бірінші Бас қызметкері деген атқа ие болды.</verse>
				<verse number="18">Оның Өзі де сыналды, азапты басынан өткерді,</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сонымен, киелі бауырластарым, біз көктен келген шақыруды естіп, құтқарылғандардың қатарына қосылдық, сондықтан Исаның бізге жіберілген Елші әрі бірінші Бас қызметкер болғанын есімізден шығармайық.</verse>
				<verse number="2">Өйткені Ол да Мұса секілді Құдайдың үйіндегі қызметтің барлығын адал атқарды.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, Иса Мұсаға қарағанда одан да үлкен даңққа бөленуге лайықты, себебі Ол Құдайдың үйін салып, оның қабырғасын тұрғызды.</verse>
				<verse number="4">Кез-келген үй біреу арқылы салынып, тұрғызылады, ал Құдай-барлығының құрылысшысы.</verse>
				<verse number="5">Мұса Құдайдың үйіндегі барлық қызметті адал атқарған қызметші болды, сол үшін Құдай оның қызметімен оған болашақтың болжамын көрсетті.</verse>
				<verse number="6">Мәсіх-Құдайдың Ұлы, сондықтан Ол Құдайдың үйінің үстінен қарайды. Ал Оның үйі-мына біз, сондықтан біз Оған нық сеніп, Оны мақтан тұтып, Оған артқан үмітімізді аяғына дейін сақтап қалуға тиіспіз.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан Киелі Рух былай дейді: «Егер де сендер бүгінгі күні Оның даусын еститін болсаңдар,</verse>
				<verse number="8">онда жүректеріңді қатайтпаңдар әрі айдалада жүріп, сынақтан өткен күні Құдайға қарсы сөйлегендер сияқты күңкілдемеңдер.</verse>
				<verse number="9">Сендердің ата-бабаларың қырық жыл бойы Менің жасаған істерімнің бәрін өз көздерімен көрсе де, ақыр аяғында олар Мені сынап, тексерді.</verse>
				<verse number="10">Сол кезде Мен осы ұрпаққа ашуланып былай дедім: «Олардың жүректері әлі де адасуын тоқтатқан жоқ, сондықтан олар Менің жолдарымның қандай екенін әлі де білмейді».</verse>
				<verse number="11">Сол үшін Мен оларға қаһарланып: «Енді олар Менің бейбіт тыныштығыма кірмейді!» - деп ант бердім.</verse>
				<verse number="12">Бауырластар, өздерің байқап тұрғандай, абай болыңдар, тірі Құдайдан алыстап кетпеу үшін, араларыңдағы ешкімнің жүрегі зұлым әрі сенімсіз болмасын.</verse>
				<verse number="13">Ешкімнің жүрегі қатайып, күнәнің алдауына түспес үшін, күнде бір-біріңе ақыл-кеңес беріп, осы «бүгінгі күн» деп аталатын уақытқа дейін бір-біріңе жігер беріңдер.</verse>
				<verse number="14">Енді Оған сеніп, Одан басталған сенімімізді аяғына дейін берік ұстану үшін, біз Мәсіхпен бірігіп, біртұтас болып кеттік.</verse>
				<verse number="15">«Егер де бүгін Оның даусын еститін болсаңдар, күңкілдеп, жүректеріңді қатайтпаңдар», -деп алдында айтылғанды есімізде сақтайық.</verse>
				<verse number="16">Алайда бір кездері Оның даусын естігендердің кейбіреулері күңкілдеді емес пе? Ал олар Мұсаның басшылығымен Мысырдан шыққандардың өздері емес пе еді?</verse>
				<verse number="17">Сонда Құдай қырық жыл бойы кімдерге қаһарын төкті? Ол қаһарын күнә жасап, ақырында сол шөл далада денелері қалғандарға төкті емес пе?</verse>
				<verse number="18">Ол: «Сендер енді Менің бейбіт тыныштығыма кірмейсіңдер!» дегенде, Ол сол уәдесін тек Өзіне мойынсұнбағандарға айтты емес пе?</verse>
				<verse number="19">Сол кезде олар сенімсіздік танытқандықтан, Құдайдың тыныштығына кіре алмады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сондықтан Құдайдың Өзінің тыныштығына кіру туралы уәдесі әлі де өз күшінде, сондықтан әрқайсысың осы тыныштыққа кіруге кешігіп қалмау үшін, бұл мүмкіндікті пайдалануға ұмтылып, аса сақ болайық.</verse>
				<verse number="2">Себебі олар секілді бізге де Ізгі хабар жетіп, жарияланды, алайда олардың сол естігендері өздеріне ешқандай пайда әкелмеді, өйткені олар естіген сөзді сеніммен байланыстырмады, тек естіп қана қоя салды.</verse>
				<verse number="3">Ал біз Оның сол тыныштығына кіреміз, өйткені Оған сенеміз. Оның ант беріп: «Олар Менің тыныштығыма кірмейді!» -деген сөзін Ол осы әлемдегі барлық ісін аяқтап болғаннан кейін айтқан еді.</verse>
				<verse number="4">Өйткені жетінші күн туралы басқа бір жерде: «Құдай жетінші күні Өзінің барлық жұмысын аяқтап болған соң, Ол демалып, тыныштықта болды», - деп жазылған.</verse>
				<verse number="5">Бірақ жоғарыда: «Менің тыныштығыма кірмейді!» -деп айтылған.</verse>
				<verse number="6">Сонымен, кейбіреулерге әлі де Оның сол тыныштығына кіруге мүмкіндік бар, ал бұдан бұрын Ізгі хабарды естігендер бұған мойынұсынған жоқ, сондықтан олар кіре алмады.</verse>
				<verse number="7">Міне, сол үшін де Құдай тағы да бір күнді белгілеп қойды, бұл күн-бүгін. Көп уақыттан бері осы бүгінгі күн туралы айтылып келеді, Дәуіт арқылы да: «Егер сендер бүгін Оның даусын естісеңдер, жүректеріңді қатайтпаңдар», -деп айтылған.</verse>
				<verse number="8">Егер де Нұнұлы Ешуа оларды тыныштыққа жеткізген болса, онда Құдай бұдан кейін бүгінгі күннен басқа күн туралы айтпас еді.</verse>
				<verse number="9">Онда Құдайдың халқы тек сенбі күнді ғана тойлап, сонымен шектеліп қалушы еді.</verse>
				<verse number="10">Құдайдың Өзі бар жұмысын аяқтап, содан кейін демалып, тыныштыққа бөленгені сияқты Құдайдың тыныштығына кірген адам да дәл солай тыныштыққа бөленеді.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан тездетейік, кейбіреулердің Оған мойынұсынбай құлаған сәттері бізге үлгі болмасын, одан да сол тыныштыққа кіруге тырысайық.</verse>
				<verse number="12">Себебі Құдайдың сөзі тірі де әсерлі, ол екіжүзді қылыштан да өткір, ол біздің болмысымызға терең еніп, жан мен рухқа дейін енеді, буын мен сүйектің кемігіне дейін жетіп, ой-сана мен жүректегі ойларды ажыратады.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан жаратылыстың ештеңесі де Оның көз алдында жасырынып қала алмайды, себебі Ол бәрін жалаңаштап аршып, ішіне дейін ашып, ақтарып бере алады, ал біз Оның алдында есеп береміз.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, көкке ұлылықпен көтеріліп кеткен біздің Бас қызметкерміз бар, Ол-Құдайдың Ұлы Иса, сенімізді Оған артайық.</verse>
				<verse number="15">Өйткені Ол бізге жаны ашымайтын немесе әлсіздігімізді түсінбейтін Бас қызметкер емес, керісінше, Ол-бізге жанашыр, әлсіздігімізді түсінетін Бас қызметкер, Ол барлық жағынан бізге ұқсас болғанмен, басына сынақ түскен кезде, Ол ешқандай күнә жасаған жоқ.</verse>
				<verse number="16">Міне, сондықтан да біз Ол отырған таққа, рақымдылықтың тағына, сеніммен жақындайық, сол кезде біз мейірім мен рақымды және өзімізге қажетті көмекті дер кезінде алатын боламыз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Әдетте Құдай алдында қызмет атқаратын әрбір қызметкер адамдардың арасынан тағайындалатын, олардың қызметінің мақсаты-адамдар үшін Құдайға ұсынылатын сый-тартулар мен олардың күнәлары үшін берілетін құрбандықтарды Құдайың алдына әкеліп, соларды Оған тарту ету.</verse>
				<verse number="2">Алайда олардың өздері әлсіз болғандықтан, адасқандарға қалай жанашырлық көрсетуді білмейтін.</verse>
				<verse number="3">Сол үшін, ең алдымен, халықтың күнәсі үшін, содан кейін өзінің күнәлары үшін Құдайға құрбандық әкелу міндеті оған жүктелетін.</verse>
				<verse number="4">Мұндай жауапты да құрметті қызметке ешкім өздігінен ие болып, атқара бермейтін, мұндай қызмет тек Құдайдың Өзі шақырып алған Һарон сияқты адамдарға тапсырылатын еді.</verse>
				<verse number="5">Сол секілді Мәсіх те бірінші Бас қызметкерлікке Өзін-Өзі құрметке бөлеп, Өзін көрсету үшін тағайындалған жоқ, Құдай Оған: «Сен-Менің Ұлымсың, Мен бүгін Саған Әке болдым», - деген болатын.</verse>
				<verse number="6">Тағы бір жерде: «Сен мәңгі Бас қызметкер боласың, Саған берілетін атақ-дәреже Мәліксадықтікіндей болады», -деп те жазылған.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан Ол жер бетінде жүрген кезінде, Өзін өлімнен құтқара алатын Құдайға жалбарынды, Оған қатты дауыстап, көз жасын төгіп, мінәжат етіп өтінгенде, Құдай Оның даусын естіді.</verse>
				<verse number="8">Себебі Ол Құдайдың Ұлы бола тұра, Оған мойынұсынды, азапты сәтті басынан өткізді.</verse>
				<verse number="9">Кемелділікке қол жеткізді, осылай Ол Құдайдың Өзін тыңдап, Оның артынан еретіндерге кепіл болып, оларды мәңгілікке құтқарып алды.</verse>
				<verse number="10">Сол себепті Ол Мәліксадықтың атағы мен дәрежесіне сай, Құдайдың бірінші Бас Қызметкері деген атқа ие болды.</verse>
				<verse number="11">Бұл туралы сендерге айтарым көп еді, оның бәрін сендерге түсіндіріп, жеткізу өте қиын, өйткені сендердің құлақтарың естуден қалып барады.</verse>
				<verse number="12">Уақытқа келетін болсақ, сендердің тәлімгер болатын кездерің жетті, алайда сендерді басынан қайтадан оқытып, Құдай сөзіне қайтадан үйрету керек болып тұр, өйткені қазір қатты тағамға емес, сүтке көбірек мұқтажсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Ал сүтке үйреніп алған адам тек сүт қана іше береді, өйткені ол әлі де бала секілді тәжірибесіз, сондықтан ол сөзді әділетті түрде қолдана алмайды.</verse>
				<verse number="14">Қатты тағамды тек кемелді болғандар ғана жей алады, өйткені олар тәжірибе арқылы өз сезімдерін жаттықтырып алғандықтан, олар жақсы мен жаманның ара жігін ажырата алады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Сондықтан Мәсіх туралы айтылған алғашқы сөзде тоқтап қалмау үшін, алға қарай кемелді болуға ұмтылайық, өлімге әкелетін істерден бас тартып, тәубе ету,</verse>
				<verse number="2">Құдайға сену, суға батырып шомылдыру мен қол қою, өлімнен қайта тірілу, мәңгілік сот туралы тәліміміздің негізі болып қалған ілімге қайта-қайта айналып келе берудің қажеті жоқ.</verse>
				<verse number="3">Егер де Құдай Өз еркіне сай бұған рұқсат берсе, болашақта да тәлім беруді жалғастыра береміз.</verse>
				<verse number="4">Бір кездері Киелі Рухтың іс-әрекетіне куәгер болып, көктен келген сыйдың дәмін татып, жұлдыздай жарқырап,</verse>
				<verse number="5">Құдайдың сөзіндегі жақсылық пен болашаққа апаратын құдіретті күштен дәм татып,</verse>
				<verse number="6">одан кейін үзіліп түскен жемістей сенімнен тайқып кеткендерді тәубеге әкеліп, қайтадан жаңарту мүмкін емес, өйткені олар Оған деген сенімдерін жоғалтып алды, сөйтіп, Құдайдың Ұлын айқышқа қайта шегелеп, Оны мазақ етуде.</verse>
				<verse number="7">Жаңбыр жер бетіне жауған сайын қара жер сол жаңбырдың суымен қоректеніп, бойына сіңіреді, кейін сол жер құнарланады, жер құнарланған соң, пайдалы өсімдіктерді өсіріп шығарады, ал оны өңдегендердің әрқайсысы Құдайдан бата алады.</verse>
				<verse number="8">Егер де сол жерге еш пайдасы жоқ тікенді өсімдіктер мен ошағандар өсіп шықса, онда бұл қарғыстың жақындап қалғанын білдіреді, ақырында оларды өртеуге тура келеді.</verse>
				<verse number="9">Қымбатты бауырластар, біз сендердің құтқарылу жолын берік ұстанып келе жатқандарыңа сенімдіміз, нақты айтар болсам, сенім жолымен жақсы жүріп келе жатырсыңдар.</verse>
				<verse number="10">Құдайда ешқандай әділетсіздік жоқ, сондықтан Ол сендердің атқарып жүрген істеріңді, Оның атынан басқаларға көрсетіп жүрген сүйіспеншіліктеріңді, киелі халқына қамқорлық жасаған қызметтеріңді Ол ешқашан ұмытпайды.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан сендердің әрбіреуіңнің нық сенім танытып, барлық күш-жігерлеріңді аямай, берілген үмітке ұмтыла бергендеріңді тілейміз.</verse>
				<verse number="12">Сол үшін де жалқаулыққа берілмей, сенім арқылы төзімділікке ие болғандарға еліктеп, өздеріңе берілген уәдеге мұрагер болуға тырысыңдар.</verse>
				<verse number="13">Құдай Ыбырайымға уәде берген кезде, Құдай Өзінен жоғары ант беретін ешкім болмағандықтан, Ол Ыбырайымға Өз атынан:</verse>
				<verse number="14">«Мен сені молынан жарылқап, саған бата үстіне бата беремін әрі ұрпағыңды молынан көбейтемін», -деп уәде берді.</verse>
				<verse number="15">Ыбырайым шыдамдылықпен, күдерін үзбей, сол уәдені күтті, ақырында сол уәдеге қол жеткізді.</verse>
				<verse number="16">Көп адамдар ант береді, олар араларында болып жатқан неше түрлі келіспеушіліктерді шешу үшін, осылай антпен бекітеді.</verse>
				<verse number="17">Ал Құдай Өзінің берген уәдесіне мұрагер болатындарға сол уәденің нақты орындалатынын және Өзінің ниетінің тұрақтылығын, яғни, оның ешқашан бұзылмайтынын көрсету үшін, сол антты Ол дәнекер ретінде пайдаланды.</verse>
				<verse number="18">Сонымен, біз ешқашан өзгермейтін осы екі іс-әрекет арқылы (уәде мен ант) Құдайда жалғандықтың жоқ екенін, Оның өтірік айтпайтынын білеміз, бұл бізге үлкен жұбаныш береді, сондықтан біз алдымызда тұрған осы үмітке қарай жүгіріп, мықтап ұстап алуымыз қажет.</verse>
				<verse number="19">Себебі сол үміт біздің ішкі жан дүниемізді шайқалтпай, берік ұстайтын зәкір сияқты. Біз сол арқылы шымылдықпен бөлінген Киелі орынның ішкі бөлігіне кіре аламыз,</verse>
				<verse number="20">ол жерге ең бірінші болып, біз үшін Иса кірді, сондықтан Оған Мәліксадықтың атағына сай мәңгі бірінші Бас қызметкер деген атақ берілді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Мәліксадық Сәлімнің патшасы әрі мәңгі тірі Құдайдың бас қызметкері болды. Ыбырайым патшаларды жеңіп, еліне қайтып келе жатқанда, Мәліксадық оның алдынан шығып, қарсы алды, жарылқап, оған батасын берді.</verse>
				<verse number="2">Ыбырайым өзінде бардың бәрінің оннан бір бөлігін оған бөліп берді. Мәліксадықты сол кезде, ең алдымен, «әділдіктің патшасы», сосын «Салимнің патшасы» деп атайтын, егер мұны толық аударатын болсақ, «тыныштық әкелуші патша» деген мағынаны береді.</verse>
				<verse number="3">Оның не әкесі, не анасы, не ата-тегі және оның өмірінің қашан басталып, қай кезде аяқталғаны бізге белгісіз, бірақ ол Құдайдың Ұлына ұқсас болды, сондықтан Ол Құдайдың мәңгі қызметкері болып қала береді.</verse>
				<verse number="4">Оның мәртебесінің қандай биік болғанын көрдіңдер ме!? Міне, сондықтан біздің түп атамыз Ыбырайым оған өзінің алғашқы табысының ең жақсысын таңдап, бөліп берді.</verse>
				<verse number="5">Ал Леуінің ұлдарына келсек, олар өздеріне жүктелген қызметті Таурат заңының талаптарына сай атқаруға тиіс болған, сол үшін олар өздеріне берілетін ондықты халықтан, яғни, өздері сияқты Ыбырайымның ұрпағынан тараған бауырластарынан алатын.</verse>
				<verse number="6">Мәліксадық болса, Ыбырайымның өзі берген және леуіліктерге еш қатысы жоқ ондықтан алды, сонда Ол Құдайдың уәдесіне ие болған Ыбырайымды жарылқап, оған батасын берді.</verse>
				<verse number="7">Бұл жерде ешқандай қарама -қайшылық жоқ, өйткені кім үлкен болса, сол өзінен кішіні жарылқап, бата береді.</verse>
				<verse number="8">Ал енді қазіргі жағдайға келер болсақ, әдетте оннан бір бөлікті өлетін адамдар қабылдайды, ал ол кезде мәңгі өлмейді деген Мәліксадықтың өзіне берілді.</verse>
				<verse number="9">Леуіліктердің халықтан алып жүрген ондығы Ыбырайым арқылы Мәліксадыққа берілді деп айтсақ та болады,</verse>
				<verse number="10">өйткені Ыбырайым Мәліксадықты кездестірген кезде, Леуінің ұрпақтары Ыбырайымның белінде болған еді.</verse>
				<verse number="11">Сонымен, егер де Заңның талаптарына сай пайда болған қызмет леуіліктер арқылы адамдарды толыққанды кемелділікке жеткізе алатын болса, онда Аронның дәрежесіндей емес, Мәліксадықтың атақ-дәрежесіне сай, басқа бір бас қызметкерді өлімнен қайта тірілтіп алудың қажеті бар ма?</verse>
				<verse number="12">Егер де Құдай мен адамдардың арасын байланыстыратын қызметтің бағытын өзгерту қажет болса, онда берілген Заңды да өзгерту қажет болады.</verse>
				<verse number="13">Мәсіхке байланысты айтатын болсақ, Оның шыққан тегі басқа, сондықтан оның руынан ешкім құрбандық шалатын орынның басында қызмет еткен жоқ.</verse>
				<verse number="14">Біздің Иеміздің яһудей руынан шыққаны бәріне белгілі, сол рудың атқаратын қызметі туралы Мұса еш нәрсе айтқан жоқ.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, нақты қойылатын талап мынау: егер Мәліксадыққа ұқсас басқа біреуді осы қызметке тағайындау қажет болса,</verse>
				<verse number="16">онда Оның бойында тек Заңның өсиеттерін орындайтын тәндік қасиет емес, ешқашан сарқылмайтын өмір күші болуы тиіс екені түсінікті болып тұр.</verse>
				<verse number="17">Бұған: «Сен Мәліксадықтың атақ-дәрежесіне сай мәңгі Бас қызметкерсің», - деп айтылған куәлік дәлел болады.</verse>
				<verse number="18">Сондықтан алғашқы берілген өсиет әлсіз әрі пайдасыз болды,</verse>
				<verse number="19">Заң еш нәрсені жетілдірген де, кемелділікке жеткізген де жоқ, ал жаңадан енгізілген Жаңа келісім бізге үміт береді, міне, сол арқылы біз Құдайға жақындай аламыз.</verse>
				<verse number="20">Қалай десек те, бұл жерде антсыз еш нәрсе орындалмайды, өйткені сол кезде де Құдайға ант бермейақ қызмет атқарған қызметшілер болды.</verse>
				<verse number="21">Бұл қызмет Құдайдың берген анты арқылы келді, себебі Құдай Оған: «Ием былай деп ант берді, Ол бұдан бас тартпайды: Сен мәңгі тірі Бас қызметкер боласың», -деп Ұлы арқылы айтқызды.</verse>
				<verse number="22">Сондықтан бұрынғыдан жақсы әрі Жаңа келісімнің кепілі-Иса.</verse>
				<verse number="23">Құдайдың қызметін атқарып жүрген бас қызметкерлердің саны өте көп болды, бірақ олар сол қызметті одан әрі жалғастыра алмайтын, себебі олар қайтыс болып кететін.</verse>
				<verse number="24">Ал Иса ғасырдан ғасырға, яғни, мәңгілікке бірінші Бас қызметкер болып қала береді, сондықтан Оның атқартын қызметі ешқашан бұзылмайды әрі ешкімге берілмейді.</verse>
				<verse number="25">Ол сол жерде тұрып-ақ Өзі арқылы Құдайға жақындағандарың бәрін толығымен құтқарып алады, себебі Ол -оларға арашашы бола алатын мәңгі тірі бірінші Бас қызметкер.</verse>
				<verse number="26">Бізге дәл осындай, киелі, ешбір зұлымдығы жоқ, мінсіз, таза, күнәкарларға елікпейтін, Көкке көтеріліп кеткен Бас қызметкер қажет.</verse>
				<verse number="27">Енді Оған бұрынғы бас қызметкерлер сияқты, ең алдымен, күнде өзінің жасаған күнәлары үшін, одан кейін бүкіл халықтың күнәлары үшін құрбандық шалудың қажеті жоқ. Өйткені Ол бір рет және мәңгілікке Өзін қайталанбайтын құрбандық ретінде ұсынды.</verse>
				<verse number="28">Заң бойынша бас қызметкерлікке табиғатынан әлсіз, қарапайым адамдар тағайындалатын, ал Заңнан кейін антпен бекітілген Құдайдың сөзі Өзінің Ұлын мәңгілікке бірінші Бас қызметкер етіп бекітті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Осы айтқандарымызды қорытындыласақ, ең бастысы біздің дәл сондай Бас қызметкеріміз бар, Ол ұлылықпен Көкке көтерілді де, Құдайдың оң жағындағы таққа барып отырды.</verse>
				<verse number="2">Ол адамның қолымен жасалмаған, Құдайдың Өзі тұрғызған киелі үйдің, яғни, шындықтың шатыры болған Құдай үйінің Бас қызметкері болды.</verse>
				<verse number="3">Әрбір бас қызметкер Құдайға тартулар мен құрбандықтар әкелу үшін тағайындалатын, сондықтан Ол Құдайдың алдына барған кезде, Өзімен бірге қандай да бір тартулар мен құрбандықтар әкелуге тиіс болатын.</verse>
				<verse number="4">Егер де Ол жер бетінде болса, Оның Бас қызметкер болуға еш мүмкіндігі болмас еді, өйткені жерде Заңның талабына сай тартуларды әкелетін қызметкерлер жеткілікті еді.</verse>
				<verse number="5">Мысалы, Құдай Мұсаға аян берген кезде, дайындалатын шатырдың пішіні көктегі Құдай үйінің үлгісіне не оның көлеңкесіне ұқсас болуын ұсынды, себебі Мұса шатырды әлі толық құрастырып, аяқтамастан бұрын Құдай оған: «Сен шатырды құрастырған кезде өзіңе тауда көрсетілген үлгі бойынша жасайтын бол, бәрін әбден қарап ал», -деп бұйырды.</verse>
				<verse number="6">Исаның қызметінің ерекшелігі Ол бұрынғыдан да игілікті және артықшылығы мен ерекшелігі мол, керемет екі уәдеге негізделген екі жаққа дәнекер болатын Жаңа келісімнің жобасын салды.</verse>
				<verse number="7">Егер де алғашқы келісім мінсіз болса, онда екінші келісімнің жобасын салу қажет емес еді.</verse>
				<verse number="8">Құдай адамдардың кемшілігін көргенде, оларға былай деген болатын: «Міне, болашақта Менің Исраилдің және Яһуданың үйімен жаңа келісім жасайтын күн туады.</verse>
				<verse number="9">Менің бұл келісімім олардың ата-бабаларын қолдарынан жетектеп, Мысыр елінен алып шыққан тұста бекіткен келісімім сияқты болмайды, өйткені олар сол кезде Менің бекіткен келісіміме адал болмады, сондықтан оларды Мен ойымнан шығарып тастадым.</verse>
				<verse number="10">Енді сол күндерден кейін Менің Исраилдің үйіндегілермен жасайтын келісімім мынандай болады, -дейді Жаратқан Ие, -Мен беретін заңдарымды олардың ой-саналарына құйып, оны жүректеріне жазып қоямын, сөйтіп, Мен олардың Құдайым боламын, олар Менің халқым болады.</verse>
				<verse number="11">Сол кезде әр адам немесе әрбір бауырлас бір-біріне үйретудің орнына: «Иеңді жақыннан танып-біл», -деп айтатын болады, сол арқылы олардың кішісінен үлкеніне дейін Мені жақыннан танып-білетін болады.</verse>
				<verse number="12">Өйткені Мен оларға мейіріммен қарап, жасаған әділетсіздіктері мен күнәларының ешқайсысын енді қайтып есіме алмаймын», - дейді Ием.</verse>
				<verse number="13">Сонымен, Ол Жаңа келісім туралы айтқанда, алғашқы келісімнің ескіргенін көрсетеді, ал тозған нәрсе ештеңеге жарамсыз әрі пайдасыз болады, сондықтан ол жылдам жойылып кетеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Міне, сол себепті алғашқы келісімге байланысты атқарылатын қызмет Құдайдың жердегі киелі үйінің талабына сай болды.</verse>
				<verse number="2">Ең алдымен шатырдың өзі құрастырылды, сосын шам, бұдан кейін үстел, одан соң нан ұсынатын орын, яғни, «Киелі» деп аталатын орын жасалды.</verse>
				<verse number="3">Шымылдықтың ар жағындағы шатырдың екінші бөлігінде «Киелілердің киелісі» деп аталатын орын жасалды,</verse>
				<verse number="4">оның ішінде сырты алтынмен қапталған түтікше болды, оны хош иіс түтету үшін қолданатын және сырты түгел алтынмен қапталған келісім сандығы, одан кейін ішінде манна салынған алтын құмыра, сонымен қатар, Аронның бүршік жарған асатаяғы әрі алғашқы келісімнің тас тақтайшалары тұрды.</verse>
				<verse number="5">Келісім сандығының үстінде бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрған және сандықтың бетін қанаттарымен көлегейлеп жапқан, Құдайдың даңқын білдіретін керуб атты періштелердің алтыннан жасалған екі мүсіні тұрды. Мұның бәрінің мағынасын ашып, бүге-шігесіне дейін айтып жатудың қажеті жоқ.</verse>
				<verse number="6">Сонымен, ішкі жағынан осылай құрастырылған шатырдың бірінші бөлмесіне Құдайдың қызметкерлерінің әрқайсысы өзіне белгіленіп берілген уақыт бойынша кіріп, сол жерде тек өзіне тиісті қызметті атқаратын,</verse>
				<verse number="7">ал шатырдың екінші бөлігіндегі бөлмеге Құдайдың бірінші бас қызметкеріне қан алмай кіруіне болмайтын, сондықтан ол өзі үшін және халықтың білмей істеген күнәлары үшін берілетін құрбандықтың қанын жылына бір-ақ рет сол жерге алып кіретін.</verse>
				<verse number="8">Міне, осы арқылы шатырдың бірінші бөлігіндегі бөлмеден шатырдың екінші бөлігіндегі бөлмеге кіретін жолдың әлі де жабық екенін Киелі Рух бізге түсіндіріп тұр.</verse>
				<verse number="9">Бұл біздің қазіргі уақытымызды бейнелейді, демек, осы нәрсе біздің Құдайға әкелетін сый-тартуларымыз бен құрбандықтарымыздың Оған қызмет етуге талпынғандардың ар-ұятын толықтай тазарта алмайтынын және кемелділікке жеткізе алмайтынын көрсетеді.</verse>
				<verse number="10">Өйткені сонда ішіп-жейтін *тамақтар мен әр түрлі жуынып-шайынуларға байланысты берілген нұсқауларға келер болсақ, олар келуге тиісті уақыттың мерзімі жеткенше, тек денені тәрбиелеу үшін берілген талаптар ғана болатын.</verse>
				<verse number="11">Ал мәңгі бірінші Бас қызметкер болған Мәсіх Өзінің атқарған ұлы істері арқылы осы әлемнің талабына сай қолдан тұрғызылған шатырда емес, кемелділік жағынан осы әлемдікінен асып түсетін шатырда қызмет ету үшін келді.</verse>
				<verse number="12">Ол сол жерге осы дүниенің жасағанындай ешкі мен өгіздің қанын алып кірген жоқ, Ол Киелілердің Киелісі аталған бөлмеге бұдан былай екінші рет қайталанбайтын, тек бір-ақ рет әрі біржола төгілген Өзінің қанын алып кірді, сөйтіп, (адамдардың) күнәсінің құнын өтеп, мәңгілік бостандық әкелді!</verse>
				<verse number="13">Егер де ешкі мен өгіздің қаны, сондай-ақ, отқа өртелген жас тананың себілген күлі арқылы арамданған дене тазаратын болса,</verse>
				<verse number="14">онда айқышта төгілген Мәсіхтің қаны одан бетер үлкен қызмет атқарғанын нақты айта аламыз, өйткені еш мінсіз Ол бізді өлімге апаратын лас істерімізден арұжданымызды тазалау үшін және тірі Құдайға адал қызмет ететіндей деңгейге жеткізу үшін, Киелі Рухтың күшімен Өзін құрбандыққа берді!</verse>
				<verse number="15">Сондықтан Ол Жаңа келісім арқылы екі жақты бірбірімен табыстырған Татуластырушы атанды, Оның өлімі бізді алғашқы келісімде көрсетілген күнәларымыздан сатып алып, шақырылған біздерге уәде етілген мұраны мәңгілікке алып берді.</verse>
				<verse number="16">Егер де біреуге қандай да бір өсиет берілетін болса, онда сол өсиетті берушінің қайтыс болғаны туралы анықтама қажет.</verse>
				<verse number="17">Себебі өсиет тек өсиет иесінің өлімінен кейін ғана күшіне енеді, егер өсиет иесі тірі болса, онда оның ешқандай күші жоқ.</verse>
				<verse number="18">Міне, сондықтан да бірінші келісімді күшіне енгізу үшін, қан төгілуі қажет болды.</verse>
				<verse number="19">Мұса Заңның барлық өсиеттерін бүкіл халыққа жариялап жеткізді, оларға түсіндіріп берген соң, ол өгіз бен ешкінің қанын алды да, оған су қосып араластырды, одан кейін басына алқызыл жүн байланған сайсағыздың бұтағын алып, оны алдымен кітапқа, сосын бүкіл халыққа бүркіп сеуіп шықты.</verse>
				<verse number="20">Содан кейін халыққа: «Бұл қан-Оның өсиетін сақтап, сонымен өмір сүру үшін Құдайдың сендермен бекіткен келісім қаны», - деді.</verse>
				<verse number="21">Сонымен қатар, ол шатырды және шатырдың ішіндегі Құдайға қызмет еткен кезде қолданылатын заттардың бәріне қанды бүркіп шықты.</verse>
				<verse number="22">Себебі Заң бойынша барлығы түгелдей қанмен тазаруы тиіс болған, сондықтан қан төгілмей, ешқандай кешірім болмайды.</verse>
				<verse number="23">Сонымен, жердегінің бәрі көктің үлгісі бойынша жасалып, бәрі осындай жолмен тазаруға тиіс болса, көктегі тазару бұған қарағанда әлдеқайда жақсы, одан да асып түсетін құрбандық арқылы тазаруды қажет етеді.</verse>
				<verse number="24">Шындықтың нақты үлгісі болған Мәсіх адам қолымен жасалған шатырға кірген жоқ, қазір Ол көкте, Құдайдың алдына бетпе-бет келіп, Ол біз үшін өтініш жасайды.</verse>
				<verse number="25">Киелі орынға жыл сайын біреудің (малдың) қанын алып кіретін жердің бас қызметкері сияқты Өзін-Өзі қайта-қайта құрбандыққа беру үшін Ол көкке кірген жоқ.</verse>
				<verse number="26">Егер дәл солай болу керек болса, онда Мәсіхке осы әлем жаратылғаннан бері бірнеше рет азап шегу қажет болар еді. Ал қазір, заманның ақыры тақаған шақта, Ол Өзін құрбандыққа беру арқылы бір рет және мәңгілікке күнәні жою үшін келді.</verse>
				<verse number="27">Басқаша айтқанда, әйтеуір бір күні адамға өлім келеді, сосын оған сот алдында тұру белгіленген.</verse>
				<verse number="28">Мәсіхпен де дәл солай болып тұр, Ол Өзін бір рет құрбандыққа беріп, көптеген адамдардың күнәларын алды, енді Ол екінші рет келген кезде, Ол күнәға байланысты (әлемнің күнәсін Өзіне алу үшін) келмейді, Ол тек Өзінің келуін асыға күтіп отырғандарды құтқару үшін келеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Өйткені Заң болашақта келуге тиіс болған игі істің нақты өзі емес, тек оның көлеңкесі ғана болатын, себебі жыл сайын тұрақты шалынатын құрбандықтар Құдайға жақындағысы келетіндерді ешқашан кемелді ете алмайды.</verse>
				<verse number="2">Ал егер де солай болса, онда құрбандық шалу тоқтамас еді, өйткені бір рет тазартылғаннан кейін Құдайды дәріптеп, Оған табынушылар саналы түрде өзінің күнәлі екенін сезіне ала ма?</verse>
				<verse number="3">Міне, сондықтан жыл сайын мұны олардың есіне салып отыру қажет болды,</verse>
				<verse number="4">өйткені өгіз бен ешкінің қаны арқылы күнәларды толығымен алып тастау мүмкін емес.</verse>
				<verse number="5">Сол себепті Мәсіхтің Өзі осы әлемге келетін кезде былай деп айтқан: «Сен құрбандықтар мен сый-тартуларды қаламадың, бірақ Сен Мен үшін денемді дайындап қойдың.</verse>
				<verse number="6">Сен күнә үшін өртелетін барлық құрбандықтарды ұнатпадың.</verse>
				<verse number="7">Сонда Мен былай дедім: «Міне, Мен келе жатырмын, Жазбаның алғашқы бетінде Мен туралы жазылғандай, Құдай, Сенің еркіңді Мен орындаймын!»</verse>
				<verse number="8">Сонымен, жоғарыда айтылғанға келсек: «Құрбандықтар мен сый-тартуларды және күнәға байланысты өртелетін құрбандықтарды қаламадың, Сен оларды ұнатпадың», -деп Ол бұл жерде тек Заң бойынша берілетін құрбандықтар туралы айтып тұр.</verse>
				<verse number="9">Ол тағы былай деп қосты: «Міне, Мен Сенің еркіңді орындау үшін келе жатырмын», -дегенде, Ол бірінші берілетін (ескі) құрбандықтарды алып тастап, оның орнына Ол екіншісін (жаңасын) қойып отыр.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан Иса Мәсіх Өз денесін бір рет және мәңгілікке құрбандыққа беріп, Құдайдың еркін орындаған кезде, біз Сол арқылы тазаланып, Құдайға бағышталдық.</verse>
				<verse number="11">Құдайдың әрбір қызметкері өзінің күнделікті атқаратын қызметі арқылы қаншама рет құрбандықтар шалса да, олардың ешқайсысы күнәларды алып тастай алмайды.</verse>
				<verse number="12">Ал Иса бүкіл күнәлар үшін бір-ақ рет Өзін құрбандыққа берді, Ол Құдайдың оң жағына барып отырды, енді сол жер Оның мәңгі тұрағы болды.</verse>
				<verse number="13">Сол жерде Құдай Оның жауларын Өзінің табанының астына салып беретін сәтті күтеді.</verse>
				<verse number="14">Ол Өзінің бір-ақ рет әкелген тартуы арқылы Құдайға бағышталғандарды кемелді етті.</verse>
				<verse number="15">Бұл туралы Киелі Рух бізге куәлік етеді.</verse>
				<verse number="16">«Мен сол күндерден кейін олармен мынандай келісім жасаймын, -дейді Жаратқан Ие, -Мен олардың жүрегіне Өз заңымды салып беремін және Мен оны олардың саналарына жазып қоямын».</verse>
				<verse number="17">Бұдан әрі былай деп қосады: «Мен олардың жасаған күнәлары мен заңсыз іс-әрекеттерін ешқашан есіме алмаймын».</verse>
				<verse number="18">Ал күнәлар толық кешірілген жағдайда, енді күнәға байланысты ешқандай сый-тарту мен құрбандық шалынбайды.</verse>
				<verse number="19">Сонымен, бауырластар, Исаның киелі қанының арқасында біздің де Киелі орынға кіретін құқығымыз бар, өйткені</verse>
				<verse number="20">сол арқылы Ол бізге жаңа жол салды, бұл жол бізді шымылдықтың артындағы өмірге апарады, сол жолды Ол Өзінің денесі арқылы салды.</verse>
				<verse number="21">Міне, сондықтан Ол Құдайдың үйінің үстінен қарайтын, дәрежесі бәрінен де үлкен Бас қызметкер болып тағайындалды.</verse>
				<verse number="22">Біз енді таза жүрекпен, толық сеніммен Оның жүректерімізге бүркілген қаны арқылы жаман әдеттерден тазарған ар-ұятымызбен, сумен жуылу арқылы тазарған денемізбен Оған жақындайық.</verse>
				<verse number="23">Сөйтіп, Ол арқылы бізге берілген тұғыры ешқашан шайқалмайтын үмітті ұстап алуға ұмтылайық, өйткені Ол бізге берген уәдесіне әрқашан да адал болып қала береді.</verse>
				<verse number="24">Сол үшін біз бір-бірімізге көңіл аударып, сүйіспеншілік көрсетіп, мейірімді іс-әрекет жасап, жігер берейік.</verse>
				<verse number="25">Осылай өзімізге әрдайым пайдасы мол жиындарды тастамайық, қайта, бір-бірімізге ақыл-кеңес берейік, ал кейбіреулерге (сенушілер жиынына қатыспау) әдет болып қалған, әсіресе, ақырғы күннің барған сайын қысқарғанын, (Иеміздің келетін күнінің) жақындап қалғанын өздерің де көріп жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="26">Егер де біз шындықты танып-біліп алғаннан кейін, өз еркімізге беріліп, күнә жасайтын болсақ, онда біздің сол жасаған күнәларымыз үшін берілетін ешқандай құрбандық жоқ.</verse>
				<verse number="27">Ал соттың шешімін күту қандай қорқынышты, себебі Құдайға қарсы шыққандарды жалындаған от жұтып қоюға дайын тұр.</verse>
				<verse number="28">Егер де біреу Мұсаның Заңын бұзып, оның сол әрекеті екі немесе үш куәгер арқылы дәлелденсе, оған ешқандай да мейірім көрсетілмей, өлім жазасына кесілетін.</verse>
				<verse number="29">Егер кімде-кім Құдайдың Ұлын менсінбей, Оны аяққа таптайтын болса және өзін қанымен тазартып, бекітілген келісімді бағаламайтын болса, мейірімді Құдайдың Рухын ренжітіп, Оны қорлайтын болса, оны қандай жаза күтіп тұр деп ойлайсыңдар?</verse>
				<verse number="30">Бұл туралы Құдайдың былай дегенін біз білеміз: «Кек алушы болмаңдар, кек алуды Маған қалдырыңдар, қарымтасын Мен Өзім қайтарамын», - деген болатын.</verse>
				<verse number="31">Тірі Құдайдың қолына түсу қандай қорқынышты!</verse>
				<verse number="32">Сендер Ізгі хабарды қабылдаған ең алғашқы күндеріңді естеріңе түсіріңдерші, сол уақыт сендердің шындықты жаңадан таныған кездерің болатын, сонда қанша азап шексеңдер де, соған шыдадыңдар.</verse>
				<verse number="33">Өздеріңе тіл тигізіп, қысымшылық көрсетіп, басқаларға мазақ қылса да, сендер оны елемей, дәл осындай жағдайда жүргендермен иықтаса жүріп, оларға демеу болдыңдар.</verse>
				<verse number="34">Абақтыда отырғандармен бірге азап шегіп, өз дүние-мүліктеріңнің тоналып жатқанын елемей, қуанышпен қабылдадыңдар, өйткені сендер сол кездің өзінде одан да керемет, ешқашан шірімейтін мүліктеріңнің көкте мәңгі сақтаулы тұрғанын білдіңдер.</verse>
				<verse number="35">Сол үшін де сендер сол батылдықтарыңнан айрылып қалмаңдар, бұл сендерге көп сый-тартулар әкеледі.</verse>
				<verse number="36">Құдайдың еркін бұлжытпай орындап, өздеріңе берілген уәдеге ие болу үшін, шыдамды болыңдар.</verse>
				<verse number="37">Өйткені Ол өте қысқа уақыт аралығында және «Жақын арада келеді, бұған өте аз мезгіл қалды, алайда Ол ешқашан кешікпейді.</verse>
				<verse number="38">Менің алдымда әділетті адам сеніммен өмір сүреді, егер ол жолдан тайып, адасып кетсе, онда Менің жан дүнием оған риза болмайды», - дейді Иеміз.</verse>
				<verse number="39">Біз артқа шегініп, жолдан тайып, құрып кететіндердің қатарынан емеспіз, керісінше, біз жанымыз үшін сенімімізді сақтап қалуға тиіспіз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Сенім дегеніміз -көзге көрінбейтін нәрсені үмітпен күтіп алуға болатын берік негіз.</verse>
				<verse number="2">Өйткені бізден бұрын өмір сүрген ата-бабаларымыздың өмірінен орын алған куәліктер бұған дәлел.</verse>
				<verse number="3">Біз санамызбен Құдайдың осы әлемді сөзбен жаратқанына сенеміз, себебі Ол көзге көрінбейтін нәрседен көрінетінді жаратты.</verse>
				<verse number="4">Әбіл Қабылға қарағанда, Құдайға сенгендіктен, ең жақсысын Оған құрбандыққа берді. Осы іс-әрекеті оның әділдігін дәлелдеді, сондықтан Құдай оның сыйын қабыл алды, оның бұл әрекеті ол өлгеннен кейін де куәлік болып қалды.</verse>
				<verse number="5">Сеніммен өмір сүрген Енох өлімді көрген жоқ, өйткені Құдай оны жер бетінен Өзімен бірге алып кетті. Өйткені ол сол уақытқа дейін Құдайға ұнамды өмір сүрді, оны іздегендер еш жерден таба алмады, бұл да үлкен куәлік болды.</verse>
				<verse number="6">Сенім болмаса, Құдайға ұнау мүмкін емес. Кім Құдайға жақындағысы келсе, сол сеніммен Құдайды бар деп қабылдауы тиіс, ал кім Құдайды іздейтін болса, Ол соған лайықты сыйын береді.</verse>
				<verse number="7">Құдайдан аян алғаннан кейін Нұқ та көзге көрінбейтін болашаққа сеніп, Құдайды аса құрметтейтінін көрсетті, сөйтіп, ол өз отбасын құтқарып қалу үшін кеме құрастырып, жасап шықты. Оның бұл іс-әрекеті арқылы осы әлем сотталды, ал ол өзінің сеніміне сай әділдіктің мұрагері атанды.</verse>
				<verse number="8">Ыбырайым да Құдай өзін шақырған кезде сеніммен Оған мойынұсынды, өз ортасынан бөлініп, өзіне уәде етілген жерге барып, мұрагер болу үшін, қай жаққа бара жатқанын білмесе де, жолға шықты.</verse>
				<verse number="9">Ол сеніммен өзіне уәде етілген жерге барды, сол жақта орын теуіп, жатжерлік болып өмір сүрді, ол сол уәденің болашақ мұрагерлері болған Ысқақ және Жақыппен бірге шатырда тұрып жатты.</verse>
				<verse number="10">Өйткені ол сәулетшісі де, құрылысшысы да Құдайдың Өзі тұрғызатын қалалардың іргетасының сол жерден қалануын күтті.</verse>
				<verse number="11">Сара да бала көтеретін жастан асып кетсе де, Құдайдың берген уәдесіне сенді, содан күш алып, жасына да қарамай, балалы болып, ұрпақ өсіретін мүмкіндік алды, өйткені ол Құдай Өзінің берген уәдесіне адал екенін есінде ұстады.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан сол бір тәні өлуге шақ қалған адамнан туылған ұрпақтан аспандағы жұлдыздардай сансыз, теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай көп ұрпақ дүниеге келді.</verse>
				<verse number="13">Міне, осы адамдардың барлығы сеніммен өмір сүріп, берілген уәдеге де жете алмай, соңында дүниеден өтті. Өйткені олар сол уәденің әлі де алыста екенін көрді, алайда болашақта бәрібір оның өздеріне қайтып келетінін қуанышпен қабылдап, осы әлемде тек жатжерлік екендерін ашық мойындады.</verse>
				<verse number="14">Кімде-кім өзін осылай атайтын болса, сол өзінің шынайы Отанын іздеп жүрген жатжерлік екенін көрсетеді.</verse>
				<verse number="15">Егер де олар өздері тастап шыққан отандарын естерінен шығармайтын болса, онда уақыты келгенде, олардың сол жаққа қайтып баратын мүмкіндіктері болар еді.</verse>
				<verse number="16">Қазір олар сол керемет, ең жақсы жерге, көкке, ұмтылуда. Сол үшін Құдай олардың Құдайы болудан еш ұялмайды, ал олар Оны біздің Құдайымыз деп атайды, өйткені Құдай олар тұратын қаланы сол көкте тұрғызып қойды.</verse>
				<verse number="17">Ыбырайымның сенімі сыналған кезде де, Құдайдың уәдесі арқылы өзіне берілген жалғыз ұлы Ысқақты сеніммен құрбандыққа шалуға дайын болды,</verse>
				<verse number="18">Құдай оған: «Сенің ұрпағың Ысқақ арқылы өсіп-өніп көбейеді», - деп айтқан болатын.</verse>
				<verse number="19">Сол кезде Ыбырайым Құдай Өзінің құдіретті күшімен өлгенді де өлімнен қайта тірілтіп алады деген ойды есінен шығармады, сондықтан ол Құдайдан осыны дәлелдейтін белгіні алды.</verse>
				<verse number="20">Ысқақ та сеніммен Жақып пен Есаудың болашағына бата беріп, оларға жарылқау сөздерін айтып жеткізді.</verse>
				<verse number="21">Жақып та өлер алдында сеніммен Жүсіптің балаларына бата беріп, оларды жарылқап, одан кейін асатаяғының басына сүйеніп, Құдайға құрмет көрсетіп, басын төмен иді.</verse>
				<verse number="22">Жүсіп те өмірінің соңында сеніммен Исраилдің ұлдарына олардың Мысыр жерінен шығатын уақыттың келетінін алдына ала айтып, естеріне салып отырды және сол уақыт келгенде, денесін қалдырмай, өздерімен бірге алып шығуды оларға бұйырды.</verse>
				<verse number="23">Мұса дүниеге келген кезде, ата-анасы оны үш ай бойы жасырып ұстады, өйткені олар баланың бет-жүзінде өте бір ерекше әдемі қасиеттің бар екенін көрді, сол үшін олар патшаның шығарған жарлығынан да қорыққан жоқ.</verse>
				<verse number="24">Мұса есейіп, ержеткен кезде, Мысыр патшасы қызының ұлы атанудан сеніммен бас тартты.</verse>
				<verse number="25">Уақытша ләззат іздеп, күнәнің жетегінде болудан гөрі, Құдай халқының басына түскен азапты ауыртпалықты олармен бірге көргенін жөн санады.</verse>
				<verse number="26">Сондықтан ол Мысырдың шексіз байлығының орнына Мәсіхтің көрген азаптарын бәрінен жоғары қойды, себебі ол бар назарын Одан алатын сыйға аударды.</verse>
				<verse number="27">Мұса патшаның қаһарынан қорықпай, сеніммен Мысырды тастап кетті, өйткені ол көзге көрінбейтін болашаққа көзі жетіп тұрғандай қарап, табанды тұрды.</verse>
				<verse number="28">Мұса Құрбандық мейрамын өткізген кезде, (исраилдіктерге құрбандық шалуды бұйырды) құртып-жоюшы періште келіп, Исраилдің тұңғыштарын өлтірмесін деген оймен есік жақтауларына сеніммен қан жаққызып, оларды өлімнен аман сақтап қалды.</verse>
				<verse number="29">Олар Қызыл теңіздің ортасында пайда болған құрғақ жер арқылы сеніммен арғы бетке өтіп кетті, оларды сол жерде басып алмақ болған мысырлықтарды су жалмап, теңіз түбіне батып кетті.</verse>
				<verse number="30">Исраилдіктер сеніммен қатарынан жеті күн қаланы айналып жүргенде, Иерихон қабырғалары құлады.</verse>
				<verse number="31">Жеңіл жүрісті әйел атанған Рахаб та исраилдік барлаушыларды сеніммен үйіне бейбіт жолмен қабылдап, Құдайға мойынұсынбайтын ұлттардың өкілдерімен бірге құрып кетпей, тірі қалды.</verse>
				<verse number="32">Тағы кім туралы айтайын? Мен егер де Гедеон, Барақ, Самсон, Ефтах, Дәуіт, Самуил туралы және олардан басқа пайғамбарлар туралы айтатын болсам, оның бәріне менің уақытым жетпес еді.</verse>
				<verse number="33">Олар өздерінің сенімдері арқылы патшалықтарды бағындырып, әділдік орнатып, уәдеге қол жеткізіп, арыстанның аузына бұғау салып,</verse>
				<verse number="34">жалыны күшті отты өшіріп, семсердің жүзінен аман қалып, әлсіреген кезде сенімдерінен күш алып, шайқаста темірдей шыңдалып, жау әскерін қуып шықты.</verse>
				<verse number="35">Әйелдер өлгендердің тірілгеніне сеніммен куәгер болып, оларды өмірге қайта қабылдады. Басқалары соққыға жығылып, қайта тірілудің кереметін көру үшін, бостандықтан да бас тартты.</verse>
				<verse number="36">Енді біреулері мазаққа ұшырап, қамшымен дүреленіп, аяқ-қолына бұғау салынып, түрмеге жабылды.</verse>
				<verse number="37">Олардың кейбіреулерін таспен атқыласа, енді біреулерінің денесін арамен кесіп, екіге бөлді, тағы біреуін семсермен шауып өлтірсе, басқалары жетіспеушілік пен таршылық көріп, қой мен ешкінің терісін жамылып, көп қиыншылықты бастарынан өткізді.</verse>
				<verse number="38">Қысқасы, осы әлемге лайықты болмағандар елсіз жерді кезіп, тау мен үңгірлерде түнеп, шатқалдарда өмір сүрді.</verse>
				<verse number="39">Міне, олардың өмірінде орын алған осындай куәліктер тек олардың сенімдері арқылы паш етілсе де, олар Құдайдың уәдесінен өз үлестерін алмады,</verse>
				<verse number="40">өйткені бәрін алдын ала жоспарлайтын Құдай олармен бірге біздің де кемелділікке жеткенімізді қалап, Өзінің сол керемет жоспарына бізді де қосты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Сонымен, осындай куәгерлердің бізді жан-жақтан қаумалап, қалың ормандай қоршап тұрғанын байқадық, сондықтан әрқайсысымызды оп-оңай шырмап алатын, алға қарай жүгіруге кедергі жасайтын күнәдан бас тартып, алдымызда тұрған мақсатқа жету үшін, шыдамдылық танытайық.</verse>
				<verse number="2">Сөйтіп, бүкіл сенімнің алғашқы қадамын Өзі бастап, соны аяғына дейін жеткізген Исаға назар аударайық. Ол Өзін күтіп тұрған қуаныштың орнына, айқыштағы қорлық пен азапқа төзіп, жеккөрушілікті басынан өткізіп, Ол Құдайдың оң жағындағы таққа барып отырды.</verse>
				<verse number="3">Ол күнәкарлардың Өзіне көрсеткен азабынын бәріне шыдады, Ол бұған сендердің жандарыңның шаршап-шалдығып, әлсіремеуі үшін барғанын өздерің ойланып көріңдерші.</verse>
				<verse number="4">Сендер күнәға қарсы тұрып, онымен қандарың төгілгенше күрескен жоқсыңдар.</verse>
				<verse number="5">Сендер Оның өздеріңе: «Ұлым менің, Жаратқан Ие өзіңді тәрбиелеген кезде оған немқұрайды қарама, Ол сені әшкерелеген кезде жан дүниең әлсіреп, еңсең түспесін.</verse>
				<verse number="6">Себебі Жаратушы Ие кімді жақсы көрсе, Ол түзетіп, тәрбиелеу үшін оны жазалайды, Ол кімді Өзінің ұлы ретінде қабылдаса, Ол соны қамшылап та алады», -деген жұбаныш ретінде айтылған сөзін ұмытып кеттіңдер.</verse>
				<verse number="7">Ал жазалауға байланысты айтар болсақ, Құдай сендерге Өзінің ұлдарына қарағандай қарайды. Сондықтан Ол жазалайды, өз ұлын жазаламайтын әке бола ма, айтыңдаршы?</verse>
				<verse number="8">Егер де сендер жазалаудың артында әркімге сабақ болатын жақсылықтың барына мән бермей, уақытымен жазаланбасаңдар, онда сендер Оның ұлы емес, некесіз туылған балалар секілді боласыңдар.</verse>
				<verse number="9">Негізінде, табиғи ата-аналарымыз бізді тәрбиелегенде жазалайтын, олардың сол қолданған әрекеттері бізді ұятқа қалдырған жоқ. Ал мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін, Көктегі Әкемізге одан бетер бас иіп, бағынғанымыз дұрыс емес пе?!</verse>
				<verse number="10">Өйткені ата-аналарымыздың біраз уақыт бізге берген тәрбиесінің өзі біз үшін әлдеқайда жақсы болса да, Көктегі Әкеміздің тәрбиесі бізге одан да зор пайда әкелмек, өйткені Ол бізді Өзінің киелілігіне лайықты болу үшін тәрбиелейді.</verse>
				<verse number="11">Әрине, әрбір тәрбиенің өзіндік жазасы бар, сондықтан ол ешкімге қуаныш әкелмейді, ол мұңға батырып, көңілге қаяу түсіреді. Дегенмен, соңында (жазалау арқылы үйренгендерден) бейбітшілік пен татулықтың жемісін көреміз, себебі осындай тәрбие бізді әділетті болуға жаттықтырады.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан салбырап қалған қолдарыңды жоғары көтеріп, әлсіреген тізелеріңді түзетіп, қалпына келтіріңдер.</verse>
				<verse number="13">Аяғы ақсап жүргендер енді жарақат алмай (сүрінбей), сауығып кетсін десеңдер, тура жолмен жүріңдер.</verse>
				<verse number="14">Барлық адамдармен тату болып, бейбітшіліктің, яки, киелі болудың жолын қуыңдар, егер солай істемейтін болсаңдар, онда ешкім де Иеміздің жүзін көре алмайды.</verse>
				<verse number="15">Сол үшін қырағы болып, бір-біріңе көз қырларыңды салыңдар, сөйтіп, ешкім Құдайдың рақымынан тыс қалып қоймасын. Орталарыңнан қандай да бір ащы тамыр өсіп шығып, көпшілікті арамдап, сендерге кесірін тигізіп жүрмесін.</verse>
				<verse number="16">Орталарыңда өзінің тұңғыштық құқығын бір аяқ көжеге сатып жіберген Есау сияқты азғын немесе әдепсіз біреу пайда болмасын.</verse>
				<verse number="17">Өйткені сол қылығының кесірінен ол өзіне берілетін батаның мұрагері бола алмай, шетте қалып қойды, алайда көз жасын төгіп, ойын өзгертуге тырысса да, ештеңе істей алмады, өйткені ол өзінің тұңғыштық жолынан айрылып қалғанын өздерің білесіңдер.</verse>
				<verse number="18">Ал сендер (исраилдіктер сияқты) қол тигізуге болатын заттың қасына немесе лаулап жанған оттың жанына, не қара түнекке, не сұрапыл дауылға,</verse>
				<verse number="19">не болмаса бір кернейдің даусына, не дауыстап айтылған сөзге, сол сөздер айтылмасын деп жалбарынған дауыстар шыққан жердің маңына жақындаған жоқсыңдар.</verse>
				<verse number="20">Адамдар болса, Құдайдың: «Егер де мына тауға қандай да бір жануар аяғын тигізетін болса, соны таспен атқылаңдар!» -деген бұйрығын орындауға да батылдары жетпеді.</verse>
				<verse number="21">Әуелі Мұсаның өзі де сол кезде: «Мен қорыққанымнан қалшылдап тұрмын», - деген болатын.</verse>
				<verse number="22">Сендер Сион тауына әрі тірі Құдайдың мекеніне, Оның көптеген періштелерінің жиналатын жері Көктегі Иерусалимге келдіңдер!</verse>
				<verse number="23">Көктегі Кітапқа алғашқы болып жазылғандардың қауымына әрі барлығын соттай алатын Құдайға, кемелділікке жеткен әділдердің рухтарына</verse>
				<verse number="24">және екі жақты Жаңа келісім арқылы татуластыру үшін, Әбілдің қанынан да қымбат Өзінің қанын төккен Исаға жақындадыңдар.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан сақ болыңдар, Ол сөйлеген кезде Оны тыңдамай теріс айналып кетпеңдер. Кезінде осы әлемдегілерге Ол сөйлеген кезде, адамдар Оны тыңдамай, теріс айналып кеткен болатын, сол үшін олар өздерінің жазасын алған, Оның көктен шыққан даусын естігі келмейтіндерді, Оны тыңдамайтындарды одан да үлкен жаза күтіп тұр.</verse>
				<verse number="26">Себебі Құдай ең алғаш сөйлеген кезде, Оның даусынан жер қозғалды, қазіргі кезеңге Ол мынадай уәде беріп отыр: «Мен енді жерді ғана емес, көкті де қозғалтамын».</verse>
				<verse number="27">Оның осы әлемді «тағы да қозғалтамын» деген сөзінен бұл ғаламның орнынан қозғалып, жоқ болатынын, ал оның орнына қозғалмайтын әлем пайда болатынын түсінуге болады.</verse>
				<verse number="28">Ол бізді сол қозғалмайтын Патшалықтың қол астына кіргізді, сол үшін біз Құдайға алғыс айтып, бар ризашылығымызды Құдайға арнап, Одан қорқып, Оны қастерлеу арқылы Оған қызмет етейік,</verse>
				<verse number="29">өйткені біздің Құдай Ол жалмап қоятын от секілді, Ол бәрін өртеп жібереді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Сондықтан бір-біріңе деген бауырластық сезімдерің суымасын.</verse>
				<verse number="2">Қонақжай болуды ұмытпаңдар, тіпті, кейбіреулер періштелерге дейін қонақжайлылық көрсеткенін білмей де қалған.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, тұтқында отырғандармен бірге болып, олардың тәндік азаптарын бірге көтерісіңдер, өйткені сендер де олар секілді тәндік денеде өмір сүріп жатырсыңдар.</verse>
				<verse number="4">Некелеріңді барлық жағынан қастерлеңдер, неке төсегін былғамаңдар, өйткені азғындар мен неке адалдығын бұзатындарды Құдайдың соты күтіп тұр.</verse>
				<verse number="5">Ақшақұмар болмаңдар, қолдарыңда барға қанағат етіңдер, өйткені Құдайдың Өзі сендерге: «Мен әрдайым сенімен бірге боламын және Мен ешқашан сені тастамаймын», -деп айтқанын естеріңнен шығармаңдар.</verse>
				<verse number="6">Міне, біз сондықтан: «Қандай жағдай болса да, Ием маған көмекке келеді, мен еш нәрседен қорықпаймын, адам маған не істей алады?» - деп нық айта аламыз.</verse>
				<verse number="7">Өздеріңе Құдайдың сөзін айтып, сендерді жетелеген жетекшілеріңді естеріңнен шығармаңдар, олардың өткен өміріне қарап, сенімге соншама адал болғанын үлгі тұтыңдар.</verse>
				<verse number="8">Өйткені Иса Мәсіх кеше қандай болса, бүгін де дәл сондай, Ол мәңгілікке солай болып қала береді.</verse>
				<verse number="9">Неше түрлі бөтен ағымға беріліп, жат ілімнің соңынан еріп кетпеңдер. Жүректі нығайтатын ас туралы ережеге көңіл аудармаңдар, ол ешқандай да пайда әкелмейді, оның орнына Құдайдың рақымына жүректеріңнен орын беріп, сонымен нығайтыңдар.</verse>
				<verse number="10">Біз үшін берілген құрбандық Киелі шатырда қызмет ететін қызметкерлер жейтін құрбандық емес.</verse>
				<verse number="11">Негізінде, күнәлардан тазарту үшін шалынған құрбандықтың қанын Киелі деп аталған жерге тек бірінші бас қызметкер ғана алып кіре алатын, ал құрбандықтың денесін қостың сыртына апарып, өртеп жіберетін.</verse>
				<verse number="12">Сол секілді Иса да халықты Өзінің қаны арқылы тазартып алу үшін, қалаға кіретін қақпаның сыртында азап шекті.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан біз де қостың сыртына шығып, Оның қасына барып, Оның көрген қорлығын бірге көтерейік.</verse>
				<verse number="14">Өйткені біз бұл қалада қалмаймыз, керісінше, біз болашақтың қаласын күтудеміз.</verse>
				<verse number="15">Сол себепті келіңдер, бәріміз бірігіп, Құдайға беретін мадақтау құрбандығымызды Иса арқылы келіп, Құдайға арнайық. Бұл Құдайдың сүйіспеншілігін мойындап, Оның атын мадақтау үшін, біздің аузымыздан шыққан жеміс болмақ.</verse>
				<verse number="16">Сонымен қатар, қайырымдылық жасау мен өзара қарым-қатынаста тұруды да ұмытпаңдар, өйткені мұндай құрбандықтар Құдайға ұнамды болады.</verse>
				<verse number="17">Жетекшілеріңе мойынұсынып, оларға бағыныңдар. Сонда олар өздеріне жүктелген міндетті ренжімей, қуанышпен атқаратын болады. Олар әрбір жан үшін Құдайдың алдында жауап береді, сендердің қамдарыңды ойлап, қырағы жүреді, олардың ауыр жүк көтергендей болып жүргені сендерге ешқандай пайда әкелмейді.</verse>
				<verse number="18">Біз үшін де мінәжат етіңдер. Біздің арымыз таза екеніне сенімдіміз, өзіміздің жүріс-тұрысымызды тек жақсы жағынан көрсетуге тырысудамыз.</verse>
				<verse number="19">Әсіресе, менің сендерге тезірек келуіме жол ашылуы үшін мінәжат етулеріңді өтінемін.</verse>
				<verse number="20">Сонымен, осы әлемнің Құдайы әрі Өзінің қанымен мәңгілік келісімді бекітіп, Ұлы Бағушы атанған біздің Иеміз Исаны өлімнен қайта тірілтіп алған Құдай</verse>
				<verse number="21">сендердің атқаратын әрбір игі істеріңе Өзінің еркіне сай орындайтын қабілет берсін. Иса Мәсіх арқылы Оның алдында біз де Оған ұнамды бола берейік. Оның аты ғасырдан ғасырға жасай берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="22">Бауырластар, осы уағыздың сөзін берік ұстануларыңды сендерден өтінемін, өйткені мен сендерге оны өте қысқа жазып жібердім.</verse>
				<verse number="23">Біздің Тімоте бауырымыздың бостандыққа шыққанын білетін шығарсыңдар, егер де ол тез арада осы жаққа келетін болса, онда маған да сендерді көруге мүмкіндік туады.</verse>
				<verse number="24">Барлық жетекшілеріңе және киелілердің бәріне бізден сәлем айтыңдар. Италиядағы бауырластар сендерге сәлем айтуда.</verse>
				<verse number="25">Құдайдың рақымы сендердің барлықтарыңмен бірге бола берсін деп тілейміз.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="59">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдайдың әрі Иеміз Иса Мәсіхтің құлы Жақып: -Шашырап, тарап кеткен он екі руға қуаныш тілейді.</verse>
				<verse number="2">Менің бауырластарым, әртүрлі азғырылуға түсіп қалған әрбір сәттеріңді, қуанышпен қабылдаңдар,</verse>
				<verse number="3">өйткені өздерің білесіңдер сендердің сенімдерің сыналған сәтте, одан төзімділік туындайды,</verse>
				<verse number="4">ал төзімділіктерің іс-әрекетке келгенде кемелді, жетілген болсын, сонда сендер еш мінсіз толық қалыптасып, толықтай кемелді боласыңдар.</verse>
				<verse number="5">Ал енді кейбіреулерге даналық жетіспей жатса, оны ол Құдайдан сұрасын, өйткені Ол сұрағанға еш жазғырмайақ береді, сондықтан оған да оп-оңай беріледі.</verse>
				<verse number="6">Бірақ сұраған кезде еш нәрсеге күмәнданбай (еш күмәнсіз) сеніммен сұрасын, өйткені күмән келтіретін адам -ол теңіз бетінде желдің ары-бері айдауымен пайда болған толқынға ұқсас болады,</verse>
				<verse number="7">міне, сондықтан сондай адам Иемізден бір нәрсе аламын деп ойламасын,</verse>
				<verse number="8">өйткені мұндай ер адам екі жүзді, сондықтан ол өзінің жүретін жолдарының бәрінде тұрақсыз болады.</verse>
				<verse number="9">Ал төменен жоғарыға көтерілген бауырымыз сол дәрежесіне мақтансын,</verse>
				<verse number="10">ал бай адам өзінің төмен түскен дәрежесіне мақтансын, өйткені сол нәрсе гүлдеп, өсетін шөпке ұқсас.</verse>
				<verse number="11">Өйткені күн көтерілген кезде, шөп күннің ыстық табынан қурап, оның гүлі түсіп, оның әдемі бейнесі солып құриды, сол секілді бай адам да өзінің жолымен жүріп-ақ солып қалады.</verse>
				<verse number="12">Ал кім азғырылуға берілмей, соған қарсы тұрса, сол адам бақытты, өйткені ол сынақта төзімді болды, сондықтан ол Иеміздің Өзін сүйетіндерге уәде еткен өмір тәжін алады.</verse>
				<verse number="13">Егер де біреу азғырылуға түсіп қалса, менің азғырылуым Құдайдан болып жатыр деп айтпасын, себебі Құдай зұлымдыққа бармайды, әрі Ол ешкімді де азғырмайды.</verse>
				<verse number="14">Керісінше, әркім өзінің құмарлығының жетегіне еріп, сол құмарлығы арқылы еліктіріушінің қармағына түседі,</verse>
				<verse number="15">сонда құмарлық тамырланып, күнә тудырады, ал істелген күнәдан - өлім туады.</verse>
				<verse number="16">Менің сүйікті бауырластарым, алданып қалып жүрмеңдер.</verse>
				<verse number="17">Себебі, әрбір сый да, әрбір толықтай берілетін сыйлар да жарықтарды жаратқан көктегі Әкеден келеді, себебі Оның көлеңкесінің өзі еш өзгеріске түспейді.</verse>
				<verse number="18">Ол бізді Өзінің жаратылысындағы ең алғашқы жемістерінің бірі болсын деп, Өз қалауына сай, бізді шынайы Өзінің сөзімен туғызып алды.</verse>
				<verse number="19">Менің сүйікті бауырларым, мынаны естеріңе сақтап алыңдар: әрбір адам естуге жылдам, сөйлуге шабан, ал ашуға баяу болсын,</verse>
				<verse number="20">өйткені ашуға берілген адам, Құдайға ұнайтын әділ шешім шығара алмайды.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан кез -келген лас, әрі зұлымдыққа толы нәрселерді ысырып тастаңдар да, жандарыңды құтқару үшін, жүректеріңе дән болып себіліп жатқан сөзді кішіпейілдікпен қабылдаңдар.</verse>
				<verse number="22">Сөзді тек тыңдап қана қоя салатын тыңдаушы емес, оның орнына сөзді орындайтын оның орындаушысы болыңдар.</verse>
				<verse number="23">Өйткені егер де біреу сөздің орындаушысы емес тек оның тыңдаушысы болса, онда ол өз бейнесін, өз табиғатын тек айнадан көре алатын адамға ұқсас болады,</verse>
				<verse number="24">өйткені ол өз бейнесін тек айнаның алдында тұрса ғана көре алады, ал былай шыққан кезде ол өзінің қандай болғанын сол сағатта-ақ ұмытып қалады.</verse>
				<verse number="25">Ал енді кім өзін кемелділікпен, бостандыққа жетелейтін заңға ден қойып, соны сақтап, соны орындайтын болса, ол ұмытшақ тыңдаушы емес, керісінше ол соны іске асырушы болады, сондықтан ол әр істеген істерінде бақытты болады.</verse>
				<verse number="26">Егер де біреу өзін Құдайшыл ретінде көрсетіп, ал өз тіліне ие бола алмаса онда ол өз жүрегін өзі алдап жүр, оның бұл әрекеті түкке тұрмайтын бос Құдайшылдық болып табылады.</verse>
				<verse number="27">Ал Құдай мен Әкеге деген таза, да кіршіксіз Құдайшылдық ол: жәбір көрген жетімдер мен жесірлерге қамқор болу, ол осы әлеммен өзін кірлетпей, өз-өзін таза ұстау болып табылады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Менің бауырластарым, даңқы биік біздің Иеміз Иса Мәсіхке деген сенімдеріңде екі жүзділік болмасын.</verse>
				<verse number="2">Өйткені, егер де сендердің синагогаларыңа қолына алтын жүзік тағып, ал үстіне жарқыратып киім киіген бір ер адамен қоса киімі кір бір кедей адам кіретін болса</verse>
				<verse number="3">сендер әлгі жарқырап киініп алған адамға қарап: -сенің мына жерге отырғаның дұрыс болады, ал кедейге: -Сен менің аяқ жағымдағы ана жерге барып отыр, -деп айтатын болсаңдар,</verse>
				<verse number="4">онда сендер ортаны бөліп-жарып жік салып, арам ойлы төрешілер болып кетпейсіңдер ме?</verse>
				<verse number="5">Менің сүйікті бауырластарым, мынаны тыңдаңдаршы: -Құдай осы әлемдегі кедейлерді сенімге бай болғандықтан таңдап алып, оларды Өзі уәде еткен Патшалықтың мұрагерлері етті емес пе?</verse>
				<verse number="6">Ал сендер сол кедейлердің абыройын төгіп жүрсіңдер. Алайда өздеріңе қарсы шығу үшін күш салатын да, сендерді сотқа сүйрейтін де, сол байлар емес пе?</verse>
				<verse number="7">Өздеріңе тағылған жақсы атты да қорлап, тіл тигізіп дат айтатындар да солар емес пе?</verse>
				<verse number="8">Егер де Патшаның жазбадағы: -Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй, -деп айтып кеткен заңын орындап жүрсеңдер, онда жақсы іс атқарып жүрсіңдер.</verse>
				<verse number="9">Ал егер де осы арада екі жүзділік танытсаңдар, онда күнә жасадыңдар, енді сендер қылмыскер секілді тек заң арқылы әшкереленетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="10">Себебі, кім де кім заңды толығымен орындап келіп, тек оның біреуінен сүрініп кетсе, сол барлық жерде күнәлі болып шығады.</verse>
				<verse number="11">Ал заңда: «Неке адалдығын бұзба» деп те, «кісі өлтіруші болма» деп те айтылған, ал егер де сен: Неке адалдығын бұзбай, оның орнына кісі өлтіріп қойсаң, онда сен заңды бұздың, яғни сен енді заң бойынша қылмыскер боласың.</verse>
				<verse number="12">Сонымен қалай сөйлесеңдер де, не істесеңдер де бәрін тек заңда көрсетілген бостандыққа сай істеңдер.</verse>
				<verse number="13">Өйткені кім мейрім танытпаса, оған сот та мейірімсіз болады, ал мейірімділік соттан үстем.</verse>
				<verse number="14">Менің бауырластарым, егер де біреу менің сенімім бар деп айтқанымен, оның істеп жүрген істері соған сай болмаса, оның сол айтқанынан не пайда? Тек бір ғана сенім оны құтқара ала ма?</verse>
				<verse number="15">Егер де сенің бауырың, не болмаса әкпе -қарындасың киетін киім мен күнделікті ішетін астан мұқтаждық көріп жүрсе,</verse>
				<verse number="16">ал араларыңдағы біреулерің оларға: -Тыныштықпен барып жылынып алыңдар, тойып тамақ жеп алыңдар, -деп айтқанымен олардың сол тәніне қажетті мұқтаждығын ол оларға бере алмайтын болса, оның қандай пайдасы бар?</verse>
				<verse number="17">Сеніммен де дәл солай, егер де оның игі де пайдалы ісі болмаса, соның өзі оның өлі екенін білдіреді.</verse>
				<verse number="18">Ал енді біреу былай деп айтуы мүмкін: «Сенде сенім бар, ал менде игілікті ісім бар,» -деп. Олай болса сен маған сенімсіз істеген игі ісіңді көрсет, ал мен өзім істеген игі істерім арқылы саған өз сеніміді көрсетемін.</verse>
				<verse number="19">Сен Құдайдың бар екеніне, Оның біреу екеніне сенесің бе? Онда оның жақсы: -Алайда соған жындар да сенеді әрі Оның алдында қалтырап, дірілдейді.</verse>
				<verse number="20">Ей ақылсыз адам: -Іс әрекетсіз сенімнің жеміссіз болатынын сен білгің келе ме?</verse>
				<verse number="21">Біздің әкеміз Ыбырайым, өзінің Ұлы Ысқақты құрбандық шалатын орынға апарған кезде, көрсеткен ісі, әрекеті арқылы әділетті болып танылды емес пе?</verse>
				<verse number="22">Көрдің бе, сенім оның сол ісіне қолдау көрсетті, сөйтіп оның сол ісі арқылы оның сенімі кемелдідікке жетті.</verse>
				<verse number="23">Ал Осы туралы жазбада: -Ыбырайым Құдайға сенді, сол арқылы ол әділ адам әрі Құдайдың досы атанды, -деп жазылған болатын, іс жүзінде сол сөз орындалды.</verse>
				<verse number="24">Міне, көрдіңдер ме, адам тек қана сеніммен ғана емес, оған қоса игілікті ісімен де атқалып, әділетті бола алады.</verse>
				<verse number="25">Сол сияқты жеңіл жүріспен жүрген Рахаб та өзі істеген игі ісі арқылы әділетілік танытты, ол барлаушыларды қарсы алып, оларды басқа жолмен шығарып салған ісі арқылы ақталып, әділетті адам атанды емес пе?</verse>
				<verse number="26">Жансыз дененің өлі болатынындай, сенім де игі Ісәрекет болмаса, ол - өлі сенім.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Менің бауырастарым, көпшілігің тәлімгер болуға ұмтылмаңдар, өздерің білесіңдер үкімнің ең үлкенін біз аламыз.</verse>
				<verse number="2">Көп жағадайда өзіміздің сүрініп жатқанымыз да сондықтан. Егер де кімде кім сөзден сүрінбесе, сол бүкіл денесін басқара алатын, яғни жетілген адам.</verse>
				<verse number="3">Біз жылқыларға жүген салып, ауыздықтау арқылы оларды өзімізге бағындырып, олардың денесін жетекке көндіріп басақара аламыз.</verse>
				<verse number="4">Сонымен қатар үлкен кемелерді алайық, олар өте үлкен болғандықтан, олар қатты желдің айдауына көнеді, алайда оларда орналасқан кішкентай басқару тұтқасы арқылы бағыттаушы оны қай жаққа бұрса, ол сол жаққа бұрылып жүре береді.</verse>
				<verse number="5">Ал енді тілді алсақ тіл де сол сияқты, оның өзі денеде орналасқан кішкентай ғана мүше болғанымен, ол үлкен нәрселермен мақтана береді. Байқаған шығарсың кішкентай оттың өзі өте үлкен орманды өртеп жібереді.</verse>
				<verse number="6">Айда тіл де-сол секілді жалындаған от, яғни ол әділетсіздіктің әлемі, тіл біздің денеміздің бір мүшесі бола тұра, ол бүкіл денеге дақ түсреді, себебі ол тозақ отынан тұтанып жанады да, айналасындағының бәрін өртеп жібереді.</verse>
				<verse number="7">Ал енді әртүрлі аңдар мен құстарды, бауырымен жорғалаушылар мен теңіз жәндіктерінің барлық түрлерін алатын болсақ, олардың бәрі адамның табиғи болмысына бағынышты,</verse>
				<verse number="8">алайда сол адамдардың ешқайсысы сол тілді басқарып та, бағындыра да алмайды, себебі тілдің тұла бойы тұрақсыздыққа, зұлымдыққа, яғни өлімге апаратын уға толы.</verse>
				<verse number="9">Ал біз болсақ, Иеміз бен Әкемізге сол арқылы жарылқау айтамыз, әрі сол арқылы Құдайға ұқсас туған адамдарды қарғаймыз.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан сол бір ауыздан бата да, қарғыс та қатар шығып жатады. Алайда менің сүйікті бауырластарым, бұлай істеуге мүлдем болмайды.</verse>
				<verse number="11">Өйткені бір бұлақтың аузынан тұшщы су мен ашщы су қатар шыға ма?</verse>
				<verse number="12">Бауырластарым менің, інжір-зәйтүн жемісін, ал жүзім бұтасы -інжірдің жемісін өсіре ала ма? Сол секілді ашщы су шыққан жерден тұщщы су шықпайды.</verse>
				<verse number="13">Орталарыңда кім өзін дана әрі өзін бәрін білетін білімпаз санап жүр? Сол өзінің даналығын өзінің ізгі мінез құлқымен, өзінің ісімен, өзінің кішіпейілдігімен көрсетсін.</verse>
				<verse number="14">Ал егер де жүректерің ашщы қызғаныш пен бақталастыққа толы болса, онда бекер мақтанып, өтірік айтып, шындыққа қарсы шықпаңдар.</verse>
				<verse number="15">Өйткені бұл көктен келген даналық емес, керісінше бұл жердікі, яғни ол жердегі тіршілік иелері мен жыншайтанға тән даналық.</verse>
				<verse number="16">Себебі, қай жерде қызғаныш пен бақталастық болса, сол жерде тұрақсыздық орын алып, неше түрлі зұлым істер жасалады.</verse>
				<verse number="17">Ал көктен келген даналық ең алдымен таза, одан кейін бейбітшіл, жұмсақ мінезді, мойынұсынғыш, жемістері мейіріммен игілікке толы, ешкімді алаламайтын, екіжүзділікке берілмейтін болады.</verse>
				<verse number="18">Өйткені әлемге себілетін әділдіктің жемісі, осы әлемге татулықты тартушылар арқылы себіледі.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Өз араларыңдағы болып жатқан соғыстар мен ұрыстар қайдан пайда болып жатыр? Ол өз дене мүшелеріңдегі өздеріңе қарсы күресіп жатқан құмарлықтарыңнан шығып жатқан жоқ па?</verse>
				<verse number="2">Қалауларыңа ие бола алмағандықтан, қызғанышқа беріліп, өлтіруге дейін барасыңдар, себебі өз қалауларыңа өздерің қол жеткізе алмағандықтан жанжалдасып, төбелесесіңдер. Ал ие бола алмайтындарыңның себебі -Құдайдан сұрамайсыңдар.</verse>
				<verse number="3">Ал сұрсаңдар да сұрағандарыңды ала алмайсыңдар, себебі тек өз құмарлықтарыңды қанағаттандыру тек жамандыққа, яғни тек сырап қылу үшін сұрайсыңдар.</verse>
				<verse number="4">Азғындар, әлде осы әлеммен дос болу -ол Құдаймен жауласу екенін білмейсіңдер ме? Егер де біреуе осы әлеммен достық қарым-қатынста тұрғысы келетін ниет болса, онда ол Құдайдың жауына айналады.</verse>
				<verse number="5">Немесе жазбадағы: -Оның өздеріңе салып берген Рухтың қызғанышын оятпаңдар, -деп айтылған сөз «ол бос сөз» деп ойлап жүрсіңдер ме?</verse>
				<verse number="6">Алайда Құдай Өзінің шексіз өте үлкен рахымын бізге берді, сондықтан: -Құдай менмендіктің жетегімен жүретін тәкапарларға қарсы тұрады, ал Ол өзінің рахымын тек кішіпейіл болғандарға береді, - деп те айтылған.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан Құдайға бағынып Оған мойынұсыныңдар, ал сайтанға қарсы тұрыңдар, сонда сайтан сендерден қашып кетеді.</verse>
				<verse number="8">Құдайға жақындасаңдар, Құдай да сендерге жақындайды. Ей күнәһәрлар, қолдарыңды жуып тазартыңдар, ей екі жүзділер, жүректеріңді де ағартып таза ұстаңдар.</verse>
				<verse number="9">Қайғырыңдар, боздаңдар, өкіріп жылаңдар, сендердің күлкілерің өкінішке, ал қуаныштарың уайымға айналсын.</verse>
				<verse number="10">Жаратқан Иенің алдында өздеріңді төмен ұстаңдар, сонда Ол сендерді жоғарлатады.</verse>
				<verse number="11">Бауырластар, бір-біріңді өзара жамандамаңдар, ал егер кім де кім өз бауырын жамандап, соттайтын болса, онда ол заңға тіл тигізіп, заңды жамандап, заңды соттап тұр. Егер де сен заңды соттайтын болсаң, онда сен заңның орындаушысы емес, керісінше заңды соттайтын төреші болғаның.</verse>
				<verse number="12">Ал Заңды беруші де біреу, сол заң арқылы соттаушы да біреу, сол үшін Ол құртып та жібереді және құтқарып та алады. Ал жақыныңды соттайтын сен кімсің?</verse>
				<verse number="13">Ал енді бүгін, біз бір қалаға барып, сол қалада бір жылдай болып, сауда-саттық жасап, пайдаға кенелеміз дейтіндер, мынаны тыңдап алыңдар,</verse>
				<verse number="14">сендер ертеңгі күндері өз өмірлеріңнің қандай болатынын да білмейсіңдер. Себебі, сендер аз уақытқа қана пайда болатын, ал одан кейін жоқ болып кететін бусыңдар,</verse>
				<verse number="15">сондықтан оның орнына: -Егер Иеміздің еркі болса, тірі жүрсек, мынаны да, ананы да істейміз, -деп айтыңдар.</verse>
				<verse number="16">Өйткені сендер қазірдің өзінде менмендікке жол беріп, мақтанып тұрсыңдар, ал менмендіктің бәрі -зұлымдқ болып табылады.</verse>
				<verse number="17">Ал егер де біреу жақсылық жасау керек екенін біле тұра, жақсылық жасамаса - сол адам күнә жасады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Ал енді байлар, сендердің бастарыңа бақытсыздық төніп келеді, сол үшін зар еңіреп жылаңдар.</verse>
				<verse number="2">Өйткені сендердің байлықтарың шіріп, ал киімдерің күйеге жем болды,</verse>
				<verse number="3">ал алтындарың мен күмістеріңді тот басты, ал сол тот өздеріңе куәлік болады да от секілді сендердің денелеріңді жалмап жұтып қояды. Себебі, сендер сол қазыналарыңды өздеріңнің соңғы күндеріңе арнап жинадыңдар.</verse>
				<verse number="4">Міне, сендердің егіндік жерлеріңнен егін жинаған жұмыскерлердің еңбегін жеп, сендер олардан тартып алған, олардың еңбек ақыларының дауыстары сендерге қарсы айғақ болып, айқайлап тұр, ал сол егін жинаушылардың жан айқайы Иеміз Саваофтың * құлағына жетті.</verse>
				<verse number="5">Сендер жер бетінде молшылыққа баттып рахат өмір сүрдіңдер, сол арқылы сендер өз жүректеріңді семіртіп, оны құрбандық күніне дайындап қойдыңдар.</verse>
				<verse number="6">Сендер Әділетті жолмен жүрген әділ адамды соттап, өлтірдіңдер. Ал Ол болса сендерге ешқандай да қарсылық білдірген жоқ.</verse>
				<verse number="7">Бауырластар, сонымен төзімдерің ұзаққа созылып, ол Иеміз қайтып келетін кезге дейін жететін болсын. Міне, жер өңдеуші ерте болсын, кеш болсын жерден жақсы жеміс алу үшін жаңбырдың жауатын сәтін күтеді.</verse>
				<verse number="8">Сол секілді сендер де төзімдеріңді ұзаққа жеткізу үшін, жүректеріңді бекітіп, нығайтыңдар, өйткені Иеміздің келетін уақыты жақындап қалды.</verse>
				<verse number="9">Бауырластар, сотталмас үшін бір-біріңе қарсы шағым айтпаңдар. Міне, Соттаушы есіктің алдында тұр.</verse>
				<verse number="10">Бауырластарым, зұлымдыққа төзіп, төзімдерің ұзаққа жетсін десеңдер, Иеміздің атынан сөйлеген пайғамбарлардан үлгі алыңдар.</verse>
				<verse number="11">Негізі біз төзімділік танытып, табанды болғандарды мадақтап даңқтаймыз, сондай-ақ Әйүптің төзімділігі мен шыдамдылығы туралы естідіңдер, ал соңында Иеміз оның басына түскен қиыншылықтан, оны қалай алып шыққанын да көрдіңдер, өйткені біздің Иеміз аса мейірімді әрі өте қайырымды.</verse>
				<verse number="12">Бауырластарым менің, ең алдымен бекерден-бекер ант бермеңдер, не жермен, не болмаса басқаның атын атап ант беруші болмаңдар. Оның орнына сендердің иә дегендерің -«иә», ал жоқ дегендерің -«жоқ» болсын, сонда үкімнің астына түсіп сотталмайсыңдар.</verse>
				<verse number="13">Араларыңда кім зұлымдыққа төзіп жүр, сол мінәжат етсін. Ал кім қуанышпен жүр, сол мадақтау жырын айтсын.</verse>
				<verse number="14">Араларыңда кім ауырып жүр, сол қауым ақсақалдарын шақыртсын, одан кейін оған мінәжат етіліп, Иеміздің атымен оның үстіне май жағылсын,</verse>
				<verse number="15">себебі сеніммен айтылған мінәжат әлгі ауырған адамды құтқарып алады, өйткені оны Иеміз көтереді. Ал егер де ол күнә жасаған болса, оның күнәсі кешіріледі.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан егер де сауыққыларың келсе істеген күнәларыңды мойындап, бір-біріңе анық айтып, бірің үшін бірің мінәжат етіңдер. Әділ адамның жасаған мінәжаты көп нәрсеге әсер етіп, көп нәрсені өзгерте алады.</verse>
				<verse number="17">Ілияс та бізге ұқсас адам болатын, алайда ол «жаңбыр жаумасын» деп мінәжат еткен кезде, үш жыл алты айға дейін жер бетіне жаңбыр жауған жоқ.</verse>
				<verse number="18">Ал ол тағы да «енді жаңбыр жаусын» деп мінәжат еткен кезде, аспан өзінің жаңбырын жаудырды, ал жер өзінің жемістерін өсірді.</verse>
				<verse number="19">Бауырластарым менің, егер кім де кім шындық жолынан адасып кеткен біреуді кері қайтарып тура жолға салатын болса,</verse>
				<verse number="20">сол адам мынаны білетін болсын: -Кім де кім адасып кеткен күнәкәрді кері қайтарып, тура жолға салса, онда ол оның жанын өлімнен құтқарып алып, оның көптеген күнәларын жауып тастайды.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="60">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса Мәсіхтің елшісі Петрден: -Понтқа, Ғалатияға, Қападоқияға және Азия мен Бітүния аймағына дейін шашырап, сол жерлердің тұрақты тұрғындарына айналған,</verse>
				<verse number="2">сендерді Құдай Әке алдын ала белгілеп қойған жоспары бойынша, сендерді мойынұсыушылыққа әкелу үшін, сендерді Киелі Рухымен жетелеп, әрі Иса Мәсіхтің қанын өздеріңе бүркіп, сендерді тазалады, сондықтан Оның рақымы мен Оның тыныштығы сендерде одан әрі көбейе берсін.</verse>
				<verse number="3">Құдайымыз, әрі біздің Иеміз Иса Мәсіхтің Әкесі жарылқана берсін, себебі Ол бізге Өзінің шексіз мейірімін көрсетіп, Иса Мәсіхті өлімнен қайта тірілтіп алу арқылы бізге тірі үміт беріп, сол үміт арқылы бізді қайта туғызып алды да,</verse>
				<verse number="4">бізге арналған мұраны кірлетпей таза, әрі солдыртпай ұстау үшін, оны сендер үшін көкте сақтап қойды.</verse>
				<verse number="5">Бұл Оған деген сенім арқылы Құдайдың күшінің қорғауында жүргендерге, яғни құтқарыламыз деп, соған дайындалып жүргендерге соңғы уақытта ашылып аян болады.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан қазіргі жағдайда аз да болса, әртүрлі сынақтарға түсіп қалып жатсаңдар шаттаныңдар,</verse>
				<verse number="7">өйткені сендердің сенімдерің сыналған кезде оттан өтеді, сонда ол кезінде құрып кететін аса бағалы алтыннан да мықты болады, ал Мәсіх қайтып келген кезде мақтауға, даңқ пен құрметке лайықты болады.</verse>
				<verse number="8">Себебі сендер Оны көрмесеңдер де, Оны жақсы көресіңдер, әрі қазірдің өзінде Оны көре алмасаңдар да, Оған сенесіңдер, сондықтан ауызбен айтып жеткізе алмайтын қуанышқа беріліп, Оны даңққа бөлеп,</verse>
				<verse number="9">өздеріңнің сенімдеріңнің соңғы нәтижесі болатын, өз жандарыңның құтқарылуын қабылдап қойдыңдар.</verse>
				<verse number="10">Осы құтқарылудың мәні мен мағынасына пайғамбарлар ерекше ден қойып, оны зерттеп, бұл рақымдылықтың сендермен байланысты болатыны жайлы алдын ала біліп</verse>
				<verse number="11">ең алдымен оның қай кезде және қай уақытта болатынын зерттеп отырды, сонда Мәсіхтің Рухы оларға куәлік беріп, ең алдымен Мәсіхтің азапталып, одан кейін барып, Оның даңққа бөленетіні туралы оларға ашылды.</verse>
				<verse number="12">Олардың осы іс-әрекеттері арқылы олардың тек сендер үшін қызмет етіп жатқандары оладың өздеріне де аян болды. Ал енді осы хабар қазір сендерге оны таратып жүргендер арқылы, көктен келген Киелі рухтың көмегімен өздеріңе, яғни мына сендерге жетіп, жария етілді, ал осы хабар туралы періштелер де терең ұғып білгілері келеді.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан ақылды да, саналы түрде белдеріңді бекем буып, сергек болып, Иса Мәсіхтің өздеріңе ашып берген рақымына үміттеріңді толықтай артыңдар.</verse>
				<verse number="14">Мойынұсынатын балаларға ұқсап, өздерің кезінде білместікпен берілген аздырушы құмарлықтарға берілмей,</verse>
				<verse number="15">керісінше өздеріңді шақырып алған Иеміздің Киелігіне сай, барлық жүріс-тұрыстарыңмен өздеріңе берілген киелілікке сай өмір сүріңдер,</verse>
				<verse number="16">өйткені жазбада «Мен Киелімін» енді сендер де киелі болып жүріңдер деп жазылған.</verse>
				<verse number="17">Сонымен әрбір іс бойынша, әркімнің бет жүзіне қарамай, әділ соттай алатын Құдайымызды Әке деп атайтын болсаңдар, онда осы жер бетіндегі жаһанкезділік өмір салттарыңды Құдайдан қорқып өткізіңдер.</verse>
				<verse number="18">Өздерің білесіңдер ата-бабаларыңнан сендерге берілген өмір салттарыңнан, сендер шіріп кететін күміспен, не болмаса алтынмен сатылып алынған жоқсыңдар,</verse>
				<verse number="19">керісінше, сендер Мәсіхтің құрбандық тоқты атанып, Оның аса да қымбат, әрі мінсіз, әрі таза кіршіксіз төгілген қаны арқылы сатылып алындыңдар.</verse>
				<verse number="20">Ал Мәсіх болса осы әлем жаратылмай тұрып-ақ, алдын ала осыған бекітіліп, белгіленіп қойылған еді, ал соңғы уақытта Ол сендерге Өзінің Сол Мәсіх екенін ашып көрсету үшін келді.</verse>
				<verse number="21">Сонда Құдай Оны өлімнен қайта тірілтіп алды, әрі Оны даңққа бөледі деп сенгендердің, яғни сендердің сенмідерің мен үміттерің енді тек Мәсіх арқылы Құдайға артылады.</verse>
				<verse number="22">Сендер осы шындықты естігеннен кейін, сендердің жан дүниелерің тазаланды, сондықтан енді сендер екі жүзділіктен аулақ болып, бауырларыңа сүйіспеншілік көрсетіп, бірбіріңді пәк таза жүрекпен, бар ықыластарыңмен жақсы көріңдер.</verse>
				<verse number="23">Себебі сендер шіріп кететін бір тұқымнан емес, сендер керісінше Құдайдың тірі сөзі арқылы мәңгі өмір сүретін, әрі Құдаймен бірге болатын тірі тұқымнан туылдыңдар.</verse>
				<verse number="24">Өйткені әрбір пенде шөп секілді, сондықтан оның барлық даңқы да сол шөп қурағандай қурайды, сонда оның гүлі де түсіп қалады,</verse>
				<verse number="25">ал Иеміздің сөзі ол ғасырдан-ғасырға өтіп жасай береді, сөйтіп ол мәңгі өмір сүреді. Ал сол сөз -ол өздеріңе айтылған ізгі хабар.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Сол үшін неше түрлі зұлымдықпен, әртүрлі бір айла әрекетпен, жасанды қылықты, қызғаншақтықпен, жала жабушылықтың бәрін былай ысырып тастап,</verse>
				<verse number="2">жаңа туылған сәбилер секілді шынайы да, таза сүтке, яғни таза рухани сөзді аңсап соған ұмтылыңдар, өйткені сол арқылы өсіп, құтқарылуға жетесіңдер.</verse>
				<verse number="3">Егер де сендер Иеміздің ізгілігінің дәмін татқан болсаңдар, солай істеңдер,</verse>
				<verse number="4">себебі тек сонда ғана адамдар өзара бас тартып, ал Құдай болса қымбат деп бағалаған тірі тасқа жақындай аласыңдар.</verse>
				<verse number="5">Тек сонда ғана сендер киелі болу үшін құрылып жатқан рухани үйдің қабырғасына тір тас ретінде қаланып, рухани құрбандықтарды Құдайға ұнамды ету үшін, оны тек Иса Мәсіх арқылы Құдайға әкелетін қызметкер бола аласыңдар.</verse>
				<verse number="6">Өйткені Жазбада: -Міне, қымбат деп таңдап алынған тасты алып, Оны іргетас ретінде Сионға қоямын, сонда Оған сенген әркім ұятқа қалмайтын болады, - деп айтылған.</verse>
				<verse number="7">Ал бұл Оған сенім артып, сенуші болған сендерге аса қымбат, ал Оған сенбейтіндерге Ол үй салушылардың жарамсыз деп тапқан тас болды, енді міне Сол тас бұрышта тұратын басты тасқа, яғни сенбеушілерді</verse>
				<verse number="8">сүріндіретін әрі оларды құлататын, тасқа яғни жартасқа айналды. Себебі, Оны сол жерге яғни сөзге мойынұсынбағандар шалынып құласын деп, Оны сол жерге солар үшін қойды.</verse>
				<verse number="9">Ал сендер Оның Өзі таңдап алып, патшаның қызметкері ретінде, әрі киелі ұрпақ ретінде ерекшелеп бөліп алған Құдайдың халқы болғандықтан, сендер Оның таңқаларлық Нұры мен Оның кемелділігін, сендер яғни түнектен шақырылып алынған сендер жариялауға тиіссіңдер.</verse>
				<verse number="10">Себебі бір кездері Құдайдың халқы болмаған сендер, енді міне Құдайдың халқы болдыңдар, кезінде Құдайдың кешірімін алмаған едіңдер, енді Одан кешірім алып, Оның мейіріміне ие болдыңдар.</verse>
				<verse number="11">Сүйікті бауырластар, мен сендерден мынаны өтінемін, сендер жаһан кезуші жат жерлік болғандықтан, өздеріңдіөздерің ұстап, өздеріңнің жан дүниелеріңе қарсы күресетін тән құмарлығына берілмеңдер.</verse>
				<verse number="12">Сендерді сыртарыңнан жамандап, сендерді зұлымдардың қатарына қосып, сырттарыңнан бақылап жүретін өзге ұлттар, сендердің жақсы істеріңмен ізгілікті өмір салтарыңды сырттан қадағалап жүріп, Құдайды мадақтайтын болсын.</verse>
				<verse number="13">Иеміз үшін адамзатының кез келген билігіне бағыныңдар; -Патша болса оған мәртебесі биік басқарушы ретінде,</verse>
				<verse number="14">ал егер де жетекші көсемдер болса, оған зұлымдарды ол арқылы жазаға тартатын жазалаушы ретінде, ал жақсылық жасайтындарға олардың жасаған жақсылықтарын елеп, мақтау айтып, мақтаушы ретінде қараңдар.</verse>
				<verse number="15">Себебі Құдайдың еркі де осы -жақсылық жасаушылар арқылы, надан адамдардың үнін шығартпай тастау.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан еркіндікте жүрген біздер, өз еркіндіктерімізді зұлымдықты жабу үшін пайдаланбай, керісінше Құдайдың құлы секілді болып жүрейік.</verse>
				<verse number="17">Бәріне құрмет көрсетіп, бір-біріңді бауырлас ретінде жақсы көріңдер, Құдайдан қорқыңдар, Патшаға құрмет көрсетіңдер.</verse>
				<verse number="18">Құл болғандар, қожайындарыңды барлық жағынан құрметтеп, тек қана жақсылары мен кішіпейілдеріне ғана емес, ол қисық не болмаса өтірікші болса да бағыныңдар.</verse>
				<verse number="19">Егер де Құдай үшін біреуден саналы түрде жазықсыз жапа шегіп, әділетсіздікпен азапталып жатса -Құдайдың рахымы соған түседі.</verse>
				<verse number="20">Ал егер де тек жасаған күнәләрің үшін ұрылып, жапа шегіп жатсаңдар, онда қандай мақтау алар едіңдер? Ал егер де керісінше жасаған жақсылықтарыңа бола жапа шегіп, азапты бастан өткізетін болсаңдар, мұны Құдайдың рахымы деп қарау керек.</verse>
				<verse number="21">Өйткені сендер осы үшін шақырылдыңдар, Мәсіх сендер үшін азап шеккенде, сендер де Оның жолымен жүрсін деп, сендерге сол жолды үлгі ретінде қалдырды.</verse>
				<verse number="22">Мәсіх болса ешқандай да күнә жасаған жоқ және Оның аузында ешқандай да жалған сөз болған жоқ.</verse>
				<verse number="23">Оны балағаттап, Оны қорлағандарға Ол балағат сөз айтып, оларды қорлайтын жауап қайтармады, Ол азапталып жатса да, сес көрсетпеді, керісінше (бәрін) әділетті Соттаушыға тапсырды да,</verse>
				<verse number="24">Ол біздің күнәларымызды Өзінің денесіне артып, Оны көтеріп айқышқа алып шықты. Ол осыны біздің әділетті болып, өмір сүруіміз үшін істеді, сондықтан сендер Оның денесіне түскен жарақаттары арқылы сауықтыңдар.</verse>
				<verse number="25">Себебі бір кездері сендер жолдан адасып кеткен қой секілді едіңдер, енді сендер өздеріңнің жандарыңды қадағалап, бағатын Бағаушыларыңа қайтып келдіңдер.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сол секілді, әйелдер де өздеріңнің күйеулеріңе бағыныңдар, себебі егер де олардың кейбіреулері сөзге мойынұсынбайтын болса, онда олар сол әйелдердің өміріндегі мойынұсынушылықты көріп, сол арқылы олар сөзсіз Исаның иелігіне айналатын болады,</verse>
				<verse number="2">себебі олар сендердің Құдайдан қорқатындарыңды, соған сай өмір сүріп жатқан таза өмірлеріңді көреді.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан, сендердің көріктеріңді кіргізетін сыртқа өрілген шаштарың мен басқа тағатын алтын немесе осы әлемнің сыртқа көрсету үшін киетін әдемі киімдері емес,</verse>
				<verse number="4">керісінше көріктіліктің құпиясы адам жүрегінің шіріп кетпеуінде, ол мейірім мен сабырлы рухтың жемісі, яғни осы мінез-құлық Құдайдың алдында аса бағалы болып саналады.</verse>
				<verse number="5">Себебі өткен кездердегі Құдайға сеніп, киелі атанған әйелдер өздерін осылай әрлеп-сәндеп, өздерінің күйеулеріне бағынып өмір сүретін, сөйтіп олар</verse>
				<verse number="6">Ыбырайымды тыңдап, оны мырзам деп атаған Сара секілді болды. Енді сендер де ешкімнен қорықпай-ақ, ешқандай да қорқынышсыз сондай жақсы іс-әрекетті жасай беріңдер.</verse>
				<verse number="7">Ал енді, күйеулер, сендердің де тұрмыс-салттарың олармен бірге өтетінін білесіңдер, сондықтан парасатты болыңдар, оларды бір нәзік ыдыс ретінде бағалап, оларғада өздерің секілді рақымға толы өмірдің мұрагерлері ретінде қараңдар, сонда сендердің мінәжаттарыңа ешқандай кедергі болмайды.</verse>
				<verse number="8">Ақырына келгенде барлықтарың бір ойлы, бір-біріне жаны ашитын, бауырларын сүйетін, мейірімді, жылы жүзді,</verse>
				<verse number="9">Зұлымдыққа, зұлымдықпен немесе ұрыс керіске, ұрыс керіспен емес, керісінше жарылқау сөздермен жауап беретін болыңдар, өйткені сендер жарылқау батаға ие болып оны мұра ету үшін шақырылдыңдар.</verse>
				<verse number="10">Өйткені кім өмірді жақсы көрсе, әрі күндерінің жақсы болғанын қалайтын болса, онда ол тілін жамандықтан тыйып, қулық-сұмдықты ауызбен айтуды доғарып,</verse>
				<verse number="11">зұлымдықтан аулақ жүрсін, тек жақсылық жасауға ұмтылсын, әрі бейбітшілік іздеп соның жолын қусын.</verse>
				<verse number="12">Себебі Иеміздің көздері тек әділдерге түседі, ал мінәжат етіп жүргендерге Ол құлақтарын түреді, ал Иеміз бет жүзін зұлымдық жасайтындарға бұрады.</verse>
				<verse number="13">Ал енді егер де сендер тек жақсылық жасаушыларға айналып кетсеңдер, онда кім сендерге зұлымдық жасай алады?</verse>
				<verse number="14">Алайда сендер керісінше әділетті болғандарың үшін азапталатын болсаңдар, онда сендер бақытты күйдесіңдер. Олардан келетін қорқынышқа берілмей, әрі қобалжымай,</verse>
				<verse number="15">өз жүректеріңде Иеміз Мәсіхті қастерлеп, сендердің үміттерің жайлы әркім сұрап жатса, соған әрқашан да жауап беруге дайын болыңдар,</verse>
				<verse number="16">алайда оны кішіпейілділікпен таза ар ұятпен істеңдер, сонда сендердің Мәсіхтегі ізгілікті өмір салттарың үшін сендерді өсектеп жаман атты қылатындар, өз істеріне ұялатын болады.</verse>
				<verse number="17">Негізінде ең жақсысы-жақсылық жасау, ал егер де Құдайдың еркі бойынша азап шегетін болсаң, зұлымдық жасағаннан көрі сол жақсы.</verse>
				<verse number="18">Өйткені Мәсіх біздің күнәларымыз үшін, әрі әділетті болған Ол әділетсіз болғандар үшін бір-ақ рет азап шекті. Ол мұны сендерді Құдайға жақындату үшін істеді, сол үшін Ол тәнінде өлтіріліп, Ол Рухпен қайта тірілді.</verse>
				<verse number="19">Сондықтан Ол қапаста отырған рухтарға барып соны жариялады,</verse>
				<verse number="20">өйткені олар өткен кезеңде, яғни Нұқтың кеме құрастырып жатқан күндері Құдайға мойынұсынбағандар. Құдай оларға төзімідік көрсетіп көп күтті, алайда олардың арасынан сегіз-ақ жан су арқылы құтқарылып шықты.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан сендерді құтқарып алу үшін, сол үлгіде сендер өтіп жүрген суға батырып шомылдыру денедегі кірді тазалап жуып тасауды білдірмейді, керісінше ол Құдайға берген уәде болып саналады, сол арқылы біз арұятымыздың тазарғанын, әрі құтқарылуымыз Иса Мәсіхтің өліп қайта тірілгені арқылы болғанын білдіреміз.</verse>
				<verse number="22">Міне, сондықтан Ол көкке көтеріліп кетті де, одан кейін Ол Құдайдың оң жағына барып отырды, енді Оған періштелер де, билік иелері де, күштің иелері де бағынатын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сонымен Мәсіх денеде азап шекті, енді сендер де сол ойды өздерің қорғанатын қару іспетті қолданыңдар, өйткені денеде азап шекен адам күнә жасауды тоқтатады да,</verse>
				<verse number="2">ол енді бұдан былай адамдарды жетелеп кететін құмарлықтарға берілмей, керісінше сол денедегі қалған өмірін Құдайдың еркіне бағындырып, соған арнайды.</verse>
				<verse number="3">Өйткені өткен шақта сендерде, өзге ұлттың өкілдеріне сай құмарлықтармен азғындықтарға беріліп, маскүнемдік пен сауық-сайран құрып, ішімдікке салынып, пұтқа табынушылықтың заңсыз әрекетіне толық беріліп, соны орындадыңдар.</verse>
				<verse number="4">Ал енді қазіргі кезде сендердің сол азғындыққа қызығушылық білдірмей, соған жүгірмей тұрғандарыңды байқаған олар сендерге таңдана қарап, сендерді сырттарыңнан жамандап та жүр.</verse>
				<verse number="5">Алайда олар, сол іс-әрекеттері үшін өлілер мен тірілерді соттауға дайын отырған Құдайға есеп береді.</verse>
				<verse number="6">Міне, сол үшін де осы ізгі хабар өлілерге де жарияланған болатын, себебі олар да адам денесінде, яғни сотталған денеде жүрсе де, олар өмірлерін Құдайдың рухының жетегінде өткізді.</verse>
				<verse number="7">Өйткені бәрінің де ақыры таяп қалды. Сондықтан парасатты да, салауатты оймен жүріңдер, әрі сергек болып мінәжат етіңдер.</verse>
				<verse number="8">Ең алдымен бір-біріңе деген сүйіспеншіліктерің таза да, берік болсын, өйткені көп күнә сүйіспеншілік арқылы жабылады.</verse>
				<verse number="9">Сондықтан өзара күңкілдеспей, бір-біріңе қонақжай болыңдар, әрі</verse>
				<verse number="10">әркім қандай дарынға ие болса, Құдайдың үйінің жақсы қызметкерлері ретінде Құдайдың рахымының жанжақты екенін ескере отырып, сол дарындар арқылы өзара бір-біріңе қызмет етіңдер.</verse>
				<verse number="11">Егер де біреу айтатын сөзім бар десе, онда ол соны Құдайдың сөзіне лайықты етіп айтсын, ал егер де біреу мен қызмет етемін дейтін болса, ол Құдайдың берген күшіне сай қызмет етсін, сөйтіп барлық жағдайда тек Иса Мәсіх арқылы Құдай мадақталатын болсын, әрі Оның даңқы да, күші де ғасырдан-ғасырға жетіп, жалғаса берсін. Аумин!</verse>
				<verse number="12">Сүйікті бауырларым, егер де сендер қандай да бір жағдайға тап болып, сыналып оттан өткендей болып жатсаңдар, оған сендер таңданып жүрмеңдер.</verse>
				<verse number="13">Керісінше Мәсіхтің шеккен азабына өздерің де ортақтасып жатқандарың үшін қуаныңдар, өйткені Оның даңқы толығымен ашылған сәтте, сендер одан да бетер қатты шаттанатын боласыңдар.</verse>
				<verse number="14">Ал егер де сендерге Мәсіхтің атына бола тіл тигізіп жатса, онда сендер бақыттысыңдар, өйткені Оның даңқы мен Оған берілген Құдайдың Рухы сендермен бірге өмір сүруде.</verse>
				<verse number="15">Тек сендер не бір кісі өлтіруші ретінде немесе ұры, немесе бір зұлымдық иесі ретінде, не болмаса біреудің заттарын тартып алушы ретінде айыпталып, азап шекпесеңдер болды.</verse>
				<verse number="16">Ал егер де біреулерің тек Мәсіхші ретінде азап шегетін болсаң, оған ұялмай-ақ қойсын, керісінше Соның атымен аталып жүргені үшін Құдайды мадақтасын.</verse>
				<verse number="17">Себебі, соттың Құдайдың үйінен басталатын уақыты таяп қалды, ал егер сот бізден басталатын болса, онда Құдайдың ізгі хабарына бағынбағандардың ақыры не болмақ?</verse>
				<verse number="18">Егер де әділеттінің өзі сөйтіп әрең дегенде құтқарылып жатса, онда бұзақылар мен күнәкарлармен не болмақ?</verse>
				<verse number="19">Сондықтан, Құдайдың еркі бойынша азап шегіп қорлық көргендер болса, жан дүниелерін Жаратушыға тапсырып қойысын да, игі істерін, жақсылықтарын жасай берсін.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Ал енді мына мен де өздерің секілді асақалдар алқасының қатарына жатамын, әрі Мәсіхтің көрген азабына куәгер болдым, әрі болашақта Оның даңқының ашылатынын жария етіп жүргендермен біргемін, сондықтан жетекші болып жүрген ақсақалдар алқасы өздеріңнен мынаны өтінемін:</verse>
				<verse number="2">өздеріңе берілген Құдайдың кішкентай отарына қамқор болып, оны тек соны істуге мәжбүр болғандықтан емес, кересінше оны Құдайдың еркіне беріліп, өз бастарыңның қамы үшін емес, керісінше ізгі ниетпен бағыңдар,</verse>
				<verse number="3">әрі олардың үстінен үстемдік жасап билік жүргізбей, оның орнына оларға үлгі болыңдар.</verse>
				<verse number="4">Себебі, Бас бағушының Өзі қайтып келген кезде даңқы ешқашан солмайтын тәж аласыңдар.</verse>
				<verse number="5">Сол секілді жастар да, жетекші ақсалдарға мойынұсынып бағыныңдар. Өзара бір-біріңе мейіріммен қарап, кішіпейілділікке ұмтылыңдар, өйткені Құдай өркөкіректік танытқандарға қарсы тұрады да, ал кішіпейілділерге рақымды болады.</verse>
				<verse number="6">Құдіреті күшті Құдайдың қолының астында өздеріңді төмен ұстаңдар, сонда Ол сендерді өз уақытында көтеріп, жоғарлатады.</verse>
				<verse number="7">Барлық уайымдарыңды Құдайға артыңдар, өйткені сендердің қамдарыңды ең алдымен Құдай ойлайды.</verse>
				<verse number="8">Сергек те, парасатты да, саулауатты болыңдар. Өйткені сендерге қарсы тұратын жау -сайтан, кейбіреулеріңді жұтып қою үшін арыстандай ақырып іздеп жүр.</verse>
				<verse number="9">Ал сендер оған нық сеніммен қарсы тұрыңдар, өйткені өздерің де білесіңдер осы әлемде жүрген өздерің секілді өзге де бауырластар, осы азапты өз бастарынан дәл осылай өткізуде.</verse>
				<verse number="10">Алайда сендердің көретін азаптарың аз ғана уақытқа созылады, себебі Құдай сендерді Өзі тұрғызып, Өзі көтеріп, Өзі нығайтып, Өзі күш беріп, сендерді шайқалмайтындай жасайды, өйткені Құдайдың рахымы бәріне ортақ, себебі Оның мақсаты: Өзінің мәңгілік даңқымен Иса Мәсіхте шақырылғандармен бөлісу болатын.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан Оның құдіретті, күшті күші ғасырдан-ғасырға жасай берсін. Аумин!</verse>
				<verse number="12">Өздерің сенімді деп санайтын Сыйлас бауырымыз арқылы, аз да болса сендерді нығайту үшін, әрі өздеріңе куәлік болсын деп, өз ойымды жазып отырмын, сондағы айтарым: -Құдайдың шынайы рахымы дегеніміз -міне осы, соны берік ұстаныңдар.</verse>
				<verse number="13">Бабылда жүргенде бірге болған ұлым Марқада да сендерге сәлем жолдайды.</verse>
				<verse number="14">Өзара бір-бірлеріңмен амандасқан кезде, бір-біріңнің бетеріңнен сүйіп, бір-біріңе сүйіспеншілік көрсетіңдер. Мәсіхтің тыныштығын барлығына тілейміз!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="61">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса Мәсіхтің құлы әрі елшісі болған Шимон Петір, біздің әділетті Құдайымызбен құтқарушымыз Иса Мәсіхтегі сенімде өз үлестерін бізбен бірдей алу үшін,</verse>
				<verse number="2">Құдайды әрі біздің Иеміз Иса Мәсіхті терең тануға талпынып жүрген сендерге Құдайдың рахымы мен Оның тыншытығы сендерде өсіп, өніп көбейе берсе екен деп тілейді.</verse>
				<verse number="3">Себебі Оның Құдайлық күші бізге өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрін берді. Өйткені бізді Өзімен бірге болуға шақырған Құдайды терең тану арқылы біз ізгі қасиетке, Оның жеке дара даңқына, Оның кемелділігіне ие болдық.</verse>
				<verse number="4">Сонымен қатар Құдай бізге Сол арқылы аса қымбат, әрі өте үлкен уәдесін де сыйлады, енді міне, Сол арқылы Құдайдың табиғатын жақыннан танып, Құдаймен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, осы әлемнің шіріп кететін құмарлығынан өзімізді алшақ ұстайтын мүмкіндік алдық.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан сендер, өз жақтарыңнан бар күштеріңді салып, сенімдеріңде адал ақ ниеттілікті, ал адал ақ ниеттілікте білімді,</verse>
				<verse number="6">ал білімде ұстамдылықты, ал ұстамдылықта төзімділікті, ал төзімділікте ізгі қасиеттілікті,</verse>
				<verse number="7">ал сол ізгі қасиеттілікпен бауырларыңды жақсы көріп, сүйіспеншілікті паш етіңдер.</verse>
				<verse number="8">Ал енді осы қасиеттер сендердің бойларыңда орын алып, одан әрі көбейе беретін болса, онда сендер біздің Иеміз Иса Мәсіхті танып білуде де, әрі іс-әректтеріңде де табыссыз да, жеміссіз де болмайсыңдар</verse>
				<verse number="9">Ал егер біреуде осы нәрселер жоқ болса, онда ол көзі жабылған соқыр секілді жүр, өйткені ол өзінің күнәлардан тазарып, таза болғанын баяғыда ұмытып кеткен.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан, бауырластар, шақырылғандар ретінде де, таңдалып алынғандар ретінде де, өздерің атақаратын ісәрекетті де берік ұстаныңдар, егер де соны берік ұстанатын болсаңдар, онда ешқашан сүрінбейсіңдер,</verse>
				<verse number="11">себебі біздің Иеміз әрі біздің құтқарушымыз Иса Мәсіхтің мәңгілік патшалығына кіретін есік, сонда өздеріңе кеңінен ашылады.</verse>
				<verse number="12">Негізі сендердің шындықты біліп, соны берік ұстанып жүргендеріңді білсем де, соны сендердің естеріңе әрқашан да салып отыруға дайынмын.</verse>
				<verse number="13">Осы денелік тәнімде қанша уақыт болсам, соншама сендердің естеріңе осыларды салып, ой саналарыңды оятып жүргенім дұрыс деп санаймын,</verse>
				<verse number="14">өйткені жақын арада мен өз тәнімді қалдырып кететінімді білемін, ал оның қалай, қандай жағдайда болатынын біздің Иеміз Иса Мәсіх маған ашып берді.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан мен кетіп қалғанан кейін де, сендер осы менің өздеріңе айтқанымды естерінен шығармай сақтап жүрсін деп, соны сендердің естеріне әр кез салып тұруға тырысып жүрмін.</verse>
				<verse number="16">Өйткені біз Иеміз Иса Мәсіхтің күшімен Оның қайтып келетіні туралы сендерге айтып жеткізген кезде, біз ой мен қиялдан қиыстырылып құралған аңыздардың жетегінде болған жоқпыз, керісінше біз Оның Ұлылығын өз көзімізбен көрдік.</verse>
				<verse number="17">Себебі Ол Құдай Әкеден құрмет пен даңқты қабылдап жатқанда, Құдайдың Өзінің құдіреті күшті дауысымен, Оған: -Бұл Менің сүйікті Ұлым болады, Мен Оған ризамын! - деп дауыстап айтты,</verse>
				<verse number="18">ал сол құдіреті күшті дауыс көктен естілген кезде, біз Оның қасында, яғни киелі тауда Онымен бірге болдық.</verse>
				<verse number="19">Бұған қоса бізде негізі берік пайғамбарлық сөзіміз тағы бар, ал көңілдеріңді соған аударсаңдар дұрыс болады, өйткені ол қараңғы жерде жарқырап жанып тұрған шам секілді, сондықтан ол да сендердің жүректеріңе таңғы жұлдыздай жарық беріп, таң атып жарқырап күннің шығатын кезіне дейін жарқырап жарық береді,</verse>
				<verse number="20">сондықтан ең алдымен сендер мынаны біліп алыңдар: -Жазбадағы кез келген пайғамбарлық сөз ол біреудің жеке басының қалауы мен түсінігі арқылы жасалмайды,</verse>
				<verse number="21">әрі кез келген пайғамбарлық сөз ешқашан да адамның еркіне сүйеніп айтылған емес, керісінше оны тек Киелі Рухтың жетегімен жүрген Құдайдың адамдары айтқан еді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Ал енді өткен дәуірде халықтың арасынан шыққан жалған пайғамбарлар да болды, сол секілді сендердің араларыңнан да жалған тәлімгерлер шығып, жалған ілімдер таратып, Иеміздің оларды сатып алғанын жоққа шығаратын болады, алайда олар осы арқылы өздерінің құрып кететінін тездетеді.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде көпшілігі олардың азғындықтарына еріп, осы арқылы шындықтың жолы кесіліп, абыройы төгіліп,</verse>
				<verse number="3">ашкөзділіктің жасанды сөздерін пайдаланып, өздеріңмен саудаласады, алайда олардың осы іс-әрекеті үшін алдын ала шығарылып қойған соттың шешімі әділ әрекет жасайды, сондықтан олардың құрып кететін кезеңдері ұйқыға кетпейді.</verse>
				<verse number="4">Өйткені Құдай күнә жасаған періштелерді де аяған жоқ, керісінше Ол оларды түнектің жібімен байлап, түнектің түбіне тастап, оларды сотқа тартылатындардың қатарына қосып қойды.</verse>
				<verse number="5">Себебі Құдай өткен әлемді де аяған жоқ, керісінше Құдай тек қана әділдікті жариялап жүрген Нұқтың қасындағы сегіз адамды ғана қорғаштап-сақтап қалды да, ал әділетсіздік жасаған әлемге топан су жіберді.</verse>
				<verse number="6">Садом мен Ғомордағы қалаларды да күлге айналдырып, әділетсіз болуға дайындалып жүргендерге осы нәрсе үлгі болсын деп, олардың бәрін тас талқанын шығарып қиратып, соттап,</verse>
				<verse number="7">тек қана әділетті болған Лутты, адалдыққа қарсы болып заңсыз әрекет етушілердің азғындығынан құтқарып алды.</verse>
				<verse number="8">Өйткені Лут әділдіктің жолымен жүріп өмір сүрді, сондықтан ол олардың күнбе-күн істеп жүрген заңсыз іс-әрекетін өз көзімен көріп, оларды өз құлағымен естіген кезде, ол іштей күйініп, өз жанын азапқа салып, қиналатын.</verse>
				<verse number="9">Міне, осындай кезеңдерді басынан кешкен ізгі қасиеттегілерді Құдай қалай құтарып алу керектігін біледі, сонымен қатар әділетсіздерді сот болатын күнге дейін қалай сақтау керек екенін де біледі.</verse>
				<verse number="10">Әсіресе осы нәрсеге, азғындыққа беріліп, өз денелерін арамдап құмарлықтың жетегінде жүргендермен және билік атауын жек көретіндер, әрі ар-ұяттан безген арсыздар, өзімшілдіктің жетегіне еріп масаттанып жүргендер, даңққа кенелгенді бағаламай оның артынан жаман сөз айтатындар ілігеді.</verse>
				<verse number="11">Өйткені құдіреттері мен күш жағынан олардан қаншама жоғары болған періштелердің өздері Құдайдың алдында тұрып, оларға қарсы шығып, оларды жамандап соттаған да жоқ.</verse>
				<verse number="12">Ал олар яғни жалған пайғамбарларды табиғатынан түйсіксіз болып туылғандықтан, оларды тек ұстап алып, оларды тек құрту үшін жаралған аңдарға ұқсатуға болады, өйткені олардың өздері кімді жамандап жатқандарын да білмейді, сондықтан олар құриды, әрі құртылады.</verse>
				<verse number="13">Сөйтіп олар өздері істеген заңсыздықтары мен әділетсіздіктерінің сазайын бәрібір тартады. Өйткені олар күнделікті ләззат алуды бір ғанибет деп санайды, сөйтіп олар жаман әрекетпен көрегенсіздіктің алдауына беріліп, сендермен бірге жүрсе де сауық сайран құруды мақсат тұтып, тек сонымен алданады.</verse>
				<verse number="14">Олардың көздері жыныстық азғындыққа толық беріліп, үздіксіз күнә жасайды, олар жүрегін ашкөзділікке машықтандырып алғандықтан әлсіз жандарды еліктіріп, оларды адастырып, «қарғыстың балалары» деген атаққа ие болады.</verse>
				<verse number="15">Өйткені олар тура жолды тастап, адасып, әділетсіздіктің ақысын жақсы көретін Босордың ұлы Балағамның жолын қуып кетті,</verse>
				<verse number="16">ал оның сол заңсыз әрекетін әшкерелеу үшін оның өзінің астына мінген жануарына тіл бітіп, ол адамның даусымен сөйлеп, пайғамбардың ақылсыздығына қарсы тұрып, оны әшкерелеген болатын.</verse>
				<verse number="17">Себебі бұлар сусыз бастау мен жел айдаған бұлтқа ұқсайды, сондықтан қапастағы қарңғылықтың қара түнегі олар үшін әлі де сақтаулы тұр.</verse>
				<verse number="18">Себебі олар шектен тыс мәнсіз-мағынасыз бос әңгімелерді көп айтады, сөйтіп азғындықтан арылғандарына аз уақыт қана болған жандарды өз қармақтарына түсіріп, оларды алдап, олардың бастарын айналдырып,</verse>
				<verse number="19">оларға жалған бостандықты уәде етеді де, ал өздері сол азғындықтың құлы болып қала берді, өйткені кім неден жеңілсе, ол соның құлы болып қалады.</verse>
				<verse number="20">Өйткені егер де кімде кім, яғни біздің Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті танып білу арқылы осы әлемнің жаман әдеттерінен қашып құтылғандар, енді осыдан кейін барып соған қайтадан шырмалатын болса, онда ол жеңілді, сондықтан олардың соңғы кезі алғашқысынан да жаман болады.</verse>
				<verse number="21">Өйткені оларға әділдіктің жолын танып біліп алып, одан кейін өздері тастап кеткен яғни өздеріне берілген киелі өсиетке қайта мойын бұрмаса, сол олардың өздеріне жақсырақ болар еді.</verse>
				<verse number="22">Себебі, олардың өмірінде мына шындыққа сай нақыл сөзде қалай айтылса, олардың өмірінде де солай болды: -Төбет өзінің құсығына қайта оралса, ал жуындырылған шошқа барып, өзі жатқан балшыққа қайта аунайды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Міне, сүйікті баруластарым, бұл өздеріңе жазып отырған екінші хатым, сондағы мақсатым өздеріңді оятып, әрі саналарыңа таза ой салып,</verse>
				<verse number="2">киелі пайғамбарлар арқылы алдын ала айтылып кеткен сөздер мен біздің Иеміз, әрі Құтқарушымыз өзінің елшілері арқылы өздеріңе берілген өсиетін сендердің естеріңе сала отырып, енді соны сақтап қалуға тырысыңдар деп айтқым келді.</verse>
				<verse number="3">Ең алдымен мынаны білуге тиіссіңдер: өйткені соңғы күндері мазақтаушының жетегіне еріп, тек өздерінің құмарлықтарына сүйеніп жүретіндердің күні туады, сонда олар:</verse>
				<verse number="4">-Оның келемін деген уәдесі қайда? Ата-бабаларымыз болса о бастан-ақ қайтыс болды, ал әуел баста бәрі қалай жартылған болса, бүгін де солай болып тұр, -деп айтады.</verse>
				<verse number="5">Осы арқылы олар мына нәрсені жасырып қалғысы келеді: ертеде пайда болған аспанда, судан шыққан жерде тек Құдайдың сөзі бойынша, тек су арқылы реттеліп, ретке келтіріліп қойылған,</verse>
				<verse number="6">әрі сол кездегі алғашқы әлем, судың астында қалып, су арқылы жойылып кетті.</verse>
				<verse number="7">Ал енді қазіргі аспан мен жерді Құдай өзінің сөзі бойынша отқа өртейді, оны соған дайындап қойды, сондықтан Құдай оны сот болатын күнмен әділетсіз адамдарды құртып жіберетін кездің келетін сәтіне әдейі сақтап отыр.</verse>
				<verse number="8">Сүйікті бауырластарым, мына бір нәрсе сендерге ашылмаған құпия болып қалмасын: Иеміздің алдындағы бір күн мың жылдай, ал Оның алдындағы мың жыл бір күндей болады.</verse>
				<verse number="9">Ал біздің Иеміз берген уәдесін еш кешіктірмейді, өйткені кейбіреулер Оны кешікті деп санап жүр, ал негізінде Ол сендер үшін бәріне шыдамдылық танытып, шыдадылығын ұзақ уақытқа дейін соза алады, өйткені Ол кейбіреулердің құрып кеткенін қаламайды, керісінше Ол барлығының да тәубеге келгенін қалап тұр.</verse>
				<verse number="10">Сондықтан Иеміздің келетін күні ұрының келетін күніне ұқсас болады, сонда аспан улап -шулап жоқ болып кетеді де, одан кейін сұрапыл өрт басталады да, жер мен оның үстіндегі тіршіліктің бәрі отқа оранады.</verse>
				<verse number="11">Бұлардың бәрі дәл осылай құритын болғандықтан, сендердің өмір салттарың қай жағынан алса да, әрі киелі, әрі ізгі қасиеттерге толы болуы тиіс,</verse>
				<verse number="12">тек солай болсаңдар ғана, Құдайдың келетін күнін асыға күтіп жүргендер секілді боласыңдар, себебі осы әлем көктен түскен от арқылы тұтанып талқандалады да оттың жалынымен еріп құрып кетеді.</verse>
				<verse number="13">Ал біз Оның сол Өзі уәде еткен жаңа аспан мен жаңа жерді күтіп жүрміз, өйткені тек сол жаңа жер, жаңа әлем ғана әділдіктің мекені болмақ.</verse>
				<verse number="14">Сондықтан, сүйікті бауырластарым, сендер сол жаңа жер, жаңа әлемді күтіп жүргендіктен, сол жаңа жерді көргілерің келсе, онда өздеріңді кіршіксіз таза ұстауға, әрі мінсіз болуға тырысып,</verse>
				<verse number="15">біз тек Иеміздің шексіз шыдамдылығының арқасында құтқарыламыз деген ойда болыңдар, ал осы нәрсенің қандай маңызды екенін біздің сүйікті бауырымыз Пауыл, оның өзіне берілген даналығымен сендерге жазған хатында айтқан болатын.</verse>
				<verse number="16">Ол өзінің сендереге жазып жіберген барлық хатарында да осы туралы сендерге айтып отырды, себебі осы нәрсе кейбіреулеріне түсініксіз болды, сондықтан кейбір надандар мен тұрақсыз адамдар осы нәрсені кейбір жазбаларды қалай теріске шығарса, олар осыны да теріске шығармақ болды, ал олардың осы іс-әрекеті олардың жойылып құрып кетуіне әкеледі.</verse>
				<verse number="17">Сонымен, сүйікті бауырластарым, енді міне сендер оны да алдын ала білетін болғандықтан, өте сақ болыңдар, әділетсіз алдаудың жетегіне еріп кетпеңдер, өздеріңе тірек болған сенімдеріңнен танып жүрмеңдер,</verse>
				<verse number="18">сондай нәрсеге тап болмас үшін, Құдайдың рақымдылығы мен біздің Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхті терең танып біліп алыңдар. Оның даңқы қазір де және күннен-күнге арта берсін, сөйтіп ғасырдан-ғасырға жете берсін!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="62">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Ол әуел бастан бар болатын, біз Ол туралы естідік, Оны біз өз көзімізбен көрдік те, әрі Ол өмір сөзі болғандықтан, біз Оған анықтап қарап, Оны қолымызбен ұстап та көрдік,</verse>
				<verse number="2">себебі Ол өмір болып бізге келді, біз Оны сол кезде көрдік, сол себептен біздің куәлігімізде Сол туралы болады, өйткені біз сол мәңгілік өмір туралы сендерге ашық айтып әрі жария етіп отырмыз, себебі Ол өмір Әкеде болатын, енді Ол бізге келді.</verse>
				<verse number="3">Енді біз өзіміз көріп, өзіміз естіген хабарды өздеріңе жеткіздік, сондағы біздің көздеген мақсатымыз: сендер бізбен бірге қарым қатынаста болса екен дейміз. Себебі біз де Әке мен Оның Ұлы Иса Мәсіхпен қарым қатынаста тұрмыз.</verse>
				<verse number="4">Ал біз өзімізді қуанышқа толтыру үшін осыны сендерге жазып отырмыз.</verse>
				<verse number="5">Себебі біздің одан естіген ізгі хабарымыз мынау: Құдай Ол -Жарық, Оның бойында түнек болған емес, біздің сендерге жария еткеніміз, міне - осы.</verse>
				<verse number="6">Ал егер де біз, Онымен біздің қарым қатынасымыз бар деп айтып алып, алайда өзіміз түнекте жүретін болсақ, онда бізде шындықтың болмағаны, яғни біздің айтқанымыз -өтірік.</verse>
				<verse number="7">Ал егер де біз жарықта жүретін болсақ, яғни Ол секілді жарықта жүрсек, онда біз бір-бірімізбен қарым қатынаста тұрмыз және Оның, Ұлы Исаның, қаны бізді барлық күнәмыздан тазартады.</verse>
				<verse number="8">Ал егер де біз өзімізге-өзіміз «біздің күнәміз жоқ» деп айтатын болсақ, онда біз өзімізді-өзіміз адастырып, жолдан шығарып жібердік, онда бізде шындықтың болмағаны.</verse>
				<verse number="9">Ал егер де өз күнәларымызды мойындайтын болсақ, онда Ол әрі адал, әрі әділетті болғандықтан, Ол біздің күнәларымызды кешіреді, әрі Ол бізді барлық әділетсіз істерімізден тазартады.</verse>
				<verse number="10">Ал егер де біз «күнә жасған жоқпыз» деп айтсақ, онда біз Оны өтірікші етіп көрсетеміз, яғни Оның сөзі-біздің жүрегімізден орын алған жоқ.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Балаларым менің, мен сендер күнә жасамасын деп осыны өздеріңе жазып отырмын. Ал егер де кім күнә жасап қойса, онда бізді Әкеміздің алдында қорғап алатын қорғаушымыз бар, Ол-әділетті Иса Мәсіх.</verse>
				<verse number="2">Міне, Сол біздің күнәларымыз үшін Өзін құрбандыққа беріп, біздің күнәларымыз үшін төленетін құнды төледі, Ол тек қана біздің күнәларымыз үшін емес, сонымен қатар, Ол бүкіл әлемнің күнәлары үшін де құн төледі.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан біз, Оның өсиеттерін орындауға тиіспіз, егер де біз Оның өсиеттерін орындайтын болсақ, сол арқылы біз Оны танитынымзды білдіреміз.</verse>
				<verse number="4">Ал кім «мен Оны танимын» деп айтып алып, өзі Оның өсиеттерін орындамайтын болса, ол-өтірікші, әрі оның бойында шындық болған емес.</verse>
				<verse number="5">Ал енді кімде кім, Оның сөзін орындап соны іске асыратын болса, сол адамда Құдайдың шынайы сүйіспеншілігі өз кемеліне жетті. Міне, осы арқылы біз өзіміздің Онымен бірге екенімізді білеміз.</verse>
				<verse number="6">Өйткені «Онымен біргемін» деп айтқан адамның міндеті: Ол қалай жүрсе, ол да дәл солай жүруі тиіс.</verse>
				<verse number="7">Сүйікті бауырларым, менің өздеріңе жазып отырғаным жаңа өсиет емес, бұл-өздеріңде әуел бастан бар болған көне өсиет. Себебі, өздерің естіген сол сөз, ол көне өсиет болатын.</verse>
				<verse number="8">Сонымен қатар мен сендерге жаңа өсиет те жазып ортырмын, өйткені Оның Өзі шындық, енді сол шындық мына сендерде, себебі түнектің уақыты өтіп кетті де, оның орнына шынайы да, таза жарық пайда болды.</verse>
				<verse number="9">Ал мен Жарықта жүрмін деп айтқанымен, өз бауырын жек көретін адам, әлі де түнекте жүр.</verse>
				<verse number="10">Кім өз бауырын сүйетін болса, сол жарықта өмір сүреді, сол себептен ол азғырылуға түспейді.</verse>
				<verse number="11">Ал енді өз бауырын жек көретін адам, ол әлі де түнекте, ол әлі де түнектің жетегінде жүр, сондықтан ол өзінің қайда бара жатқанын да білмейді, өйткені түнек оның көзін жауып соқыр қылып тастаған.</verse>
				<verse number="12">Балаларым, сендерге сол туралы жазып отырмын себебі сендердің күнәларың тек Оның есімі арқылы кешіріледі.</verse>
				<verse number="13">Әкелер, сендерге де сол туралы жазып отырмын, өйткені сендер Оны әуел бастан білесіңдер. Ал енді жастар, сендерге де сол туралы жазып отырмын, өйткені сендер зұлымдықты жеңдіңдер.</verse>
				<verse number="14">Балалар, сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендер Әкені білесіңдер. Әкелер сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендер Оны әуел бастан білесіңдер. Жастар сендерге де сол туралы жазып қойдым, өйткені сендерде күш бар, сендер -күштісіңдер, әрі Құдайдың сөзі сендерден орын алып сендермен бірге жүр сондықтан сендер зұлымдықты жеңіп шықтыңдар.</verse>
				<verse number="15">Осы Әлемді және осы әлемге тән нәрселерді сүймеңдер. Егер кімде кім осы әлемді сүйетін болса, Әкенің сүйіспеншілігі сол адамда орын алған жоқ яғни болған да емес.</verse>
				<verse number="16">Себебі осы әлемге тән нәрсенің бәрі, тек тәндік қалау мен көздің қалауын және күнделікті тұрмыс -тіршіліктегіні мақтан тұтып соны паш етеді, ал бұлар Әкеден емес керісінше осы әлемнің өзінен келген нәрселер.</verse>
				<verse number="17">Негізінде осы әлем де және оның қалауы да тез өтіп кететін өткінші болып келеді, ал кім де кім Құдайдың еркін орындайтын болса, сол мәңгі қалады.</verse>
				<verse number="18">Балалар, сендер соңғы уақыт келген кезде Мәсіхке қарсы тұрушы келетіні туралы естідіңдер, ал қазірдің өзінде көптеген Мәсіхке қарсы тұрушылар пайда болды, біз соңғы уақыттың келгенін осыдан білеміз.</verse>
				<verse number="19">Олар біздің ортадан шықты, алайда олар біздікі болған емес, егер де олар бізге тән болса, онда олар бізбен бірге қалар еді, алайда осы арқылы олардың біздікі емес екендері анық көрінді.</verse>
				<verse number="20">Ал сендерде Киеліден келген майлау сол арқылы бәрін білетін боласыңдар.</verse>
				<verse number="21">Менің сендерге мұны жазғандағы мақсатым сендер, шындықты білмейді деп жазған жоқпын, керісінше сендер оны білесіңдер, ал шындықтан ешқандай өтірік шықпайды.</verse>
				<verse number="22">Себебі кім де кім Исаның Мәсіх екенін мойындамаса сол-өтірікші, өйткені ол өтірікші болмағанда кім өтірікші болады? Ал кім де кім Әке мен Ұлды мойындамайтын болса, сол Мәсіхке қарсы тұрушы.</verse>
				<verse number="23">Ал кім Ұлды мойындамайтын болса, Әке онымен болмайды, ал кім Ұлды қабылдайтын болса, онда Әке бар.</verse>
				<verse number="24">Ең басында сендер не естідіңдер сол өздеріңде қала берсін, себебі сендер ең басында не естідіңдер сол сендерде қалатын болса, онда сендер Ұлмен де, Әкемен де бірге қалып, бірге боласыңдар.</verse>
				<verse number="25">Ал Оның бізге берген уәдесі-ол мәңгілік өмір, себебі Ол бізге «Мен сендерге мәңгілік өмір беремін» деп уәде еткен болатын.</verse>
				<verse number="26">Мен мұны сендерді адастырып кетпесін деп жазып отырмын.</verse>
				<verse number="27">Ал Одан сендер Оның майлауын қабылдап алдыңдар, енді сол майлау сендерде қалып, сендермен болады, сондықтан енді сендер ешкімнің үйретуіне мұқтаж емессіңдер. Өйткені Оның майлауы сендерді барлығына үйретеді, өйткені ол-шындық, яғни өтірік емес, сондықтан ол сендерді қалай үйретсе соның үйреткенімен қалыңдар.</verse>
				<verse number="28">Ал енді балалар, Иса Мәсіхте қалыңдар, сонда Ол келгенде біз әрі батыл боламыз, әрі ұятқа да қалмаймыз.</verse>
				<verse number="29">Егер де сендер әділдіктің қандай екенін білгілерің келсе, мынаны біліп алыңдар -кімде кім әділетті іс жасаса, сол -Содан туылған адам.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Қараңдаршы Әкенің бізге берген сүйіспеншілігі қандай: -біз «Құдайдың балалары» деген атқа ие болдық, шындығында нақты солай да. Сондықтан осы әлем бізді білмейді, өйткені осы әлем Оны таныған жоқ.</verse>
				<verse number="2">Сүйікті бауырларым, қазіргі кезде біз нақты Құдайдың балаларымыз, ал одан кейін бізбен не болатыны белгісіз. Ол Өзін ашып көрсету үшін келген кезде, біздің Оған ұқсас екенімізді сонда білеміз, өйткені біз Оның қандай екенін тек сол кезде ғана көреміз.</verse>
				<verse number="3">Ал енді кімде осындай үміті бар, яғни Оған үміт артып, сол үмітпен жүрген әркім өзін-өзі тазалайды, сөйтіп таза болады.</verse>
				<verse number="4">Ал енді кімде -кім күнә жасайтын болса, сол заңның талаптарын бұзушы болып саналады, яғни күнә дегеніміз -заң бұзушылық.</verse>
				<verse number="5">Өздерің білесіңдер, Ол сол күнәні алып тасату үшін, Ол Өзін анық ашып көзге көрініп келді, ал Оның бойында күнә болған емес.</verse>
				<verse number="6">Кімде -кім Онымен бірге қалып, Онымен бірге болса сол күнә жасамайды, ал енді кім де кім күнә жасайтын болса, онда Ол оны көрген жоқ, ол Оны білмейді де.</verse>
				<verse number="7">Балалар, ешкім сендерді алдап кетіп жүрмесін, кім әділдіктің жолын қуып, әділ болуға тырысса, сол әділ адам болып саналады, яғни ол да Сол секілді әділ болады.</verse>
				<verse number="8">Ал күнә жасайтын адам-ол әзәзілдің адамы, өйткені ең басында күнә жасаған әзәзіл болатын. Ал енді Құайдың Ұлы сол әзәзілдің ісін талқандау үшін келді.</verse>
				<verse number="9">Сонымен кім Құайдан туылса, сол күнә жасамайды, өйткені оның бойында Құдайдың тұқымы өмір сүреді, сондықтан ол күнә жасай алмайды, сол үшін ол Құдайдан туылған болып саналады.</verse>
				<verse number="10">Құдайдың балаларымен әзәзілдің балаларының бейнесін мынадан көруге болады. Егер де кімде-кімнің іс-әрекеті әділетті болмаса, онда ол Құдайдан емес, яғни ол өз бауырын сүймейді.</verse>
				<verse number="11">Өйткені өздерің басынан бастап естіп жүрген ізгі хабарда: - өзара бір-бірлеріңді сүйіңдер деп айтылған.</verse>
				<verse number="12">Зұлымдықтың жетегіне еріп, өз бауырын өлтіріп алған Қабыл сияқты болмаңдар. Ол бауырын не үшін өлтірді? Өйткені оның істеген істері зұлымдықтарға толы болды, сондықтан ол соны істеді, ал оның бауырының істеген ісі әділетті болатын.</verse>
				<verse number="13">Сондықтан бауырластар, осы әлем сендерді жек көріп жатса, сендер соған таңқалмаңдар.</verse>
				<verse number="14">Ал біз өзіміздің өлімнен өтіп, өмірге кеткенімізді білеміз, сондықтан біз бауырластарымызды сүйеміз, ал өз бауырластарын сүймейтіндер өлімнің жетегінде қалды.</verse>
				<verse number="15">Сонымен егер де кімде -кім өз бауырын жек көретін болса, онда ол кісі өлтіруші, ал кімде-кім кісі өлтіретін болса, сол оның өзіне берілген мәңгілік өмірге ие бола алмайды.</verse>
				<verse number="16">Біз сүйіспеншіліктің қандай екенін мынадан білеміз, Мәсіх біз үшін Өз өмірін қиды, сол секілді біз де енді өз жанымызды қиып, оны бауырларымыз үшін беруге тиіспіз.</verse>
				<verse number="17">Егер де осы әлемнің байлығына ие болған біреу, өз бауырының мұқтаждығын көре тұра көрмегендей болып, өзінің жүрегін солай жауып тасатса, оның бойында Құдайдың сүйіспеншілігі орын алды ма?</verse>
				<verse number="18">Балаларым, біздің сүйіспеншілігіміз тек сөзбен немесе тілмен ғана емес, керісінше іспен дәлелденуі тиіс әрі ол шынайы болуы қажет.</verse>
				<verse number="19">Себебі біз осылай жүрсек, тек сонда ғана біз өзіміздің шындықпен жүргенімізді білеміз және Оның алдында жүрген біз өз жүрегімізді соған көндіреміз,</verse>
				<verse number="20">ал егер де біздің жүрегіміз біздің өзімізді айыптайтын болса, біздің жүрегімізден де үлкен Құдайдың бар екенін ұмытпайық, Ол бәрін біледі.</verse>
				<verse number="21">Сүйікті бауырластарым, егер де біздің жүрегіміз өзімізді айыптамайтын болса, онда біз еш қорқынышсыз батылдықпен Құдайға жақындай аламыз.</verse>
				<verse number="22">Сонда біз Одан не сұрасақ сол сұрағанымзды Одан аламыз, өйткені біз Оның алдына келіп, Оның өсиеттерін орындап, Оған ұнайтын істерді істеп жүрміз.</verse>
				<verse number="23">Ал Оның бзге берген өсиеті мынау: -Оның Ұлы Иса Мәсіхтің атына сеніп, бір-бірімізді сүйіп, Оның берген осы өсиетіне сай өмір сүру.</verse>
				<verse number="24">Кім Оның осы өсиетін орындайтын болса, сол Онымен бірге қалады, ал Ол сол адамда қалады, ал Оның бізде қалатынын, әрі Оның бізбен бірге болатынын біз -бізге берілген Рухтан білеміз.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Сүйікті бауырластарым, кез -келген рухтарға сене бермеңдер, ал егер де олардың Құдайдан ба, әлде Құдайдан емес пе соны білгілерің келсе сол рухтарды сынаңдар, өйткені өте көп жалған пайғамбарлар осы әлемнен шығып жатыр.</verse>
				<verse number="2">Құдайдың Рухын мынадан білесіңдер: -Иса Мәсіхтің адам болып келгенін мойындайтын әрбір рух-ол Құдайдан келген рух,</verse>
				<verse number="3">ал енді Исаны мойындамайтын әрбір рух-ол Құдайдан емес, бұл Мәсіхке қарсы тұратын рух, сендер оның келетіні туралы естідіңдер, ол осы әлемде қазір де бар.</verse>
				<verse number="4">Балаларым, сендер Құдайдан туылдыңдар, өйткені сендер оларды жеңіп, жеңіске жетесіңдер, себебі сендердегі Рух-осы әлемдегіден де Ұлы.</verse>
				<verse number="5">Ал олар осы әлемнен, сондықтан олар тек осы әлем туралы ғана айтады, өйткені оларды тек осы әлемің адамдары ғана тыңдайды.</verse>
				<verse number="6">Ал Біз-құдайданбыз, ал кім Құдайды таныса, ол бізді тыңдайды, ал кім Құдайды танымайтын болса, сол бізді тыңдамайды. Міне, шындықтың рухын әрі адастырушының рухын осы арқылы біле аламыз.</verse>
				<verse number="7">Сүйікті бауырластарым, бір -бірімізді сүйіп өмір сүрейік, өйткені сүйіспеншілік Құайдан және кім сүйе білсе, сол Құйдан туылған адам және сол адам Құдайды танитын әрі білетін адам.</verse>
				<verse number="8">Ал кім сүйюді білмесе, сол адам әлі Құдайды таныған жоқ, өйткені Құдай Ол - сүйіспеншілік.</verse>
				<verse number="9">Құдайдың бізге деген сүйіспеншілігі былай ашылды, Құдай Өзінің жалғыз да, дара Ұлын осы әлемге жіберді, сондағы Оның мақсаты бізге Сол арқылы өмір беріп тірілтіп алу болатын.</verse>
				<verse number="10">Ал сол сүйспеншіліктің мәні мынада, біз Құдайды сүйгендіктен емес, керісінше Ол бізді сүйгендіктен, Ол Өзінің Ұлын жіберіп, Сол Ұлын біздің күнәларымыздың құнын төлейтін құрбандық етіп көрсетті.</verse>
				<verse number="11">Сүйікті бауырларым, Құдай Өзінің бізге деген сүйісіпеншілігін, міне, осылай көрсетті, сондықтан біз де бір-бірімізді сүйюге тиіспіз.</verse>
				<verse number="12">Құдайды ешкім ешқашан көрген емес, егер де біз бір -бірімізді сүйетін болсақ, онда Құдай біздің бойымызда қалып, бізбен бірге болады әрі Оның сүйіспеншілігі бізді жетілдіреді, сөйтіп біз кемелді боламыз.</verse>
				<verse number="13">Ал енді Оның бізде екенін әрі Оның бізбен бірге қалатынын, біз Оның бізге берген рухынан білеміз.</verse>
				<verse number="14">Біз мынаны көрдік әрі соған куәлік береміз, Әке Өз Ұлын осы әлемге құтқарушы ретінде жіберді.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан егер де біреу Исаны «Құдайдың Ұлы» деп қабылдайтын болса, онда ол Құдайда болады, ал Құдай онымен бірге болады.</verse>
				<verse number="16">Біз Құдайдың бізге көрсеткен сүйіспеншілігі туралы білдік, әрі соған сендік. Сонымен Құдай Ол -сүйіспеншілік, ал кім сол сүйіспеншілікте қалатын болса, сол Құдайда қалады, ал Құдай онымен бірге болады.</verse>
				<verse number="17">Себебі Оның сүйіспеншілігі бізді кемелді етіп жетілдірді, сондықтан біз сот болатын күнді еш қорқынышсыз, батылдықпен қарсы аламыз, өйткені Ол қандай болса, осы әлемде біз де дәл сондай боламыз.</verse>
				<verse number="18">Ал сүйіспеншілікте қорқыныш деген болмайды, себебі сүйіспеншілік толық жетілген кезде ол қорқынышты қуып шығады, өйткені қорқынышта «жазалайды» деген ұғым бар, ал кім қорқатын болса оның сүйіспеншілігі әлі жетіліп, әлі кемеліне жеткен жоқ.</verse>
				<verse number="19">Бізді ең алдымен сүйген -Оның Өзі, сол себептен біз де Оны сүйеміз.</verse>
				<verse number="20">Егер де біреу Құдайды сүйемін деп айтқанымен, өзінің бауырын жек көріп тұрса, сол адам -өтірікші. Себебі ол өзінің көз алдында жүрген бауырын сүйе алмаса, онда ол өз көзімен көрмеген Құдайды қалай сүйеді.</verse>
				<verse number="21">Сондықтан Оның бізге қалдырған өсиеті мынау: кім Құдайды сүйсе, сол өз бауырын да сүйеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Кімде -кім Исаның Мәсіх екеніне сенсе, сол Құдайдан туылған болып саналады, ал кімде-кім Құдайдан туылғанды сүйсе, онда ол Құдайдан туылған балаларды да сүйеді.</verse>
				<verse number="2">Егер де біз Құдайды сүйюмен қатар, Оның бізге берген өсиеттерін орындайтын болсақ, осы арқылы Біз Құдайдың баларын сүйетінімізді білдіреміз.</verse>
				<verse number="3">Өйткені Құдайға деген сүйіспеншілік -Оның өсиеттерін орындау болып табылады, ал Оның өсиеттерін орындау аса да ауыр емес,</verse>
				<verse number="4">өйткені Құдайдан туылып, Құдайдың балалары атанған әркім осы әлемді жеңеді, ал осы әлемді жеңіп, бізді жеңіске жеткізетін: ол-біздің сеніміміз.</verse>
				<verse number="5">Өйткені Исаны Құдайдың Ұлы деп сенгендер осы әлемді жеңбесе, сонда кім оны жеңеді?</verse>
				<verse number="6">Ал Иса Мәсіх-Ол осы әлемге су мен қан арқылы келді; Оған тек су ғана емес, сонымен қатар сумен бірге қан, әрі осыған Рух та куәлік береді, өйткені Рух-ол шындық.</verse>
				<verse number="7">Сонымен осы үшеуі куәгер, яғни біздегі куәгер үшеу,</verse>
				<verse number="8">олар: рух, су және қан, осы үшеуі біртұтас.</verse>
				<verse number="9">Негізі біз адамдардың айтқан куәліктерін қабылдай береміз, алайда Құдайдың куәлігі одан да үлкен әрі салмақты өйткені бұл -Құдайдың куәлігі, өйткені Құдайдың куәлігінде Оның Ұлы туралы айтылады.</verse>
				<verse number="10">Ал Құдайдың Ұлына сенетін адам өзіне берілген куәлікпен жүреді, ал Құдайға сенбейтін адам, Құдайды өтірікші етіп көрсетеді, өйткені ол Құдай Өзінің Ұлы туралы айтқан куәлікке сенген жоқ.</verse>
				<verse number="11">Себебі Бұл куәлікте Құдайдың бізге берген мәңгілік өмірі туралы айтылады, ал Сол мәңгілік өмір -Оның Ұлында.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан кім Ұлды қабылдаса сол адам сол өмірге ие болады, ал кімде-кім Құдайдың Ұлын қабылдамаса, сол адам сол өмірге де ие бола алмайды.</verse>
				<verse number="13">Ал Мен сендерге сол туралы жазған кезде, сендерде сол мәңгілік өмірдің бар екенін, яғни Оның Ұлының атына сенгендерге мәңгілік өмірдің берлігенін білсін деп жазып отырмын.</verse>
				<verse number="14">Міне, сондықтан біз Құдайға деген сенімде нық тұра аламыз, сонымен қатар біз Оның еркіне сай Одан не сұрасақ, Ол соған құлағын тосып тыңдайды.</verse>
				<verse number="15">Сонымен біз Құдай біздің сұрағанымызға құлағын тосып тыңдайтынын білеміз, оған қоса біз өтініп сұрағанымызды Одан алатынымызды да білеміз.</verse>
				<verse number="16">Өлімге апармайтын күнә да бар, егер де біреу біздің бауырымздың біреуі өлімге апармайтын күнә жасағанын көрсе, сол Құдайдан «оған өмір бер» деп сұрасын, сонда оған Құдай өмір береді. Ал енді өлімге апаратын күнә де бар, ол жайында сұраңдар деп айтпаймын.</verse>
				<verse number="17">Кез келген заңсыз әрекет-ол күнә және өлімге апармайтын күнә де бар.</verse>
				<verse number="18">Кімде-кім Құдайдың баласы болып туылса, соның күнә жасамайтынын да біз білеміз. *Өйткені Құдайдан туылған адам өзін-өзі күнәдан сақтап жүреді, сондықтан зұлымдық оған жолай алмайды.</verse>
				<verse number="19">Біз өзіміздің Құдайдан екенімізді, яғни өзіміздің Құдаймен қарым қатынаста тұрғанымызды білеміз, алайда мына әлем толығымен зұлымдықтың ортасында жатыр.</verse>
				<verse number="20">Сондықтан біздің білетініміз мынау: Құдайдың Ұлы бізге келді, әрі бізге шындықты білдіретін ой сана берді, сондықтан біз шындықпен жүреміз, яғни біз Оның Ұлы Иса Мәсіхтеміз. Міне, біз үшін шынайы Құдай-Сол, әрі мәңгілік өмір де - Сол.</verse>
				<verse number="21">Балаларым, өздеріңді пұтқа табынушылықтан сақтаңдар.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="63">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Мен, Ақсақал ретінде осы сәлемімді таңдаулы ханымға әрі мен өзім шынайы жақсы көретін оның балаларына жолдаймын, сонымен қатар тек қана мен емес шындықты танып білетіндердің бәрі де,</verse>
				<verse number="2">яғни сол шындық арқылы бізбен бірге жүріп, бізбен бірге, мәңгі бірге болатындардың бәрі де өз сәлемдерін жолдауда.</verse>
				<verse number="3">Құдай Әкенің рақымы мен мерйірімді тыныштығы жә-не Әкеміздің Ұлы Иса Мәсіхтің шынайы сүйіспеншілігі бізбен бірге бола береді!</verse>
				<verse number="4">Мен сенің балаларыңның, шын-дықпен жүргенін яғни Әкеден алаған өсиетті аманат ретінде сақтап жүргенінін байқаған кезде, соған қатты қуандым.</verse>
				<verse number="5">Ал енді ханым, менің қазіргі өзіне жазып отырған өтінішім мынау: біз бір-бірімізді сүйіп, өзара бір-бірімізге сүйіспеншілік көр-сетейік, ал бұл-жаңа өсиет емес, керісінше бұл өсиет о бастан-ақ бар болатын.</verse>
				<verse number="6">Ал енді сүйіспеншілік дегеніміз оның бізге берген өсиетін орын-дау, міне, өсиет деген-осы, ең басында сендер оны қалай естісең-дер, енді соны дәл солай орындау керек.</verse>
				<verse number="7">Өйткені осы әлемде Иса Мәсіхтің адам тәнінде келгенін мойында-майтын өтірікшілер көбейтіп кет-ті, олардың өтіркші әрі Мәсіхке қарсы тұрушы екені осыдан білі-неді.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан өздеріңе өздерің сақ болыңдар, өздеріңе берілетін сыйды алу үшін соншама еңбек-теніп, осы қалге жеттіңдер, енді соны жоғалтып алмаңдар.</verse>
				<verse number="9">Ал егер де кімде-кім осы тәлімді елемей, оны теріске шығарып, яғ-ни Иса Мәсіхтің тәлімін қабылда-майтын болса, сол адам Құдайсыз болады. Ал кім Мәсіхтің тәлімін қалбылдаса, сол адамда Әке де бо-лады, Ұлды да болады.</verse>
				<verse number="10">Егер де өздеріңе осы тәлімді ұстанбайтын біреу келсе, оны үйлеріңе кіргізбеңдер, онымен амандаспаңдар</verse>
				<verse number="11">өйткені кім онымен амандасатын болса, ол соның зұлым істеріне қа-тысқан болып саналады.</verse>
				<verse number="12">Өздеріңе жазатыным-өте көп, сон-дықтан солардың бәрін сендерге тек жарғақ қағазбен, сия арқылы жеткізгім келмеді. Сондықтан менің ендігі үмітім сендермен бет-пе-бет кездесіп, өздеріңмен ауз-ба-ауыз сөйлесіп, сендерді толық қаунышқа кеңелту.</verse>
				<verse number="13">Құдай таңдап алған сенің әкпеңнің балалары да саған сәлем айтуда.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="64">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Ақсақал қымбатты бауыры Гайға өзінің шынайы сүйіспеншілігін білдіріп, оған сәлем жолдайды.</verse>
				<verse number="2">Сүйікті бауырым, мен сенің рухани жетістікке қалай жеткеніңді ескере отырып, сенің барлық жағынан әлі де жетілгеніңді, әрі деніңнің сау болғанын тілеймін.</verse>
				<verse number="3">Өйткені осында келіп-кетіп жүрген бауырластардың айтқан куәліктерінен сенің шындық жолынан таймай, тура жүргенің туралы естіп, қуанып қалдым.</verse>
				<verse number="4">Ал өз балаларымның шындық жолымен жүрген сәттері туралы есту - ол мен үшін үлкен қуаныш.</verse>
				<verse number="5">Сүйікті бауырым, сенің өз бауырларың мен жат жерліктер үшін істеп жүрген осы бір іс-әрекетің -өте игілікті іс-әрекет.</verse>
				<verse number="6">Себебі, кейбір бауырластар қауымның алдына шығып, сенің оларға көрсеткен сүйіспеншілігіңе риза болғандарын куәлік ретінде жеткізді, себебі сенің оларды Құдайға ұнамды жолмен шығарып салғандағы сол -іс-әрекетін, ісің оларға өз пайдасын әкелді,</verse>
				<verse number="7">өйткені олар өзге ұлттың өкілдерінің арасында жүрген кезде, Құдайдың атына кір келтірмеу үшін олардан еш нәрсе алмай, сол жерден шығып кетті.</verse>
				<verse number="8">Егер де біз осындай жағдайға түсіп қалғандардың қамын ойлайтын болсақ, тек сонда ғана біз шындықтың қызметкерлері бола аламыз.</verse>
				<verse number="9">Осы туралы мен қауымға да жазып жіберген болатынмын, алайда олардың арасында бірінші басшы болуды жақсы көретін Диотреф бізді қабылдамай қойды.</verse>
				<verse number="10">Егер де мен осы сол жаққа барып қалсам, оның осы істеген істерімен, бізді жағымсыз сөздермен жамандап жүргенін оның есіне салмақпын, өйткені ол өзінің сол бауырларымызды қабылдамай қойғанын қанағат тұтпай, оған қоса сол істі істеймін деп ұмтылғандарға кедергі жасап, оларды қаумнан қуып шығарып жіберді.</verse>
				<verse number="11">Сүйікті бауырым жамандық жасауға емес, жақсылық жасауға еліктеңдер. Жақсылық жасаушы Құдайдың адамы, ал жамандық жасаушы ол Құдайды әлі көрген жоқ.</verse>
				<verse number="12">Ал енді Деметріге келсек, бәрі ол туралы жақсы куәліктер айтып жүр, ал олардың ол туралы айтқаны -шындық. Мына біз де ол туралы жақсы куәлік бере аламыз, өйткені біздің ол туралы айтатын куәлігімізде де шындық жатыр.</verse>
				<verse number="13">Саған әлі де көп нәрселерді жазып жібергім келді, алайда оларды саған сия мен қалам арқылы айтып жеткізгім келмеді.</verse>
				<verse number="14">Сені алда көремін деген үмітім бар, өзіңмен сол сағатта ауыз ба - ауыз сөйлесермін.</verse>
				<verse number="15">Саған тыныштық тілеймін! Сенің осы жақтағы достарың саған сәлем жолдайды. Сол жақтағы достарымыздың әрқайсысының атын атап, біздің айтқан сәлемімізді оларға да жеткіз.</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="65">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Иса Мәсіхтің құлы, әрі Жақыптың бауыры Яһуда, Құдай Әкенің сүйіктілеріне, яғни құтқарылу үшін Иса Мәсіх арқылы шақыруға ие болғандарға</verse>
				<verse number="2">Мейірім мен бейбіт тыныштық тілеп, сол арқылы сендердің сүйіспеншіліктерің өсіп-өніп көбейе берсе екен деп тілейді.</verse>
				<verse number="3">Сүйікті бауырластар, мен қаншама рет сендерге бәрімізге ортақ құтқарылу туралы жазып жіберуге тырыстым, алайда қазір өздеріңе, яғни киелілерге бірақ рет берілген сенім үшін күресу аса маңызды екені туралы жазып отырмын, әрі сендерді соған шақырамын.</verse>
				<verse number="4">Өйткені біздің ортамызға жазбада жазылғандай, Құдайдың сотына лайықты кейбір адамдар кіріп алыпты. Бұлар -Құдайсыз жолмен жүрген адамдар, сондықтан олар өздерінің азғындыққа берілгендіктерін ақтау үшін, олар Құдайдың бізге берген рахымын да, біздің Жартушымыз әрі біздің Иеміз Иса Мәсіхті де мойындамай, Оны жоққа шығарып жүр.</verse>
				<verse number="5">Сендердің естеріңе мынаны сала кетейін, өздерің білесіңдер, бір кездері Иеміз Мысыр жерінен Исраил халқын құтқарып алып шыққан болатын, сол кезде Ол солардың арасындағы Өзіне сенбегендерін құртып, жойып жіберді.</verse>
				<verse number="6">Сонымен қатар Құдай өздеріне берілген билікті сақтап қалудың орнына, керісінше өздерінің тұрғылықты орындарын тастап кеткен, періштелерді де байлап-матап оларды қара түнектің қақпасына салып сақтап отыр, яғни олардың үкімін Ол Ұлы күн келген кезде шығарды.</verse>
				<verse number="7">Сонымен қатар Содоммен Ғамораменде және олардың жан-жағындағы қалаларда солар секілді азғындыққа түсіп, өзара бір-бірімен тәндік ләззатқа беріліп кеткен болатын, сол үшін Құдай оларды да жазалап, басқаларға үлгі болсын деп, оларды мәңгі оттың жалынымен өртеп жіберді.</verse>
				<verse number="8">Сол секілді бұл адамдар да өздері көрген түстері арқылы бос армандарға беріліп, өз денелеріне өздері кір жағып, ластап, Құдайдың билігін жоққа шығарып, Оның даңқына тіл тигізуде.</verse>
				<verse number="9">Кезінде Мұсаның денесіне байланысты Бас періште Михаил мен сайтанның арасында талас-тартыс сөз болған кездің өзінде, бас періште оған тіл тигізген жоқ, керісінше ол сайтанға тек «сенің жазаңды Құдайдың Өзі берсін» -деген болатын.</verse>
				<verse number="10">Ал бұлар болса көп нәрсеге тіл тигізіп, ластап жүргенін өздері де білмейді, өйткені олар көп жағдайда табиғатынан түйсіксіз болған аңдар секілді, тек жамандық жасауды ғана біледі, ақырында олар сол арқылы өздерінен өздері құртылып, жоқ болып кетеді.</verse>
				<verse number="11">Өйткені олар Қабылдың жолымен жүріп, тек өз басының қамын ойлаған Балағам секілді арамдыққа беріліп кетті, әрі олар Корах секілді Құдайға қарсылық көрсетуде, сондықтан оларды қарғыс атады.</verse>
				<verse number="12">Олар сендердің сүйіспеншіліктеріңе дақ түсіруде, олар қорқу дегенді білмейді, сондықтан олар сендердің қастарыңда тек ас ішу үшін, яғни өздерінің құлқындарының бағы үшін ғана жүреді. Олар сусыз жерде жел қайда айдаса, сол жаққа жүре беретін бұлт секілді, олар күзде не жапырағы, не жемісі жоқ, екі рет өлген, яғни тамырымен бірге шауып алып тастайтын ағашқа ұқсас,</verse>
				<verse number="13">әрі олар асау толқын секілді өздерінің ұятсыз іс-әркетін жағаға көбікпен шығарып тастап отырады, олар ғаламдық әлемде жоғалып кеткен жұлдызға ұқсайды, сондықтан олар қара түнекке сіңіп, сол түнекте мәңгі қалып қойяды.</verse>
				<verse number="14">Адам атаның жетінші ұрпағы Енох олар туралы мына пайғамбарлық сөзді айтып кеткен еді, онда: -Міне, Иеміз өзімен бірге он мың киелі періштелерін ертіп келді,</verse>
				<verse number="15">енді ол әділетсіз істер істеген әрбір адамға қарсы сот жүргізетін болады, сонда Ол өзінің әрбір әділетсіз істерімен Құдайды қорлағандардың бәрін әшкерелеп, Оған қарсы жаман сөз айтқан күнәһарлардың әрқайсысына олардың істеген істеріне сай үкім шығарады, - делінген.</verse>
				<verse number="16">Себебі бұл адамдар әрқашан да наразылық көрсетіп, күңкілдей береді, өйткені олар тек өздерінің қалауымен жүретін адамдар, сондықтан олардың аузынан тек өркөкіректікке тән сөздер шығады, олар өз пайдасы үшін екі жүзділікке дейін барады.</verse>
				<verse number="17">Сондықтан, сүйікті бауырластарым, өздерің біздің Иеміз Иса Мәсіхтің елшілерінің айтып кеткен мына сөздерін естеріңе түсіріңдерші,</verse>
				<verse number="18">өйткені олар бізге: соңғы уақытта балағат сөздер айтып, өзінің арам пиғылының жетегіне еретін адамдар пайда болады, - деп айтып кеткен болатын.</verse>
				<verse number="19">Себебі бұл адамдар өздерін ортадан оқшау ұстап, бөлектеніп, тек сезімге беріліп, тек сезімнің жетегімен жүреді, сондықтан бұларда рух жоқ.</verse>
				<verse number="20">Сондықтан, сүйікті бауырластарым, сендер бір-біріңе ақыл айтып, біріңді-бірің нығайтып, сенімдеріңді таза ұстап, Киелі рухтың жетегімен мінәжат етіп,</verse>
				<verse number="21">Өзара бір-біріңе Құдайдың сүйіспеншілігінде болуды тілеп, біздің Иеміз Иса Мәсіхтің келуін, әрі Оның мейірімі арқылы берілетін мәңгілік өмірді күтіңдер.</verse>
				<verse number="22">Кейбір күмәні бар адамдарға мейірім танытып,</verse>
				<verse number="23">ал кейбіреулерін құтқару үшін оттан суырып алатындай іс-әрекет істеңдер, ал кейбіреуіне көрсететін мейірімдеріңді байқап, айбайлап, жек көрмей істеңдер, өйткені олардың денесіндегі киімдеріне дейін күнәға батып кеткен.</verse>
				<verse number="24">Сонымен сендерді сүрініп қалудан сақтайтын, Оның алдында тұрған кезде сендерді Өзінің даңқына, кіршіксіз тазалыққа, шаттыққа бөлейтін,</verse>
				<verse number="25">-біздің жалғыз Құдайымыз, әрі құтқарушымыздың даңқы, құдіретті күші, билігі біздің Иеміз Иса Мәсіх арқылы ғасырдан-ғасырға жетіп, қазіргі уақытта да, болашақтағы барлық уақыттарда мадақтала берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
		</book>
		<book number="66">
			<chapter number="1">
				<verse number="1">Құдай Өзінің құлдарына болашақта болатын жағдайларды аян арқылы ашып көрсеткісі келгендіктен, бұл аянды Құдай Иса Мәсіхке берген. Мәсіх періштесі арқылы Өзінің құлы Жоханға осы аянды ашып берді,</verse>
				<verse number="2">ал Жохан Құдайдың сөзі туралы және Иса Мәсіхті көргені жайында куәлік береді.</verse>
				<verse number="3">Бұл пайғамбарлық сөзді оқып және тыңдап, онда жазылғанды есінде сақтап, соны орындайтын адам бақытты, себебі бұлардың орындалатын уақыты жақындап келеді.</verse>
				<verse number="4">Жохан Азия өлкесіндегі жеті қауымға былай дейді: қазіргі уақытта нақты бар және әуел бастан бар болған, болашақта да келетін, мәңгі Болатыннан әрі Оның тағының алдында тұрған жеті рухтан,</verse>
				<verse number="5">адал Куәгер атанып, өлімнен тірілгендердің ең Алғашқысы, жер бетіндегі патшалардың Патшасы Иса Мәсіхтен сендерге рақымдылық пен тыныштық тілеймін! Ол бізді сүйгендіктен, Өзінің қанымен күнәларымыздан тазартып, азат етті.</verse>
				<verse number="6">Ол бізді Өзінің Құдай Әкесінің Патшалығының қызметкерлері етіп тағайындады. Оның даңқы, Оның күшінің құдіреті ғасырдан ғасырға арта берсін! Аумин!</verse>
				<verse number="7">Біліп қойыңдар! Оның бұлттың үстімен келе жатқанын әркім көретін болады. Оны найзаның ұшымен түйрегендер де өз көздерімен көреді, сонда жер бетіндегі барлық *ұлттар Оның сол екенін танып, (өкініп) зар еңіреп жылайтын болады. Иә, бұл дәл солай болады! Аумин!</verse>
				<verse number="8">Мен -Альфа және Омегамын, -дейді Жаратушы Құдай Ием, -Мен әуел бастан бармын, Мен қазір де нақты бармын, болашақта келетін де, бүкіл әлемнің Билеушісі де мына - Мен!</verse>
				<verse number="9">Мен, Жохан -сендердің бауырластарың, сендерге сенімді серіктес бола жүріп, Құдайдың Патшалығы мен Иса үшін тартқан азапқа төзе білдім, сөйтіп, Құдайдың сөзі үшін, Иса туралы айтқан куәліктерім үшін, Патмос аралына жер аударылдым.</verse>
				<verse number="10">Иеміздің жетегімен жүрген күндердің бірінде мен Рухқа бөлендім, сонда мен арт жағымнан кернейдің даусына ұқсас қатты бір дауысты естідім.</verse>
				<verse number="11">Ол маған: -Көзіңмен көрген мына көріністерді кітапқа жазып, жеті қауымға: Ефеске, Ізмірге, Перғамға, Тиятирге, Сардқа, Філаделфіге және Лаодікиге жібер, - деді.</verse>
				<verse number="12">Маған сөйлеген дауыстың кім екенін білейін деп, мен артыма бұрылдым, қараған кезде жеті алтын шырағданды көрдім.</verse>
				<verse number="13">Сол шырағдандардың ортасында үстіне киген киімі өкшесіне дейін түскен, ал кеудесін алтын белдікпен буынған Адам Ұлына ұқсас Біреудің тұрғанын көрдім.</verse>
				<verse number="14">Оның басындағы шашы жуылған жүн сияқты және қардай аппақ еді, ал Оның көздері жанған оттай жалындап тұрды,</verse>
				<verse number="15">Оның аяқтары Ливанның пеште балқытылған мысындай болса, Оның даусы сарқыраманың гүріліне ұқсас болды.</verse>
				<verse number="16">Ол оң қолына жеті жұлдыз ұстап тұрды, ал Оның аузынан екі жүзді өткір семсер шығып тұрды, Оның бет -жүзі барша жарығын шашқан күн сияқты еді.</verse>
				<verse number="17">Мен Оны көрген сәтте, Оның аяғына жығылып, өлген кісідей алдына құлап түстім. Сол кезде Ол Өзінің оң қолын менің үстіме қойды да: -Қорықпа, Алғашқы да, Ақырғы да Мен боламын.</verse>
				<verse number="18">Мен -тірімін! Мен өлген едім, енді, міне, мәңгілікке тірілдім! Өлімнің де, тозақтың да кілті Менің қолымда!</verse>
				<verse number="19">Сондықтан сен көргеніңді, қазір болып жатқанды, осыдан кейін де болатын жағдайлар туралы жаз.</verse>
				<verse number="20">Менің оң қолымдағы сен көрген жеті жұлдыз бен алтын жеті шырағданның құпиясы мынадай: жеті жұлдыз жеті қауымның періштелерін, ал жеті шырағдан жеті қауымды білдіреді, - деді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="2">
				<verse number="1">Ефестегі қауымның періштесіне былай деп жаз: «Жеті жұлдызды Оң қолында ұстап, жеті алтын шырағданның ортасында жүрген Билеуші саған былай дейді:</verse>
				<verse number="2">Мен сенің жасаған істеріңді де, атқарған еңбегіңді де, көрсеткен табандылығыңды да білемін. Сенің зұлымдық жасайтындардың әрекеттерін көтере алмайтыныңды да білемін. Сен өздерін Мәсіхтің елшілеріміз дегендерді сынап, тексердің, шындап келгенде, оларды өтірікші деп таптың.</verse>
				<verse number="3">Сонымен қатар, сенде төзімділік те бар, өйткені сен Менің атыма бола талмай еңбек етіп, көп жағдайларды басыңнан өткіздің.</verse>
				<verse number="4">Бірақ Менің саған деген мынадай наразылығым бар: сен өзіңнің ең алғашқы сүйіспеншілігіңді жоғалттың.</verse>
				<verse number="5">Сондықтан Сен өзіңнің қандай биіктен төмен қарай құлдырағаныңды есіңе түсіріп, ой-өрісіңді өзгертіп, тәубеге кел, содан кейін алғашқы ісіңді қайтадан баста. Егер де осылай істемейтін болсаң және ой -өрісіңді өзгертіп, тәубеге келмесең, онда Мен келіп, сенің шырағданыңды орнынан қозғап, алып тастаймын.</verse>
				<verse number="6">Алайда сен мынаны дұрыс істейсің: Мен жеккөретін николайттардың іс-әрекетін сен де жеккөресің.</verse>
				<verse number="7">Сондықтан құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқан сөзін тыңдап, естеріне сақтап алсын! Жеңімпаз адамға Мен Құдайдың бағында өсіп тұрған өмір ағашының жемісінен жеуге мүмкіндік беремін!»</verse>
				<verse number="8">-Ізмір қауымының періштесіне былай деп жаз: «Саған Алғашқы және Ақырғы, өліп, кейін өлімнен қайта Тірілгеннің Өзі былай дейді:</verse>
				<verse number="9">Мен сенің тартқан азабың мен кедейшілігің жайында білемін, алайда сен кедей емессің, байсың! Сен өздерін яһудейміз дегендердің балағат сөздерін естідің, олар -сайтанның жиналатын ордасы, басқа ештеңе емес.</verse>
				<verse number="10">Алдағы уақыттарда басыңа түсетін азаптардың ешқайсысынан қорықпа. Жақында сайтан сендерді сынау үшін, араларыңдағы кейбіреулерді абақтыға қаматады, ол жерде он күн азап шегесіңдер. Бірақ өлімге дейін адал бол, сонда Мен саған өмірдің тәжін беремін.</verse>
				<verse number="11">Сондықтан құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқандарын тыңдап, естеріне сақтап алсын! Кім жеңімпаз болса, сол екінші өлімнен зиян шекпейді».</verse>
				<verse number="12">-Перғам қауымының періштесіне былай деп жаз: «Аузында екі жүзді, өткір семсері Бар саған былай дейді:</verse>
				<verse number="13">Мен сенің қандай жерде тұрып жатқаныңды білемін. Сен сайтанның тағы орналасқан жерде тұрып жатсаң да, Менің атымды берік ұстанып келесің. Менің сенімді куәгерім Антипа сол жерде өлтірілсе де, сен Маған деген сеніміңнен бас тартпадың, ол сол қалада өлтірілді, ол жер сайтанның мекеніне айналды.</verse>
				<verse number="14">Алайда Менің саған деген мынадай наразылығым бар: сол жерде Балағамның ілімін ұстанып жүргендер бар. Кезінде олар Балақты азғырып, оған Исраилдің ұлдарын теріс жолға түсіріп, азғындық жасауға, оларға жалған тәңірдің етін жеуге итермелеген болатын.</verse>
				<verse number="15">Сонымен қатар, сендердің орталарыңда николайттардың ілімін де дәл солай ұстанатындар бар.</verse>
				<verse number="16">Сондықтан ақыл-ойыңды өзгертіп, тәубеге кел! Егер солай істемейтін болсаң, Мен саған жақын арада қайтып келемін, сонда Мен аузымдағы семсермен оған қарсы шайқасатын боламын!</verse>
				<verse number="17">Құлағы барлар, Рухтың қауымға айтқандарын тыңдап, естеріне сақтап алсын! Жеңімпазға Мен жасырын түрде манна беремін, сонымен қатар, Мен оған ақ тасты да беремін, сол ақ тасқа ешкім білмейтін жаңа есім жазылмақ, ол есімді сол ақ тасты қабылдап алған ғана білетін болады!».</verse>
				<verse number="18">-Тиатир қауымының періштесіне былай деп жаз: «Көздері оттай жалындаған әрі аяқтары Ливанның мысына ұқсаған Құдайдың Ұлы былай дейді:</verse>
				<verse number="19">Мен сенің атқарған істерің мен сүйіспеншілігің туралы, сенімің мен жасап жатқан қызметің жайында, танытқан төзімділігің жөнінде де білемін. Соңғы атқарған ісіңнің алғашқы ісіңнен де анағұрлым мол екенін де білемін.</verse>
				<verse number="20">Бірақ Менің саған деген мынадай наразылығым бар: сен Изабел деген әйелдің өзін пайғамбар деп атауына жол бердің. Ол Менің құлдарымды алдап, теріс жолға түсірді, сөйтіп, олар азғындық жасап, жалған тәңірге арналған құрбандықтан жеді.</verse>
				<verse number="21">Мен оған уақыт бердім, ол соған дейін ой-санасын өзгертіп, тәубеге келуі тиіс еді, алайда оның азғындықтан бас тартатын, ой -санасын өзгертіп, туәбеге келетін ниеті болған жоқ.</verse>
				<verse number="22">Онымен бірге азғындыққа берілгендер, неке адалдығын бұзып, азап шеккендер өте көп, сондықтан егер де ол өзінің ой-санасын өзгертіп, тәубе етпейтін болса, Мен оны жуық арада аурудан төсек тартқызатын боламын.</verse>
				<verse number="23">Сонымен қатар, оның балаларын да өлімге қиюға мәжбүр боламын, сонда барлық қауымдар адамның жан дүниесі мен жүрек түкпірін зерттейтін Мен екенімді және әрқайсысыңның жасаған іс-әрекеттеріңе сай, Мен сендерге қарымталарыңды қайтаратынымды білетін болады.</verse>
				<verse number="24">Енді Тиатирде тұрып жатқан басқаларға және мұндай ілімнің барын білмейтіндерге, сайтанның ойының тереңінде не жатқанын түсінбейтіндерге былай деймін: Мен сендердің бастарыңа бұдан былай ауыртпалық түсірмеймін,</verse>
				<verse number="25">алайда Мен қайтып келгенше, қолдарыңда барға адал болып, сақтап қалыңдар.</verse>
				<verse number="26">Жеңімпазға және Менің істерімді (еркімді) ақырына дейін сақтап қалатындарға Мен халықтардың үстінен жүргізетін билік беремін,</verse>
				<verse number="27">сонда «олар сол халықтарды қыш ыдыстарды сындырғандай, күл-талқанын шығаратын темір таяқпен бағады».</verse>
				<verse number="28">Мен Өз Әкемнен таңғы жұлдызды қалай алсам, оларға да солай оны беремін.</verse>
				<verse number="29">Құлақтары барлар, Рухтың қауымдарға айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!</verse>
			</chapter>
			<chapter number="3">
				<verse number="1">Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз: «Құдайдың жеті Рухы мен жеті жұлдыздың Иесі былай дейді: Сенің істеріңді білемін. Сенің, әйтеуір, тірі жүр деген атың болғанмен, бірақ өлісің.</verse>
				<verse number="2">Сергек бол! Жападан жалғыз қалып, өздерін өлімге дайындап қойғандарды нығайта түс, өйткені Менің байқағаным: сен Менің Құдайымның алдында атқаратын істеріңді толық орындап жүрген жоқсың.</verse>
				<verse number="3">Сондықтан нені қабылдағаныңды, нені естігеніңді есіңе түсір және соны орындауға тырысып, ақыл-ойыңды өзгертіп, тәубеге кел. Егер де дәл солай сергек болмасаң, онда Мен ұры секілді аяқ астынан келемін, сен Менің қай уақытта келетінімді де білмей қаласың.</verse>
				<verse number="4">Алайда Сартда киімдеріне дақ түсірмей, өздерінің аттарына кір келтірмей таза жүрген біраз адамдар бар. Міне, солар аппақ киім киіп, Менің қасымда жүретін болады, өйткені олар соған лайықты.</verse>
				<verse number="5">Жеңімпаз болған ғана дәл осылай аппақ киім киеді, Мен оның есімін Өмір кітабынан өшірмеймін, Мен Әкемнің және періштелердің алдында оның есімін жариялаймын.</verse>
				<verse number="6">Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға осы айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!».</verse>
				<verse number="7">Филадельфиядағы қауымның періштесіне былай деп жаз: «Киелі әрі Шындықтың Иесі былай дейді: Менің қолымда Дуәіттің кілті бар. Сол кілт ашқанды ешкім де жаба алмайды, ал жапқанды ешкім де аша алмайды.</verse>
				<verse number="8">Мен сенің істеріңді білемін, байқаған шығарсың. Мен сенің алдыңнан есікті ашып қойдым, енді ешкім де оны жаба алмайды. Сенің күшің өте аз, алайда Менің сөзімді жоғалтпай, сақтап жүрсің әрі сен Менің атымнан бас тартпадың.</verse>
				<verse number="9">Өздерін яһудейміз деп атайтындарға келсек, олар өтірік айтады, олар шын мәнінде яһудейлер емес, өйткені олар сайтанның жиынына барады, сондықтан Мен оларды сенің алдыңа алып келіп, аяғыңның астына жығып беремін, сонда олар Менің сені жақсы көретінімді білетін болады.</verse>
				<verse number="10">Себебі сен төзімділік танытып, Менің сөздерімді сақтап, берік ұстандың. Жер бетіндегі күллі адамзатты сынау үшін, болашақта бүкіл әлем халықтарының бастарына түсетін сын сағатта Мен де сені сақтап қаламын.</verse>
				<verse number="11">Мен жуық арада келемін, сенің тәжіңді біреу алып кетпесін десең, оны қолыңнан жіберіп алмай, мықтап ұста.</verse>
				<verse number="12">Кім жеңімпаз болса, Мен оны Өзімнің киелі үйімнің тіреуіші (тірегі) етіп қоямын, ол сол жерді ешқашан тастап кетпейді. Сонда Мен оған Менің Құдайымның есімін, Менің Құдайымның қаласының атын және Менің Құдайымның атынан көктен түсетін жаңа Иерусалимнің атын әрі Өзімнің жаңа есімімді жазып қоямын!</verse>
				<verse number="13">Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!»</verse>
				<verse number="14">Лаудкидегі қауымның періштесіне былай деп жаз: «Кімнің есімі Аумин аталған және Құдайдың әуел бастан Жаратушы екеніне шынайы Куәгер болған былай дейді:</verse>
				<verse number="15">Мен сенің істеріңді білемін, алайда сен ыстық та емессің, суық та емессің. Не ыстық, не суық болсаң ғой, шіркін!</verse>
				<verse number="16">Алайда сен не ыстық та емес, не суық та емес, жай ғана жылы болдың, сондықтан Мен сені аузымнан түкіріп тастауға дайынмын.</verse>
				<verse number="17">Бірақ сен өзіңді: «Мен-баймын, Мен байып алдым, мен еш нәрсеге мұқтаж емеспін», -деп жүрсің. Алайда сен өзіңнің бақытсыз әрі сорлы, кедей әрі соқыр, жалаңаш екеніңді білмейсің.</verse>
				<verse number="18">Егер де сенің байығың келсе, онда Менен оттан балқып шыққан алтынды, сенің расымен де жалаңаш екеніңді көрсетпейтін әрі өзіңді ұятқа қалдырмайтын аппақ киімді және көзің көру үшін, көзге жағатын май сатып алуға Мен кеңес беремін.</verse>
				<verse number="19">Мен кімді көбірек жақсы көрсем, соны әшкерелеймін әрі жазалаймын. Сондықтан бар ынтаңмен ыстық болуға ұмтылып, ақыл-ойыңды өзгертіп, тәубеге кел.</verse>
				<verse number="20">Міне, Мен есік алдына келіп, қағып тұрмын. Егер кімде-кім Менің даусымды естіп, есікті ашатын болса, онда Мен ішке кіріп, кешкі асты онымен бірге ішетін боламын, ол да Менімен бірге (дастарқандас болады) ішеді.</verse>
				<verse number="21">Ал жеңіп шыққан әркімге Менің де жеңімпаз атанып, Әкеммен бірге Оның тағында отырғанымдай, оған да Өзіммен бірге тақта отыруына мүмкіндік беремін.</verse>
				<verse number="22">Құлағы барлар, Рухтың қауымдарға айтқанын тыңдап, естеріне сақтап алсын!»</verse>
			</chapter>
			<chapter number="4">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен көктегі бір есіктің ашық тұрғанып көрдім, сонда ең алғаш кернейдің үніндей болып естілген дауыс маған: -Жоғары көтеріліп, мына жерге кел, Мен саған осыдан кейін не болатынын көрсетемін, - деді.</verse>
				<verse number="2">Сол сәтте мен бірден Рухқа бөленгенімді білдім. Сонда мен көкте тұрған бір тақты және сол тақта отырған Біреуді көрдім.</verse>
				<verse number="3">Тақта Отырғанның бейнесі яспис пен сардис (сердолик) тастарына ұқсап, жарқырап тұрды, ал тақтың айналасын зүбәржатқа ұқсаған кемпірқосақ қоршап тұрды.</verse>
				<verse number="4">Тақтың айналасында тағы да жиырма төрт тақ тұр, сол тақтарда аппақ киім мен бастарына алтыннан тәж киген жиырма төрт ақсақал отырды.</verse>
				<verse number="5">Тақтан найзағай мен күннің күркіріне ұқсаған дыбыстар шығып жатты, тақтың алдында жеті алау жанып тұрды, бұл Құдайдың жеті Рухы болатын.</verse>
				<verse number="6">Сонымен қатар, тақтың алдында кристалл секілді әйнектей жалтыраған теңіз орналасыпты. Ал дәл ортада, тақтың айналасында, алдында да, артында да көптеген көздері бар төрт жануар тұрды.</verse>
				<verse number="7">Бірінші жануардың бейнесі арыстанға ұқсайды, екінші жануардың бейнесі өгізге, ал үшінші жануардың бейнесі адамның бет-әлпетіне ұқсайды, төртінші жануардың бейнесі қыран бүркітке ұқсас болды.</verse>
				<verse number="8">Бір-біріне қарама-қарсы тұрған төрт жануардың әрқайсысында алты қанаттан болды, қанаттарының айналасында, ішкі жағында да көптеген көздер орналасыпты. Олар күні-түні: -Ол киелі, Ол киелі, Бәрін билеуші Құдай, Жаратқан Ие киелі, Ол әуел баста бар болатын, Ол қазір де бар, Ол болашақта да болады, Ол келеді! - деп тынбай сөйлеп тұрды.</verse>
				<verse number="9">Әлгі жануарлар тақта Отырғанды даңққа бөлеп, мәңгілік өмір Сүретінге тағзым етіп, құрмет көрсеткен кезде,</verse>
				<verse number="10">жиырма төрт ақсақал тақта Отырғанның алдына тізерлеп жығылып, ғасырдан ғасырға, мәңгі өмір Сүретінге тағзым етіп, тәждерін тақта Отырғанның алдына тастап:</verse>
				<verse number="11">-Біздің Жаратушы Иеміз әрі біздің Құдайымыз даңқ пен құрметті, ұлы күшті қабылдауға лайықты, өйткені бәрін жаратқан Сенсің, бәрі Сенің еркіңмен жаратылған! -деп мадақтаумен болды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="5">
				<verse number="1">Мен тақта Отырғанның оң қолынан ішіне де, сыртына да жазу жазылған және жеті жерінен мөр басылған бір шиыршық кітапты көрдім.</verse>
				<verse number="2">Сол сәтте қатты дауыстап айғайлаған бір періште көрінді, ол: -Бекіткен мөрді шешіп, мына кітапты ашуға кім лайықты? - деп жар салды.</verse>
				<verse number="3">Алайда көкте де, жерде де, жердің астында да сол кітапты ашып, оның ішіне көз жүгіртіп қарайтын ешкім болмады.</verse>
				<verse number="4">Дәл осы сәтте мен қатты жыладым, өйткені әлгі кітапты ашып, оған қарауға лайықты ешкім табылмады.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде ақсақалдың біреуі маған: -Жылама! Яһуда руынан шыққан Арыстан жеңіске жетті! Оның тамыры Дәуітте жатыр, Сол жеті мөрлі кітапты ашуға лайықты! -деді.</verse>
				<verse number="6">Сонда мен тақты қоршаған төрт жануар мен ақсақалдардың ортасында тұрған, кезінде құрбандыққа сойылған Тоқтыны көрдім. Тоқтының жеті мүйізі мен жеті көзі болды, бұлар Құдайдың бүкіл жер бетіне жіберген жеті Рухын білдіреді.</verse>
				<verse number="7">Міне, Тоқты тақта Отырғанға жақындап келіп, Оның оң қолындағы кітапты Өз қолына алды.</verse>
				<verse number="8">Тоқты кітапты қолына алған кезде, сол жердегі төрт жануар да, жиырма төрт ақсақал да Тоқтыға тағзым етіп, алдына жығыла кетті. Олардың әрқайсысының қолында кифара атты ішекті аспап пен хош иісті тартуларға толы алтын, яғни, киелілердің мінәжатын білдіретін тостаған болды.</verse>
				<verse number="9">Осыдан кейін олар мынадай бір жаңа әнді айта бастады: -Кітапты алуға да, ондағы мөрді бұзуға да тек Сен лайықтысың! Өйткені Сен құрбандық Тоқты ретінде сойылып, әрбір ру мен әрбір тілді, әрбір халық пен әрбір ұлтты Құдайға арнау үшін, қаныңмен олардың құнын өтедің!</verse>
				<verse number="10">Оларды біздің Құдайымызға, Оның Патшалығына қызмет ететін қызметшілер етіп тағайындадың, енді олар жер бетінде патшалық құратын болады!</verse>
				<verse number="11">Содан кейін қарағанымда жануарлар мен ақсақалдарды, тақтың жан-жағын қоршап тұрған періштелердің орасан зор дауыстарын естідім, олардың саны мың-мыңдаған, тіпті, бірнеше он мыңнан еді.</verse>
				<verse number="12">Олар қатты дауыстап: -Күш пен байлықты, даналық пен құдіретті, құрмет пен даңқты және мадақты тек құрбандық болған Тоқты ғана қабылдауға лайықты! -деп жариялаумен болды.</verse>
				<verse number="13">Сосын мен жердегі, аспандағы, жер астындағы, теңіздегілер мен онда тіршілік ететіндердің, жаратылғанның барлығының дауыстап: -Тақта Отырғанға және құрбандық болған Тоқтыға мәңгілік мадақ, құрмет пен даңқ! -деп жарылқап, бата беріп жатқанын естіп тұрдым.</verse>
				<verse number="14">Сол кезде төрт жануар: «Аумин!» -деді. Ақсақалдар тақта Отырғанның алдына етпетінен жығылып, Оған тағзым етті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="6">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен Тоқтының жеті мөрдің біреуін *сындырып, ашып жатқанын көрдім, сол кезде төрт жануардың бірінің қатты дауыстап: -Бері кел! -дегенін естідім.</verse>
				<verse number="2">Мен қараған кезде ақ боз атты көрдім, оның үстінде қолында садағы бар біреу отырды, оған жеңімпаздың тәжі берілді, ол жеңіске қол жеткізбек болып, сол жерден жеңімпаз сияқты шығып кетті.</verse>
				<verse number="3">Бұдан кейін Тоқты екінші мөрді ашты, сол кезде екінші жануардың да: - Бері кел! - дегенін естідім.</verse>
				<verse number="4">Міне, сол кезде от түстес бір қызыл ат шықты. Оның үстінде отырғанға адамдар бірін-бірі өлтіріп, қырыпжоятын, сөйтіп, жер бетін бейбітшіліктен айыратын қылыш берілді.</verse>
				<verse number="5">Тоқты үшінші мөрді ашқан кезде, мен үшінші жануардың даусын естідім, ол да: -Бері кел! -деді. Сонда түсі қара бір ат келді, оның үстінде отырғанның қолында өлшейтін таразы бар екенін көрдім.</verse>
				<verse number="6">Сол сәтте мен төрт жануардың арасынан шыққан мынадай дауысты естідім, сол дауыс: -Бір күндік азық болатын бидайдың өлшемі бір килограмм, құны-бір динарий, ал бір күнге азық болатын арпаның өлшемі үш килограмм, құны бір динарий болсын, ал май мен шараптың өлшеміне зиян келтірме, - деді.</verse>
				<verse number="7">Тоқты төртінші мөрді ашқан кезде, мен төртінші жануардың: - Бері кел! - деген даусын естідім.</verse>
				<verse number="8">Сол кезде мен түсі сұп-сұр бір боз атты көрдім, оның үстінде отырғанның есімі Өлім деп аталатын, оның артынан тозақ еріп жүрді. Оларға жердің төрттен бір бөлігін қылышпен, ашаршылықпен, індетпен және жыртқыш аңдардың шабуылы арқылы өлтіретін билік берілді.</verse>
				<verse number="9">Тоқты бесінші мөрді ашқан кезде, мен құрбандық үстелінің аяқ жағынан Құдайдың сөзі үшін және өз өміріндегі куәліктері үшін құрбан болған адамдардың жанын көрдім.</verse>
				<verse number="10">Сол сәтте олар қатты дауыстап: -Киелі де шынайы Иеміз, Сен жер бетіндегі адамдардан біздің төгілген қанымыздың құнын қашан талап етесің? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="11">Сол сәтте олардың әрқайсысына аппақ киім берілді, содан кейін өздерінің бауырластары және бірге қызмет еткен серіктестері де олар секілді өлімге дайын болып, олардың ортасын толтырғанша, әлі де біраз уақыт күту қажет екені айтылды.</verse>
				<verse number="12">Осыдан кейін мен Тоқтының алтыншы мөрді ашып жатқанын көрдім, сонда кенеттен қатты жер сілкінісі болып, күннің бетін қаралы киіммен жапқандай қап-қара болып кетті, айдың түсі қып-қызыл қан секілді қызарды.</verse>
				<verse number="13">Аспандағы жұлдыздар қатты дауылдан шайқалып, піспей үзіліп түскен інжір ағашының жемістері секілді жерге түсіп жатты.</verse>
				<verse number="14">Аспан шиыршық кітап секілді оралып, көзден ғайып болды, әрбір тау, әрбір арал тұрған орындарынан жылжытылды.</verse>
				<verse number="15">Сол кезде жер бетіндегі патшалар да, жоғарғы дәрежелі ақсүйектер мен мыңбасылар да, шіріген байлар мен өздерін мықты санап жүргендер де, әрбір құл мен еріктілер де үңгірлер мен таулы жартастарға жасырынды.</verse>
				<verse number="16">Олар таулар мен жартастарға: «Біздің үстімізге құлаңдаршы, бізді тақта Отырғанның және Тоқтының қаһарынан жасыра көріңдерші!» - деп жалынды.</verse>
				<verse number="17">Олардың қаһарын төгетін өте ауыр күн туды, бұған кім төзе алады?</verse>
			</chapter>
			<chapter number="7">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен жердің төрт бұрышында тұрған төрт періштені көрдім, олар не жерге, не теңізге, не ешқандай ағашқа жел соқпасын деп, жер бетіндегі желді төрт жағынан ұстап тұрды.</verse>
				<verse number="2">Содан кейін мен күннің шығыс жағынан өзіне мәңгі тірі Құдайдың мөрі басылған бір періштенің шығып келе жатқанын көрдім. Ол жер мен теңізге зиянын тигізуге билік берілген төрт періштеге бар даусымен былай деп айғай салды:</verse>
				<verse number="3">-Біздің Құдайымыздың құлдарының маңдайларына мөр басылғанша, жерге де, теңізге де, жердегі әрбір ағашқа зияндарыңды тигізбеңдер!</verse>
				<verse number="4">Сол кезде мен мөр басылатындардың саны жүз қырық төрт мың болып, олар Исраилдің әрбір руынан шыққан ұлдардан болуы тиісті екенін естідім.</verse>
				<verse number="5">Сонда Яһуда руынан шыққандардың саны -он екі мың, Рубен руынан-он екі мың, Ғад руынан-он екі мың,</verse>
				<verse number="6">Ашир руынан шыққандардың саны-он екі мың, Нафталим руынан-он екі мың, Манаса руынан-он екі мың,</verse>
				<verse number="7">Шимон руынан шыққандардың саны-он екі мың, Леуі руынан-он екі мың, Исашар руынан-он екі мың,</verse>
				<verse number="8">Завулон руынан шыққандардың саны-он екі мың, Жүсіптің руынан-он екі мың, Буниямин руынан-он екі мың адам болып белгіленді де, мөрмен бекітілді.</verse>
				<verse number="9">Бұдан кейін мен санаса сан жетпейтін көптеген халықтың тұрғанын көрдім. Олар әр түрлі ұлттан, рулар мен халықтардан, түрлі тілдерден шыққандар еді. Олар аппақ киім киіп, тақта Отырғанның және Тоқтының алдында тұрды, олардың қолдарында пальма ағашының бұтақтары болды.</verse>
				<verse number="10">Сонда олар: -Бізге құтқарылуды тақта отырған біздің Құдайымыз және Тоқты береді! -деп қатты дауыстап тұрды.</verse>
				<verse number="11">Сол кезде тақтың жан -жағында тұрған періштелер де, ақсақалдар да, төрт жануар да, жүздерін төмен салып, тақтың алдында жығылып, Құдайға табынды:</verse>
				<verse number="12">-Аумин! Жарылқайтын бата, даңқ пен даналық, мейірім мен құрмет, күш пен құдірет біздің Құдайымызға мәңгілікке берілген! Аумин!</verse>
				<verse number="13">Сол ақсақалдардың біреуі менен: -Мына аппақ киім киген адамдардың кім екенін білесің бе? Олар қайдан келген? - деп сұрады.</verse>
				<verse number="14">Мен оған: -Жоқ, мырзам, оны өзің білесің, -дедім. Сонда ол маған: -Бұлар ауыр азап пен қысым көргендер, олар киіп тұрған киімдерін Тоқтының қанымен жуып, ағартып алғандар.</verse>
				<verse number="15">Сондықтан олар Құдайдың тағының алдында тұрып, Оның киелі үйінде Оған күні-түні қызмет етеді, ал тақта Отырған Өзінің шатырын оларға кеңінен жайып қояды.</verse>
				<verse number="16">Енді олар ешқашан аштық көрмейді, ешқашан шөлдемейді және олардың бастарынан ешқашан күн де, қандай да бір аптап ыстық та өтпейтін болады.</verse>
				<verse number="17">Өйткені тақтың ортасында тұрған Тоқты оларды бағып, қамқор болады, оларды өмірдің бастауы болған тірі суға жетелеп апарады және олардың көзінен аққан жасты сүртіп отырады, - деп жауап берді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="8">
				<verse number="1">Тоқты жетінші мөрді ашқан кезде, көкте жарты сағатқа жуық тыныштық орнады.</verse>
				<verse number="2">Мен Құдайдың алдында тұрған жеті періштені көрдім, олардың жетеуіне жеті керней берілді.</verse>
				<verse number="3">Содан кейін тағы бір періште келді, хош иісті заттарды түтетуге арналған алтын ыдысымен құрбандық үстелінің жанына келді. Сол кезде оған түтеуге арналған өте көп хош иісті заттар берілді, ол сол хош иісті заттарды алып, барлық киелілердің өтініші мен мінәжаттарына қосып, оларды тақтың алдында орналасқан құрбандық үстелінің үстіне қойды.</verse>
				<verse number="4">Сонда періштенің қолымен түтетілген хош иісті заттардың түтіні киелілердің өтініш мінәжаттарымен бірге әуе кеңістігіне жайылып, Құдайдың алдына жетті.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде періште хош иісті зат түтететін ыдысты алып, оны құрбандық үстелінде жанып жатқан оттың шоғымен толтырып, жерге лақтырып жіберді. Сол сәтте күн күркіреп, айғайлаған дауыстар шығып, найзағай жарқылдап, жер сілкінді.</verse>
				<verse number="6">Сонда қолдарында кернейлері бар жеті періште кернейлерін тартуға дайындала бастады.</verse>
				<verse number="7">Бірінші періште кернейін тартқан кезде, көктен қан мен от аралас бұршақ жауып, жерге түсіп жатты, сонда жердің үштен бір бөлігі және ағаштардың үштен бір бөлігі, жердегі көк шөптің бәрі өртке оранды.</verse>
				<verse number="8">Екінші періште кернейін тартқан кезде, тау сияқты отқа оранған үлкен бір нәрсе жердегі теңізге тасталды, сонда теңіздің үштен бір бөлігі қанға айналды.</verse>
				<verse number="9">Теңіздегі тірі жәндіктерінің үштен бір бөлігі қырылып, кемелердің үштен бір бөлігі қирап қалды.</verse>
				<verse number="10">Үшінші періште кернейін тартқан кезде, көктен алау секілді лаулап жанған бір үлкен жұлдыз жер бетіндегі өзендер мен су көздерінің үштен бір бөлігіне құлап түсті.</verse>
				<verse number="11">Құлап түскен жұлдыз Жусан деп аталады. Сонда судың үштен бір бөлігі жусан сияқты ащы болып, одан ішкен адамдардың көбі өліп кетті, өйткені Жусан түскен су толығымен ащы болды.</verse>
				<verse number="12">Төртінші періште кернейін тартқан кезде, күннің үштен бір бөлігі, айдың үштен бір бөлігі, жұлдыздардың үштен бір бөлігі зақымданып, олардың үштен бір бөлігі жарық бермей, жер қара түнекке айналды, сонымен қатар, күннің де үштен бір бөлігі жарық бермей, түндей түнеріп тұрды.</verse>
				<verse number="13">Осыдан кейін мен аспанның қақ ортасында қалықтап ұшып жүрген бір бүркітті көрдім, ол: -Енді қалған үш періште кернейлерін тартуға дайындалып тұр, олардың кернейлерінің даусы шыққан кезде, жерде өмір сүріп жатқан адамдар, сендер қасіретке қаласыңдар! Қасіретке қаласыңдар! Қасіретке қаласыңдар! -деп ол қатты дауыстап айғайлады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="9">
				<verse number="1">Осыдан кейін бесінші періште кернейін тартты, сол кезде мен көктен жерге құлап түскен бір жұлдызды көрдім. Оған түпсіз тұңғиықта жатқан құдықтың кілті берілді.</verse>
				<verse number="2">Сонда ол жұлдыз түпсіз тұңғиықта жатқан құдықтың бетін ашты, сол кезде әлгі құдықтан бір алып пештен шыққандай қою түтін сыртқа шықты. Сол түтін ауаға таралды, ол күннің көзін жауып, айналаны қара түнекке айналдырды.</verse>
				<verse number="3">Одан кейін әлгі түтіннен шегірткелер пайда болып, олар бүкіл жер бетін басып алды, жердегі шаяндарға қандай күш берілген болса, оларға да дәл сондай күш берілді.</verse>
				<verse number="4">Оларға жердегі шөпке, кез-келген жасыл өсімдіктер мен ағаштарға зиян келтіруге тыйым салынды, бірақ ол маңдайларында Құдайдың мөрі басылмаған адамдарға зиянын тигізе алатын еді.</verse>
				<verse number="5">Сонымен, шегірткелердің мақсаты адамдарды өлтіру емес, оларды бес ай бойы қинау болатын. Олар адамдарды шаққанда, оларға келтіретін зияны шаянның шаққанымен бірдей болды, сонда адамдар азап шегіп, қатты қиналатын.</verse>
				<verse number="6">Міне, адамдардың басына, шынымен де, сол күндер туғанда, олар өз-өзіне өлім тілейтін халге душар болады, бірақ өлімді іздесе де таба алмайды, өлгісі келсе де, өлім олардан қашып кетеді.</verse>
				<verse number="7">Шегірткелер ұрысқа дайын тұрған аттардың бейнесіне ұқсас болды. Олардың бастарында алтын сияқты сары түсті, жылтыр тәж болды, ал бет-әлпеті адамдардікіне ұқсас еді.</verse>
				<verse number="8">Олардың шаштары әйелдердің шашына ұқсас болса, тістері арыстанның тістеріндей болды.</verse>
				<verse number="9">Шегірткенің үстінде қатты, темір сияқты сауыт болды және олардың қанаттарының суылы шайқасқа шыққан сансыз көп аттың шапқан шабысын және атқа жеккен соғыс арбаларының шуылын еске салады.</verse>
				<verse number="10">Сонымен қатар, олардың құйрықтарында шаянның құйрығына ұқсаған өткір істік болды, құйрықтарындағы сол істікте бес ай бойы адамдарға зиян туғызатын күш болды.</verse>
				<verse number="11">Олардың үстінен тұңғиықтың періштесі патшалық етті. Еврей тілінде оның аты -«Аввадон», ал грек тілінде оны «Аполлион» (Құртушы) деп атайтын.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, бірінші қасірет өтіп кетті, енді осыдан кейін тағы да екі қасіреттің кезегі келіп жетті.</verse>
				<verse number="13">Алтыншы періште кернейін тартқан кезде, мен Құдайдың алдында орналасқан алтыннан жасалған құрбандық үстелінің төрт бұрышында тұрған төрт мүйіздің біреуінің сөйлеген даусын естідім.</verse>
				<verse number="14">Ол кернейі бар алтыншы періштеге: -Үлкен Евфрат өзенінің бойында байлауда жатқан төрт періштені босатып, олардың байлауын шешіп жібер, - деді.</verse>
				<verse number="15">Сол сағатқа, сол күнге, сол айға, сол жылға дайындалған төрт періште адамдардың үштен бір бөлігін өлтіру үшін босатып жіберілді.</verse>
				<verse number="16">Мен олардың атты әскерінің саны екі он мыңдық бөлімшеден тұратын он мың бөлімшенің бар екенін естідім.</verse>
				<verse number="17">Сонда мен аян арқылы сол аттарды және салт аттыларды көрдім. Ат үстінде отырғандардың киген сауыттары от түстес әрі қара көк пен күкірт түстес болды. Ал олар мінген аттардың басы артыстанның басына ұқсас болды, аттарының ауыздарынан жалындаған от пен түтін және күкірт шашырап тұрды.</verse>
				<verse number="18">Олар ауыздарынан үш рет от пен түтін және күкірт шашып, адамдардың денелеріне жара салды, содан адамзаттың үштен бір бөлігі қырылып қалды.</verse>
				<verse number="19">Аттардың күші олардың ауыздары мен құйрықтарында болды. Олардың құйрықтары басы бар жылан секілді болатын, олар сонымен адамдардың денесін шағып, жаралайтын.</verse>
				<verse number="20">Олардың зиянды әрекеттерінен өлмей, аман қалғандар өздерінің жасағандарына еш өкінбеді. Олар бұрынғыдай сайтанға, алтын, күміс, қола, тас пен ағаштан жасалған не көрмейтін, не естімейтін, не жүрмейтін пұттарға табынуларын тоқтатқан жоқ, олардан бас тартып, ойсаналарын өзгерту үшін тәубеге келмеді.</verse>
				<verse number="21">Олар өздерінің кісі өлтіргендеріне, сиқырлық жасағандарына, неке адалдығын бұзып, азғындықпен айналысқандарына да еш өкінбеді, солардан бас тартып, тәубеге келмеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="10">
				<verse number="1">Одан кейін мен өте бір мықты періштенің көктен түсіп келе жатқанын көрдім. Ол бұлтқа оранып алған және оның басының үстіңгі жағында кемпірқосақ жарқырап тұрды. Оның жүзі күндей жарқырап, аяқтары отты бағаналар сияқты еді.</verse>
				<verse number="2">Оның қолында беті ашылған бір кітапша болды. Әлгі періште оң аяғын теңіздің бетіне, сол аяғын жерге қойды.</verse>
				<verse number="3">Ол айғай салғанда, даусы ақырған арыстанның гүріліне ұқсас болды, осы ақырған дауыстан күн жеті рет күркіреді.</verse>
				<verse number="4">Күн жеті рет күркіреген кезде, мен жазуға дайындалдым, бірақ сол кезде көктен шыққан үннің: -Жеті рет күн күркірегенде айтылғанды жазба, оларды тек мөрмен бекітіп қой, - дегенін естідім.</verse>
				<verse number="5">Одан кейін бір аяғымен теңізде, бір аяғымен жерде тұрған әлгі мен көрген періште оң қолын көкке көтерді.</verse>
				<verse number="6">Көкті және көктегінің бәрін, жерді және жердегінің бәрін жаратқан, теңізді және ондағының бәрін жаратқан, ғасырдан ғасырға мәңгі жасайтын тірі Құдайға ант берді. -Берілген уақыттың мерізімі бітті, -деді ол, -енді уақыт (кешігу) болмайды.</verse>
				<verse number="7">Алайда жетінші періште кернейін тартуға дайын болғанда, кернейінің үні шығатын күн Құдайдың құпия жоспарының толық орындалатынын білдіреді, өйткені Құдай Өзінің құлдары пайғамбарларға қалай жеткізген болса, дәл солай болады.</verse>
				<verse number="8">Сосын көктен естілген әлгі дауыстың маған тағы да сөйлеп тұрғанын естідім: -Сен бір аяғын теңізге, екінші аяғын жерге қойған періштенің қолындағы кітапты ал, -деді.</verse>
				<verse number="9">Мен періштеге барып, оған қолындағы кітабын беруін сұрадым. Сонда ол маған: -Сен кітапты алған соң, оны жеп қоюға тиіссің, ол сенің асқазаныңа түскенде, ашытады, ал аузыңда бал секілді тәтті болады, - деді.</verse>
				<verse number="10">Мен періштенің қолындағы кітапты алдым да, оны жеп қойдым. Мен оны жей бастағанда, аузымда тәтті бал секілді болды да, ал жеп болған соң, асқазанымды күйдіріп жіберді.</verse>
				<verse number="11">Сонда маған былай деді: -Саған әлі де көптеген халықтар мен басқа ұлттарға, өзге тілде сөйлейтін рулар мен көптеген патшалықтарға осы пайғамбарлық хабарды жариялап, жеткізуге тиіссің.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="11">
				<verse number="1">Осыдан кейін маған асатаяққа ұқсайтын қамыстан жасалған өлшеуіш құрал беріліп, мынаны айтты: -Тұр да, мына құралмен Құдайдың киелі үйін және құрбандық үстелінің көлемін өлше, сосын Құдайдың киелі үйіне табынуға келгендерді санап шық.</verse>
				<verse number="2">Киелі үйдің көлемін өлшеген кезде, оның сыртқы ауласын өлшеме, оны сол күйінде қалдыр, өйткені ол -өзге ұлт өкілдеріне берілген жер, олар сол киелі қаланы қырық екі ай бойы аяқтарының астында таптайтын болады.</verse>
				<verse number="3">Мен оларға Өзім туралы қуәлік айтатын екі куәгерімді жіберемін. Олар үстеріне кенептен тігілген киімдерін киіп, оларға бір мың екі жүз алпыс күн бойы пайғамбарлық сөз айтады.</verse>
				<verse number="4">Осылайша олар жер әлемді жаратқан Жаратушы Иенің алдында өсіп тұрған қос зәйтүн ағашы мен қос шырағдан болмақ.</verse>
				<verse number="5">Егер де оларға біреу зиян тигізетін болса, осы екі куәгердің аузынан от шығып, жауларын жұтып қояды. Оларға зиян келтірмек болғандар сол арада өлтіріледі.</verse>
				<verse number="6">Себебі олар пайғамбарлық сөз айтқан күні жаңбыр жауғызбай, аспанды жауып қоятын және суды қанға айналдыра алатын, жер бетіне қанша зақым келтіріп, зардап шеккізгісі келсе, оны соншама іске асыра алатын билік берілген.</verse>
				<verse number="7">Олардың куәлік айтатын мерізімі аяқталған кезде, түпсіз тұңғиықтан бір хайуан шығып, оларға қарсы соғысып, жеңеді де, оларды өлтіреді.</verse>
				<verse number="8">Олардың мәйітін ұлы қаланың көшесіне әкеліп тастайды, сол қалаларды рухани жағынан Содом мен Мысыр деп те атайды, өйткені сол қалада олардың Иелері айқышқа шегеленген болатын.</verse>
				<verse number="9">Сонда тұратын халықтар мен әр түрлі рулар, әр тілде сөйлейтін ұлттар мен түрлі тайпалардың адамдары үш жарым күнге дейін әлгі екі куәгердің мәйіттерін көздерімен көреді, себебі сол уақытқа дейін олардың мәйіттерін жерлеуге рұқсат бермейді.</verse>
				<verse number="10">Олардың мұндай жағдайға тап болғанына жердің тұрғындары қатты қуанып, бір-біріне сыйлықтар беріп, мәз-мейрам болады, өйткені олар осы екі пайғамбар жердің тұрғындарына азап әкелді деп ойлайды.</verse>
				<verse number="11">Үш жарым күн өткен соң, Құдайдың өмір беруші Рухы олардың бойына кіреді, сонда оларға күш бітіп, олар аяқтарынан тік тұрады. Сол сәтте оларды көргендерді үрей билеп, оларға қатты қорқыныш келеді.</verse>
				<verse number="12">Сонда екі пайғамбар көктен: -Жоғарыға, көкке, көтеріліңдер, -деген дауысты естиді. Олар сол сәтте бұлтпен көкке көтеріліп кетеді, ал жаулары олардың көкке көтеріліп бара жатқан сәтінен көз алмай, қадалып қарап тұрады.</verse>
				<verse number="13">Сол сағатта қатты жер сілкінісі болып, қаланың оннан бір бөлігі қирайды. Сол жер сілкінісінен қырылған адамдардың саны жеті мыңға жетеді, аман қалғандарды қорқыныш билеп, олар көктегі Құдайды мадақтай бастайды.</verse>
				<verse number="14">Сонымен, екінші қасіреттің кезеңі өтіп кетті, енді тез арада үшінші қасірет жақындап келді.</verse>
				<verse number="15">Жетінші періште кернейін тартқан кезде, көктен: -Осы әлемнің патшалығы біздің Мәсіхтің Патшалығына айналды, енді Ол Өзінің Патшалығын ғасырдан ғасырға, мәңгілікке құрып, Патша болады! - деген дауыс естілді.</verse>
				<verse number="16">Сонда тақта отырған жиырма төрт ақсақал бастарын төмен иіп, Құдайдың тағының алдына жығылып, тағзым етіп,</verse>
				<verse number="17">былай деді: -Жаратқан Ие, Осы әлемнің Иесі-Сенсің, біз Саған алғысымызды айтамыз, Сен-мәңгі бар Құдайсың, Сен-әуел бастан болған Құдайсың, Сен Өзіңнің құдіретті билігіңді алып, Ұлы Патшалығыңды құрдың.</verse>
				<verse number="18">Өзге ұлттың адамдары ашуға булығып, бас көтеруде, енді Сенің де ашу шақыратын кезің келді. Өлгендерді соттайтын және Өзіңе адал болып, құл ретінде қызмет еткен пайғамбарларың мен киелі қызметкерлеріңе, Сенің атың аталғанда қорқыныш билейтін үлкен-кішіге, яғни, олардың әрқайсысына лайықты сыйларын беріп, жер бетінде адамдарды құртып жүргендердің көзін жоятын уақытың келді.</verse>
				<verse number="19">Сонда Құдайдың көктегі киелі үйінің есігі ашылды да, Құдайдың келісім сандығының Құдайдың киелі үйінің төрінде тұрғаны көрсетілді, сол сәтте найзағай жарқылдап, дауыстар естіліп, күн күркіреп, жер сілкініп, қалың бұршақ жауды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="12">
				<verse number="1">Бір кезде көкте үстіне күннің киімін киген, аяғының астында ай бар, басында он екі жұлдыздан тәж таққан әйел көрініп, таңғаларлық бір көрініс пайда болды.</verse>
				<verse number="2">Сонымен қатар, жаңағы әйелдің аяғы ауыр екен, босанатын уақыты жақындап, толғақтан қатты қиналып, ауырсына айғайлады.</verse>
				<verse number="3">Осы сәтте көкте тағы да мынадай бір көрініс пайда болды: жеті басы, он мүйізі бар, жеті басына жеті патшалықтың тәжін киген оттай қызыл түсті бір алып айдаһар көрінді.</verse>
				<verse number="4">Сол айдаһар көктегі жұлдыздардың үштен бір бөлігін құйрығымен сыпырып жинап алды да, оларды жерге қарай лақтырып жіберді. Одан кейін ол туылған Нәрестені жұтып қою үшін, толғатып жатқан әйелдің алдына барып тұрып алды.</verse>
				<verse number="5">Міне, әйел босанды, сонда одан бүкіл халыққа қамқор болып, оларды темір асатаяқпен бағатын Ұл бала туылды. Сол сәтте әлгі Ұл бала Құдайдың тағының алдына апарылды.</verse>
				<verse number="6">Ал әйел Құдайдың Өзі оған арнайы айдалада дайындап қойған орынға қашып кетті, Құдай оны сол жерде бір мың екі жүз алпыс күн бойы тамақтандырды.</verse>
				<verse number="7">Осы мезгілде көкте соғыс басталып кетті. Михайл өзінің періштелерімен бірге айдаһарман соғысты, ал айдаһар өзінің періштелерімен бірге Михайлдің першітелерімен соғысты.</verse>
				<verse number="8">Ең соңында айдаһардың да, оның періштелерінің де бұдан әрі соғысуға күштері жетпеді, сондықтан енді олардың көкте қалуына орын қалмады.</verse>
				<verse number="9">Сонымен, өткен замандардан бері жылан әрі әзәзіл, сайтан атанып келген және бүкіл жер беті тұрғындарын өтірігімен алдап-арбап келген алып айдаһар өзінің періштелерімен бірге көктен жерге тасталды.</verse>
				<verse number="10">Сонда мен көктен шыққан қатты бір дауысты естідім, ол былай деді: -Құтқарылу енді келді, Құдайдың құдіретті күші әрі біздің Құдайдың патшалығы мен Мәсіхтің билігі жеңіске жетті! Құдайдың алдында тұрып, күні-түні біздің бауырластарымызға жала жауып, оларды айыптаушы көктен жерге тасталды!</verse>
				<verse number="11">Біздің бауырластарымыз Құрбандық Тоқтының қанымен және сөз арқылы берілген куәліктері арқылы оны жеңіп, жеңіске жетті. Олар жандарын аямай, өлімге дейін барды.</verse>
				<verse number="12">Сондықтан көк пен онда тұрып жатқандардың барлығы қуаныңдар! Алайда жер мен теңіздегілерге қарғыс келді, өйткені сайтан көктен жерге түсті. Ол енді бар ашуын сендерден алмақ, себебі ол өзінің уақытының аз қалғанын біледі.</verse>
				<verse number="13">Әзәзіл сайтан өзінің көктен жерге тасталғанын көрген кезде, ол Ұл бала туған әйелді қудалай бастады.</verse>
				<verse number="14">Сонда әлгі әйелге өзіне арнайы шөл далада дайындалған орынға ұшып кетуі үшін, бүркіттің екі үлкен қанаты берілді. Сол әйел айдаһардың аяғы жетпейтін жерде, үш жарым жыл уақыт бойы арнайы қамқорлықта болады.</verse>
				<verse number="15">Жылан әйелдің ізіне түсіп, қудалауын тоқтатпады, арандай ашылған аузынан суын ағызып, өзеннің ағысындай осы сумен ағызбақ болып, әйелге қарсы жіберді.</verse>
				<verse number="16">Сол сәтте әйелге жер көмек көрсетті: жер ашылып, айдаһардың аузынан шыққан өзенді жұтып қойды.</verse>
				<verse number="17">Сонда жылан әйелге қатты ашуланып, сол жерден кетіп қалды. Содан кейін ол сол әйелдің артында қалған ұрпақтарымен, яки, Құдайдың өсиетін орындап, Иса туралы куәлік айтып жүргендермен соғысу үшін, теңіздегі құмға барып, сол жерден орын тепті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="13">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен бір хайуанның теңізден шығып келе жатқанын көрдім, әлгі хайуанның он мүйізі мен жеті басы бар екен. Оның он мүйізіне он патшалықтың тәжі киілген, оның басында Құдайды қорлайтын есімдер жазылған.</verse>
				<verse number="2">Мен көрген хайуан қабыланға ұқсас болды, аяқтары аюдың аяқтарына, ал аузы арыстанның аузына ұқсас еді. Айдаһар әлгі хайуанға өзінің күші мен тағын ұсынып, оған үлкен билік берді.</verse>
				<verse number="3">Бірақ әлгі хайуанның жеті басының біреуінде оны өлімге жеткізетіндей жарақаты болды, бірақ сол жарақат тез арада жазылып кетті. Бұған жердегілердің бәрі таңтамаша болып, олардың бәрі әлгі хайуанның соңынан еріп кетті.</verse>
				<verse number="4">Сөйтіп, әлгі хайуанға билік берген айдаһарға барлығы тағзым етті. Содан олар хайуанның өзіне тағзым етіп: -Бұл хайуанға тең келетін кім бар? Кім оған қарсы шығып, онымен соғыса алады? - десті.</verse>
				<verse number="5">Сол хайуанға қырық екі ай бойы (тәкаппарлықпен) Құдайға тіл тигізіп, қорлайтын үлкен ауыз бен билік берілді.</verse>
				<verse number="6">Міне, содан бастап оның аузынан былапыт сөздер шықты, Құдайдың Өзін, Құдайдың есімін, Құдайдың мекенін және Құдаймен бірге көкте тұратын көктің тұрғындарын балағаттай бастады.</verse>
				<verse number="7">Оған Құдайдың киелі халқына қарсы соғысып, оларды жеңетін мүмкіндік және әрбір тайпалар мен халықтардың, әр түрлі тілдер мен нәсілдердің үстінен қарайтын билік берілді.</verse>
				<verse number="8">Сонымен, оған жер бетіндегі тұрғындардың бәрі құлшылық ете бастады, осы әлем жаратылғаннан бері кімнің есімі Тоқтының Өмір кітабына жазылған болса, солардан басқаның бәрі әлгі хайуанға тағзым етіп, соған табынады.</verse>
				<verse number="9">Құлағы барлар, жақсылап тыңдап алсын!</verse>
				<verse number="10">Егер кімге тұтқынға түсу тағайындалған болса, онда сол тұтқынға түседі, ал кімге семсерден өлу бұйырған болса, сол семсерден өледі. Міне, Құдайдың киелі халқына сенім мен табандылық осы кезде қажет болады.</verse>
				<verse number="11">Осыдан кейін мен басқа бір хайуанның жерден шығып келе жатқанын көрдім. Оның басында қозынікіндей екі мүйізі болды, бірақ ол айдаһар сияқты сөйледі.</verse>
				<verse number="12">Ол алғашқы хайуанның алдына барды да, оның да дәл сондай билігі барын көрсету үшін, жер бетінде тұрып жатқандардың бәрін өлімге әкелетін жарақатынан жылдам жазылып кеткен хайуанға табынуға мәжбүрледі.</verse>
				<verse number="13">Ол зор кереметтер жасап, әуелі, адамдардың көз алдында жанған отты көктен түсіреді.</verse>
				<verse number="14">Сөйтіп, ол алғашқы хайуанның алдында өзінің зор кереметтерін жасап, сол арқылы жердің барлық тұрғындарын алдап, оларды түгелдей жалған жолға түсіріп жібереді. Ол оларға семсердің жүзінен алған жарақатынан өліп, қайта тірілген хайуанның мүсінін жасауға бұйырып, оларды соған табынуға міжбүрледі.</verse>
				<verse number="15">Сол үшін оған алғашқы хайуанның жансыз мүсініне жан бітіретін рух берілді, сонда мүсінге жан бітіп, ол сөйлейтін болды. Ал кімде-кім алғашқы хайуанның мүсініне табынбайтын болса, солардың бәрі өлтірілді.</verse>
				<verse number="16">Ол үлкендер мен кішілердің, байлар мен кедейлердің, ерікті мен құлдардың әрқайсысына, олардың оң қолы мен маңдайларына мәжбүрлеп таңба салдырады.</verse>
				<verse number="17">Кімнің таңбасы болмаса, онда ол еш нәрсе сатып та, сата да алмайтын болады, ал сол таңбада хайуанның аты немесе оның атының саны көрсетілген.</verse>
				<verse number="18">Мұны түсіну үшін, даналық қажет! Кімде зерделі ақыл болса, сол хайуанның есіміне байланысты санды есептеп шығарсын, өйткені ол сан адаммен байланысты, ол сан-алты жүз алпыс алты.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="14">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен Сион тауының үстінде тұрған Тоқтыны және Оның қасында маңдайларына Тоқтының есімі, Оның әкесінің есімі жазылып, Онымен бірге тұрған жүз қырық төрт мың адамды көрдім.</verse>
				<verse number="2">Сол кезде мен көктен күшті судың ағынындай шуды және күннің қатты күркіреуіне ұқсаған дыбысты естідім, бір жағынан мен естіген сол дыбыс бір топ кифаршылар ойнағанда шығатын кифардың әуенді даусына ұқсас болды.</verse>
				<verse number="3">Олар тақтың алдында тұрған төрт хайуанмен және ақсақалдармен бірге жаңадан шыққан бір әнді айта бастады. Алайда бұл әнді күнәларының құны өтеліп, осы әлемнен сатып алынған жүз қырық төрт мың адамнан басқа ешкім жаттай алмады.</verse>
				<verse number="4">Бұлар өз денелерін арамдамау үшін, әйелдермен жақындаспағандар, өздерін таза ұстаған пәк жандар болатын. Олар Тоқты қайда барса, барлық жерде Оның артынан еріп, бірге жүргендер. Сонымен қатар, олар бүкіл адамзаттың арасынан шыққан және Құдай мен Тоқты олардың құнын төлеп, сатып алған ең алғашқы жемістер болатын.</verse>
				<verse number="5">Олардың ауыздарынан ешқандай өтірік те шыққан емес, сол себепті олар мінсіз, таза болғандар.</verse>
				<verse number="6">Бұдан кейін мен аспанның қақ ортасында ұшып жүрген басқа бір періштені көрдім. Сол періште жерде өмір сүретін барлық халықтар мен руларға, әр тілде сөйлейтін ұлттар мен тайпаларға Қүдайдың мәңгі өшпейтін Ізгі хабарын жариялап, оларға жеткізетін періште болатын.</verse>
				<verse number="7">Ол қатты дауыстап: -Құдайдан қорқыңдар, Оның даңқын мадақтаңдар, өйткені Ол бәрін соттайтын болады. Оның сол уақыты, міне, келді, сондықтан көк пен жерді, теңіз бен су көздерін жаратқан Иені дәріптеп, Соған табыныңдар, - деді.</verse>
				<verse number="8">Оның соңынан тағы бір періште еріп: -Құлады! Барлық халықты азғындыққа жетелеп, оларға соның шарабын ішкізіп, Құдайдың қаһарын туғызған ұлы Бабыл құлады! -деп дауыстады.</verse>
				<verse number="9">Оның соңынан ерген үшінші періште де қатты дауыстап: -Егер де кімде-кім хайуанға құрмет көрсетіп, дәріптеп, оның мүсініне табынатын болса, оның таңбасын өзінің маңдайы мен қолына салдыратын болса,</verse>
				<verse number="10">онда ол Құдайдың қаһарына ұшырап, ешқандай қоспа араластырылмаған Құдайдың қаһарына толы тостағандағы шараптан ішетін болады, сөйтіп, ол киелі періштелер мен Тоқтының алдында от пен күкіртке күйіп, азапқа түсетін болады.</verse>
				<verse number="11">Олар азап шеккен кезінде шыққан түтін мәңгілікке көтерілетін болады, олар күні-түні тыныштық көрмейді. Сонымен, хайуанды дәріптеп, оның мүсініне табынып, оның таңбасын маңдайларына басқызып алғандардың тағдыры осылай болмақ, - деді.</verse>
				<verse number="12">Бұл Құдайдың өсиетін орындап, сенімдерін Исаға артып жүрген киелілерді табанды болуға шақырады.</verse>
				<verse number="13">Мен көктен былай дегенді естідім: -Осы сәттен бастап, Жаратқан Иемен бірге болып, Сол үшін өлімге барғандар бақытты, -деп жаз. Рух оларға: -Иә, -дейді, -олар енді ауыр еңбектен кейін демалады, өйткені олардың атқарған еңбектері олардың артында өшпес ізін қалдырды.</verse>
				<verse number="14">Осыдан кейін мен бір аппақ бұлттың пайда болғанын көрдім. Сол аппақ бұлттың үстінде Адам Ұлына ұқсас Біреу отырды. Оның басында алтын тәж, қолында өткір жүзді орақ болды.</verse>
				<verse number="15">Сол сәтте Құдайдың көктегі киелі үйінен бір періште шығып, аппақ бұлттың үстінде отырған Адамға: -Орағыңды ал да, оруды баста, себебі егіндікті орып алатын уақыт келді, жердегі егіндік те пісті, - деп дауыстады.</verse>
				<verse number="16">Жаңағы аппақ бұлттың үстінде отырған Адам қолындағы орақты жерге қарай лақтырып жіберді, сонда жердегі егін орылып, жиналды.</verse>
				<verse number="17">Осыдан кейін Құдайдың көктегі киелі үйінен тағы бір періште шықты, оның да қолында сондай өткір жүзді орақ болды.</verse>
				<verse number="18">Дәл осы кезде құрбандық үстелі тұрған жерден тағы бір періште шықты, бұл періштеге оттың үстінен қарайтын билік берілген еді. Сол періште қолында өткір жүзді орағы бар періштеге дауыстап: -Орағыңды ал да, жерде өсіп тұрған жүзім бұталарының сабақтарын орып ал, себебі жүзімдердің жемісі пісіп, оруға дайын тұр, - деді.</verse>
				<verse number="19">Сонда әлгі қолында өткір жүзді орағы бар періште орағын жерге қарай лақтырып жіберіп, жерде өсіп тұрған жүзімдіктің сабағын кесіп алды да, оны жүзімнің шырынын сығатын үлкен ыдысқа, яғни, Құдайдың төгілген қаһарының астына тастады.</verse>
				<verse number="20">Жүзімнің жемісін аяқпен басып, шырынын сығып шығаратын орын қаланың сыртында орналасқан болатын. Жүзімді аяқпен таптап, сыққан кезде, одан ағып шыққан қанның (қызыл шырынның) биіктігі аттың ауыздығына дейін жетсе, ал оның көлемі үш жүз шақырымды алып кетті.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="15">
				<verse number="1">Осыдан кейін көктен мен тағы да бір үлкен көріністі көрдім, оның ерекшелігі: жеті періште көрініп, олар соңғы жеті қасіретті жіберуге дайын тұрды, өйткені бұл Құдайдың қаһарының соңғы кезеңі болатын.</verse>
				<verse number="2">Мен отпен араласқан әйнекке ұқсас бір теңізді көрдім. Сол әйнекке ұқсас теңіздің үстінде *хайуанды да, оның мүсінін де жеңіп, оның билігін де тартып алған және оның атына байланысты санның үстіне аяғын салып, табанының астына басып тұрған адамдарды көрдім, олардың қолдарында Құдайдың берген кифар атты ішекті аспаптары болды.</verse>
				<verse number="3">Олар Құдайдың құлы Мұса мен Тоқтының жырын былай деп әндетіп тұрды: -Уа, Жаратқан Ие, сенің істерің ұлы әрі керемет! Сенің жолдарың әділдік пен шындыққа толы, Сен-барлық халықтарға Патшасың!</verse>
				<verse number="4">Уа, Жаратқан Ие, Сенен қорықпайтын кім бар? Сенің атыңды кім даңққа бөлемейді? Жалғыз Сен ғана киелісің! Барлық халықтар тек Саған келіп, Саған ғана бас иеді, себебі Сен Өзіңнің істеріңнің әділетті екенін анық көрсеттің!</verse>
				<verse number="5">Осыдан кейін мен көктегі Киелі шатырдың осыған куәлік ретінде ашылғанын көрдім.</verse>
				<verse number="6">Одан қолдарында соңғы жеті қасіреті бар жеті періште шықты. Олардың үстінде таза жылтыраған бәтестен киімдері бар, ал кеуде тұсына алтыннан белдік тағынған.</verse>
				<verse number="7">Сол кезде төрт жануардың біреуі мәңгі тірі Құдайдың қаһарына толы жеті алтын тостағанды жеті періштеге әкеліп берді.</verse>
				<verse number="8">Сонда көктегі Құдайдың үйі Оның даңқы мен құдіретті күшінен шыққан түтінге толып кетті. Жеті періштенің жіберетін жеті қасіреті ақырына дейін жетіп, толық орындалып болғанша, ешкім де көктегі Құдайдың үйіне кіре алмады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="16">
				<verse number="1">Осы кезде мен көктегі Құдайдың үйінен шыққан бір дауысты естідім, сол дауыс жеті періштеге: -Құдайдың қаһарына толы жеті тостағанды жерге төгіңдер, - деді.</verse>
				<verse number="2">Бірінші періште барып, Құдайдың қаһарына толы тостағанды жерге төгіп жіберді, сонда хайуанның таңбасы бар адамдарда және сол хайуанның мүсініне табынып жүргендердің денесінде қорқынышты іріңді жаралар пайда болды.</verse>
				<verse number="3">Екінші періште барып, Құдайдың қаһарына толы тостағанды теңіздің үстіне төкті, сонда теңіз қанға айналды, қанның түсі өлген адамның қанына ұқсас болды, сонда теңіздегі бүкіл тіршілік иелерінің бәрі қырылып қалды.</verse>
				<verse number="4">Одан кейін үшінші періште барып, Құдайдың қаһарына толы тостағанды өзендер мен су көздеріне төкті, олар да қанға айналды.</verse>
				<verse number="5">Сол кезде суға билік ететін періштенің былай деген лаусын естідім: -Құдай, Сен-әділеттісің, Сен-қазір де бар Құдайсың, Сен әуел бастан бар болдың, Сен киелісің, бұл сот-Сенің сотың, сондықтан Ол-әділетті.</verse>
				<verse number="6">Олар Сенің киелі халқыңның және пайғамбарлардың қанын аяусыз төкті, сондықтан Сен оларға қан ішкіздің, олар соған лайықты болды, - деді.</verse>
				<verse number="7">Сол сәтте құрбандық үстелінің жанынан шыққан дауыстың: -Иә, Жаратушы Құдай Ие, бүкіл әлемнің Билеушісі, Сенің сотың шынайы әрі әділ, -деп айтқанын естідім.</verse>
				<verse number="8">Төртінші періште барып, Құдайдың қаһарына толы тостағанды күнге төкті, күнге адамдарды күйдіретін мүмкіндік берілді.</verse>
				<verse number="9">Сонда аспан айналып жерге түскендей ыстық болып, күн адамдарды қызуымен күйдіре бастады. Адам төзгісіз, ми қайнатар ыстықта олар осы қасіреттің үстінен билік ететін Құдайға тіл тигізді. Құдайдың даңқын дәріптейтін мүмкіндіктері болса да, олар тәубеге келіп, теріс жолдарынан қайтпады.</verse>
				<verse number="10">Міне, бесінші періште барып, Құдайдың қаһарына толы тостағанды хайуанның тағының үстіне төкті, сонда оның тағын қараңғы түнек басты. Адамдар ауырсына қиналып, тістене ыңқылдады.</verse>
				<verse number="11">Олар денелеріндегі жаралардан қатты азап шексе де, не тәубе етпеді, не өздерінің істерінен бас тартпады, керісінше, көктегі Құдайға тіл тигізді.</verse>
				<verse number="12">Ал алтыншы періште Құдайдың қаһарына толы тостағанды Ефрат деген үлкен өзеннің үстіне төкті. Сонда оның суы тартылып, өзен құрғап қалды, себебі шығыс жақтан келетін патшаларға сол жақтан жол дайындау қажет болды.</verse>
				<verse number="13">Сонда мен айдаһардың аузынан, хайуанның аузынан және жалған сөйлейтін пайғамбардың да аузынан құрбақаға ұқсаған таза емес үш рухтың шыққанын көрдім.</verse>
				<verse number="14">Бұлар кереметтер жасайтын сайтанның рухтары болатын. Олардың негізгі мақсаты жер бетіндегі барлық патшаларға барып, басын біріктіріп, оларды ұлы күнге, яғни, бүкіл әлемнің билеушісі Құдаймен соғысатын күнге дайындау еді.</verse>
				<verse number="15">-Абай болыңдар! Мен ұры секілді аяқ астынан келемін! Өзінің ұятты жерін көрсетпей, жалаңаш жүрмей, киімдерін сақтап, сергек жүрген жан бақытты.</verse>
				<verse number="16">Сонымен, әлгі рухтар патшалардың басын қосып, оларды еврейше Армагедон деген жерге жинады.</verse>
				<verse number="17">Міне, жетінші періште Құдайдың қаһарына толы тостағанды ауаға шашып жіберді. Сол кезде Құдайдың көктегі үйіндегі тақтан: -Орындалды! -деген қатты дауыс шықты.</verse>
				<verse number="18">Сонда найзағай ойнап, дауыстар естіліп, күн күркіреп, күшті жер сілкінісі болды. Дәл мұндай алапат жер сілкінісі адам баласы жер бетін мекендеген кезден бері бұрын-соңды болған емес.</verse>
				<verse number="19">Жер сілкінісі кезінде Ұлы қала үшке бөлінді, басқа халықтар тұрып жатқан қалалар жермен жексен болып қирады. Осылайша ұлы Бабылдың іс-әрекетін есінде сақтап жүрген Құдай Өзінің қаһарына толы тостағандағы шараптан оған осылай ішкізді.</verse>
				<verse number="20">Аралдар түгелдей жоғалып кетті, таулар тып -типыл болды.</verse>
				<verse number="21">Көктен адамдардың үстіне салмағы бір талант (27 кг) тартатын бұршақ жауды, бұл адамдарға үлкен қорқыныш әкелді, сол бұршақтан жарақат алған адамдар Құдайды тілдеді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="17">
				<verse number="1">Содан кейін тостаған ұстаған жеті періштенің біреуі жақындап келіп, мені сөзге тартып: -Жүр, мен саған көптеген судың үстіне отырып алып, азғындықпен айналысқан (белгілі жезөкше) әйелге қандай үкім шығарылғанын көрсетейін.</verse>
				<verse number="2">Жердегі патшалар оның жетегіне еріп, азғындыққа берілді, жер бетіндегі тұрғындар оның азғындық шарабынан ішіп, мас болды, - деді.</verse>
				<verse number="3">Ол мені Рухтың жетелеуімен айдалаға (шөл далаға) алып барды, сонда мен жеті басы мен он мүйізі бар, үсті-басы Құдайды қорлайтын сөздерге толы, қызыл түсті хайуанның үстінде отырған әйелді көрдім.</verse>
				<verse number="4">Сол әйел бастан-аяқ күлгін және ашық қызыл түсті киінген, алтын мен қымбат тастардан және інжуден жасалған әшекейлер тағынған. Оның қолында өзінің жексұрын қылықтары мен азғындық лас іс-әрекеттеріне толы алтын тостаған болды.</verse>
				<verse number="5">Оның маңдайында жасырын мағынасы бар мынадай есім жазулы тұрды: Ұлы Бабыл -жер бетіндегі (жезөкшелердің) азғындық пен жексұрындықтың анасы.</verse>
				<verse number="6">Сол кезде мен әлгі әйелдің Құдайдың киелі халқы мен Исаның куәгерлерінің қанына мас екенін көрдім. Мен осыны көргенде, қатты таңғалдым.</verse>
				<verse number="7">Періште маған былай деді: -Неге таңғалдың? Мен саған сол әйелдің құпиясын, оны үстінен түсірмей алып жүрген жеті басты, он мүйізді хайуан туралы айтып берейін.</verse>
				<verse number="8">Сен көрген хайуан бір кездері болған, қазір ол жоқ. Алайда ол түпсіз тұңғиықтан шығуға дайындалып жатыр, бірақ ақырында құритын болады. Осы әлем жаратылғаннан бері есімдері Өмір кітабына есімдері жазылмаған жердің тұрғындары әлгі хайуанның болғанын, оның жоқ болып кетіп, енді қайтадан пайда болғанын көргенде, таңғалатын болады.</verse>
				<verse number="9">Ал мұны түсіну үшін, даналық қажет. Әлгі әйел отырған хайуанның жеті басы-жеті тау, яғни, жеті патшалықтың жеті патшасын бейнелейді. Олардың</verse>
				<verse number="10">бесеуі құлады, тек біреуі ғана қалды, ал біреуінің уақыты әлі жеткен жоқ, ол сәлден кейін келеді, келген кездің өзінде оның патшалығы ұзаққа созылмайды.</verse>
				<verse number="11">Ал бірде бар, бірде жоқ хайуан ол-сегізінші патша, ол -сол жеті патшаның бірі, бірақ оның уқыты өтіп барады, сондықтан ол құрып кетеді.</verse>
				<verse number="12">Енді өзің көрген он мүйізге келсек, олар әлі өзінің патшалығын алмаған, болашақта келетін он патшаны білдіреді. Алайда олар патша болған кезде, әрқайсысы хайуанмен бірігіп, бір - бір сағаттан билік ететін болады.</verse>
				<verse number="13">Өйткені олардың алға қойған мақсаты бірдей, сондықтан олар өздерінің күшін де, өздерінің билігін де сол хайуанға береді.</verse>
				<verse number="14">Сонда олар Тоқтыға қарсы шығып, Онымен соғысады, ал Тоқты оларды жеңіп шығып, жеңіске жетеді, өйткені Ол-иелердің Иесі, патшалардың Патшасы, сондықтан шақырылғандар мен таңдалғандар, Оған адал болғандар Онымен бірге болады.</verse>
				<verse number="15">Осыдан кейін періште маған: -Сен көптеген суды, оның үстінде отырған азғын әйелді көрдің, -деді, -әлемде қаншама халықтар мен рулар, әр тілде сөйлейтін ұлттар бар, әйел отырған көп су соны білдіреді.</verse>
				<verse number="16">Сен көрген он мүйіз бен хайуанның өзі де сол азғын әйелді жеккөреді. Сондықтан олар сол әйелдің күлпаршасын шығарып, тыр жалаңаш күйге түсіреді де, сосын оның денесін жеп, қалғанын отқа өртейді.</verse>
				<verse number="17">Себебі Құдай (он мүйізге) олардың жүректеріне Құдайдың еркін орындайтын қалау берді, Құдайдың сөзі толық орындалып болғанша, олар өз биліктерін хайуанға беруге тиіс болады.</verse>
				<verse number="18">Ал сен көрген әйел жер бетіндегі патшалардың үстінен патшалық құрып, оларға билігін жүргізген ұлы қаланы бейнелейді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="18">
				<verse number="1">Мен осыдан кейін тағы бір періштенің көктен төмен қарай түсіп келе жатқанын көрдім, оның билігінің ұлылығы соншама, жер беті оның даңқымен нұрланып тұрды.</verse>
				<verse number="2">Ол құдіретті даусымен былай деді: -Құлады, ұлы Бабыл құлады, сайтандардың мекені мен неше түрлі таза емес рухтардың баспанасы болған, барлық таза емес, жексұрын құстар мен сан алуан арам хайуандарды, жиіркеніштінің бәрін қамайтын абақтыға айналған ұлы Бабыл құлады.</verse>
				<verse number="3">Оның азғындық шарабынан бүкіл халық ішіп, дәмін татса, жердің патшалары онымен азғындыққа түсті, оның сән-салтанатқа деген шексіз құмарлығын білген жердегі саудагерлер оның масайрап жүрген сәтінен пайда тауып, байып отырды.</verse>
				<verse number="4">Осыдан кейін мен көктен басқа бір дауыстың шыққанын естідім. Ол былай деді: -Халқым менің, оның күнәларының жетегінде кетіп, оған жіберілген қасіреттен зардап шекпеуің үшін, одан шығып кет,</verse>
				<verse number="5">өйткені оның ауыр күнәлары көкке жетті, оның әділетсіз істерінің бәрі Құдайдың есінде.</verse>
				<verse number="6">Сондықтан ол сендерге не істеген болса, сендер де оған соны істеңдер, оның сол істегендерінің қарымтасын екі есе етіп қайтарыңдар. Оның өз шарабын араластырған тостағанға қосқан қоспасына екі есе етіп қосып беріңдер.</verse>
				<verse number="7">Ол қаншама (даңқ пен сән-салтанатқа бөленіп), соншама масайрап, азғындыққа берілген болса, оған соншама азап пен қайғы-қасірет тартқызыңдар. Өйткені ол жүрегінде: «Мен жесір емеспін, патшайыммын! Мен патшайым сияқты тақта отырмын! Мен қайғы-қасірет шекпеймін!» - дейді.</verse>
				<verse number="8">Сондықтан қасірет те, өлім де, азап та, аштық та оған бір күннің ішінде басына түседі, содан кейін ол отқа өртеледі, себебі оны соттаған мәңгілік Құдай құдіретті.</verse>
				<verse number="9">Ал онымен бірге азғындыққа түсіп, онымен бірге сәнсалтанатқа рақаттанған жердің патшалары оның түтінге оранып, жанып жатқанын көргенде, зар еңіреп жылап, оны жоқтайтын болады.</verse>
				<verse number="10">Олар алыста тұрып, оның азапқа түсіп, қиналғанын көргенде, қорқыныш билеп: -Қасірет! Қасірет! О, ұлы қамалдай берік Бабыл қаласы, саған келді! Бір сағаттың ішінде сен жазаланып, сотталып кеттің! - деді олар.</verse>
				<verse number="11">Олармен бірге жер бетіндегі саудагерлер де оның артынан жоқтау айтып, боздап жылайды, өйткені енді олардың заттарын ешкім де сатып алмайды.</verse>
				<verse number="12">Сонымен, олардың мынадай заттары: алтыны мен күмісі, құнды бағалы тастары мен маржан тастары; қымбат бәтес және күлгін түсті маталары, жібек, алқызыл түсті кездемелері; әр түрлі хош иісті ағаштары; пілдің сүйегінен жасалған өнімдері, мыс, темір, мәрмәр тастары;</verse>
				<verse number="13">даршын, дәмдеуіштер, түтетуге арналған хош иісті миро, ладан майлары, шарап, зәйтүн майы; ұн, бидай, ірі қара мал мен қойлары, жылқылар мен арбалары, құлдар мен соғыста қолға түскен тұтқындары, қысқасы, адамның тәні мен жанына қажеттінің бәрі сатылмай қалды. Сонда олар:</verse>
				<verse number="14">-Сонымен Бабыл қаласы, сенің қалауыңның жемісі болған, яғни, сенің жаның нені қаласа, солар сенің уысыңнан шығып кетті. Сенің байлыққа толы сәттерің мен сенің жарқырап жүрген сән-салтанатың құрыды, ол енді жоқ, ешқашан қайтып келмейді.</verse>
				<verse number="15">Ал осы заттардың бәрін сатып, соның арқасында байыған саудагерлер оның азапқа түскенін көргенде, оларды қорқыныш билеп, шетте тұрады. Олар қайғыра жылап, быдай дейді:</verse>
				<verse number="16">-Қасірет! Қасірет! О, ұлы Бабыл қаласы, сен кезінде қымбат бәтестен, күлгін және алқызыл түстен киім киіп, алтынмен, қымбат асыл тастармен, інжу-маржанмен малынған қала едің!</verse>
				<verse number="17">Енді міне, осыншама байлықтан бір сағаттың ішінде айрылдың! Барлық кеме капитаны мен сол жерден кемемен өтетіндер де, теңізшілер де, теңіз бетінде саудамен айналысатындар да алыстан бақылап тұрып,</verse>
				<verse number="18">оның түтінге оранып, өртеніп жатқанын көргенде: -Бұл ұлы қалаға тең келетін қала бар ма екен? -деп жылаумен болады.</verse>
				<verse number="19">Олар бастарына күл шашып, зар еңіреп жылап, күйіне былай деді: -Қасірет! Қасірет келді ұлы қалаға! Теңізге шығатын кемелердің иелері осы ұлы қаланың байлығы арқылы байып отырған еді. Енді сол қала бір сағаттың ішінде жойылып кетті!</verse>
				<verse number="20">-Бұл жағдай Бабыл қаласының басына түскені үшін, көк аспан, киелілер мен елшілер, пайғамбарлар, қуана шаттаныңдар! Құдай сендер үшін оны соттап, төлемін төлетті.</verse>
				<verse number="21">Осыдан кейін бір күшті періште диірменнің тасындай бір тасты алды да, теңізге тастап жіберіп: -Ұлы қала Бабыл да дәл осындай екпінмен төмен тасталады, ол енді жойылады, оны ешкім еш жерден таба алмайды, - деді.</verse>
				<verse number="22">Енді бұдан былай сенің төріңде кифаршылар мен музыканттардың, сыбызғышылар мен кернейшілердің әуендері ешқашан естілмейтін болады, сенің аулаңнан бірде-бір ұсталарды не қолөнер шеберлерін де ешқашан таппайсың, диірмен тастарының даусы да ешқашан естілмейтін болады.</verse>
				<verse number="23">Бұдан былай ешқашан шамдар жарқырамайды, ешқашан күйеу жігіт пен қалыңдықтың дауыстары да естілмейтін болады. Сенің саудагерлерің жер бетінің ұлы қожайындары болды, сен сиқырлығыңмен бүкіл халықты алдап келдің.</verse>
				<verse number="24">Алайда пайғамбарлар мен Құдайдың киелі халқының, жер бетінде өлтірілгендердің бәрінің қаны осы қалада төгілді.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="19">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен топтанып жиналған қалың халықтың даусына ұқсас дауысты естідім. Көкте олар дауыстап: -Аллилуия! Құтқару да, даңқ та, күш те біздің Құдайда,</verse>
				<verse number="2">өйткені Оның соты шынайы әрі әділетті! Ол осы әлемді арсыз азғындығымен бүлдірген (жезөкше) әйелді соттап, оған әділ үкім шығарды, одан зардап шеккен Құдайдың құлдарының қаны үшін, сол әйелді жазалады.</verse>
				<verse number="3">Олар қайтадан айғайлады: -Аллилуия! Енді мәңгілікке оның үстінен түтін арылмайтын болады!</verse>
				<verse number="4">Сол кезде жиырма төрт ақсақал мен төрт хайуан тақта отырған Құдайға бастарын иіп, тағзым етіп: -Аумин! Аллилуия! - деді.</verse>
				<verse number="5">Сонда тақтан: -Оның барлық құлдары, Одан қорқатындардың бәрі, кішілерінен ұлыларына дейін біздің Құдайды мадақтаңдар! - деген дауыс шықты.</verse>
				<verse number="6">Осыдан кейін шуылдаған көп адамдардың даусына, біресе таудан аққан сарқыраманың гүріліне, біресе күннің күркіріне ұқсаған дауысты естідім: -Аллилуя! Бүкіл әлемді Билеуші біздің Құдай Иеміз Патшалық құрды!</verse>
				<verse number="7">Келіңдер, қуанып, шаттанайық! Құдайдың даңқын мадақтайық! Тоқтының үйленетін уақыты келді! Оның қалыңдығы сол салтанатты сәтке дайын!</verse>
				<verse number="8">Оған сол салтанатқа киетін ақ бәтестен тігілген аппақ, тап -таза көйлек берілді, өйткені аппақ бәтес -әділдіктің белгісі, Құдайдың киелі халқының істері әділ дегенді білдіреді.</verse>
				<verse number="9">Содан кейін Ол маған былай жаз деді: -Тоқтының салтанатты үйлену тойына шақырылғандар бақытты! Сосын тағы былай деп қосты: -Бұл-шынайы сөздер, себебі Құдай солай айтты.</verse>
				<verse number="10">Ол осылай деген соң, мен Оған тағзым етпек болып, аяғына жығылдым, сонда ол маған: -Абай бол! Маған тағзым етуші болма! Мен де сен және сенің бауырластарың сияқты Құдайға қызмет етіп жүрген құлдың бірімін, менде Исаның куәлігі бар. Сен Құдайға ғана тағзым ет! Исаның куәлігінде пайғамбарлықтың рухы бар, - деді.</verse>
				<verse number="11">Осы сәттен кейін мен көктің ашылғанын көрдім, міне, ақ боз аттың үстінде Адал және Ақиқат деп аталатын Біреу отырды. Ол әділ үкім шығарады және әділ соғысады.</verse>
				<verse number="12">Оның көздері оттай лаулап жанып тұрды, Оның басында көптеген әшекейлермен безендірілген тәж болды. Ал басындағы тәжде Оның Өзінен басқа ешкім білмейтін бір есім жазылыпты.</verse>
				<verse number="13">Ол киімінің сыртынан қанмен жуылған жамылғы жамылыпты, Оның есімі - Құдайдың Сөзі.</verse>
				<verse number="14">Оның соңынан ақ боз атқа мініп, тап-таза, аппақ бәтестен киім киген салт атты көктің әскерлері еріп жүрді.</verse>
				<verse number="15">Ал оның аузынан өткір қылыш шығып тұрды. Ол сол қылышпен халықтарды жаулап, оларды темір асатаяқпен бағып, оларды бүкіл әлемді билеуші Құдайдың қаһарына беріп, жүзімнің шырынын сыққандай таптап, оларға бар ашуын төкпек.</verse>
				<verse number="16">Оның сыртындағы жамылғысына және беліне: «Патшалардың патшасы, Иелердің Иесі», -деп жазылыпты.</verse>
				<verse number="17">Осыдан кейін мен күннің көзінде отырған бір періштені көрдім. Ол көктің ортасында ұшып жүрген құстарға қатты дауыстап: -Барлығың мында келіңдер! Құдайдың кешкі үлкен асына жиналыңдар!</verse>
				<verse number="18">Сендер патшалар мен әскери қолбасшылардың өлігін, күшті адамдардың, аттар мен оған мінген шабандоздардың денесін, барлық еркіндіктегі адамдар мен құлдардың, үлкендер мен кішілердің өлі денесін жейтін боласыңдар, -деді.</verse>
				<verse number="19">Осы кезде мен хайуанның және жердің патшаларының әскерлерін біріктіріп, ат үстінде Отырғанға және Оның әскеріне қарсы соғыс ашуға жиналып жатқан сәтін көрдім.</verse>
				<verse number="20">Алайда хайуан мен олардың алдында кереметтер жасап жүрген жалған пайғамбар қолға түсіп, тұтқындалды, өйткені ол алдап, оларға хайуанның таңбасын қабылдатып, оған тағзым етуге мәжбүрлеген болатын. Олардың екеуі де тірідей жанып жатқан күкіртті отты теңізге лақтырылды.</verse>
				<verse number="21">Ал қалғандары ат үстінде Отырғанның аузынан шыққан қылыштың жүзінен өлім құшты, құстар ұшып келіп, олардың өлекселерін жеп, тойынды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="20">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен көктен төмен қарай түсіп келе жатқан бір періштені көрдім. Әлгі періштенің қолында түпсіз тұңғиықтың кілті және үлкен шынжыр болды.</verse>
				<verse number="2">Міне, сол періште ежелгі жылан айдаһарды ұстап алып, оны мың жыл мерзімге дейін бұғаулап тастады, өйткені ол өтірікті судай сапырып, адамдарға жала жауып келген сайтан еді.</verse>
				<verse number="3">Одан кейін періште оны түпсіз тұңғиықтың түбіне тастап, мөрмен бекітіп, жауып тастады. Ол халықты тағы да алдап, оларды тура жолдан тайдырмас үшін, мың жыл уақыт өткенше, ол осылай байлаулы жатуы тиіс. Ал белгіленген уақыт біткен кезде, оның байлауы тек аз уақытқа ғана шешіледі.</verse>
				<verse number="4">Осы сәттен кейін мен сот жүргізетін тақтарды көрдім, сол тақтарда сот үкімін жүргізетіндер және Иса туралы куәлік айтып, Құдайдың сөзі үшін бастары шабылған, хайуан мен оның мүсініне табынбай, маңдайлары мен қолдарына оның таңбасын салғызбағандардың* жандары отырды. Олар қайта тірілді, енді олар Мәсіхпен бірге мың жыл патшалық құрады.</verse>
				<verse number="5">Ал өлімге кесілген қалғандары мың жыл уақыт аяқталғанша, өлімнен қайта тірілмейді. Бұл бірінші өлімнен қайта тірілудің алғашқы кезеңі болып саналады.</verse>
				<verse number="6">Өлімнен қайта тірілудің алғашқы кезеңіне іліккендер бақытты әрі киелі болып саналады, өйткені екінші өлімнің билігі оларға жүрмейді, бұлар Құдай мен Мәсіхке қызмет ететін қызметшілер болғандықтан, олар Мәсіхпен бірге мың жыл патшалық құрады.</verse>
				<verse number="7">Белгіленген мың жыл мерзімі аяқталған соң, сайтан бостандық алып, қапастан шығады.</verse>
				<verse number="8">Ол қапастан шығып, жердің төрт бұрышындағы Гога мен Моганың халықтарын алдап, олардың басын қосып, Құдайдың халқына қарсы соғысқа шақырды. Құдайдың халқына қарсы соғысқа шыққан халықтың саны теңіз жағасындағы құм түйіршіктеріндей көп еді.</verse>
				<verse number="9">Олар сапқа тұрған кезде жердің бұл шетінен арғы шетіне дейін жететін, олар сол сап түзеген күйі Құдайдың киелі адамдары тұратын жерді және Құдайдың сүйікті қаласын қоршай бастады. Сонда көктен от түсіп, оларды жалмап, құртып жіберді.</verse>
				<verse number="10">Оларды алдап, тура жолдан тайдырған сайтанды хайуан мен жалған пайғамбар жатқан отты теңізге лақтырды. Олар енді сол жерде бірге болып, күні-түні, мәңгі отқа күйіп, қиналатын болады.</verse>
				<verse number="11">Осы бір сәтте мен үлкен аппақ тақты және сол тақта отырған Біреуді көрдім. Оның бет-жүзі көрінген кезде, жер мен күннің өзі қашуға дайын болды, бірақ қашатын жер таппай қалды.</verse>
				<verse number="12">Міне, мен сол тақтың алдында өлгендер мен тірілердің, үлкендер мен кішілердің тұрғанын көрдім. Сонда кітаптар ашыла бастады. Кітаптардың арасынан Өмір кітабы ашылып, өлгендердің бәрі сол кітапта жазулы тұрған істеріне сай сотталды.</verse>
				<verse number="13">Сонда теңізде қайтыс болғандарды теңіз қайтарып берді, ал өлім мен тозақ өздерінде болған өлілерді қайтарып берді, осылай әркім өзінің жасаған істеріне сай сотталды.</verse>
				<verse number="14">Осыдан кейін өлім мен тозақ жанып жатқан отты көлге тасталды. Отты көл бұл екінші өлім болып саналады.</verse>
				<verse number="15">Сонымен, егер де кімде-кімнің есімі Өмір кітабына жазылмаған болса, сол отты көлге тасталды.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="21">
				<verse number="1">Осыдан кейін мен жаңа көк аспанды және жаңа жерді көрдім. Бұрынғы көк аспан да, жер де келмеске кетті, бұрынғыдай теңіз де болған жоқ.</verse>
				<verse number="2">Осы сәтте мен Құдайдан, яғни, жаңа пайда болған көктен күйеуіне атастырылған қалыңдықтай болып, сән -салтанатқа бөленген жаңа қаланың, киелі Иерусалимнің, төмен түсіп келе жатқанын көрдім.</verse>
				<verse number="3">Дәл сол кезде мен тақта Отырғанның: -Міне, Құдайдың Өз адамдарымен бірге тұратын мекені. Енді Ол шатырын кеңінен жайып, Өзінің халқымен бірге болады, олар Оның халқы болады. Құдай олармен бірге болып, олардың Құдайы болғандықтан,</verse>
				<verse number="4">Ол әрқайсысының көздерінен аққан жасты сүртіп тастайды. Сондықтан осы сәттен бастап, өлім де, қайғы -қасірет те, зар еңіреп жылау да, ауырсына қиналу да болмайды, өйткені алғашқы әлем құрып, келмеске кетті, -деп қатты дауыстап айтқанын естідім.</verse>
				<verse number="5">Осыдан кейін тақта Отырған: -Мен бәрін де жаңадан жасаймын! -деді. Ол маған тағы да: -Бұл сөздердің ақиқат әрі шындық екенін жазып қой, - деді.</verse>
				<verse number="6">Содан кейін Ол маған: -Бәрі толық орындалды! Мен -Альфа және Омегамын! Басы да, Аяғы да мына Мен боламын! Мен шөлдегенге өмір суы ағып жатқан бастаудан тегін ішкізіп, шөлін қандырамын.</verse>
				<verse number="7">Кім жеңіп шықса, мына игілікке ие болады: Мен оның Құдайы боламын, ал ол маған бала болады.</verse>
				<verse number="8">Ал қорқақтар мен сенбеушілердің, жексұрындар мен кісі өлтірушілердің, азғындар мен сиқыршылардың, пұтқа табынушылар мен барлық өтірікшілердің орны күкіртті, жанып жатқан отты көл болады. Олардың алар үлесі екінші өлім болмақ, - деді.</verse>
				<verse number="9">Осыдан кейін қолдарында жеті тостағаны бар періштенің біреуі менің қасыма келіп, былай деді: -Бері қарай жүр, мен саған Тоқтының қалыңдығын көрсетемін, -деді. Соңғы жетінші қасіретке толы тостаған осы періштенің қолында болатын.</verse>
				<verse number="10">Ол Рухқа бөленген мені үлкен әрі биік таудың басына алып шығып, көктен төмен қарай созылып жатқан киелі қала Иерусалимді көрсетті.</verse>
				<verse number="11">Бұл -Құдайдың даңқына бөленген қала, сондықтан қаладан шыққан жарық өте қымбат, таза, асыл тас кристалдай жарқырап жатты.</verse>
				<verse number="12">Қаланың жан-жағы он екі қақпасы бар үлкен әрі биік дуалмен (қабырғамен) қоршалған. Әр қақпада бір-бірден он екі періште отырды, әр қақпаға Исраил халқының он екі руының аттары жазылыпты.</verse>
				<verse number="13">Қаланың шығыс жағынан-үш қақпа, қаланың солтүстік жағынан-үш қақпа, қаланың оңтүстік жағынан-үш қақпа және қаланың батыс жағынан үш қақпа орналысыпты.</verse>
				<verse number="14">Сонымен қатар, қаланың қабырғасы он екі іргетасқа салынған екен, сол іргетасқа Тоқтының он екі елшісінің есімдері жазылған.</verse>
				<verse number="15">Маған тіл қатқан періштенің қолында алтыннан жасалған бір өлшеуіш болды, ол сонымен қаланы, қаланың қақпалары мен қаланың қабырғаларын өлшеп шықты.</verse>
				<verse number="16">Қала төрт бұрышты болды, қаланың ұзындығы қанша болса, қаланың ені де сондай мөлшерде болды. Періште қаланың көлемін өлшеген кезде, қаланың көлемі он екі мың стадий болды, ал қаланың ұзындығы мен ені, биіктігі сол өлшенген өлшемге сай тепе-тең болып шықты.</verse>
				<verse number="17">Әлгі періште қаланың қабырғасын өлшеді, сонда қаланың қабырғасы жүз қырық төрт шынтақ болып шықты, бұл өлшемді адамдар да, періштелер де қолданатын еді.</verse>
				<verse number="18">Қаланың қабырғалары қымбат, асыл яшма тасымен қаланыпты, ал қаланың өзі саф алтыннан салыныпты, сондықтан қала таза, жылтыр әйнек секілді жалтырап тұрды.</verse>
				<verse number="19">Ал қаланың қабырғасы қаланған іргетас әр түрлі асыл тастармен: біріншісі -яшма тасымен, екіншісі -сапфир (жақұт), үшіншісі -халцедон (агата), төртіншісі -зүбаржат (изумруд),</verse>
				<verse number="20">бесіншісі-ақық (сардоникс), алтыншысы -сердолик, жетіншісі -хризолит, сегізіншісі -берилл, тоғызыншысы -топаз, оныншысы -хризопраз, он біріншісі -гиацинит, он екіншісі аметист (күлгінтас) тастарымен безендіріліпті.</verse>
				<verse number="21">Он екі қақпа он екі түрлі маржаннан жасалыпты: қақпаның әрқайсысы түгелдей бөлек бір маржаннан құрастырылған. Қаланың көшелері таза саф алтыннан салынғандықтан, әйнек секілді жалтырап жатты.</verse>
				<verse number="22">Алайда мен ол жерден Құдайдың киелі үйін көре алмадым, себебі бұл қаладағы киелі үй-бүкіл әлемнің билеушісі Жаратушы Құдайдың Өзі мен Тоқты.</verse>
				<verse number="23">Сонымен қатар, бұл қалаға күннің де, айдың да жарық беретін сәулесі қажет емес, өйткені Құдай және Оның даңқы қалаға жарық береді, Тоқты-Оның шамшырағы.</verse>
				<verse number="24">Халықтар тек Оның жарығымен жүреді, жердің патшалары өздерінің сый-тартуларын Оған алып келетін болады.</verse>
				<verse number="25">Сондықтан бұл қаланың қақпалары ешқашан жабылмайды, күні бойы ашық болады, өйткені бұл жерде түн болмайды.</verse>
				<verse number="26">Ал халықтар даңқ пен мен сый-құрметті Оған алып келеді.</verse>
				<verse number="27">Ал енді таза жүрмейтін арамзалар мен жексұрындар, өтірікшілер, яғни, есімдері Тоқтының Өмір кітабына жазылмағандардың ешқайсысы сол жерге кіре алмайтын болады.</verse>
			</chapter>
			<chapter number="22">
				<verse number="1">Бұдан соң періште маған Құдай мен Тоқтының тағынан бастау алып, өзен болып аққан тап-таза, кристалдай жалтыраған өмір суын көрсетті,</verse>
				<verse number="2">өзен көшелердің ортасымен ағып жатты. Өзеннің екі жағасында он екі ай бойы жеміс беретін өмір ағаштары өсіп тұрды. Ағаштар әр ай сайын, жылына он екі рет жеміс береді, ағаштың жапырақтары халықтарды сауықтыруға арналған.</verse>
				<verse number="3">Бұдан былай ол жерде ешқандай қарғыс болмайды. Қалада Құдай мен Тоқтының тағы орын алады, Оның құлдары Оған қызмет етіп,</verse>
				<verse number="4">Оның бет-жүзін жақыннан көре алатын болады, Ол Өзінің есімін олардың маңдайларына жазып қояды.</verse>
				<verse number="5">Енді бұдан былай түн болмайды, оларға күннің де жарығы қажет емес, Жаратушы Құдайдың Өзі оларға жарық болады, олар Құдаймен бірге мәңгілікке патшалық құрады.</verse>
				<verse number="6">Сонда періште маған былай деді: -Бұл -нақты сеніммен әрі шындықпен айтылған сөздер. Сондықтан Өзінің рухын пайғамбарларға дарытқан Жаратушы Құдай Ие періштесін өзінің құлдарына жіберіп, жақын арада не болатынын оларға осылай көрсетіп тұр.</verse>
				<verse number="7">-Міне, Мен жуық арада келемін! Осы кітапқа жазылған пайғамбарлық сөзді сақтап, оны орындайтын адам бақытты! -дейді Жаратақан Ие.</verse>
				<verse number="8">Мен, Жохан, осылардың бәрін өз көзіммен көрдім және естідім. Бәрін естіп, бәрін көріп болған соң, осыларды маған көрсеткен әлгі періштеге басымды иіп, оның аяғына жығылдым.</verse>
				<verse number="9">Сонда ол маған: -Абай бол! Сен маған табынба! Мен де -сен сияқты, сенің бауырларың мен пайғамбарлар сияқты осы кітаптағы сөзді сақтап, орындап жүрген құлмын. Сен маған емес, Құдайға ғана бас иіп, Оған ғана табын! -деді.</verse>
				<verse number="10">Осыдан кейін ол маған: -Осы кітапқа жазылған пайғамбарлық сөздерге мөр басып, жауып тастама, себебі уақыт жақындап қалды.</verse>
				<verse number="11">Кім әділетсіздік жасаса, сол әділетсіздігін жалғастырып, жасай берсін. Кім лас өмір сүрген болса, сол лас өмірін жалғастыра берсін. Ал әділдер әділ істерін жасай берсін, киелілер одан әрі киелі бола берсін.</verse>
				<verse number="12">-Міне, Мен жуық арада келемін! Сол кезде Мен әркімге беретін сыйымды Өзіммен бірге ала келіп, әркімнің ісіне сай беретін боламын.</verse>
				<verse number="13">Мен -Альфа және Омегамын, ең алғашқы да, ақырғы да - Менмін, Басы да, аяғы да - Мен.</verse>
				<verse number="14">Киімдерін жуып-шайып, таза ұстайтындар бақытты, сонда Мен оларға өмір ағашының жемісінен жегіземін және олар қалаға қақпа арқылы кіретін (құқыққа ие) болады.</verse>
				<verse number="15">Ал «арсыз иттер» мен сиқыршылар, азғындар мен кісі өлтірушілер, пұтқа табынушылар мен өтірік айтатын суайттар қаланың сыртында қалады.</verse>
				<verse number="16">Мен, Иса, осы куәліктерді қауымдарға айтып жеткізу үшін, Өзімнің періштемді жіберіп отырмын. Менің тамырым -Дәуітте, Мен -Дуәіттің Ұрпағымын және Мен -Таңғы жарық Жұлдызбын.</verse>
				<verse number="17">Құдайдың Рухы мен қалыңдық Исаға: -Кел! -дейді. Мені тыңдап тұрған әркім: -Кел! -деп айтсын. Шөлдеп жүргендер Маған келсін! Кім өмір суын алғысы келсе, Менен тегін алсын!</verse>
				<verse number="18">Мен осы кітаптағы пайғамбарлық сөзді естіген әркімге ескертемін: егер де кімде-кім осы айтылғандарға бір нәрсе қосатын болса, онда Құдай осы кітапта жазылған қасіреттің бәрін оған қосып береді.</verse>
				<verse number="19">Егер кімде-кім осы айтылған пайғамбарлық сөзден бір нәрсе алып тастайтын болса, Құдай да киелі қалада өсіп тұрған өмір ағашынан алатын үлесін оны одан алып тастайды.</verse>
				<verse number="20">Бұл туралы куәлік Беруші былай дейді: -Иә, Мен жуық арада келемін! Аумин! Жаратқан Ие Иса, тезірек келе гөр!</verse>
				<verse number="21">Исаның рақымы бәрімен бірге бола берсін! Аумин!</verse>
			</chapter>
		</book>
	</testament>
</bible>